Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Тобыш-шегем руынан кім бар екен


Авторы Xабарлама
Айголек
Aigul_s.m
07-03-10 17:45
Адайдын келимбердісінен тарайтын Тобыш руынан кимдер бар екен..сонын ішінде өзім тобыштын шегем деген баласынан туган жол бастаған бике- Жолбикенин ұрпағымын

Авторы Жауап
бабық
kazak.kid1@mail.ru
16-10-18 20:58
Irannan men bar babiktan
Еркин
Erkow52@mail.ru
07-12-17 04:53
Жаңа келдік Бабыққа,
Тілім, құстай қалықта!
Ұлғай, Құлбай, Есен мен
Үш бала болды Бабықта.
Білмегенім есепсіз,
Білгенімді сіздерге
Көрсетейін жазып та.
Білгенімді айтуға
Қызыл тілім, жалықпа.
Қолда тұрмас тіршілік,
Ерініп, шаршап, жалықпа,
Шөлдемей тұрып қанық та.
Пайдаң тисін ел-күнге,
Шыққан соң туып жарыққа.
Атағы шыққан адам көп
Бұл Бабықтан халыққа.
Мырза мен би толық та.
Батырлар да көп еді,
Жауға салған ойранды,
Өзі іздеп барып та.
Байлары да көп екен,
Ақ үй тігіп, ат шауып;
Күнде жиын, айт, сауық,
Айдын көлге мал жайып,
Белгілі болған тарихта.
Сақилығы көп еді,
Пайдасы тиген ғарыпқа.
Қадірлі адам көп еді,
Халық сөзін тыңдаған.
Қамқор адам көп еді
Халқы үшін жанын қинаған.
Бүтін еді жағасы,
Дұшпаннан сағы сынбаған.
Ақ үй тігіп, шам жағып,
Мейман келсе, сыйлаған.
Көздің жауын алдырып,
Ақ орданы сырлаған.
Мінгендері – жорғадан,
Кигендері – күлләдан.
Кербез еді жігіті,
Қаладан асыл таңдаған,
Әдемі еді ажары
Бақшадағы алмадан.
Қыз-келіннің шаштары
Секілді жібек талдаған.
Аманияз, Қолдабай,
Азан айтып, толғаған.
Ақиретті көп ойлап,
Жас төгіп көзден, зарлаған.
Өз еркіне жібермей,
Нәпсісін тыйып, байлаған.
Қайырлы жігіт аз еді
Райым менен Сағдадан.
Жақсы адамдар көп шықты
Есен менен Құлбайдан.
Үш Бабықтың ішінде
Өскен жері, ұлғайған.
Бай өткен жоқ Адайдан
Бабықтағы Селбайдан,
Ер өткен жоқ Мыңбайдан.
Әруағы күшті айбардан,
Ат- жарақ, құрал-сайманнан;
Мылтық, қылыш, найза алған,
Ақылы – дария, қайнардан.
Ерлік, билік, мырзалық
Артық біткен малдардан.
Бәрі бірдей тең біткен
Дүнияға келмес мұндай жан.
Бәйбішесі Ұлданай –
Ажар-көркі толған ай.
Балалары Мыңбайдың –
Қарашолақ, Екібай.
Шама қылсақ, жігіттер,
Хан төреден бұл қалай?!
Кіші әйелден – Қозыбақ
Мұның да айтқыш тіл-жағы-ай.
Немересі Мыңбайдың –
Басықара, Нұрберген.
Дұшпанға жоқ сыр берген,
Бұлардай Алла ұл берген.
Жауды көзге ілмеген,
Дауды жықты сөзбенен.
Елдің ісін бітірді,
Тентекті түзеп тезбенен.
Дұшпанның көбін ықтырды
Тек қараған көзбенен.
Бәймембет пен Ермембет,
Шуақбай мен Құлат-ты
Көшке тіркеп ұрғанда-ай,
Баладай бұлар еңіреген.
Арашалап оларды,
Келмеген ешкім өңгеден.
Мұндай қорлық көрсе де,
Бет алдына Мыңбайдың
Адайдан ешкім келмеген.
Менменсіген дұшпандар
Келсе де,д талай жеңбеген.
Досқа тілі тәтті еді,
Жібектей жұмсақ өңменен.
Мыңбай әрі бай, әрі би, ер кісі болған. Өзінің айналасында 40-қа қолай* үйі болады екен, Олардың азық-ауқаты, ат-жарағы, қару-сайманы Мыңбайға міндет екен.
Сол заманда Адайдың Мұңал руынан Бәймембет деген би шығып, патшаға барып, сөйлесіп, Адайды патшаға көндіретін болып, уәде қылады. Уәдесін қызыл иттің терісіне мөр басып, бекітеді екен. «Соңғы 40 жыл ішінде Адайдан налог алмаймын» деп Бәймембетке 40 кісі (нөкер) ертіп, Адайларға жіберіпті. Адай арасынан қатарына Жеменей руынан Ермембет, Шалбар руынан Шәукебай, Зорбай руынан Құлат, Бәйімбет руынан Мәмбетниязды ертіп, оларға «сардар» деп ат қойыпты. Барлығы бірігіп, Мыңбайдың аулына келсе, ауылда Мыңбай жоқ екен. «Бәрібір Мыңбай бізге бұл жерде көнбес. Соның үшін өзі жоқта баласы Қарашолақты тұтқынға алайық. Аяғынан келсе, сөйлесуге оңай болар» - деп, Қарашолақты айдап кетіпті.
Біраз жол жүргеннен кейін Мұңат: «Біз Қарашолақты жіберелік. Болмаса, бізге жақсы болмайды», - дейді. Басқалары Мұңаттың айтқанына көнбейді. Олар көнбегесін, Мұңат өзінің қосшы баласымен олардан бөлініп кетеді. Мұңат бөлінгеннен кейін бұлардың артынан Мыңбай жетіп, сардарларды ұстап алып, аулына айдап келіпті. Сонан соң, бірқатар ауылдың басшылары жиналып келіп, билерді Мыңбайдан сұрап алады. Сұрап алушылар – Мұңат, Досан, Сүйінқара және Мәмбетнияздың өзі. Кейін Мыңбай патшаның 40 нөкерін, Бәймембетті өлтіреді. Сол 40 нөкер өлгені туралы Досан батырды патша үкіметі тұтқынға алып, Сібірге айдапты.
Досан сол кеткеннен қайтып елге оралмаған. Оның артынан Мыңбайдың Екібай деген баласын Ысықтың Есбай деген бір ұрысы өлтіріп, атын алып кетеді. Мыңбай іздеп барғанда, Ысықтар алдынан шығып, ұрысып, сол ұрыста Ысықтан жеті адам өледі. Барлық Адай жиналып, 7 адамға құн төлеп, Ысықпен бітім жасапты. Кейін Мыңбайды патшаға жамандап, Қарашолақ деген баласымен тұтқынға алдырады. Қарашолақ қайтып келеді, Мыңбай сол кеткеннен оралмаған.
Сөз айтайын тыңдаңыз,
Жаубасар менен Ожаудан,
Төлеген менен Қаржаудан.
Жақсы адамдар көп еді,
Ақылы көп ден саудан.
Шешен жігіт көп еді,
Таңдайынан нұр жауған.
Ер жігіттер көп еді,
Қабағынан қан жауған.
Бай жігіттер көп еді,
Бие байлап, нар сауған.
Сатса, баға жеткізбес,
Жинаған асыл жасаудан.
Атлас жібек – кигені,
Алып келген базарлап,
Бұхара менен Шаржаудан.
Салтанатты сәні бар,
Көрген адам таң қалған.
Ерлерінің мінезі:
«Жау бар» десе, шамданған,
Төре алдына барғанда,
Өтетін жерін аңғарған.
Еснұрмамбет кешегі,
Қаптаған жауды қақ жарған,
Қоңыраулы найза қолға алған.
Мырзалардың қонаққа
Сойғаны – семіз бағланнан.
Жалықпайды қыз-келін,
Мейманға қызмет қылғаннан.
Төлеген мен Қаржаудың
Мұқтажы жоқ жалғаннан.
Ешбір адам мін таппас
Жылқыбай менен Түлкібай,
Жақсыбай мен Тұманнан.
Артық еді салтанат,
Жинаған жасау сан түрден.
Қожағұлдың бақыты
Мақтап айтсақ, аз емес
Әбілқайыр мен Жәңгірден.
Мырзалығы асқан жігіт аз
Есімбай мен Қосымбай,
Қожағұлдың Әбдірден.
Ерлігі асқан жігіт аз
Ерімбай мен Кенжебай,
Қитар менен Әбілден.
Моллалығы асқан адам жоқ
Әмин менен Әбиден.
Билігі асқан адам жоқ
Кенжебайдың Мәміш биден.
Қорқады деп айтпаймын
Қаңғыбайды Өтеу мен.
Ат құйрығын түйінген,
Асыл киім киінген,
Айтуға тілі сүйірден.
Артық адам жоқ еді
Қарбала мен Құлбалай,
Қарашолақтың Сүйіннен.
Өлгенде Сүйін қиналып,
Бес арыс Шегем күйінген.
Пысық жігіт жоқ еді
Әжібай менен Ермектен.
Айтқыш жігіт жоқ еді
Көшбай менен Мәмектен.
Байлығы асқан адам жоқ
Жәумер менен Малбектен.
Кілем іліп, жүк жиып,
Үйдің ішін сәндеткен.
Қалай қиып жұмсауға
Қазына, мал мен пұл жеткен.
Арқасында барлықтың
Байтіллаға хаж еткен.
Хайыр ахундай хазірет
Шариғатқа жол шеккен.
Шаһарында Хиуаның
Ғылым алды еңбекпен
Shahi
Шахизад
26-05-17 21:33
Салеметсиздерме сиздерди интернет аркылы акша табуга шакырамын legko-biz жанеде Elysium kompanyga толык акпарат ватсаптан 87088379430
Еркин
Erkow52@mail.ru
11-05-17 15:29
Тобыш - Шегем шежіресінен, Бабық Мыңбай Әжімбайұлы туралы. Ресми құжатта Мыңбай Әжіғараев делінген.

Халыққа бұл есім батыр Мыңбай деген атпен таныс. Оның батырлығы туралы ел аузында аңыз әңгіме көп. Олардың бәрінен бұрын бұл кісі жөнінде жерде ізі, қағазда бедері деректор қысқаша былай дейді:
Көшпелі елдің ішінде, әсіресе, Адайға мұсылмандық білім алу кейін келген. Соның дәлелі 1750 жылы бақилық болған пір атамыз - Бекет Мырзағұлұлы Хиуаға барып жоғары білім алғандардың қарлығашы делінеді (соның өзінде ол 40-қа таяп қалған). Сонда Адай елінен Хиуа асып, оқу іздеу 1750жылдарға таман басталған сыңайлы. Солардың бірі Бабық руынан алғаш шыққан Таймас ишан. Оның баласы Байтақ та оқыған, діни лауазымы \"мақсым\". Яғни, мешіт ұстап, бала оқытатын мұғалім. Соған қарағанда, ол білімді болған.
Шопан Атада шырақшы болып отырған Таймас ишанды Мыңбай батыр сонай арқадан ат ізін салып, әдейі іздеп келіп, әңгімелесіп, әулиеге зиярат етеді. Ол кезде Шопан Ата мешітінің төменгі сай бойында жылғалап аққан бұлақ болса керек-ті. Жайдақ судың жайы белгілі - мал кешіп, дәрет алуға жарамайды. Соны байқаған Мыңбай жігіттердің басын құрап, тереңдігі 10-12 құлаш құдық қаздырады, берірек келгенде ауызы шегенделіп, қол шығыр қойылды. Суы тұп-тұщы, мөп-мөлдір сол құдықтың игілігін ел күні кешеге дейін көріп келді. Сондай-ақ осы сапарында;- біздің елдің оқуға есесі кетіп еді, енді соның орнын толтырыңдар, -деп Сенекке таяу Сұмса деген жерден бала оқытатын мешіт салғызады.
Мыңбай есімі Иса, Досан көтерілісінің жазбаша құжаттарында жиі ұшырасады.
Ануар
anuar.adai86@gmail.com
08-08-16 15:57
Ануар Жамбыл облысы Шудан боламын Руым Шегем ағайындар бауырлар барма Жамбыл облысынан 87762961786 87751171986
Кожахмет Асылбек
vk.com/id224666158
30-03-16 01:16
Адай Келимберди Тобыш Оразы Шегем Кызыл Шегем. танысканыма куаныштымын сиздермен вк отырам хабарласып танысып отырайык.
Jenis
87089460701
22-02-16 04:23
Шегемдер хабарласындар мен вкада бармын jenis kuzenbaiev
Jenis
87089460701
22-02-16 04:06
Men tobyw jolbike wegemin men wegemderdin barlyk wejiresin karagym keledi onyn kitabyn kaidan tapsam bolady
вконтакте
19-12-15 07:05
Айголек кайдан боласын Вк барса?
Асхат Уткелбаев
03-12-15 22:21
Мен Маңғыстаудағы руы шағыр бауырларым болса хаб.тел:87788580238 мен актөбе обл.байғанин ауд.ст жарлы
Асхат Уткелбаев
03-12-15 22:13
Мен Адай тобыш,шегемнін шағырдың медет бөлімі Ақтөбе.Байғанин.ст.Жарлы 87788580253 r
Арыс
19-09-15 07:32
Маңғыстау облысы, Ералиев ауданы, Құрық селосынан кім бар екен? Сонда Шілдебаев Қабыл деген шегем жігіт болушы еді. Білсеңіздер, хабар беріңдерші.
жанибек
jan-ibek86@mail.ru
16-09-15 05:52
Салем агаиын туыстар мен каржау шегем мангыстау облысы бейнеуден
ержан
erjan12345571@gmail.com
19-07-15 06:17
Вконтатиде улы шегем баба деген группага шакырамын шегемдер келиндер 77755291364 77716031527
Мейрамбек
miko_19-90@mail.ru
25-03-15 13:39
Саламтсыздарма бауырларым!Наурыз баршанызга кутты болсын.Есимим Мейрамбек.Мангыстау обл Бейнеу селосынан боламын.Руым Мендикул Шегем.Бауырларым танысып араласып турайык.
ибрагим
24-03-15 20:11
Мен тобыш шын шегем мангистау улысдын улы куни кутды болсын агайн
Ауғаньек
auganbek_khydyrov
20-03-15 07:47
Шегем ағайындар Мен Ақтау қаласынанмың. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Ануар Таразда шегмдер бар сен кімнің балсысын?
Ақбибі
96_akbibi.kz
19-01-15 16:23
Салем.Руым Адай тобыштан тараган бегей малай. Нагашы журтым шегем жайылганы.
Корабайулы Кайыптын урпагымын."Кайып-Акбобек".Агайындар хабарласайык 8775-556-37-25 .ВК-Рахматулоева Ақбибы
серик
serik_980@mail.ru
21-11-14 17:38
Тобыш Шегем Мендiгулмын
Балтабай
batai_77
11-11-14 18:04
Мен Адай Тобыш Шегемгин Жолбеке , барлык шегемдерге жалынды салем 87022857677
ЖАҚСЫЛЫҚ
vk.com/jaksylyk_kz
09-08-14 19:03
Мен АДАЙ мын Адайдан ТОБЫШ Тобыштан ШЕГЕМ Шегемнiн МЕҢДIҚҰЛЫМЫН Меңдiқұлдын Ағадiлiмiн Маңғыстау АҚТАУ ном 87021193005
арман
armansagyndykov.mail.ru
19-07-14 18:54
Есимим арман шкшем шагыр куатымын 87014198471
Сырлыбай
KSyrlybai80
08-06-14 08:51
Есімім Сырлыбай, туған жерім Ақтөбе, тұрғылықты жерім Құлсары, Адай-Тобыш-Шегем-Жолбике тел:87711551240
Талгат
nehabar@mail.ru
15-03-14 18:37
Тобыш қоныр шегеммін. Шегемдердін барлығына салем !!!
жанарыс
janarys_777.94@mail.ru
09-03-14 00:30
менин руым адай тобыш шегем шыны 87010143695
жанибек
djanik82@mail.ru
28-02-14 14:29
Ассалаумагалейкум бауырларым мен Шегем Шагырмын. Жанибек.87071531982
Гулнара
Gulia96miss@mail.ru
04-02-14 09:06
Мен АДАЙ мын онын iшiнде Бабык пын Бабыктар болса хабарласын +77788769197
Жандос
dj.dost@mail.ru
09-11-13 07:35
Адай,Тобыш,Шегем,Жайылган г.Ашхабад
Алтынбек
Www.altin.bek
11-06-13 00:14
Менин руым Адаи ишинде Тобыш ишинде Бабык Адаидын улы Кудаидын кулы есимим Алтынбек болам www.altin.bek др жибериндер бауырлар?
БакытЖАН
k.b_shegem_93@bk.ru
06-06-13 07:55
Ассалиаму алайкум уа ШеГЕМ ЖамаГатыЫ...Менин РуЫМ Адай ТоБыш Шегемнин ШЫНы...АктаудаН!!!
Meirambek
v_i_t_b_u_l_l@mail.ru
21-05-13 21:37
Adai Tobysh shegem Sharken Mendiguldarga Salem!Argynbaev Meirambek.Aktau kalasy Beineu selosynan!!!
Венера
dj.shopik@mail.ru
10-05-13 19:04
Менің руым Адай-Тобыш-Шегем-Шағыр-Жақау!!!!МАҢҒЫСТАУ,АҚТАУ!!!!!
Aliev Nursultan
nur_adai_99@mail.ru
30-04-13 11:28
Менің руым Адай Тобыш Қаржау Шегем болад!
сатбергеновалар....
ainur.satbergenova
13-04-13 15:50
aigull Nurlybek kalai?
сатбергеновалар....
ainur.satbergenova
13-04-13 15:49
saleeeeem barlygyna!!!jolbike wegemder barmaaaa?
мерей
merei_jetibay@list.ru
11-03-13 20:22
менің руым бабық егер бабықтар болса хабарласын
Тобыш→Шегем→Бабық
Nurik95.aday@mail.ru
02-01-13 21:57
Тобыш→Шегем→Бабықтарды іздеймін, Ақтөбеден АДАЙлар болса хабарласыңдар Nurik95.aday@mail.ru. id160169908 . Менде Адай Тобыш-Шегем шежіресі бар, руларың туралы білгілерің келсе көп дерек, мәлімет, әңгімелер, оқиғалар Адайдың батыр, би, әулие, шахидтеріне дейін және Адай шежіре кестесі
Абылай
abilay_444@mail.ru
24-12-12 19:33
Қаржау шегем!
Үркімбай-Нұрмамбет-Кенжебай-Мәміш-Рахмет-Құлжа-Тілепберген-АБЫЛАЙ
Хабарласындар братішкелер
Талгат
talgat_-93@mail.ru
18-10-12 01:07
шегем, жайылган
Гулшат
gulshat0797@mail.ru
01-08-12 17:07
Менін руым Тобыш Шегем БАБЫК... рулас братандар іздейміннн
Cosa nostra
mr_cosa.nostra@mail.ru
27-01-12 16:34
Тобыш шегем дегенде барма не???
Нурмуханбет
A_nyrik@mail.ru
13-01-12 10:22
мен Шегемнин Кызылымын!!!!!
мамыр
mamyr@mail.ru
29-12-11 21:37
мен АДАЙ тобыш шегеммин шегемнен шартикеннин мендигулымын туыстарымды издеймин бауырлар хабарласындар mamyr@mail.ru
Мақсат
kulimbet89.89@mail.ru
08-12-11 08:40
Менім руым Тобыш-Шегем-Бабык. Мангыстаудан Актау
Аманкелди
amankeldi96_96@mail.ru
15-11-11 20:16
Шегем Адай Коныр! Из Атырау
Нурсултан
urazaliev.n@mail.ru
02-11-11 15:18
Мен Жайылган Шегем, Мангыстау Актаудан Шегемдерге жалынды Салем
Талгат
nehabar@mail.ru
01-06-11 14:18
Мен коныр шегеммін, Мангыстаудан *Актау*
Gabit
gabitkar@mail.ru
17-03-11 16:56
Мен коныр шегеммін, Шегем Respect

гүлбану
адайка
08-03-11 14:20
Сәлем достар менін руым Тобыш қоныр шегем Нағашым Жамбоздын айым шақасы Кәрі нағашым Қожа
Азамат
Azamat_91_101@mail.ru
05-03-11 20:41
Руым Адай>Тобыш>Шегем мен Мангыстаудан рулас кандастарымды издеймин..
ок
и
26-02-11 20:58
Тобыш қоныр шегеммін. Шегемдердін барлығына привет
Ануар
turgaev_anuar@mail.ru
01-09-10 22:17
Менiн руым Адай Тобыш Шегем Жамбыл облысынан Ануар. 87771178633 87775944792 turgаеv_аnuаr@mаil.ru



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube