Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: ойымда журген сурақ


Авторы Xабарлама
Райханов
tursen888@163.com
01-03-06 16:42
Шетелден интернет арқылы Қазақстан газет - журналдарына шығарма жіберуге болама? болса қалаи? Қай- қайсы газет журналдардың эл.почталары бар?
Баспа сөз мамандары,қатысты жанашыр- жақындар сіздерден жауап кұтемін. (Жауабыңызды жеке почтама жзған болсаңыз!)

Авторы Жауап
Айгул
Айгул @gmail.com
05-01-17 13:36
Сідер қандай ақыл ой пікір айтасыз дар? ?
Айгул
Айгул @gmail.com
05-01-17 13:29
Менің жасым 38 де бірақ əлі өмірде орын таппай журмін. Əлі бір де уйленбегенмін😌
Ерлері бар қыздарға қызығамын бақытты жандар.тур десе турім бар,тəрбием де жаман емес, мінезімді досымнан сура көлік.уй.ақшам да бар.бірақ маған унаған жігіттің əйелі бар бойдақтардың санасыз кездеседі енді не істеймін уақыт зымырап өтіп барады 😥
жанна
bolatkyzy.97
24-05-13 17:41
salemetsizder me! magan 11bitirein dep zhatkan zhigitime,tilek zhazain dep em ,tilekterdi kaidan alsa bolat?
Сауле
19-09-12 10:50
Жоғарыдағы мектеп туралы айтылғанның бәрі дұрыс,тексерушілердің қатарына заң органдарын да қосып қойыңыз. Бір кереметі олар де ештеңе көрмей қалады емес пе.....
мұғалім
22-10-11 11:24
Меркі ауданы мұғалімдері барлық қазақ мұғалімдерінің басындағы жағдайды айтып отыр,100 пайыз рас Бізде де дәл солай
Анаркүл
lexxxxel@mail.ru
29-01-11 08:53
Жанайқай!

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қазақ мектебін
жауып қарсы алмақшы.

Оқырмандарға түсінікті болу үшін әңгімені №11 орта мектептің тарихы мен қазырғы жағдайын баяндаудан бастайық.
Жезқазған қаласының №11 орта мектебі қазақ тілді мектептің қажеттілігіне сұраныстардың көбеюіне байланысты 2001 жылы ашылған. Мектеп Абай көшесі 64 үйдегі бос тұрған, 1952 жылы салынған, екі қабатты бұрынғы мектеп ғимараты берілген. Мектеп қаланың қазақ отбасылары тығыз орналасқан біршеті №1 ауыл, Аварийный поселкаларынан бастап, Жастар көшесі, Абай көшесі 69,79,81 шағын аудандарын және С.Сейфуллин бақжолынан Қ.Аманжолов көшелері аралығындағы елді мекендерді қамтитын қазақ тілді білім беретін жалғыз білім ошағы болатын. Салынғалы бері күрделі жөндеу көрмеген, қазырғы білім беру талабына сай емес, оқу бөлмелері жетіспейтін. Алғашқы әскери дайындық, технология пәндері (Ер балалар, қыз балалар үшін) информатика пәндеріне кабинеттер, пән зертханалары, мектепке дейінгі дайындық топтары үшін бөлмелер, Асхана, Мәжіліс залы, Кітапхана-оқу залы, медициналық кабинеттер үшін орындар қарастырылмаған. Оқушылар сырт киімдерін мектеп жертөлесіне шешінетін, кейбір пәндерді де сонда өткізуге тура келді. Бәрінен де сорақысы қосымша бастауыш сыныптар үшін салынған ғимарат пен спорт залы, мектептің спорт алаңымен қоса жеке меншікке, басқа мекемелерге сатылып кеткен. Осындай жағдайда мектеп спорт залсыз қысылып- қымтырылып 9 жыл білім беріп келді.Өткен 2010 жылдың 16 сәуірге қараған түні мектептің екінші қабатындағы сынып бөлмесінің төбесі опырылып құлап түсті. Бұған дейін де сол қабаттағы дәліздің төбесі де құлаған көрінеді, оны тіреп қойған. Мектептің қабырғаларында да жарылған жерлері бар. Қала әкімшілігі тарапынан комиссия шығып мектеп ғимаратты «Жарамсыз апаты жағдайда» деген шешім шығарған. Сол кездегі қала әкімі Қ.С.Балмағанбетов мырза тез арада күрделі жөндеу жүргізіп, қажетті қосымша ғимарат пен спорт залы салынатына уәде берген. Тіпті қала әкімінің орынбасары А.Мұхамедин мырзаның қолы қойылған «Кепілдік хаты» негізінде «Жезқазған проект» кәсіпорнына мектепті күрделі жөндеу мен қосымша ғимаратты салуға «Жобалау- сметалық құжат» даярлауға тапсырыс берілген. Аталған кәсіпорын екі айдан аса жұмыс жүргізіп, бастапқы сызбалары келісілген болатын. Бірақ белгісіз себептермен тапсырыс басқа «Альбатрос» фирмасына, одан соң «Астана-Бурабай» фирмасына ауыстырылған көрінеді. Осы құжат араға 9 ай салып қаңтар айының ортасында зорға бітті. Оның өзінде тек ескі мектепті жөндеудің ғана «Жобалау- сметалық құжаты». Спорт залы, басқа жетіспейтін жоғарыдағы аталған қосымша ғимарат салуға басын ауыртып отырған әкім жоқ. Мектептің жағдайы туралы 2010 жылдың 2 маусымында Жезқазған қаласына іс-сапармен келген Президент әкімшілігі инспекторы Сапархан Кесікбайұлы Омаров мырзаға да баяндалған болатын. Ол кісі оқу бөлімінің басшысы Ж.Ә.Дәрібаевқа мектептің құлаған жерінің суреті мен мектептің жағдайы туралы толық мәліметті жазбаша түрде беруді тапсырған. Бірақ сол мәлімет кейбір себептермен дұрыс берілмепті. Жаңа оқу жылын бастауға 1 ай қалғанда сол кездегі қала әкімі Қ.С.Балмағанбетов мырза №11 мектепті Жезқазған университетінің 5 мөлтек аудандағы бос қалған ғимаратының 3 қабатына көшіру туралы шешім шығарды. Бүкіл «Қала-дала» мектептерінің ұжымымен, ата-аналардың күшімен жөндеу жұмысы жүргізіліп, мектеп мүлкі көшіріліп болғанда, қаланың жаңа әкімі Б.Әбдіғалиұлы мырза бұрынғы қала әкімінің шешіміне келіспей, №11 мектепті қаланың №5 және №21 орта мектептері ғимаратында бөліп оқытуға шешім қабылдады. Сонымен ЖезУ ғимаратын жөндеуге кеткен қыруар қаржы мен еңбек босқа кетті де, №11 мектептің бастауыш сыныптары №5 орта мектеп ғимаратына, қалғандары 1969 жылы салынған осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмеген №21 орта мектептің үшінші қабатына көшірілді. Жылу жүйелері салынғалы айырбасталмағандықтан қазыр өте суық. Оқушылар сырт киімдерінмен отырады. Әр сыныптан күніне 5-6 оқушы ауырып жатады. Далада ауа температурасы -8 градус болса, сынып бөлмесінде зорға +11, +14 градус аралығында. Ал солтүстік батыстан жел соққан күндер +5,+6 градус зорға көрсетеді. Мұғалімдер дәлізде отырады, кітапханада тіпті жылу жүйесі жоқ. Сынып бөлмелері жетіспейді. Мектептің барлық құрал-жабдықтары мен мүліктері №26 орта мектептің жертөлесінде үйіліп жатыр. Ал бұрынғы мектеп орналасқан аудандағы отбасылар мектепсіз қалдық. Балаларымызды қаланың басқа аудандарындағы мектептерге тасып жүрміз. № 11 қазақ орта мектептің жағдайы туралы Республикалық беделді «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 3 қараша күнгі нөмеріде де мақала шықты. Бірақ мектептің құлағанына 9 ай өтсе де ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ. Облыстық оқу бөлімінің бастығы Е.Иманғалиевтың 2011 жылғы 25 қаңтардағы облыстық «Орталық Қазақстан» газетіндегі «Білім беру біліктілердің қолында» атты мақаласын оқып таң қалдық. Онда ескі мектепті жөндеу үшін «Жобалау- сметалық құжатың» дайындалғанын айтыпты. Бөлінген ақша туралы сөз жоқ. Спорт залының жоқтығы, арнайы зертхана, Кітапхана, Асхана, Мәжіліс залы, информатика, технология пәндері үшін орын жоқтығы, мектепке дейінгі дайындық бөлмелері мен медициналық кабинеттердің жоқтығы туралы Е.Иманғалиев мырзаның ешқандай да хабары жоқ сияқты. Ал қала әкімшілігі бұл мәселеден №11 орта мектепті таратып, жауып құтылмақшы. Жағдайымызды айтып, мектептің қажеттілігін айтып өткен 2010 жылдың 11 қазанында қала әкімі Б.Әбдіғалиұлы қабылдауына бардық. «Келесі оқу жылына дейін ескі ғимаратты жөндеп береміз» деп шығарып салды.
Бірақ ескі ғимараттың өте тар, қазырғы білім беру талабына сай келмейтінін, спорт залының жоқтығын, қосымша ғимарат салу қажеттілігін айтқанымызда «Қаржы жоқ» деген сылтауды алдымызға тартты.
Қазырғы №21 орта мектептегі сыныптардың адам төзгісіз суық екенін айтсақ «Балаларыңды жылы мектепке ауыстырыңдар» деп ақыл айтады.
Жылдан- жылға қаламызда қазақ тілі мектептерге сұраныс көбеюде. Қазақ тілінде оқытылатын №8 мектеп-гимназиясында, №7 мектеп- лицейде, №1 орта мектепте, №13 орта мектептердегі оқушылар саны мектеп симдылығы мөлшерінен көп артық. Симай жатыр. Керісінше орыс тілінде оқытатын №3 орта мектеп, №22 орта мектеп, №24 орта мектеп, №133 негізгі мектеп, №26 орта мектептерде оқушылар саны әлдеқайда кеміген, жартылай бос тұр. Масқарасы №24 орта мектеп кейінгі 4-5 жылда орта мектеп болып есептелгенімен 10,11 сыныптар мүлде болған жоқ. Сонда орта мектептің штаттық кестесімен, орта мектеп тарификациясымен 4-5 жыл айлық алып тек негізгі мектептің функциясын орындауға қалалық оқу бөлімі қалай жол берген деген сұрақ туындайды. Жоғарыдағы жартылай бос мектептердің арасыда алыс емес. Бірін-біріне қосып, ауыс-түйіс жасаса бір қазақ мектебіне ғимарат табуға болады. Оны ойлап отырған облыстық оқу бөлімі де, қалалық оқу бөліміде, әкімшілік те жоқ.
Ел басының 28 қаңтар күнгі Халыққа жолдауында білімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге аса қатты көңіл бөлінетіндігі, қомақты қаржы бөлінетіндігі айтылды. Сонда ол қаржы қайда? Еліміздің болашағы жеткіншектерге білім алу үшін заман талабына сай білім ошағын салуға қаржы табылмаса, Ел басының былтырғы Жолдауындағы еліміздің халқының 30% спортқа тарту туралы жолдамасы ескерілмесе не деуге болады. Халқымызда «Өрге жүрмеген арба- кейін кетеді» деген бар.

Құрметті редакция алқасы!

Қала, облыс оқу бөлімі басшыларымен қала әкімінің тарапынан көмек болмаған соң, Сіздерден, Сіздер арқылы Ел басына, Үкімет басшыларына біздің №11 қазақ орта мектебінің қиын жағдайын жеткізе ме деген үмітпен жазып отырмыз.
Құрметті Республика Президенті!,
Құрметті Үкімет басшылары!
Құрметті Облыс Әкімі!

Сіздерден Жезқазған қаласындағы №11 қазақ орта мектебі ата- аналары атынан мектептің ескі ғимаратын күрделі жөндеуге және заман талабына сай білім беретіндей, жоғарыда айтылған жетіспейтін бөлмелер мен спорт залы үшін қосымша ғимарат салуға қаржы бөлуге көмектесулеріңізді сұраймыз.
Қазақ елінде қазақ мектебінің мынадай мүшкіл жағдайда болуы естір құлаққа ұят емес пе?!

Алдын ала алғысымызды білдіреміз!

Сәлеммен №11 қазақ орта мектебінің оқушыларының ата-аналары атынан
Шаниева Бақыт

Нұржан
boks_kz99
18-01-11 06:15
Нұрдан келетін ат тауып берініздерші өтінемін
Dauren
dauren_ydk
13-09-09 19:52

Құрметті Редакция!

Соңғы кездері ананы нұр деп атайық, мынаған нұрды қосайық деген азаматтар ығыр қыла бастады. Осыны мен өзімше сынап көрген едім. Қарап көрсеңіздер, жараса - жарияласаңыздар деген ниетпен мына төмендегі - шынымды айтсам, сатира ма, әзіл ме, өзім де тап басып айта алмаймын - әңгімені жолдап отырмын.
Өзім туралы айтсам, ертеректе, сонау сексенінші жылдары «Жалын» журналында, тоқсаныншы жылдары «Экспресс» газетінде бір-бір әзіл әңгімеден жариялағаным болмаса, өндіртіп жазып көрген жан емеспін. Қазір ішкі істер органдарынан зейнетке шығып, демалып жатқан жайым бар.
Жауаптарыңызды осы электронды адрестен күтемін.

Құрметпен:

Дархан Ахметов.

Мекен-жайым: ОҚО, Түлкібас ауданы, Тұраркент ауылы, Рысқұлов көшесі, 65-ші үй.

Қосымша: 7 бетте


«Нұрландыру» мәселесі турасында бірер сөз
(әзіл-шыны, тағы басқасы аралас)

Нұротан, Нұрмедиа, Нұрбанк, Нұрсәт, Нұринвест, Нұрбазар, Нұршайхана, Нұр, Нұр тағы Нұр....
Қазір елімізде, құдайға шүкір, Нұрдан басталатын ұйым, мекеме, шаруа қожалықтары, тағысын тағылары, ресми тілмен айтқанда заңды және жеке тұлғалардың аттары көбейіп келеді. Жеке тұлға дегеннен шығады, осы жуырда мен бір әңгіме естідім, рас-өтірігіне жауап бере алмаймын, бірақ, өзім рас қой деп ойлаймын. Оңтүстіктегі бір ауданда үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап зейнетақысының бақандай жүз теңгеге атқанына риза болған бір ақсақал, айы күні жетіп отырған келіні ұл туса, атын Нұрсұлтан қоямын деп ниет қылады. Кешікпей келіні босанады, босанғанда егіз ұл табады. Қуанышы қойнына симаған қарт сыңарынан сүтпісірім бұрын туған немересіне НҰРБІР, екіншісіне НҰРЕКІ деп азан шақыртып ат қойыпты. Міне, нұрландырудың халықтық көрінісі.
Бірақ осы нұрландыру турасындағы қоғамдық пікір қақ жарылып, екіге бөлінгені жасыратын жәйт емес. Бірінші жақ, олардың қатарына мына мен де қосыламын, бұл Елбасының ұлылығына бас игендік, құдіретін мойындағандық, тау тұлғасына тәу ету, заңғарлығын бағалағандық деп біледі.
Ал енді қарсы жақтың пікірі қилы-қилы. Олардың кейбірі мұны жағымпаздық, құлдық психология, бас шұлғу, көпшік қою деп бағаласа, кейбірі мұның түбінде әйтеуір бір шарапаты тиіп қалар деген есек дәме, бақай есеп жатыр дейді.
Кейде олар тіпті артық кетіп қалады.
Осы жуырда мәжілісте отырған аса қадірлі, құрметті ағамыз ақыл ойының тереңдігі мен жаужүректігін танытып, теңдесі жоқ керемет ұсыныс жасады. Астананың атын нұрландырайық деп салды. Өйткені, ол – Нұрекеңнің төл перзенті екендігін, қанша қауіп төніп тұрса да, жалтақтамай ашып айтты.
Не деген даналық, не деген көрегендік, не деген көссіз ерлік.
Бірақ мұның байыбына барған, бағалаған қарсы жақ болмады. Қайтадан шу ете қалды. Ағамыздың атына айтылмаған сөз, тағылмаған айып қалмады.
Меніңше, сол кезде айтылған қарсы жақтың айғақтарының ішінде нәр, сыртында сән жоқ. Сыңаржақ бос сөз. Көре алмайтындардың күңкілі. Өздерінің алдын орап кеткен соң күйінгендіктен шүйілгендері.
Мен мұны және ағамыздың айтқаны өте-мөте дұрыс екендігін қарапайым да түсінікті мысалдар арқылы қазір ақ дәлелдеп бере аламын.
Астананы соқтырған Елбасы ма. Елбасы. Оған ешкімнің дауы жоқ қой. Ендеше тыңдаңыз, біз жақта Тоқсанбайдың арығы деген арық бар. Шамасы екі жүз жыл бұрын қазылыпты. Жоңғар жойқынынан кейін ес жинап, етегін қымтаған ел ата жұртына қайта қоныстанғанда Тоқсанбай деген батыр бас болып қаздырып, тары ектірген екен. Қазір сол арық маңайында Тоқсанбайдың ұрпақтары тұрмайды да, бірақ арық әліге дейін солай аталады яғни қаздырған атамыздың есімі осы күні де ел есінде.
Ал сол, бас аяғы екі –үш ақ шақырым арығыңыз, мен Сізге айтайын, Астанада салынған үйлердің біреуінің, біреуіңіз не, біреуінің ішіндегі, ұлы сөзде ұяттық жоқ, әжетханасының жанында түкке тұрмайтын нәрсе.
Сөздің төркінін таныған шығарсыз.
Басқа бір мысал – Елорданың ертеңі туралы. Оңтүстіктегі қалалардың бірінде «Е-ов» деген азаматтың атында көше бар. Барып сол жердегі жергілікті тұрғындардан сұрап көріңіз, көбінің «Е-ов» кім болғандығынан мүлдем хабары жоқ. Дегенмен, бәрі дән риза.
Мен бірде әдейі соғып, сұрастырып көрдім. Сөйтсем ол кісі өткен ғасырдың сексенінші жылдары сол қаладағы құрылыс мекемесінде қарапайым ағаш ұстасы болған екен. Жатқан жері жәннатта болсын. Ешкімге зияны жоқ жақсы кісі еді дейді білетіндер.
Бірақ жақсы кісі еді деп әрбір ағаш ұстасына, тас қалаушыға, шопанға, падашыға, сатушыға, тағысын тағыларға көше атын бере беретін болсақ, елімізде көше жетпей, әр үйге дейін нөмір емес, ат қоюымызға тура келеді ғой, көше атын беру үшін ең болмаса кеңшар директоры немесе ұжымшар төрағасы, тіпті болмағанда шошқа фермасының меңгерушісі болу керек қой деген уәжіме жергілікті ақсақалдың бірі қатты тойтарыс берді. Біріншіден, «Е-ов» осы көшенің бойында сол сексенінші жылдары тұтынушылар одағының қоймасын салған бригаданың құрамында болыпты. Екіншіден ол сол соғылған қойманың жанында яки кейіннен өзінің атымен аталған көше бойында қу пәниден өткен екен – тентек суға жақындау адам, жалақы алған ыстық күн астында жатып қалса керек. Үшіншіден, әлгі кісінің ұлдары қазір сол қалада аттары әйгілі кәсіпкерлер көрінеді, әкелерінің атындағы көшені жөндетіп, күл-қоқысты тазартып тұрады екен. Анда санда мырзалық танытып, көше ақсақалдарына ұн, жастарға сыра, балаларғ балмұздақ деген сияқты сый-сияпат тарататын кездері де болатын көрінеді.
Бұған не дейсіздер? Мысалды не үшін келтіріп отырғандығымды байыптадыңыздар ма? Астананың, оның тұрғындарының болашағын, ертеңін ойлау қажет пе, қажет емес пе? Құдайға мың қайтара шүкір, Елбасымыз ұрпақсыз емес, қыздары бар, күйеу балалары бар (қалғаны да жетеді!), немерелері бар дегендей, күн көре алмай жерге қарап отырғаны жоқ, ертең аталарының атындағы қалаға көз қырын салмайды деп ойлайсыз ба?
Астананың атын өзгертуге осы дәлелдер жеткілікті шығар.
Дегенмен, менің қарсы қарсы жақпен келісетін бір мәселем бар. Ол мынау – нұрландыруда жүйе жоқ, жоспарсыз, жобасыз жүргізілуде, мемлекеттік көзқарас жетіспейді.

***
Негізі менің осы уақытқа дейін айтқаным – кіріспем ғана. Басты айтайын дегенім алда.
Ол мынау - неге біз осы нұрландыру бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылдамаймыз? Қабылданып жатыр ғой бағдарламалар жол-пол дей ме, ауыл- мауыл дей ме, жемқорлыққа қарсы күрес-мүрес дей ме, қазір олардың көптігі сондай, аттарынан шатасып қалатын болдық.
Ал бізге керегі бірінші кезекте – нұрландыру бойынша бағдарлама. Ал басқаларын соның ішіне бір-бір тармақ етіп қосып сиыстырып жіберсек, тақияларына тарлық етпейді. Кейбіріне бір сөйлем де жетеді.
Әрине мұндай маңызы зор бағдарлама дайындау және оны қабылдау оңай шаруа емес. Бұл үшін ғалымдардың, саясатшылардың, сараптамашылардың, зиялы қауым мен үкімет мүшелерінің басын қосып, келелі – келелі кеңестер өткізу керек, түбегейлі зерттеулер жүргізіп, жан-жақты ойластырған жөн.
Әйтсе де, ақыр мәселені көтерген мен болғандықтан (нұрландыру туралы емес, ол бойынша бағдарламаны айтамын), өзімнің нақты ұсыныстарымды ортаға салғанды жөн көріп отырмын. Әйтсе де бірден ескертейін, мен айтайын дегендерімнің бәрін өзім ойлап тапқан жоқпын, олар - әр кім, әр кім құлаққағыс етіп жүрген бастамалар, тек мен соларды шама-шарқымша жүйелеп назарларыңызға салмақпын. Тағы бір айта кететін жәйт – бағдарлама аясында, шындап қолға алсақ, қазір елімізде біршама шиеленісті сипат алып отырған мәселелерді (мемлекеттік тіл, ұлттық атау, т.т.) шешуге болады.
Сонымен, бағдарлама қандай болғаны абзал?
Бағдарлама еліміздің ішкі және сыртқы саясатын қамтып, қысқа және ұзақ мерзімдерге арналған тұғырнамалардан біріктірілуі, және оның жүзеге асырылу уақыты төртке кезеңге бөлінуі қажет.
Оның бірінші кезеңінің ең басында Астананың атын Нұрастана деп өзгерткен лазым. Бұл тілдік заңдылыққа дұрыс келеді. Төмендегі сөйлемді байыптап көріңіз: Қазақстанның астанасы – Астана. Қалай? Бұл сөйлемді тіпті орысшаға аудара алмайсыз: Столица Казахстана – Столица. Мағына қайда?
Қазақстанның астанасы – Нұрастана. Енді қалай? Орысшаға, немісшеге, ағылшыншаға, суахилиге, жапоншаға және кез келген тіліңізге ұялмай аудара бересіз.
Мен бұл жерде Елбасының Астанаға сіңірген ерен еңбегін әдейі айтпай отырмын. Өйткені, басқаларды қайталағым жоқ және жағымпаз атанғым келмейді.
Астанадан соң облыс орталықтарын нұрландыруды кешіктірмей бастаған жөн. Өйткені, әкімдерде де кеуде бар, олардың да қолпаштаушылары жетерлік. Алматыда развязка, Шымкентте жол салдырған, Қарағандыда қонақүй, Өскеменде көпір соқтырған көкіректері аяққаптай әкімдер, кім біледі, іске шындап кірісіп кетсе, ертең-ақ Сертараз, Берөскемен, Иманалматы деген қалаларда адасып жүрмейік. Көпке созуға болмайтыны да сондықтан.
Одан кейін асықпай басқа қала, ауылдарға ауыз салып, нұрландыра берерміз.
Бағдарламаның екінші кезеңі сыртқы саясатқа бағытталғаны абзал. Елбасының ұлылығын төрткүл дүние мойындады (Егемен Қазақстан, Казправда газеттерін оқыңыз) емес пе!? Дағдарыс алдында басқа шаруасы қалмағандай, қызбен шатасып қатынымен ажырасып жүрген франсузың, көкесінің көлеңкесі сияқты орысың, шала піскен күлшедей немістің бәйбішесі және басқа ел басқарып жүргендер біздікінің тобығынан келмей ме? Ендеше неге Қазақстанда Нұрастана, ал басқаларда Вашингтон болып қала беруі керек. Нұрпариж, Нұрмәскеу, Нұрмехико, Нұрсеул атанса бір жерлері кеміп қалмас.
Әрине, бұл жерде омырауға салып, өңмендеуге болмайды. Салиқалы саясат, астарлы емеурін, сұңғылалық пен табандылық қажет. Жеріміздің үсті мен астын ақтарып, алшаңдап басып, қалғанын алып кетіп жатқан шетелдіктер алмақтың да салмағы барын ойлансын. Саясаткерлері мен кәсіпкерлерін былай қойғанда тәспілеріне түкірігі шашырап жүрген діндарларына дейін келіп, жата-жастанып, жыл-жұмсағымызды жеп кетіп жүрген жоқ па? Ақтасын. Халқына ой, Үкіметіне базына қылсын. Астаналарын қимаса, штаттарын, провинцияларын, өлкелерін, облыстарын бәсіре етіп атасын.
Бағдарламаның үшінші кезеңін мен «тілдік» деп атар едім де, оның барысында лингвистикалық реформа жасауды ұсынар едім.
Қазір қазақ тілінің тағдары қыл үстінде тұрмағанмен, мәз емес екендігі баршамызға аян. Бұл туралы тіл, ұлт жанашырларының жанайқайын оқып та, естіп те жүрміз. Осы шиеленісті мәселені, мен жоғарыда құлаққағыс еткендей, бағдарлама аясында оп-оңай шешуге болады. Сенбейсіздер ме? Бекер-ақ.
Әрине, бұл - тілші ғалымдар, зиялылар және барша қауым болып ақылдасып, ойласып баратын қадам. Бірақ, қазақ тіліндегі әр бір сөзбен «нұр» сөзін біріктіріп, және оны заңдастырып көрейікші. Қандай нәтиже шығар екен.
Қазақ тілінің соры, оның мемлекеттік тіл дәрежесіне шын мәнінде көтеріле алмауында. Өйткені, осы мемлекетті ерттеп мініп, басқарып отырғандардың өзі оны менсінбейді. Басқасын былай қойғанда, шетелден келген үлкен қонақтар осылардың көңілін табайық деп қазақша сөйлесе, оған орысша жауап беріп қана қоймай, кәдімгідей бұртиып өкпелейтіндер бар. Ал үкімет мүшелері өздері оңаша қалғандағы жағдайды айтып жатудың өзі артық. Тек орысша. Сұрақ та, жауап та, баянат та, баяндама да орысша. Іс қағазы да, іс емес тұс қағазы да орысша. Сылтау – «кәзәкшә билмаймин».
Ал енді, тап ертең қазақтың әр сөзіне «нұрды» біріктіріп, оны бекіттіріп, заңдастырайық, бүрсікүні не болатынын көресіздер. Жаңағы «кәзәкшә билмайминдер» қазақша сайрағанда, ауымыз ашылып, жағымыз қарысып қалмаса маған келіңіздер. Өйткені, тілді менсінбеу бір басқа, «НҰРДЫ» менсінбеу бір басқа.
Үкімет қазақша сөйлесе, одан төменгілерін айтудың өзі артық, тек төкпелетіп өлеңдетіп, қара сөзбен сөйлей алмай қор болмаса деңіздер.
Бұл - бұрын ешкімнің ойына келмеген тың идея емес пе?
Ағынан жарылайын, ойыма алғаш келген кезде мен қатты қуандым. Шынында да керемет идея емес пе?! Бірақ, байыптай келе, бұл өте күрделі, жеңілтікпен қарауға болмайтын мәселе екендігіне көзім жетті.
Идея жақсы. Бірақ, ол өте терең және жан-жақты зерделеуді қажет етеді. Менің өзім бірқатар олқы жақтарын анықтадым. Сіздерге түсінікті болу үшін басынан бастайын. Алғашында, мен барлық қазақ сөзіне «нұрды» біріктірсе болды деп ойлаған едім. Кейін байқасам, біраз бажайлайтын тұстары бар боп шықты. Біріншіден, мені дал қылған нәрсе - «нұрды» басқа сөзбен біріктіргенде алдынан қосқан дұрыс па, артынан қосқан дұрыс па деген сауал болды. Мәселен, «Елнұр» жөн бе, «Нұрел» жөн бе немесе «Нұржас» дұрыс па «Жаснұр» деген абзал ма. Әрине, ойға бірден келетіні - «Нұрел» деген жөн. Бірақ, былай істегеніміз демократтардың қарсылығын тудыруы әбден мүмкін. Тырнақ астынан кір іздейтіндіктен, олар - «ел» неге «нұрдың» артында тұруы керек, «нұрдың» өзі осы «елдің» перзенті емес пе, онсыз да ол «отанның» алдына түсіп үлгірді – деп атой салары анық. Меніңше, бұл жерде, артық кетсем үлкен кісі кешірсін, олардың ығына жығыла салған дұрыс. Бірақ басқа сөздерге келгенде ешқандай жалтақтық танытуға болмайды. Мүлдем болмайды. «Нұр» басқа барлық сөздердің алдында тұруы керек.
Бір мысал – «Мен ертесімен тұрып, аудан орталығындағы базарға бұқа сатуға бардым». Осы сөйлемді жаңаша құрастырып көрсек «Нұрмен нұрертесімен нұртұрып, нұраудан нұрорталығындағы нұрбазарға нұрбұқа нұрсатуға нұрбардым» болып шығады. Осы сөйлемді жан-жақты зерделеп көрелік. Байқайсыз ба? «Нұрмендегі» мен есімдігі мағынасы шайқалып, көмектес септігінің жалғауы сияқты сияқты болып қалды.
Басқа сөздерді қалай зерттегенімді, олардың қандай кілтипандары бар болып шыққанын тәмпіштемей – ақ қояйын. Оны өздеріңіз байыптап көрерсіздер, қысқасы мен ойлай-ойлай келе «нұр» сөзін деген тек зат есімдердің яғни «кім», «не» деген сұрақтарға жауап беретін сөздерге қосқан жөн деп шештім.
Сонда жаңағы сөйлем «Мен ертесімен тұрып, нұраудан нұрорталығындағы нұрбазарға нұрбұқа сатуға бардым» болып шығады. Епке келген сияқты болды. Бірақ, «нұрбұқаның» аздап дөрекілеу естілетініне келісесіздер ме? Ал енді, бұқа деген айналайын, қазақта одан өткен не бір оғаш сөздер бар емес пе? «Ұры», «аяр», «жезөкше», «пара» дегендерді қоя тұрып, «нұржалқау» десек қалай масқара боламыз.
Сондықтан, келесі кезекте «нұрды» тек жағымды сөздерге қосу дұрыс болады деген шешімге келдім.
Ал олардың тізімін тіл мамандары анықтай жатар, ал мен бағдарламаның соңғы кезеңіне көшейін.
Соңғы кездері бізді қазақпыз ба, қазақстандықпыз ба деген сауал жиі мазалап жүр. Мемлекет болған соң, бір ұлт болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған дұрыс-ақ. Бірақ, қазақ ұлты деп аталайық десек, басқалар бұлқан-талқан болып, қазақстандық ұлт аталайық десек, өзіміздің қаракөздер өкпелеп, дағдарған түріміз бар.
Бұл мәселенің бір және бірегей шешімі – Қазақстанды Нұрелі деп өзгертіп, ұлтымызды нұр ұлты деп атаған жөн. Сонда басқа да тыныш, біз де аманбыз. Тұтас халықтарға есімдерін беріп кеткен Өзбек, Ноғай хандардан Елбасымызды кемшін көретін адам болса, алға шықсын.
Нұрелінің нұр ұлтының мүддесі үшін жан пида. Міне, мемлекетімізде тұрып жатқан азаматтардың бәрін бір кісідей біріктірер идея осы.
***
Мен бұл жерде нұрландыру бағдарламасының жалпы нобайын ұсыныс ретінде ғана айтып отырмын. Оны тағы да қайталап айтайын, зиялылар, ғалымдар мен шенеуніктер ғана емес, жалпы жұрт болып ақылдасып, зерттеп, зерделеп, ойластырып болған соң, референдум арқылы қабылдау қажет. Бірақ, оның басты - басты ұстанымдары өзгертусіз қалатынына мен сенімдімін.
Іске сәт, ағайындар!
Құрметпен

Нұрдархан Нұрахмет

Гус
10-04-09 15:28
Коптеген фирмалар аќшаларын кїзетке аударып бўрынєы кїзетшілерді ќысќартып ана фирмаєа 10 есе артыќ аќша аударып бґлісуде Ќазаќ теміржол Ќазаќтелеком Мемілекеттік мекемелер барлыєы
Жулдыз
pushkinski-8282@yandex.ru
05-03-09 10:25
ИСЛАМ ДІНІНІҢ 73 ТҮРІ БАР ДЕП ЕСТІДІМ. Сол рас па?
gyfd,jhf,jhfg
altun_96
10-12-08 18:02
мен Алаш туралы шығарма керек

Арай,
www.AraiA.A@mail.ru
01-09-08 15:33
Құрметті достар! маған сіздердің көмектеріңіз керегіп-ақ тұр.Мен ауылдан арман қуып Алматыға журн-ка мамандығына түсемін деп келгенмін, өмірдің арнасымен басқа мамандықтың жетегінен ұстап кете бардым.Ол - кітапханатану мамандығы еді,таңдау себебім шамалы болса да,өз мамандығыма жақындау деп ойлағанмын. Бірақ кәзір адасқан аққу күйін кешіп жүргендеймін. Кайтіп журналистикаға ауысуға болады,немесе шығармашылық пен айналысатын ұйымдар бар ма
Жандос Демесін Көпболұлы
ereken@mail.ru
21-08-08 12:17
Қаратау мен Алатау немесе Алматыға кеткен қызға.
Келіп отыр бұл сырымды ақтарғым,
Ақтармасам жарылуға шақ қалдым.
Қара таудың қара тасын қидың да,
Арман қуып Алатауға аттандың.

Қаратау тұр аясында дүрбімнің,
Бір кез оның алыстығын жыр қылдым.
Қаратаудың маған жақын екенін,
Алатауға сен кеткенде бір білдім.

Құшағында бара жатсың арманның,
Көздеріңнен қимастықты аңғардым.
Кете бардың тілек тілеп артыңда,
Қаратаумен қолым бұлғап мен қалдым.

Жабырқадым жалғыздықтан мезі боп,
Жаным менің келсең екен тезірек.
Мені сүйген бір жүрек бар жаһанда,
Сен оралшы, сол жүректің өзі боп.
Демесін Жандос.

Мақсат
zhas -alah@ok.kz
24-06-08 15:46
Қазақтың футболдан ұлттық құрамасын өзбектер менсінбей жатқан көрінеді,ал біздің құраманы қашан Гус Хиддинк сияқты білікті бапкер жаттықтырады екен.Арно Пайперс секілді қазақ футболына жаны ашымайтын және кімнің ақшасы бар соны ғана ойнататын біліксіз бапкердің отставкаға кетуі тиіс.Менің редакциядан өтініп сұрарым осы білімсіз бапкерсымақ туралы және қазақ елінің ұлттық құрамасы туралы келесі санда кеңінен қамтып жазсаңыздар екен.
Бір топ ұстаздар
Меркіден
27-05-08 15:10
Финанс министрі Жамишев Б.
Ғылым-білім министрі Жансейіт Түймебавқа.
«Жас алаш »газетінің редакторы
Рысбек Сәрсенбайға.

Біз, Меркі ауданы бір топ мұғалімдері шағым айтатын жер таппадық.
Содан Сіздерге жазып көрейік. Себебі біздің бар жағдайымыз Сіздерге келіп тіреліп тұр.
Сіздерге берілер сұрақтар:
1. Мектептің ремонтына қаражат бөліне ме?/ Неге мұғалімдер өз ақшаларына кабинеттерін ақтау, сырлау үші үшін өз айлығын жұмсайды ?
2.Мектеп тазалығы үшін еден жуғыш яғни техничкаларға қаншалықты қаражат бөлінеді.?/ Кабинет еденін оқушылар жууда .Сондықтан да оқушылар арасында түрлі аурулардың көбеюі.
3.Астанадан, Облыстан келетін тексерушілердің жол сапарлары үшін қаражат бөліне ме?
Егер бөлінсе неге біз олардың жатын орнына , тамағына . түскен саунасына ақша жинаймыз.
4. ҰБТ – ға бөлінген қаржыларыңыз оқу мекемелеріне жеріне жете ме?
Биылғы ҰБТ ға бөлінген ақшалырыңыз жетпесе керек. Біз мұғалімдер бұғанда ақша жинап мектеп директорларына бердік, Олар аудандық оқу бөліміне т.с.с кете береді.
Әсіресе оқу бөлімі тарапынан тексеру жібермей-ақ қойсаңыз болар еді.
Олар келгенмен мектепке жетпейді , алар ақшаларын алып кері кетеді.
Мұғалімдерді тұралатып бітіретін болды.
Осы жазған хатымыздың өзі пәле болып жабысуы мүмкін. Тексеру жіберсеңіз
Оқу бөлім меңгерушісі бізден ақша жинап кері қайтарып жібереді.Келетіндер де жемқорлыққа үйренген. Сондықтан осы хатқа тек жауап беріп қана шектелулеріңізді сұраймыз. Нақты берілген газет бетіндегі жариялылыққа еш тексеру жетпейді, әрі пайдасы да көп. Мектеп директорына да , оқу бөліміндегі жемқорларға да үлкен сабақ боларына сеніммен бір топ мұғалімдер.

Міне осы сұрақтарға жауап берсеңіздер екен.


Жұматай . Қ
Меркілік
23-05-08 23:09
Бәріне кінәлі - өзіміз,
яғни мұғалімдер.

Өте жақсы тақырып. Бұл тақырып туралы айтқанда немесе жазғанда көз жасың көл болатын, ертеңге деген сенімнен айыратын, жүрегің қақ айрылатын үлкен де ауқымды тақырып. « Нұр Отанға –Ұры Отанға» мүше болып, сайлауда қол жинаған ұстаздарға құдайдың да көпшіліктің тиген қарғысы деп білемін.
Мұғалім бүгінгі қоғамдағы мүддесі қорғалмаған - ең сорлы халық.
Оның соры қайнағандығы соншалық «мұрнын тескен өгізше » қайда тартса
сонда жүре беретін хайуанға айналғанында. Бүгінгі « Нұр Отан» аты бар да заты жоқ ұраншыл да даңғаза , әпербақан партияға айналып отырғаны жалпыға мәлім. Осы «Нұр Отан» партиясына мүше болып мектеп директорларының, аудандық оқу бөлімі қызметкерлері жемқорлығын жариялай алмай жүрген өзімізге обал жоқ.
Алтынбек Сәрсенбаевтың:- Қазіргі билік жүйесі шіріп бітті.Сол шіріген билік жастардың түбіне жете ме деп қорқамын- деген сөзінен халық үшін
бар өмірін сарп еткен ардақты ұлдың тұлғасын да сөзін де әр қазақ жүрегінде сақтауы керек. Бұл біздерді келешекке үндейтін, кәзіргі билікпен ымыраға келмеуге үндейтін ұран сөз. Әні жоқ Гимн.
Әріптесіміздің жазып отырғаны орынды- әрі шындық. Бұл шындықтың артында талай адамның көз жасы жатыр.
Оқу бөлімі мен мектептердегі етек алған жемқорлықтың түрлері көп.
Олар атап айтқанда мыналар:
1.Мұғалімдік қызметке пара арқылы біліксіз де білімсіз сырттай оқыған
кездейсоқ адамдарды қабылдаулары.
2.Мұғалімдер санатының сатылуы, мұғалімдердің үлес сағаты ның сатылуы.
3.Мектепке тексеру келіп директор , оқу -тәрбие жұмысының меңгерушісі
мен директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарының жұмысынан кемшілік шығып айыппұл төлейтіндей болса , мұғалімдерден ақша жинау әдетке айналғандығы.
4.Облыстық оқу бөлімінен тексеру келетін болса оларды келтірмеу мақсатында дереу ақша жинап аудандық оқу бөліміне апарып беру дәстүрге айналған.
5.Аудандық қаржы бақылау бөлімдері де өтірік тексерген болып мектептегі жемқорлықты , кемшілікті еш көрсетпейді .Бұл жерде де директорлар мұғалімдер жалақысы арқылы жасаған қылмыстарын жасыру мақсатында мұғалімдер қалтасына түседі.Мұғалімнің ай сайынғы директорларға беретін шығыны 2000 теңге көлемінде.
6.Қазандығы бар мектептердің барлығында да берілген көмір көлемі жетіспейді.Сондықтан да қыста мектептер суық.Оқушылар да мұғалімдер де тон киіп жүргені.
7. Сан.эпид. станцияның да тексеріп кемшілік тауып жатқаны да шамалы. Биыл мектептерде сары ауру белес алды. Неге деген сұрақ туады.
Сыныптарды, кабинеттерді оқушылар жуады. Мектептің әрбір кв. метріне есептеп еден жуғыш (техничка) штаты беріледі. Ол қаражат қайда жұмсалып жатыр тексеріп жатқан адам жоқ. Мұғалімдерді директор бір сорса, күнделікті нарықтың өсуі де діңкелетіп естен тандырып барады.
8. Аудандық, Облыстық олимпиадада орын алу үшін де пара керек.
Әр орынның тиеселі нарқы бар.
9.Оқу жылы аяқталды .Бюджеттен мектептің жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінеді. Ол қайда кетіп жатыр?. Мектептің барлық кабинеттерін мұғалімдер өз қаражатына жөндеуден өткізеді, әктейді , сырлайды.
Бұл біздің Меркі мектептерінде болып жатқан көрініс. Мектеп директорлары 100 пайыз жемқорлар. Бір орнында 25-30 жыл директор болып еш жұмыссыз қалғып отырған директорлар мен Зейнетке шығып алып директорлықты қимай жүрген директорлар туралы бітпейтін жырымыз тағы бар.
Олардың орнына неге жас білікті директорларды қоймайды?
Себебі түсінікті . Оларда бере салатын 3000-5000 доллар жоқ. Ал бұрынғы істеп жүрген директор зейнетақы да айлықты да алады. Жинаған қорынын аудан әкіміне бере салады. «Жындыға сот жоқ» демекші Меркіде шешуін табар заң жоқ. Меркіде « қатын зорласаң »білім басқармасына бастық боласың «Пара алу арқылы адам өлтірсең» ұзағынан әкім боласың деген қанатты сөз қалыптасқан.
10. Үлкен ұятсыздық көрінісі жақында БҰТ кезінде болады. Сенбесеңіздер келіп көріңіздер. Шпаргалка тасып жүрген мұғалімдер мен директорларды көресіздер. Мұғалімдер шпаргалка тасығаны үшін оқушылардан ақша да талап еткенін де тамашалайсыздар. Ұясыз телефон арқылы шәкірттеріне көмек беріп жатқан мұғалімдерді көресіздер.
Міне осыдан барып біз балаларымыздан қандай келешек күтеміз...

Алтекеңнің сөзінің өлмейтіндігінің айқын көрінісі осы емес пе?
Әріптестер, сіздер не дейсіздер.?

Жұматай Қ.


Шаншаров Марат
sahi_aulet@mail.ru
19-05-08 10:21
Құрметті редакция!

Сіздердің редакцияда жұмыс жасайтын аяулы аруларды осыдан біраз жыл бұрын өздеріңіз бас болып көтерген «Баян-сұлу» күнімен құттықтаймын. Кезінде сіздердің бастамаңызды ары қарай жалғап «Хабар» телеарнасы 15-сәуірді, одан кейін 21-наурыз күнін ғашықтар күні деп, қанша газет, телевидение арқылы халық арасында қанша насихатталса да олар өз қолдауын таппады. Мен кейде ойлаймын, біздің орыс тілді қазақтарымыз қазақша бағдарламаны көрмейді, газет- журнал оқымайды, жастарымыздың көпшілігінде солай. Ал енді «Әулие Валентина» күнін тойлауға келгенде алдына жан салмайды, ол оның олай болатын себебі, оларда жарнама күшті.Алдын-ала 1-2 ай бұрын,телевизорды ашсаңда, газетті ашсаңда жазатындары сол. Сол күннің қарсанында көптеген фирмалар, әуе агентікттері осы күннің құрметіне деп жеңілдіктер (скидка) қарастырып жатады. Енді біздерде барлық өзіңіз сияқты қазақ десе ішкен асын жерге қоятын патриот басылымдар мен телеарналар ортақ бір күнді белгілеп, соны халық арасында насихаттау жолдарын іздесе. Үлкен – үлкен фирмаларға жолығып, өздерімізден шыққан үлкен бизнесмендермен келісіп, сондай жарнамаларды бізде де ұйымдастырса болмас па екен ? «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіліп жүрген «Аламан айтыс» сияқты сол күнге арнап бір бағдарлама ойлап тапсаң, соны жыл бойына көрсетіп, халыққа ерте бастап сіңіре берсек, мүмкін сонда сол күнді халық қабылдап қалар.
Сіздердің қандайда болса бастамаларыңды қолдауға дайынбыз,және сіздеоге шығармашылық табыстар тілеймін.

Кайрат Шайхиев
Жас журналист
10-05-08 16:09
Жас алаш газетін апта сайын асыға кутетінімізді айта кетейін. Айта кеткім келгені Петропавл Университетінің ректорын әліде маскара кылу керек еді. (Орыс тілінде сіздерге хат жазған)
Оның айтқысы келгені не сонда? Студенттер мен оқытушылардың пікіріне қосылмаймын дегені ме? Қазақ тілін сыйламайтын болғаны ма? Әлде өзінің университетінің атынан кір келтірді деп отыр ма? Біздің Таразда студенттері Петропавлдың студенттерін қолдап отырмыз дегіміз келеді. Ал, ондай жеке басының қамы мен универдің атын қорғағысы келген ректордың жазып отырғанына арлансын. Студенттерге әлімжеттік көрсеткіп жатырған ректорды орнынан алып тастаса екен.
Эльмира
passat_91_71@mail.ru
05-05-08 07:39
Неге Жас Алаш газеті ашылмайды.Біз қанша кірсекте ашылмады,әлде істемейді ме.
Ќыр баласы
SADIR31@mail.ru
30-04-08 17:35
Жас Алаш газетініѕ сайты неге ашылмайды. Не болып ќалды. Јлде сайтќа жоєарыдаєылар бірдеѕе жасап ќойды ма? Поискмен іздесем ќайдаєы жоќ бір сайт шыєа береді. Не істеймін.
Айман
aiman_aesa@mail.ru.
23-03-08 19:20
Өмір туралы өлең жолдары болса жазуларыңызды өтінемін
Гүльжан
www.bola.ok.kz
26-01-08 07:53
Қазақ сайттарына жарнама жетіспейтін сияқты. Шамаларыңыз келсе қазақша сайттар тізімін жарияласаңыздар.
Гүльжан
www.bola.ok.kz
23-01-08 11:04
сәлеметсіздер ме, маған тәрбие туралы шыққан мақалалар керек еді.
Соны қандай сайттан табуға болатынын айтыңыздаршы.
Ер-КЕНЖЕ
erbol_kazakh@ok.kz
17-03-07 23:29
"Азия timez ЌАЗАЌСТАН" газетініѕ эл. поштасы:
azia_times@ok.kz
asiatimez1@rambler.ru
Жанылсын.К.С.
janulsun_ks@mail.ru
20-02-07 12:56
Салем Жас Алаш газеті!Мен сіздердін тұрақты оқырман студенттеріңнін бірімін.Өзімнің досымның жыр туындыларын "студент"қосымша бетіне жариялагым келеді.Міндетті түрде жауабын күтетін боламын.Журналистика-3курс студенті,Атыраудан.
Гульнара
atyrauvodhoz@mail.ru
11-07-06 12:44
махабат
Окырман
25-03-06 08:34
Shery
11-03-06 08:02
Массаған - www.massagan.com , Айқын - Aikyn.kz
Райханов
tursen888@163.com
07-03-06 18:24
Рахмет!! Егер жаряланып жатса міндетті тұрде өзіңізге құлаққағыс етемін.
Бұдан сең да пікір алмастырып, хат алысып тұраиық.Танысқаныма қуаныштымын!
Маржан
semeiertis@mail.ru
06-03-06 14:46
Мен Семей ќаласында шыѓатын Ертіс µњірі газетініњ тілшісімін. Біздіњ электронды поштамыз semeiertis@mail.ru немесе zamanbekelmira@mail.ru
Руслан
қазақ жігіті
06-03-06 13:27
Мақалаңды қай газетке жазғаныңды айта кетерсің, алып оқиық...
Райханов
tursen888@163.com
05-03-06 06:35
Руслан мірзаға
Сізге мың да бір алғыс,Алла жар болсын!
Руслан
Сәлем
03-03-06 14:44
Жас Алаш газеті
http://www.zhasalash.kz
zhasalash@mail.ru
zhasalash@nm.ru
zhas_alash@nursat.kz

Дала мен Кала
www.dmk.kz
Қалғанын артынан жазармын


Айтпақшы, Ruslan_86@bk.ru дейтін мейл бар )))



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов