Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Ер-Сейтпенбет қожа


Авторы Xабарлама
кулмахан (Аққылыш)
kulmaxan@mail.ru
01-01-10 03:59
Тоқсан түйе томарға жанбаған Ер - Сейтпенбет қожа руынан бар болса хабарласыңыздар. танысамыз.

Авторы Жауап
Кеулімжай Марат Кемалұлы
marat_keulimzhai@mail.ru
18-11-17 17:43
-Бисмиллаhир- рахманир – рахим.
- Асалаумағалейкум!
-Құрметті, Ер Сейтпенбет баба ұрпақтары, сіздердің интернеттегі деректеріңізді көріп мен өзімді көптен ойландырып жүрген ойымды ортаға салуды жөн көріп отырмын.
Қызылорда облысы, Қаазалы ауданындағы Байқожа бекеті 70-80-дей отбасы тұратын Орынбор- Ташкент теміржолы мен Батыс Қытай - Шығыс Еуропа халықаралық тасжолының бойында орналасқан ауыл. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі кезінде «Ер Сейтпенбет» әулие бабамызды пір сайлаған Шөмекей руының Бозғұл аталығының ұрпақтары. Осы Байқожа ауылының іргетасы 1905 жылы қаланған тарихы терең ауыл болғанымен, ауылда мұсылман мешітінің жоқтығы қынжылтады.
Мешіт тек намаз оқитын орын емес, ол имандылықтың, тәрбиенің және жаратушымыз, «Құдіреті күшті, Алла Тағалаға» сиынатын жер бетіндегі бірден –бір қасиетті орын екені баршамызға белгілі. Осы ауылға «Ер Сейтпенбет» әулие бабамыздың атынан 30-40 орындық мешіт салынса екен деген арманға толы ой мені мазалайтын.
Мешіт салу және оның құрылысына әркім өз үлесін қосу мүмкіндігі тіршілікте екінің - біріне бұйыра бермейтін «Алла Тағаламыздың» ерекше сиы деп білемін. Біріншіден, бабаның өзі пір болған елінде, өмір сүрген жерінде атынан мешіт ашылса және мешіт Ұлы екі жолдың бойында тұрғызылса. Бұл игі іс «Ер Сейтпенбет» баба рухына деген ұрпақтарының ерекше құрметі мен Алла жолына деген иманымыздың белгісі болар еді. Осы игі іске бастама болар демеуші азаматтар табылса Алланың нұры жауып, отбасы аман болып, әрбір кәсібіне ырыс, берекет дарысын деймін.
Құрметті, киелі ақсүйек әулиелеріміздің ұрпақтары, сіздерді алла жолындағы игі іске бастаушы болып, елі құрмет тұтқан бабалар қанымен дарыған тектілікті көрсетеді деген сенімдемін.
Мен өзім Әлім руынан тарайтын, Қаракесек аталығының ұрпағымын.
«Ер Сейтпенбет» баба рухына бас иетін пенденің бірімін.

Хат жолдаушы Байқожа ауылының тұрғыны Кеулімжай Марат Кемалұлы.
Электорндық почтама өз пікірлеріңізді білдіріп хат жазсаңыздар екен. marat_keulimzhai@mail.ru

18.11.2017 жыл
Сағдадинов Марат
tikosh@mail.ru
07-03-16 17:28
Узбекстан Республикасы Газли қаласынан Шахизада қожаның ұрпағы 4 ұл 4 қыз
ұлдары:
Мамат қожа:ұлдары Қуандық қожа жəне Аббас қожа
Сакен қожа:Сейтжан қожа
Сейфуллин қожа
Марат қожа :Тұрсынбек қожа
Шахизада қожаның əкесі >Сағдадин қожа əкесі >Тұрман ишан əкесі>Қаратай қожа əкесі >Сұлтан қожа əкесі>Ер Сейтпенбет қожаның ұрпақтары қазіргі уақытта ОҚО Шымкент Қ. АҚСУ елді мекенінде тұрады
сабйт
уайсов
10-02-16 06:05
Узбекистан рес Бухара обл Пешку ауданы Жангелди ауылында дүенге келгенмін руым Мағзаман қожа есімім Сабит қазыргі уақытта Новайи обл Зарафшан қаласында жасаймын менің шығыу тегім Мағзаман қожадан тараған жеті атам
Ақын атадан Момын атадан Абылтай атадан Уайыс атадан Абдісалам атадан менің әкем Қуандық қожа әкем 2006 жылы өмірден өтен.
Галымжан Абенов
abenov__86@mail.ru
14-06-15 20:33
Узбекистан республикасы Навоий облысы Тамды ауданы. Есимим Абенов Галымжан Мырза-Ахметович. Руым Ер Сейтпенбет кожа
Ер Сейтпенбет
Мырза
Жакып
Омар
Абдисаттар _________Аблаким
Абен
Мырза-Ахмет кажы
Улым Алихан.
Олжас
oljas_kaka@mail.ru
30-03-15 20:31
Ассалаумагалейкум агайындар мен Мамбетов Олжас Адилханулы Сейтпенбет кожанын 8-ши урпагымын:

Сейтпенбет кожа
Султан кожа
Муса кожа
Жангазы
Мамбет
Абдигаппар
Адилхан-Алихан-Олжас

Олжас
oljas_kaka@mail.ru
30-03-15 20:25
Ассалаумагалейкум агайындар мен Мамбетов Олжас Адилханулы Ер Сейтпенбет кожанын 8 урпагымын

Ер Сейтпенбет
Султан кожа
Муса кожа
Жангазы
Мамбет
Абдигаппар
Адилхан-Алихан-Олжас
Алтынбек
Oteshbaev.@mail.ru
11-12-14 16:34
Мен Сейітпембет қожа жайлы ғылыми жұмыспен айналысып жүрмін. Өзім тарихшымын. Әулие бабаны бүкіл Қазақстанға танытқым келеді.
Қали
14-10-14 11:39
Ер Сейітпенбет қожалар

Қасиетті Сыр өңірінде кіндік қаны тамып, есейе келе ел бастап, елі мен жерінің бірлігі мен тұтастығын сақтаған, имандылықты ту етіп, ұрпаққа рухани азық берген, күллі қазаққа игі ісімен мәшһүр болған көсемдер мен ғұламалар аса көп болған десек, артық айтқандық болмас. Солардың бірі – Ер Сейітпенбет қожа(азан шақырып қойған аты – Сайдмұхаммад).
Ер Сейтпенбет (Сайдмұхаммад) қожаның ата-бабасы бүгінгі Қызылорда облысының Жаңақорған жерінде жасаған. Өзі – Абд ул Жалилбабтың(Қорасан ата) 34-інші ұрпағы. Қорасан атаның ұлы Хусайннан(Сұлтан Хусайн) тарайды. Сүйегі Қызылорда облысы Қармақшы ауданының «Бас Сарбұлақ»(Жаңақала ауылына жақын) деген жерінде жатыр.
Атадан балаға жалғасып келе жатқан дерек бойынша, Сейітпенбет 13-14 жас шамасында медресені тамамдайды. Сол жылы Кіші жүз Шөмекей руының ақсақалдары Сейітпенбеттің әкесі Қожажан қожаға сәлем бере келеді. Қожажан қожа Шөмекейдің беделді адамдарымен бұрыннан етене таныс болса керек. Өйткені рухани көсемдердің батуасына орай Қожажан қожа Кіші жүздің арасына жиі барып, дінді насихаттап тұрады екен. Қонақтар қайтарында Қожажан қожадан ер жетіп отырған екі ұлы - Заман мен Сайдмұхаммедтің бірін өздерімен бірге жіберуін өтінеді: «Біздің елде, өзіңіз білесіз, діни сауаты бар дамулла жоқ. Балаңызды піріміздей сыйлайық. Мешіт ұстасын. Медресе ашайық, балаларымызға дәріс берсін»,-дейді. Аз-кем ойланған қожа: «Әуелі Аллаға, сосын өздеріңе тапсырдым»,-деп, Сейітпенбетті шөмекейлерге қосып жібереді.
Сейітпенбет қожа Ырғыз, Торғай, Жыланшық, Қарақой, Ұлғаяқ, Жыңғылдыөзек, Жабысай өзендерінің бойын ен жайлаған Кіші жүз-Алшын ішіндегі Қаракесектің Шөменінен тараған қалың Шөмекейдің балаларын оқытып, мешіт ұстап, ел арасында үлкен беделге ие болады. Бұл жерлер - бүгінгі Ақтөбе облысының шығысы, Қарағанды облысының батысы, Қостанай облысының түстігі, Қызылорда облысының терістігі. Кейінірек қазіргі Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарының аумағында жасап, мешіт басқарады, діни ілім таратады. Осы өңірде Мырза, Сұлтан, Әбдіжаппар, Батыр, Алмас, Міржан, Шоң атты балалары дүниеге келеді. Арагідік білім іздеп және қажылық парызын өтеу үшін алыс шаһарларға(Бұхара, Хиуа, Херат,Мекке,Медине,Шам) сапар шеккені болмаса, ғұмыр бойы Шөмекейлердің, анығы Шөмекейден тарайтын алты Аспан мен бес Бозғұлдың ортасында жасайды.
Ер Сейітпенбет қожа шамамен 18-ғасырда өмір сүріп, 19-ғасырдың басында өмірден өткен. Бұл болжамды өзімен замандас болған тарихи тұлғалардың жасаған жылдары мен көнекөз қариялардың әңгімелеріне сүйеніп жазып отырмыз. Сондай-ақ төмендегі деректер де біздің болжамымызды растағандай:
«1803 жылы Орынбордың әскери-губернаторы кінәз Г.С. Волконскийдің тапсыруымен қазақтың үш жүзінің саны, мекені және баратын базары туралы Көбек Шүкірәліұлы мен Қазан татары Ғалы Шахмұратовтың берген мәлімдемесі бойынша:« Шөмекейдің Сөйін руының 4 бөлігінде 6 мың үй халқы бар, керуендерді тонайды, Бұхараны базарлап, сауда-саттық етеді» деген. Ел басылары: Кетебай би, Қорен батыр, Айтілес би, Жәрімбет билер болған. Жәрімбет бидің беделі мен ықпалы аралас-құралас көшіп жүрген Кете мен Шөмекей руларында ерекше орын алған. Сол заманда бұл елдің Сейтбенбетқожа деген пірі болған» (Материалы по истории Каз.ССР (1785-1828г.г.) т.IV, М., Л., 1940, с.514).
"Қарақ тауының етегінде замандастары - Ер Сейтпенбет қожа, Марал ишан мен Жәрімбет әулие үшеуі кездесіп кеңесіпті. «Біздің мәңгілік мекеніміз қай жерде болар екен» деген сауалды Марал ишан ортаға салған. «Оның жауабын Сейтпенбет қожа айтсын депті. Сонда Сейтпенбеттің: «Мен шөлде қалармын. Алыс қиянда жатқандықтан артымнан іздеушілерім аз болар. Марал, сен көлде қаларсың, кейін көл тартылар, сенің басыңа тағзым етушілер көп болар. Жәрімбет, сен осы Қарақ тауында атыңның алдыңғы тұяғы тұрған жерде боларсың, бірақ Қарақ тауының атын иеленбессің»,-деп айтқаны айнымай келгенін көріп, біліп отырмыз.
Жәрімбет әулие өмір сүрген он сегізінші ғасыр, қазақ халқы үшін тілі, еркі өзінде, діні Ислам арқылы ауызбірлігі жарасқан, имандылығынан ажырамаған кезең болатын. Тілі мен діні өз еркінде болған халықтың рухы да биік. Ал, рух - қамалың, қорғаның екені даусыз. Осы жағдайлар Ер Сейтпенбет қожа, Марал ишан, Жәрімбет әулие сияқты халықты діни сауаттандырған, ислам нұрымен нұрландырған, рухани демеушілері болған тұлғаларды қалыптастырған»."Сәпен Аңсатов "Жәрімбет әулие", "Сыр бойы" газеті, 29.10.2011. "
Сейітпенбеттің «Ер Сейітпенбет» деп есім алуы туралы ел аузындағы әңгімелерге, жырларға және С.Толыбеков, М.Мұқанұлы, А.Сейдімбек, Ш.Әбдісамат, Ш.Серікбайұлы, Х.Маданов, Ж.Әлқожаұлы, Ә.Қаба, Қ.Өтебайұлы, т.б. ғалымдар мен қаламгерлердің кітаптары мен мерзімдік баспасөздегі мақалаларына сүйеніп айтуымызға болады. Сонымен қатар Сыр сүлейлерінің(Қарасақал Ерімбет, Қаратамыр Дүр Оңғар, Кете Жүсіп, Базар жырау,Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары,т.б.) барлығы түгелдей дерлік Ер Сейітпенбет қожаның есімін жырларына қосқанын да назарға алғанымыз абзал. Солардың бірі әйгілі Базар жырау былай деп жырлайды:
Мына бір шолақ дүниеден,
«Әулие өлмес» дер едім,
Отқа салса, күймеген,
Залымдардың өмірі
Бір шарпуы тимеген,
Арамды көңілі сүймеген,
Дін мұсылман баласын
Кереметпен билеген,
Саһар тұрып жылаған,
Хақтан медет сұраған,
Ол ерлердің тағаты
Құдайына ұнаған -
Бабай түкті Шашты Әзиз,
Ер Сейітпенбет, Мағзаман,
Марал ишан, софы Әзиз -
Солардан да өткен сұм дүние.
(Базар жырау « Жеті ғасыр жырлайды», 2-том, « Жазушы» баспасы, 91-бет).

...Қиын бір жылдарда арасында қожасы бар, басқасы бар:«мен қожамын» деп, елден нәріз жинайтын күмәнді сәлделілер ауыл-елде қаптап кетіпті. Қожа сыйлаған халық бір таба нанының жартысын «қожамыз» дегеннің бәрінің, әруақты сыйлап, қолына ұстатады екен. Сөйтіп жүргенде Кіші жүздің ақсақалдары:«нағыз қожа, шын әулие адам болса бізге кереметін көрсетсін. Тоқсан түйеге жүк болатын сексеуіл томарын(отын) үйіп, өртейміз. Сол отқа қорықпай түскен адамды біз әулие деп білеміз»,-деп шарт қояды. Сонда өздерін «мен қожамын,әулиемін»,- деп жүргеннің біразы елден ғайып болады. Ал Сейітпенбет қожа әлгі шартты қабыл алыпты. Оқиғаны әрі қарай академик-ғалым Серғали Толыбековтің «Қазақ шежіресі» кітабынан өрбітейік:«...От бірден-ақ лаулап жанып, тез құлашталған жалын аспанға шығып жанып, бірте-бірте бәсеңдейді. Қоршап тұрған халықтың екі көзі әулиеде. Біртіндеп қызыл жалын саябырлап, сағымданып, жанып жатқан оттың ішінен Сейітпенбет қажы көрінеді. Қызыл шоқ сөніп, қарауыта берген кезде ол аса таяғы қолында:«Иә, бабам!»,-деп аман-есен шығады. Жұрт:«Иә, Құдайлап» шулап, қол қусырып, қожаның аяғына жығылып, әулиешілігіне, кереметіне тәнті болып, құрбандық шалып, Сейітпенбетті пір көтереді».(С.Толыбеков«Қазақ шежіресі», Алматы. Пікір жазғандар: М.Қозыбаев, С.Қирабаев, Х.Арғынбеков, Х.Маданов). «Сыр бойы» газетінде(23.05.2000 ж., Ш.Серікбайұлы «Ғалымның ғажайып әңгімелері») жарияланған мақалада да оқиға дәл осылай өрбиді.
Міне осы оқиғадан соң ел Сейітпенбеттің есіміне «Ер» деген атауды қосып «Ер Сейітпенбет қожа» деп атап кетеді, әулетін де пір тұтып, ұрпағын ұлықтап, үрім-бұтағын сыйлап келеді. Айта кетейік, оттан аман шыққан әулие-Ер Сейітпенбеттің шапанының шалғайының бір ұшы ғана күйіп, сарғайып қалған екен. Мұның мәнісін сұрағандарға әулие: «қыз бала нәрестені алдыма алып отырғанымда шалғайыма дәреті тиіп еді»,-деп жауап беріпті. Бұл Ер Сейітпенбет қожаның жаны да, киімі де пәк, мұнтаздай таза болғандығынан дерек бергендей.
Шығыстың жеті жұлдызының бірі атанған ұлы ақын Әлішер Науаи осындай көрсетілген кереметтерді діни философия – иллаһият арқылы түсіндірген екен. Ол өзінің «Хайраттул Акбар»(Ташкент,1974 ж.) және «Насоимул мухаббат»(1968 ж.) шығармаларында әулиелердің жазда қара суды қатыра алатыны, теріс ағызатыны, бұрын көрмеген кісінің келуін біле алатындығы, Мағрибтан Машриққа дейін көзді ашып-жұмғанша жете алатыны, дарияның бетінде, судың үстінде жүре алатындығы, құстар мен жануарлардың тілін түсіне алатындығы, от ішінде емін-еркін тұра алатындығы, отқа түссе жанбайтындығы, аспанды кезе алатындығы, қорғандарды бір саусақпен түртіп құлата алатындығы, т.б. кереметтерді көрсете алатындығын жазған.
«...Пірлер өте зәру кезде, басқа күн туған уақытта, қатты сыналуға тура келгенде ғана болмаса басқа уақытта керемет көрсетпеген. ...90 түйе отын екі күн жанғанда одан аман-есен шығу – Аллаһ Тағаланың ізімен оған жеткен, оған жіберілген ілімнің, шеккен риязаттың жемісі. Ер Сейітпенбет пірдің басындағы жағдай – бұған дәлел»(Ә.Қаба «90 түйе отын екі күн жанғанда от ішінен күймей шыққан әулие», «Жас алаш», №157, 20.08.2005 ж.).
Ер Сейітпенбет көз жұмарда балаларына және мүридтеріне:«Менің мүрдемді өзімнің ақ нарыма артып, басын бос қоя беріңдер. Түйе қай жерге шөксе сонда жерлеңдер»,-деп аманатын айтыпты. «Айдалаға шөксе қайтеміз? Жалғыз мола боп қалмайсыз ба?»,-дегендерге:«Оған бола абыржымаңдар. 40 күннен кейін қасыма досым Көккөз батыр келеді»,-деген екен. Көп ұзамай әулие дүниеден өтеді. Ел-жұрт аманатын орындап, Ер Сейітпенбеттің денесін ақ нарға жүктейді. Нар түйе ен даланы кесіп өтіп, Сырдарияға таяйды. Сонда ел тағы бір кереметке куә болады. Дария қақ айырылып, түйе өзеннің табанынан өтіп, Қызылқұмды бетке алады. Ұшан-теңіз тақырды басып өтіп, «Бас Сарбұлақ» (арғы жағын «Аяқ Сарбұлақ» деп атайды) деген жерге жетіп шөгеді. Әулие сонда жерленеді. Өзі айтқандай, жерлеу рәсімі болған мерзімнен 40 күн өткенде құт мекен Қызылқұмды мекен еткен батыр әрі ғұлама діндар, төлеңгіт руының көсемі Көккөз батыр көз жұмады. Батыр өлерінде өзін Ер Сейітпенбет қожаның қасына жерлеуін өсиет етеді. Туысқандары батырдың өсиетін орындапты. Жылдар өте келе Бас Сарбұлақтағы қос мола үлкен қорымға айналады. Кіші жүздің белгілі тұлғалары сол қорымға жерленеді. Біздің білетініміз: бірнеше қожа, төрелер, дінбасылар, батырлар, жомарттығымен мәшһүр болған Қошқаралы Сансызбай сахи, Шыбынтай, Жолай руларынан шыққан атақты билер Өтетілеу, Пірәлі, Алмастар, жалпы Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғұл руларынан шыққан басқа да би-болыстар сол мазарда мәңгілікке тыным тапқан.
Қорасан атадан тарайтын Ер Сейітпенбет қожаларды бәзбіреулер бірде Сейіт қожаларға, бірде Дуана қожаларға, кейде тағы басқа аталықтарға қосып, жаңылысып жүр. Мұндай дәйексіз деректер «Елтану: шежіре,этнология» (Б.Қырғызбай, Алматы,2003 ж.), «Қажы Мәдіқожа(Дуана) ұрпақтарының шежіресі» (Құрастырушылар Ә.Әбдіқайымұлы, Ә.Мұхамеджан,т.б., Алматы,2005 ж.), «Қазақтың ру-тайпалары» ( А.Абдрашев, «Нұр-Арыс» баспасы, Алматы,1999 ж.) сияқты кітаптарда көрініс тапқан. Сондай-ақ осы деректермен қатар, шежіреші Х.Мадановтың «Кіші жүздің шежіресі» («Атамұра» баспасы, Алматы, 1994 ж.) кітабындағы Сейітпенбет қожаның әкесі, інісі және балалары туралы деректер де мүлдем шындыққа жанаспайды. Онда көрсетілгендей, Сейітпенбеттің әкесінің аты Әзім емес және Әлимұхаммед деген інісі, Назар, Кердері деген балалары болған емеc. Мұның дәлелі ежелден келе жатқан (мөрленген) шежіреде тұр. Ер Сейітпенбет қожаның ұрпақтарында сақталып келе жатқан өз мөрінде «Сайд Мухаммад бини Қожажан қожа» яғни «Қожажан қожаұлы Сайдмұхаммад» деп анық жазылып тұр. Осы ретте айта кетсек, Ер Сейітпенбет қожаның өз мөрі Түлкібаста жасайтын Якуб(Жақып) қожа Нәжмаддинұлының отбасында сақтаулы тұр.
Ер Сейітпенбет қожа ұрпақтарын ел «Ер Сейітпенбет қожалар» деп атаса, өздері сұраған елге:«Қорасан қожа тайпасынан тарайтын Ер Сейітпенбет қожа руынанбыз»,-деп таныстырады. Кереметін көрсеткен Ер Сейітпенбет қожа есімі сол кезден-ақ ру атауына айналып кеткен. Дін жолын берік ұстап, діни білімді адамдар көп шыққандықтан болар, Кеңес заманының 30-жылдары Ер Сейітпенбет қожа әулеті көп қудалауға ұшырап, тоз-тоз болып, тарыдай шашырап кетеді. Осы әулеттен тарайтын ұрпақтар бүгінде әрісі Түркия, Ауғанстан, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстанды, бергісі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарын мекендеп отыр. Тәуелсіздік алған жылдан бері жүздеген сейітпенбеттер Қазақстанға оралып, бүгінгі күнде әулиенің 9-10-ыншы ұрпағы өсіп-өніп келеді. Ер Сейітпенбет қожа ұрпақтары арасында елге танылған, ауыл-елді басқарған, басшылық қызметтер атқарған азаматтар аз емес. Солардың бірегейі – ұзақ жылдар Арал ауданын және Қызылорда облысын басқарған Есетов Тәкей десек, сондай-ақ Әшрафаддин, Маханбетияр, Ләтіп, Бәйіш, Әбибулла,Алдияр, Әбдіқожа, Қожағайып, Мүбарак,Тұрар,Раушанбек, Байназар, т.б. азаматтардың есімін атап өтеміз. Ал Ер Сейітпенбеттер әулетінің шежіресін бізге жеткізген Жолдасұлы Маханбетияр, Шүкірәліұлы Бәйіш, Мірәшімұлы Ләтіп десек, жинақтап, сақтап, толықтырып келе жатқан Әлқожаұлы Жүсіп, Маханбетиярұлы Сәли, Әмитұлы Жұбатқан, Әбибуллаұлы Сайфуддин, т.б. азаматтар. Реті келгенде Тәкей Есетовтің суреті мен есімін басқа аталықтағы қожалар өз шежіре кітаптарына енгізіп, «меншіктеп» қателесіп жүргенін баса айтқымыз келеді ( Ер Сейітпенбет – Әбдіжаппар – Қарақожа – Қалдар – Асыл – Есет –Тәкей).
Абд ул Жалилбабтың(Қорасан ата) 34-інші ұрпағы Қожажанұлы Ер Сейітпенбет қожаның өзіне дейінгі бір ата жүйесімен жазылған шежіре төмендегідей: Әзіреті Әли Мұртаза – Мұхаммед Ханафия – Абд ул Фаттах – Абд ул Жаббар – Абд ул Қаһһар – Абд ар Рахман – Абд ул Жалил(Қорасан ата) – Хусайн ата(Сұлтан Хусайн) – Юнус ата – Исқақ ата – Исмайл ата – Абду Саттарқожа – Абдул Халыққожа – Абдул Рахимқожа – Абдул Каримқожа – Қожа Ахмат – Абдурахманқожа – Құдайқұлқожа – Ибрахимқожа – Сулайманқожа – Абдул Жалилқожа – Халилуллақожа – Искандарқожа – Хазиқожа – Абдил Акимқожа – Абдил Жалал – Мулла Фахруддин – Абдул Халил – Абду Камал –Жамаладдин – Назмиддин – Кирамуддин – Утепқожа – Иманқожа – Абдулхаһһар – Абдулазиз – Мусираладдин – Ералиддин – Мирхашимиддин – Қожажан – Сайдмұхаммад(Ер Сейітпенбет).
65 жасында «Қазақ шежіресін» жазған кемеңгер ақын, ғұлама діндар Мәшһүр Жүсіп Көпеев аталмыш кітабында шежірені қалай жазғаны туралы: «...бақсыдан бал ашып, түлкідей түс көріп, жауырын қағып, құмалақ салып айтып отырғаным жоқ. Мен де нұсқаларды көрумен, кәрі құлақтардан естумен өз білгенімді шамам келгенше қорытып, шындап тыңдап, айтып отырмын»,-деген екен. Осы айтқандай-ақ, біз де ұрпақтарда сақталып келе жатқан шежіре үлгілері мен көнекөз қариялардан есіткен әңгімелерді негізге алып Ер Сейітпенбет қожа ұрпақтарының шежіресін қағазға түсіріп жатырмыз. Әрине, әлі де деректер мен толықтырулар қажет. Бұл іске көзі ашық ағайындар атсалысады деп сенеміз. Алла бұйыртса, үстіміздегі жылы Ер Сейітпенбет қожапардың шежіресі жеке кітап болып жарық көрмек.
«Шежіре – ел тарихы, қоғамның, ұлттың өсу, даму жолы»,-деп жазыпты даңғайыр шежіреші Сейт-Омар Саттарұлы өзінің «Абд Ул-Жалил Баб(Хорасан ата)» атты еңбегінде. Расында да шежіре – әрбір әулеттің бірнеше ғасырлық ғұмырының айнасы. Ендеше шежіреге аса ыждағаттылықпен, үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Ер Сейітпенбет қожалардың шежіресі - қазақ шежіренамасындағы ерекше орны бар Қорасан қожалар шежіресінің бір бөлшегі.

Қали Жолдасов.


Еркін Нұржанов
erkin_19.22@mail.ru
13-10-14 17:03
Еркін қожа
Сейтжан
seitzhan_81@bk.ru
23-02-14 15:33
Ассаллаумағалейкум ағайын.Ер Сейтпенбет қожа-Султан қожа-Тілеп қожа-Атты қожа-Ахмет қожа-Алдйяр қожа-Мырзан қожадан Көбейсін,Бауыржан,Сейтжан,Қалдыбек қожалар казір Қарағандыдамыз.
Abdiev Birzhan
Abdiev_Birzhan@mail.ru
21-02-14 17:43
Ассалаумагалейкум агайын.Ниеттерініз қабыл болсын.Мен Әбдиев Біржан,Қызылорда облысы,Қармақшы ауданында тұрамын.Руым-Қорасан қожа.Ер сейтпенбет бабаның сегізінші ұрпағымын.Сейт Мұхаммед Әздер-Алмас қожа-Үсен қожа-Байсал қожа-Маңмұрын-Әбді қожа.

Әбдіқожадан----- Әби қожа
Шайхыислам қожа
Шахар қожа
Қали қожа
Қабыл қожа
Әли қожа
Әди қожа

Шайхыисламнан-----Исламбек
Төлепберген
Бауыржан
Ағайын хабарласып тұрығыздар,жат боп кетпей араласып тұрайық.

Abdiev Birzhan
Abdiev_Birzhan@mail.ru
21-02-14 17:06
Ассалаумагалейкум агайын.Нитерин кабыл болсын.Мен Әбдиев Біржан,Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Т.Көмекбаев ауылында дүниеге келгенмин.руым Қорасан Қожа,Ер сейтпенбет бабаның сегізінші ұрпағымын.Ер Сейтпенбет-Алмас қожа-Үсен қожа-Байсал қожа-Маңмұрын-Әбдіқожа.
Әбдіқожадан Әби қожа
Шайхыислам
Шахар қожа
Қали қожа
Қабыл қожа
Әли қожа
Әди қожа
Шайхыисламнан- Исламбек
Төлепберген
Бауыржан
Хабарласыңыздар жат болмай араласып тұрайық.


Мәди
01-02-14 21:42
Ер Сейтпенбеттің 33-інші бабасы Хусайн ата "Сұлтан Хусайн" деген атпен тарихта қалған тұлға екен. Ол кісі Абд ул Жалил (Хорасан ата) бабтың аты мәшһүр ұлдарының бірі болған. Ел басқарған, Сыр өңірінің түстік жағын яғни Мауренахрдың солтүстігін билеген екен.
клара
alhodchaeva@mail.
18-12-13 16:13
Ерсейтпенбет Мырза


Ерсейтпенбет Мырза Сары Муса Бек Альходжа Прмахан Куандык мен


Қали
kali_hoja@mail.ru
04-12-13 08:34
Ғалым! Сен \"Ер Сейтпенбет қожа\" деген сайтқа деп жазып маған жіберген жазбаңды \"Казах.ру\"-ға салдым. Енді жазғандарыңды осы адреске сала бер. Ниетіңе рахмет.
Ғалым
kali_hoja@mail.ru
04-12-13 08:00
Жақында Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Жаңақала ауылына жақын жердегі Қарақ тауының маңына жерленген Ер Сейтпенбетұлы Сұлтанқожаның басына ұрпақтары мәрмар қара тастан құлпытас қойды. Құлпытасты Сұлтанқожаның барша ұрпақтарының атынан Жолдасұлы Маханбетияр(Қарақожа) атаның балалары Сәли(Өзбекстан) мен Қали(Алматы), Нәжмиддинүлы Жақып(Шымкент), Ахметұлы Алдиярдың немерелері(Қарағанды), Ғафурқожа(Ауғанстан) ағалар орнатты. Бұрынғы құлпытасы өте ескіріп кеткен еді әрең оқылатын. Өлгендер разы болмай тірілер байымайды деген сияқты ағалардың ісіне ризашылық білдірдік.
Galimbek
galim72@mail.ru
20-10-13 13:06
Ассаллаумагалейкум агайын.Мен Ер- Сейтпенбет кожамын. Муса кожа.Султан кожа.Насырбай кожа-Жармен кожа,Дурман-кожа,Рахмет-кожа.Жармен балалары-Карман мен Бисенбай.Карман баласы-Орынбек.Орынбек балдары-Галымбек-Асхат-Жалын.Галымбек балдары Жалын мен Алишер.
Абубакир
abubakyr@bk.ru
30-08-13 20:09
Ер Сейтпенбет қожа
Сұлтан
Шаханай
Азиз ишан
Абдулла ишан
Аширеп мақсым/Ашрафаддин/
Сейтмухамбет /Сейтжан/
Сейтмухамбеттен -Бахытжан, Аманжан, Нурмухаммед, Динмухаммед, Мухаммедали, Абубакир, Исхақ,
Erkin Nurjanov
erkin_19.22@mail.ru
06-08-13 23:07
Ер - Сейтпенбет қожаның ұрпағынанмын
Ер - Сейтпенбет қожа
Мырза қожа
Сары қожа
Муса қожа
Жума кожа
Бек қожа
Нұржан қожа
Төлеш қожа
Еркін қожа
Псент
17-07-13 00:21
Жәрімбет әулие өмір сүрген он сегізінші ғасыр, қазақ халқы үшін тілі, еркі өзінде, діні Ислам арқылы ауызбірлігі жарасқан, имандылығынан ажырамаған кезең болатын. Тілі мен діні өз еркінде болған халықтың рухы да биік. Ал, рух - қамалың, қорғаның екені даусыз. Осы жағдайлар Ер Сейтпенбет қожа, Марал ишан, Жәрімбет әулие сияқты халықты діни сауаттандырған, ислам нұрымен нұрландырған, рухани демеушілері болған тұлғаларды қалыптастырған."Жарімбет әулие" авторы Сәпен Ансатов.
Жақсылық
12-07-13 01:01
Мен Сейтпенбет руынан емеспін. дегенменде бір бірімізді мұқататын лақап сөздерді айтудың өзі әдепсіздік тіпті арамдық емес пе. Жақсы адам адал адам жақсы сөз айтуы тиіс.
Манап
11-07-13 18:32
Қорасан дегенде жалпы Қорасан қожа айтылған. Басқа қожаға байланысты айтылуы да ықтимал.
Манап
11-07-13 18:29
Жақсылық шата есiмдi жазбаргерге,
Есiткен қулақта жазық жоқ. Қожа халқында оcындай бир хикая ертеден айтылып келе жатыр.
Қорасан деген жерi қате шығар, алайда ел iшiнде бар кеп болса, маған не қыл дейсiн?!
Абдукарим
abeke1991@mail.ru
09-07-13 20:53
менин есимим Абдукарим руым ЕРсейтпенбет Кожа мен кызылордада турамын маган осы Ерсейтпенбет атамыздын омир баяны жайлы толык малимет жане шежиреси керек егер билетин киси болса менин почтама письмо жиберсениздер болады.менин жасым 22де
Жақсылық
06-06-13 00:05
Манап залымға айтарым ЕрСейтпенбет Қорасан атаның 34інші ұрпағы болады Аралықта 34 ата бар екен. Ал сен болсаң екеуін замандас етіп біріне бірін тәрбиелетіп қоясың. Логика қайда есептеп көр Басқаның бабасын қорлап "құл"т б деп айту ең пасық, ең арам және шата адамның қылығы. Шата деген ойнастықтан некесіз туған, тексіз адамды айтады Ондай адамдар арам ойлы болып тек елді бұзу жамандық жасауды бұзудығана ойлайды Сені және сен сияқты арамзалардың жазасын Алла берсін әруақ атсын
Манап
01-06-13 09:56
Ер Сейiтпенбеттi ДУАНА деген дерек жалған болса керек. Алайда "Есiктегi қул едi Ер Сейiтпенбет" деген лақап айтылады. Оны Қорасан қожа тарбиелеге. Керемет болған ғой Қорасанда. Шарапаты қызметшiсiне тиген.
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
30-05-13 23:19
"1803 жылы Орынбордың әскери-губернаторы кінәз Г.С. Волконскийдің тапсыруымен қазақтың үш жүзінің саны, мекені және баратын базары туралы Көбек Шүкірәліұлы мен Қазан татары Ғалы Шахмұратовтың берген мәлімдемесі бойынша, Шөмекейдің Сейін руының 4 бөлігінде 6 мың үй халқы бар, керуендерді тонайды, Бұхараны базарлап, сауда-саттық етеді деген. Ел басылары: Кетебай би, Қорен батыр, Айтілес би, Жәрімбет билер болған. Жәрімбет бидің беделі мен ықпалы аралас-құралас көшіп жүрген Кете мен Шөмекей руларында ерекше орын алған. Сол заманда бұл елдің Сейтпенбетқожа деген пірі болған (Материалы по истории Каз.ССР (1785-1828г.г.) т.IV, М., Л., 1940, с.514).
Шохан
shok_han@mail.ru
30-05-13 23:10
"Қарақ тауының етегінде замандастары - Ер Сейтпенбет қожа, Марал ишан мен Жәрімбет әулие үшеуі кездесіп кеңесіпті. «Біздің мәңгілік мекеніміз қай жерде болар екен» деген сауалды Марал ишан ортаға салған. «Оның жауабын Жәрімбет айтсын",- депті Сейтпенбет қожа. «Ер Сейтпенбет, сен шөлде қаласың. Алыс қиянда жатқандықтан артыңнан іздеушілерің аз болар. Марал, сен көлде қаларсың, кейін көл тартылар, сенің басыңа тағзым етушілер көп болар. Мен осы Қарақ тауында атымның алдыңғы тұяғы тұрған жерде болармын. Менің ұрпағым, іздеушілерім баршылық болар, бірақ Қарақ тауының атын иеленбеймін»,-деп Жәрімбеттің айтқаны айнымай келгенін көріп, біліп отырмыз".Сәпен Аңсатов "Жәрімбет әулие", "Сыр бойы" газеті, 29.10.2011.
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
30-05-13 22:45
"Жосалы жер кіндігі,
Мәңгі маған мақтан жер,
Талай тұлпар шапқан жер,
Қорқыт баба абызым,
Ер Сейітпенбет піріміз,
Марал ишан жатқан жер".
Берік ТӘЖІМАХАНОВ.


Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
30-05-13 22:27
" ...Нұралы хан сол кеткен кегін қайтару мақсатында Көккөзді 300 қолмен аттандырады. Көккөз жолға шығарда досы Ер Сейтпенбет қожадан бата алып аттанады. Ер Сейтпенбет Көккөз бұл жорықтан қайтып оралғанша дүниеден озады. Көз жұмар алдында Ер Сейтпенбет балаларына Көккөздің бұл жорықтан аман-есен оралатынын, өзінің мұрдесін ақ түйеге артып, түйе қай жерге шөксе сол жерге жерлеуін өсиет етіп айтыпты. "Неге бұндай шешімге келдіңіз, жалғыз мола болып қалып кетпейсіз бе?,- деген балаларының сұрауына: «Мен жалғыз қалмаймын, менен кейін 40 күннен соң қасыма Көккөзім келеді»,- деп жауап қатады." (Қазақұлы Майемген "Төленгіттер тарихы")
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
30-05-13 22:16
Мына бір шолақ дүниеден
«Әулие өлмес» дер едім,
Отқа салса, күймеген,
Залымдардың өмірі
Бір шарпуы тимеген,
Арамды көңілі сүймеген,
Дін мұсылман баласын
Кереметпен билеген.
Саһар тұрып жылаған,
Хақтан медет сұраған,
Ол ерлердің тағаты
Құдайына ұнаған -
Бабай түкті Шашты Әзиз,
Ер Сейітпенбет, Мағзаман,
Марал ишан, софы Әзиз -
Солардан да өткен сұм дүние.
(Базар жырау. Жеті ғасыр жырлайды. 2-том Жазушы баспасы. 91-бет).
Кайрат кожа
kayrat.kozha
01-05-13 09:37
Узбекистан республикасы Бухара обл Гиждуван ауданы Аяк-Агытпа аулында туганмын руым Ер Сеитпенбет кожа атым Кайрат казр Темиртау каласында турамын акем Аскаркожа менин жети атам Аскаркожо,Абенкожа,Абсаттаркожа,Омаркожа,Жакыпкожа, Мырзакожа,Ер Сеитпенбеткожа улым бар аты Ержанкожа тел 87026981278 87766981278
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
06-04-13 18:52
Шөмекейдің Дөсек руынан шыққан шежіреші Хамит Мадановтың \\"Кіші жүздің шежіресі\\"(\\"Атамұра\\" баспасы, Алматы,1994ж.)кітабында Сейітпенбет туралы жазылған деректер мүлдем шындыққа жанаспайды. Сейітпенбет ұрпақтарында сақталған шежірелерде бабамыздың әкесінің аты Хужан деп көрсетілген. Сондай-ақ Сейтпенбеттің Әлимұхаммед деген інісі және Назар,Кердері деген балалары болған емес.Бұны Жолдасұлы Маханбетияр, Мірәшімұлы Ләтіп(Өзбекстан),Шүкіріллаұлы Бәйіш,Әмитұлы Жұбатқан(Қызылорда), Абдуллаұлы Әшіреп мақсым(Қарақалпақстан),Жұмағалиұлы Шүкірілла(Түркия) қожалардың шежірелері растайды. Сейітпенбет қожа ұрпақтарының басым көпшілігі Қазақ елінен сыртта ғұмыр кешкендіктен Қорасан баба шежірелерінен тыс қалып келе жатқаны шындық. Сондықтан Сейітпенбет қожа әулетін заңды бабасы Абд ул Жалилбабтың(Қорасан қожа)шежіресіне қосуды бұдан былай ұмытпауларыңызды өтінеміз. Құрметпен Қали Жолдасов, Өзбекстан және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.Тел: 87026727319, www.Kali_hoja@mail.ru
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
04-04-13 21:42
Сейтпенбетқожа аталығынан тарайтын қожаларды бәзбіреулер бірде Дуана қожаларға, бірде Сейт қожаларға қосса, біреу тағы басқа қожалардан таратып жүр. Дұрысы - тоқсан түйе томарға күймеген кереметі үшін ел \\" Ер \\" деген атауды қосып \\"Ер Сейтпенбет қожа\\" атаған бабамыз Сейтпенбет қожа Қорасан қожадан (Абд ул Жалилбаб) тарайды. Бізде (анығы Жақыпқожа Нажмаддинұлында) 250 жыл бұрын жасаған бабамыз Ер Сейтпенбеттің мөрі сақтаулы тұр. Ер Сейтпенбет бабамыздың кесенесі Қармақшы ауданының Сарбұлақ деген жерінде(Жаңақалағаға жақын). Менің аты-жөнім - Жолдасов Қали Маханбетиярұлы. Сейтпенбет қожа ұрпақтарының шежіресін жинақтап, баспадан шығару шаруасымен айналысып жүрмін. Бабамыз ұрпақтары негізінен Қызылорда,ОҚО, Қостанай, Алматы, Қарағанды облыстары мен Өзбекстанда жасайды. Бүгін Сіздерді Әзреті Әли Мұртазадан оның 41 ұрпағы Сейтпенбетке дейінгі шежірені бір ата жүйесімен таныстыруды жөн көрдім. Сіздер өз шежірелеріңізді маған жолдаңыздар. Әзреті Әли Мұртаза - Мұхаммед Ханафия - Абд ул Фаттах - Абд ул Жаббар - Абд ул Каһар - Абд ар Рахман - Абд ул Жалилбаб (Қорасан) - Хусайн ата - Юнус ата - Исқақ ата - Исмаил ата - Абду Саттар қожа - Абдул Халық қожа - Абдул Рахим қожа - Абдул Карим қожа - Қожа Ахмад - Абдурахман қожа - Құдайқұл қожа - Ибраһим қожа - Сулайман Қожа - Абдул Жалил қожа - Халилула қожа - Искандар қожа - Хази қожа - Абдил аким қожа - Абдил Жалал - Мулла Фахрутдин - Абдул Халил - Абду Камал - Жамаладдин - Назмиддин - Крамутдин - Утеп қожа - Иман қожа - Абдулхаһар - Абдулазиз - Мусираладдин - Ералиддин - Мирхашмиддин - Хужан қожа - Сейдмухаммад (Ер Сейтпенбет). Ер Сейтпенбеттен Мырза,Сұлтан,Әбдіжаппар,Батыр,Алмас,Әбді,Міржан,Шоң тарайды.
Нуржас
abenov_92@bk.ru
04-03-13 15:53
Ер Сейтпенбет Қожамын. Өзбекістан Республикасы Науайы уәлияты Тамды ауданы Әйтеке-би көшесі №109 үй.
Мырза - Ахмет қажы ұлы Нұржас
Қожа
06-06-12 07:12
Ер Сейiтпенбет Қарақалпақ жерiнде дуниеге келген. Кейiн қазақ арасына келiп пiр болған.
Еркин
erkin_19.22
04-06-12 20:06
Ер - Сейтпенбет қожаның ұрпағынанмын
Ер - Сейтпенбет қожа
Мырза қожа
Сары қожа
Муса қожа
Бек қожа
Нұржан қожа
Төлеш қожа
Еркін қожа
ХОЖА
21-03-12 11:56
Хорасаны Хожалар бар ма?
Нурсултан
pro100nuka92@mail.ru
12-03-12 10:38
Есімім Нұрсұлтан.Руым-Қожа,онын ішінде-Қожан Қожа!
Азамат
aza_91ktl@mail.ru
13-03-11 18:02
ассламалейкум агайын. Маған Ер-Сейтпенбет қожа шежіресі керек еді. Ер - Сейтпенбет қожа руынан бар болса хабарласыңыздар. танысамыз.
Улыкбек
g00d_boy@list.ru
06-02-11 10:27
ассламалейкум агайын.Менде кожамын. онын ишиндеги косым кожа!!!
Қорасан қожа
05-01-11 18:54
Ер Сейiтпенбет бiзден тарайды.
Молдаш
03-01-11 04:13
Мен де Кожамын. Асылым арап. Пайгамбар тукымынан екенимди мактаныш тутамын.
Аскар
telecom_sos@mail.ru
20-12-10 17:57
Туылған жылым 88 ден басталады,
Жерім жоқ қыйындықтан жасқанатын,
Төре ұлы Тұрсынбайдың баласымын,
Ұлтым- Қазақ , руым-Қожа , Асқар атым!

Амансыздарма достар мен Көкше - Қожа руынан боламын,
Guldana
guldana_love
01-02-10 17:31
Assalamualeikum!Mende Er-seyitpenbet kojanin kizimin..Aksuiekterge jalindi salem!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube