Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Тамды,Керіз,Сөкітті,жане Таспен,Ақбайтал,елды мененнен бауырлар бар ма?


Авторы Xабарлама
АЛИ
taspen001
04-05-10 21:16
САЛЕМ БАУЫРЛАР УЙ ЫШЫ ОТБАСТАРЫНЫЗ АМАНБА КЫЗЫЛ КУМДЫ ШАГЫЛДЫ КАТТЫ САГЫНЫП КЕТТЫМ

Авторы Жауап
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
08-05-15 23:18
Төкеңнің бастамасы құптарлық. Өмекеңнің мерейтойын жетім қыздың тойындай етпей, дүркіретіп өткізу керек. Жақында Алматыдағы жерлестермен шағын кеңес өткіздік. Қыркүйек айында жан-жақтан өкілдер шақырып, кеңейтілген кеңес өткізуді жоспарладық. Соған дейін де Өмекеңнің тойын өткізуге ықыласты ағайынның пікір-ұсыныстарын жинақтап алу ойда бар. Бәріңізден хабар күтеміз.
Есен
esen_balhybaev@mail.ru
07-05-15 18:04
Курметти жерлестер Менин аитаиын дегеним Кеше Темиртау каласында бир кисинин жаназа намазына улкен казанды далага шыгарып от жагып палау истеп жатканбыз коршилер (орыстар) милицияга хабарлап сол жерге разборкага бардым бизге административный наказание етип кетти бул арине дурыс емес сиякты бирак менин изинен тусингеним егерде темиртау каласына африка елинен негрлер кошип келип куни туни тыр жаланаш от жагып барабан урып шулап жатса биз не иститин екенбиз
төлепберген нұрышұлы
tolebi52@mail.ru
02-05-15 09:24
Ағайындар

Келесі жылы Тамдының ақиық ақыны Өмірзақтың туғанына 80 жыл толады . Ел болып осы күнді атап өтейік . Халықаралық Өмірзақ Қожамұратов атындағы қор құруға ат салысыңыздар . Арысымызды ардақтайық , ағайын .
Есбол Омаров
esbol_o@mail.ru
13-02-15 20:08
Ассалаума Алеикум!!! Керізбұлақ тулган жерим
дана
7777dana
10-01-15 18:42
салем учкудук авангард ауылы
Спандияр
19-12-14 14:56
армысындар тамдылык агайындар кок шаланы болмасада кызылкум бизге барлыгынан ыстык алтыннан кымбат баурлар текке босамандар жигиттери жигерли намысты кыздары инабатты иманды адепти елге танымалы текти елденбиз керизденбиз тамдыданбыз елге деген махабатымыз журекте тур менде жеримди халкымды сагындым кай бурышта журсендерде дендерине саулык тамдылык махабат тилеимин аман болындар.
Баҳадыр
21-04-14 06:14
Ассалаўма әлейкүм!
Негизи Ж.Балимановтан, кәсиби терапевт-врач Өмирзақ Қарымсақов Астанаға көшкен екен. Алдын Степногрскиде турған.
Танысаңыз, телефон ном., үй адрес. т.с.с. қалдырсаңыз.

Алтынбекова Гульмира
jazira14.97@mail.ru
05-04-14 21:26
Калпе Қаратамырдың Тұрлысы
Алтынбекова Гульмира
jazira14.97@gmail.com
05-04-14 21:25
Калпе Қаратамырдың Тұрлысы
Полатбек ЖАНБАЕВ
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
04-04-14 09:21
ЖЫРЫҚҚҰДЫҚ
Жастығым өткен аймақ Жырыққұдық,
Ол жерде болсаң, бауырым, қызықты күт.
Адамы мекенімнің кең пейілді,
Болмайды жастарында бұзықшылық.

Аруы айдан сұлу, көз байлаған,
Қарауға тура тіптен төзбейді адам.
Жігіті тауды жығар алпамсадай,
Көтеріп көкпарыны нар байлаған.

Жырықта жаны жайсаң қарттарым бар,
Кие бар адамдардың аттарында әр.
Әжейлер сені таныр әудем жерден,
Сыры мол ауылымның ақтарылар.

Құмына жалаңаяқ барсаң егер,
Иттері алдан шығып арсаң етер.
Таинды өзіміз деп пейіліңнен,
Көңілді әрбір үйде дархан етер.

Тау да жоқ ол алқапта, ылғи құмақ,
Күлімдеп шәй ұсынып қыздар тұрат.
Ақылы көркіне сай аруларым,
Ойнақы мінезі жоқ, ұстамдырақ.

Ізетті жеңгейлерім Жырығымда,
Жағымды мінезі бар қылығында.
Ағамның екі етпейді айтқан сөзін,
Шолпы бар әжем өрген бұрымында.

Сен барсаң Жырыққұдық алабына,
Бата бер бесбармақты табағына.
Бас бермей қайтармайды онда бауырым,
Қондырмас кірбің деген қабағыңа.

Жырықта түйе де көп, кие де көп,
Кім айтар иықтан кеп сүйеме деп?
Желейді әруақтар алдан талай,
Пайдасы тағдырыңа тие ме деп.

Сол Жырық жырақ жатыр сағындырып,
Уақыт дегеніне бағындырып.
Сәлем айт бара қалсаң, бауырларға,
Тілекті менен барға қабыл қылып.

4 сәуір 2014 жыл, Степногорск қаласы. Полатбек ЖАНБАЕВ
Шора
kenimex@bk.ru
30-03-14 06:50
Аққабақ қарақалпақларына салам!

Шора ҚАРАҚАЛПАҚ
Данияр
29-03-14 16:13
Сагатбек хабарлас мен Отемураттан 8775 592 4511
Сагатбек
Janguli.83@mail.ru
13-03-14 16:39
Салем Бауырластар
Туған жердің шалғынды шөбі қандай.
Тәңір өзі біздерге сый қылғандай.
Бар алемнің керемет сұлулығын.
Алақандай Аққабаққа сыйғызғандай. деп елін сағынғандар Амансыңдарма Әр көктем келген сайын туған жердің тамаша таңын Айлы кешін. Кең құшақ төсін сағынам.

Полатбек Жанбаев
Zhanbaev_polatbek@mail.ru
10-02-14 19:45
Ауылды жүрмін сағынып,
Уақытқа деген бағынып.
Тамдының тасы киелі,
Не етем оны жасырып.

Ауасы еді жағымды,
Ашатын менің бағымды.
Шұбаты қандай дәмді еді,
Бір балаң сені сағынды.

Шағылдар еді жұмсағым,
Жазында қалқып мың сағым.
Алаңсыз ойын қуушы ем,
Келіп тұр бүгін жырлағым.

Тамдыда қалды бал шағым,
Не күтер мені алдағым.
Алыстап кетіп барамын,
Сағыныш толы жан-жағым.

Достарым менен құрбылар,
Достықтың сондай құнты бар.
Армансыз адам болмайды,
Замандас деген сыншы бар.

Сағындым сені таңдарым,
Өзіңсіз ұйқым қанбасын.
Тамдыға барсам шіркін-ай,
Өзіне арнап ән басын!
Багила
29-01-14 15:29
Сәлем жерлестер!Ауылды туған жерді сағынып еске алу қандай қиын.Аққабақтың кең даласына , Жаңа-шаруаның таза ауасына жетпейді ғой шіркін!!!
Турарбек
djjj.turar@mail.ru
20-01-14 19:06
Жырдан тумар тагарем аласынба?
Алтын емес арым бар арасында.
Мен сені суйемінгой нанасынба?
Сезбейсін бәрібір баласында.

Паксін алі сезбейсін ешнарсені,
ГАшыктыктын сокпаган еспе желі.
Бала коніл еліктеп ар нарсеге,
Карайганга алданып ес кореді.

Жырдын саган усынам гул шоктарын,
Найзагайдын аперем нур шакпагын.
Білесінбе мен сені унатамын,
Бірак бірак баскага сыр шашпагын!

Домбырамен куй салам саган гана,
Куй ыргагын бурганда сан арнага.
Саган деген ыкылыстык естіледі,
Оны естіп біледі самал гана.

Багып турып козінді,іштей угып біл мені,
Окып коріп созімді унамаса ур мені.
Жаксы кору кісінін касиеткой іргелі,
Ал махаббат формула алдекайда курделі! (Омірзак Кожамуратов)

Есимкан
07-12-13 13:23
Сагатбек, калай жагдайлар? Оленинди окыдым. Бирак келиспейтин жерим бар. Мақтайтындай байлық деген сенде жоқ. депсен. Зарафшаннан шыгып атырган алтын дунья жузинде сапасы жагынан 4-орында турады. Прогресстин айналасын геологлар шукып таслаганын билесен го. Олардын байлык излеп жургенин жаксы билесен.
Сал азырак сабыр етин
Кызылкум еле зор болады

Сагатбек Асаба
Janguli.83@mail.ru
25-11-13 18:12
Қасиетті Қызылқұмның тумалары баршаңа Сәлем Мен Тамды ауданы Прогресстен болам Хабарласыңдар таныстар болса
Сагатбек Асаба
Janguli.83@mail.ru
25-11-13 18:09
Қызыл құмның ортасында жайғасқан.
Айналасын орман су жоқ құм басқан.
Сексеуілмен жусан өскен даласы.
Шаңқып тұрып дауыл тұрар тынбастан.

Мақтайтындай байлық деген сенде жоқ.
Туған жерін жамандайтын пенде жоқ.
Бар болғаны шағын ғана ауылсың
Сеннен артық сеннен қымбат менде жоқ.

Есен
esen_balhybaev@mail.ru
31-08-13 07:34
Салем жерлестер Менде бир еки ангимемди жазып кетейн. Казахта кыз куйеуге кеткенде АРТЫНА ЖАНЫМ КАРАМА деитин еди сол себепти ТАС ТУСКЕН ЖЕРИНЕ АУЫР ТАСТАЙ БАТЫП СУДАЙ СИН деген соз бар емеспа сол ушин Казах жерине келгесин сол жердин суына даласына уйренип халкынын ортасына уирену керек уирене алмасан ешким сени устамаиды каитадан сол киндик канын тамган жерге кошу керек Сен тауелибаидын казагысын Жиделибайдын казагы ким Жагалыбаидын казагы ким осыны билип жергиликти халыкка тусиндир халыктын ортасына кируге талпын болинбе Кызылкумды сагынба казирги туратын жерди сагын
Ақшолпан
sholpan_9600@mail.ru
16-08-13 16:35
Керізбұлақ, жалынды сәлем!!!
Кәлпе Қаратамыр
01-06-13 15:32
Сәлеметсіздер ме?Өмірзақ Қожамұратов жайлы мәлімет қайдан таба аламын еңбектері болса тіпті жақсы.Зерттеу жұмысына.Қарағандыдан сәлем барлықтарыңызға!
Нурхан Нурмаханов
nurkhan-86@mail.ru
22-04-13 23:35
Қали аға Аллах разы болсын. Тауелібайдың жыртығын жамап, жоғын түгендеп жургеніңізге мың алғыс. Өзіңіз сияқты Садуақас Байқадамов секилді азаматтар аман болса, талай урпақ Қызылқұмның қызығын умытпасы анық.
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
12-04-13 14:47
Туелібай - Өзбекстанның бұрынғы Бұхара, бүгінгі Навои облысының Солтүстік аймағын алып жатқан аймақ. Оған Тамды,Үшқұдық аудандары түгелдей, Кенимех аданының, Көкше, Қаратау,Құлжықтау тауларынан бастап, солтүстіктегі бөлігі кіреді. Бұл аймақтың Тауелібай атануы - осы өңірде ірілі-ұсақты 30-дан астам таулар, тау сілемдері, шоқылар бар. Ең биік тауы - Ақтау(948м.), ең аласасы Ұзынтау(165м). Олардан өзге Қазақтау, Арыстантау, Боқантау, Келіншектау, Оғызтау, Керегетау, Алтынтау, Амантайтау, Тамдытау, Жалпақтау, Мұрынтау т.б.таулар бар. Қызылқұм шөлімен араласып жатқан осы таулы өлке мал шаруашылығына өте ыңғайлы. 200-дей жуық өсімдік түрлері өседі. Қақаған қыста малға пана болар ықтасыны: қазан шұңқырлары,ойпаңдары мен терең сайлары баршылық. Сондықтан болар тұяқсыз қалған жұт болмаған аймақ. Ал Тауелібайдан әрі Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақта (солтүстік-шығысқа қарай , тіпті сонау Ұлытауға дейін) бірде-бір тау жоқ. Сондықтан ба бұл өлкелерде қыс қатты болған жылдары жұт болып, тігерге тұяқ қалмаған кездер бірнеше рет қайталанғаны тарихтан белгілі. Сонда бұл елдің адамдары бүгінгі Тауелібайда отырған елден көмек сұрап келеді екен. Мал-жаны аман, шалқып-тасып отырған қалың қазақ ағайыннан аясын ба, алдарына қырық-елулеп мал салып жіберетін болған. Ал қуанып қайтқан ағайын еліне жетіп:\"тау ішінде отырған ағайын-туыс бай екен, таудың елі бай екен\",-деп мақтап жүретін көрінеді. Сөйтіп, біздің елді алыстағы ағайын \"Тауелібай\" деп атап кеткен.Тауелібай (кейде Елібай деп те атайды) атауы Сыр сүлейлерінің шығармаларында жиі кездеседі. Мұны мен жалпы ағайын біліп жүрсін деген оймен мәлімет үшін жаздым. Алла бұйыртса, \"Тауелібай\" атты энциклопедияны жарыққа шығаруды жоспарлап отырмын. Өзім Тамдыда (анығы Аяққұдықта) туып, Кенимехта өскен, Үшқұдықта еңбек жолымды бастаған азаматпын. Үш аудан да маған етене жақын. Кезінде, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын тауелібайлық жүйрік ақын Наурызбайға сөзін, сазгер Марат қожаға әнін жаздырып, \"Тауелібай\" деген әнді шығаруға үйытқы болғаным да бар. Құрметпен Қали Жолдасов.
Асхат
asiko.0619
22-02-13 19:01
Салем Жана Шарулыктар калайсындар шіркін Сокіттіні сағындыққой борабайға тускім келіп жур, ағайндар хабарласындар мен Асхат Майрам баласы.
Ғани Кенесбайулы
Jamurat_gani70@mail.ru
15-01-13 11:20
Салем агайын, ауылдастар, мен Тауелибай жеринин Сукетти елди мекенинде туылып оскенмин Жана-Шаруа ,арине киндик тамган жер арине ыстык,Сөкіттімнін ак шагылын, шатын,киік тауын,жетим тауын қара төбесин каттык сагындык , айрыкша кеурегін, гараниын,қызғалдағын айтсайшы ағайындар туған жерді ешкашан ұмытпайык ағайын,ауылдастар!
Турдыбаев Конакбай
06-01-13 15:17
Кызылкумда айкулак аулап, акпанага шомылып журген балдармыз гой. Ойпырмай, жас откен сайын откен кундерди терен курсинумен еске алады екенсин. Таскудык, Молдиман, Жанаталап, Далакудык, Таспен деген Кызылкумнын как ортасындагы ата журтта адам калмаган гой. Барып корсен егилип жылайсын.
Турдыбаев Конакбай
06-01-13 15:13
Турдыбаев Конакбай.
Кызылкумнын щагылын айтпайсындарма, ширкин! Кара костюм шалбармен журсен де, шагылдын устине отырсан да бир шан тимейди гой. Аксуйек ойнаган кундеримизди ойлап кориндерши. Аягымызды томардын тубирине копарып алып, тек устине кум сеуип шапкылап кете беруши едик.
Еркебай (Икош)
erkebay-1997@mail.ru
04-01-13 12:28
Салеметсиздер ме Тамды ауданы Сукитти ауылынын адамдары болса маган дружба тастандарш
Буркитбаев Каныш
kanish.b
08-01-12 20:22
Тамдылыктар калдарын калай жаксыма? Разико сиз кайдан боласыз?
Каныш
kanish.b@mail.ru
21-12-11 20:26
Ассалаума Алеикум!!! Тамдылык жерлестер калдарын жаксыма? Сиздердин жазгандарынызды корип оте куаныштымын!!!
Фариза
fariza-nur.kz
13-12-11 08:17
Кызылкум туган жерим баримизде катты сагындык! Аттен Казакстанга кошуди ким шыгарды екен? Ар жерде, ар облыста журген туыс бауырларымыз аманбысын? Жан-жакка шашыраган бауырларымау!
Отанбек
10-11-11 06:37
Бай-бай ол жерлерде жан баласы қалмады ғой. Тек Тамдыда шоқиған санаулы қора-қопсы қалды, масқара! Отанды да осылай қадiрсiздендере ме екен?
Накан
zholdasov75@mail.ru
23-09-11 21:57
Өзбекстан деген жерден,
Тауелібай деген елден.
Жерлестеріміз неге,
Көшіп кетті екен!
Накан
zholdasov75@mail.ru
23-09-11 21:50
Маған Мекке, Мәдине,
Венеция,Париж не?
Туған жердің шөліндей,
Ыстық емес әрине - деп қиық қалтаң руынан атамыз Өмірзақ Қожамұратов бекер айтпаған ғой.
ертостик
23-09-11 20:31
жылама бала. Мунайма бала.
Разико
razia_1982@mail.ru
21-04-11 13:02
Салеметсіңдер ме, куанышы мен уайымы уксас бауырлар? ауылды сагынсандар, бір минут уакытты бос жібермей, еңбек етіңдер. тек колы бос адам гана өткенге орала береді. жандарында ауылдан келген біреу міреу бар ма? мен жападан жалгыз жүрмін. кітап окып, шыгарма жазу уакыттын зымырап кеткенін елеусіз етеді екен. менің де ауылдың шағылын суреттен көріп ебіл-дебіл боп жылаган кезім болган.
Ныгмат
Mubar67@mail.ru
13-04-11 20:41
Салем!!!арине сагындык
Маншук
manchukr72@mai
10-04-11 20:33
Жаным-ау Кызылкумды баримиз де сагындык. Озин казир кайдасын?



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов