Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Кенимех


Авторы Xабарлама
Олжас
05-06-09 10:54
Кенимех салем!Ен жаксы адамдар Кенимехта!Кім мені қолдайды?

Авторы Жауап
Данияр
Daniyar_1963@bk.ru
01-11-17 06:09
Калайсындар? Кенимехтык бауырлар
Тұрдыгүл Ахметова
K_mika87@mail.ru
16-05-16 06:38
Атамекенге неге келдім?

Жан мұңымды айтатайыншы деп келдім.
Қазақ күйін тартайыншы деп келдім.
Қазақстан орыстанып барад дейді,
Распа екен байқайыншы деп келдім.
Алтын Ордам көрейінщі деп келдім,
Қолым ұшын берейінші деп келдім.
Шетте тудым, шетте өстім ағайын,
Дәл ортаңда өлейінші деп келдім.
Атамекен нұр алайын деп келдім,
Шертіп бір күй уанайын деп келдім.
Сен жыласаң, жоқтай айтып тоқтаусыз,
Сен қуансаң қуанайын деп келдім.
Атамекен айналайын деп келдім,
Күтіп алар барма, ағайын деп келдім.
Қасіретің тұнып жатса көкейде,
Жырың болып сорғалайын деп келдім.
Дұщпандарды бұқтырайын деп келдім,
Кірмелерді ықтырайн деп келдім.
Шетел де қазақтар бар айбарлы,
Құдіретін ұқтырайын деп келдім.
Дүниеден бір кетейін деп келдім,
Мәңгүртерді көлкі етейін деп келдім.
Салт-сана мен дәстүрімді сіздерге,
Ұға алсаң,үлгі етейін деп келдім.

Авторы : Бекен Қайратұлы.
Жансая
Jesika_jjk@mail.ru
24-04-16 11:19
Салем баршага неге "Оралман"деп озимизди ренжитемиз жанеде сол созди айтхан адамдарга наразы боламыз.? Сайттын атын озгертиниздерши отиниш).Надо противостоять а не наоборот . Если не права скажите)
Турдыгүл Ахметова
K_mika87@mail.ru
24-04-16 05:30
Саламатсыздарма Мен Айтуар мен он жыл бір сыныпта окыдым. Айтуардың Менің де титтей мұңым бар атты кітабын окып шыктым кітап маған ұнады. Кластасымның осындай жетістікке жеткеніне мақтанамын. Бірақ кітапты оқи отырып тіліме мына бір шумақтар оралды, мен ақын емеспін сыныптасыма айтқан базынам
Кластасым Айтуар
Өлеңді көп жазыпсың
Бірге оқыған достарды
Ұмытып сен қалыпсың

Алты қыздың бірі де
Есіңде сенің қалмапты
Бір шумақты арнауға
Қаламаың сенің жүрмепті.
Fasebook
22-08-15 06:54
«ТАУ БАССА ДА ҮСТІМНЕН, ТЕК ЖҮРЕКТІ СӨЙЛЕТТІМ…»
(Ақын Өмірзақ Қожамұратұлының поэзиясындағы реализм мен романтизм және пәлсапалық толғамдар жайлы)
Әдебиет әлемі
Еламан Хасенұлы,
ақын
…Күн сайын керуен жүгін алмастырып,
Тұрады бес мұхитты жалғастырып.
Жүрегім дүниенің қақ төрінен,
Сөйлейді ақ жарыла малдас құрып… Осылайша жырлаған ақын Өмірзақ Қожа­мұратұлы жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен, айтатынымыз – ақынның өмірге деген құштарлығы, өлеңге деген ғашықтығы, келер күнге деген сенімі, үміті. «Ақын өмірін шығамашылығынан бөліп қарастыруға бол­майды» дейтін болсақ, «Өлең бар жерде, ей, өмір, ешқашан сенен безбеймін», – дейтін Өмірзақтың өлеңдерінен біз соны аңғарамыз. Ақынды талаптандырушы да, қанаттандырушы да сол құштарлық, сол сенім:
«…Желдіртіп мені келеді,
Жеткізбей жүрген құштарлық», – деп толғайды ақын.
Немесе:
«…Біте де бермес іс барлық,
Үмітім жалғыз бар ізгі.
Жеткізбей жүрген құштарлық,
Дертіме дауа тәрізді», – дейді.
Енді бірде:
«…Шарқ ұрдым қиял көгінде,
Алтын боп кетті мыс барлық.
Кеудемді тынбай тебуде,
Жеткізбей жүрген құштарлық», – дейтіні бар.
Бізге дейін де әдеби ортадан жырақта, сонау Өзбек елінде, қазіргі Науаи облысының Тамды ауданында ғұмыр кешіп, енді толып-толысқан шағында «бір кеуде емес, мың кеудеге сиятын – мейірім мен ұятын» арқалап дүниеден өткен талантты ақынның өзінің де, өлеңінің де бағы ашылмай кеткені талай айтылды һәм жазылды. Ол ешкімнен атақ сұрамады, ешкімге жаутаңдамады… Тек қана Өлең жазды. Міне, былай жазды:
«…Аман-сау тұрған шақта алтын басым,
Білемін қазынамның сарқылмасын.
Үзіліп түскен сәуле жүрегімнен,
Жұртымның жүрегінде жарқылдасын…»
(«Байлықпен беттескенде»)
Өмірге құштар ақын қателеспепті, ақын жүрегіндегі жыр-сәуле қазақ жүрегінде, алаш аспанында жарқырап тұр.
Әдебиеттің өмір шындығынан туатыны белгілі. Демек, әдебиет- реализмге құралады. М.Горький сөзімен айтқанда: «адамның өзін және оның тұрмыс жағдайларын бояусыз, шындықпен суреттеу – реализм деп аталады», яғни, өмірдегі бар құбылысты жазу, жырлау. Өмірзақ ақын да, айналасында болып жатқан жайларға, табиғат құбылыстарына бей-жай қарай алмайды. Егіледі, елжірейді. Сосын, қолына қалам алады. «Қайтқан құстармен қоштасу» атты өлеңінде мынадай шумақ бар:
«…Ән салған алты ай жазда дала тынбай,
Дәуренім құспен кетіп баратыр ма-ай?!
Жапанда жалғыз жүріп, жыладым мен,
Көл-көсір көңіл жетім қалатындай…». «Өскен жерге сыймай кетіп бара жатқан, өскен жерін қимай кетіп бара жатқан» (Тұманбай ақын) құстарға ілесіп сал-дәурені, бал-дәурені кетіп бара жатқанын сезеді. «Құстар – біздің досымыз», – деп өскен әрбір қазақ ақынның жан-дүниесін, көңіл-күйін түсінсе керек-ті.
«Боз қырау түскен бозаңда,
Бозамық тұман көз жұмсаң.
Бозала таңғы азанда
Бусанып тұрды боз жусан.
Сан рет өліп, тіріліп,
Сарғайып кеткен өмір-ау,
Санаңда тұрған ілініп,
Бозторғай-күміс қоңырау!..» («Боз­торғай»), – деп келетін жолдардағы саз бен сурет ұйытып әкетеді сізді. «Жарымжан көңіл жыртығын, жырмен бүтіндеп жүретін» бозторғай құс ақынның өзі ме деп қаласыз сосын.
Өмірзақ ақынның «Жүректегі жазулар» өлеңін оқып көрелік:
«…Сырды ашып мың,
Қырға шықтым-
Сені іздеп.
Зіл басып мұң,
Сырласып түн,
Тарғылданды теңіз-көк.
Шымырлатты жан-денені,
Күздің қара суығы.
Еске салып әлденені,
Тұрды желдің уілі.
Сен сияқты күлімдейді,
Ақбұлақтың айдыны.
Мен сияқты дірілдейді,
Айдың жүзі қайғылы.
Мен сияқты күбірлейді
Қарауытқан қамысы.
Сен сияқты кідірмейді
Алабұртқан ағысы.
Мен сияқты қалшылдайды
Түнгі ызғар.
Сен сияқты жалтылдайды
Жұлдыздар.
Сенесің бе ауып тұрды
Есіл-дертім сен жаққа.
Жарық жұлдыз жауып тұрды,
Келесің бе мен жаққа?». Ақын кешкен күйді бірге кешіп тұрғандай боласыз. Дірілдейсіз, күбірлейсіз, қалшылдайсыз… Жаныңыз табиғатпен бірігіп кеткендей ме? Ал, енді, мына өлеңге назар аударалық:
«Мен сені қайнардан көрдім,
Жұлдыздар телмеңдеген.
Сарғалдақ сайлардан көрдім,
Гүл қыздар көлбеңдеген…
…Гүл теріп көк белден көрдім,
Ойнап тұрғансың, Құралай!
Жыр төгіп, көк көлден көрдім,
Жайнап тұрғансың шырадай» («Мен сені көрдім»). Тағы да сол әсер, тағы да сол көңіл-күй. «Жалғыз шырақ – өлеңім жүрегімде, кім білген, сорым ба, әлде, ырысым ба?», – дейтін Өмірзақ Қожа­мұратұлы поэзиясындағы басты қасиет- шыншылдық һәм көз алдыңыздағы дүниені сол күйінде қалпын бұзбай жүрегіңізге жеткізу.
Реализм бар жерде, романтизмнің болуы заңдылық. Ол – өмірде болсын, өлеңде болсын. Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері, әдетте, болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер молынан көрініс табады. Өмірзақ Қожамұратұлы поэзиясынан да бұндай «әсірелеулерді» көп ұшырастыруға болады. Ақын романтизмі тағы да сол құштарлық, сол сенім, сол үміт. «Құлашын дәуірлерге созған ағын» деп басталатын жырында аспани асқақ арман аңғарылады:
«… Мен қозғалсам шайтандар
тұра қашқан,
Жаңбырлатып, жай тартып
тұрады аспан.
Жен мен көкті тазартып алайын бір,
Кір басқан, кірбің басқан, күнә басқан.
…Ей, адамдар, мен сенің өз қонағың…
Маңдайыңа біткен нұр-көз боламын,
Таңдайыңа біткен жыр-сөз боламын,
Мен сендермен мәңгілік қозғаламын». Осындай асқақтықпен жырлаған ақын, шынымен де жылдармен жылжып, ХХІ ғасырға жетті. Бізге жетті. Өлеңді оқып отырып Мұқағалидың «Мен келешек ғасырдың құрдасымын», – дейтіні еске түседі. Міне, ұлылар үндестігі. «Ауа болып кетермін» өлеңінде Өмірзақ ақын жоғарыдағы ойын, арман-мұратын:
«…Әр қазақтың жүрегінде миында,
Жүремін мен гүл атып».
Немесе:
«Сейіліп көкіректе күдік деген,
Төріңе күндей шалқып күліп келем.
Жасаса жасайды адам мәңгілікке,
Ертеңге деген ұлы үмітпенен» («Үміт шоғы») және:
«…Мен жолаушы, мен де бір күн сүрінен,
Өткен күнді қайта айналып таппаспын.
Көз алдыңда көк шалғын боп тірілем,
Тас қабірді талқандамай жатпаспын», – деп айқындай түседі. Жыр тілімен ажарландыра түседі. Бұл – бір ойды қайталау емес, біздіңше, түрлендіру, өрбіту, ай­қындау. «Майданнан соң иесін әзер тапқан ордендей, ақындарға абырой оралады соңыра», – деп Жұматайдың жыр­лағанындай, «жас тілегін іліп кетіп, тас жүрегін тіліп кетіп, қазақ өңірін кезіп барып, ақын өмірін созып кеткен» – Өлең атты құдірет Өмірзақ ақынға абырой әкелді. Ол абырой – ақын үмітінің ақталғаны, жырларының жүректерде жатталғаны. Өмірзақ Қожамұратұлының жыры- үміт жыры, сенім жыры.
Бала кезімізден «Бақыт деген не?»,- десе, ойланушы едік. Сосын, «Бақыт деген сенің бала күндерің», – дейтін Мұқағали жыры ойға оралатын. Мүмкін бақыт- үміт пен сенім шығар. Өмірзақ жырларын оқып отырып мен солай түйдім. Ақын:
«Бақыт деген, шырағым,
Таң боп атып әрдайым,
Сипап қалып жатады,
Біреулердің табанын,
Біреулердің маңдайын», – дейді. Поэ­зия­ның парасатқа ұласуы заңдылық. Өмірзақ Қожамұратұлының да өлеңдерінен пәлсапалық толғамдарды жиі ұшырастыруға болады:
«Батыр ақын болмаса,
Батырлыққа мін емес.
Ақын батыр болмаса,
Көрген күні күн емес»,
сондай-ақ:
«Біле кет!
Ақылдан адасқандардың,
Ажалдан адаспайтынын.
Тақ үшін таласқандардың,
Табытқа таласпайтынын…»
(«Құлпы­тас­тағы жазулар»), – деген сияқты өмір заңдылықтарын өзінше түсіну мен түйсінуден туған шумақтар ақын қаламының қуатын арттырып тұрғаны сөзсіз.
«Я сердцем никогда не лгу», – дейді Есенин. Ал, Өмірзақ тек жүрегін сөйлетті. Үміт пен сенімге толы жүрегін. Өмірзақ Қожамұратұлының шығармашылығы жайлы мақаламызды ақынның өз өлеңімен, тағы да сенім жырымен аяқтауды жөн санадық:
«Кей-кей кезде есіріп,
Жүремін-ай ышқынып,
Қас-қағымда ғұмырым,
Бітіп тұрған сияқты.
Кей-кей кезде көсіліп,
Жатамын жай ысқырып.
Әлі мың жыл ғұмырым,
Күтіп тұрған сияқты».
ЕЛАМАН ХАСЕНҰЛЫ
Арман Мәнібеков
ar_sniper_90@mail.ru
10-05-15 22:39
Күндерді кештік көңілді
Өзіңмен откен омірді
Кетерде жасың төгілді
Ұмытам досты қалайша
Меңзеткен мұңды бұл тағдыр
Елесің көзде тұрған бір
Келерсің бір күн бәрібір
Ұмытам досты қалайша
Бедебаев Абубакирдің контакттары немесе Рудный каласын Кенимехтықтар балса маған жауап жазсыншы отініш поштам бар номірімді калдырам 87029298688 вк әлуметтік желісінде Манибеков Арман
Арман Мәнібеков
ar_sniper_90@mail.ru
10-05-15 22:26
Кіші жүзбің ішінде Тамалар барма екен
Данияр
Daniyar_1963@bk.ru
20-03-15 07:08
Улыстын Улы куни - Наурыз мерекесимен барлыктарынызды куттыктаймын. Баршанызга денсаулык,кажымас кайрат,отбасыларына тыныштык-амандык алып келсин. Казах ели оркейе,жасай берсин!!!7d9p
Мадина
05-03-15 02:57
Камаладинге! Мен де Кенимехтықпын! Сорлы қазақ, не жерге, не руға, не жүзге бөлінбей, біріксең болмай ма?!Бөлінгенді бөрі жейдінің кері келмесін.
Камаладдин
04-03-15 07:33
МАДИНАҒА!Кенимехтың азаматтары Қали Жолдасовпен Мырзалы Даңбаев және Нұртан Өтемұратов үшеуі Тамдыдан шыққан талантты ақын Өмірзақ Қожамұратовтың "Сезім сәттері" деген кітабын шығарғанда тамдылық бір топ ақсақалдар: - Анау кенимехтың үш адамы жайына жүрмей біздің Өмірзақты егелеп алыпты -деп ренжігенін естіп таң қалғанмын. Біз кенимехтықтар тамдылықтардан бөлінгіміз келмейді, бірақ өздері шеттетіп отырады. Ал негізі Кенимехтағы қазақтың бәрінің шығу тегі тамдылық екенін білгісі келмейд. Солай қарағым...
Мадина
04-03-15 06:28
Данияр, ол тарих емес!!!
Данияр
02-03-15 07:03
Жарайд!!! Мадина сен айткандай болсын,бирак тарихты кайтарып болмайды??? Тарихты билмесек??? Онда калай казах боламыз
Мадина
02-03-15 02:52
Кенимех, Тамды деп бөлінбей-ақ қояйық, ағайындар! Атамекенге келіп, "оралман" атанып, ортайған қазақ болдық. Сол үшін жіктелмей, бөлінбей, біріккен қазақ болайық!!!
мухтар жанузаков
28-02-15 12:31
Калекен кос ауданга ортак азамат.
Тілек балқы
16-02-15 19:34
Даниярға! Қали Жолдасов Аяқұдықта туылған. Тамдыдағы 1-мектепте 1-класқа менің Жүсіп ағаммен бірге барған. кейін кенимехқа көшкен!!!
Данияр
Daniyar_1963@bk.ru
16-02-15 06:19
Накенде,Калекенде Кенимехтын азаматтары. Бир арыктын суын ишип,бир жердин топырагынын шанын бирге жутканбыз. Конакбай Кожаниязулы Саттар немереси ( Кожекен ) коринбей жур акыргы уакытта. Алматыда деп еситуим бар
Данияр
Daniyar_1963@bk.ru
16-02-15 06:11
Тилек балкыга!!! Кали Жолдас Тамдылык емес ??? Кенимехтан !!! Науайы кошесинде турган, С.М. Киров атындагы № 1 мектепти 1977ж.битирген. Откенде Бекболат Тилеухан Айтекебиди Тамдыда жатыр деген,айтудан,жазудан алдын адамда нак факт болу керек шыгар. Шынын айтканымнан,жазганымнан биреуди кемситип,ия болмаса ренжиту емес. Тура,дурыс тусинсе деген ойдамын.
Данияр
Daniyar_1963@bk.ru
16-02-15 06:00
"Жайнаган ата-мекен - Кызылкумым, Татпаган дейсин сенин тузынды ким. Топырагыннан нар алып кайта синер, Бейне мен коктемдеги кызыл гулин. Шыр етип киндик каным тамган жерим, Ойымнан бир сат калыс калганба един. Тасыган канымда сен,жырымда сен, Озин деп туратындай алган демим"_деп олен жазган Толганай Сариева. Акжолга!!! Канарбай ата туралы Нарбай Тагайулы Кожаахмет немересинин 1996ж. Кенимех аудан баспаханасынан Женис Ахаев басшылыгында китап басылып шыккан. Тираж 1000дана
Тілек балқы
11-02-15 15:25
АҚЖОЛҒА! Қанарбай ата және басқа да Тауелібайға танымал адамдар туралы көп білетін және жазып жүрген азаматтар тамдылық Қали Жолдасов пен кенимехтық Нарбай Қожахметов. Нарбай ағаның телефоны 87012878054
Утемуратов Данияр
Daniyar_1963@bk.ru
06-02-15 11:21
Саламатсындарма??? Карасам бари таныс. Менде бир озимнин изимди калдырайын деген оймен кирдим. Кали Жолдаспен бир жерде,бир кошеде,бир мектепте,бир мекемеде окыганбыз ж\е кызметте болганбыз. Калекенди оте курмет етем,ал казир ауылда Калекендей кисилер жетиспей тур. Ангиме айтсак Калекеннин китабынанда коп болар. Барине Тауелибай жери Кенимех елди мекени халкы атынан Жалынды салем!!!
Ақжол
akshol_fcb@mail.ru
15-12-14 11:30
Ассалаумағалейкум Кенимех аудан азаматтары! Мен Үшқұдық ауданындағы әулие Қанарбай ата туралы білгім келеді.Қандай мәліметтер білесіздер?
Айтуар
10-11-14 05:42
Мен де Айтуармын, ал... Неғылайын, атым сондай болса? Басқалар Айтуар деп ат қоймау керек па, а? Қызық екенсiз! Адамдар қалай-қалай болып кеткен осы, а?!
Жаннат Сабырова
heavenly-smile@inbox.ru
06-11-14 15:36
Айтуар Сабыровка ол болам бул болам дегендер мен кызымын ал енди жазындар жети атаннан бастап тексерек кайбирин туыс екендеринди .Жанаказганнан мине баурым мен бармын .Отирикке биреу есимимен жазудын не кажети бар ? Уялындаршы
Жаннат Сабырова
heavenly-smile@inbox.ru
06-11-14 15:28
Айналайын Айтуар есимимен жазган жигит мен кызымын сол Айтуар Сабыровтын .Сен ким екенингди билмеймин дегенмен булай жазуын казак атына жараспайды .Акем 50 ден аскан болса калай сайтта киреди ? Бунын не ? осынын жигит атына жарасма ойлан баурым уялшы
Елнур Унаков
elnur_gulshat@mail.ru
04-11-14 15:55
Кенимехтагы баурларым 87026398331
әлмаханбет
sulanov-62@mail ru
30-10-14 10:44
қалай бауырлар бәрі жақсы ма
Дархан Утепов
darhan8623_19@mail.ru
16-09-14 22:23
Саламалейкум Кенимех жастары
Марат Зархунович
abdraimov.marat.79@mail,ru
01-09-14 15:11
Қорғайтында халығым, қарғайтында халығым.
Баяны жоқ халықсыз бақыттыңда нәрінің,
Тарыққында талықсып жөнді- жөнсіз налыдым,
Кешіре көр алыбым, кешіре көр халығым.

Ол жоқ жерде мен қашан мейірімге жарыдым.
Басу айтар сол ғана кахhарланса кәрі мұң,
Өздеріңе сүйеніп тарттым өмір шарығын,
Аманбысың алыбым, аманбысың халығым.

деп жырлағаныңда жиналған адамдардың тұла бойы шымырлап әй-шіркін
бұл Айтуар ғой дейтін. Қайталанбас өзгеше дауысқа ие Айтуар нағашым қайдасың!
Шіркін Фариза Оңғарсынова тірі болар-ма еді Мұқағалидың қазіргі атын
Айтуар Сабыровпен жаңғыртатын.
Айтуардың құрдасы
22-08-14 09:35
Марат, Айтуар ақынның жиені болған адам нашар өлең жазбау керек. Ұйқасқа, буынға қарау керек. Өлеңіңді былай өзгертсем қалай дейсің?

Туған жерім Қызылқұм – иен далам,
Тентек жұрт - Өнтектерге жиен болам.
Нағашым Айтуардай дараларға,
Төбелес пен өлең боп кие қонған!


Марат Зарқынұлы
abdraimov.marat.79@mail.ru
20-08-14 17:04
Тарихи ата мекен Қазақстанымда жүрсемде той-думанды әрдайым анамның құрметі үшін нағашым Айтуар Сабыровтың өлеңімен бастаймын!
Бұл кімнің өлеңі, осындай адам барма деп менен әрдайым сұрайды?
Сондықтан айтарым нағашым Қазақтай құдіретті ел Сізді күтуде!
Марат Зарқынұлы
abdraimov.marat.79@mail.ru
20-08-14 16:54
Туған жерім Баймуратым кең далам,
Нағашыларым өнтек балқыға жиен болам,
Сұрасаңыз Зарқынұлы Марат мен болам,
Ерғара, Айтуар, Қайраттармен
Әрдайым мен мақтанам!
Марат Зарқынұлы
abdraimov.marat.79@mail.ru
20-08-14 16:50
Туған жерім Баймуратым кең далам,
Нағашыларым өнтек балқыға жиен болам
Сұрасаңыз Марат Зарқынұлы мен болам,
Ерғара, Айтуар, Қайраттармен
Әрдайым мен мақтанам!
нурик
nur.92.11.11
09-08-14 21:16
салем балакарак жастары
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
08-07-14 11:58
ЖЫРАУ ҚАЛДАШ

Күй төгіліп домбыра шанағынан,
Кең далаға барады таралып ән.
Тас төбеде жұлдыздар жымыңдайды,
Шаңқылдайды тұғырда бала қыран.

Көк аспаннан Ай қарап, себелеп нұр,
Шамды айнала көлбеңдеп, көбелек жүр.
Киіз үйдің төрінде жыршы отыр,
Домбырасын саусақпен төбелеп бір.

Хикаясан ғашықтық бастады бір,
Іргеліктен сығалап жастары жүр.
Ұзақ таңға үдіре жалғасатын,
Қыз Жібек пен Төлеген дастаны бұл.

«Әу», дегенде жыршымыз екпіндейді,
Шал-шауқанның сақалы желпілдейді.
Орамалдың ұшымен көзін сүрткен,
Келіншектің иығы селкілдейді.

Ұрттап қойып көк шәйін, жырлап отыр,
Сілтідейін тынған ел тыңдап отыр.
Әлденені сыбырлай талқыласып,
Шалдар жағы қолдарын бұлғап отыр...

Түн түріліп, бозарды таң-самалаң,
Мызғымастан тыңдады қаншама жан.
Жарық түсе тарады мұңайған ел,
Міне, ләззат, ғибрат – алсаң одан.

Күлдіреді, біреуді мұңайтады,
Тарихтан шежіре, сыр айтады.
Киіз үйдің пердесіз сахнасында,
Қалдаш жырау осылай жыр айтады!..

Нұрғали Қарабеков.

Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
08-07-14 11:51
Қадірлі Мадина! Менің қолымда Домат ағайдың кітабы да, Оспан хатиб дуралы нақты деректер жоқ. Сондықтан өзіңде бар мәліметтерді менің эл.поштама жазып жібер: kali_hoja@mail.ru
наз
nadezhda_kasymova
07-07-14 07:59
Қайырлы таң! Қалдарыңыз қалай? Мен Тамдыда туылғанмын, Кішкентай кезімде нағашы әжемнің қолында болғам, әжем Мәдениетте сосын Кенимехта тұрды. Серік Шұқынның жиенімін!
Ғаниева Мадина
madina.qanieva2011@mail.ru
03-06-14 09:08
ҚАЛИ АҒА, сәлеметсіз бе?! Мен сіздің Тәуелібай елі жайлы энциклопедия дайындап жатқаныңызды есітіп қуанып қалдым. Сіздің мұндай үлкен шаруаны қолға алғаныңызға рақмет! Сізден өтінішім меннің нағашы атам Оспан Хатиб Бұхара ханының уәзірі болып, Тәуелібай қазақтарының жоғын жоқтағанын білетін боларсыз. Оспан Хатип жайлы Мамиров Домат ағайдың да жазған кітьапшасы бар. Энциклопедияға сол кісіні де кіргізсеңіз деген тілегім бар. Сізге алдын ала рақмет! Бастамаңызға сәттілік тілеймін!
салем салем
77782176800@mail.ru
31-05-14 17:14
Салем барине.
Сапаргүл Қожанова
25-05-14 20:09
БАҚБЕРГЕНГЕ! Біріншіден Арсланбаевты ешкім төмендетіп жатқан жоқ. Екіншіден бұл жерде әңгіме Кенимех ауданының тарихы және еңбегі сіңген адамдар туралы айтылып жатқан жоқ. дайын асқа тік қасық болып жатқан да ешкім жоқ. Тек қана қазіргі ағалар туралы айтылып жатыр. Адам деген әңгіменің мән-мағынасын түсініп алып тоңқылдағаны дұрыс
Қали
09-05-14 21:51
Арысланбаев Төремұрат - Кенимех ауданының тұңғыш ревком председателі. Ал 1925 жылы март айынан бастап Кенимех қазақ-қарақалпақ автоном ауданының тұңғыш председателі.
Бакберген
arisper-92bg.kz@mail.ru
24-04-14 18:39
Кенимехты Кенимех қылып жүргендер қазір де бар, бірақ солардың басында АРЫСЛАНБАЕВ тұр. Тек Арисланбаевтың айырмашылыгы - қазақтың мүддесін көздегендігінде.
Сауле Қылышбаева
12-04-14 22:56
Қайдасың

Тұрушы едің,
Назданып маған бал күліп.
Қайдасың, жаным!
Сені іздеумен талды үміт.
Тынышымды менің әкетіпсің-ау өзіңмен,
Сағынышыңды маған қалдырып.


Сен бе деп қалам
Аққуды көлден әр ұшқан,
Бейнеңді сенің іздеймін әрбір таныстан.
Сен болып кейде алдайды сұлу сағымдар
Ақ көйлек киіп алыстан.


Арайлы нұрын
Әлемге тегіс жайғасын,
Мен болып саған, қақпады ма екен Ай қасын.
Хабарыңды күтіп,
Сағынып жүрмін өзіңді.
Ақ көйлек киген,
Аяулы бейне, қайдасың?
Айтуар Сабыров.
Сауле Қылышбаева
12-04-14 22:54
Ару-өмір

Қап-қара шашы –
ғашықтық сырға толы түн,
Қиылған қасы –
Естетіп құстың
қанатын.
Алдымда тұрған құлын мүсінді арудың,
«Өмір», - деп айтсам жаңылыспаспын-ау дәл атын.

Сезімімді менің
мәңгілік қойған
тұсап бір.
Бейнесі - сонау
көктемде терген құшақ гүл.
Жоқ, жоқ, Жаным,
қателесіппін.
Байқасам -
Өмірдің өзі дәл осы қызға ұқсап тұр!

Айтуар Сабыров.

Сауле Қылышбаева
12-04-14 22:44
Махаббатқа достықтың ұласқанын
Сен сезбедің -
Сезбедің рас, жаным.
Айта алмадым
Мен-дағы жүрегімде,
Саған деген бір гүлдің бүр ашқанын.


Қиын екен,
Сыр ашпау қиын екен.
Айтылмаған махаббат -
Күйік екен.
Кеудемдегі жалынды сезбей-ақ қой,
Мен өзіңді осылай сүйіп өтем!
Айтуар Сабыров7

Сауле Қылышбаева
12-04-14 22:41
Махаббатқа достықтың ұласқанын
Сен сезбедің -
Сезбедің рас, жаным.
Айта алмадым
Мен-дағы жүрегімде,
Саған деген бір гүлдің бүр ашқанын.


Қиын екен,
Сыр ашпау қиын екен.
Айтылмаған махаббат -
Күйік екен.
Кеудемдегі жалынды сезбей-ақ қой,
Мен өзіңді осылай сүйіп өтем!

Асан
12-04-14 22:37
1990 жылдарда Кенимех райондык ономастика және топонимика комиссиянын руководители болған Қали Жолдасов аға "Шафиркан" колхозын "Абай атндағы колхоз" деп өзгеркен еді. Айтекеби атына мектептіде койды. Сондаяқ 12-13 кошеге қазақтын атаулы адамдарынын аттарн қойған еді. Центральный коше Коммунистический еді. Соныда Абай кошесі деп озгерткен еді. Кали ағаға рахмет. Оны барі мактайды. Брақ жақнда сол кошелердін аттарын озбек аким озгерте бастаді. Бір гана Абай кошесі озгерген жоқ.
Данияр
29-03-14 18:10
Рысбек сен Навоийда окытынба мен Даниярмын жанылмасам бирге окыдык гой деймин мына номерге хабарлас 8775 592 45 11 немесе логинінді калдыр
Боря
19-03-14 05:03
Кенимехти Кенимех қылған ПЕТРОСЯН деген армян. Арысланбаев ауданды қурған адам.
Уалихан
ualy_10_89@mail.ru
14-03-14 14:50
Ассаламуалеикум жерлестер мен кенимехта тургам бирге окыган Еркебулан атты 89жылгы пушкин кошесинде турган. Айтекеби 36 орта мектепте окыган 3сыныпка деин окыган сыныптасымды издеп жатырмын егерде билип жатсаныздар ualy_10_89@mail.ru или 87758134446 осыган кабарласыныздар есими Абдуназаров Уалихан Ергешович боламын
Рабига
Rabigash-91@mail.ru
06-12-13 10:45
Кенимех
Бақберген
arisper-92bg.kz@mail.ru
27-11-13 11:25
Төремұрат Арысланбаевтың көзін көргенер о дүнелік болып кеткесін, кейінгі дайын асқа тік қасықтарды айтып, мақтануды қойыңдар! Кенимехты Кенимех қылған, етігінен су кешіп, отқа түскен ел ағаларының болғанын ұмытпаңдар. Кенимехтағы Арысланбаев көшесі аспаннан алып қойылған жоқ. Қиын-қыстау кезеңде Кенимехты аутономиялық аудан етіп, қазақтың тілін, дәстүрін, мәдениетін сақтап қалған бір туар азамат - Төремұрат болатын. Ол - Кенимех аутономиялық ауданының тұңғыш әкімі.
сейткали
boz-oba18
20-11-13 17:39
ассалаумалейкум жерлестер!
Мүхтар Жанұзақов
11-11-13 13:50
Марқұм Сәкен Нарқұлов жорамның орындауындағы Айтуар Сабыровтың сөзіне жазылған,
Марат қожаның \"Іздедім\" әнін тыңдап, жорамды еске алып, көңілімнің босап отырған жайы бар. Сәкеннің жаназасына жиналған жамағаттан жер майысатындай еді дейді намазға қатысқан адамдар. Расында да Сәкен көп адамның қажетін шығарып, қуаныштарында қызмет етті ғой.
Конакбай Байменов
Altin@e-mail ru
10-11-13 18:53
Калын калай Кожеке?
Меййржан Байменов
meiirjan asem @mail ru
06-11-13 11:30
Темиртаудан салем Кенимехка!!!

Оралман
08-09-13 08:07
Қали елпілдеген жақсы жігіт қой. Оның анау-мынаумен ісі жоқ. Бірақ, Айтуар бәле іздеп жүретін адам. Оның үстіне өзі қиналған халықты ол да әбден қинап болды. Тойға 500 мың сомсыз бармайды. Ондай қаражатты біреу табар, біреу таппайды. Тіпті бір жерлерден 700-800 сұрағанын да есітіп жүрміз. Ауылдағы азаматтар осыны айтысып жүр. Келген-кеткен айтып келіп жатыр ғой, барлық істерді. Өзі зорға жүрген халыққа бұл ауыр ғой.
Марзия
07-09-13 22:41
Айтуар Сабыров, Қали Жолдасов ағалар. Наурызбай, Ақшагүлдер, сондай-ақ Серік Шұқын(жайы жаннатта болсын) әрқашан Кенимех халқының мақтанышы болған және бола береді. \"Қияли\",\"алқаш\" дегенге ренжімеңіздер, ағалар. Осыны айтқан адамның (\"Қызық\" дегеннің) Алла жазасын берсін, екі дүнияда қор болсын(ашуым келген соң әйелдігім ұстап шын қарғадым). \"Сарыбелден бiр алқаш \"Мен де Абай болам\" деп жур\"-дегені Рүстем шығар? Несі бар, Рүстем де жақсы өлең жазады.Қысқасы, бір-бірімізді мақтап жүрейік!!! Айтуар аға, мен Марзия деген жерлес қарындасыңыз болам. Өлеңдеріңізді сүйіп оқимын. Өзім де жазам. Тараздағы гимназияда қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп жүрмін. Әрқашан аман болыңыздар, ағалар!
Айтуар
04-09-13 01:32
КЫЗЫККА

Сенин ким екенинди билип отырмын. Сауатын барын да билемин.Корингеннин к...н жалап, итаршы болып журуши един. Биздерди ел сыйлап,койын сойып, арак-шарабын беретин. Арак ишсек те абыройымыз сенен типти жогары болды."Иширткисин оздери берип алып, "ишкиш" дейди неге осы мени халык",-деп жазган Мукагалидын да сен сиякты каззаптар тубине жеткен. Сен бизден калган саркытты жеп жүрген иттин бири един. Казакстанга келген сон да коре алмаушылыгын, пасыктыгын калмапты-ау? Бир кездесерсин аман болсам, жудырыгымды иискерсин... Саган жетер каукарым бар! +9989333143898. Кеш емес, хабарласуына, кеширим сурауына болады.

Мұхтар
22-08-13 19:06
Қызық
10-08-13 07:34
Баяғы "Айналайын Қали" тарихшы болып кеткен бе? "Ақырзаманда алқаш та молда болады" деген расқа айналды-ау. Сарыбелден бiр алқаш "Мен де Абай болам" деп жур. Айтуар деген қияли. Тағы бiр-екi алқаш бар сондай.

КЫЗЫК! СЕН НАГЫЗ КОКИРЕГИ СОКЫР АДАМСЫН! КЕНИМЕХТЫ ТАНЫТУДА КАЛИ АГА МЕН АЙТУАР АГАНЫН ЕНБЕКТЕРИНИН МЫННАН БИРИ ДЕ КОЛЫННАН КЕЛМЕЙДИ. КЫЗЫК ДЕСЕ КЫЗЫК ЕКЕНСИН.
Калдыбек
kaldibek_abuov@mail.ru
19-08-13 18:21
Нурбекжаннын жазганын окып жарты сагат озимди баса алмаи кулдим есим тусти ,енди Нурбек туралы аитаиын ол насыбаи ататынын озимде ататын болгандыктан менен жасырмаитын бирак агам Бауыржаннан жасырат жане биздин уидин алдындагы краннан су алатын бир куни менен насыбаи сурауга келе жаткан.енди сураиын деп жатканда Бакеннин шыгып калмасы барма уялган тек турмас демекши ол сураитын нарсесин озгертип "кранда су барма деп еди оган Бакен "кранда су жок Калдыбекте наспаи бар деп уялтып тастады.
Калдыбек
kaldibek_abuov@mail.ru
19-08-13 18:08
мен тагы сол Калдыбекпингой.Мухтар агамнын шымшыма ангимесин аитаиын .ол киси коп жыл менин агам Халиланын шопыры боп истеди бирде сол шефинин иниси Борибаи агам Оразжан деген жерде той берди сол жерде баримиз ягни андегул биткеннин бари кызметте журмиз. сол жерде менин Мухтар агамда сол кызметте,бир туыстарынын биреуи аитыпты \\"ау Мухтаржан сен каидан журсин ,бул жерде тек Андагулга катыбарлар гана жур сен не катысын бар Андагулга десе Макен аитыпты \\"мен Андагулга шопырмын\\" депти.
Ақын
12-08-13 20:06
Ақындар бар ма? Айтысайық!
Қызық
10-08-13 07:34
Баяғы "Айналайын Қали" тарихшы болып кеткен бе? "Ақырзаманда алқаш та молда болады" деген расқа айналды-ау. Сарыбелден бiр алқаш "Мен де Абай болам" деп жур. Айтуар деген қияли. Тағы бiр-екi алқаш бар сондай.
Балхия
www.balhiya_94@mail.ru
07-08-13 17:20
салем бауырлар. мен кенимех ауданы УШТОБЕ ауылынанба. ауылима ешкашан ештене тен келмес сагынам баринди умитпаймин ешкашан. руым АКБАЛКЫ. Караганда облысы Абай каласинан жалинди САЛЕМ)))))
нурхан
nurxan_0187@mail.ru
03-08-13 10:56
салам КЕНИМЕХ..... карагандыдан
Нурбек
naiza.ru@mail.ru
01-05-13 20:08
Саламатсыздар ма бауырлар! мен де кенимехта Жакыпбай Сабиров көшесінің 25 уйінде тұрғанмын ,көршілерім Қалдыбек, Павлик, Азим ука, Жумахмет, ағамдарды сағындым жане Жанзаков Мухтар ағамнын шымшыма ангимелерин сагындым .
Бир күни Нұркен мен Нұрбек бір шөлмек алған болатын ,бұл жолы тіске басарды Қалдыбек алып келу керек еди ,Қалдыбек уйне барып кудиктенген жубайына карап \"Барсикке менен баска ешким нан бермейди\"-деп колтыгна жарты таба нанды колтыгына кысып келгени бар еди,)
Бахытжан
kvn_94-95@mail.ru
26-04-13 09:52
Kenimex.my1.ru отандастар озимиздин пикиримизди калдырамиз! Курметпен (админ)
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
13-04-13 01:03
Тауелібай - Өзбекстанның бұрынғы Бұхара, бүгінгі Навои облысының Солтүстік аймағын алып жатқан аймақ. Оған Тамды,Үшқұдық аудандары түгелдей, Кенимех аданының, Көкше, Қаратау,Құлжықтау тауларынан бастап, солтүстіктегі бөлігі кіреді. Бұл аймақтың Тауелібай атануы - осы өңірде ірілі-ұсақты 30-дан астам таулар, тау сілемдері, шоқылар бар. Ең биік тауы - Ақтау(948м.), ең аласасы Ұзынтау(165м). Олардан өзге Қазақтау, Арыстантау, Боқантау, Келіншектау, Оғызтау, Керегетау, Алтынтау, Амантайтау, Тамдытау, Жалпақтау, Мұрынтау т.б.таулар бар. Қызылқұм шөлімен араласып жатқан осы таулы өлке мал шаруашылығына өте ыңғайлы. 200-дей жуық өсімдік түрлері өседі. Қақаған қыста малға пана болар ықтасыны: қазан шұңқырлары,ойпаңдары мен терең сайлары баршылық. Сондықтан болар тұяқсыз қалған жұт болмаған аймақ. Ал Тауелібайдан әрі Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақта (солтүстік-шығысқа қарай , тіпті сонау Ұлытауға дейін) бірде-бір тау жоқ. Сондықтан ба бұл өлкелерде қыс қатты болған жылдары жұт болып, тігерге тұяқ қалмаған кездер бірнеше рет қайталанғаны тарихтан белгілі. Сонда бұл елдің адамдары бүгінгі Тауелібайда отырған елден көмек сұрап келеді екен. Мал-жаны аман, шалқып-тасып отырған қалың қазақ ағайыннан аясын ба, алдарына қырық-елулеп мал салып жіберетін болған. Ал қуанып қайтқан ағайын еліне жетіп:\\"тау ішінде отырған ағайын-туыс бай екен, таудың елі бай екен\\",-деп мақтап жүретін көрінеді. Сөйтіп, біздің елді алыстағы ағайын \\"Тауелібай\\" деп атап кеткен.Тауелібай (кейде Елібай деп те атайды) атауы Сыр сүлейлерінің шығармаларында жиі кездеседі. Мұны мен жалпы ағайын біліп жүрсін деген оймен мәлімет үшін жаздым. Алла бұйыртса, \\"Тауелібай\\" атты энциклопедияны жарыққа шығаруды жоспарлап отырмын. Өзім Тамдыда (анығы Аяққұдықта) туып, Кенимехта өскен, Үшқұдықта еңбек жолымды бастаған азаматпын. Үш аудан да маған етене жақын. Кезінде, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын тауелібайлық жүйрік ақын Наурызбайға сөзін, сазгер Марат қожаға әнін жаздырып, \\"Тауелібай\\" деген әнді шығаруға үйытқы болғаным да бар. Құрметпен Қали Жолдасов.
Марат
marat.m.n73
06-04-13 22:11
Теміртаудан жалынды салем.Кенимех бұл сағыныш мекені.
Еркебулан
Erik...84
04-04-13 00:47
Salamalikum Kenimextan Kelgen agaiyndarga jalindi Salem Temirtau Kalasinan!
Бакит
bakai_0176@mail.ru
01-04-13 22:02
Салем кенимехтыктар мен ажинияз кошеси 29 да турганмын барлык кенимехтыктарга салем рудный
нарбек
narbek.kaz83@list.ru
16-03-13 12:34
Шуркулдиктерге салем
Темирбаев Умирзак Ганиевич
fariza_1998_aksu@mail.ru
06-03-13 15:18
Кенмихтықтарға Жалынды Салем!!!мен энгельс18 уйде тұрганмын))
Қазір Павлодар обылысындағы Ақсу Қаласындатұрамын
duken
duken61@mail.ru
26-01-13 12:29
Сен білесіңбе, мен өмірден нені аңсап, нені іздедім !? !
Жолдас қылып, шегі жоқ керуен-керуен ой тізбегін,
Уақыт қазы сұрыптап, айыратын ақ-қарасын,
Тау-таста, сай-салада, өшпейтін қалса іздерім!!!
duken
duken61@mail.ru
26-01-13 12:19
Маған Мекке, Мадине;
Венеция, Париж не деп оқыңыздар
Гулнур Каржаубаева
gulnur-karjaubaeva
25-01-13 19:53
салем Мадениеттиктер каидасындар .Кенимехка жалынды салем7
duken
duken61@mail.ru
22-01-13 20:52
Серік Шұқынов

- Өмірзақ аға!!!
Жырыңмен жаным жайқалар.
Ашыққан өңір,
Кеш ұққан көңіл жай табар,
"Өлгендер қайтып келеді" деген өзің ең,
Кетіп ең самғап,
Өтінем зарлап, қайта орал!!!


duken
duken61@mail.ru
22-01-13 20:44
Өмірзақ Қожамұратов Тамды
Маған Мекке, Мадине,
Венеция, Парих не,
Туған жердің шөліндей ыстық емес әрине?
Жан анамдай қаірлі менің туған байтағым,
Жердің жәннәт жұмағы Қызылқұм деп айтамын.

Осы аймақтың тұзы емеспе алғаш рет татқаным,
Осы айиақтың қызы емеспе алғашқы тіл қатқаным,
Осы аймақта өтті балғын шырын, шәрбәт шақтарым,
Шапағатым,
Махаббатым,
Аппағым.

Туған жерім- Тәңірім,
Өзіңмен бір соғады қан тамырым.
Аттап өтіп кете алмаймын
Ешқашан,
Атажұрттың қабірін.

Сенсің мәңгі қар шалмайтын жоталым,
Сенің зарың сияқтанар боздағаны ботаның,
Сенен ғана басталады мына әлем тіршілік,
Сенен ғана басталадыц менің шексіз-Отаным!

Көтерісіп тұрсыңұлы тірлікті,
Сенде ұлы тірлік құтты,
Бірлік құтты,
Жыр қүтты.

Жұмыр жерге жүрек болып, от беріп,
Қуанышын, қайғысында тұрсың бастан өткеріп,
От-дауылын,
Қар, боранын,
Таң нұрын.
Жұттық бірге, жұттық жұпар жаңбырын,
Жұмыр жермен бірге сенің,
Менің дағы тағдырым.

Ей туған жер,
Бір пұшпағы құрлықтың,
Мен кішкентай болғаныммен,
Менен ұлы жыр күттің.

Сені ойласам өлген бабам тіріліп,
Саған қарай жол бастайды бұрылып,
Еш жерде жоқ саған біткен ірілік,
Еш жерде жоқ саған біткен ұлылық!!!


Мадина Ганиева
madina.qanieva2011@mail.ru
10-01-13 11:33
Барлық Кенимех ауданының тумаларына салем! Мен Сорколденмін, анығы Қожатоптан. Абай жане "СССР-дің 60 жылдығы" мектептерінде оқып, жұмыс істегенмін. Мені білетіндерге салем! Хабарласыңдар: Қостанай облысы,8-702-828-85-81
Данияр
28-11-12 14:26
Кенимехскийларға сәлем.Гулистан 58 турғанмын.

Азамат
www.aza.kz@mail.ru
28-11-12 13:06
Мен Кенимех ауданының Жанаказган ауылынанмын! Жанаказгандыктарга жалынды селем Алматы каласаынан! Жанаказганнан бауырлар болса хабарласыңдар!
Амангелди
amangeldi-_66@mail.ru
17-11-12 07:18
Мадениет ауылы Кенимех ауданы Навои облысы
Нишангул
01-11-12 13:43
толик сен кімсің! хабарлас мен Рудныйда дом телефон 90387 кодын тауып аларсың!
Мұхтар
31-10-12 14:28
Ойбай6 Нұрбек емес, Нұркен екен ғой, кешіріңіздер. Не ты же упадежжжжжь!
Мұхтар
31-10-12 14:26
Нұрбек, коршің Бекмүрат пен Хуршиданы сағынған жоқсын ба?
Нурдуллаева Макпал
makpal_12.98
25-10-12 20:23
Салеметсизбе кенимех азаматтары мен де кенимехта туылып 4 жасымда кошип кетсем де оз туган жермди киндик каным тамган елимди сагынамын 4 жаска дейн турсамда бари есимде катты катты сагынамын Костанайдан жалынды салем
Нуркен Абубакиров
nurken280773
25-10-12 20:13
Салем бауырлар амансыздарма мен де Кенимехта Сабиров 25 уйде турганмын окинишке орай казир ол уй бузылган коршим калдыбек нагашым сени сагындым барине КОСТАНАЙДАН жалынды САЛЕМ
Калдыбек
10-09-12 18:35
салем барине киели Кенимехтыктык азамат жане азаматшалар.барлыктарынды сагындым еламанда кездесеиик .салеммен бауырларын Калдыбек Кенимехта Сабиров 30-уиде турганмын Киров мектебинин тулегимин.казыр Павлодардын Аксу деген каласында турамын.
Айниса
Ainisa_99@bk.ru
10-09-12 15:03
Салем!КЕНИмех кушти жер!мен Кенимех ауданына карасты Баимурат ауылына туылганмын!если Баймурат немесе Ахунббайдан балалар болса маган хабарласындар!мен сендерди асыга-асыга кутемiн=)
Жандос Шукирбайтегi
Altin_001@mail.ru
11-08-12 13:29
Бала-Карактан кымдер бар Шукирбаев Жандос Караганды
Фариза
13-07-12 22:24
Салем Кенимех!Салем Бала-Карак ауылы!Аылды катты сагындым!Бала-Карактан ким бар Степногорскиден салем!
Жубаныш
erhan.2009@mail.ru
13-05-12 00:23
Cалем!Менде Кенимехтан,Навоий кошесi 26уй!Казiр Мангистау обл.Актауда турамын.Барiне салем!
ПОЛАТ
01-05-12 07:29
Жерлестер осы "квота токтады" деген рас па, мен биыл кошпекши болып жиналып жатыр едим, а?
Алжан
aljan_kz@list.ru
30-04-12 19:29
Салем ст,ҚАРАҚ-АТА
Anara
anarka7786@bk.ru
21-03-12 16:07
Mende Kenimextanmin Oralmadar salem! Jagdai kalai
Салтанат
777.mura
30-01-12 22:08
мен Кузенбаева Салтанат 1970 Кенимехтанмын достарыма салем
тел 87758508670
Аскар
777.mura
30-01-12 22:02
мен Баибеков Аскар Зафарабад халкына 85уи тургындарына, 6 автобазага чимкенттен салем.
тел 87018173756,87058853356
Еркебулан
erik...84
30-01-12 10:07
Mende kenimextanmin Bauirlarim tuganjerdi sagingan againdarga salem joldaim Men Kenimextan 60 wakirim jerde tuilip ostim Orazjan degen jerde esmim Erkebulan tagaev Sadikulovich
Темирбаева Гулбану Ганиевна
merei_1997.07.29@mail.ru
06-01-12 11:50
Салем Кенимех!! Сагындым ауылымды! Менде Кенимехтанмын Сабиров кошесинде №18 уйде турдым мени танитындар хабарласындар!! 1970!! Рудныйдан Салем!!!!
Алихан
www.alixan.kz
06-01-12 03:37
Туган жерим Кенимех барин берген дарин берген нарин берген
Алихан
www.alixan.kz
06-01-12 03:33
Кенимех жастары кайдасыдар???
Алихан
www.alixan.kz
06-01-12 03:32
Астанадан касетти туган жерим Кенимехка жалынды салем
Бауыржан
baur_73_14_04
13-12-11 15:39
Жанузак Мухтар аға Малик ағаны қатты сағындыңызба? Мен Шуркулдегі Абдухалық баласымын Таразда 1995 жылдан бері турамын. уй іші аманба? Салемдеңіз!!!!!
Әбдісаттар (Абду)
abdu_74@mail.ru
12-12-11 14:27
Сәлеметсіздерме Қазақстанда жасайтын, Кенимехтық бауырлар?! Сіздерге, Зарафшан қаласында жасайтын ағайындар атыннан жалынды салем!
Толик
12-12-11 05:25
Нишангул тел.-инди жазшы.
Абіш
abiw_1990kz@mail.ru
10-12-11 12:13
Маган Мекке-Мадине. Венеция-Лондон-Париж не?
Туған жерде ыстык емес. Ыстык болмайды арине
Жаңа анамдай кадирли мениң туған байтагым
Кенимех деп айтамын Тауелінің арасында кең байтақ жайылған ел
Ыстық самал арасында соғып тұрған сол бір жел
Туған жеріме сөзмен бірі соғады қан тамырым
Аттап өтіп кеталмаймын ата жұртың қабірін
Сені ойласам өлген бабам тіріліп келетіндей
Саған қарай жол бастайда бұрылып кететіндей
Еш жерде жоқ саған біткен ірілік пен тірішілек
Еш жерде жоқ саған біткен құндұлық пен ұлылық
Жұмыр жерге жүрек болып жалындайсын от беріп
Қуанышын қайғысында тұрысың бастан өткеріп
От дауылын қар бораннан тааң нұрын
Жұттық бірге Жұттық жұпар жаңбырыннан сездік бірге салқынын
Жұмыр жермен бірге сенің менің-дағы тығдырым
Ей туған жер кеталмаймын өзге жұртқа қиялмаймын
Расында саған жетпейді туған жерім серпітің
Мен кішкентай болғаныммен меннен әлі жыр кетіңе

Абіш
abiw_1990kz@mail.ru
10-12-11 12:11
Туған жерім жетпейди саған сөзім
Бауырыммен ыстығыңа күйіп журген талайлар
Қоныс туйіб көш бастаған кейбир небір бауырлар
Сағыншпен көзде жас өзге туды жамылып
Сол жұртардың жүріпті топрағымды сағынып
Мен жүріпіпін қуанамын сол баяғы бақ балдырғын
Куыб шауыб бала кезде қойнында талай ойнаған
Ашық аспан салқын жел тебреткен миімді КЕНИМЕХ

Адилхан
alibaev.73
04-11-11 14:48
Канимех салем Степногорск
Бауыржан Сеитбаев
04-10-11 14:48
Гулистан көшесінің тұрғыны гулистан көшесінң тұрғындарына сәлем ағайын туыстарға бауырларыма достарыма нағашыларыма сәлем
Мухан
16-09-11 05:59
Кубейге

Кенимықта "Толенгит ауылы" деген жер бар ма екен? Бирақ "толенгит-қарақалпақ" деген топ бар, Шорколде. Айтпақшы, Тамдыбулақта "Толенгиттобе" деген жер бар. Сол жерде ылғый толенгит (қазаяқ-қытайлар) турады. Сосын Ушқудықта Толенгит коп. Биразы Жузқудықта.
Марат
06-09-11 06:06
Малик ағай шылғи жынды емес. Ол кiсiнi "бiлiмi басына симай қалған" деп айтады. Мумкiн, ортасы оған сай болмаған шығар?
Мұхтар Жанұзақов
01-09-11 12:12
Кенимех былай турсын, Кенимехтагы жынды Маликке дейін сагындык кой!
Қарлығаш
25-08-11 06:14
Салам Кенимех халқым!
esbol
www.esbol007@mail.uu
03-07-11 08:55
салем оралман халкым
kubey
jgnn74@mail.ru
07-06-11 12:48
Кулсариев Абат деген жигитти танитындар барма?74 жылғы толенкит ауылында турган.Навойда пед.институтта окыган.танитын болсаныздар кайда жургенин билетин жан болса хабарлассаныздар.
Нишангул Курбанбаева
jk;fc
05-05-11 20:14
Менде №1 мектепте оқығанмын.Кенимех туралы жазыңыздар.Ауылға барғандар болса
Қостанай обл. Рудный қаласы.
Карлыгаш
93karlygash93@mail.ru
28-03-11 12:33
салем салем)))))
Ќалдыбек
kaldibek_abuov@mail.ru
31-10-10 13:09
кіндігімніњ жас ќаны тамѓан жерім- Кенимеѓым.
Атыњнан айналдым, журген жерім.
Кенимехтыќтар ,амансындарма барлыѓыњды саѓындым,соныњ ішінде Сабиров кµшесініњ т±рѓындарын,б±рынѓы кµршілерім,Рысбек інім ‰й ішіњ аманба,Феруза апай ќалай,ауырмай ж‰рма, бєріне жалынды салем жеткізерсіњ.Пахта банк жумысшыларыда кµп-кµп салем Димкаѓа,бухгалтер ќыздарѓа,охрана жігіттерге.
Мұхтар
22-04-10 09:03
Кенимехтан 100 шақырым жерде Жаңақазған деген ауыл бар.
Сабыр
21-02-10 01:12
Кенимехта Жаңақорған немесе Жаңақазған деген елді мекен немесе ауыл барма?
Дамегул
damegul.83@mail.ru
20-02-10 09:36

Киелі Кенимех жерінде атақты әулиелер көп өткен. Мысалы Қанарбай ата, Қылыш ата секілді әулиелер.
Кенимехтық бауырлар қайда жүрсе де осы әулие аталарымыздың әруағы жебеп жүрсін!
Сіздерге Қылыш ата жайлы мағлұматты ұсынып отырмын.

ҚЫЛЫШ АТА КІМ БОЛҒАН?


Өзбекстанның Науаи облысындағы Кенимех ауданында киелі жерлер көп. Аты аңызға айналған әулие адамдардың қабірі, олар туралы аңыздар баршылық. «Ақиқатқа бергісіз аңыздар болады» - депті бір ғұлама. Сол айтпақшы, әулиелер туралы аңыздар өткен өмірден сыр шертіп, ұрпаққа өнеге болары даусыз. Соның бірі Қылыш Ата туралы аңыз.

Қылыш Атаның шын аты — Саид Бурханидин. Ол өте күшті, аруақты әулиелердің бірі болған. Әкесі Камалидин меккелік болып, біздің елімізге араб халифаты үстемдік еткен дәуірде келіпті-міс. Сол кезде Қырөзген деген патшалық болып, оған Ілгім ағзам деген кісі билік жүргізіпті. Ілгім ағзамның өте көрікті, ақылды бір қызы бар екен. Камалидин сол қызға үйленеді.

Арадан көп уақыт өтпей-ақ өз патшалығының жұмсауымен Камалидин Меккеге жол алады. Елде жүкті болып қалған әйелі айы-күні жетіп, аман-есен босанып ұл туады. Көп жылдар өтеді, бірақ Камалидин елге оралмайды. Сөйтіп бейкүнө сәби әкесіз өседі. Саид Бурханидиннің бар өмірі нағашыларының қолында өтеді.

Жақсы білім, өнегелі тәрбие алады. Бір күні Саид Бурханидинге аспаннан ат пен қылыш түседі. Сол күннен бастап ол пәлені қайтаратын қасиетке ие болады. Нағашысы бұл пәниді тәрк еткен соң Саид Бурханидин мемлекетті басқаруды өз қолына алады. Бір күні ол өз айналасындағы қызметкерлерін жинап мәжіліс өткізеді. Сонда қылышын қынынан суырып алып ортаға қояды. Сол кезде қылышқа қонған шыбын екі бөлініп түседі. Мәжіліс қатысушылары бұл көрініске қайран қалады. Сонда Саид Бурханидин былай дейді:

— Кімде-кім халыққа зұлымдық істеп, әділетсіздік жасаса әлгі шыбынның кебін киеді. Саид Бурханидин елін көп жыл әділеттілікпен басқарады. Әділ билік жүргізген патшаға, оның елі мен жеріне қызыққан дұшпандары жақын келе алмай бармақтарын тістейді. Сөйтіп ол Қылыш Ата (Қылышты Ата) атанып кетеді. Қылыш Ата өлер алдында ұрпақтарына:

— Егер жау келсе, «уа, баба, жау келді» деп атпен қабірімнің қасынан шауып өтсеңдер, мен шығып жауға тойтарыс беремін, — дейді.

Арадан бірнеше жылдар өтеді. Ұрпақтары Атаның сөзін сынап көрмек ниетпен «Жау келді» — деп қабір жанынан шауып өтеді. Сонда Қылыш Ата: — «Қане, жау? Жау қайда?» — деп қылышын қолына алып жүгіріп шығады. Бірақ ешқандай жау жоқ екенін білген Ата: «Басың босағаңа тимей жаның шықпасын!» — деп ұрпақтарына теріс батасын беріпті. Қарғысқа ұшыраған ұрпақтары қартайғанда балаларына құрметсіз болып азаппен көз жұмған екен деседі.

Құпия сырларды ішіне бүккен жылдар ағым судай өтіп жатты. Кеңес өкіметі тұсында қасиетті бабалар аруағы тапталып, аяқасты болды. Сол жылдарда Қылыш Ата қабірі жатқан жерді де егістік алқабына қосып жыртпақ болады. Алайда қабір қасына жақындаған тракторлардың моторы өз-өзінен өртеніп кете берген. Сөйтіп қасиетті қабір басына ешкім жақын бара алмаған. Содан кейін де әулие қабірі қараусыз, қамыс басып жатты. Талай жандарды дертінен айықтырған, перзентсіз жандарға перзент беріп қуантқан ата қабірі ескерусіз қала берді...

Арадан жылдар өтіп ата-бабалар армандаған Тәуелсіздіктің ақ таңы атты. Сол таң әулие қабіріне де молынан шұғыла шашты. Соркөлдік азаматтар бастама көтеріп, оны аудан азаматтары мен тұрғындары қолдап-қуаттап Қылыш Ата қабірі қайта тіктелді, басына кесене салынды. Қазір бұл Ата қесенесі көпшіліктің зиярат етер орнына айналған.

Осы Кенимех ауданының Қарақ өңірінде Қарақ Ата, Мәдениет ауылында Аршабике - Қыз әулие, Қызылқұм жағында Құлақан әулие, Жалаулы әулие, Бесқыз әулие, Үш мазар — Үштөбе атты аты аңызға айналған әулиелер бар. Сан ғасырдың куәсі Шардара төбесі де тарихи жәдігерліктердің бірі.

«Заң газеті», №199 (1005), 15.11.2006ж.
Авторы: Серікбай ӨЗБЕКҰЛЫ


Дамегул
damegul.83@mail.ru
20-02-10 08:35
Ана тілі мен ата салтының қаймағы бұзылмаған Кенимехтық бауырларға жалындыт сәлем жолдаймын!
Ассалаумағалейкум Мұхтар аға. Хал-жағдай, жұмыстарың қандай? Жеңгемізбен, іні-қарындастарымыздың халі қалай? Ата жұртта не жаңалықтар болуда? Сіздерге Кенимехтан үлкен сәлем!!!
Рысбек Кайепов
kayipov@mail.ru
10-11-09 16:28
Кенимехты сағынғандарға жалпы сәлем! Кенимех жайында өсіп-өнәп жатыр құдайға шүкір. Аудан әкімі С.Т. Истамов, білім беру менгерушісі Қ. Кәрімбаев. №1 мектепте бүгінгі күнде Талғат Дәрменов директор.
Мұхтар Жанұзақов
29-06-09 09:57
Дәмегүлжан амансың ба айналайын? Не жаңалықтарың бар? Жұмыстарың өз ретімен кетіп жатқан болар? Әрине солай болуына ағаңның ақ тілегі мол.
Елге бармағалы да 3 жылдан өтіп, 4 жылға аяқ басты. Қатты сағындым. Бірақ әке-шешемді жылына екі рет жіберіп тұрамын. Өзім осында балалардың оқуы бар, басқасы бар дегендей шыға алмай жүрмін. Маусымның 28 күні анамды ауылға шығарып салдым. Аман есен барып келген соң, өзім де жағдайға қарап көре жатармын.
Ал Дәмегүлжан сау-саламатта болып тұрыңдар. Елге дұғай-дұғай сәлем.
Дамегул
Мұхтар ағаға
13-06-09 19:47
Саламатсыз ба Мұхтар аға. Кенимехдан сәлем. Сіздің "Кенимехым - Нұр өлкем "деген тақырыбыңыз қайда жоғалып кетті?
Елдос
09-06-09 07:07
Кенимехта не жаңалық? Әкім кім, білім беру басқармасын кім басқарады? Мен бітірген С.М.Киров атындағы №1 орта мектепте не жаңалық? Хабарласыңыздар.
Мұхтар Жанұзақов
06-06-09 10:15
Олжасжан! Амансың ба? Адамның бәрі жақсы, тек өзің жақсы болсаң болғаны.
Мен де сол Кенимех деген жерден боламын. Күзембаев көшесі 34 үйде тұрғам.
Қазір Астанадамын.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов