Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Қазақтың Қырғыз деген руы бар...Қайдасыңдар Қырғыздар


Авторы Xабарлама
Динара
22-09-09 22:54
Мен Кіші жүзге жатамын. Руым Қырғыз. Осы Қырғыз руының ьарихын әркім әртүрлі айтады. Кім осы ру туралы біледі екен?

Авторы Жауап
Мирош
11-12-15 04:08
Қырғыз руы - алшындар! Алшын - қырғыз, шын қырғыз!
қайырбек абдулли
#1187
10-12-15 15:48
@@аккайрош 79кз
ЖАН
Ar Gun
05-11-15 00:46
Қырғыз руы – АРҒЫНдар!
Қырғыз
03-11-15 15:42
CАМАТ жаза бер.
Ислам
islam-sultanov@list.ru
31-10-15 16:25
Менің руым Қырғыз, мен Қарағанды қаласында туып өстім. Бірақ атам Омбы қаласында туып Қарағандыға көшті. Омбыда қырғыздар қайдан жүр????
kuan
kuan11.kz@mail.ru
19-09-15 22:30
Салем Казалынын кыргыздарына менин руым Кыргыз.
Гульназ
gulnaz22@bk.ru
11-08-15 06:15
Менин руым кыргыз. Астана каласы. кай жузге жатады? Кусшы - кыргыз уйсиннен тараган дейди.
Майдан
25-06-15 03:42
Мен Тағай қырғыз. Арғы жағын бiлмеймiн.
Талғат
talgat.manassov@gmail.com
23-06-15 15:57
Менім руымда Қырғыз онын ішіндегі Көпекісі Кіші жүз
cfz
saiaaaaa@mail.ru
10-01-15 22:20
менің руым тоже қырғыз қарқаралы жақтікі бірақ қандай қырғыз екнімді білиеймін, жеті ата қылыш, үстен дальше не помню сол кай қырғыздан тараған соны маган ким аитады екен, менин әкем ерте каиткан ал туыстарынан бир інісі бар ол билмеиди сурайтын баска ешким жок
Азамат
22-10-14 11:01
Мен Кыргызстандык кыргызмын. Казактын ичиндеги кыргыздарга салам. Сиздер биригип кыргыздардын коомун тузбойсуздобу.
Қаржау
http://www.astana-akshamy.kz/?p=119
30-04-14 06:49
«Қазақ»болуы… қауiптi ме?
«Қазақ болып кеткен». Осы бiр тiркес әдебиетiмiзде аз кездеспейдi. Қазақтың арасында өмiр сүрiп, қазақтың тiлiнде сөйлеп, қазақ дәстүрiн ұстанғандарды былайғы жұрт осылай атайды. Бiр сөзбен айтқанда, қазақ болып кеткендер, олар – қазақша өмiр сүретiндер.
Сонда да қазақтың, әсiресе,
қала қазақтарының көбi қазақ бола алмай жүргенде өзге ұлт өкiл-дерiнiң жеке бас куәлiгiне ұлтын «қазақ» деп көрсетiп, қазақ атын малданбаққа ниет еткенi қалай болғаны?
Өткен айларда Қытайдан кейбiр ұйғырлардың «қазақ» деп жазылып, елiмiзге көшiп келiп жатқаны туралы ақпарат тарады. Оның алдындағы жылдарда Өзбекстан, Қарақалпақстаннан да қарақалпақ ағайындардың «қазақ» болып құжат алып, Қазақстанға қоныс аударып жатқаны белгiлi болды. Бұл қазақ үшiн қауiп пе, жетiстiк пе?
Бiр жағынан алғанда, қазақтың саны көбейедi. Құжат жүзiнде. Екiншi жағынан алғанда, ата-бабамыз жете мән берген қан тазалығы, саф алтындай ұлттың генетикалық болмысы кiлтипан көредi. Бiрақ, бүгiнде жер бетiнде таза қанды ұлт жоқ дейдi генетиктер. Жапония, Исландия секiлдi бiр түкпiрде өмiр сүрiп жатқан елдер болмаса, басқалардан ортақ этникалық түр iздеудiң өзi қисынсыз көрiнедi.
Сол секiлдi, қазақ қалай қазақ болды, ол кiмнен тарады, шежiресi қалай түзiлдi дегенге оралсақ та, халқымыздың дәл бүгiнгiдей бiртұтас «халық» болып аспаннан түсе қалмағаны айдан анық. Иә, қазақ аспаннан жауған жаңбырдай тамшылап отырып бiрiгiп, қауымдасқан жоқ.
Ғалымдардың айтуынша, ұлттардың ұлт болып қалыптасуына әртүрлi фактор ықпал етедi. Америкада ұлттың болмауының өзi сондай тарихи фактордан. Бұл орайда, ұлт қалыптасуының екi жолы бар. Бiрi – ортақ тарих, ортақ тiл, әдебиет пен ортақ мәдениет, ортақ дiн, территория және ортақ мұрат бiрiктiрген ұлттар, екiншiсi – толық дайын болмай жатып қалыптасқан ұлттар. Бұл орайда, сарапшылардың пiкiрiнше, Азия және Африка халықтарының көпшiлiгi ұлт ретiнде толық ұйыспай жатып-ақ белгiлi бiр ұлт атауларын иемденiп, заман көшiне iлесе берген.
Ал қазақтың жайы қалай? Бүгiн бiзге қайтпек керек?
Рас, бiрнеше ғасырдан берi қазақ шежiре жазуға мән берiп келедi. Бодандық қамытынан басымыз арылғаннан кейiн бұл үрдiс жаңғыра бастады. Бiрақ, аталарды тiзiп, бәйтерек түзiп шежiре жасағанның жақсылығымен қатар жамандығы болғаны да ақиқат. Жақсылығы – әр қазақ шыққан тегiн танып, тарихын бiлiп, өзiнiң кiмнен тарағанын тәптiштеп айта бiлсе, жамандығы – төре, қожа, төлеңгiт, сунақ секiлдi рулар шежiреге мүлдем кiрмедi. «Мен қазақпын» десе де, осы рудың өкiлдерi өздерiн «асыранды бала» сезiндi. Шежiре барда бұл келеңсiздiктiң көзi жойылмайтыны анық.
Ал ендi… тағы да қазақ болғысы келген қарақалпақ, ұйғырларға қатысты не iстеуге болады? «Қазақ» болып жазылып, арамызға енiп жатқан өзге ұлт өкiлдерiнен бiздiң бас тартуымыз керек пе?
Өзге ұлт өкiлi бола тұра, өз тегiнен, өз атасының атынан бас тарту – адамдық тұрғыдан алғанда сатқындық. Алайда, тарихи құбылыстар көп нәрсенi өзгертуге мүмкiндiк бередi. Мәжбүрлiкпен қазақ болғысы келiп, қазақтың тiлiн, салт-дәстүрiн ұстанып, балаларын қазақша тәрбиелеп, қазақпен шын мәнiнде мұраттас бола бiлсе, қазақ тегi ұйғыр (немесе қарақалпақ) «жаңа қазақтардан», бiздiңше, бас тартпауға тиiс. Бұл қазақтың әлi де кемелденiп, көбейiп, бүгiнгi тарихын түзiп жатқанын, ұлт ретiнде қанатын кеңге жая түскенiн көрсетсе керек.
Сатқындық демекшi, қазақ отбасына жан қосылып, келiн түсiрерде «адалынан болсын» деп тiлейдi. Ендеше, қазақ болып кеткiсi келген жатұлттық замандастар да бiзге адалынан болып, шын мұраттас жанға айнала алса, құба-құп.
Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

самат
tusupvaeb
29-04-14 13:32
Бiз үшiн маңызды тағы бiр мәлiмет – Ф. А. Щербиннiң 1905 жылы Санкт Петербург қаласында жарыққа шыққан “Материалы по киргизскому землопользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Семипалатинская область, Каркаралинский уезд. Родовые схемы киргиз Каркаралинского уезда” деген еңбегi болып табылады. Ф.А. Щербин бұл еңбегiнде Құсшылардың шежiресiн ел аузынан жазып алып, схема түрiнде, ауыл қыстақтар нөмерiмен толық көрсетедi. Бұл шежiреде: Қырғыздан Сарқұртқа, Қыпшақ. Сарқұртқадан Дясы, Дянчи. Дясыдан Жолдыбай - Меңдiбай. Дянчиден Күсемiс - Тiлемiс – Акжол. Қыпшақтан Төпей, Саяқ, Жаубасар, Шерiк. Төпейден Мая- Төлес – Өте – Төлес. Маядан Құлболды - Алдабердi – Қангелдi – Тiлеубердi. Төлестен Жүндi, одан Өтей, одан Малеке - Есенқұл (Есенқұл Түркiстаннан Абылайханмен бiрге келген). Малекеден Iзбасар. Есенқұлдан Мамбет – Үмбет. Мамбеттен Ноқыс- Тоқыс. Тоқыстан Көтенбай – Байсақал. Байсақалдан Сарқасқа, одан Кенжемолла, одан Әбiш, одан Әбiлқасым. Әбiлқасым 1903 жылы 40 жаста болатын. Саяқтан Оңғы, одан Құсшы - Сарбағыс – Солты. Құсшыдан Қағазды – Қарлықты - Аман – Қарымсақ. Қағаздыдан Тебер, одан Меркiт – Есенкелдi. Меркiттен Жаңбыршы – Қойкел. Есенкелдiден Есқұл – Достай. Есқұлдан Өтеген, одан Исабай (Исабай 1903 ж. 55 жаста, 30 ауылдың II ст.). Достайдан Тойғамбай. Қарлықтыдан Сабатар, одан Қақы, одан Кенжебай, одан Ерназар (Ерназар туыстарына Зайсан жақтағы Құсшы руынан келiп, Шұбартауда қалып қойған), одан Оспан (Оспан 1903 ж. 54 жаста, 16 ауылдың II старш.). Аманнан Текежан. Қарымсақтан Тойшыбек, екеуiде 1903 жылдары Шұбартау болысында 400 шаңырақтан тұратын Құсшы әулетiн старшын болып басқарды деп деректер бередi [61, схема ХV].Қазақ арасында Қарымсақтан тараған делiнетiн, шын мәнiнде көне дәуiрдiң әлi күнге дейiн сақталған сарқыты сияқты “Құсшы” әулеттерiнiң саны онша көп емес.
самат
tusupvaeb
29-04-14 13:17
Академик Әлекей Марғұлан осы Қарқаралы мен Шыңғыстау бөктерiнде мекендейтiн қазақ құрамындағы қырғыз дейт, құсшы, шерiк, жүнды атты арғын руларының аттарында қырғыз тайпаларының этнонимiндегi тейт, кушчу, черик жатқанын атап көрсетедi. Ә. Марғұлан бұл қырғыздың Абылай заманындағы қырғыздар емес, қазаққа сiңген ескi қырғыздар екенiн дәлелдеп жазады. Осы “қырғыз” қазақтардың айтуы бойынша, “олардың арғы ат а- бабалары Арқаға Сiбiрден келген екен. Шерiк руының басы болған Шерiктен үш ұл – Ұбай, Ноғай, Орыс туған. Арқаға Орыс пен Ұбай “Ертiстен тұлпарларымен жүзiп” өткен. Осыған дейiн талай уақыт бұрын Арқаға қоныстанған Шерiк қыпшақ хандығы кезiнде би болған. Арқаға келген Шерiкпен бiрге оның қырық шоросы бiрге келген”. Осынау Қызыларай қырғыздарының әулетi төрт атадан тарайды
султан
sultan-2013kz@mail.ru
21-02-14 18:11
Қарағанды облысының Қарқаралы, Ақтоғай аудандарының шектесіп жатқан Қызыларай, Ақсораң аймағында қалың Қаракесектің ішіндегі қырғыз атты рудан тараған жұрт мекен етеді. Әлкей Марғұлан «Ежелгі жыр-аңыздар» атты кітабында бұл қырғыздың Абылай заманындағы қыр­ғыздар емес, қазаққа сіңген ескі қырғыздар екенін дәлелдеп жазады. Осынау Қызыл­а­р­ай қырғыздарының әулеті төрт атадан тарайды. Ал «Манас батыр» жырын талдап жазған Әлкей Марғұлан Манас Арқаға келгенде Бегазы тауының бөктерін жайла­ғанын дәлелдейді. Әрі аңыз бойынша Бе­га­зы тауының басында Манас батырдың Аққұла тұлпарының тас ақыры болған екен. Оған қоса ғалым Ақтоғай өңірінде мекен ететін Манас, Танас руларының осы Манас батырға қатысы бар деген деректі де келтіре кетеді. Ақтоғай ауданының Жидебай селолық округіндегі ескі тарихи орындардың бірі – Көрпетай тауының бөктеріндегі «Отыз жеті батыр» қорымы. Кейінгі ғылыми әдебиеттерде «Отыз жеті батыр» деп жазылғанымен, дұрысы – «Отыз жеті шора». Әлкей Марғұлан жазатын қазақтың ескі аңызында Манастың Арқаға қырық шорамен келгені баяндалады. Манастың соңына ерген қырықтың үшеуі тірі қалған дейді аңыз тағы да. Көрпетай етегіндегі 37 батырдың қорымы Манастың серіктері емес пе екен?
султан
sultan-2013kz@mail.ru
21-02-14 18:09
Менің де руым-кыргыз оның ішінде естекі туған жерем Қызыларай Қызыларайда кыргыздар көп
Гүлхан
03-11-13 15:15
Салем,мен кыргызбын,ишиндеги Окшыдан тарайтын татасымын,сурайн дегеним биз казахпыз ба алде кыргызбыз ба? Жане киши жуздин ишиндеги алашага жатамыз ба? Кай жузге жатамыз ози?
Колканат
Kolganat_kenzhebai@mail.ru
27-10-13 11:35
Менiн руым кыргыз.кыргыздын копегiмiн.кыргыз руынын тарихын блгм келедi
Біләл Әділбек Аяпбекұлы
b.adilbek@duman-hotel.kz
12-03-13 09:30
Ассалаумағалейкум , Жолдасбай! Менің үлкен бабам күлебші қырғыз-Сабатар теңтек туған жылы шамамен 1665,1680ж.Сабатардан Сол және Оң.Оңнан-Түлкібай-Ғайыпберлі және Қармыс.Ғайыпберліден-Бостан,Азна және Оспан тарайды.Қармыстан- Ханкелді.Бостаннан-Алдияр,Келдияр,Малдияр,Жандияр, Байтан,Ақжол және Қопабай тарайды. Сізде күлебші қырғыз туралы мәлімет барма екен.
Жолдасбаи
Putyn_73@mail.ru
07-03-13 12:05
Ассалаумағалеикум Қыргыз руын сорағандар Мен өзим Әлiм Қабақпын мениң жазаин дегеним Қазақта Қырғыз Руы болған мен шежiрелерди актарып көрдим Қабақ ишинде әр турлi себептермен келип қалған 3 ру бар 1 Уақ 2 Ноғаи 3 Қырғыз Ендi Қырғыз руын алаиық олар Алтаи тау етегинде болған Сол 12 ата қырғыздың бiреуi СОЛТЫ ДЕГЕН ОНың бiр ұрпағы Оқшы одан Көпекi Шырдаи Тата Барақ Естек деген 5 ағаинды болған Көпекi мен Шырдаи Қазалыға келiп қалады ал Тата Барақ Естек Ақтөбениң деген жеринде Қабақ пен Тiлеудиң орңаласқан жеринде өсип өнип қазiргi Шалқар Мұғалжар аудандарында турады осы Қырғыз руынан Бәиiмбет .ҚАРАБАТЫР Қаидауыл деген батырлар шықан осы батырлар Әбилхаир тұсында Есет Көкiұлы Бөкенбаи батырлармен Астрахан Волгоград боинда Қалмақтармен болған согыста қатысқан Ендi осы Қырғыз руынан Совет одағы батыры Идирис Үргенишбаев жане Совет кеңеси үкмети ауыр құрылыс Министрiнiң орынбасары Жарасов Молдағазы да ҚАЗ РЕС ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСИ КОРЕСПОНДЕНТI МҮШЕСI ҮМБЕТЖАНОВ ДАУЛЕТТЕ ОСЫ Қырғыз руынан солаи Қырғыз ру ағаиндар Қабақтар араласып отырған мен өзим Қабақ атым Жолдасбаи Қарақалпақстанда Қоңырат деген қалада турамын см Жолдасбаи логиме дружба тастаңдар сұрақтар болса
Аида Кожахметова
aida30011212@mail.ru
20-11-12 21:42
Менин атым Аида. Мне акмола облысы,бурабайда туып оскем.меним руым кыргыз.Бурабай жакта бирнеше кыргыз ауылы бар.бирак меним ата бабаларым буланды ауданы елтай деген жерде омир сурген. Мен оз руым туралы билмеймин. Ким маган руым туралы айта алады? почтга хабар жибериндер.aida30011212@mail.ru
Мелисбек
ashbjm@mail.ru
15-10-12 08:38
Менимче СаматТусупбаевдин жазганы чындыка жакын.15-чи кылымга чейин казак, өзбек деген улуттар болгон эмес. Биздин тарыхчылар жазгандай учурдагы казактар-кыргыздашкан монголдор, ал эми озбектер-кыргыздашкан перс-индустар.
Гульзат
guzi-1995@mail.ru
28-09-12 14:22
мен Караганды обл.Актогай ауданы.Кызыларай ауылында дуниеге келем.менинде руым Кыргыз.бул рудын тарихы естуимше 2 нускасы бар 1.бурыныракта адамдар биршама жыл бурын казирги Кыргыз елинен келген деседи.Казактарга сіңісіп кеткен.бирак бул казахтын руы болып есептелинеди.2.Ешкандай кыргыз елинен келмеген кадимге казак.солай аталып кеткен болуы керек шамасы!)
руслан
blekesh.kz@mail.ru
03-09-12 22:55
ата бабамыз кыргыз жерінен келген,екі ағаиынды копекі мен шыртаи ,шыртаи урпағы актобеде,копекі урпағы кызылордада,ал кокшетау кыргыздары абылаихан кезінде келген кырғыздар
Айгерім
ai-kerim_91
09-07-12 10:38
Қырғыз деген қазақ руына жата ма? Оны Қырғыз жерінен келгендер деп естігенмін. Бұл жүзге жата ма?
Мулдир
Moldir_ergazieva@mail.ru
25-06-12 12:36
Сарыбас Алашаларга жалынды Салем!
Гульнур
23.09.1989@mail.ru
24-05-12 21:36
ммой ру тоже Кыргыз, из них естек. ничего не знаю про свой ру. где найти книгу шежире
Еркежан
erkej96
17-05-12 22:54
Мен Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылынанмын,меніңде руым қырғыз оның ішінде жүнді және біздің ауылда қырғыздардың ішінде естекі т.б түрлері бар.сондықтан қазақта қырғыз деген ру бар.
Самат
tusupbaev
24-11-11 17:44
Қарағанды облысының Қарқаралы, Ақтоғай аудандарының шектесіп жатқан Қызыларай, Ақсораң аймағында қалың Қаракесектің ішіндегі қырғыз атты рудан тараған жұрт мекен етеді. Әлкей Марғұлан «Ежелгі жыр-аңыздар» атты кітабында бұл қырғыздың Абылай заманындағы қыр­ғыздар емес, қазаққа сіңген ескі қырғыздар екенін дәлелдеп жазады. Осынау Қызыл­а­р­ай қырғыздарының әулеті төрт атадан тарайды. Ал «Манас батыр» жырын талдап жазған Әлкей Марғұлан Манас Арқаға келгенде Бегазы тауының бөктерін жайла­ғанын дәлелдейді. Әрі аңыз бойынша Бе­га­зы тауының басында Манас батырдың Аққұла тұлпарының тас ақыры болған екен. Оған қоса ғалым Ақтоғай өңірінде мекен ететін Манас, Танас руларының осы Манас батырға қатысы бар деген деректі де келтіре кетеді. Ақтоғай ауданының Жидебай селолық округіндегі ескі тарихи орындардың бірі – Көрпетай тауының бөктеріндегі «Отыз жеті батыр» қорымы. Кейінгі ғылыми әдебиеттерде «Отыз жеті батыр» деп жазылғанымен, дұрысы – «Отыз жеті шора». Әлкей Марғұлан жазатын қазақтың ескі аңызында Манастың Арқаға қырық шорамен келгені баяндалады. Манастың соңына ерген қырықтың үшеуі тірі қалған дейді аңыз тағы да. Көрпетай етегіндегі 37 батырдың қорымы Манастың серіктері емес пе екен? Ал Қызыларай қыр­ғыздары Манас бастап тірі қалған үш батырдың ұрпағы шығар десек ше?!
саяк
...
16-08-11 19:19
мен саякпын
Жасулан
my_e-maill_2008@mail.kz
12-07-11 10:20
Қырғыз туралы ақпарат білгісі келетіндер хабарласындар. Қолымдағы мәліметті беремін.

Тажибаева Құралай
t-kuka@mail.ru
18-05-11 18:19
Менің руым қырғыз соның ішіндегі естегiмін. Туылған жерім Ембі қаласы, тарихын білген адамдар менімен хабарласуды өтінем.
Ayana
ayana_raimbek
03-04-11 00:21
баршанызға кайырлы кеш маған қырғызды рысқұлы туралы айтып бериндерш
aday
aday.87@mail.ru
18-02-11 17:33
Kirgiz degen kazata ru barma ne?
Нұржан
123-1235_1984@mail.ru
12-02-11 19:53
Тагы б1р айтайым таза кыргыздар бар ! Мен ест1генм1н , Мен Таза Кыргыздан деп ойлаймын.
Нұржан
123-1235_1984@mail.ru
12-02-11 19:50
Менім руым Кыргыз!!!Мен Актобе облысы Кандыагаш Каласында турамын 5 мектепте 9 д окыймын,Мен улкен аталардан соз естігенмін екі кыргыз кездессе екеуіде кырылады)
Бек
BEK.T@RAMBLER.RU
06-09-10 18:04
Серік шамасын айтып отыр Кіші жүз үш топқа бөлінеді Он екі ата бай ұлы, Алты ата Әлім сосын қателеспесем Үш ру сияқты. Негізі үш жүзге кірмейтін ол Төре, Қожа және Төлеңгіт.
Aigerim
aikona27_92@mail.ru
06-09-10 00:10
Қырғыз руы бар!
Менің әкем Ақтөбе облысы, Ембі ауыллынан шыққан. Қырғыздың ішіндегі татасымыз, немесе тоқтасы. оны нақты білмеймін.....
Кемел
03-09-10 16:07
Киши жуздин негизи каракыргыз деп жазады, шежиреши Зайыр Сэдибеков (Казак шежиреси, Ташкент, 1991 ж.). З.Жандарбек болса, Киши жуз - Мангытай (Мангыт) улысынан куралган дейди, халык шежиресне суйенип. Мангытайлар - Ногай Ордасын кураган Едиге эулеттери болып табылады. Жалпы, казак арасына сыналап кирген кыргыз да, каракалпак та, башкурт та коп болган. Сонын ишинде озинин шын кыргыз екенин билетиндер Киши жуздегилер. Орта жуздеги кыргыздар Абылай ханга туткынга тускен басыбайлы жандар. Аманжолов Киши жуздеги Жаманактарды кыргыздар деп жазган. Олар казакка сон косылган болса керек.
Жасұлан
my_e-maill_2008@mail.ru
19-08-10 10:31
Ас-саламу алейкум жамағат!
Мен ойымды айтайын, бірақ бұл жөнінде нақты дәлелім жоқ.
Алаш елінің кіші жүз бөлігіне келіп орналасқан "Қырғыздар руы" атанған ел-жұртты яғни "Әлімнің қырғызы" деседе болады, орта жүз және ұлы жүз жеріне қоныс тепкен "Қырғыздар руы" атанған ел-жұртпен шатастырмаған абзалырақ.
ALMASS
bursa_89@mail.ru
10-08-10 12:45
serık kazakta kırgız degen ru bar .
Шынар Ақтөбе
Shnar.88@mail.ru
10-08-10 12:26
Саламатсыздарма! мен Шынармын Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласынан. Менин руым қырғыз, онын Татасы, онын көк найзасы дейди атам. мен енди осыны нақтырақ білсем деген ниеттемін. биреу Руға жатамыз, ал біреулері жатпайсынлар дейді. Сонын жауабын нақтырақ ашып айтса...менин атамда Татадан төмен қарай шежіре бар, аға інілеріме дейін. Сонын ұрпақтары болсада, қызықтырса. Хабарласыңыз кутемін жауабын
aidar
A.Manghal@gmx.de
04-04-10 16:48
keshe zhozden shokenen(kerkmeltek) eshende sart-temer-orak ( orak de kerkez deb jengelere lakab bergen)degen !!!
Динара
emdinara@mail.ru
26-03-10 13:15
Мүмкін, Серік сенікі де дұрыс шығар. Бірақ, біздің шежіреде Жоңғар Алатауы жағынан Қырғыздың Құсшы деген руынан екі жігіт Еліп және Құлеке Қазақ жеріне келеді. Біреуі Қызылордада қалады, біреуі Ақтөбеге келеді. Содан біз тарағанбыз. Тата, Барақ, Естек болып үшке бөлінеміз.Менің білгім келетіні Қырғыздың түп аталары туралы...
Серік
Kumar1958
19-11-09 07:52
Қазақта қырғыз деген ру жоқ. Ру деп жүрген қырғыздар қазақ жеріне екі лек болып келген. ретте Аблай хан қырғыздарды бағындырғаннан кейін олардан 40 жігіт және қырық қыз алып өз ара үйлендіріп, Бурабай төнірегіне амант қылып алып келген. кепілді лек сәл кейінқырғыздар арасындағы тартыс-таласта келген қырғыздардан құралған. Жалпы қазақ хандығының құрамында ерте кезде (Ханазар хан тұстары шамасында) "Құрам" деген бөлік болған, ал оған қырғыздар, қарақалпақтар және бұқар өзбектері қатарына кірген біршама басқа тайпалар кіріктілгенде, барлығы (қазақты қоса) "алты алаш аталған" деседі.
Бейбарс
02-11-09 09:15
Олар тегi Алатау атырабынан келгендер.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов