Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: Ирандағы қазақтар


Авторы Xабарлама
shery
22-02-06 08:56
Мен Иран Ислам Республикасынан хабарласып отырмын. Әлемдегі қандастарыммен танысқым келеді. Әр мемлекеттен болсын, мейлі. Хабарласыңдар! Иранға келсеңіздер қуана қарсы аламыз! Күтеміз...

Авторы Жауап
молдир
gal8977@mail.ru
21-08-16 12:21
Европа казактарына қазақша уйренуге көмектесемін.
несибели
Serikbayeva _NK@mailru
16-12-14 17:54
Есқали Нұрмұхаммедұлы Шеркеш атам туралы көп мағлұмат білгім келеді. Атам Қазақстанның немесе Түркменстанның кайсы жерінен Иранға қоныс аударғанын анықтағым келеді.Білсеңдер жауап берсеңіз деймін. Есқали руы шеркеш, молда болған екен Иранда. Горган қаласында түркмендермен бірге тұрған екен?
Алтын
alt-nnn
02-11-12 19:27
Менің телевизордан қарайтын ең сүйікті бағдарламам "Шет елдегі қазақтар туралы". Бірақ мұндай бағдарламалар сирек көрсетеді. Өкінішті.
Адiлбек
Jm.@dm.ru
29-10-12 08:46
нишапурдан бар ма?
aiteke
www@mail.ru
04-10-12 22:56
jasi 40-tan askandarmen xabarlaskm keledi mumkinwilik bolsa xabarlasindar pikir almasaik
noobik
www@mail.ru
04-10-12 22:45
kambattan baldar barma

noobik
www@mail.ru
04-10-12 22:45
ne habar irandagi kazaktar

нұржарық
nur_zharuk@mail.ru
03-05-12 14:41
мен барлық қазақтарға жалынды сәлем жолдаймын!!! ал өзім ҚХР дан келгем. біздің елдей бақытты, біздің женрдей сұлу жер жоқ.
............
Kaisar.8888
25-04-12 11:39
Шетелде журген казак бауырларга Атыраудан жалынды салем.....
Анар
ajarlym.93
16-04-12 16:37
салеметсіздерме қандас бауырларым,бәріңізге жалынды салем,хабарласыныздар дос болайык баринизбен сойлесип сухбаттасам деймин,асыга кутемин
Байсын
19-09-11 07:03
Мен Ираннан келген қарақалпақтармен таныссам деп едiм. Ол жақта (Горган, Гумбад жерiнде) бабаларымыз қалған.
باۋىرجان
Bawrjan.alfays@facebook.com
04-09-11 17:21
قازاقستاناغى باۋىرلارىما جالىندى سالەم
toha marzhan
marzhan-99.99@mail.ru
16-07-11 19:22
salemetsizderme again tuistar! maday muhamedamin degen kisi menin akem boladi. ol kisi irannan koship kelgen. irandagi kazaktar bizderge habarlasip turindar.
мадай мухамедамин
madeykz@hotmail.com
16-07-11 19:07
Дархан Ел.

Қасиетіңнен айналайын ата-мекен,
Мұра болып бабалардан бізге жеткен.

Қайғы дан бас көтермей жүрушіедік,
Асыл дар қаз қалпын да жүрген екен.

Көнілдің арманы мен жыры еді,
Бұиыртып сол мекенге енді жеттік.

Үмітсіз жетімдерше күнді кештік,
Бөтен елде көзін ашқан балапандай.

Зарығып қиялдана түсін көрдік,
Құмары маза бермей құтты жердің.

Жырақ тан дархан елді аңсап келдік,
Аманатын жеткізсек деп бабалардың.

Қорқыттың қиындығын өткізсеккте,
Шаттаныып біз мұратқа енді жеттік.

Бабалар жұмақ жер деп бізге айтқан,
Жырақта көзін жұмды ау әттең арман.

Туыстар дидарласып қайта тудық,
Ұмытып бар қасіретті өткендерді.

Шынайы көңілі мен қызмет еткен,
Ризамыз дархан халық пейіліңнен.

Пәрменің мына бізге шипа болды ау,
Нұр аға тәңірі,өзі сізді жарылқасын.

Аруақтар риза болып аунағандай,
Іс болды ұрпақтарға үлгіалардай.

Шүкір Аллаһ есіркеп жарылқадың,
Шықты ғой іштегі қайғы мен мұң.

Нұрсұлтан жан ашыры өз елінің,
Төктіғой игі іске маңдай терін.

Тарихтан орын табар ізгі ісңіз,
Ұрпаққа өнегеғой жақсы ісіңіз.

Жаратқан енді бізге сана бергей,
Өзгеден қорғанатын шама бергей.

Төнбесін отанымызга өткен қасірет,
Қазақтың бостандығын мәнгілік ет. Аумин. Maday toka

Индира
indikosh.88@mail.ru
16-04-10 21:50
Барлықтарыңызға үлкен сәлем!!!!!Өкінішке орай, мына форумды қазір таптым! Қалдарыңыз қалай? Шэри, сізге хат бармай қойды. Мүмкін имэйлыңыз ауысқан шығар! Өтінемін, маған хабарласыңызшы!!!!!
Ереке
technosyndrom@yahoo.com
22-08-07 22:40
Иран еліндегі бауырыма жалынды сәлем! Келсейші отанға! Айтпақшы, қалайша кирилше жазып отырсың?...
Нурчик
ainura_spk@mail.ru
13-06-07 18:55
Салем Шери, мен Қазақстаннанмын, атым Айнұр, қаласаңыз хабарласайық. Жауапты менің өз адресіме жазыңыз
Г‰лмира
My_office@ok.kz
17-11-06 13:21
Shery!Рахмет! ¤зіњіздіњ ќалыњыз ќалай? Меніњ сабаѓым жаќсы! Сессия уаќыты да жаќындап ќалды. Осы адреске хабарласуыњызѓа болады.
Shery
Г‰лмираға
13-11-06 07:39
Сәлем, Гүлмира! Қал қалай? Жазуыңызша студент екенсіз, сабақ қалай? Егер сізбен жақынырақ танысатын болсақ, өте қуанар едім. Сіздің электронды адресіңіз жоғарыдағы ма? Сол адреспен хабарласуға болады ма? Жауабыңызды күтемін. Ал менің адресім:
sheryucca@yahoo.com
Осы адреске хабарласа аласыз. Асыға күтемін...
Г‰лмира
My_office@ok.kz
09-11-06 13:20
Shery! Сєлеметсіз бе? Ќалыњыз ќалай? Айып етпесењіз сізбен жаќыныраќ таныссам ба деп едім! ¤зіњіз туралы толыѓыраќ мєлімет берсењіз. Мен Алматыда оќып ж‰рген Ќ±лсарылыќ студент сіњіліњіз боламын.
Г‰лмира
My_office@ok.kz
09-11-06 13:19
Shery! Сєлемесіз бе? Ќалыњыз ќалай? Айып етпесењіз сізбен жаќыныраќ таныссам ба деп едім! ¤зіњіз туралы толыѓыраќ мєлімет берсењіз. Мен Алматыда оќып ж‰рген Ќ±лсарылыќ студент сіњіліњіз боламын.
Shery
26-09-06 09:05
Қасиетті Рамазан айының келуін барлық қазақ қоғамына құттықтаймын. Ешкімнің ала жібінен аттамай, өткен реніштерді кешірімділікпен кешіріп, бір-бірімізге жақындай түсейік, ағайын! Дұға, намаз, оразаларыңызды Алла Тағала қабыл еткей!
Shery
09-04-06 08:21
Жалпы әлемдегі қазақтарға Жалынды СӘЛЕМ!
Shery
Контомарка
09-04-06 08:19
Сәлем, Қазақ азаматы. Денсаулық қалай? Жоқ, мен Ұлы жүзден болмаймын. Мен Кіші жүзден боламын. Бірақ, әлемде өзіміз аз-ақ ҚАЗАҚПЫЗ ғой, Кіші жүз, Ұлы жүз, Орта жүз деп бөлінбей, барлығымыздың қанымыз бір деп, ауызымыз бір болсын.
Shery
Жанға
09-04-06 08:14
Сәлем, саған, Жан. Қалайсың? Мен, өз қара басым "Қазақстан" деген атты өте ұнатамын. Қазақ елбасы да өте беделді. Өйткені, 14-15 жыл ішінде мынадай табыстарға жету оңай зат емес қой. Назарбаев секілді ағам барлығына мақтанамын. Шынымды айтсам, Назарбаев сияқты президентті тағы да төртінші ретке Отандастарым сайлағанда қуанышымда шек болған жоқ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР бүкіл әлемге ауызы бір ел екенін сол сайлауда дәлелдеді ғой. Рахмет, сендерге ОТАНДАСТАР! Келесі хабарласқанша, аман-сау бол.
Адил
кz_sch_24@mail.ru
27-03-06 06:53
Иран ќазаќтарына жалынды сєлем!
Контрамарка
26-03-06 11:10
Аман, Шерри, сен1н ата-бабан улы жузд1н казактары ма? Мен1н апам сиякты сойлейд1 екенс1н.
Гүл
21-03-06 19:27
Ирандағы қазақтар, сіздер нағыз қазақсыздар!
жан
21-03-06 14:21
Salem IRANdih bauirlas! Men sizdin memleketiniz turali pikirlerinizdi halaimin. Jalpi respublikalariniz prezidentterinizden razisiz ba jauap kutem
Кәсіпкер!
к
11-03-06 17:59
Иранда 8-наурыз мерекесін тойлағаны "дурыс болыпты". Ақыр заманның келе жатқанын осыдан біл!
Shery
08-03-06 07:40
Сәлем бердік. Аманбысыңыз? Қалыңыз қалай? Бүгінгі 8-наурыз халықаралық әйелдер күнін құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, аспандарыңның ашық болып, дұшпандарыңның қашық болуын, өмір жасыңыздың ұзақ болуын тілеймін. Келесі кездескенше сау-саламат болыңыз.
Әли
06-03-06 20:05
Shery, Иран қазақтарында қандай жаңалықтар бар? Қызықты адамдар, оқиғалар, жалпы қазақтарға қатысты барлық білгеніңді ali2002_77@mail.ru адреске жазшы. Бауырым, сені хабарласады деп үміттенемін.
Гүл
06-03-06 10:37
Мен қазақ қыздарына қайран қалам! Басқа айтар сөз жақ. Сіз сияқты қазақ қыздары көбірек болсын шетелде, сонда қазақ ұрпағы қазақ тілін де, мәдениетін де біледі деп сенемін. Қазақстанда тұрып мәңгүрт болғанша, шетелде жүріп нағыз ҚАЗАҚ болған артық деп ойлаймын!
Shery
Гүлге
05-03-06 09:55
Сәлем, Гүл! Қалайсың? Мен қара басым Иранда тудым. Қазақ тілін толық болмаса да, жартылай білемін де, жаза аламын. Сол сауатыма да мақтанамын. Өйткені ол анамнан енген Туған тілім. Бірақ шетелдегі қазақтардың көпшілігі қазақша жаза алмайды. Жаза алмау былай тұрсын, дұрыс та әңгімелесе алмайды. Сол жайт мені де қатты толғандырады. Егер Қазақстандағы Жоғарғы орындарға ие ағаларымыз сол жайды қарастырып, шетелдегі қазақтарға Туған тілін үйретеміз деп қадам жасаса, қатты қуанар едім. Иранда 5 мыңға жуық қазақ бар. Бірақ, солардың шамамен 5 пайызы ғана қазақша жазып, оқып біледі. Басқа еуропалық елдерде қазақ мәдени орталықтары бар деп естиміз. Өкінішке орай, ондай орталық әлі Иранда ашыла қойған жоқ. Ашыла жатса, біздің де жастар Туған тілін игеру үшін бара еді. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселе толық қолға алынған жоқ.
Shery
Талғатқа
05-03-06 09:07
Қалың қалай, Талғат? Аманбысың? Жоқ, Мен Қазақстаннан қашып кеткен ештеңем жоқ. Неге қашайын? Қашуыма қандай себеп бар? Негізі біздің аталарымыз, ағайындарымыз (жалғыз менің емес, бүкіл оралман болып барған қазақтың) Иранда қалғаннан кейін әурелендік. Біз Қазақстанға Туған Жеріміз деп бардық, бірақ Қазақстан қазақтары көзімізге қол тығып, "қаңғып келген қазақ" деп айта бастады. Егер де әр еуропалық елге барғанымызда да бізге олай жаман ат тақпас еді.Бірақ, Туған Еліміз деп , Қазағымыз деп барып отырған халық бізге олай айтқасын шынымды айтайын, қатты ренжідім. Неге қазақ болдым екен деп те ренжідім. Мен Қазақстанды сатып кеткен жоқпын. Күндердің күнінде Қазақстанға барып, Елім үшін қызмет ететініме кәміл сенемін. Сондықтан, қашып кеттің деп маған ешкім айта алмайды.Айтуға да рұқсат бермеймін.
Гүл
02-03-06 18:51
Сәлем шетелдегі қазақ қызы. Сонда сіз кәдімгі Қазақстанда туған қазақсыз ба әлде Иранда туғансыз ба, бір түрлі сене алмай отырмын. Шетел қазақтары ауызекі қазақша сөйлей алғанмен, қазақ жазуына келгенде шорқақ, яғни алфавит білмейді. Сауатыңызды қалай аштыңыз, осыны әңгімелей өтсеңіз. Негізінен шетелдегі қазақтарымызға тіл үйрету мәселесі қарастырылған ба, ондай хабарыңыз бар болса айта кетсеңіз. Рахмет.
Талғат
02-03-06 15:26
2003 жылы Иранға көшіп кеттіңдерме, әлде оралман есебінен алған пәтерлеріңді сатып қашып кеттіңдерме?
Shery
Гүлге
28-02-06 07:54
Сәлем! Қалайсыңдар? Иранда қазақтар онша көп те емес. Бірақ нақты санын айта алмаймын. Себебі ол туралы әлі зерттеу жүргізген жоқпын. Қазақстанға деген көзқарастары да әртүрлі. Бірақ, Қазақстанға атамекеніміз деп қарайды. Бұл көзқарас - біздің ата-бабаларымыз Қазақстанға дүниеге келгеннен де болар. Мен қара басым Иранда дүниеге келген екінші ұрпақпын. Атам Қазақстанда дүниеге келген. Ирандағы қазақтар мәдениеті - байырғы қазақ мәдениеті. Қазақ тілін жете білмесе де, Ана Тілін ұмытпаған. Оған да шүкір етіп отырмыз. Мемлекеттік тіл парсы тілі болғандықтан, сыртта парсыша да, үйде қазақша сөйлеседі.
Тағы да сұрақтарыңыз болса, қуана жауап бере едім.
Гүл
27-02-06 14:03
Мені бір сұрақ мазалайды. Иранда қанша қазақ бар? Олардың Қазақстанға деген көзқарасы қандай? Қазақ мәдениетін, тілін қаншалықты біледі? Жауап берсеңіз қуанар едім.
Shery
кәсіпкерге
27-02-06 08:12
Аманбысың, Кәсіпкер? Жұмысың оңынан басып жатыр ма? Шет елдегі қазақтар таза қазақша білмейді деп ойлаймысың? Қателесесің. Қатты қателесесің. Шетелдегі қазақтар Қазақстан десе, жанын да беруге әзір екенін кім біледі? Сен бе, әлде Қазақстанда жүрген әрбір қазақ азаматы ма? Ешқайсысы. Себебі, шетелде өмір сүрмеген шығарсың өзі. Біз шетелде тұрғанмен, Қазақстанды, Туған Жерімізді, Ана Тілімізді, Салт-дәстүрімізді ұмытқан емеспіз де, ұмытпаймыз. Мен Иранда тұрғаныммен, ҚАЗАҚПЫН: Иә, "Жүрген жері-азап" қазақпын мен. Қазақ болғаныма да қуаныштымын.
Shery
sheryucca@yahoo.com
27-02-06 08:04
Сәлем, Асет. Құдайға шүкір жақсымыз. Өзіңіз қалайсыз? Мен 2003 жылы Иранға көшіп келдім. Қазір жұмыс жасап жатырмын. Иә, Ақтауды сағындым. Сағынғанда, айтпаңызшы. Шамамен 8-9 жыл Ақтауда болғам. Сол жерде білім алдым, сол жерде өстім. Мен кәдімгі қазақ қызымын. Неге Иранға көшіп келгенімді айта алмаймын. Айтпақшы, өзіңіз қай шағын ауданнан боласыз? Міндетті түрде менің E-mail-іме хабарласың.
Сізді күтемін. Сіздей дос тапқаныма, ол да Ақтаудан өте қуаныштымын!
кәсіпкер
24-02-06 16:24
жазуыңа қарағанда Иранда жүргеніңе ұқсамайды, қүлақтан теупжердің әудйм іншек!
Асет
Shery
23-02-06 07:07
Ќалайсыѕ шетелдегі ќазаќ ќызы,Аќмаржан ќала Аќтаудыѕ сўлу ќызы.Денсаулыєыѕ ќалай.Сен Иранєа ќай жылдары кґшіп кеттіѕ,не себептермен(ќўпия болмаса).Ќазір ол жаќта немен айналысып жатырсыѕ.Оќисыѕ ба или жўмыс жасайсыѕ ба.Менде Аќтаудан боламын.Кјдімгі ќзіѕ хат жазєан Асетпін.Аќтауєа ќашан келейін деп жатырсыѕ.Саєынєан шыєарсыѕ.Айтпаќшы сен Ќазаќсыѕ ба.
Ал енді сау бол.Сеніѕ жауап хаттарыѕды кутемін.Ирандаєы ќазаќтардыѕ бјріне сјлем айтарсыѕ.Пока.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов