Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Шырылдайды жас сәби


Авторы Xабарлама
Тұрсынбек
Tursynbek-@mail.ru
17-12-09 17:27
ШЫРЫЛДАЙДЫ ЖАС СӘБИ
Жас сәби шырылдайды батты-ау даусы,
Қайда екен жұбатпайма оны анасы.
Қарлыққан даусы оның қатқан сіле,
Қарайтын қабағына барма-ау пенде.

Анасы тастап кеткен бұл баланы,
Туғаннан тұлым жетім ол атанды.
Көрген жоқ шапағатын ата-ананың,
Жеріді оны тапқан жан анасы.

Дүние-ай неткен қатал едің мұнша,
Өмірге келдірдің ғой жетім бала.
Апа деп айта алмады ешбір жанға,
Бұдан өткен зұлымдық болмас сірә.

Дүниеге келді деп жан қуанбаған,
Тегі де белгісіз боп жетім қалған.
Бөлемеген бесікке оны анасы,
Тұсауында кеспеген ешбір адам.

Атанды ғой тастанды бұл өмірде,
Әкеде жоқ, шеше жоқ бұл дүниеде.
Қанша қолын созсада жете алмайтын,
Күн сияқты болды ғой әке-шеше.

Сондадағы қу жүрек лүпілдейді,
Тықпыштайды түкпіріне жалғыз ойды.
Күтуден ол жалықпайт бұл өмірде,
Келіп қалар деп ойлайды әке-шеше.

Өмір бойы күтуден зарықпассың,
Анаң болса қасыңда тарықпассың.
Маңдайыңнан иіскесе мейірленіп,
Өткен күннің азабын ұмытарсың.

Бірақ-бірақ тағдырдың бұл жазғаны,
Шетке кетіп барады жырақта елден.
Қандай адам келісіп бұл бір жаймен,
Қандай адам берді екен рұқсатты.

Беу дүние ай салдың ғой сен тәлкекке,
Бұғанағы қатпаған бұл баланы.
Шығарыпты шешімін бір төреші,
Жатқа қиып жетімді ол жіберді.

Шырылдайды жас сәби баттау даусы,
Арашалар жан жоқпа, халықым айтшы.
Жетімі мен жесірін бермес қазақ,
Қайда қалған ел басы мен ағалары.

Заң шығарған парламент, мүсіркеген,
Жетімдерін қорғамай не істеген.
Әлде қазақ көпбеді жатқа берер,
Айтыңдаршы ағайын халқым енді.

Айта алса жас сәби өз жағдайын,
Келіспесі нақақ қой бұл шешіммен.
Бармас еді жат жерге өзге елге,
Өз елінде су ішседе күн көреді.

Мөлдірейді қара көзде мөлдір жасы,
Жас сәби сұрайды елден арашашы.
Өзге елде сұлтан болып жүргенінше,
Өз елінде ұлтан боп жүрген жақсы.

Түсініңдер адамдар өмір мағынасын,
Қазағымның шаңғырағы шайқалмасын.
Әр жетімді жебегің шығар шыңға,
Қазақ сондай пейілмен болған мырза.

Оңды солды шығармай шешіміңді,
Байыппенен қарағың әр бір жайытқа.
Содан кейін шығарғың шешіміңді,
Қалсын қазақ жетімі ел-жұртында.

Одан көрі құныттағың сен заңыңды,
Тастамасын ешбір ана жас сәбиін.
Жаса соған жағдайды, тәуелді ет,
Заң бұзбасын қазақтың әр баласы.

Жерісе егер анасы шығар заңды,
Ғұмырында дақ болсын мәңгі қалсын.
Анықтағың атасын бұл баланың,
Заң алдында жауапқа ол тартылсын.

Міне сонда тастандылар болмас елде,
Қазағымның бұзылмас еш қаймағы.
Шырылдамас жас сәби батпас даусы,
Әлпештейтін табылар жан анасы.

Беу адамдар пенделер ғұмыр кешкен,
Бас иеиік аллаға барша алдында.
Санасайық жетіммен қазағымның,
Демеп жебеп өтейік бұл жалғаннан.

Көп түкірсе көл болар бұл дүниеде,
Жағасында жайқалар жасыл желек.
Әр қазақтың жетімін жетілдіріп,
Шың басынан мұнарғып танытайық.
Тұрсынбек Кәріпбай
басы 26-28.10.2001ж.
жалғасы 13.11.2008ж.


Авторы Жауап
Тұрсынбек
tursynbek-@mail.ru
29-08-17 14:46
Аспара жерім.
Аспара ата қоныс туған жерім,
Шыр етіп дүниеге келген едім.
Ой қырлы, төбе сайлы туған елім,
Өзіңде мен бақытқа бөленемін.
Көктеммен қош иісті гүлге толған,
Шіркін ай жер жанаты өзіңбедің.

Аспара сарқыраған өзенім бар,
Алатау шыңдарынан бастау алған.
Ала арша, қарақаттар өзіңде өскен,
Асқар тау Алатауға көрік берген.
Сән берген жеріменен елімеде,
Айналдым мен өзіңнен туған жерім.

Ыстықсың туған жерім әрқашанда,
Өзіңде өскен ұл-қыз арман барма.
Тал бесік тербеттірген аналарға,
Туған жер айналайын сен бір барда.
Ән болып қалықтайын кең далаға,
Нұр болып төгілейін жер жақанға.

Алтай мен Атыраудың арасында,
Қазақтың ұлан ғасыр даласы бар.
Сол жердің бір шетінде Аспарам тұр,
Қорған боп ел-жұртыма ғасырларда.
Ұлысың туған жерім нұрдан біткен,
Сұлусың туған жерім жырдан біткен.
16.07.2017 жыл.
Тұрсынбек
www.tursynbek-@mail.ru
01-01-14 10:09
Барлық қазақ халқын жаңа жылмен құттықтаймын "Шырылдайды жас сәби" өлеңімен бүкіл қазақ халқына ой салсам қуанамын, себебі мен өз өлеңімді казақ.ру сайтына жариялағаныма міне төрт жыл болыпты, сол төрт жыл ішінде осы тақырыпта ат салысып, өз ойларын, поэзия және проза жанрында жазып жатқан қауымға рахмет айтам және әліде осы тақырыпта өз үлестерін қосып, еңбек етеді деп ойлаймын. Жетімі мен жесірін жатқа бермеген руқы мықты біз қазақ азаматтары емеспізбе, жетімдер , оның ішінде тастанды баллар болмасын.
Тұрсынбек
Tursynbek-
16-12-12 06:49
САЯТТЫҚ
Ақша қар орап жер бетін, сықырлайт аяз далада,
Кіршіксіз мынау ақ қардай, көңілім менің әр уақта.
Көк аспан ақша бұлтымен, сән берген мынау далама,
Тыныстап таза ауамен,саяттық құрған тамаша.

Ақшақар орап жер бетін, көрінбес көзге қарайған,
Жол жатыр мынау жосылып, сапарға бізді шақырған.
Ат жалын тартып мінгізіп, бүркітті қолға қонғызып,
Саяттық жасап сен шықсаң, қансонар уақыт болғанда.

Қырды асып барат бір түлкі, көздің бір жауын ол алып,
Қарқылдайт қарға отырған ағашқа қонып паналап.
Жаңғырып айдың кең дала, тынысын тартар бұл жақан,
Сәл уақытқа бұл әлем, өзге бір күйге енгендей.

Құмай тазы атқа ілессе, көңілің толса шаттансаң,
Ізіне түсіп түлкінің, соңына қоссаң тазы итті.
Томылғысын сен шешіп, бүркітті салсаң артына,
Міне осындай саяттық жан ләззатын әперер.
09.12.2011 жыл.

Тұрсынбек
Tursynbek-
16-12-12 06:37
Армысың асыл ағайын, бармысың ата, ел-жұртым,
Бас иіп сәлем берейін баршаға бүгін мен өзім.
Тіршілік мынау қас-қағым, өтеде шығар бір күні,
Сіз-біз десіп сыйласып, ғұмырды өткер өмірде.

Аспара ата мекенім, бабамнан қалған мұра боп,
Сарқыраған өзенім, жайқалған жасыл бақшам бар.
Дүниеге келген жер, кіндік қаным тамған жер,
Айналып сенен кетейін, қасиетті туған қара жер.

Қасиетті Алатау, жаз жайлауым болған жер,
Сарқырап аққан Аспара бір өзіңді жаңғыртқан.
Тау, тастарым ыстықсың, бәріңе айтар сөзім бар,
Ағайын, туған, ел-жұртым, қасиетін жердің біліп ал.

Аталар ізі қалған жер, аналар талай жүрген жер,
Ақ жейдем алғаш жуылып, атымды елім қойған жер.
Тал, терегің, әр бұтаң, көзіме ыстық көрінген,
Міне осындай бір менің туған жер, туған елім бар.

Сылдырап аққан сан бұлақ, жағада өскен сан құрақ,
Жайқалған жасыл кең далам, төбелер менен сай-салам.
Панада болған еліме, барында берген, нәр берген,
Өзіңе басты иемін, қасиетті туған қара жер.

Өтеді өмір жайғана, пенделерге білінбей,
Қадірін білмей кейбір жан, өткізген өмір тек босқа.
Жақсы ісін, сөзін қалдырмай, қаншама жан жалғанда,
Тектен-тек сүріп өмірді, ас ішіп, аяқ босатқан.

Тұрсынбек
Tursynbek-
16-12-12 06:32
БОЗТОРҒАЙ ҮНІ.
Жан тәніме қуат берген, сезіндірген даламды,
Бала күнен кең даламның естіп өскен әр үнін.
Шырылдаған бозторғайдың әсем, сазды шырылы,
Таң сәріде оятатын, тәтті ұйқымнан бір мені.

Пыр етіп ол ұшқан кезде, мен селк етіп қаламын,
Күйбің тірлік күнделікті, ұғындыртқан барлығын.
Кейде мынау қас қағым сәт, көз саламын далаға,
Бозторғайдың үнін аңсап, бір естуге зар болам.

Бозторғайдай еркін қалқып ұшқым келет кей кезде,
Көк аспанда мен қалықтап, қанат қақсам шіркін-ай.
Ақ бұлттармен мен жарысып, бар әлемді шарласам,
Бақыт артық, болмас еді мынау өткен жалғанда.

Бозторғайдың шырылынан қуат алам мен өзім,
Сезінемін кең даламды, ұшан теңіз, қиырсыз.
Сезінемін дала даусын, самал желін бір соққан,
Тыныс алам ауасымен, бір марқайып мен қалам.
29.06.2012ж.

Тұрсынбек
Tursynbek-
16-12-12 06:27
АЙТАР СӨЗІМ БАР
Беу халқым маған айтайын, жүректегі бар сырды,
Жасырмайын, жаппайын, асырыпта, таспайын.
Көз көріп құлақ естіген, шындықты ғана айтайын,
Тыңдап көрсін дүйім жұрт, бар шерімді, айтайын.

Жүрегім неге сыздайсың, өткенді ойға алғанда,
Іштегі қыжыл қайнайды, дәрменсізбін мен онда.
Алпыс екі тамырым, солқылдайсың сен неге,
Жұдырықтай жүрегім шығардай болат аузымнан.

Біреулер келіп дүниеге, біреулер кеткен бұл жалған,
Бәріне куә қара жер, тау, тасы, орман, суымен.
Көк аспан олда куә ғой, өткенге мынау жалғаннан,
Адам заттың басынан қыйлы-қыйлы күн өткен.

Шыр етіп келген бұл дүние, баршаға болған ол пана,
Нұрын шашып күн нұры, жаныңа шуақ сыйлаған.
Ақылда берген, ой берген, арманда берген адамға,
Тіршілік етіп тер төгіп, еңбек еткің жалғанда.

Айналдым асау арнасы, өмірдің мынау аққан бір,
Біреулер сол бір ағыста, құрдымға кеткен мәңгілік.
Кейбір жандар төтеген, арманына жеткен бар,
Ал кейбіреу байқалмай, өтіпте кеткен жалғаннан.

Бақытты болу әркімнің, қолынан келер іс болар,
Қажымасаң, талмасаң, арманыңа ұмтылсаң.
Еңбек етіп тер төксен, жетерсің сенде мұратқа,
Дуәлетте қонар басыңа,бақытысың сен сонда.

Көк аспан мынау сен куә, қалықтап ұшқан құс болдым,
Тіршілік мынау сен куә, тер төгіп қылдым қызымет.
Біреулер мені жазғырды, біреулер мені мақтады,
Түк емес оның бәріде, артымда қалсын жақсы іс.

Айлы аспан мынау жұлдыздар, жымың қақан бір саған,
Өмірдің сыйлап асылын, жол көрсеткен алдыға.
Кейбір жан келіп өмірге, тәлкек қылған тағдырын,
Кінәлап мынау жалғанды, барша жанды жазғырған.

Беу адамдар сәл ғана, тоқтап ойлан өткенге,
Пендешілік күн кешпей, адам боп өткің өмірде.
Жақсылық жаса баршаға, өтеде шығар бұл жалған,
Өткенен соң бұл өмір, өкінгенмен не пайда.

Қара жер мынау суық қой, барлық жан оған тең барар,
Шен, шекпенге қарамас, дәм тұзың бітсе бір күні.
Тірнектеп жыйған дүние, жаныңа болмас ол шипа,
Өлім келсе құтқармас, төтеп берер жан болмас.

Аяла, адам аяла, өмірді өткен сәтті бір,
Шыбын жаның шырылдатып, жөн-жосықсыз таусылма.
Әр бір басқан қадамды, ойланып алып жасағың,
Қадіріңде, қасиетің, артады сонда жалғанда.

Адам боп келіп жалғанға,адам боп кеткің дүниеден,
Қиянат қылмай еш жанға, ғұмыр кешкің өмірден.
Артыңда қалсын жақсы сөз, халықың айтар, ел айтар,
Сонда сенің мәңгілік, қалғаның мынау жалғанда.

Эй адамзат пенделер, ұғып ал осы айтқанды,
Естеріңнен шығармай, меніде еске алындар.
Жылап бір келген бұл дүние, үн-түнсіз сені қарсы алар,
Соңғы демің шыққанда, көз жұмарсың мәңгіге.
13.12.2012ж.

Тұрсынбек
Tursynbek-
15-12-12 07:35
ЗАР
Қайыры кеткен бұл жалған, артыңнан ұзақ қарадым,
Мен қалып жалғыз жалғанда, көзмнін жасты тыймадым.
Туғанда жоқ, туыс жоқ, қарғадай қалған баламын,
Қасыма келіп жұбатар, анамнан қалқам айрылдым.

Аз күндік мынау жалғанда, көрерім мені осыма,
Тағдырдың мынау жазуы, құтылар онан жан барма.
Бұғанағы әлі қатпаған, мен бір пенде жас бала,
Жол көрсетіп демейтін, кім бар менде жалғанда.

Мүсіркейді мені бұл халық, күні қалай болат деп,
Бір алла өзің жар болғың, демеп, жебеп, жіберші.
Ырызығымды мен тауып, түтетейін әулет түтінін,
«Орнында бар, оңалар»-деп айтқан қазақ ұлы елім.

Қайыры кеткен бұл жалған, артыңа аздап қарашы,
Қарғадай болған баланы қалдырдың ғой жетімғып.
Қабағына қарайтын, жан табылмай жалғаннан,
Пенделік тірлік кешті ол, қол жаймады басқаға.

Жалғыз ғана кек тұрды көкіректі кернеген,
Жалғанды мынау жазғырды, несіне келдім дүниеге деп.
Ашу мен ыза айтқызды, кетіңдер бәрің мұнан деп,
Арулап анам байқұсты көмермін жалғыз өзім деп.

Қабірді қазып жас бала, анасың қойды арулап,
Басында ол отырды, көз жасын ол тыйа алмай.
Шіркін ай сонда бір жан кеп жуатпады баланы,
Бұл халық сондай мейрімсіз, тас жүрек болып қалғанба.

Мазалады жалғыз ой, қаршадай мынау жас баланы,
Өкінбеді өткен өмірге, болаттай берік бекінді.
Мақсат қойды алдына, жетемін деп мұратқа,
Жасаймын деп жанатты, қиялға бала берілді.

Есейді міне сол бала, жігітте болған бұл күні,
Отау тігіп, жар сүйіп, ұрпағын ол жалғаған.
Бақ, дәулет қонып басына, анасын ол еске алған,
Айтқандай бала анаға, жер басып жүрмін міне мен.

Эй адамдар, пенделер, ойланыңдар жалғанда,
Мынау өткен бұл жалған, аз күншілік өмірде.
Бәрімізде қонақпыз, келген мынау жалғанға,
Сіз біздесіп сыласып, өтейікші жалғанда.
31.03.2012ж.


Тұрсынбек
Tursynbek-
17-03-12 20:40
АУЫЛЫМ СЕНІ ЕСКЕ АЛАМ.
Ұзаққа сонша қарадым, тау тасқа мынау далаға,
Әр талың, бұтаң, тастарың, ыстық қой маған әр уақта.
Тастақты қуып сарқырап, Аспара өзен ағатын,
Мәз-майрам болып балалар, суғада түсіп жататын.

Қой тастар мында көп еді, қалмапты бүгін біреуі,
Секіріп сонда ойнаушек, балалық балғын кез еді.
Аналар алған мынан су, аталар атын суғарған.
Айналдым менің ауылым, еске алам сені мен тегі.

Бүгінде жоқ қой ауылым, қалмапты одан белгіде,
Тек қана көңіл шіркіннің, құлазығанын қарашы.
Көрсетер балам бұл жерден, үйдіңде орны қалмапты,
Жүрегім менің егіліп, жанымда мұңға бөленді.

Егістік дала болыпты баяғы менің ауылым,
Көзіме келіп қалыпты, ыстық бір тамшы оралып.
Еске алдым сол бір ауылды, елес боп көзге оралды,
Бар еді онда көшелер, жоғарғы, орта, төменгі.

Төбелі сайлы ауылым, ыстықсың әр кез бір маған,
Орныңды көріп бүгінгі,қан жылап тұр ғой жүрегім.
Қаз қатар тұрған үйлер жоқ, сән берген туған жеріме,
Қалыпты шетте мазарлар, өткен күндерге ол белгі.

Алпысыншы жылдардан, ауылдан елдер көшіпті,
Жақсы бір өмір іздесіп, қара жол бойын қоныпты.
Ақ шатыр үйлер салысып, жақсылық жолын қалапты,
Бақытты ұрпақ болсын деп, жаңаша өмір құрыпты.

Беу жалған мынау дүние, кімдерге пана болмаған,
Қалауын тапсаң қаланып, тарихыңды олда құраған.
Бабалар салған сол жолдан, айнымас бидас ұрпағы,
Оқ бойы озып әр кезде, артық боп әр кез тұрады.

Кешегі тастақ бұл бір жер, мекені болды бидастың,
Арықта тартып жер жыртып еңбекті онда мол төккен.
Терекпенен тал тігіп, бау бақшамен жайқалтқан,
Жер жанатын жасаған, жайсан менің ел-жұртым.

Кешегі бала жігіттер, болған ғой бүгін ақсақал,
Кешегі қыз бен келіншек, бүгінде әже ақ шашты.
Бұл бір құбылыс табиғи, қайталанып келетін,
Ғасырлар солай жалғасып, күндерде солай өтетін.

Қаншама өмір өтседе ұрпақтар жалғар өмірді,
Мінекей бидас руының, жиналды үлкен-кішісі.
Бабаларды, аруақты, еске алып бата оқысып,
Сәуірдің мынау күнінде, ас берісті жиылып.

Өткенді ұрпақ ұмытпа, қадірлей білгің әр қашан,
Бабалар мұра қалдырған, Аспара сенің мекенің.
Айбарлы бидас руының, жалғасы сенсің жалғанда,
Шыққан бір текті ұмытпау, парыз ғой әр бір перзентке.
10-17.03.2012ж.

Тұрсынбек
Tursynbek-
08-02-12 06:23
Ж А Н Ж А Р Ы М
Қызыл гүлдер, сары гүлдер, қош иісті,керемет,
Күн нұрымен қауаз ашып, таң самалы тербеген.
Өрнек салып жер жақанға, сұлулықты сыйлаған,
Табиғаттың сол бір шағы қайталанар жылменен.

Құшақ, құшақ гүл сыйлаймын жанжарым,
Бір өзіңсің асылымда, бақытымда, арманым.
Ғұмырымды бір өзіңмен өткіземін жанжарым,
Әр бір атқан таңды өзіңмен қарсаламын арманым.

Сол гүлдерден бір өзіңе тәжі қалқам сыйладым,
Періштесің бір өзіме әр қашанда жанжарым.
Бір өзіңмен махаббаттың жырын біздер жырладық,
Қиялдармен құс боп ұшып, көк аспанды шарладық.

Құшақ, құшақ гүл сыйлаймын жанжарым,
Бір өзіңсің асылымда, бақытымда, арманым.
Ғұмырымды бір өзіңмен өткіземін жанжарым,
Әр бір атқан таңды өзіңмен қарсаламын арманым.

Қырдың қызыл қызғалдағы бір өзіңсің жанжарым,
Бар жырымды, бар әнімді, бір өзіңе арнадым.
Күлімдеген ақ жүзіңнен бар бақытты табамын,
Құралай көз, қыйғаш қасты, аққуымсың сен менің.

Құшақ, құшақ гүл сыйлаймын жанжарым,
Бір өзіңсің асылымда, бақытымда, арманым.
Ғұмырымды бір өзіңмен өткіземін жанжарым,
Әр бір атқан таңды өзіңмен қарсаламын арманым.
Авторы: Кәріпбай Тұрсынбек Жапақұлы
11.12.2012 жыл.

Тұрсынбек
Tursynbek-
08-02-12 06:18
ЖЕР ЖАНАТЫ.
Алатаудың шатқалы қалың орман,
Көк аспанмен таласқан шыңдары бар.
Ақша қары басына сән береді,
Неткен сұлу табиғат, тамаша еді.

Сағасында ағады Аспара өзен,
Жер жанаты дерсің сен көрсең тегі.
Жасыл кілем жамылған жердің беті,
Қызыл, сары гүлдері сән береді.

Арша, шырша өскен бұл тау шатқалы,
Керемет қой қарасаң көз тойматын.
Бүлдірген мен қарақат тауда өскен,
Дәмін татсаң аузыңнан бір кетпейді.

Жар тастары жарасқан неткен сұлу,
Дегелектер жүгіріп шырылдасқан.
Тау жаңғырар өзеннің сарылынан,
Мұндай жерді таппассың жер жақаннан.
Авторы: Кәріпбай Тұрсынбек Жапақұлы
14.01.2012ж.

Тұрсынбек
Tursynbek-
18-12-11 11:18
ТАҢ ШАПАҒЫ.
Таң шапағын келеді жаңа шашып,
Бар әлемді оятып, жадыратып.
Шырылдайды боз торғай кең далада.
Жаңа күнге жаршы боп ол үн қатып.

Таңғы самал еседі, ләззат сыйлап,
Керілерсің ұйқыңнан оянып ап.
Тыныстарсың ауа мен таңғы мынау,
Жан рахатын табарсың сол бір уақ.

Таң шапағын шашады барша жанға,
Бақыт сыйлап, бақ сыйлап барша адамға.
Үміттеніп әр бір жан қол созады,
Келген таңмен арайлы күн нұрына.

Беу дүние ай шіркін бұл жанат уақ,
Мейірленген барша жан сәтті бір шақ.
Таң нұрымен оянып күллі әлем,
Таң нұрымен құлпырған жермен, қырат.

Көк аспанда ақша бұлт қалықтаған,
Кеуделерде оянған үміт, арман.
Таң нұрымен сыйланған пәктік сезім,
Әр бір адам жүрегінен орнын алған.

Таң шапағын шашады барша адамға,
Қуанышпен басталсын әр бір таңда.
Бейбіт өмір сүрсін ғой қазақ елім,
Татулықпен, бірлікпен әр қашанда.
04 желтоқсан 2011 жыл.

Тұрсынбек
Tursynbek-
18-12-11 11:18
САРАЛА КҮЗ.
Қайтқанда көк аспанда құстар қалқып,
Келгені қоңыр күздің салқынды алып.
Сарғайған жапырақтар тал басында,
Өмірдің тағы келді күзі қайтып.

Асқар тау басындағы ақша қарда,
Төмендеп етек жағын басқан олда.
Сар дала қара қошқыл күйге еніп,
Себелеп жаңбыр төккен бұл бір уақта.

Қамыста көл жиектеп өскен қаптап,
Сыбдырап күз желімен ол үн қатат.
Сауысқан сақылдайды жар басында,
Жар салып, келді деп күз бұл жалғанға.

Соқпақ жол бұл өмірдің сайрап жатқан,
Тіршілік өз ретімен өтіп жатқан.
Қайрылар өткен күнге шамада жоқ,
Күйбің тірлік пендесін қаратпаған.

Сары күз сарала күз жабырқаулы,
Көңілім өткен күнді сағынады.
Тұлпардай бәйге шапқан ол жеткізбей,
Арман ай бұл жалғанда бара жатты.
08.12.2011 жыл.


Тұрсынбек
Tursynbek-
18-12-11 11:16
КҮН ҚАЙДА.
Күн қайда қара шайды терлеп ішкен,
Жан қайда сөз айтпайақ түсініскен.
Қабақтан қараған бір ұғынысып,
Тоғысар ой мен сана ақылменен.

Күн қайда атқан таңмен тұрар ерте,
Болар деп, нәсібесі жер мен көкте.
Тер төксең еңбек етіп бұл жалғанда,
Аңсаған орындалар арман сірә.

Жыл қайда жылғалармен жылжып кеткен,
Жақсысын, жаманында бірге әкеткен.
Үмітқып келер күннен әр бір пенде,
Алладан бар жақсылық тілеп өткен.

Қайда екен балаң кеше еркелеген,
Қанат қағып ұядан ұшып кеткен.
Өмірден өз орынын олда тауып,
Тірлікпен бұл жалғанға сіңіп кеткен.

Қайда екен немерелер шұрқырасқан,
«Ата»-деп етек жеңге оралысқан.
Көргенде бір соларды мейірленіп,
Жасарып жаңарады ой мен санаң.

Күн қайда қара шайды терлеп ішкен,
Жарыңмен әңгіме айтып, сыр шертіскен.
Алдыға мақсат қойып жетемін деп,
Жалғанның әр бір күнін сен өткізген.

Авторы Кәріпбай Тұрсынбек Жапақұлы
10.12.2011 жыл.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов