Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Тамдынын ауданы , Отемураттан бар ма мунда ,,,,


Авторы Xабарлама
Мен
07-06-10 18:56
Калдарын калай бауырлар!Ел калай, ауыл калай

Авторы Жауап
Али
10-07-15 00:58
Барекелле, Мырзеке!
Мырзагелді
01-07-15 18:13
Аты тәуір болғанмен, заты сасық Баймуратқа!\" Мында қожалар неғылып суғылысып жур?\" деп сұрағынды не максатта койып отырганынды білеміз. Қожаларды мұқатқың келеді ме? Алла жазаңды беріп, қожалардың әруағы атсын сені! Менің руым Темір балқы, жетім қалғанымда мені қожалар тәрбиелеп өсірді, оқытты, үй қылды. Қазіргі күнде Астанадағы ірі фирманың атқарушы директорымын. Қожаларға мәңгі қарыздармын. Қожаны қазақ емес дегендерге қарсы шығам. Ж.Оспанов деген ғалым ағаның сөзін оқы: Қожалардың осы мекенді қоныстанғанына жақында 13 ғасыр яғни 1300 жыл толады. Ал қазақ деген халықтың өзі кеше ғана(небәрі 5 ғасыр бұрын яғни 550 жыл бұрын) әр түрлі ұлыстардан құралды емес пе? Қожалар пайғамбарымыз Мухаммед тараған Құрайыш тайпасынан шыққан. \"Қазақ халқының ел болып кемелденіп, қалыптасуына төрелермен бірге ұшан-теңіз еңбегі сіңген қожаларды қазақтан бөлгеніміз - қазақ тарихына балта шапқанымыз емес пе?\"(Ақселеу Сейдімбек \"Қазақтың ауызша тарихы\" Астана,2008). Төмендегі қожа руынан шыққан белгілі жандарды \"қазақ емес\" деп, кешегі және бүгінгі еңбектерін ешкім де жоққа шығара алмайды. Сонымен \"Қожалардан кімді білеміз?\" деген сұраққа жауап: Имам әл-Бұхари, Бахауиддин Нахшбанди, Матруди, Ат-Термизи, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Хұсам ад-Дин ас-Сығанақи, Сүлеймен Бахирғани, Хожа Хафиз,Едіге батыр, Мөңке би,Жауғаш батыр, Қабанбай батыр, Қараханқожа (Әулие ата), Айша бибі, Домалақ ана(Нұрила), Айнақожаұлы Жүсіп би, Мәделіқожа, Айғаным Сарғалдаққожақызы(Шоқанның әжесі), Шортанбай жырау, Мәделі датқа, Майлықожа ақын,Мұхамеджан Сералин, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Жолдас Сүлейменов(Совет одағы батыры), Қалтай Мұхаммеджанов, Әбдіраш Жәмішұлы, Исатай Әбдікәрімов, Тәкей Есетов, Сейілбек Шаухаманов, Асқар Сүлейменов, Мұрат Жұрынов, Сұлтан Сартаев, Аманхан Әлім, Құдияр Біләл, Қалила Омаров(кинорежиссер), Ерлан, Нұрлан Нығматуллиндер, Әлихан Бәйменов, Болат Өтемұратов, Камал Бұрханов, Бауыржан Мұхамеджанов, Мұхтар Құл-Мұхаммед,Бахтияр Қожа, Шәкизада, Жанар Айжанова, Роза Әлқожа, Ержан Әлімбетов(\"Ұлытау\" тобы домбырашысы), Алтынбек Тәшімбетов(әнші),Кенжебек (\"Мұзарт\" тобы), Айдар(\"Жігіттер\" тобы) т.б. Мұны жазған Жақсылық Оспанов, тарих ғылымдары кандидаты, Тамдыда туып Қарақалпақстанда өскен Сабылт қожаның ұрпағы.
Мырзагелді
01-07-15 17:34
Баймуратқа айтам!!! Қожаларды қазақ еместің деп шететкендерді аруақ атсын!!! Өз заманында қожаларды құрметеген өз бабаларыныңда аруағы атсын!!!!!
қазақ
30-06-15 11:10
қп брат қазақ болмаса ұйғыр секілді автаномия құруданда бас тартпас едің,ендеше ондай жағымпаздықтың қажеті не?
Ера
25-06-15 03:47
Мен де АҚҚАБАҚТАН!
Полатбек Жанбаев
Zhanbaev_polatbek@mail.ru
10-02-14 19:50
Ауылды жүрмін сағынып,
Уақытқа деген бағынып.
Тамдының тасы киелі,
Не етем оны жасырып.

Ауасы еді жағымды,
Ашатын менің бағымды.
Шұбаты қандай дәмді еді,
Бір балаң сені сағынды.

Шағылдар еді жұмсағым,
Жазында қалқып мың сағым.
Алаңсыз ойын қуушы ем,
Келіп тұр бүгін жырлағым.

Тамдыда қалды бал шағым,
Не күтер мені алдағым.
Алыстап кетіп барамын,
Сағыныш толы жан-жағым.

Достарым менен құрбылар,
Достықтың сондай құнты бар.
Армансыз адам болмайды,
Замандас деген сыншы бар.

Сағындым сені таңдарым,
Өзіңсіз ұйқым қанбасын.
Тамдыға барсам шіркін-ай,
Өзіне арнап ән басын!
Кәлпе Қаратамыр
01-06-13 14:37
Сәлеметсіздер ме?Мен Қарағанды қаласында тұрамын.Маған Жаңа-Шаруа,Тамды,Керегетау,Керізбұлақ,Өтемұрат т.б ауылдарының суреттерін қайдан алуға болатынын айтып жібермес пе екенсіздер.Мен Қазақстанға осындай қазаққилықтың иісі шығып тұрған нағыз қазақтар тұратын ауылдарды көрсетпекпін.Зерттеу жұмысы.Алдын ала рахмет.
Бекбол
28-05-13 08:07
"АҚҚАБАҚ ауылында кен орны ашылды" деген дақпырт рас па?
Баймурат
25-05-13 08:36
Мында қожалар неғылып суғылысып жур?
Асқар
Павлодар
22-05-13 17:56
Тамды қаралпақтары мен қазақтарына салем!
ПАВЛОДАР.
12-ата бай ұлы Алтын (жапалақ)
muxit_1989@mail.ru
20-05-13 20:23
Мен бир нарсени түсинбеминда.не ушин мен алим мен сен каракалпак уш төрт кайнаса сорпа косылмайды деп бөліне береди екен осы қазақтар ? Қазақсынба болды емеспе? Алде ру - ру болып бөлінемизба?
12-ата бай ұлы Алтын (жапалақ)
muxit_1989@mail.ru
20-05-13 20:17
Ассалаумагалейкум жерлестер менде Тамды ауданы Аяққұдық с-зы Ергеш ауылынан болам хабарласындар 8777 467 24 00 8775 455 84 89
Н ұ р ғ а з ы
nurik_87-07@bk.ru
15-05-13 15:07
Өтемұраттыктар калайсындар?
Н ұ р ғ а з ы
nurik_87-07@bk.ru
15-05-13 14:52
Ассалаумагаликум жамагат ауылдастар халайсыздар?
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
10-05-13 22:46
“Тамды аруы” туралы талас толастар емес
Бұл әнді Ақтөбе,Жамбыл облыстарындағы Тамды деп аталатын ауылдардың қауымы: “Бұл ән біздің ауылға арналған”,- деп, әрқайсысы өз аудан-облыстарының баспасөзінде жариялап, әлі күнге дейін қызылкеңірдек болып жүр. Оларға айтарымыз: бұл сұраққа жауапты қазақтың бепгілі ақыны Қадыр Мырза Әлінің ” Иірім” атты кітабынан табасыздар. "Иірім" атты кітапта сазгер Шәмші ақын Қадырды үйіне шақырып, Өзбекстанның Бұхара облысының (бүгінде Навои облысының аумағы) Тамды ауданына барып қайтқаны, сондағы елге:”Тамды туралы ән жазам”,-деп уәде бергені, Мыңбұлақта(үлкен елді мекен), т.б. ауылдарда да болғаны туралы айтады. Сол ауылдардың атауларын қағазға түсіріп, осы елден ойша бір қызды “табуын” және сол қызға “ғашық болуын”, сөйтіп сол аруға арнап өлең жазуын өтініпті. Өзі әнін жазыпты. Демек, жоғарыдағы тамдылықтардың таласы - бос әурешілік. Ән Өзбекстандағы Тамды ауданының аруларына арналған. Бұл дәйекке талас болуы мүмкін емес. Бұл ретте бәзбіреудің:”Ән арналатындай ол Тамдының ерекшелігі неде?”-деуі мүмкін. Тамды ауданы – 1928 жылы 12 сәуірде Қазақ АССР-інің құрамында құрылған, Қызылорда облысына қараған аудан. 1943 жылы еріксіз Бұхара облысының құрамына өткізілген. Кезінде(тұрғындарының басым бөлігі 1990-2000 жылдары Қазақстанға қоныс аудармай тұрған кезеңде) түгелдей қазақтар жасайтын аудан болатын. Аудандағы 36 мектептің барлығы қазақ мектептері болды. 70-жылдардың ішінде Шәмшіден кейін Тамдыда болған Бауыржан Момышұлы:”Тілі мен дәстүрінің қаймағы бұзылмаған, барлық мектептері қазақ тілінде дәріс беретін дүниедегі жалғыз аудан – Тамдыға келгеніме қуаныштымын”,-деп босқа айтпаған болса керек. Ендеше “тек қазақтар жасайтын дүниедегі жалғыз ауданға” арнап неге Шәмші ән жазбасқа?!
Сондай-ақ, осы біздің тамдылықтар арасында:”Бұл ән менің әжеме, жеңгеме, әпкеме жазылған”,-деген, тіпті көзі тірі кемпірлердің арасында:”Маған арнап жазылған ән бұл”,- деген талас та бар. Бұл таласқа да тоқтау салу керек. Өйткені бұл ән жеке бір қызға емес(Қ.Мырза Әлінің сөзі дәлел), Тамдыдағы бүкіл әйел затына арналған ән! Құрметпен Қали Жолдасов.

Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
13-04-13 00:46
Тауелібай - Өзбекстанның бұрынғы Бұхара, бүгінгі Навои облысының Солтүстік аймағын алып жатқан аймақ. Оған Тамды,Үшқұдық аудандары түгелдей, Кенимех аданының, Көкше, Қаратау,Құлжықтау тауларынан бастап, солтүстіктегі бөлігі кіреді. Бұл аймақтың Тауелібай атануы - осы өңірде ірілі-ұсақты 30-дан астам таулар, тау сілемдері, шоқылар бар. Ең биік тауы - Ақтау(948м.), ең аласасы Ұзынтау(165м). Олардан өзге Қазақтау, Арыстантау, Боқантау, Келіншектау, Оғызтау, Керегетау, Алтынтау, Амантайтау, Тамдытау, Жалпақтау, Мұрынтау т.б.таулар бар. Қызылқұм шөлімен араласып жатқан осы таулы өлке мал шаруашылығына өте ыңғайлы. 200-дей жуық өсімдік түрлері өседі. Қақаған қыста малға пана болар ықтасыны: қазан шұңқырлары,ойпаңдары мен терең сайлары баршылық. Сондықтан болар тұяқсыз қалған жұт болмаған аймақ. Ал Тауелібайдан әрі Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақта (солтүстік-шығысқа қарай , тіпті сонау Ұлытауға дейін) бірде-бір тау жоқ. Сондықтан ба бұл өлкелерде қыс қатты болған жылдары жұт болып, тігерге тұяқ қалмаған кездер бірнеше рет қайталанғаны тарихтан белгілі. Сонда бұл елдің адамдары бүгінгі Тауелібайда отырған елден көмек сұрап келеді екен. Мал-жаны аман, шалқып-тасып отырған қалың қазақ ағайыннан аясын ба, алдарына қырық-елулеп мал салып жіберетін болған. Ал қуанып қайтқан ағайын еліне жетіп:\"тау ішінде отырған ағайын-туыс бай екен, таудың елі бай екен\",-деп мақтап жүретін көрінеді. Сөйтіп, біздің елді алыстағы ағайын \"Тауелібай\" деп атап кеткен.Тауелібай (кейде Елібай деп те атайды) атауы Сыр сүлейлерінің шығармаларында жиі кездеседі. Мұны мен жалпы ағайын біліп жүрсін деген оймен мәлімет үшін жаздым. Алла бұйыртса, \"Тауелібай\" атты энциклопедияны жарыққа шығаруды жоспарлап отырмын. Өзім Тамдыда (анығы Аяққұдықта) туып, Кенимехта өскен, Үшқұдықта еңбек жолымды бастаған азаматпын. Үш аудан да маған етене жақын. Кезінде, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын тауелібайлық жүйрік ақын Наурызбайға сөзін, сазгер Марат қожаға әнін жаздырып, \"Тауелібай\" деген әнді шығаруға үйытқы болғаным да бар. Құрметпен Қали Жолдасов.
Майлыбаев Римхан
rimxan@bk.ru
08-03-13 17:59
Тамдыбулак Фридрих Энгельс атындагы орта мектеп тулектери салем!!! Костанай,Рудный 87022791198
Асхат
asiko.0619
02-03-13 08:09
Мен Асхат Жана Шаруаданмын ШОБДАР мын араларынызда барма хабарласындар 87015961440
Кайырхан
kairosh-19.95
05-05-12 20:43
Salam Utemurattiktar men Progressten, Kanatov Esenjoldin balasi bolamin
Саламат
22-04-12 06:33
Ғалым бауырым, мен Сiздi Қожа деп ойлаған едiм. Ciз Шомекейсiз бе? Қарақалпақ шежiресi туралы не билесiз?
Жанибек
joni28.85@mail.ru
19-04-12 21:10
Cәлем Тамдылық бауырлар мен Жана-Шаруаданмын , Турмаханов Жанибек Мусилимұлы руым КӨНЕК кіші жүзден барлык ағайындарыма көп көп салем
Бағдат
bagdat_15.12@mail.ru
02-03-12 05:06
салем жерлестер Керегетаудың видеолары мына сайтта жақында жане енгізем http://www.youtube.com/user/Keregetau?feature=mhee
Галым
galym.zhalgasbaev@mail.ru
15-02-12 12:40
Шөмекейден: Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғыл.
Тоқадан: Бескем, Есқара, Қармыс.
Көнектен: Қыдырбек, Балсай.
Аспаннан: Есімбет, Бақты, Мәмбет, Құлшан, Қойт, Андасейіт.

Галым
galym.zhalgasbaev@mail.ru
14-02-12 09:32
Кедей бабамнын УРПАКТАРЫ
Шөмекей елінде-Аспанның Кедей, Бозғұлдың Жолай руларынан данышпан, аруақты билер көп шыққаны үшін ақсүйек ел деп танылып, олардан бір адам кісі қолынан өлсе, екі кісінің құны төленетін болған. Мысалы, шолып өтсек, Аспан-Кедей руынан шыққан Қосқұлақ батыр, әрі би,Жарылқап, Түрке, батыр, Бақа билер, Бозғұл руы Жолайдан Кетебай, Өтетілеу, Пірәлі, Шобдардан шыққан Дәуітбай батыр,оның баласы Дос би, оның баласы Кәрібай би, Алмат,Самырат правительдер шыққан. /10.49/.
Галым
galym.zhalgasbaev@mail.ru
14-02-12 09:28
Шомекейлердин тарихы ОКЫНДАР БАУЫРЛАРЫМ
XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Әбілқайыр ханның басты билерінің бірі болғанын айтады. Қазірде « Бұқара облыстарының Тамды ауданында түбі Шөмекейге жататын Кедей деген ру бар « дейді /8.95-96/. Кезінде XVI ғасырдың аяғында алты жасар Айтқұл би төртқара-шөмекей елімен Бұқара аймағына көшіп барған болатын. Айтқұл би сол Бұқара,Нұрата тауларында көшіп жүрген. Бүгінге дейін Нұратаға жақын Қызылқұмда оның атымен аталған қыстау орны бар. Сондықтан да Кедей бидің ел-жұртының Бұқара және Қызылқұм,Арал, Қазалы өңірінде қоныстануы, атасы Айтқұл биден қалған мұралық құтты мекені, жері болатын. Ал өзі ел ісімен, уәзірлік қызметімен хан ордасында немесе басқа да сапарлармен жүреді. Кедей мен оның баласы Қосқұлақ билер Әбілқайырдың бұйрығымен Петербургке елшілік басқарып барған деген ел аузында деректер бар /5/. Бірақ бұлардың баянын жазба деректерден таба алмадық. Жалпы Кедей және оның баласы Қосқұлақтың аттары «XVI-XVIIIғасырдағы орыс-қазақ қатынастары « жинағында жиі кездеседі. Әбілқайыр хан өлген соң орнына Нұралыны хан сайлауға қатысып, оны бекіту туралы орыс үкіметіне өтініш жасайтын білікті адамдар арасында Кедейдің де аты аталады. 1748 жылы 5 қазанда Нұралы сұлтанды қазақтың Кіші жүз және Орта жүздеріне хан етіп бекіту туралы Кіші жүз, Орта жүз билері мен батырларының императрица Елизаветаға өтініш хатында « Әбілқайыр хан өлген соң оның орнына баласы Нұралы сұлтанды таңдағанын, сондай-ақ оны патша ханымның үкімімен алтын мөрін басып, хан етіп бекітіп беруін» мәлімдейді. Хатқа Орта жүздің шақшақ Жәнібек тарханы бастап қол қойғандардың ішінде шөмекей руынан Кедей би, Мәмет-аталық, Жайылған билер де өздерінің таңбаларын қояды /4.409-410/. Ал осындай мәселемен Петербургке елшілік сапарлармен Кедейдің баласы, Қосқұлақ би аттанып жүреді. (Көнекөз қариялардың айтуынша, Кедей би екеуі барып, бекітіп қайтқан-ды) Кедей би тарихи сынақты кезеңдерде ел тірлігіне белсене атсалысқан.
Зерттеуші А. Сабырханов XVIII ғасырдағы Кіші жүздегі жер қатынастары туралы қарастырған мақаласында; « Хан немесе сұлтан қыстауларына әдетте өте ықпалды ірі батырлар мен билердің (старшын) қыстаулары қосылып, жанасып жататын. Мәселен,1749 ж көктемде Бопай ханша И.И. Неплюевке хат жазды.» Бізбен бірге үнемі көшіп жүретін және қазір де көшіп-қонып жүретін Щұмай руының (шөмекей руының) атақты адамдары Кедей би, Алдияр би (Алучиал Диярбий), Жайылған би, Қожанай би, сондай-ақ барлық Қаракесек руының адамдары әрқашан да сенімді, жігерлілік танытатынын, бізді тастап кетпейтінін жеткізгім келеді «-дейді /9,155/. Бұл деректен Кедейдің жалпақ жұтқа беделдігін ғана көріп қоймаймыз және де хан семьясымен тығыз қарым-қатынаста болғанын, ауылы аралас, қойы қоралас жатқанын байқаймыз.
Ал, енді хан семьясының қай аймақтарда қыстағанын, қоныстанғанын анықтау қажет. Сол арқылы Кедей бастаған шөмекей елінің қонысы да белгілі болады. Әбілқайыр ханның өлімінен кейінгі бірінші жылдары Сырдариядағы қыстауларда ханша Бопай және сұлтанның балалары қыстады. 1748 ж қарашада Кіші жүзден оралған казак атаман С. Абдрезяков төмендегідейді хабарлады. «Қарақұм мекеніндегі Әбілқайыр бастаған көшпелілер қазіргі таңда қырғыз-қайсақ ұлыстарының басым көпшілігін құрайды және Жәнібек тархан бұл мекенге көшіп келген еді». Сонымен қатар Әбілқайырдың семья мүшелері Ембі өзені аймағындағы қыстауларды пайдалануды тоқтатпаған. Бірақ 1749 ж Борсық және Ембі өзені өңірлерінде жұт жайлағанда қысталық территория қысқарып қалды. Бопай ханша малдың қаптап қырылғанына шағымданып, И.И.Неплюевке хат жазады; « Біздің ұлыстар Сырдарияда қыстады;солар барлық қыстан аман-есен шықты. Ал Борсық пен Ембі (Орта және Кіші ордалардың өзенінде) даласында көшіп жүрген ұлыстардың малдары айдыннан өлді» /9,155/. Оның үстіне деректерде Әлімұлы (Шекті,Қаракесек,Шөмекей, Төртқара, Қаракете, Қарасақал) іргелі рулар қатарына саналып, алты руға да тікелей Әбілқайыр басшылық етеді. Байұлына Нұралы хан қараған болатын./4.406/. 1748 жылы Әбілқайыр өлген соң байұлымен қатар әлімұлының ұрпақтарының жартысы Нұралы хан иелігіне өтсе, ішіндегі шекті руы Батыр сұлтанның қанатының астына кетті /9.161/.( Бұл жерде жалпы сұлтандар билігінің үстінен Нұралы хан бақарғанмен, әлімұлы, байұлы, жетіру руларын басқаруға икемдеу үшін ата дәстүр бойынша сұлтандар жоғарғыдағыдай бөліп алған болатын). Демек, Шөмекей елі алғашқыда Әбілқайыр хан қоныстаған жерлерде көшіп-қонып жүреді. Кейін Нұралы ханның, Бопай ханшаның қыстаған, отау тікке аймақтарында болған. Себебі, деректе келтіргендей Бопай ханшаның « бізді үнемі тастамайтын сенімді, жігерлі адамдарыв Кедей, Жайылған сынды билер бастаған шөмекей руы болды» дегеніне сенетін болсақ, дәлелімізге күмән болмайды. Сонда Қарақұм, Қазалы, Қармақшы, Арал аймағы, Ырғыз, Борсық, ембі өзені өңірлерін айнала көшіп қонған.
Бүгінде Кедей ұрпақтарының бірсыпырасы Өзбекстанның Бұқара облысына қарайтын Тамды, Үшқұдық деп аталатын екі ауданның аумағында қоныстанады /10.41/. Бұл аймаққа XVI ғасырдың соңында Төртқара елінің ел басысы Сейтқұл би, баласы Жалаңтөс батырмен бірге Айтқұл би бала кезінде (шөмекей елінен) көшіп келгеннен бері шөмекейлер жайланып жайғасқан. Кейін жаугершілік заманның ықпалымен, Оңтүстік Орта Азия хандықтарының (Бұқара,Хиуа) билеушілері қысымынан және кешегі ата қонысы болғандықтан, шамамен XVIII ғасырдың бас кезінінен Қызылқұм, Қазалы өңірлеріне қарай жылыстаған. Кейін Әбілқайыр ордасының жанынан орын алған. Зерттеуші Т. Дайрабай Кедей биді Ырғыз өзенінде туып-өскен деп жазады /3.209/. Соған қарағанда ол Щөмекей ру тайпасының өткен- кеткен тарихын, бидің ата-бабасының қоныстанған аймақтарын, Кедей бидің балалық
Галым
galym.zhalgasbaev@mail.ru
13-02-12 21:10
Тарих бауырларым
Кедей би XVIII ғасырдағы Кіші жүз ханы Әділқайыр ханның белді биі, уәзірі, қазақтың көрнекті қайраткері болған. Шығу тегіне тоқталсақ, Кіші жүздің Әлімұлының ішіндегі Шөмекей Аспан одан Есімбет, одан Төбет (Тоғымбет), одан туған Айтқұл бидің Малбике, Қарабас (бәйбіше, екінші әйел) деген әйелдерінен кейін алған, Бұқара ханының (Шыңғысханның тұқымы) қызы Дәулетбикеден Есім,Жәнібек атты екі ұл дүниеге келеді.Жәнібектен Қанкелді, Кедей-би,Қайып, Құлтай, Жаманқара, Саполат дейтін алты бала туылады./2,7/. Қазақ билеріне тән дәстүрлі нәрсе оның бойындағы қасиет, ел басқару дарындылық, шешендік, тектілік ұрпқтан-ұрпаққа дарып, мұраға өтіп отыратындығы тарихтан белгілі. Кедей би Жалаңтөс баhадүрдің замандасы, досы, Әлім-Шөмен ру-тайпасының ел басысы Айтқұл бидің немересі. Әрі Айтқұл би Жалаңтөспен бірге Сейтқұл қажыдан кейін Самарқанд маңындағы Нұратада 40 мың Алшынды басқарған /3.24-30/
Атасы Айтқұл XVI ғ. аяғы мен XVII ғасырда өмір сүрген, яғни Жалаңтөс батырдың өмір сүрген жылдарымен сәйкес келеді. Кедей би XVII ғ. II жартысы мен
XVIII ғасырдың 50-жылдары аралығы шамасында өмір сүрген. 1748 жылы Кіші жүзге Нұралыны хан сайларда Кедейдің жасы біразға жетіп қалған. Өйткені оның баласы Қосқұлақ белді би атанып, ел ісіне араслақан еді. Әрі сол тұста Петербургке елшілікке барғанда да Кедейдің баласы Қосқұлақ жіберілді деген деректер көп кездеседі /4,48-417/. Сонда әкесінің Қосқұлаққа ел-жұртын аманат етіп тапсырып жатқан уақыттары десек те болады. Оның үстіне 1750 жылдардан кейін жазылған деректерде Кедейдің аты кездеспейді. Ал, зерттеуші Т. Дайрабай бидің 1700-1768 жылдар аралығында өмір сүргенін өз еңбегінде көрсетеді /5,209/. Демек, бидің дәм-тұзы таусылып, дүние салған жылы шамамен белгілі болды.

Галым
galym.zhalgasbaev@mail.ru
13-02-12 21:07
Кедей-Кіші жүздің Шөмекей руының ішіндегі ірі аталақ ру. Кедейдің Сары бәйбішесінен (Сырға анамыз); Түрке, Жомарт, Пұсырман деген рулар бар. Көп өскені Пұсырман тұқымы, оның отыз ұлы болған. Пұсырман балаларын тостағандарына ас құйып бергенде түгелдеген. Тостаған ауысып қалса, соған қарап жоқ балаларын іздеген. Өз сыбағасын ішкен балалары қазанға екінші рет ұмтылмаған /10.48/. Түрке елге даңқы белгілі жаужүрек батыр болған. Ал, Жомарттың ұлы Шанқтан Назар туады. Назар өзінің қонысына лапылдатып от жағып қояды екен. Ондағысы жол-жөнекей адасқандар болса, тауып алсын дегені. Назар елімен көшкенде көшкен жеріне шоққа нан салып кететін болған. Жолда ашыққандарға нәр, талғажау болсын дегені. Ел аузында « Есімнің еліне қонғанша, Жомарттың жұртына қон» деген мақал қалды /5/
Кедейдің сары бәйбішесінен өрбіген ерді- Сары Кедей деп атайды. Кедейдің екінші әйелі Қара бәйбішесінен (Арғын қызы –Рабиға); Қосқұлақ,Қойшыбай, Байғар, Сәден деген төрт жолбарыс ұл туады.Қазір бәрінің де ұрпақтары баршылық. Қойшыбай да би болған. 1780 жылы 14-қыркүйекте Нұралы хан бригадир А. Тевкеевке Қойшыбайды кеіссөз жүргізуге аттандырғаны жөнінде деректер кездеседі/4.527/. Қосқұлақ би өз кезінде Нұрата мен Сыр, Тауелібай елінде әділ билігі мен тапқырлық шешендігімен көзге түскен көрнекті де қабырғалы би. Одан тараған ұрпақтарының бірі Жұбан батыр (1794-1868). Жарылқап би Манасұлы (1855 жылы) Біріншісі-қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күрессе, екіншісі- патша билігінде болса да қызметтік тәрк етіп, Кенесарыұлы Сыздықты қолдаған./5,149/. Ал Байғара алып денелі палуан болған. Оның алып күш иесі екені туралы ел аузында көптеген аңыздар тараған. Байғара адам баласымен күреспеген. Бірде біреулер одан « Неге басқа палуандар секілді күресіп, осы уақытқа дейін бағыңды сынамадың?»-деп сұрайды. Сонда ол; «Менімен күресетін адам болған жоқ»,-деп жауап береді. Байғара өзінің астындағы тұлпарын кейде арқалап жүрген. Ол ешкімге қиянат, зорлық қылмаған ақ бейіл кісі болған-ды. Бұл Қара бәйбішенің ұрпақтарын Қара Кедей деп атайды. /10,48/
Шөмекей елінде-Аспанның Кедей, Бозғұлдың Жолай руларынан данышпан, аруақты билер көп шыққаны үшін ақсүйек ел деп танылып, олардан бір адам кісі қолынан өлсе, екі кісінің құны төленетін болған. Мысалы, шолып өтсек, Аспан-Кедей руынан шыққан Қосқұлақ батыр, әрі би,Жарылқап, Түрке, батыр, Бақа билер, Бозғұл руы Жолайдан Кетебай, Өтетілеу, Пірәлі, Шобдардан шыққан Дәуітбай батыр,оның баласы Дос би, оның баласы Кәрібай би, Алмат,Самырат правительдер шыққан. /10.49/.

Галым
galym.zhalgasbaev@mail.ru
13-02-12 21:00
Бауырларым Дауласпандар Барлыгымыз казакпыз бауырмыз туысканбыз Тірі өмірде сыйласу керек ол өмир қысқа
Мен Шөмекейдің Аспаны Тоғымбеті Айтқұлы -Жәнібек-Кедей Байғара Көшкін-Бейіс-Жалғасбай ұрпағымын
Қасиет
11-02-12 06:23
Прогресстен ким бар екен?
Жандулла
09-02-12 05:42
Ерғали қалай? Қарағанды қандай? Iслам аға аман-есен бе, Iнжi апа сау-саламат па? Кiшкентай қарақалпақтар (айтпақшы, олар да "қазақ" болған екен ғой, кешiрерсiз) шапқылап жур ме? Жалпы, қандай ендi?
Тамдылық қарапайым қазақ
agmp@bk.ru
08-02-12 05:03
Агайындар ,кызбалыкка салынбандар.Бердактын пикирине косыламын.Оспес бала онбес дауды куар дегендей ,эмоцияга берилмендер.Манас иним ,осы жерде келенсиздыкты серпилту ушин,тагы да бир анекдот жазып жибершы.Сыйластыкка,токтамга,сиз биздикке не жетсин агайын-бауырлар
Narbaev. Ergali. Islambek uli
ergali9416@mail.ru
07-02-12 08:10
Assalaumugalleikum! Bauirlar. Buhara oblisi. Zafarabad kalashiginan barmeken munda bauirlar...???
БЕРДАҚ
mr.berdaq@mail.ru
20-11-11 06:50
Ауызбiршiлiк керек ағайындар! Ағаттық болмасын!
ыыыы
sd@mail.ru
19-11-11 20:26
Ей Рустем пуристем ба кимсин еркек болсан елден безип нен бар еди енди Казакстанга, атамекенге келдим дейсин биле билсен атамекенин ата-бабаннын моласы жаткан жер болады. Сенин ата-бабаннынг моласы Тамдыдагы Сордын касында шыгар коп болса, сондыктан Сен нагыз сорлы казаксын елден безген
сосын адресинди дурыстап жаз болмаса еш жазба
Ержан
19-11-11 05:17
РYСТЕМ, сен байқап-байқап айт. Не оттап отырсын. Бiз сырттан келген жоқпыз. Тамдынын туп халқымыз. Келген болсан - сен келгiндi шығарсын. Бiз жерiмiзде отырмыз. Жерiмiзде қаламыз. Қарақалпаққа тiл тигiзушi болма, жарамас. Арамызға суғылыспа. Абырой ала алмайсын. Қазақстанға барып алып, iсте - не iстесен де! Ит шубырынды!
Рустем
rekre.kylysh@mail.ru
13-11-11 17:39
Қарақалпақ-қапақ дей бермендер негылган кангырган калпак баягыда 1928 жылдары Тамдыны Қарақалпақтарға бергенде Торткул ауданынын әкім қараларына жагынам деп өзінің ұлтынан безгендер ұялу керек кой. Шежиренди жаксылап уйренип ал алдымен сосын қақсай бер қалпақпын деп.
Коп аталарын олер кезінде өзінің шынымен кім екенін айтып кеткендер бар құдай-аруақтан қорқып солардан үлгі алсандар нетті.
Бердақ
10-11-11 06:26
Тамдыда нағыз қарақалпақтар мен қазақтар жасайды. Тамдыда ауызбiршiлiк куштi Аллаға шукiр! Алауыздық деген iндет атымен жоқ. Бiрлiкке не жетсiн шiркiн!
Жанибек
joni28.85@mail.ru
22-10-11 00:38
Тамдының қазағы нағыз казах Сокітті Жанашаруа
Бекен
15-09-11 06:42
Ержан адрестi жаз!
Бекен
15-09-11 06:40
Қыдыр – қарақалпақтың қытай арысынан тарайды. Қытай арысының қайшылы тармағынан қыдыр, темир, мәжек, бақы, көтерехожа, көрпе деген рулар шығады. Соның бірі болған қыдыр аталығы да төрт атадан тұрады. Қыдырлар тек Тамды өңірінде ғана емес, қарақалпақ халқы мекен тұтқан өлкелердің барлығында да кездеседі. Өтемұратта да бірнеше жанұя қыдырлар жасайды. Солардың ішінде белгілісі әйгілі Меңлібай қобзардың тұқымдары.
Ержан
14-09-11 15:56
Салам алейкум ОРАЛМАН АГАЙЫНДАР
Байбол
14-09-11 07:11
Туған нағашым қарақалпақ. Руы - Қыдыр. Осындай ру Сiздер жақта бар ма? Ол қайсы елге кiредi?
Ерсейит
12-09-11 07:28
Асасы Тамды ауданында Шомекейдин Тока, Конек, Аспан, Бозгул рулары мен каракалпактын Кытай, Кыпшак, Кенегес, Мангыт, Муйтен, Конырат атты алты арысы коныстанган. Шомекейдин Кедейлери де бар азырак. Олар негизинен Ушкудык ауданында турады. Кедейлер Кара Кедей жэне Сары Кедей болып болинеди. Журналист Ж.Алкожаевтын жазуына караганда, Шомекейлер ХХ гасырдын басында (1-онжылдыгында) Сырдын аргы бетинен кошип келе бастаган. Тамды - улангайыр Тауелибай жеринин бир пушпагы.
макс
maksat_kanatbaev@mail.ru
09-09-11 16:01
саламатсыздарма!!! мен Мангыстау обл.Актау каласында турам. тамдыда шомекей руынан агайындарым коп деп естигем. бирак озим ол жерде болып коргеним жок. егерде шомекей руынан агайындарым кездесип жатса маган миндетти турде хабарласуларынды отинемин. сонын ишинде кедей руынан болса арине жаксы болар еди.+77026845963 +77057885192
Бердияр
07-09-11 07:14
Рақмет! Тараз да Ташкенге барғандай-ақ жер болып қалды ғой. Жақсы кунде ушырасқанша!
Манас
07-09-11 05:57
Мына жердегі келеңсіздіктерді серпілту үшін бір анекдот кіргіздім. Осындай оқиғаларды жазсаңыздар болады ғой!
Манас
07-09-11 05:54
Өтемұраттағы Райым Мүйтен деген қарақалпақ Fыждуанның базарына барыпты. Жұрт Fыждуанның кәуабын мақтағаннан кейин соның біріне түстенуге келіп тәпшанға шығып отырса, кәуапшы оған «Сизлар туя ейсиз-а?» деп сауал беріпті. «Еймиз албатта», - дейді Рекең. Кәуапшы «От-чи, от – уни-ям ейсизми?» десе, «Отни-ям еймиз» депті. «Ийе, эшакни-ям ейсизларми?» десе, «Авваллари эшакни-ям еганмиз, аммо кейинги пайтлари емаяпмиз» дейді.
«Нимага энди, эшак емаяпсиз?» депти кәуапшы. Рекең мырс етіп күліп алыпты да «Э, биз бир моша эшакнинг қорнини ёрган пайтимизда ичидан ола дуппи кийган кичкина бачча чиқди, шундан буён умуман эшак емай қуйдик» деген екен...

Тамдылық қарапайым қазақ
agmp@bk.ru
06-09-11 11:49
Інім, бірлік бар жерде тірлік бар деген емес пе? Ата бабаларымыз. Бердияр інім мен Шөмекей ішіндегі бозғылдың ішіндегі қаратамыр руынан боламын. Таразда жасаймын. Жолың түссе біздің үйде қонақта бол. Бір қарақалпақ ер азаматын күтуге әр дайым дайынмын. Көріскенше күн жақсы. Кел, сыйлы қонағым боласың!
Бердияр
06-09-11 05:55
"Ер шекиспей, бекиспейди" деген емес пе? Биреулердин жазганы намысымызга тигени рас. Оган сиз де косылып кеткенсиз. Кенимыктан шыккан бир "билгишбай" бар. Мен сол екен деп ойлап калдым. Сиз атыныз Алим бе, руынынз Алим бе? Тамдыда Алим тукымы емге табылмайды гой. Мен каракалпактын Жабы руынан, Ойсан батырдын тукымымын.
Тамдылық қарапайым қазақ
agmp@bk.ru
05-09-11 14:27
Бердияр інім мен Әлім Тамдыда туылғанмын, мен нағыз тамдылық Келмыққа үш қайнаса сорпасы маған қосылмайды. Інім мен саған ағат айтар сөзім жоқ. Осы сайтты былпық сөзбен былғамайық, артық кетсем кешіресін. ҚҰДАЙ АЛДЫҢНАН ЖАРЫЛҚАСЫН!!!- балдарың несібелі болып, жұмысың жемісті болсын- шын ниетпен ағаң-Әлім.
Бердияр
05-09-11 07:20
М.Ж. деген "тамдылык" емес, кыржанбаска!
Сен кудай аткан мени билмей жур екенсин. Сен Тамдыны кормеген, билмеген Кенимыктын бир сартысын гой. Сени жаксы таныймыз. Саган логинди жазып, элегимиздин калганы. Сен жуылмаган касыктай эр жерге бир сугылыса берме. Кенимыгынды бил!
Тамдылық қарапайым қазақ
agmp@bk.ru
04-09-11 11:07
Тағыда қайталаймын, Тамдыда мен "Қарақалпақпын"- деген өз көкірегін көтеріп маған менің сайтыма хабарлама жіберсін.
Йа, інім, мен сөз қозғасам Тамды төңресінде сөз қозғасын. Тамды қайда, Қарақалпақ қайда?
Тамдыны Қарақалпақпен былғама.
Тамдылық қарапайым қазақ
agmp@bk.ru
04-09-11 10:57
\"Тентек тұқымы\" Тексіз тұқымы намысын болса жігерлігін болса сен маған ашык шық. Мен жақында, құдай қаласа Тамдыға барам, бырақ мені көруге \"тайталасуға\" бетіңде көтіңде жоққой. Қаласаң Тентек Сымақ \"Праститутка\" қай жерде болсаңда сенімен кездесуге дайынмын. Сен қыртып, намысшыл сымақ, \"қарақалпақтың баласы\".
Тамдылық қарапайым қазақ
agmp@bk.ru
03-09-11 22:49
Тентек тұқымы емес, тексіз ТҰҚЫМЫ, өрескіл сөйлеме. \\"Тентек сымақ тұқымы\\" мен сен сияқты жөгенсіз сөлемеймін, менмін Намысын бар болса бірінші маған ағаттық сөз солемей, өзіңнің \\"Қарақалпақ жұртыңды Қазақстанға қаңғыртпай өз еліңді сақтап ұстап қал.\\" Тентексымак \\"Қарақалпақ\\" намысың болса, боқтық сөз айтпай, электронный почтаңды бер. Құдай сен сияқты қыз текелерден тасадан тас лақтыратын бәлелерден сақтасын. Тентек шіріген жұмыртқаға жауабым!
Жан Ар
jahar_mirza@mail.ru
02-09-11 05:47
Барше бауырларымызға, жерлеслеримизге Балқаш жеринен салем!
Мамлекетимиздин Ғарезсизлик байрамы қутлы болсын!
Кен байтақ Тамдымыз, оз ауылымыз Отемуратымыз коркейип, гуллене берсин!
Тентек туқымы
01-09-11 07:22
Тамдылық қарапайым киспурышқа!

Тамдыда кимниң бар, кимниң жоқ екенин билмесең, көтиңди жети жеринен қысып жүр!
Билгиң келмесе, билдигиң жоқ болсын, көзиң көр, қулағың кер болсын атаңа нәлет!
Өзиң бир жүрген қаңғырмай болсаң! Мен Сениң ултыңа тил тийгизбей-ақ қояйын, зәнталақ!

Алмат
31-08-11 07:52
Айт кутты болсын, агайындар! Отемуратта бизбен катар окыган Гани Абдреимов деген жигит бар еди. Ози каракалпактын Жагалтай руынан. Сол жигит Темиртауга кошип барган екен. Адресин, телефонын ким биледи екен?
Орынбек
25-08-11 06:06
Салам бэрине! Мен де Отемураттанмын. Қарақалпақтын манғыты, онын Жаманшасы. Ерғалыйжан қалайсан? Мен Отемураттагы Намазов Айдардын баласыман. Ажағам Махан ауылдағы мектепте директор. Уялы телефоным: 99893 956 13 33.
Ергали
ergali9416@mail.ru
23-08-11 06:08
Сэлем бауырлар! Мен Отемураттан, Нарбаев Ергали Ислам улы. Ата-тегим қарақалпақ, қолдаулы тайпасы, бескемпир руынан. Қазир Қарағанды қаласында турамыз. Жерлес-бауырларга коп-коп сэлем!!!
ннн
-
11-05-11 18:13
тамдыда каракалпаклар коп казахлар негизи каракалпаклардан тараган. ойтип кокиме тамдылык карапайым казах
Разия
razia_1982@mail.ru
23-04-11 11:54
Сәлем Максат. Мен де Шөмекеймін. Онын ішінде Шыбынтаймын. Сен Тамдынын өзіненсін бе?
Ғафу
gafu_kz@mail.ru
13-02-11 12:28
Менде Тамдыдан боламын руым Көнек!
Мерей
meron_ _@mail.ru
05-02-11 03:09
мен казир тамдыда жасаймын, арине тамды киели жер бир жагы алтын екинши жагы уран, Тамдынын жер асты байлыгы кушти, жане Тамды халкынын тил байлыгы кушти. Жасасын ТАМДЫ тек кана АЛГА АЛГА АЛГА. Гуль сиздин сурагынызга жауап Тамдыда тек казактар турат, Шамши осы жака келген.
Жанадин
21-01-11 18:37
Ассалаумалейукм! Мен Тамдыданмын. Тамды жайында сурактарыныз болса бериниздер
Утемуратова Перизат
persik_16_1990@mail.ru
11-01-11 13:14
Cәлембердіктер!!! Менің есімім Перизат Утемуратова. руым көнек!!!!! ата-анам Тамды ауданынан.
Ауезбек
Aue-Tau97@kazakh.ru
29-12-10 22:28
Габбас Баталов аитады (Талдыкорганын тулеги)Тамды халкы кумнан алтын елеп алып жаткан ел.Тамды узинин тарихында заманына саи шыккан ержурек батырларга,елим деп ениреген кусем-шещен,билерге толы ел.Батырлардан;Каракедеи-Коскулак,Каратамыр-Кыстаубаи,шобдар-Дауитбаи,балкы-Болат,Маилыаяк,жантин-Мамбеткул,Жолаи-Кожеке.Билерден:Карадос,Жарылкап,Бака,Кетебаи,Утетилеу,Пирали,Алмас,Тампыш,Кушекбаи,Назар,Балжан,Дос,Досан,Абдиреим(сарбас),Ангара,Жунтиктерди аитып т.б кусемдерди.косып ,,Жогарыда аттары аталган асыл,ардакты,данышпан бабалары турганда Тамды елинин ул-кыздарынын жаман болуга какысы жок дер едим,, деп усиет аит кан. Сол ушин Атамыздын сенимин актаик Тамдылыктар демекшимин.
Ауезбек
Aue-Tau97@kazakh.ru
29-12-10 21:59
Тамды туралы,Бауржан Момышулы(1976ж барган),,ТАМДЫ-кум ишиндеги жасыл арал екен жане ,,АДАМДАРЫ жауынгер екен,,деген ,бул биринши ерекшелиги,екинши ерекшелиги,,араларында бутен улт укилдери жок,тил тазалыгын,турмыс-салт ерекшелигин,халкымыздын бауырмалдыгын толык сактаган.Ушинши ерекшелиги,топ алдына шыгып дауласушы,жауласушы еки жакты жарастыратын аксакалдары бар екен,бул тусинип,багалаи билсек урпактын-бакыты,,деген багасын ,,Зан,,газетине(4,09,09ж) ,,Тамды Сапары,,деп жазган.
Габбаз Баталов Атамыз (илгериде Тамдыда истеген)улен жазган
Ширкин-аи кандаи татти Тамдыбулак,
Болсада Сараркадан жери шырак.
Журсемде алыс жерде сагынамын,
Жатамын Тамдыбулак сени сурап. деп.

Тамдыдан агаиндар тек Отан ушин кушкен.
Максат
Maks_83_kz@mail.ru
29-12-10 11:30
Мен Тамдылык агайындарыммен таныскым келедi. Тамдыда шомекей руынан коп деп естiгем. Шомекейдiн кедей руынан агайындарым болса хабарласыныздар. +77026845963
Тамдылық қарапайым қазақ
agmp
06-12-10 16:09
Тамдыда тек қазақтар тұрады, қарақалпақтар жоқ есебінде. Тамдылықтар-нағыз қазақтар, қарақалпақтар кім екенін білмейміз, білгіміз келмейді.
Бекен
06-12-10 14:18
Тамдыда тек қазақ, қарақалпақтар тұрады. Өзбектер енді-енді некен-саяқ көшіп келіп жатыр.
Есимхан Канаатов
esimkhan@rambler.ru
06-10-10 17:07
Ассалаумалейкум, Прогрессте 11-мектепти 98де битирдим. Ким боласыз
Гуль
gulshat77_@mail.ru
11-08-10 07:58
Тамдыны Шамши әнінен естимесем билмейди екенмин казактар туратын аудан ба? Шамши агамыз онда негып жур



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов