Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Самет балкы руы


Авторы Xабарлама
Зейнур
Zeinur_km@mail.ru
28-04-10 08:16
самет балкы руы кай жерде орналасканы жане балкы руы туралы аныздар болса айтатын кысылер болса мында быр рахмет

Авторы Жауап
рустем
nur09islam@mail.ru
30-11-17 17:12
Саметтер активни кирип отрндар жети аталарынды жазып
Бекділдә Жарбосынұлы
Bekdilda.Kozhakhmet@mail.ru
16-03-17 03:37
Теңізбай Үсенбаевтың "Алаш шежіресі" кітабында Сәметтен Олжатайдың таралуы төмендегіше көрсетілген:
Сәмет балқы
Сəмет —> Олжатай, Тұрсын.
1.Олжатай .
Олжатайдан - Мыңжасар, Алда, Құдайназар.
Мыңжасар -> Тоқмамбет, Қүлшан, Қүлшық.
Қүлшан -> Ылаубай, Қалақ, Дабар. Құлшық ->
Қуанышбай ->Көпжасар.
Алда -> Байтөбет, Бəймен, Қүдайназар.
Бəймен -> Сандығүл, Сансызбай, Көлдей, Балдан, Қа-
лыбай, Малыбай, Қожабай, Үмбетбай, Бекбау.
Сансызбай -> Есіркеп -> бəйбішеден — Қаражан, Орақ,
тоқалдан — Ахмет, Қобай, Ерқожа. Орақ -> С
ерқожа, Ханқожа.
Малыбай -> бəйбішеден — Қойбағар, тоқалдан — Қүртебай, Досымбай, Айболат, үшінші əйелінен — Есболат, Үсен.
Күртебай -> Үзақбай, Мəмбет -> Науан. Үзақбай ->
Жүсіп, Əбілда, Сейтен. Досымбай -> Төлеген, Аман,
Көшек, Қосан, Қаражан, Асан, Махамбет.
Төлеген -> Зейнолда, Зейналабдин. Балдан -> Мүңсызбай -> Шодыр -> Ахмет -> Самалбек.
Қожабай -> Көшекбай би -> Сермахан, Ермахан, Есмахан,
Есмахан, Бержан.
Бекділдә Жарбосынұлы
Bekdilda.Kozhakhmet@mail.ru
15-07-16 10:45
Бекділдә Жарбосынұлы
Bekdilda.Kozhakhmet@mail.ru
05-02-14 16:55 жазындысы бойынша:
Олжатай бабамыздың ұрпақтары жөніндегі көшірмеде жаңылыстық болыпты. Алты Болаттың бір баласы - Андақожа - Ақбалқының таралуы Олжатай тарауына қоса көшіріліп кетіпті. Олжатай тарауындағы жаңылыс көшірілген төмендегі Ақбалқының тарауы жөніндегі жолдар оқылмасын:
"Болатүлы Андақожа (Ақбалқы) -> бəйбішеден — Сəрсембай, тоқалынан — Өтес, Қүлсары, үшінші əйелінен — Асан,
Ақай, Боқай.
Сəрсембай -> Жетібай, Қайырлап, Бекбас, Кірбас. Өтес
-> Əбдімүрат, Əбдіғани. Қүлсары -> Жабы, Жаңабай,
Үмітəлі. Асан -> Текебай, Бөгембай. Ақай -> Қүшікбай,
Мыңжас, Мыңжасар. Боқай -> Олжабай, Қүлжабай,
Есболай, Жанболай би.
Жабы -> Шөкен, Жүбай.
Олжабай -> Айдос
Есболай -> Майданбай, Ермек, Қанат. Жанболай би -> Амандық, Есентайлақ, Арқабай.
Амалдық -> Молыбай, Қаржаубай, Жомарт, Қожабай,
Ордағүл, Айтбай, Жүмыр.
Есентайлақ -> Үсенбай, Тынымбай, Оразымбет ақын.
Смайыл.
Арқабай -> Досмырза, Бекіш, \/Молыбай -> Қүлахмет,
Нүғыман, Мүсілім. Қожабай -> Ескендір -> Алмат, Руслан
(Қойшыбай) Жомарт -> Əмзе, Аббас, Мүғи. \Əмзе ->
Насыраддин. Қүлахмет -> Мəлік, Əнарбек, Талғатбек.
Оразымбет ақын -> Нығымет."
рустем
duman2013031803gmail
21-03-16 07:56
Медет Таубалдиевсинба
Бекділдә Жарбосынұлы
Bekdilda.Kozhakhmet@mail.ru
06-02-14 05:41
Түзету:
1. Зейнолла ағамыздың қайтыс болған жылын жаңылысып жазыппын: 1909 емес, 2009.
2. Ініміздің аты - Наурыздай емес, Наурызбай.
Наурызбай - 1970жылғы, Өзбекстанда тұрады. Өзі - ақын.

Сайттардағы хабарлардан көшірмелер келтірейін.Төменде бір-екі өлеңдерінің және алған жүлдесі жайлы хабардың көшірме келтірілген.


ҚАНЫМДАҒЫ ҚАЙНАР немесе ҰЛТТЫҚ РУХ

Туған тiлде айта алмасам ныспымды,-
Ғұмыр маған қанша қажет үш күнгi?!
Ұлттық рухтан мақрұм қалған адамдар
Қанатынан қайырылған құс сынды.

Рухым менiң-қанымдағы қайнарым:
Тiлiм,Дiнiм, Намыс, Жiгер-Айбарым,
Ұлттық сезiм, Санам, Болмыс-бiтiмiм,
Ең бастысы-қазақилық Байламым.

Ұлттық рухым-аласармас айбыным,
(Рух алдында сөз болып па қайғы мұң)
Ақыл, Талап, Абырой, Ар-ожданым,
КҮллi Арманым,
Бүкiл Мұрат, Байлығым

Иә, байлығым, на½ан байлық бұл маған,
Сол байлықпен бұлданам да нұрланам!
Мен осынау байлығымнан айрылсам-
Мәңгүрттенем, мимырттанам күл болам!

Жо-жоқ, бұған мендiк төзiм көнбейдi!
Өр намысым-жолбарысым сөнбейдi.
…Ахмет, Мағжан, Мiржақыптай ұлтжанды ұл
Туған елдiң Ұлттық Рухы өлмейдi!

Рухым менiң-жүрегiмнiң жарқылы,
Жаным, бүкiл қаным жыры,-
Ар тiлi!
Қазақ болып мен мәңгiге аттанам
Ұлттық болмыс, Ұлттық Рухым арқылы.

http://www.masa.kz/article/view/id/4635Халықаралық; өнер фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
07 қазан, 2013

Өткен аптада Алматыда шетел қазақтарына арналған Халықаралық өнер фестивалі өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті өткізген бұл іс-шарада әлемнің түкпір-түкпірінен келген бауырларымыз өнер көрсетті. Фестиваль аясында өткізілген жыр мүшәйрасы, термешілер жарысы және суретшілер көрмесі өз мәресіне жетіп, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы театрда өткен атаулы жиынға өз еліміздің айтулы өнер майталмандары қатысып, жас таланттардың өнеріне қазылық етті. Айта кетерлігі бас-аяғы екі күнге жоспарланған Халықаралық өнер фестивалі өте жоғары деңгейде өтті. Көрермендердің көзайымына айналған жас өнерпаздар жиналған қауымды ерекше таланттарымен тәнті етті. Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы жиналған қауымға аталы сөз айтып, Қазақстан мемлекеті әлемнің әр түкпіріндегі қазаққа әрқашанда қамқор болатындығын жеткізді.
Жыр мүшәйрасының жүлдегерлері:
Бас жүлде(150 мың теңге) – Есбол Нұрахмет(Қытай)
Бірінші жүлде(100 мың теңге) – Наурызбай Жарбосынұлы(Өзбекстан)
ІІ орын(80 мың теңге) – Жандос Аманжолұлы(Моңғолия)
ІІІ орын(50 мың теңге) - Мүбәрак Қизатұлы(Қытай)
Ынталандыру сыйлығы(30 мың теңге) – Жарасқан Нұрбаев(Өзбекстан)


http://qazaq-alemi.kz/storage/pdf/Altyn_besik4-5-2012.pdf
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына - 20 жыл
МЕРЕЙТОЙҒА
ЖОЛДАНҒАН ЖЫЛЫ ЛЕБІЗ
Наурызбай ЖАРБОСЫНҰЛЫ,
Өзбекстан
АЛТЫН ДІҢГЕК
Салтым гүлдеп,
Кетті алыс даңқым дүрлеп.
Атажұрттың аясы – жарқын дүрмек.
Дүниенің қазағын тоғыстырған,
Қауымдастық біз үшін – Алтын діңгек!
Ой қазағы қауышып қыр қазағы,
Дархан жатқан даламның кірді ажары.
Нұр-ағам бастау болған Қауымдастық,
Көзайымы болды елдің, бір ғажабы.
Сағынайын!
...шашылдық тарыдайын...
Атажұртқа ал енді ағылайын!
Шетке кеткен қазағын шепке тартқан,
Қауымдастық екен ғой, лағыл Айым.
(Өз елім құшақ жайып жатқан тұста
Өзге елде сұлтан болып неғылайын!)
Бөгде жұртты алдық та ауылдас ғып,
Топырағына бөтеннің бауыр бастық.
«Қайран менің бауырым,
қайдасың?» -деп
Қасқалдақтай күй кешті-ау
Қауымдастық.
15 миллион қазағым дүр сілкінді-ау,
О, бастан жаратқан соң бауырлас ғып.
Міне бүгін шаттықтан жанған Далам,
Қауымдастық мұнда
Алтын Орда маған.
Қазақтың бүтіндігін байрақ еткен,
Құтты болғай 20-ға толған қадам!
...Мен енді Есіліме ессіз құлап,
Жайыққа қайығымды жалдап алам...
Мен – қазақпын!
Атажұрт – жаныма Күн, –
Дедім де туған елмен жамырадым.
Атыңнан айналайын, Қауымдастық,
Сен болдың қасиетті шаңырағым.

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
050002 Алматы қаласы.
Ш.Уәлиханов көшесі, 43-а
Тел. факс (727) 273 19 50
Е-mail: altyn_besik@mail.ru

Бекділдә Жарбосынұлы
Bekdilda.Kozhakhmet@mail.ru
05-02-14 16:55
Амансыңдар ма, Сәмет бабамыздан тараған туыстарым. Амансың ба, айналайын, Нуржан інішегім (Нұржан Шабаров shabarovn@mail.ru). Сенің хатыңды оқып, көзім айдын болып отырмын. Қайдасың? Бразилияда ма едің?Хат жазып не қоңырауласып хабарлас. Осындай бір күнде бабаларымызды, аталарымызды бір сәт еске алайық. Мен - Сәметтің Тұрсынынанмын. Сәметтен бастап аталарымыздың тізбегі былай екен: Сәмет - Тұрсын - Баубек - Тілеп - Сарыбай - Бүркітбай - Қожахмет - Жарбосын - Бекділдә. Сәмет бабамыздан Олжатай, Тұрсын болып екі атаға тарайды екньіз. Олжатай бабамыз батыр кісі болған екен дейді. Олжатай бабамыздың ұрпақтары Қармақшы өңірімен бірге Ырғыз жерінде болу керек деп есітеміз. Тұрсыннан тараған біз Кеңес үкіметінің байлардың малын тартып алу саясатынан соң, Қызылқұмда болғанбыз. Сөйтіп, Олжатай бауырларымыздан бөлініп қалған болуымыз мүмкін. Щежіре кітаптарда Тұрсынның ұрпақтары жазыла бермеуі содан болуы мүмкін. Хамит Мадановтың, Теңізбай Үсенбаевтың шежіре жайлы кітаптарында Олжатай бабамыздың таралуы көрсетіліп, Тұрсыннан таралу көрсетілмеген. Теңізбай Үсенбаевтың "Алаш шежіресі" кітабынан Сәмет балқы жайлы шежіресінің көшікмесін келтірейін:
Сәмет балқы
Сəмет —> Олжатай, Тұрсын.
1.Олжатай .
Олжатайдан - Мыңжасар, Алда, Құдайназар.
Мыңжасар -> Тоқмамбет, Қүлшан, Қүлшық.
Қүлшан -> Ылаубай, Қалақ, Дабар. Құлшық ->
Қуанышбай ->Көпжасар.
Алда -> Байтөбет, Бəймен, Қүдайназар.
Бəймен -> Сандығүл, Сансызбай, Көлдей, Балдан, Қа-
лыбай, Малыбай, Қожабай, Үмбетбай, Бекбау.
Сансызбай -> Есіркеп -> бəйбішеден — Қаражан, Орақ,
тоқалдан — Ахмет, Қобай, Ерқожа. Орақ -> С
ерқожа, Ханқожа.
Малыбай -> бəйбішеден — Қойбағар, тоқалдан — Қүртебай, Досымбай, Айболат, үшінші əйелінен — Есболат, Үсен.
Күртебай -> Үзақбай, Мəмбет -> Науан. Үзақбай ->
Жүсіп, Əбілда, Сейтен. Досымбай -> Төлеген, Аман,
Көшек, Қосан, Қаражан, Асан, Махамбет.
Төлеген -> Зейнолда, Зейналабдин. Балдан -> Мүңсызбай -> Шодыр -> Ахмет -> Самалбек.
Қожабай -> Көшекбай би -> Сермахан, Ермахан, Есмахан,
Есмахан, Бержан.
Болатүлы Андақожа (Ақбалқы) -> бəйбішеден — Сəрсембай, тоқалынан — Өтес, Қүлсары, үшінші əйелінен — Асан,
Ақай, Боқай.
Сəрсембай -> Жетібай, Қайырлап, Бекбас, Кірбас. Өтес
-> Əбдімүрат, Əбдіғани. Қүлсары -> Жабы, Жаңабай,
Үмітəлі. Асан -> Текебай, Бөгембай. Ақай -> Қүшікбай,
Мыңжас, Мыңжасар. Боқай -> Олжабай, Қүлжабай,
Есболай, Жанболай би.
Жабы -> Шөкен, Жүбай.
Олжабай -> Айдос
Есболай -> Майданбай, Ермек, Қанат. Жанболай би -> Амандық, Есентайлақ, Арқабай.
Амалдық -> Молыбай, Қаржаубай, Жомарт, Қожабай,
Ордағүл, Айтбай, Жүмыр.
Есентайлақ -> Үсенбай, Тынымбай, Оразымбет ақын.
Смайыл.
Арқабай -> Досмырза, Бекіш, \/Молыбай -> Қүлахмет,
Нүғыман, Мүсілім. Қожабай -> Ескендір -> Алмат, Руслан
(Қойшыбай) Жомарт -> Əмзе, Аббас, Мүғи. \Əмзе ->
Насыраддин. Қүлахмет -> Мəлік, Əнарбек, Талғатбек.
Оразымбет ақын -> Нығымет.
Енді, Тұрсын бабамыздың таралуын атамыз - Шабар, ағаларымыз - Махамбет, Зейнолла және Тәжібайдың айтулары бойынша жазып көрейін:
2.Тұрсын.
Тұрсыннан – Ақшора, Көжек, Өтеғұл, Баубек.
Баубек бабамыз би болған екен.Балқы Баубек Базар жыраудың сөзінде бар.
Баубектен – Меңдіқұл, Тілеп.
Тілеп атамыз да би болмаса да, бай кісі болған екек. Әрі, өзі бір отырғанда, бір тайдың етін жейтін жуан кісі болған екен дейді.
Тілептен - Сарыбай, Нұршабай, Құлшабай, Өмірқожа,Сарытай.
Кішісі Сарытай атамыз (иманды болсын) әкесі Тілептің қарғысына ұшырап, ұрпақсыз қалған дейді. Қалғандарынан ұрпақ тараған.
Біздің әкеміз - Жарбосын - Сарыбайдың ұрпағы. Сарыбай атамыз да бай кісі болған екен.
Сарыбайдан - Бүркітбай.
Бүркітбайдан - Айғара, Қожахмет (екі ұл)
Айғара мен Қожахмет Кеңес үкіметі құрылған жылдарда өмір сүрген кісклер. Айғара атамыздан бір қыз болған екен.
Қөжахмет - Баубек бидің байлығын ұстаған, соңғы ұрпағы. Қожахмет атамыз қызылдардың тартып алу мен тонаушылық саясатының құрбаны болған.
Мал ұстап, бай болу да оңай тіршілік емес.
Сол барлық мал- мүлік деп, байлардан тартып алған коммунисттер, енді, Кеңес үкіметі құлағанда, халықтан амалын тауып ұрлап алып өз байлығына айналдырды. Айналып келгенде, солақай саясатшы коммунисттер бәрін өздері ұрлады. Енді, сол ұры коммунисттің балалары бай болып отыр. Байлықтың ауысуы деген - осы.
Бірақ біздің бабаларымыз смяқты қыстың суығына, жаздың ыстығына, жылдың қуаңшылдығына, даланың шексіз шөліне шыдап малды ұстай білу, оны көбейте білу, соны байлық қыла білу - нағыз қазақы қасиет, адал, маңдайтер еңбек.
Қожахметтен - біздің әкеміз Жарбосын (1926-1971).
Қөжахмет мерт болған соң (1930 жыл шамасында) , Жарбосын ес білер-білмес кезінен жетім қалады.
Жарбосыннан - бесұл, бір қыз: Зейнолла (1956-1909), Тынымбай, Тәжібай, Бекділдә, Шаһизада, Наурыздай.
Сәлеммен бауырларың Беклілдә Қожахмет. 2014.05.02. Астана қаласы.

Нуржан
shabarovn@mail.ru
03-02-14 15:15
Салем. Балкылар барма? Жазыңдар. Самет - Тұрсын - Баубек - Тілеп - Нұршабай - Бекберген - Жарылқап - Жарқынбай - Оразбай - Далапбай - Шабар.
Айдос
aidos2012-2016@mail.ru
12-01-14 20:05
мен Самет балкымын тускан болдыкко
Медет
kazax-222@mail.ru
12-04-13 20:06
мен Самет балкымын ол ру Костанай облысындада бар
Нуржан
shabarovn@mail.ru
12-10-11 11:08
Негізі Самет балкылыр (Сәмет Балқы) барлық жерде бар. Қызыл Орда, Тараз, Уральск, Алматы, Астанада да бар.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube