Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Кіші жүз.Жетіру.Табын


Авторы Xабарлама
Молдабек
Moldabek83@mail.ru
28-02-10 09:10
Табын

Авторы Жауап
Марат
konakov.kz@mail.ru
04-10-17 09:37
Ассалаумағалейкум бауырларым! Менде жетіру табынмын, бірақ әрі карай кайсысы екенін білмеймін. Өзім Өзбекістанның Навои облысы Кенимех ауданында туылғанмын, кәзір Қараганды облысы Теміртау қаласында тұрамын. Атам Қонақ әкем Тұрсынқұл 7 жасында соғыска кетип, келмеген. Әкем озі жалғыз ұл болған. Сол үшін тек жетірудын табыны екенінғана біледі. Әкем 1995 жылы қайтыс болды, тірі кезінде үлкендерден сұрап іздеп бастаған еді. Үлкендердің айтуынша атамыз Жауқаш ұлы Қонақ ашаршылық кезінде Қызылорда жақтан келген дейди. Маған көмектесіңіздерші туыстарымды тапсам, жеті атамды білсем, табын руының жалғасын білсем деймін. Қандай хабар болса электронды почтама жазыңыздар, күтемін. Рахмет.
Елдар
ernur_abdaliev@mail.ru
25-07-17 13:09
Неге Табыннан қыз алмаңыз, қыз бермеңіз. дейді
Муканбетжан
Mukanbetzhandanabaev@gmail.com
16-08-16 16:44
Мен Данашев Муканбетказы Актобе облысы Байғанин ауданы Жаңатаң (Каратас ) ауылында тұрам.Руым Табын Шөмішті Екібас. Сондықтан осы ауылда туып оскен Екібастардың калай бөлінетінін айтайын. Жеті аталатын білетіндер өздері толықтырар.
Ақжолдан:Қоңыр,Сағыр, Жолый, Құтет , Қайыпберді .Кайыпберді (Сарай)тегі белгісіз Кайырғожабайдын жылкысынт багып жұттан оңтүстінде айдап кетіп аман алып келгені ужин Қызы Қарақыз деген шешеміз ді беріп шешеміз еншісіне жұтттан амән калган ұрғашы қара қозыны таңдап одан мыңғырғән отарлар пайда болыпты . Шешеміз Айыргамыс, Сүірқамыс деген екі ұл туып содан екі бас руы тараған.Кара қозыдән тараған қойлары коп болуына байланысты Кіші кара койлы депте аталады.
Екібас :данияр , итек,Құдас,Есен,киікбайДанияр :Отебай ,Сагын Итек:Айжан , Итекен
Құдас-Қали, Жиенғазы Қожай, Қанат, Мыса, Ишан, Əліп, Шəріп.
Есен-біздер Тілеуден-Шақкөз, Шалан. Шақкөзден-Бегімқұл, Бегеш.
Бегімқұлдан- Одина, Бижан. Бижаннан- Оңғар, Дос, Сұлу, Пана, Данаш,
Данабай. Достан-Қыдырхан-Қобыланды,Беласар. Қобыландыдан
Руслан, Жаңабай, Миранбек.
сБеласардан :Амангелді, Жангелді, Асқар.
Данаштан:Мұқанбетқазы-Шалғын ,Қасиет,Даулет, Əсет,
Шалғын:Медет ,Əділет
Қасиеттен:Ануар, Əлекон.
Данабай:Муканбетжан - Нұрперзент,Жарылқасын, Нұржан
Əдинадан:Жалмұқанбет-Қазақбай,Орын 2əй. Аманбай Базарбай, Ұл болсын .
Қазақбайдан :Абай .
Бегештен:Сəрсен-Таған-Əбдір,Əбді,
Əбдірден:Бакытжан ,Іңірбай,
Əбдіден:БатИтекен
Шалланан:Əлен , Қарабала
Əленнен:Молдамұрат,Балдамұрат.
Молдамұраттан;Нəшен
Балдамураттан;Жайгали-Жиенбай,Өтеген,Бектас,Бекен Сакен,Аягөз
Əребай-Кқаратаба,Шылмырза,Əбіш,Сағынай,
Қаратабаннан:Тəш.
Сагынайдан:Тышқанбай,Шалау
Шылмырзадан:Шанкан,Байкен
Шанканнан Сейітназар- Алпамыс,Əлібек,Алтынбек
Байкеннен Мишка-Ерлан
Киікбайдан -Кесік-Кұлтан,Аман,Аманбай.
Аманнан Қожабай,
Қожагали,Талгат.
Муканбетжан
Mukanbetzhandanabaev@gmail.com
16-08-16 15:47
Мен Данашев Муканбетказы Актобе облысы Байғанин ауданы Жаңатаң (Каратас ) ауылында тұрам.Руым Табын Шөмішті Екібас. Сондықтан осы ауылда туып оскен Екібастардың калай бөлінетінін айтайын. Жеті аталатын білетіндер өздері толықтырар.
Ақжолдан:Қоңыр,Сағыр, Жолый, Құтет , Қайыпберді .Кайыпберді (Сарай)тегі белгісіз Кайырғожабайдын жылкысынт багып жұттан оңтүстінде айдап кетіп аман алып келгені ужин Қызы Қарақыз деген шешеміз ді беріп шешеміз еншісіне жұтттан амән калган ұрғашы қара қозыны таңдап одан мыңғырғән отарлар пайда болыпты . Шешеміз Айыргамыс, Сүірқамыс деген екі ұл туып содан екі бас руы тараған.Кара қозыдән тараған қойлары коп болуына байланысты Кіші Қара қойлы деп те аталадыМен Данашев Муканбетказы Актобе облысы Байғанин ауданы Жаңатаң (Каратас ) ауылында тұрам.Руым Табын Шөмішті Екібас. Сондықтан осы ауылда туып оскен Екібастардың калай бөлінетінін айтайын. Жеті аталатын білетіндер өздері толықтырар.
Ақжолдан:Қоңыр,Сағыр, Жолый, Құтет , Қайыпберді .Кайыпберді (Сарай)тегі белгісіз Кайырғожабайдын жылкысынт багып жұттан оңтүстінде айдап кетіп аман алып келгені ужин Қарақыз деген шешеміз ді беріп шешеміз еншісіне жұтттан амән калган ұрғашы қара қозыны таңдап одан мыңғырғән отарлар пайда болыпты . Шешеміз Айыргамыс, Сүірқамыс деген екі ұл туып содан екі бас руы тараған.Кара қозыдән тараған қойлары коп болуына байланысты Кіші Қара қойлы деп те аталады.
Беласардан :Амангелді, Жангелді, Асқар.
Данаштан:Мұқанбетқазы-Шалғын ,Қасиет,Даулет, Əсет,
Шалғын:Медет ,Əділет
Қасиеттен:Ануар, Əлекон.
Данабай:Муканбетжан - Нұрперзент,Жарылқасын, Нұржан
Əдинадан:Жалмұқанбет-Қазақбай,Орын 2əй. Аманбай Базарбай, Ұл болсын .
Қазақбайдан :Абай .
Бегештен:Сəрсен-Таған-Əбдір,Əбді
Əбдірден:Бакытжан ,Іңірбай,
Əбдіден:Батырбек.
Шалланан:Əлен , Қарабала
Əленнен:Молдамұрат,Балдамұрат.
Молдамұраттан;Нəшен
Балдамураттан;Жайгали-Жиенбай,Өтеген,Бектас,Бекен Сакен,Аягөз
Əребай-Кқаратаба,Шылмырза,Əбіш,Сағынай,
Қаратабаннан:Тəш.
Сагынайдан:Тышқанбай,Шалау
Шылмырзадан:Шанкан,Байкен
Шанканнан Сейітназар- Алпамыс,Əлібек,Алтынбек
Байкеннен Мишка-Ерлан
Киікбайдан -Кесік-Кұлтан,Аман,Аманбай.
Аманнан Қожабай,
Қожагали,Талгат.


Акылбек
akylbek.kazak@mail.ru
05-10-15 05:16
Ассалаумағалейкум ағалар! Мен табын ажым қожамқұл темир ізбасар. Аталарым актобе шалкарда турган деп естідім.Мен таразда турамын.
Қуаныш
tabin_qarajon@mail.ru
02-06-15 08:58
Ассалаумаалейкум, бауырларым. Мен 7-РУ Табын-Шөмішті-Асан-Қаражон-Надір-Мураткабыл-Асыл-Жанболат-Байшуақ-?????-???????-Таныракай-Есекен-Өмен-Қуат-арыстанбай-Қуаныш-

Осы аралыкты білмеймін білетіндер болса жалпы бауырлар хабарласын хабарласайык VK whatsap telegram imo skaype line jalpi barinde barmin
Бөгенбай
bogenbai92kz@mail.ru
25-01-15 18:42
АссаламӘләйкум Кіші Жуз Табындар!Мен Табын Қожамқұл Ажым,Барақ Боламын!есімім Бөгенбай Сәкенұлы
Агарыс
1994_agaeys_1994@mail.ru
17-12-14 05:33
мен Табын... Каражон... Болат... Тлеу... АКТАУ каласынан
манас
манас_94.12
11-12-14 16:21
Саламалекм барша табиндар Мен Манас Камалов табин жол уи алга табиндар
садық
sadyk_service@bk.ru
23-03-14 17:22
Мен табын жиенбетпін Оралдан
Амина
Aminash_98@mail.ru
04-12-13 19:06
Жети ру Табын Окшы Койлыбый
Гулпаршын Имашова
gulparshyn.imashova@mail.ru
03-12-13 17:55
Сәлеметсіздер ме, Жетіру, Табын ұрпақтары! Менің әкем Имаштың баласы Жүсіп деген Табын руынан Жалпақтіл, Жалпақтілдің Жауғаштысы - Ақтөбе облысында дүниеге келген. Темір ауданында жасап, алғашында Қалампыр деген жұбайына үйленіп, ел көшкенде менің әкем де көшіп, Қарақалпақстанның Қоңырат ауданына көшіп барып, сонда қоныстанат. Бірақ жұбайы Қалампыр Қазақстанға, Ақтөбе облысына қайтып кетіп қалад. Неліктен екені бізге белгісіз қалды. Себебі, біз әке-шешеміз өмірден өткенге дейін, олардың бұрынғы тарихын білген жоқпыз. Әкеміздің бұрын әйелі болғандығын да білген жоқпыз. Біз әкеміздің екінші әйелінен туған балалары екенбіз. біздің анамыз 1994 жылы дүниеден қайтты. Әкеміз 1998 жылы дүниеден қайтты.Әкем қайтыс болар алдында 1997 жылы әкеммен бірге Қарақалпақстаннан Ақтөбеге туыстарына, әкемді туған жеріне апарып келейін деп Темір ауданына, Темірге бардық. Әкем денсаулығы алыс жол жүруге жарамайтынына қарамастан, барамын деп бел байлады. Темірде әкемнің туысқандарының бірі Алпамыс деген ағамыздың үйіне бардық. Менің олардың әңгімелерінен ұққаным: әкемнің бірінші әйелі болған екен. Ол кісінің аты Қалампыр деген екен. Қалампыр апа көрші ауылда тұрады екен, сол кездері. Ол тұратын жерде станция болатын болса керек. Сол кезде Алпамыс аға менің әкеме Қалампыр апаны бұрын жиі көріп тұратынын, оның менің әкемнің отбасының амандығын сұрап тұратынын, кейінгі кездері көрінбей қалғанын айтқан еді. Қалампыр апа менің әкемнен кетіп қалғанда аяғы ауыр кеткен екен, еліне барып босанған екен. Содан дүниеге келген ұрпақ бар екен. Демек біздің әкеміз бір туысқан қыз апамыз немесе ұл ағамыз болуы керек. Қыз бала дүниеге келген болуы керек, менің түсінігімше. Енді мен сол туысымды тауып алғым келіп, көп жылдардан тыныштық таппай жүрмін. Құрметті Темір ауданының тұрғындары! Сол ауылдардың ақсақалды аталары мен ақ жаулықты әжелері! Маған Қалампыр әжені тауып алуға көмектесіңіздерші! Егер ол кісі өмірден өткен болса, оның бала-шағасы бар шығар? Соларды тауып алуға маған көмектесіңіздерші! Менің әкем сол барып кеткеннен кейін, ендігі 1998 жылы және барамын деп отырған еді. 1998 жылдың сәуір айында қайтыс болып кетті. Мен әкемнің тұңғыш перзентін тауып алғым келеді. Әкемнің өлер алдындағы ойы осылай болса керек... Менің атым Гүлпаршын Жүсіпқызы Имашова. 30 жылдан аса Алматы қаласында тұрамын. Мен іздегенімді табамын деп үміттімін.
manarbek
manarbek_muhanbet
20-11-13 07:47
жолыи табындар болса кабарласындар мен актобе облысынан болам
куаныш
vip.tagabergenov@mail.ru
17-10-13 14:27
Мен казакпын казак болып бак табамын,Актарылса шатыкка ан саламын,Нурке Сазан Коней Жайык болинетин,Табын болып калаиша?Адайлардан жасканамын.
Нұрлан Серікұлы
misterious96@mail.ru
10-09-13 23:19
Ассалаумағалейкум мен табын тутаймын.
Алттынбек
forever_555@list.ru
06-09-13 16:28
Табын Нүрке Тауше
Фариза
fariza04_96@mail.ru
17-07-13 21:20
мен керейлиденмин) ,баймурат, жолдыбай,акпан,ерния,ержан,махмудтын улы сецлбектин кызы Махмутова Фаризамын


Бека
7eset@mail.ru
27-06-13 12:29
Жаужүрек
Бейсенбі, 27 маусым 2013 1:41
Қазақ хал¬қы¬ның тарихында елі үшін қасық қанын аямай, жұртын қорғаған және оның тәуелсіздігі жолында бүкіл өмірі жаумен күресіп өткен батырлар аз болмаған. Міне, солардың қатарында әкелі-балалы Барақ, Асау батырлардың да алатын ерекше орны бар. Барақ батыр туралы сөз қозғағанда, тарихта осы кісі аттас бірнеше адамның болғандығы есте ұсталуы шарт.
Бұл туралы кезінде қазақтың белгілі жазушыларының бірі Смағұл Елубай да: «Жетінші Барақ – ер Барақ», деп атап көрсеткен болатын. Оқырманның есіне сала кетейік, бірінші Барақ XV ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, қазақтың тұңғыш ханы делінетін Жәнібектің әкесі Барақ хан. Екінші Барақ XVIII ғасырда өмір сүрген, 1848 жылы кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтірген Барақ сұлтан.Үшіншісі – Әбілғазы баһадүр ханның «Түрік шежіресі» кітабында айтылатын, Шағатай ханның немересі Ясумункиұлы хан Барақ. Төртіншісі – аталған кітапта келтірілетін Ташкентті билеген қазақ Тұрсынның баласы – Сұлтан Барақ. Бесіншісі – Ш.Уәлихановтың «Қырғыз жазбалары» деп аталатын еңбегінде айтылатын, Абылайдың 1770 жылы қырғыз еліне жасаған жорығына қатысқан, қалмақ батыры Күршімді өлтірген, найманнан шыққан Көкжал Барақ. Алтыншысы – Сотабайұлы Барақ XIX ғасырдың орта шенінде өмір сүрген. Бұл Барақ та мейлінше батыр және Аягөздің аға сұлтаны болған. Ол туралы деректер 1846 жылы қазақ жерінде айдауда болған поляк Адольф Янкушкевичтің жазбалары мен М.Әуезовтің «Абай жолы» романында кездеседі.
Жетінші Барақ – Сатыбалдыұлы ер Барақ (1743-1840), XVII-XIX ғасырлар аралығында қазақтың солтүстік-батыс өңірін – Ақтөбе, Маңғыстау, Орал және Еділге дейінгі кең аймақты жаудан қорғап, елге танылған қаһарман тұлға. Бұл бабамыздың ерлігі жалпақ қазақ даласына танымал болған, кейін аты табын руының ұранына айналып кеткен. Тарихтан белгілі, 1758 жылы жоңғар қалмақтарының сағы сынған соң, Еділ қалмақтары 1759-1760 жылдардың қысында ғана Жайықтың сыртына өткен қазақтардың қырық мыңға тарта жылқысын тартып алған. Мұндай талаушылық 1771 жылға дейін жалғасқан. Соның салдарынан малдан, күйден айырылған қазақтар көптеп қырылған. Міне, осы тұста Барақ батыр ел қорғаған ер ретінде танылып, жыр-аңыздарға арқау болған.
Барақ және оның баласы Асау батырдың (1763-1843) ерлігін толғайтын «Асау-Барақ» жыры бүкіл қазақ жұртына белгілі. Оның бірнеше нұсқалары бар, күйта¬бақтары мен CD-дискілері шыққан. Жырдың авторы Ті¬леу¬¬мағанбет Аманжолұлы (жыр Қазақстан Республикасы Ұлт¬тық ғылым академиясының қолжазбалар қорын¬да сақтаулы, № 365-бума). С.Салқыновтың «Асау-Барақ немесе табын тарихына кіріспе» атты кітабында, жоғарыда айтылған Т.Аманжолұлы нұсқасынан басқа, Е.Құлпыбаевтың «Барақ батыр», М.Ахметовтің «Барақ батырдың жыры» және Е.Білеуовтің «Барақ батыр» нұсқалары да берілген.
Сөз еткелі отырған шығарма қазақтар мен қалмақтардың шайқасы кезінде 18 жастағы Барақ деген жігіттің ерекше көзге түскен ерлігін жырлайды. Қалмақтың Алакөбек дейтін батыры жекпе-жекке алғашқы шыққан қазақтың екі батырын жеңгеніне масайрап, жас жігітті менсінбей:
– Алдымда тұрған жас бала,
Бола берме мас бала.
Үмітің болса жаныңнан,
Қарсыласпай қаш бала…
Қай батырдың ұлысың,
Қай қазақтың затысың,
Жылдам білдір жөніңді, – дейді.
Сонда, Барақ:
– Сатыбалды ұлымын,
Қазақтың бір туымын.
Нағашым Сәрке батыр-ды,
Ежелгі ердің соңымын.
Руым қазақ табын-ды,
Төгейін деп келемін,
Жауыз қалмақ қаныңды.
Жіберуге келемін,
Жеті тамұқ түбіне,
Бір шыбындай жаныңды, – деп тайсалмай жауап қайтарды.
Жырда, одан әрі Алакөбек:
– Жолым үлкен, жасым да
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Кезегімді бер деді.
Сонда Барақ бүй деді:
– Алакөбек батырсың,
Дінің бұзық кәпірсің.
…Әуелі саған берейін
Ат, кезеген оғыңды
Қазам жетсе өлермін.
Егер қазам жетпесе
Менде саған төнермін.
…Алакөбек ақырды
Көп оғына қол салды,
Көп оғының ішінен,
Сұр жебе деген оқ алады
Садағына салады.
Алдында тұрған баланың
Қақ жүректің басы деп
Толғап тартып қалады.
…Кәпірдің атқан бұл оғы
Оң жағынан өтеді
Оқ далаға кетеді
Батырға кезек жетеді.
…Екі батыр айқасып
Нар бурадай шайқасып
Бірін-бірі ала алмай,
Бірін-бірі байқасып,
Салды соғыс айланы,
Өлімге басын байлады.
…Мінді батыр күшіне
Тұрсын ба қарап күшіне

Нағашысы Сәркеден
Қалап алған алмасын
Ашуменен тартқанда
Көк алмас өтіп кетеді
Алакөбек киген сауыттан.
…Қылышын алып ер Барақ
Қия тартып қалмақтың
Екі бөлді кеудесін,
Кесіп алды кәллесін.
…Жау қалмақты өлтіріп,
Қанаты бар қара атты
Жетелеп алып шығады,
Басына бақыт қонады…
Жоғарыда жырда айтылған Сәрке батыр Өмірқұлұлы – Ер Барақтың нағашысы, анасы Қарқараның бауыры, Шақшақ Жәнібек, Есет батырлармен үзеңгілес болған әйгілі қазақ батырларының бірі. Сыр өңірінен шыққан. Сәрке батырдан – Ақайдар, Бекайдар батырлар; Ақайдар батырдан Байқадам батыр (1785\92 – 1850-\53), Бекайдар батырдан Шірен батыр; Байқадам батырдан Сейіл батыр (1827-1902) дүниеге келген. Сәрке батыр кейбір деректер бойынша, 1726 жылғы қазақтар мен қалмақтар арасында болған Бұланты шайқасы кезінде шейіт болған. Оның қайтыс болған жері Жезқазған өңірінің Жезді ауданындағы кейін «Сәркенің Сарытөбесі», «Сәркенің Ақшиі» деп аталып кеткен алқап көрінеді. Сәрке батырдың әулетін Базар жырау, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары және басқа ақын-жыраулар өз шығармаларына арқау етті.
«Асау-Барақ» жырында, Түгел қарттың бастауымен Кіші жүз батырларының Еділ қалмақтарына қарсы соғысы төмендегіше сурет¬теледі:
Барақ батыр ері бар,
Шөміштінің ол кезде,
Қай қазақтан кемі бар.
Қарақойлы төрт Асан,
Дуа тиген ері бар:
Сол заманда табынның,
Асыл туған бағы бар.
Қарақойлы Асаннан,
Бармақ батыр тағы бар.
Жау қарасын көргенде,
Бір басын мыңға балаған.
Аттаныпты аламан,
Аттаныпты азаннан.
Батыр шықты Сазаннан,
Көней менен Таңатар,
Туғаннан тауға таласар…
«Асау-Барақ» жыры бірнеше бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде бабамыздың қалмақтармен шайқасы туралы, оның ішінде қалмақ батыры Алакөбекті өлтіргені, қалмақ ханы Қатты Сыбан інісі Алакөбектің өлгенін естіген соң қасына әскерін ертіп, Барақ пен серіктестерінің соңына түсетіні айтылады. Барақ батыр қалмақ ханымен болған жекпе-жекте де жеңіске жетеді. Келесі бөлімде Асау мен Барақ батырлардың Сырым батыр баста¬ған 1783-1797 жылдардағы халықтың отаршылдық саясатқа қарсы күресі баяндалады. Жырдың кейбір нұсқаларындағы соңғы тарауда Иранның билеушісі Нәдір шаһтың (Нәдіршенің) Орта Азияға жасаған шапқыншылығы барысында, Хиуа ханының Барақ батырды көмек көрсетуге шақырғаны, оған ақылшы ағасы – Досы бимен екеуі сарбаздармен жәрдемге барып, жауды жеңгені жырланады.
«Асау-Барақ» жырын халық арасында жырлаған ақын-жыраулар тобына А.Тас¬¬қынбаев, Н.Раманқұлов, Қ.Иманғалиев, Ғ.Сарыбаев, Ж.Аралбаев, М.Жұмағалиев және басқа да жыршылар жатады.
Барақ, Асау батырлар – жыр-дастандардың ғана кейіпкерлері емес, нақты өмірде болған адамдар екенін төмендегідей және басқа да көптеген мұрағат материалдары дәлелдейді. Мысалы, 1785 жылдың 15 наурызында жолданған Орал әскери кеңесінің рапортында, Сарайшық қорғанынан қырғыз-қайсақ қарақшыларын жазалау үшін 1250 казак әскерінің Жем өзенінің құйылысына қарай жіберілгені туралы хабарланды. Осы отрядқа қарсы белгілі рулардың әскер жинап жатқандығы, оның ішінде Сырымның 2700, Барақтың – 2000, Тіленшінің – 1500 адамнан тұратын қолы бар екендігі айтылады (Вяткин М.П. Батыр Сырым. М.-Л.,1947).
Сырым батыр 1786 жылы жау қолына түскенде Барақ батыр бастаған елдің бас көтерген азаматтары барон О.А.Игельстромға хат жазып, қолдарын қойып, оны тұтқыннан босатуды сұраған. Барон О.А.Игельстром Сырым батырды босату бойынша 1789 жылы 10 мамырда император Екатерина II атына жіберген мәлімдемесінде: «Стар¬¬шын-батырлар Сырымның, Барақтың, Жиен¬шораның, Жан¬болаттың басқаруымен үш жерде күшті топ жиналғанын, біріншісі – Елек өзені бойында 2000, екіншісі Таналық бекінісіне жақын 3000, үшіншісі Дендер тауында 800 қазақ қолы тұрғанын, бұлардың бекіністерге күшті шабуыл жасау үшін жиналып жат¬қандарын», хабарлайды. 1749 жылы жаз айларында қазақтар Жайық өзенінен мал суара алмайтын болды, олар үшін арнаулы жерлер белгіленді, Жайық өзенінен балық аулауға да тиым салынды. Осындай қысымшылықтарға шыдамаған халық Орынбордың әскери генерал-губернаторы П.К.Эссенге арыз береді. Олардың ішінде Барақ батыр да бар екен. Бұл арызда патшаның жарлығын бұзып, Жайықтың екі жағына күзет қойылғанына, Нарынды пайдалануға тиым салы¬нғанына, қазақтардың мал жая¬тын жері тарылып кеткеніне наразылық білдіріледі. Хаттың аяғында: «Мен жетіру Барақ батыр Сатыбалдыұлы мөрімді бас¬тым», деп өз мөрін басады. Міне, жоғарыда айтылған заңды әрекеттер нәтиже бермеген соң, Барақ пен Асау сияқты батырлар отарлаушылардың бекіністеріне шабуыл жасайды. Ақсақ Майырды тұтқынға алып, оны бұрын тұтқынға алынған Айшуақ ханға айырбастайды.
Барақ және Тіленші (Бөкен¬байұлы) батырлар 1785-1792 жылдары аралығында мылтықпен, зеңбірекпен қаруланған патша өкіметінің әскерлерімен ашық шайқасқа шығады. Олар 1793-1794 жылдары халықты орынсыз қырғынға ұшыратпау үшін мәселені бейбіт жолмен шешуге күш салады. Соның нәтижесінде, қазақ ауылдары Еділ мен Жайық бойына көшіп қонуына, қыстауына уақытша болса да мүмкіндік алады. Бірақ патша өкіметі 1810 жылдан Еділ, Жайық, Елек өзендері бойларында қазақтардың мал жаюына тағы да тиым салады. Оған қарсы ел арасында жаңа бас көтерулер басталады. Барақ батыр мен оның баласы Асау батырлар бұл көте¬рілістерге де белсене қатысады.
Асау батыр туралы кейбір тарихи деректер Н.Жетпісбайдың Жоламан батыр туралы жазған зерттеу еңбегінде кездеседі. Жоламан Тіленшіұлы 1822-1840 жылдары Жайық пен Елек өзендері аралығындағы жерлердің Илецк тұз басқармасы қарамағына беріліп, оны қорғау үшін Жаңа Елек шебі деп аталатын әскери бекіністер салына бастаған кезде халықтың азаттық үшін күресіне жетекшілік еткен қазақ батырларының бірі, табын Бөкенбай батырдың немересі. Ол 1822 жылы сәуір айында Орал (Жайық) казак әскери атаманы, генерал-майор Бородинге хат жолдап, онда өздері бұрын қоныстанған Нарын құмдары мен Үш өзен бойын қайтаруды, егер ол мүмкін болмаса, ең болмағанда Елек бойынан салынған Жаңа шепті алып тастауды сұрайды. Патша өкіметі бұл өтініштерді орындамауы өз алдына, батырдың өзіне қарсы іс қозғайды. Осыған байланысты, көтерілісшілер 1822 жылы жаз айларынан бастап өз шабуылдарын бастайды. 1822 жылғы тамыз айының соңына қарай Жоламан бастаған көтерілісшілер саны мыңнан асса, қарашаның аяғында үш мың адамға жеткен. Сарбаздарды Жоламанның өзі, Құттыбас, Жаналы, Асау, Дербісәлі, Сүйінқара батырлар және басқа да жекелеген сардарлар басқарған. Сондай-ақ, осы тәріздес дереккөздерде Барақ батырдың ұлдары Асау және Қитар батырлар есімдерімен қатар, Шындауыл Қитарұлының есімі де аталады. Барақ батырдың шөбересі Дәуіт Асауұлы (1787-1874) патша өкіметі шығарған 1868 жылғы «Ереже» тұсында Торғай облысындағы ұлт-азаттық қозғалысын басқару¬шыларының бірі болған деген дерек те кездеседі.
Айта кететін бір жәйт, кейбір жарияланымдарда Асау атамыздың қайтыс болған жылы 1866 жыл деп көрсетіліп жүр. Осыған байланыс¬ты Н.Күзенбаев ағамыздың 1992 жылы жазған мақаласынан үзінді келтірейік: «…Оның (Асаудың) құлпытасында: «Табын руы, шөмішті, тоқал тайпасы Асау батыр Барақ баласы, опат 1263» деп қашалған. Бұл хижра бойынша, ал қазіргі жыл есебімен ол 1843 жылы дүниеден өткен. Деректерге қарағанда әкесінен үш жыл кейін қайтыс болған». Сондықтан, кейін қателіктерге бой ұрындырмау үшін Асау атамыздың дүниеден өткен жылын 1843 жыл деп көрсеткен дұрыс.
Соңғы кездегі зерттеулер нәтижелері шежірелер Барақ-Асау-Дәуіт батырлардың арғы аталары «ел қамын жеген Ер Едіге» батырға (биге) тірелетінін көрсетеді.
Барақ және Асау аталардың сүйегі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш елді мекенінен 12 шақырым жердегі Сам құмында жатыр. Барақ атаның басында 1992 жылы күмбезді кесене (сәулетші М.Нұрқабаев) бой көтерді, 1993 жылдың мау¬сым айында Ақтөбе облысының Байғанин ауданының Қарауылкелді елді мекенінде Барақ батырдың – 250, Асау батырдың 230 жылдығына орай ас берілді. Ал, 2010 жылы маусым айының 25-26-ларында Сам құмында (Тұрыш елді мекеніне таяу жерде), еңселі «Асау барақ» мешіт-тілеуханасы салынып, жиын өтті.
Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен әкелі-балалы Барақ-Асау-Дәуіт батырлар – қасиетті Лабақ атаның үшінші ұрпағы. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының рұқсатымен Алматы облысындағы Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында Лабақ ата мешіті бой көтеруде. Аманшылық болса, осы жылдың жаз айларында мешіт құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Батыр бабалар ұрпақтарының біраз бөлігі, қазіргі кезде Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарында қоныстанған. Батыр ұрпақтары биылғы қыркүйек айында Бейнеуде Барақ атаның – 270, Асау атаның 250 жылдығына арнап ас бергелі жатыр. Бабаларымыздың әруағы бәрімізді әрқашан қорғап-қолдап жүргей!
Кеңес ҚАЙРОЛЛАҰЛЫ,
биология ғылымдарының докторы.
АЛМАТЫ.

ергазы
eroma_19_88
24-06-13 23:01
Табын=> каражон=> ысык=> сартймбет
Nurlan
lis_ds1@mail.ru
23-06-13 23:30
Ассалаумағалейкум Кіші жүз.Жетіру.табын болам
Dosjan
Dosik_15.98@mail.ru
30-05-13 12:08
men tabinmin
Бауыржан
bauka_kz_1997@mail.ru
26-05-13 14:30
Табындар танысайық
Бауыржан
bauka_98_407@mail.ru
01-05-13 13:39
Салем бауырлар, мен ЖЕТИРУ-ТАМА туркменистан жактан,10 жыл бурын актау каласына кошип келдим.

Ainura
ainura_kozhanova@mail.ru
07-03-13 13:53
Сәлеметсіздер ме, табын аға-әпкелерім! Мен табын руының қызы екенімді мақтаныш тұтамын! Табындар жакын танысайықшы
дархан
darhkan86@mail.ru
17-02-13 16:14
Табынын Кайсысындар айтып берем

Махаббат
www.maxabbat.kz@inbox.ru
18-01-13 18:39
ТАБЫНДАРДЫН ШЕЖИРЕСИН КАЙДАН АЛУГА БОЛАДЫ ТАБЫНДАР БОЛСА ЖИБЕРИНИЗДЕРШИ
Махаббат
www.maxabbat.kz@inbox.ru
18-01-13 18:37
мен коныр табынмын
MEYIRBEK
16-11-12 18:39
МЕН НУРЕКЕЕВ МЕЙІРБЕК!ҚАРАҚАЛПАҚСТАННЫҢ ҚОҢЫРАТ АУДАНЫДА ТУЫЛДЫМ.ҚАЗІР АҚТАУДА ЖАСАЙМЫН.ЖЕРГІЛІКТІ ТАБЫНДАРҒА ӘЛІ АРАЛАСПАДЫМ.РУЫМ ТАБЫН\ЖІНІКЕЙ ТОҚАЛ
Бекжанов Сапарбек
Sapar_3179@list.ru
08-11-12 13:02
Мен Бекжанов Сапарбек руым табын нурке сазан бурын тахиятас каласында туылдым казир Мангыстау обылысында жасаимын
Бисенбай
balsulu94
02-11-12 17:53
мен Шукірбаев Бисенбай Орынбасарұлы руым Табын Қарақойлы, тоғызарыс лабақ, созақ. г Ақтау
бердихан ергалиев
berdihan.ergaliev@mail.ru
08-10-12 19:10
мен табын каракойлы сагырмын
erbol
erbol-_-82
12-02-12 09:24
менда табыннын нурке сазан
rahat
kz8713
11-02-12 00:32
tanisaiik aralasaiik deushilerge loginim musulman_114 habarlasindar bauirlar aralasaiyk kutemin tagida kaitalap oteiin men tabinnin ishinde JALPAK TIL MURAT bolamin
rahat
kz8713
11-02-12 00:28
Assalagmualeikum bauyrlar mende tabin onin ishinde jalpak til murat
Жасулан
Zhasulan_111@mail.ru
07-02-12 19:17
Men monke tabynnan...bauyrlar aralasaiyk
Ерко
erko_ozen@mail.ru
26-01-12 21:12
мен Табын ажыммын мын жигиттер кыздар танысайык араласайык
Кожабай
kozhabai1993@mail.ru
22-01-12 10:40
Сосын маған Табын руының шежіресін қайдан алуға болатынын айтыңыздаршы, kozhabai1993@mail.ru почтасында күтемін Табындар)))
Кожабай
kozhabai1993@mail.ru
22-01-12 10:39
Мөңке Табындар Қызылорда облысынан басқа қай облыс аралықтарында бар? Негізгі жеріміз Солтүстік - Батыс Қазақстан жері емеспе? Табындар Оңтүстікке қалай келген?
Кайрат
svsrrr@mail.ru
17-06-11 17:36
Менде Табын
Тоғызарыс
Лабақ
08-06-11 13:48
Мен де Табын-(Қарақойлы)Сары-Қайыпберген-Бекжол-Жарылқамыс-Лабақ-Қожаназар-Майлыбай-Байқонақ-Есіркеп-Құлтан-Дүйсен-Назарбай-Есет-Бекетпін,Алматы.
марат
irgebay@bk.ru
06-06-11 12:32
мен жолберли шеркешпин, танысайык!
Майлыбай
05-06-11 19:11
Табын-Қарақойлы-Лабақ-Майлыбай. Хабарласыңдар?
Сержанали
ser-zhan-ali@mail.ru
05-06-11 13:26
Мөңке Табын!!!
Сейилхан
Lempard1978@mail.ru
24-03-11 18:57
Жетiру ру Тама Табын Жагалбаилы Кердерi Кереит Рамадан Телеу бoлыn бoлiнедi мен каракoилы Табын Жoлыи Назармын атым Сеиiлxан
кайрат
kairat-93-k
06-02-11 13:18
Ассалаумағалейкум
мен де иншаллах табынмын Кайдан боласындар Мирдан майлды тауып араласайық
жазира маркабаева
Zhazira-94@Inbox.ru
12-12-10 17:26
Салемчики!!! менде табынмын! а жеті руларын калай:
murat iztileuov
miztileu@mail.ru
03-11-10 05:59
men tabinmin ishindegi teke tabinnin tartulisimin
Азамат
azamat_tenbaeb@inbox.ru
28-10-10 20:06
Кіші жүз.Жетіру.Табын калаи болнет
Сисенбай
ermekovsisenbai
15-10-10 07:54
Мен Табынның Нүрке-Сазан руынан
Мурат
mura_80kz
07-10-10 15:12
Мен Табын
Gulnur
guka_23_93@mail.ru
13-08-10 23:37
Здраствуйте!




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов