Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Жұмыс!!!!!


Авторы Xабарлама
Ақбөкен
10-10-09 10:59
Ассалаумағалейкум уа рахметуллахи уә бәракатуһу! Баршаңызға Аллаһ Фирдаус Жәннатын нәсіп етсін! «Сасқан үйрек артымен жүреді»-демекші мен де сасқанымнан сіздермен ой бөлісуді жөн көріп отырмын. Екі-үш жылдың жүзі болды... Елдің құрғақ уәдесінің құрбанына айналар түрім бар. Қайда барып жұмыс сұрасам да уәде береді де, соңын жауапсыз қалдырады! Оның басты себебі – менің ислам дінін ұстанып, бес уақыт Алла алдындағы парызымды орындауым! Жоғары білімім бар бола тұра, бір ЖОО-да амалдың жоқтығынан техникалық қызметке тұрғам. Жұмыстың өте ауырлығы мен жалақының аздығына да шүкіршілік етіп жүр едім, қазағым маған мұны да көп көрді! Кеше бастығым шақырып алып: «Бұл ғимаратта енді намаз оқушы болмаңдар, я болмаса орындарыңды босатыңдар!» - деген талап қойды. Егер Өкіметтің ғимараты болса дауласа кетуші ем, жекеменшік ғимарат болғандықтан сабыр етіп тұрып қалдым... Бәрінен бұрын намазыма шектеу қойғандарына қатты ыза болдым! Оған ойланбастан жұмыстан кететінімді айттым! Адам адасам десе демде екен ғой! Өзге ұлт өкілдері болса түсінер ем! Өз қазағым өзімді қудалағанына ішім удай ашиды. Енді не істерімді білмеймін! Айнала толы жұмыссыздар қызмет таппай жүргенде, «хиджап» киген қыздардың жұмыс табуы тіпті де қиын! Ай сайын төлейтін пәтер ақым тағы бар. Аллаһ өзі жәрдем етпесе, білмеймін не боларын... ?!
«Қазақстанда ислам діні өркендеп тұр!» - деп ұрандап жүр біреулер. Өтірік! Өз жеріміз, өз елімізде қайыршының күйін кешудеміз! Тек Аллаһ өзі сабыр, шыдам берсін! Менің түсінігімде егер қазіргі қоғамда «өте турашыл» болсаң, өмір сүруің де қиындай түседі екен. Кейбір жұмысқа тұру үшін «астағфирулах» пара сұрайды. АллаҺтан өздерін жоғары қойған ұлықтарымызға қалай жағамыз! Білмедім...?! Аллаһ ол кісілердің жүрегіне «хидаят» берсін! Біліп-білмей істеген барша күнәларын кешірсін!
Бәлкім, Аллаһ иманды жақсы жар нәсіп етіп, бағымды жардан ашар деп те ойлаймын. Бірақ, үй мен жұмыстың арасынан шықпай жүрген біздерді кім көрсін! Аллаһ өзі бір мәнісін келтірмесе...?! Құрметті бауырлар! Егер айналаңызда бізге лайық қызмет болса қарастыра жүріңіз? Өтініш? Тым болмаса дінде жүрген біздер бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық?! Аллах разылығы үшін тым болмаса жылы сөз жазып жүрейік! Баршамызға Аллаһ екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! Ассалаумағалейкум!


Авторы Жауап
Мейржан
m.shadibekov.93@mail.ru
24-10-17 12:25
Ассалаумагалейкум бауырлар мен Алматы каласында турамын жакында жумыстан шыгып кеттим казир жумыс табу киын туракты жумыс табалмай журмин кредиттеримди толей алмай жаксы туракты жумыс болса киргиниздерши алла разылыгы ушин катты киналып акшадан кысылып журмин. 87471774992
Юлия
julyajulya_75@yandex.ru
24-10-17 10:24
Қателер үшін кешірім сұраймыз. Мен Google аудармашыда жазамын. Мүмкін, сол бөлімді жазбаймын. Екібастұз қаласындағы №2 емхана ПВХ бойынша КГП Vork.com веб-сайтында жұмыс копирайтерін жариялады. Мәтін жазу қажет болды. Ол қабылданады, жарияланады және төленбейді. Собс елемейді. Екібастұз клиникасында жұмыс істеуге кеңес бермеймін!
Kuanysh
ksataj@bk.ru
25-01-14 09:55
Салеметсизбе! Казир коп адамдар интернеттен акша тауып жур. Кобинесе рессейликтер кызыгын коруде. Мен де бул сайттан клик жасау аркылы айына 1000-2000 доллар тауып журмин. Осы сайттан казактар да акша тапса екен деймин. Егер интернетпен акша табу сизди кызыктырса мына ссылканы басып кориниз:- http://wad.ojooo.com/register.php?ref=kuanysh777ok мына ссылканы басып видеодан коруге болады:
http://www.youtube.com/watch?v=cpNT-K3TPck
(http://www.youtube.com/watch?v=cpNT-K3TPck)
Егер сурак болса жазыныз. Если вы хотите заработать в интернете стабильныйРеально можно зарабатывать несколько тысяч долларов в месяц никого не приглашая. Компания официальная. Зарегистрирована в Германии. Полностью русифицирована.
Теперь о выводе денег, о самой актуальной для казахстанских партнеров компании Ojooo.com - Watching Ad теме. Вывод денег в Россию наконец налажен! Быстрый вывод денег Ojooo. Вы можете накапливать поступившие деньги на виртуальном счете в Ojooo.com, и выводить заработанное одним переводом. Компания Ojooo.com имеет собственного представителя в PayPal, Payza‎, и защищает наши интересы.

Вы можете присоединиться к нам и начать зарабатывать абсолютно бесплатно. Ссылка для регистрации:http://wad.ojooo.com/register.php?ref=kuanysh777ok
Ақбөкен
13-10-09 07:46
Ассалаумағалейкум Ара бауырым! Бұл жер частный ВУЗ болғандықтан ол жерде сенің мықты маман болғаның ешкімді қызықтырмайды... "Сенен де мықтылар табылады.."-деген ұстанымды ұстанады. Олардың ұғымында бастықтардың алдында зыр жүгіріп жағымпаздансаң ғана жағасың! Осында келгелі бері байқағаным не бір мықты мамандарды жұмыстан шығарды да, орнына өз адамдарын алып отырды... Так что, әділдік жоқ жерде - дұрыс бағалау да жоқ! Бірақ әрине "аққа - құдай жақ!" Біздің де ауламызда жеңіс туы желбірер! Таңғы 9-дан кешкі 9--ға дейін отырып, күніне 4-5 сағат артық жұмыс істейтін біз сияқты байғұстардың да еңбегі ақталар! ИншАллаһ! Жоғарыдағылар көрмесе де Аллаһ көрсе болды емес пе еңбегімізді... Бәрі жақсы болар! Менің бұл жерге жазғандағы мақсатым, жаныма жақын жұмыс табуға мұсылман бауырлардан көмек сұрау болатын! Егер еш көмектеріңіз тимесе, уақыт шығындап, ешнәрсе жазбай-ақ қоюларыңызды өтінем!
Фельдшер жігіт
12-10-09 11:08
Тыйым салған бастыққа Аллаһ Тағала өзіне тиесіліні берсін! Бізде намаз оқитын қара жұмыс жасайтындарда да, жүргізушілерде бар. Уақытылы намаздарын оқып жүр. Ешкім кедергі келтіріп жатқан жоқ. Қайта басшылар жағы қолдайтындарын білдіріп жатады.
ара
12-10-09 08:46
Казакстанда ислам енди гана дамып халыктын арасына тарап келе жатыр. Бурында пайгамбарымыздын кезинде исламды кабылдаган адамдарды калай азаптап олтиргенин хадистерден коп окыган шыгарсыз. (Мысалы Ухуд тауында, пайгамбарымыздын атакты сахабаларын ишек-карнын актарып, беттерин тилгилеп).
Ал казирде бизди биреулер шеттетсе де, олай кинап жаткан жок кой? Жумыссыз журу арине киын. Мен сизди тусинем, бирак та Аллахтын мейириминен кудеринизди узбениз:

(Мұсылмандар!) Сендерге бұрыңғы өткендердің басына келген сияқты (жағдай) келмей жаннатқа кірулеріңді ойладыңдар ма? Оларға, ашаршылық, ауыру- науқас келді. Сондай-ақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?»,- дегенге дейін (қиыншылықта) тербетілді. Естеріңде болсын. Негізінен Алланың жәрдемі жақын. (214)
БАҚАРА СҮРЕСІ

Сабырмен жане намазбен Аллахтан жардем тилениз. Аллах сабырлылармен бирге.
Аллах ар адамга онын иманы карай сынак береди.

Сондай-ак кейбир нарселер озимизге де байланысты. Егер биз намаз окып журип жане оте кушти маман болсак бизди ешкимди жумыстан шыгамайды.
Мен оз басым, бир емес биирнеше хиджаб киетин жогары жалакы алатын (1000 доллардан жогары) билемин. Оз саласынын мыкты маманы болгандыктан гана жумыс беруши оларды хиджаб кигенине карамастан жумыстарындаа устап отыр. Айтпесе казир жумыс издеуш деген оте коп.

Аллахка сизге жардем берсин, аминь!!!!
ара
12-10-09 08:35
عليكم السلام ورحمه الله وبر كاته

Мен де басында жанадан оку битиргенде жумыс таппай катты киналгам. Менимен мектепте бирге окыган кластастарым бари жумыс истеп жергенде мен гана жумыс таба алмадым. Сонда акем шешеме айткан, мына улды ешким жумыска алмайды типти 10 университет битирсен де деп. себеби бул намаз окиды деп. Мен ойлайм сол ол Аллахтыг сынагы болды деп:

Адамдар: \"Сендік\" деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма? (2) Рас олардан бұрынгыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі. (3)
29-ҒАНКӘБҮТ СҮРЕСІ

Бирак казир Аллахка мын шукир, казир жаксы жерде жумыс истеймин.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube