Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Интернет және ақпараттық технологиялар
Тақырып: танысу сайттары ислами


Авторы Xабарлама
нурлан
nurlan1082@maik.ru
30-03-10 10:00
ислами танысу саитыбарма? қалай оңай кіретін жолдары барма

Авторы Жауап
Нуркен
nurkenbiev09@mail.ru
25-06-17 16:07
Намазхан кызбен таныскым келеди.Жасым 27 де бойдакпын.Намаз окимын Имам Агзам Абу Ханифа мазхабы Матруди Акидасын устанамын.87023559013-87474940476.
Иса
isamuslim78@gmail.com
06-06-12 12:44
Қазақ тіліне аударған Ешмухамбетова М. С.


Төрт құбылаң тең болса…

(немесе “Бақыт пен тұрақтылыққа апарар жол”)


Астана, 2011.


Ешмухамбетова М.С. -аудармашы

Төрт құбылаң тең болса…- Астана,2011.-

Соңғы кезде көпнекелік мәселесі кереғар пікірлерді туғызып жүр. Көпнекелік мәселесі адамдардың санасына қонымсыз, орындалуға мүмкін емес жағдайға айналды. Бұл мәселеге дін жағынан рұқсат етілген болса да, адамдар бұл әрекетті жағымсыз қабылдайды. Ал енді, оны жүзеге асыратындардың арасында бұл мәселеге немқұрайлы қарап, көп қателіктер жасайтындары бар.

Көпнекелік әйелге пайда мен береке әкеледі ме? Көпнекелікті не себепті жақтырмайды? Неге оған тыйым салады? Қандай жағдайларда көпнекелік міндетке айналады? Осы сұрақтардың жауаптары және де қазіргі кездегі көпнекелік жөніндегі аңыздардың әшкереленуі осы еңбекте барлық қырынан ашылып көрсетілген. Бұл еңбекке Шейх Уалид бин Сайф Насрдың «Көпнекелік – сүннет пе?» атты кітабы негіз болды.

Кіріспе

«Әй, мүміндер! Аллахтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер.» (әли Имран,102).

«Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер-әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Аллахтан және туыстардан безуден сақтаңындар. Шәксіз, Аллах сендерді бақылаушы.» (ан-Ниса, 1аят)

«Әй,мүміндер! Аллахтан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллах істеріңді оңалтып,күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллахқа, елшісіне бой ұсынса,әрине, ол ұлы табысқа ие болады.» (Ахзап сүресі,70-71)

Шын мәнінде,ең жақсы сөздер- Аллахтың Кітабында, ал ең жақсы басшылық – Мухаммад пайғамбардың басшылығы. Ал ең нашар іс- жаңашылдық, әрбір жаңашылдық – ол діңбұзарлық, ал діңбұзарлық – ол адасқандық, ал әрбір адасқандық – Жалындаған От.

Осыдан кейін:

Бұл еңбекті жазуға себеп болған жайт - соңғы кезде көпнекелік мәселесінің кереғар пікірлерді туғызып жатқаны. Көпнекелік мәселесі адамдардың санасына қонымсыз, орындалуға мүмкін емес жағдайға айналды. Бұл мәселеге дің жағынан рұқсат етілген болса да, адамдар бұл әрекетті жағымсыз қабылдайды. Ал енді, оны жүзеге асыратындардың арасында бұл мәселеге немқұрайлы қарап, көп қателіктер жасайтындары бар.


Осы еңбекке негіз болған шейх Уалид бин Сейф Насрдың “Халь та’аддату зауджат сунна? ” (көпнекелік-сүннеттен бе?) атты кітабы. Бірақ негізгі тақырыпты бастамас бұрын, келесі мәселелерді қарастырайық:

Біріншіден, әйелдің Ислам және басқа діңдердегі орны.

Екіншіден, Ислам көпнекелікті жүзеге асырған алғашқы дің емес, бірақ осы мәселе жайында нақты ережелер мен шектеулер осы діңде анықталды.

Үшіншіден, көпнекелік мәселесі-діңи мәселе, сондықтан оны жоққа шығару барлық діңді жоққа шығарумен тең, ал оған өшпенділік таныту - әлемдер раббысы Аллахқа нанбаумен тең. Біз көңілімізге ұнайтын-ұнамайтынына қарамай, Аллахтың барлық үкімдерін қабылдауға міндеттіміз.

Сонымен:

Ислам діңі әйелді өте құрметтейді және де әйелге деген сондай құрметті басқа ешқандай діңнен, ешқандай қауымнан көре алмайсыз. Бұған көзімізді жеткізу үшін адамзат тарихына үңілейік. Гомер, Эзоп, Сократ және Грецияның басқа да атақты ойшылары әйел жөніңде былай жазатын: “әйелден зиянды ешнәрсе жоқ ”, “бір әйелдің құны- төрт өгіз”, “әйелге деген махаббат- өлтіретін у”, “от, әйел және теңіз-үш апат.” Олардын заманында әйел күйеуінің үйінде құл болатын. Көне Римде әйел тұрмысқа шыққанда оның дүние-мүлігі күйеуінің иелігіне көшетін. Әйелге ешқандай азаматтық немесе қоғамдық қызметші, күәгер, кепілгер, қамқоршы болуға рұқсат етілмейтін. Көне Қытайда күйеуі әйелін сататын, ал егер ол жесір қалса оны күйеуінің туыстары иеленетін, яғни,ол күйеуінен қалған мүлік сияқты туыстарының қолына көшетін. Ал кейде күйеуі әйелін тірідей көміп тастайтын. Көне Индияда әйел жөніңде былай айтатын: “әйелден жаман пәле жоқ, өлім де, жалын да, у да, от та .” Олардын дәстүрі бойынша күйеуі қайтыс болғанда әйелі тірідей күйеумен бірге жағылып кетуге мәжбүр болатын. Немесе ол қарсыласқан жағдайда тірі қалып, өмір бойы қаралы жүретін және ол жақындаған нәрселердің бәрі – лас саналатын.

Яхудтарда әйел Адамды тура жолдан адастырушы. Оның етеккірі келгенде, олар әйелімен бірге тамақтанбайды, тіпті, отырмайды да.

Ерте христиан діңінде әйелді “тозақтын қақпасы”, “барлық зияндықтың бастауы” деп суреттейді. Олар әйел Адамды күнәға жетектеген, «әйел – лас, пасық, одан сақтану керек» деген қорытынды шығарып,енді некесіздікке шақырып, үйленбеске ант беруді шығарды. Және де әйел – барлық қылмыстың негізі және барлық күнәлардың себепшісі деп жариялады.

Тіпті, 585жылдың 23 қазанда Макондық шіркеу кеңесі «әйелде жан бар ма?» деген мәселені қарастырды. Сол кеңесте қатысқандардың жартысы әйелдің жаны жоқ деген пікір айтты. Соңында, олар әйел- төмен сатылы тірі ағза болса да,оның бойында «жанның бір түрі» бар деген қорытынды шығарды.

Ал Генрих Сегізінші басшылығы кезеңінде парламентте әйелге Інжілді оқуға тыйым салу жөнінде резолюция қабылданды. Себебі, ол үшін әйел – лас болып саналатын.

Әрине, әйел адамға деген бұндай қарау Аллахтың елшілерінен келген емес, олар адамдардың сол кітаптарда жазылғанды бұрмалаудан пайда болды.

Қазіргі кезде батыс елдеріндегі әйелдің жағдайы жөнінде көп айтуға болады. Ол мемлекеттерде әйелге деген шектен шыққан арсыздық,менсінбеушілік, онымен санаспаушылық айқын байқалатынын бәріміз де білеміз. Және осы мемлекеттерде жезөкшелік, гомосексуализм және некеден тыс қатынастар кең етек жаюда.

Америка мемлекеттерінде қыздары 18ге толғаннан кейін өз табысын өзі табуға міндетті деп, үйден шығаратын әдет бар. Ал егер ол кетуін қаламайтын болса, онда үй ақысын төлеп, өз тамағын өзі табуға міндетті.

Әрине, Ислам діңі әйелге басқа діңде болмаған хұқықтар берді,оның дәрежесін көтерді. Оны құрметті ана, қымбатты әйел, аяулы қарындас, сүйікті қызға айналдырды.

Шариғат бекіткен көпнекелік те әйел үшін өте үлкен рахымшылық.

Көпнекелік – Ислам діңінің ерекше белгісі емес, ол басқа діңдерде болған ерте заманнан белгілі әрекет. Оны біз Ибрахим, Якуб, Дауд, Сулейман және басқа да пайғамбарларымыздың тарихынан білеміз.

Ал Ислам діңі осы әрекетке тек шектеулер енгізіп, нақты шарттар қойды.

«Ислам» сөзі «бой ұсыну», «орындау», «иілу» деген мағынаны береді. Сондықтан оның мағынасын ұғып, ислам діңін қабылдаған адам діңіміз міндет еткен барлық нәрселерді орындау тиіс.

Аллах тағала айтады: «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, соңсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды.»(ан-Ниса сүресі,65аят)

Абу әл –‘Изз Мухаммад ибн ‘Али әл- Ханафи былай айтқан екен: «Біз ғибадатымызды, бой ұсынуды,намысымызды және үмітімізді Аллах Тағалаға арнағандай, пайғамбарымыздың да барлық бұйрықтарын орындауға, одан келген хабарларды күмәнсіз қабылдауға міндеттіміз.»

Ал көрнекті ғалым, «Сүннетті сақтаушы»деп атанған Абу әл-Касим аль-Асбахани аш-Шафи’и: «Біз өзіміздің пайымдауымызбен пайғамбарымыздың сүннеттін жоққа шығармаймыз. Өйткені,дің – ол- орындау, бірнәрсені түсінбей жатсаң да,оған бой ұсыну. Шынайы сана тек сүннеттті қабылдауға әкеледі, ал керісінше, сүннеттен тайдыратын нәрсе–сана емес,ол – білімсіздік, надандық.»

Ибн Умардан жеткізіледі: « пайғамбарымыз: «Әйелдерін мешітке баруға сұранған кезде, оларға тыйым салмаңдар»,-деген екен. Сонда Ибн Умардың ұлы Биләл: «Аллахтың атымен ант етемін! Біз оларға рұқсат етпейміз!» деп айтқанда, әкесі оған: «мен саған пайғамбардың сөздерін жеткізіп отырмын, ал сен «рұқсат етпеймін» дейсің бе?»деп дауыс көтеріп, қатты сөккен екен».(Муслим)

Бірде Абу Муауия абу Хурайрадан жеткізілген Адам мен Муса пайғамбарлардың өзара сөйлескені жөнінде хадисті айтып отырғанда, Иса бин Джаффар атты кісі: «Ол қалайша болу мүмкін? Адам заманы мен Муса заманының арсында қаншама уақыт бар емес пе?»деп таң қалыпты. Сонда араларында отырған Харун Рашид: «Ол пайғамбарымыздан келгенді айтып отыр, ал сен оған «қалай мүмкін» деп күмән келтіріп отырсың ба?»деп айғайлап ұрысқан екен.

Атақты хафиз, көрнекті ғалым, көп шәкірттері бар шейх-әл –Ислам Абу Усман ас-Сабуни, Харун Рашид жөнінде: «міне, әрбіреуіміз пайғамбардың айтқанына Харун Рашид сияқты үлкен мән беру керекпіз. Барлық айтылғанды қабылдап, растау міндеттіміз. Осы істе Харун Рашидке еліктемеген адамды, пайғамбарымыздан жеткенді жоққа щығаратындарды сөгу керекпіз. Аллахтың елшісінен жеткеннің бәрін қабылдау- міндет»,-деп айтқан екен.

Көпнекелік мәселесі де – Аллах Тағаладан жеткен, Аллах Тағала рұқсат еткен жайт. Сондықтан да оны қабылдамау немесе оған өшпенділік танытып, қарсылық білдіру – өте бұрыс, діңге ерсі нәрсе.


Пайғамбардың даналығына қарсы келген адам зұлымдыққа ұшырайды.

Пайғамбарымыздың бұйрықтарына қарсы келетіндер! Абай болыңыздар! Аллах Тағаладан бұл пәледен құтылуды тілеңдер! Осының салдарынан екі дүниеде де тап бола алатын зұлымдықтардан сақтаныңдар!

Аллах Тағала: “…сонда олар жолдан тайған кезде Аллах олардың жүректерін тайдырған еді…”деп айтады.(АсСаф сүресі,5аят).

Абу Бакр Сыддық былай айтқан екен: “Аллах жүрегімді тура жолдан тайдыра алатынан қорыққанымнан, мен Аллахтың елшісі бұйрықтарының ешқайсысын да қалдырмаймын.”(Бухари, Муслим).

Фадль бин Зиядтың естуі бойынша, Абу Абдулла (Ахмад ибн Ханбал) айтқан екен: “мен Құранды қарап шыққанда, онда Аллахтың елшісіне бағыну жөнінде 33 жерде айтылғанын көрдім,” - деді де, келесі аятты оқып шықты: “…сондықтан оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансың.”(ан-Нұр сүресі,63 аят)

Және де “бұл не деген азғындық! Бұл – Аллахқа серік қосумен іспеттес! Адамның жүрегіне кінәраттан бір нәрсе түсуі мүмкін де, оны тура жолдан тайдыруы мүмкін,сонда адам бітті деңіз .”

Сосын мына аятты оқып шықты: “Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, соңсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды.”(ан-Ниса сүресі, 65 аят)

Және де оның сөздерінен: “пайғамбардың хадистерін жоқ қылатындар апаттың нағыз шетіндегілер .”(“әл Ибана”)

Салама ибн әл-Ақуадан жеткен хадисте айтылады: пайғамбармен тамақтанып отырған бір кісі тамақты сол қолымен алып отырыпты. Сонда пайғамбарымыз оған оң қолыңмен ал дегенде, жаңағы кісі ала алмаймын депті. Пайғамбарымыз оған енді тіпті ала алмайсын деген екен. Пайғамбарымыздың әмірін орындамауға оған тәккәппарлығы жол бермеді. Салама ибн ал-Ақуаның айтуынша сол кісі өмірінің соңына дейін оң қолын көтере алмапты.(Муслим)

Абу Хурайрадан жеткізіледі: “бірде мен пайғамбарға лақ сойып, тамақ әзірлеп едім. Сонда ол меннен лақтың жауырының сұрады, кейін екіншісін сұрады, мен бердім, бір кезде ол үшіншісін сұрағанда, мен жануардың тек екі жауырыны болады ғой деп таң қалдым. Ал пайғамбарымыз: мені тыңдағанында, үшіншісін де табатын едің деді.”(ибн Хиббан, ан-Насаи әл-Кубра еңбегінде)

Міне ,көпнекелік мәселесі де Аллахтан жеткен бой ұсынуды, бағынуды талап ететін мәселелердің бірі. Осында бір қағиданы ұғып алу өте маңызды: Аллах Тағала бекіткен, бұйырған жайттарға қарсы келіп, оларды жоққа шығару – мұсылмандықтан емес.


Көпнекеліктің заңдылығы.

Бұл бөлімде көпнекелік заңдылығы жөнінде Құраннан,сүннеттен және ғалымдардың бірауыз пікірлерінен дәлелдер келтіріледі.

Аллах тағала Құранда айтты: “Егер жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар, өздеріне жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсандар, онда біреу алыңдар немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік болмауға жақынырағы осы.”(ан-Ниса сүресі,3аят)

Урва бин аз-Зубайр бірде Аишадан “Егер жетімдерге әділетсіз болуға қорықсандар…”не жөніндегі сөздер деп сұрағанда, Аиша былай жауап берген екен: “бұл сөздер мына жағдайға байланысты айтылған. Жетім қыздың қамқоршысы оның сулулығына және дүниесіне сүйсініп үйленгісі келгенімен, оған тиесілі кәдесін төлегісі келмеген жағдайда әділетсіздік жасайды,сондықтан осындайларға жетімдерге үйленуге тыйым салынған да, басқа әйелдерге үйленуге бұйырған.” Және де Аиша: “осы аяттан кейін көп адамдар неке жөніндегі мәселелерімен пайғамбарымызға жиі келетін болды, сол кезде Аллах Тағала келесі аятты жіберді: “олар сеннен әйелдері жөнінде үкім шығаруды сұрайды”.”

Тағы да қосып айтты: “осы аяттың басқа жерінде оларға(жетімдерге) үйленгісі келмеген жағдайда,егер ол көріксіз немесе кедей болған жағдайда, міне осындай кезде жетімдерге үйленуге тыйым салынған.”

Көпнекеліктің заңдылығын келесі аяттар да дәлелдейді: “Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасына әсте әділдік ете алмайсыңдар. Ендеше біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар. Егер түзеліп,сақсыңсандар, негізінен Аллах тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.”(ан-Ниса сүресі,129аят).

“…екі қыз туысты бірге үйленулерін арам қылынды”(ан-Ниса,23аят). Бірақ бұл қыздар қандары бір болмаса, онда үйленуге болады. Және де пайғамбарымыз тәтесі мен жиеніне бірге үйлену арам екенін айтқан.

Сүннеттен келген дәлелдер:

Пайғамбарымыз айтқан екен: “ мен әйелдермен неке құрамын, ал неке құрғысы келмейтіндердің маған қатысы жоқ.”(Бухари, Муслим)

Гилян бин Умайя ас-Сақафи Ислам діңін қабылдаған кезде, оның 10 әйелі болыпты,пайғамбарымыз оған төртеуін таңдап, қалғандарымен ажырасуды бұйырды.(Малик ал-Муатта еңбегінде, Ахмад, Тирмизи, ибн Манджах)

Бір уақытта бірнеше әйелдермен неке құру – пайғамбарымыздың өмірінен де көруге болады. Пайғамбарымыз қайтыс болғанда, артында тоғыз әйелі қалды. Олар : Сауда, Аиша, Хафса, Ум Саляма, Зайнаб бинт Джахш, Ум Хабиба,Джуайрия, София, Маймуна.

Көпнекелік жөнінде сахабалардан да хабарламалар қалды. Бірде Ибн Аббас саид бин Джубайрдан: “Сен үйленгенсің бе?”деп сұрағанда,ол “жоқ” деп жауап беріпті. Сонда ибн Аббас: “үйлен,негзінде осы қауымның ең жақсысы – көп әйел алғаны”деген екен.(Бухари)

Және де барлық ислам ғұламалары көпнекелік – заңды және орынды әрекет екендігіне бірауыздан келіседі.

Хадистерге жетік, Құранның аяттарын талқылаушы Имам Куртуби айтты: “Мұсылмандарда көпнекелік жөнінде күмән жоқ. Егер адам жетімдерге әділетсіз болудан қорықса, онда өзіне ұнағандардан екі, үш немесе төрт әйелге дейін алуға рұқсат етіледі.”

Көпнекеліктің үкімі

Көпнекелік өте қалаулы сүннет болып табылады. Атақты ислам ғұламасы Ибн Хаджар әл-Аскалани “өздеріне ұнаған әйелдерге үйленіңдер…” деген аятты былай талқылайды: осы аяттағы “үйленіңдер” деген сөз бұйрық райда келіп тұр, яғни, ол – бұйрық, не кем дегенде,- талап.

Қади Йияд айтатын: “ғалымдар көпнекеліктің рұқсат етілгені жөнінде бірауыздан келіседі. Бұл өте маңызды және кең тараған дәстүр, халықтар осы дәстүрмен мақтанады. Ал шариғат жағынан қарайтын болсақ, бұл – бекітілген сүннет. Тіпті, сондай тақуа сахабалардың өздерінде бірнеше әйелден болатын.’(“Фатхуль-Бари”)

Кейбір жағдайда көпнекелік тіпті міндетке де айналады. Өйткені тақуа адам кінәраттан әрқашан сақтану қажет. Көптеген жағдайда әйел жанды ер адамға бір ғана әйел жеткіліксіз болады, әсіресе,оның әйелі қызмет етсе,міне, осындай жағдайда әрі, кінәға батпау үшін, әрі,ұмытылған сүннетті жандандыру үшін және де ұрпақтың санын арттыру үшін көпнекелікті жүзеге асыруға асығу керек, ағайын!

Көпнекелікке жетелеудің маңыздылығы.


1.Бұл пайғамбарлар мен елшілердің жолы.

Аллах Тағала айтады: «Расында сеннен бұрын да пайғамбарлар жібергенбіз. Оларға да жұбайлар, ұрпақтар бергенбіз.» (Ар-Ра’д сүресі 38).

Абу Хурайрадан жеткізіледі: « бірде пайғамбарымыз Суляйман ибн Дауд айтқан екен: «Бүгінгі түнде мен барлық жүз әйеліммен жақындасамын да, олардын арқайсысы Аллахтын жолында күресетін сарбазды дүниеге әкеледі. Оның жолаушысы иншаАллах (Аллах қаласа) деп айт депті бірақ ол айтпады. Әйелдері бала көтермепті тек біреуінен басқа, ал ол әйел болса, дүниеге жартылай адамды әкеліпті « Аллахтын атымен ант етемін, егер ол Аллах қаласа деп айтқанында қазір олардын бәрі Аллахтың жолында күресетін еді.» (Бухари,Муслим).

«әл-Бидайя уа-н-Нихайя» еңбегінде ибн Касир: «Кейбір ерте мұсылмандардын айтуы бойыншаСуляйманның бір мың әйелі болыпты. Олардын жеті жүзіне ол қалың малдарын беріпті де, қалған үш жүзі күң болыпты. Оны керісінше де айтады: үш жүзі бос әйелдер, ал жеті жүзі күңдері болыпты. Сулейман әйелдерге өте құмар еді.

Аллах Тағала пайғамбарлар жөнінде айтады: “ Міне, солар Аллахтың тура жолға салған пайғамбарлары. Онда олардың жолдарын қу…” ( әл- анғам сүресі,90аят)

2.Бұл – Аллахтың елшісі Мухаммедтің жолы және ұмытылған сүннетті қайта жандандыру .

Пайғамбарымыз : “неке қию – менің сүннетім, ал менің сүннетіме сәйкес әрекет жасамайтындар – меннен емес, үйленіңдер, негізінен қиямет күні мен сендердің молшылығымен мақтанамын, ал үйленуге шамасы келмейтіндер – ораза ұстасын, оларға күнәдан сақтануға сол жақсы,-”деп айтқан екен.

3. Бұл – тақуа халифтердің, сахабалардың және үмметтің имамдарының жолы.

Абу Бакрдың бес әйелі болыпты. Әрине, бір уақытта емес, себебі, бір уақытта төрт әйелден артық үйленуге болмайды. Және олардан басқа оның күңдері де болатын. Омар ибн әл-Хаттабтың тоғыз әйелі болыпты. Осман ибн Аффанның жеті не сегіз, ал Али ибн Абу Талибтің сегіз әйелі болған екен.

Тальха ибн Убайдуллах – көзі тірі кезінде жұмаққа кіретіні жөнінде хабардар болған сахаба. Оның бес әйелі болған екен. Зубайр ибн әл – Аууам алты әйелге үйленген екен.

С’ад ибн аби Уақастың он бір, Абдурахман ибн Ауфтың он бес, Саид ибн Зайдтың он, ал Абдуллах ибн Умардың алты әйелі болған екен.

Ал кейбір имамдар көпнекелікті “ фитра”яғни, туа біткен қасиет деп атаған. Оны айтқан Қади Йияд “аш - Шифа”еңбегінде, ал жеткізген Ибн Хаджар.

4. Үмметтің көбеюі. Неғұрлым адамының көп әйелі болса, соғұрлым балалары да көп болады, ал мұсылмандар саны өскен сайын, Мухаммедтің үмметі көбейеді.

5. Ислам ғалымы, атақты дің маманы, хадистерге жетік ханбал мазхабын қалаушы Ахмад бин Ханбал: “некесіздік Исламнан емес. Пайғамбарымыздың тоғыз әйелі болған. Егер адамдар неке жасамаса, онда дің жолындағы күрес те, қажылық та ,басқасы да болмас еді. Кейде пайғамбарымыз оянғанда оның үй-ішінде жейтін еш нәрсе болмаған күндер де болды,дегенмен, ол қайтыс болғанда артында тоғыз әйелі қалды. Пайғамбарымыз әрқашан үйленуге дәріттендіретін және де бұл жолды ұстанбайтындар – теріс жолда. (“Ан-Назаир” Бакра Абдуллах абу Зайда)

Имам ибн аль- Джаузи айтатын: “ жыныстық қатынастың нәтижесінде аш-Шафи’и немесе Ахмад ибн Ханбаль сияқты білімпаз бала дүниеге келуі мүмкін. Бұл әке-шешесі үшін мың жыл бойына етілген ғибадаттан әлдеқайда жақсы.”(ан-Назаир)

6. қоғамның кінәраттан арылуы. Пайғамбарымыз белгілі хадисте неке адамды жуасытатынын айтты.

Бір ағылшын бикеш өз ойын былай баяндады: “ біздің еліміз мұсылман еліне ұқсамайтыны өкінішті – ақ. Неке жасау көбейген сайын, адамдар арасындағы қатынастар күшееді.”

7. көпнекелікке табиғи қажеттілік жетелейді. Егер біз бізден бұрын өмір сүрген халықтардың, пайғамбарлар мен елшілердің өміріне қарасақ, көпнекелік барлық діңдерде бар болғанын көреміз. Бір еркекте бірнеше әйелдің болуы – оның ерлігін көрсететін.

Ислам діңі көпнекелікті рұқсат етумен емес, оны шектеумен келді. Бұл мәселені бажайына келтірді. Он әйелі бар Гилян бин Умайя ас- Сакафиға,ол ислам қабылдаған кезде,пайғамбарымыз төртеуін таңдап, қалғандарымен ажырасуды бұйырған еді ғой.

Ал бүгінде өздерінің заңдарымен,ұрандарымен көпнекелікке қарсы келген халықтар, негізінде, іс жүзінде оның хақтығын растайды. Себебі, Аллах рұқсат еткен нәрсеге ешкім де тыйым сала алмайды.

8. өндіріс пен материалдық жағдайдың жақсаруы.

Аллах Тағала айтты: “…егер олар кедей болса, Аллах өз кеңшілігінен оларды байытады…”(ан-Нұр сүресі,33аят)

Пайғамбарымыз да айтқан: “сендердің араларындағы әлсіздердің себебінен сендерге жеңіс және ризық беріледі емес пе?” (Бухари)

Көпбалалы жанұялардың жағдайын қарастырып, зерттеулер жүргізіп, осы ережені растады. Көпбалалы жанұялардың мүшелері басында қиыншылықтармен кездессе де, кейін олардың жағдайлары жақсарып,өмірде үлкен жетістіктерге жетеді.

Әйелдердің бәріне бірдей әділ болу және әйелдердің тек біреуіне ауып кетуден аулақ болу – көпнекеліктің шарты болып табылады.

Егер ер адам өз мінезін жақсы біле отырып, әйелдерінің бәріне бірдей әділ бола алмайтынына көзі жетсе, бұл жағдайда көпнекелік оған – харам болады. Немесе бірінші әйеліне зиян келтіру ниетімен екіншісін алса – ол да харам. Себебі, Аллах Тағала былай айтады: “Оларға зорлау үшін түрткі салмандар” (Талақ сүресі,6 аят). Пайғамбарымыз айтқан: “Өздеріне де, басқаларға да зиян келтірмендер”. (Ахмад,Ибн Маджах,ат-Табарани).

Фахр ад-Дин ар-Рази-ислам ғалымдарының өкілі, 130 шығармалардың авторы: “ Егер адам 4 әйелдің арасында әділ бола алмайтының білсе, үшеуін алсын, оларға да әділ бола алмаса екеуін, ал оларға да әділ бола алмаса, онда тек біреуімен шектелсін,”- деген екен.

Аллах айтады екен: “Қаншалықты тырыссаңдар да әйелдердің арасына әсте әділдік істей алмайсыңдар. Ендеше, біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар(яғни байсыз қатын құсап, дел- салда жүрмесін). Егер түзеліп сақсыңсаңдар, негізінен Аллах-тым жарылқаушы, ерекше Мейірімді” (ан-Ниса сүресі,120 аят).

Құранды талқылаушы, тарихшы-ғалым Ибн Джарир ат-Табарани былай деген: “Я, ер-азаматтар! Сендер барлық әйелдерді жүректерінде бірдей жақсы көре алмайсыңдар. Бұл сендердің қолдарынан келмейтін және сендерге бағынбайтын жағыдай. Бұны тым көп қаласаңдар да. Сондықтан да олардан алыстамандар, бұл әділетсіздікке әкелуі мүмкін. Әйелдердің біреуін де жіпсіз байланған жағдайда қалдырманыздыр, ол озін не байдағы емес, не жесір әйел еместей сезініп жүрмесін” (ибн Джарир ат-Табарани тафсирі).

Ал ибн Аббас: “Әйелдеріне бірдей әділ бола алмайсындар” деген сөздер, махаббат пен жынастық қатынасқа байланысты деп айтқан.

Абу Хурайрадан жеткізіледі: пайғамбарымыз айтқан екен: “Егер біреулерінде екі әйел бола тұрып, ол біреуіне ауып кетсе, қиямет күні ол жарты денесінен айрылады ” (Ахмад, Абу Дауд, ан-Насаи).

Бірақ, жай ғана әділ бола алмаймын деген болжам, немесе осы жөніндегі уайымнан көпнекеліктен бас тартуға болмайды. Себебі, ер адам-өзінің міндеттерін толық орындауға және айналасындағылардың құқықтарын бұзбауға бейім келеді.

Мысалы ретінде, ер адамның өз балаларына деген қатынасын байқайық: ол көп балаларының ішінен біреуін көбірек жақсы көрсе де, барлығына бірдей тең бола алады ғой. Міне, осылай барлық жағдайларда да әділдік сақтау ер адамның қолынан келеді. Сондықтан көпнекелік ердің жағдайын ауырлататын үлкен масыл емес, өйткені ер адам өз сезімдеріне ие бола алады. Пайғамбарымыз айтқан екен: “Кім жақсылық іздесе-соған тап болады, кімде- кім зұлымдықтан аулақ жүрсе, содан арылады.” (Сахих әл Джами).

Көпнекелікті міндет ететін жағдайлар.

Кейбір ер адамдар ғашыққұмар, әйел сүйгіш болып келеді. Оларға күнә тағуға болмайды, жаратылысы сондай. Осылар бір әйелмен шектеле алмайды. Осындай кезде сол ер адамдардың жағдайы – жас, үйленбеген жігіттің жағдайымен тең. Құрметті ғалым шейх абд-әл- Азиз ибн Баздан

бір кісі былай сұраған екен: “ Мен үйленгеніме көп уақыт болды. Балаларым бар, өзімді бақытты санаймын. Менің физиологиялық қажеттіліктерім әйелімнің қажеттіліктерінен әлдеқайда жоғары болғандықтан, екінші әйел алуыма тура келіп тұр. Менің қазіргі әйелімдегі қасиеттердің бәрі де көңілімнен шығады, әйтсе де, екінші әйелімнің бойында бірінші әйелімдегі жоқ қасиеттер болуын қалаймын. Ал менің әйелім менің екінші рет үйленуіме қарсы. Сіз бізге қандай кеңес бере аласыз? Аллахқа шүкір, материалдық жағдайым жақсы, екі әйелді әділ ұстау қолымнан келеді деп ойлаймын. ” Осы сауалға ғалым мынандай жауап берген екен: “Егер бәрі де сен айтып тұрғандай болса, шариғат саған екінші де, үшінші де, төртінші рет те үйленуге рұқсат етеді. Әйеліңнің рұқсаты қажет емес, бірақ ол осы іске қарсы келмесе өзі үшін жақсы, сауапты. Егер сен бәріне бірдей әділ бола алсан, үйлен. Аллах Құранда айтады: “егер үйленгенде жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар, өздеріне жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіндер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсандар, онда біреу алыңдар немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік қылмауға жақынырағы осы.(ан-Ниса,3аят).” Және де пайғамбарымыз айтты: “Я, жастар! Кімде-кім үйленуге жағдайы келсе, үйленсің!” Сенің әйелің бұған қарсы болмай, сабырлық танытса- сауапты, өйткені бұл өзара көмек. Аллах Тағала айтады: “” . Пайғамбарымыз да хадисте : “Аллахтың құлы өз бауырына көмек көрсетсе, Аллах сол құлына өз көмегінен береді.”(Муслим). Ал дің жағынан сендер бауырлассыңдар, өзара келісімге келіп, бір-біріне көмектессендер,бұл өздеріне жақсы. Мен Аллахтан барлық мұсылмандардың жағдайын жақсартып, жеңілдетуін тілеймін.”

Және де көпнекелік соғыс кезінде де міндетті болуы мүмкін. Ағылшын философы Спенсер өз еңбегінде былай жазады: “ Әрине, соғыс кезінде көпнекелік міндетке айналады, өйткені соғыс кезінде қауым ер- азаматтарынан айрылады, осының салдарынан әйелдер саны ерлер санынан әлдеқайда артады. Осындай кезде кінәраттан сақтанатын тек бір амал бар, ол – көпнекелік.”

Көпнекеліктің мәнділігі.

– ұрпақ. Көпнекеліктің ең негізгі мәнділігі – мұсылман қауымының санын арттыру. Осы қауым көбейген сайын, ол нығая түседі де, басқа қауымдар жағынан құрметке ие болады. Көпнекелік - ұрпақтың көбеюінің бірден бір себебі екендігін әрбір адам түсінетін шығар.

Пайғамбарымыз айтқан еді: “ жақсы көретін және көп ұрпақ әкелетін әйелдерге үйленіңдер! Негізінен басқа қауымдардың алдында сендердің көптігімен мақтанамын.”(Ахмад, ибн Хиббан)

Қытай халқына қараңызшы! Олардың саны артқаннан-ақ Еуропа мемлекеттері жағынан құрметке ие болып, абыройлары өсті.

– әйелдің бедеулігі. Кейде әйел адам бедеулігіне немесе жасына байланысты бала көтере алмайды. Ал жұбайы болса, әрине, балалы болғысы келеді, артында ұрпақ қалдырғысы келеді. Осындай жағдайда не істеуі керек? Осы әйелмен ажырасып, басқасына үйленуі жақсы ма, әлде бала көтере алатын екінші әйел алып,біріншісіне де қамқоршы болған жақсы ма???

– жиі болатын соғыстар. Осыдан біршама жылдар бұрын Екінші Дүниежүзілік Соғыс өтті. Осы соғыстан кейін Еуропада бір ер адамға жеті әйелден келетін. Ал тіпті жақында Ирактағы соғыс… Қаншама жесір әйел, қаншама жетім бала қалды,десеңізші! Ал көпнекеліктің кең таралмауынан қаншама күнә жасалғаны тек Аллах Тағалаға мәлім!

– әйелдер саны ерлер санынан әлдеқайда артық болуы. Зерттеулер көрсеткендей, кез келген халықта ерлер өлімі әйелдер өліміне қарағанда едәуір жиі кездеседі. Және де қыз балалар ұл балаларға қарағанда жиірек туылады. Мысалы, АҚШ пен Швеция мемлекетінде бір еркекке төрт әйелден; Ресейде бес; Жапонияда алты; ал Қытайда он әйелден келеді.

Және де әлемнің кез келген түкпірінде әйел ғұмыры ер адамның ғұмырына қарағанда әлдеқайда ұзақ. Салыстырмалы түрде келтіретін болсақ, бұл айырма ТМД елдерінде 8 жыл, Францияда 6-8жыл, АҚШ пен Ұлыбританияда 6жыл!

Пайғамбарымыз айтқан еді: “Қиямет күнінің белгілерінен мыналар: білімнің азайып, қараңғылықтың көбеюі; зинаның кең таралып,арақ-шарап ішудің кең тарауы;және де ерлер саны азайып,әйелдер саны артуы,сонда бір еркекке елу әйелден келгенше.”

Әйел денсаулығының нашар болуы. Кейде әйел адам ауырып, ұзақ уақыт бойына күйеуімен жақындаса алмайды немесе тіпті үй шаруасын жасауға, балаларын күтуге жарамай қалады. Осы кезде ер адамға серік болатын біреу қажет. Егер оған екінші әйел алуға рұқсат болмаса, ол кінәрат жасап, күнәға батады. Және бұл әйелі арасындағы қатынасына да кері септігін тигізеді. Тіпті ондай кезде, білдірмей тұрса да,әйелі оған масыл болады.

Ер адамның әйел адамнан физиология жағынан айырмашылығы. Біріншіден, ер адам бірнеше жанұяны асырауға, бірнеше үйдің шаруалаларын бақылап,басқаруға бейім келеді. Әр түрлі жұмысқа, әр түрлі міндеттерді атқаруға бейім болу – оның бойындағы туа біткен қасиет.

Екіншіден, әйел мен еркек жаратылысымен де ажыратылады. Ер адамның бала туғыза алу қабілеті тек 80-90 жасында аяқталады, ал әйел адамда ол қабілет 40-50 жасында аяқталады. Міне,осындай ұзақ мерзім арасында ер адам бала сүйгісі келсе, оған екінші рет бала көтере алатын әйелге үйленуге тура келеді, біз оның бала сүюіне тыйым салсақ, ол – әділетсіздік болады.

Үшіншіден, кейде етеккірі болғанда немесе көңілі жоқтығынан, немесе аяғы ауыр кезінде және босанғаннан кейін нифас кезінде, одан баланы емшекпен емізгенде де әйел адам өзін ыңғайсыз сезінеді де, оның жыныстық қатынасқа жарамдылығы әлсірейді. Аллах Тағала аятта айтады: “…өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, сүттен айыру отыз ай…” Ал ер адам болса, осы уақытта өзінің қажеттіліктері бар және оларды өтеу керек. Осы жағдайда егер ол тек бір әйелмен шектелсе,өз қажеттіліктерін өтей алмай, күнә жасауы мүмкін.

Ер адамның физикалық күші. Әрине, еркектің физикалық күші әйел адамның күшімен салыстырғанда әлдеқайда мықты. Осының есебінен де ер адамның жыныстық қатынасқа қажеттілігі де жоғары. Ол кез келген уақытта әйел адамға әуес бола алады, онымен жақындағысы келеді, әйел адам ондай емес және де әйел адам сыпайы келеді, Аллах оны солай жаратқан. Ер адамда сыпайылық төмендеу болады, ол әр уақытта әйелді қалап, оған құмар болады.

Сондықтан да шариғат әйел адамға күйеуіне бағынуды бұйырады. Күйеуі жақындағысы келген жағдайда одан бас тартуды рұқсат етпейді. Пайғамбарымыздың хадисінде: “ күйеуі әйелін өзіне шақырған кезде, ол пештің жанында тұрса да, күйеуіне барсың”делінген.(Ахмад, ан-Насаи, ат-Тирмизи, ибн Хиббан)

Және де әйелдерге зорлық жиі жасалатыны да мәлім. Сондықтан да Аллах Тағала әйел адамға жалғыз жол жүруге, көшеге шыққанда әтір себуге тыйым салған. Осының бәрі еркектің құмарлығын арттырады.

Және де Аллах Тағаланың бұйырғаны бойынша, егер әйел күйеуіне бағынбаған кезде, оған жаза ретінде күйеулері әйелдеріне жақындамауы керек . ал ол еркекте тек бір әйелі болған кезде, өзі үшін жаза болады ғой. Осындай жағдайда бір әйелі бар еркек әйелінің айтқанына көніп,сонын арбауымен жүреді.

Ұзақ сапар. Көп ер адамдарға жұмыс бабымен сапарға жиі баруға тура келеді. Олар көп уақыттарын үйлерінен тыс жерде өткізеді. Әйелі әрдайым күйеуімен бірге жүре алмайды ғой, оның үй шаруалары, балалары бар, соларды күту керек. Осындай кезде зина жасап, күнәға батқаннан көрі, екінші әйел алған әлдеқайда орынды.

Бірлік пен туыстық ара-қатынастың күшеюі. Егер қоғамда туыстық қатынастар көбейсе,бұл адамдар арасындағы бірлікке, татулыққа әкеледі.

Адамның атақтылығы. Ер адамдардың арасында атақты ғалымдар, қоғам қайраткерлері,шенеуліктер бар. Олар жұмыстарына байланысты көп уақыттырын үйден тыс өткізеді. Осындай ер адамға серік болатын, оның баларын бағатын, әрі қонақтарын күтетін адам керек. Осының шешімін тек көпнекелік арқылы жүзеге асыруға болады.

Қоғамдағы мәселелер. Кейбір ер адамдар қоғамдық мәселелермен айналысады. Олар жетім жас қыздардың мәселелерімен айналысқанда олармен кездеседі, сөйлеседі. Осындай кездерде ол сол қыздарға еліктеуден қорқады. Ал оларға үйленетін болса, жақсы амал болатын еді. Мысалы, кейбір қыздар көріксіз келеді немесе кедей болады немесе бала көтере алмайды, осындайлармен еркектер неке жасағысы келмейді. Ал оған қамқорлық көрсету үшін оны екінші әйел етіп алса сауапты болады. Күйеуі қайтыс болған кезде әйел жесір қалады, ал пайғамбарымыз айтқан еді: “ жесірлер мен кедейлерге қамқорлық көрсеткен Аллахтың жолында күрескеннің немесе оразасын үзбей ұстағанның немесе намазын үзбей оқығанның сауабымен тең келеді.”(Бухари, Муслим)

Қоғамды моралді аурулардан сақтау. Күмәнсіз,көпнекелік қоғамды моралді аурулардан, жезөкшеліктен, балалардан бас тартудан сақтайды. Некелердің бұзылу салдарынан туатын баларды кезбелік пен қаңғырушылықтан да сақтайды.

Некелердің бұзулуын азайтады. Көпнекелік ер адамды байсалды, жауапты, ақылды қылады. Ол енді кінараттан аулақ жүреді, асығыс шешім қабылдамайды.

Бұқаралық ақпараттар көпнекеліктің теріс жағын ғана көрсеткісі келеді, көпнекелік жанұялардың ажырасуына себеп болады деп хабарлайды. Бір әйел болған кезде қаншама бас ауыртатын мәселелер бар, ал екі немесе одан да көп әйелін болса, бұл мәселелер тек көбейеді деген ойға жетелейді. Әлбетте,бұл теріс ой! Көпнекелік тұрақтылыққа әкеледі, әрине ол таза ниетпен және шариғатқа сәйкес жасалынса.

Үйде үй қызметшілерімен байланыс, азғын елдерге жол жүру, порносайттарды қарау – осының бәрі некелердің бұзылуына әкеліп соғады. Ал осының түп тамыры – бір әйелмен шектелуде. Осы және басқа да мәселелердің шешімі – көпнекелікте жатыр.

Біз, мұсылмандар, көпнекелік бүгінгі қоғамдағы қиын мәселелерді шешетін жол деп білеміз. Жалпы, кез келген мәселелер тек Исламдағы қағидалармен шешіледі.

Көпнекелеік – ер адам үшін берекелі ме?

Әрине,Ислам бекіткен көпнекелікті үңіліп қарастырсақ, оның мол пайдасы бар екендігіне көзіміз әбден жетеді. Солардың кейбіреуін қарастырайық.

Біріншіден, бұл ұмытылып бара жатқан сүннеті жандандыру, осы әрекетке деген жағымсыз көзқарасты өзгерту. Бұл әрекетте қандай үлкен сауап бар екендігін тек Аллах біледі!

Өзін және өзі үйленетін әйелді кінәраттан сақтау. Яғни ,Аллах харам еткен нәрселерге жақындамау, олардан сақтану.

Әрбір некеде дүниеге сәби келеді, осылай үмметіміздің саны артады, және де адам үлкен сауапқа ие болады.

Және де еркек өзінің әйелдеріне өз даулетінен шығын жасағаны үшін де сауапқа ие болады.

Жанұялы болғаннан кейін, ол өз жанұясы үшін жауапкершілікті мойнына алады. Оның жеңілтектігі жойылады. Ол енді тек пайдалы және берекелі істермен айналасады.

Әйелі мен жұбайы арасында сезімдер күшейеді. Адам біркелкілікке тез үйренеді де,құмарлығы қайтады. Ал ер адамның бірнеше әйелі болған кезде, оның әрбір әйелге деген құмарлығы арта түседі. Ол өзі де сағыныш объектісіне айналасады. Себебі, өз уақытын әйелдер арасында бөледі ғой. Хадисте де айтылады: “Сирек көрінсең, молырақ сүйікті боласын”(Сахих таргип уа тархиб).

Міңсіз әйел жоқ. Ал көпнекеліктің себебінен ер адам бірнеше әйелдердің бойындағы қасиеттерді толықтырып, біреуіндегі жоқ қасиетті басқасынан табады, сөйтіп ,ол әйелдерімен ажыраспай, олардың бәріне бірдей қамқоршы болады. Орыс әдебиетінің көптеген шығармаларында ер адамның ерекшегіліне көп көңіл бөлінеді. Ер адам үшін жыныстық қатынас, махаббат және жанұя біртұтас келмейді. Достаевскийдін “ИДИОТ”шығармасындағы Мышкин өзі таңқалып екі әйелді де (Настасья Филиповна мен Аглаяны) жақсы көретінін, әр қайсысын өзінше, бірақ жақсы көретінін мойындайды. Бұл феномен тек Достоевскийдін емес, басқа да әдеби классиктердің шығармаларында да кездеседі. Ал Ислам осыны заңды түрде рұқсат етеді,және де шариғат бойынша әрбір әйел өзіне деген құрметті сезеді.

Адамның материалдық жағдайы және ризығы артады. “ Іштеріңдегі бойдақтарды (ер жеткен ұл-қыздарды, ер,әйелдерді) сондай-ақ қолдарыңдағы кұл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Аллах өз кеңшілігінен оларды байытады. Аллах-аса кеңшілік иесі,толық білуші.”(ан-Нұр,32).

Кейбір кездерде әйелдердің біреуі ауырып қалса , немесе жол жүріп кетсе, екіншісі оған көмекші болып, балаларына көз айым болып, қол ұшын береді.

Еркекте тек бір әйелі болған кезде, егер ол күйеуі басқа әйелге үйлену ойы жоқ екендігін сезгенде, өзін жөнді күтпейді. Ал күйеуі екінші әйелге үйленген кезде, олар бір-бірімен жарысып, күйеулері үшін молырақ қалауы болғысы келеді.


Көпнекеліктің әйел үшін берекесі мен пайдасы бар ма?

Кейбіреулер көпнекеліктің әйел үшін берекесі мен мол пайдасы бар екендігіне таң қалады. Бұл құбылысты әйел адам өзіне және өз балаларына төніп тұрған үлкен қауіп деп қабылдайды. Оны қайғы мен зұлымдық ретінде көреді.

Бұл мәселені мұсылман тілшілерінің Жалпыресейлік конференция мүшесі Айша Галина Бабич былай баяндайды: “Бүгінгі таңда “ көпнекеліктің елесі” кейбір мұсылман жанұяларында қасарыса қарайланып тұр. Яки, әйелдері күйеулеріне: “ не мен, не сенің болашақ екінші әйелің,”- деп серт жариялайды, яки,күйеулері осы әңгімені қалжыңдап қозғап,әйелдері жағынан себепсіз де бақылаусыз қызғанышқа жол береді. Ғаламтор беттері де осы тақырыпқа толы; ал тоғышарлардың көмегімен енді көпнекелік(полигамия) исламдық ұстамсыздыққа(экспансия) айналуда.”

Енді біреулер қазіргі уақыттағы көп некелі жанұялардағы әйелдердің жәбірленген,қайғылы халдарын суреттейтін әңгімелерді таратудан аянбайды да,жалықпайды да. Және де бір таңқалдыратыны-осы әңгімелерді ислам діңін ұстанушылар зор құлшыныспен қабылдайды. Бұл әңгімелер әдеби реңке ие болып,тіпті, “исламдық” фольклорға айналады:

“Бес уақыт намазын орындап, басынан жаулығын тастамайтын бір тақуа мұсылман қарындасымыз күйеуін құлай сүйіп, оған сенімділікпен қарайды екен. Олар бақытты болады. Бірақ күндердің күнінде көрші тұрған жеңілтек,бұзылған қыз оның күйеуінің басын айналдырып алады. Тіпті,оған тұрмысқа шығу үшін ислам діңін қабылдайды. Жаңағы қарындасымыздың күйеуі оны аяп, екінші әйел қылып алады екен. Ал бұл сұмырай болса, біздің қарындасымызға және оның балаларына қорлық көрсетіп, өзі арақ-шарап ішіп, үйлеріне бұзық,азған әйелдерді ертіп әкеледі екен. Сөйтіп,жаңағы сорлы қарындасымыз жеті баласын ертіп,далада қайыр сұрауға мәжбүр болады екен. Ал күйеі болса сол сұмыраймен қалады екен.”

Жас та,ересек те,сезімтал да, саналы да мұсылман қарындастарымыз “екінші әйел болғысы келетін көңілдестердің” айла-қулықтары туралы әңгімелерді шынайы қабылдайтыны сондай, олар некені енді ардақты жұбайларын толық иелену үшін өмірлік күрес деп қабылдайды. Ал шын мәнінде, аңыздың өзі емес, бірақ бұл аңыздың пайда болуынан туған салдар қауіп төндіреді.

Бұл байғұстарға айтатынымыз: “Қам жемеңіз!” Кейбір қиындықтыр басқа мәселерге қарағанда жеңілдеу де, қайырлы болуы әбден мүмкін. Бұл істің бар жақсылығы, айналып келіп, әйелдің өзіне тиеді. Осыны білсеңіздер ғой!

Бұны тіпті діңіміздің дұшпандары да растайды. Атақты француз психологы, әлеуметтік психологияны қалаушы Гюстов Лебон былай деген: “Ислам бекіткен көпнекелік- осы істі жүзеге асыратын қауым үшін-ең жақсы да, толық жүйе болып табылады. Әрі,бұл-мұсылман әйелді бақытқа және құрметке жеткізер жол. Осы қауымдардың әйелдері батыстың әйелдеріне қарағанда, ерлер жағынан көбірек құрметке ие болады.”

Оның себебі мынада:

Біріншіден, әйел күйеуімен бірге сүннетті қайта жандандырады, жақсы істі жүзеге асыруға және күнәдан сақтануға көмектеседі;

Екіншіден, екінші әйелдің пайда болуымен жұбайлар арасындағы махаббат сезімі күшейеді, ара-қатынастарындағы әдеттегілік жойылады, олар бір-бірін көбірек сағынады да, бір-біріне деген махаббат пен құштарлық арта түседі.

Үшіншіден,күйеуі әйелінен талап еткен көптеген мәселелер жеңілдейді,себебі,бірінші әйелдің бойында жоқ қасиеттерді ол екінші әйелінен көре алады;

Төртіншіден, демек,бір әйел күйеуінен айрылып қалды. Енді ол өмір соңына дейін жалғыз болу керек пе? Әлбетте,ол екінші әйел болып,тұрмыс құра алады ғой, сонда оның қасында оған қамқорлық көрсететін, балаларын тәрбиелейтін адам болады;

Бесіншіден,күйеуінің бірнеше әйел алуына келісе отырып, әйелі күйеуін тап бола алатын үлкен кінәраттан қорғайды. Және де әйелдің тақуалығы үшін Аллах Тағала оның жанұясын сақтайды. Күйеуі де әйелінің қамқорлығын көре отырып, оны құрметтейді, жақсы көреді;

Алтыншыдан,ер некеленген кезде, оның ризығы артады,бұл жөнінде жоғарыда айтқан болатынбыз, сондықтан әйелі де материалдық жағдайын жақсарта алады;

Жетіншіден, сабырлық сақтай отырып,әйел Аллах Тағаланың сауабына ие болады. “Шын мәнінде, тек сабыр сақтағандар есепсіз сауабқа ие болады.”

Жаралғанға мейірімділік көрсете отырып, әйел Жаратушыдан мейірімділік көреді. Ол мейірімділіктің бір түрі-әйел күйеуінен айрылып қалса, Аллах Тағала оны одан да жақсысымен алмастырады.

Көпнекелікке тыйым салудың зияны.

Некеде тек бір әйелмен шектелу христиандар тәріздену болып саналады.

Пайғамбарымыз: “Үйлеңіндер. Шын мәнінде, қиямет күні мен сендердің

көпшілігімен мақтанамын, үйлеңіндер де, христиан монахтары сияқты

болмандар”. (әл-Байхаки)

Көпнекелікке тыйым салу-христиан монахтары шығарған жаңашылдық.

Аллах Тағала ондай бұйрық түсірмеген. Және не Ескі,не Жаңа Өсиетте

бұл жөнінде бірде бір ескерту жоқ. Көпнекелікке тыйым салу Римдік

шіркеуінен басталды. Олар грек-римдік салт-дәстүрлерге сай болғылары

келді. Ол дәстүр бойынша, тек бір әйелмен неке жасау рұқсат етілетін.

Бірақ, сонымен қатар, жезөкшелер институтын құруға рұқсат беретін.

Ия, көпнекеліктен бас тарту-оны жаман, ұятсыз, санаға сыймайтын нәрсе

деп сендіретін христиандар тәріздену болып табылады. Өкінішке орай,

кейбір мұсылмандар соларға сеніп, көпнекелікті жат нәрсе деп қабылдайды.

Пайғамбарымыз айтқан еді: “Басқа бір халыққа еліктейтіндер - солардың

бірі”. (Абу Дауд)

Ислам дұшпандарына бағыну.

Біздің діңіміздің дұшпандары көпнекеліктің пайдасы мен жақсы жақтарын

көргенней кейін олардың Исламға деген өшпенділік пен күншілдік сезімдері арта түсті. Міне, осы сәттен-ақ олар Исламды әділетсіз дің деп көрсету үшін, Исламды жек көріп, одан бас тартсын деген оймен түрлі жалған әңгімелерді мұсылман балалары арасында тарата бастады.

“Олар, өздері қарсы болғандай сендердің де қарсы болып, бірдей

болуларыңды қалады.” (ан-Ниса,89)

Оларға еліктейтіңдер-діңіміздің дұшпандары! Екі дүние де азабын тартсың!

Көпнекеліктен бас тарту-кінәрат пен ойнасқа жол ашатын есіктердің бірі.

Күмәнсіз, кейбір елдерде тараған көпнекелікке тыйым салу заңы-ол рұқсат еткен нәрсеге тыйым салып, ал тыйым салынған нәрсені рұқсат ету болып табылады. Өздері айуандық пен бұзықтыққа, ауру мен кінәратқа батып отырғанда, қалайша олар көпнекелік жөнінде сөз қозғайды? Өзі ауру бола тұрып, қалайша біреуді емдемек? Біріншеден, өздерін тәртіпке келтіріп алған жөн. Және де бұл ауруды тек Ислам тәртібімен ғана емдеуге болады.

“Аллах Тағала тәубелерінді қабыл етуді қалайды. Сондай-ақ шаһуат қуғандар (жыныстық әуесқойлар) сендердің зор ауытқумен жолда шығуларыңды қалайды.” (ан-Ниса,27)

Көпнекеліктен бас тарту-жұбайлар арсында ұрыс-керістің себебі.

Өйткені, ер адам өз қажеттіліктерін заңсыз жолмен өтей бастайды. Немесе, егер әйелінің бойында оған жағымсыз бірнәрсе бар болса, ол онымен ажырасып, басқасын алады. Ал көпнекелік рұқсат етілген болса, ол екеуіне де қамқоршы болар еді. Егер бірінші әйелі бұл әрекетке қарсы болса, өз қолымен өз бақытын бұзады. Балаларын әкесіз қалдырып, өзі де жалғыз қалады. Және осының бәріне деген жауапкершілік осы әйелге жүктеледі, күйеуі бұған ешбір кінәлі емес. Себебі, ол Аллах рұқсат берген нәрсені жасады, Пайғамбарымыздың сүннетін жандандырды. Ал осы әрекетке жағымсыз көзқарасты қоғам қалыптастырды.

Көпнекеліктен бас тарту-сүннетке және тақуа дің ізашарларына қарсы келу болып табылады.

Аллах Тағала үйленуді бұйырды да, ол аятты былай бастады: “ өздеріне жаққан екі, үш, төрт әйелге дейін үйленіңдер!” Пайғамбарымыз болса, осы мәселені сөзбен де, өз өмірімен де айқын көрсетті. Құрметті Шейх Ибн Баздан: “Некенің негізі-бір әлде бірнеше әйел ме?” деп сұрағанда, ол: “Шариғат бойынша некенің негізі-бірнеше әйел, әрине, жағдайы келетіндер және әділ бола алатындар үшін. Себебі, көпнекелікте өте үлкен пайда бар, және де бұл кінәраттан сақтанудың жолы, және де бұл арқылы үмметіміздің саны артады. Аллах Тағала: “Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсандар, өздеріне жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер.Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алындар немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік болмауға жақынырағы осы” (ан-Ниса,3) деп айтады.

Пайғамбарымыз да бірнеше әйелмен неке құрған, Аллах Тағала: “Расында сендер үшін, Аллахты да, ахирет күнін де үміт еткендер және Аллахты көп еске алған кісілер үшін; Аллахтын Елшісінде көркем өнегелер бар” (әл-Ахзап,21) деп айтады.

Және сахабалардың біреуі: « мен бұдан былай ет жемеймін», біреуі: « мен ешқашан үйленбеймін», ал үшіншісі: « мен ұйықтамай, барлық түндерімді тек намазбен өткіземін» деген екен. Пайғамбарымызға олардың сөздері жеткенде, ол Аллахқа мақтау айтып, мынандай насихат сөздер айтты: “ мен аузымды бекітемін де, уақыты келгенде, ашамын; намазды орындаймын да, ұйықтаймын да; әйелдермен некелесемін де, ал менің сүннеттімді қаламайтындар – меннен емес.”(Бухари мен Муслим). Осы сөздердегі некелесу сөзі бір әйелмен де, бірнеше әйелмен де некелесу болатындығын білдіреді. Мен Аллахтан барлық мұсылмандарға көмек сұраймын.”

Көпнекеліктен бас тарту – Ислам қауымының саны азайып, оның жоюлуына әкеледі.

Өзінің «Әлеуметтің пайда болуы» кітабында Герберт Спенсер былай жазады: “әрине, соғыс тар кезеңінде өз ер азаматтарын жоғалтатын халық үшін көпнекелік – өте маңызды қажеттілік. Ондай кезде бір әйел басына бір еркектен келуі мүмкін емес,міне, халық қиын жағдайға ұш
мадина
madina_1987m
02-04-12 19:21
ТАНЫСКЫМ КЕЛЕДИ МЕНИН СіЗБЕН АЙДАРЫНА
Салем достар!Таныскым келеді менін сізбен айдарына айтарым мол.Барлык мусылман казактарына тагыда бир БАЙКОНУРдан жалынды салем.Жалпы алемге жар салып,жар издегеним озиме абес сезилип тур.Амал жок,баягыдагы казак заманы келмеске кеткесин бизге не амал.Жас келген сон жастарды корип картаясын деген бар емеспе?Таныскым келеди менин сизбен айдарына колыма калам алып,хат жазып отырмын.казирги танда КЫЗЫЛОРДА облысы,БАЙКАНУР каласында акеммен бирге турып жаткан жайым бар.Озим уйде жалгыз кызбын.
Мен озим жалгыз бала атанамын,
билемин ким екенин ата-анамнын,
тагдырдын дегенине шаран барма?
болмаса ким ушин окпелейсин...-деп,
анам кайтыс болган.Калайсыздар,танысып жаксы сырлас дос болуга калай карайсыздар?Анам устаз оте жаксы адам болатын,акемде оте жаксы киси.Озим тарбиели отбасынан шыкканмын.Оныда айта кеткеним жон болар.Анам бир мектепте 45жыл мугалим болган.Ажарлы-салмакты,кен пейлди,акылды,ибалы-инабатты,жаксы устаз болатын...
Ал,озиме келетин болсам(ак куба келген,кыр мурынды,кара-узын шашты,жигитпенде журмеген-турмыс курмаган,уйдин жалгыз-ерке кызымын).Аллага шукир туримде келискен-келбетти.Озим,темеки-шарап жане т.б жаман адеттерден бойымды аулак устайтын адамнын биримин.Ондайдын бала жастан дамин татып кормеппин.Тек бир аллага гана кулшылык етемин.Жалгыздык тек кудайга гана жарасады дегендей,озиме жаксы жар издеймин,осы айдар аркылы табылады деген умиттемин.Умитимди ешкашанда узбеймин.Осы айдар аркылы сырласып ой болисер жан издеймин.Жалгыздыктан болар,уйге де адам келсе,куанып калатын адетимде бар.Озим конакшыл адамнын биримин.Ешкимге жаман киянатымда жок.Барлык мусылман баласын озимнин бир бауырымдай корип турамын.Аллага шукир достарымда коп.Биракта олардын баринде дос деп айта алмаймын.Катты устанатын кагидам тазалык!!!
Адам болсын,зат болсын ен-биринши бойынан тазалыкты издеп турамын.Жалгандык-отирик алдау,коп-мактану,коп азилдесу менин табигатымда жат нарсе.Ашуга тез бой алдырмаймын...
Аке балага-сыншыл деген емеспе?Акем айтады менин МАДИНКАМнын ашуы шай орамал кепкеше деп,ретсиз ашулана коймаймын.Ашуланган жагдайда тез умытып кетемин.Ашуым келе бермеиди.Келседе,тез басылады.Кей-кезде жалгыз болганыма катты капаланамын.Жалгыздыктан болар,не нарсегеде,талгаммен караймын.Талгампазбын-тазайынмын,сосын тез ушынып кала беремин!Ойткени,кез-келген нарсени жемей талгаммен жеймин...
Киылган касым бар,МАДИНА деген атым бар,
Таныскын келсен егерде,танысам десен
танысындар.
Киылган касым,25-те жасым,
Танысуга болар-ма?бос болса басын...?-дей отырып,менин достарым коп-ак.Бирак,баринде дос дей алмаймын.Сондыктан озиме адал дос тапкым келеди.Мен казактын кызымын,танысуга азирменен дайынмын...
Сиз дайын болсаныз,биз дайын,
биз дайын болсак,кыз дайын дегендей...
Менин хат жолдаудагы максатым-омирлик,жарын сыйлай билетин,адал окыган- токыган,адамгершилиги мол,енбеккор,адеми-акылды,калада туратын,ишпейтин,ишшеде аздап урттайтын,иншаллах болашак балаларыма аке бола алатын,озимди сыйлай билетин,иманды-ибалы,озине сенимди,корикти-ети тири,мыкты,минезине корки сай,бурын сонды уйленбеген,кызмети бар,сабырлыда-салмакты,жат кылыктары жок,бойынан ер-азаматтарга тан касиет табылатын,омирдин куанышы мен киыншылыгын,жан-жарымен бирге болисе алатын,жасы 26-33жас аралыгындагы нагыз казак азаматтарын издеймин.Мен ушин онын материялдык жагдайы жаксы,машинасы бар,тур-келбети келискен,тартымды,ишки жан-дуниеси уйлесип жататын,ойы терен,алдында максаты бар,озине сенимди жигит болса деп ойлаймын.
Булай шарт коятын себебим:мен жигитпен журмеген,таза,тартымды,ак-кубаша келген кызбын.Ойткени, кыз атына заты сай болуы керек.Кыз-кыздыгын сактамаса несине кыз деген емеспе?мен махаббатыма ак,некеме дак,конилиме пак тусирмеген таза кызбын.Сол себептиде, маган жаксы,балаларыма камкор аке бола алатын жигит керек.Жар кушкым,бала суйгим келеди.Уакыт болса мынау зулап отип бара жатыр.Таныскысы келетин азаматтардын хатында немесе почтасында озинин сурети болуын отинемин.Сондай-ак,жасы улкен немесе киши азаматтардын,уакыт откизу ушин гана журген жандардын мазаламауын отинип сураймын сиздерден.Озимнин почтама жазсаныздар,озим туралы керек магулыматтарды биле аласыздер деген ойдамын.
madina_1987m Танысайык!!!
Магжан
Makay_97mail.ru
13-03-12 18:23
assalaumagaleikum!!! jamagat
Ulzhan
Ulzhan_13_95
23-01-12 11:11
Barine salem!
Nurjan ergeshov
Nurzhan_91..kz
14-01-12 09:05
Assalamu ua aleikum ua rahmatulahi ua barakatuh. Menin jasim 20 da saragash audani jakta turam, men 17 18 jastagi musilman kizdarmen taniskim keledi mumkin bosa saragashka jakin jaktan bosa jaksi bolar edi. Nurzhan_91..kz@mail.ru drujba tastanindar. Inwaallah tanisaik.
Гулнара
gulnara.alm
09-01-12 18:57
Ассалаумагалейкум, жасым 29 да, намаз окитын, женил ойы жок, адамгершиликти ту еткен ер-азаматпен таныскым келеди
Алмас
almas-zeinullin@mail.ru
01-08-11 00:39
Менің жасым 24. 25-30 аралыгында айелдермен танысам. Өзім патер жалдаймын. Әйелдің ұлтына қарамаймын. дінге берік, такуа, сана сезімі мол әйелдермен танысам.Ұлтым қазақ. Қостанай облысынанмын. Астанада қызмет етем.
Султанмурат
sultanmurat64@mail.ru
26-07-11 17:09
менің жасым 47 де. 30-37 жастағы әйелдермен танысам. Иманды, тақуа, әдепті, намазхан, ақыретке сенетін әйелмен танысам. Астанада турам. Ұлтым қазақ, оралманмын
Дана (Dana_3087)
dana_3087
11-11-10 14:12
Ассалаумагалейкум
Дана
dana-82@inbox.ru
25-09-10 00:29
....



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов