Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: ораза устау туралы айтсандар...


Авторы Xабарлама
MЭRI
baitleuova.mariy
03-08-09 11:59
Мен ораза тутайдеп едим бірінші рет. Маган не істеу керек екенін тусиндирсендерші

Авторы Жауап
Багдат
Baga10.02.1996@mail.ru
21-06-17 09:33
Салеметсиздер. Рамазан айында устаган оразада бирнеше кун карыз болып калган жагдай дурыс па ?
Арайлым
A.araylim@mail.ru
18-06-17 12:25
2017 жылгы ораза 24 куни аякталады 25 куни айт , сурайын дегеним 24 куни кешке ауыз бекитип айт кейун 25 куни айт намазы уакытын ашу керек пе? Алде ауыз бекитпей ма?
Нургул
Nurgul-nurlanova@mail.ru
28-05-17 14:44
салеметсизбе сурагым бар мен ораза устап жатырм бирак меним отим жок сутай беруге болама саналама ораза устаганга
Асхат
nuranov_ashat@mail.ru
04-07-16 12:59
Ассалаумағалейкүм! Мени бир сұрақ мазалап тұр. Сурайын дегеним ораза айы 4-де битеди 5-де ауыз ашык болады. Менин 1 кун карызым бар себеби уйктап калдым. Ал енди сол 1 кунди оразадан кейин 5-де де изин узбей устауыма болама? Алде айт куннен кейин устауым кажетпе? Коп адамдар ораза айт куни ауыз ашык болуы тиіс деп айтып жатыр сол дурыспа? Жауабын берсениз маган Алла разы болсын!
Жансая
Zhansaya91996@mail.ru
04-07-16 00:25
Ораза 4 айакталган сон 5 танда бекитип, 7 де айт намазы окылар кезде ашу керек деп естидим. Сол жайлы малимет берсениздер.
Самат
Mr.samat.96@mail.ru
10-06-16 02:09
Сареине уйктап калган жагдайда ораз устай беруиме болама
карина
axnaeva_karina92@mail.ru
09-06-16 20:53
салематсиз бе мен ораза устап жургем маган тогыздан сон дискотекага баруга бола ма
Ерхан
Era.kz.90@mail.ru
28-05-16 15:17
Сосын тагы бiр сурагым бар едi.Тукiрiгiмдi жутсам коп жинамай болам солай.Рахмет
Ерхан
Era.kz.90@mail.ru
28-05-16 15:11
Ассалаумагалейкум мен оразаны бiрiншi рет устайын деп жатырмын,егер мен жумыста журiп оразамды сумен аша салсам,сосын уйге келiп тамагымды iшiп жалгастырсам болама.Осы суракка жакап берсенiз.Рахмет
Жасұлан
zhasik-97@mail.ru
07-04-16 06:13
ассалаумағалейкүм ораза уақытында кіші дәретке қатты барғын келіп тұрса не істеу керек?
Айнура
erkewa_19.98@mail.ru
14-10-15 19:13
Рамазан айынан понидельник четверг кундерінен болек ораза устауга болама
asan
assamadin@yandex.kz
01-07-15 07:04
Гульназ balanizdin betinen suigeniz ushin orazaniz ashilmaidi
asan
assamadin@yandex.kz
01-07-15 07:03
oraza kezinde esh kandai dari kabildauga bolamaidi oraza ustagan bolsaniz
asan
assamadin@yandex.kz
01-07-15 07:02
Бауыржан bauirim auizdi ashkan nan kein temeki sheguge boladi, birak temeki turali kuranda esh kandai malemet jok,al minadai bir sozdi okigam adam densauligina ziyan keltiretin nersenin bari xaram dep esepteledi temekide onin ishene kiredi sondiktan shekpegenin ozine jaksi
asan
assamadin@yandex.kz
01-07-15 06:58
tunde niettenip turip oraza ustap ertesine auirip shidamai jatsaniz orazani arine buzasiz birak kelesi kuni jazilsaniz kaita ustaisiz,tagiza bir kuni ustamadiniz goi oni oraza bitkesin kaita ustauga tura keledi oitkeni bir kun kariz boldiniz
asan
assamadin@yandex.kz
01-07-15 06:56
kasietti orazani densauligi bar adam mindetti turde 30 kun ustaui shart, 10 kun ustap 5 kun dem alip 3 kun ustap 5 kun dep alip degen jok oraza pariz ustau kerek, den sauligin jokpa ustama birak aiteuir jazilasin goi bir kuni kariz bolasin sol ushin kein karizdarindi oteisin
asan
assamadin@yandex.kz
01-07-15 06:54
orazada dushka tisuge boladi,al bosseinge kanalga ozenge shomiluga bolmaidi
Маржан
marzhan_94_94@mail.ru
29-06-15 07:15
Оразада суга шомылуга баруга болама?
Рауан
rauan_96_best@mail.ru
28-06-15 03:15
Ас саляму алейкум! Оразаны 10 кун устауга болады деген шын ба? 1 рет устаган адамдарга канша устада да болады жане кеширимди дит шын ба сол?
Асхат Караганды
Askh@t
26-06-15 14:10
Оразаны тогыз кун устауга болады деген распа жане ауыз ашып жиберсе кандай кунага тартыламыз?
алтын
altynnur1987@mail.ru
24-06-15 07:02
Сәлеметсіздерме ме менің ораза устап жургенимди бугин жетінші кун. Екинши кун бурынгы тамагым жаймен ауырып бастаған еди. Ал бугин мурыным бітіп тамагым жөтелтип катты ауырады. Мұндай жағдайда оразамды бузсам болам?
Бауыржан
90.tabin.kz@mail.ru
23-06-15 19:02
Ассаламу алейкум Ниет етип ораза устагам ауыз ашып болып темеки тартуга болама одан калай кутылуга болады кандай дугаларды айткан жон сонда темеки Тартса кабыл болмайма
Қасиетті Рамазан құтть болсьн.
toha_1971@mail.ru
20-06-15 12:55
Ораза үстап ниет қьлғандарға айтарьм ниеттерініз қабьл болсьн,Алла жар болсьн шаңьрақтарьңьз шаттьққа толь болсьн. Мен ауьрушан баланьң анасьмьн.өзімде мугедекпін Оразада неге жасьрайьн жағдайьм нашарлап кетті мьна барша хальқтан пітір ретінде көмек сұрап отьрмьн,Алла жар болсьн.Ниеттерініз қабьл болсьн.Пітір берем деуші ағайьн мьна хальқ банк карточкасьна салшьньздаршь алла жарьлқасьн сіздерді рахмет 6016 9630 1123 5537
Гульназ
omarovagulnaz85@mail.ru
19-06-15 09:13
Сәлеметсіздерме. Мен ораза устаган едим. 3 жасар балам маган меним бетимнен суйдеп коймагансон периштегой деп бетинен суйып едим оган оразам бузыладыма?
Алина
liazzat_03_06@inbox.ru
11-06-15 13:28
Barwanizga salem7Oraza kanwa kunge soziladi zhane de oraza kezinde auizindi awpai jurige bolama
Шалкар
shalkar_mukhamedzhanov@mail.ru
06-06-15 07:52
Саламатсыздарма мен осы жылы биринши рет ораза устагалы отырмын ниет кылып. Ораза кезине дари кабылдауга болама? Кок тамырдан.
Асем
03-06-15 13:42
Өткен оразаның қазасын ұстамасаң,
Келсі жылғы оразаны ұстауга бола ма ?
Алдияр
sergazy_aldiyar@.mai.ru
15-05-15 19:02
Менін жасым 11 де маган ораза ұстауға болама
Danagul
dana_0194@mail.ru
13-08-14 15:00
салеметсиздерме. меним атым Данагул мен ораза аиында ораза устап журип 18 куннен кеиін ауырып калдым. енди 12 куннин 2 кунин устадым. калған казаны устаин десем ұйықтап қалып жатырмын. жұмыс жасаймын. сол қазаны устаин десем жеңешем айтады сизге ойын болдығой ораза, ұстамайақ қойыңыз дейді. мен ұстағым келеді ниеттеніп. қалай ұстауыма болады? тунги сағат 3 те ауызымды жапсам болама болмаима? маған жауап бериниздерши отініш.
Светлана
rassvet_solnce@mail.ru
03-08-14 19:49
ораза кезинде каза болган кунди кандай уакыт бойынша отейди? ягни каза болган куннин уакыты бойынша ма ,жок алде кун сайын бир минуттан жылжып отыратын уакыт бойынша есептей ме?
Салтанат
saltanat_092@inbox.ru
27-07-14 14:10
ораза айтта ауыз бекimyге бола ма?
Салтанат
saltanat_092@inbox.ru
27-07-14 14:09
ораза айтта ауыз бекimyге бола ма?
Аскар
asseke_ss@mail.ru
22-07-14 14:10
Құрметті жамағат! Алла қаласа 2014 жылдың маусым айының 28-жұлдызында қасиетті Рамазан айына қадам басамыз. Кезекті мақаламызда өткен жылдан алған тәжірибе нәтижесінде «жиі қойылған сұрақтарды» сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.


Сұрақ: 2014 жылы Ораза қашан басталады?
Azan.kz: Алла қаласа, осы жылы 28-маусымда басталып, шілденің 27-де аяқталады.

Сұрақ: Алматы қаласы мен Қазақстанның өзге де аймақтырының Ораза кестесін қай жерден жүктеп алуға болады?
Azan.kz: «Ораза кестесін» біздің сайтымыздан жүктей аласыз. Ол үшін «кестені жүктеу» деген сілтемеге басып, өзіңізге қажет қаланы таңдайсыз.

Сұрақ: Бұрын ораза ұстамағанмын. Оразаны қалай дұрыс ұстауға болады? Не нәрсеге рұқсат, не нәрсеге рұқсат жоқ?
Azan.kz: Сізге Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының \"Мүбәрәк Рамазан\" атты кітабі мен \"Рамазан айының артықшылығы\" тақырыптағы мақаланы оқуды ұсынамыз.

Сұрақ: Намаз оқымайтын болсам да ораза ұстай берсем бола ма?
Azan.kz: Әрине, болады. Ораза Исламның бес парызының бірі. Алла қаласа, сіздің оразаңызды қабыл етеді.

Сұрақ: Ауыз бекітер алдында не айту қажет?
Azan.kz: Оразаға былай деп ниет ету керек:

«Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таңнан кешке дейін ұстауға ниет еттім».

Сұрақ: Ауыз ашар алдында не айту керек?
Azan.kz: Ауыз ашар алдында:

«Захаба ззама-у уәбтәлләтиль-‘урукъ, уа сәбәтәль-әжру инша-Аллаһ»

Мағынасы:

«Шөліміз қанды, сусындадық, Алла қаласа сауап та күтіп тұр» (Әбу Дауд 2357)

«Аллаһумма, ләкә сумту, уә бикә әмәнту, уә ъалййәкә тәуәккәлту, уә ъалә ризқыйкә әфтәрту»

Мағынасы: «Ей Аллаһым, Сен үшін ораза ұттым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім және де Сен нәсіп еткен ризықпен ауызымды аштым»

Сұрақ: Ораза кезінде немен айналысқан жақсы?
Azan.kz: Ораза кезінде көп құлшылық жасап, садақа беру, адамдарға жақсылық жасау, Құран оқумен айналысқан абзал. Егер ораза кезінде демалыс алуға мүмкіндік болса, уақыттың басым бөлігін мешітте Алла Тағалаға құлшылық қылумен өткізген абзал.

Сұрақ: Сәресін міндетті түрде ішу қажет пе? Егер мен сәресіне ұйықтап қалып, күні бойы ешнәрсе ішіп- жемесем, ораза ұстаған болып саналам ба?
Azan.kz: Егер сіз сәресіне ұйықтап қалған болсаңыз оразаңызды жалғастыра аласыз. Ең бастысы, ауыз ашарға дейін ешнәрсе ішіп- жемесеңіз болғаны. Бірақ сәресін жіберіп алудан сақ болыңыз.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айында ауыз ашарға асығатын әрі өзгелерге де осыны айтатын. Сонымен қатар, Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таң алдында сәресі ішуді бұйырған және де сәресі ішуді таң намазы кіргенде тоқтатуды бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сәресінде береке бар, сондықтан оны жіберіп алмаңыздар, сендердің әрқайсыларың тым болмаса су ішіңдер. Расында Алла Тағала мен періштелер сәресі ішкен адамды жарылқайды» (Ахмад).

Сұрақ: Ауыз ашуға асығуға бола ма?
Azan.kz: Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ауыз ашуға асыққан әрқайсыңда береке болады» (Әл- Бұхари, 1957; Муслим, 1098)

Сұрақ: Ауызды немен ашқан дұрыс?
Azan.kz: Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде құрма болса сонымен ауыз ашсын, ал кімде жоқ болса, сумен ашсын, расында су- тазартушы». (Ахмад № 15798, Әт- Тирмизи № 695, Әбу Дауд № 2355)

Сұрақ: Таң намазынан соң күн шыққанға дейін ішіп- жеуге бола ма?
Azan.kz: Таң намазынан соң ішіп- жеуге болмайды. Сәресіні, яғни ішіп- жеуді таң намазына 10 минут қалғанда тоқтату қажет.

«... Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де сонан соң оразаны кешке дейін толық орындаңдар» (Бақара сүресі, 187 аят)

Сұрақ: Егер ораза кезінде ұмытып бір нәрсе ішіп- жеп қойған болсам оразам бұзыла ма?
Azan.kz: Тамақты я болмас суды байқаусызда ішіп қою - оразаны бұзбайды. Аузыңыздың берік екендігі есіңізге түскен бетте ішіп- жеуді тоқтатыңыз.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мынандай хадисі бар: «Кімде кім ұмытып ішіп я жеп қойса, оразасын жалғастырсын. Расында ол адамға Алла Тағала Өзі ішіп- жегізді». (Әл- Бұхари, 6669)

Сұрақ: Екі күн қатарынан тоқтамай, ауыз ашпастан ораза тұтуға бола ма?
Azan.kz: Жоқ, болмайды.

Әбу Сағид (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естіген: «Ауыз ашпастан ораза ұстамаңдар, кімде кім осылай істегісі келсе, таң алдында тамақ жесін». (Бұхари, 1963)

Сұрақ: Оразаны бірнеше күн ғана ұстаса бола ма? Мысалы, басында үш күн, аяғында үш күн.
Azan.kz: Жоқ, олай ұстауға тиым салынған.

«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын» (Бақара сүресі, 185 аят)

Сұрақ: Ораза кезінде мені басқа қалаға іс- сапарға жібереді. Сол кездері оразамды тоқтата тұрсам бола ма?
Azan.kz: Алла Тағала сапардағы адамға оразасын тоқтатуға рұқсат берген. Тіпті ол адам сапарда ешқандай қиындық көрмесе де. Алайда қаза болған оразаңызды өтейсіз. Алла Тағала былай дейді:

«Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла Тағала сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды» (Бақара сүресі, 185 аят)

Сұрақ: Өзге қалаға іс- сапарға кетіп бара жатсам да ораза ұстай берейін бе?
Azan.kz: Ия, ұстай бересіз.

Хамза ибн Амр әл- Әсләми (оларға Алла разы болсын) Алла Елшісінен былай деп сұрайды: «Ей Алланың Елшісі, сапар кезінде ораза тұтұға күшімнің жететінін білемін. Егер ораза ұстар болсам ол күнә болып саналады ма?» Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл Алла Тағаланың берген жеңілдігі, кім қаласа амал етсін, ал егер кімде кім ораза ұстар болса, күнә болып саналмайды». (Муслим, 1891)

Сұрақ: Ораза кезінде сүндетке отырғызуға (той жасауға т.б.) бола ма?
Azan.kz: Ия, ораза уақытында балаңызды сүндетке отырғыза аласыз (той жасай да). Бірақ қонақтарға арналған дастарханды ауыз ашқаннан соң жаюыңыз керек.

Сұрақ: Ораза кезінде спортпен шұғылдануға бола ма?
Azan.kz: Әрине, болады. Дегенмен ораза кезінде ағзамыздың әлсіреп тұратындығын ескеруіңіз қажет. Мүмкіндігінше ораза кезінде үзіліс жасай тұрғаныңыз дұрыс.

Сұрақ: Ораза кезінде түкірік жұтып қойса не болады?
Azan.kz: Түкірікті жұту – оразаны бұзбайды. Алайда түкірікті әдейілеп жинап алып жұтса, ораза бұзылады.

Сұрақ: Ораза уақытында сағыз шайнасам бола ма?
Azan.kz: Жоқ, болмайды. Себебі сағыздың құрамында қант я болмаса алмастырушы бар. Сондай- ақ аш қарынға сағыз шайнаған кезде асқазан сөлін сорып, гастрит немесе асқазан жарасының асқынуына апаруы мүмкін.

Сұрақ: Ораза кезінде крем жағуға бола ма?
Azan.kz: Ия, болады. Бастысы ішке қолданбаса болғаны.

Сұрақ: Ораза кезінде тамаққа жіберіп алмай тіс пастасымен ауыз тазалауға бола ма?
Azan.kz: Тіс пастасын пайдалануға болады. Алайда мәкруһ болып есептеледі. Тіс пастасымен тісті тазалаған кезде оның дәмі толықтай ауыздан кетпейінше түкірікті жұтуға болмайды. Тіс пастасының асқазанға түсуі – оразаны бұзады. Тазалап болған соң ішке су кетіп қалмауын қадағалай отырып, мұқият ауызды шайқау қажет. Тіс пастасының орнына сүннет болып табылатын мисуакты қолданған абзал.

Сұрақ: Соңғы кездері тісім жиі қанап кете береді. Қанаған мезетте аузыма түкірігімді жинап түкіріп тастаймын, кейде ұмытып кетіп жұтып қоямын. Осындай жағдайда оразам бұзыла ма? Бұзылған жағдайда не істеуім қажет?
Azan.kz: Ораза бұзылмайды, бірақ қанды әдейілеп жұтудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда сізге өте сақ болу қажет.

Сұрақ: Ораза кезінде күндіз шылым шегуге бола ма?
Azan.kz: Жоқ, рұқсат жоқ. Исламда шылым шегуге мүлде тиым салынған.

Сұрақ: Оразада насыбайға рұқсат беріле ма?
Azan.kz: Жоқ, рұқсат жоқ. Себеі ол есеңгіретуші зат болып табылады.

Сұрақ: Аузым берік кезінде душ, ванна қабылдай аламын ба?
Azan.kz: Болады, алайда қажет жағдайда ғана. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде ыстығын басу үшін тісін мисуакпен тазалап, басын су құйған. (Ахмад, 15473; Әбу Дәуд, 2365)

Сұрақ: Ораза уақытында аузымды жай ғана шайқасам бола ма?
Azan.kz: Ораза кезінде ауыз қуысы мен мұрынды сумен шайқау – оразаны бұзбайды. Егер сіз суды жұтып қойған болсаңыз, оразаңыз бұзылады. Бірақ сол күнгі оразаның қазасын өтейсіз.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ораза кезінен тыс уақытта мұрныңды жақсылап шайқа». (Әт- Тирмизи, 788)

Сұрақ: Ораза уақытында тырнақ алып, шаш кесуге бола ма?
Azan.kz: Тырнақ пен шаш алуға болады. Мұны ғұсылдың алдына жасаған абзал.

Сұрақ: Ораза кезінде күндіз әйеліммен жақындасып қойдым. Енді бір күнім қаза болды. Оны қалай өтесем болады?
Azan.kz: Рамазанда күндізгі уақытта жақындасып қойған ерлі- зайыптылардың оразасы бұзылады. Оны өтеу үшін екі ай толық ораза ұстайды. Ал егер оған шамасы жетпесе 60 міскінді тамақтандырады. (Бұл жайлы Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте айтылады). (Әл- Бұхари, 6087, 6164. Муслим, 1111)

Егер ұмытып жақындасып қойған болса, ораза бұзылған болып саналмайды. Ораза екендігі еске түскен сәтте тоқтату қажет.

Сұрақ: Ораза кезінде ауыз ашқаннан соң ерлі- зайыптыларға жақындасуға бола ма?
Azan.kz: «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді. (Өйткені бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер». (Бақара сүресі, 187 аят)

Сұрақ: Ораза кезінде әйеліңді (күйеуіңді) құшақтап, сүюге бола ма?
Azan.kz: Айша анамыз (ол кісіге Алла разы болсын) былай деген: «Ораза кезінде Пайғамбар өзінің жарларын құшқтап, сүйетін еді, алайда ол өз- өзін сендердің кез келгендеріңнен мықты ұстайтын». (Әл- Бұхари, 1927)

Сұрақ: Ораза уақытында жүніп болып қалсам оразам бұзылады ма?
Azan.kz: Қалауынан тыс жүніп болып қалған адамның оразасы бұзылмайды. Сізге ғұсыл алу қажет болады.

Сұрақ: Ораза кезінде етеккір келіп қалған жағдайда не істеу керек?
Azan.kz: Ол жағдайда оразаны бұзу қажет. Әбу Саид әл- Худридан (ол кісіге Алла разы болсын) жеткен хадисте былай делінеді: «Етеккір кезінде ораза мен намаз тоқтатылмайды ма?». (Әл- Бұхари, 1951; Муслим, 889)

Етеккір мерзімі аяқталған соң әйел адамдар қаза болған күндерінің қазасын өтейді.

Сұрақ: Ораза кезінде емізулі сәбиі бар аналар не істесе болады?
Azan.kz: Ең дұрыс деген пікірге сүйенер болсақ, аяғыауыр немес емізулі баласы бар әйелдерді ауру деп қарастырады да оларға ораза тұтпауға рұқсат береді. Бірақ ол қаза болған күндердің қазасын өтеуі тиіс. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Алла Тағала оразаны және намаздың жартысын жолаушыға жеңілдетті, әрі Ол аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге оразаны жеңілдетті». (Әт- Тимрмизи, 3/85, ол бұл хадисті хасан хадис деген)

Сұрақ: Егер ораза кезінде әлсіздікті сезінсем оразамды бұза алам ба?
Azan.kz: Егер біраз күннің ішінде оразаны жалғастыру ауыр болып жатса, ол күндері оразаны тоқтата тұруға болады. Кейде ораза ұстаушыға қауіп төнер болса, оразаны ашуға міндетті болып қалады (мысалы, дәрігердің айтуымен). Алла Тағала былай дейді: «Ол сендерге дінде қиындық қылған емес» (Бақара сүресі, 78 аят)

Әлсіздікті сезініп, оразасын ашқан адам денсаулығы жақсарған соң қаза болған күндерін өтеуі қажет.

Сұрақ: Әлсіз адамдар (аурушаң) не істесе болады?
Azan.kz: Кімде кімнің ораза ұстауға мүлде шамасы келмейтін болса (яғни, бірде болмаса бірде ұстайтын жағдайы мүлде жоқ, мысалы қарт я болмаса аурушаң жан) ол адамға ораза ұстау міндетті емес, алайда ол әр күні бір міскінді тамақтандырып отыруы қажет. Абдуллаһ ибн Аббас (ол кісіге Алла разы болсын) Алла Тағаланың мынандай сөзін оқыған: «... Және сондай ораза күш келетіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін» (Бақара сүресі, 184 аят)

Сұрақ: Ораза кезінде жүрегім айнып, құсып қойдым. Оразам бұзылды ма?
Azan.kz: «Кім еркінен тыс құсып қойған болса, оразасының орнын толтырмайды. Ал кімде кім әдейілеп құсқан болса, сол күннің қазасын өтейді» (Ахмад, 10085; Әбу Дәуд , 2370; Әт- Тирмизи, 720; Ибн Маджа, 1676)

Сұрақ: Ораза айтты қалай қарсы алған дрыс?
Azan.kz: Ораза айт кезінде мерекелік дастархан жасап, туыстар мен достарыңызды қонақ қылуға болады. Ал өздеріңіз туыстарыңызды зиярат етіп қайтыңыздар. Ең бастысы, мереке екені сезілсе болғаны.

Сұрақ: Оразадан соң ұсталатын нәпіл ораза туралы естідім. Ол қандай ораза және де оны қалай ұстау керек?
Azan.kz: Рамазан айынан соң Шәууәл айында 6 күн ұсталатын ораза сүннет болып табылады. Ауызды үзіліс жасай отырып бекітсе болады, яғни басында 2 күн, ортасында 2 күн, соңында 2 күн. Бұл кезде де әдеттегі ораза секілді таңнан кешке дейін ішіп- жеуден, жыныстық қарым- қатынастан және де оразаны бұзатын өзгед де нәрселерден тиыласыз. Бұл оразаны «Ораза айт» мейрамынан соң бастауға болады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде кім Рамазан айында ораза тұтып, артынан Шәууәл айында алты күн ораза ұстар болса, бір жыл ораза тұтқан болады» (Муслим)

www.azan.kz

ақжол
bolat.akzhol
09-07-14 13:59
мен 14 жастамын маған ораза устауға болама
Еламан
Elaman.v1@list.ru
04-07-14 17:07
Саламатсыздар ма, менин кояр сурагым Ораза басталгалы 1 апта болды. Бирак мен жумыска байланысты басынан устай алмадым. Енди 8 кунен бастап устага бола ма? Жане егер болса казасын калай отеймин?
Dina
dina-ibrai@bk.ru
02-07-14 04:18
Сәлеметсіздер ме! Оразаларын кабыл болсын ұстаган жан! Мен биыл ораза устаганыма жетінші жыл болды. Ораза устаганда тукирик жутуга, жигит кызбен кездесуге, турмыстагы ,уйленген жандарга жан жарларымен тосек катынаста болмайды деп улкендер айтатын, бирак казыр онын барин болады дейды, рас отиригин билмеймин, билетин жан болса , айтынызшы.
Ербол
kambarova.juldyzai.91@mail.ru
02-07-14 01:43
Ауыз бекитетин уакытта уйыктап калса,бир жагынан гусл дарет алынбады.бирак уакыт отип кетти мен гусл даретимди алып ешнарсе ишпей ауыз бегиттим.солым дурыспа?айтыныздаршы.
акерке
ак_д
29-06-14 21:54
ораза устаганда ауызды карызга ашса болама
Аяулым
aiaulym_979797@mail.ru
29-06-14 17:19
Мен оразаны 1инщи рет устадым маган ен алгаш рет киын болды 10 кун ораза устауга болады ма соны сураин дегем алдын ала рахмет айтам
Агия
agiya_arysova@mail.ru
29-06-14 00:07
Ассалямуалейкум барша мусылман кауым
Ораза айы мубарак болсын,ниеттерин кабыл болсын.Ораза устайындеп едим дурыс кестесин корсетип жиберсениз.Алдын ала рахмет
.
еламан
26-06-14 22:34
3 кун калаи устауга болады jnsyt vfbnfcsplfhvf
еламан
26-06-14 22:31
3 кун калаи устауга болады
Бауыржан
bauyrhzan.sakyp@mail.ru
26-06-14 13:30
ассалаумағалейкум барша мұсылман бауырлар ораза қабыл болсын қасиетті рамазан айы мубарак болсын
Нурсултан
Nurik.aitzhanov@mail.ru
25-06-14 20:14
Ассалаумағалейкум!Ораза кезинде ауыз ашарда жане бекитерде калай ниет етем айтып жибериниздерши отнем
Саида
Saida.abzalova@bk.ru
24-06-14 16:10
Сәлеметсіздер ме...биыл екінші жыл ораза устауга ниеттеніп жүрмін.ораза 28і басталады ал менде былтыргы оразадан 4 кун қарызым бар.сол қарызыма қарамастан биыл ораза устай беруге болама..окуда болғандықтан оразаны өтеуге мүмкіндігім болмады..сол қарызымды биылгы оразамен қосып өтеуге болама???
Нурай
Sernuray@mail.ru
17-06-14 20:15
Мен 14 жастамын. Маган ораза уста уга бола ма?
Аида
aida-aria@mail.ru
31-07-13 14:27
Ауыз ашарға үш сағат қалғанда етекірім келіп қалды.Не істеймін.Орзамды жалғастырайын ба алде дал қазір ауыз ашайын ба
Айгуль
aigolek_bota@mail.ru
13-07-13 11:21
Ассаламуалейкум жамағат!
Оразада ері мен әйелі қосылғанда ғұсыл алмаса, ораза устауға бола ма?
Бота
botajan_90@inbox.ru
09-07-13 13:25
Салеметсиз бе? Ораза айы кабыл болсын. Алдынгы ораза айында бирнеше кун карызым бар еди. Сол кундерди осы ораза айына дейын отеуге улгермедим. Ол куна екенин тусинем, бирак ол кундерди енди ораза уакытында отеймин ба алде оразадан кейын отеуге бола ма? Осы сурагыма e-mail: botajan_90@inbox.ru жауап беруинизди отинемин. Улкен рахмет!
Динара
dinyoka_2000@mail.ru
09-07-13 11:02
салеметсиздер ме!11 жастагы жасоспиримдерге ораза устуга бола ма?
икрам
iko_91_91kz@mail.ru
09-07-13 09:14
ораза турал онын тутылу тартиби
Нұразим
nurazim.x
23-11-12 21:12
оразаны не пайдасы бар

Рахат
m.raxat_94kz
22-08-12 01:16
assalamualeykum
Самал
malysh-777 @bk.ru
02-08-12 03:19
Саламатсыздар ма??? мен Актау каласында турам кесте бойынша 4 те ауыз бекитем, Уакытынан кешигуге бола ма?
Маржан
eles_emes@bk.ru
27-07-12 16:26
Кайырлы кун,достар! Алла каласа менде 5 жыл ораза устауым,бирак Ораза устауда канша жыл устаганыныз манызды емес,ниетин тузу болса жане Аллах тагалага деген сенимдериниз шындык болса гана сиздердин арман-тилектериниз кабыл болады! Жане бир айта кететин жайт,кейбир кыз балалар арыктау максатында ораза устайды,бул арине дурыс емес! Ораза туткан адлам,коп сойлемейди,жаксы ойлар ойлауы тиис жане озинин бойындагы жагымсыз кылыктарды жоюмен ктар,Алладан келген адал астын кадирин биледи,типти бир тамшы судын кадирин тусинеди!
Жайнагул
jaina_91_07@mail.ru
24-07-12 15:06
Оразаны бірінші рет ұстайын деп отырм қалай ұстау керек екенін айтсаңыздар?
Ерке
A_kadirbergenova@inbox.ru
23-07-12 22:15
Саламатсыз ба!? Маган ораза тұту ережелеін айтынызшы,нені білу керек.
нурбек
19-07-12 22:08
ораза кутты болсын!
Ердос
erdos_76@mail.ru
19-07-12 16:56
Ораза қабыл болсын ағайын, қасиетті рамазан айы мубарак болып елімізге тыныштықпен бірлік алып келсін.
Айнурка
Ainurka_tldk@inbox.ru
14-07-12 11:24
Асалаумаfалейкум казак халкы.Сiздерге устаfан ж/е устайын деп жаткан оразаныз кабыл болсын!Армандаfан тiлек,ниеттерiн Алла кулаfына шалынсын!!!
Moni
Moni_1991
21-08-11 14:03
Salem. Orazalarinizdu ALLAHIM kabil etsin. Ait kanwan? Kaza bolgan kunderimizdi kalai oteimiz,sol kunderdin uakittimen be?
nu men goi
18-08-11 15:53
Ассаляму алейкум уа рахматуллах! Ауыз бекитуге уйыктап калсаныздар ештене етпейди! Ораза бузылмайды да каза болмайды да! Баракаллаху фикум
Салтанат
n.salta_1310
18-08-11 07:04
Салеметсиздерме мусылман кауымы!Менин сурайын дегеним азанда ауыз бекитуге уйыктап калыппын енди не истесем болады?
Asel
asel__kz.2011
10-08-11 07:41
As sallamy aleikum,sizderge koyatin sayalim,tynde yiktap kalip saresige tyra almai kalgan jagdaida orazam kaza bola ma?
Арайлым
09-08-11 04:09
Салем! Баршанызга Ораза айы кабыл болсын! Аллаһ ниеттеринизди кабыл кылгай!
марал
nice.maral@mail.ru
01-08-11 01:24
ораза кабыл болсын жамагат!тилеген ниеттерин алланын кулагына шалынсын!. . . . . Менин жасым 13те биринши рет устайын деп отырм маган енди оразын кестеси керек.Оны кайдан алсам болат???менин логиним nice.maral@mail.ru
Saltanat
31-07-11 21:52
men byirasa erten oraza ystaymyn
Баяна
Bayan23_95@mail.ru
31-07-11 20:55
Салеметсыздерме... мен 15 жастамын...маган осы жасымда ораза устауга болама...оразаны намазсыз устауга болама...::???
акбота
bota_erhanova. e-mai.l
30-07-11 10:52
оразада тыйым салу белгілері қандай
Gulbakit
Gulbakit_96kz
29-07-11 23:50
salem again kele jatkan oraza mubarak bolsin mine men bil 3 wi ret ustaimin senderge oraza kitabin usinamin oni okisandar barlik surakjarina jauap alasindar orazada barlik nietterin kabil bolsin allanin nuri jausin senderge oraza mubarak bolsin
Ali
Alisher__99
27-07-11 16:09
Ассаляума алейкум ораза устаганда су или тамак ишип койсан не болад
Мадина
madina05.01@maul.ru
20-07-11 11:07
Салем! Мен биыл 2-ши рет ораза устагым келип жур, бирак аллергия мурным бителип(кунине 3-4 рет ксимелин тамызамын) айтпесе демала алмаймын. Ниетим бар ораза устагым келеди, не истесем болады?
Kuirik - bauir jegizgen
19-04-11 08:18
Ораза устаган жигиттер импотентке, кыздар бедеуликке шалдыгады.
Фарида
fari-72
18-04-11 18:13
Маган ясин суреси керек калай табу керек? айтыныздаршы..
Жулдызай
juldiz85@mail.ru
03-02-11 09:45
Саламатсыздар ма? Ар адамнин пикири ар турли. Ен бастысы ниетке байланысты.
амир
amirsopbekov
11-01-11 20:08
саресин гусыл алмаи ишсе болама

Аян
Ayan_ganster
12-08-10 17:48
Рамазан айында кызбен кездесуге болама,
jasulan
jasulan8
12-08-10 07:53
ораза устаган темеки тарту адамдарга болама
Dinara
aranid.kz@mail.ru
11-08-10 12:00
MERI, keshteu bolsa da jauap bereyin :) myna saytka kirip karap shyksanyz bolady : www.oraza.info. Kosymsha ayta ketetin bolsam, Ramazan ayinda kobirek duga kylyp, Kuran okygan (kalasanyz audarmasyn), tyndagan, jattagan, Islam dini turaly kobirek uyrengen durys. Sebebi bul ay akciyalar ayi sekildi, ar jasagan igi isiniz ushin eselep sauap jiynaysyz. Ol ushin myna sayttarga da kirseniz bolady: www.asylarna.kz, www.uagyz.kz, www.meshit.kz

Ustagan orazalarynyz kabyl bolsan, bauyrlar! Allah jenildigin berip, kunalarymyzdy keshirsin, sauapty isterimizdi arttyrsyn.
Dinara
aranid.kz@mail.ru
11-08-10 11:55
Jadyra, salemetsiz be! Eger toyda arak-sharap, dangyrlagan muzyka bolatyn bolsa, barmagn durys (ol tek oraza kezinde gana emes).
Жадыра
zhadra_92@mail.ru
10-08-10 20:16
Саламатсыздар ма?Касиетти Рамазан мубарак болсын!Баршанызга Алланын нуры жаусын.Мен биыл алгаш рет ораза туткалы отырмын,иншаллах.Сурайын дегеним,ораза тутушыга тойга баруга бола ма?
madina
madina3081@mail.ru
01-09-09 09:25
oraza.daret alu



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов