Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Қазақай


Авторы Xабарлама
Тлеуберген
kuntleu1@mail.ru
09-10-10 21:33
Аузы толған иман, қойны толған құран Қазақайым бар.

(Алыбайұлы Сары Шоңай)

Бастапқы есімі Қази Ахай ахун, кейін ел аузында Қазақай болып қалған ғұлама бабамыз Астраханға 150 ш. жердегі Қыздар (Кизляр) қаласында 1711 жылдар шамасында дүниеге келген. Араб елдерінде 18 жыл оқыған, Шалқар жерінде, Ақтөбе өңірінде ең алғашқы мұсылман мектебін ашқан. 1773-1775 жылғы жаз айларының бірінде Қарақалпақ елінің Қоңырат қаласына Шалқардың оңтүстік аймағына келген Сары Шоңай, Сегізбай, Есімбай бастаған бір топ ақсақалдарға кезігеді. Қонақтың ислам дінін насихаттауға келген, тегін адам еместігін байқаған ақсақалдар оны елге шақырады.Кейін дүйім елдің дарасы саналған Қазақай шын мәнінде кім, оның арғы аталары туралы не дерек бар? Мұны тәптіштеу үшін кестеге назар аударалық.
Бабаның шығу тегі Жеті Кәміл Пір ата, одан Ықылас ата, одан Сұлтан баба, одан Бабағұмыр, одан Баба Түкті Шашты Әзиз, одан Мәулімнияз, одан Едіге, одан Нұрадин, одан Аббас, одан Ғаббас, одан Шәдіре, одан Мұса, одан Орақ Мамай, одан Қарасай Қази, одан Тобылқожа, одан Қойқожа, одан Тойқожа, одан Асаншағыр, одан Байсақал, одан Сырдәулетәжі, одан Әліәжі, одан Қазақай.
Бабаға ғұмырында тірек, иманына қуат болған, қиналғанда қарынан демеген қасиетті бабаларының әруағы болса керек. Солардың бірі де бірегейі дүйім қазақ баласына аты таныс, қасиетті Баба Түкті Шашты Әзіз. Ол туралы ел аузында мынадай аңыз бар.
Бұрынғы өткен заманда Баба Түкті Шашты Әзіз деген керемет абыз, көріпкел әулие адам болады. Жасы ұлғайып, қартайған шағына дейін бала болмайды. Балалы болуды армандап, құдайдан перзент тілеп жүргенде түс көреді. Түсінде «құбыла жаққа жүре бер» деген әуез естіледі. Шашты Әзіз жүріп кетеді. Жолшыбай бір бұлақ кездесіп, соның басында тынығып жатқанда, сол бұлаққа аққу кейпіне түскен перінің үш қызы келіп суға түседі. Шашты Әзіз барып, олардың киімдерін жинап алады. Үш қыз жалынып сұрайды. Әулие бермейді. Ақыр соңында: «Таңдаған біреуімізді алып, қалған екеумізді босат», - дейді. Шашты Әзіз үшеуінің кішісі Кенжекей сұлуды алып, қалғандарын қоя береді.
Сонымен перінің қызымен ерлі – зайыпты болып өмір кешіп жүрген әулиеге қыздың тиерде айтқан шарты бар еді. Ол шарты басыма, аяғыма, өкпе тұсыма қарама деген. Көпке дейін бұл шартқа шыдап жүрсе де бір күні әлгі айтқан жерлеріне қарап қойып,, өзге адамзаттан бұл қыздың бітімі бөлек екенін көреді. Шашты Әзіз шартын бұзған соң қыз оны тастап ұшып кетеді.
«Ішімде балаң бар: тоғыз жолдың торабынан тауып ал» дейді кетерінде. Әулие іздеп жүріп, баланы тауып алады. Сол бала Едігенің әкесі Мәулімнияз болатын. Шежіреден Едіге батыр Қазақай ахунның 16 – шы атасы екендігін көреміз.

Даналық пен даралықты ата қанымен бойына дарытқан Қазақай баба туралы өзге елдер тарихнамаларында да сақталған. Араб еліне, татар еліне танымал татар ұлтының дін танушы-философ ғалымы 1818-1889 жылдары өмір сүрген Ш.Марджанидің “Мустафад әл-акбар” шығармасында Дағыстанда татар имамдарының оқытылуы не татар еліне келіп, медресе ашып, татар, башқұрт халықтарының мұсылмандық дінін сақтаған, ақыры Екатерина II-патша заманында 1788 жылы «Оренбургское Могометанское Духовное Собрание»-бүкіл Ресей және Сібір мұсылмандары қарайтын орталық ашып, мұсылмандықты мойындатқан дағыстандық ғалымдар туралы мәліметтер көп келтіріледі.
Мәселен, осы кітапта Мухаммад бин Гали ад – Дагестани молда туралы айтылады. «Жалпыға молда қазы Ака ахун деген атпен белгілі болған. Ол Орынборға жақын мекенде дүние салған. Дағыстанда қазы шенін иеленген. Татарлар оны Қазы ака деген атауды бұрмалап, Қазақай ахун деп атаған»,- деп дерек келтірген Валиулла хазрат Якупов, Татарстан Республикасы муфтиінің бірінші орынбасары, Мұсылмандық «Иман» мәдениет Орталығының төрағасы, өзі аударған, «Иман» баспасынан 2009 жылы екі мың данамен шығарылған Дағыстандық дінтанушы ғалым Саид афанди Чиркавидің «Қасиетті білімнің қазынасы» атты кітабыңың соңғы сөзінде.
Филология ғылымдарының кандидаты Серік Бермағамбетов “Шалқар” газетінің 1996 жылғы 16 қазандағы жарияланған мақаласында Башқұртстан Республикасының ғылыми мұрағатында сақталған башқұрт ғалымы, “ Шора ” журналының редакторы Ризаддин Факрединнің (1858-1936) “Асар ” қолжазбасынан (1906 ж.) дерек береді (№7 қор, №1 іс, № 19 тіркеу). Қазақай ахунның Дағыстанда ұлық ғалым болып, қазылық қызмет істегенін, . Е. Пугачев көтерілісі кезінде Қазақстанға қоныс аударғанын, Қазақстанда 1796 жылы опат болғанын баяндайды.
Сонымен қатар жоғарыда айтылғандай, Ш.Марджанидің “ Мустафад әл-әкбар” еңбегінде Қазақай бабаның татар-башқұрт жеріндегі шәкірттері туралы айтылады.
Габдрахман бин Мухаммадшариф аль – Каргали (1743-1826), Нигматулла ат – Тавдыхи, Мухамметжан бин аль – Хусейн (1756-1824) Мұнда аты аталған Мухамметжан бин аль – Хусейн Ресей императоры Екатерина II-нің пәрменімен 1788 жылы Уфаның алғашқы муфтиі болып тағайындалған екен. Осы кісі Ішкі Ресей мен Сібірдің барлық мұсылмандарын біріктіретін орталық – (ОМДС-Оренбургское Могометанское Духовное Собрание) - Орынбор Мұсылмандар Діни Жиналысының 1788-1824 жылдары муфтиі болған, қазақ ханы Жәнгірдің құдасы және Екатерина II патшаның жарлығымен Кіші жүздің Хан кеңесінің мүшесі, іс жүзінде басқарушысы болған.
Ал екінші шәкірті Габдуррахман бин Мухаммадшариф аль-Кирмани өзі оқыған Қарғалы оқу орнында мударрис болып қалып, өзі да шәкірт тәрбиелеп, оның шәкірті Габдессалям Габдрахимов (1765-1845) М.Хусейннен кейін 1824-1840 жылдар аралығында ОМДС-тің екінші муфтиі болған.

Қарғалы қаласында (алғашқы атауы-Сеитов посад) бірінші мешіт 1749 жылы салынғанын және бірінші медресенің мешітте ашылғанын,
Габдрахман бин Шараф аль – Каргалидің (1743-1826), Мухамметжан бин аль – Хусейннің (1756-1824) туған жылдарын ескерсек, Қазақайдың өзі бастап ашып, дамытып, тарихта аттары қалған шәкірттер тәрбиелеген Татар еліндегі Қарғалы жерінен кетуіне бірнеше себептер болған, соның бірі жоғарыда айтылған 1773-1775 жылдары орын алған Е.Пугачев көтерілісі болса, екіншісі сол жылдары болған Россия мен Түріктер арасындағы соғыс, және де ноғайлар түрік жағында орыстарға қарсы соғысқан еді. 1774ж. 10 июльде Түрік пен Ресей арасында Кючук-Кайнарджы бейбітшілік келісімі жасалды, онда кіші Ноғай Ордасы Ресейдің қарамағында қалды. Бірақ бейбітшілік келісімін еш жағы да орындаған жоқ.
Түріктер ноғайларды орысқа қарсы соғысқа итермелесе, орыстар Ноғай Ордасының елге белгілі беделді адамдарына қысым жасап, ақыр аяғында Екатерина II патша 1783 жылдың 8 сәуірінде Ноғай Ордасы мемлекеттігін жою туралы үкім шығарды.

Бабаның қазақ зиялыларымен кездесуі осыдан кейін орын алса керек. Қазақай молданың тегін еместігін Сары Шоңай би келесі оқиғадан байқаған. Көршілес Қарақалпақ елінің Қоңырат қаласына келген Шалқардың оңтүстістігін мекендейтін елдің Сары Шоңай, Сегізбай, Есімбай бастаған бір топ ақсақалдары ғажайып бір оқиғаның куәсі болды. Іңір қараңғылығында тысқа шыққан әлгі ақсақалдылардың бірі анадай жердегі киіз үйдің шаңырағынан аспанға тіп – тік шаншылып жатқан отты көрді. Құдайға сыйынып,кәлима қайтаруды білмейтін әлгі ақсақал бұл құбылысты жақыннан байқап көргісі келеді. Ол жақындаған сайын от та жіңішкеріп, биіктей түседі. Ол түк түсінбей кері қайтады. Ертеңіне сол ауылдың адамдарынан сұрастыра келе үйде Қазақай деген ғұламаның бар екенін біледі. Сары Шоңай би Қазақайдың оқымысты, ғалым адам екенін байқап, өз елінде қалуын өтінеді. Елінің діни сауатсыздығын айтып, діни мектеп ашып, балаларды оқытып, көзімізді ашыңыз деп өтінеді. Қалған жағы барлық жағдайын жасауға уәде етеді.
Қазақай ахун Сары Шоңай биге үш шарт қоятынын; егер олар орындалатын болса, қалатындығын айтқан:
1. Екі балам бар-үлкені Мұхамбетжан (Қазы), екіншісі Ахметжан (Ахмет). Осы екеуіне қалың малсыз қыздарыңызды берсеңіз. Екі қызым бар (Ұркия, Зейнеп). Осы қыздарымды қалың малсыз, қадесіз ұзатуға. Себебі, менде кітаптан басқа еш нәрсе жоқ,-дейді.
2. Егерде ұрыс-керіс болып, кісі өлімі болса, құн төлемеуге, төлеген жағдайда Қабақ-Тілеу бөліп төлеуге.
3. Орталарыңнан мешіт салдырып, жер берсеңіздер.
Бұл шартқа Сары Шоңай би көнеді. Қазақай келгенше Кіші жүз рулары өз марқұмдарын жаназасыз, амал – шартсыз жерлеуді әдетке айналдырса керек. Исламның жіті заңдылығын білген Қазақай баба, міне, осы олқылықтардың түгел орнын толтыруға тырысып бақты. Елге келе Есімбай деген кісінің көмегімен мектеп салдырып, 40 рудан 40 шәкірт жинап алады.
Қази ахун сол кездегі мұсылмандық мектептердің бұқаралық үлгісімен өзі ашқан оқу орнында балалардың 5 жыл оқитындығын, оқу негізінен қара күзден мамыр айларының аралығында өтетіндігін оған алты қанатты 5 киіз үй, әр шәкіртке 4 жылқы, 1 інген, 5 саулық, киім – кешегімен, мектепке бір аспазшы, бір шаруашыл адаммен қамтамасыз ету туралы ру басыларымен келісімге келіпті. Алғашқы жылы жиналған 40 шәкірт Жақайым, Жанғылыш, Тама, Табын, Төртқара, Тілеу, Қабақ руларынан болса керек. . Халық жадында қалғандары:
1. Тілеудің Дәулейі-Бекбауыл баласы Қаражігіт (Алшын Қаражігіт би);
2. Өмір-Қарағұл батырдың әкесі –Қонақбай молда;
3. Өмір-Молда Қораз молда;
4. Наурызбай-Өтеген молда;
5. Қалыбектің Сегізбайы-Нұрымбет молда;
6. Алыбай руынан-Жанай, Жанбай, Отаралы, Қасым, Оңай т.б. және өзінің екі қызы: Ұрқия мен Зейнеп.
Бес жылда оқу бітіріп шыққан шәкірттер өздері де әр жерден мектеп салдырып бала оқытады.
Шартқа сәйкес Қазақай үлкен баласы Мұхаметжанға Сары Шоңай бидің қызы Бопайды қалың малсыз береді, және де кіші баласы Ахметке құдасы: Байұлы, Байбақты қазақ даласына беделді, атақты Сырым би Датұлының Сырға деген қызын қалың малсыз алып береді.

Қаражігіт 40 шәкрттің ең үздігі болған.
Қазақай:
-Қаражігіт дегенше дана жігіт десейші,
Дана жігіт дегенше дара жігіт десейші,- деген екен
Қаражігіт ұстазының кеңесімен Қазан медресесін бітіріп, Қазақайдың қызы Зейнепке үйленеді. Зейнептің жасауы бір түйе кітап болыпты. Сонан кейінгі уақыттарда Хорезм, Хиуа, Самарқан жағында оқып, мешіт ұстап, бала оқытып, Кіші жүздің хан кеңесінің мүшесі болып, ел билігіне араласады.
Екінші қызы Ұрқияны Қалыбек- Сегізбай өзінің шәкірті Нұрымбетке ұзатады. Бұлардың тараған ұрпақтары Шалқар ауданының территориясында тұрып жатыр.
Сары Шоңай би уәде бойынша орталығы Хан мешіті қылып, хан жалынан бастап жер берген. Қазірде ол жер Ноғай бұйраты деп аталады. Тақыршыңыраудың қасында Қазақай балалары: Ахметтің, Махмұттың, Маманың, Қошқардың, Нұржанның т.б. бейіті бар. Жылдар өтеді. Қазақай ахунды іздеп елінен інілері Мұсақай, Исақай бастаған тумалары іздеп келеді. Бірақ Мұсақай мен Исақай еліне қайтады да, Әжімұрат, Ырсай деген балаларын, қаламын дегендерін қалдырып кетеді. Олар да жергілікті рулардан қыз алып, қыз берісіп, сіңісіп кетеді, ұрпақ жаяды.
Қазақай ахун 85 жасында 1796 ж. Қазіргі Қобда ауданының Сауқайын деген жерінде қайтыс болады. Өзінің өсиеті бойынша, жаназасын шәкірті---Қабақ-Алыбай руынан –Жанай молда шығарады.
Күйдірілген кірпіштен басы қарайтылып, белгі қойылған. Жергілікті халық ғұламаның есімімен ауылдарын Қазақай ауылы деп кеткен. Қобда аудан орталығынан 8 шақырым жерде орналасқан.
Совет өкіметі кезінде қоныстанушылар талабымен бұл жер Херсоновка атына ие болған. Кесене құлап, құламағаның құлатып, тас-кірпіштерін орыстар құрылысқа пайдаланған.
Тәуелсіздігін алғаннан кейін жергілікті халық жоғарғы үкімет органдарына жазып, Херсоновканы Қазақстан Үкіметінің қаулысымын бұрынғы өз аты- Қазақай ауылына өзгерттірген - 1996 ж. Ұрпақтарының ізденістерінің нәтижесінде Қазақай бабаның құлыптасы арқылы бейіті табылды. 2003 жылы ұрпақтары басына барып мазар тұрғызып, халықты жинап ас бердік, садақа тараттық, құран бағышталды. Жергілікті халық «Қазақай әулие» деп, істі болғанда, ауырғанда басына түнейді екен.
Бір ақсақалдың жалғыз баласы Ақтөбеге қоныс аударып, жеке үйін салып бітіре алмай қиналады. Әке-шешесі 5 жасар өгізді күндіз түні бағып, пұл қыламыз ба деп отырғанда, жоғалып кетеді. Айналаның бәрін шарлап, таба алмайды. Біреулердің ақылымен бабаның тамына келіп түнейді. Түсінде ақ киімді, ақ сақалды қария:
-«Күн шығып келе жатқанда күнді бетке алып жүре берсең, кешікпей малыңды табасың!»-дейді де ғайып болады. Екі қырдан асқанда, қар суынан пайда болған көлшіктің жағасында жайылып жүрген өгізімді, арқанның бір шетін беліне байлап, өліп жатқан ұрыны таптым-деді ақсақал.
Арнайылап келген Мартөк ауданының азаматы (атын жарияламауды өтінді): Үйленгендерімізге он шақты жыл өтсе де перзент көрмей, Ақтөбе, Орынбор, Москва, Ленинград дәрігерлеріне көрінгеннен нәтиже шығара алмадық. Бір ақсақалдың сілтеумен Қазақай Әулиенің басына келіп, садақа беріп, түнедік. Түсімде ұзын бойлы, ақ киімді, ақ сақалды қария:
-«Балам Аллаһқа сен, ол кең, барлығы да қолында, Аллаһ сенің садақанды қабыл етті, тілегіңді берді. Көп ұзамай перзентті боласың. Жетім-жесір көрсең қолыңнан келгенше демеп жүр, таза бол»-деді. Мынау сонан кейінгі көрген балам 2-сынып оқиды, мына қызым әлі оқымайды. Сонан бері менің өмірге көзқарасым түбегейлі өзгерді. Жыл сайын отбасымды осында әкеліп, садақа беріп, құран бағыштап отырамын.
-«Бабаның кесенесі құтты болсын, Аллаһ Сіздердің тілектеріңізді қабыл етсін, бабаның ұрпақтарымен жүздесіп, танысқаныма өте қуаныштымын, үйіме жүріп, сыйлы қонағым болыңыздар»-деді.
Осындай жүрек жарды сөздер қаншама десеңізші.
Совет өкіметі кезінде мешіт жабылып, талан-таражға түсті. Шолақ белсенділер есік-терезе, төбесін бұзып алды, Қазақай ахун ұрпақтары құғын-сүргінге ұшырады, бірқатары 1937-1938 жж. ұсталып айдауға кетті, бас сауғалап, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Қызылорда, Орынбор, Жем бойына қашты.

Елге ерен білімімен, парасат – пайымымен танылған тарлан бабаның көріпкелдік қасиеті де болса керек. Бір күні ол түс көреді. Түсінде Есімбай түзде қаза табады. Ел іздеп тауып алып табытпен әкеле жатқанда қатты жел соғып, жаңбыр жауады. Адамдар жүруден қалады. Сол кезде екі есекке мінген сәлделі екі кісі табытты алып жүре береді, ақыры көзден ғайып болады. Кейін жаңбыр, дауыл басылып адамдар есін жинаса, табыт та, есекті екі кісі де жоқ. Есімбайды Қазақайдың жиырма бірінші атасы Жеті Кәміл Пір ата жеті қат көкке алып кеткен екен. Арада көп уақыт өтпей, дәл сол жағдай бұл өмірде қайталанады. Адамдар елге таңдай қағумен келеді. Қазір жер бетінде Есімбайдың бейіті жоқ. Оны бүгінгі ұрпақтары да әлі күнге аңыз қылып айтып отырады.

Жоғарыда бабаның өзімен бірге туған Исақай атты бауыры болғанын айтып өттік. Негізінен бұлар үш ағайынды, тағы да Мұсақай атты інісі болған. Күндердің бір күні Қазақайды Ноғайлы елінен Исақай іздеп келеді.
- Сен үлкейдің, елге бірталай тәлім бердің, енді елге қайтуың керек – дейді. Қазақай елдегі би, батырларды жинап рұқсат сұрайды. Қанша бауыр басып қалғанымен амал жоқ. Мұсылмандық шарты бойынша “ Ер туған жеріне, ит тойған жеріне ” дегендей қоштасуға тура келеді.
Көш Жайыққа қарай бет түзейді. Туған жерден ұзап кету Сары Шоңайдың қызы Бопайға оңай тимейді. Жемнің бойы айырыққа дейін ол былай деп мұң шағады:
Бес шоқы, Бопаш, Беларан,
Көрінесің күндік арадан.
Киікбайдың сорына,
Екі жаяу сыймаған.
Екі жастың арасын,
Айырар дейді оңбаған.
Сұлуқара, Мұлқаман,
Арзығұл, Керей – бір табан.
Ортасынан жер беріп,
Ханның бойын жайлаған.
Бақтыбайлап ту алып,
Қарсы келген дұшпанын.
Жеңбей ата қоймаған...
Айырықтан өтіп, Жайыққа қарай бет алған соң Сырымның қызы Сырға зарлайды:
Айбике мен Ақтөрткүл,
Ақша ханның жұрты еді.
Жемнің бойы – Айырық,
Қазы ханның жұрты еді.
Айбике Ақтөрткүлмен болғаның ба – ай,
Бізден бұрын алты жұрт көшкен екен.
Бізбенен жетіншіге толғаның ба – ай,
Өмірім көшуменен өтіп барад.
Дүниенің өте шығар жалғанын – ай...

Сонымен көш Жайықтың жағасына келіп тіреледі. Бір күні Қазақай тағы түс көреді. Түсінде Жеті кәміл Пір атасы аян береді: “ Керуенің жылаумен келе жатса, тұқымың аз болады, кейін қайт, келіндерің көніп сән – салтанатпен келе жатса, көше бер” дейді.
Ертеңіне көшбасшы көштің алдынан шықса, әлгіндей жағдайға тап болады: бір келіні туған жерін қимай, екіншісі туған жеріне жете алмай зарлап келеді. Көшбасшы мұны Қазақайға айтады.
Жағдайды түсінген Исақай ағасына:
- Сен осы арада қал. Сырым бимен бірге бол, асылы кейін қайтарсың, - деп өзінің туған елі Ноғайлыға аттанып кетеді.
Бар мән – жайды Сырым да түсінеді. Бес жыл Қазақайды қоңсы қондырып, бір күні:
- Жағдай белгілі, саған Ноғайлыға енді жүруге болмайды, бұл жер таршылық етер, құданың еліне қайтқаның жөн болар, - дейді.
Сөйтіп, Қазақай бес жылдан кейін көшін кері бұрып, Сары Шоңай бидің еліне келіп, әлгі мешіт салдырған Ханның жанынан қоныс тебеді. Бірақ бұл жерде де түрікпендер әлсін - әлсін шабулдап маза бермейді. Осы кезде тама Есет Көкіұлы қолұшын береді. Қабақ – Тілеу елін жазда жайлатып, жаудан аман алып қалады.
Қазақай баба мәңілікке аттанардан бір ай бұрын түс көреді. Түсінде Жеті кәміл Пір ата аян беріп, бір ай шамасында о, дүниелік болатындығын, соған өзің қалаған жеріңе бір белгі қой дегендей болады. Ол жер Шектінің, Қабақ – Тілеу елдерінің жаз жайылымы болатын. Қазақайдың қонған жерінің аты – Сауқайың. Баба сол жердегі үлкен төбенің басына күніне бір барып отырып қайтады. Бір күні өзінің бәйбішесіне: “ Мен осы төбенің басына қонақ боламын. Алланың аманатын тапсырамын. Сіздер жиып – теріп болыңыздар дейді ”. Содан көп ұзамай қайтыс болады. Тірі кезінде елдің биі Сары Шоңайға:
“ Менің жаназама аяқ жетер жердің адамы қалмасын, өзім оқытқан қырық шәкіртке тегіс хабар тигіз, жаназамды сол шәкіртімнің бірі Жанай оқысын” - деп өсиет еткен екен. Бабаның өсиеті бойынша ел-халық тегіс жиналып жаназасын Жанай молда оқиды. Намаз тарағасын Сары Шоңай би халыққа келген шәкірттерге енді Қазақайдың басын қарайтып, там салу керектігін айтады. Бұл іс те уақытында бітеді. Жұма күндері тамның маңайын жайлаған ел түнде оның басында от жанып тұратынын көрген. Енді ауыл адамдары барып, шырақ жағып түнеп, зиярат етіп әртүрлі ауруларға әруақ себеп болып жазылып тұрған. Әсіресе есі ауысқан немесе баласыз адамдар көп барады екен. Берірек келе індетке ұшыраған малды да Қазақай бабаның басына түнетсе, мал індеттен толық жазылып кетеді екен.
Бабаның үзеңгілес жолдасы, сырлас досы дана Сары Шоңай би Қазақай өлгеннен кейін оның құрметіне мешіт салдырғысы келген екен, үлгере алмады. Оның өсиетін баласы Отаралы, оның баласы Нияз би, Сегізбайдың баласы Наурызбай орындайды. Ел аузында екі дананың достығы туралы мынадай өлең қалған екен:
Сары Шоңайби о басында дана болған,
Қазақайдан көп оқып білім алған
Оқытып қырық шәкірт жинап беріп
Әр қайсысын әр руға дана қылған.

Қазақай өлгеннен кейін немересі Палуанияздың баласы Төремұрат Ахун мешітке ие болып бала оқытады. Торемұрат Ахун Хиуада 12 жыл оқып келеді.Мешіт салынған жердің атауы осы кезде де Хан мешіті деп аталады. Торемұрат өлгеннен кейін мешітке оның баласы Абылай (Мақсым) иелік етеді. Абылай Хорезмде 8 жыл оқып келген. 1937 жылы қуғын-сүргін уақытында Аблай тума туыстарымен қашып Өзбекстанның Термез қаласына барып паналайды. Содан 1960 жылы елге оралады. Төремұрат Ахунның басын қайта қарайтады. Мешітте 10-дық молданың бірі болды.
«1952 жылы Хан мешітін бұзып, Аяққұмдағы мектептің іргетасына тасыдым.
Барған машиналардың доңғалақтары жарылып, бұзылып жүрмеген. Содан білетін біреу мешіттің ішіне ешектің нәжісін көмген, сонда мешіттен екі торала қаз ұшып шықты. Содан кейін машиналар жүрді. Мен соны көзіммен көрдім»,- дейді сол кездегі мектеп директоры Нәжім Иманов ақсақал.

Қазақай Ахун туралы Есет батыр қозғалысының білгірі, белгілі жазушы Ғ. Ахметов «Ана тілі» газетінің 1992 жыл, 12 қараша күнгі санында жарық көрген «Қосақай мен Исақай» атты мақаласында, жазып жүрген мақаласына байланысты Орынбор шекара комиссиясының архивін ақтарғанын айта келіп: «Ақтөбе обылысының Шалқар ауданындағы елдің бір бөлігі Шекті ішіндегі Қабақ аталады. Сол елде өткен ғасырда жасаған бір белгілі адам 1862 жыл маусымның 10-да Орынбор казактарының басқармасына жазған хатында, сол елдің ішіне Айшуақ хан болып тұрған кездерде келген «қашқын татар» Қазақай, оның баласы Мұхамбетжанның жергілікті елмен құдандалы-жекжат болып араласып кеткенін, қазірде олардың ұрпағы 21 шаңырақ болғанын, осы күндер елді, солардың ішінде Есет пен Нияз биді де «орыстарға бағынбаңдар» деп және сол татарлардың біреуі сары түсті кітапты көрсетіп: «орысқа қарсы болғандардың барлық күнәсі кешіріледі» деп «азғырып» жүргендерін жариялайды.
Бұл жайды тексере келіп, кіші жүздің Орта ордасының сұлтан правителі Мұхамеджан Баймұхамедов 1863 жылы 25 мартта Қазақайдың баяғы Нұралы хан заманында Кавказ жақтан-Кубаннан әлдеқандай бір қылмысы үшін айдалып келгенін, Мұхамеджан соның баласы екенін, Қазақайдың ұрпағы бұл күнде қазақпыз деп жазылып, үй ақшаларын мезгілінде төлейтіндерін, орыстарға қарсы ешқандай үгіт жүргізбейтіндерін айтып жауап қайтарыпты»-дейді. Бұл жерде Қазақайдың татар аталып отырғаны қазақтың ноғайларды татарлардан бөлмей татар деп атай беретіндігінен, болса керек.

Бұл тақырыпта алғаш қалам қозғағандардың бірі белгілі журналист, өлкетанушы Мұқамбетәли Есмағанбетов екенін айтуымыз керек. Кейін ол өзінің танымдық мақаласын Жеткерген Оралмағамбетовпен бірігіп шығарған «Аңыздар мен ақиқаттар өлкесі» (Алматы, «Дәуір» ЖАҚ «Кітап» республикалық өндірістік бірлестігі, 2001 ж.) атты мағыналы кітапқа енгізді (59-64 беттер).

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Зәкіратдин Байдосов «Қаражігіт» атты кітабында («Ақтөбе, «А-Полиграфия» ЖШС, 2008 ж.) былай дейді: «… Қази Ахун (жергілікті халық оны Қазақай деп атап кеткен) сол кездегі мұсылмандық мектептердің бұқаралық үлгісімен өзі ашқан оқу орнында балалардың бес жыл оқитындығын, оқу негізінен қара күзден мамыр айларының аралығында өтетіндігін, оған алты қанатты бес киіз үй, әр шәкіртке төрт жылқы, бір інген, 5 саулық, киім-кешегімен, мектепке бір аспазшы, бір шаруашыл адаммен қамтамасыз ету туралы ру басыларымен келісімге келіпті. Бірінші жылының өзінде 40 шәкірт жиналған екен. Соның алғашқыларының бірі Қаражігіт Бектауұлы болыпты.» (23 бет). «… Ал Қази ахунның бес жылдық мектебі – медіресеге тетелес, соның бағдарламасымен жұмыс жасаған оқу орны. Сондықтан да қазіргі Шалқар өңірінің оңтүстік беткейінде мұсылман дінін уағыздау, оның кадрларын дайындайтын мектеп қалыптасқан. Осы бір мектептің шәкірттерінің алғашқы легінен шыққан ғұлама діндар Қаражігіт Бектауұлы болса, ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Жанаман ахун болды. Әрине, олардың арасында талай-талай ел тарихында ескерілетін діндарлар да болған» (24 бет). Ғалым Қаражігіт би ахунның Зейнеп деген қызына үйленгенін, олардан Құлтай, Сұлтан, Бербай, Нығмет, кейінірек Жәмеңке деген ер балалар, үш қыз дүниеге келгенін тиянақтайды (28 бет).
Филология ғылымдарының кандидаты Серік Бермағамбетов «Шалқар» газетінің 1996 жылғы 16 қазандағы санында жарияланған мақаласында Башқұртстан Республикасының ғылыми мұрағатында сақталған башқұрт ғалымы, «Шора» журналының редакторы Ризаддин Факрединнің «Асар» қолжазбасынан дерек береді (№7 қор, № 1 іс, №19 тіркеу). Қазақай ахунның Дағыстанда ұлық ғалым болып, қазылық көмек істегенін, Қазақстанда 1796 жылы опат болғанын баяндайды.
Ғұлама туралы мағлұмат «Ақтөбе» энциклопедиясының (Ақтөбе, «Отандастар – Полиграфия» ЖШС баспаханасы, 2001 ж.) 487-бетінде, «Шалқар» энциклопедиясының (Шалқар, «Мұрагер» ЖШС, 2009 ж.) 151-бетінде жарияланды. Екеуінде де ахун дүние салған кезде су тасып кетіп, мүрдесін Абат-Байтақ қорымына жеткізу мүмкін болмай, Қобданың күнгейінде Сауқайың өзенінің жағасына жерленгені жазылды.

Қазақай оқытқан шәкірттердің қайсысы болмасын заманың озық ойлы ерен еңбеккер дана перзенті таныла білген.Дүйім елдің сүйегін сырқыратқан қаралы қазаға басшылық жасаған Жанай туралы жоғарыда айтып өттік одан басқа тарихта Қарағұл атты батыр ұлы болған Қонақбай да Қазақайдың қырық шәкіртінің бірі еді.
Қарағұл Қазақайдың немересі Маманың Толық атты қызымен тұрмыс құрған. Қарағұл Қази Ахун әулиенің келелі ісін жалғастырушы бірден-бір кемеңгер екендігі айқын. Бұлай дейтініміз,ол өмір сүрген өңірдегі ағартушылық қызметтің екінші кезеңі Мәдірейім оқымыстымен байланысты. Бірде Орта Азия мен Ресей арасындағы түрлі сауда-саттық, басқа да мақсаттағы қарым-қатынас керуендерінің біріне ілесіп, Бухарада терең білім алған Мәдірейім Қарағұл еліне келеді. Мақсаты - Қазан қаласына жету болса керек. Қазақбай, Қонақбай молдалардың алдын көріп, сауатын ашқан, олардың тәлім тәрбиесін көрген Қарағұл ел болашағын тереңнен ойлай келе Мәдірейім оқымыстымен келелі кеңес жасап, оны осы елді оқытуға көңдіреді, тұрақтандыру мақсатында қарындасы Сұлуды оған тұрмысқа береді. Шалқар өңіріндегі ағартушылық қызметтің екінші толқыны осылайша басталады. Кейіннен жер-жерде мектеп ашылып, мұсылманша бала оқытқан көптеген белгілі молдалар осы игілікті істің заңды нәтижесі еді. Қарағұлдың ғұлама Мәдірейім мен тұрмыс құрған қарындасы, Сұлудан төрт ұл дүниеге келеді де, өз кезегінде олар да елді оқытуда көп еңбек сіңіреді. Мәдірейімнің Шереке (Мұхамедшәріп) атты ұлының Бұхарадағы жоғары оқу орны Көкілташ медресесін бітіргендігі, жоғары дәрежелі ғұлама атағын растайтын сол кездің ресми құжаттары ұрпақтарының қолында сақтаулы. Міне,қиын кезеңде халқы үшін атқа қонған батыр, қиын істің түйінін бір азыз сөзбен шешер би, халқынан қолында барын алмаған мырза Қарағұлдың молдалығы жөніндегі мәлімет осындай.

Қазақай биден ту ұстаған батыр да, жыр бастаған ақын да тараған. Қасиетті баба кіндігінен өскін алған әр ұрпағы заманында танымал дарын, сұңғыла ойшыл танылып отырса керек.
ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Теке (Орал) қаласында Мырзалы дегеннің үйінде Кердері Әубәкірмен ноғай Нұрым айтысады. Сөзді Нұрым бастайды:
Мен келдім Мырзалының ордасына,
Жолықтым қасындағы молдасына.
Әркімдер жүйрік жігіт дегеннен соң,
Көңілім тоқтамады бармасыма.
Жолықпай бұл қазағым жүрген шығар,
Кесетін қорғасынды алмасына.
Қазақай арғы атам ақын болып,
Ол дағы ерген екен хан қасына...
1972 жылы қазанда “Қазақтың той бастары “ деген кітап басылып шығады.Сондағы Сабыр ақынның бір жолы шумағында:
Қазақайдың тұқымы,
Ақын Нұрым баласы,
Сабыржан жырау аталған,-делінеді.

Сөйтіп,қазақ әдебиеті тарихы үшін маңызды дерек алдымыздан шығады.
« Қырымның қырық батырының » ең сұңғыла жырлаушысы Нұрым ақын болғаны баршаға аян. Қашаған мен Мұрын “Қырық батырды” Нұрымнан үйренгендерін айтқан. Ал, Нұрым болса, атасы Қазақайдан алған болады да, әйгілі эпосты жеткізушілер қатары Қазақай есімді жаңа есіммен толығады. Нұрым Шыршы¬құлы¬ның адай¬дың Қосай арысының Сүйіндік тақтасына жататыны белгілі. Қазіргі шежірелік түзілімде Сүйіндіктен тарайтын үш атаның бірі Доспамбет. Доспамбеттің өзі бар да, тарихи деректер негізінде шаң-тозаңнан арылтып отырған тікелей ұрпақтары¬ның аты жоқ. Нұрым Шыршықұлының Сүйіндік тақтасының өкілі екендігін білгенмен, арғы жағы анық болмағандықтан оған да Сүйін¬дік кестесінен орын табылмапты.

Сонымен ит арқасы қиян ауып, көшіп-қонған жұрттың ойында із-түзсіз өшіп кететіндер аз бол¬май¬ды. Қазақай ұрпағы, Әбділла баласы Тілеужанның үлкендердің айтқан әңгімелерінен есінде қалғаны: сол бір аласапыран замандарда бес үй әлденеге өкпелеп бөлек көшіп кетуі, 30 жылдары Қазақай ұрпағы ашаршылықтан Қарақалпақстанға барып жан сауғалауы және де кейбіреулерінің сол Қарақалпақстан жерінде қалып коюы. Қазақай -- Шыр¬шық ¬– Нұрым – Сабыр желісінде талай аталардың есімі түсіп қалғаны даусыз, және де бұл өз алдына зерттеуді қажет ететін тақырып.
Халық — құдірет, жақсы-жаманды айырып, әділ бағасын беретін — халықтан шыққан белгілі тұлғалар. Сары Шоңай айтқан «Қарадан хан болған Қалдыбайым бар… Аузы иманға, қойны Құранға толы Қазақайым бар» деген ғибратты әңгіме ұрпақтан ұрпаққа жетті. Ғұлама Қаражігітке қызын Зейнепті ұзатқанда жасауына түйеге артқан діни кітаптар беруі де – ел жадында. Хан жалындағы мешіт салдырған жері Ноғай бұйраты, Хан мешіті деп аталып кетуі мәңгілік құрметті айғақтайды. 1999 жылы Үкімет шешімімен Қобда ауданындағы Херсоновка селосы Қазақай баба аулы болып өзгертілді
. Сөз орайы келгенде, ахун ұрпақтарынан өлкеге танымал көптеген азаматтар бар екенін де айтқан ләзім. Белгілі атсейіс, ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген ағамыз Арғын Мәндібаев таяуда ғана дүниеден озды, Бекет Нұралин – келешегінен үміт күттірер ғалымдардың бірі, техника ғылымдарының кандидаты, Әсия Юсупова, Сәндібай Әбдіғалиев қажылық парызын өтеді, Құдабай жырау өзі өмірден өткенше құлақ құрышын қандырып, ежелгі аңыз-әпсаналарды бүгінгі ұрпаққа жеткізді, Мұханбетәлі Тәжмұханбетов – Бершүгір туберкулез санаториясының бас дәрігері, Қоңыратбаев Амандық –Шалқар әскери комиссариатының бастығы. Дәулетжан Нұралин --жылжымайтын мүлікті техникалық тіркеу орталығы Шалқар филиалының бастығы. Есеп қызметкері Тілеуберген Қоңыратбаев және зейнеткер Кәдір Үбәйтжанов ахун турасында деректер жинастыруға, жерленген орнын анықтап, басында кесене тұрғызуға айтарлықтай еңбек сіңірді.
Қазақай баба ұрпақтары бұл күнде республикамыздың түкпір-түкпірінде еңбегімен танылып жүрген талантты жандар. Бір ғана Ақтобе өңірінде өзінде ата қанынан тараған 100 – ден астам түтін бар.Ұрпақтарының қай буыны болмасын сұңғыла бабасын дара тұтып, қастерлейді, ата рухына лайық азамат болуды арман етеді.

Десе де, Қазақай бір рудың не бір елдің ұраны емес, исі қазақ даласына, татар, башқұрт еліне ғылым-білімнің жарығын әкелген алғашқы ғұламалардың бірі.
Олай дейтін себебіміз жоғарыда айтып өткеніміздей ХIX ғасырда татар дінтанушы философы Ш.Марджанидің (1818-1889) кітабында атамыздың аты жазылса; ХХ ғасырда -1906 жылы башқұрт ғалымы Р.Факрединнің «Асар» еңбегінде жазылып, Башқұртстанның энциклопедиясына енуі; ал XXI-ғасырда –2009 жылы қазіргі Татарстанның муфтиінің 1-ші орынбасары Валиулла Хазрат Якуповтың интернетте жариялауы; 14 май 2007 жылы Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен дінтанушылардың Бірінші халықаралық ғылми-практикалық конференциясында дағыстандық Ю.М.Идрисовтың атамыз туралы еске алуы болса, 28 апрель 2008 жылы Махачкалада өткен мұсылмандар конференсында Дағыстан Мұсылмандары Басқармасының аппарат жетекшісі Дамир Хазрат Мухеддиновтың сөзін бұзбай келтіре кетуді жөн көрдік:
«Образование на Кавказе отличалось в целом свободой и отсутствием государственного контроля. По словам Р. Фахретдина, авторитет дагестанских улемов и особенно Мухаммада б. Гали ад-Дагыстани был связан с тем, что мусульмане Волги, Булгара, Казани, Урала после уничтожения Казанского ханства потеряли основы общемусульманской книжной культуры и арабского языка. Особое значение Фахретдин придавал роли дагестанских улемов в передаче знаний по таким дисциплинам как право, хадисоведение, риторика, лексикология и морфология арабского языка. Таким образом, именно выходцы из Дагестана и их татарские ученики восстановили систему образования в медресе. Фахретдин указывает на их ключевую роль в формировании мировоззрения на такие базовые вопросы, как Судный День, смерть, любовь и скорбь. Дагестанцы ввели традицию меджлисов и пения в медресе. Основным правилом обучения он называет «предпочтение важнейшего важному». По словам Фахретдина, дагестанцы заложили основы «религиозного братства и национального уважения».
07 июнь 2008 жылғы Ресей Ғылым Академиясының Дағыстан Ұлттық Орталығының - Тарих, этнология және археология жазба деректер бөлімінің меңгерушісі Шамиль Шихалиевтің «Дагестан» Республикалық Информатикалық агенттігінің корреспонденті Венера Гамзатоваға берген сұхбатында Дағыстанда (900 жылдан астам) 1009-1930 жылдар аралығындағы араб, түркі, парсы және де басқа шығыс халықтарының қолжазбалары сақтаулы екенін, оның ішінде Мухаммад ал Галидің да шығармалары бар екенін айтады.
Советтік «дін-апиын» деген, бүкіл мешітті бұзып, діни кітаптарды өртеген заман өткесін Қазақай Ахун туралы қазақ қаламгерлері: Ғ.Ахмедов, З.Байдосов, М.Есмаганбетов, Ж.Оралмағанбетов, С.Мұқтаров, Ж.Қабақбаев, С.Бермағанбетов, Б.Сәрсенбина және т.б. баспасөз беттерінде мақалары жарияланды.
Олай болса, оны бүтін бір ұлт болып ұлықтауымыздың да еш әбестігі жоқтығы аян.


Жинастырғандар:

Қоңыратбаев Тілеуберген Тілеужанұлы
Беркімбаев Алтынбай Шынбергенұлы
Үбайтжанов Қадір Үбайтжанүлы


Авторы Жауап
Тлеуберген
kuntleu1@mail.ru,
20-09-17 14:36
Шежіремізге шолу
Сонымен, көптен сөз болған, Қазақай атамыздың ұрпақтарының шежіресі шықты. Авторы Сағиталин Бибіталы ағамыз. Бәрімізге ортақ дүние болғасын, ортақ қаржыға шығарылғасын, шежіремізге кішкене ғана шолу жасап шығуды жөн деп шештім.
1. Кітап мұқабасы жақсы, аты да дұрыс, қалың мұқабалы.
2. 9-беттегі сурет атамыздың суреті емес, ойдан шығарылған.
3. 10 беттен бастап, 29 бетпен бітетін атамыз туралы мәліметтердің 85-90 пайызы бұрын ағамыз Қадірбай Үбайтжанов пен менің жазған «ҚАЗАҚАЙ БАБА» деген кітапшадан, ия болмаса менің сол кітапшаны интернетке шығарған жазбамнан көшіріп алынған. Бұны қалай атайтынын, әдеби тілде де, қазақша да жұрттың бәрі біледі. Қазақшасы ауырлау, ашық айтпай ақ кояйын.
Бұны автордың ар-ұятыңа қалдырдым.
Боқтағасын аузы не, мұрыны не, неге түгел көшірмедіңіз аға? Біздің жазғандарымыздың біразын тастап кетіпсіз. Менің жіберген қателігімді де айна қатесіз көшіріпсіз. 21 беттегі жазғандай Мухамеджан бин аль Хусейн Жәңгір ханның құдасы емес, атасы. Оның қызы Фатима 1824 жылы 15 жасында, 21 жастағы Жәңгір ханға тұрмысқа шыққан.
4. 30 беттен бастап 76 бетке дейін Қазақай ұрпақтарының шежіресі. Біздің жан жақтан сізге берген мәліметтеріміздің жиынтығы. Оларды жинап бір жүйеге түсірген сіздің еңбегіңіз. Сондай ақ Қазыбаев Сағиталы әкемізден бастап, біздің де сіңірген еңбектерімізді атап өтіпсіз. Оныңызға рахмет.
Бірақ осы мәліметтерді қағазға қалай түсіріп, қалай көрсетуде, бұл әрине менің ойымша, қателіктер кеткен сияқты. Мысалы Қазақай ұрпағы үшке бөлініп тұр ғой : Қазы, Ахметжан, Әжімұрат. Қазыдан бастапсыз да (30-бет), 48- бетте Ахметжан ұрпақтарына көшкенде, ол сол беттің ең аяғына түсіпті, 62- беттегі Әжімұрат ұрпақтарына көшкенде де соған ұқсас. Өтеп ноғайлар, 74- беттегі, дұрыс. Басқалары да солай болу керек еді.
Ал енді бәрінен де дұрысы, түбінде Қазақай ұрпағын бөлдіңіз ғой, үшеуін 3-ке бөліп, 3 бөлек-бөлек схема түрінде беру керек еді, 184, 185, 156 беттердегі суреттердегідей, бірақ жинақы түрде.
5. 76 беттен бастап 124 бетке дейінгі 50 бет біздің Қазақай атамызға түк қатысы жоқ, тек кітаптың 25 пайызын алып, ортақ ақшаға жаздырған кітабымыздың бағасын қымбаттатып тұр. Біздің кітабымыз справочник емес қой. Мұндағы жазғандарды поезға мінсең мылқаулар сатып жүр, жүздеп, солардан көшірілген аға. Кітаптың бетін көбейтем деп. Мұны орысша «вода» дейді. Оның орнын суреттерге беру керек еді.
6. 129- беттен 198- бетке дейінгі 70 бет – суреттеріміз, Қазақай ұрпақтарының суреттері.
Меніңше кітабымызға әр беріп тұрған да осы суреттер сияқты. Мұны мен өзімнің жеңісім деп санаймын. Бұл бастағы менің ұсынысым еді, сол үшін бастапқы 2-ші жиналысымызда үлкен талас та болып еді. Мен біз азбыз, шежірені жұрттың бәрі жазып жатыр, біз суретпен шығарайық,-дедім.
Әр- беріден соң, біз альбом шығарып жатқан жоқпыз,- дегендер болды. Содан айтыс тартыс қыза келе,бір-біріне: мен сені осы уақытқа дейін таныған жоқпын, танығым да келмейді, сенің суретін маған керегі де жоқ,- деген де әңгімелер айтылды. Соны естіген біздің біраз ағайындар келесі жиналыстарымызға келмей де кетті. Содан кейінгі жиналысымызда мен: Сурет менің ұсынысым еді, менің ойым Қазақай ұрпақтарын жақындастыру еді, егер бұлай керіс болатын болса, мен ұсынысымды қайтып аламын, сурет болмай-ақ қойсын деп едім, көпшілікпен сурет болатын болып шешім қабылданды.
Суреттерді орналастыруда олқылықтар кетіпті. Мен көбіне бірдей суреттер бердім, 9х6.
Сол суреттер кей жерде бір бетке 2 сурет, кей жерде 3 сурет. Қыздарымыз аттары да жазылмай Қоңырбаевтар деп қойылыпты, ал менің фамилиям Қоңыратбаев. Мен барлығының да аты-жөнін жазып бергенмін. Ең басына Қоңыратбаевтар әулеті деп жазғанмын. Ол да жоқ.(186-193 беттер).
156-157,180,181- беттердегідей суреттерді альбомный вариантпен салу керек пе еді.
159 беттегі суреттер Нуралиндер әулеті деп басталыпты да, аяғы жоқ, қай жерде келесі әулет басталғаны да белгісіз. Барлық әулеттерді де бөліп, басына осылай жазу керек еді.
Ал аға ренжімеңіз, қатты кетсем кешірім өтінемін. Біткен іске сыншы көп деген болса, сын түзелмей мін түзелмейді деген де мақал бар ғой. Бұл қателіктеріңіз, бәрін өзім білем, өзім автор болам, өзімнің атымды шығарам дегеннен шығып отырған нәрсе ғой. Кеңесіп пішкен тон келте болмайды, біздің тонымыз келте болыпты.
Ал ағайындар шежірелерің жоқ емес, бар. Құтты болсын.
Шолуымды мына бір анекдотпен аяқтағалы отырмын.
Жастары 40-тар шамасындағы ерлі-зайыптылар тойдан кеш келіпті, әйелі ерте тұрыпты да, айнаның алдында сәл кідіріп қалыпты. Түнде ұйқысы қанбаған, макияж жоқ, шаш ұйпа-тұйпа. Толып та кетіпті, бел жоқ, бөксе де келіспеген сияқты ма...
Солай өзіне өзі риза болмай, ыза болып тұрғанда, арт жақтан бір оқыс дыбыс шығыпты. Шошып кетіп жалт қараса, аударылып түсіп қорылдап жатқан күйеуі екен. Сонда әйел жәй ғана, қатты айқайласа күйеуі оянып кетеді ғой, бірақ кіжініп, тістеніп тұрып былай депті : ӨЗІҢЕ ДЕ СОЛ КЕРЕК.



Тлеуберген
kuntleu1@mail.ru
17-05-17 12:46
Бісміллаһ ир-рахманир - рахим!
Жазсам ба? Жазбай-ақ қойсам ба? Көп ойландым. Ақыры жазуға бекініп , шешім шығардым. Дұрыс па? Бұрыс па? Уақыт көрсетер.
Жазуға шешім шығаруға кеше күнде арамызда ойнап-күліп жүрген ағаларымыздың күн сайын сиреп, арамыздан кетіп жатқаны, олардың артында қалған ұрпақтарының істеген жақсы істерін, қасында жүрген біздерден басқа, бала-шағасынан басқа, онша ешкімнің білмейтінін, білсе де оның тек ауызекі күйде қалатынын, бара-бара ұмтылатынын, біздің де сол ағалардың соңың қуып жағада тұрғанымызды ойлап, не де болса жазып, интернетке салып қалдыруы ойладым.
Керек еткен ұрпақтары интернеттен алар. Бұл осы мақаланы жазудағы бірінші себебім еді, екіншісін әңгіме барасында, сөздің реті келгенде айтармын.
Бұл әңгіме Мұхаммед бин Али ад Дагестани (шын аты) деген және де ел есінде, интернетте, кітаптарда, мақалаларда Қазақай Ахун деген атпен қалған,қайтыс болғанына 220-жыл өтсе де, аты қайта жаңғырылып, қайта-қайта интернетте жаңа деректер табылып жатқан біздің бәріміздін, ортақ атымыз, тегіміз жайлы болмақ.
Мен әуелі өзімді таныстырып өтейін. Менің аты-жөнім Қоңыратбаев Тлеуберген Тлеужанұлы. Туған жылым 1949ж. Шалқар қаласы. Бір техникалық, техник-строитель және екі жоғарғы білімім бар. Біріншісі Ташкенттің транспорт инженерлері институты. Құрылыс инженер-экономисі. Екіншісі Қазақ Ұлттың университеті. Компьютер техникасының маманы.
Бала күнімнен атамыз жайлы естіп өстім. Өзімнің Қазақайдың 8-ші ұрпағы екенімді, Ахметтен тарайтынымызді білетінмін.
Бірақ қанша жерден іздесем де жазба дерек таба алмадым. Ең бірінші жазба дерек 1995 жылы 7-шілдеде "Шалқар" газетінде Мұқанбетали Есмағанбетовтың "Қазақай баба" немесе қазақ жеріне имандылық рухын сепкен жан туралы не білеміз?- деген атпен көлемді мақала шықты.
Осыдан кейін "Шалқар" газетінде жазба деректер көбейді.
Филология ғылымдарының кандидаты Серік Бермағанбетов (филология ғылымдарының кондидаты М.Тәжімұратованың жеке архивнен алынған), Арғын Мәндібай ағамыз, Алтынбек Алдияров ініміз, Ілияс Мұратов ағайымыз, Әбділазиз Елубайұлы, Сәбу Сәрсенбаев, Ахметов Кенжалы ағайларымыз атамыз туралы естіген, білген деректермен бөлісті.
Сабыржан Мұқтаров, Ғалым Ахметовтер де өз мақалаларын жазды. Зәкіраддин Байдесов ағамыз да өзінің кітабында атамыз туралы біраз мағұлымат берді. Сонымен, атамыз туралы газеттерге шыққан әрбір деректерді жинап, білімімді толықтыра түстім.
Енді атамыздың жатқан жерін іздей бастадық. М.Есмағанбетовтың мақаласында атамыздың бейті Сауқайың өзенінің бойында, Әлия кеңшарында деп көрсетілген болатын. Оған менің әке-шешем Тлеужан мен Мәриям барып қайтып, 1997 жылы, бірақ таба алмай қайтты.
Сөйтіп жүргенде 1998 жылы Шалқар газетіне Қобда ауданының Херсоновка селосына біздің атамыздың аты берілгені туралы (1997 жылы) хабар шықты. 1998 жылдың 30 октябрі. Жұма . Ақтөбеге отчетпен келгенмін , жұмысымды бітіріп жұма күні босадым. Сол күні менің туу туралы куәлігім бойынша тура 49 жасқа келген күнім. Мүшел жас. Паспорт бойынша басқа 10 ноябрь.
Түске таман келінім Гүлжаһан екеуміз таксимен Қобда, Қазақай ауылына жолға шықтық. Ауылға кірген бойда , шеткі үйдің жанында орындықта отырған 2 кісіден жөн сұрап, жағдайымызды айттық. Біреуі орнынан тез тұрып, амандасып, атамыздың бейіті осында екенін, атының Сергей екенін айтты. Біздің руымызды сұрап жатыр. Мен өзіміздің Шекті, Қабақ, Ноғай екенімізді айттым. Атамыздың басына барып тағзым еттік, Атамыздың ескерткішінің тек төменгі жағы қана қалыпты. Үстіңгі жағы жоқ. Сергейден біраз әңгіме естідік.
Бұл ауылдың аты 1933 жылға дейін біздің атамыздың атымен "Қазақай" деп аталыпты.
1933 жылы "Ударник" болып өзгеріпті. Соғыс жылдарында ауылда шешендер тұрыпты. Солар атамыздың басындағы ескерткішті қайта-қайта ұрлап кетіп, үйлеріне апарып қоятын болса керек. Ауыл ақсақалдары бірнеше рет ескерткішті орнына қойғызыпты. Сергейдің айтынша сол шешендер кеткенде атамыздың ескерткішін өзімен бірге ала кетсе керек.
1956 жылы ауылдың аты тағы да өзгеріпті. Ауылға тың игеруге украиндықтар көп келіпті де, 1956 жылы ауылдың аты "Херсоновка" болып өзгертіліпті. 1997 жылы өзіміз тәуелсіздік алғаннан кейін Херсоновка қайтадан "Қазақай" ауылы атанды.
Біз атамызыдң, бейтін таптық. Сол ауыл есімі 2012 жылыжабылды, ауылда мектеп болмағандықтан, ауылда адам аз қалғандықтан жабылды.
Шалқарға келгеннен кейін Убайтжанов Қадір, Төремұратов Нәлібай, Жұмашев Теңізбай , Мәндібаев Арғын ағаларымызға хабар айттым. Олардың да барып, көріп, шынымен атамыздың бейіті ме екен, біліп беруін өтіндім. 1999 жылы жазда Арғын ағамыз , Садықов Жеңісбай ініміз , тағыда басқалары барып қайтып, ия атамыз жатқан жер осы деген шешімге келдік.
2000 жылдың январь аты. Шалқар базарында Нәлібай ағам екеуміз жолығып қалдық. Ол уақытты қазіргі уақытпен салыстыруға келмейді. Өте қиын уақыт. Нәлібай ағам жұмыста жоқ, таксист болып жүр. Нәлібай ағама атамыздың басын қарайту ойымда бар екенін , соған қалай қарайтынын айттым. Ол менің сөзімді құптап, бұл туралы өзінің де ойланып жүргенін , Қадір ағамыздың үйіне барып ойласайық деген пікір айтты. Сонымен екеуміз Қадір ағамыздың үйіне бардық, ағамыз тамақ салдырып, дастархан жайып, сол жерде ағайындарға (Шалқардағы, Сарыбұлақтарға) хабар беретін болып келістік.
Қаржыны 3,5 жыл бойы жинадық, 2000 жылдан 2003 жылдың ортасына дейін.
2002 жылы болса керек, ақша жиналмағасын Қадір, Нәлібай,Теңізбай ағаларымыз Ақтөбе қаласына ағайындардың үйіне барып қайтты.
Әлі күнге дейін есімде, Тайбукенов Қуандық үйіндегі келініміз Ақсәуле жақсы, бауырмал екен, СЭС те жұмыс істейді екен деп келді,-Қадір ағамыз.
Сонымен 2003 жылдың ортасына қарай 300000-нан сәл асатын ақша жиналды.
Менің бірінші жоғарғы мамандығым инженер-экономист. Мастер, прораб, начальник участка, өндірістік бөлім, жоспарлау бөлімдерінің бастығы болып жұмыс істедім. Совет одағы құлағанға дейін, ай сайын отчетпен Сверловскіге қатынадым. Ақтөбеден ЯК-40 самалетке отырып, 2 сағат 20 минутта Свердловскіде болатынмын.
Совет одағы құлағаннан кейін де ай сайын отчетпен Ақтөбеге қатынадым. 2015 жылы пенсияға шыққаннан кейін 2,5 жыл жұмыс істеп, жұмыстан өз еркіммен кеткенге дейін. Бұны айтып отырғаным 3000000 - нан астам ақша жиналғаннан соң, бәрін есептеп, ақшаның атамыздың басын қарайтуға жететінін айттым. Қадір ағам Арғын ағамызға хабарласты. Октябрь айында мен екі жеті отпускамды алып Қадір, Арғын және мен жолға шықтық. Ақтөбеде бізді Есеналин Оразғали ағамыз күтіп алды. Және де тас қалаушы Еділбай ініміз де бізді күтіп жүр екен. Онымен Шалқарда алдын ала сөйлесіп келіскенбіз, ол бейітті 100000 тенгеден төменге қаламайтынын айтқан. Басқа да тас қалаушылармен сөйлескем, барлығыныңда бағасы бірдей болып шықты.
Түскі асты Оразғали ағамыздың үйінен тамақтанып алып, түстен кейін ағамыздың машинасына 5 адам, Еділбайды қосып алып, Қобдаға жол тарттық. Атамыздың басына барып, бейіттің қалай салынатынын, қанша кірпіш, цемент тағыда басқа материалдар керектігін анықтадық. Кейін қайттық. Келе жатқанда Арғын ағамыз тағы да ақшамыз жетпейді, Әлия кеңшарында бір туысы бар, оның көне кірпіші бар, бейітті арзанға салатынын айтты.
Мен бейітті көне кірпіштен салатын болсақ, бұл іске араласпайтынымды , Шалқарға қайтатынымды айттым. Жиналған қаржы Қадір ағамда болатын, қаржы жинау басшысы да Қадекең болатын. Сонда да Әлия кеңшарына , Арғын ағамыз айтқан адамға соқтық. Барсақ ол адамымызда көне кірпіш те жоқ, өзі де бейіт салуға жұлқынып тұрған жоқ екен. Қайта жолға шықтық. Оразғали ағамыз кесіп айтты. Мына кісіден ісіміз бітпейді, енді бұл әңгімені қоялық деп.
Ақтөбеге келіп Арғын, Қадір және мен, Кұрмыштағы Әкімжанов көшесінде тұратын менің үлкен балам Қоңыратбаев Әмірханның үйіне түстік, сонда қонып шықтық. Түнімен үшеуміз ақшаны қалай жеткізетінімізді, қалған 200000 тенгені, материалға қанша, тасымалдауға қанша, есептедік. Диапазон газетіндегі хабарландырулар арқылы, тасымалдайтын машиналардың бағасын білдік.
Сонымен Арғын ағамызға ақшаның жететініне көзін жеткіздім. Ағамыз садақаға ақша жетпейді деп қауіптенді. Ақыр соңында әуелі атамыздың басын қарайтып алайық, садақаны кейін көре жатармыз деп шештік. Таңартен тасқалаушы Еділбай келді. Сара Тайбөкенова апайымызбен хабарластық. Ол өзінің інілері Серікпен, Болатпен бірге келді, өздерінің үлестерін қосып ақша әкелді.
Ұмытпасам Болат машинасымен біздің қасымызда қалды да, бәріміз кірпішті ауылындағы бейітке бардық. Еділбай өзінің салған бейіттерін көрсетті. Сол жерде бейітті қаңдай қалып салатынымызды келісіп, Еділбаймен ертең кездесер жерімізді белгілеп, қалаға қайттық.
Түскі астан кейін Қадір , Арғын ағаларыммен бірге бұрынғы Актюбсельмаштағы бір цехқа барып , бейіттің темір есігіне, терезесіне тапсырма бердік. 4-5 күнде дайындап беретінін айтты. Содан кейін сол жерден алыс емес жердегі ескерткіш жазатын жерге барып, ескерткішке тапсырма бердік. Сол жерде бір қиындық туды. Арын ағамыз ескерткіш қоюшылар ретінде өзіміздің аттарымызды жазамыз деді. Қадір ағам қарсы болды. Ұрпақтары деп жазайық деді. Мен араласқан жоқпын.
Арғын ағамыз ауылдағы ағайындардың барлығына айттым, барып атамыздың басын қарайтып келіңдер деп, сендер меннен жассыңдар ғой деп. Біреуіде аяқ баспады. Содан жасым70 тен асқанда сақалым салпылдап өзім келдім. Сондықтан сендер жайларыңа қарап отырыңдар. Егер ренжіп жатқан адам болса маған жіберіңдер. Өзім жауап беремін деді.
Осы мәселе қазірге деін әңгіме болып жүр. Біздер де ақша бердік, үлес қостық деп. Бірақ ақша өзі барып бейіт салмайды ғой, оны ұйымдастыру, уақыт жоғалтып басында жүру керек қой. Осы бейітті салғанда 15 күн бойы үшеуміз Қобда мен Ақтөбеде жүрдік. Мен жұмыстан еңбек демалысымды алдым.
Жақында Қадір ағамыз осындай сөз айтқан адамдарға, біз ескерткішті төрт бұрышты бейіттің тек қана бір бетіне қойдық , қалған 3 беті бос, ұялмасаңдар ескерткішке өз аттарыңды жаздырып қалған сол 3 бетіне қойыңдар,бірақ біз қойған ескерткішке тимеңдер деп айттым деді. Менің де айтарым сол. Сонымен ескерткіш қоюшылар ретінде кімдер жазатынын Арғын ағамыз өзі шешті.
Өзі-Арғын Мәндібаев
Оразғали Есеналин
Қадір Убайтжанов
Тлеуберген Қоңыратбаев
Болат Тайбөкенов
Сол күні кешкісін Арғын ағамыз телефон соғып, Ақтөбеге Сағиталин Омархан келіпті, келем деп айтқан болатын, ертең барып ескерткіш тақтаға Омарханның да атын қосамыз деді. Келесі күні кездескенде оның бізде шаруасы жоқ екен, өз жұмысымен келіпті,менімен хабарласқан да жоқ деді.
Базарға бардық . Барлық материалдарды базардан алуға болады екен.
Жоғы-лотос кірпіш (базарда завод бағасынан 2-3 есе қымбат), бейіттің төбесіне салатын темір (темірбетон плиталардың астына) және бейіттің үстінен жабатын темірбетон плиталар. Газеттен іздей отырып, темірбетон плиталарды сататын жеке адамды таптық .
Бейіттің төбесіне салатын рельсті Болат ініміз Алға қаласынан тауып беретінін айтты. Заман қазіргідей емес басқа (2003жыл) , лотос кірпіш табу проблемаға айналды . Заводқа барсақ, айлап кезекке тұру керек екен. Ертеңіне Арғын ағамыздың бастауымен (мен бұрын танымаймын) Оразғали ағайдың қарындасы Балғаным апайдың үйіне соқтық. Ұзақ болған жоқпыз. Бірақ сол үйде апайдың қайнысы Бұхарбаев Марат деген азаматпен таныстық. Ол өзінің АЗФ заводының бас инженерімен таныс екенін, кірпіш алуға көмектесетінін айтты. Сонымен сол күні машина жалдайтын жерге барып , "пятак" , ертең таңертеңнен материалдар таситын болып келістік. Оларды тиейтін жүкшілер де таптық. Бәрін де саудаласып жүріп, қолдан келгенше арзанға түсіруге тырыстық. Келесі күні таңертең базарларға барып ағаш-опалубкаға, шеге, қара қағаз, цемент тағыда басқа материалдарды, бейіттің үстін жабатын темір - бетон плиталарды тиеп, бірінші рейіспен Қадір ағамыз, Еділбай Қобдаға қарата жол тартты. Арғын ағамыз Шанхайда тұратын баласынан үйіне демалуға кетті. Мен уәде бойынша Маратқа бардым. Марат екеуміз АЗФ заводының бас инженеріне кірдік. Шалқарлық Селивановкінің жігіті екен. Секретарын маған қосып беріп, кірпіш алуға рұқсат беретін жерге барып, кірпіш алуға келістік. Әуелі 10-15 күн кезекке тұруымыз керек екенін айтқанымен, бас инженердің секретары еріп келгесін , көнді. Кірпішті ақшаңа алуыңа дефицит етіп қойған заман болатын. Себебі базарда 3 есе қымбат сатылып жатыр. (лотос) Ертеңіне АЗФ ке барып кірпішті тиіп алдым. Кірпіш беретін адам тағыда біраз бұлтаңдап, ақыр аяғында бас инженерге барамын деп шақ көндірдім.
Кірпіш тиеп боласын Әкімжанов көшесіндегі баламның үйіне қайта бардық. Болат інім Алғадан бейіттің үстін жабатын рельстерді әкеліп түсіріп кеткен екен. Соны машинаға кайта тиеп, Арғын ағамен хабарласып, екінші рейіспен Арғын ағам Қобдаға аттанды. Сол кеткеннен Қадір , Арғын ағаларымыз сол бейіт салынып біткенше басында болды. Ертесіне Болат інімнен рельстің ақшасын берейін деп едім, ол ақшасын алмаймын, біздің үлесімізге қосып жазып қой деді.
Екі күн өткенде есік-тереземіз, ескерткішіміз, айшықтарымыз дайын болып оны Қобдаға апарып тастап келдім.
Келесі күні Хазретовкаға Газель жалдап жол тарттым, Көшербай ағайдың айтуынша сол ауылдың басшысы Қабақтың Өмірі Сырбай деген азамат бір қара мал атаған болатын. Сол малды Көшербай ағамыз екеуіміз мал базасына барып тиеп алдық, ағам өз атынан бір қой берді. Сиырды Қобдаға апардым да, қойды сойдырып, етін базарға саудагерлерге тапсырып ақша қылдым. Тікелей өтпеді.
Бесінші қатынауда садақаға керекті май, ұн, күріш, тағы басқаларды таксимен апарып қайттым.
Тағыда шамалы ақшамыз қалды. Оған сонғы рейспен, ертең садақа болады деген күні шапан, орамал, тақия сияқты тойдан сарқытқа арналған заттар алдым.
Жұма күні садақа бердік. Сарбұлақтан, Шалқардан, Ақтөбеден, Оралдан туыстар, жекжаттар келді. Қобдадан ауыл ақсақалдары, мешіттен адамдар келді. Газеттенде келді. Аздап саяси қате жіберіппіз. Атамыздың басын қарайттық деп мәз болып жүріп. Әкімшіліктен, газеттен адамдар арнайы шақырмаппыз.
Үшеуміз Ақтөбеге келіп түскеннен бастап 14 күн ішінде шаруамызды тындырдық. Ертеңіне Сара апамыз үйіне шақырып, мал сойып, үлкен қонағасы берді.
Садақаға келген адамдардан тағыда біраз қаржы түсті. Оған келесі жылы Сарыбұлақ ауылында тағы да садақа берілді. Садақаға Арғын ағамыз өз атынан ірі қара сойды. Омархан ініміз өз атынан алдыңғы 3 орынға бәйге тігіп, ат шабыс ұйымдастырды, өзінің азаматтығын танытты.
Осыдан кейін 2009 жылға дейін "демалдық". Демалдық дегенім тек әншейін сөз ғой. Мана басында айтып кеткенімдей, менің екінші жоғарғы білімім компьютер саласы. 20 ғасырдың 90 жылдары өте қиын уақыт болды ғой. Жұмыста қысқартудан қысқарту. Біз Шалқарда газопровод мекемесінде жұмыс істеушілер 1000 шақты адам болатынбыз. Содан 1999 жылы 61 адам қалдық. СМУ- 3, РММ, УПТК,ОРС, детсад, гостиница, ЖКХ-домоуправление, бәрі жабылды. Завод ЖБИ-де 10 шақты адаммен бізге қосылды.
Бұрын жоқ мамандық, компьютер техникасының маманы деген штат қосылды. Мен 1998 жылдан бастап компьютерге отыра бастап едім. Осы штатқа алды, бірақ ештеме үйретпейміз, өзің үйреніп ал деген талап қойды. Содан 1999 жылы ҚаЗНТУ-ге оқуға түсіп, оны 2002 жылы бітіріп шықтым. Бәрі де компьютерге көшіп жатқан уақыт қой. 2002 жылы мекеменің бас бухгалтері болып ауыстым да, 2015 ж январында пенсияға шыққанға дейін бухгалтер болдым. Бірінші мамандығым инженер-экономист болғасын, бухгалтерлік маған қиынға соқпады. Бұның бәрін айтып жатқан себебім, сол 1998 ж. бастап менің жұмысым компьютер алдында болды, таңертең келіп компьютер ашам, жұмыс аяқталғанда компьютерді жабам. Қарап отырған жоқпын. Ең аз дегенде жетісіне 1 рет интернет арқылы атамыз туралы деректер іздей бастадым. Біраз деректер таптым, олар ай сайын , жыл сайын көбейіп жатты. Өзімде форумға кіріп атам туралы айта бастадым. Биыл 2017 жыл, 2002 жылдан бері 15 жыл болды, әлі де айналысып келемін.
2009 жылы атамызға көше алайық деп ақылдасып , тағыда жұмыс бастадық. көшені Шалқардан да Ақтөбе қаласынан да сұрайық деп шештік. Екі жақтың да ономастика комиссияларына хат жолдадық. Хат екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім ұрпақтары атынан 54 адам қол қойдық. Басы Мәндібаев Арғын, соңы Қоңыратбаев Амандық. Екінші бөлімі аудан ақсақалдары атынан 13 адам. Ертең садақа жасағанда қалып қоймас үшін мен олардың аты-жөндерін толық жазып өтуді жөн көріп отырмын.

Қабақбаев Қ.
Елеусізов Д.
Еңсепов Б.
Баймұратов К.
Бақтыбаев С.
Тілешов Т.
Князов Ж.
Төлеуов Қ.
Әбденов М. -бас имам
Шақиев Қ-қажы
Мырзатаев Н.-қажы
Есалин Т.-қажы
Халиқов Б.-қажы


Хаттардың 1 данасы менде сақтаулы тұр. Олардан басқа сол уақытта көше атын алу үшін, сол көшенің тұрғындарының келісімі де керек еді. Новый селосындағы қазіргі Манас, бұрынғы аты жоқ көшеге Қазақай атамыздың атын берейік деп, тұрғындарға қол қойдырдық. Оны менің балам Қоңыратбаев Еділхан істеді, оны да хаттармен бірге комиссига өткізуге Сәндібай ағамызға тапсырдық.
Ал енді осы көше туралы белсенділік көрсеткен адамдарды атап өтейін. Барлық қағаз дайындау , қол қойдыру, әкімдерге алдын ала кіріп шығу жұмыстары бәрі де Шалқар қаласында жүргізілді. Ең әуелі аудан әкіміне ниетімізді айтып кіріп шыққыан Сәндібай қажы ағамыз еді. Аудан әкімі Садықов Рахат , орынбасары ономастикалық комиссияның төрайымы З. Жұмабаева бізді қолдайтынын айтты. Содан кейін іске кірістік. 1 жылдан астам уақытқа созылды. Қала әкімі Ерболға Қадір ағамызда кіріп шықты. Олда қолдады. Араға бірнеше ай салып Ерболға мен де кірдім. Ол маған қалада екі новостройка (Жаңақоныс) деген көше бар, біреуі телевышка жақта, екіншісі теміржол маңыңдағы СЭС-тің қасында, соның біреуін берейін деді. Екі көшені де білемін, 10 шақты үйден. Соның біреуінде мен өзім тұрдым. Маған онша ұнаған жоқ. Қаланың шетіндегі жаңадан салынып жатқан ауылдан сұрадым. Ақыры көшені сұраған жағымыздан алдық. Сәндібай қажы ағамыз аса белсенділік танытты. Шалқар мен Ақтөбе ортасында жүрді. Халыққа белгілі, беделді адам. Ақтөбедегі шаруаны өз қолына алды. Ақтөбедегі көмекшісі Сағиталин Бейбітәлі болды.
Қаржы жинап дайындала бастадық. Сарыбұлақта ақшаны Палуаниязов Жолдасбек ініміз жинады. Шалқарда Садықов Жеңісбай жинады. Ақтөбеде Сағиталин Бейбітәлі жинады. Барлық жиналған ақшаларын маған тапсырды. Нұралин Дәулетжан ініміз Ақтөбеден көшенің басында тұратын белгіні жаздырып әкелді. Мен Ақтөбеден бүкіл көше үйлерінің номерлері мен Қазақай ахун көшесі деген белгілерді әкелдім. Нәлібай ағамыз әкімдікке жіберген арызға әр адамның қолын қойдырып жүгіріп жүрді. Сафуанов Жұмажан , мен және Қадір аға үшеуміз ұйымдастыру, басқару, адам шақыру жұмыстарымен айналыстық.
Көше қиылысына қойылған белгіні Жұмажан, Жеңісбай бастаған жігіттер тастарын тегістеп, жан-жағын темірмен қоршап, бояп қалыпқа келтірді. Біз Қадір аға екеуміз әр үйдің бұрышына үй белгілерін ілдік. Жеңіл дюраалюминий лестницаны, үй белгілерін , балға шегелерімізді машинаның үстіне салып, өзімізбен ала жүрдік. Бұл жұмыстар бір күнде біткен жоқ, ондай жұмыстарды біреуге ақша беріп істеткен жоқпыз. Өзіміз жүрдік. Басқа да шаруалар істедік.
Мен атам туралы барлық материалдарымды интернетке шығардым.
Оны интернеттен мына сайттан оқи аласыздар.
www.kazakh.ru|talk|mmes.phtml?idt=1056&page=83 орыс тілінде
15.12.2009жыл жарияладым.
2. www.Kazakh.ru|talk|mmes.phtml?idt=129175
09.10.2010 жылы жарияладым қазақша.
Бұлардың алдында 2006-2007 жылдары да жазғандарым бар, іздепсеңіздер табасыздар.
Енді атамыз туралы газеттерге шығаруға тырыстық.
Сәндібай ағама өзімдегі бар материалдардың бәрін тігіп бір данасын тапсырдым.
05.11.2009 жылы Ақтөбе газетінде Жанқабыл Қабақбаевтың атамыз туралы мақаласы шықты. Өте жақсы жазылыпты. Мақала шыққаннан кейін шамалы уақыт өткесін Сәндібай ағам маған: Тлеуберген байқадың ба, Жанқабыл мақалада материалын меннен алып жаздым депті деді.
Мен, аға дұрыс қой, ол шынында да материалды сізден алды ғой, сіздің жасыңыз үлкен , біздің ең бастапқы мақсатымыз атамыздың атын шығару емес пе дедім. Ағам риза болып «Әй, інім ....»,-деп оң қолымен өзіне тартып құшақтағаны әлі есімде.
07.12.2010 жылы Жас алаш газетінде Баян Сәрсенбинаның тағы да атамыз туралы мақаласы шықты. Оған да алдындағыдай Сәндібай ағама көшірме берген болатынмын. Бір мекеменің бас есепшісі, принтер , ксерокс, қағаз қасымда, маған көшірме жасау қиын емес еді.
Оралдық жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қажығали Мұханбетқалиұлына да атамыз туралы деректерімізді жібергенмін. Оның (Тар кезең) «Тяжкие времена» деген кітабы шықты, Сырым Датұлы туралы. Ол кітаптада біздің атамыздың есімі бар.
Сонымен 08 октябрь 2010 жылы Шалқар қаласында митинг жасалып, көшемізді аштық, тойханада ас бердік, видеоға түсіріп, барлық адамдарға (туыстарға) тараттық . Қадір екеуміз жазған, жинастырған «Қазақай баба» деген кітапшамызды асқа келгендерге тараттық. Видео түсіргендер тек қана бір дана беріп кетті.100 шақты данасы керек еді.Оны менің балам Қоңыратбаев Әмірхан тегін жасап берді.Тек диск,қағаз,бояу алып бердік.
Ақтөбеден көше алу тоқтап қалды, көшеге ат беруге мараторий жарияланды.
Енді Қадір ағамның айтуымен шежіре жазуға кірістім. 90% керекті Қадір ағамның қолжазбасынан алдым. 2-3 күнде компьютермен алғы нұсқасын істеп тастадым, схема түрінде .
Сол нұсқаның тек қана 2 экземплярын түсірдім. 1 данасын інім Бердімұратов Әнуарбекке бердім, біреуі өзімде.
Шежіре жаза бастағанда ойым бөлінді. Қазақай ұрпағы екіге бөлініп тұр ғой, Қазы және Ахмет болып. Неге мен бұларды бөлуім керек, неге бәріміз тек Қазақай ұрпағы болмаймыз деп. 1995 жылы Шалқар газетінде атамыз туралы мақала жазылғаннан кейін, Қазақайдың тағыда Әжімұрат деген баласы бар деген әңгіме шықты. Оған Арғын ағамыз, Қазақайда екі ғана бала болған, Әжімұрат ағасынын баласы болу керек деп жауап берді. «Әттеген ай»-дедім. Бәрімізде 100% білмейміз ғой, мүмкін шынында баласы шығар.
«Әттеген ай»-деуіме менің институтты Ташкент қаласында оқуымның әсері еді. Өзбектер кез келген ұлтты мен өзбекпін десе, сен өзбексін деп бауырына тартады. Негр болсаң да. Өзбекте ру жоқ, Арыдан ойлайды, біз сияқты кеудеден итермейді . Себебі 2-3 атадан кейін олар шынымен өзбек болып кетеді. Сол әдетімен баяғыда Ташкент қаласы тартысқа түскенде, тәжікті де, қазақты да өзбек деп жазып жіберіп , біз көппіз деп Ташкент өзбектерде қалып қойған. Қазақтар Ташкенттен айрылып қалған. Одан басқа Өзбекстанда сол кездері Урал Тансықбаев деген атақты суретшісінің көрмесіне музейге барғанмын. Өзбектер қатты силайды. Аты жөні қазақ сияқты дегенмін де қойғанмын. Кейін, СССР тарағаннан кейін оның қазақ екені анықталды. Шерхан Мұртаза арнайы журналисін жіберіп, анықтап қайтты. Қазақстанға тартып еді, ол келмеді.
Одан басқа Ташкенттің ортасында өте әдемі аудан болды. Сабыр Рахимов ауданы.Өзбектен шыққан, Шығыстан шыққан, 41 жылғы соғыстағы тұңғыш генерал. Өзбектер ол туралы үлкен фильм түсірді. Ескерткіш орнатты. Мақтан тұтты.Совет Одағының батыры.Ташкенттен ары-бері қатынағанда поездағы қазақ шалдары Сабыр өзбек емес, қазақ деп қақсайтын еді. Бөлінгеннен кейін қазақтар қоймағасын өзбектер оның қазақ екнін мойындады. Сабыр Рахимовтың аты алынып тасталды. Ескерткішін де жоқ қылды. Жириновский айқай шығарды, Өзбектер ұлы отан соғысының батырларын силамай жатыр деп.
Ал енді сол Сабыр Рахимовты Қазақстанда білетін адам көп пе? Оған Астанадан ескерткіш орнатты ма? Аудан берілді ме? Оның шешесі өзбек, әкесі қазақ, бірақ нағашыларының қолында өскен екен.
Одан басқа да біздің қазақта да соған ұқсас бар екен. 70 жылдары жұмыспен Ганюшкина деген жерге барғанымын, Атырау жақта. Сонда поезда келе жатқан бір шал мынадай әнгіме айтқан.
Байдың жылқышысы болыпты. Байдың бірнеше әйелі болады екен де, бай өзінің ең кіші тоқалын қолында қалдырады екен да, қалғанын жалшыларымен, жылқышыларымен бөлек шығарады екен. Өзі 2-3 айда бір соғады екен, ал әйелдері қарап жатпай көңілдес тауып алып, балаларын туа береді екен. Бірақ әйелдері тапқан барлық балалар байдың балалары болып саналады, еншісін алады.
Бірді айтып, бірге кеттім білем . Сонымен шежіренің бастапқы данасын Әнуарбек інім Нәлібай ағама беріпті. Ол маған менің шежірем дұрыс болмай қалыпты деді. Аға білем, сол үшін беріп отырмын, әлі талай түзетеміз дедім.
Екінші жағынан «Қазақай баба» деп жазған кітабымызда, баспа бір ініміздің атын дұрыс баспай кетіп, біраз сөз естігенмін.
Әрі – бері ойланып Қадір ағама, шежірені жазбайтынымды, Қазақай ұрпағын бөлгім келмейтінін айттым.
2015 жылы Ақтөбеге көшіп келдім. Мороторий аяқталған сияқты , Бибітәлі ағаммен қайта-қайта хабарласып отырдым. Сәндібай ағамыз қайтыс болғасын, Ақтобедегі істің мән-жайын білетін тек қана Бибітәлі еді.
2016 жылы май айында Бибітәлі ағам маған хабарласып, Батыс -2 ауданына бар, көше беру туралы жиналыс (сход) болады деді.
Машинам бұзылып жатыр еді, автобуспен тездеп жеттім. Барсам 30 шақты адам жиналыпты, ноғайлардан таныс ешкімді көре алмадым. Жарты сағаттан кейін мәслихаттан, әкімдіктен адамдар келіп, жиналысты бастады. Екі көше береміз, біреуі Пангереев Шамаға, екіншісі Қазақай Ахун атына, - деді.
Біреуі дұрыс көше екен де, екіншісі тұйық көше екен.
Жұрт шулап қоя берді, дұрыс көшені Пангереевке беру керек деп. Қазақай ұрпағынан ешкім жоқ екен, олар шулап болғасын мен атам жайлы айта бастадым, Шынтасова С. мені өзінің соткасына түсіріп тұрды. Мен сөйлеп болғасын, сол көшенің тұрғыны, бір үлкен кісі мені жақтады. Басқалары қайта шулады. Мен қайтадан атамыз туралы айттым. Жалғыз өзім. Қазақта «торғайдай болып шырылдап, топқада түсті бір басым» дегенге ұқсайтын күн кештім. Мәслихаттың, әкімдіктің адамдары біздерді қойдырып, өзіміз шешеміз деп тарқасты. Бәрі тарай бастағанда қайтадан Шынтасова С. барып айта бастап едім, ол өзінің Қазақай атамыз туралы бәрін де білетінін, З.Байдосовтың кітабын оқығанын айтты.
Одан кейін солармен бірге келген депутат Алипов Серікке барып , атамыз туралы біраз дерек бердім. Жұрт тарап бара жатқанда Мұратбек ініміздің машинасымен Бибітәлі де келіп жетті. Мен жән-жайды түсіндірдім де, екінші тұйық көшені көріп кетейік деп шештік. Ол да жаман көше емес екен, асфальтталған , тек тұйықтығы болмаса.
Не де болса, болары болар деп тарастық. Сонымен 2016 жылы декабрь айында атамызға сұраған көшемізді алдық, ол қағаз бізге кештеу январь айында тиді.
Көңіл тынышталды. Бұрын тек қана ауызша айтылып жүрген атамыздың аты қағазға түсті, бірнеше кітаптарда аты аталды, газеттерге жазылды, интернетке шығардым, басын қарайттық, Шалқардан, Ақтөбеден көше аттарын алдық. Атамыздың аты обылыс денгейіне шықты.
Атамыздың атын , Қазақ тарихына еңгіздік. Татар, башқұрт,дағыстан тарихында бұрыннан бар болатын,интернетке жазып жатқан солар ғой.
20 жылдан астам уақыт істеген Арғын ағамыз бастаған, Қадір, Теңізбай , Оразғали, Нәлібай, Сәндібай, Көшербай, Шеріп ағаларымыз жалғастырған, Омархан, Жолдасбек, Жеңісбай, Жұмажан, Дәулетжан, Болат інілеріміз қолдаған ісіміз абыроймен аяқталуға таяу. Атамыздың басына менімен бірге іздеп барып, тапқан, ер адамның орнында жүретін, ер адамның ісін істейтін Гүлжахан келінімді ұмытып кетіп бара жатырмын.
Тағыда біреулердің атын ұмытып кетсем кешірім өтінемін. Айтпақшы Сара апай, Серік, Райымбек інім , Әмірхан, Еділхан балаларым.
Бірақ... Осы бірақ менің осы бар айтқандарымды жаздырды, манағы айтам деген екінші себебімді айтатын уақыт жеткен сияқты. Жалғастырайын.Атамызға көше беру туралы хабарды, қыста Роза апамыздың үйінде отырғанда Бибіталы газеттен көшірмесін әкелді. Сол жерде отырып садақа жасаймыз, шежіре жазамыз, көшенің басына белгі қоюымыз керек деп келістік. Бибітәлі шежіре жазу туралы әңгімені бұрында қозғап, біздің Қадір екеуміз жазған кітапшамызға өзінің білгендерін қосып жазып соавтор (өзінің аузынан шыққан сөз), болайын, деген. Мен келісімімді бердім, сен жаз, менде атамыз туралы басқа тың деректер бар, мен де соларды қосармын дедім.
Шежіре 3 бөліктен тұру керек деп шештік. Бірінші атамыз туралы барлық білетін деректеріміз. Екінші бөлім, шежіренің өзі, кім кімнен шықты, қалай дамыды, аталарымыз, өзіміз, балаларымыз, немерелеріміз, болса шөберелереміз. Үшінші бөлім суреттен тұру керек, оны мен айттым, шежірені жұрттың бәрі шығарып жатыр, біз азбыз, суретпен шығарайық деп. Суретті де солай, аталарымыз, өзіміз жұбымызбен, отау құрған балалар өз жанұяларымен.
Сонымен Бибітәлімен солай келісіп тарастық. Айлар өтіп жатыр. Бибітәлімен сөйлесіп қоям. Жазып жатырмын дейді. Маған екінші бөлім- шежіресі керек емес, атам туралы деректерді жазғым келіп жүр. Тағы бір қоңырау шалғанымда , тағыда жазып жатырмын деді. Ашуландым, кейідім, осынша уақыт не жазып жатырсын, дайын материал, тек бірнеше бет қоссақ болды ғой. Ағамның ниеті дұрыс емес сияқты.
Содан 10 шақты күн өткесін, мектепте басымыз қосылғанда, мен тағы да сұрап едім, ағам сендер атамыз туралы деректерді интернеттен алып жаздыңдар, мен де содан жазып жатырын деді. Үйге келгеннен кейін Бибітәлі қоңырау шалды, әңгіменің тікесін айтты, өзін бәрін жазам, жұмысың болмасын, сендер ойдан ештеңе жазған жоқсыңдар, бәрі интернетте бар деді.
Ай, ағай ай, баяғыдан бері айталмай жүргенің осы ма еді, жұмыртқа басып жатқан тауықтай үрпиіп, қасыңа жолатпай. Сонда қалай болғаны , сол интернеттегі, газеттегі мақалаларды 20 жылдан бері жинап, жинақтап, осыдан 7 жыл бұрын кітапша қылып шығарып отырған, интернетке салған, сол материалдарды басқаларға беріп, мақалалар жазғызып кітаптарға енгіздірген сіз емес қой.
Айтпақшы, Дағыстандағы Ноғай бірлігі, Ногайцы в Исламе дегендермен де хабарластым, өзімнің жазғандарымды бердім. Олар атамыз туралы жазамыз деп еді, хабар болмай отыр.
Сосын , атамыздың садақа – асын беру туралы, бірнеше рет кездескенбіз. Сонда Бибітәлі бәрін таниды екен де, мен олардың 95% танымаймын, олар мені танымайды, енді шежірені Бибітәлі өзінің атынан шығармақшы. Сонда баяғыдан бергі біздің істеген істеріміз далаға қалады екен де, бәрін істеген өзі болып қалады екен. Себебі ол адамдар біздің не істегенімізді білмейді ғой.
Аға, сіз өткен бір сөзіңізде Ақтөбеден көше алған мен деп айтып қалдыңыз. Сіз Ақтөбеге, Шалқарға комиссияга хат дайындадыңыз ба, атамыз туралы барлық деректерді таныстырып ? Жоқ. Газеттерге, кітаптаға атамыздың атын қалдыруға еңбегіңіз сіңді ме? Жоқ. Сіздің еңбегіңіз, 2010 жылы Ақтөбеде тұратын туыстардан ақша жинадыңыз. Одан кейін Сәндібай ағам қайтыс болғасын бірнеше жылдан соң, көшеге ат беру мароториі өткен соң, қайта-қайта мәслихатпен хабарласып тұрдыңыз. Қазір кім-кімнен тарады – деген шежірені жинақтаудасыз. Ол таза сөздің еңбегіңіз – 50% , қалғаны басқалардың , себебі біз бар білгенімізді жан-жақтан сізге құйып жатырмыз.
Шежіре 3 бөлімнен тұрады дедіміз ғой, менің ойымша бастысы кім кімнен тарады емес, атамыз туралы деректер. Сондықтан шежіре Қадір ағай, сіз, және менің атымнан шығу керек еді. Бәріміздің илеп жатқанымыз бір терінің пұшпағы емес пе? Біз Қадір аға, мен осы теріні 20 жылдан бері илеп келеміз ғой. Сіз «соавтор» болып мен де қатысайын деп келдіңіз де бізді итеріп тастап отырсыз.
Аға ойланыңыз. Біз екеуміздің жасымыз 70-ке келіп қалды. Қадір ағамыз 80 де. Енді қанша өмір бар екенін тек бір Алла біледі. Кейінгі ұрпақтан ұят болады ау. Пендешілігіңіз шығар, бәріміз де пендеміз, кемшіліксіз емеспіз. Жақсы адам деген кемшіліксіз адам емес, кемшіліктен жақсылығы көп адам деген бар ғой. Ал енді өз дегеніңізден қайтпасаңыз, қолыңыздан қаламыңызды тартып ала алмаймыз ғой.
Іске сәт Бибітәлі аға! Ниетің түзу болсын ! Аллам ниетіне берсін! Шежіреңді жаз,ал мен осы жазғанымды екі дана қылып шығарып,сол шежіренің басқы және соңғы бетіне желімдеп қоямын.
Қоңыратбаев Тлеуберген Тлеужанұлы
Май 2017жыл.
Бибиталы,САГИТАЛИН
KUHTLEU1@MAIL.RU
11-02-17 14:35
Шежіре кітап шығару үшін Қазақай ахун,Әжімұрат,Ырсай ұрпақтарына мына телефонға хабарласулары сүралады 87026656709,87717838605,87132402740.
Тлеуберген
kuntleu1@mail.ru
15-01-17 12:03
Еламанга! Оны кандай деректерден алдын?
Еламан
15-01-17 04:11
Қазақай баба манғыт екен...
Тлеуберген
kuntleu1@mail.ru
11-01-17 09:56
Агалейкумассалам! Хабарлас. 8 777 691 71 77 немесе 8 707 791 71 77
Нариман
10-01-17 17:11
Ассалаумағалейкум Тілеуберген аға!
Рахмет.
Тлеуберген
kuntleu1@mail.ru
08-01-17 10:31
Нариманга! Ия, Алматыда ногайлар бар. 8701 730 12 40 Аяпберген
Нариман
05-01-17 13:13
Қазақай ахунның Алматыда ұрпақтары бар ма?
Ногай
09-10-15 02:34
Алла Сизге узын яш бергей!
Daniyar Almaty
18-10-10 21:51
Тлеуберген ага, сизге биздин ортак ата-бабаларымыз туралы айтып бергениниз ушин улкен рахмет! Мен сизден тагыда кобирек тарихи мазмун кутемин.

Тлеуберген
kuntleu1@mail.ru
09-10-10 21:49
2010 жылы қазан айының 8 күні Шалқар қаласынан Қазақай атамызға көше алыуымызға байланысты ас бердік, осы материалдарды кітапша етіп бастырып халыққа тараттық. Ондағы мақсатымыз әуелі Қазақай ұрпақтары, сосын басқаларды да таныстырып, атамыздың атын жаңғырту еді. Қазақай ұрпақтары қазір ҚАЗАҚпыз, оның ішінде Шекті, Қабақтың ноғайымыз. Атамыз туралы тағы да деректер болса күтеміз. Нұрым ақынның, Сабыржан жыраудың, Мұрын жыраудың ұрпақтары бар ма? Сіздер не айтасыздар?



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов