Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Қазақ тілінің болашағы.


Авторы Xабарлама
Нұреке
nurlan-bi@mail.ru
03-07-09 17:49
Қазақ тілінің болашағы өте жоғары. Қазақ тіліндегі жырларды, өлеңдерді, оқулықтарды алып қараңыз, қаншама бай сөздер. Бірақ біз әлі өз деңгейімізде қазақ тілінің мәртебесін көтере алмай жүрміз. Ол үшін не істеу қажет: 1.барлық орыс мектептерін тез арада жауып, әуелі аралас, сосын таза қазақ мектептерін құру; 2.жетімдер үйіндегі балаларды таза қазақ тілінде тәрбиелеу; 3. жер бетіндегі қазақтар бірігіп кирил, араб, латын әліппесінің біреуін таңдау.

Авторы Жауап
Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ
yessengazy@mail.ru
24-01-16 20:08
ЕЛІМ-АЙ

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай.

Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, Елім-ай.

Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғыдай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.

Атадан ұл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.

Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан үшқан заман,
Елім-ай, Елім-ай.

Көк аспаннан топырақ пен шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,
Елім-ай, Елім-ай.

Қош аман бол, Қаратау, атам өлкем,
Төрт түлік пен ел екен жердің көркі,
Елім-ай, Елім-ай.

Бақ, байлықпен даңқты алаш ұлы,
Қайсы жұрттың болар-ау келекесі,
Елім-ай, Елім-ай.

Қош аман бол, Қаратау, ел өлкесі,
Жердің кетер ел ауса берекесі,
Елім-ай, Елім-ай.

Ханзададай, ханшадай өскен ұл-қыз,
Қайдан енді табады берекесін.
Елім-ай, Елім-ай.
Соңғы кезде мектеп бітірген жастар осы қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлеңді білмейді.
Ал депутаттар мен мемлекеттік қызыметкерлер осы Елім-ай деген өлеңді білеме екен?
Бахадыр
07-12-15 15:49
Барлығын оңай шешу үшін, 1. Жеңілдетілген оралмандарды қабылдау заңдары қайта қаралса, бұған дейінгі кемшіліктер жөнделсе, жергілікті тіркеуді, үй жəне жұмыс беруді қатаң қадағалап, санының айлап көбейуін,қолға алып, жариялы жүргізілсе, айыптылар жазаларын алып, сол шетелдерге тиісті мамандар барып, елге қайтуға үгіттеу, құжаттандыруға жəрдем етсе. 2. Солтүстік 7 облысқа квоталар мен гранттарды барынша арттыру қажет. Сол бойынша жұмысты жылдамдату жəне жарнамалау, Ресейдің шегаралағы қазақтарын солтүстікке келуін қолдау,Қазақтың үлесін 70%дан асыру. 3. Тіл, ономастика , топономика комитеттері күшті жұмыс жүргізу керек.Миллиондаған Жер,тау, су т.с атауларының қазақшалануын көбейту. Латын алфавитінің дайын үлгісін тез ұсыну жəне өтпелі кезеңде параллель жүруін енгізу. Қазақша кітаптар санын асыру.Балабақшадан, этностың мектептерде де қазақ тілін тереңдетіп оқыту. БАҚ барлық саласында, оқу гранттары қазақ тілі үлесін 75-80%ға жеткізу. Қазақша тиісті сайттарды он мыңдап ашу. Интернетті, клавиатура қазақша сөйлету керек. Ең бастысы Нұрекеңнің аузынан осы идеялар шығып, қатаң талап етілсе болғаны.
Інжу-Маржан
....
21-11-15 06:40
акку
baybolsyn2014@mail.ru
23-12-14 16:43
кешириндер бирак мен сиздермен келиспеимин , я ,казакша сойлейик бирак орыстарды казакшага сойлесиндеп кысым жасаганымыз жрамайды

Ешкім қысып жасап жатқан да жоқ! Өзіңіз ойлап көріңізші, Қытай миллиард xалықты қытайша сөйлетіп отыр, советтің құрамында болса да өзбектер тек тек өз тілдерінде сөйлейді, әзербайжандар, тілі орысшаға ұқсас болса да украиндер өз тілдерінде сөйлейді! Ал біз қашанғы осылай жүреміз! Барлық ұлттарды қазақша сөйлететін уақыт болды ғой, бұл түрімізбен біздін тіліміз дамымайды, намыс жоқ қазақтарда!

динара
dinara.nurgalieva.73@mail ru
27-08-15 18:35
СӘЛЕМ,достар!Сіздер көтеріп отырған мәселенің бір пұшпағын шешу үшін атсалысып келе жатқан жанның бірімін.Оның жауабы біреу деп ойлаймын.Ол отбасылық құндылықтың жоғалуы,тіліңді құрметте деп,салтыңды біл деп отырған не ана не әже,не ата жоқ. Сөз көп,сын көп,бірақ міне былай істеу керек дейтін жан жоқ.Үйінде орысша сөйлесетін,мектепте зорлықпен баға үшін қазақша сөйлеп,шыға бере орысша сайрап кететін балаға не керек.Бірінші отбасындағы тәрбие керек.Ал орыс ағайындарға келетін болсам талап жоқ.Екіншіден оқулық бір жақта,беретін жүйе мен жспар бір жақта,ҰСТАЗ екі кеменің қайсысын ұстарын білмей басы қатады.Жылда бір бөлек оқулық.Оқулықтан бір бөлек жоспар.Жоспармен оқыту керек,ал кітап жоқ.Себебі келесі жылы келет.Ал мұғалім одан асып кете алмайды.Оқулықсыз тілді өалай үйренеді.Қазақ әдебиетіне жылағым келет.Орыс сыныптарына бір сағат берілген.Ал берілген романның үзіндісін қазақ баласы әрең түсініп отырғанда қырық бес минутта он,жиырма бет үзіндіні оқып,аударып,не айтпағын түсініп,талдап шығу ,қорытынды жасау мүмкін емес.Не деуге болат,тілге деген құрмет осындайда төмендейді.Ал жалпы ұлт жайлы пікір осындайдан қалыптасады ғой.Өз тілін меңгерту үшін дұрыс оқулық жаза алмай отырғандардан не сұрауға болат ....Бұл пікір әр жыл сайын сол оқушының ойында қалыптаспай ма? Міне тілдің мәселесі қайда жатыр.Ал қазақтарға қашанда бәрібір секілді...Не деуге болат.
акку
baybolsyn2014@mail.ru
23-12-14 16:43
кешириндер бирак мен сиздермен келиспеимин , я ,казакша сойлейик бирак орыстарды казакшага сойлесиндеп кысым жасаганымыз жрамайды
Берік
berik_musa@mail.ru
05-02-14 12:48
Шынымен де қазіргі таңда қазақ тілінің құдіреті азайып бара жатқандай,күннен-күнге халі мүшкіл тартып барады. Қаншама жыл Ресейге отар болғаны ма бәлкім? әйтеуір қоғамда орысша сөйлейтіндер жетіп артылады. ОЛ олма екі қазақтың басы қосылса болғаны орысша сөйлей жөнеледі. Бұл дегенің туған тілін құрмет тұтпағандық қой, олардың жанында тұрып қазақша сөйлесең бейне бір мәртебең төмен адамдай көрінесің.Міне қазіргі қоғам халі осылай. Ұлттың ұлттығының ең басты белгісі ол-сол ұлт сөйлейтін ана тілі. Біз қазақ басымыздан қаншама қилы замандар өтті. сонау ғасырлардан бері еш қаймағы бұзылмай сақталып келе жатқан ол біздің АНА тіліміз екен-ау!!! Ендеше қолымыздан келгенше туған тілімізді жетімсіретпей , сөйлегенде басқа тілдерді араластырып шұбыртпай , ТЕК ӨЗ ТІЛІМІЗДЕ тек қана ҚАЗАҚША сөйлейік!!! СОНДА ғана тілімізді келешек ұрпақ үшін сақтап қала аламыз.
Жігіт
fir0@rambler.ru
19-05-10 13:36
Қазақ тілі ас үй тілі болып кетты ғой, қазақ мектеп бітірген қазақтардың қазақша сойлегенін естысем уялам
Торе
ture84@mail.ru
12-05-10 12:09
Бұл бір "жауыр" болған әңгіме болды. Біздер "төмендегілер" айтып-айтып қоямыз, жоғарыдағылар орыс тілін алып тастаса, Қазақстан құрып кетеді деп ойлайды ма білмедім. Жоғарыдағылар неге талап қоймайды, заң шығармайды:
1. Іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілсін (толық).
2. Мемлекеттік органдағы қызметкерлер қазақ тілінде еркін сөйлейтін болуы керек.
3. Орыс мектептері жыл сайын азайып, орнына қазақ мектептері көбейсін.
4. Телеарналар, газет-журналдар тек қазақ тілінде сойлесін.
5. т.с.с
Ал бізде бәрі керісінше, орыс тілін білмесең, дұрыс жұмысқа тұра алмайсың. Ағылшын тілін білсең, тіпті ақшаны "күректеп" табуға болады. Қазақ тілін келістіре алмай жатып, үш тілде еркін сөйлеу керек дейді.
Балабақшадан, мектептен үйрету керек, қазақ тілін жоғары бағаласын деп. Бізде 10 қазақ тұрып, арасында 1 орыс болса, бәрі орысша сөйлейді. Неге? Біз сонда өз елімізде тұрсақ та, басқалардан неге төмендейміз!
OTAN-ABIROI-ULT-SPORT
MUKHTAR_B@INBOX.RU
03-04-10 01:16
Kazak tili en bai til! Onda esh kuman zhok, birakta oni kundelikti omirde koldanu kerek. Adebi zholmen soileu kerek. KAZAKTAR kazaksha soileik! Ana tilin umitpandar!
Алия
aliya_.72
21-11-09 17:26
Сјлем! Мен сізбен толыќ келісемін, меніѕ ойым да сіздікі сияќты. Орыс тіліндегі мектептерді бірден жаппай аќ ќояйыќ, аралас мектепке айналдырып кейін мїлдем жабу керек, жетімдер їйі мен бала - баќшаларды тек ќазаќ тілінде ашу керек. Одан кейін ќазаќ тілінде кґркем јдебиеттерді кґбейту. Ќазіргі кїнде ќазаќша кітаптар аз жјне сапасы нашар, жаќсы жазушылардыѕ кітаптарын шыєаруєа баспалардыѕ ќўлыќтары жоќ сияќты. Бўрын біз оќыєан јдебиеттерді ќайта басып, тираждарын кґбейту керек.Мысалы "Ќызыл жебе" т.с.с романдарды ќайта ўсыну керек. Теледидарда ќазаќша киноларды кґбірек ўсынып, ќазаќ тіліндегі баєдарламалардыѕ уаќыттарын кґбейту керек.
Нурлан би
nurlan-bi@mail.ru
14-11-09 16:28
Кұлтегін мемлекеті жөнінде тарихта неге оқытпаған? Мысалға: батыстан біздерге қарай шабул жасаған Александар Македонскийдің 30 мың жаяу әскері, 5 мың атты аскері болғаны тарихта бар, ал Құлтегін бабамыздың шығысқа жорыққа шыққанда 600 мың атты әскері болғанын ең болмағанда салыстырмалы түрдеде тарихта жазылмаған. Біздің ата-бабамызды ұмыттырам деген заман болған ғой. Ал сол Құлтегін бабамыздың мемлекеті қалай құлады, өзіміздің жазуымыздан қалай айырылып қалдық?
Гулмира
02-08-09 14:13
Сәлем! Шамасы қазақ тілінің болашағын ойлайтын адамар қазіргі таңда өте аз болғаны ма? Тіпті таза қазақтардың өзі шала қазаққа айналып бара жатқанын жасыру мүмкін емес! Жаңалықтардың өзі қазақша және орысша жүреді! Қазақша деп шығарған киноларда орысша және қазақша тілде ! мысалы:Ағайындылар ! Меніңше ең бірінші қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін- мемлекеттік те, ресми де тіл біреу, яғнgadи-ҚАЗАҚ тілі болу керек!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов