Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Шеркеш руының тарихын кім біледі(Кіші жүз)


Авторы Xабарлама
Жігіт
bala88
05-07-09 17:04
Шеркеш руының тарихын айтсаңдар жақсы болар еді.

Авторы Жауап
Бақтыбек
b_nurpeisov@mail.ru
06-08-17 12:43
Шеркеш руы Қазқ халқы арасындағы ең адал,мейрімді,және де пысық рулар қатарына жататын ру балып келеді. Дұрыс айтасыз. Шеркеш руынан Қазақа еңбегі сіңген адамдар шықан. Оларды жас ұрпақ көп біле бермейді, бізде батыста өзімізді көрсетіп жаза да білмеміз.
Мысалға ... ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ пен қырғыздар қажылық жасауға барғанда өз ұлттарын жасырып, бұқарлық, ташкенттік сартпыз немесе өзбекпіз деп айтады екен.
Өйткені қазақ пен қырғыз халықтары Меккедегі мұсылмандар тізіміне жазылмаған көрінеді.
Осындай қорлықты көрген Жайық бойынан барған Нұрпейіс қажы жеті жыл бойы қиыншылықпен Меккеде жүріп қырғыз бен қазақ халықтарын мұсылмандар тізіміне енгізеді. Мұхамед пайғамбар өсиеті арқасында оларға тиеслі жерді алады.
Бұл кісі шеркеш руынан шыққан Нұрпейіс қажы, ол Он екі ата байұлының үлкені Шеркештің Дербіс- (Қаракемпір) руынан.
Бисембайүлы Нурпейіс (Борамбай -қоспа аты) 1849 жылы ауқаты бай адамның, Түрлыжанүлы Бисембайдың от-басында дүниеге келген.
Жас кезінде жақын туысы Мұхамеджан Шолтырұлы Бекмұхамбетовтің, тікелей қолдауымен Жәңгір мектебінде сауат ашқан, арабша білім алған.
Содан соң Нұрпейіс 20-27 жас шамасында осы жақын туысы Мұхамеджан Шолтырұлы Бекмұхамбетовтің Гурьвтен бастап Астраханға дейінгі алқапты алып жатқан ұланғайыр өлке Каспий жағалауы 1-ші, 2-ші қисымының /окургтің/ 26 жыл правителі болған адамның тікелей араласуымен Меккеге барған. Сонда жер алып тақия там салдырған.
Мұхамеджан Шолтырұлы Бекмұхамбетовтің ел алдынлағы еңбегі әлі де толық зертелмеген насихаттанбаған.
Олардан басқа Шеркештің батыр қызы Мәншуктің де өз рулас апамыз екенін ұмытпағанымыз жөн.
Салық Зиманұлы Зиманов — қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, заңгер ғалым, Заң ғылымының докторы,профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері,
Қабдолов Зейнолла — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге..
Осындай ірі түлғалар Шеркеш-Дербіс руынан шыққан, жалпы қазаққа белгілі болған.

КЫПШАК
bagi7616@mail.ru
04-09-16 06:35
1239 жылы Қыпшақ Ханы Котян 40-60 мын Қыпшақ қалқымен Венгриаға қоныс аударды мажарстанғы Қыпшақ тайпалары ТОҚСАБА БЕРіШ АЛАШ ТАЗДАР ЖАМАНДАЙ ШЕРКЕШ т б 200 жуық қыпшақ тайпалары өмір сүруде. ҚЫПШАҚ ХАНЫ БОНЯК туған інісі ТАЗ делінген ТАЗ руы 12 ғасырдан бастау алады АЛ ҚЫПШАҚ 1 ғасырдан бастау алады. біз бәріміз қыпшақпыз 92 баулы қыпшақтар беп бекер айтпаса керек ДЕШТ-И-КЫПЧАК
Гүлсана
mukhtarova.g0211@gmail.ru
24-08-16 21:42
Сәлеметсіздерме! Мен Қойыс Шеркеш Сəмембет ұрпағымын.Жақында аудан орталығынан,Құрманғазы ауданы-нан \\\"Шеркешнама\\\"кітабын көріп қуанып қалдым.Құрастырған Пернебай Дүнсенбин ағаға көп рахмет. Тек қынжылғаным өзім атамнан кейінгі ұрпағы жазылмапты. Менің атам Мұхтардан соң неге жазылмаған деген ой туды. Атам Мұхтардан екі қыз бір ұл қалған. Ұлы Қибатолладан бес ұл,үш қыз өрбіді.Олар қазіргі уақытта Құрманғазы ауданы,Теңіз ауылында тұрады.Қойыс Шеркештер жасасын!
Ахат
akat.kz@mail.ru
04-04-16 14:27
салематсыздар ма менде сақау шеркешпін сіздермен танысканыма куаныштымын
Маралбек Атошев
maralbek_atoshev@mail.ru
06-03-16 10:12
Мен жауғашты шеркеш оның ішінде Аңдағұлымын 87775652828 xабарласыңдар жауғашты шеркеш туралы білгіңіз келсе
Альбина
albinka_30.11@mail.ri
24-02-16 20:31
Салем! Шеркеш атты рулас бауырларым! Менин руым шеркеш болганына мен оте ризамын жане руымды мактан тутамын! Бек@ менде Шеркештин ишиндеги Жакауы боламын! если че дружба жибер! Елтай агамыздын жазган тарихына шынымды аитсам миым ашып кетти, тук тусинбедим. Коротко ясно жазса жаксы болар еди. ШЕРКЕШТЕР МАНГИ ЖАСАСЫН! АЛГА!
Аманбек
amanbek.ru@mail.ru
15-02-16 12:46
Дерб!с (каракемп!р) шеркештер хабарласайык
Сәкен
saken_azhgaliev@mail.ru
07-12-15 17:59
Жақында шеркеш руының толық шежіресі \"Шеркешнама\" кітабының алғашқы экземплярлары шықты. Оны құрастырып шығару үшін бірнеше жыл бойы тер төккен шеркеш азаматы Пернебай Дүйсенбин ағамызға басымды иемін. Кітапты бір ағайдың үйінен көрдім, қолыма ұстап, асығыстау қарап шықтым. Енді жалпы тиражы молдау болса деп тілек айтамын. Өзім Шеркеш-Қойыс-Сатаймын. Атырау облысы, Құманғазы ауданы, Ганюшкин селосында тұрамын.
Жеменей
20-11-15 00:54
Шенеш деген сырттан жамалған атау.
Шеркеш
21-08-15 18:28
бауырлар шеркештерге арнау топ ашылды вк http://vk.com/sherkesh01 к1р1ндер косылындар
Азиз
aziz_dzhuasov@mail.ru
22-05-15 12:46
Сатай шеркештын шежиресы кимде бар?
Саламат
salamat1974@inbox.ru
21-03-15 06:05
Бауырлар сәлем. Мен Шеркештің шүйінішімін, хабарласыңдар. Елтай бауырымызға рахмет көп деректер жазып жүрекен. Шеркешнама кітабы шықтыма білесіңдерме?
Ұлболсын
ulboshka94@mail.ru
01-03-15 08:35
барине салем кимде кылышкескен шеркеш туралы малимет бар жибере аласыз ба? рахмет
МАРАЛ
04-02-15 06:46
шеркештерді тағы алщындар деп те атайды? оның себебі не екен?
Елтай
cherkes-112
17-12-14 16:52
Мысырды Хулагу шапқыншылығынан қорғау мақсатындағы соғысты Бейбарыс сұлтан ұйымдастырып басқарған. Ол 10-12 ғасырларда Қыпшақ Одақтастығының бодан-ықпалында болған Шеркеш (Черкес) тайпасының Беріш тармағынан болған. Оған дәлел: ертеректе көптеген тарихи деректерде біздің Шеркеш еліміздің атауы көбіне көрсетілген. Қазіргі заманда Шеркеш елі 12 ата Байұлы табына қарасты болып кірген. Ол шамамен 17 ғасырларда бастау алған болар. Әйтсе де Сібір мен Алтайдағы, Қара теңіздің солтұстік жағалауындағы жазықтықтағы өзен-сулардың,тау-қыраттардың атаулары қазіргі Кіші Жүз құрамындағы ру-тайпалардың аттарымен көбіне аталған. мысалы: Черкессы қаласы, Черкесск қаласы Украинада, Шерюгиш өзені Алтайда. (Одоев қаласы, Бирючи өзені, Тана (Дон) өзені, Ромоданов қаласы т.т.).
Осы Мамлюктер құрамы Шеркештер (Черкестер), грузиндер ж.т.б. болса, Хулагу сарбаздарының дені Наймандар мен Жарайырлардан құралған. Яғни Наймандар мен Шеркештердің бірінші ұщырасуы осы.
Екінші кездесуі Хорезм, Хиуа қалалары үшін болған Тоқтамыс ханымызға Әмір Темірдің шапқыншылығы кезінде. Әмір Темір Найманның Дүрменінің Барласы болса, лашкерлерінің көбі Наймандар мен Жалайырлар болған. Ал Тоқтамыс ханымыздың осы соғыстағы сарбаздарының дені Шеркештер болған. Ол тарихи деректерде бар. Оларды жарық көретін кітабымда атап өтемін. Үшінші кездесуі 18 ғасырдағы Әбілхайыр ханның бастауымен Жоңғар Ойрат-Шүршіттеріне қарсы соғысуы кезінде, қарсылас ретінде емес, керісінше одақтас ретінде шайқастарда ұшырасуы еді. Осы кездерде Кіші Жүздің көптеген ру-тайпалары Оңтүстік өңірлерде әскери қорған ретінде ме, қалып қойған.
Кіші Жүз руларының батыс өлкедегі атамекенде емей, шалғайдағы оңтүстікте мекендеуінің тағы бір себебі: 1928-29 жылдардағы большевиктердің, коллективизацилау, яғни колхоздастырып малының бәрін тәркілеп алу науқанының басталуы мен 1931 жылдардағы жалпы Қазақ жерінің барлық жерінде жұт болып, қалған тұяқтың қырылып, халықтың аштыққа ұшырауы еді. Соның салдарынан Қазақ даласының түпір-түкпірінде дүмпу-дүмпу көтерілісер өрши бастады. Солардың бірі қазіргі Атырау мен Маңғыстау далаларындағы атақты Адай көтерілісі еді. Соны ұйымдастырған бұрынғы байлардың қалдықтары, хан-төрелердің құдалары, Алашордашылар әулеті, адмирал Колчакпен, генерал Толстовпен, атаман Дутовпен байланыстылар тобы деп, патша заманында ел билеген Мақаш және т.б. билер шыққан әулет деп қыра бастаған. Соның дәлелі, Ә. Кекілбаевтың Шандоз атты кітабында \"...сонау Бөтік, одан Жайық, одан Дербіс, одан Түрке, одан Жұма, одан Пұсырман, одан Тұрымбет, одан Еспембет, одан Бекпембет, одан Шолтыр, одан Мақаш деген шынжыр балақ, шұбар төс ел билеген атқамінер бай-әкімдер тараған\" деп жазылған болатын. Оны қазіргі көзқараспен қараса жақсы, ал большевиктік көзқараспен қараса ше. 1931 жылы Иран, 1932 жылы Ауғанстан шекаралары жабылып қалды. Кетіп үлгіргендер кетті.
Шеркеште аты шыққан әулие-батырлар да аз емес, солардың бірегейі Дербіс бабамыз. Қыстауын ба, жайлауын ба Орал тауларының етегі мен Азов теңізінің жағлауларын ғана емес, Арал теңізінің шығысындағы алқаптарда да өткізіп жүрген. Оның дәлелі, қазіргі Байқоңыр космодромы салынған жер осы әулие бабамыздың жатқан жері. Аруағына енді неше мәрте зиян келтіре бермек екен космический корабльдерімен.
Бөтік бабамыз туралы Ұзақбаевтың \"Байбақты ата\" атты кітабында: \"...Ғ. Мүсіреповтің пайымауынша Мысырды билеген Бейбарыс пен Қалауындардан кейінгі Баркөк сұлтан осы Бөтік бабамыз болуы мүмкін\" делінген. Жалпы Мысырды (Египетті) 1260 жылдардан 1517 жлыға дейін Қалауын және оның ұрпақтары 135 жыл, Баркөк және оның ұрпақтары 103 жыл билеген. Сонда беріштерден Шеркештер 1279 жылы алған болып тұр. Жалғасы болады 8-701-531-01-32
Елтай
cherkes-112
17-12-14 16:46
Аттила (Еділ) қаған ұйымдастыруымен Аурупаға ауа көшкен Ғұн тайпаларының жұртында, Каспий теңізінің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік жағалауларын, Қара теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс, Азау теңізінің шығыс алқаптарын мекендеген ертедегі Шеркеш-Косогтар Хазар қағанатының іргесін қалап, орыс княздықтарының құтын қашырып отырған, атақты Берендейлер мен Бродник әскери жасақ құрамаларынан қазіргі Дон мен Кубань казактары, Бұхар, Одесса, Польша (Литвин) еврейлері шығып тараған, кейінірек 6-13 ғ.ғ. Каспий тасып, батыстан орыс княздықары (Святослав, Святополк т,б,), шығыстан Сельджұқ Қаңлылары мен одақтастары Дайлар (Адайлар), солтүстіктен Педженегтер қатты-қатты соққылар беріп отырған. Кейінірек Педженегтердің өздері Берендейлер мен княздіктердің және Еділ Бұлғарларының соққыларынан қақ бөлініп Черные Клобуки және Қара Қалпақтар болып ыдырайды. Қарақалпақтар Арал тңізі жағалауларына ауса, Черные Клобуки қазіргі Украин ұлтына сіңіп кетеді. Орыс княздықтары мен Шеркештер арасында бірде достық, туыстық, құда-жекжаттық, бірде ала ауыздық шабуылдар да болып тұрған. Оның себебі княздықардың бірімен дос болсаң екіншісі шабуылдайтын (өзара ала ауыз, қырғи-қабақ еді). Сол кездерде княздықтар Шеркештерді далалық көшпенділер болғандықтан Половцы деп атап кеткен. (Половый - желтые как степи). Көптеген атақты жазушылардың, соның ішінде патшалы Ресейдің, одан кейінгі КСРО-ның ғұлама кітаптарында шұқып тұрып көрсетілген.
Шығыста енді Қыпшақ тайпалары одақ құрып басып кіре бастайды. Ал біздің көптеген сарбаздарымыз княздықтарға ғана емес, Рим, Византия империяларына, Мысыр (Египет) мемлекеттеріне де жалдамалылар ретінде кетіп отырған. Мысыр, Үндістан, Иран, Ирак елдеріндегі Мамлюктер, Ғұлямдар ж,т.б. көбі ШЕРКЕШТЕР. Ол 10-13ғ.ғ.. Осы мықты Қыпшақ Одағы басып алып, өзіне қосып ала қояды. Өйткені одақтастарымыз орыс кныздықтары өзара қырғи-қабақ, ала-ауыз, ал көбірек сарбаздарымыз жалдамалылар болып солардың бірінде Берендейлер болып, екіншісі Бродник болып, әйтеуір казак болып, енді бір көп тобымыз мамлюк пен ғұлям болып кеткен еді. (Яғни кейін ассимиляцияланып украинданып, орыстанып, арабтанып деген сөз).
Шеркештер - княздіктерге жау ретінде көрсетілгенде Половцы делінсе, дос ретінде Берендеи деп те аталып жүрген. Басып кірген Қыпшақтар Шеркештерді түртпектеп орыс княздіктеріне айдап салып отырған, сонымен Половцы (Степняки) болып аталғанбыз.
Педженегтер де қазір жартысы қарақалпақтардың жартысын құраса, екінші бөлігі украиндарды құрайды (ассимиляцияланған).
Қарақалпақтарың екінші жартысын таза маңғолдардың қалдықтары Маңғыттар мен оның ішіндегі Тимуджин (Темір) руы Қияттар, олар кейінірек 13 ғ-да Хорезм, Бұхара, Самарқанд т.б. отырықшыларды ұстау мақсатында көшпенділердің қондырылғандары. Сол сияқты Шыңғысханның нағашы және қайын жұрты Қоңыраттар да оңтүстіктегі Отырар, Шымкент, Ташкент, т.б. шаһарларды ұстап тұру мақсатында қондырылған.
1223-41 ж.ж. Маңғұл-Татар Ордасы Қыпшақ Одағына көшіп, кіріп келеді. Шеркештерді орыстарға айтақтап отырған қыпшақтардың Хан-Қағандары орыс княздіктері мен Шеркеш-қыпшақ половецтерінен жасақтар құрып тойтарыс береді.
Берендейлер мен Бродниктер - қазіргі украин және орыс казактары, Черные Клобуки - украиндықтар, Половецтер көбі - Украиндар, (40000 шаңырақ Мажарияға-Венгрияға ауғандар - олар қыпшақтардың атқамінерлері).
1260-65 ж.ж. Ноғай мырза Алтын Орданы тізгіндейді. Хан-төрелер тырп ете алмайды.
Қазіргі Башқұрт елінің жаартысы тама болса, жартысы осы маңғыттар (басқалар да аздап бар). Ноғай елінің 80-90 пайызы маңғыттар. Қарақалпақта 40 пайыз. Қазан татарларының 3-тен бір бөлігі, ежелгі бұлғар болса, екіншісі татар, үшінсіші осы маңғол қалдығы маңғыт.
Керейдің көпше түрі Керейт ретінде Кіші Жүзде, Керейдің өзі Орта Жүзде. Түркі (Дулу) - қазіргі Дулат. Т - қаріпі көне түркі тілінде (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер сияқты) көптік жұрнақ.
Шеркештің таңбасы Ү - Бақан. Таңбасына қарап ҚОСОҚ (КОСОГИ) деп атаған. Осы таңбасына қарап атақты академиктер Муканов пен Востровтар Шеркешті Найманның Балталы мен Бағаналы тайпасының таңбасымен ұқсас болуы ертеде осы тайпалардан шыққан болуы мүмкіін дейді. Осы аталған тайпалардан атақты Қозы Көрпеш пен Баян сұлу шыққан. Зираты ШҚО-дағы Аякөз өзені жағсында, Таңсық стансасы қасында. Олардың 1500 жылдығы аталған. Яғни осыдан 1500 жылдар бұрын, демек 510 жылдарда Шығыс Қазақстанда болғанбыз. Балталылар мен Бағаналылар 8 ғ.ғ. бастап па Қазіргі Жезқазған облысының Ұлытау өңіріне қоныс тебе бастайды. Шкеркештер кейінірек Каспий, Нарын, Дағыстан, Құбан ойпаттары мен Шағырай үстірттеріне қоныс тебе бастайды.
Найман Ұлысы да 8-12 ғ.ғ. арасында өркендеп тұрады. Найман Ұлысы Шыңғысханның шабуылына қарсы шығып жеңіліс табады. Діндері өйткені Тәңірге сиынудан Несторнианға ауытқи бастағандықтан еш көмек болмаған.
Маңғұлдардың таңбасы қазіргі Жалайыр мен Төрелердің, Ноғайлардың, Башқұрттардың таңбаларымен бірдей. Маңғұлдардың Жалайырлардың, Татарлардың біріккен күші Наймандарды басып алады.
1260-80 ж.ж. Хулагу бастаған Маңғұлдардың әскері Орта Азия арқылы Иран, Ирак, Сирияға басып кіреді де Мысырды Алмақ болады. Хулагудың сарбаздарының жартсынан көбі Наймандар мен Жалайырлар болады. Олардың мықты қолбасшылары Келбұға мен Кетбұға деген атақты Наймандар болады. Мамлюктер басқарған Мысырға шабуылдайды. Сол кезде Мысырға ағылшын, неміс, француз кресшілері де шабуылдайды. Олардың бәріне тойтарыс беріп Мысырды қорғап қалған Бейбарыс, Қалауын, кейінірек Баркөк(Бөтік) сұлтндар. Олардың бәрі де Шеркештер. Мәмлюктер әулеті 1517 жылға дейін Мысырды билейді. 19 ғасырда француздар басып алып, 1812 ж. Наполеон сарбаздары ретінде Мәскеу түбінде үседі.
Түркі атауы Дулаттан шықса. Қазақ, казак атаулары шеркештен шыққан. Дулаттар 6 ғ.ғ. Алтайда тұрса,қазір Оңтүстік Қазақстанда тұрады.
Ұлы Шеркеш Ұлысының тарихы мен текті шеркеш азаматтарының өмірбаяны мен шежіредей тарихының толығырақ жалғасы келесі жолы болады. 8-701-531-01-32
Нурбол
Nurbol_1998.n@mail.ru
02-07-14 22:58
Достар мен Жаугашты Шекешпин Жаугашты созинин магынасын билгим келеди
шаттык
jardem2001@mail.ru
05-04-14 12:44
шеркеш косыммын косым туралы блгм келед
Нурлан
nurlan_sherkesh@mail.ru
05-04-14 12:36
Косым Шеркеш, Жанкабыл мын, Мангыстау да, Мангыстау-5 те турам.
Cақау Шеркеш
18-02-13 21:06
Шенеш сырттан қосылған "тума" болғасын солай \"Қосым\" аталған.
__ОлЖас__
olzhas-1986@mail.ru
18-02-13 17:18
Ассалаугалейкум бауыр, іні , карындастарым !!! мен Еламан Шеркешпін !!!
Жаудан қайтпаған... Шеркеш - деген рухын тусирми,
кіші жүздін мәртебесін, үнемі өз жанынан жоғары ұстаған жандармыз !!!
Ш Е Р К Е Ш -пін деген жандарға Е Л А М А Н нан шыққан жандар !!!
Х А Б А Р Л А С Ы Н Д А Р ! ! !
armat
artik_97_20@mail.ru
07-05-12 12:13
salem werkewter mende werkewtin toktaylimin osi rudin tarixin bilgim keledi xabarlasindar>

Куанышов Нургиса
nurgisa_95-95@mail.ru
09-03-12 19:04
Мен де Шеркешпин,онын ишинде Кулакаска, мен озимнин руым жайлы толыкканды билгим келеди, шеркеш болсаныздар менин логениме дружба жибериндер, танысып билисемиз, мен Актобе обл, Айтеке би (КОМСОМОЛ) ауд, Толыбай ауылынанмын !!!
Қайсақ
Толқынға
29-11-11 17:53
Толқын, сенің шеркештердің шығу тарихына қызығуың өте жақсы екен.Алған бетіңнен қайтпа, сонда ғана бір нәрсеге қол жеткізуге болады.Шындап іздесең, шеркештердің тарихы тереңде жатыр, тек соның соңына түсіп іздейтіндер болса жақсы болар еді...
Толқын
t.koishegulova@mail.ru
29-11-11 11:46
Мен де Шеркештің Тоқтығұлымын бауырлар!!!!! Ағайын туыс мында жатыр екен ғой))))) бәріміз бірігіп шежірені жариялайық!!!!! Қандай да мағлұматтар болса менің почтама салып жіберсеңдер жақсы болор едію Руымыздың тарихын, шежіресін зерттеп жүрмін. Бәріміз бір жұмылдырық болып бірге жасайық ағайын-туыс!!!!!
Бек@
nauka-93-kz
28-11-11 14:18
AsSalamugaleikuM barluk jamagatka.Werkew Bauirlar kalaisundar?nazarlarunda JAKAU WERKEW balasu . Jalpu jakau werkew jailu estulerin barma?
Аслан
mr_asl@bk.ru
21-11-11 20:38
Менде шеркеш Тоқтағұлмын...если че хабарлас мээйлга
Ақтолқын
17-07-11 09:54
Салем ШЕКЕШТЕРІМ!Мен Тоқтағұл Шеркешпін.Тоқтағұлдар болса хабарласындар!
Ринат
ruakhitov@mail.ru
11-04-11 16:53
Мен Шеркеш руының Сақау бөліміненмін, бир айтарым шеркештер ата бабаларыңды жазған уақытта туған жылына қарап жазыңдарсайшы биреуіңнің атаң тұрған жерде басқасының баласының есімі тур? содан реттік болмайды. жазарда алдында жазылғандарды қараңдар мүмкін аталастар болар, туган жылын шамамен қойса ешкім шатаспас болар еди.
Алдаберген
16-12-10 07:50
Шенеш атауы тарихта кездеспейдi.
гулдана
i.guldana.93
14-12-10 09:39
шеркешке келін болсамба деймін
Байбак
09-10-09 17:04
Осы Косым аталыгын биреу "шеркеш" дейди, биреу "шенеш" дейди. Абден жынды гып битти. Кайсысы жон. Шежиресин жарияласаныздар, макул болар еди.
Алтын
аltin.1995
16-09-09 17:57
Шеркеш руы Қазқ халқы арасындағы ең адал,мейрімді,және де пысық рулар қатарына жататын ру балып келеді
Erke
22-07-09 18:50
Magan xabarlas! men de werkew! po4tandi jazip jiber! kitabin jiberemin!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов