Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Бай болғысы келетіндер үшін


Авторы Xабарлама
Миллиардер болғысы келетін миллионер
30-10-09 06:26
Барлық бай адамдардың, бай болғанда да қаржыға тәуелсіз (финансово независимый) адамдардың ұстанатын белгілі бір ережелері бар. Егер әр адам сол ережелерді ұстап жүретін болса, байлық та ол кісінің артынан жүреді. Бірақ ол ережелерді ұстау барлық адамдарың қолынан келмейді. Егер сіз қаржыға тәуелсіз адамдардың қатарынан болғыңыз келсе, онда осы жерге сол ережелерді үйренуді бастайық.
Мүмкін бір адамдар жазуы да мүмкін: "Мен үшін байлық басты мәселе емес" - деп. Алайда бұл жерде жазылатын басты нәрсе де - байлық емес, ал керісінше адам туралы, яғни қаржыға тәуелсіз адам. Келесі адамдар жазуы мүмкін: "Алланың бергеніне шүкір, онан артықтың қажеті жоқ" - деп. Бірақ сіз ойлап көріңіз, егер сіз қаржыға тәуелсіз адам болсаңыз, қазіргіден де көп сауапты істер жасар едіңіз ғой, солай емес пе. Олай болса бұл тақырыптың сізге берері мол болуы мүмкін.
Және ең бастысы бұл тақырып құдайға сенетіндер үшін. Оны біреу - Құдай деп атар, біреу Алла - деп атар, біреу үшін - Господь, біреу үшін - Бог, ал келесі біреу үшін - God болар, бірақ ең бастысы біздердің жаратушымыз бар екеніне сену! Егер сіз Жаратушыға сенбейтін болсаңыз, онда бұл тақырыпты жауып, сенетін адамды кіргізсеңіз болады. Сонымен, кеттік пе?

Авторы Жауап
Куат
zekma@list.ru
02-08-16 09:04
Каржыны дурыс инвестициялауга комектесемiз,салган акшаныздан айына 20% алып турасыз.Инвестицияга салган каржынызга кепiдiк беремiз.
87027899862,скайп makmereke88
wonderful
26-02-16 02:00
Ой бəрі шетінен акылды айтеуір.Омірде солай істеймекен оздері.Отырып алып біреуге акыл айтудан босамайды.
Акузак
12-11-15 09:41
Мен бай боогым келеди...комектесиниздерши ериншектикти калай женем
Варя
b.123@mail.ru
05-11-15 19:20
Салем достар!Менин жеке касиппен айналыскым келеди.Бирак кай истен береке табуга болады,билмеймин?.мемлекеттик сатып алумен айналысу ушин оны калай бастайды?
Nargiza
nargiza@mail.ru
01-11-15 05:45
Жогарда айтылып жаткандарга карасак жйнаган акшаны калай кобейтыу керек жайлы айтылган.Ал егер жок акшаны кайдан кобейтемиз.куйеумиз екеумиз шаш таразда истеймиз.жаксы табамиз бирак протцентке акша алганбыз тапканымиз соган кететте турат.калай кутылыума болады.кенес берсениздер.казир оз туысканында былай акша берип турмайды.Адамдардан карыз сорасан процентке гана берет.сонда кайрымды жандардын калаганыма бул омирде
нуржан
nurjan991@mail.ru
04-10-15 05:16
Бай болгым келеды аз акшамен калай бизнес бастасам болады бизнесмендер болса комектесындершы ватсапта болам 87024474591
тоты
toty.kulzhanova.92@bk.ru
18-06-15 12:41
Менде идея бар!!! Акшаны айналымга салу ушин бизнес жасау керек!! кандай бизнес болмасын серезно карау керек сол кезде ИншаАллах жетистик болад!! Жетистикке жетудин тагы 1 секрети армандай билу керек арман накты болу керек!!! Мен бизнес жасаймын!! Тоже бизнес бастаймын дегендерге комектесе алам, менин номерим: 87775928822
Салтанат
atyom85@mail.ru
11-06-15 20:51
Бай Болу жаман омир емес, ол омиринизди женилдету деген соз. Барлык адамда Арман болады, бирак максат болмайды. +77785605099. Адалдыкпен бай болудын бит жолы бар.
калдыгул
katya
30-03-15 13:53
Бай болгысы келетин адамдарга мумкиндик коп, жумыс жасайм бай болам деген адам ол тамаша менин де издегеним осы еди маган хабарласындар ватсап 87785897675 мен бай болудын жолын калай касипкер болды уиретем буган коп акша салып емес идеямен
Улыкбек
Master.sport.kz@mail.ru
03-03-15 12:44
Ya bai bolgan jaksi birak bai bolu ushin kop enbek etu kerek. imandi bolu kerek. mastanbau kerek. Kazakstan Sporttin en jogargi satisina koterilu ushin Jomart bailar kop bolu kerek. Elimizde neshe turli miktti mikti jigitter bar. Alemdik dodaga shiguga kaltasinda karajat jok. Osi matindi okip otkan jastarga egerde bolashakta bai adamdardi katarina kosilip jatsanizdar birinshi oz balanizdi sportka beriniz akshanizdi sogan jumsaniz
Нурболат
nurbolat_19_86@bk.ru
26-12-14 21:00
Бари бос сандырактар жигиттер негып отрсындар лагып бос создерге. Ер азамат сенин байлыгын ата анан туган туысын некели жарын сабийн. Кыздар сендер дин бирак кана байлыгыныз семия курып бала суйиу балан жок болса тумасан сенин бар жиган малдунян некерек. Отырсындар ойбай кызык деп. Касметика пален тулен деп. Некерек байлык оны корине аркалап кетпейсин. Ол дуниеге апарар байлыгын тек бес уакыт намазын истеген сауабын аллага кулшылык етип кажылык сапарын.Мине сени байлыгын осы. Дуниеге келдинба жаланаш сол жаланаш боп кетесиндер болган.
Елдос
t.eldos_kz@mail.ru
20-10-14 11:26
Сіздің милионер болғыңыз келсе
1) Тәріпті түзетіңіз. Яғни қорқақ , еріншек , сенімсіздік , шыдамсыздық болмауы керек
2) Жерде жатқан 5-10 теңгенің өзін алу керек менмінбеу деген жоқ . Содансоң қолыңызда ақша болса оны өзіңізге жұмсаңыз. Арзан тұратын зат болсада қойш арзанғой деп қоя салмай пайдасымен салыстырп алу қажет .
3) Әр істеген тірлігің уақытпен істелуі тиіс
4) Қосымша табыс көзін қарастыру қажет. 3- тегіні дұрыс орындасаңыз қосымша табыс көзіне уақыт табасыз . Егер қолыңызда 100000 тенге болса оны сақтап жүрмей өз пайдаңызға асырыңыз . Оданда көп болса барлығын қосымша табыс көзіне жұмсаңыз .
5) Қосымша табыс көзі деп карта оцындарына немесе футболға ақша тігу секілді ойындарға қатыспаңыз

акмарал
1989akmaral@mail.ru
31-08-14 11:15
Бай болудын ен басты купиясы арбир тапкан табысна Аллага шукиршилик ету жай гана тиын болсада,Алла Тагала Мен баймын деген адамга 2 есе байлык береди,мен кедеймин деген адамга 2 есе кедейлик береди.Ен бастысы журеги таза,мейримди,шыдамдылык болса жетеди,,,
исмайл
ismail_barsa
28-06-14 21:49
баюдың коп,кыздардың барі сынад
исмайл
ismail_barsa
28-06-14 21:46
баюдың ең оңай жолы футболға вставка қой
Ерлан
sh_erlan86@mail.ru
31-05-14 22:12
ассалаумагалейкум!!! акшасын кайда саларын билмей жургендерге идея 13 де футболдан алем чемпионаты басталады сол жерден 100 000тг болса кунине киналмай 50 000тг табуга болады безпроигрышный вариант.хаьарласыныздар
КАЛМУРАТ
xolmurod91@mail.ru
18-05-14 17:28
Воs angimeni kop aytilgan munda... Jurekten aksha mal dunyeni shigarip ornina iman degen zat kirgizu kerek... Dunyenin artinan kusan jetkizbeydi... Sen sen dunyeden kashsan kuadi... dunyeden kashu degeni xaramdardan kashu... Urlik istemeu, kisinin akshasin arturli joldarmen aldap alu( zdachi kaytarganda kariz alganda kopteu alu jaman)... Jaksilik kop jasau kerek i aytpau kerek istedim dep...
нурлыбек.у
nurik1977ernur
16-05-14 16:19
Венера саламатсызба.мен сіздін тілектер сайтынды оқыдым.өте керемет тілек-өлен.Жер шарымды жаратқаң бір АЛЛА.Біздер үшін.сонның ішінде Адамды әдемі етіп жарақан.Сіздің тілектерініз әлемдегі Қазақстанның халқына тілеимін.Байлықты аяқ астынна тапап жүрміз.сол байлықты ерінбей енкиеіп алындар халқым.
нурлыбек.у
nurik1977ernur
16-05-14 10:16
такырыптарын өте дүрыс, рахмет, барлык халыққа бай болганын қалаимын.себебі бір адамнын колыннан еш нәрсе келе бермеиді.менім бір-екі идеам бар.армандаб жүрмін қолым жетпей.қаражатқа треліп тұр.жұмыс меніммен жасаимын қаражат ақшасы бар адам іздеимін87758370448
нурлыбек.у
nurik1977ernur
16-05-14 10:02
такырыптарын өте дүрыс, рахмет, барлык халыққа бай болганын қалаимын.себебі бір адамнын колыннан еш нәрсе келе бермеиді.менім бір-екі идеам бар.армандаб жүрмін қолым жетпей.қаражатқа треліп тұр.жұмыс меніммен жасаимын қаражат ақшасы бар адам іздеимін87758370448
123456
21-box@mail.ru
10-04-14 21:07
vk.com/kazakhs_eli - қазақтарға
Айгуль
aigul_8383@inbox.ru
10-04-14 18:59
Калай бай болса болады
Багдалет
bagdaulet.moldan@mail.ru
02-03-14 15:26
Бай болу ушын бай болгысы келу керек!
Дархан
kodryi-leo@mail.ru
09-01-14 18:02
Сәлеметсиздерме! мен біріншіден осы оміріме аллаға шүкіршілік етем! Менинде бай текті адам болгым келеді.Оқуымды биыл бітіремін,жақында машинамды сатып жібердім,мініп жүргеннен дым пайда жоқ,оданда ақшадан ақша тудырайын дедім,қазір менде 1 000 000 теңгем бар.Енді қандай тірлікпен айналысарымды білмей жүрмін,сіздерден өтініп сұрарым шын көңілдеріңізден айтыңыздаршы бұл ақшаны қандай іске пайдалансам болады.Назар салып оқып,ақыл айтқандарыңызға алдын ала алғысымды айтамын...
Жалгас
@уаhоо.сом
07-12-13 03:37
Ашкоздiк,дуниеконыз,тойымсыздык,шукiршiлiк кылындар
гулнур
gulnur_musabaeva@mail.ru
06-12-13 19:59
бай болудын бар дугасын окып жургеним мен дал казир тусинигим кедей болу пешенеме жазса сол екен бай болуды армандаганан баска жол жок менде кудайга таубемен омир сургенге уйрену керек
гулнур
gulnur_musabaeva@mail.ru
06-12-13 19:52
айтканга бай бола салад екен сенбейм арким оз несибесине карай омир суреди
Венера
venera_8585@mail.ru
11-11-13 12:26

Акшалы болгысы келген адамдарга кишкене гана айтар оз ойым бар. АЛЛА баримизди жаратканда несибемизди жинайтын бир дарынымызбен жибереди. Ар адамнын бир ерекшелиги бар, биреуи агаштан туйин туйеди, биреу оленге жакын, биреу киiмди тамаша тиксе, биреу тамакты дамди писиреди, мине, сизге бизнес. АЛЛАГА шукир, казир барлык мамандык пен онер иеси сураныста деп ойлаймын. Менин жеке сайтым бар, www.tilekter.kz, сол аркылы отбасыма куаныш сыйласам деп ойлаймын. Бизге арман бекер берилген жок, батылсын ба, арманынды колынмен устап кор, батылсызсызсын ба, киялынмен кала бер!
Ереке Койшыбай
07-11-13 21:47
Барлыгыныздын бай-бакуатты болуынызды тилеймин...Баю да она емес екен....азирге шагын касибим бар,бизнес жолында ар турли адамдармен,ар турли жагдайлармен, киыншылыктармен кездесесин, бирак максатым улкен, айкын, киыншылыктар мен ушн тажирибе деп есептеймин,жане сынбаймын,керисинше жигерлене тусемин,арине алгашкыда салым суга кеткен кездерим де болды, бирак кур уайымнан пайда жок екенин тусиндим, казир Аллака сансыз шукир, тек алга караймын,алга,кандай жагдайлар болса да, себеби, бари откинши,мына жалган секилди..! маган осындай сана берген Аллах тагаламызга сансыз шукирлер айтамын...
Нурбану
nurbanu--1988@mail.ru
17-10-13 08:52
1.Бай болу үшін адам бірінші өзіне сену керек. Бай болу үшін адам ақшаны жақсы көру керек, Ақша- ол жақсылық, ақша арқылы- мешіттер салынады, ақша арқылы- жетімдер үйі салынады, ақша арқылы- мұхтаж жандарға, ата-анаңа көмектесесін.2. Бай болу үшін адамда арман болу керек. Арманның нақты, шегі болу керек.Арманға жету үшін ешкімді де тыңдамау керек. Егер сен ақыл сұраған адамың дәрежесі сенен төмен немесе сенімен бірдей болса, ол саған ештенеде үйретпейді. Бай болуды бай адамдардан, миллионерлерден үйрен. Бай адамдарды жақсы көр, олардың өмірбаянымен таныс,олармен сөйлес, әңгімелес. Егер ондай мүмкіндік болмаса, кедей адамдардан үрен. Кедей адамдар немен айналысады, қандай жұмыс атқарады, кімдермен араласады соның бәрін біліп алда, Тура сол кедей айналысқан іспен сен айналыспа. Осыдан сон өзін-ақ тан қаласын. Сенің омірін жақсы жаққа озгереді.
Мен миллионер емеспін, бірақ миллионер болудың жолын таптым. Өзгердім. Алдыма мақсат қойдым. Мені өзгерткен-ол менің бизнесім. Өзім сияқты адамдарға Қол ұшын беруге дайынмын. Өтінемін жастар жүректегі қорқыныш пен мидағы қоқысты алып тастандар. Әр адам өз тағдырының иесі.
Асылбек
asilbek_2525@mail.ru
08-07-13 17:45
менде миллиардер болгым келеди жылдам. бизнестин кай турин тандаган дурыс? моб: +77754247007, +77764247007
Улбосын!
Ulbosyn1992_1992
10-06-13 15:07
Омiрдiн манi неде деп дал болам кейде. . . Жер бетi уакытша мекен болгандыктан бай болган да дурыс. Тек пайдалы максатта. Когамга жаксылык жасау басты орында. Аллахым арбiрiмiздi колдасын!
Жайна
Jaina_aruka
24-05-13 15:27
Ех бай адам болу киын шыгар! Мен косметика саткым келеди бирак бастауга каржы жок бурын саудада айналысканмын алмаска коймай алдырушы едим,! Казир бастайын десем батылдык жетиспеиди акша несиеге болсада алам бирак коркып журмин банкрот болып калсамше? Калай не истесем екен?
Еркебулан
Erke2030@mail.ru
02-05-13 11:50
Сабактарыныз мыкты екен армандарыныз орындалсын казакстаннын ар адамдары бай болса екен
Аблай
Abylai_texas_han
01-05-13 23:38
Арине\адам адам бболгалы санасы жетилп,дами бастады.сонын аркасында алемди бирикелкиликке итермелейтиндер акша ойлап шыгадыгой,онысы да жон болган..Ен бастысы имандылык,билим адамилык болса бари де болар достар.дегенимен заман талабына сай ари шаригат буйыргандай куатты,бакуат,бай болган дурыс..арине аспан мен жерди ажратарлык кана..АБЛАЙ..
Сабыр
Sabir_or.mail.ru
28-02-13 10:18
Меніњ ‰й салуым керек еді. ол ‰шін ќандай кµмек, аќыл бере аласызда.
Арыс
anarys@mail.ru
08-11-12 11:23
Ойбай менынде бай болгым келеды калып кетпейын кызыккой мына темаларыныз
асыланбек
aslanbek.99.99
20-10-12 10:49
Бай болуды арамндамайтын жан жоқ шығар депойлаймммын.Мен өзім студентпін.Маған қандай ақыл кеңесберер едіңіз мүмкіндігіңіз болса 87029519632ге хабарласуыңызды өтінем.
Мейрбек
Odinodin_92@mail.ru
16-08-12 22:59
Салеметсиздер ме? Мен дал казир ешким емеспин. Бирак менде орысша айтканда "гениальный идея" бар. Идеям сатып алу-сату саудасы бойынша орындалады. Кыскасын айтатын болсам, бастапкы каржы 400000 немесе 200000 тенге керек. Менде бул каржы жок, бирак озин 100% гарант беремин актайды. 4 миллионмен жумыс истесек,онда аз дегенде 800000 тенге табамыз. Кыскасы менде каржы жок, сол колга тусау боп турганы. Мен баска жумыс истей алмайтын болдым,тек осы идеямды ойлай беремин ойлай беремин ойлай беремин. Клиенттерди тауып койганмын, тауарды акелетин адамды да тауып койганмын. Бирак каржы жок. Ким маган комектесе алады? Менин логиниме дружба тастаныздар,маган комегиниз тиеди деп ойласаныз. Арманым арман куйнде кетсе оте окиништи(
turar
muslim__t@mail.ru
15-08-12 22:11
ас.кум!кенес керек болды,жалпы мен жк мын,бирак тек мемсатыпалумен айналысамын,ендеше осы жолмен бай болуга болады ма?рахмет алдын ала
Гулсара
Ashixotuljannah@mail.ru
08-06-12 03:01
Маганда бай болуды уйретиндерши,бай болып медресе ашсам оз уйимнен,Сауд Арабиясында жети жыл окыганым бекер кетпесин!!
Zhjazira
jazira-93.93@mail.ru
16-05-12 22:43
Salem dostar.. Bai bolgisi keletinder en aldimen aldina maksat koiu kerek. Sol maksatina jetu kerek... jane Tabistilikka bastaitin jol - senim iagini adam oz ozine senu kerek... Tabandi bolu kerek. Bugin isteitin waruani ertenge kaldirmauga tirisu kerek. Kiskasi Bailik pen Bahit tek kana - Enbek pen keledi....!

Баглан Камбаров 1992ж
kambarov_baglan@mail.ru
21-04-12 09:46
arine bai bolgan jaksy birak ALLAH TAGALANY esten wygarmagan jon Wyny kerek pendemiz goi basymyzga kun tuganda gana ALLAH TAGALANY esimizge alamyz JARATKAN ALLAHTY esimizden wygarmaiyk Tagy aitam olgennen son bai men kedeide ten!
Баглан Камбаров
kambarov_baglan@mail.ru
21-04-12 09:35
Olgennen son bai men kedeide ten demeime.Men uwin en basty ruhani bailyk imandylyk.
Олжас Беркинбаев
b.olzhas_777@mail.ru
28-11-11 13:35
Енді қашан жазасыз
Олжас Беркинбаев
b.olzhas-777@mail.ru
28-11-11 13:34
Ақыл кенестеріңіз жақсы екен. Осылай көптеп жазсаныз нур устине нур болар еди
Шалаказак
yesenali86@mai.ru
25-11-11 22:10
Мен \"Миллиардер болғысы келетін миллионер\" ага айткандай акша жинаганмын. Тура осы айткан жолмен.
Мен басым бос, айлык жалакым жетерлик болгандыктан акшамды ажептеур жинадым, коп жаратпадым. Кеткен арбир шыгынды бурынгы студент кезден есептейтинмин. Тек кажетти нарселерге гана жумсадым. Жиналган акшамды бир иске салу керек екендигин бурыннан билетинмин. Бирак кайда саларымды билмей дал болдым. Кенес сурайтын адамым да болмады, рынокты зерттейтин уакыт та болмады. Сойтип не керек, жиналган акшама автоколик сатып ала салдым (акшамнын боска шашылып кетуинен коркып), мумкин бир кирис киргизер деп. Мен али де жинаймын, мен ушин жинау онай, бирак кайда саларымды, калай кирис аларымды да билмейм. Ондай акыл кенес беретин танысым да жок. Сол жагынан киындау болып тур...
Ерназар
25-11-11 20:22
Жаксы кенес екен, келеси сабакты асыга кутемиз,,
Миллиардер болғысы келетін миллионер
04-04-11 13:42
Иә, Мадина, қалай бірдеңе түсіндіңіз бе?
Мадина
madinka.75@mail.ru
01-04-11 15:12
менде кеңес алғым келеді, бай болғым келеді ,мынау бір керемет сабақ қой, қане тыңдап корелік!
Мадина
madinka.75@mail.ru
01-04-11 15:09
мен шынымды айтсам түк түсінбедім?,,,,сонда оп-онай бай болу мақсатқа жету оңай болғаныма:: мынау бір керемет қой ! мен де бай болғым келеді, қарыз бастан асып жатыр,,,кредит демекші, менде сіздердің кеңесіңізді алғым келеді
Миллиардер болғысы келетін миллионер
27-03-11 16:06
Көп адамдардың бай болмайтын себептерінің бірі, алдыға қойған нақты мақсат жоқ. Мен өзім танитын адамдармен сойлесип: Омирде алдыга койган максаттарын бар ма? деп сурак койсам, олардың тек 5-10% ғана нақты мақсаттарын айта алады.
Сизге де бир тапсырма: дал казир 10 секундтын ішінде ен улкен 3 мақсатыңызды жазыңыз.
Жаза алдыныз ба? Ол максаттарыныз накты ма?
Келеси де осы максаттарыныз туралы билетин боламыз жане сол максатка жету жолдарын карастырамыз
Нурдаулет
14-03-11 15:18
Жаксы кенестер екен.Рахмет! Буйыртса болашакта истейтин боламын
Миллиардер болғысы келетін миллионер
13-03-11 09:14
Асель, казирги логинiм "Миллиардер болғысы келетін миллионер" :-)
Асель
12-03-11 23:49
саламатсызба !сиздин логининиз барма.сизге рахмет.сиз оте дурыс жазгансыз
Ника
27-02-10 09:13
Кеѕесіѕізге рахмет, аєа! Јрќашан жўмысыѕыз жемісті болсын!
Миллиардер болғысы келетін миллионер
26-02-10 08:34
Шариғат жағынан алып қарасақ, процент - харам, ал, депозит дегеніңіз ақшаңызды банкке процентке беріп қойған болып есептеледі ғой. Олар сіздің ақшаңызды алып басқа адамдарға кредит береді, сол кредиттен түскен проценттен сізге тиесілі процентін беріп отырады.
Ал өмірдегі бай (қаржыға тәуелсіз) адамдардың тарихына көз жүгіртер болсақ, ешқайсысы да депозитке ақша салып байымаған екен. Өзіңіз де ойлап қараңызшы: сізде 500 000 (бес жүз мың) теңге бар дейік. Сіз сол акшаны депозитке салдыңыз делік. Қазіргі уакыттагы банкте беретін ең үлкен пайыздық үстеме (процентная ставка) жылына 13,5 пайыз, мейлі 15 пайыз деп алайық. Осы пайызды 1 жылга болетін болсак 15/12=1,25%, яғни 500 мыңнан ай сайын 6 250 теңге ғана алып отырасыз. Ал оның орнына сол ақшаны қандай да бір іске жұмсасаңыз әлдеқайда көбірек пайда тауып, акшага байланысты істерді тезірек жасап тастар едіңіз.

"Мысалы жеке кјсіпкерлікке икемі, уаќыты жоќтар не істейді?"

Егерде Сіздер осының алдында жазылған кеңестерді жүзеге асырған болсаңыздар, қалғандары біз ойлағаннан әлдеқайда оңайырақ болмақ. Егер сіздердің өздеріңізге қалдырған 10 пайыздарыңыз белгілі бір сомаға жеткен болса, онда белгілі бір іске салу керектігі жөнінде жазып кеттік. Бірақ бұл дегеніміз, міндетті түрде өзіңіз жүгіріп жүріп бірдеңе сатып алып, сату деген сөз емес қой. Ол ақшаларды, белгілі бір кәсіппен айналысып жүрген өзіңіз жақсы білетін танысыңызға беруге болады. Оны да бірден барып бере салуға болмайды ғой. Ол танысыңызға барып сізде ақша бар екендігін айтып, сол ақшаларды айналымға жіберсек - деп, кімнің қандай жұмыстарды атқаратынын шешіп алған соң, түсетін пайданы сол жасаған жұмысқа байланысты бөлу керек. Мысалы менің бір жолдас жігітім, өзінде ақша бар екенін және идеясы бар екенін айтып, сол идеяны жүзеге асыру үшін менімен бірге жұмыс жасағысы келетіні жөнінде ұсыныс білдірді. Жұмыстың бәрін мен жасаймын, заттарды әкелемін, жұмысқа адам аламын, жалпы барлық жұмысты мен жасаймын, ол тек ақша береді. Түскен табысты 50/50 бөлеміз деп келістік. Қазір Аллаға шүкір жұмысымыз ақырындап жүріп келе жатыр.
Сондықтан, егер сіздің жеке кәсіпкерлікке икеміңіз немесе уақытыңыз жоқ болса, уақыты және икемі бар адамдарды іздеу керек. Ондай адамдар сізбен қуана-қуана келіседі. Әрине, барлығы да біз ойлағандай бірден жақсы кетпеуі әбден мүмкін. Сондықтан қандай да бір қиыншылықтарға дайын болуымыз қажет. Не болмаса салған ақшамыз пайда әкелуі үшін біраз уақыт керек болуы мүмкін. Аллаһ Таъала біздерге мысалды жан-жағымыздағы нәрселер арқылы көрсетіп қойған, алайда көптеген адамдар сол мысалдарға назар аудармайды. мысалы: жыл бойына алма жеп отырғымыз келсе, бірінші алма ағашының көшеттерін әкеліп отырғызамыз. Ол ағаштардың барлығы бірдей алып кетпеуі мүмкін. Бірақ сол қалған ағаштарды жақсылап бағып-қағып өсіретін болсақ, 2-3 жылдан кейін жемісін бере бастайды. Сосын басқа көшеттер алып отырғызамыз. Белгілі бір уақыттан кейін, сізде үлкен алма бағы болады. Ол уакытка дейін сіз ол жерге жақсы жұмысшыларды алып өзіңіз анда-санда бір барып тұрсаңыз да болады.
---
25-02-10 15:30
... ал аќшасын депозитке салса, бўл дўрыс па, бўєан не айтасыз?
Мысалы жеке кјсіпкерлікке икемі, уаќыты жоќтар не істейді?
Ника
24-02-10 14:31
Мына таќырыбыѕыз керемет! Айына 100 мыѕ алсам да, аќшамды їнемдей алмай-аќ ќойдым, таќырыбыѕызды жалєастырсаѕыз екен, кїтемін...
Миллиардер болғысы келетін миллионер
22-02-10 15:20
саке, Орал каласына жакында бардык. Сол калада бир кисимен кездесип келистик. Ол кисинин ози де Казакстан азаматтарынын каржылык билимин котеруге кулшына кирискиси келип журген жан екен.
саке
sadyk_service@bk.ru
21-02-10 18:59
ол мектепти орал каласынан бастап ашсаныздар оте жаксы болатын еди .бул калада казактар баска улт окилдеринен артта калып койган бизнес жагынан.
саке
sadyk_service@bk.ru
21-02-10 18:54
ассалямуалейкум миллионер бауырым озиннин жазган китабын барма миндетти турде сатып аламын.кедейликти тек ислам дини жоя алады адамдар аллахтан корыккан кезде гана кайырымды бола бастайды исламнын парыз амалдарын отеу ушин сауда немесе жумыс жасау керек.мысалы зекет хажылык бул амалдарды отеу ушин акша керек.ол акша адал болу керек.аллаху субхана тагала айтады егер сендер маган кулшылык кылсандар жане еш серик коспасандар мен сендердин ризыктарынды кустын ризыгындай кылып коямын дейди.
Сако
Sako_97.97
20-02-10 18:15
Баи болғысы келген адам еңбек ету керек
Миллиардер болғысы келетін миллионер
14-12-09 18:50
123123, бірінші Роберт Кийосакидің "Богатый папа, бедный папа" деген ктабын, соның артынша Джордж Клейсонның "Самый богатый человек в Вавилоне" деген кітабын оқып шықсаңыз, егерде сізде "қаржыға тәуелсіз" адам боламын деген ниетіңіз күшті болса, онда осы екі кітапты оқығаннан кейін-ақ миллионер болудың жолын тез табасыз. Не нәрсе де ниетке байланысты. Алайда, бәрінен бұрын Жаратушыға дұға қылып, көмек сұрау абзал. Сонан кейін әрекет етсеңіз, сіздің де Қазақстанның миллионерлерінің санын көбейтетініңізге шүбам жоқ!
123123
123123
13-12-09 01:49
Сабағыңыз жақсы екен. 500 беттік кітаптардың қысқаша нұсқасы дер едім. Келесі сабақтарыңызды асыға күтеміз. Өзіңіз қаржыға байланысты қандай кітаптар оқисыз немесе қандай кітаптар оқуға кеңес берер едіңіз?
Миллиардер болғысы келетін миллионер
12-12-09 05:48
Осы ережелерді оқығаннан кейін іске асырып, қолданысқа енгізгендер бар ма екен?
Миллиардер болғысы келетін миллионер
09-12-09 20:21
Кешіріңіздер, біздер бүкіл Қазақстан бойынша Бизнес-мектептер ашқалы жүр едік. Біраздан бері сол жұмыстың мәселелерімен жүріп, интернетке кіруге қол тимей кетті. Ол мектептің жұмысы жайлы да кейінірек жаза жатармын. Мектептердің негізгі мақсаты Қазақстан халқының қаржылық білімін көтеру.
Сонымен сабаққа көшсек...
Сіздің ақшаңыз уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Себебі сіз әр алған ақшаңыздың 10 пайызын жинауға өзіңізді көндірдіңіз! Осы жиналып жатқан ақшаңыз жұмсалып кетпеуі үшін сіз өзіңіздің шығыныңызды есептейтін болдыңыз. Енді бұл ақшалар сізге жұмыс істеуі үшін, әрі қарай көбейе беруі үшін оларға (ақшаға) жұмыс тауып беру керек! Сандықта не банкте жатқан, немесе қалтаңызда томпайып жүрген ақша сіздің жаныңызды жадыратар, я болмаса ақшам бар деп өзіңізді биік ұстап жүргізер, алайда ол ешқандай пайда түсіріп жатқан жоқ. Сіздің ақшаны жинағаныңыз - тек алғашқы қадам ғана, бірақ ол байлық емес. Нағыз байлық - сол ақшалар өздері пайда әкелгенде ғана келеді. Олай болса бұл ақшаларды қалай жұмыс істетеміз?
Ол үшін жиналған соманы белгілі бір іске салу керек. Ол қандай іс - оны сіз өзіңіз шешуіңіз қажет. Ең бастысы ол нәрсе халыққа қажетті нәрсе болуы керек. Мен мысалы, қарапайым кітаптан бастадым. 300-ге алып 500-ге саттым. Ал менің жолдас жігітім кәдімгі шұлықтан бастады. Ол 30 мың теңгеге шұлық алып келіп, оны 45 мыңға өткізіп, 40 мыңға тағы алып оны өткізіп, осылай жүріп 3 жылдың ішінде еш қиналмастан Тойота Ланд Крузер алды. 5 жылдан кейін Қазақстан бойынша 100 дүкен ашты. Осыдан 2 жыл бұрын Австриядан барып самолет сатып әкелді. Бар-жоғы 7 жылдың ішінде мультимиллионер болды.
Сонымен, жиналған соманы бір іске салу керек. Егер ол істі өзіңіз жақсы білсеңіз қорықпай сала беріңіз. Ал егерде ол істен хабарыңыз болмаса, онда сол істі жақсы білетін адамнан ақыл сұрау керек. Себебі қазіргі кезде ақылды тегін алуға мүмкіндік көп.
Сонымен байлық дегеніміз - біздің қалтамызға салып жүрген ақшамыз емес, (егер біреудің қалтасында миллион жүрсе ол адам бай деген сөз емес), байлық дегеніміз - кіріс. Ол сіз араласпасаңыз да, сіз басқа мемлекетте қыдырып жүрсеңіз де, үйіңізде ұйықтап жатсаңыз да қалтаңызды томпайта беретін кіріс. Мысалы, сіздің 5 дүкеніңіз бар делік. Әр дүкенде 2,3 немесе 4 сатушы бар делік. Және барлық дүкеннің үстінен қарайтын бір басқарушы қойдыңыз. Және ол басқарушы заттарды алдырып, дүкендерге таратады. Ия. әлбетте басында мұның барлығын өзіңіз істеуге тура келеді. Бірақ уақыт өте келе барлығын орынды-орнына қойған соң, әлгі басқарушы етіп сайлаған адамыңыз жалғастыра береді. Сіз тек аптасына немесе айына бір рет сол басқарушыдан есеп алып отырасыз. Енді ойлап қараңыз: сіз сатып жатқан жоқсыз, сіз сатушыларды бақылап отырған жоқсыз, бірақ сізге ай сайын кіріс кіріп тұр. Сіз боссыз, уақытыңыз көп. Енді не істейсіз. Сіз ойланасыз, басқа тірліктің көздерін іздейсіз. Сөйтіп келесі бір істі ашасыз. Ол жерге де дәл осылай адам тауып қоясыз, тағы да уақытыңыз бос. Сөйтіп сіз басқа мемлекетте жүресіз бе, үйіңізде ұйықтап жатасыз ба, бірақ сіздің қалтаңыз томпая береді. Міне нағыз байлық деген осы.
Бұл сабақты қысқаша қорытындыласақ: жиналған әрбір тиыныңызды, дәл өзі сияқты тағы да бір тиын табуы үшін жұмысқа салыңыз.
Егер, түсініксіз жазған жерлерім болса, қайталап сұраңыздар, жауап беруге тырысып көрейін.
Келесі сабаққа дейін Алла амандығын берсін!
Куляш
Kulyash79@mail.ru
08-12-09 00:32
Менімен хабарласыныздар тез баюдың жолын үйретемін
venyesb
07-12-09 11:56
Аға, не болды сабақ? Асыға күтіудеміз, тезірек байысақ деген ой маза бермей жатыр
қызық
хахаха
05-12-09 15:40
милионердің компютері тағы бұзылып қалды ма? сабақ тоқтап қалғалы біраз болды.
миллионер болгысы келетин кыз
05-12-09 15:32
Расында да, казир барлыгы акшамен олшенетин заманда кимде ким бай болгысы келмейди. акшан барда дос коп, акшан жок па достарында кашып кетеди.Бириншиден, бай болгысы келетин адам ойша армандау керек, сол арманым орындалса деп коп тилеу кажет, жане алдына койган максаты бойынша коп енбек ету керек. байлык тектен- тек келмейди!
121
26-11-09 13:56
Сәламатсыз ба?! хал-жағдайыңыз қалай? Сіздің сабағыңызды күтудеміз, ағасы?!
Миллиардер болғысы келетін миллионер
19-11-09 17:01
Кешіріңіздер, компьютердің бұзылып қалуына байланысты сабақ жалғасын тек бүгін тауып отыр.
Сонымен, қазіргі кезде қарызы жоқ адамдар кемде-кем шығар, ал алған айлығымыз қарызымызды төлеуге жетпейді. Не істеу керек? Уақытылы қайтара алмаған соң, қарыз беруші адамнан қашуға тура келеді, сол адам телефон шалмаса екен деп тілейтін боламыз. Бұл қарыздан құтылудың бірден-бір жолы мынау: кімге қанша қарыз екеніңізді жазып тізім жасау керек. Сол тізім бойынша тізімдегі адамдарды аралап шығып сөйлесу керек. Қашып ешқайда құтыла алмаймыз. Себебі тумақ бар жерде өлмек бар, барлығымыз да өлеміз, сонда Алланың алдына барғанда Алла өзіне қатысты нәрселерді кешіруі мүмкін, ал адам мен адамның арасындағы нәрселерді өздеріне қалдырады. Сол жерде қарыз берген адамды алдыртып: мынаның қарызын кешесің бе дейді екен. Жоқ-десе, онда керегіңді ал дейді екен. Ол жақта ақша дүниенің керегі жоқ, тек адамның жинаған сауабын ғана алады екен. ал сауабы таусылып калса, онда қарыз берушінің күнәсінен алып қарызын қайтармаған кісіге қоса береді екен. Сондықтан қашудың қажеті жоқ. енді не істейміз?
Тапқан табысымыздың 10 пайызын міндетті түрде өзімізге қалдырдық. Енді 70 пайызын үй-іші, бала-шаға, тамаққа жұмсаймыз. осы 70 пайызға сыйдыруымыз қажет. Қалған 20 пайызын қарыз беруші адамдарға бересіз. Оларға түсіндіріп айтасыз: осылай да осылай мен сізге ай сайын тек осынша ақшадан ғана қайтарып тұра аламын - деп. Олар келіседі. Себебі, келіспегенде не істейді. Олар қарызын әйтеуір қайтарып алғанына қуанады. Бірақ мұнан кейін қарыз деген нәрсеге жоламайсыз, тек бюджетке бөлінген ақшаға ғана шақтап жұмсайсыз.
Бұл нәрселерді жасау оңай емес деп баында жазып кеткен болатынмын. Сондықтан да көп адамдар осылай жасай алмағандықтан да байлардың саны тек 20 пайызды ғана құрайды.
Абай 1995 жылғы
abai_demeshov@mail.ru
17-11-09 20:48
Байлық дейтін шашылып жатқан көк қағаз емес, байлықтың зоры-Иман! Біздер басымызға бір қиын іс түскенде Аллаһ тағаланы еске аламыз, ал адам жақсы мықты болып байып жатса Алланы ұмытып кеткеніміз дұрыс емес. Бұл өмірде бәрімізде түбі қара қабірге түсеміз!!!!!
Ербол
17-11-09 18:52
Келесі сабақты асыға күтеміз
Aksha ustai almaityn jigit
06-11-09 21:00
Рахмет бауырым. Келесі саба?ы?ды асы?а к?тем
Миллиардер болғысы келетін миллионер
04-11-09 20:18
Сонымен, екінші ережесі: \"Шығындарыңызды есептеңіздер\"
Әр айдың соңында келесі айға бюджет жасаңыз. Өзіңізге қалдырған 10 пайыздан басқа ақшаңызға шақтап күнделікті жейтін наннан бастап не қажеттің бәріне бюджет жасаңыз. Ақшаңыз барлық қалаған нәрсеңізді алуға жетпеуі мүмкін, бірақ сол қолыңыздағы ақшаңызға ғана шақтап бюджет жасау керек. Қарызға зат алуды ойламаңыз. Мүмкін кейбір нәрселерді азайту керек болар, ал кейбір заттарды мүлде алмауға тура келер, бірақ сізде бюджет болатын болса, сіз ақшаңызды тек керек жерге ғана жұмсайтын боласыз. Көзіңізге түскен затты қызығып ала бермейтін боласыз. Адам қанша ақша тапса, шығына сонша көбейе береді, бірақ сізде бюджет болатын болса бәрі өзгеше болмақ.
Сондықтан келесі ереже: \"МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЮДЖЕТ ЖАСАҢЫЗ\"
Азамат
03-11-09 12:28
Бай болуды арамндамайтын жан жоқ шығар депойлаймммын.Мен өзім студентпін.Маған қандай ақыл кеңесберер едіңіз мүмкіндігіңіз болса 87029519632ге хабарласуыңызды өтінем.
Миллиардер болғысы келетін миллионер
03-11-09 05:40
Сонымен, әрі қарай жалғастырсақ...
Сіздерде ең бастысы қаржыға тәуелсіз (финансово независимый) адам болсам деген тілегіңіз басым. Бұл бастысы. (Қандай істе де бірінші кезекте Жаратушыға дұға қыламыз, Онан көмек сұраймыз!)
Енді ең бірінші ережесі:
\"ТАПҚАН ТАБЫСЫҢЫЗДЫҢ БЕЛГІЛІ БІР БӨЛІГІ ӨЗІҢІЗГЕ ТИЕСІЛІ ЕКЕНДІГІН ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ\"

Нақтырақ айтсақ, біреу айтуы мүмкін: \"Менің тапқан табысым онсыз да маған тиесілі емес пе\" - деп.
-Жоқ!
Сіз ойланып қараңыз: сіз бір ай бойы жұмыс істеп айлық алдыңыз. Енді тамақ алу үшін ақша бересіз бе? Бересіз. Олай болса ол ақша сіздікі емес, тамақ сатып тұрған кісінікі. Киім аласыз ба? Алсаңыз, сол киім сатушынікі. Сөйтіп алған айлығыңызды басқаларға бөліп бердіңіз де, өзіңізге ешқандай да бөлігін қалдырған жоқсыз. Сондықтан бай адамдардың басты ерекшелігі де осында екен. Олар әр алған айлығынан өзіне оннан бір бөлігін қалдырады.
Мысалы, сіз 60 000 теңге айлық аласыз делік. Ақшаңызды алысымен, ең бірінші кезекте өзіңізге тиесілі 10 пайызын, яғни 6 000 теңгесін алып, сандықтың түбіне ме, банкке ме, салып тастаңыз. Және ол ақшаны ұмытыңыз, аш болып бара жатсаңыз да, тоңып бара жатсаңыз да ұмытыңыз, БЕЛГІЛІ БІР МЕРЗІМГЕ ДЕЙІН. Енді 6 000-нан бір жыл жинадыңыз 72 000 болды. 10 жылда 720 000 болды. Бай емес адамдардың басты ерекшелігі де осында, олар ақшаны көріп тұрса шыдамай жаратып қоя береді. Сондықтан, өзіңізге тиесілі 10 пайызға тиіспей жинау да оңай шаруа емес, ең қиыны да осы. Бірақ сізде бай болсам деген тілегіңіз, аңсауыңыз жоғары болса, онда еш қорқыныш жоқ.
Сонымен, алған айлығыңыздың 10 пайызын алып тастағанда, сізде 54 000 теңге қалды. Егер осыған дейін сізге 60 000 теңге жетіп жүрген болса, 54 000 теңге де жетеді немесе жетпей жүрген болса, онда өзіңізге алып қалған 6 000 тегеден ешқандай айырмашылық білінбейді. Сізге Енді ол ақшаны қалай жұмсау керектігін білу керек. Ол туралы, құдай қаласа келесі сабақта үйренеміз.
Бүгінгі сабақты қорытындыласақ, міндетті түрде \"тапқан табысыңыздың 10 пайызын өзіңізге қалдырыңыз\".
Осыған байланысты сұрақтарыңыз туындаса жазыңыздар, жауап беруге тырысайын.
Миллиардер болғысы келетін миллионер
01-11-09 11:22
Інімнің келін түсіруіне байланысты уақыт тапшылығы туындап қалды, осы себепті тақырыпты 1-2 күн кешіктіріп жалғастыруға тура келіп тұр. Алла қаласа дүйсенбі күні қараша айының 2-ші жұлдызында бастаймыз деп жоспарлап отырмын.
Әзірге, алғашқы ережесінен де бұрын қажетті нәрсе, ол - аңсау дейміз бе, әлде тілеу дейміз, орысша айтқанда желание. Егер адамда бай болуға деген қатты аңсау (желание) болмаса, онда қалған ережелер де пайда бермейді. Сондықтан, бай болсам деген тілегіңіз қаншалықты күшті және байлық қолыңызға тигеннен кейінгі басты мақсатыңыз не, жалпы маған байлық не үшін қажет деген сұрақтарға өзіңізше бір ойланып жүріңіз.
Әзірге жақсы, амандықта жүздескенше!
Бай болгысы келетин кыз
@@
31-10-09 19:39
кеширим отинем ауели Алла деп айтайын дегеним гой
Бай болгысы келетин кыз
@@
31-10-09 19:38
Арине жаксы айттыныз мен де акшаны байлыкты жаксы коремин ол арине конилге куаныш акеледи оз енбегиммен фотосалон ашып содан ырзык несибем коп болса екен деп армандаймын да жузеге асыргым келеди ауели кадай де сойлейн
Пенде
С. Сарайи
31-10-09 11:55
Өзі жеп, өзгені де тойындырған бақытты болады,
Байлық жиып ап, жей алмай кеткен бақытсыз болады.
Фархат
31-10-09 02:25
Бай бола білген жаќсы. Јйтсе де, ќалта байлыєы рухани байлыќпен їндескені дўрыс деп есептеймін,
Ербол
erbol_kazakh@mail.ru
30-10-09 15:46
Дәл осы тақырыпта "Халық үні" газетінде жаңа жоба басталғалы отыр. Сіздерге осы басылымлды тауып алып, әр нөмірін қалдырмай оқып жүрулеріңізді ұсынасмын. Өкінбейсіздер.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов