Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Табын Қарақойлы руының шежіресі керек


Авторы Xабарлама
Бакберген
22-07-09 21:09
Айтыңызшы, Қарақойлы қайдан келген? Сары деген кім? Қарақойлы Едіге ұрпағы ма? Онда олар қалай келген? Шалдар не дейді?

Авторы Жауап
Нұрболат
nurbolshik_86@mail.ru
16-07-17 08:18
Құт еттер жайлы деректер барма
Есет
7eset@mail.ru
11-07-17 14:10
ДӘУІТ БАТЫРДЫҢ
ШЫҚҚАН ТЕГІ ТУРАЛЫ

Биыл, 2017 жылы қазақтың белгілі батырларының бірі – Дәуіт Асауұлының (1787-1874 жж.) туғанына 230 жыл толады. Дәуіт батырдың текті тұқымнан шыққаны белгілі. Әкесі Асау батыр, әсіресе атасы Барақ батыр бүкіл қазаққа танымал әйгілі тұлғалар. ОларТабын тайпасы Қарақойлы руының үлкен бір аталығы Лабақтың ұрпақтары. Қазіргі кездегі жүргізілген зерттеу нәтижелері, шежірелер мен бұрыннан келе жатқан аңыздар, Дәуіт батырдың арғы аталары «Ел қамын жеген ер Едіге» батырға (биге) барып тірелетінін көрсетеді. Шежірелерде айтылатын Қалу (Мәку) мен Сарай (Сәре, Сары) туралы айтқанда, Әлім тайпасындағы Шектінің (Жаманақтың) құрамындағы Тілеу мен Қабақтың тарихын салыстыра зерделесек, біраз нәрсеге қанық боламыз (М.Неталиев. Кіші жүз шежіресі. Тарихи этнографиялық зерттеулер. Алматы, 2007. 252-бет). Руға аты берілген Тілеу батыр Айтұлы қазақтың Батыс өлкесінен 7 мыңдай қолмен барып, Тәуке ханның алдынан өтіп, 1684 жылы Сайрам (Ойрат) соғысында қазақ елі үшін асқан ерлік көрсетіп, ат үстінде шейіт болған. Осы кісілердің де арғы тарихына үңілетін болсақ, ол атақты Едіге батырға барып тірелетінін байқауға болады. Едіге батыр шежіресі: Баба-түкті шашты-әзиз - Құтты-қия (Балташық) – Едіге - Нұраддин – Уақас - Мұса (М.Тынышбаев. Ташкент, 1925). Татар ғалымы Марсель Ахметзяновтың мақаласында Мұса ханнан Жүсіп, Мамай, Орақ, Сейдақ, Мәку (Қалау), Сәре (Сары), Шейх-Мамай, Жаңбыршы, Алшы-Исмаил туған делінеді. Алшы-Исмаил айламен отыз мырзаны өлтірді. Ол Мамайдан кейін хан болған Орақты өлтіргеннен кейін, Мәку мен Сәре Хорезм жағына қашты, содан ізсіз кетті деп жазады (М.Ахметзянов. Между Волгой и Яиком. Идель. 1991. №10-11. С.81-84. Алаш, 2008. №2 (17). С.113-114). Сол ізсіз кетті делінетін Мәку (Қалу) – Әлімнің Шектісінің, Тілеу мен Қабақ руларының арғы атасы болса, ал Сәреден (Сары, Сарай) тараған ел Қарақойлы руына жататын 9 арыс Лабақтың тұқымы (төрт бәйбіше - Қожаназар, Қожірек, Маңғытай, Созақ және бес тоқал - Ақназар, Жәнікей, Жінікей, Көшен, Отарбай) әлі күнге дейін қыз алыспайды. Дәуіт батырдың атасы Барақ батырдың әкесі Сатыбалды - Отарбайдың бес баласының бірі.
Шежіреге сүйенсек, Табын тайпасы Ағым (Тартулы, таңбасы Көсеу), Тоғым (Жылқышы, таңбасы Тарақ) және Бозым (Шөмішті, таңбасы Шөміш) деп аталатын 3 бөлімге бөлінеді. Шөмішті табындар өз кезегінде үшке бөлінеді: Асан (Ажым, Қаражон, Жалпақтыл, Нүрке), Тоқсиық (Есенбай, Барлыбай) және Қарақойлы (Қоңыр, Сағыр, Құтет, Жолый, Екібас, Лабақ). Қарақойлыға байланысты «...аңыз-әңгімелерге құлақ түретін болсақ, қазіргі Ақтөбе облысына қарасты Доңызтау елді мекенінде Табын елінің Шөмішті тармағынан тарайтын Асан деген байдың ауылына түн жамылып, жүріс-тұрысы, киім киісі елден ерекше үш аттылы кісі байдың үйінің алдына аттарын байлап, қонып кетуге рұқсат сұрайды.Үш күн, үш түн қонақ болғаннан кейін, кетуге онша асыға қоймаған қонақтардан олардың қайда бағыт алып шыққандарын сұрастырады. Келген үш адамның ішіндегі ең ірі денелі, сұсты қарасы отырғандарды әңгімеге тартып, паналай тұратын елді мекен болса, өздерінің мал бағып, отын шауып ішкен-жегендерін адалдап ішуіне риза екендіктерін түсіндіреді. Бұрын-соңды сырын білмейтін, танымайтын адамдарға малын бақтыруға ешкімнің батылы бармай, үндей қоймапты. Ел ағаларының бір шешімге келмегенін пайдаланып, байдың Сәндіқара деген қызы әкесінен осы үш кісінің билігін өзіне беруін өтінеді. Ел арасындағы аңызда Сәндіқараның лақап аты Қарақыз болып аңызға енген. Әкесінің келісімін алған Қарақыз (кейбір деректерде ол Қаражонның қызы делінеді) ауыл жігіттеріне үшеуін ұстатып, аяқ-қолдарын байлатып тастайды. Қасындағы екі жігіт аяқ-қолы байлаулы, біресе оң жағына, біресе сол жағына аунап ұйықтап жатқанда, қара торысы жүресінен отырып, үш күн, үш түн тамақ ішпестен көздері оттай жайнап ешкімге қарамастан отырып шығады. Өзінің сынынан өткен ірі қара торы өзін Сәре деп таныстырғанымен, Сарайшық қаласынан келгендігін ескеріп, сол жердің адамдары оны Сарай деп атап кетеді. Сарайдың бір қасиеті қасындағы екі жолдасы күннің суығында қойлардың арасына кіріп ұйықтап шықса, ол өзі бір төбенің басында айналасындағы мезгілсіз келетін ұрылар мен жыртқыш аңдардан сақтанып, астына төселген текеметтің үстінде түнімен отырып шығады екен. Екі жолдасымен Сарайға екінші жылы түйелерін бағуға рұқсат береді. Өзіне сеніп тапсырылған түйелері қоңды, қыстан күйлі болып шыққаннан кейін, үшінші жылы оларға байдың жылқыларын бағуға рұқсат етеді. Сол жылы қыс өзінің мезгілінен ерте түсіп, боранды жұт Доңызтау алқабына көп қиыншылық тудырады. Жылқышылар осындай қарлы боранда қатты соққан бұрқасын желмен жылқылардың бетін қайтара алмай ізінен кете барады. Қарақыз болса өзінен көріп, барлық жылқысынан айрылған әкесінің қас-қабағына қарап, сыр білдірмей қыстың қақаған боранында өзінің босағасына оншақты қара қойды жем-шөп беріп қыстатып шығарады. Қыстың райы қайтып қар ери бастағанда, ұйықтап жатқан Қарақыздың құлағына, еліне құт болған Сыңсыма деген айғырдың даусы еміс-еміс шалынады. Таң атысымен әкесінің үйіне кіріп, өзінің Сыңсыманың даусын үшкүндік жерден естігенін хабарлап сүйінші сұрайды. Төрт түлік малынан түгелдей дерлік айырылып қалған Асанға бұл хабар ерекше әсер етіп, қасында тұрған қызына: - Қарағым! Перзенттерімнің ішіндегі қыз да болсаң ақыл-парасатың ер азаматқа бергісіз баламсың, егер де жылқыларым түгенделсе сенің тілегіңді орындармын – деп уағдасын береді. Көп ұзамай Сыңсыма бастаған көп жылқы ауылдың үстін шаңдатып, еліндегі қалған жылқылармен шұрқырасып табысып, тасырлаған жылқылардың дүрсілімен ауылдың көркі кіріп, әп-сәтте қазан асылып, ауыл ақсақалдары Асан байдың үйіне жиналады. Ауыл адамдарымен аман-саулықты сұрастырған Сарай, өзінің қыстың қарлы боранында ықтасынға бағыт алған жылқыларды ауылға қарай қайтара алмай, бірнеше күн жылқылардың ізінен еріп отырып, Түркменстанның Қызылқұм ойпатындағы қары жоқ, жылы елді мекенінде қыстатып, биелерін құлындатып, соғымға сойған жылқыларымен жолдағы қарлы боранда қалған жылқыларының есебін түгендеп Асан байдың алдына тапсырады. Осы жерде өзінің төренің тұқымы Мұса ханның баласы Сейдақтың ұлы екенін, өзімен бірге туысқан Қалу деген інісінің осы елдің бағытында, еліндегі тақ таласынан туған қанды уақиғаның салдарынан қашып жүргенде адасып қалғандығын баяндайды. Қарақыз анасына өзінің Сарайды жақсы көретінін айтып әкесінің, ел ақсақалдарының ақ батасын алып, ұлан-ғасыр той жасап, қосқаннан кейін өз алдына отау тігіп бөлек шығарады. Ұзатылған қыз өзінің ақыл-парасатымен әке-шешесінің берген малдарын алмай, қыс бойы қасында қоздаған он-он бес қара қойларын, жасауымен бірге алады. Бір-екі жылдың ішінде құт дарыған шаңырақтың айналасына қара қойлар көбейіп, тұла бойы тұңғышы Боздақ дүниеге келеді. Өз алдына қоныстанған бұл шаңырақты айналадағы ел – «Қарақойлы Сарай төренің ауылы» - деп атайтын болады. Арадан тағы бір-екі жыл өткенде Ақжол, Бекжол деген егіз бала дүниеге келеді. Алыс жақыннан келген қонақтар ендігі жерде бұл ауылды «Асан-Қарақойлы» - деп те атайды» (М.Қабижанұлы. Тоғыз арыс Лабақ қарақойлы туралы не білеміз? Асау-Барақ. Ақтөбе,2013. Б.7-16.).
Жыршы М.Жұмағалиев «Сарай атамыздың тарихы» деп аталатын жырды (видеожазбасы менде сақтаулы. К.Қ.) ақын Тлеумағанбет Аманжолұлының ұлы Ережеп жыршыдан үйрендім дейді. Жырдың жалпы мазмұны, жоғарыда келтірілген М.Қабижанұлының «Тоғыз арыс Лабақ қарақойлы туралы не білеміз?» атты мақаланың сюжетіне өте ұқсас. Жырдың негізгі кейіпкерлері Сарай мен Қарақыз, қысқаша мазмұны төмендегідей. Жыр Мұса ханның інісі, Сарытаудың ханы Шынылыханның жалғыз баласы Сарайдың, әкесінің бас уәзірі Баймағанбеттің жалғыз ұлымен күресіп ойнап жүріп оны өлтіріп алғанынан басталады. Әкесінің қаhарынан қорыққан ол Хиуа хандығы жағына қашып кетеді. Ол жерде біраз болғаннан кейін, қайтар жолда Қаражон байдың жылқысын бағады, оның қызы Қарақызға үйленеді. Байдың қызына еншіге берген қара қойы көбейеді, елі «Қарақойлы» атанады. Жыр соңында, Сарай кіші балалары Есдәулет пен Нұрдәулетті ертіп еліне қайтады.
Т.Үсенбаевтың «Қазақ шежіресі» кітабында «...Мұса хан қайтыс болғаннан кейін, Орақ хан болып тұрғанда, Әнжі-Ысмайыл өзінің жақтастарымен бірігіп, күндестікпен Орақты айла-сұмдықпен өлтіреді. Ысмайыл өзі хан болу үшін енді Орақтың ұлдары Қарасай мен Қазиды да өлтіріп, құтылудың жолын іздейді. Сөйтіп жүргенде ілім-білім іздеп алыс жұртта оқып, оқудан еліне қайтып келе жатқан Қарасай мен Қазидың інісі Айдынділмәш елге жақындағанда Ысмайыл Мәкуді ертіп алып, оның алдынан қарсы алған болып шығыпты дейді. Бірге келе жатқан жолда Айдынділмаштың садағын алдап алып, Мәкуге беріп, аңқау інісін ту сыртынан Мәкуге атқызып өлтіртеді. Енді Ысмайыл сұм, Мәкуді өлтіру үшін Қырымнан жаугершіліктен қайтып келе жатқан Қарасай мен Қазиға: «Айдынділмашты Мәку өлтірді» - деп шұғыл хабар жібереді. Сонда Мәку осы хабарды өзінің басқа бір жақтас жанашырынан естіп, алдауға түскенін түсініп, кінәлі екенін енді біліп, бас сауғалап, өзін өлімнен құтқару мақсатында елінен қашып, бет алды құла дүзге кете барады. Сол кеткеннен келіп, ашығып, талықсып жатқан жері осы екен, оның үстінен Шыңғыс (Жаманақ-Шекті) атамыз шығып, Мәкудің өлмей, аман қалуына себепші болған екен дейді». Ол төмендегіше баяндалады: «...Сол заманда қазақтың бақуатты бір байы әкесіне ас жасап, үш жүздің адамдарын асқа шақырыпты. Сол асқа Жаманақтың үлкені Шыңғыс атамыз қатыспақшы болып күндік жерді бетке алып жолға шығады. Түс ауғанда намаз оқу үшін жол шетіне бұрылып шығып, кідіреді. Жол шетіндегі ағаштың көлеңкесіне келсе ұйықтап жатқан 8-10 жас шамасындағы бір баланың үстінен шығыпты. Намазын оқып болған соң, баланы оятып алса, ашығып, шөлдеп, талықсып қалған екен дейді. Аузына торсығынан су тамызып ішкізіп, шөлін қандырып, есін жиғызып жөн сұрайды. Бала: «Әке-шешем де, жанашыр ағайын туысым да жоқ, тұлдыр жетіммін» - дейді. Шыңғыс баланы атына міңгестеріп ала кетеді. Ас жасалып жатқан ауылға жақындағанда, екінді кезінде, Шыңғыс баладан: «Атың кім? Егер басқа қамқор болар ешкімің жоқ болса, онда маған іні боласың ба?» - деп сұрайды. Бала: «Атым Мәку, Сіздей ағам болса, арманым болмас еді» - дейді. Сонда Шыңғыс: «Ендеше, екеуміз келісіп алайық. Мен алдымыздағы көрінген ауылға асқа бара жатырмын. Осы жерден түсіп, сен де сол ауылға өз бетіңмен барып, көппен араласып тамақтанып, қонатын бол, көп ішінде сенің кім екеніңді ешкім білмейді, тамаққа тойып алып, ұйықтап, демал. Ертеңіне асқа жиналған көп елдің бір шетіне шығып «Жаманақ деген кісінің баласы едім, Шыңғыс, Өріс, Баубек деген ағаларым бар еді. Менің жастау кезімде ауылымызға жау-қалмақтар шауып, малымызды барымталап алып, мен жау қолында тұтқын болып кетіп едім. Қазір есейген соң қалмақтардан қашып құтылып, елге келе жатқан бетім осы еді. Қадірлі халайық, араларыңызда сол менің туыстарымды білетіндеріңіз барма, бауырларыммен табысуға көмектесіңіздер?!» - деп сұрау сал. Сол кезде мен де бір шеттен «Уа, жамағат! Сонау бір жылы жау-қалмақтар бұйқыт жатқан ауылымызды төтеннен келіп шауып, мал-жанымызды олжалап кеткенде ішінде Мәку деген інім де кетіп еді. Егер тірі жүрсе, есейіп елін табатын уақыт жеткендей болды. Араларыңызда ол туралы білетіндеріңіз бар ма?! Болса қуанышты хабарын айтып, сүйіншісін алыңыздар», - деп жар салармын. Бірақ көптің ішінен біреулер ініңнің қандай белгісі бар еді деп сұрауы мүмкін. Сонда мен не айтамын, тал бойыңда қандай белгі бар еді?» - деп сұрапты. Сол кезде бала (Мәку) жейде көйлегін шешіп, арқасындағы алақандай меңін-қалын көрсетіпті. Сонымен екеуі мақұлдасып, екі бөлініп жүріп ауылға келіпті. Ертеңінде кешегі екеуінің уәдесі бойынша, Шыңғыс бір шеттен, Мәку бір шеттен, әрқайсысы өзінше бірі інісін іздеп, екіншісі бауырын (ағаларын) іздеп жар шақырып сұрау салып, көпшілікке хабар таратыпты. Хабар бірден бірге жетіп таралып, Шыңғыс пен Мәкуге естіліп, олар сол жерде кездесіпті. Шыңғыс «інісінің» арқасында алақандай меңі бар екенін айтып, көптің қөзін жеткізіп, «інісін» сол жерде құшақтап бауырына басыпты дейді. Астан кейін Шыңғыс «інісін» (Мәкуді) ауылына әкеліп, ауыл-аймақты жиып, той жасап өзіне бала етіп алыпты. Арқасында қалы-меңі болғандықтан оған «Қалу» деп қайтадан ат қояды. Қалу (Мәку) мінез-құлқымен де, тындырымды ісімен де жаңа тумаларына, ағайындарына да жағымды болады. Оған құда түсіп, Зеріп деген бір қызға үйлендіреді, отау тігіп өз алдына бір шаңырақ етіп шығарады. Зеріп екіқабат болып, қуаныштары қойнына сыймай нәресте күтіп жүргенде, тағдыр Қалудың ғұмырына тосқауыл жасап, жігіт ауыр дертке ұшырап қатты науқастаныпты. Ол ауру меңдей бастаған соң, өлетінін білген болуы керек, Шыңғыс әкесіне шындығын ақтарып айтыпты: «Әкесінің аты – Сирақ, оның әкесі Ноғайлы Мұса хан Едіге батырдың төртінші ұрпағы (шөпшегі) дейді. Осы хикаяны айтып болып Қалу (Мәку) әйелі Зеріптің екіқабат екенін, ұл туса атын Бөлек деп қоюды аманат етіп тапсырыпты дейді. Сөйтіп, Қалу (Мәку) Зеріпке үйленгеннен алты ай өткенде дүниеден өтіпті. Бұл хикаяны кезінде Шыңғыстан басқа ешкім білмепті. Өлер алдында иманын үйіріп отырған молда сөзге келмей, ауыр хал үстінде жатқан Қалудан дінін, тегін сұрап отырыпты. Қалу молдаға дастархан шетінде жатқан сүйекті ымдап көрсетіпті дейді. Оның осы ымынан Қалу (Мәку) ақсүйек тегінен екенін молда түсініпті. Жесір қалған Зеріп, Қалу өлгеннен кейін ұл туып, оның атын әкесінің өсиетіне сәйкес Бөлек деп қойып, Жаманақтың Шыңғысының бір ұрпағы деп санапты. Бөлектің жеті балаларынан тараған ұрпақтар «Қыр шектісі» атанған» (Т.Үсенбаев. Қазақ шежіресі. Бірінші том. Кіші Жүз - Бек Арыс. Алматы, 2006. Б.216-219; Табылдиев Х., Қалмұратов А. Кіші жүз рулары (Шежіресі мен тарихы). Алматы, 1994. Б.51).
Ел аузындағы «Табын болсаң Лабақ бол, Әлім болсаң Қабақ бол» деген сөздер де тегін айтылмаса керек. Өйткені, Дәуіт (Табын-Лабақ) пен Есет (Әлім-Қабақ) батырлардың 1855-1858 жылдар аралығында патша өкіметіне қарсы тізе қосып бірігіп, көтеріліске шығуында да үлкен мән жатқан сияқты.
Біз, жоғарыда айтылған аңыздарды, жырларды және деректерді зерттеу нәтижесінде, Мәку (Қалу) мен Сәре (Сарай, Сары) Едігенің бесінші ұрпағы Сейдақтың балалары болуы әбден мүмкін деген тұжырым жасаймыз.
Едіге (әкесі Құтты-Қия, Балташық) батырдың шежіресіне келер болсақ, одан 9 ұрпақ тарайды (Нұраддин, Мансұр, Кейқуат, Қасым, Сейітәлі, Қазы, Наурыз, Сұлтан Махмұт, Мүбәрак шах). Нұраддиннен - Уақас пен Аббас; Уақастан - Мұса, Жаңбыршы, Хорезми, Хасан; Мұсадан 10 бала - Сейд Ахмет (Сейдақ, Сидақ), Сұлтан Ахмет, Мамай, Дос Мұхамед, Қажы Мұхамед, Шейх Мұхамед, Шейх Мамай, Алшағыр, Жүсіп, Исмаил; Исмаилдан – Дін Ахмет, Мұхаммед, Орыс, Дінбай, Құтлықбай (Құлбай), Ханбай, Жанбай, Ибрагим, Құрбанәлі, Би-Құтлық; Дін Ахметтен – Ораз Мұхаммед (Орманбет би), Дін Мұхаммед, Естерек, Бәйтерек, Шайтерек, Жас Терек, Бектерек, Шаштерек, Күшік, Шейх Құсайын, Назар Мұхаммед тарайды (Табын. II-том. Бірінші кітап. Алматы, 2006. Б.224; Тама. I-том. Екінші кітап. Алматы, 2005. Б.46; Е.Мағауин. Едіге. Халық эпосы. Алматы, 1993. Б.7).
Клейменов Г.Н. (2011) Ноғай ордасының (Үлкен Орда) 1391-1634 жылдар аралығында ел басқарған билерінің төмендегідей хронологиялық тізімін келтіреді:
Едіге би, Балташықұлы (1392-1412),
Нұраддин батыр-би, Едіге би ұлы (1412-1419)
Мансұр би, Едіге би ұлы (1419-1427)
Қази би, Едіге би ұлы (1427-1428)
Уақас би, Нұраддин батыр-би ұлы (1428-1447)
Хорезми би Уақас би ұлы (1447-1473)
Аббас би Нұраддин батыр-би ұлы (1473-1491)
Мұса би, Уақас би ұлы (1491-1502)
Жаңбыршы би, Уақас би ұлы (1502-1504)
Хасан би, Уақас би ұлы (1504-1508)
Шейх-Мұхаммед би, Мұса би ұлы (1508-1510),(1516-1519)
Алшағыр би, Мұса би ұлы (1508-1516)
Ағыс би, Жаңбыршы би ұлы (1521-1524)
Сейіт Ахмет би, Мұса би ұлы (1524-1541)
Шейх-Мамай би, Мұса би ұлы (1541-1549)
Жүсіп би, Мұса би ұлы (1549-1554).
Исмаил би, Мұса би ұлы (1557-1563)
Дін Ахмет би, Исмаил би ұлы (1563-1578)
Орыс би, Исмаил би ұлы (1578-1590)
Мұхаммед би, Дін Ахмет би ұлы (1590-1598)
Дін Мұхаммед би, Дін Ахмет би ұлы (1598-1600)
Естерек би, Дін Ахмет би ұлы (1600-1619)
Қанай би, Дінбай мырза ұлы (1622-1634).
Соңғы, Қанай би Астрахань түрмесінде 1638 жылы қайтыс болған. Жүсіп би 1552 жылы орыс патшасының Қазан хандығын жаулауға жорыққа дайындалып жатқанын естіп, әскер жинауға бұйрық береді. Бұл сауда ара-қатынастарына кесірін тигізетінін айтып, Исмаил мен оның жақтастары оған қарсы болады. Жүсіп би 1555 жылы қаза табады, одан кейін Исмаил би болады. Нәтижесінде, Ноғай Ордасы үш бөлікке бөлінеді: біріншісі – Үлкен Ноғай Ордасы, Еділ мен Жайық өзендерінің арасы, Мәскеуге бет бұрған Исмаилдың жақтастары; екіншісі – Кіші Ноғайлар (Қази жұрты), Қырым хандығы мен Түркияға бет бұрған Қази және Дінбай мен Құтлықбай (Исмаилдың балалары) бірігіп, 1955-1958 жылдары ноғайлардың бір бөлігін Кубанға, Солтүстік Кавказға алып кетеді; үшіншісі – Алты ұл Ордасы, Шейх-Мамай мен алты мырза бастаған халықтың бір бөлігі Жайық пен Жем өзендерінің арасын жайлайды. Исмаил би 1557 жылы Мәскеуге, орыс патшасына біржолата бағынатынын мойындайды». (Клейменов Г.Н. История русской равнины. Книга 2. Часть 4. Глава 6. 2011. Изд-во РИОР, Изд-во Рунета. 1076 с.).
Едіге батырдың (бидің) өзінен бастау алатын жоғарыда келтірілген тізімдегі билердің біразы Ноғайлыға (Қазақ хандығы 1465 жылы бөлінген) тиесілі екендігін ұмытпаған жөн. Ноғайлының, тіпті Ноғай Ордасының да («Қырымның қырық батыры») батырлары Қазақ пен Ноғайға ортақ батырлар. Мұса биден (ханнан) бастап Жүсіп биге дейінгі аралықтағы уақыт 64 жылды (1491-1554 жылдар) қамтиды. Бұл Ноғай Ордасының ең дәуірлеген кезеңі болып табылады.
Е.Мағауин (1993) «...Тарихи Едіге – көзі тірісінде-ақ аңызға айналған адам. Бүгінгі ұрпаққа жеткен жыр-дастандар және түрлі аңыздар мен әңгімелер кемеңгер көсемнің өзі өмір сүрген кезеңде қалыптаса бастаған. Едіге туралы ертегі әңгімелер, қисса жырлар түрік халықтарының арасында кең тарап кеткен. Ғылымға қағаз бетіне түскен отыздан астам нұсқа белгілі. «Едіге» - қазақта кең тараған, халықтың ғасырлар бойы сүйіп тыңдаған жырларының бірі. Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов «Едіге» жыры жөнінде «Қазақтың ең тамаша жыры – Едіге» - деп айтқан. Шоқан нұсқасы аталып кеткен қазақтың «Едіге» жыры көркемдігі жағынан болсын, көлемі жағынан болсын, көнелігі жағынан болсын ең құндысы деп танылған. Оны алғаш рет, Шоқан қайтыс болған соң көп жылдардан кейін, 1905 жылы П.М. Мелиоранский Санкт-Петербургте бастырып шығарған. Кейін «Едіге» бірнеше рет баспа бетін көреді. Жырды 1927 жылы Қ.Сәтпаев Москвадан (академик Қ.И.Сәтпаев 1950-жылдардың басында «Едіге» жырына алғысөз жазып, жариялағаны үшін қуғындалған. К.Қ.), 1933 жылы С.Сейфуллин және 1939 жылы С.Мұқанов Алматыдан бастырып шығарады» деп жазады (Е.Мағауин. Едіге. Халық эпосы. Алматы, 1993. 75 б.).
Ж.Асанұлы (2010, 2016) «Едіге» эпосының отыздан аса нұсқасының он төрті қазақ нұсқасы, он екісі татар, екі-екіден ноғай және қарақалпақ нұсқалары, бір башқұрт нұсқасы бар. Шын мәнісінде, Едіге – қазақ жерінің перзенті. Қазақстанда «Едігенің майлы жұрты» деп аталатын алқап бар. Ақтөбе облысы шегінде «Едігенің жалы» деген төбе тұр. Атырау облысында, Сағыз стансасының батысында, Ноғайты өзенімен екі ортада «Едіге» деп аталатын жер бар. Сағыз стансасының оңтүстік-шығысындағы 10 шақырым жердегі қатар екі қорымды жергілікті жұрт әлі күнге дейін Едігенің әкесі мен шешесінікі деп ауырған-сырқағанда, бала тілегенде, қиындыққа душар болғанда басына түнейді, құрбандық шалады» деп көрсетеді (Асанов Ж. «Едіге» жыры – тарихи-қаhармандық эпос. Алматы, 2010; Ел қамын жеген Едіге. «Егемен Қазақстан» газеті. 2016. 19-қазан).
Т.Омарбеков (1993, 2004) «...Мұндайда мынаны ескерген жөн, қазақ зерттеушілеріне бүгінде бірнеше Едіге белгілі. Олардың алғашқысы Едіге Танашұлы – XIV ғасырда өмір сүрген батыр. Ол керей тайпасының ашамайлы керей руынан. Кезінде Әмір Темірдің жойқын жорықтарына қатысқан. Екінші Едіге біз жоғарыда атап кеткен маңғыт әулетінен шыққан, Ақ Орданың әмірі болған Едіге. «Ескендір анонимі» деп аталатын ортағасырлық еңбектің деректеріне қарағанда, Едігенің әкесі Ақ Орда әмірі Балтышақ Тоқтамыс ханның қолынан қаза тапқан (Тизенгаузен В.Г. СМИЗО. Т.1.2). Үшінші Едіге XVII ғасырдың ортасы, XVIII ғасырдың басында өмір сүрген. Тәуке хан ордасында билер кеңесінің беделді мүшесі болған Едіге би. Ол арғын тайпасының қаржас руынан шыққан және шешендігімен елге әйгілі болған. Бұлардан басқа Әмір Темірге туыс барлас Едіге тағы бар. Бұлардың ішінен біз екінші, Ақ Орда әмірі болған Едігенің тағдырын әңгімелейік деп отырмыз. Зерттеуші В.В.Трепавлов (История ногайской орды. М., 2002. С.63-73)
«Едіге» жырының татар үлгісіне және Әбілғазының «Түрік шежіресіне» сүйеніп, Едігенің маңғыт руынан шығуы туралы пікірдің шындыққа келетінін атап көрсетті. Қалай десек те Едігенің өз заманындағы аса беделді тарихи тұлға болғаны күдік туғыза қоймайды. Ортағасырлық автор Әли Бинайдың «Шайбани-намесінде» Едіге-бектің (автор Едігені осылай атайды) маңғыт тайпасынан екендігі және оның Сайын ханның, яғни Батудың тағын басып алғаны, оның тұсында «аймақтың халқының бақуатты, тыныш және алаңсыз өмір сүргенін» атап көрсетеді. Белгілі ғалымдар Р.Сыздықова мен М.Қойгелдиев жарыққа шығарған XVII ғасырдың алғашқы жылдарының ескерткіші Қадырғали би Қосымұлының (Қадырғали Жалаири. К.Қ.) Жылнамалар жинағында (Сыздықова Р., Қойгелдиев М. «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы». Алматы. 1991) Едіге би дастаны баяндалып, онда Едігенің түп атасы араб жерінен таратылады. Қысқаша айтсақ ол төмендегідей: Мұхамбет пайғамбардың ең бірінші төрт халифтерінің бірі – Абу-Бакирден - Шамда патша болған Махмуд аталығ - оның ұлы сұлтан Катиб аталығ - оның ұлы сұлтан hармаз (Мысыр патшасы) – сұлтан Халид (Сарсар патшасы) - сұлтан Уәлид - сұлтан Мулуд - Әбу Алфейс (Антакияда) (Анатолияда) патша болған - сұлтан Салим - сұлтан Садық - сұлтан Абулхақ (Мадайиинде) (Мединада) патша болған - Жалаладдин (Кастинатин) (Константинопольда) патша болған - Баба Туклас (Қаббада патша болған) - Терме аталығ – Каричи аталығ - Ислам Қия - Қадыр Қия - Құтлу Қия - Едіге би. Бұл шежіре бойынша Едігенің арғы ата-бабалары Терме аталығтан бастап Еділ-Жайық бойын мекен еткен және сонда дүниеден өткен. Тек Едігенің өзінің әкесі Құтлу-Қия ғана Қаратау өңіріндегі Құмкент қаласында дүниеден қайтқан. Қадырғали би дастандағы шежірені осылай баяндайды (Т.Омарбеков. Едіге тағдырына жаңа көзқарас қажет. «Қазақ әдебиеті» газеті. 2004. №26, 2-шілде. Б.11-12; Едіге тағдыры – ел тарихы. «Ақиқат» журналы. 1993. №8, тамыз. Б.53-57).
Қожабай-Аршаұлы Хамит (2012) шежірені Әнес сахабадан тарата келе қазақты Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп үшке бөледі. Жанарыстан (Кіші жүз. К.Қ.) - Алау батыр – Құдияр – Алшын. Алшынды өз кезегінде Кәдірсиық, Сәдірсиық, Нәдірсиық деп тағы үшке бөледі. Нәдірсиықтан – Нұраддин. Нұраддиннен – Жетіру (Тама, Табын, Кердері, Кереит, Рамадан, Тілеу, Жағалбайлы). Мұнда назар аударарлығы, Жетірудың Едігенің ұлы Нұраддиннің балалары ретінде көрсетілуі (кейбір деректерде бүкіл Кіші жүз Ноғай Ордасына жатқызылады. К.Қ.). (Қожабай-Аршаұлы Хамит. Алшын Табындар. 2012. 458 б.)».
Сайын Назарбекұлы (1997) «...Осы уақыт аралығында естігеніміз бен көргенімізден, оқығанымыз бен тоқығанымыздан жинақтағанымыз: Ер Едігенің Баба Түкті Шашты Әзіз ұрпағы және тегі түркі тайпаларының бірі екені; Едігенің Ұлытауда жерленіп, әуелі «аманат» қойылып, кейін Созақ, Құмкент маңында Баба Түкті Шашты Әзіз қасына жерленгені» деп жазады (С.Назарбекұлы. Едіге қайда жерленген?.. «Қазақ әдебиеті» газеті. 1997, 7-желтоқсан. №49. Б.11).
Жазушы Кәмел Жүністегі (2010) «...Едігенің жерленуі туралы Мәшhүр Жүсіп Едіге өлерінде «Мені жер қазып қөмбеңдер, Қорған тас қалап қойыңдар» дей келіп, баласы Нұралыға (Нұраддинге. К.Қ.) Баба Түкті Шашты Әзиз атасының басына апаруын аманат еткенін жазады. Сөйтіп, Едігенің сүйегін «Ұлытауға аманат қойған» екен дейді Мәшhүр Жүсіп. Едіге өлген соң өз басына әр қилы заман туған Нұралы әке аманатын орындай алмаған. Оның дәлелі деректің сан алуан көзін іздеген ғалым Шоқанның Ұлытау шыңынан Едіге зиратын келіп табуы. Бұл бұлтартпас айғақ. Бұған сенгісі келмегендер құдайдан қорықпаса тас пирамиданы аршып Едігедей ұлы тұлғаның сүйегін көруіне де бас тіксін. Немесе осы күнгі көру технологиясын пайдаланып, мүрдені сырттай да көруге боларын ескерсін. Ол заманда ондай адамдар дүниеден өткен соң дұшпандары қорлаған жағдай болған. Едіге де өз сүйегінің Ұлытаудың адам бара алмас шыңына қойылуын тапсыруы сондай әрекет. Едіге де сол сияқты «аманат» деп тапсырса да, мәңгілік орынын Ұлытау шыңы деп белгілеген» деп түйіндейді (Жүністегі К. «Ұлы би» - Ер Едіге. «Түркістан» газеті. 2010, 2-қыркүйек. №35. Б.10).
Ұлытауға назар салған кісіге оның көлденең біткен бір сілем шоқысы әрдайым ерекше көрінеді. Биіктігімен не пішінімен ғана емес. Сол шоқының басына ерекше бір рух қонақтағандай. Бұл – Едіге тауы. Таудың басында тастан қалап үйілген, биіктігі құрық бойындай, бір жақ беті тік, үшбұрышты пирамида іспетті қорым бар. Бұл – Едіге батырдың моласы (Е.Мағауин. Едіге. Халық эпосы. Алматы, 1993. 75 б.).
Біз, інілерім Адайбек пен Есет қажылар, Қанатбай имам және осы жолдардың авторы Ұлытаудағы Едіге тауына 2012 жылдың 10-шілдесінде көтерілдік. Бізді жергілікті абзал азаматтар бастап жүрді. Таудың ұшар басындағы (шамамен 1300 м) Едіге бабамыздың зиратына тауды қиялай, төрт сағаттай жүріп көтерілдік. Жолдың жартысына жеткенде, өзімізбен бірге алдық деген жүректің дәрілерін ұмытып кеткенімізді білдік. Кері қайтсақ қайтеді деген сөздер де айтылды. Дегенмен, біз алға қойған мақсатымызды аяғына дейін орындауға бекіндік. Сол күні тау басында күшті жел есіп тұрды. Таудың басына шыққанда өзім бұл жердің ерекше бір қасиеті бар, киелі орын екенін байқадым. Батыр бабамыздың рухына тағзым етіп, құран бағыштадық (1-2 суреттер).
Г.Шынтемірқызы (2016), жергілікті зерттеушілер Маңғыстау облысындағы Шетпе кентінен 40 шақырым жерде орналасқан Қарауылкүмбет биігінен табылған ескі қорымдағы «Қарауылкүмбет» кесенесі басқа емес, нақ Алтын Орданың бас биі, ноғайлының негізін қалаушы Едіге батырдың кесенесі болуы мүмкін деген жорамал айтатынын жазады. Өйткені, ізденушілер кесенеден «Едіге» деген жазуды және «Едіге баhадүр болды, би болды, шаhид болды» деген жазуды тапқан (Шынтемір Г. Ер Едіге Маңғыстауға жерленген бе?. «Егемен Қазақстан» газеті. 2016. 6-қазан).
1-сурет. Ұлытаудағы Алтын Орда билеушісі Едігенің зираты.
2-сурет. Едіге тауындағы (Ұлытаудағы) Едіге батырдың құлпытасы.
3-сурет. Құланбасыдағы биік төбе басындағы Едіге батыр құлпытасы.
4-сурет. Құланбасыдағы ескі қорымдағы Едіге батыр құлпытасы.
Біз де, Жетісу жерінде Едіге батырға қойылған екі құлпытасты (11.04.2011 ж.) кездестірдік. Алматыдан Бақанасқа (Балқаш ауданының орталығы) баратын үлкен тас жолы бойының 55-шақырымында, Тасмұрын мен Малайсары асуларының ортасындағы Құланбасы деген жерде Едігеге арналып, екі құлпытас қойылған. Оның бірі – ескі қорымшылықта, екіншісі – биік төбенің басында. Құлпытаста «Едіге батыр ұрпақтарынан» деген кириллица әріптерімен жазылған жазу бар. Ескі қорымда диаметрі 7-8 м шамасында, шеңбер тәрізді ескі бейіттің орны жатыр (3-4 суреттер).
Ер Едіге халықаралық қоғамдық қоры мүшелері: Жұма-Назар Асанұлы, Ислам Иманов, Мұздыбай Сәңкібаевтар Ақтөбе облысы Байғанин ауданында Ресей оқымыстылары 1869, 1904, 1950, 1983 жылдары карталарда «Едіге моласы» деп таңбалаған жерге 2016 жылдың тамыз айының аяқ шенінде құлпытас орнатып, онда «...Бұл жерде Алтын Орданы 20 жыл билеген көреген саясаткер, сайыпқыран қолбасы, ел сүйіктісі Ер Едігенің асыл сүйегі жерленген» деп көрсеткен (Асанұлы Ж. Ел қамын жеген Едіге. «Егемен Қазақстан» газеті. 2016. 19-қазан; Ер Едігенің моласы – Ақтөбе жерінде. «Ақтөбе» газеті. 2016. 7-қыркүйек).
Жазушы І.Есенберлин «...Сөйтіп, жүрек жұтқан батыр, айласы мен зұлымдығы қатар жүрген, өз басының қасиеттерімен қандай хандыққа болса да ие бола алар, бірақ тарихтың даму жолына, ағысына қарсы келген көршілес елдердің өнері, мәдениеті, қоғамдық еңбек табыстары, әскери жетістіктері, бәрі-бәрі асып кетіп, құлдырап бара жатқан Алтын Орданы баяғысындай жұрт қорқар мемлекет етіп, қайтадан көтерем деп өмір бойы жанталасқан ең соңғы әмірші Едіге осылай дүниеден өтті. Арқаның ең биік тауы Ұлытаумен ұшар басын таластырғысы келгендей, қатар тұрған Едіге жатқан Кіші тауды жұрт енді көбіне Едіге тауы деп атайтын болды. Ол мола сонау төбесінде бұлт ойнаған Едіге тауының басында әлі тұр. Неге халық оның моласын әлі күнге сақтап келеді? Қандай себебі бар? Себебі біреу-ақ Едіге жаман ба, жақсы ма, ол халықтың басынан өткен тарихы. Едіге өлгеннен кейін де, тағы бес жүз жыл өтті. Кешегі Алтын Орда тұрған негізгі далада – Жаңа Қазақ Республикасы орнады» деп жазады (І.Есенберлин. Алтын Орда: Роман-трилогиясы. Алматы, 2015. Б.826-830.).
Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында жан аямай күрескен Дәуіт батырдың әкесі Асау мен атасы Барақ қазақтың даңқты батырлары болса, түп атасы - бүкіл түркі халықтарына ортақ «Ел қамын жеген Ер Едіге» батырға (биге) барып тірелуі, ұрпақтар сабақтастығының үлгісі деп білеміз.


Кеңес Қайроллаұлы,
ҚазҰАУ-нің профессоры,
биология ғылымдарының докторы.
Майра
maira_2205@mail.ru
27-06-17 19:26
Барақ Сатыбалдыұлы (1743, Үстірт, Сам құмы — 1840, сонда) — батыр, Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі.
Барақ Сатыбалдыұлының батыр атағы 18 жасында (1761) торғауыт батыры Алакөбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шықты.[1] 18 ғасырдың 70-жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен Жайық арасында қалмақтармен соғысты.[2] 1785-1792 жылдары Сырым Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күресте көтеріліс басшыларының қатарында болды.[3]
Сырымның жақын серігі Барақ Сатыбалдыұлы 3 мыңдық жасағымен Орынбор шебіндегі қамал-бекіністер бойында және қазақ даласына жіберілген патша үкіметінің жазалаушы отрядтарымен кескілескен шайқастар жүргізді. Орал әскери кеңесінің рапортында (1785 жылы наурыз) Барақ Сатыбалдыұлының екімыңдық жасағымен үкімет әскеріне қарсы тұрғаны жазылған. Барақ Сатыбалдыұлының әскери күші туралы барон О.А. Игельстромның император Екатерина ІІ-ге жазған хатында да айтылады. Батырдың тегеурінді қарсылық әрекеттері орыс отаршыларының зорлық-зомбылығын шектеп, Жайықтың оң жағалауындағы қазақ жерлерін сақтап қалуға септігін тигізді, Батыс Қазақстанның отарлануын тежеп, әскери бекіністердің көптеп салынуына жол бермеді. Барақ Сатыбалдыұлының есімі табын руының ұранына айналды.
Оның ерліктері “Барақ Батыр” дастанына арқау болған. Барақтың ұлы Асау (1763-1846) мен немересі Дәуіт те атақты батырлар болған. Барақ пен Асау батырлар Сам құмында Тұрыш ауылының оңтүстік-шығысында, 15 км жерде жерленген. 1993 жылы Барақтың бейітіне күмбезді кесене тұрғызылды.[4]
Дәуіт Асауұлы (туған-өлген жылы белгісіз) - батыр. 19 ғасырдың 50-жылдарында Орынбор ведомствосына қарайтын табын руының қарақойлы бөлімшесінің басқару- шысы болған. 19 ғасырдың 40-50-жылдарында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүз қазақтарының көтерілістеріне Есет Көтібарұлымен бірге жетекшілік жасағандардың бірі. 1855 жылы Орынбор өлкесінде Есет Көтібарұлы мен Дәуіт бастаған шектілер мен табындардың наразылығы болды. Көтерілісшілер қазақ даласына жазалау отрядтарын жіберуді тыюды, қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтатуды, түтін салығын жоюды, Жем, Елек, Қобда, Жайық өзендерінің бойларына көшіп- қонуға мүмкіндік жасап, шаруаларға жайылымдық жерлерге еркіндік беруді талап етті. Қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылығы кейін де жалғасты. Дәуіт Ресей үкіметінің 1867-68 жылы жүргізген әкімшілік және сот реформаларына наразылық білдіріп, 1869 жылы Орал мен Торғай облыстары қазақтарының көтерілісіне басшылық жасағандардың бірі болды.[1]
Дәуіт ата қорымы - Қарақалпақстанның Қоңырат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. Үстірт жарқабағының етегінде, төбе басында орналасқан қазақ бейіттері. Бейіттер 19 - 20 ғасырларда салынған. Қорымның атауы батыр Барақ Сатыбалдыұлының немересі, Асау батырдың ұлы Дәуіт батыр есімімен байланысты қойылған. Дәуіт атаның сағанатамы мен қүлпытасы жергілікті халықтың сиынатын қасиетті орнына айналған. Қорым Маңғыстау мен Үстірт аймағына тән бейіт құлпытастарынан тұрады. Күмбезді кесенелер, сағана-тамдар, құлпытастар, қойтастар мен сандықтастар өте шебер әрі жергілікті дәстүрлерді берік сақтай отырып салынған.
Майра
maira_2205@mail.ru
27-06-17 19:18
Мен табын , екібастың қызымын, қаракойлы. Қоңыраттағы Дәуіт-атаның басына жас кезімде барғам ,атам сол жерде жерленген.Ал Асау-Барақтың тарихын әкем көп зерттеген.
Амандық
15-06-17 17:22
Мен Табын екі бас қарақойлы. Естулеріңіз барма??
Акжигит Жубаев
gavkhar2015@mail.ru
09-01-17 07:26
Әкемнің агасын мен калай атаймын
Есет Дүйсенов
7eset@mail.ru
19-12-16 09:57
ДӘУІТ БАТЫР

Біз таяуда ғана еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр толғанын атап өттік. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен табыстарын ешкім де жоққа шығара алмайды. Тәуелсіздіктің маңызын халықтың терең түсінуі үшін тарихтан тағлым алу артық етпейді. Осыған байланысты, еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен Дәуіт батырдың (1787-1874 жж.) туғанына 230 жылдығына орай, ол туралы нақты мәліметтермен халқымызды таныстыруды жөн санадық.
Дәуіт батыр (әулие, би) – еліміздің батыс өңірінде, XVIII ғасырдың 1787-жылдары дүниеге келген. Оның атасы Барақ батыр (1743-1840) мен әкесі Асау батырлар (1763-1843) XVII-XIX ғасырлар аралығында қазақтың солтүстік-батыс өңірін Еділ қалмақтары мен Ресей отаршылдарынан қорғаған, елге танымал қаhарман тұлғалар. Олар туралы «Егемен Қазақстан» газетінде (2013, 27-маусым) «Жаужүрек» атты көлемді мақала (авторы Кеңес Қайроллаұлы) жарияланды және «Азаттық үшін күрескен әулеттер» (Алматы, 2013, авторы Нұржан Жетпісбай) атты кітап жарық көрді. Ресей мұрағаттарынды сақталған деректер негізінде жазылған жазушы Ғалым Ахмедовтың «Жем бойында» атты романында Дәуіт атаның ел ішіндегі дау-дамайды шешкен билігі мен ел өміріндегі ерлігі баяндалады.
Барақ батырдың немересі атақты Дәуіт батыр Асауұлы өз ата-бабаларының ерлік жолдарын ғана емес, азаттық күрестердегі істерін де одан әрі жалғастырды. Дәуіт батыр 1822-1826 жылдардағы қозғалыс кезіндегі шабуылдарға қатысса, 1855-1856 жылдары Есет батыр бастаған күресті бірге ұйымдастырды.
Дәуіт батырдың елдің тәуелсіздігі үшін жүргізген күрестері, әсіресе, патша үкіметінің 1869 жылдың 1-қаңтарынан енгізілген жаңа «Ережеге» байланысты халық толқулары кезінде айқын көрінді. Жалпы, Ресей империясы алғашқы жасалған келісімдерге сәйкес, қазақтарға сыртқы жаудан қорған боламыз, қалалар саламыз, сауда-саттық орнатамыз дегенімен, біраз уақыт өте салысымен, яғни XIX-ғасырдың басында сауда-саттығы гүлденген қалалардың орнына көптеген әскери бекіністерін сала бастады. Қазақтар, әсіресе шепке жақын орналасқан рулар өздерінің ғасырлар бойы иемденіп келген төл мекендерінен айрылды. Бұған ең алдымен душар болғандардың бірі, қоныстарының көбі сол маңда орналасқан Табын қауымдары еді. Ресей отаршылдығы басталмай тұрғанға дейін олар Жайық, Елек, Қобда, Қалдығайты, Шыңғырлау бойларынан бастап арадағы Жем, Темір өңірлерін қоса, оңтүстіктегі Үстірт, Сам-Матай, Доңызтау, Қоңырат, Хорезм, Сырдарияның орта ағыстарына дейінгі аймақтарда басқа рулармен қатар емін-еркін көшіп-қонып жүретін. Өздерімен бауырлас, көршілес Жетірудың Тама, Жағалбайлы, Кердері; Әлімұлының Кете, Шекті; Байұлының Адай, Байбақты, Тана және басқа да руларымен етене араласып, жайылымдық жерлерді бірге пайдаланатын. Ресейдің отарлауы, жергілікті халықты ата-бабаларының кіндік қаны тамған қасиетті жерлерінен, ауыл-аймақтарынан айырды. Олар мұндай әділетсіздікке шыдай алмады, өздерінің төл мекендерін қайтаруды сұрап наразылық пен ашу-ызаға, сонымен қатар үмітке де толы хаттарын Орынбор әкімшілігіне көптеп жөнелтті. Бұл олардың қарулы қақтығысқа бірден бармай, мәселені мүмкіндігінше қантөгіссіз, бейбіт жолмен шешуді ойлаған байсалды қимылдары еді. Ресейлік патша үкіметі бұл өтініш-хаттарға жауап қайырмады, ондағы мыңдаған жандардың көз жасына құлақ аспай, өздерінің отарлау істерін жалғастыра берді.
Ал енді, Дәуіт ата қатысқан 1869 жылғы жаңа «Ережеге» қарсы көтеріліске келер болсақ, ол ел жадында «Ел ауа» көтерілісі ретінде сақталды. Толқулар кезінде мыңдаған шаңырақтан тұратын қалың ел Ресей билігін мойындамау үшін, онымен бүкіл қарым-қатынасты үзу үшін, жат ықпалдан тыс біртұтастық үшін өз жерлерінен ауа көшіп, Хиуа жеріне қоныс аударды. Жаңа «Ережеге» қысқаша тоқталсақ, оған сәйкес қазақ даласы облыстар мен уездерге, болыстар мен әкімшілік ауылдарға бөлінуі тиіс болды. Қазақтың батыс өлкесі қараған Орынбор аумағынан Орал және Торғай облыстарын бөлу көзделді. Орал облысы төрт уезден – Орал, Гурьев, Калмыков және Жем (Ембі) уездерінен, ал Торғай облысы – Елек (Ақтөбе), Ырғыз, Қостанай және Торғай уездерінен тұрды. Облыстарды әскери губернатор, уездерді уезд бастықтары басқаратын болды, бұлардың барлығы басқа ұлт өкілдерінен бекітілді. Жаңа «Ереже» бойынша қазақтар тек қана уезд бастықтарының кіші көмекшісі қызметіне жіберіле алды. Жергілікті ұлт өкілдері негізінен әкімшілік бөліністің төменгі сатысын құрайтын болыс басқарушысы (болыс) қызметтеріне қойылды. Жаңа «Ережеге» сай әрбір қазақ отбасынан жылына 3 сом мөлшерінде түтін салығы жиналатын болды. Қазақтар мекендеген жерлер жаңа «Ереже» бойынша мемлекеттік меншік болып есептелді және қазақтарға тек пайдалануға ғана берілді. Христиан дінін қабылдаған қазақтарға орыс елді-мекендеріне келіп тұру құқығы берілді. Халықты басқарып келген төре-сұлтандар билігі құлдырады. Ережені жасақтауда дала халықтарынан өкілдер қатыстырылған жоқ, жоба Петербургте жасалып, сол жерде қабылданды. Жаңа «Ереже» ел арасында үлкен дүрбелең туғызды.
Үстірт өңірлері де көтерілістің негізгі ошақтарының бірі болды. Үстірт, Хиуа аймақтарында көтерілістің негізгі көсемдері Барақ батырдың ұрпақтары – Дәуіт Асауұлы, Жәнібек Барақұлы батырлар, Байғана батырдың ұлы Алдаш батыр, Шекті-Қабақ руының белгілі биі Әзберген Мұңайтпасұлы, Есет Көтібарұлының баласы Назар және басқалар болды. Көтеріліс қимылдарына аталған жандармен бірге Дәуіттің інісі Бозай Асауұлы, ұлдары – Алданазар, Бекназар, Дәрібай, жалпы Барақ әулетінен көптеген адамдар қатысқан. Хиуа аймағындағы көтеріліс қимылдарына Кенесарының ұлы, атақты баhадүр Сыздық сұлтан да белсене араласқан еді. 1869 жылдың қаңтар айының басында Жәнібек Барақұлы мен Алдаш Байғанаұлы бастаған Шөмішті Табынның бірнеше өкілі және Шекті-Қабақ бөлімінің белгілі биі Әзберген Мұңайтпасұлы мен Есет батырдың ұлы Назар бастаған адамдар Хиуа ханына келіп, қазақтардың жаңа «Ережені» қабылдағылары келмей, орыс үкіметіне қарсы шыққандарын айтып көмекке әскер сұрайды. Хиуа ханы елшілерді жақсы қарсы алып, олардың өтінішіне сай келісімін беріп, наурыз айының басында екі мың түрікменнен, бір мың қарақалпақтан және үш мың өзбектерден тұратын барлығы 6 мың адамдық әскер жасақтайды. Сол жылы қыс айларында Қаналы сұлтан Арыстанұлы Дәуіт Асауұлына жаушы жіберіп, орыс үкіметіне қарсы бірігіп күресуге шақырады. Жаңа «Ережені» қабылдамауды ұйғарған ауыл-аймақтар 1869 жылдың сәуір айында біртіндеп өз мекендерін тастап, даланың оңтүстік өңірлеріне қоныс аудара бастайды. Қобда-Елек бойларынан оңтүстік аймақтарға қарай мыңдаған шаңырақ қозғалады. Жалпы, қазақтың батыс далаларынан Жем, одан әрі Үстірт, Хиуа иеліктеріне шамамен 8 мыңдай түтін қоныс аударған. Қоңырат маңында қыстаған ауыл-аймақтардан ең құрметті деген жандардан 150 адамдық делегация Хиуа ханымен жолығады.
Хан бұларды қарсы алып, оларға Әмудария бойынан қыстайтын жерлер бергізеді, біраз адамдарға сыйлықтармен қоса, атақ-дәрежелер де таратылады. Қазақ ауылдары Хиуа иелігінде ешқандай алым-салық төлемейді. Қазақ даласында Ресей үкіметіне қарсы орын алған кез келген оқиғаға бей-жай қарамайтын Хиуа хандығы осы жолы да шет қалмаған болатын. Аталған кездесуден соң хан Үрге деп аталатын жерден хандықтың солтүстік-батыс шекараларын қорғау мақсатында жаңа бекініс салу туралы шешім қабылдайды. Хиуа ханы Қаналыға, Әзбергенге және Саттыққа мыңбасы атағымен шендес саркердан атағын береді. Бұдан бөлек көптеген адамдарға түрлі сыйлықтар, соның ішінде Саттыққа күміс жалатылған қынапты қылыш, 100 тіллә алтын ақша және көшіп келген Табын ауылдарының басқарушысы (аталық) деген грамота сыйлайды. Саттық Тайұлы Қобда-Елек бойларынан келген билердің ішінде ең үлкені болатын. 1869 жылдың соңында толқулар біржолата дерлік тоқтайды, көтеріліс көсемдерінен тек Дәуіт Асауұлы, Қаналы Арыстанұлы және Әзберген Мұңайтпасұлы ғана көпке дейін өз қауымдарының «Ережеге» көнбеуіне байланысты қарсылықтарын тоқтатпаған. Оларға қарсы капитан Вогак бастаған отряд жіберілгенімен Хиуа кеткен күрес жетекшілері бой алдырмаған.
Дәуіт батырдың патша үкіметіне қарсы, 1855-1858 жылдар аралығындағы Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліске қатысуы туралы төмендегідей мәліметтер кездеседі. Алдыңғы кезеңдерде де орыс үкіметіне талай қарсылық танытумен көзге түскен Дәуіт Асауұлы аталған жылдары да үкіметке қарсы әрекеттерін жалғастырған. Деректерге қарағанда, Дәуіттің қол астындағы сарбаздар Шөмішті Табын, Адай және Таз руларынан құрылған 1 мың адамнан тұрған. Аталған қос батыр Ресей отаршылдарының жергілікті жандайшаптарына қарсы әрекеттер жасауға бекінеді. Олар алдын-ала келісіп, Есет Орта бөліктің аға сұлтаны Арыстан Жантөриннің ордасын, Дәуіт Батыс бөліктің аға сұлтаны Мұхамедқали Тәукеұлының ордасын бір мезетте шабуды жоспарлайды. Алайда, бұл жоспар туралы Тәукеұлы дер кезінде естіп қам жасап үлгереді. Есет бастаған 300 сарбаз 8 шілде күні (1855) Арыстан Жантөриннің ордасын шауып, сұлтанның өзімен қоса бірнеше адамды өлтіреді. Дерекке қарағанда, көтерілісшілер «Алаш» деген ұранмен шапқан. Аға сұлтан жанындағы казак отряды өздерін ғана қорғап, оған көмектесе алмаған. Сол тұста Есет, Дәуіт батырлар бастаған көтеріліске Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) халқы да қосылуды жоспарлаған, осы үшін Халидолла Исатайұлы есімді адам бастаған 18 жаушы келген делінеді. Сонымен қатар, Ішкі Орданың Тәни және Шақшағай есімді адамдар бастаған 300 сарбазы Жем бойындағы Мәслихат аңғарында Әлім және Табын әскеріне қосылғаны туралы хабар берілген. 1855 жылы қазан айында Батыс бөліктің аға сұлтаны М.Тәукин, әскери старшина Серов бастаған казак әскері Дәуіт Асауұлының ауылына басып кіріп, оның әйелі Қалыны, ұлы Бекназарды, қызы Тәтішті және жасы 80-ге келген жақын туысы Майдос Айтқазыұлын тұтқындап алып кетеді. Бір мұрағат дерегіне қарағанда, ауылға шабуыл кезінде Дәуіттің Ербөлек есімді бір ұлы қаза тапқан. Дәуіттің өзі ауылда жоқ болған. Орынбор әкімшілігі оған сырттай егер айыбын мойындап өзі келмесе, ұлы мен туысының өлім жазасына кесілетінін, әйелі мен қызының мәңгі қамауда қалатынын жариялайды. Тұтқындар алдымен Орынбор түрмесінде ұсталса, кейіннен Оралға жіберіледі. Әскери сот Бекназар Дәуітұлын шпицрутенмен 500 адам арасынан 6 рет өткізіп дүрелеуге, сонан соң каторгалық жұмыстарға 15 жылға, Майдос ақсақалды жасына байланысты жазасыз Сібірге қоныстануға жіберу туралы үкім шығарады. Кейіннен Бекназардың жазасын жеңілдетіп, 200 адамның арасынан 3 рет өткізіп дүрелеп, 5 жылға каторгаға жіберуді шешеді. Бірақ бұл жазалар орындалмаған. Оралда ұсталып отырған тұтқындарды – Дәуіттің ұлы Бекназар мен қызы Тәтішті, әйелі Қалыны және Майдос ақсақалды Орынборға алдырып, оларға өз аттарынан Дәуітке хат жаздыру көзделеді. 1856 жылы мамыр айында аға сұлтан Тәукин Жылқышы Табын билерінің бірі Құлбай Омарұлы мен Алдаш Байғанаұлын Дәуіт ауылдарына аттандырып, оны өз ордасына шақырып әкелуді міндеттейді. Өз жақындары қамауға алынған Дәуітке үкімет тарапына барудан басқа амалы қалмайды. Мамыр ортасында ол Шөмішті Табынның бір топ билерімен бірге аға сұлтанның ордасына келеді. Орынборда генерал-губернатор Перовский Дәуіт Асауұлының өз еркімен айыбын мойындай келгенін, оның өз руластары арасындағы беделін және оның үкіметке мойынсұнуының алыстағы Шөмішті Табын қауымдарын үкімет билігіне бағындыруда қаншалықты пайдалы болатындығын ескеріп, оған кешірім береді. Генерал-губернатор Шөмішті Табын руының екі үлкен бөлімнен тұратындығын ескеріп, Дәуіт Асауұлын – Қарақойлы бөліміне, Алдаш Байғанаұлын – Асан бөліміне басқарушы билер ретінде бекітеді. Олармен еріп келген бес би ру тармақтарының старшындары болып тағайындалады.
Зерттеуші Сербариновтың жазуынша Дәуіт көтеріліс кезеңінде ел ішінде бұрынғыдан да биік мәртебеге ие болып, оның күреске қатысуының өзі, есімінің өзі көтерілген ауыл-аймақтар үшін байрақ есебінде болған. Өйткені, сол кезде оның жасы 80-ге тақаған болатын. Дәуіт елдің бүлініп, көтерілісті желеу етіп барымталарға, шапқыншылыққа ұрынуын мүлде қаламаған. Ол өз қауымдары арасында тыныштық орнатуға ерекше ұмтылған. Оның сол кезеңдегі ел ішіндегі тыныштық үшін жасаған істерінің қазіргі кезге дейін ел жадында сақталуы, оны халықтың «Әулие», «Дәуіт ата» деп құрметтеуінің дәлелі болса керек. Дәуіт батыр көтерілістен соң, бірнеше жылдан кейін 1874 жылы қайтыс болған. Әулие атанған Дәуіт Асауұлы қазіргі Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан аумағында, Қоңырат ауданына қарайтын Хорезм қақпасы деп аталатын жерде жерленген. «Дәуіт ата» қорымындағы батыр құлпытасы жергілікті халық сыйлайтын қасиетті орынға айналған.

Кеңес Қайроллаұлы, ҚазҰАУ-нің профессоры,
биология ғылымдарының докторы;
Нұржан Жетпісбай, Тарих және этнология
институтының ғылыми қызметкері.
Серикбай
alimkabak@gmail.com
13-12-16 18:05
Түмбеке
Жақсы
Маңғыт
?
?
?
?
?
Ислам-қия
Құтлық-қия
Едіге
Нұр-ад-Дин
Уқас
Мұса
Сайт-Ахмет
Қалу Сары
Шекті Табын
Марат
17-11-15 12:09
АСХАТқа, табындар монғол емес, полмонғол.
гамзат
gamzat401@mail.ru
17-11-15 12:03
ЖОЛЫЙЛАР БАРМА ТАНЫСАЙЫК
Даурен
dauren.u90@mail.ru
19-09-15 20:56
Ассалаумағалейкум ағайындар! Мен Табын-Қарақойлы шежирелер барма табын руынын
Ергали Кайрбеков
amangalieviche@mail.ru
13-09-15 15:49
Ажым Табын Жолымбет дегенди билемин, Жолымбеттен ким ары карай сол жагын тусиндирип берсениздер. Барин нактылап жазып тусиндирип берсендер деген отинишим бар.
Ергали
amangalieviche@mail.ru
13-09-15 15:45
Ассалаумагалейкум Табыннын туын котерген бауырлар. Араларынызда Ажым Жолымбет Табын болса хабарласындар. Алдын ала мын алгыс.
БОЛЫСБАЕВ НУРБОЛ
karajon_tabin@mail.ru
08-09-15 18:33
Амансындарма бауырларым
Нурбол БОЛЫСБАЕВ
karajon.tabin@mail.ru
07-09-15 21:52
Амансындарма бауырларым мен табыннын Каражон Асыл руынанмын танысып сорасайык биз жастар бир биримизди танымаганымызбен акелеримиз таныйтын шыгар бир бирлерин хат жазып сорасып танысайык.
БОЛЫСБАЕВ НУРБОЛ
nurbol.0330@mail.ru
07-09-15 21:05
Ассалаумагалейкум мусылман бауырларым мен Табыннын Асыл Каражон руынанмын бауырларым оз руларыннын тарихтарын билип журейик
алтынбек
altinbek--91@mail.ru
07-09-15 05:21
Ассалаумагалейкум ағайын! менин руым табын. оның ишмнде қаражон онын ишінде ысық саяқ пын. үлкендерден білетін жан болса аитып жіберема Ысық Саяқтың мазары қай жерде: менин 8705 473 8242 менин номерим ватсапта бармын хабарласайық
азамат
izdenov_azamat@mail.ru
18-08-15 06:56
Мен табыннын екі бас руынан болам билейн дегеним. осы рудын шежиресін билетин адам болса аитып жибериндерши
Аманкос
Aman70@emailru
16-08-15 11:07
Мен доспанов аманкос табын каракойлы лабак актауда турамын табындар катнасайык тумалар номер тел 87751380949 аманкос
Гулжаина Тулеубаева Рыскали кызы
jaina_9220@mail.ru
12-04-15 14:57
Мен табын каракойлы Асау Барак атамыздын урпагымын туыскандар бар болса хабарласындар.
Абай
abay_1980@mail.ru
31-03-15 14:59
Мен киши жуз Жети ру-Табын-Жалпактил-ОКШЫМЫН
Жумабек
Juma-87@mail.ru
17-03-15 15:19
Ассалаумағалейкум жамағат! Шыңғырлаудың Аққұм өңірінен Табынның жиембетімен. Табындардың көп таралған жері қай жақта?
tok konir
dosabdulmar mail ru
18-02-15 20:26
biletinder bar bolsa tok konirdan ari karay ....
tok konir
dosabdulmar mail ru
18-02-15 20:16
assalamu aleikum
Қожүрек
18-01-15 20:27
Бауырлар Төрт Бəйбіше Бес Тоқалдың балдары Кыз алып берісуге болмайды
немесе Тогыщ Арыс ең жақын Туысқандар
Не үшін Жау Табын
nevazhno@mail.ru
18-01-15 20:23
Не үшін Жау Табын?
Оны Адайлардан сұрау керек не үшін бізді
Жау Табын дейді
мына батыста үстіртте Омпы тұрған,немесе Боқты қарын сасыған
деген жер бар сонын тарихын бңлсең нп үшін Жау Табын аталғанын білеткн боласың
Мен Лабақпын
Адай болсаң Малай бол,Əлім болсаң Қабақ бол,Табын болсаң Лабақ бол!!!
18-01-15 20:16
Ассалаумағалейкум Бауырлар
Біз Руға бөлінеміз өиткері тарихымызды білуміз
керек кейбір қазақтар бар өз ағасына немесе өз қарындасын алып отырғандар бар
Жаннат
nidjati@mail.ru
15-12-14 17:50
eee
Гулзия
12-10-14 07:24
Сәлем Қожүрек Азамат. Қожүректен кейін аталарыңды білесіңбе? Қожаназар лар мен Қожүректер қыз алысуға болама?
Гулзия
12-10-14 07:09
Сәлем Қожүрек Азамат. Қожүректен кейін аталарыңды білесіңбе? Қожаназар лар мен Қожүректер қыз алысуға болама?

zharkyn_abitova@mail.ru
да
15-09-14 14:18
меным руым Табын ажимбетпин, каражон ысык. акемнин отнинши бойынша жазып отырмын, рулас болса хабарласуынызды сураймын
Корганбай Алдасайулы
ornalin.korgan@mail.ru
03-08-14 22:49
ассаулаумагалейкум табын бауырлар, жетіру табын онын ішінде коңырмын. Агайын аргы тегимиз торе екендигин барлыктарында билип отырсыздар, кудай насип етип тауелстз ел болып отырмыз, Асау Барақ батыр атамыз букил исі казакка ортак батыр, аты ұранга айналып, ұрпағы мақтан етип айтып журген себеби, ол кісілер ел үшін уайым алып, елі үшін тер тогіп, еліне қорған бола білген. Осыншама кең байтақ атырапты атадан балаға қалдыру үшін жанын бәйгіге салған. Ұрпақ алдында абыроймен өткен. Ендігі кезек біздікі ағайын, урпақ алдында бізде салт дәстүрімізді, тілімізді,дінімізді,қаз қалпында сақтап келер ұрпаққа аманаттап кететіндей болып, урпақ алдында абыроймен отейік ағайын. Тектілік жолын куайық, шынында хан тезегі болсақ соны іспен дәлелдейік ағайын, енди ес жиган елимиздин кем кетиктери аз емес, сенимнен кудік басым боп турган жагдайы бар агайын, сондыктан баримиз қазақ деген бир тудын астында болгандыктан бир ананын баласындай мына елдин кабыргасы шайкалмайтындай берик болуы ушин барымызды салайык, дал осы гасыр букил казак баласынын барын салатын гасыр,себеби осындай кен жерди,тауелсиздикти кудайдын ози берип турганда енди одан айрылмайтындай кылып кабыргамызды калап алуымыз шарт,ата баба аманаты толык орындалуы ушин елди коршилес елдерден азап шекпейтиндей текетиресе алатындай жагдайга жеткизу бул гасырда арбир жер бетине шырылдап келген казак баласынын мойнындагы парызы болуга тиіс, арбир аулет оз ул кызына жауапкершиликпен караса елдин ертени жаркын деген соз,алайда ел бетимен кеткен заманга тап болдык агайын,соз тусинер кулак жоктын касы,денесин жылы устамаган кыздын елин жылытатын ул тумас болар,хан туам деитин ана жок найза устайм деген бала жок. текти ул да тексиз ул да анадан.Бул омирде ер жигит ушин ен улкен ляззат;ели ушин тер тогу, ели ушин уайым алу, елине корган болу. ер боп туган екенсин елине корган бол. Ар отбасы ел дегенде журеги сыздар,кундиз кулкиден,тунде уйкыдан калар ул тарбиелесе елдин болашыгы жаркын деп ойлайм. Торт тиреуи бар ел едикко агайын, ес жиар кез келди. Руга жузге болинбей букил кулли исі қазақты бауырым деп билеик. Асау Барақ ата рухына тие берсин, Асан қожа пірім рухына тие берсин, еліміз имандылыққа беттесін, ұрпағымыз тектіліктен кетпесін агайын!!!
Алиби
alibi_oserbaev@mail.ru
03-08-14 19:34
Ассалаумагалейкум. Руым Табын Нурке Сазан. Мангыстау Бейнеу оскен жерим. Казир Атырау каласындамын. Асау -Барак батыр батыр аталарымыздын суретин жане жаткан жеринин жакында саламын. мирде 1 сурети бар азирше.
карима
krylia_angela@mail.ru
01-06-14 01:56
адил маган дружба жибер кызылорда карима
карима
krylia_angela@mail.ru
01-06-14 01:40
aдил окшыман деген сенба.кари
Дастан
31-05-14 14:12
ҰЛЫ ЖҮЗ
1.АЛБАН
2.ҚОЖМАНБЕТ
3.ҚОСҚҰЛАҚ
4.ҚАРЖАУ
5.ҚАЛДАУ
6.ОРЫСБАЙ
7.МҰҚАЖАН
8.ӘБДІРӘСІЛ
9.ҚАНАТБЕК
10.ТОҚТАРБАЙ
11.ДАСТАН
Асхат Дуйсенов
ashati87@mail.ru
31-05-14 13:51
Мен Батыс Казакстан облысынын Казталов ауданынын Жалпактал ауылынын тургынымын Руым Табын бирак табыннын кандай тобына жататынымды билмедим. калай билуге болады?
Табын руынын адамдары негизинен тапалтак бойылы келеди деген аныз бар сол распа?
әділ
Uteniyazov.a @mail.ru
22-05-14 20:45
Мен Табынның ішінде Жалпақтіл-Оқшымын Оқшылар бар ма Хабарласайық ағайындар
карима
krylia_angela@mail.ru
03-05-14 19:58
кызылордада каракойлы деген руды билмейди
карима
krylia_angela@mail.ru
03-05-14 19:42
сагырлар барма сагыр калай болинеди
Қурбанбаев жамбыл
Jambil_89kz@mail.ru
01-05-14 22:19
Tabindar assalauma alleikum men bes qaladan
Орынбаскан Табын улы
orinbasxan@mail.ru
29-04-14 12:10
Табын айкай дйтин Табындардын оз табигатына сай екен айкайлап каны кызганда куши денесине сймай айбатты айкай салады екен жаудан аяанбайтыны сол
Орынбаскан Табын улы
orinbasxan@mail.ru
29-04-14 12:04
КОЖУРЕКТЕР КАЙДАСЫНДАР КОЖУРЕК ШЕЖИРЕСИН БИЛЕТИН КАЙСЫН БАРСЫН
Ardak
ardak.01inbox.ru
27-04-14 11:02
Karakoily konyrlar kop ekenbizgoi!
Сабит
buribaev.sabit@mail.ru
06-04-14 10:10
Табын Ажым Қарақатын Бегей
Сабит
buribaev.sabit@mail.ru
06-04-14 10:09
Табын Ажым Қарақатын Бегей
Табын 7
tabyn7@gmail.com
18-03-14 16:27
Тіркелеміз http://7ru.ucoz.com
асет
sts_aset_98@mail.ru
14-03-14 19:26
Қарақойлы-Байболмын Қызылордаданмын есімім Әсет
хабарласайық ДОСТАР.
Нурасыл
Nurasil_kz_97@mail.ru
19-02-14 07:44
Табын-Қарақоилы-Қоңыр-Тоқ қоңыр-Анда-..... Баиғазы - Баитас- Нурбосын- Берді - Досеке - Мұратбай - Мұхит - Мен
Андадан кейін қандаи аталарымыз болган соны білгім келеді ағайындар
ZHANDAULET
zhandaulet99@mail.ru
23-01-14 09:01
Ассаламуалейкум!Мен табын руынан жалпақтіл,мұратпын.Асау-Барақ кесенесінің суреттері бар ма?
Бақтыбай
vip_bahti_boy@mail.ru
04-01-14 16:20
Ассалаумағалейкум ағайындар! Мен Табын-Қарақойлы-Сағыр-Байгобек руынанмын. Есімім Бақтыбай, Жамбыл Обл, Қордай ауданында тұрамын.
Асхат Дуйсенов
ashati87@mail.ru
20-12-13 15:49
Мен Батыс Казакстан облысынын Казталов ауданынын жалпактал аулынын тургынымын Руым Табын бирак Табыннын кайсысы екенимди билмимин, Табындардын монголмен кандай шатысы бар мен келиспимин Табын руы рулардын ишиндеги ен мыкты ру
korgan
ornalin.korgan@mail.ru
01-12-13 18:53
салем табыннын текти кыздары.лабак,асау,барак атанын урпактары болса хабарласындар.Лабак атанын урпагынан текти кызга уйленсем ба деймин
korgan
ornalin.korgan@mail.ru
01-12-13 18:47
мен табыннын ишинде конырмын.биз негизи табындарга келип косылганбыз.биз негизи баймаганбет торенин урпагымыз.букил каракойлынын негизи торе.олай дейтин себебим баймаганбет хан баласы .акеси олгеннен кеин биликке таласып касындагылар олтирмекши болып кашып кутылган
korgan
ornalin.korgan@mail.ru
01-12-13 18:39
салаумалейкум мусылман бауырлар
Бауыржан
bauka_asakz@mail.ru
04-11-13 14:27
Сәлем достар мен Табын Қарақойлы Екібаспын !!!! Хабарласайық!!!!!
жақсығали
jake_1978@mail.ru
29-10-13 20:50
ассалаумалейкүм ағайындар. руым. табын жалпақтіл бигел. кімдер бар
Турлан
turlan_1988@mail.ru
27-09-13 21:42
мен Казакпын Каракоилы маилыбаи
Сәке
31-08-13 07:44
Алты ата Қарақойлы.
Лабақ
Құтет
Қоңыр
Сағыр
Екібас
Жолый
Нурлан Есенгелды улы
apuov.73@mail.ru
26-08-13 20:45
мен Есенгелды улы Нурланмын руы табын
moldir
a.moka_96@mail.ru
19-08-13 20:52
керемет
еламан
elaman.com@list.ru
18-08-13 19:32
Табын Елгелділер болса хабарласындар
nurgazi
n_7777@list.ru
16-08-13 16:00
табын каракойлы екiбаспын.

Бека
7eset@mail.ru
27-06-13 12:33
Жаужүрек
Бейсенбі, 27 маусым 2013 1:41
Қазақ хал¬қы¬ның тарихында елі үшін қасық қанын аямай, жұртын қорғаған және оның тәуелсіздігі жолында бүкіл өмірі жаумен күресіп өткен батырлар аз болмаған. Міне, солардың қатарында әкелі-балалы Барақ, Асау батырлардың да алатын ерекше орны бар. Барақ батыр туралы сөз қозғағанда, тарихта осы кісі аттас бірнеше адамның болғандығы есте ұсталуы шарт.
Бұл туралы кезінде қазақтың белгілі жазушыларының бірі Смағұл Елубай да: «Жетінші Барақ – ер Барақ», деп атап көрсеткен болатын. Оқырманның есіне сала кетейік, бірінші Барақ XV ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, қазақтың тұңғыш ханы делінетін Жәнібектің әкесі Барақ хан. Екінші Барақ XVIII ғасырда өмір сүрген, 1848 жылы кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтірген Барақ сұлтан.Үшіншісі – Әбілғазы баһадүр ханның «Түрік шежіресі» кітабында айтылатын, Шағатай ханның немересі Ясумункиұлы хан Барақ. Төртіншісі – аталған кітапта келтірілетін Ташкентті билеген қазақ Тұрсынның баласы – Сұлтан Барақ. Бесіншісі – Ш.Уәлихановтың «Қырғыз жазбалары» деп аталатын еңбегінде айтылатын, Абылайдың 1770 жылы қырғыз еліне жасаған жорығына қатысқан, қалмақ батыры Күршімді өлтірген, найманнан шыққан Көкжал Барақ. Алтыншысы – Сотабайұлы Барақ XIX ғасырдың орта шенінде өмір сүрген. Бұл Барақ та мейлінше батыр және Аягөздің аға сұлтаны болған. Ол туралы деректер 1846 жылы қазақ жерінде айдауда болған поляк Адольф Янкушкевичтің жазбалары мен М.Әуезовтің «Абай жолы» романында кездеседі.
Жетінші Барақ – Сатыбалдыұлы ер Барақ (1743-1840), XVII-XIX ғасырлар аралығында қазақтың солтүстік-батыс өңірін – Ақтөбе, Маңғыстау, Орал және Еділге дейінгі кең аймақты жаудан қорғап, елге танылған қаһарман тұлға. Бұл бабамыздың ерлігі жалпақ қазақ даласына танымал болған, кейін аты табын руының ұранына айналып кеткен. Тарихтан белгілі, 1758 жылы жоңғар қалмақтарының сағы сынған соң, Еділ қалмақтары 1759-1760 жылдардың қысында ғана Жайықтың сыртына өткен қазақтардың қырық мыңға тарта жылқысын тартып алған. Мұндай талаушылық 1771 жылға дейін жалғасқан. Соның салдарынан малдан, күйден айырылған қазақтар көптеп қырылған. Міне, осы тұста Барақ батыр ел қорғаған ер ретінде танылып, жыр-аңыздарға арқау болған.
Барақ және оның баласы Асау батырдың (1763-1843) ерлігін толғайтын «Асау-Барақ» жыры бүкіл қазақ жұртына белгілі. Оның бірнеше нұсқалары бар, күйта¬бақтары мен CD-дискілері шыққан. Жырдың авторы Ті¬леу¬¬мағанбет Аманжолұлы (жыр Қазақстан Республикасы Ұлт¬тық ғылым академиясының қолжазбалар қорын¬да сақтаулы, № 365-бума). С.Салқыновтың «Асау-Барақ немесе табын тарихына кіріспе» атты кітабында, жоғарыда айтылған Т.Аманжолұлы нұсқасынан басқа, Е.Құлпыбаевтың «Барақ батыр», М.Ахметовтің «Барақ батырдың жыры» және Е.Білеуовтің «Барақ батыр» нұсқалары да берілген.
Сөз еткелі отырған шығарма қазақтар мен қалмақтардың шайқасы кезінде 18 жастағы Барақ деген жігіттің ерекше көзге түскен ерлігін жырлайды. Қалмақтың Алакөбек дейтін батыры жекпе-жекке алғашқы шыққан қазақтың екі батырын жеңгеніне масайрап, жас жігітті менсінбей:
– Алдымда тұрған жас бала,
Бола берме мас бала.
Үмітің болса жаныңнан,
Қарсыласпай қаш бала…
Қай батырдың ұлысың,
Қай қазақтың затысың,
Жылдам білдір жөніңді, – дейді.
Сонда, Барақ:
– Сатыбалды ұлымын,
Қазақтың бір туымын.
Нағашым Сәрке батыр-ды,
Ежелгі ердің соңымын.
Руым қазақ табын-ды,
Төгейін деп келемін,
Жауыз қалмақ қаныңды.
Жіберуге келемін,
Жеті тамұқ түбіне,
Бір шыбындай жаныңды, – деп тайсалмай жауап қайтарды.
Жырда, одан әрі Алакөбек:
– Жолым үлкен, жасым да
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Кезегімді бер деді.
Сонда Барақ бүй деді:
– Алакөбек батырсың,
Дінің бұзық кәпірсің.
…Әуелі саған берейін
Ат, кезеген оғыңды
Қазам жетсе өлермін.
Егер қазам жетпесе
Менде саған төнермін.
…Алакөбек ақырды
Көп оғына қол салды,
Көп оғының ішінен,
Сұр жебе деген оқ алады
Садағына салады.
Алдында тұрған баланың
Қақ жүректің басы деп
Толғап тартып қалады.
…Кәпірдің атқан бұл оғы
Оң жағынан өтеді
Оқ далаға кетеді
Батырға кезек жетеді.
…Екі батыр айқасып
Нар бурадай шайқасып
Бірін-бірі ала алмай,
Бірін-бірі байқасып,
Салды соғыс айланы,
Өлімге басын байлады.
…Мінді батыр күшіне
Тұрсын ба қарап күшіне

Нағашысы Сәркеден
Қалап алған алмасын
Ашуменен тартқанда
Көк алмас өтіп кетеді
Алакөбек киген сауыттан.
…Қылышын алып ер Барақ
Қия тартып қалмақтың
Екі бөлді кеудесін,
Кесіп алды кәллесін.
…Жау қалмақты өлтіріп,
Қанаты бар қара атты
Жетелеп алып шығады,
Басына бақыт қонады…
Жоғарыда жырда айтылған Сәрке батыр Өмірқұлұлы – Ер Барақтың нағашысы, анасы Қарқараның бауыры, Шақшақ Жәнібек, Есет батырлармен үзеңгілес болған әйгілі қазақ батырларының бірі. Сыр өңірінен шыққан. Сәрке батырдан – Ақайдар, Бекайдар батырлар; Ақайдар батырдан Байқадам батыр (1785\92 – 1850-\53), Бекайдар батырдан Шірен батыр; Байқадам батырдан Сейіл батыр (1827-1902) дүниеге келген. Сәрке батыр кейбір деректер бойынша, 1726 жылғы қазақтар мен қалмақтар арасында болған Бұланты шайқасы кезінде шейіт болған. Оның қайтыс болған жері Жезқазған өңірінің Жезді ауданындағы кейін «Сәркенің Сарытөбесі», «Сәркенің Ақшиі» деп аталып кеткен алқап көрінеді. Сәрке батырдың әулетін Базар жырау, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары және басқа ақын-жыраулар өз шығармаларына арқау етті.
«Асау-Барақ» жырында, Түгел қарттың бастауымен Кіші жүз батырларының Еділ қалмақтарына қарсы соғысы төмендегіше сурет¬теледі:
Барақ батыр ері бар,
Шөміштінің ол кезде,
Қай қазақтан кемі бар.
Қарақойлы төрт Асан,
Дуа тиген ері бар:
Сол заманда табынның,
Асыл туған бағы бар.
Қарақойлы Асаннан,
Бармақ батыр тағы бар.
Жау қарасын көргенде,
Бір басын мыңға балаған.
Аттаныпты аламан,
Аттаныпты азаннан.
Батыр шықты Сазаннан,
Көней менен Таңатар,
Туғаннан тауға таласар…
«Асау-Барақ» жыры бірнеше бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде бабамыздың қалмақтармен шайқасы туралы, оның ішінде қалмақ батыры Алакөбекті өлтіргені, қалмақ ханы Қатты Сыбан інісі Алакөбектің өлгенін естіген соң қасына әскерін ертіп, Барақ пен серіктестерінің соңына түсетіні айтылады. Барақ батыр қалмақ ханымен болған жекпе-жекте де жеңіске жетеді. Келесі бөлімде Асау мен Барақ батырлардың Сырым батыр баста¬ған 1783-1797 жылдардағы халықтың отаршылдық саясатқа қарсы күресі баяндалады. Жырдың кейбір нұсқаларындағы соңғы тарауда Иранның билеушісі Нәдір шаһтың (Нәдіршенің) Орта Азияға жасаған шапқыншылығы барысында, Хиуа ханының Барақ батырды көмек көрсетуге шақырғаны, оған ақылшы ағасы – Досы бимен екеуі сарбаздармен жәрдемге барып, жауды жеңгені жырланады.
«Асау-Барақ» жырын халық арасында жырлаған ақын-жыраулар тобына А.Тас¬¬қынбаев, Н.Раманқұлов, Қ.Иманғалиев, Ғ.Сарыбаев, Ж.Аралбаев, М.Жұмағалиев және басқа да жыршылар жатады.
Барақ, Асау батырлар – жыр-дастандардың ғана кейіпкерлері емес, нақты өмірде болған адамдар екенін төмендегідей және басқа да көптеген мұрағат материалдары дәлелдейді. Мысалы, 1785 жылдың 15 наурызында жолданған Орал әскери кеңесінің рапортында, Сарайшық қорғанынан қырғыз-қайсақ қарақшыларын жазалау үшін 1250 казак әскерінің Жем өзенінің құйылысына қарай жіберілгені туралы хабарланды. Осы отрядқа қарсы белгілі рулардың әскер жинап жатқандығы, оның ішінде Сырымның 2700, Барақтың – 2000, Тіленшінің – 1500 адамнан тұратын қолы бар екендігі айтылады (Вяткин М.П. Батыр Сырым. М.-Л.,1947).
Сырым батыр 1786 жылы жау қолына түскенде Барақ батыр бастаған елдің бас көтерген азаматтары барон О.А.Игельстромға хат жазып, қолдарын қойып, оны тұтқыннан босатуды сұраған. Барон О.А.Игельстром Сырым батырды босату бойынша 1789 жылы 10 мамырда император Екатерина II атына жіберген мәлімдемесінде: «Стар¬¬шын-батырлар Сырымның, Барақтың, Жиен¬шораның, Жан¬болаттың басқаруымен үш жерде күшті топ жиналғанын, біріншісі – Елек өзені бойында 2000, екіншісі Таналық бекінісіне жақын 3000, үшіншісі Дендер тауында 800 қазақ қолы тұрғанын, бұлардың бекіністерге күшті шабуыл жасау үшін жиналып жат¬қандарын», хабарлайды. 1749 жылы жаз айларында қазақтар Жайық өзенінен мал суара алмайтын болды, олар үшін арнаулы жерлер белгіленді, Жайық өзенінен балық аулауға да тиым салынды. Осындай қысымшылықтарға шыдамаған халық Орынбордың әскери генерал-губернаторы П.К.Эссенге арыз береді. Олардың ішінде Барақ батыр да бар екен. Бұл арызда патшаның жарлығын бұзып, Жайықтың екі жағына күзет қойылғанына, Нарынды пайдалануға тиым салы¬нғанына, қазақтардың мал жая¬тын жері тарылып кеткеніне наразылық білдіріледі. Хаттың аяғында: «Мен жетіру Барақ батыр Сатыбалдыұлы мөрімді бас¬тым», деп өз мөрін басады. Міне, жоғарыда айтылған заңды әрекеттер нәтиже бермеген соң, Барақ пен Асау сияқты батырлар отарлаушылардың бекіністеріне шабуыл жасайды. Ақсақ Майырды тұтқынға алып, оны бұрын тұтқынға алынған Айшуақ ханға айырбастайды.
Барақ және Тіленші (Бөкен¬байұлы) батырлар 1785-1792 жылдары аралығында мылтықпен, зеңбірекпен қаруланған патша өкіметінің әскерлерімен ашық шайқасқа шығады. Олар 1793-1794 жылдары халықты орынсыз қырғынға ұшыратпау үшін мәселені бейбіт жолмен шешуге күш салады. Соның нәтижесінде, қазақ ауылдары Еділ мен Жайық бойына көшіп қонуына, қыстауына уақытша болса да мүмкіндік алады. Бірақ патша өкіметі 1810 жылдан Еділ, Жайық, Елек өзендері бойларында қазақтардың мал жаюына тағы да тиым салады. Оған қарсы ел арасында жаңа бас көтерулер басталады. Барақ батыр мен оның баласы Асау батырлар бұл көте¬рілістерге де белсене қатысады.
Асау батыр туралы кейбір тарихи деректер Н.Жетпісбайдың Жоламан батыр туралы жазған зерттеу еңбегінде кездеседі. Жоламан Тіленшіұлы 1822-1840 жылдары Жайық пен Елек өзендері аралығындағы жерлердің Илецк тұз басқармасы қарамағына беріліп, оны қорғау үшін Жаңа Елек шебі деп аталатын әскери бекіністер салына бастаған кезде халықтың азаттық үшін күресіне жетекшілік еткен қазақ батырларының бірі, табын Бөкенбай батырдың немересі. Ол 1822 жылы сәуір айында Орал (Жайық) казак әскери атаманы, генерал-майор Бородинге хат жолдап, онда өздері бұрын қоныстанған Нарын құмдары мен Үш өзен бойын қайтаруды, егер ол мүмкін болмаса, ең болмағанда Елек бойынан салынған Жаңа шепті алып тастауды сұрайды. Патша өкіметі бұл өтініштерді орындамауы өз алдына, батырдың өзіне қарсы іс қозғайды. Осыған байланысты, көтерілісшілер 1822 жылы жаз айларынан бастап өз шабуылдарын бастайды. 1822 жылғы тамыз айының соңына қарай Жоламан бастаған көтерілісшілер саны мыңнан асса, қарашаның аяғында үш мың адамға жеткен. Сарбаздарды Жоламанның өзі, Құттыбас, Жаналы, Асау, Дербісәлі, Сүйінқара батырлар және басқа да жекелеген сардарлар басқарған. Сондай-ақ, осы тәріздес дереккөздерде Барақ батырдың ұлдары Асау және Қитар батырлар есімдерімен қатар, Шындауыл Қитарұлының есімі де аталады. Барақ батырдың шөбересі Дәуіт Асауұлы (1787-1874) патша өкіметі шығарған 1868 жылғы «Ереже» тұсында Торғай облысындағы ұлт-азаттық қозғалысын басқару¬шыларының бірі болған деген дерек те кездеседі.
Айта кететін бір жәйт, кейбір жарияланымдарда Асау атамыздың қайтыс болған жылы 1866 жыл деп көрсетіліп жүр. Осыған байланыс¬ты Н.Күзенбаев ағамыздың 1992 жылы жазған мақаласынан үзінді келтірейік: «…Оның (Асаудың) құлпытасында: «Табын руы, шөмішті, тоқал тайпасы Асау батыр Барақ баласы, опат 1263» деп қашалған. Бұл хижра бойынша, ал қазіргі жыл есебімен ол 1843 жылы дүниеден өткен. Деректерге қарағанда әкесінен үш жыл кейін қайтыс болған». Сондықтан, кейін қателіктерге бой ұрындырмау үшін Асау атамыздың дүниеден өткен жылын 1843 жыл деп көрсеткен дұрыс.
Соңғы кездегі зерттеулер нәтижелері шежірелер Барақ-Асау-Дәуіт батырлардың арғы аталары «ел қамын жеген Ер Едіге» батырға (биге) тірелетінін көрсетеді.
Барақ және Асау аталардың сүйегі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш елді мекенінен 12 шақырым жердегі Сам құмында жатыр. Барақ атаның басында 1992 жылы күмбезді кесене (сәулетші М.Нұрқабаев) бой көтерді, 1993 жылдың мау¬сым айында Ақтөбе облысының Байғанин ауданының Қарауылкелді елді мекенінде Барақ батырдың – 250, Асау батырдың 230 жылдығына орай ас берілді. Ал, 2010 жылы маусым айының 25-26-ларында Сам құмында (Тұрыш елді мекеніне таяу жерде), еңселі «Асау барақ» мешіт-тілеуханасы салынып, жиын өтті.
Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен әкелі-балалы Барақ-Асау-Дәуіт батырлар – қасиетті Лабақ атаның үшінші ұрпағы. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының рұқсатымен Алматы облысындағы Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында Лабақ ата мешіті бой көтеруде. Аманшылық болса, осы жылдың жаз айларында мешіт құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Батыр бабалар ұрпақтарының біраз бөлігі, қазіргі кезде Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарында қоныстанған. Батыр ұрпақтары биылғы қыркүйек айында Бейнеуде Барақ атаның – 270, Асау атаның 250 жылдығына арнап ас бергелі жатыр. Бабаларымыздың әруағы бәрімізді әрқашан қорғап-қолдап жүргей!
Кеңес ҚАЙРОЛЛАҰЛЫ,
биология ғылымдарының докторы.
АЛМАТЫ.

Орынбаскан Табын улы
orinbasxan@mail.ru
17-06-13 15:57
Салам алйкiм Каракалпакстан Конырат ауданынан руым Табын Кожурек жау табын деп неге айтат жане табын айкай деп неге айтат бiлетiндерiн болса жазындаршы Бауырлар Кожурек шежiресiн бiлсенiздер жазыншы
Орынбай
o8186
02-06-13 19:47
табын майлыбай
Каржауов Нурлыбек Кенесович
n-kenesov@mail.ru
23-04-13 23:33
Ассалаумагалейкум бауырлар Каракойлы руынын ишинде Тыныбеги болам, хабарласайык.
Нурланбек
aktauov_nurlan
04-04-13 11:26
мен Әжім Табын Ақтөбенікімін
KOLIA
mi_ka_nurtas
10-03-13 11:42
karakoyli kutetter kaydasindar
бектасов камбар
mi_ka_nurtas
02-03-13 19:04
кутеттер каидасындар барине салем
Azamat
FAra_95g_Azo
24-02-13 14:58
TABIN KARA KOILI KOJ JUREk
Копжурсинова Айымжан
kopzhursinova91@mail.ru
07-02-13 18:48
салем табындар калаисындар? мен актаудан боламын не хабар?
копжурсинов тлембай
tolik_90_90@mail.ru
07-02-13 18:33
табын каракойлы майлыбай шомишти
Гулайым
forever.94@bk.ru
09-01-13 18:28
Сәлеметсіздер ме жамағат!Мен акарыс атамыздан тараған ыстынын ішіндегі қарақойлы қораз боламын.Қарақойлы руының шежіресі өте көп..он кітаптан ғана таба аласыздар!Қарақойлы қораздарға салем!!!!
сеитжанулы руслан
ruslan_2001_ruslan@mail.ru
18-12-12 10:07
менын руым табын мангстау обылысында турамын табын тек алга
Кайрат
vdv_korday82@mail.ru
09-12-12 17:30
табын каракойлы екибаспын

dauren
daur.16@mail.ru
04-12-12 19:56
Табын-ажым-кошкарбай
тәңірберген
macho_talgat@mail.ru
04-10-12 15:56
karokoili labak batrdan wkkan labak batrdn eki aieli bolgan sosn onin tort balasi bolgan asau barak solai solai men asau baraktn urpagmn
тәңірберген
macho_talgat@mail.ru
04-10-12 15:54
мен қарақойлы табынмын Асау Барақ туралы ақпараттар болса логеніме хат жазншы
Ербол
0419904@mail.ru
02-10-12 09:42
Табын Кожурек
бауыржан
bauirjankz@mail.ru
24-09-12 22:59
мен табын каракойлы тел 87754778825
Sabina
sba-01@bk.ru
23-09-12 22:56
салеметсиздер ме,мен ысты-- каракойлы ішінде кораз.Дулаттын курамындағы каракойлылармен туыстығы бар ма?
НУРСУЛТАН
nursultan_05.91@inbox.ru
10-09-12 22:24
Ассалаумагалейкум лабак урпактары..мен актобеден руым лабак токалынан жiнiкей!!! тумалар хабарласындар.. Жане отиниш анык билмей турып мында кате информация жазбандар
калампыр
kalampir74
02-07-12 15:04
мен актауда турамын руым каракойлы созак бауырларыммен таныскым келеди
бердихан ергалиев
berdihan.ergaliev@mail.ru
28-06-12 17:29
мен каракойлы сагырдын байгобек руынанмын жакындар болса хабарласыныз
Айдана
moon-96@inbox.ru
24-05-12 21:03
Салеметсиздерме!Менин есимим Айдана.Менин руым Каракойлы.Менин билуимше Каракойлы руы:Рустем,Кораз,Мухыбек,Тыныбек,Наурыз,Байбол деп 6 тармакка болинеди.
Асик
Asiko_box-1993@mail.ru
11-05-12 20:14
Ассалаумагалейкум бауырлар мен ОКО нанмын каракойлы руы ар жузге енип кеткен ау дим себеби каракойлылар иран елинен келген деседи. Биздин шымкентте каракойлылар ыстыга киреди
Батырбек
batyr_92kz
26-04-12 11:22
Қаражон шежіресі болса хабарласыңыз
Іңкәр
Inkar_92@bk.ru
22-04-12 12:16
мен Қарақойлы бірақ онын ішінде кім екенін білмедім
Қарақойлы
12-04-12 10:45
Лабақты келіндері Табақ немесе Тостаған ата деген. Лабақты Қыдыр көрген деп айтады. Лабақ атамыздың бәйбішесінен Қожаназар, Қожырек, Маңғытай, Созақ, тоқалынан Ақназар, Көшен, Жәнікей, Жінікей, Отарбай. Отарбай атамыз Қызылорда облысындағы Қорқыт ата қорымында жерленген дейді. Шежіре, аңыз білсеңіздер жазыңыздар құрметті бауырлар.
Қарақойлы
12-04-12 10:33
Сарай (Қарақойлы) атамыздың Боздақ, Ақжол, Бекжол деген балалары болған. Боздақ әкесімен бірге кетіп қалған дейді. Ақжолдан Құтет. Бекжолдан Жарылқамыс, Сойылқамыс. Жарылқамыстан Қоңыр, Сағыр, Екібас, Жолый. Сойылқамыстан Қайыпберді. Қайыпбердіден Бақи, Лабақ. Боздақтың үрпақтары қайда?
Қарақойунлы
28-02-12 06:53
ҚАРАҚОЙЛЫ - қызылбас елiне кiредi. Олар тарихы сол жақта жатыр.
адай
adai1984@mail.ru
27-02-12 10:48
БАРАК БАТЫР МЕН АСАУ БАТЫРДЫН КЕСЕНЕСИ МАНГЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТУРЫШ ЕЛДИ МЕКЕНИНЕ 15 КМ ЖЕРДЕ ОРНАЛАСКАН САМ КУМЫНДА ЖАТЫР ДАУИТ БАТЫРДЫН МАЗАРЫ КАРАКАЛПАКСТАН ЖЕРИНДЕ КОНЫРАТ АУДАНЫНА КАРАСТЫ УСТИРТ АУЫЛНДА ОРНАЛАСКАН
адай
adai1984@mail.ru
27-02-12 10:41
табын 3 танбалы ру сонын ишинде Каракойлы шомиш танбалы! каракойлыдан 9 арыс лабак тараган осы айтылган 9 ата 1 адамнын тараган
1.Сейлхамыс
2.жарылхамыс
3.лабах
4.кутет
5.сагыр
6.екибас
7.жолый
8.коныр
9.?
ЛАБАКТЫН байбишесинен 4 бала : 1.кожаназар 2.кожурек 3.созок 4.мангытай
токалынан 5 бала: 1.жиникей 2.жонекей 3.кошен 4.акназар 5.отарбай
ОТАРБАЙДАН: САТЫПАЛДЫНЫН БАЛАСЫ БАРАК БАТЫР БАРАКТАН АСАУ БАТЫР АСАУДАН ДАУИТ БАТЫР ДАУИТТЕН ДОНАЙ ДОНАЙДАН АБДИРАСУЛ.....?????
Ербол
Forever--94.94@mail.ru
24-02-12 14:03
Айтындаршы менде бір кесте бар сода Қарақойлыдан Қайыпберді тараган. Қайыпбердіден Бекжол және Ақжол тараган. Бекжолдан Сайылқамыс және Жаңылқамыс тараған. Сайылқамыстан тарағаны көрсетілмеген ал Жаңылқамыстан Бақи және Лабақ тараған. Бақидан тарағаны туралы көрсетілмеген ал Лабақтан 10 ата тараған. Ақжолдан Қоңыр,Сағыр,Екібас,Жолый,Құтет тараған осы кесте қатема айтындаршы. Неге Лабақты Екібас,Қоңыр,Сағырдың қатарына жатқызады Лабақ пен Екібас тума болғанмен Лабақ Бекжолдың немересі ал Екібас Ақжолдың баласы мен дым түсінбедім білетіндерің айтыңдаршы
nurzhigit
nur@mail.ru
20-07-11 15:01
каракойлы табын Барак жане Асау батыр Байганин ауданында, Караукелдыде
Талгат
ablayev_t@mail.ru
03-07-11 09:52
Ассалаумағалейкум, тоғызарыс Лабақ ұрпағы! Алматы обл-да Лабақ ата атына мешіт салынып жатыр (готовность 60%). Алланын разышылығы үшін жәрдем берем деушілер болса (стройматериалмен, қолмен,сөзбен,қаражатпен) хабарласыңыз. Талғат 8701 208 2727

Бексултан
01-05-11 01:06
Ассалаумагалейкум табын каракойлы бауырлар, мен ток коныр каракойлымын Мангыстау облысынан боламын
Тоғызарыс
Лабақ
13-04-11 05:58
КІШІ ЖҮЗ – ТАБЫН – ҚАРАҚОЙЛЫ - ЛАБАҚ АТА
ШЕЖІРЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КЕЙБІР ДЕРЕКТЕР
(Кеңес Қайроллаұлы)
Қарақойлы-Лабақ-Қожаназар-Майлыбай руынан Қайроллаұлы Кеңес деген азамат Табын-Қарақойлы шежіресі туралы өз зерттеулерін төмендегіше баяндайды.
Қазақтың кейбір шежірелерінде, кіші жүз шөмішті табын (Бозым): Асан, Тоқсиық (Үсен) және Қарақойлы болып 3-ке бөлінеді. Асан өз кезегінде 4-ке бөлінсе (Ажым, Қаражон (Қайырқожа), Жалпақтыл, Нүрке); ал Тоқсиық: Есембай, Барлыбай болып 2 атаға тарайды. Ал, Қарақойлы руы туралы әртүрлі әңгімелер бар. Мысалы, Тілепберген Әбдіұлы (Қызылорда, 2004, 43-бет) Табын-Қарақойлыны: Қайыпберді – Бекжол – Жайылқамыс деп тарата келе, әрі қарай: Екібас, одан Лабақ деп көрсетеді. Қайыпберді (Қайыпберген, Сарай) деген сөздер қосылған осындай материал «Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Табын. II том. Екінші кітап. Алматы, 2006» кітабының 140-бетіндегі кестеде қайталанған. Кітаптың 141-ші және 453-беттеріндегі мәтінде (тексте) бұл шежіре ойға қонымды болып жазылғанымен, айтылған кестеде қате берілген. Елге кеңінен белгілісі, Қарақойлыдан: Қоңыр, Сағыр, Құтет, Жолый, Екібас, Лабақ болып 6 Қоңырға (Қарақойлыға) бөлінетінін ескерсек, Лабақты Екібастан шығару халықты шатастырады деп ойлаймыз. Ал Сарай (Сарау, Сары, Сағынғали) туралы айтқанда, Әлім тайпасындағы Шектінің (Жаманақтың) құрамындағы Тілеу мен Қабақтың (Сарышолақ шайырдың «Тілеу-Қабақ» әніндегі есімдер) тарихын салыстыра зерделесек, біраз нәрсеге қанық боламыз (М.Неталиев. Кіші жүз шежіресі. Тарихи-этнографиялық зерттеулер. Алматы, 2007. 252-бет). Руға аты берілген Тілеу батыр Айтұлы Батыс өлкесінен 7 мыңдай қолмен барып, Тәуке ханның алдынан өтіп, 1684 жылы Сайрам (Ойрат) соғысында қазақ елі үшін асқан ерлік көрсетіп, ат үстінде шейіт болған. Осы кісілердің арғы тарихына үңілетін болсақ, ол атақты Едіге батырға барып тірелетінін байқауға болады. Шежірелерде айтылатын Қалу (Мәку, Қалау) мен Сары (Сарай, Сарау, Сағынғали) ұрпақтары, тиісінше Мәку-Бөлек-Айт-Тілеу батыр және Сарай-Қарақойлы-Лабақ-Барақ-Асау-Дәуіт батырлар болып жалғасып, қазақтың тарихи аренаға шығуына көп үлес қосқан Едіге батырға (биге) барып қосылады. Едіге батыр шежіресі: Баба Түкті Шашты Әзиз – Құтты-Қия (Балташық) – Едіге - Нұрғалды (Нұрадын) – Уақас – Мұса (М.Тынышбаев. Ташкент, 1925). М.Ахметзяновтың мақаласында «Мұсадан: Қалау, Мамай хан, Алшы-Смайыл (Хан Исмагиль хаилче), Алшағыр хан, Орақ хан, Сұлтан Сейдақ, сары Жүсіп (орыстың атақты княздері Юсуповтар таралған – Б.Г.Юсупов. О роде князей Юсуповых. С.- Петербург, 1867. Т. 2. С.343-347), Сары, Мамай шейх, Жаңбыршы. Алшы-Смайыл қырық жыл хан болды, айламен отыз мырзаны өлтірді. Ол құйтұрқылықпен Мамайдан кейін хан болған Орақты өлтіргеннен кейін, Қалау мен Сары Хорезм жағына қашты, содан ізсіз кетті» деп жазады (М.Ахметзянов. Между Волгой и Яиком //Идель. 1991. -№10-11. – с.82-84; Алаш, 2008. №2 (17), с.113-114). Сол ізсіз кетті делінетін Қалау (Қалу, Мәку) Әлімнің Шектісінің Тілеу мен Қабақ руларының арғы атасы болса, ал Сарыдан (Сарай, Сарау, Сағынғали) тараған ел Қарақойлы руына жататын 9 арыс Лабақтың тұқымы (4 бәйбіше, 5 тоқал) әлі күнге дейін қыз алыспайды. «Асау-Барақ» жырының қаhармандары - қазақ елінің тәуелсіздігін қорғаған Лабақ атаның ұрпақтары, 3 атаға дейін батыр болған Барақ батырдың (1743-1840 жж.), оның баласы Асау батырдың (1763-1866 жж.) сүйектері Сам құмында (қазіргі Маңқыстау облысы, Бейнеу ауданы) жерленсе, ал Асау батырдың баласы Дәуіт ата (1787-1874 жж.) Қарақалпақстанда Қазақстанның Үстіртімен шектесетін Қоңырат ауданы жерінде жатыр.
Ер Едіге (би, батыр) туралы тарихта туған жылы белгісіз, шамамен 1340 жылдар (академик Бартольдтың есептеуі бойынша) болуы керек делінеді (1419 жылы қаза тапқан). Яғни, ол қазақтардың 1456 жылы көшпелі өзбектердің ханы Әбілқайырдан бөлініп, Барақ ханның ұлы Жәнібек пен Керейдің басшылығымен Шу бойындағы Қозыбасы деген жерге Қазақ хандығының туын тіккенге дейін өмір сүрген болып шығады. Руы парсы деректері бойынша маңғыт, араб тарихшысы Ибн-Арабшахтың айтуынша – қоңырат. Қаныш Сәтбаев та Едігенің руы қоңырат дейді. Едігенің әкесі –Құтты-Қия («Қырымның қырық батырында»), Ә.Дибаев бастырған «Мырза Едігеде» басқа халықтардың, әсіресе ноғайлардың жыр дастандарында, Құтты-Қия Тоқтамыс ханның ордасында құсбегі болады. Едігенің әкесі Құтты-Қия (Балташық) Тоқтамыстың қолынан қаза тапты делінеді. Осыдан Едіге мен Тоқтамыс арасындағы жаулықтың түпкі түйіне келіп шығады. Тоқтамыс 1406 жылы бір деректер бойынша (орыс тарихшылары) Шәдібек ханның қолынан, енді бір дерек бойынша Едігенің қолынан қаза табады. Бұл Сібірде Түмен маңында болған көрінеді. Тоқтамыс пен Ақсақ Темір арасында үш ірі шайқас болған. Тоқтамыс үшеуінде де жеңіліске ұшырайды. Алғашқысы 1389 жылы Сырдарияның бойында, Сығанаққа таяу жерде, екінші рет 1391 жылы Еділдің бойында Құндызшы деген жерде және үшіншісі – 1395 жылы Кавказда Теректің бойында. Алтын Орданың астанасы Сарайдың өртеліп тоналатыны осы жолы. Үшінші ауыр жеңілістен кейін Тоқтамыс хандық биліктен біржола айрылады. Ордадағы хандық Шыңғыс ұрпағы ретінде Темір-Құтлыққа көшеді. Едіге жаңа ханның бас әміршісі болады. Алайда Ордадағы бар билік шын мәнісінде бір Едігенің қолында ғана болады. Ал Темір-Құтлық хан, одан кейінгі Шәдібек хан, оның ұлы Болат хан, одан кейінгі Темір-Құтлықтың ұлы Темірбек хан, - бәрі Едігенің өз қолынан қойған, ыңғайсыз болған кезінде тақтан тайдырып тастап отырған қуыршақ хандары болған. Едіге есімімен тікелей байланысты, тарихи мәні бар, бірнеше халықтың алдағы уақыттағы тағдырын шешіп берген шайқас 1399 жылы Ворскла өзені бойында болған. Сол жылы Литваның ұлы князі Витовт Литва мен Польша әскерін, батыс орыс княздарының әскерін, Тевтон орденінің рыцарьларын бастап жорыққа шығады. Бұл ірі шайқаста Едіге бастаған Алтын Орда әскері толық жеңіске жетеді. Витовт осының алдында ғана Грюнвальд шайқасында темір құрсанған Батыс рыцарьларын талқандап, әлемге даңқы жеткен, ержүрек, өркөкірек, жеңімпаз әскерінен түгелге жуық айрылады, басын сауғалап, өзі әрең аман құтылады. Осыдан соң Алтын Орда күрт оңалады. Едіге 1405 жылы Ақсақ Темірдің өлімін пайдаланып, Сыр бойын қайырып алады, Хорезмді өзіне қаратады, 1408 жылы Мәскеуге жорық жасайды, бас игізіп, алым-салым жинап қайтады. Тоқтамыс балалары Едігемен соғысуды тоқтатпайды. 1419 жылы Тоқтамыстың кіші баласы Қадірбердімен болған соғыста Едіге ауыр жараланады. Қадірбердінің өзі бұл соғыста мерт болады. Жаралы Едігені Тоқтамыс балаларының бір әмірі шауып өлтіреді. «Дешті-Қыпшақ әміршісі», «Татария императоры», «Алтын Орда билеушісі» деп тарихи деректер қалған, ал халық санасында «Ел билеген Едігем», «Ел қамын жеген Едіге» боп бейнеленген батыр баба ғұмыры осындай болған. Халық аузындағы «Едіге» жырын қазақтың алғашқы ғалымы Шоқан Уәлиханов 1841 жылы естіген екен. Ғылымда бұл жыр «Уәлихановтың классикалық нұсқасы» атанған. «Едіге» жыры алғаш рет Шоқан қайтыс болған соң 1905 жылы Санкт-Петербургте П.М.Мелиоранскийдің бастыруымен жеке кітап болып шығады. Екінші басылымы «Жұлдыз» журналында (1992 жыл, №3) жарияланған (Е.Мағауин. Едіге. Егеменді Қазақстан, 1992 жыл, 14 қараша). (Кеңес Қайроллаұлы).
5.04.2011 ж.

Saparbek
sapar_8114@mail.ru
29-03-11 17:18
Улкен рахмет саган бауырым каракойлылар жайлы жазганына атым Сапарбек Борибай улы Мангыстауданмын руым Табын-каракойлы-кутет баласымын,бауырлар хат жазып танысайык.
Нурболат
nurbolat_1234@mail.ru
23-03-11 08:21
жамантык табын
Жанибек
jony83@list.ru
24-12-10 19:32
Қарақойлы дан Шежире болса бериндерши ::? отиниш, улкен рахмет
Бакберген
13-08-09 20:09
Құрметті Қарақойлы! Мен сізге өз поштамны беріп отырмын: imash_aka@mail.ru
Сары
t.k.berik79
13-08-09 17:44
Шалдардың айтуы бойынша Сары Едігенің ұрпағы. Едігенің шөбересі Мұса бидің бәйбішесінің балалары (Жүсіп партиясы) мен тоқал балалары (Ысмайыл партиясы) таққа таласу кезінде, Сейдақтың балалары Қалу мен Сары Ысмайылдың арандатушылығына түсіп, байқамай өзінің туысын өлтіріп елінен қашып кетеді. Қалу Әлім Шыңғысқа тап болып сол елде қалады. Сары Табын Қайырқожаға (кейбір шежірелерде Асанға) кезігіп, өзінің қайдан келгенін, атын жасырып, менің атым Сарай кәсіп іздеп жүрмін деп айтады. Қайырқожа оны бас жылқышысы етіп қойады. Қайырқожаның қызы Қарақыз оның отырысына, тұрысына қарап (таза жүруі, өзін-өзі ұстауы, мінезі) қарапайым адам емес екендігін біліп ұнатып жүреді. Сары жылқаларды бағып жүргенде Қайырқожа жылқыларын тексеруге балаларын жібереді. Қарақыз әкесінен рұқсат сұрап, ағаларымен бірге шығады. Қарақыз Сарыдан сен тегін адам емессің шыныңды айтшы қай жерден келдің дейді. Сары оңашада айтамын деп кейінге қалдырады. Бір күні оңашада Сары өзінің тығып қойған сауыт-сайманын көрсетіп, өзінің басынан өткен оқиғаларын айтып, ешкімге тіс жармауын сұрайды. Кейін қысқаша айтқанда Сары мен Қарақыз үйленіп, еншісіне қара қой алып, ол қойлары көбейіп Қарақойлы атанады. Шежіре бойынша Сарыдан Қайыпберген. Қайыпбергеннен Қоңыр, Ақжол (ұрпақ жоқ), Бекжол. Бекжолдан Құтет, Сойылқамыс, Жарылқамыс. Сойылқамыстан Екібас, Жолый. Жарылқамыстан Лабақ, Бақи (ұрпақ жоқ). Лабақтың тоғызыншы баласы Отарбай. Отарбайдан Сатыбалды. Сатыбалдыдан Барақ батыр (1743 ж.т.). Барақ батырдан Асау батыр (Қабақ Көтібар батырмен дос болған), Асау батырдан Дәуіт батыр (Көтібарұлы Есет батырмен дос болған).
Karakoily
06-08-09 21:49
Бакберген
e-mail - ды қалдыр
Karakoily
02-08-09 00:50
http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=6271
Салам Тлеуцы! Прадед Тлеуа Калу (Маку) потомок эмира Едиге основавший Ногайскую Орду. Едиге – Нурадин – Уакас – Муса – Сейдак – Калу и Сары – от Калу – Болек – Айт – Кабак, Тлеу. Братия Калу и Сары в междоусобице за власть в Ногайской Орде случайно убив брата Орак батыра бежали в казахскую степь. Сары остался у Табынцов и сейчас их называют Каракойлы Табынцами. А Калу остался у сына Жаманака (Шекты) Шынгыс и сейчас их называют Кыр Шектылеры. (Шалкарский, Темирский, Мугалжарский районы). Потомки Калу Кабак, Тлеу, Назар, Шурен и Жекей. Потомки Сары Каракойлы Табын (Коныр, Екибас, Жолый, Кутет и Лабак), (Байганинский, Темирский районы).
http://www.elim.kz/z_kishi.php



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов