Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Қыз бен жігіт айтысы: Жеңмпазға жүлде бар

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Рефери
referi@mail.ru
01-02-06 08:28
Қыз бен жігіт айтысы: Жеңмпазға жүлде бар. Қарап отырсам, мысалға "Қатын сияқты жігіттерге жыным келеді" - деген тақырыпта нағыз ерлер мен ұрғашылардың тартысы өтіп жатыр екен. Қыздар әлек: керемет жігітті таба алмай. Жігіттер әлек: өздерін көрсете алмай. Жаңа форум алаңын аштым, жер кең болсын, орын болсын айқасқа деп. Ал кірісіңдер. Кім жеңер екен...

Авторы Жауап
асет
vip.aliaidarov@mail.ru
17-10-17 06:55
ешкім жоқ қо мына жақта
тығылған ғой ана жақта
бәрі қашып сәндесіп
жүрген еді сол жақта
асет
vip.aliaidarov@mail.ru
17-10-17 06:52
мына жақта ақын деген көп екен
олар мақтанып жүреді екен
менін атым Асет болад
көп деген менде қасиет болад

Кәмшәт деген анам бар
Марат деген әкем бар
ағам болад Алихан
апам болад Данагүл

өзім ақын баласымын
баладан да атасымын
женілгендер көп екен
ұтқандарын жоқ екен

меннен күшти айтыскер
жоқ екенин билемин
ең мықтымын жігітпім
айтыстан да мықтымын

шақырды ғой айтысқа
алем деген жігіт бала
өзі келін сияқты
көзі белі сяқты

асет
vip.aliaidarov@mail.ru
17-10-17 06:35
Өзіңізді артығырақ білсеңіз,
Қуанамын шын шаттанып, күлсеңіз!
Қуанамын Қаракөздей бір ғана,
Бәйбішеге қанағат етіп жүрсеңіз!
асет
vip.aliaidarov@mail.ru
17-10-17 06:31
камшат деген анам бар алем деген ағам бар
Ернар
ernarzhumat@mail.ru
06-10-17 07:16
Маған қыз бен жігіт айтысы керек
Махаббат
k.mahabbat.05gmail.com
26-02-17 14:27
Маган кыз сынына жигит пен кыздын бирин-бири таныстыруы керек еди
Молдир Жора
Joramoldir9393@mail.ru
27-01-17 15:50
Құрметті достар! Ыштерынызде акындар болса маган ана туралы ана өмірдің гүлі атты такырыпта айтысатын өлең жазып бере аласыздарма? Кыз бен жигит орындайтындай создеры женылдеу етып. 3 сынып окушыларына.
Куаныш
16-01-17 18:22
Достар маган айтыска салемдесу керек еды жазып бере аласындарма???Отынемын
Базарбай
87053866501
09-12-16 10:06
Маған айтысатын қыз керек. Айтыспағалы көп жыл болды
жулдыз
talgat.rahmenov2016@yandex.ru
02-12-16 05:59
айтыс шыгарып бериниздерши отиниш
жулдыз
talgat.rahmenov2016@yandex.ru
02-12-16 05:26
маган ертенге айтыс керек мен динмухамед деген баламен айтысамын комек керек
Сағи
Sagi.ashimov@inbox.ru
14-11-16 14:31
Маған қыз бен жігіт айтысына Азиза мен Сағи аттарына айтыс шығарып беріңдерші.КӨП КӨП РАХМЕТ
Амир
temirbekovsaat@gmail.com
09-11-16 17:13
Мен Инара деген қызбен айтысам создер керек ертеңгі күнге
Айгуль
Moldabek955@mail.ru
16-10-16 14:07
Интернаттың пайдасы туралы өлең шығарып беріңіздершы Алла Разы болсын
Айгуль
aigul.jeksenova2016
16-10-16 12:02
маған кыз бен жігіттің айтысы керек бирак коп емес
Jazira
16-02-16 10:10
Jambil Jabaev turali aitis bolatin edi jazip berinizderwi
Жанибек
11-02-16 15:23
Маган УБТ туралы аитыс шыгарып бериниздерши бир кызбен аитысушы едим
Дана
danarahymbekova..com
19-12-15 07:18
Маған қыз бен қыздың айтысын тауып беріңіздерші, тезірек
Dragon Fire
alishernazarov539@gmail.ru
02-12-15 15:30
всем спасибо и рахмет!))

Аида
Aida.Nurkenova@mail.Ru
18-11-15 14:46
Салеметсиздерме. Маган кыз бен жигит айтысы керек. Жигит сары бала, аты шынгыс
Айка
aika@mail.ru
03-11-15 12:41
Айтыс 3 шумак керек
медина
zaida.@mail.ru
02-11-15 05:05
Тездетиниздерши отинемин
медина
zaida.@mail.ru
02-11-15 05:02
Магагн комек керек Алмас деген баламен айтысамын
бала бала бала
erzen09@gmail.ru
25-09-15 18:36
Айтып койшы карагым
Кандай боп жур сабагын
Жайын билип койыйын
Сендей салак баланын

Созды тында карагым
Мен секилди баланын
Сен осында каласын
Мен лагерьге барамын
нұрила
18-09-15 15:19
маған қыз бен жігіттің айтысы керек
аито
капика кожина @mail ru
20-04-15 16:13
қаңбақ пен терек
жаннур
20-01-15 16:34
Маган да керек
нурила
nuri_20_74
13-01-15 14:07
Достар салем! Маған мектепке 8 сыныпқа қыз балаға таныстыру айтыстан тауып беріңіздерші ӨТІНІШ!!! тез арада шығарып беріңіздерші!
Наташа
natali.bukina@mail.ru
12-11-14 19:25
жарысатын баланыздын есими Асет
озиниз бир назик жанди сулу шыгарсыз
ен алдымен озинизди таныстырыныз
руыныз ким кай жузсиз?
айтысуга озиниз дайынсызба?
Наташа
natali.bukina@mail.ru
12-11-14 19:22
ал Аида сизге комектесейн
Аида
12-11-14 12:32
Достарым маган комек керек,
Айтысатын болдым Асет деген жигитпен
Ози меннен мыкты болсада,
Сендерге сеним тартсас болама?)
Айгерим
307 -56-23
27-09-14 06:11
Ура мен коширип алдым
азамат
aza_06.09.97@mail.ru
17-03-14 17:15
Қарасам қыздар айтып біздерге сын
Түрткі боп оянуда сол намысым
Қыздарға айтарым бар ренжімеңдер
Біздер жайлы асырып жібердің тым

Біз жігіттер қолға найза ұстағанбыз
Басқа емес тек исламды ұстанамыз
Бәріне тек намыспен тырысамыз
Әрқашан қайраулы боп ұстарамыз
Айгерім
kurmangalieva-20002
12-03-14 06:44
маған айтыскер қыздардың әсемдік әлемі деген тақырыпта эссе білесіз бе?
диана
aiazova_98@mail.ru
06-02-14 18:02
маган кыз бен жыгыт айтысы керек мектеп туралы жыгыт созы керек емес тек кыз созы керек ертенге таууып беріңіздершы*)
Амалбек
amal_90-90@mail.ru
26-11-13 22:23
армысын энтернеттегi курбыларым. журектен шыккан созбен жыр курадым. ассалаумагаликум Алаш журты. Адайдан шыккан акын мен боламын. Айтыс деген казактын тол о нерi. канга бiткен онердi кiм кондiредi. домбыранын пернесiн каккан кезде. шабыт кысып тандайдан жыр тогiледi. такырыптын назары кыздар да екен. кыздарга бар жаксыны арнап отем. ендеше шакырамын бiр сулуды. менiмен айтысуга жарар деген.
Ғабит
gkzh85@mail.ru
15-10-13 21:58
Айтыс боп жатыр екен мына жақта,
Қара өлеңді қалдырып шын азапқа.
Мен де бас сұғып қалдым осы жерге,
Қыздар-ау, бұл ісіме кінә тақпа.

Кей жігіт іс қылғанда құр тілімен,
Кей қыздар қылымсиды кірпігімен.
Осылайша "апама жездем сай" боп,
"Жамаулар" әуре болар "жыртығымен".
"Қазақ.ру" деген руға келдік қонақ,
Айтысып көрейін бір сылқымымен! Әгигәгім-ааааай...)))

Гулшат
gulshat_0191@mail.ru
14-10-13 11:15
Ақынжанды арулар мен жігіттер.айтыс дейді..... айтысқандар жоққо мұнда?
Казактын ерке кызы
Shinarka_9393kz@bk.ru
14-10-13 10:55
Жаным-ау мына соге токта деймин,
Жаксы да жаман да акындар баска деймин.
Кызбен жигит айтысуга косылмайсын,
Бекерге жамандык айтпа деймин...

Айналайын ак конилдей акындай-ай,
Сойлермисин соз куып токындамай.
Созими тусибейтин отирик акын,
Кимдерге айтасын-ау адамды жындыгыламай...

Отсутствие новостей- Хорошо новость...
Ms.nurganat@mail.ru
11-10-13 11:10
Оленнен айтысып жаткан акынбастар,
Бирин-бири соз лактырган куры тастар...
Кыз бен жигит айтыс болмак.
О дуние де жиналган жартыбастар...

Казак баласы
Miron_90_kz
30-09-13 00:36
Бауырым кыз коп деп дандайсыма.
Алла бак берген,аркайсына.
Сол коп кыз iшiнен бiреуiн ап.
Отауыннын отын сен жакпайсын ба.
Ибалы бiр аруды келiн кылып.
Ата-ана умiтiн солай сен актайсын да.
Канбак кусап дала кезiп журе бермей.
Уйленiп ап жатпайсын ба.
Жатпайсын ба деп жай айтканым го.
Аке атанып,отбасынды бакпайсын ба.
Агенттегi кыздардан не пайда бар.
Отiрiк суретiн карап,мактайсын да.
Дат басып,шiрiп бiткен шыгар.
Некелерiмiздi кидырамыз деген ак кайшында.
Сау басына тiлеген сакинаны.
Уйленiп ап,он колына такпайсын ба.
Казак баласы
Miron_90_kz
30-09-13 00:13
Мен казак кыздарына кайран калам.
Кошеде темекi шегiп тайрандаган,
Кызды кырык уйден, тыю деген.
Капысыз калай айткан кайран бабам. ****
Бурынгын кыздары кыздары кылушы ердi гашык.
Сол ердiн уйiнде журушi едi тундiк ашып,
Казiргiнi кыздары журедi кiндiк ашып.
Сол турiмен кылмакшы кiмдi гашык.
*****

ADAY BALASI
miron_90_kz
16-09-13 17:09
Кыздарданда шыктыма десем сумдык акын,
Еркектердi женем деп орге умтылатын.
Айткан создерiнде бiр патуа жок,
Бул жер емес кой,болмашыны жыр кылатын,
Оз-оздерiн мактап жыртылатын.
Ондайлардын барынан жогы жаксы,
жiгiттердiн жiгерiн кум кылатын.
Магжанова Салтанат
saltanat_99_jan@mail.ru
21-05-13 19:51
Мен де жас акынмын!айтысатын мемен жасты акын бар ма?Жаман айтыскым келип жур!Жауап кутемин жас акын достарым!Менен утылам деп корыкпандар,катты айтпайм каламгерлееееер!
Казактын ерке кызы
Shinarka_9393kz@bk.ru
08-04-13 08:21
Жок еди акын жигит биздин мунда,
Оленмен амандастын бугин тында.
Шукир аллага жаксымын Салеметсиз бе,
Озин де аманбысын ким болсан да?

Salta Kalmanova
saltazhan@inbox.ru
19-03-13 12:53
айтыс
GuLDaNa
Жок
13-02-13 06:39
Казактын улдарыда кыздарыда акын екен гооооой!!!!
Асылжан
19.asil.98@mail.ru
12-02-13 13:01
барекелды барекелді
kara domalak
проблема
11-06-12 10:53
пах ширкин ойпырмай dep an salgan Yerbolatka raxmet
Дәулет
t.daulet.98@bk.ru
10-06-12 13:15
Ассалаумағалейкум кәмшат әпке,
Көреалмай дүние жүзің болдын қапа,
Жайып қал құшағынды осындлайда,
Айтысымыз тарап кетер әп-сәтте-ай

Құранды оқимыз біз шар кітаптан
Табылар көп насихат әр кітаптан
Әйелге еркек бұрын берген сәлем
көріп ем мендағы айқау,қай кітаптан

Боз бала ән сал десем ән салмайды
Қара жер ажал келсе кімді алмайды
Әпкетай әуре болып неғыласын
Ежелден әйелдер-ай бәйге алмайды-ай

айтайын көніл толқының
жырлайын саясатымды
көнілге алған сөздерді
батырып қана айтайын-ей

жырлады тілді
жырлады елдің жағдайын
Биліктене кетті мұқтарда
Елдің жайын ойлап-ай

Бекболат ағам кетті ғой
Бақабис боп бір сәтте
бұның бәрі сылтау ғой
тілдің қамын ойлаған
екеуі ғана бар еді
олда кетті биліктені
Дәулет
t.dsaulet.98@bk.ru
10-06-12 12:35
Өзіңменен өлшеулі нарқым менің,
Асқар тау арқа тұтар алтын белім,
келдімғой өзіңізбен айтысуға
қош келдің айналайын халқым менің.

Өлшеул ар-намыспен нарқымыздың
Қорғаны адамдықпен салтымыздың
Сенері сіздерсіздер халқымыздың
Қош келдің айналайын ақындарым

Өмір берер ертенгі бағаларың
айтта келді мінекей гуілдетіп
Халқыма ұрпақ берген өмір берген
Қош келдің әкелермен аналарым
нариман
nariko02
27-04-12 17:28

Құрбан келді қуан қазақ, мұсылманым
Жаңа жылдық даурыққа қосылмағын
Мұсылманның мерекесі артық сірә бағасыз
Күндіз жақсы кешке жаманға ауыспағын

Жаңа жылдың соңы жаман әркезде
Болницалар толып қалар, сыртта қалар кей пенде
Ал айт болса тек құттылық болады
Баға жетпес бұл мейрамға ешбір байлық әлемде!

Жеңіс ағам, қабыл болсын айтыңыз!
Әлем, Шасси, және басқа арта берсін даңқыңыз
Кәмшат, Сері тағы басқа дүлдүлдер.
Құтты болсын айттарыңыз, тойлатайық бәріміз.

Айтысам деп кеуде керіп, шіреніп ем басында.
Дәл сол кезде ми болмапты мына менің басымда.
Кел одан да бірігейік жырлап халық өлеңін.
Қосшы мені жас ақынды өздеріңнің қасыңа.

Қорққаным жоқ, аулақ шайтан, азғырмағын адамды.
Мен қорықпастан әрдайым, алға басам қадамды.
Сыйластық қой, дұрыс көргін менің мына сыйымды.
Сыйлау парыз інілерге әпке және ағамды.

Байқап тұрсам ең кішісі мен екенмін осында.
Бәрібір де қалам менен бір парағым қасымда.
Айтысқаннан не шығады? деп түдім мен ойымды
Халық қамы ойлантады тулап менің басымда.

Естісеңдер, жаңа шықты Борат атты кино бір,
Қазақстандық адам болып азербайжан ойнап жүр
Масқара ғой елдің арын түсіріпті жап-жаман
Қазақстанға, ар-намысқа келтіріпті үлкен кір.

Қай кезде де елдің қамын ойлайтын ол ақындар
Басшы жақын болмас оған, халыққа тек жақындар
Солар жырлап, қаламдарын найза еткен қашанда
Кел, бірігіп көрсетейік бірігіңдер, ақындар!

Дінім, тілім, ар-намысым, малым, қаным ардақты
Аллаһ жалғыз, тілім қазақ, ешкім тиісе алмапты
Малым, қаным тек халқыма болсын, тисін пайдасы.
Мен қазақпын абыройлы, мінез-құлық салмақты.


Қатын сынды жігітке жыны келер,
Айтылады айтыста неме-нелер.
Қатын сынды жігітің қалай болмақ,
Қатындыққа не сыйқымен,немен келер?

Әйелдерде бір сөзді адамзат қой,
Тастасаңшы ортаға саналы ой.
Ойың қандай сондағы қатын қандай,
Ер болу үшін әуелі қатын бол ғой..

Мен қатынды ерлерден кем санаман,
Өмірге келтірген ғой қанша аламан.
Ана арын аяқ асты ете тұғын,
Білсеңіз айтысуды мен қаламан!

Қызық екен тақырып айтса тегі,
Санадағы кемсіту,болған жегі.
Кішкенемде ашуланып арланатын,
Сөз қысқасы бала ойын "қатын" деді.

Жоқ-жоқ бұған еліріп бой алдырман,
Ана Арын ластауға жақ талдырмаң.
Бақыр басты еркектен Асыл артық,
Желігіп,шабыттанып бой алдырмаң!

Ана кие табылар өн бойымнан,
Шатыспайын сыртап ап мен ойымнан.
Ана атанар болашақ жарымда бар,
Ескертуің жеңілді,шықты ойыннан!
Ескерту!
14-11-08 03:35 О,халайық ашыпсың мында да бет,
Тұла бойды қыздырып қан менен ет.
Ақын жанды бәріде жиылыпты,
Келмегенің тезірек осында жет!

Қамшатта бар,Сері мен Жеңісіңде,
Қандай мәре мақтау ма,шекісу ме?
Мүйіздесіп,алдымен ырылдасып,
Ер ісімен болғасын бекісу ме?

Қазақ-қазақ болмайды айтыспаса,
Шер шығарып,мұң айтып қайтыспаса!
Ақын-ақын болмайды сөз ұстаспай,
Бірін-бірін икемдесіп тартыспаса!

Әлемде бар осында Бегіңде бар,
Ойламаңдар жоғалтқан кегім де бар.
Ақын емен жай ғана өлеңдеткен,
Ақындықты сұрасаң тегімде бар!

Сүйгенім бар асылдың сынығындай,
Кірме деген осында сығылып-ай.
Кірмеймін деп Ескерту боп айтқан едім,
Көңіл шіркін кетеді екен сағынып-ай!

Кәмшат сылқым қаласаң баста әнді,
Жадыратшы иілтіп жан мен тәнді.
Ой саларлық көкпарды таста ортаға,
Келтірсеңші бұрау беріп,айтыс сәнді!

Қайда екен ақын жанды Еркежаншы?
Қолдан келсе бөксеріп ал,иле-жаншы.
Шабыт шіркін өшер ме екен осылай боп,
Тигізетін жан бар ма еді бойға камшы?

Жә,жә жетер аптықпайын,қағынбайын,
Шабытымнан жыр моншақ тағынбайын.
Қаласаңдар ортада болайыншы,
Екі жаққа басу айтар ара-ағайын!

Кіріспеспін дегенім бар айтылған сөз,
Жақпасамда амал жоқ,шыда да төз.
Сері бәрі білесің басқа бетте,
Еске салсам "Еркежанға екі ауыз сөз!"


Қатын сынды жігітке жыны келер,
Айтылады айтыста неме-нелер.
Қатын сынды жігітің қалай болмақ,
Қатындыққа не сыйқымен,немен келер?

Әйелдерде бір сөзді адамзат қой,
Тастасаңшы ортаға саналы ой.
Ойың қандай сондағы қатын қандай,
Ер болу үшін әуелі қатын бол ғой..

Мен қатынды ерлерден кем санаман,
Өмірге келтірген ғой қанша аламан.
Ана арын аяқ асты ете тұғын,
Білсеңіз айтысуды мен қаламан!

Қызық екен тақырып айтса тегі,
Санадағы кемсіту,болған жегі.
Кішкенемде ашуланып арланатын,
Сөз қысқасы бала ойын "қатын" деді.

Жоқ-жоқ бұған еліріп бой алдырман,
Ана Арын ластауға жақ талдырмаң.
Бақыр басты еркектен Асыл артық,
Желігіп,шабыттанып бой алдырмаң!

Ана кие табылар өн бойымнан,
Шатыспайын сыртап ап мен ойымнан.
Ана атанар болашақ жарымда бар,
Ескертуің жеңілді,шықты ойыннан!
Ескерту!
14-11-08 03:35 О,халайық ашыпсың мында да бет,
Тұла бойды қыздырып қан менен ет.
Ақын жанды бәріде жиылыпты,
Келмегенің тезірек осында жет!

Қамшатта бар,Сері мен Жеңісіңде,
Қандай мәре мақтау ма,шекісу ме?
Мүйіздесіп,алдымен ырылдасып,
Ер ісімен болғасын бекісу ме?

Қазақ-қазақ болмайды айтыспаса,
Шер шығарып,мұң айтып қайтыспаса!
Ақын-ақын болмайды сөз ұстаспай,
Бірін-бірін икемдесіп тартыспаса!

Әлемде бар осында Бегіңде бар,
Ойламаңдар жоғалтқан кегім де бар.
Ақын емен жай ғана өлеңдеткен,
Ақындықты сұрасаң тегімде бар!

Сүйгенім бар асылдың сынығындай,
Кірме деген осында сығылып-ай.
Кірмеймін деп Ескерту боп айтқан едім,
Көңіл шіркін кетеді екен сағынып-ай!

Кәмшат сылқым қаласаң баста әнді,
Жадыратшы иілтіп жан мен тәнді.
Ой саларлық көкпарды таста ортаға,
Келтірсеңші бұрау беріп,айтыс сәнді!

Қайда екен ақын жанды Еркежаншы?
Қолдан келсе бөксеріп ал,иле-жаншы.
Шабыт шіркін өшер ме екен осылай боп,
Тигізетін жан бар ма еді бойға камшы?

Жә,жә жетер аптықпайын,қағынбайын,
Шабытымнан жыр моншақ тағынбайын.
Қаласаңдар ортада болайыншы,
Екі жаққа басу айтар ара-ағайын!

Кіріспеспін дегенім бар айтылған сөз,
Жақпасамда амал жоқ,шыда да төз.
Сері бәрі білесің басқа бетте,
Еске салсам "Еркежанға екі ауыз сөз!"


сары
nurzhan.nurzhan
31-03-12 22:04
Ассалаумагалейкум баршанызга

Aidana
aidana_nurtai_46@mail.ru
19-03-12 21:41
Kowtasuga olen wygaryp beresizder ma
Erya
Erlan_manap
19-03-12 15:33
Барша жамагат,менен куттыктау арналад,казактын улы мерекесi наурыз,УЛЫСТЫН УЛЫ КУНI КУТТЫ БОЛСЫН!!!
Ерлан батыр
Erlan_manap
19-03-12 15:00
Беу деееее....ай жарайсындар
Roma
Roma_krasava
19-03-12 10:32
Bazar jok, tek bireuler kuyp ketkeni bolmasa
Ақиқат
30-01-12 15:39
Акындар каида жерге жабыскан
Назерке
nazerke_miss_96
25-12-11 14:51
қазақша айтыс
Jaina
Jayna_13_93.kz
25-12-11 12:13
Айтыс!!!! Маған қатты ұнайды Айтысты қалдырмай көремін Айтыстан үйренгенім көп. Айтыстағы астарлы сөздерді айтатын ақындарға қатты қызығамын!
нурик
nures04.14
25-09-11 17:39
қыздарай
Қап қара бала
06-06-11 16:43
Ассалау мугаликум жамагат,
Діндерін дурыс болсын.
Кеибір мешіттегідеи арбаушылык жок болсын.
Жараткан бір гана журектерінне иман куисын.
Қап қара бала
02-06-11 09:41
Ассалау мугаликум мунда кірер жан бар ма екен?

Артур
archi.89
19-04-11 08:27
Камшат сен Алемменен айтысасын ,
Создериннин уйкасы кайыскасын,
Сол создерди коширип алмадынба,
Акын болып бул жерде майсасын,
Кыз дегенин тулкіди болып келед,
Алем жигит сактангын дегим келед
Артур
archi.89
30-03-11 12:12
Биссимилла деп соз бастап
Кызыл тил соиле сайраган
Касиетти достар армысын
Тулпары шауып байге алган
Акыны талмас сайраудан
Батыры кайтпас майданнан
Шешени дил мар жежире
Косеми улт деп тойга алган
Нар алып оскен улынмын
Сендеги тунык кайнардан
Жусанына мангилик киндигине байланган
Туманды куни толганган
Аязды куни айналган
Касиетти жерим Актобе
Сен ушин курбан кайран жан

Найманқызы
aigul-02.02.93@mail.ru
09-03-11 21:48
намысым калай гана ойнамайды?!
ерлерді көргенде түк ойламайтын
шаштарын қызыл жасыл көк қылып ап
кейбірі тіпті кейде көз бояйтын

ұл бала әкеге көп жақындайды
балаға әке сөзі таусылмайды
ананың көйлегінен ұстап өссе
әрине болады ер қатынжанды

ұлды ұл қызды қыз кып өсіреді
ата ана қылығын олар көшіреді
ата көрген оқ жонар деген сөз бар
әкенің мерейін ұл өсіреді


Найманқызы
aigul-02.02.93@mail.ru
09-03-11 21:34
жастарға сәлем бердім иіліп-ақ
айтыс емес айтысар киініп ап
қызықты өтіп жатыр жиындарың
оқыдық қыздарменен үйіліп ап


Асылай
asia-10.09.96
29-11-10 21:26
салем берем халкыма шын конилден

ат артып келдим мен индербордан
тилммен тамызамын балмен у ды


Abzal
Abzal_adai__kz
25-02-10 17:36
Aitiskansha- REP- aitpaisindarma.Aitis baiagida modidan kaldi.
мен
farik_1994@mail.ru
01-12-09 13:16
ei osi dunienin jastari ote keremet eken!Malades!!!Du kol wapalak!
айгерим
aigerimka093
23-11-09 18:48
2008-2009жылғы ақындар және ақындардың айтысқан сөздері керек
Назерке
naz_03
19-11-09 21:43
Салем!Калайсындар. Мен сиздермен келисемин.
Айгерим
Aigerimochka.94@mail.ru
24-11-08 16:06
Өзіме шығарма керек!

Еркежан
Jan_iist@ru
14-11-08 08:37
Бұл беттің ашылғанына тура 2 жыл болыпты . Біраз ақынжанды азамат пен азаматшалар тер төгіп, сөз сайыстырыпты. Мені қызықтырып отырғаны, осы айтыстың жүлдегері кім болды екен? Рефери, берген уәдеңізді орындадыңыз ба? Уәде-құдай аты дейді гой, ана ауылға барарда көтеретін жүгіңіз бен берер қарызыңыз көбейіп кетіп, қиын болып жүрмесін!!!" Соны да ойлап қойыңыз:::.
Ескерту!
14-11-08 04:04
Оқымаппын,тақырыпты аңдамаппын,
Айтысуға салғырт кірдім,қамданбаппын.
Басқадайын тақырып болса егер,
Мән бермеспін,оғанда таңданбаппын.

Қатынды ер жігітке теңей тұғын,
Бар ма еді әйел затқа көңіл сұғың?
Қатыннын баламасы Ана болар,
Бар екен екі елі ауыз,төрттік тығын!


Ескерту!
14-11-08 03:56
Қатын сынды жігітке жыны келер,
Айтылады айтыста неме-нелер.
Қатын сынды жігітің қалай болмақ,
Қатындыққа не сыйқымен,немен келер?

Әйелдерде бір сөзді адамзат қой,
Тастасаңшы ортаға саналы ой.
Ойың қандай сондағы қатын қандай,
Ер болу үшін әуелі қатын бол ғой..

Мен қатынды ерлерден кем санаман,
Өмірге келтірген ғой қанша аламан.
Ана арын аяқ асты ете тұғын,
Білсеңіз айтысуды мен қаламан!

Қызық екен тақырып айтса тегі,
Санадағы кемсіту,болған жегі.
Кішкенемде ашуланып арланатын,
Сөз қысқасы бала ойын "қатын" деді.

Жоқ-жоқ бұған еліріп бой алдырман,
Ана Арын ластауға жақ талдырмаң.
Бақыр басты еркектен Асыл артық,
Желігіп,шабыттанып бой алдырмаң!

Ана кие табылар өн бойымнан,
Шатыспайын сыртап ап мен ойымнан.
Ана атанар болашақ жарымда бар,
Ескертуің жеңілді,шықты ойыннан!
Ескерту!
14-11-08 03:35
О,халайық ашыпсың мында да бет,
Тұла бойды қыздырып қан менен ет.
Ақын жанды бәріде жиылыпты,
Келмегенің тезірек осында жет!

Қамшатта бар,Сері мен Жеңісіңде,
Қандай мәре мақтау ма,шекісу ме?
Мүйіздесіп,алдымен ырылдасып,
Ер ісімен болғасын бекісу ме?

Қазақ-қазақ болмайды айтыспаса,
Шер шығарып,мұң айтып қайтыспаса!
Ақын-ақын болмайды сөз ұстаспай,
Бірін-бірін икемдесіп тартыспаса!

Әлемде бар осында Бегіңде бар,
Ойламаңдар жоғалтқан кегім де бар.
Ақын емен жай ғана өлеңдеткен,
Ақындықты сұрасаң тегімде бар!

Сүйгенім бар асылдың сынығындай,
Кірме деген осында сығылып-ай.
Кірмеймін деп Ескерту боп айтқан едім,
Көңіл шіркін кетеді екен сағынып-ай!

Кәмшат сылқым қаласаң баста әнді,
Жадыратшы иілтіп жан мен тәнді.
Ой саларлық көкпарды таста ортаға,
Келтірсеңші бұрау беріп,айтыс сәнді!

Қайда екен ақын жанды Еркежаншы?
Қолдан келсе бөксеріп ал,иле-жаншы.
Шабыт шіркін өшер ме екен осылай боп,
Тигізетін жан бар ма еді бойға камшы?

Жә,жә жетер аптықпайын,қағынбайын,
Шабытымнан жыр моншақ тағынбайын.
Қаласаңдар ортада болайыншы,
Екі жаққа басу айтар ара-ағайын!

Кіріспеспін дегенім бар айтылған сөз,
Жақпасамда амал жоқ,шыда да төз.
Сері бәрі білесің басқа бетте,
Еске салсам "Еркежанға екі ауыз сөз!"


Абдулла Нурболат
nurbolat9393
13-11-08 18:28
Қош келдің ортамызға ару Камшат!
Айып па екен біз дағы терлеп жатсақ.
Байтал шауып бәйге алар, егер оны
Ақандайын бір бапкер қосса баптап.

Көп болса менің сырым танысалық,
Толығырақ мағлұмат алысалық.
Қыз-жігіт жастық шақта ойнап-күліп
Қазақ ру отауында табысалық.

Ақтөбе құт мекенім, асыл бағым!
Қалайша сезімімді жасырамын.
Қазақтың намысқой бір баласы едім
Бұйыртса мәртебесін асырамын!
Абдулла Нурболат
nurbolat9393
13-11-08 18:28
Ар ма Алем
Сізге сәлем
Сері келді қасыңа.
Келді бір қыз
Өзі жалғыз,
Жиылған ерден жасымай.
Еркелетсең,
Тілмен әсем,
Шыға қоймас басыңа.
Басынбас-ты
Тасынбас-ты
Біле-білсең досым-ә!

Шассиді балайық біз туған айға,
Сан жұлдыз ортасында тұрғандай ма?!
Тұрсаңызшы бөстектен, төрге отырғын
Бата бермей шомылып, қылаң ойға.

Бес саусақ қайткен күнде бірдей болмас,
Шын тұлпар көк есекке болмас жолдас.
Қырықтың отыз сегізі көз сап отыр,
Сайын емес сіз жаққа біл қарындас.
Абдулла Нурболат
nurbolat9393
13-11-08 18:27
жақсыыы
Бек
bekjigit80@mail.ru
14-01-08 18:01
Ассалаумағалейкүм, ардақты жұртым менің,
Шындықты шырқыратып айтудан іркілмегің!
Ас-нанын өлең десе, қоятын ішкен жерге
Жұдырықтай жүрегім, сен неге бүлкілдедің?

Кей ақынсымақтарың жыр жазған бұл күндері,
Өлеңдерін оқысам, бұзылар шырқым менің:
Ұйқас жоқ, көркем ой жоқ, шатпақтау күлдібадам,
Ұяттан бет қызарып.., келеді күлкім менің...

Бек
bekjigit80@mail.ru
08-01-08 17:27
Ассалаумағалейкүм, ағайын дүр!
Әніме өзіме тән салайын бір.
Шарқ ұрып шартарапты Асандайын,
Ерттеп ап жыр-маямен шабайын, көр!

Несіне мәнсіз сөзді жазайын құр,
Жырыммен жүректерге табайын жол.
Татымды ой тастайын ортаңызға,
Өлеңмен құрақ-шумақ жабайын кіл.

Өмірдің өлең деген сарайын бұл,
Аралап жүр екенсіз талай бұлбұл,
Туған тіл айыр болып бара жатыр,
Ең сұмдық қауіп деймін ағайын бұл!
Сері
shrj81
03-01-08 06:47
Сара қыздар қайда екен айтыс құмар,
Жолын тапқан жеңістің сай тұсынан.
Жабығулы күй кешіп, сарнап кеттім
Шыға келер екенсің қай тосыннан?!
roza
777poza@mail.ru
24-12-07 18:57
keremet aitis eken
Ермекен
07-12-07 13:54
Оқыдым да көңілден туған жырларды,
Күн шуағындай жанға жылы ойларды,
Ізеттілік қазақтың дәстүрлі салтыменен,
Тілеймін жол болсын деп бәріңізге!...

Ыргыздын бир баласы
nurik8383@mail.ru
06-12-07 13:48
Айнур менде сен сиякты айтыскерлеримизге колдау корсетип тындарман болайын. Жарайсындар айтыста казактын онери!!!

шалқар
www.sohu@.com
05-12-07 16:40
қалайсың ардақ?
Айнур
ainur.77
04-04-07 14:33
жарайсындар
Сері
03-01-07 09:14
Камшатқа:
Күн бермей ұйғырларың жатса саған,
Теңізден түріктерді қудық әрман.
Төскейде мал қосылған көршілермен
Қырғи-қабақ күн кешіп біз жатырған!

Достықты ардақтаған ерте кезден,
Жетем деп ойладық па мұндай кезге.
Жырласақ елдің жайын Кәмшат ақын
Қалайша тосылмақпыз арзан сөзге.

Арман боп бұл күндері Баянауыл,
Жер дауы оралды ма қайта ауып.
Жеріміз сатылғанда өзгелерге
Қазағым қоныстайды қайдан тауып?

Тақырып қыз бен жігіт болғаннан соң,
Әзілдеп бір-бірімізге отырған жөн.
Азамат неге мұны байқамайды
Айтысатын кім бар деп қайталайды,
Басқа бет ашып алып айтысуға
Қайыспен неге белді байламайды.
Рефери көріп қалса бұл айтысты
Боларын ұят неге ойламайды.

тема
акынсымакка
01-01-07 21:23
ей акынсымак сен осы типа олендеринди кайдан коширип алдын? маганда айтшы керек еди
Ақынсымақ
24-12-06 18:16
Құрбан келді қуан қазақ, мұсылманым
Жаңа жылдық даурыққа қосылмағын
Мұсылманның мерекесі артық сірә бағасыз
Күндіз жақсы кешке жаманға ауыспағын

Жаңа жылдың соңы жаман әркезде
Болницалар толып қалар, сыртта қалар кей пенде
Ал айт болса тек құттылық болады
Баға жетпес бұл мейрамға ешбір байлық әлемде!

Жеңіс ағам, қабыл болсын айтыңыз!
Әлем, Шасси, және басқа арта берсін даңқыңыз
Кәмшат, Сері тағы басқа дүлдүлдер.
Құтты болсын айттарыңыз, тойлатайық бәріміз.

Айтысам деп кеуде керіп, шіреніп ем басында.
Дәл сол кезде ми болмапты мына менің басымда.
Кел одан да бірігейік жырлап халық өлеңін.
Қосшы мені жас ақынды өздеріңнің қасыңа.

Қорққаным жоқ, аулақ шайтан, азғырмағын адамды.
Мен қорықпастан әрдайым, алға басам қадамды.
Сыйластық қой, дұрыс көргін менің мына сыйымды.
Сыйлау парыз інілерге әпке және ағамды.

Байқап тұрсам ең кішісі мен екенмін осында.
Бәрібір де қалам менен бір парағым қасымда.
Айтысқаннан не шығады? деп түдім мен ойымды
Халық қамы ойлантады тулап менің басымда.

Естісеңдер, жаңа шықты Борат атты кино бір,
Қазақстандық адам болып азербайжан ойнап жүр
Масқара ғой елдің арын түсіріпті жап-жаман
Қазақстанға, ар-намысқа келтіріпті үлкен кір.

Қай кезде де елдің қамын ойлайтын ол ақындар
Басшы жақын болмас оған, халыққа тек жақындар
Солар жырлап, қаламдарын найза еткен қашанда
Кел, бірігіп көрсетейік бірігіңдер, ақындар!

Дінім, тілім, ар-намысым, малым, қаным ардақты
Аллаһ жалғыз, тілім қазақ, ешкім тиісе алмапты
Малым, қаным тек халқыма болсын, тисін пайдасы.
Мен қазақпын абыройлы, мінез-құлық салмақты.

Жауап бар ма?

тема
23-12-06 21:51
Мен журмин Актобе каласында
Жаркырап кошенин ортасында
Сосын уйге келип
Интернетке кирип жатканда
Порно карап отканда
Уйыктап калганда
Тус коргенде
Айтысып жатыппын
Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
23-12-06 20:39
Шасси қайда оныда шақырайық,
Бір топ болып осы жерде бас құрайық.
Сері досымда ерлігін көрсетсінші
Олай болса Қазағым деп ант құрайық.

Расында қазағымның бағыты қайда?
Түріктер мен Ұйғырлардың мұнысы жай ма?
Қазағым 50 елдің қатарына кіреміндеп,
Бүйте берсе ертең басқаның көмегін сұрайды ма?


Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
23-12-06 20:25
Камшат ханымм!
Рас, Камшат сөзіңнің жаны бар
Болса қане ақындар түсініп ұғар.
Әсте ақындар бірін бірі айыптаған мен
Шұқысып та жатпаған болар.
___
Алем деген досым еді
Ертеректе айтысып танысқан.
Ақынсымақ та досым менің
Қорғайын екеуінде қамыштан.
Мысыр елінде де ақынсымақпен
Сәлем беріп құшақтаса қауышқам.


Алем!
Алеке өзіңді таныстыра кетсейші
Ештеңе етпес бір қайталап өтсейші.
Ақынсымақ бір сөзінде уақытым аз деген еді
Уақыты жоққа сенде бір көмек етсейші.

Ақынсымақ!
Алдынғы өлеңдерін оқып шықпадың ба?
Табер едің, уақытқа басыңды тыққаның ба?
Келіңдер Камшат секілді халқымыздың
Қамын жазайық, әлде оның сөзін ұқпадың ба?

(Ер) Ақындарға!!!
Ер деген елдің баласы еді
Неге ел қамын жазбайсыңдар.
Нағыз қазақ еті болсаңдар еді
Біріңнің-бірің айыбыңды қазбайсыңдар.
Мен қыз болып ел қамын жазудамын
Ұятытарың болса менен ғибрат алғайсыңдар.
Деп Камшатжан біздерге тисіп отыр
Мен алдым, сендерде қаруларыңды алғайсыңдар.
Ал ендеше халық қамын жазып өтсек
Қайсысың қане мәрт болып сөз бастайсыңдар?

Ақынсымақ
23-12-06 17:40
Мен дайын қазақ туын көтеруге
Келген жауды кеудеге итеруге
Алем ақын сөзің зілді, ақылың кең
Кел қосыл Кәмшат жүгін көтеруге
Кәмшат
22-12-06 14:41
Жырлатып жатыр менің ақындарым
өлеңге жыр еліне жақындарым
біріңді бірің шұқып жатқаның не?
Басайын мен сендердің тақымдарын

Қазағым көре алмайды бірін-бірі
Сондықтан болар екен елдің мұңы
Шет жақта ұйғыр соғып жатыр бізді
Қор қылып отырсыңдар алтын сөзді

Қаруды қолдарыңа алмайсың ба
Жауыңды тамырымен жоймайсың ба
Қазақтың атына кір келтіргеннің
Мойынын 1800-қа бұрмайсың ба

өзбек пен түріктерден кем бе едік?
Жоқ әлде қырғыздарға тең бе едік?
Қырғызым басшы таппай зар болуда
Қазағым мәңгүрттікке жол салуда

Патшаға дат айтатын ақын екен
Ақынның жүрегі елге жақын екен
Ұсақтап кетпейікші ей қазағым
Көрерменнің болмайық сайқымазағы!

Алем
Ақынсымаққа!
22-12-06 09:16
Осында мен туралы көп жазылған,
Көрмей қалсаң қосақтап көр қазылған!
Көрмей қалсаң көз жасың қапы кетіп,
Көмейіңе құйылам құм шағылдан!

Дәл маған керекемес кім екенің,
Ақынсымақ, ақынба, шын екенің!
Осыдан түйсік болса ұғарсың сен,
Алемнің айтқандары сын екенін!

Айтысқа шықпас бұрын білу керек,
Көз жүгіртіп не барын ілу керек!
Ағынымен айтыстың тербетіліп,
Ағынымен айтыстың жүру керек!

Атыңды жазбаймысың Азамат деп,
Сонда бір айтар едім ғажабат деп!
Құдайшыл болмасамда жібім түзу,
Барым мен отырмызғой қанағат деп!

Ақынсымақ
22-12-06 03:19
Бір көзді шұқып нең бар, Алем ақын?
Мен де өзіңдей адаммын, елге жақын.
Бас салып бұлай айту жарамайды,
Бассаңшы ашуыңды сумен салқын.

Танымасам таныман, бұл айып па?
Кімсің өзі айта кет, сен жалықпа?
Біреулер пайғамбарды танымайды
Ал сенің мына ашуың туралық па?

Балқашты жамандаудан аулақпын мен,
Табиғаты жылатты ұсқынымен,
Рас сөзді жасырайын неменеге?
Қосылып гүлдендірсек, кетеді нең?

Көп сөзбен уақытымды кетірмейін,
Өлеңмен Исламға мен жетелеймін,
Гүлденіп келе жатқан Исламыма
Жаңбыр болып аспаннан себелеймін

Қазақпын деп көп адам мақтанады,
Тақия мен орамалдан сақтанады,
Бата жасап, әумин деп тұра бере
Арақ пенен аяқтап, шаттанады

Ата ана қарайды баласына,
Әлпештетіп өсіріп аясында,
Өсе келе сол бала жауыз болып,
Айқай салар тырп етсе анасына

Жақ талар айта берсең мұның бәрін
Ақындарым келтірші сөздің нәрін
Бос сөздірді доғарып, бірігелік,
Көрсетейік халыққа жәннәт бағын.

Көз шұқығыш болсаң сен Алем ақын,
Шұқы мына көздерді, мен де дайын.
Ақындықпен құлат, жық надандарды,
Сорғалатшы осы жерде сөздің майын.

Шама келсе жасарсың осы айтқанды,
Ал келмесе дұрыс көр сен қайтқанды.
Танымасам таныстыр, жолың ашық,
Күтіп тұрмын, ал қане, отты жақшы!
Алем
Ақынсымаққа!
21-12-06 16:04
Танидау бұл ортада мені бәрі,
Танымасқа қоймаған тегі бәрі!
Таңданардай сөз айтсаң мен қоярмын,
Танимекен бірақта сені бәрі?

Алемге деп бастапсың бұл сөзіңді,
Естімеп ем, білмеп ем, деп өзіңді!
Көзсіз ақын екенсің көрмейтұғын,
Шұқып алса обал жоқ бір көзіңді?

Нашар депсің бар балық Балхашыңда,
Балхаш десе біледі алқышыңда!
Арал жақта мақтайды аралым деп,
Қалып кеткен кеменің қаңқасында!

Көзсіз ақын көседау көрмейтұғын,
Қарсы келіп шапсада өлмейтұғын!
Менде ерігіп отырем шұқылауға,
Бір бұзылған барма деп жөндейтұғын!

Сері
21-12-06 14:56
Мен бүгін дүлдүл болып ағызайын,
Сөзімнен нәр, тілімнен бал тамызайын.
Қақаған қыстың мынау ызғарында
Орнатаып көңілдерге тамыз айын!

Он бес жыл Тәуелсіздік кезең келді,
Аңсатқан талай ғасыр, кезеңдерді.
Өркениет, мәдениетпен қанат жайып
Еліміз көш ілгері кемелденді.

Өлеңмен өрер сөздің әрбір талын,
Жырлары өңшең алғыр, жақұт, жалын.
Арманы бар ма енді қазағымның
Намысты қолдан бермес бар ұрпағы!

Жаймад деп кеңге құлаш ана тілім,
Дабыл сап отыр бірер ағам бүгін.
Осындай мұрагерлі тілім ертең
Көрсе ғой қалай қанат жайғандығын!

Жастарым бұл отауда ойнап күлсін,
Айтысып күш-қуатын байқап білсін.
Қызыл тіл сүрінбесін, көкке өрлеп
Жүрекке өшпестей ғып салған мүсін!
Сері
21-12-06 14:20
Міне тағы қосылды ақынсымақ,
Өлең-жырға өзінше жақынсымақ.
Жайратпақшы Алемді, көрейікші
Қалар екен бұл қалай бағын сынап?


Ақынсымақ
21-12-06 14:05
Алем,саған арнаймын бұл сөзімді
Естімеп ең, білмеймін мен өзіңді
Қарсы келсең сен маған шыдамассың
Талайларға дес берген мен төзімді

Ақынсымақ атандым қарапайым,
Елдің бетін мен өзіме қаратайын
Алдымен танысалық кел екеуміз
Содан кейін мен сені жайратайын!!!
Алем
21-12-06 06:59
Көп күттіріп ортаға Камшат келдау,
Көрсембе деп біздерді аңсап келдау!
Көз жіберіп көрсеңғой жаңалық қөп,
Әлде алыстан ақын қыз шаршап келдау!

Ондай болса Алатау ару қызы,
Жігіттердің көруге зәру қызы!
Небір мықты жігіттер осы ауылда,
Тепсе темір қылыштай қару жүзі!

Көлден ұшқан аққудай, аппақ едің,
Қаншаманың аузына қақпақ едің!
Көз көрмеске өкпелеп кеткендейме,
Көпшілікке қалайша жақпақ едің!

Біз өзіңді келердеп тосудамыз,
Түйген ойды өлең қып қосудамыз!
Тағы ортада ашылды Қазақша чат,
Ары бері шапқылып жосудамыз!

Сері
Камшат
21-12-06 05:39
Қош келдің ортамызға ару Камшат!
Айып па екен біз дағы терлеп жатсақ.
Байтал шауып бәйге алар, егер оны
Ақандайын бір бапкер қосса баптап.

Көп болса менің сырым танысалық,
Толығырақ мағлұмат алысалық.
Қыз-жігіт жастық шақта ойнап-күліп
Қазақ ру отауында табысалық.

Ақтөбе құт мекенім, асыл бағым!
Қалайша сезімімді жасырамын.
Қазақтың намысқой бір баласы едім
Бұйыртса мәртебесін асырамын!

Кәмшат
20-12-06 14:59
Мақтауға келер екен жазған жырың
Мен үшін белгісіз боп сенің сырың
Қазақты бір марқайтып жатыр екен
Ақтөбе кентінен шапқан ұлың.

Әлемге айтар сын да, жыр да басым
Өлеңнің келтіреді сөз сарасын
Қиылып қайта қайта шыға берер
құйса да көмейіне сұр қорғасын

Шассидің аты басқа заты басқа
Жігіттер басы тиіп жатыр тасқа
Бәйгеде бие шаппас деген бекер
Кіл Сері терлеп тепшіп жатыр босқа

Қазақ бауырларыма дұғай сәлем!
Алем
20-12-06 09:26
Айта бер айтарыңды Акынсымақ,
Айтысқа бізде өзіңдей жақынсымақ!
Ал Сері, Жеңіс және Шасси сұлу,
Көрелік бұл жігіттің бағын сынап!
o - o
(OO)
((“)(“)

Сері
Ақынсымақ
20-12-06 08:16
Нашарлау деп жырламақсың туған жерді,
Қырында сан көбелек қуған жерді.
Жырдың басы осындай болғаннан - ақ
Қалай ғана басталмақ думан енді?

Сері
Шасси 5
20-12-06 08:06
Аман ба Алатаудың ару қызы,
Айтысқа атын бұрып, салған ізін.
Шыңына сол тауымның ғашық болып
Шуағын ерте төккен күннің өзі.

Ағытшы әсем жырдың кер маралын,
Дүбірі шапқан кезде жер жаратын.
Алатау бөктеріне жетер ме екен
Шалқытып Ақтөбеден салған әнім?!

Asan
16-12-06 05:14
Oy akindar kaidasindar?

Ақынсымақ
02-12-06 16:31
Сәлем сөздің атасы дейді қазақ,
Ақындарым, қайдасыңдар, бұл не мазақ.
Әншейінде айтысуға дайын тұрған,
Сен емес пе ең, қайдасың, болма шолақ,
Шық айтысқа, көрсетші өнеріңді,
Сөз баста, отырма сен болып сопақ!
Ақынсымақ
01-12-06 20:41
Мен қосылдым мына үлкен айқасқа,
Құр отыру ұят болар шайқаста,
Қарсы келер бар ма біреу, бері кел.
Сөз айтпастан кім екенімді байқаста.

Атым Азамат Боламын Сәден тегі,
Туылған Қарағанды, Балқаш жері,
Суы мол, табиғаты сәл нашарлау,
Бірақ-та, тәрбиелеген мендей сері.

Дінім Ислам, мақтанамын айқайлап,
Отырмаймын, мақтан етпей ашпай жақ,
Құдай деген құр қалмайды дейді қазақ,
Құдайым бар, жалғыз өзі болсын жақ.
Арғы жағын айтпасам да болады,
Өлең жолдан ақылың болса өзің тап.
Шасси №5
01-12-06 16:33
Мен шем1шке бола калсам
Быт-шыт болып шашылмаймын,
Тамагына турып калам,
Демегенше Жакен маган:
"Шык, ойбай, койдым, койдым!" С:

Ал, Сер1, сен сурапсын кайдансын деп,
Мен Дулаттын кызымын Ала Таудан.
Жет1 атамды айтпаймын мен т1збектеп -
Онда мен1 танып кояды гой Казакстан.

Сен Сер1 де, мен Шасси
Айтыса берсен - сен жаксы.
Кыздар жокта кашпасам -
Онда мына мен жаксы С:


Жеңіс Маткаримов
zheniskaz@qazaq.kz
30-11-06 17:39
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Жоқ ау деймін қазақтың қыз-баласы.
Абай атамыздың "ер" деуінде мәні бар,
Мән болмаса қайда екен, қыз сарасы.

Ал Алеке өзіңе әңгіме жоқ,
Шасси-дей ақын қыз әрине жоқ.
Сері досым айтыстың дәмін берген,
Жиналыпты расында мендейлер көп.

Ал Шасси ақындарға бірдеңе де,
Жолыңды сыйладық біз жіңішке де.
Сыйламасақ болмасты Шасси жан ау,
Айналар түрің барғой шемішкеге.


Сері
30-11-06 07:36
Шассидей бердік сәлем батыр қызға,
Жалғыз өзің алысқалы жатырсыз ба?
Құдай жалғыз, сен жалғыз ойлап тұрсам
Жаратқан медеу болсын жаныңызға!

Жырлашы өзің жайлы бір ауыз сөз,
Білейін қандай жанмен болғаным кез.
Еліңді айт, жайлап жатыр қай өңірді
Руың кім, білейікші жайт өнімді?
Шасси №5
29-11-06 12:39
Өй, Сері, келші бері,
Мені аяйтын түк те жок.
Әлем білет менің терім
Түйрегішпен тесілмейт.

Бұл жігіттер кыз кормепті
Қуанганы"ай Шассиге,
Көрпешеммен бірге төрлеп,
Риза боп калдым мен сізге.

Әлем , шырак, енді бірак,
Жалгыз озім казан атпен тартам гой
Өз арбамды , сен аргымак
Мініп алып ушасын гой аспанга"ой!

Көк есекпен тепендесем
Жігіттерге жете алмай,
Дәмеленем: кыздыр келер
Тастап мені кете алмай...

Жәкең кымыз куйып берсе
Сөйлеп кетем артық мен.
Қызга, Жәке, қымыз берме ,
Жетеді аздап төрлеткен.

Айтар сөзің бес дорба боп,
Түбі қақырап тесілсе,
Әлем, енді актар оны, жалғыз қыз деп
Қысылмағың есіркеп.

Тагы айтарым тагы бар,
Айтысайык, бауырлар.
Басқа қыздар келгенше
Жалғыз қызды төмпеште ! С :


Алем
29-11-06 11:07
Досай шырақ,
Босай шырақ,
Таңдап қызды ал дебек!
Алмаған соң,
Шаршағансоң,
Онда жалғыз қал дебек!!

Ақшасы көп,
Жақтасы көп,
Таптау олда қалыңдық!
Онда бізде,
Онда сізде,
Тойлы ауылға ағылдық!

Аузына май,
Астына тай,
Мұндай қызда арман жоқ,
Бағын таппай,
Жарын таппай,
Талай жалғыз қалған көп!

Барайық біз,
Салайық біз,
Ән мен жырды шалқысын!
Билеп жастар,
Күйлеп жастар,
Буындары балқысын!

Сері
29-11-06 06:26
Қыздар қайда
Жүрген сайтта
Хабар сапты деп Алем!
Дайындық тойға,
Досай бойдақ
Үйленгелі жатыр білмесең!

Ақшасы көп,
Қалыңдығы жоқ
Жарнама берген осында.
Тапты деп ару
Боп жүрген зәру
Естідім хабар тосында.

Қалмайық бұғып
Үйіңді жығып
Тігейік тойдың басына.
Бұл тойда болад
Жер-жерден қонақ
Домалар өрге тасы да.

Жиналар атырап,
Семейден Жадыра
Арғын қыз келер арқадан.
Мысырдан Жеңіс
Сыр бойы тегіс
Ат артып келер араға.

Бұл тойға тағы
Сонау Алматыдағы
Наз айтып келер Айсұлу.
Қос ішекте ойнай
Айтысқан талай
Дайын жүр және сан сұлу.

Дайын бол достым,
Ментосты қосып
Кока-кола дайындап Гамбит жүр.
Мықтыны таба алмай,
Ашқанын жаба алмай
Төрағасы Қыран би жүр.

Осындай тойда
Қан тулап бойда
Қыздырармыз айтысты.
Әйтпесе жалғыз
Арада бар қыз
Аяйықшы байғұсты.


Нурлан
28-11-06 18:55
ai barekeldi ! OIDOIT !

Алем
28-11-06 16:30
Қайда бар қыз?
Шасси жалғыз,
Қызды ауылдан хабар жоқ!
Мақтар едім,
Жақтар едім,
Айтарым көп амал жоқ!

Айтшы Жеңіс,
Қыздар тегіс,
Біздің үйге келсін деп!
Шасси қызып,
Карта сызып,
Отыр дей сал сенсін тек!(((

Айтшы Сері,
Бізге тегі,
Келер болса қанша қыз!
Күй күйлетіп,
Біи билетіп,
Отырар ек баршамыз!

Ал ендеше,
Сал ендеше,
Әуендетіп жарсалып!
Сүйреп әкел,
Түйреп әкел,
Отырам мен қарсалып!(((
o _ o
(OO)
((“)(“)

Сері
28-11-06 09:47
Ар ма Алем
Сізге сәлем
Сері келді қасыңа.
Келді бір қыз
Өзі жалғыз,
Жиылған ерден жасымай.
Еркелетсең,
Тілмен әсем,
Шыға қоймас басыңа.
Басынбас-ты
Тасынбас-ты
Біле-білсең досым-ә!

Шассиді балайық біз туған айға,
Сан жұлдыз ортасында тұрғандай ма?!
Тұрсаңызшы бөстектен, төрге отырғын
Бата бермей шомылып, қылаң ойға.

Бес саусақ қайткен күнде бірдей болмас,
Шын тұлпар көк есекке болмас жолдас.
Қырықтың отыз сегізі көз сап отыр,
Сайын емес сіз жаққа біл қарындас.
Алем
28-11-06 08:23
Арпала сып,
Қарбала сып,
Қыздарға да тиермін!
Қыз қылықты,
Ұл былықты,
Бәрібір мен сүйермін!

Жеңіс шырақ,
Байқа бірақ,
Бұқ сам бойды мен егер!
Басынар қыз,
Қасынар қыз,
Ойын ұқсаң сен егер!

Сері қайда,
Бері айда,
Бар жігітті жинайық!
Шасси жалғыз!
Қайда бар қыз?
Келсе бәрін силайық!

Ұлды жыйып,
Қызды тыйып,
Отырғанда келді қыз!
Келді Шасси,
Енді тащи,
Форумдағы белді қыз!(((

Сері
27-11-06 09:58
Алмаспасын қазағымның арға наны
Осы емес пе бабалардың таңғы арманы.
Қисық шыбық түзелер түзей алса
Тәрбиенің тамаша тарландары.
Шасси №5
26-11-06 21:03
Бостег1ме отырайын томпиып,
Кырык ж1г1тт1н ортасында момпиып.
Онкей ж1г1т Саин жакка карайды,
"Занятой" кыздар бу жакка келе алмайды...

Мен т1л1мд1 тартынкырап журей1н,
Каксап-сайрап кашыртпай елд1н урей1н.
Сайындагы сорлы кыздын обалы-
Бул1нгеннен келген булд1рг1ден болады.

Ата-ана тус1нд1рсе ак пен кара арасын
Каршадай боп жугенс1з кетпес ед1 баласы.
Кайран кыздар кез1п кеткен шалшыкты-
Сендерд1 казак суыра ала ма балшыктан?

Жукт1 кызды анасы уйден кумаса,
Жудырыктай немерес1 ай-далада тумаса,
Б1р алданган жас кыз тус1п колына
Онкей кудын, ит-талакта бола ма?

Т1р1 жет1м бала уй1нде жауд1реп,
Аке - мисыз, шеше - куйс1з , тастанды.
Болашагын ол баланын к1м б1лет,
Коргау керек кател1ктен жастарды.

Саиндагы кыздар болды садага,
Токсаныншы жылдын суык жалында.
Алакан жайып кеткен жок казак ел кез1п,
Кудайга шук1р наны уй1нде кездес1п.

Ер-ж1г1ттер, б1лсе оз1н1н орынын-
Шанырагын коргайтын оз1 екен1н.
Азгын болып токпей елд1н намысын -
Сыйын б1л1п адал аппак некен1н.

Сонда кыздар маскара боп кетпес ет,
Ж1г1ттер1, ата-анасы итер1п -
Куздан кулап кулдырап азап шекпес ет.
Мумк1н котер1лер кун кел1п -
Ол жандар тузер жырым-жырым жандарын,
Жерде жаткан кор1нген аяк суртк1леп
Тузей алса карайып кеткен арманын.


Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
23-11-06 21:17
Алеке!
Қыздарды қылтиған тал қылыпсың,
Байқасам біреулерді мал қылыпсың.
Жас келді, достым ау жеңге керек,
Малдарға құртқызбастан үйлен тезірек.


Алем
22-11-06 09:25
Қыз дегенің қылтиған тал емеспе,
Жұпар иісі мұрныңа бал емеспе!
Білмеймізғой әйтеуір кім кінәлі,
Сол шыбықты құртатын мал емеспе!

Мейлің ау сені Жеңіс ұмытқам жоқ,
Ұмытқам жоқ бүтін ес, құнық қам жоқ!
Келер біздің көшеге, сен тілеген,
Қол тимей жүр бітпейтін, былықтан көп!


Білесің біздің ауыл Шардараны,
Қайнаған Қызылқұмда сардаланы!
Тербетілген Дария сол шағылда,
Білмей келген қонақ боп таңқалады!

Қ~орданың күйеу баласы!
Жеңіс Matkarimov
17-11-06 14:18
Алеке сөз мәнісін түсінбедім,
Қазақ қыздардың ба намысын түсіргенің?
Арулар қазақта да жетіп жатыр,
Жә жарар, олда жақсы қабағыңды түсірмегін.

Ал енді билет алуға қашанда дайын тұрам,
Уақытын айтсаң болды Мысырдан тайып тұрам.
Дос ретінде болмаса да жерлеспіз ғой,
Тойыңа шақырмасаң үлкен айып қылым.

Әрине сендей досыммен мақтанамын,
Сенімен айтысқанда иісін сезем Шардарамның.
Сөздеріңде балтамызып шарлап жүрғой,
Интернеттерін шұқылап бар ғаламның.


Сері
17-11-06 14:17
Алемге:
Тілепсің Серінің сен амандығын,
Шашқандай ма күн көзі маған нұрын!
Атам берген білімі фольклор да
Құжаттану оқыған мамандығым.

Сән берер көлге аққу мен қаз емес пе?!
Жігітке жетпіс те өнер аз емес пе!
Ақтөбеде ақын көп, соларменен
Жағам жайлау, көңілім мәз емес пе!

Үні шықпас жалғыздық жарасады
Құдайға тек, сөзіме кім таласады.
Қуандық, Сағи, Ізтай салған іздер
Бүгінгі жас ұрпақпен жалғасады.

Қай жерден боласың сен Алем ақын?
Білсін жұрт қандай жерге өлең жақын.
Жырлап өт тамсандырып қонақтарды
Білемін, жетед күшің, тілің алтын!

Шасси №5-ке:
Ризамыз келіп жатсаң Сара боп сен,
Қонақты қазақ жоқ қой сыртқа тепкен.
Бұйырған маған дәмді бөлісерміз
Отырам деп бөстекке қылмай өкпе.

Біржандар өңшең іші киіз үйдің,
Көтерер кезі келді көңіл-күйді!
Алем жүр келгендерді қарсы алып
Аузына қонақтардың тосып сыйды.

Сопиып тұра бермей енді шетте,
Домбыраңды ал,
Айтысайық кел ізетпен.
Айдынында әсем жырдың жүздірейін,
Өзің де түсінерсің сөз мерейін!
Алем
17-11-06 11:20
Жеңіске!

Аманба Мысырдағы күйеу бала,
Майысқан қарындасқа сүйеу бала!
Қырғызбен құда болар жайымызбар,
Қалдығой жүкті атқа түйеу ғана!

Алем
17-11-06 11:04
Шассиге!

Қош келіпсің, орын ал ортамыздан,
Ортақ болғын дәм татып сорпамыздан!
Көрмегелі көп айдың жүзі болдау,
Көрген білген айта бер олжаңыздан!

Алем
17-11-06 07:16
Біржан болсаң қыздарда саған Сара,
Сайын жолын біледау жаман бала!
Сері екенсің байқадық Біржан сымақ,
Бәрін қойда ендеше маған қара!

Сері сен түстің босқа сергелдеңге,
Сіздің жақ біздің жақ пен тең келген бе!
Сен шығар сол өңірге ақын біткен,
Сүйре ліп құлап қалма мен гелгенде!

Бәрінен де керегау амандығың,
Сенен басқа домбыра алады кім!
Білетінім сен жалғыз Ақтөбеден,
Айтқандай кім ай сенің мамандығың?(((

Қ~орданың күйеу баласы!
Жеңіс Matkarimov
17-11-06 01:21
Алемге!
Достым деген Алемім! Амандық қайда?
Сәлем берген едім, мұның жай ма?
Кезікпегелі көп күндер болып өтті,
Жаңалықтар жиылған болар бірнеше айда?

Шассиге!
Ал Шасси сенде Алемнің жолындасың,
Тақырып ұсынған ем, қане орындалсын.
Жалғыз өзің айтысуға жарармысың,
Бірнеше жігіттердің торындасың.

Серіге!
Сереке Сара келді Шасси №5 деген,
Айтысқанда ешкімге бас имеген.
Дұрыстап айтысуға шақырып көр,
Ақын болсаң затыңа тас тимеген.
Сері
16-11-06 06:24
Ұлтың деп бөлек пе еді сенің жайың,
Өлеңмен ағызасың сөздің майын.
Ақтөбелік Біржандар деп бөсесің сен
Аралап көшелерін жүрген Саин.

Көрген соң еніп едім осы саитты,
Сара жоқ деп Алем маған ақыл айтты.
Болмаса неғып жүрсің сенің өзің
Түсіне алмай отырмын осы жаитты.
Дорба асынып кетсеңші диуана боп
Саин бойын жағалап, ақыл айтып.
Табылып қалса әйтпесе, не істемексің,
Сіңлісі сол Сараның жыры әйдік.

Жүрсін Ерманов
16-11-06 02:12
Пау де!! Жүлдеге машине!!
демеуші referi.
Baurzhan1988
Baurzhan1988@yandex.ru
15-11-06 22:50
Люди! Помогите маған найти сочинение *Сөздік туралы* пожалуйста!
Baurzhan1988
Baurzhan1988@yandex.ru
15-11-06 22:48
бәріне сәлем!

Шасси №5
15-11-06 21:42

Тура бермей сопайып мына шетте,
Мен де келд1м жагалап ки1з уйд1
Торге шык демесе де б1р бостекке
Осы Алем отыргызар сыйлап б1зд1.

Мен енд1 Сара болып жыргатпаспын,
Б1ракта кыздар жокта кеп кетей1н.
Ж1г1ттерд1 жен1п мен киратпаспын,
Сонда да тобемд1 б1р корсетей1н.


Алем
13-11-06 15:26
Сараны достым Сері сұрамағын,
Білсеңғой қайда екенін жыламағын!,
Баяғы Саралардың орны бөлек,
Сондықтан істедім мен бір амалын!

Саралар Сайн бойын кезіп жүрғой,
Ұлтыңның арнамысын езіп жүрғой!
Өзіңдей талай Біржан Ақтөбелік,
Солардың қыр соңынан безіп жүрғой!

Сері
13-11-06 10:51
Мың алғыс айтамын мен Алем саған,
Қонақжайды өзіңдей қайдан табам!
Ат терлетіп Ақтөбеден келгенімде
Сара орнына үй ішінен қарсы алған жан.

Алем
10-11-06 13:25
Жанна,
Сенбесең сенбеймінде қарындасау,
Сол үшін күйіп олда жарылмасау!
Ол жігіт сүйемін деп айтып па еді?
Шын сүйсе сенен басқа табылмасау!

Бұл күнде қыз қорқатын заман емес,
Қыздарға көрінгіш қой қой жаман елес!
Дегенмен сөз айтқышта жігіт тер бар,
Сақ болғын сондайлардан, адам емес!

Серіге!
Бұл үйде Саралар жоқ, өңшең Біржан,
Бар болса келер Сара үйге кір жан!
Алыстан ат терлетіп қайдан келдің,
Тамақ ал, қонақ болғын тарқын бір дәм!

Сері
10-11-06 06:27
Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері?
Айтысуға келді бір ақын-сері.
Сезім-от, жүрегім-жыр, тілім-тұлпар,
Кешегі Ақан,Біржан сынығы едім!

Жалын жыр арулардан күтейікші,
Үмітті ешқашанда үзбейікші.
Маржанын асыл сөздің теріп-жинап
Шарықтап жыр-айдында жүзейікші!
Жанна
09-11-06 08:11
Замандастар жауап беріңізші.Келіп жүрген жігітке мен саган сенбеймін деп айту дурыс ра?Акыл айтынызшы.
Жеңіс Matkarimov
egipt_2006@mail.ru
09-11-06 04:17
Алем досым! Қал қалай? Аманбысың,
Жаңалық айт, жақсы мен жамандысын.
Қыз тауып үйленуге ниеттеніп,
Жаныңда ма сүйікті адал құсың.
Жеңіс Matkarimov
egipt_2006@mail.ru
09-11-06 04:05
Шасси жан! бердім сәлем амансың ба?
Тақырыпты мен таңдауды қалыпсың да.
Ендеше достым Алемнің дегеніндей,
Керемет тақырыпты басқа жерден табарсың ба?

Мен таңдайтын тақырып,
Иман, Отан тілім және дін.
Кел жырлайық өрбітіп,
Күйің болса көнетін.
* * *
Қазақ тілім деп те жүр,
Орысша сөйлеген қазақтар.
Мәңгүртке оларды санар ем,
Кез келді ау сараптар.

Өз дінінде ұмытқан,
Кейбір мәңгүрт қазақтар.
Соны көрген басқалар,
Қолын сілтеп мазақтар.

Сонда кімдер болдық біз,
Бұзылудамыз зорлықсыз.
Кел талқылайық осыны,
Болмас енді орнықсыз.


Алем
alem101@Mail.ru
08-11-06 07:31
Бұл ақын Мысырда жүр Жеңіс деген,
Көңілі кең ешбір жанмен керіспеген!
Ілімі дін жайында, имандылық!
Сұраңыз пікір болса келіспеген?

Жеңіс жан айналайын әріп тесім,
Айтыстың ашқан алғаш әліп песін!
Тілегім, дала қаандай?, дарынды бол!
Артыңнан келер ұрпақ дәріп тесін!

Шасси №5
Жен1с Маткаримовке
08-11-06 01:09
С1з кел1пс1з айтыска, Жен1с-жаке,
Салем берд1к и1л1п, аманшылык,
Кур гулетпей оншен туртпек, келеке,
Жобалайык орынды б1р такырып.

Не ойыныз бар, жол берей1к ж1г1тке,
Тай-таласып ер адаммен белдеспей?
Жарк етк1з1п ортага саныз кеп егер
Соз1н1з болса журген б1зге кез1кпей.

Ж1г1ттер мен кыздар келер кызыгып,
Корей1н деп мына айтыстын кызыгын:
"Шасси мен Жен1с айтыстын майын тамызып,
Жатыр екен-ау куп-культурна жарысып.
Кур калмайык", - деп жетер бар1 жанушып.

Ербол Албан
07-11-06 19:50
Баршаңа сәлем бердім,Ербол атым
Жасымнан жүрегіме өлең жақын
Оу, ақындар ортаға мен қосылам
Ертең кеп жалғастырам сөздің басын.


Жеңіс Matkarimov
egipt_2006@mail.ru
06-11-06 03:20
"Ой-дойттеп" айтыссаң мен оралдым,
Әрине кешірерсің ұзақ жоғалдым.
Қасиетті оразаны аман-есен шығарыб салып,
Өздеріңмен айтысуға жөн алдым.

Айтысатын бауырларым қайдасыңдар,
Сөз айтып айтысайық пайдасы бар.
Сөздеріңе мән берген мына халқым,
Өздеріңді ой-бәрекелде деп айдай силар.
Жеңіс Matkarimov
Шассиге
31-10-06 01:55
"Ой-дойттеп" айтыссаң мен оралдым,
Әрине кешірерсің ұзақ жоғалдым.
Қасиетті оразаны аман-есен шығарыб салып,
Өздеріңмен айтысуға жөн алдым.
Шасси
Алем
15-09-06 00:49
Алем, сен1 - батыр деп мен мактап журм1н,
Барша ел, акын, кыз- ж1г1тке улг1 ет1п.
Сен болсан бакшадагы кайгылы байкус кыздын
Сурамапсын неге сонша ег1лген1н дат1н жет1п?

Енд1 корсен ондай жанды сурап, деме,
"Уят кой, бейтаныс кой, не дейм" - деме.
Дер кез1нде айтылган бес жылы соз -
Кымбат кой бес жуз созден айтылган ертен1не.

Ост1п, Алемд1 де шытагыммен акырындап
Б1р турт1п кетей1нш1 кел1п жкынырак.
Тыныш журмей оз жон1ммен сыпайылып
Артык кетсем, кеш1р1п кой, Адем-шырак...


Шасси
15-09-06 00:13
Бургеше кадалмаса отк1р созд1н ман1 болмас,
Алыстан ойсактасак айтыстын ар1 калмас .
Айтыскан сон кагайык аямай-ак шан-тозаннан
Барлык жука-кет1к жерлер1н бул заманнын.

Демократ боламыз деп майыссак жон болмайды
Дегендей:"Сыпайы аязда жаурамайды - калтырайды".
Сыздауыктын озектер1н суырып алып емдеу керек,
Ом1рд1н шырмауыгын ашык айтып жондеу керек!

Ой, Жаке, сен мен1 сатпасан маладесс1н,
Сататындай, арине де мен мал емесп1н.
Одан да айтысып кор бубулдай боп,
Б1з де сайрап калайык,"ой-дойттеп" каласа коп.


Жеңіс Маткаримов
Камшатқа
13-09-06 22:15
Камшат ау, сенде қайта орылдың ба,
Рахыметіңмен кете барып ең, жөн алдыңда.
Енді келіп жалт етіп жабысатын,
Жәндік болып, бүргеге айналдың ба?

Жә жарар, аман есен жүрсең болды,
Тек қуанышты өмір сүрсең болды.
Алла әмірлерін итағатпен орындаудың,
Болар еді сауабтарын білсең оңды.

Жеңіс Маткаримов
Шассиға
13-09-06 21:56
О, аман есен қош келдің Шасси ханым,
Айтысуға дұрыс болды шақырғаның.
Сенідағы сатуды оламаппын,
Есіңе мұндай сөзді қайдан ғана таптырғаның.

Ренжімессің көп болды жауаб жазбағалы,
Терең ойлап ақыл ойды қазбағалы.
Расында Алем айтқандай көптен бері,
Шығып еді шыбынның ызыңдары.

Сондықтан шаршадым шыбын ызыңынан,
Ойладым осы жер мақрұм болды қызығынан.
Қанша дегенменде сағыныш жібермейді екен,
Кете алмадым осы форум сызығынан.
Қайта келіп табылдым ақындардың хұзырынан.
Алем
13-09-06 18:27
Жазғы көңіл жапырақтай серуендедім шамалы,
Көргім келіп саябақты күздің қандай ажары!
Қоңыр салқын бақша іші тербетілген ағаштар,
Түсіп жатыр жапырақтар, жеткендей ме ажалы!

Келе жатсам терең оймен самғап ұшып қиялдай,
Бір бой жеткен отыр жалғыз көздің жасын тиялмай!
Жан жағында ешбір жан жоқ бұл неғылған қыз дедім?
Қимасынан айырылғанба өз өзіне сиялмай?

Білді мені білмегенсіп айналаға қарайды,
Бір мезетте бас қайғысын артқа тастап талайғы,
Көтеріліп орындықтан маған ізет көрсетті,
Менде тоқтай не дерімді, кеттім ары жарайды)))

Камшат
13-09-06 08:53
Алем сірә жалықтың ау сен мұнда
Қырандарың қалықтап жүр кел шыңға
Құлан сайға құлағанда дәм етіп
Құрбақалар ойнап жүр ғой құлақта.
***
Тыныш отыр едім мен де бүркітше
Айқайлап сен болмай қойдың түрткіштеп
Кел жырлайық, алтын сапты қаламды ал
Жабысайық әр бір сөзге бүргеше
Шасси
12-09-06 15:41
О, жасаган, жасаган, акындар буг1н кашаган.
Шыкпаса казак айтыска - не боп барады бу заман?
Жалгыз Алем баягы би1к устап жалауды
Алга шыгып сойлейд1 аямай кум1с комейд1.

Калган акын байрагын кайда атып ж1берген?
Кыз, ж1г1ттер , кайдасын, жана батыр к1и екен?
Неден коркып жатсындар бата алмай келуге?
Алде онер1н жетпей ме тулпар аттай желуге?

Ал, ендеше Алемжан, айтыса гой мен1мен,
Баста созд1 оз1н-ак, мен де 1лесем жон1ммен!
Кеткендер кете берс1н, тепелеп тезек терс1н,
Карындары тойганда шуркырап кайтып келер,
Кайтып кел1п, кокей1не туйген соз1н айтып берер.
Шасси
12-09-06 15:20
Кеткендер кете берс"н?
Алем
11-09-06 16:24
o o
(OO)
((“)(“) Қайда кетіп қалдыңдареу?

Алем
08-09-06 13:26
Мұнда сірә ешкім жоқпа ызыңдайды шыбындар?
Қайдасыңдар қырандарым қарсы алыңдар шығыңдар!
Қайда құрбы құрдастарым құшағымыз кең еді,
Сендерсіңдер шабыт берген Асқартаудай шыңы бар!

Шасси
05-09-06 01:20
"Заманын тулк1 болса, тазы болып куала"
- Деп казекен бекер айтпаган.
Буг1нг1 кунде улдай болып кыз бала
Оку окып, мал таба да бастаган.

Б1см1лла деп тузу соз Жен1с бастап ед-
Оны уйып, тындады бар мусулман.
Сур1н1п кетт1-ау б1р заматта, каска кеп -
Аузына к1р1п селк1лдеген жын-шайтан.

Бес мартебе жаясыз ба жайнамаз?
Ораза устап, шылым шекпей, болмай мас?
Жок, алде с1з кос аттылып шапкылап,
Журс1з бе тек уш токалды армандап?

Алем батыр жалгыз ед1 жулдегер,
Каз1р мунда онкей ж1г1н келген бе, ей?
Кыздар отыр тым-тырыс боп ундемей,
Алып-кашып кетер ме Жакен дегендей...

Мае алыста жургенде, кулактарым дуылдап,
Бул форумга к1ргендер жатыр екен шуылдап.
Енд1 м1не жетт1м мен кыздар жагын кобейт1п,
Жаке, б1рак сен мен1 сатып ж1берме кор ет1п.


Жеңіс Маткаримов
31-08-06 23:56
Мен дағы Шайтан сөзіне еріп кеттім,
Бірақ айтыста ол айыб емес.
Сен өзің ақынсың ғой білесің,
Саған ол түсінбейтін ғайыб емес.

Гүлназ жан екінші әйел Исламда да Қазақта да,
Бұрыннан келе жатқан салты бар білемісің?
Жайғана ұсыныс жасап көргенім ғой,
Жоқ алі сен түсінбей жымиа күлемісің.

Жә жарар тақырыпты өзгертелік,
Бұлай кете берсек дұрыс болмас.
Арабша сен бастаймын деп ең қаласаң,
Үйретейін немесе арабшаңда дыбыс болмас.


Алем
31-08-06 18:40
Мика!
Сен емессің арманымды алақашқан,
Ала қашқан жеткізбей дара қашқан!
Алдадың айтысамдеп сонша неге,
Алемді өз жөнімен баражатқан!
Жеңіс!
Ал Жеңіс нағыз ақын анық болдың,
Арнауың Алатаудай қанық болдым!
Бас сауғалап кеткенбе біздің қыздар?
Жазам депақ өлеңді жанып болдым!
Жантик!
Ал Жантик қайда жүрсің айдың жүзі?
Күте күте шаршады байдың қызы!
Болсыншы есен аман дедіау Камшат,
Жазғаның жоғалғандай тайдың ізі!

Жантик
30-08-06 18:29
Отырмын айтысты мен тамашалап
Дін туралы қалыпты сөз басталып
Күнә мен кіналарды шайу үшін
Форумда ақталудың қажеті жоқ.

Алемжан қатты мені сынаймысың
Камшатты күтірдің деп айыптайсын
Күттірсем Камшатжаннан отырып мен
Сұраймын кешірімді, ренжітсем.

Жол болмай жүр-ау, барар Аламыға
Шығалмай жүрмін мына Атырауда.
Қыдырып бару ойым болған
Үзіліп қалдау үмтім баяғыда.

Камшатжан таптың ба сен сүйгеніңді
Күйеуге кетпеп пеең көктем күні
Кетпесең, күтермісің бір өзімді
Жар қылып алу ойымда бар
Келіссең егер аламын бір өзіңді


Жеңіс Маткаримов
zhenis_2006@mail.ru
28-08-06 15:48
Ағайындар армысыңдар
Мына алемде бармысыңдар?
Жеңіс Маткаримов
Алемге
23-08-06 00:25
Дін жайында айтысайық деген сөздерім ғой,
Келісіп сөз жазғанда өздерің ғой.
Түсінбеген сұрақ болса қойсыншы деп ойлағам,
Жауабы туралықты көрсететін көздерің ғой.

Ал Алеке ондай болса сөзді баста,
Тақырып сен жақтан болғай еш бір саспа.
Сен сияқты білетіннен сұрақ сұраған,
Мен ау мүмкін айтыңдаршы сол бір қасқа.


Алем
22-08-06 15:40
Жеңіс жан айналайын інім деймін,
Қиынды қиыстырсын тілің деймін!
Тақырып Қыз бен Жігіт айтысығой?
Болсада керек бізге дінің мейлің!
Жеңіс Маткаримов
21-08-06 20:22
Ай, Алеке қорқақпыз деп, не дегенің,
Қорқақ болмаушы еді ер дегенің.
Нағыз Мұсылман сен бола тұрып,
Қалайша жайдан қорқып терлегенің.

Мұсылмандар еш теңеден қорықпау керек,
Палшығада пал аштырып жорытпау керек.
Егерде Ислами амалдарды білмес болсаң,
Білетіндерден сұрап-сұрап сорттау керек.

Жеңіс Маткаримов
21-08-06 20:08
Камшат жан қалың қалай жақсы ма?
Тани жүрген кімге болсада жақсы да.
Айтысқанда кім екенін білмесең,
Сөздің мәні түгілі болмайды екен парқы да.

Ал Мика сен болсаң айтысайық деп едің,
Біраз болды бір хабарын бермедің.
Өзіңді де танысуға шақырамын,
Мүмкін әлі сөз таппастан терледің.
Камшат
21-08-06 10:28
РАХМЕТ, айтқаныңның барлығы дұрыс!
Жеңіс Маткаримов
Камшатқа
21-08-06 09:36
Тәубе етсең Аллаға күнәларды,
Кешіреді де өшіреді,
Орнына тәубе еткенің үшін,
Көптеп сауп көшіреді.

Рақымы мол ол Алланың,
Абай атамыз растаған.
Қара сөзін оқыған болсаң
Намаз оқуға қазақтарды бастаған.
Шәкәрім, Ыбырай басқа кім болсада,
Ақындардың еш біріде Құдай әмірінен аспаған.

Айтайын дегенім Камшат жан!
Намаз оқуды бастағын.
Егер болса жалқаулық,
Оны тез - ақ, тастағын.
Менің айтар ұсынысым осы,
Мені сөгіп тастамағын.


Камшат-ау! Айтшы басқа кімде бар?

Дінде бар Арақ ішпеу,
Айтшы басқа кімде бар?
Дінде бар әке-шешені сыйлу,
Айтшы басқа кімде бар?
Дінде бар туысың мен көршіңді сыйлау,
Айтшы басқа кімде бар?
Дінде бар таза жүріс, тазалық,
Айтшы басқа кімде бар?
Дінде бар Жаратқанды таныту,
Айтшы басқа кімде бар?
Дінде бар өз отаныңды сүю,
Айтшы басқа кімде бар?
Нағыз таза некелік перзенттер де бар,
Айтшы басқа кімде бар?

Сайн менен Сейфулинада Бұзықтар көп,
Діннен таппассың ондай жоқ.
Арақ қуған бомждар көп,
Діннен таппассың ондай жоқ.
Бір біріне шөп салу көп,
Діннен таппассың ондай жоқ.
Өз еліңмен, елбасын жамандау кеп,
Діннен таппассың ондай жоқ.
Бұл Фәниде қайғылар көп,
Діннен таппассың ондай жоқ.
Өсек, өтірік, мақтншақ,
Діннен таппассың ондай жоқ.

Міне осыларды сезіп көр,
Құран ішін кезіп көр.
Дұрыс тісініп, жамманнан,
Тұра қашып, безіб көр.
Сонда бақытқа сен жетерсің,
Жақсылықпен жаманның
Шешуін енді шешіп көр.


Камшат
18-08-06 13:55
Қалайша жуып-шаям жүректегі кір ізді
Оған шипа табамын ба айтыңдаршы мен өзі
Жалғыз Құдай төбемізде оған кәміл сенемін
Сенуге де шақырамын қазағы бар ел-жүзді.
Камшат
18-08-06 13:39
Бәріміз біз пендеміз, ісіміз де пендешілік
Шыр етіп дүниені ашқанымнан-ақ қу тіршілік
Істеген кінәм менен күнәм үшін
Жалбарынсам Алладан, жасасам шүкіршілік
Оң батасын бере ма Құдайылық үшін?
Жеңіс Маткаримов
КАМШАТҚА
18-08-06 10:02
Ал ортаға тастайғой сұрағыңды,
Қолдан келгенше талқылап бір көрелік.
Дін жайында болса егер сұрағың,
Күйің болып тұр, тура Жұмаққа жөнерлік.
Алем
18-08-06 07:23
Дін жағынан мендейлер шорқақпызғой,
Жоқ деп алып құдайды, қорқақпызғой!
Ниеті түзу жанды кешірер деп,
Оқыса біреу құран ортақпызғой!

Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
17-08-06 16:34
Мика - жан! Камшатты жақсы сыйлаймын,
Пікірлерін разы болып жинаймын.
Қазақ.руды сусындандырып тұрған сол,
Дей отырып, жақсылықтың барлығын
Камшат қыздан қалайша мен тыйғаймын.

Мика қыз! қазақша мақалдатып,
Сөз қозғапсың айтысуға мақамдатып.
Қыз бен жігіт айтыссақ айтысайық,
Сылтау етіп сайысымызды шапандатып.
Сөз құрап ана жақтан, мына жақтан,
Айтысымызды қыздыра қақаңдатып.
Камшат
17-08-06 15:46
Мен деген бұл дүниеде ақын емес
Ойымда ақындыққа жақын емес
Затымның аты қазақ болғаннан соң
Жыр жазу жүрегіме зақым емес.

Микажан, айтысқа бізді шақырыпсыз
Қызықсыз болар айтыс тақырыпсыз
Ортаға ойда жүрген мәселеңді
Тастағын, айтысайық ашынып біз.

Жеңістің ойы менен санасы бар
Құдайдың аясында панасы бар
Айтыссақ айтысайық дін жайында
Меніңде ол жағынан сұрағым бар
Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
17-08-06 15:26
Алеке Мика айтқандай Немісің не?
Жоқ әлде жақтырмаған тебісің бе?
Жеңістік деген қуаныш, шаттық өмір,
Сол үшін мен айыпты кеміспін бе?
Алем
17-08-06 15:19
Микош ау сәлем қайда миың жоқпа?
Алемге сені күткен сйың жоқпа!
Жеңістің түрі көпқой білмегенсоң?
Табысу ол Жеңіспен қиынбоппа!

Күттімғой қарасам деп дидарыңа?
Дұрыстау не берсемдеп силарыма!
Жоғалып қайта кепсің ортамызға,
Сын айтып өлең шумақ жинағыма?
Мика
Алемге
17-08-06 10:43
Намысың жібермей - ау берісуге,
Камшатпен айтысатын теңісің бе?
Жеңіске тәп-тәуір ақ әңгіме айтып
Отырып, лағып кеткен немісің не?

Алем батыр, сен сөзді салтымен айт.
Төмендетпей өзіңді нарқымен айт.
Әр сөзді өлеңім деп жаза бермей,
Жырдың да, өлеңнің де парқымен айт.
Мика
17-08-06 10:34
Камшатжан менің сіңлім, бәлкім әпкем,
Өлеңмен, жырыменен сөзін төккен.
Қазақ.ру сайтымыздың көркіндей ол
Өз пікірін жазады талай көптен

Дәстүр бар қазақ деген халқымызда
Қыз бен қыз айтыспайды салтымызда
Сондықтан қыздар бір жақ, жігіттерден
Айтыс кел, шамаң келсе шартымызға

Жеңіс батыр, жеңсеңіз шақ тұрамыз,
Жібек түгіл алтын шапан жаптырамыз.
Той жасап, форумшылар алдына кеп,
Алтыбақан, көкпар да тарттырамыз.

Жеңілсеңдер жігіттер бірақтағы,
Жігіттің өз намысын құлатқаны
Жеңу деген баршаның мұрат бағы
Онда болар мынау барша жұрт алдында
Мика мен Камшат қыздың сұратқаны.
Алем
16-08-06 06:30
Бұл өзі қайдан келген, аты Жеңіс?
Құрыған баяғыда заты Неміс!
Ол соғысқа алпыс жыл өтті емеспе?
Ұмыттыау оны жастар, бәрі тегіс!

Мейліғой ақынды біз жақтырар мыз,
Камшатпен қатар қойып шаптырар мыз!
Жарсалып шақырғансоң Ақын қызды,
Біз оны қайда тығып жатқызар мыз?
Жеңіс жан жеңіп шықсаң Шелек қызын,
Арқаңа жібек шапан жаптырар мыз!

Жеңіс
Ақындарға
12-08-06 08:04
Камшат ау, қайда кірсем сен жүресің.
Мүмкін әлі айтысып сен көрерсің,
Салемімді жолдаймын мен өзіңе
Менімен айтысқалы кепті деп білерсің.
Жеңіс
Ақындарға
12-08-06 07:54
Қызық болсын сөз айтайық Дін жайында,
Бұзылғандарға ақыл айтып мін жайында.
Осылайша жеке тақырыпта айтысайық,
Түсініксіз болып кеттау,
Айтысудамыз айтыңдаршы кім жайында.
Әлдекім-нен
aeromechanic@mail.ru
11-08-06 14:04
Ой жарайсыңдар.Бәрекелді... қане енді қыздар жағы... :))
Мика
11-08-06 13:31
Иіліп сәлем бердім ақындарға
Халық бар артымызда мақұлдарға
Ешкімнен кем болмайтын өлеңім бар
Ендеше айтып қалам хақым бар да.

Жыр мен өлең бастасам
Шумақтап сөзім сырғиды-ай.
Қыз - қырқынмен айтысып
Алемжан, болдың ырғидай.
Сөзге тоқтау бермейсің
Қоймассың сірә қылжимай.
Шасси ақын тағы бар
Ол десе жүрек бұлқиды - ай.
Нұрғиса ақын келіпті.
Жоғалып кетіп жыр жинай,
Кәмшат деген ару бар
Арпа ішінде бір бидай
Сол бидайға үш жігіт
Қарап отыр қырғидай

Өлеңге жақын сап ек іргемізді
Жақсы сөз қалсы онда бізден ізгі
Домбырамды үкілеп мен де шықтым.
Байқаңдар шаппай алам жүлдеңізді.
Алем
11-08-06 09:39
Сарқылғанда шабытты, сабылдырып,
Шақырдыңдар қайтадан сағындырып!
Күте күте шаршадым сендерді де,
Жібергендей жанжаққа жаңылдырып!

Жантикті жоғалтқалы талай күндер,
Өттіғой Атырауға қарай күндер!
Алыс деп айныдыңба Алматыны?
Камшатта қиялболдау санай күндер!

Келсеңғой күтер едік қадірліғып,
Қосар ек Ай мен Күнді шағылдырып!
Келермеді қалыңмалға бір бекіре,
Қалдырдыңау үміттен қағылдырып!

Шассидің білмей жүрмін кім екенін,
Байқаймын Ұлдан көрі Қыз екенін!
Қыздыңда қызы барау жарықтығай,
Таңдайтын білсе шіркін біз екенін!

Тағыда шықты ақын Нұрғисадеп,
Нұр ақын шұқып өттау қырғишакеп!
Шын ақын Нұрекеңде күмәнім жоқ,
Біздерге бос ауқыттан бір қиса тек!

Жантик
10-08-06 16:05
Алем, Камшат Амен есен бекен
Айтысқа қалам алып кеген екен
Көп болды өздеріңді көрмегелі
Айтыста кім жеңімпаз болар екен.

Мен дағы Жантик атты көрерменмін
Сіздердің сөздеріңнен көгерермін

Нұрғиса
09-08-06 13:56
Аман ба маржан сөзге бас игендер
Нарқын білсең форумда тасиды өлең
Іргеде бұғып жатса жазармендер
Көңілің толқи ма екен, ашиды ма екен?

Әлем тұр күллі әлемді қаратардай
Кәмшәт та Сараларға парапардай
Қазақ сөзі шөкпейді, шөкпек емес
Ел барда әзиз сөзді жаратардай

Танатыңдар қанеки бас өнерді
Өз қотырын базбіреу қаси берді
Араларың тым сиреп кеткендей ме
Шақырып келсеңдерші Шассилерді...

Камшат
07-08-06 10:29
Жиналған кіл дарабоз ақындарға
Жолдаймын дұғай сәлем жақындарға!
Алем мен Шасси ақын айтысқанда
Шәй ішіп тыңдайыншы нарқым бар да.


Elga
07-08-06 09:55
Шасси шаршама.
Алем
Шасси
07-06-06 11:08
Қашып кетсем Камшаттан, қайтып келем,
Желбіретіп ақ жалау достасуға!
Жақсылығын жырлаймын, айтып келем,
Жамандығын қалдырып қоштасуға!)))
Шасси
06-06-06 02:27
Домбырам мен1н ук1л1, каз мойынды.
Сынса егер базар кун1 жанасын сатып алам.
Табылмаса думб1рлеген саздысы коныр унд1,
Сияга б1р малып ап, колыма алам калам.

Соз тапкыш, акын, Элем батыр,
Камшат кыз бер1 карай келе жатыр.
Асып-тус1п оз1ннен озып кетсе,
Уялганнан кор1нбей кашып кетпе.

Алем
05-06-06 11:33
Шертедау Шасси шығып домбырасын,
Шерте бер домбыраңды тоздырасың!
Камшатау қыз әдемі ақылды деп,
Мендейлерді сен қайдан оңдырасың!
Шасси
04-06-06 08:31
Жаман ж1г1т жок екен,
Койлектер1 кок екен.
Мына жерде, ш1рк1н-ай,
Жаксы ж1г1т коп екен!

Кон ет1кт1с1н жактырмай,
Кок ет1кт11с1 таптырмай,
Бойдак журген кыздардын
Барлыгын мунда шакырса-ай!

Кел1ндер кыздар, кел1ндер,
Мандайынан б1р шерт1п,
Мыктыларын тер1ндер.
Осалдарын алдарына айдап сап,
Сыбагасын бер1ндер.

Ален, енд1 сен кашпа.
"Жаспын, окуым бар,
Жалакым аз, калтам саяз."
- деп сылтау таппай.
Камшат
02-06-06 09:34
Сақтансаң сақтан Алем сөздерімнен,
Кірпігім жауып тұрған көздерімнен,
Қыз шіркін, ақылды ғой, әдемі ғой,
Кінәнің бәрі мына өздеріңнен!
Mani
01-06-06 22:35
)]sorry///
aforta.narod.ru
///
Қазақша рефераттар
соңғы жаңару: 2/06/06
Алем
01-06-06 11:44
Тентек ау сені кім деп мақтанайын?
Жеңілсем табаныңда тапталайын!
Қолыңа алшы найза (ручка) төбелескіш,
Менде бір ударыңнан сақтанайын!

Камшат
01-06-06 08:53
Абысын бетке қарап күлсе- күлем
Сыртымнан жамандаса оны білем
Кеш батып ел ұйқыға кеткен кезде
"Бросок через левое плечоға" бір түсірем;)


Алем
01-06-06 08:12
Батыр келін болсаңғой жаман емес,
Абысынға елестер жаман елес!
Бетке күліп сыртыңнан айтар еді,
Осы біздің жас келін адам емес!

Камшатау болмас саған сын айтатын,
Сын айтатын қорықпай мін айтатын!
Батыр туар келінді құрметтер ем,
Ұрпағын бір әулеттің тыңайтатын!

Камшат
31-05-06 16:37
Тәңірім әр адамға өмір берген
Онымен қатар қылып көңіл берген
Өмірде жаман қатар жүрмей келсе
Жақсының жақсы екенін қайдан білген

Ақынға шабыт келер әр кезеңде
Таң мен түс, кеш пен түн деп сен бүлінбе
Еркекке ұрғашы бір көзін қысса
Мезгіл тұрмақ, ұмытар ол үйін де;)

Айқайлап таңды аттырсаң, саған ырыс
Еңбекті ерте тұрып еткен дұрыс
қазақта мақал бар ғой Алемжаным
Тойыңа түске шақырсаң, жетер кешке!

Аттырып түсті менде жеттім міне
Келіні бола алмаспын Шымкентіңе
Таңғы шай, түскі асты жиып алып
Масаханада беріп шығам үй ішіңе;)

Сәлемді саған берем кеш түскенде
Онымды дәлелдеймін мен іспен де
Қазақтың батыр ұлын туып берем
Жаз шығып алма қызыл боп піскенде;)))!
МЕН
31-05-06 08:24
Ассалаумаѓалейкум, аќындарым,
Бірінші рет мен б‰гін µлењ жаздым.
Ќ±дай-ай сµз таба алмай жерге ќарап,
Шањында ќалмас па екем ќырандардыњ?!

Ќыздардыњ жаманы жоќ дейді м±нда,
Жаман ќатын біраќ та табылса да.
Алайда, кез-келген ќыз осы сєтте
Бір ќылау шањ ж±ќтырмас µн-бойына.

Жігіттер де ќалмайды кµкіректеп,
Жаман к‰йеу сірє де болмайды деп,
Ау аѓайын ендеше с±раќ сізге –
Бєрі жаќсы, о тоба б±л не керемет?



страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов