Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Арғын - Тарақты


Авторы Xабарлама
Еркежан
erke.mail.ru@mail.ru
10-01-11 15:56
АРҒЫН - ТАРАҚТЫ - МАРҒҰЛ - ЖАҚЫП - ТАНА - НАМАЗ - ЖАНКІСІ - МАМЫРБАЙ - ТӨЛЕПБАЙ - НОҒАЙ (НҮСІП) - КӨКЕН (АХМЕТЖАН) - АҚАН. Бұл сіздерге көмегін тигізсе, өте қуаныштымын.

Авторы Жауап
Ляззат
Lady.lyazka@inbox.ru
28-07-17 19:51
Салеметсиздер ма? Сен аргын тарақты екенімді ғана білемін. Атам Мырзабай одан Мырзабек одан Есімбек басқа ешқандай мағлұмат білмеймін. Көмектесініздерші жеті атамды білгім келеді.
Жасулан
jasik.91@mail.ru
08-03-17 08:31
Сәлем туысқандар! руым тарақты әкем айтуы бойынша сары тарақтымын,бірақ толық қанағаттандырмайды бұл жауап көмектессеңіздер екен!есімім Жасұлан тегім Түсіпбаев вацап нөмерім 87058296998 құрметті кыз-келіншектер сіздерді 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
РYСТЕМге
15-11-15 23:05
Рустем сен табын емессiн ба?
Жулдыз
zhuldyz-zhamal@mail.ru
15-11-15 07:24
Менің руым Қанай екенін білем. Бірақ оның орта жуз, арғыннан тарағанын осы жақында білдім. Қанайдың Арғыннан шыққанын интернеттен қарап білдім. Орта жүзден екені рас екен оны інім растады. Мен осы уақытқа дейін ұлы жүзден деп айтып жүрдім. Қанайлар барма?
рустем
ihsanov_86@mail.ru
26-02-15 13:59
Ассалаумагалейкум менде Тарактымын онын ишинде Асандаулет, Жылкышы, Кулатай, Байгазы, Ебес, Малак, Елшибай, Мусабай, Башен, Кожа, Иса, Ихсан, Жанаберген,
Асель Баилова
Асель.Баилова vk.com
15-02-15 18:16
мен Корғалжын өңірі Аріықтыданмын руым тінәлі руластарымды шежіремді білгім келеді
Қазбек Дінмұхамед
dima_04898@mail.ru
17-01-15 17:01
Қалайсыңдар ТАРАҚТЫ достарым , мен де осы керемет рудың жігітімін. Достар сендерге айтарым, әргімнің айтқанына анық көз жеткізбейінше сене бермесендер. Қанша дегенмен өз руларын емес пе... Ия ТАРАҚТЫЛАР Ноқта ағасы болған, бас қосылған жерде бата береті жан болған. Сондықтан өз руымызды оқып білгеніміз жөн болады. Мен де САРЫ ТАРАҚТЫмын. Киелі Түркістан қаласынанмын. Аман болыңдар!
Акзер
sunny.akzer@mail.ru
14-01-15 11:07
Актобеден Салем! Мен Тарақты Табын Қадірбек, туган жерим Актобе облысы, Хобда ауданы (бурынгы Исатай ауданы), Акырып ауылы.
ТАҢІРШІН Данияр ШЕЖІРЕШІ
data1972@mail.ru
08-12-14 12:59
Ляззат Арғыннын ішінде досымарғын деген ру бар ма? деген сурағыңа жауап Қазақ айтса бар.
ТАҢІРШІН Данияр ШЕЖІРЕШІ
data1972@mail.ru
08-12-14 12:16
Серик
baida_65@mail.ru
Ұлы жүздің Жалайр ЕЛІ Қазақтың- бел бала, ноқта аға, бидесі.Көш бастаушы.Таңбасы- ТАРАҚ .Шыңқысқан Жалайыр Елі, Андас руы, Бөріжегін -Қият атадан тарайды. Тарақты орта жүздің ноқта ағасы ,көшбастаушысы .Жалайр елі ,ТараҚты Елі мен Төре теле де -ТАРАҚ ТАҢБАЛЫ.
ТАҢІРШІН Данияр ШЕЖІРЕШІ
data@mail.ru
08-12-14 08:48
Айтжан осындай аңыз әнгімелер көп бірақ олар ақиқатқа акелмейді.ҚАЗАҚ ҰЛЫ ҰЛТ, ӨМІР БОЙЫ ТЕГІН ІЗДЕГЕН ,АҚТЫ ҚАЗҒАН. Егер қызық болса Т Бейсенбиновтың АҚИҚАТ атты кітабін сатып алып оқыңыз .Қазақ шежірені толық білген . біліп қана қоймай таңбалап кеткен.Ал ШЕЖІРЕ ғылым тілінде ГЕНЕТИКА болып аударылады. Сондықтан БАРЛЫҚ АЙТЫЛЫП ЖҮРГЕН СӨЗДЕР ҰЛТ,ҰЛЫ ЖҮЗ,ОРТА ЖҮЗ ,КІШІ ЖҮЗ, ҚЫРЫҚ ЖҮЗ . МЫҢ ЖҮЗ,ЕЛ,ТЕЛЕ,РУ,АТА,ЖЕТІ АТА,ТОЛТЕК,БАБА,САҚ,ГУН,ҚҰН, НҰҚ,ПЕШЕНЕК, ТАМЫР,ТҰҒИАН ,ТҮП ТҰҒИАН,АҚ.САҚА, тб генетикаға толық қатысы бар.
ТАҢІРШІН Данияр ШЕЖІРЕШІ
data@mail.ru
08-12-14 08:30
Жамал Мартаева Арғын ЕЛІНДЕ Қырғыз деген ру бар .Көбінесе олар Қарқаралы мен Қарағайлы аудандарында Қаракесек руы шоғырланған жерде тұрады сондықтан оларды Қаракесек руына жатқызып жүр бірақ олай емес.АРҒЫН ЕЛІНДЕ ҚАРАКЕСЕК ПЕН ҚЫРҒЫЗ БӨЛЕК РУ.ҚЫРҒЫЗ РУЫ МЕН ҚЫРҒЫЗ АТАЛАР БАСҚА ЕЛДЕРДЕ ДЕ БАР.МЫСАЛЫ УЛЫ ЖҮЗДІҢ ДУЛАТ ЕЛІНДЕ ДЕ ҚЫРҒЫЗ БАР.
ТАҢІРШІН Данияр ШЕЖІРЕШІ
data@mail.ru
08-12-14 08:22
ТАҒЫ БІР АЙТА КЕТЕТІН ЖАЙ,АРҒЫН ЕЛІНІҢ БОЛАТҚОЖА РУЫНЫҢ ІШІНДЕ ТАРАҚТЫ АТА БАР СОДАН КӨБІСІ АРҒЫН ТАРАҚТЫ ДЕП АЙТЫП ЖҮР. ШЕЖІРЕНІ ТҮСІНУ ҮШІН АРҒЫН ЕЛІНІҢ ТАРАҚТЫ АТАСЫ МЕН ТАРАҚТЫ ЕЛІ ЕКІ ТҮСІНІК.
Бахытбек
marketing62@mail.ru
12-11-14 04:41
Мен тарақтының Сары атасынан боламын. Қызылорда облысы, Шиелі қонысында туып, өстік. Білетінім тарақты 12 атадан тұрады: есіме түскені Сары, Жәші, Әлі, Қыдыр, Апай, Тоқтауыл, Әлеуке, Көгедей, Қосанақ, Алакөз, Шәуке және бір атамыздың ұрпақтары тағы бар.
Жамал Мартаева
jamalamir@mail.ru
03-11-14 09:05
Менин жолдасымнын Юрий (Бекболат) руы -аргын-каракесек-кыргыз деп естидим, бырак онын дурыс екенин билмеймин. Атамнын туган жери- Кокшетау-Таиншы деген жерден екен, атамнын аты Карабек Мартаев, билетин кисилер барма екен? Балама жети аталарынын шежиресин табуга комектесеин деп жазып отырмын.
Айтжан
27-10-14 09:28
Серік сенің айтқаның дұрыс шығар себебі тарақты деген ру, - арғынның қызы біреуден екі қабат болып қалады екен содан соң кім екенін айтпаған. Ол заманда киіз үйде тұратын заманда арғынның үйіне қонаққа біреу келсе ол қыз есіктің алдына шығып шашын алдына қарай жайып тарап отырады екен бетін көрсетпей себебі бет жоққой. Содан қыздан туылған баланы тарақты деп атап кеткен. Сөйтсек ол Жалайырдын баласы мекен ұятсыз оңбаған десе. Негізі тарақтыны шежіреге кіргізбеу керек еді.
Ляззат
25-06-14 21:31
Саламатсыздар ма! Арғыннын ішінде досымарғын деген ру бар ма
Серик
baida_65@mail.ru
19-06-14 21:32
Казыбек бектин китабында, таракты Жалайырдын немереси,ал Шынгыс хан 25 урпагы деп жазган.
Еркебулан
Абназаров Еркебулан vk.com
19-06-14 13:38
vk da bolsandar kosindar

Еркебулан
erke11111@mail.ru
19-06-14 13:34
иә иә ТАРАҚТЫ ЛАР АЛҒА ЖӘЙШІ ТАРАКТЫДАН КІМ БАР???
87025681882 ОБШ ЕТИК
Аккумис
13-06-14 23:08
тарактыны табыннан изде табыннын арбир тиреси бар
Нұрболат Қабдырахманов
nurbolat__k@mail.ru
07-06-14 16:30
Әлі-Жанту-Атан-Әлмәнбет-Тінәлі-Қонысбай-Кешу-Текебай-Қалмақбай-Рақымжан-Ғабдолла-Қабдырахман-Манатай-Нұрболат.
Серик
baida_65@mail.ru
12-04-14 00:23
Таракты,казактарды карапты
Данияр Шежіреші
data1972@mail.ru
21-02-14 07:22
Құрметті ағайын !Сіздерге кішкене түсіндіре кетейін. Қазақ деген -ұлттың есімі ,ол 20- ел 3-теледен сомдалып тұтасқан. Ұлы жүз 10 елден ,Орта жүз 7 елден ,кіші жүз 3 елден тұрады.ҚАЗАҚ Ұлы жүзді- ҮЙСІН дейді,Орта жүзді-АРҚЫЙ дейді,Кіші жүзді -ҮШ ҚАН деп атаған.Тарақты Елі Орта жүздің -НОҚТА АҒАСЫ екенін барлық Қазақ біледі. ал Орта жүздің бабасы АРҚЫЙ деп жоғарыда жаздым ,АРҚЫЙ мен Арғын елін шатастырып ТАРАҚТЫ елі АРҒЫННЫҢ ішінде немесе ағасы деп адасуда.
Тамкен
20-02-14 20:38
НҰРБОЛҒА!\"Тарақты қалай Арғын болады, түсінсем бұйырмасын. Босағада отырып қалған қыздан туған дейді, іште келген дейді, әйтеу Арғын емес екені анық..\" -деп жазған Нұрбол деген мақұлыққа айтарым: басқаның бабасын қорлап: \"іште келген\", \"қыздан туды\", \"кірме\", т.б. сияқты айту - ең пасық, ең арам және шата адамның қылығы. Шата деген ойнастықтан некесіз туған, тексіз адамды айтады Ондай адамдар арам ойлы болып тек елді бұзуды, жамандық жасауды, өзгелерді мұқатып, қорлауды ғана ойлайды Сені және сен сияқты арамзалардың жазасын Алла берсін, әруақ атсын!
Асан Керимбеков Амантай улы
777kz81@mail.ru
20-02-14 18:31
мен Туркістаннанмын руым Тарақты Қыдыр Қаржау Есенкелді Сутемген Наймантай Жанқара Сары Қарауыл Шілменбет би Керімбек Амантай Асанмын бауырларыммен танысқаныма қуаныштымын
НҰРБОЛ
nurbol_neo@mail.ru
20-02-14 16:38
Тарақты қалай Арғын болады, түсінсем бұйырмасын. Босағада отырып қалған қыздан туған дейді, іште келген дейді, әйтеу Арғын емес екені анықү
Асан Керимбеков Амантай улы
777kz81@mail.ru
20-02-14 16:28
Ассалаумағалейкум Тарақтыға тіл тигізбендер !!! атак порву....
Казыбек
kaza_07_99@mail.ru
17-12-13 14:32
ТАРАКТЫларга респект ал кыздарына салем)) Таракты хан урпагы соны билемин сондыктан ТАРАКТЫ рулит как всегда. Маган дружба тастандарш туыскандар))
Қамали
Kamal_uly@bk
02-11-13 18:20
Тарақты Арғын емес екені анық! Кім екені белгісіз.Тарихта, ауызша шежіреде алып қашпа әңгіме өте көп.
Шугыла
shuka_i91_92@mail.ru
29-10-13 11:38
Тарақты Аргыннын жиени деп окыдым


дильназ
ms.alimhanova@mail.ru
21-10-13 10:02
менин руым таракты,сендер кай жерденсиндер

Нурислам
Nuri97.97@mail.ru
13-10-13 09:03
Менде ТАРАКТЫМЫН онын ишиндеги САРЫ ))))
Абзал
04-10-13 19:33
ооооо ылги туыстар жиналыпты гои мен де Аргынмын онын ишинде ТАРАКТЫ
Жасулан
zhassulan1976@mail.ru
16-09-13 21:26
Мен тарактымын, бир окиништиси совет заманынын салдарынан аргы 4 атамды гана билемин, шежиреден таба аламын ба? Талдыкорган (алматы) облысы, Аксу ауданынанбыз, аргы аталарымыз алматы облысы талгар ауданы, ал шыккан жеримиз акмола облысы атбасарданбыз деседи. кайдан издеуге болады?
Бибижамал (Бибка)
Бибка Максутовна ( vk.com)
15-09-13 15:27
Салем тарактылар кауымына! Менде тарактымын (жаши) к-орда каласынан бирак астанада турамын! Агалы карындаса апалы синили болып араласуга карсы емеспин!

Аманғали
baibek_a@mail.ru
25-08-13 08:34
Нұрлан
yessengazy@mail.ru
06-06-13 21:50
Арғынға Тарақтының да, Тобықтының да қатысы жоқ, айналдырып осы екі руды тыққылай береді екен. Тобықты Найман елінен ақ тобықты аттың бәйгесіне келген, ал Тарақты босағада отырған қыздан туған, әкесі кім екенін бір құдай біледі..
-----
Нұрлан! Қандай дерек көздері бар?
Баймолдина Гүлнар
gulnar.1965@mail.ru
24-08-13 15:44
Менің әкем Баймолдин Ашықбай жас кезінде Семей қаласында тұрған. Сол жақта отбасы болғанда 3 баласы қалған аттары Баймолдина Күләш, Күләндаларды көргім келеді
Досбол
dosbol_alsherov@mail.ru
21-08-13 21:12
Тарактыларга салем!!! Мен озим Кызылорда обл.Сырдария ауд.Теренозек кентінде турамын,Тарактының сарысы боламын, Есимим Досбол 1981 жылы туылганмын. Жогарыдагы айтылгандардын кобисин билмейди екенбиз.сол себепти рулас бауырлармен жакын араласып хабарласып турайык. 87029227036,87059510245, хат жазындар. Ынгайы келсе таракты руынын туын жане танбасын коргим келеди.
Hазира
13-08-13 15:47
Менде Тарактымын жанеде Таракты болганыма куанамын!!!!!МЕН ТАРАКТЫНЫН ИШИНДЕ КОГЕДЕЙМН ОЛАР ОРТАЛЫК КАЗАКСТАНДА КОП АСИРЕСЕ КАРАГАНДЫ ЖАКТА)))))
Кызгалдак
kyzgaldak87@mail.ru
30-07-13 08:48
Тарактылар салем!!!! мен таракты урпагынан шыкканыма оте куанамын....

Нурлыбек гр.
nurlybek_zakenov@mail.ru
28-06-13 20:26
Мен озiмнiн Таракты екенiмдi кейiннен бiлдiм,онын оз себебi бар.Оздерiн коп екенсiндер гой?!!Бас косып жиналатын болсандар,менi умытпандар.

Алайдар
Laurit_89@mail.ru
15-06-13 20:10
Мен Кызылорда обл,Шиели ауд,Енбекши ауылынанмын. биздин ауылда 350 уй тарактылар бар,жалпы аудан бойынша Тарактылар саны оте коп,Казир Алматыда турамын.1981 жылы туылганмын. .Жакында Алматылык тарактылар 08 06 2013 тауда ас бердик.жан-жактан жиналды 200 адамдай болдык.жогарыда айтылгандардын кобине косыламын,ал адасып жургендерине айтарым маган хабарласындар.8 701 740 01 87. 8 777 740 01 87. Жалпы мен казакпын,тегимди,туыскандарымды билгим келеди,деген тарактылар араласайык. ТАРАКТЫЛАР ЖИНАЛЫНДАР озимизде коп емеспиз.Таракты байбишенин ен кенже баласы,жасы киши болганмен жолы улкен,еш кандай кыздан туылмаган.Озинин жеке танбасы бар.
Нұрлан
yessengazy@mail.ru
06-06-13 21:50
Арғынға Тарақтының да, Тобықтының да қатысы жоқ, айналдырып осы екі руды тыққылай береді екен. Тобықты Найман елінен ақ тобықты аттың бәйгесіне келген, ал Тарақты босағада отырған қыздан туған, әкесі кім екенін бір құдай біледі..
Нұртас Жұма Бек
nurtas-86-86@mail.ru
04-06-13 01:55
.Ассалаумаалейкум қаны бір қазагым жаныбір жақындар.Мен Тарақты Апайымын 1Мақсат 2Барлыбай 3Жұмабек 4Бүркітбай 5Қожан 6Сыздық 7Бек 8Еркебулан(батыр)дан тараймын .Оскен өңірім Яхуда Амандықов атамыз шыққан Қасиетті әзіреттқаратаудың дегі сырлы Созақтанмын,Олжас бауырымнын дайек далелдеріне соқыр надан адамның өзі мойынұсынуы хақ риызашылығым шексіз.Топырағың торқа болғыр Ақселеу атамызда бул Тарақты шежиреси жайлы аз айтпағаны белгілі,Мінекей іле шала Яһуда атамыздын кітабы сан сұраққа нақты жауап бола білді.Анау елдің шежіресін уиде жатып шемішкедей шаққыштарға айтарым,Өзіміз қазақ болғансоң коп емес азақ болған соң нақты бағытсыз қазан ошақтың басындагы әнгімені қойғанымыз жөнғой.Тарақты көне және ұлы рулы ел Байқозы бабамыз Абылайдың туын көтерген кеңесшісі болғаны ақиқат.Ол ту президент мұражайында сақтаулы тұр.Айтқышбектердіңшпікірінше Тарақты арғынға жиен сонда жиеніне билікті ұстасап арғындар қырылып қалғанба ол заманда.Жоқ Қазақта жиен ел болмас желке ас болмас деген мақал ықылым заманнан бар.жесірін жетімін жылатпаған ел болсақта жиенді атқаотырғызсақта таққа отырғызу жаилы ғұрыәп болмаған біздің елде.Недесеңіздерде Орта жуздің ноқта ағасы болған бұл Тарақты ұранымыз Жауқашар таңбамыз ақсүйектердің таңбасындай хандар киген тәжі тарлздес үш тісті тарақ таріздес... Алға қазақ
Келді ғажап Өтті азап бәріде,
Жузге тартып.
Өкпе артыап
Болма мазақ бәріне ...
Курмет
kurmet_93.03
18-05-13 12:05
тарқты бөлек ру арғында бөлек.екеуінің бір-біріне қатысы жоқ
Жанерке
11011996-vih@inbox.ru
29-04-13 17:27
Cалем тарактылар!Мен сарысымын.Семей каласынанмын.Тарактылар Озбектерден кашып келди деге рас па?!
Фарида
87771415903
14-01-13 18:59
Олжас дұрыс айтады ол мақаланы мен де оқығам және соған сенемін қалғандарын өтірік айтпандар биз ешқандайда кіші жүз емеспіз! Менін бір сұрағым бар "Көпсары" деген ру туралы естісеніздер маған сол туралы жазуларыңызды өтінемін және оның қайдан шыққаны қазіргі ұрпақтары туралы толық және нақты мәліметтер жазыңыздаршы өтініш тез арада сіздерден жауап күтемін!
Конырат
25-12-12 21:25
Таракты Коныраттын баласы,аргынга жиен деп айтылады.Шынгыс урпактарынын касында ар кашанда Коныраттын рулары журген акыл кенесші болып оны тарихты жаксы білетін адамдар айтпайак білетін шыгар.Мысалга Жалайырдын да Тамалардында Коныраттарга туыстыгы бар деген маліметтер бар.Жалайырлар оздерін Жандардан тараймыз дейді.Ал Жандар руы Конырат тайпасынын ага балдарынын бірі.Жалайыр,Таракты,Тама тайпалынын танбалары бірдей болу себебі Коныраттардын танбасын озгерту аркылы пайда болган.Коныраттардын босага П танбасынын ортасына бір сызыкша койу аркылы озгеріске ушыраган.Аргындагы каракесек кіші жуздегі каракесек рулары да Коныраттардын Босага П танбасымен танбаланган.Демек ол руда Коныраттан тараган .18- гасырга дей3н каракесектер Коныраттардын курамында болган.Кажыгалы руыда Коныраттанболініп шыканы тарихтан белгілі.Аргындагы торт аул руы козган рулары да коныраттан барып аргынга куштеп косылган. Торт аулдын бір биі Кулен козган,Кызыл тілде Коныратта Кулен озган деп атакты Шал акын жырына косып кеткен.Коныраттар 18- гасырга дей3н Каркаралы,Баянауыл мен Сыр аралыгында кошіп конып журген .Кейін хан Уалидін кысымына ушырап Сыр оніріне бір жолата кошіп кеткен,ал каракесек ,козган,торт аул рулары сол аркада калып кейін аргынга сінісіп кеткен.

каракалпак
кыпшак
25-12-12 21:17
Ассалауму Алейкум мен каракалпак Тараклы. Бизде каракалпак тараклыларлары 6 га болинеди:
- Тогызак
- Абас
-Жалтыршы
-Акункараган
-Такай
-Каржаубарас
Гүлдана
guldana_95.06@mail.ru
17-11-12 20:35
Тарақтылар Қазақстанның солтүстік аймақтарында көп тараған деседі... Мен өзім тарақтымын.
Надира
nadi_2011_1990
11-11-12 17:29
тарақтылар нағашылар салем баршаларыңызға
Токтар
tokhtar89@mail.ru
10-11-12 12:32
оттамаңдар! Таракты Аргыннан тарайды
АНАФИН
26-10-12 13:50
сары тарақтыдан ким бар
Олжас
solghas.@mail.ru
18-09-12 10:40
Көшіріп алғам ғаламтордан
Олжас
solghas.@mail.ru
18-09-12 10:35
– Қарақожаның бәйбішесінен Нұржан деген қыз, екінші әйелінен Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, үшінші әйелінен Керей, Уақ туады. Тарақты шежірелерінің сипаттауы бойынша, Нұржан қыздың ұзатылып барған адамы жаугершілікте қайтыс болады да, ол үйіне қайтып келіп отырғанда көптен бала көтермей кеткен анасы, яғни Қарақожаның бәйбішесі босанып, Тарақтыны туады… Қарақожа қартайып, дүниеден өткен соң оның шаңырағына ие болар сүт кенжесі Тарақты үлкен ағасы – Арғынның қолында тәрбиеленеді. Қария сөздерінде Тарақтының есейе келе бүкіл Орта жүзге «Ноқта ағасы» атануының қисыны да осында, яғни оның әрі кенже, әрі бәйбіше баласы болуынан деп түсіндіріледі.
Бұл топшылаудың тарихи шындыққа сай келетініне дәлелдер баршылық. Ауызекі айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан шежіренің бізге жеткен сілемі әлі бұғанасы қатпаған жас Тарақтының ағасының қамқорлығында, апасының тәрбиесімен ержеткенін баяндайды. Амал не, осы ақиқатты бұрмалаушылар нақты жағдайды білмейтінін, көбіне «дейді екенге» әуестенетінін байқатады. Біреулер Тарақтыны «Арғынның баласы» десе, Қазақ совет энциклопедиясында «қыздан туған жиен» деп шатастырады. Мұны айтушылардың ел тарихынан хабары шамалы ма дейміз. Әйтпесе, қазақ жиенін қанша жақсы көрсе де ел басқартқан емес. Бір тайпаның билік тізгінін жиенге ұстату деген әдет-ғұрыпта атымен жоқ. Бұған қосарымыз: жол-жоралғыда топ бастау, билер пәтуәға келе алмаған үлкен дау-дамайда кесімді шешім айту, тек «Ноқта ағасының» құзырлы да мәртебелі борышы саналған. Міне, осы тиянақты уәжге тоқтамау ағайынды көре алмайтындардың құр сандырағы демеске амал жоқ.
Сонымен ел жадындағы ежелгі тарихқа жүгінсек, Қарақожаның шаңырағы кенжесі Тарақтыда қалады. Ол жолы үлкен мұрагер. Осы себептен Тарақты бүкіл Арғынның (бұл Орта жүздің жиынтық аты) «Ноқта ағасы» болып саналады. Билік айту да, сыбаға алу да соның жолы. Басқа Орта жүз оған әрқашан да құрметпен қарайды. Осы қағиданың Сарыарқа төрінде бұлжымай сақталып келе жатқанына қазақтың тарихы куә, елдің ата дәстүріне адалдығы куә десек, артық айтқандық емес.
Орта жүзге жататын басқа тайпа ұлыстарымен Тарақтының терезесі тең екенін, оның Арғынның бір бұтағы еместігін тарихи жәдігерлер де растайды. Қазақтың классик жазушысы Ілияс Есенберлиннің әлемге аян тарихи трилогиясы «Көшпенділерде» Тарақты ұлдарының басқа бауырларымен қатар І456 жылы дербес Қазақ мемлекетінің іргетасын қаласқаны туралы нақты фактілер келтіріледі.
Қоныс, жер жағдайына байланысты қазақты үш жүзге бөлу жайлы Жәнібек ханның заманында сөз болғаны мәлім. Ел тағдырына қатысты осы маңызды мәселені түбегейлі шешуге Тарақтылар да белсене қатысқан. Бұған байланысты Сарыарқадағы Нұраның Қаратұзы деген жерде болған алқалы жиынға: «Уақ пен Тарақтыдан – Жаубасар, Атымтай батырлар және Борық би келді» дейді жазушы Есенберлин кітабында. Сонда Орта жүзге жер ыңғайына, әдет-ғұрпы, салтына қарай Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты кіреді. Осында Үш жүзге бөліну түбегейлі іске аспағанымен басқа бір маңызды мәселе шешімін тапқан. Халықтың батагөй ақсақалы Асанқайғы бабамыз ел құрамындағы негізгі руларға таңба үлестірген. Сол таңбалар Қаратұздың күңгірт нұрасына балға мен тескіш арқылы қашалған. Басты қырық рудың бірі болып Тарақты тарақ таңбасын алады.
Тарақтының шоқтығы биік тайпа болғанына тағы бір деректі әлгі кітаптан табамыз. Жөнібек ханның жарлығымен қазақ хандығы жау қолындағы Түркістан уәлаяатын қайтарып алуға шабуылға шығатын болады. Бұдан әрі І.Есенберлин былай деп жазды: «Өзінің ежелгі салты бойынша Арғын, Қыпшақ, Тарақты жасақтары Жәнібек ханның Ордасының қасында күзетте қалды». Бұл Тарақтының, Жәнібек ханның ең сенімді тіректерінің бірі болғанын айғақтаса керек.
Қарақожа бабамыз туралы да кейбір тарихи мәліметтерді де айтуды орынды деп санаймыз. Оның батырлығы мен мемлекеттік қайраткерлігі жайлы жазба әдебиеттерде бірқатар нақты деректер сақталған. Мұны білу кімге болса да қажетті.
Ескі ауыз әдебиетін зерттеуші білгіріміз Шоқан Уәлиханов: «Арғындар өздерін Қарақожадан таратады» дей келіп, мынадай тұжырым жасапты: «…Не известно где находится могила Токтамыша?… Каракоджа был посланником от Токтамыша к Темирлану. Курганы этих героев находятся на правой стороне реки Ишима, могила ли это их или только памятники, определить невозможно до тех пор, пока эти Курганы не будут раскопаны» (Шығармалар жинағының V кітабы, Алматы. 1968 ж. 298 бет.)
Бұдан шығатын қорытынды Қарақожа бабамыз Алтын Орданың бірлігін, тұтастығын сақтау жолындағы күреске белсене қатысқан қайраткер де болған. Ол Тоқтамыс ханның Ақсақ Темірге сеніп жұмсаған елшісі, яғни сарай маңындағы ақылгөй адамдардың бірі, әрі жауынгер серігі.
Қарақожаның асқан батырлығын академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жазып алып, 1925 жылы жариялаған «Ер Едіге» жырының мына жолдары да құптай түседі:
«Көшкенде көшін айналган,
Өткір семсер байланған.
Жау қарасын көргенде –
Жауар бұлттай торланған.
Бір Алладан қашанда,
Тілек тілеп зарлаған.
Арғындардың басы едің,
Қарақожа батырым…»
Белгілі жазушы Медеу Сәрсеке Тарақты шежіресін зерттеуде көп еңбек сіңіріп, оның тарихи ролін анықтауға лайықты үлес қосты. Ол былай дейді:
– Көбіне Арғын қауымдастығына қосып тарататын Тарақты үлкен тайпа, оның ұраны үшеу: «Ақжол», «Қарақожа», «Жауқашар» («Жаубасар» деп те айтушылар бар). Таңбасы – үш тісті тарақ. Тарақты тегінде лақап аты болса керек. Азан аты – Ақтанберді екен. Бір соғыста ол қолына үш тісті істігі бар сойыл ұстап шығыпты да, «Жауқашарлап» ұран салып қарсы кезіккен дұшпанды сонымен түйрей беріпті. Ұрыс біткен соң қолбасшы; «Тарақ найзалы батыр, бері жақында», – деп жөнін сұрап, жаудан түскен олжаның басын беріпті. Содан былай Ақтанберді «Тарақ найзалы батыр» аталып, ақырында «Тарақты» есімін иеленіпті.
Құрамы жөнінен Тарақты рулық деңгейден баяғыда асып, ірі тайпа, қауымдастық межесіне жеткен ел. Мәшһүр Жүсіп шежіресінде: «Орта жүз Тарақтымен қосылып жеті арыс ел атанған» дейді (14 – бет).
Арғын руларының белгілі білгірі Мұса Шорманов, семейлік өлке танушы Н.Я.Коншин өз жазбаларында Орта жүзге негізінен сегіз арыс ел қосылатынын, соның бірі Тарақты екенін атап көрсетеді.
Ал, «Ноқта ағасы» атануына келетін болсақ, ол қазақ қауымында ерекше статусы бар, әрі көптен қалыптасқан дәреже – құрмет болып табылады. Мұндай жоғары мәртебеге Ұлы жүзде – Жалайыр, Кіші жүзде – Тама, Орта жүзде – Тарақты ие болған. Бұл тек осыларға тиесілі рәсім саналады. Басқалар бұған таласа алмайды. Бәрінің де елдік таңбасы –үш тісті тарақ. Барша қазақ хандарының өрбіген төрелерінің де елдік таңбасы – үш тісті тарақ екенін еске саламыз. Бұлардың арасында қандай байланыс барлығы анықталмаған. Ежелден орныққан салт-рәсім бойынша «Ноқта ағасы» атанған ел өзімен туыстас руларға аға болып, қалың Алаштың ұйтқысы ретінде құрметтеледі.
Тарақты ұлысының қазіргі ұрпағы Қармыс бабамыздан бастау алады. Ол соған дейін бірнеше ата бойы жалғыз тамыр болып келеді. Атасақ былай; Ақтанберді – Тарақтыдан Айт, одан Әлімқожа, одан Алдаберді, одан Қармыс болып жалғасады.
Қармыс бай болған, бес әйелге үйленіпті. Бірінші әйелінен – Әлі, Сары, Әйтей, Қосанақ; екіншісінен – Қарашие, Келіс; үшіншісінен – Алакөз, Жәуке; төртіншісінен – Апай, Тоқтауыл; бесіншісінен – Қыдыр, Жәші және Бөгежін (іште келген бала дейді). Сонымен Бөгежінді (Шығыс Түркістанда) қоспағанда Тарақты он екі атаға бөлінеді. Шежіреші қарттардың жадында сақталған мәліметтерді баспа деректері де растайды.
Орыстың атақты ғалымы Н.А.Аристовтың «Түрік тайпалары мен халықтарының ата тегі және олардың саны туралы» дейтін 1897 жылы Петербургтен шыққан кітабында: «Қазақтың Орта жүзі арғын, найман, керей, уақ, тарақты, қыпшақ және қоралас ұлыстарынан құралатынын» айта келіп Тарақтыны былай таратады. «Тарақты тайпасы, – дейді ол, – өте тарап кеткен, ол он екі атадан тұрады. Бұлар: Әлі, Сары, Қыдыр, Жәші, Әлеуке, Көгедей, Апай, Тоқтауыл, Бұлдырық, Әйтей, Қосанақ». (122 бет)
Сонан соң осы кітапта 1785 жылғы санақ бойынша Семей дуанында 400 отбасы Тарақты болса, ал 1833 жылғы санақта Ақмола өлкесінде 1790, Қарқаралыда – 590 отбасы өмір сүрген.
Сонымен бірге Баянауыл, Көкшетау және Атбасар өңірлерінде де Тарақты руларынан қайда, қанша отбасы барын шежіреші қарттар да толықтыра түседі. Мәселен, шежіреші Қанафия Сыздықұлы Ақмола уезіне қарайтын Сарысу Тарақтысында 1920 жылы 2200 отбасы, екі болыс болғанын айтады. Бұлар негізінен Апай-Тоқтауыл, Әлеуке-Көгедей және Қыдыр. Есіл мен Нұра бойында 1800 отбасынан тұратын бір болыс қоныс тепкен. Олардың көпшілігі Сары, Қарқаралы мен Семейде 2500 отбасы, 6 старшын – Әлі Тарақтысы болған.
Тарақтылардың ежелгі атамекені – Сырдария бойында, Шиеліде Жәші, Қаратау мен Түркістанда Қыдырлар көп екенін айтуға тиіспіз. Бұрын Жиделібайсынды мекен еткен сегіз болыс Тарақты өзбекке сіңіп кеткен. Олар – Алакөл бен Шәуке тұқымдары. Бөгежін ұрпағының 7 болыс елі Шығыс Түркістан мен Қытайда.
1915 жылы қазақ халқының саны 5, 5 миллион адам болған. Ал Тарақты тайпасы 37 мың түтінді құрап жалпы саны 185 мың адамға жеткен. Бұл әрине, толық мәлімет емес.
Қорыта айтсақ, Тарақты ұлысы бүкіл Қазақстанға, оның ішінде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарында, сол сияқты одан тысқары жерлерде көптеп қоныстанған іргелі ел болып табылады. Өкінішке орай, тағдыр тәлкегімен шашырап кеткен. Бытыраңқылықтың мәнісін дуалы ауыз қарттарымыз былай түсіндіреді: «Атамыз төресі жоқ жерге төре болыңдар, қожасы жоқ жерге қожа болыңдар» деп бата берген екен.
Қазақ елінің іргесі берік болып, көркеюіне Тарақтылар қай заманда болса да лайықты үлес қосып келеді. Мұның ақиқат екенін тарихтан білеміз. Ел билеген жақсыларымыз, айыр көмей шешендеріміз, жаужүрек батырларымыз, даңқты дихандарымыз, әлемді таң- қалдырған өнерпаздарымыз, қаламы қарымды жазушыларымыз аз болмаған.
Алдымен қоғам қайраткерлері ауызға ілінеді. Қарқаралы – Семейдегі Әлі атамыздан ақыл парасатымен Тышқанбай, Байқошқар, Садырбай, Сәт деген тәуір кісілер шығып, ел-жұртқа ұйытқы болған. Атбасарда – Тәжі, Түркістанда – Шілменбет, Ташкенде – Жорабай есімді жақсылар билік құрған. Бұған қоса Сағал мен Сапақ, Сапақ баласы Елқонды, Жазыбек, Құттыбай, Тәттібай, Әуесбай, Рахымжан, Мәдібек болыс болған. Әлеуке Арын 16 жыл бойы старшын қызметін атқарған. Бұлар Арқадағы Сораң және Қойтас болыстарында ел билеген.
Тарақтыдан шыққан, есімдері бүкіл қа¬заққа мәшһүр қоғам қайраткерлершің ара¬сында Наймантай батыр мен оның баласы Байғозы батырдың алатын орны ерекше. Есенгелді баласы Наймантай Үш жүздің басын қосып Қазақ хандығын нығайтқан Әз-Тәуке ханның бас батырларының бірі болған. Ол Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген. Байғозы Абылайханның сенімді серігі, Тарақты қолын бастап, жоңғар-қалмақ басқыншыларынан қазақ елін, жерін және дербестігін жан аямай қорғасқан. Шоқан Уәлиханов «ХҮІІІ ғасырлардың батырлары туралы аңыз» дейтін очеркінде Байғозының ерліктерін сүйсіне сипаттайды.
Бізден шыққан, сонау заманда ел қорғаны бола білген батырлардың бірегейі Тоғым батыр. Ол тағдырдың жазуымен өз туыстарынан ірге бөліп Ақтөбе, Қобда бойындағы Кіші жүз Жеті ру Табындармен қоныстас болған. Тоғым батырдың үлкен әулеті осы жерде өмір сүреді. Бұларды жергілікті Кіші жүздіктер Тарақты-Табын деп атайды. Сол Тоғым батырдан төрт ұл тараған. Олар: Құлжа, Олжабай, Сатыпалды және Қарабатыр. Осы Қарабатырдан Атақты Бөкенбай батыр, одан Тіленші батыр (Пугачев көтерілісіне қатысқан), одан Жоламан батыр (Кенесары хан көтерілісіне қатысқан) және Еламан туған. Ал, Сатыпалдының кейінгі бір ұрпағы кешегі Ұлы Отан соғысында құралайды көзге атқан асқан мерген қыз, Совет Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған әкесі Нұрмағамбет екені анықталды. Бұл тарихи деректерді берген қазір көзі тірі, Кіші жүз-Жетіру Табынның шежіресін жазған сексен жеті жастағы Тілепберген Әбдіұлы дейтін білікті қария.
Әлі атамыздың ұрпағы Байқошқар Сұлтанкелдіұлы батырлығымен бірге қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін шешен де алғыр, қажет болса күш көрсете білетін қолы қатты, бірақ әділ би болыпты. Ескі сөздің білгірі Мәшһүр Жүсіптің айтуьнша, қаракесек Шаншар абыздың Келдібегі елден таңдап жүріп Байқошқардың қызы Тоқмейілге үйленген. Сол апамыздан бүкіл қазақты аузына қаратқан атақты қаз дауысты Қазыбек би туған.
Алаш көсемі Ә.Бөкейханов «Қарқаралы уезі» кітабында: «Тышқанбай… Дегелең болысындағы Тарақтылардың бәрінің басшысы, беделді қазақ» деп атап көрсетеді. Тышқанбай «Абай жолы» романында суреттелетін Қарамола съезінде Арғын мен Найман елдерінің арасындағы дау-шарды шешу үшін Абай Құнанбайұлына қосылып билік айтыпты деген сөз бар.
Алыбай батыр және оның інісі Нұрбай ХҮІІІ ғасырда қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда көзге түскен. Алыбайдың немерелері Аққозы, Байқозы, Тойқозы Кенесары ханның ұлт-азаттық көтерілісіне белсене қатысып, Ақмола бекінісін алуда ерлік көрсеткен. Осыған байланысты өлеңмен жазылған шежіресінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ағамыз, төкпе ақын Ысқақ Ынтықбайұлы былай дейді:
–Алыбай он жетісінде қалмақ шапқан,
Сөз емес жай айтылған текке мақтан.
Байқозы, Тойқозы мен Ақкозы да
Хан Кене жорығында қаза тапқан.
Байқозы Наймантайұлымен бірге жоңғар¬ларға талай рет күйрете соққы берген Орынбай батырды және Абылай ханның қырғызга жасаған жорығында асқан ерлік көрсеткен Қабақ батырды да еске алып, солардың рухына бас иеміз.


Назерке Еркебаева
erkebeava_nazerke@mail.ru
27-08-12 10:22
Taraktilar tek kana alga!
Азизхан
aziz_01.06@mail.ru
23-07-12 01:26
Динара, я тоже таракты-когедей. Меним жети атам: Муса(брат Шамиль) - Джелбай( есть брат Мухум) - Кудебек ( также братья: Саулебек, Саухай, Дюйсенбек, Толембек, Кенжебек, Абдибек, Айдынбек, Омарбек) - Сабыр(старший братт Мамыра) - Аязбай- Малай( его брат Ораз) - Ырысбай(Кара Когедей)(Его брат Ырыскул - от него ветка Ак когедей).
От Мамыра трое: Кайранбек, Кадырбек, Галымбек. От Кайранбека - Ибраким. От Ибракима - Рыскельди, Амангельди, Алтын, Болат, Тагат.
Получается, что Вы от Амангельди.. Вышлите мне на е-маил свои координаты


Ернур
ernur__17
14-05-12 19:58
Мен орта жуз тарактымын ишинде конисбай Яхуда Амандыковтын китабы дурыс таракты аргынга жатпайды.
Айбек
men_aibek92@mail.ru
13-05-12 14:30
Жалғыз жүріп ТАРАҚТЫ, жұртты аузына қаратты!!!!!
Рақыш
02-05-12 06:40
Тоқтамыс дурыс айтады!
Оспанғали
rustemov1958@mailru
27-04-12 15:40
Тарқтының неге ноқта ағасы екенін білгілерің келсе айтайық; Арғынның қарындасы үиде отырып екіқабат?жүкті болып қалады. Кімнен екені белгісіз. Содан үиде отырып босанған соң ағалары келдгенде ұялып шашын кайта - қайта тарай берген екен. Ағалары жаңа туған жиенінің атын тарақты деп қойған екен.
Ардак
tarakty_69
29-03-12 09:39
ТАРАҚТЫ АРҒЫННЫҢ НОҚТА АҒАСЫ ЖАСЫ КІШІ БОЛСАДА ЖОЛЫ ҮЛКЕН
Динара
diko_uralsk@mail.ru
20-02-12 14:24
Мен Кµгедей Тараќтымын)) Жеті атам : Маќсат, Амангелді,Єкім,Ќайранбек,Мамыр,Малай,Аязбай,ОРаз егер ќателеспесем..... Осы атадан тарайтындар хабарласыњыздар.....

Динара
diko_uralsk@mail.ru
20-02-12 14:19
Ас Саляму уа рахматуЛлахи уа баракатух, барша Тараќтылар!!

Токтамыс
Toxa_adu@mail.ru
27-01-12 21:47
таракты Кызылорда обл Шиели ауданы Енбекши ауылында букил ауыл таракты руы,мен озим тарактымын*Таракты Аргыннан тарамаган*
Нұрсұлтан
Beibit.nursultan@mail.ru
17-01-12 21:42
тарақтыны шешесінің ішінде келген бала деп санайды сол распа
Серік
baida_65@mail.ru
03-12-11 10:05
Жиенге нокта ағасын бергенді қайдан көрдіңдер,Тарақты Аргыннан тарамайды,Тарақты Қарқаралыда Ағадырда шмкентте көп
бексултан
bekshon.87 @mail.ru
10-10-11 11:03
Тарақтылар Орталық Қазақстанда және Оңтүстікте Түркістанда
Ерасыл
25-09-11 13:22
Мейржан арғын мен тарақтыны ұстап ап тобелестіріп корсей
Қуаныш
Kulakhmetov_95@mail.ru
22-08-11 13:36
Tarakti rasinda arginga kirmeidi
мейржан
Aldanov_1990
12-05-11 07:59
аргын мыктыма тарактыма
Гульзат
Akzholova_91
16-04-11 07:54
Тарақты орта жүздің жеке руы. қыздан туған деген қате пікірлер кездесіп жүр, ол дұрыс емес. Яхуда Амандықовтың кітабынан жақсы мәліметтер аласыңдар достар!
Ахо
Aho_style@mail.ru
10-04-11 15:35
Апай аргыннын тарайды
нар
15-02-11 12:23
арғын аға баласы, тарақты ноқта ағасы дегенді неге білмейсіңдер.
?
03-02-11 07:09
Тарақтылар қай облыста көп?
Нұр
Нұр
01-02-11 21:02
Арғыннан тарақты мен мейрам деген екі ру тарайды. Арғын тарақтының атасы.
нар
19-01-11 18:41
тарақты арғынның ішіне кірмейді Тарақты бөлек АТА.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов