Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Адай-жеменей-кенжелер кайдасыз????


Авторы Xабарлама
БАУРЖАН
15-06-09 19:40
мен Адайдан тараймын деген ким бар???

Авторы Жауап
Куаныш
Jemenei
30-07-17 13:20
Мен кенже жеменеимин беинеуден 87718415555 хабарласаиык
Зада
z.sadu-80@mail.ru
16-02-17 05:15
Адай Бауырларыма Улкен Салем МЕН АДАЙ ЖЕМЕНЕЙ КЕДЕЙ,, Актобе каласынан..Адай екенине мактан тутам..хабарласындар )))
Бекзат
21-06-16 19:18
Адайдын Жеменейынын Есены
жанайым
janaiym.ataniyazova@mail.ru
12-05-16 15:16
Ассалаумагалейкум. Мен каратока жеменей
Актаудын дачасында турамын. Сурагым бар ет акбота мен каратока жеменейлер кыз алысуга болмайма?!жауап кутемин
Айшуақ
aishuak__88
04-04-16 09:26
Ассалаума алейкум!!! Бауырлар аман амансыңдарма?
Мен Кенже Жеменей Айтумыс
алишер
alisher-979@mail.ru
08-05-15 22:31
салем барыне бауырлар!сурак бар еды! отыныш! мен адайдын жеменейымын! адайдын баймбетын келын кылып алуга болама?
Айдын
kz_570@mail.ru
18-04-15 16:58
Адай,Жеменей Кенже, Сары кемпірімін. АҚТАУ
КЕНЖЕ
bektleuov_kenzhe@mail.ru
01-04-15 16:46
АДАЙ. ЖЕМЕНЕЙ. ЖОМАРТ. БЕГЫМБЕТ .КУДАС. ЖОЯР. КОШКАР. ТАБЫЛГАН. БЕКТЛЕУ. САРТАЙ. осы аталарды танитын болсандар быр хабар берындершы жане осы аталардан тараган урпактармен жакын танысайын деп едым. Отыныш.
Райымбек Кайруллин
kairullin.R@mail.ru
16-03-15 06:12
Ассалаумағалейкум!!!Мен Адай Ақбота Аман Төлеген аулынанмын лог:Kairullin.R@mail.ru
дана
dana.abilova.02@gmail.con
30-12-14 00:34
Мен нағыз Адаймын!!! Мен Бекет атаның ұрпағымын!!!Мен Адайдың Жеменейімін!!!
дана
dana.abilova.02@gmail.con
30-12-14 00:29
Мен адаймын.Адайдын Жеменейі
ritlek
keltir.50@mail.ru
13-11-14 10:37
22 октября 2014г. в 12:27 · Атырау ·ФЕЙСБУКқа төмендегі мына мәтінді жазып қойып едім.
\"\"Жылыой ауданы Ақкиізтоғай селолық округіне қарасты «Қазитоғай» деген жер Жем өзенінің оңтүстік бет жағалауын-дағы тоғайлық. Соның ішінде шағындау ғана «Қаратоқа» деген қойылымдық қорым бар. Бұл жерді кеңес заманы орнағанша қаратоқа жеменейдің қырық үйі, ұзақ жылдар бойы тұрақты түрде қоныс қылыпты. Қази ишан солардың ішіндегі бас көтерген, дін жолын ұстаған, ақылман қарты болса керек.

Бұл жерлер, бұрынғы кеңес кезеңіне дейінгі мезгілде Олжашы жеменейдің данабай Баспайұлы Сағызбай (1847-1919 ж.ж.) деген заманында «түйелі бай» атанған байдың күзде отыратын басыбайлы қонысы екен. Оны Сағызбайдың ұрпақтарымен бірге, бейітінің басына зиярат жасауға барып жүріп 1993 жылдан бері білетінбіз. Соның, қима тамымен іргелес, оның солтүстік (арқа) жағында, адайдың әйгілі «жеті қайқысының» бірі, кенже жеменей Әділ Өтеғұлұлының жайы орналасқанын көріп жүрдік. «Қайқының» бейітін, таудың өңделмеген табиғи қара тасынан, аласа ғана, айыртқа жетер-жетпес, екі қатар тас өріп, кереге там қылып қалапты. Бұл, Алдабергеннің 1931 жылы алғашқы салған соқпа тамның сұлбасы ғана қалған соң, бейіттің қасына 1960- жылдары өзі айдап жүрген автокөлікпен таудың тасын түсіріп, нағашысының кесенесін жаңартып тұрғызып жүрген, Құлсарылық майлан жары, марқұм Үтбай Бейсенбайұлының тірлігі екен. Ол, Әділдің бейітін «Жыңғылтоғай» аулының тұрғыны, ақбота жеменейдің хангелдісі, шежіре қарт Тайпоздың көрсетуімен тауыпты. Бейіттің басында, атауы мен жылдары жазылған шағын құлпытасы бар. Кейіннен, 2009 жылы Әділдің Сағыз селосында тұратын ұрпақтары құлпытасты қайтадан жаңартып 2-ші құлпытас қойып кетіпті. Бұл сірә Әділдің Сағызда тұратын 1929 жылы туған баласы, Кемал қарттың тірлігі болса керек. Бірақ, артында сүйеніш болар қабырғасы жоқ, шошайып тұрған жалғыз құлпытас, қышынған мал сүйкенсе құлап қалуы әбден мүмкін. Себебі бұл қорымдық малдың жайылымдық өрісінің нағыз ортасында тұр және ұлутастан жасалған осы құлпытас фундаментінің үстінде шыр айналып тұр.
Аталған тоғайлық, қасиетті Бекет Ата Мырзағұлұлы 1771-74 жылдары салдырған Жем өзенінің бойындағы «Ақмешіт» жерасты мешітінің тура күншығыс жағында 6 – 7 шақырымдай жерде орналасқан.
Кешегі маңмаңгер дүлділ өнерпаз, өзі сөзін құрап, өзі сазын шығарып, әрі өзі мақамына салып шебер орындайтын әнші, сондықтан да Маңғыстау халқы әдейі әспеттеп «Адайдың жеті қайқысы» деп атақ берген тарланға топырақ бұйырған жер осы тоғайлық болған екен.
Кенженің қойсарысы сегіз ата арыс, ең үлкені Теңізбай – одан Құдайберген – одан Ерімбет, Ермек, Өтеғұл тарайды. Өтеғұлдан – ӘДІЛ, Қалша, Айдарлы, Манай өрбіген.
Кенже ұрпақтары болсын, не болмаса қасиетті Жылыой жерін мекендеген рулардың негізі болып саналатын қалың адайлардың барлық ұрпақтары жабыла атқарсын, әйтеуір кімдер болғанда да кезеңінде бүткіл адай ұлысына ортақ «Адайдың Жеті қайқысының» бірі болған жез таңдай, күміс көмей әнші, әуесқой халық сазгері Әділ Өтеғұлұлының басына өзінің атағы мен өнерінің деңгейіне сай ескерткіш болатындай кесене орнатса үлкен сауапты және өнегелі іс болар еді-ау деген ниетпен, жөн мен жосықты дұрыс түсінер ағайынға ойтүрткі болсын деп осындай ұсынысты 2006 жылы Ақтөбе қаласындағы «Nobel» баспасынан шыққан «Жеменей Адай, Кедей (Нұрмағанбет) ұрпағы» кітабында жазған болатынбыз, бірақ көтерілген мәселе осы күнге дейін шешімін таппаған соң сол ұсыныстарды кенже жеменейлерге тағы да қайталап айтып, жадтарына жаңғыртып жеткізгенді жөн көріп отырмыз.
Әрине, игілікті ойдан туындаған бұл пікірдің іске асып кетуі үшін Кенже руының «абыройы мен намысын қолдан бермейміз»,- деп жүрген арлы азаматтары белдерін буып, білектерін сыбанып, «Бес Өрдек» ағайындарының ортасына ту тігіп, бірлесіп ұран шақырып, барлық адай ұлысына сауын айтып кірісіп кетулері әбден керек-ақ. ИӘ ӘБДЕН КЕРЕК. Осы айтылып отырған жөргемді ой-пікірді жетесіне құйып, жүректеріне қабыл алып, «абырой ортақ – ар ортақ»,- деп намысқа шабатын Кенже аталығынан тарайтын арлы азаматтар, тумады дейсің бе? Иә, ТУҒАН болар. Біз табылар деп дәметеміз. Осы мәселеге Жылыой ауданы әкімінің, МАҢҒЫСТАУлық, АҚТӨБЕлік, АТЫРАУлық КЕНЖЕ ағайындардың тұла бойымызда Ұлы аталарымыз ҚОЙСАРЫ және ҚОНАЙдың РУХЫ мен НАМЫСЫ, АРЫ мен АБЫРОЙЫ бар дейтін, Бүгінгі БІЗдер сол қасиетті аталардың қанынан тараған ЛАЙЫҚТЫ ұрпақтары боламыз дейтін ҰЛдары мен ҚЫЗдары қалыс қалмай, ІС ЖҮЗІНДЕ (практически) ақшалай қаражат беріп, шындап АРАЛАСУЛАРЫ керек-ақ\"\".

Бүгін міне осыған мына ТӨМЕНДЕГІдей жауап алып отырмын.
ФЕЙСБУК Нұрлан Құлбаев \"Сисем ата\" қорымында Керемет күмбезтам бар, \"руы кенже Ермек Теңізбай ұлы\" деп тұр. 37 мин. ·
Шынында сіздерге, кенжелерге в 2014 году везет. Қараңыздар, ТАҒЫ бір аталарыңыз табылып отыр және қайдан табылып отыр десеңіздер \"Адайлардың пантеоны\" деп саналатын \"Сисем атадан\". Кесенесі керемет көркемдеп салған күмбезді там екен. Қуаныңыздар, мақтаныңыздар КЕНЖЕден шыққан осындай ДАРАБОЗ айтулы ТҰЛҒАларыңызбен. Және ЕЛЕУСІЗ жатқан қандас аталарыңызды ҚҰРМЕТТЕУДІ тездетіп қолға алыңыздар!!!
Эта Ваши права и кровные обязанности перед духом предков ҚОЙСАРЫ и ҚОНАЙ и их знаменитых сыновей, бывшего когда-то известного рода КЕНЖЕ. Желаю ВСЕМ носителям имени данного рода нового возрождения духом и крепкого сплочения родственников этого славного рода КЕНЖЕ известного улуса ЖЕМЕНЕЙ.
ritlek
keltir.50@mail.ru
10-11-14 08:13
КЕНЖЕ Жеменей ағайындар ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР: Сіздердің бас көтерген азаматтарыңызға мынандай деректі хабар жібердік!!!
"Аман-есенсіздер ме? Өздеріңіз білетін, көтерілген мәселе бойынша қандай әрекеттер немесе тірліктер жасап жатырсыңыздар. Хабар-ошарсыз қалдыңыздар ғой?! Мына "прикрепить" етілген деректерден бұрын хабарларыңыз бар ма еді? Білсеңіздер жақсы, білмесеңіздер, сүйінші !, тағы бір аталарыңыздың бейіт-кесенесі мен құлпытасы табылып отыр. Қабыл алыңыздар, мархабат.
Ақтан ақынның әкесі Керей өзінің еңбегімен күн көрген ортанқол шаруа екен. Ағасы Жамансары сөзге ділмар-шешен, ал інісі Тұрғанбай елге сыйлы азамат болыпты. Анасы бес Жамбоздың (Бәйімбет) Айымы, Есенкөбек ауылының қызы екен.
Ақтан Керейұлы қойсары Кенженің Дарғана аталығынан өрбіген. Қойсарыдан сегіз бала ұрпақ тарайды, солардың бірі Дарғана. Дарғанадан – Абдолла, ал одан – Керей мен Шанақ. Керейден – Жамансары, АҚТАН, Тұрғанбай тарайды, ал Шанақтан – Ізбасар.
Кенже бөлімі Керей баласы Жамансары . ОНЫҢ Құлпытасында "Адай руы Жеменей тайфасы Кенже бөлімі Керей баласы Жамансары уфат болды марқұм 45 йашында 1886-нші йылда",- деп көрсетілген. Тауып, оқыған Ақтаулық АЗАМАТ Нұрлан Құлбаев 19 июня.

"Қосымша хабар, сол жердегі қауымнан ҚҰРМАН деген кенженің күмбезді кесенесі табылыпты. Сауап үшін хабарлап, фотосын салып отырмын. Распечатка жасағанда өздеріңіз үлкейтіп шығарып аласыздар ғой. Мүмкін ҚҰРМАН деген кенжені ұрпақтары таба алмай жүрген болар" сіздер ағайындарыңызға хабарлаңыздар.
ritlek
keltir.50@mail.ru
27-10-14 11:44
3. Әділ Өтеғұлұлы, қойсары Кенже (жеменей адай) ұрпағы (1868 ж.т. Жем бойы – 1931 ж.ө. Қазитоғай жері Ұялы ауылдық кеңесі Жем бойы, қазіргі Ақкиізтоғай селолық округінің Ақмешіт елді мекенінің шығыс жағындағы «Қаратоқа» қорымы.) Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңінде бұл жерде таз руының олжабай, құлжабай аталықтарынан тарайтын таздардан құрылған ұжымдықтың орталық мекені болды.\
\ Әділ айтулы әнші, әрі жыршы болған өнерпаз адам. Ол, әйгілі, бір өзі үш топтама өлеңнен тұратын «Жайма қоңыр» әнін шығарушы халық сазгері. Оның кейінгі заманға толық жеткен әндері «Бес өрдек», «Әділдің қара әні» және тағы басқалар. Бұл әндерді маңғыстаулық өнер иесі, әнші Шамғұл Ибрагимұлының үйретуі бойынша орындаушылар нотаға түсіріпті.\
\ Әділ Өтеғұлұлы аса зор дауысты, ірі денелі, қара өңді кісі екен. Оның ескіше хат танитын сауаты бар, «аты затына сай» дегендей турашал адам болыпты. Тура сөйлеп, әділдікке жақтас болған жағдайдың, кейде жеке басқа пайда да бермейтіні бар ғой. Әділ де сол турашылдығының өз басына зиян болып жабысқанын өмірінің соңғы жылдарында кеңес үкіметінің түрмесіне жазықсыз болса да жалалы болып түскенде барып байқапты.\
\ «Адайдың жеті қайқысының» арасында Әділдің салған әндері асқақ мақамымен және өршіл нақышымен ерекшеленіп, әншінің салқамдық кейпі мен серілік еркелігін танытып тұратын болыпты. Айтулы әнші, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Ғарифолла Құрманғалиев “Мен Әділді Тайсойғанда жас кезімде көргенмін. Оның әншілігінің қасында біздікі жәй дауыс қой. Қолына су құя алсақ жарағанымыз”,– деп мезгілінде есіне алып қояды екен.\
\ 1920- жылы Әділ Өтеғұлұлын Маңғыстаудың Қараған түбегіндегі Суат деген жерде болған қонақтықта көзі көріп, әнін тыңдаған белгілі шежіреші Алшын Меңдіәліұлы мынандай ауызша естелік қалдырыпты: «Сағалата шырқағанда киіз үй дірілдеді. Аузы үлкен, ірі қара кісі. Өте биік дауысты әнші екен».\
\ 1922- жылдары Әділдің ауылдарымен көрші болған, ауылдары бірге көшіп-қонып жүрген Қарағұл Қонаршиев өзінің естелігінде «Әділ асқақтатып өлең айтқан әншілігімен қатар, жыршы болды. Өзінің жазбаша дұрыс сауаты бар кісі болатын. Ара-тұра, Ақтан жырау Керейұлының өлең-жырларын нақышына келтіріп, тамылжыта орындайтын еді. Бұларды Ақпанның айтуынан жазып алдым дейтін, бірақ маған жазып алуға бермеді. Өнерді қор қылып, келістіріп айта алмассың деп, сенімсіздік танытты. Киесі ұрады деп қорқытты. Сосын, мен домбыраны жақсы тарта алғанмен, өлеңді Әділ мен Ақтандаршы қайдан айтайын, сондықтан, қатты қолқа салған жоқпын»,- депті. Қарағұл күйші қартайған шағында жайсыздау өмір кешкен, Құлсарыдағы қызының қолында жүріп бақилық болып, «Күмбезді» қорымына жерленген екен.\
\ Әділдің Омар және Дүйсенбай атты шәкірттері болған. Олар да кезеңінде айтулы әншілер болды.\
\ «Жақында осы Әділ Өтеғұлұлының Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында тұратын баласы Кемал Әміршиевпен кездесудің сәті түсті. Бүгінде сексен жасқа иек артқан ақсақалдың сөзі тың, жүрісі ширақ. Ол кісінің айтуынша, әкесінің де, өзінің де кіндік қаны тамған жер – Ойыл өзені бойындағы Қайыңды Бабатай деген жер екен.\
\ Әділ Өтеғұлұлы 1868 жылы дүниеге келіп, 1931 жылы қайтыс болған. Бейіті «Қазитоғай» деген тоғайлықтың ішінде. Олжашы жеменей Сағызбай Баспайұлы атамыздың қима тамымен іргелес, оның солтүстік жағында. Алайда, құлпытаста: «Руы Адай Кенже Өтеғұлұлы Әділ 1870-1932. Тас қойған баласы Кемал» деп жазылыпты. Бұл ертеректе жазылған. Жасаған адам жазып берген қағазды жоғалтса керек. Біздің жазып бергенімізді жазбай, басқаша жазыпты. Нәз апам: «Әкем менен 21 жас үлкен, 63 жасында қайтыс болды» деген еді. Нәз апам 1889 жылы туған, одан 21-ді алсақ 1868 болады да, оған 63-ті қоссақ 1931 шығады», – дейді Кемал ақсақал.\
\ Әділ Өтеғұлұлы екі рет үйленген. Бәйбішесі Айнаш деген, одан Ақберді, Қадірберді атты екі ұлы, Нәз, Дауылтай, Тақыл атты үш қызы болған. Ұлдары жастау кездерінде сырқаттан қайтыс болыпты. Тақылдан туған жиен, майлан жары Үтбай Бейсенбайұлы (1924 ж.т.) деген қарт Құлсары қаласында тұрып, дүниеден өтті. Соңғы қосағы, қаратоқа жеменей Орынай Қазиқызы екен. Одан Кемал Әділұлы Әміршеев (1929 ж.т.) туған.\
\ Кемал ақсақалдың түсіндіруінше, жиырмасыншы жылдардың аяғында Әділді НКВД тұтқындап, Орал түрмесіне апарып қамаған. Бірақ, сол кезде ГПУ-де қызмет еткен, кейін Буракөл совхозының төрағасы болған Шоқан Төленұлы НКВД қызметкерлеріне: «Бұл сіздерге керек Әділ емес, басқа Әділ» деп түрмеден босаттырып, ауылға жібереді де: «Әділ енді көп көріне берме, аз уақыт әнді қоя тұр» деп тапсырыпты. Сөйтсе, бұл кісі Әділді әуелден сырттай танып, әнін аса қадірлейді екен. Ауылға келгеннен кейін ауылдастары: «түрмеден қашып келген болар» деген күдікті хабарды тарата бастайды. Осыдан сескенген Әділ үй-ішіне: «Алла тіршілік жазса, Алдабергеннен алдырармын. Мен Орта Азияға қарай бара тұрайын» деп кетіп, қазіргі Жылыой ауданы Ақкиізтоғай селолық округіне қарайтын «Қазитоғай» жерінде, бұрын қаратоқа жеменей Қази ишан салдырған мешітте отырған қайын ағасы Алдабергеннің үйіне келеді. Сол жерде салқын тигеннен болса керек, қызуы көтеріліп қатты ауырып, бір-екі күнде бақилыққа аттаныпты. Қайын ағасы Алдаберген сол жердегі «Қаратоқа» қойылымдық қорымына жерлеп, соқпадан бейітін тұрғызыпты.\
\ Қазақта «Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді» деген мақал бар. Сол қағида негізінде Кемалдың шешесі Орынайды Әділдің өзінің жақын тумаластары Мұстафаның немересі Әмірше Мұттахиевке 1931 жылы әмеңгерлік жолымен атастырыпты. Осы күні Кемалдың фамилиясы Әміршеев болып жүргені де сондықтан. Ол кезде Кемал ақсақал екі жастағы бала көрінеді.\
\ Әкемізден ешқандай жәдігерлік дүние, не болмаса фотосурет қалмаған. Тек қырқыншы жылдары Қонаршыұлы Қарағұл осы Сағызда болды. Ол негізі дәулескер күйші адам, бірақ ән салатын да өнері болатын. Әкеңнің әні деп талай шырқап жүргенін естігенмін. Жазып алайын дегенімде, ертең-бүгінмен бермей кетті. Бір көргенімде жоғарыдағы Алшынның сөзін қайталай келіп: «Үстімдегі сеңсең тонды сол кісінің сүйегіне кіргенде алғанмын» деп еді, – дейді әншінің ұлы. Міне,\
\ «Ой деңгей, мына деңгей, деңгей, деңгей,\
\ Дауысым ашылмайды шыға желмей.\
\ Кешегі бес болыстың базарында,\
\ Алқада алшаңдадым бәйге кердей»,- деп\
\ өзі шырқағандай, салдықпен өмір сүрген Әділ әнші хақында ұлы Кемалдан білгеніміз осы. Кезінде Кемал ақсақал отбасының үлкені болған соң еңбекке ерте араласып, шежірелі қарттармен әңгімелесіп, сұрастырудың реті келмеген. Уақыты бола тұрса да, кеңестік қысымның ықпалынан қорықты. Әрі ол кезде бүгінгідей түртіншектеп, сұрастырып жүргендер де өте сирек. Сондықтан оны «кім тыңдар, кім сұрар?» дейсің деген де ойда қалған. Ал бүгінгі тәуелсіздік алған тұста қап, соны кезінде үлкендерден неге сұрамаған екенбіз деп санды бір соғады. Бірақ, қапаланғаннан не пайда? Өтетін заман өтті»,- депті Атыраулық Бауыржан Сисенов «Ана тілі» газетіне шыққан (23-тамыз, 2012 ж.) «Алқада алшаңдадым бәйге кердей» атты мақалада.\
\ Жылыой ауданы Ақкиізтоғай селолық округіне қарасты «Қазитоғай» деген жер Жем өзенінің оңтүстік бет жағалауын-дағы тоғайлық. Соның ішінде шағындау ғана «Қаратоқа» деген қойылымдық қорым бар. Бұл жерді кеңес заманы орнағанша қаратоқа жеменейдің қырық үйі, ұзақ жылдар бойы тұрақты түрде қоныс қылыпты. Қази ишан солардың ішіндегі бас көтерген, дін жолын ұстаған, ақылман қарты болса керек.\
\ Бұл жерлер, бұрынғы кеңес кезеңіне дейінгі мезгілде Олжашы жеменейдің данабай Баспайұлы Сағызбай (1847-1919 ж.ж.) деген заманында «түйелі бай» атанған байдың күзде отыратын басыбайлы қонысы екен. Оны Сағызбайдың ұрпақтарымен бірге, бейітінің басына зиярат жасауға барып жүріп 1993 жылдан бері білетінбіз. Соның, қима тамымен іргелес, оның солтүстік (арқа) жағында, адайдың әйгілі «жеті қайқысының» бірі, кенже жеменей Әділ Өтеғұлұлының жайы орналасқанын көріп жүрдік. «Қайқының» бейітін, таудың өңделмеген табиғи қара тасынан, аласа ғана, айыртқа жетер-жетпес, екі қатар тас өріп, кереге там қылып қалапты. Бұл, Алдабергеннің 1931 жылы алғашқы салған соқпа тамның сұлбасы ғана қалған соң, бейіттің қасына 1960- жылдары өзі айдап жүрген автокөлікпен таудың тасын түсіріп, нағашысының кесенесін жаңартып тұрғызып жүрген, майлан жары Үтбай Бейсенбайұлының тірлігі екен. Ол, Әділдің бейітін «Жыңғылтоғай» аулының тұрғыны, ақбота жеменейдің хангелдісі, шежіре қарт Тайпоздың көрсетуімен тауыпты. Бейіттің басында, атауы мен жылдары жазылған шағын құлпытасы бар. Кейіннен, 2009 жылы Әділдің Сағыз селосында тұратын ұрпақтары құлпытасты қайтадан жаңартып кетті. Бірақ, артында сүйеніш болар қабырғасы жоқ, шошайып тұрған жалғыз құлпытас, қышынған мал сүйкенсе құлап қалуы әбден мүмкін. Себебі бұл қорымдық малдың жайылымдық өрісінің нағыз ортасында тұр.\
\ Аталған тоғайлық, қасиетті Бекет Ата Мырзағұлұлы 1771-74 жылдары салдырған Жем өзенінің бойындағы «Ақмешіт» жерасты мешітінің тура күншығыс жағында 6 – 7 шақырымдай жерде орналасқан.\
\ Кешегі маңмаңгер дүлділ өнерпаз, өзі сөзін құрап, өзі сазын шығарып, әрі өзі мақамына салып шебер орындайтын әнші, сондықтан да Маңғыстау халқы әдейі әспеттеп «Адайдың жеті қайқысы» деп атақ берген тарланға топырақ бұйырған жер осы тоғайлық болған екен.\
\ Кенженің қойсарысы сегіз ата арыс, ең үлкені Теңізбай – одан Құдайберген – одан Ерімбет, Ермек, Өтеғұл тарайды. Өтеғұлдан – ӘДІЛ, Қалша, Айдарлы, Манай өрбіген.\
\ Кенже ұрпақтары болсын, не болмаса қасиетті Жылыой жерін мекендеген рулардың негізі болып саналатын қалың адайлардың барлық ұрпақтары жабыла атқарсын, әйтеуір кімдер болғанда да кезеңінде бүткіл адай ұлысына ортақ «Адайдың Жеті қайқысының» бірі болған жез таңдай, күміс көмей әнші, әуесқой халық сазгері Әділ Өтеғұлұлының басына өзінің атағы мен өнерінің деңгейіне сай ескерткіш болатындай кесене орнатса үлкен сауапты және өнегелі іс болар еді-ау деген ниетпен, жөн мен жосықты дұрыс түсінер ағайынға ойтүрткі болсын деп осындай ұсынысты 2006 жылы Ақтөбе қаласындағы «Nobel» баспасынан шыққан «Жеменей Адай, Кедей (Нұрмағанбет) ұрпағы» кітабында жазған болатынбыз, бірақ көтерілген мәселе осы күнге дейін шешімін таппаған соң сол ұсыныстарды кенже жеменейлерге тағы да қайталап айтып, жадтарына жаңғыртып жеткізгенді жөн көріп отырмыз.\
\ Әрине, игілікті ойдан туындаған бұл пікірдің іске асып кетуі үшін Кенже руының «абыройы мен намысын қолдан бермейміз»,- деп жүрген арлы азаматтары белдерін буып, білектерін сыбанып, «Бес Өрдек» ағайындарының ортасына ту тігіп, бірлесіп ұран шақырып, барлық адай ұлысына сауын айтып кірісіп кетулері әбден керек-ақ. Осы айтылып отырған жөргемді ой-пікірді жетесіне құйып, жүректеріне қабыл алып, «абырой ортақ – ар ортақ»,- деп намысқа шабатын Кенже аталығынан тарайтын арлы азаматтар, тумады дейсің бе? Біз табылар деп дәметеміз.\
\ Енді Әділдің, сирек болса да айтылып жүрген «Жайма қоңыр» және «Бес Өрдек» әндерінің сөздерін келтіреміз.\
\ Жайма қоңыр\
\ Тәкаппар неге керек қисық кісі,\
\ Ойнайды көзін қысып ғашық кісі.\
\ Білдірген көңіл сырын ишаралап,\
\ Одағы ғашықтардың бір белгісі.\
\ Тәкаппар неге керек менмен кісі,\
\ Өлеңді неге айтпайды білген кісі,\
\ Алыстан сұлу көркің көз тартқанда,\
\ Қасыңнан неге кетсін келген кісі.\
\ Бес Өрдек\
\ Сәлемде Бес Өрдектің баласына,\
\ Қазақтың қазақ келер қарасына.\
\ Кешегі жүйріктігің кімге дәрі,\
\ Жаманның салса заман табасына.\
\ Сәлемде Бес Өрдектің баласына,\
\ Жақсының жақсы жетер бағасына.\
\ Олжашы, Есен, Бөкен, Мамыр, Кенже,\
\ Зар болдым бір баруға панасына.\
\ Сәлемде Бес Өрдектің баласына,\
\ Кім жетсін алқалаған Алашыма,\
\ Ортаңда отыратын күн болар ма,\
\ Адайдың арыз айтып данасына.\
\ Әділдің қара әні\
\ Ой деңгей, мына деңгей, деңгей, деңгей,\
\ Дауысым ашылмайды-ау шыға желмей.\
\ Кешегің-ай бес болыстың базарында,\
\ Алқада алшаңдадым бәйге кердей.\
\ Дүние-ай, бәйге кердей,\
\ Дүние-ай, бәйге кердей.\
\ Түйемді-ау ойпаң жерге-ау шөгергенім,\
\ Соңына салқамдықтың көп ергенім.\
\ Жарты құрт жанқалтадан жарып жеген,\
\ Құрбыдан сүйтіп жүрген не көргенім.\
\ Дүние-ай, не көргенмін,\
\ Дүние-ай, не көргенмін?\
\ Ақ боз ат астымдағы міндім пәмге,\
\ Асынып шұбар мылтық жүрдім сәнге.\
\ Жәй тастап қоңырлатып, шарықтатып\
\ Тұсынан қызды ауылдың салдым әнге.\
\ Дүние-ай, не көргенмін,\
\ Дүние-ай, не көргенмін?\
\ Қонған жері ауылдың жусан ба екен,\
\ Тал жібекпен белімді бусам ба екен?\
\ Өтіп кеткен кешегі жиырма бесті,\
\ Қос ат салып артынан қусам ба екен?\
\ Дүние-ай, қусам ба екен,\
\ Дүние-ай, қусам ба екен?\
\ Айқайлап ән саламын қыздар-ай деп,\
\ Артыңа қарамайсың кім бар-ай деп.\
\ Басыңнан қызыл шарқат ауған күні,\
\ Саныңды бір соғарсың, күндер-ай деп.\
\ Дүние-ай, күндер-ай деп,\
\ Дүние-ай, күндер-ай деп.\
\ Бұл әндерді Шамғұл Ибрагимов ақсақал орындап жүрді және оны Ізбасар Шыртанов та тамылжыта орындайтын еді. Қазіргі кезде белгілі қарт әнші Күріш Тасболатовтың репертуарында болуы мүмкін. Сол сияқты, Жылыойлық әуесқой әнші қарт Жолдыбай қажы Тұрмағамбетовтың Атырау теледидарынан берген \\\"Жеті қайқылар\\\" жайлы хабарында Жайма қоңырды айтқанын естідік. ӘТТЕҢ, қазіргі әнші жастардың репертуарларына \\\"Жеті қайқылардың\\\" өлеңдері көптеп енсе дейсіңіз. Иә СӘТ!!!
ritlek
keltir.50@mail.ru
14-10-14 08:54
Иә...\"Біздің мына жазбаларды қалдырғанымызға 4 айдан асты\" деп отырсам, ОДАН бұрын да \"СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ ТАҚТАЛЫ\" деген мақаламызда (keltir.50@mail.ru 02-06-13 15:41) осыдан БІР жыл ЖАРЫМ бұрын, \"Ақтан жырау Керейұлы ақынға нақты көңіл бөлетін кез жетті. Шұғыл түрде, біз бармыз десеңіздер әуелі «Кенже аулының» басы қосылсын, қалған Өрдек пен Шылым кейін шегінбес. Жылыой жерінен «Ақтан жырау Керейұлы» атындағы қайырымдылық қорын құрып, банкіден есеп шот аштырып, қаржы жинақталсын. Шаң басқан мұралары мен әр кезде, әр жинаққа енген жыр-толғауларын топтап жеке кітап қылып шығару, ақынның есімі мен еңбектерін орта мектеп, лицей, колледж және ЖОО-ның әдебиет пен хрестоматия оқулық кітаптарына енгізіп, тереңірек зерттеп ғылыми айналымға қосу – басты назарға алынатын істер. Сөйтіп, бүгіннен бастап, Ақтан жыраудың 2015-ші жылы толатын 165 жылдық мерейтойында қапысыз болу үшін ертерек қам жасайық.
Ақынның мүбәрәк сүйегі жатқан жерге, басын қарайтып кесене орнатып, тым болмаса елден ұялмастай белгі қойып дегдар жанды шындап дәріптейтін мезгіл межесінен асты. Егеменді ел болып, ҚР-сы Тәуелсіздігін жариялағанына 22 жылдың жүзі ауды. Әшейінде, «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деп жатамыз. Болмысы бөлек ақынның аруағы алдында адами тіршілігімізді білдіріп, перзенттік борышымызды ақтап сауапты қызмет қылсақ, байымасақ та кеміп қалмаспыз. Айтып отырған жөргемді ой-пікірді жетесіне құйып, жүректеріне қабыл алып, «абырой ортақ – ар ортақ»,- деп намысқа шабатын Кенже аталығынан тарайтын арлы азаматтар табылар деп дәметеміз.\" деген ҮНДЕУ арнаған екенбіз ғой.
Иә... Енді ойлана берудің, бұл ауылдың Ер-Азаматтары қозғалмас дейсің бе деп күтіп отыра берудің реті дұрыс болмас. Абзалы, КЕНЖЕ ағайындардың етектілеріне, яғни намысты КЕНЖЕнің қыздарына Үндеу салып, хат жазып, телефон шалып жұмыстанған ЖӨН болар. Сөйтіп кенже аулының қыздары, бөріктілерін қозғар, алға жетектер, жетекші күш болар.
Иә...Осы дұрыс сияқты. Бұлардың, қыздарының ішіндегі аузы дуалысы кім екен?, әлде имандысының басы осы деп, төтесінен осы ауылдың қызының бірегейі, \"қолында құраны, аузында иманы бар\" дегендей Қызылтөбе ауылында тұратын Оспанова Айша ханымнан бастаймыз ба?
Иә...2014 жылдың соңына дейін күте тұралық. Кенже аулының АЗАМАТТАРЫ оянар. Намысты қолдан бермес. Ауыздары бірігер. Мүмкін өзара топтанып, өздерінің арасында сөйлесіп, келісімге келіп, қаражат жинап жатқан болар.
Иә... Нағыз болмаса, амалың жоқ қой, онда еркек кіндіктілерін қойып, етектілерімен ашық сөйлесе бастармыз.
Иә... Сонда, СЕН неге біздерге айтпадыңыз дейтін, неге бүйттіңіз дейтін жалған намысты бөріктілерінің де, біз білмей қалдық дейтін пысықайларының да ауздарына сөз түсе қоймас.
ritlek
keltir.50@mail.ru
14-10-14 08:15
Япырмай, мына Кенжелерге не болған? Біздің мына (keltir.50@mail.ru 08-06-14 18:45) жазбаларды қалдырғанымызға БАҚАНДАЙ ТӨРТ ай болды, әлі күнге дейін кенженің кіндігінен тараған, тұрып дәрет сындыратын ұрпақтарының бірде-біреуі СЕЛТ етіп, жауап немесе пікір жазбапты.
Астафируллаh!!! Бұған не деуге болады.
Арың мен намысың қозғалатын шаруаға шақырған ҮНДЕУГЕ, еркектері қозғалмаса, ендігі жерде етектілеріне арнау жазамыз ба, қайтеміз? Мүмкін, қазіргі заманда БҰЛ ауылдың балаларынан ГӨРІ қыздары анағұрлым намыстырақ болар.
Айгерим
isanova92@mail.ru
13-10-14 19:32
Мен Акша Кедей Жеменейдин кызымын.
ritlek
keltir.50@mail.ru
08-06-14 18:50
ЖАСТАР мына мақаланы да АТА-ӘКЕЛЕРІҢІЗГЕ ОҚЫТЫҢЫЗДАР !!! Принтерден қағазға РАСПЕЧАТКА ЖАСАП, олардың қолдарына ұстатыңыздар!!!!
Тамыры, көне түркі әдебиетінен нәр алып, сарыны киелі Маңғыстау, қасиетті Қызылқоға, Кең Жылой аймақтарына кең таралған ұлы өнер көшінің бір керуен басы ретінде Сарыарқаға тегіс танылып, дақпырты сонау Бесқала, Түркімен жеріне кеткен, киіз туырлықты қазақтың түндігін жырмен желбіреткен Ақтан Керейұлы тарих төрінен, әдебиет көгінен өзінің тиесілі орнын лайқатына сай ала алмай жүрген дүлдүл ақын.
Бұған себеп, шыңдағы шынардай болып өлең-жырдың көгінде, қазақтың жүрегінің төрінде шалықтаған аяулы ақын, көзі қарақты жанашыр жандардың көкірегінде қаншама сақталғанымен, қағаз жүзінде жеріне жеткізе жазылмаған. Бүгінгі күндерге оның мол мұраларының жұқанасы ғана жеткен. Оны да күлге көмілген шоқтай маздатып жаға алмай, жеткілікті дәрежеде насихаттай алмай жатырмыз. Ал оның белінен тараған ұрпақтары жайлы тіпті жақ ашылған емес. Немерелері, қуғынға түскен әкесінен ерте айрылып, Орынбор жағында, елден жырақта ғұмыр кешіп жатқанын көпшілік біле де бермейді.
Кенже атамыздан тараған ұрпақтардың қазақы марғаулықтарынан болар немесе артында қарымды жанашыр іздеушісінің жоқтығынан болар, әйтеуір біз білетін шындық 2010 жылы Ақтан Керейұлының 160 жылдық мерейтойы тіпті атаусыз қалды. Атырау облысы мен Қызылқоға ауданының әкімдіктері, облыс пен аудан әкімдерінің: мәдениет пен өнерді, әдебиет пен тарихты, жалпы руханият саласын басқарып отырған және соған жауапты орынбасарларының бірде-біреуі, «Япырмай, ұят болды-ау не істесек екен» деп селт еткен жоқ. Маңғыстаулық ағайындар да өнжеулі ештеңе атқарған жоқ, олар да Ақтан Керейұлының 160 жылдық мерейтойын үнсіз шығарып салды. Ең болмаса екі облыстың және Қызылқоға аудандық мәдениет, ішкі саясат, тілдерді дамыту деген, толып жатқан басқармалар мен бөлімдердің басшылары да, Ақтан жырау Керейұлы ақынның мерейтойына келгенде, жұмған ауыздарын ашуға жарамай қалды.
Мұның бәрінен қараша халықтың сабақ алғаны жөн. Небір тума талантарды өмірге әкеліп, әлпештеп өсіретін, тиісті бағасын беріп өнерін базарлайтын да туған халқы, бүгінгі әкім-қараның ұмытуға жақындаған ел ардақтыларын іздеп тауып, перзентінің атағы мен даңқын ұлықтап, аруағына табынатын да қашанда қараша жұртың. «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» деген сөз де содан қалған. Сондықтан, барлық жанашыр әлеумет пен ниеттес және тілектес ағайындарға тек қана өздеріңіздің қайрат пен қаржы күштеріңізге, табандылық танытар намыстарыңызға, ауыз-бірліктеріңізге және қаумалаған қараша әлеуметіңе – халқыңа ғана сеніңіздер, әрқашанда арқа сүйейтіндерің де сол қалың қараша әлеумет деп ашық айтқан жөн. «Бетеге кетер бел қалар, бектер кетер Ел қалар» деген бар. Қараша қазақ жұрты аман болсын. «Кемеңгер жалғыз, тобыр көп» деп жатады қазақ нақылында. Заманында кемеңгер болған Ақтан ақынды әуелі өзіміз таниық және барша жұртқа таныта білейік.
Ақтан турасында әдебиет танушы ғалымдар жазып жүр деп әрқайыссымыз өзіміздің көңілдерімізді жұбатқандай боламыз, әйтсе де олар тереңге бойлап тер төккен емес, қолдарына түскенді бірінен соң бірі қайталап жазумен келеді, ал қараша халық соны ғана мүсе тұтумен жүр. Егемен елдігімізге сай жаңаша көзқарас тұрғысынан айтулы жырау, арқалы ақын Ақтан Керейұлының зерттеп, зерделей түсер жерлері әбден баршылық, кейбір өлеңдері кейінгі басқа ақындарға телініп кетіп жүрген жайлары бар. Қарақан басы мен қасиетті адамдық болмысы өнер сүйер халқының ішінде хандарменен тепе-тең сыйланған жүйріктердің есімдерін қағаберісте қалдыру, бұрынғы қазақтардың қанында жоқ қасиет еді. Солардың бүгінгі заңды жалғасы, қазіргі таңдағы генетикалық ұрпақтары біздер неге бұл күндерге дейін АДАЙдың кіндігінен тараған, заманында айтулы дарабоз тұлғалар болған бірі ақын бірі әнші Адайдың «Бес Жүйрігінің» бірі – Ақтан жырау Керейұлы сияқты ақиық ақпа-төкпе ақыны мен Адайдың «Жеті қайқысының» бірі – Әділ Өтеғұлұлы сияқты жезтаңдай әншісін қағаберісте қалдырып келдік.
Өлген адам үшін бәрі бір болар, ал артында қалған ұрпақтар үшін бұл мәселе бәрі бір бола ала ма? Тіпті ұят пен ардың, намыс пен адамгершіліктің бетін жауып тастап, БІЗге бәрі бір десек, ОНДА ұрпақ неменеге керек. Ондай «ұрпақтың болғанынан бордай тозғаны жақсы»,- деп жатпайтын ба еді қазақ халқы. Сонда қарап жүріп, жер басып тірі жүріп, бетімізге түкіртіп, қарғысқа тап болуымыз керек пе? Тек, «басымызға бөрік кигенге, түрегеліп дәрет сигенге мәз болып» алға қарай да еркекпіз деп, өзімізше \"азаматсымақтанып\", бірақ дым болмағандай кейіп танытып, жүре беруіңіз керек пе, ағайындар.
Ақтан – дәурені шалқып, бағы жанып тұрғанда кезеңде, небір аламан бәйгіден алқынбай келген, ақынның өзінің сөзімен өрнектегенде «мүше бермес бәйгікер», «шұбалаң құйрық шұбар», одан тіпті тұстастарының көбі үлгі-өнеге алып, кейінгі буын жастар еліктеп соңдарына еріп, болашақтарына оларды темірқазықтай бағдаршам қылып, өздеріне өлең-жырдың пірі тұтқан сахиб-ұстазы болды емес пе. Жас шамасының үлкендігіне қарамай, жыр сүлейінің бірі, тұңғиық Қашаған ақынның өзі, өлеңдерінде:
Абыл, Нұрым, Ақтаным,
Осылар еді тақтағым.
Осылай деп маған үйреткен,
Тарихтың ескі ақпарын, –деп,
төбесіне көтерген еді ғой. Ақтан шын мәнісінде осындай абырой-атаққа, тиісті ұрпақтар құрметіне лайықты ақын емес пе. Неге олардың бәсін бүгінгі ұрпақ жете бағаламайды, деп таңданбасқа лажың жоқ. Барларыңды бағаламасаңыздар, базарлай алмасаңыздар Сіздер кімсіңдер, кімге тұлға болмақсыңыздар. Соңыра, кім Біздерді азаматтар ғой деп аттарымызды атақтап, істерімізді ардақтай алады, осыны ойладық па ағайындар.
Олар берідегі тек Кенженің емес, ар жағында тұрған бүткіл қасиет пен кие дарыған АДАЙдың дарабоз тарландары, таңдай соғып таң қалдырған мың жылда біртуар тұлғалары емес пе? Сондықтан ендігі жерде өткен іске өкіне бермейік, бізден бұрынғы өткен әкелеріміз бен ағаларымыз орнын толтырмаған кемшіліктің орнын бүгінгі біздер толтырайық, сөйтіп соңымызға ерген ұрпаққа үлгі болайық. Досқа күлкі, дұшпанға таба болмаудың қамын ойлап, қолда бар Алтындарымызды бүгінгі базарлы шақтарымызда бағалай білейік, алтын басты ақын-жырауымыз АҚТАН мен күміс көмей жез таңдай әншіміз ӘДІЛ аталарымыздың мүрделері жатқан жерлерге, олардың атақтары мен даңқтарына сай келетін сәулетті де сымбатты, еңсесі биік күмбезді кесене тұрғызып сауапты шаруа атқарып халықты ырза қылып, ақсақалдардың батасын алайық. «Баталы Ер арымас, батасыз Ел жарымас» деген бар.
Демек, Ақтан ақын өзі өмір сүрген қоғамының арқалы жырауы болды. Тек оның тұсында, Асан Қайғымен ақылдасар хан Жәнібектей, Шалкиіз жырауға құлақ түрер би Темірдей, Сыпыра жыраудан кеңес сұрар Тоқтамыстай, Жиембет жыраумен санасар Есім хандай елдің қамын ойлаған халықты маңайына топтастыратын сардар жоқ еді.
Ол өмір сүрген қоғамдық құрылыс патшалық Ресейде 1917-жылы болатын төңкеріске, одан кейінгі кеңестік саясат орнатудың зобалаң заманына, 70 жылдық имансыз өмір кезеңіне бағыт ұстап бара жатты. Сұңғыла Ақтан жырау мұны аса дәлдікпен болжай білді, сондықтан да «қара бұлт төніп келеді» деп соңғы демі үзілген 1912- жылға дейін туған халқына зұлматты заман келерін ескертіп, сақтандыру мақсатында қараша қазақты үндеумен болды.
Патшалық Ресейдің отарлау саясаты нағыз күшіне мінген тұста өмір сүрген ақын көкірегін қысқан шерді кімге шағарын білмей қалың қарашаға биік рухты жырларымен араша түсіп, алда келе жатқан зұлматты зобалаң заманның сықпытын көзімен көріп отырғандай дәлме-дәл болжау жасап, зардабынан сақтандырады. Бірақ, көріпкел ақын Ақтанның ақылы мен кеңесін ол заманның адамдарының бірі түсінсе, екінші біреуі түсінгісі келмеді.
«Сондықтан да ұрпағым, түзелер деп қисайып – сендерге бабаң сенеді»,- деп армандап кетті Ақтан ақын. Бабамыз мына біздер мен сіздерге қапысыз сенген.
Оның сенімін ақтап шығуға біз неге тырыспаймыз, ел емеспіз ба? деген сұрақ естіні де, есірді де ойлантары анық. Небір айтулы батырлар мен билер, ақындар мен әнші-жыраулар шыққан «Кенже», «Бес Өрдек», «Тоғыз тақта Шылым»-ның кіндігінен тараған арлы туған асылдар, ҚАЙДАСЫҢДАР!!! Ала қойды, бөле қырыққандай болып, жеменейді бөлшектеп, солай кеудемсоқ болып жүре бересіңіздер ме? «Кенже деген ауыл бар» дейтіндерің неге бақанға байрақ байлап, абырой мен ар үшін намыстарыңды шар қайраққа ұстап ортаға шықпайсыңыздар. Артыңда, ұраныңа-ұран қосатын, ізгілікті ниетіңді қолдайтын, НҰРдан жаратылған қалың адай тұр емес пе. Қолда бар асылыңды өзің ардақтай білмесең, баға жетпес қазынасын тауып, бұрынғы өткен зобалаң заман зардабының шаң-тозаңынан арылтып, дүйім алаш жұртына кім танытады. Кімдерден қайыр күтіп жүрсіңіздер?
Әңгімені тобықтай түйіні, Ақтан жырау Керейұлы ақынға нақты көңіл бөлетін кез жетті. Шұғыл түрде, БІЗ бармыз десеңіздер әуелі «Кенже аулының» басы қосылсын, қалған Өрдек пен Шылым кейін шегінбес.Жылыой жерінен «Ақтан жырау Керейұлы» атындағы қайырымдылық қорын құрып, банкіден есеп шот аштырып, қаржы жинақталсын. Болмаса қазіргі таңда бар Маңғыстау облысындағы \"ЖЕМЕНЕЙ\" қоғамдық қайырымдылық қорының есеп шотын пайдалануға әбден болады.
Ақтанның шаң басқан мұралары мен әр кезде, әр жинаққа енген жыр-толғауларын топтап жеке кітап қылып шығару, ақынның есімі мен еңбектерін орта мектеп, лицей, колледж және ЖОО-ның әдебиет пен хрестоматия оқулық кітаптарына енгізіп, тереңірек зерттеп ғылыми айналымға қосу – басты назарға алынатын істердің бірі. Сөйтіп, бүгіннен бастап, Ақтан жыраудың 2015-ші жылы толатын 165 жылдық мерейтойында қапысыз болу үшін ертерек қам жасайық. Қапы қалмауды бүгіннен бастап ойлайық. Енді шабандық танытпайық. Дүрілдетіп Ас берген орынды. Бүкіл қазаққа сауын айтатын жөн бар. Әйтеуір, жұмыла тірлік жасап, жабыла қамданып, елді жинап, үлкен имани-танымдық және мәдени-руханиаттық аса сауапты шаруаның басы қайырайық.
Ақынның мүбәрәк сүйегі жатқан жерді тауып, басын қарайтып кесене орнатып, ал бейіті «Абдолла хазірет» қорымынан табылмай жатса, тым болмаса қойылымдық маңына елден ұялмастай тұрпат-белгі қойып дегдар жанды шындап дәріптейтін мезгіл межесінен әлдеқашан асып кетті.Егеменді ел болып, ҚР-сы Тәуелсіздігін жариялағанына 23 жылдың жүзі ауды. Әшейінде, «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деп жатамыз. Болмысы бөлек ақынның аруағы алдында адами тіршілігімізді білдіріп, перзенттік борышымызды ақтап сауапты қызмет қылсақ, байымасақ та кеміп қалмаспыз. Айтып отырған жөргемді ой-пікірді жетесіне құйып, жүректеріне қабыл алып, «абырой ортақ – ар ортақ»,- деп намысқа шабатын Кенже аталығынан тарайтын арлы азаматтар табылар деп дәметеміз. Болмысы нұрдан жаралған АДАЙдың, «Малым жанымның садақасы, Жаным арымның садақасы» деп өскен, өзге ұрпақтары да, абырой үшін, ар үшін, намыс үшін шеттеп қала қоймас.
«Жабысын жабулап, аяғын жерге тигізбей сәйгүлік еді» деп жатқан біз емес. Ақтан жырау Керейұлы ақын, бәйгімді шаппай бер деп, ауыздығын шайнап, нағыз хас дарын иесі екендігін танытып, шалқыта көсіліп, ешкімнен жасқанбастан, айылын жимастан, өзіне деген нық сенімін көрсетіп:
Мен – Адайдың Ақтаны,
Сөйлесем сөзім тақталы.
Бөгесе бөгет бермейтін,
Қаратаудың ақпары, – деп тұр емес пе.
Оның өлең-жырларындағы алдаспандай сілтеген сөздері құр астамшылық, бекер күпсінген кеудемсоқтық емес, бұл зайықатты ақынның өзіне берген бағасы және мұны бұрыс дей алмайсың. Айтылған деректерге, асқақ та парасатты жырларына қарағанда, оның өзі туралы бұлай деуге толық қақы бар. Жоғарыдағыдай уытты, татымды нақылды сөздер – шалқар шабытты, арқыраған арынды, өресі биік дарабоз жүйріктен, бітімі бөлек асылдан, заманынан озып туған дарынды жыр сүлейінен шықса керек. Ақтан жырау қазақтың қарапайым жай сөздерімен өлең-жырларына ойнақ салғызып түнде жанған оттай алаулатқан, әртүрлі тақырыпта толғаған кең тынысты шабыт иесі, нағыз тарланбоз. Сондықтан қолда бар алтынымызды, базарлы шағымызда, лайықты бағалай білейік ағайындар!!!
Келтір Мағұрыпұлы ШӘНЕНОВ-«ҚР Жер қойнауының Құрметті барлаушысы», «Жылыой ауданының Құрметті азаматы», «Мұнайшы геологтардың Қазақстандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Каспий нефть» АҚ-ның бас директорының орынбасары. Атырау қаласы, 17.01.2013ж.


ritlek
keltir.50@mail.ru
08-06-14 18:45
ЖАСТАР АТА-ӘКЕЛЕРІҢІЗГЕ ОҚЫТЫҢЫЗДАР !!! Принтерден қағазға РАСПЕЧАТКА ЖАСАП, олардың қолдарына ұстатыңыздар!!!!

Ақтанға арналған құрмет
Қызылқоға ауданының Сағыз селолық округінде 2014 жылдың мамыр айының 23-24 күндері сөздің парқын түсінетін талайларды тамсантқан «Адайдың бес жүйрігі» атанған ақындардың ішіндегі аруақтысы және арқалысы Ақтан жырау Керейұлының рухына арналған үлкен имани-танымдық және мәдени-руханияттық шара өтті.
23- мамыр, жұма күні Ресейдің Орынбор обылысынан, Ақтөбе, Ақтау, Жаңа Өзен, Атырау, Құлсары қалаларынан және басқа поселкелер мен селолардан келген қонақтар мен жанашыр ағайындар және көпшілік әлеуметтен құралған 500 адам Сағыз селосынан 18 км күншығыста орналасқан Шибұлақ жеріндегі «Абдолла хазірет» қорымының басына жиналды. Бұл жерде кенже жеменей Ақтан жырау Керейұлына арнап тұрғызылған ескерткіш белгінің ресми ашылуы болды. Айтулы ақын туралы естеліктер айтылып, аруағын еске алып садақа берілді, құран қатым оқылды.
Қызғылт кірпіш тастан қаланған ескерткіштің сол жақтағы қара мрамор тақтасына:
«Мен – Адайдың Ақтаны,
Сөйлесем сөзім тақталы.
Бөгесе бөгет бермейтін,
Қаратаудың ақпары.
Мен – Адайдың Ақпаны,
Шежіре шешен тақтағы.
Алқалы жерде аршынды,
Тұлпары едім баптағы.
Алаштан айтқыш дегізген,
Тілімнің қызыл тақтағы»
деген өлең шумағы, ал оң жақтағы тақтасына
«Ер жігіт елін меңгерсе,
Жетімдерге жем берсе.
Жесірлерге жер берсе.
Алдында тентек жөнделсе,
Әділдігін ел көрсе.
Бұл азаматтың реті» өлең шумағы қашалып жазылған.
Ортада орналастырылған қара мрамор тақтаға ақынның бейне кескіні салынып, астына «Адайдың бес жүйрігінің бірі кенже Ақтан Керейұлы, 1850-1912, осы жерде жерленген. Белгі қойған ұрпақтары. 24.05.2014» деген сөздер қашап жазылған.
Бірақ, техникалық жағдайлардың шектеулі болуына байланысты бұл ескерткіш белгі Ақтан ақынның дәл зиратының үстіне қойылмаған екен. Жер қара күн жылыда, діттеген шаруаның дұрыс атқарылмағаны әттеген-ай дегізеді. Алайда, қашанда жоқтан бар жақсы ғой деп әзірге осы ескерткіш-тұрпат белгіні мүсе тұтамыз. Мүмкін бұл, қасиетті Ақтан ақынның бүгінгі ұрпақтарынан, 2015 жылы толатын 165 жылдық мерейтойына, өзінің атағы мен даңқына сай келетін сәулетті де сымбатты, еңсесі биік күмбезді кесене тұрғызуды дәметіп, аталық базына жасап, осылай аруағымен «кедергі» келтіріп, ескерткен нышаны болар. Осылай деп түсінген орынды. Жеменейдің «Бес Өрдек» пен «Тоғыз тақта Шылымы» және басқа Жеменей ұрпақтары аман-есен болса, жерге қаратпас, көштен қалдырмас, сондай арман мен тілектің орындалар сәті туар. Иллаhи Әмин!
Әйтпесе қауымдықтың шетіне ескерт-кіш тұрпат орнатып, оған «Адайдың бес жүйрігінің бірі кенже Ақтан Керейұлы, 1850-1912, осы жерде жерленген. Белгі қойған ұрпақтары. 24.05.2014» деп белгілеп, ал сол арадан 10-15 метр жердегі ақынның әрең дегенде табылған бейітінің үстін жалаңаштап қойған жараспай-тын нәрсе, одағай қылық, күлкі қылып «әй, мұнысы несі» дейтін жағдай. «Жақсылық қылсаң бүтін қыл» деген бар қазақта. Заманында адайдың ерікті ақыны болған Ақтан жыраудың, бақилықтағы жайының үстінде, маңғыстаудың там салу сәулет өнерінің үлгісімен тұрғызылған, көрікті күмбез тұрғаны жөн және лайқатты дейміз. Тұрпаттың аты тұрпат, дәстүрлі кесененің жөні бір бөлек.
24- мамыр, сенбі күні таңертеңгі сағат 9 да Сағыз селосының асфальталған сайлы бір көшесіне «Ақтан Керейұлы көшесі» деген атау беріліп, салтанатты жиын өтті. Содан кейінгі мәдени шаралар «Шұғыла» мәдениет үйінде жалғасып, салтанатты жиында «Ақтан Керейұлының өмірі мен өлеңдері туралы» Ақтөбе қаласындағы Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің ректоры, филология ғылым-дарының докторы, професср, жаулыбай тіней ұрпағы Бекежан Ақанов баяндама жасады. Бұл, «Адайдың бес жүйрігі» болған, сондай құрметті атақ-дәрежеге ие болған: Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай ақындар туралы С. Бәйішев атындағы университетінің алғашқы өткізіп отырған ғылыми-фольклорлік шарасы екенін айтты. Осыны қолдаған, барынша көмек көрсеткен Сағыз селосының халқына, әкімдігіне рахметін білдірді. Алдағы уақыт-тарда «Адайдың бес жүйріктері» туралы кезегімен, осы топқа кіретін басқа ақындар-дың да осындай ғылыми-фольклорлік шараларын өткізуді жалғастыра-тынын баян етті.
Жиында, кенже ағайындардың қозға-луына, жинақталып осы шараларды қолға алуына белгілі дәрежеде ықпалын тигізген, қол ұшын берген, демеушілік жасаған, ақыл-кеңесін айтқан Сәрсенбаев Алпысбайға, Әзи Есентүгелге, Ербөлеков Ақораз Адайұлына және осы жолдардың авторына рахмет айтылды. Баспаханадан 2014 жылы шыққан, әлі сыр исі кетпеген «Мен – Адайдың Ақтаны» атты кітаптың ресми тұсаукесер шарасы өтіп, көпшілік әлеумет пен қонақтарға тәбәрік ретінде таратылды. Кітаптың басылып шығуына қаржы беріп демеуші болған, «Сағыз» ЖШС директоры, кенже жеменей ұрпағы Тастеміров С.Т.-на көп алғыс айтылды.
Сол сияқты, Ақтан Керейұлының жерленген қабірінің табылғандығы жария етілді. Мүбәрек жанның, іздеп таба алмай жүрген бақилықта жатқан бейітінің орнын Ақтөбе облысының Тамды селосынан арнайы келіп көрсеткен адам, олжашы жеменейдің есберді ұрпағы, өңірге белгілі шежіреші Алпысбай Сәрсенбаев (13.07.1940 ж.т.) ақсақал болды. Сәрсенбаев А. қартты сұрастырып жүріп іздеп тауып, жайлы автокөлікпен «Шибұлақ» мекеніне алып келген, сөйтіп бұл шаруаның тиянақты шешілуіне Әзи Е. мен Ербөлеков А.А. мақсатты түрде, айырықша еңбек етті. Олар сауап үшін, сонау Ақтөбе қаласынан автокөлік жолының күйсіздігіне қарамай 2013 жылы екі рет келіп таба алмай кетті. Сонда да мойыған жоқ, іздеуді тоқтатпай жалғастыра берді. Олардың еткен еңбектері еш кетпеді, ақыры Ақтан ақынның бейітінің орнын «Міне мына жер»,- деп, шұқып тұрып көрсететін адамды әкеліп, осы жолы үшінші рет келгенде мақсаттарына жетті. Соның арқасында, жерленгеніне 102 жыл болған Ақтан жыраудың жайының орны айна қатесіз табылды. Жайдың басына белгі қойылып, ақынның рулас ағайындары кенже ұрпақтарына көрсетіліп, көптің көзінше аманаттап тапсырылды.
Бұрын-соңды өтіп көрмеген Ақтан жырау Керейұлына арналған мәдени-танымдық, рухани-адамзаттық шара Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Құлсары, Жаңа Өзен қалалары мен Бейнеу поселкесінен келген 12 жыраудың арасында тартысты болып өткен Ақтан жыраудың жыр-термелерін фольклорлік «Ақтан сазы» мақамымен айту жарысына ұласты. Жыршы термешілердің барлығына ақшалай сыйлық берілді. Тойдың алыстан келген қонақтарына сый-сыйапаттар табыс етіліп, дәстүр бойынша ата ұлдарының иықтарына шапан жабылды.
Осы шаралардың алыстан келген сыйлы қонағы, ақынның қазіргі өмірде бар «көзі», немере қызы, 90 жастағы кейуана Әмина Бақтиярқызы жиналған барша жұртқа, Сағыз селосының тұрғындарына өзінің атынан зор ризашылық сезіммен рахметін айтты. Ақтан ақын мен зайыбы Тәжіден: Сүлеймен және Бақтияр деген ұрпақ тарапты. Сүлеймен жайынан дерек жоқ. Бақтиярдан: Сағидолла, Хамидолла, Ғұбай-долла және қызы Әмина (1924 ж.т., шешесінің аты Зейнеп- медет руының қызы екен. Отағасысы, қараш адай Өзенбай деген. Бұлар, Ресейдің Орынбор облысы, Ақбұлақ ауданы, Совет (бұрынғы «Қара-шаш») аулының байырғы тұрғыны). Зұлматты зобалаң заманда Бақтиярды «молда» деп қысты күні ұстап алып кеткен көрінеді, ол содан оралмаған.
Сонымен, «Мен – Адайдың Ақтаны, Сөйлеген сөзім тақталы» деп желдей ескен айтулы жырау Ақтан Керейұлына арналып жасалған барлық шаралар жүйелі болып өтті, Сағыз селосының тұрғындары бір желпініп, рухани азық алды. Жастарға үлкен сабақ болды. Мұндай шараларды өткізудің өзектілігінің мәні мен мағанасы да осында – Қазақстанның болашағы саналатын, туған елі мен өскен жерін, алтынұясы қазақ елін, оның өткен тарихын сүйетін, халықтың бұрынғы өткен ардақты дарабоз тұлғаларын ардақтайтын, олардан үлгі алып, отанын қадір тұтатын өскелең заманның нағыз патриот жастарын тәрбиелеуде жатыр.
Алайда, Атырау облысы мен Қызылқоға ауданының әкіматтарын айтпа-ғанда, аудан әкімінің: мәдениет пен өнерді, әдебиет пен тарихты, жалпы руханият саласын басқарып отырған және соған жауапты орынбасары «Япырмай, қатыспасақ ұят болады-ау» деп селт еткен жоқ. Ең болмаса аудандық мәдениет, ішкі саясат, тілдерді дамыту деген, толып жатқан басқармалар мен бөлімдердің басшылары да, Ақтан жырау Керейұлы ақынның рухы мен әдеби мұраларын ұлығылауға арналып, тауқыметті өмір жолы мен өнегелі өлең-жырларын және басқа әдеби мұраларын қазіргі ауылдық жастарға таныстырып, үлгі қылу үшін барынша айшықталып өткен, қараша халық ұйымдастырған бұл имани-танымдық және мәдени-руханияттық сауапты шараға, бірде-біреуі ең болмаса қонақ болып келіп қатынасып, ауызша болса да ұйымдастырушылар мен Сағыз селосының тұрғындарын құттықтап, аудандық атқарушы биліктің атынан көрініп, төбе көрсетіп кетуге ешқайыссысы да жарамай қалды.
Білмей қалған болар деуге немесе еу, олар не білетін еді деуге аузың бармайды. Себебі олар ресми түрде, ел басқару жүйесінің басқармалары мен бөлімдеріне басшы болып тағайындалып, жауапты міндет арқалап отырған, әлеумет қарашаның көңіл-күйі мен елдің рухани ақуалын сараптап, тамырын дәл тауып басып, біліп отыруға тиісті жандар. Шынтуайтына келгенде, аудан көлеміндегі селолық жерде мұндай мәдени-рухани шара күнде өткізіліп жатқан жоқ. Қолдары тимеген болар деуге барлық шара жұма күні түсқайта басталып, сенбі күні аяқталды. «Көргені бар көптің қамын ойлар, көргені жоқ қарынның қамын ойлар» деген нақылдың кебі болды. Жә, «Бетеге кетер бел қалар, Бектер кетер ел қалар» деген осы да. Әрдайымда қараша қазақ халқы аман-сау болсын.

Келтір Мағұрыпұлы ШӘНЕНОВ - «ҚР Жер қойнауының Құрметті барлаушысы», «Жылыой ауданының Құрметті азаматы», «Каспий нефть» АҚ-ның бас директорының орынбасары. Атырау қаласы, жазылған уақыты 25.05.2014 ж.

Гульмира
Ltd-plus@mail.ru
08-06-14 14:28
Салеметсызба руластар. Мен Орынбыр обл. Акбулак ауданы, Юрьевка селосы, совхоз Советский туган жерiм. Казыр Актобе каласында турамын. Мен Койсары-Даргана-Абдулла-Шынак-Iзбасар-Тлеген-Наурызбай-Байназар(Сартай)-Аманжолкызымiн.
Жеменей Мадина88
bainazarova88@mail.ru
08-06-14 13:13
Салем агайын кандас бауырларым калайсындар менде АДАЙ---ЖЕМЕНЕЙ---ОЛЖАШЫ---МАДИНА Киели Мангыстау Актау
Жиенбай Жеменей
zhienbai@mail.ru
23-05-14 16:45
Кенженің балдары Қойсары, Қонай батыр, Едіге, Жұлдыз, Нұралы, Тоқтамыс (осы 4-уін Қаракемпір деп атайды) пен Сатыбалды (Сарыкемпір дейді). Қойсарының балдары Дарғана, Көккөз (Көкше), Орман, Дүкен, Теңізбай, Төлес, Жабу, Тапберген (Тайберген), Қомша, Көшей (Көшек), Жәдік пен Қабақ. 1 жерде 9 баласы болған дейді, соны атап берсеңдер екен.
Қонайдың балдары Қожағұл, Бегеш батыр, Жанұзақ, Дауылбай, Сағыр мен Қошан. Бегеш батырдан басқа балдардың ұрпағы қайда екен?
Едігеден Әйпек пен Құт.
Жұлдыздан Әйменбет пен Күзенбай.
Нұралыдан Бектеміс 0, Бейіс 0, Нұрасыл мен Басбай.
Тоқтамыстан Бестерек, Қостерек, Құт, Әйтімбет, Наурызалы, Оразалы, Орғара мен Айғара. 3, 4 , 5 пен 7-ші баладарының ұрпақтары қайда екен?
Сарыкемпірден Аймұрат, Самұрат (Самамұрат), Баймұрат, Қияс, Уәйіс 0, Тұрдымұрат, Бекмұрат, Таңатар, Тауасар (Жамансары), Манасар 0, Кеңшалбар (Атамұрат), Құткелді (Құткелтір).
Айжанат
aijanat_bota@mail.ru
19-05-14 11:14
Саламатсыздар ма? Меннің руым -Адай.Адайдың жеменейі соның ішінде кенжесімін
Бағила
bagi_darhan@mail.ru
23-04-14 12:13
Мен адай онын ішінде Қараш
Дулат
duiat-58@mail.ru
23-03-14 19:32
Мен жеменей байбишемин. Жеменей байбише бауырларым барма екен.
Темирлан
temirlan.torebekov@mail.ru
23-01-14 17:17
Адайдын ишиндеги Жарымын

БЕРIK IЗБАСАР
ADAIETS83@MAIL.RU
15-01-14 03:45
МЕН ЖЕМЕНЕИ ОЛЖАШЫМЫН
карина
karina_saryeva@mail.ru
26-07-13 10:21
мен Адаймын!!!!! Кенже жеменей,Кенженин Конай батырынын урпагымын
Келтір
keltir.50@mail.ru
02-06-13 15:41
Сөйлеген сөзі тақталы.
Жеменейдің «Бес Өрдек» тақтасына жататын Кенже ұрпақтары арасынан «адайдың бес жүйрігінің» бірі («адайдың бес айтқышы» деп те атайды), суырыпсалма айтыскер ақын, ақпа-төкпе жыршы, алдағы заманның кейпін болжаған Ақтан жырау Керейұлының шыққаны әдебиет тарихынан белгілі.
Сөздің парқын түсінер талайды тамсантқан Ақтан – «Адайдың бес жүйрігінің» ішіне енген ақындардың аруақтысы және арқалысы. «Бес жүйріктер» – Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай – олар тұстас ғұмыр кешкен өлең-жырдың алыптары.
Ақтан ерекше дарын иесі болған, көріпкелдік қасиет дарыған және айтарлықтай мезгіл дін жолын ұстанған сауатты адам. Ақтан жырау Керейұлы 1850 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сағыз өзенінің бойында туған, ал 1912 жылы бақилық болып, қазіргі Қызылқоға ауданының Сағыз селосынан 27 км күншығыста орналасқан Шибұлақ жеріндегі «Абдолла хазірет» қорымына жерленген.
Ақтан ақынның атасы Абдолла Дарғанаұлы, Қаратоқай беріштің белгілі ақыны Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906) туған нағашысы болады. Атасы Абдолла – ел аузында әңгімелері қалған айтулы сыншы, және елге танымал атбегі. Текті кісі болса керек, немересі жарық дүние есігін ашқанда азан шақырып, «Бұл бала ақтан ішкен ақын болар ма, атын Ақтан қойдым»,– депті (А. Келімбердиев. Ерлер есімі – ел есінде. Ақтөбе. 2011ж. 25, 26-беттер.).
Әкесі Керей өзінің еңбегімен күн көрген ортанқол шаруа екен. Ағасы Жамансары сөзге ділмар-шешен, ал інісі Тұрғанбай елге сыйлы азамат болыпты. Анасы бес Жамбоздың (Бәйімбет) Айымы, Есенкөбек ауылының қызы екен.
Ақтан Керейұлы қойсары Кенженің Дарғана аталығынан өрбіген. Қойсарыдан 8 ата ұрпақ тарайды, солардың бірі Дарғана. Дарғанадан – Абдолла, ал одан – Керей мен Шанақ. Керейден – Жамансары, АҚТАН, Тұрғанбай. Шанақтан – Ізбасар.
«Ақтан ақын мен зайыбы Тәжіден, Сүлеймен және Бақтияр деген ұрпақ тарайды. Сүлеймен жайынан дерек жоқ. Бақтиярдан: Сағидолла, Хамидолла, Ғұбайдолла және қызы Әмина (1924 ж.т., шешесінің аты Зейнеп- медет руының қызы екен. Отағасысы, қараш адай Өзенбай деген. Бұлар, Ресейдің Орынбор облысы, Ақбұлақ ауданы, Совет (бұрынғы «Қарашаш») аулының байырғы тұрғыны). Зұлматты зобалаң заманда Бақтиярды «молда» деп қысты күні ұстап алып кеткен көрінеді, ол содан оралмаған»,- деген дерек көзін келтіреді Әзи Есентүгел- С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Түркі фольклорының философиясы» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. («Алтын Орда» газеті, 10.11.2011 ж.)
Белгілі ғалым Қ. Сыдиықов өз еңбектерінде: «Ақтанды көзі көрген, туысы Әмірше Мұттахиев «Ақтан аласа бойлы, сары өңді кісі еді. Екі үйіміз араласып тұратынбыз. Домбыраны қолына жай ғана ұстап, өлеңді қолма-қол құйылта беретін. Қанша айтса да мүдірген, не шаршаған кезін көргенім жоқ» деген дерек жазады (Қ. Сыдиықов Ақын-жыраулар, Алматы. Ғылым, 1974 ж., 146-бет.).
Жылыой ауданының шежіре қариясы, кенже жеменей Қайшыбай Боқанұлының (1890-1986 ж.ж.) көнекөз қарттардан естіген сөзіне үңілсек, Ақтан ақын хат таныр жандардың өз толғаулары мен жырларын қағазға түсіргеніне онша ықылас таныта қоймаған. Қайшыбай қарт «жеті қайқының» бірі кенже жеменей Әділ Өтеғұлұлы туралы айта келіп, «Ақтанның жыр-толғауларын Әділ жазып алғысы келеді. Ақтан: «Шырағым, жыр-толғау киелі өнер еді, дұрыстап, қадірлеп айта алсаң жақсы. Айта алмасаң, киесі ұрады ғой», – деп жаздырмапты. Бірақ Әділ Ақтан аузынан естігендерін, өзі жадында ұстап қалғандарын дастархан сияқты үлкен қағазға жазып, бүктеп-бүктеп алып жүретін» – дейді (Сыдиықов Қ. Таңдамалы. 2-т. – Алматы. Арыс. 2006 ж. 415-бет.).
Бұдан Ақтанның ақындық өнер жолына таза ниетімен құлай берілгендігі байқалады. Мұндай сөз, Аллаh Та ала берген талантты әлпештеп, періштедей әлдилеген пәк жүректен шықса керек, әйтпесе Әділ де, Ақтан жыраудың өз мақамымен айтсақ «Дидар болып сөзіме, Әлеумет тұрсын омбалап» дегендей, талайды бас шұлғытқан, жезтаңдай әнші, әйгілі сазгер-өнерпаз.
Ақтан Керейұлы Абыл, Махамбет, Шернияз, Нұрым, Марабай дәстүрімен өлеңді қолма-қол шығарған. Ол Орынбор, Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Маңғыстау алқабындағы елдерді аралап, ақын, жырлаулармен кездесіп, жиын-тойларда той бастап, жыр толғайды. Нұрым, Қашаған, Қоспақ, Жаскілең, Құлманбет, Нұрпейіс сияқты ақын, жыраулармен тұстас жүріп, өнерін шыңдайды.
Ақтан ақынның шығармалары – өмір мәні туралы философиялық, ақыл-нақылдық терме, толғаулар (“Аяғына қан түссе”, “Біріншіден не жаман” т.б.), тұрмыс-салт тақырыбындағы жырлар (“Той бастар”, “Бата”). Ақтан адамгершілік пен адалдықты (“Біразырақ сөйлейін”, “Замана жайында”, “Тыңдасаңыз сөзімді”, “Қайыспас бұлан нар едім”) өз шығармаларына арқау етіп, ел мүддесі үшін күрескен батырларды (“Ерлік жыры”) жырлаған. “Қырымның қырық батыры” аталатын ерлік дастандардың бірқатары Атырау, Қарақалпақ аймағына Ақтан арқылы тараған. Қашаған, Нұрпейіс сынды ақындар бұл жырларды Ақтаннан үйренген. Ақтан жырлары ойнақы, ойлы да отты, бейнелі сөздерге бай. Қазақстан, Орта Азия өңірлеріндегі жыршы, термешілер ақын жырларын “Ақтан сазы” дейтін өзіндік әуенді мақаммен орындайды. Оның өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Ақберен” (1972), “Өсиет-нама” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985 — 1989), “Жыр-Дария” (1995), “Абыл, Нұрым, Ақтаным” (1997) жинақтарында жарық көрген. Ғылым жолына түсемін деген талапты жасқа, Ақпан жырау еңбектері диссертацияға сұранып тұрған тақырып.
Тамыры, көне түркі әдебиетінен нәр алып, сарыны киелі Маңғыстау, қасиетті Кең Жылой аймақтарына кең таралған ұлы өнер көшінің бір керуен басы ретінде Сарыарқаға тегіс танылып, дақпырты сонау Бесқала, Түркімен жеріне кеткен, киіз туырлықты қазақтың түндігін жырмен желбіреткен Ақтан Керейұлы тарих төрінен, әдебиет көгінен өзінің тиесілі орнын лайқатына сай ала алмай жүрген дүлдүл ақын.
Бұған себеп, шыңдағы шынардай болып өлең-жырдың көгінде, қазақтың жүрегінің төрінде шалықтаған аяулы ақын, көзі қарақты жанашыр жандардың көкірегінде қаншама сақталғанымен, қағаз жүзінде жеріне жеткізе жазылмаған. Бүгінгі күндерге оның мол мұраларының жұқанасы ғана жеткен. Оны да күлге көмілген шоқтай маздатып жаға алмай, жеткілікті дәрежеде насихаттай алмай жатырмыз. Ал оның белінен тараған ұрпақтары жайлы тіпті жақ ашылған емес. Немерелері, қуғынға түскен әкесінен ерте айрылып, Орынбор жағында, елден жырақта ғұмыр кешіп жатқанын көпшілік біле де бермейді.
Кенже атамыздан тараған ұрпақтардың қазақы марғаулықтарынан болар немесе артында қарымды іздеушісінің жоқтығынан болар, әйтеуір біз білетін шындық 2010 жылы Ақтан Керейұлының 160 жылдық мерейтойы атаусыз қалды.
Ақтан турасында әдебиет танушы ғалымдар жазып жүр дейміз, әйтсе де олар тереңге бойлап тер төккен емес, қолдарына түскенді ғана мүсе тұтып келеді. Егемен елдігімізге сай жаңаша көзқарас тұрғысынан анықтай түсер жерлері де баршылық. Қара басы өнер сүйер халқының ішінде ханнан кем сыйланбаған жүйріктердің есімін қағаберісте қалдыру қазақтың қанында жоқ қасиет еді.
Ол – дәуренінде небір аламан бәйгіден алқынбай келген «бәйгекер», «шұбалаң құйрық шұбар», тұстастарының көбі үлгі алып, кейінгі буын өнеге тұтқан сахиб-ұстаз. Жас шамасының үлкендігіне қарамай:
Абыл, Нұрым, Ақтаным,
Осылар еді тақтағым.
Осылай деп маған үйреткен,
Тарихтың ескі ақпарын, –деп,
тұңғиық Қашаған ақынның өзі төбесіне көтерген. Ақтан шын мәнісінде осындай абырой-атаққа лайықты ақын.
Шығармаларының ішіндегі шоқтығы биігі бұрын, кеңестік кезеңде, айтуға тыйым салынған «Болжау» сөзі. Болашағын, яғни бүгінгі таңдағы кейбір кемшіліктерді көзбен көргендей дәл айтып кеткен бұл толғауы, кешегі қазақтың алдағы үш жүз жылдығын болжаған көреген Мөңке әулиенің мөрлеген сөздеріндей мағыналы. Жаны таза, өмірге періштедей пәк, ішкі көзімен қараған ақын қазіргі күндерді көріп отырғандай,
«Алдағыны болжасам-
Қара бұлт төніп келеді.
Шайтаны бар шараптар,
Елдің болар қорегі.
Жазылмас дерттер көбейіп,
Шомылып ұрық себеді.
Бақсы-балгер көбейіп,
Еліне салар бәлені.
Тірі жетім көбейіп,
Мейірімсіз өсіп-өнеді.
Керексіз болып туылар,
Дүнияның тәтті бөбегі.
Ұят кетіп қызыңнан,
Жалаңаштар денені.
Жез тырнақты, жалбыр шаш,
Кейпіне жынның енеді», – деп қазіргі заманның зиянды және
жат көріністерін, бір ғасыр – 100 жыл бұрын жария қылды. Тұп-тура келіп тұр. Таңданбасыңа шараң жоқ. Көріпкел демеске дәтің бармас. Болашағын, яғни бүгінгі таңдағы кейбір рухани және моральдық кемшіліктерді көзбен көргендей дәл айтып кеткен Ақтан жыраудың бұл толғауы, кешегі, қазақтың алдағы үш жүз жылдығын болжаған, көреген, Мөңке әулиенің мөрлеген сөздеріндей мағыналы. Жаны таза, өмірге періштедей пәк, ішкі жансарай көзімен қараған ақын осы күнді көріп отырғандай сезінген:
«Татулық шамы сөнеді.
Ақ жолдағы молдалар,
Елін талап сөгеді.
Бақсы-балгер көбейіп,
Еліне салар бәлені.
Бір-біріне азаяр,
Адамдардың көмегі…
Төрелік айтар билердің,
Ақша болар қорегі.
Өсірген қыз бен келінің,
Ойламас ата-енені.
Батасыз жастар молайып,
Оттары жанбай сөнеді»,- деп жыр толғау осылайша өткен
кеңестік және бүгінгі капиталистік заманның бетін ашық түрде және соны айнадан көріп отырғандай суреттеп береді. Нағыз көріпкелдік дегенің осындай болар, сірә. Ақтан жырау, бұрын-соңғы болған ақындардың ішіндегі көріпкелі, қазіргі түсінікпен айтсақ экстрасенс немесе қазақтың Нострадамусы дерсің.
«Осыларды болжаған,
Кенжедегі Ақтанмын –
Әруақты аталар –
Барлығынан өтетін,
Қазағым асыл деп еді.
Сондықтан да ұрпағым,
Түзелер деп қисайып –
Сендерге бабаң сенеді»,- деп
сонда да, алдағы келешекке, өмірге келер жас ұрпаққа, яғни біздерге зор сенім артып, жыр дестесінің тізгінін тартады, ақын Ақтан жырау.
Сыпыра, Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардың Маңғыстау, Жайық, Жем, Сағыз даласына өкшесі тигені тарихтан мәлім. Бұлардың көбі көрегендіктен кенде болмаған. Ақтан да осынау дарақтар сайрандаған сары даланың шалғайынан шыққан шайыр. Көнекөз жыраулардың сарқыты. Солардың дәстүрін ұштаған ізбасары. «Жаманшылық болса да, алдағыны болжасам» деп айтқаны келетін абызша күңіренуінің түп төркіні туған жер топырағынан қанына дарыған қасиетінде десек жаңсақ кетпеспіз.
Демек, Ақтан ақын өзі өмір сүрген қоғамының арқалы жырауы болды. Тек оның тұсында, Асан Қайғымен ақылдасар хан Жәнібектей, Шалкиіз жырауға құлақ түрер би Темірдей, Сыпыра жыраудан кеңес сұрар Тоқтамыстай, Жиембет жыраумен санасар Есім хандай елдің қамын ойлаған халықты маңайына топтастыратын сардар жоқ еді. Ол өмір сүрген қоғамдық құрылыс патшалық Ресейде 1917-жылы болатын төңкеріске, одан кейінгі кеңестік саясат орнатудың зобалаң заманына, 70 жылдық имансыз өмір кезеңіне бағыт ұстап бара жатты. Сұңғыла Ақтан жырау мұны аса дәлдікпен болжай білді, сондықтан да «қара бұлт төніп келеді» деп соңғы демі үзілген 1912- жылға дейін туған халқына зұлматты заман келерін ескертіп, үндеумен болды.
Патшалық Ресейдің отарлау саясаты нағыз күшіне мінген тұста өмір сүрген ақын көкірегін қысқан шерді кімге шағарын білмей қалың қарашаға биік рухты жырларымен араша түсіп, алдағы бұлтты кезеңнің сықпытынан, көзімен көріп отырғандай болжау жасап сақтандырады.
«Сондықтан да ұрпағым, түзелер деп қисайып – сендерге бабаң сенеді»,- деп кетті Ақпан ақын. Бабамыз бізге қапысыз сенген. Оның сенімін ақтап шығуға біз неге тырыспаймыз, ел емеспіз ба? деген сұрақ естіні де, есірді де ойлантары анық. Қайдасыңдар, нешебір айтулы батырлар мен билер, ақындар мен әнші-жыраулар шыққан «Кенже», «Бес Өрдек», «Тоғыз тақта Шылым»-ның кіндігінен тараған арлы туған асылдар. «Кенже деген ауыл бар» дейтіндерің неге бақанға байрақ байлап, абырой мен ар үшін намыстарыңды шар қайраққа ұстап ортаға шықпайсыңдар. Артыңда, ұраныңа-ұран қосатын, ізгілікті ниетіңді қолдайтын, нұрдан жаралған қалың адай тұр. Қолда бар асылыңды өзің ардақтай білмесең, баға жетпес қазынасын тауып, зобалаң заман зардабының шаң-тозаңынан арылтып, дүйім алаш жұртына кім танытады.
Әңгімені тобықтай түйіні, Ақтан жырау Керейұлы ақынға нақты көңіл бөлетін кез жетті. Шұғыл түрде, біз бармыз десеңіздер әуелі «Кенже аулының» басы қосылсын, қалған Өрдек пен Шылым кейін шегінбес. Жылыой жерінен «Ақтан жырау Керейұлы» атындағы қайырымдылық қорын құрып, банкіден есеп шот аштырып, қаржы жинақталсын. Шаң басқан мұралары мен әр кезде, әр жинаққа енген жыр-толғауларын топтап жеке кітап қылып шығару, ақынның есімі мен еңбектерін орта мектеп, лицей, колледж және ЖОО-ның әдебиет пен хрестоматия оқулық кітаптарына енгізіп, тереңірек зерттеп ғылыми айналымға қосу – басты назарға алынатын істер. Сөйтіп, бүгіннен бастап, Ақтан жыраудың 2015-ші жылы толатын 165 жылдық мерейтойында қапысыз болу үшін ертерек қам жасайық.
Ақынның мүбәрәк сүйегі жатқан жерге, басын қарайтып кесене орнатып, тым болмаса елден ұялмастай белгі қойып дегдар жанды шындап дәріптейтін мезгіл межесінен асты. Егеменді ел болып, ҚР-сы Тәуелсіздігін жариялағанына 22 жылдың жүзі ауды. Әшейінде, «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деп жатамыз. Болмысы бөлек ақынның аруағы алдында адами тіршілігімізді білдіріп, перзенттік борышымызды ақтап сауапты қызмет қылсақ, байымасақ та кеміп қалмаспыз. Айтып отырған жөргемді ой-пікірді жетесіне құйып, жүректеріне қабыл алып, «абырой ортақ – ар ортақ»,- деп намысқа шабатын Кенже аталығынан тарайтын арлы азаматтар табылар деп дәметеміз.
«Жабысын жабулап, аяғын жерге тигізбей сәйгүлік еді» деп жатқан біз емес. Ақтан жырау Керейұлы ақын, бәйгімді шаппай бер деп, ауыздығын шайнап, нағыз хас дарын иесі екендігін танытып, шалқыта көсіліп, ешкімнен жасқанбастан:
Мен – Адайдың Ақтаны,
Сөйлесем сөзім тақталы.
Бөгесе бөгет бермейтін,
Қаратаудың ақпары, – деп тұр емес пе.
Оның өлең-жырларындағы алдаспандай сілтеген сөздері құр астамшылық, бекер күпсінген кеудемсоқтық емес, бұл зайықатты ақынның өзіне берген бағасы және мұны бұрыс дей алмайсың. Айтылған деректерге, асқақ та парасатты жырларына қарағанда, оның өзі туралы бұлай деуге толық қақы бар. Жоғарыдағыдай уытты, татымды нақылды сөздер – шалқар шабытты, арқыраған арынды, өресі биік дарабоз жүйріктен, бітімі бөлек асылдан, заманынан озып туған дарынды жыр сүлейінен шықса керек. Ақтан жырау қазақтың қарапайым жай сөздерімен өлең-жырларына ойнақ салғызып түнде жанған оттай алаулатқан, әртүрлі тақырыпта толғаған кең тынысты шабыт иесі, нағыз тарланбоз. Қолда бар алтынымызды, базарлы шағымызда, лайықты бағалай білейік ағайындар !
КЕЛТІР Шәненов- «Каспий нефть» АҚ-ы бас директорының орынбасары, Атырау қаласы.

нурбол
nurbol
23-04-13 14:10
кудаи ау мен каратока мын каратока барма
Жеменей кыз
(айтам го))
01-03-13 20:20
олжашы жеменеймин.. Танысайык
sabit
93_sab
01-03-13 15:48
kim kenje jemenei
Муханбет
dinmukhanbet@bk.ru
18-02-13 11:35
мен Адай Жеменейдин Акша Кедейи боламын ага апалар инлер болса танысып алайык ЖанаОзенде турамын
azamat
sarbufeev1991
17-02-13 21:44
Men Kenje Jemeneimin dru.jiberinder
Тобыш→Шегем→Бабық
Nurik95.aday@mail.ru
02-01-13 21:17
Tобыш→Шегем→Бабықтарды іздеймін, Ақтөбеден АДАЙлар болса хабарласыңдар Nurik95.aday@mail.ru id160169908
jumat
jumat_95@mail.ru
10-12-12 00:52
KOZHANTAI ZHEMENEI min
Baurjan
Kaliev-bauka-92
09-12-12 13:38
Adai-40 barma?
Талгат
talgat.t_82@mail.ru
06-12-12 09:52
мен адай- жеменей- каратока- кiшкiл
Jazi
mangistaudin kizi
17-11-12 20:44
Салем барлык тумалас жандарга! Мен Мангистау 362 киели аулие жериненмин. Уруым кенже, нагашым байбише жеменей. Нагиз жеменейден шыккан кызбын
Бекбол
19-beka-96@inbox.ru
09-11-12 22:59
мен Адай-Кенже-Конай ! 19-beka-96@inbox.ru Ағайын хабарласың
Ғазиз Шнгембаев
gazya-88@mail.ru
09-11-12 07:05
Жеменей Кенже Конай
куан
kuka_657@inbox.ru
28-10-12 20:08
мен КОНАЙ КЕНЖЕ ЖЕМЕНЕЙМИН KUKA_657@INBOX.RU
Альбина Сарыева
albina_saryeva@mail.ru
27-09-12 22:53
мен кенже жеменеймин сонын ишинде конай батырдын урпагымын)тагы кым бар?)кенже жеменейден???
mc-nurxia
nurik_nurmnov@inbox.ru
30-07-12 12:41
tama barma ?
Алшын Әбдіханов
alshyn_0392@mail.ru
17-05-12 18:55
мен Кенже Жеменеймін оның ішінде Қонай батырдан
алишер
alisher-979
26-03-12 12:45
мен адайдын жеменеимин)бауырларым меним)alisher-979@mail.ru
АДАЙ
erkinkala89@mail.ru
16-02-12 22:05
Мен Акбота Жеменеймин erkinkala89@mail.ru
Қожантайқызы Айзада 92ж Онды
Агентке кірмймін
18-01-12 09:07
КЕНЖЕ,ҚйСАРы,ТӘПБЕРГЕН,ҚОСҚАРА,АЙДАРБАИ,БАЙШАБАИ,ҚОЖАНТАЙДАН тараймын
Қожантайқызы Айзада 92ж Онды
Агентке кірмймін
17-01-12 20:57
Саламатсыздарма бауырларым.Мен жеменйдін кенжесімін, өте сіздерге рйзамын, өйстіп ЖЕМЕНЙДІ көбейте берейік.
Динар
dinara.9.6@mail.ru
15-01-12 12:15
мен Адай - Жеменей - Байбыше (dinara.9.6@mail.ru др. ляктырын)*
Erbol
erbol_94.10@mail.ru
14-01-12 22:44
jemeneiler kaida turatindarindi jazip ketin
Erbol
erbol_94.10@mail.ru
14-01-12 22:41
karatoka jemenei barma men karatoka jemeneimin
кенже жеменей
nuka-96.kz
11-01-12 16:29
менде жеменей адаймын
нурболат
nurik_96_10@mail.ru
08-12-11 18:38
men jemenei adaimin bayirlarim sendermen taniskim keledi nurik_96_10@mail.ru
Өтеміс
utemis.tulemis@mail.ru
29-11-11 21:56
Жеменей-Кедей-Ақша-Андағұл
муса уәли
valimoosa@yahoo.com
11-11-11 10:40
мен ақбота,аман,төлеген,жабағы,уәли,моңайтбас,қойсары,ерсары...дан тараймын.бауырларыммен байланыс жасағым келеді.иранда отырамын.хатыңызды күтемін.
Сырым
Syry@mail.ru
10-11-11 15:45
Адай-Жеменей-Акша кедей-Бугышы-Конебай!!!
Айдос
Karimov_-96_-1995 @mail.ru
03-10-11 14:04
Мен Адайдың қосайы өрезекпін бауырлар сендермен таныскым келеді.
Нурлан
kalitegi@mail.ru
29-09-11 15:38
Адай - Келімберді - Бузау(Алнияз) - Айтумыс - Шылым - Ордек - Кенже- Койсары,Конай, Каракемпір, Сарыкемпір.
Асылбек.Онды.
asilbeck@mail.ru
14-09-11 16:39
мен жеменейдин кенжесимин.
фарида
farida.zhumagalieva
21-06-11 10:39
жеменей-кенже-койсары адай
ARISTAN
jemenei_kenje_94@mail.ru
17-05-11 17:04
jemenei kenje konai jauli
ARISTAN
jemenei_kenje_94@mail.ru
17-05-11 16:52
alga jemeneiler
parasat
pasha_jemenei
27-04-11 17:29
men jemenei balasy...
Бегзат
begzat_k@mail.ru
08-04-11 15:08
Адаймын -ішінде Жеменейдың қызымын ))
Бегзат
begzat_k@mail.ru
08-04-11 15:07
Адаймын ишинде Жеменей кызбын )))
ержан
ndem_fashion88
03-03-11 13:35
Турiкмен Адай Киikбаймын
daniar
daniar..96
24-02-11 16:52
men kenje jemeneimin kim bar tagi?????/
Серік
jemenei_serik
09-02-11 08:53
мен Серикпин каратока жеменейлер бар ма????
Aba
pitbull_10@list.ru
24-12-10 15:24
Men Akbota Jemeneimin magan drujba laktyryndar pitbull_10@list.ru
Буркит
berkut__90
14-12-10 12:45
Мен Акбота Жеменеймин
салтанат
Salta91_05
03-12-10 12:36
Мен Жеменейдін Қалшасымын.
Ренат
rinsho.88
25-11-10 14:16
Түркмен Адай Өрезекпін. Бауырларым кайдасындар?
Тотти
sabrin-@mail.ru
20-11-10 15:52
Кожантай жеменейлер бар ма?? Хабарласындар!
нұрнияз
n.t.b_1992
03-11-10 23:32
кенже жеменейлер ассалаумагалейкум. қонай батыр ұрпақтарынан кім бар?
бигали
gdr2005
18-09-10 23:16
жеменейлер базар жок меним нагашыларым
Нурлан
nurlan_087@mail.ru
30-01-10 18:48
адаймы
Кылыш
23-01-10 11:03
мен1н шешем Жеменей Кенже,оз1м Адай Жеменей Кедейм1н
Mulla
muslman_kz_z@mail.ru
17-10-09 22:23
muslman_kz_z@mail.ru осиган хабарласиндар!!!!бауирлар!!!!мен Адай-Кенже-Конай!!!!
Нурлан
casper_92@inobx.ru
13-10-09 14:25
mende jemeneimin barinizdi jaksy koremin , sondai kymbatsyndar magan, men oteeeee kuanyp , tolkip turmyn, rahmet sizderge)))))
Адай
18-06-09 13:24
мен Адаймын!!!!! Кенже жеменей,Кенженин Конай батырынын урпагымын



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта — Марат Ижанов