Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Олжас Сүлейменов


Авторы Xабарлама
Жанна
virbey@rambler.ru
14-02-06 17:13
Олжас Сүлейменов туралы айта кетсеңіз, және оның Аз и Я кітабының негізгі жазылу мақсаты, ойы неде? Бұл кітабының репрессияға ұшырауына сіздің көзқарасыңыз қандай? Осы тақырыпты ғылыми жобада қорғап жатырмын материалдар болса жіберуіңізді өтінемін.

Авторы Жауап
Баубек
baubek.zhumash@mail.ru
04-11-15 19:19
Мына жерде Олжас Сүлейменовті "алжыған, орыстың жыртысын жыртқан, Алжас" деп ұялмай, мазақтап жазыпты. Ал, сол данышпансымақтар Олжас Сүлейменовтің елімізге сіңірген зор еңбегін біле ма? "Аз и Я" кітабының қаншалықты маңызды екенін, сол еңбегі үшін орыстардың сынына ұшырағанын біле ма? Әйтеуір, ғаламтор желісінде отырып алып, ананы сынап, мынаны сынап, оған өзінше сын айтуға шебер. Ал, сол дүниенің қаншалықты құнды екеніне бас қатырып та жатқанымыз жоқ. Білгішсінііп жаза беруден бұрын Олжас Сүлейменов туралы,оның еңбектері, атқарған істері жайлы біліп алып, сосын барып сын айтса дұрыс болар еді!
оксана енсепова из байконура
oksi.baikonur@mail.ru
15-03-13 21:33
Осы аптада Алматы төрінде қаламгер ағайын үшін ақ түйенің қарыны жарылып, ғаламат той болып өтті. Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 75 жыл толды. Иә, бұл тек «ардың ісін» ойлаған арда азаматтардың думаны емес, қалың оқырманның, демек біздің де тойымыз десек, тура болар. Абай ескерткiшiне қалампыр шоқтарын қойып, мерекелiк пленумде Олжас Сүлейменовтен Шерхан Мұртазаға дейінгі марқасқаларымыз бой көрсетіп, сөз сөйледі.
Арайлым
arailym_js@mail.r
15-03-13 17:23
Олжас Сїлейменов — табиєатынан рухани бўєауланбаєан адам. Еркіндік — їнемі оныѕ шыєармашылыќ жјне ќоєамдыќ ќызметіндеєі негізгі ўстаным болып табылатын-ды. "Еркіндік" сґзініѕ маєынасы кґп ќырлы. Аќынныѕ ґзі де дјл осы їєымєа бірнеше тїсініктемелер їсынєан. Заѕєар биіктікте самєап їшу їшін де ауа ќажеттігін ол жаќсы тїсінді.
Сайлау Айкерім
aigera_05_99@mail.ru
14-03-13 15:38
Өлдіііі??? еееех қазақтар-ай...!!! қайда бара жатсыңдар аа? тірі адамды өлдіге санап?! иманшыл, ұяң, жуас қазақтар қайда кеткен? сіздердің жазғандарыңызды оқып отырып қазақ екеніме қатты ұялып отырмын!
Сайлау Айкерім
aigera_05_99@mail.ru
14-03-13 15:32
Сәлеметсіздерме! мен бұл сайтты бүгін алғаш рет ашып отырмын. Жазған жауаптарыңызды көрдім... Әрине Олжас атамыздың бойында қазақтың қаны бар болғанымен де, орысша көп сөйлейді. Намысыма тиеді деп жатыр ғой, бір жағынан бұл да дұрыс-ақ. Қазіргі жастардын көбісі мәңгүрт. оған дауа бар ма?! Олжас атаны қазақша білмейді деп кінәләуға болмас. Кеңес үкметі кезіндегі жалынның бір ұшы тиген болар... Нені меңзеп отырғанымды түсінерсіздер деп ойлаймын...
мадина
madina.24.97@list.ru
11-03-13 11:52
нақты жоқ
ЛЕЙЛА
leila.220896@mail.ru
03-03-12 19:40
Бұл нағыз ултшылдық! қанша дегенмен де ол ҚАЗАҚ, және сіңірген еңбегі аз емес. Көзі тірісі кезінде біз оны қазақ ретінде бағаламасақ та, адам ретінде бағалауымыз керекпіз!
АЙДАНА
AITOW_96.kz@inbox.ru
24-10-11 21:06
оте жаксы жазылган сыздерге коп-коп рахмет


Ерасыл
12-08-11 18:51
Олжас Сулейменов қазахтын макташы!
Дана
d_a_n_1994
26-05-11 17:08
неге өлнедері жоқ ?
Замира
zamira-555@mail.ru
23-05-11 09:57
Олжас Сүлейменов жайлы қазақша мағлұматтарды қайдан алсам болады?
Даулет
Daulet_3112
18-02-11 16:45
Aргымактарга сипаттама бериниздерши Отынемин!!! Нени суреттегени керек!!! Аргымак деген не

Даулет
Daulet_3112
18-02-11 16:43
Құрметті халық!!! Маған Олжа Сүлейменовтың Арғымақтар өлеңіне және кытабына сипаттама бериндерши!!! Ондағы не туралы жазғанын, нени суреттегені болса жетерлік!! Комектескендерінізге көп рахмет!!!
Madina
04_baby_96
05-02-11 06:18
Oljas Suleimenovtin fotasin kaidan tabuga boladi?
Батса
жоқ
23-01-11 15:46
өте жақсы емес деп ойлап калмандар деп ойлап қалыңдар деп мен айтсам сендер оған сеніп қалмаңдар деп айтсам қалай болады
Малике
Mali-midel@mail.ru
04-12-10 11:29
Аз и Я туралы жазып жибериндерши Өтинем!Казақша! За мной не заржавеет
Данабек
D1a9n9a1b1e1k
12-10-10 19:18
көмектескендерінге рахмет!!!
Қазақ
30-09-10 14:43
Осы шалақазақтан басқа тақырып құрып қалдыма?
Аида
29-09-10 21:00
Гильгамеш туралы дастан ды білсеңдер айтыңдаршы
Жаным
Jasho95
09-04-10 20:40
өтініш кайдағы бір нәрселерді жазғанша накты өмірбаянын жазыңдаршы!!!)))))
urken
urkenchik_09
13-03-10 21:35
rahmet
Бауыржан
Bosya1992
10-12-09 12:29
Рахмет керегімді таптым саиттарын тема
:)))
тауып алдым (керек болса)
28-04-09 21:42
Уикипедиядан да таба аласыздар. Өте көп мәлімет болмаса да. )))
http://kk.wikipedia.org/wiki/Сүлейменов,_Олжас
:)))
тауып алдым (керек болса)
28-04-09 21:39
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ

(1936 жылы туған)

Олжас Сүлейменов 1936 жылы Алматы қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін, сонан соң Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Орыс тілінде жазады.

Тұңғыш өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті.

"Нұрлы түндер" (1962), "Шапағатты шақ" (1964), "Мешін жылы" (1967), "Қыш кітап" (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, "Атамекен" деген атпен басылып шықты (1986).

Ақынның балалық шағы қаһарлы соғыс кезіне тап келген. Бүкіл ел басына түскен қиыншылық, ауыр жылдар оны ерте есейтеді. "Атам қырық төртінші жылы көкірек ауруынан қайтыс болды. Жастығының астынан қиын-қыстау қаралы күндері жесін деп маған сақтаған бір үзім қара нанды тауып алдық", — деп ақын өзінің балалық шағын еске алады.

Оның жастайынан кітаппен достасуы, көп уақытын кітапханада өткізуі зерттеушілік қабілетін шыңдай түседі.

1961 жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. "Арғымақтар" және "Адамға табын, жер, енді" атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнаңылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі.

Лирикалары. О. Сүлейменов қазақ өлеңіне өзіндік өткір тартыс, сезім күрделілігін әкелумен бірге, оның уақытқа және кеңістікке тән аясын кеңітудің үлгісін көрсете білді. Ол лаулаған алауды, ұшқынды сүйеді. Туындыларының өне бойында — далада да, тауда да, ежелгі керуен сүрлеуінде де — лаулаған алау. Оны:

Қария тарих — қаптаған жалын

Лап етіп жанған түздерде,

Алауға атам қақтаған жанын,

Аңызы қалған біздерге, — деген өлең жолдарынан анық байқауға болады.

О. Сүлейменов өлеңдерінен ("Семсер" аударған Қ. Мырза Әли) ақындық арыны, екпіні анық көрініп, оқырманға ой тастар шабытты жолдар арқылы өріле суреттеледі.

... Жаным, жігер,

Жарқылдаған от болсын!

Сілтегенде,

қайзаламай

Қақ бөлсін...


немесе:


... Ұшқын шоққа толып кетсін құшағың

Ол — құрыштың,

Ол — алмастың нышаны, — деген жолдардың өзі оқырманды жігерлендіре түседі, қуатты күш береді.

Олжас — қазақ ақындарының ішінде саяхатқа ең көп шыққандардың бірі. Ол Азияда, Таяу Шығыстағы араб елдерінде, Еуропада, Америкада, т.б. елдерде болды. "Кешіп келем, кезіп келем, кезіп келем, шым-шытырық жолдарыңмен", — деп үн қатады ол Жерге.

Ақын Америкадағы Небраска штатында

"Жайылма жазирасы — тікен шеңгел.

Аптап күн төмпе томар бүккен белдер" — десе,


Бербери аспанының аясында:


Виллиондар мыңғырған,

Шытырман шымылдықтай жағасында

Мұхит ышқына шыңғырған, — деп Африканың шетсіз-шексіз кеңістігін көрсе, Эгей теңізінде:


Гекзаметр өлеңдей алыс ұзақ

Жол-шумақтар барады шыған ұзап, — деп жырлай келе:

Түйелер елсіз-күнсіз шөл өлкеде

Маң-маң басып жоқ болады көлеңкеде, - деп Сахарадағы көргендерін түйіндейді. Олжас поэзиясының басты қаһарманы Жер шежіресіне үңіледі:

Қазып қалшы күрегіңмен жер бетін,

Табасың сен көшпелі елдер бабасын.

Қарғап өткен қаніпезер жеңдетін,

Бабалардың нәлет сөзін табасың,

Тек қарғыс па? Үміт отын табасын, - деп сұрақ қоя отырьш, жауап қайтарып, ол болашаққа аттанады:

Жылдар өтер табысар адам баласы,

Қыл өтпестей тату больш арасы... — деп, көрегендік танытьш, азамат ұрпағын бірлікке, татулыққа шақырып, философиялық ой толғанысын білдіреді.

Қазақстанды суреттегенде Олжас Сүлейменов халықтың өзіне ғана тән қасиеттерін шебер суреттеп, даралай көрсетеді. "Ақсақ құлан" атты өлеңінде жүген-құрық тимеген асау тағылар жүйткиді, бірақ негізгі тұлға — адам. "Құланды да қан майданға ерттейді", — дейді ақын.

Ұлы Абайдың қасиетті қабіріне ат басын тірегенде:

Шыңғыс тауы бөктерінде моласы,

Сарғалдақпен шегеленген төбесі

Тәуап еткен талай адам баласы.

Болған кезде жоқшылықтан өлесі

Жыр запыранын жұтады екен жұрт содан,

Шөп те сол шақ тұрады екен қалтырап,

Адамдай-ақ улы шарап ұрттаған

Дала мең-зең, сары гүлін шаншып ап, — деген өлең жолдарынан ұлылыққа деген сезім шынайылығын тануға болады.

Ақынның лирикалық қаһармандарының бәрі асқақ жанды өр тұлғалар. Олардың қай-қайсысы болмасын өмірге құштар жандар.

Ақын өлеңдерінде шьнайылық, дөп басып суреттеулер басым келеді. Қазақ халқының ұлттық ойындарын көрсетіп, жанды бейнелі суреттерді дамыта отырып, бір сәт көрініс арқылы ақын халық өмірін, оның мінез-құлқын соншалықты шеберлікпен дәл бейнелейді. Мысалы:

Ақын сезім түйсігінің шыңдығымен, ішкі жалынымен, әсершіл сезімді бейнелеудегі сыршылдығымен, тіл байлығымен ерекшеленді. Бірде "қызды қуьш жетсем" деген жігіт арманын, енді бірде атын төпелеп ұрып, не істерге білмей дел-сал болған шарасыз жігітті көз алдымызға келтіреміз. Қарапайым өлеңнің әр жолы оқырманын үлкен әсерге бөлей-ді, күлдіре отырьш ойлантады, сол сәтгегі жағдайға еріксіз көнген жігіттің мүшкіл халі кімді де болса "әттең-ай" дегізері хақ.

Олжас Сүлейменовтің туындыларынан Қазтуған мен Шалкиіздің жыраулық екпіні, Асан қайғы мен Қаз дауысты Қазыбектің шешендік сарыны, Махамбеттің темірдей тегеуріні мен Абайдың данышпандығының лебі еседі.

Ол өзінің асқақ даусымен: "Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық", "Даланың жоғын жоқтайтын жігіттер керек біздерге" деп үн қатады. Міне, сондықтан да ақынның лирикалық қаһармандарының әрқайсысы бір әлем, оның, сырын ашып, тереңіне үңілу керек, сонда ғана ұғьш түсінесің.

Олжас Сүлейменовтің өлеңдері орысша жазылғанымен, қазақтың ұлттық шығармасы больш табылады. Ақын өзінің туған халқының эстетикалық дәстүрлерін үлгі тұта отырьш, әлем поэзиясының образдарынан алған тағылым, оның ойы мен сезіміндегі ұлттык рухты, ұлттык характерді дамытып байытады.

Қатаң да бопсың, қасарсаң

Қас дұшпанды

Бір-ақ сілтеп

Қақ бөліпсің қылышпен,

Қанды ұрыстан

Құйттай ғана босансаң

Жыр арнапсың

Жүректерге сүйіскен.

Саған берген

Алыптығын алыпсын.

О, Махамбет,

Қайсар ұлы

Көшпелі бұл халықтың,

Қаһарлансаң

Ханның басын алыпсың, — деген өлең жолдарынан-ақ ақынның Махамбет поэзиясының рухын жанындай жақсы көретіні, оның ұшқыр ойлары мен уытты тілін ерекше бағалайтыны байқалады. Оның әр өлеңі, әр шумағы лирикалық герой туып-өскен даламен, өз халқымен, оның өмір-тіршілігімен тығыз байланыста алынған. Ол халқының тарихы мен шежіресін, аңызы мен-ақындык үнін, дәстүрін — қазақтың ұлттық мақтанышы болып табылатын қасиеттерінің бәрін шьш беріле жақсы көреді, оны асқақтата жырлауға тырысады. Өзінің тұңғыш кітабын "Арғымақтар" деп атауы тегін емес. Алысты жақын қылатын ұшқыр сәйгүлік — Олжас шығармашылығында өлеңнен-өлеңге, кітаптан-кітапқа көшіп отыратын дәстүрлі поэтикалық тұлғаға айналады.

Олжастың арғымағы — ұшқырлықтын, алапат күштің, албырт жігердің символы. Ол таусылмас, сарқылмас тіршіліктің өзіндей мәңгілік қозғалысты танытқан, шапшаңдыққа ұмтылған тынымсыз уақыттың өз бейнесі тәрізді көрінеді. Ақынның арғымақ мінген азаматы қай кезде болмасын асыл арман мен абзал күреске құлшынады.

Өлеңнің көркемдік ажары, сезім қуаты, қазақ даласының құдіреті ерекше асқақ суреттелген. Мұнда ішкі әуен, құрыш тұяқ дүбірімен тұтастықта көрініп, оқырман жүрегінің дүрсілімен сабақтасады.


Тақтақ жолдың бетіне, — деген шумақтардан ақын талантының қуаты анық байқалады. Оқырман да бей-жай қалмайды, ерекше бір күшке ие болып, намысын қайрай түсіп, өзін ат үстінде құйғытып шауьш келе жатқандай сезінеді. Мысалы:

Қыпшақтардың, ойхой, құба жондары-ай,

Жер тарпыған пырағын айт, пырағын!

Шар айнадай сауырына қомдап ай,

Арғымақ жүр

Көк шалғынды — көк кілемге

Сүртіп болат тұяғын.

Берші менің тақымыма біреуін

Жеті қиян жер түбіне асайын,

Арғымактай аласұрған жүрегім

Тыпыршиды —

Оны қалай басамын... — деген өлең жолдарының өзінен-ақ оқырман ақынның күрескерлігін, ереуілдеген сезімін ұққандай болады. Жырды оқығанда құлағымызға арғымақ аттың дүрсілі келеді, мұның өзі ақын жырының өресін таныта түсіп, биіктігін сездіреді.

1969 жылы жарық көрген ақынның "Қыш кітабы" атты поэмасы ата-бабаларымыздың артына қалдырған адамгершілік мұрасы жайында жазылған ең күрделі, құнды еңбектерінің бірі. Кітап бірнеше тілдерге аударылды.

Ақын, аудармашы профессор Леон Робель "Қыш кітабының" әдеби құнын айрықша көрсетті. "Олжас Сүлейменов, сөз жоқ, біздің кезіміздегі орыс тілінде жазатын тамаша ақындардың бірі. "Қыш кітабы" тарихи терең тамырлы ғажап ақындық қиялмен шұғылалы сәулеге суарылған үлкен дастан дей аламыз. Бұл кітаптың ерекшелігі — мысқыл-әжуа мен баяндаушылық күшінің, эротизм мен өктемдіктің, нәзіктік пен әзіл-оспақтың бір-бірімен қайнап пісуінде. Бұл — нағыз эпикалық шығарма. Біздің бөлшек-бөлшек әлеміміз талайдан бері мұндай зор дауысты естіген жоқ еді, біз Сүлейменовті сондықтан да Гильгамеш, Гюго, Хлебников секілді ұлылардың табиғи, танымал мұрагері деп білеміз", — деп өте жоғары бағалайды.

Халықтар мәдениетінің туыстығы мен өзара баю идеясын ақын үнемі көңілінен шығармайды. Халықтар арасына көпір салып, жол түсіру үлкен шебердің ғана қолынан келеді. Көпір екі елге де ортақ, екі елдің де мақтанышы. Олжастың жыр көпірі болғаны — еліміздің мақтанышы бола бермек. Мәселе, өлеңнің қай тілде жазылғанында емес, оның көтеріп тұрған жүгінде, оқушысына ой салып, жүрегіне жетуінде. Демек, Олжас туындылары өз халқының ғана емес, күллі көп ұлтты отандастарының да рухани дүниесін байыта түсетін мәнді мазмұн таба білуімен құнды бола бермек.

Ақын тарихтың көшкен жұрт, көшкен із емес екенін жақсы түсіне біліп: "Келешек — өткен тарихты қорыту", — дейді. Өзінің "Қьпп кітабы", тарихи тақырыптағы жырларын-да, "Аз и Я" сияқты сан алуан ой-пікір туғызған еңбектерінде ақын Көне Русь пен Даланың қарым-қатынасы, екі мәдениеттің қанаттас өрбіген тұстары жайындағы ой-толғанысы арқылы өзінің екі тілді де терең меңгерген байыпты ғалым екенін танытты. Олжас поэзиясының қуатты қос қанаты бар. Оның бір қанаты — әлем мәдениеті мен әдебиетіне суарылған, екінші қанаты Шығыстың және қазақтың төл поэзиясынан нәр алған. ІПығыс поэзиясындағы сырлы саз, қазақ фольклорындағы эпикалық кең құлаш, Махамбет өлеңдеріндегі отты леп, Абай поэзиясындағы терең ойдың барлығы Олжас поэзиясына тән дүниелер.

О. Сүлейменов өлеңдерінің тақырыптық аумағы өте кең. Біресе жеке адам көңіл күйі, біресе бүкіл ел өмірі, немесе ел, жер тарихына үңілу, тіпті жер шарының бар түкпіріне көз сала білу, — осының бәрі ақын туындыларына ел, жер жағынан да, уақыт жағынан да шекара қоюға келмейтінін дәлелдейді.

"Батыр Мәмбеттің өлер алдындағы сөзі" өлеңінде ақын:

Бісміллә!

Жорықтарда өткен күнді өлшемей,

Жүрек толы ашу-ыза,

Мол шемен.

Ат үстінде туған ерді,

Дүние-ай!

Кіріптар ғып айдап өтті-ау

Көшемен!


Енде бірде батыр аузынан:

"Ер үстінде туьш едім, өлер ме едім кісенде", "Мен — жалаңаш қылышпын", "Додалайды бір-бірінің түбітін, еріккен көп төбеттер" дейтін жолдарды естиміз. Батыр тебіренісі кімді де болса ойландырады. Ақын-суреткердің контраст әдісін, қарама-қарсы қоюды шебер пайдаланатыны да осы өлең жолдарында анық көрінген. Өмірдің көп қырлылығы, әсемдігі, адам тағдыры жайында ақын жалаң үгіт айтудан аулақ. Оның есесіне, өлең соңындағы мына көріністер: құм кезіп бара жатқан аруаналар, аспандағы толық Айдың "күлше нандай" боп көрінуі — бәрі де өмір әсемдігін, артықшылығын әсерлі жеткізуге арналған сәтті детальдар.

Өткен тарихты зерттеп үңілу, ондағы елдік пен ізгілік, батырлық пен қорқақтық, патриоттық пен сатқындықты жеріне жеткізе суреттеуде ақын жетістігі көп.

"Адамға табын, Жер, енді" поэмасын ақын адамзат тарихындағы тұңғыш космонавт Юрий Гагариннің ерлігіне арнайды.

Поэма — жиырмасыншы ғасырдағы ең бір маңызды оқиғаны арқау еткен, саяси-әлеуметтік тақырыпты игерудің тамаша көрінісі.

Бұл дастан адамзат мақтанышын биікке көтеріп, сыршылдығымен, шынайы сезім шыншылдығымен, оқырман жүрегіне жол тапты.

Олжас жырлары — уақыт, кеңістік жағынан тар шеңберде қалмайды. Ол Қазақстан тығыздығын, Қазақстан адамдарын бүкіл әлеммен, әлемдік тыныспен ұштастыра толғайды.

Олжас поэзиясының басты қаһарманы — жасампаздық. Ол үшін тарих — жасарып жаңғырудың, жасампаздықтың, ынтымақтасудың шежіресі. Мысалы:

... Батқанмен күн, атқанмен таң

Батыс та жоқ, шығыс жоқ.

Жер деген сөз тұрса, жаһан

Өтеді ылғи туыс боп, — деген жолдарда ақын концепциясы уақыт рухын аша түседі, суреттілік, дүниетаным беріктігін танимыз. Бұл поэма ақынның өткен мен бүгіннің, ескі мен жаңаның әлеуметтік мән жайын, философиялық астарын терең сезініп суреттеуімен биіктей түседі.

Ақын толғанысы оқырманды ой қазынасының байлығы, молдығымен, эмоцияға толы терең сыршылдығымен баурап, ерекше әсерге бөлейді. Бұл поэма сан рет қайталанып басылып, бірнеше тілдерге аударылып, авторын әлемге танытты, қазак елінің абырой-мерейін биікке көтерді. Ақынның ұшқыр қиялы, көреген ойшылдығы, мол білімділігі, ең бастысы, патриоттық отты сезімі танылды.
Адам баласы ғарышқа көтерілген кезде сонымен қатар көтерілген Олжастың көркемдік әлемі өз биігінде жарқырап, жыр жанашырларын шақыра берері сөзсіз...
Аида
vusali673@yaHOO.COM
12-04-09 17:25
Мен Олжас Сүлейменовтың өмірбаяны жайлы білгім келеді өтінемін қазақ тілінде беруінізді сұраймын.
Берес
24-11-08 08:43
О. С. қазақтың ақыны деуге аузым бармайды .Кеше ғана теледидардан сөйлегенін көрдім, қазақша сөйлегені намысыма тиді.
Киногер
Oscar_dg@yandex.ru
22-11-08 13:56
Олжекеңнің қазақ халқына сіңірген еңбегі бар. Қазақтан шыққан қаһарман махамбет батыр туралы фильмге сценарий жазған екен. Фильмді көрдік. Жоғарыдағы бір пікірдегідей, "Олжасымыз алжаса бастады ма" деп шыққанымызды жасырып қайтейік. Маһамбетті ынжық, Жәңгір ханды чмо етіп көрсеткен екен. Образды мүлдем аша алмаған. Фильмнің кәсібилігі, оператордың жұмысы, режиссердің кәсібилігі көріпі тұр. бірақ, сйенарийдің шалағайлығынан фильм халыққа рух бермек былай тұрсын, сүйсініп көруге жарамсыз болып қалған. қайран қаржы десеңізші, соған кеткен. Осыдан кейін түйілетін ой - әркім өз саласында мықты болса да жетеді екен. Олжас өзін Олжас еткен тақырыптарын қаужай бергені дұрыс. Махамбеттей бабамызды қор еткенше, мүлдем киноға жоламай-ақ қойғаны дұрыс болар еді.
Айбек
04-05-08 19:47
Олжас Сулейменовтың өмірбаяны керек еді.

Мұхтар Жанұзақов
04-05-08 07:28
Қуаныштың сөзіне 200 пайыз қосыламын. Ол алжасып орыстың жыртысын жыртып жүрген біреу ғой.
Какашка
ракімжан
10-04-08 14:25
ей,дурак-какашкалар,қалайсындар?
Айнур
25-12-07 15:52
Олжас казах халкынын биртуар азаматтарынын бири гой. Талантты, улы. Бирак оз тилин ози билмей калганы аяныш тудырады. Оз тилин ози билмейтин кез келген улттын окили аяныш тудырады тек казах кана емес. Олжас, Олжас. Кандай азаматсын, сен сол тоталитарлык жуйе кезиндеги казах халкынын бир орны толмас потеряларынын бирисин гой.
Ал жалпы Олжастай ул тудырган елимди мактаныш тутамын)))
Ќуаныш
KUANISH_31@mail.ru
04-09-07 23:20
олжасты орыстар "АЛЖАС" дейді наѓыз ќазаќтар да солай айтсаќ ќалай ќарайсыздар?
technosyndrom
technosyndrom@yahoo.com
01-09-07 19:38
Олжас Сүлейменовті тірі кезінде құрметтей білейік. Сол тоқырау кезінде жазып көріңіздер сондай еңбекті, құтыра сөйлегендеріңді көрер едім!
студент
rv_07@mail.ru
21-05-07 08:53
Олжас С‰лейменовты ќазір µлді деп есептеуге болатын шыѓар. тура маѓынасында емес, єрине. Єйелі яхуди жанныњ балалары да ќазаќ ‰шін бµтен ѓой. оныњ ‰стіне, Олжакењ жаќында ќазаќ тіліне ќарсы шыќты! ¤зініњ ќараќан басын ойлап, орысша жазылѓан µлењдері оќылмай ќалады деп, ±лттыќ м‰ддені аяќќа таптаѓан адамды µлі демегенде, кім дейміз?!
Мадина
arynova_madina@mail.ru
17-05-07 20:26
Адамдар діннен адасып, Аллаға серік қосады. Адасудан аулақ болып, Алланың барына,тек қана Аллаға құлшылық ету керек.
Антивирус
05-04-07 11:19
мен М Ұ Қ А Ғ А Л И Д І - П І Р тұтамын

Кәпірлердің «олжабайлары» өздері бар кезде,
«сайтандарының» көмегімен «Ұлы» атанады.
Ал нағыз зиялы адамды, өзі жоқ кезде,
Алла жар болған ұрпақтары Пір тұтады.

Мағжан
Sarsekovag@.mail.rul
23-02-07 18:12
білмеймін, өте қиын сұрақ
басқа сұрақ барма?
басымда ештеңке жоқ
Айнура
19-12-06 07:21
Олжас Сїлейменов
Жанна
07-04-06 19:24
Еркін әйтеуір не болса да керек, бұл тақырыпқа тым материалдар аз.
Еркін
23-03-06 13:09
Ол пікір сонда кімдікі болмак? Сенікі ме, әлде осы сайтка жіберген адамдікі ме?
http://www.turan.info/
vusalali673@yahoo.com
20-03-06 17:40
http://www.turan.info/forum/showthread.php?t=166
Бул жерде ол һаккыда мағлұмат бар



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта — Марат Ижанов