Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Оралман кім?

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Оралман
13-03-06 12:24
1-Осы Оралман деген атты қайдан тапқан...
2-Неліктен елім жерім атамекенім деп келген қазақ қандастарды жергілікті халық жек кореді?

Қандас қазақты қойып бөтен қонағына жалғыз атын сойған қазақ емеспіз бе?

Авторы Жауап
Табын
Jasylan442@gmail.com
25-06-16 18:22
КІМжағын шайнап тұрсада қарақалпақстан қазақтарын көреалмай тұрған өсекшіл деп соны айтқан адам өсекшіл іші тар қазақ емес мəдинетсіз манғол или калмак болмаса жонғар оралмандардың қаны тілі діні таза еш басқа ұлтқа қыз бермеген мен кіші жүзбін табын бабам асау барақ 1700 жылы жонғарларды қуып шыққан батыстан одан кейін сен сияқты өсекші сатқындар қазақтарды бытыратып сөз тасып іштен шыққан жау жаман қалып қойған манғолжонғарлардың ұрпағы жансыздарысыңдар өз руларын өз тегін білмейсіздер қазақ тілін менсінбейсіздер орыс тілінен басқа тілде сөйлей алмайсыдар жауыз тексіз сатқыдар орыстың бұұданы қалай қалай сөйлейсің ішкенің арам болсын өсек құмар қасымда сол сөзіңді естігеде мордаңды бет қылып тіліңді қолыммен жұлатын едім көпке топырақ шашпа харам түсіндіңба жонғардың ұрпағы басыңды жұлам
казак
07-02-14 23:28
калайсыындар бауырлар!
казак бул байтерек елге оралган кандастарымыз онын тамырлары оралман деп сол тамырларга балта шаппайык тамыры шабылган агаш кургап калады емеспа егер тамыры шабылган агаштын кунин кешбеик десек баурларды тосинен итермеик агаиын!
kazakh
23-01-14 08:02
Тексіз жандар, «оралман»- деп, өз бауырын кемсітер…
Бәрі қазақ, ел сағынып, қиырлардан жеткендер.
Кешіріңдер, бауырларым, керуен көшер, ит үрер
«Ала-құла құлын» барын айтып кеткен өткендер…
Бектас
nurlan
nurlan866@aliyun.com
22-01-14 07:43
salem tueskandar jerlikterdide tura tusiniu kerek olardeng iydiyasen orestar aljasterep tastahan ulettek ruek kemxil, biz adal engbegimizben adal niyetimizben keng peyil meyirimdiligimizben olarha aser etip olardeng oralmanha bolhan koz karasen ozgertuimiz kerek

Төлемырза
take240355@mail.ru
18-01-14 12:24
Қош, Мырзашөл....
(насталгия)

КСРО көсемдері жүргізген өктем саясат әсерінен 1963 жылдың 26 қаңтарында «Халыққа аса қажетті мақта дақылын өсіруді бір орталыққа шоғырландыру» деген кереғар уәжбен 1 миллион 200 мың гектар аумақты алып жаткан Мырзашөл жері Өзбекстанға берілді. Оның ішінде 27 мақта шаруашылығы, бір жүзім шаруашылығы, Шымқорған, Қызылқұм, Темирязев ірі қаракөл шаруашылықтары кетті.
Араға сегіз жыл салып, 1971 жылдың көктемінде Мақтаарал, Киров, Жетісай аудандары Оңтүстік Қазақстан облысына қайтып берілді.
Бірақ Қазақстанға тиесілі он шаруашылықтың жері өзбектерде қалып қойды.
Бұл қалып қойған қазақ жері - Құлыпсары, Өскеншоқы,
Қаратөбе, Балықты, Бозайғыр, Табақбұлақ, Пістелі,Үшқұлаш
тауының жағалауы, Ұзынқұдық, Нұрата өңірі, қазақтың ғасырлар бойғы тарихында, қыс-қыстауы, жаз-жайлауы болған, қойнауы қазынаға толы, өзі бай, өзі мырза, қазақтың ежелгі ата-қонысы Мырзашөл өңірі еді.
Осы қалған Мырзашөл жеріне,бүгінгі таңда ала тақиялы ағайындар 7 мақталық ауданға бөлінген, 50 шаруашылық ашып алды»

Орталық басылымдардан.

***

«Басынан Қаратаудың көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айрылған жаман екен,
Мөлтілдеп қара көзден жас келеді».

Мөлтілдеп жас келеді қара көзден,
Жеткізу қиын болып қара сөзбен.
Ән болып бізге жеткен қасіреттің,
Сарыны құлағымда бала кезден.

Осы ән жан дүниемді тебіренткен,
Осы ән өксік қысып еңіреткен.
«Ақтабан шұбырынды Алқакөл» тұс,
Кезі екен дүниенің кері кеткен.

Тағыда бұл дүние кері кетті,
Кері кетіп талайды еңіретті.
Қайтпады бабалардың кегі кетті,
Мырзашөлдей қазақтың жері кетті.

Мырзашөл бақ-тұғыры орнаған жер,
Бабалар найза ұшымен қорғаған жер.
Тағдыры бір «қаулы» мен торға түсіп,
Ата-жұрт қолды болып зарлаған жер.

Жүрген жоқ қалың елім текке налып,
Айтқанмен шешілмеді «Бекке» барып.
Жігері құм, рухы тапталған ел,
Көшті енді Қаратауды бетке алып.

Бүгінде Мырзашөлден көш келеді,
Көшкен сайын бір КАМАЗ бос келеді.
Жер-Анадан айрылған жаман екен,
Мөлтілдеп қара көзден жас келеді...

Жас келеді, Қош,Мырзашөл!...

***
Осы жұрт
Мырзашөлді білеме екен?!
Көзіне білмегесін ілеме екен.
Басынан бақ кеткенде Ата-жұртың,
Бабамдай балақ-жеңін түреме екен.

Түргенше
Ташкент кетті ,Шыршық кетті,
Бостандық,Сіргеліні қыршып кетті.
Алғанда Мырзашөлді халқы менен,
Жүрегі Төле бидің ыршып кетті.

Аспаны
Ата жұрттың бұлттанды,
Шекара. Сым тартылып суық қанды.
Қулықпен жерді алған соң, үй айналмай,
Әкалар қазақ барын ұмытқанды.

...Орнатты,кеден,күзет,темір есік,
Жігер құм,рух түскен өмір өксіп...
Қазақтың халі осы...
Қайран өлке,
Ашыған қамыр сынды жатыр көпсіп.

Ел көшті руы мен, аулы менен,
Бұл жағдай қай кездеде даулы дер ем.
Қазақтар туған жерін ұмытсын деп,
Қақпаны құлыптады «қаулы» менен.

Көретін жан болдыма көз жасымды,
Көп айтылды соңында сөз басылды.
Қалың ел қақпан көріп қам жасауда,
Апанын тастап қашқан көкжалсынды.

Қаштым мен
Қайран жайсаң, жақсыларым,
Кім білген ат сүрініп,бақ құларын.
Мырзашөл қош бол енді,
Амал жоқтан,
Аспанның құшағына тапсырамын.

***
«Мырзашөл қазақтың жері»
Қаламмен жаздым
Өшіріп көр балтамен,
Мен ақынмын санаспаған ортамен.
Бір өлеңмен тарих жазып кетейін,
«Бектібектер» айқасқанда қалтамен.

«Мырзашөл қазақтың жері»
Қайда жазсам оқисың келер ұрпақ,
Жүректерге жазар ем өмір жұмбақ.
Жылдар шаршап ілбіген шақта шығар,
Көн құранның ішінен осы бір хат.

Оқығанда құранды,хатты мынау,
Бабамнан жеткен дерсің отты жыр-ау.
Түсініп.Дүние халқы мінберінде,
Көсерсің жүректегі шоқты сонау.

...Қайтадан Мырзашөлге жол салынып,
Ескіміз жаңармайма қалған ұмыт.
Қырда жатып қымтынып кек қайтқанда,
Мендағы бір аунармын оңғарылып.

Намыстың қайран өлең алауын жақ,
Жүректің шөл қандырар қалауын тап.
Мырзашөлде шарқ ұрып жалғыз ат жүр,
Зиратын ата-баба қарауылдап.

Қайта-қайта тартады ішін өлең,
Шабыт қысқан ей, өлең түсіме ен.
Көшті күткен қоңыр ат-ол мен едім,
Үйірінен адасып кісінеген...

***
Біздер кімбіз?!
Тоналғандармыз өз жерін де масқара,
Жетсе зерең тарих бетін аш қара!
Біздер кімбіз?!
Жоғалғандармыз,
Құмда,шөлде сосын шет елде,
Қан жылаған қайта алмай,
Ата-қоныс мекенге.

Біздер кімбіз?!
-Сіздер оралмансыздар.
-Жоқ,оралман емес,
Оралғанбыз.
Міне қате,
Қазақ барма соны ұққан.
-Қазақ деме,
Қазақстан тұрады көп ұлыттан.
-Тұрса тұрсын
Қарсы емеспін өзгеге,
Мені таптап
Өз мүддеңді көздеме.
Айтып тұрғаның не сенің?
Біз бар ғой,біз,
Мен бар ғой,мен,
Туған жер
Қазақ топырағынан жаралғанбыз.
Тауқыметте тарыдай таралғанбыз,
Осы жерде кірпіш болып қаланғанбыз,
Осы жерде өркендеп нәр алғанбыз.
Келімсектер емеспіз,
Өз басымыз...
Сіз көзді ашыңыз!
Біз оралман емес,оралғанбыз!...

Қу жалған...
(баллада)

Тарс жабылды
Жол көліктің есігі;
Қос текенің сарт еткендей мүйізі.
Ығы-жығы еске түспей есімі,
Біреу отыр қолтығын да киізі.

-Ассалаумағалейкүм,
Алақанды қапсырғанды қол келіп.
-Уағалейкүмассалам,
Уау,жігітім молда бол.
Қатарласып оза шапты мол көлік,
Мысалы бір қосылғандай жолға-жол.

-Не ел болдыңыз,
Ауыл қайдан ежелгі?
Жәке сізді шырамытып тұрғаным.
-Бізде қазір қайың,шырша безенді,
Қотан қарағайдай жерден болам туғаным.

Жалт бұрылған асаудайын кер қасқа,
Жүргізуші қыссын келіп тақымды.
Есік бір кез сарт еткенде жамбасқа,
Ішке қарай біреу төніп атылды.

Жол ақысы деген кезде қызға дүр,
Төнген жігіт қолын созды сүзіліп.
Жол өмірі екен дейсің бұл да бір,
Өтіп жатқан дөңгеленіп құбылып.

Алақанды қақты дағы қолға алды,
Өскеменнен келген қартың шақшасын.
Дала желі жол көлікке долданды,
Қарсы қарап өршеленіп шапқасын.

-Осы жақтан алдыңыз ба мынаны?
Ерні қымтып насыбайды еппенен,
Еш нәрсені есітпегендей құлағы,
Отыр мүлгіп зымырайды көк дөнен.

Насыбайдан беріңіз деп бір атым,
Әлгі кірген анадайдан гүр етті,
Бұл насыбай бір атымнан тұратын,
Талай сырды қас-қағым да жыр етті.

-Алқымымнан алдың сірә келе сен,
Демеді ол бір атымды өмір деп.
Әгі жүда тым көп екен демесең,
Мырзашөлден әкелгенді Өмірбек.

-Мырзашөлдің насыбайы ма?
Көп болды,
Атпағалы жарықтықты баппенен.
-Мыршашөлде таныушыма ең Бекболды?
Насыбайын ел алатын қаппенен.

Жол көлікті мысалы бір ат делік,
Тегіс жолда желісін де гулесін.
Киліктім мен әңгімені қақ бөліп,
Бірер сырдың басын байқап білгесін.

- «Жүда» дейсіз біздің елден боларсыз?
Шығысты айтып жасырдыңыз ел- жұртты.
Бұл сұрағым болды білем қолайсыз,
Қарттың даусы дірілдеді қарлықты.

-Танып тұрған адамындай ауылдың,
Неге сонша жабыстың ей сен маған,
Мен өтінде қалған жанмын дауылдың,
Мырзашөлдей жерден болам жан балам.

Қалды мәңгі ата-ана менен де,
Құран ғана бағыштаймын жайып қол.
-Жерін сүйген сіз сияқты кененге,
Келдім деген Мырзашөлден айыппа ол?

-Мырзашөлді білмейді екен көп қазақ,
Келімсексің,оралмансың,сарт дейді,
Осыларға жүргеннен соң боп мазақ,
Қалай жұртқа көрінесің ақпейлі.
Тасы өрге домалауын «еріңнің»,
Құнын білмей сауап пенен обалдың.
Қадіріне жетпегесін жерімнің,
Тіс жармайтын төл қазаққа боп алдым.

Бір кем дүние қол жетпейтін сонар шың,
Қариялар демеуші ма ед «қу жалған...»
Бәлкім сенде Мырзашөлден боларсың,
Жанарыңнан біліп тұрмын суланған.

Қарттың жүзі қарауытып тұнжырап,
Ал жанары сынық қабақ танытты.
Құса болып жүрегі оның қан жылап,
Мырзашөлін сағынып-ақ қалыпты.

Беу,Мырзашөл-мырза далам,байтағым,
Кіндігімнің қаны менен байланған.
Жусаның мен сексеуіліңді айтамын,
Талай жанның сағынышына айналған.

Қимай-қимай өксік кернеп жер құштым,
Менің бұлтым жауды ұзақ тоқтамай.
Ей,тентек жел өзің едің ең күштім,
Бүгін тұрсың моп-момақан боп қалай.

...Мырзашөлдің көз жасына бет жуып,
Күн батқалы ұясына беттеді.
Жүрегімді тағы менің кек буып,
Бір шоқ жұлдыз ағып түсті көктегі...
***

Қырым асқан қарашай мен түріктен,
Біздің қазақ болдыма екен үріккен.
Қуғын-сүргін,тың игерушілерге ,
Қазақ халқы қарамаған күдікпен.

Өзгелер тоқ өзімізді аш етіп,
Қызметтеде басқаларды «бас» етіп.
Келе жатқан неткен елміз о, тоба.
Дархандықты дүйім елге паш етіп.

Отаным деп келдім елге үмітпен,
Қай кезде де аулақ жүрдім бүліктен.
Келімсекке шексіз кеңдік жасалып,
Неге керек қарау маған күдікпен.

Егемендіктің сезсек шіркін салмағын,
«Елім-айлап» өзге жұртта қалды-ау мың.
Қазақпын мен қазақтығым үшін де,
Түрік пенен қарашайдай болмадым.

Арман ғана сүйрелейді өрге тым,
Орыс келіп соқа салды жерге тың.
Жерімізді түрлендіріп жіберердей,
Барымызды аямадық, «сол жесін».

Тыныш дедік, өзімізге «өй» дедік,
Өйтті десе,бүйтті десе,қой дедік.
Пейілімізді қалмасын деп түсінбей,
Келімсекке өз тілінде сөйледік.

Таласпасын ата-қоныс жерге кім?!...
Ата-қоныс таласпаса ерге сын.
Тілге құрмет, елге құрмет екен деп,
Құшақ жайған бір орысты көрмедім.

Керісінше басқа шықты тепкілеп,
Орыс халқы таза, сосын текті деп.
Өзге елде мейірім көрмей қысылған,
Оралғандар содан болар кектірек.

Байқоңырдан өзге ұлттар жатты ұшып,
Қызғаныштан өзегіме шоқ түсіп,
Төл қазақтар сені қайдам, ал менің,
Жүрегімді бара жатыр кек қысып.
***

Мырзашөлде
Ақын туылмайды кеш енді,
Қайдан туылсын
Саясат деген шешеңді...
Елді айырды
Ата қоныс мекеннен,
Қайтар құдай
Өзбекке кеткен есемді.

Мырзашөлде
Батыр туылмайды ту алған,
Жер –Ананың құрсағы қақсып қуарған.
Ботасынан көз жазып қалған Аруана,
Боздай да боздай тартылып төсі суалған.

Мырзашөлде
Болыс туылмайды датқада,
Өкініш менің ішімді күйдір отқа ора.
Сүйекке таңба
Өшпестей етіп басты-ай кеп,
Ел тағдырын байлап-матап мақтаға.

Мырзашөлде
Бек туылмайды биің де,
Бұзылды бәрі
Сатылмай зәулім үйім де.
Той болмайды
Қазақы дәстүр,салты мен,
Бай болмайды
Алды тар да,арты кең.

Палуанды айтам,
Көкпарды айтам,атты айтам,
Мырзашөлімнен айрылғасын қатты айтам.
Қапыда кетті
Қайран өлке құт мекен,
Көз алдымда
Басымнан ұшқан бақты айтам.
Айта берем,
Жаза да берем өлгенше,
Қазаққа келген
Қасыретті мынау жеңгенше.
Аманатты қайтем
Бабалардан қалған киелі,
Өлгенім жақсы
Бұл қорлықты көргенше.

Недеген қорлық
Туылмайды ақын кеш енді,
Қайдан туылсын
Имейді жердің төсі енді.
Мырзашөлдің
Көз жасы менің жырларым,
Қарғыс атсын шегір көзді көсемді.
Жайлаған елді
Жері мен құртты ант атқан,
Мырзашөлде қазақ туылмайды еш енді!...

Қош Мырзашөл,
Қош Мырзашөл, қош енді!...

* * *


Біз де батыр қалмапты,
Тұқымы кеткен қырылып.
Бізде ақын қалмапты,
Хан тыңдайтын бұрылып.

Батыр болса Мырзашөл,
Қолды болмас еді ғой.
Ақын болса Мырзашөл,
Зарлы болмас еді ғой.

Батыр екен айбынын,
Туған елдің өсірер.
Ақын екен қайғының,
Қара бұлтын көшірер.
Осы екеуі блмаса,
Ел мен жердің тағдыры,
Мырзашөлдей шешілер!...

***

- Ало, ало,
Үйі ме екен Шекердің?
- «Куда вы звоните?»
- Не дейді?...
- «Не туда попали»
- Өй, онда неге телефонды көтердің?!
- Ало, ало,
Әй, қызым аты кім еді әкеңнің?...
Бұл мен,
Ауылдағы көкеңмін.
Әй, қарағым
Жағдайы болмай пәтердің,
Шешеңді бермен шақыршы,
Әкең менен шешеңе,
Талай жаңалық әкелдім.
- Сіз кімсіз?!
- Ало, ало
Бұл мен ғой...
Телефон қалды үнсіз.
-Ало, ало, ало, ало...
Қап, енді қайттім?!
Әй, әй қызым-ай,
Ең болмаса
Нөмерін берші Мәкеңнің?
Ало, ало,
Тағы да үзілді.
Қап, атаңа нәлет
Жүйкені әбден тоздырды-ау,
АТС деген әкеңнің...
-Ағай сізден мың теңге,
- Уау, не дейді?!...


***

Мысық көз өмір басталды,
Құй сен енді, құй сенбе.

***

Сорың қалың
Сірә да мен айыра алман,
Шығаршы деп қол созасың қайраңнан.
Өксік кернеп еңірейді құт мекен,
Саясаттың құрбанына айналған.
Өзбектердің гүл бағына айналған.

Баба рухы
Дала заңы тұр есімде,
Қарыздармын мәңгіге бұл есімге.
Балалық шақ,
Жастық шақ,
Ағалық шақ,
Қалдың-ау, тамшы жастың үлесінде!
Мен тұрмын шамам келмей күресуге.

Туған жер
Мырзашөлде бәрі қалды:
Өмірімнің ең керемет нәрі қалды.
Қойныңда Анам қалды,
Балам қалды,
Сағыныштың сарғайтар жапырағын,
Өткен күннен тұратын санам қалды.
Асқар тауым- жетектеп мені өсірген
Кәрі тал- алып қалдың сары шалды.
Қимай-қимай, қоштасып өксік кернеп,
Жылай-жылай жүректің қары талды.
Мырзашөл қош бол енді, қош бол енді,
Өзіңде бәрі қалды, бәрі қалды.

Қимастық өртеп жатыр өзегімді,
Білемін тағдырыңа төзеріңді.
Алып қашқан амалсыз қыз секілді,
Ұмытарсың бір күні өз еліңді.
...Бірақ,бірақ,
Қимастық өртеп жатыр өзегімді.


***
Әке, көшіп барамын
Мырзашөлден
Шымкент деген қалаға,
Батаңды бер
Немере, келін, балаңа.
Батаңмен шықтым
Бар кезіңде сапарға,
Әулием менің
Қалғым келмейді налаңа.

Қалғым келмейді
Қайтсемде сенің налаңа,
Қарсымын деме
Көшетін мынау қалаңа.
Жерімді сатып
Тастап кетті ғой далаға,
Жүрегім жара
Ем іздеп барам жараға.

Ем іздеп барам
Сірә да оны бүкпеймін,
Еңкейген еңсем
Алла жазса тіктеймін.
Мырзашөл саған
Алыстан тұрып қарайын,
Қаратпас сірә
Өзбектер артқан жүк кейін.

Шын ықылас
Ниетпен келдім әкешім,
Жол берші маған
Биліктің түзер қатесін.
Екі дүниеде
Қор болмайды деуші еді,
Әкенің алған бәтесін.
Бер батаңды
О, әулием әкешім!...


***


"Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,
Сонда да тастамаймын астанамды.
Өлеңнің отын жағып жылытамын,
Бір басым, жалғыз әйел, жас баламды"

Деп жырлап өткен екен Аманжолов,
Кезінде қиын-қыстау заман болып.
Қайсар ақын Қасымның кешкен халі,
Дәл қазір кеп тұрғандай маған толық.

Ол кезде Егемендік алмаған Ел,
Қасымға көз қиығын салмаған Ел.
Ал бүгін Егемен Ел шалғайдағы,
Көшіріп ағайынды қолдаған Ел.

Жатқанда қолдау тауып бұл бастама,
Қасым жоқ... Өтті өмірден жыр жастана.
Аруағы өр ақынның ырза болсын,
Беріңдер мына маған бір баспана!...

Әсем
09-12-13 13:35
Нұргүл, ел асып келген қандастарымыз саған не жазды?
Нургуль
papasinin.zani@mail.ru
08-12-13 14:46
мен таза казакпын. оралмандарды аяйм, елге оралганда кор боп жатыр, бырак канша тырыссамда оларды жаксы коре алмадым ойткены озым нацисткамын. елге оралган казак болсада унатпайм. но оздеры кыналы ойткены казакка уксамайд каазк болсада. озге ултта оз уттыгын сактап кала алмаган
Azeke
azamat_zhambyl@mail.ru
20-10-13 20:24
Oralman nagyz patriot.
аршын жеделхан
arwin-1991
20-05-13 14:19
oraman cozi haita oralu
Көкжал
akaster@mail.ru
16-05-13 00:55
Армысыздар ағайындар! екіге бөлініп алып керіскенмен шешімін табар маселе жоқ. бірақ бұл жерде айтпасқа болмайтын шындық баркейбір ЕСІ КЕТКЕН ЕСІРГЕН НАДАНДАР *қашқын* деп келемеждейді сізге айтарым жақсылап тыңдаңыз: ата-бабаларымыздың өмір сүрген кезінде Қазақтың территориясы қазіргі Қазақстан өңірі ғана болған жоқ,Кіші жұз Батыс өңірде, орта жұз Шығыс және Алтай аймақтарында, Ұлы жұз Жетісу өңірін мекендеген бұл материялды 8-сынып оқушысы біледі сондықтан сан-саққа шындыққа жанаспайтын жалған аңгімені ойланып барып айтыңыздар әрқашанда. Қазір Қытайда 10 милион Қазақ бар, ал 31-32 жылдары 5 милион болды деп есептесек сол ашаршылық кезде Қытайға өтіп кеткен ҚАЗАҚТАР 5 милион деп Адамгершілікпен айта аласызба, мен ойлаймын олай емес деп, өйткені адамгершілік барінен жоғары егер ол болмаса біздің хайуаннан не айрмашылығымыз бар. Ойланайық ағайын көпке топырақ шашпайық
Нишангул
ybifyuek@fctk.
12-05-13 12:07
сәлем достар! бізді арандатушылар жетіп жатыр, дәл қазіргі қазақтардан ештеңе шықпайды бірін бірі жамандап үшке бөлініп жағадан алып жүргенімізде орыстар қайтадан басып жанышқалы отыр (тек орыстар емес) ендігі қолымыздан келері келешек ұрпақты ұлт жанды қазақ батыры деп тәрбиелеу керек, балаларымыз құл болмасын десек, мүмкіншілік бар кезде солай істегеніміз дұрыс , уақыт ештеңені есепке алмайды келешекті ойласам қорқамын, ақыр заман тек қазақтың басына келетін секілді . Шала қазақтардыда түсінуге болады, кезінде тәрбие солай болды .емеспе олар біркүндігін және жеке басын ойлайтындар, қорқатындар!
мен мұғаліммін Қостанай өңірінен оралманмын. келген кезімізде көршіміз болған әйел адам ішеді шегеді. бірде маған ішіп алған "сендердің келгендерің жақсы болды қазақтар көбейді , қазақша сөйлейсіңдер ешкімнен үялмайсыңдар дабырлап автобустада қазақша сөйлейсіңдер "-деген. енді сау кезінде (ішпеген кезі ) сендер неге келдіңдер күндеріңді көреалмай келдіңдер орысша білмейсіңдер мәденеттен жұрдайсыңдар деп балағаттасын"- бұған қалай түсінуге болады.
рахат
рахат
29-04-13 09:19
мен оралман емеспін. мен нағыз қазақпып. оралмандеген атты шығарған жанды нағыз санасыз дерем.
.
Патриот
97 2013
23-04-13 21:09
казах бауырларым бир - бирин кеудесинен итерп, осылайша бир - бирн шеттетип, кырылп жатса осы нагыз акыр заман емеспе казагым, кудай - ау оздерине тауыктн миындай и бергенбе.? карапайым кустардын ози бир - бирн коргап, бир бирнсз омир суре алмайды ал биз ше, биз? балык басынан ширит демекши бизде ертен басымздан ширп, казах деген улттын жок боп кетпеуине кепл бола алмаимз? сондыктанда ойланайык, алиде болса барлыгн озгертуге болады. осы кандастарымыз келмей турып биздн елдеги жагдайды карайкшы биз казах бола тура казах жеринде тура тура орыстарга карсы соз айталаитнбыз, кошеде журе алмаитнбыз№, ал казр шукр аздап болса да мартебемиз котерилп калдыгой. биздн каламызда да кандастарымыз коп - ак. мен оларды курметтеймн, жане де оларга алгысым шексиз, ал казахша 2 арптин басын курай алмаитн оздерн нагыз казах санайтн оздернше орыстын арзан создерн айтадыгой панты деп солай алданып жургендер коздернди ашындар уакыт келдигоййй, ОЯН ҚАЗАҚ (балким менин созм биреулерге унамас, бирак бул менин пикирм)
Толганай
16-04-13 12:29
Оралман деп болген адамдар, адамгершилиги жок, сауатсыздар. Биз казакпыз деймиз, бирак казактар бизди озбектер дейди. Сендер бизге калай сойлеуди уйретпендер!
Оздеринди билиндер, ылги орысша сойлеп казакша билмисиндер! Биз казак адет-гурпын сактап билемиз, ал сендерши???
Сендердей жергиликти болганша,
ОРАЛМАН болганыма мактанамын!!!
metiska
29-03-13 12:34
oralmandar birinwiden kazakwany katesiz jazyndarwy... magan da oralmandar unamaidy asirese Mongoliyadan kelgen. jane kop oralmandar kazakwany buzyp soileidi.oralmandar mumkin senderdiki de durys wygar, birak oralmagandaryn durys edi. baribir bul jakta jergilkti halyk senderdi wettetedi. mysalyga men mektepte okyp jurgenimde bizge janadan Mongoliyadan bir kyz keldi. biz onyn janyna otyrmak tugil, amandasyp soilemeitinbiz. al mugalimder ol kyzga bagalaryn koterip koiyatyn, sebebi ol kyz mongol synybynda okypty. jane ol ote sauatsyz etin. sol kyzdan kein oralmandarga birturli karaimyn. olar tek paidany gana oilaityn adamdar jane buryngy Otanyn satkandardyn balalary.
)))
29-03-13 12:09
оралмандар ренжимендер бирак менде сендерди уната коймаймын. себеби сендердин ата-бабаларын кезинде туган жерлерин сатып кетти, ал биздики Отан ушин курбан болды. бирак ТАУЕЛСИЗДИК алган сон \"кандастарымды сагындык\" деп сылтауратып келдиндер де, баспаналы болдындар. еще каланын дал ортасынан уй берди. ал кей елин коргаган казактардын урпагы уйсиз-куйсиз кангып жур. сол себепти де жергиликти халык унатпайды. бул шындык
КАРЛ КАЛЕНОВ
karl_8804@mail.ru
25-02-13 21:04
әркімнің сөзінде белгілі бір шындық жатыр, дегенмен... оралман атанғаныма бір жағына намыстансам, бір жағынан мақтан тұтамын. Себебі, мен тарихи жеріме қайта оралдым. Сондай-ақ, Қазақ жеріне келіп, өз бақытымды таптым. Жергілікті қазақ қызына үйлендім. Құдайға шүкір, бақытты жанұямыз!
ергүл
kumarkhan97
16-02-13 11:11
Сәлем достар қалдарын қалай не жаналық
Кайрат
new2013x@mail.ru
12-02-13 18:33
Аh урдым

Жараткан айтшы макул ким?
Жетпейди менин акылым
Каншама тауым жагылып
Кайтадан келип аh урдым

Айтатын созди айта алмай
Амалсыз басым шайкалды ай
Адамнын санын кобейтип
Арада калдым байкалмай

Дарменсиз болып кужатым
Документ десем урсатын
Орыстын тилин тусинбей
Куатын болды кыз-катын

Жумыска тауир кире алмай
Именип еркин журе алмай
Огейсип баскан кара жер
Оксимин иштей шыдамай

Жарткан айтшы макул ким?
Ауылым деп келип Аh урдым
Азаматтыкты ала алмай
"БОМЖ" ы болдым капирдин

Жараткан айтшы макул ким?...
Кайрат
new2013x@mail.ru
12-02-13 18:23
Кандасыма

Бауырым сен каламайсын билемин
Булкынардай баскашама тур,еним
Елим баска,урдис баска болганмен
Ен болмаса бир болса екен тилегим
Ел басынын жарлыгымен келиспей
Елден келип акша алды журесин
Нур аганын саясатын колдасан
Халык саны, жинасында тил,есин
Баска халык миллиардка жеткенде
Колдан келер осы болды куресим
Ата-Бабам канымда бар кошпели
Аркаланган менде сонын бири едим
Ата-журтка ансап жеткен бауырдын
Алкымынан алып неге тиредин
Бир-бирлерин каламайтын кандастар
Калай гана жаксы корсин сыр елин
Кирап жаткан тастандыны кимасан
Карагым-ау кайда барып киремин
Сонау жактан саган сенип келибем
Сенин тартты озгелерге журегин
Сен бермесен ишин тартып комекти
Озин айтшы мен бул жерде ким едим
Омиринде танымайтын жер асып
Келемин деп ким ойлапты мине шын
Мен комбесем урпактарым жерсинер
Маган аян кумга судай синерин
Солар ушин курбандык боп келгенбиз
Сондыктанда мунда табан тиредим
Кореалмайтын тексиздердей сойлеме
айналанда адамдар коп кулетин
Ку дуниени ешким алып кетпейди
Кара жерге ак матамен киресин
Жейтин талшык жетпейди деп корыкпа
Жаратканым болип берер улесин
Жергеликти бауырыма балаймын
Сыртымыздан "ОРАЛМАН" деп кулесин
Колдан келсе кандасына карайлас
Ен болмаса карастым деп журесин
Менин саган зияным жок ешкашан
Сенде муны меннен жаксы билесин
динара
dinara_98
11-02-13 22:02
адепти бала
Жибек
zolushka-92-92@inbox.ru
10-02-13 19:46
Оралман деп…
1.Отаным деп оттай жанып келіппіз,
Дінімізбен тілімізге берік күш.
Қазақтарды «бауырым» деп санасақ,
Біз оларға «оралман» боп еніппіз.
2.Кеңпейілді пенде ғой деп қазақты,
Ойлап едім, бірақ, көрдім азапты.
Менсінбестік көздерімен қарайды,
Сылтау етіп кейбір қағаз құжатты.
3.Келіп едік, қарық болып қалдық па?
Бауыр санап, жақсы атақ алдық па?
Баспана да, жұмыс та жоқ сенетін,
Ақша да жоқ ауыс қалған сандықта.
4.Баспана жоқ пәтер жалдап жүргенде,
Ата-анама салық салды бір күнде.
Үйге кіріс - степендия тек қана,
Осы күнде жүргендейміз сүргінде.
5.Жағдай айтсаң түсінбейтін басшылар,
Мүмкін олар байлығымен мас шығар.
Сан ойланып шешім таппай тарығып,
Еріксізден көзімізден жас шығар.
6.Шыдамастан осы жырды жазамын,
Жүрегі тас пенде ме едің қазағым?
Оралман деп қандастарын сыйдырмау,
Өзекті өртеп күйдіретін таза мұң.
7.Бұл жырымды жазсам дегем жанды қып,
Қазақтарды мақтан тұтып жаңғырып.
Амал қанша бірақ, кейбір басшылар,
Дейді бізге, «неге келдің қаңғырып?».
8.Осы ма еді бізге берер көмегі?
Әлде осы ма жәрдем еткен төлемі?
Кейбір басшы қазақпыз деп шіренет,
Бір-біріне ұйқаспайды сөйлемі.
9.Біз қазақпыз! Қазақ тілін жықпаймыз,
Мұсылманбыз, дінімізді мықтаймыз.
Өзге елден келсе дағы өзге ұлт,
Бөтенсіреп «КЕТ», демейміз, құптаймыз.
10.Біз кішіміз,милі, бізді азаптар,
Мүмкін бізді сыртымыздан мазақтар.
Көңілі кең, кешірімді, осылай,
ОРАЛМАН деп аталатын қазақтар!

Бұл өлеңнің авторы: Айдынбекова Жібек Бақытбекқызы
+77786286226

alma
26-01-13 23:11
салем,,, мында не истеп отырсындар,,, бир бринмен қырылып... сен қазақстанда қалып койгам деп сен, қазақстанннын қиыншылыгын сен котергендей болма,,, оралман қашқын сатқын болды дисин, бары алланын қолында ол кездеде алла бар болган, сондақтан айтарым жазмыштан ешким аспайды алланын жазуы калауы сол болган шгар, откенды қазбалап оралманды сатқын деп кыналама ол тагдыр сенин басына келсе сенде солай истер един... менде солай истер едим тек алланын калауымен
хакер
17-01-13 14:30
ауылда турып акша табуга да болады екен!ол ушин интернет желиси болса болды!!! http://akwa-tap.fo.ru сайтка кирип рекламадан караныз...
кара домалак
04-12-12 21:29
Оралман кім деген суракка кыскаша жауап ол казак казакстар жасандар бугин сендердін гасырларын сені алем мойында да жассандар казактар!!!!! шала казак, таза казак , оралман казак жассандар барлыгымыз бир казак!!!!!казактар!!!!! тек сен казаксын!!!!!
БЕК
ver_dek_
03-12-12 22:48
ОРАЛМАНДАР ЖАСАСЫН
Maks
Maks_xobda@mail.ru
01-12-12 20:51
Ержан малсынба?мал депте айтыуга турмайсын гой,мал адамга ет,сутин береди,ал сен казактарга косар улесин осыма?малданда томенсин гой,ширик орыстардын созин жаттап алганша,казактын бир созин уйренсенши,канша шет елде журсекте сен усап,казак даласында журип лох болган жокпыз,оз жеримизде султанбыз,казак даласына кеп осип кеткен жокпыз,сен сыйакты малдардын мына казак даласында комусиз калар тури бар,оз пазорынди озин шашпай андаг аузына йе бол шошка неме
Айгерим
aikan_kdts@mail.ru
14-11-12 13:55
Оралман ағайындарды жаңа жобаға бірігіп,жұмылып жұмыс істеуге шақырамын.
Бактыбай
BaktibaiDotsent@mail.ru
16-08-12 15:20
Оралман.

Шегара аттап еліме,
Оралып келген Қазағым.
Тарих салып беліне,
Тартқан ауыр азабын.

Ата-баба жеріне,
Оралған азат күнімен.
Саңқылдаған, сайраған,
Қазағымның үнімен.

Қаралы бұлт кезінде,
«Кезуден» өзге таппаған.
Жүрегінің түбінде,
Отанымды сақтаған.

Өзге елге кіргенмен,
Өз тілін бір жыймаған.
Сыртта қанша жүргенмен,
Тіл мен ділді сыйлаған.

Өзінің елі болған соң,
Өзгеге бас имеген.
Өз отаны тұрған соң,
Өзге жұртты сүймеген.

Сұлтан да болған өзге елде,
Өр мінезді Оралман.
Қаймағындай Қазақтың,
Өз еліне оралған.

Оралманым-мақтаныш,
Оралманым-шаттығым.
Өз еліңмен әрдайым,
Бола берсін шат күнің.
(Серік Серікбай-улы, «Өнеге» кітабынан)

Елдос
kz_eldos_kz@mail.ru
19-07-12 10:22
Салем, казак бауырларым. Мен шет елден келген жокпын, бiрак Казакстанда журiп орысша сойлейтiн шала казактардан горi оралман казак бауырларымызды оте катты сыйлаймын. Олар шет елде журiп казак тiлiн ягни ана тiлiнде бiзден жаксы сойлесетiнiне ризамын. Оз елiнде журiп оз ана тiлiн(сыйламайтын) умытып бара жаткан казактарга соз жок, оны коймай коршi елден кайткан казак баурларымызга оралмансын деп жактырмауын айтсанша, оте бiр окiнiштi жагдай. Барша казак бауырларыма айтатыным орыстанып кетуден сактанындар. Шала казактарга айтатыным жок.
Мен қазақ
28-06-12 19:01
Жергіліктілерді жек көрем, олар оралмандарды көре алмайды. Ал өздерінің қолынан түкте келмейді. Оралман қытай, оралман моңғол, олармлан өзбек деп кемсітеді. Түбі қазақстанды көтеретін оралмандар.
қаз
28-06-12 18:57
Оралман деген нағыз қазақ.
лаззат
lazzat1979@inbox.ru
27-06-12 06:31
салем казакстандыктар бауырлар,менде осы оралман деп айтылганга карсымын.алгаш келгенде солтустикте бизге солаи айтатын.казр кудайга шукир бари жаксы.
Закир
Барша Бауырларға
06-06-12 12:25
Ассалаумалейкум құрметті бауырлар!
Ақтөбелік бауырымыз Көбейсіннің құрастыруымен тарихи отанына келіп жатқан қазақтар үшін орлмандар сайтын ашқан едік.
Сайтта көші-қонды реттейтін заңдарды келтіре отырып, қандас бауырларымызға жәрдемімізді көрсетсек деп жоспарладық.
Сонымен бірге Республикада шығатын басылымдарда көші-қон туралы мәліметтер берілген болса, сол сайттың сілтемелерін де келтіріп отырмыз.
Сіздерден өтініш, Қазақстанға көшіп келгеннен кейін қандай іс-әрекеттер жасадыңыздар, қандай құжаттар рәсімдедіңіздер, сол бойынша жазып отырсаңыздар.
Сайтқа бірінші тіркелу керек, www.oralman.idhost.kz сосын шет елден келетін бауырларымызға әркім өз басынан өткен іс-әрекеттерді жазып отырса. Біздің мақсатымыз біріге отырып, Қазақстанда қазақ санын көбейту.

Бақытқали
02-06-12 12:28
Талғат інім сөзіңде бар, мағынада.
Шіркін өлең бар баспаға жазылама?!
Намысты, нағыз елдің қамын ойлар,
"Ер сөзі" деп баға бердім, базынаңа!

Жарайсың бауырым. с/н Бақытқали.
Рамазан
Zhumanov-roma
22-05-12 13:25
Менің ойымша қытайдан келген оралмандарды, біздің елде оларды қытай дейді,ол дұрыс емес. Бұрын кеңес заманда ашаршылық, байларды қудалау кезінде шетелге көшіп кеткен. Ол заман жұт болған. Қазір тәукелсіз мемлекет болып, қазақ халқының санын көбейту керек. Олар өз елін сағынып келгкендер. Менің ойымша ормандар жұмысқа пысық болады. Оралмандар адамдармен қарым-қатынасы жақсы деймін.
Ваф
03-05-12 17:29
Қожагелдi DELL! Сен еркексiн бе, урғашысын ба? Астындағы ныспы шаштыға тиic есiм ғой!
maulen
maulen-1123
29-04-12 10:19
атта турган ештене жок бастысы канын казақ айтатындар айта берсин олар ким екен сонша орысшша соилеп орысты жактап жургендер шыгар көзі ашык кокірегі оиау адамдар олай ат коиып айдар такпайды.


С. МЕДЕТ
27-04-12 21:13
Байлық іздеп келгенім жоқ мен тентіреп,
Елге қайттым сагынышпен елжіреп.
Жолды ащқасын несіне мен мен қарайын,
Корсеттім ғой ерлігімді ер журек
Мол үмітпен жоға шығып серпіліп
Көңіліміз көтерілді желпініп
Елге қарай екпіндедік сағынып
Алып ұшып жүрегіміз секіріп
Көп жыл болды елге әбден – сіңістік
Көршісі болдық – ағайын боп күлістік
Қарға тамырлы қазақпыз ғой айтеуір
Бірге жүріп, бірге тұрып – бірлестік
Жалғассада да өміріміз одан әрі
Болармыз ағайын туыс құдандалы
Көршілермен тәту – тәтті бір болсақ
Құдайым жеткерер де бұған да әлі

Maks
musulman.89kz@mail.ru
02-04-12 21:01
ai kazaktar ai... Oralman dep bolinbei. Kerisinwe Oralmandardan ulgi alindar. Ol kisiler bizdin kazaktar siakti emes. Uimwil ,baurmawil.
Казак
murat-1976bk.ru
16-03-12 23:03
Оралман, нагыз салт дастурин сактап келеген казактар...ар намысын
кара домалак
AGK89@mail.ru
11-03-12 20:47
салам калайсыздар? казактар бир созден баска ермегимиз жокпа ? оралман оралман оралман жаман оз агасын агаламаган киси агасын жагалар деп сиздер оралман агайынды шеттетип орыстар или грекиядан келген гректерді агалайсындар ма ? кайта оралып жаткан казакстанга барлыгымыздын жанымыз казак дініміз хак ислам менимше оралман деген созді шеттен келген казактарды оралман сын деп айткан адам еш нарседен хабары жок адам бойына рухы намыс жок адам оралман деп айтады жамандайды неге осы оралманды жамандап жазган смстеріді баска максатка жазбайсындар маселен казак тілі неге корттерип жазбаска
Кожакелди DELL
gauxar_kja84
11-03-12 19:48
Талғат інім рахмет саған. Сені барша оралмандар көкке көереді, мақтаныш тұтады. Сендей жігіттер бар екеніне мақтанады.
Айтнур сагындык
aitnur_sagyndyk
03-03-12 14:13
КАЗАК Бауырларым сендерге айтарым АЛА Койды болек кырккан ЖУНГЕ ЖАРАМАЙДЫ КАЗАКСТАНДА ким корнген жур тарыдай шашылган казакты арен жйнап жатканда неболса соны айтпандаршы
Карина
beautiful.girl.-97
16-02-12 18:53
Канша дегенмен сендердики дурыс!!! менин атым орыстыкы болса да мен казакпын деп мактанышпен айта аламын !!! дегенменде менин ойым оралмандарда казак оларда елин жерин сагынып келген болар! менин ойымша оларга карсылык корсетип жаткандардыкы дурыс емес!!!!!\"
Оспанбек
zhan918@mail.ru
10-02-12 11:18
Егемендіктің арқасында әлемнің әр шалғайынан отанына оралған аяулы қандастарым, «бір биеден ала да құлада туады» деген, ел іші емес пе Сейфолла сияқтылар арамызда кездесіп қалып жатады, ондайлардың жалпы қазақ халқы мен қазақ елінің ұлттық мүддесіне қайшы «біліп және білмей жасаған» күналары шетелден келген сіздердің ғана емес біздің де ашу-ызамды тудырады. Алаш баласын отанына жинау елбасымыздың бастауымен қолға алынған салиқалы саясаттың бірі. Әрқандай игі бастаманың атқарылуы кезінде түрлі кінараттардың орын алуы да табиғи, дегенмен «көш жүре түзеледі» деген бар. Қазақ көші өз еліне бет бұрды, бұл біздің ұлт ретінде ыдырау тарихымыздың аяқтап, бір тудың астына қайта топтасу тарихымыздың басталғандығының ең басты белгісі. Ол ата бабаларымыз аңсап кеткен арманының жүзеге асуының ең басты нышандарының бірі. Қазақ көші сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елбасымыздың бастауымен қолға алынып, кезең-кезеңімен атқарылып келді. Бүгінде ол ел тәуелсіздігінің 20 жылдығының елеулі жетістігінің бірі ретінде бағаланып, аталған тарихи бастаманың кешенді табысы болған 860,4 мың қазақтың өзінің тарихи отанына қоныс тебуі мақтанарлық жетістік ретінде ұлықталып жатыр. Бұл 860,4 мың қазақ Елбасымыздың ел жағдайының ең бір қиын кезеңінде ел іргесін бекемдеу мақсатында қиналып жүріп жинаған елі. Нұрекеңнің 860,4 мың қазағына «Сефекең» неге топырақ шашып отыр? Ол неге елбасымыздың шетелдегі өз қандастары туралы салиқалы пікірлерін ауызға алмайды? Беті бүлк етпестен Германия қалаларының бірінде көшеде кездейсоқ кездестірген «құрбы кемпірінің» сөзін пір тұтады? Әбес-ақ екен. «Шалдың ісі шала болмас» деуші еді. Сейфолла шал болғанмен орашолақ, шалағай шал болды ғой! Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ өз кезегінде «Битке өкпелеп тоныңды отқа жақпа» деген аталы сөзді қолданған. Қадірменді қазақтарым «Сейфоллаға өкпелеп аттарыңды аздырып, тондарыңды тоздырмаңдаршы». «Ит үрді, керуен көшті». 20 жылдың алдында басталған қазақ көші, жалғаса береді. Бұл көш егемен елдің ертеңгі болашағы үшін басталған көш. Көштің машақатын сізбенен біз көрейік, игілігін еліміздің ертеңгі ұрпақтары көрсін!!!
Айда
Айда_86
25-01-12 09:46
Мен шынымды айтсам 1995 жылы Жаслык деген жер бейнеуге жакынба димын сол жерден келдык бирак туган туыскандарымыз1975 жылдары келген менин акем билмимын жумысы жаксы боп калп калдыма бирак сестраларым бары сол актауда болган окыды токыды тек мен бауырым аке шешем колында болдык менын есмде калганым ол жер каракалпакстанга карайтынын билмепын кишкентай болдымба ман бермеген шгармын ол жерде бары казак болды казак мектебы таза казак болдыгой мен келгенде киналган жокпын достарым коп болды местный кыздармен журдым сол кыздармен бирге алматыга окуга тустым осы алматылык местный ул кыздармен дос болдым жумыс истедым Тараздын жергиликты жигытымен журдм оган куйеуге шыктым ешкандай киыншылык корген жокпын куйеумнын курдастары барыде алматынын жергиликты адамдары орыс мектебин битирген бары орысша сойлейды солардан барынен улги алдым мены ешким оралман деп айтпайт ойткены мен уксамаймын менын жанымды кинайтын жеке куалыгым унамайды катты ауыстыргым келеды иногда курбы достарымен ангимелесип отканда сол оралман жайлы ангме айтады олар оралмандарды жек кореды асиресе мын каракалпактан келген шынындада создеры калай болса солай сол жактын тилимен сойлейды еще намыстанбай нокистен келдык диды арине сонан сон олар шеттетеды бириншы тил уйрену керек озынды сыпайы устау керек арине синису киын ол озынын араласатын ортанада байланысты ол жердын мативида баска солай кандастарым..
Гулзада
Gulzada_ok@inbox.ru
24-01-12 15:38
Салем достар! Динара сиз катты кателесесиз. Копке топырак шашуга болмайды. АЛЛА сен жергилик,сен оралман деп болип жараткан жок.Баримизди КАЗАК ягни МУСЫЛМАН етип жаратты. Болинуден аулак болайык! Керисинше ОРАЛМАН деп менсинбей журген бауырларымыздан уйренеримиз оте коп.
Айыл
Ayii_otambetov_87@mil.ru
07-01-12 11:27
Құрметті қазақстандықтар және шеттен келген бауырлар амансындарма. Біз осылай бір - бірімізбен ұрысып отыра берсек кашан бір бірімзді бауырымздеп кұшактай аламыз. Барімізде бір алланың пендесіміз, бір алланың жаратканымыз, мейлі оралман болсын мейлі жергілікті болсын жүрегімізде имандылык , адамшылдык болсын. бір алланың құлымыз. Менде оралманмын. Мына коп кейбір бауырларымыз бар екен шектен шығып агімелері дорекі. ондай кісілерге алдагы уакытта алла жүрегіне имандылык оятысын. Тарихка үніліп бауырымыз бір екені дұрыс. Казір ешкім ешкімінің нанын тартып алып отырган ешкім жок. Құрметті оралмандарды жаратпайтындар ештененің апкына бармай сойлей бермендер. Сендердің білімдімін деп жазғандарын, осы білімсіздікті корсетіп отыр.
Гулнар
06-01-12 11:25
Сәлем бердік барша қауым,өкінішті мына интернеттегі хаттарды оқып көзіме жас алдым өзім де сіздер талқыға сылып отырғын оралманмын жан-жағым Қазақстандық қазақтар жұмыс орынымда солай сонда олар бізді сондай жек көреме түсінбедім,неліктен бізде қазақ емеспізбе, Қазақстанға осы қазақтар сияқты еңбек жасап отырмыз cондықтан бәріміз біргі қазақ елін көтерейік құрметті аға-баурылар,әпке-сіңілдер демекпін.
галым галбият
galbiat_84met mail.ru
01-01-12 09:17
салем жалпы оралмандарга соз келтиргендер, сендермен соз таластырып бекер сендер туби жок шелектейсин, сендерге айткан соз кумга куйган судай!!!! (бул созим тек жогарыдаг оралмандарга соз келтиргендерге тисти)
El azamaty
30-12-11 17:20
Әрине түсінем, қытайда қазақтар біреудің жерінде жатқан жоқ ата бабадан қалған жерден жатыр, бірақ енді заман өзгерді, қазақ мемлекеті ол жерлерді енді қайтармайды, қазақстан мемлекетімізді көтеруге осында жақсы азаматтар қажет, ал мен білем, қытай қазақтары өте қазақи, адал, еңбекқор, салт дәстүрді сақтаған
El azamaty
30-12-11 17:13
Оралмандарға мынау бір жігіт жақсы жазыпты, жазғанына 4 жылдай бопты, міне дәйексөз яғни цитата:

"Al senderge aytarim kitaydin sayastin biz bilemiz kanshalikti sender olardi jaktasandar da olar senderdi kitai kildirad az azdan mektepterin jabilip kele jatir dep estidim, kesh bolmai turganda elge oralindar. bizge kazaktar asadai kajet, al eger shettetet korkip kelmeimiz desender oz obaldarin ozderine, kinshilikka tozu kerek bes sausak birdei emes, biri jaman bolsa biri jaksi bolad, alla kokldasin dep kelsender bir sati bolat ayaakka turip ketesinder. Uzin sozdin kiskasi oralindarrr.."

Бауыр дұрыс айтады, қазақстанға қорқып келмей қоюларың, ол дұрыс емес болады, қазақ ұлтыңыздан бас тартумен тең деуге болады. Қазір Қазақстанға халық санын көбейту ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сонда Қытайдағы мөлшері екі миллион қазақ қайтып келсе еліміздегі демографиялых проблема біржолата шешілуші еді. Тіпті демографиялық мәселені қоя тұра қазақ тілі де даламызға қайтадан мықтап қанат жаюшы еді. Және айтарым қытайда қалсаңыздар, түбі қытайланып бітесіздер, қазақ тегінен айрылып. Сол үшін қазір, Қазақстанда жағдай қалыпты болғанда, жақсы президент болып тұрғанда тез арада дереу орала бастауларың қажет, олай қытайда жатып алу, ағайын мүлдем дұрыс емес! Ал Өзбекстандағы қазақтар, олар өздері ақ оралып жатыр, бірақ олардың көбі оңтүстікке келуде. Солтүстік пен Шығысты адамдармен толтыру керек. Мысалы Шығыс Қазақстан облысының халқы жиырма жыл болды аздап азаюда, себебі орыстар кетіп жатыр. Ал Шығыста бос жерлер өте көп, алтай тарбағатай сауыр барлығы құнарлы жерлер. Солтүстікте де жер құнарлы көп әлі игерілмеген, еңбек еткілерің келсе, қош келдің ағайын! Қазақстанда көбі оралмандарды жақтыртпайды, себебі сіздер қазақша жақсы сөйлейсіздер, ал жақтыртпайтындар сөйлей алмайды, және қазір оралмандарға мүмкіндік көп, ауылды жерге келсе жер де бар, үйді де салып алуға болады, ал қалада әрине қиынырақ.

Sonya
Sarina8686
26-12-11 11:59
Нурик ондай занды озин шыгарып ал.себеби казакстанды кангыган итлер басып баратыр.озиниздин казакларыныздан елинизди кызганган мен,кызганган кызыл итке жем дегендей, турктин итлерине жем боласызлар.
Дукен
duken61
18-12-11 12:44
Канат кагып елиме оралганфымда!
Неге гана айналдым оралманына!?!
МЕНде казах, СЕН казах, БАБАмыз казах!!!
Оралмандар озгеден жаралганыма!?!

Нагыз казах баласы биздей болады,
Назар салсам достарга конлим толады!
Талдыкорган, Алматы , Костанай болып,
Оралгандар елинде сайран салады!
Кокшетау мен Акмола,
Кызылорда, Шымкала.
Караганды, Таразым,
Жезказган бар кен дала!
Солтустикте тагы бар,
Петропавл, Павлодар,
Семей менен Оскемен,
Атырау мен Актауым,
Актобе мен Орал бар!
Баринде бар туганын,
Онтустиктен оралган,
Онын аты Оралман,
Оралман, Оралман, Оралман!!!

Тилимизди ежелги сактагандармыз,
Динимизди озгеге сатпагандармыз!
Оралындар елге деп шакырган кезде,
Нур аганын уранын жактагандармыз!!!

Кызылкумнан келген биз актабандармыз,
Казах салтын, дастурин сактагандармыз!
Солтустикти коргауга шакырган кезде,
Уйде бугып, тек тыныш хатпагандармыз!

Алып ушып келгенде туысканым-ай,
Бауыр басчпай шынымен суысканынба-ай?
Журмейсиедер сол жакта неге дейсиндер?
Кызгандынба алде сен уыс нанынды-ай???

Нагыз казаах мен болдым мине бугин-ай,
Жамандардын созине кетпес тугим-ай,
Колымда бар куалик, азаматы казахтын,
Аркаладым мен бугин елдин жугин-ай!!!
Nurik
b2b-erzhan
13-12-11 08:51
Адамдар жүретін жерде кейде қаңғыған иттер кіріп кететініне түсіністікпен қарау керек. Себебі казах ру да жазылмағанғой иттер кіруге тиым салынады деп.
Дукен
duken61
11-12-11 17:02
Али коп арамызда осындайлар!!!

Жанынды тебрентпесе домбыра ани!
Калайша казах уни жангырады!?!
Топтаса алмай кетерсин тоз -тоз болып,
Секилди ушкан кустын сангырагы!!!


Казакпын деп кокирек кере алмасам,
Алемдик улы кошке ере алмасам,
Кай жерим менин казах, айтшы халкым!?!
Оз тилимде ак бата бере алмасам!!!

Оз тилимде сойлеуге уяламын,
Озге тилде сайрасам сый аламынЙ
Арак ишип, доныздын етин жеуден,
Озимди калай гана тыя аламын???

О, ЖАРАТКАН калайша тыя аламын!?!
Sonya
Sarina8686
20-11-11 20:20
Салем казак жаслары .Бир елде туpып бир-бириниздин гошинизди жей жаксызба.Бизин елимизде ондай миллет айырыу жок.Барлык миллетлер татыу жасап атыр.Бул бес kунлик дуньяда тартысыудын не кереги бар.Мен оралман емеспен Каракалпакстан РЕС.Тахтакопирденмен
Нусипхан
nus_2303@mail.ru
19-11-11 08:37
Болмайтын затка бола бас катырып кайтемиз! Оданда казактын ертени, келешеги, казак гылыми,дини, т.т маселе толып жаткан жокпа!
Ким силай биледи, оны ел силайды! Бейымделу керек ортага, жаксысын алып жаманын жасырып, казак мемлекетинин мерейын асыру керек!
Тусинбейтын адам ол манги тусинбес!!!... Адам алдимен катени кемшиликти баскадан емес, озинен издеп, тузеткени абзалырак! Бауырынды жамандасан саган биреу жаксы бауырын акелып бермейтини анык емеспе.... айтеу аман-есен тауелсиз казак елинде жургенимизге минда-мин шукир емеспе!!!?? баскасынын бари неге турмак!!! Тек ашшы тарих,бабалар таукимети кайталанбасын деп тилейик
қарындасыңызбын ага!
18-11-11 08:47
менда оралмандарды жек коремин. Оларды атып олтиру керек
умирзак
xazirat077
15-11-11 22:45
күріш күрмексіз болмайды дейді қазақ сол айтылғандай адамдардың арасында да түрлі пікірлейтіндері бары ащы болса да ақиқат. өйткені мал аласы сыртында, адам аласы ішінде деген кімнің ішінде не барын жалғыз жаратқанның өзі біледі. сондықтан оралман деген сөзді де түрліше түсінеді. жақсы жағынан түсінгендер жақсы пікірлеп, жаман жағынан түсінгендер өзінің теріс пікірін алға тартып көпке топырақ шашып жатады. ондайлардың құлағына алтын сырға бойың қисық болса да, ойың түзу болсын деген мақалды естеріне салғың келеді. өйткені \"тіл босағада жатқан арыстан, байқамасаң басыңды жейді\" дегенді есте сақтап, тіл еркіндігі деп ауызға келгенді оттай бермеу керек,\" ойламай сөйлеген ауырмай өледі\" деген басына келіп жүрмесін. бұл форумда кейбір аузына еге болмағандар айтып жатқандай көшіп келгеннің барлығы кезінде қашып кеткендер емес. бұның бір дәлелі мен өзім өзбекстанның сырдария облысында туылып өскенмін. сонда әкем айтып отырушы еді балам біздің ата бабамыз бұл жерге көшіп келгенімізге 300 жылдан асыпты дейтін. соны есітіп өскеніме де 30 жылдай болыпты. сонда қайдан көшіп барған деген сұрақ тұылады. сонда әкемнің айтқаны самарқанд облысында қойтас деген жер бар сол жақтан көшіп келген деп жауап беретін. ол жер қазір де сол атпен аталады. өзбекстанның көп жерлерінің атауларын алып қарасаңыз қазақша атаулар. сонда ол жерде қазақтар отырып атын атамағанда қай ел отырған дейсіздер. қазақтың әдебиетінде бар алпамыс дастанының өзінде \"жиделі байсын жерінде, қоңыратдеген елінде\" деп жырланады сол жиделі байсын қазір өзбекстанға қарап қалды. ташкентте төле би, науайыда әйтеке би билеген болса олар қайдан көшіп барды деп ойлайсыздар. сол жақта неше ғасырлардан бері жасап келе жатқан адамдар қалайша форумда тіліне ие бола алмағандар тілге алғандай \"қашқын\" болсын. олар өздерінің неше ғасырлардан бері ата бабалары жасап келе жатқан жерлерін сол ата бабаларының бейіттерін тастап қазақпыз тамырымызда қазақтың қаны ағып тұр деп, өзіміздің жасымыз бір жерге келіп қалса да ұрпақтың қамын ойлайық деп көшіп келсе оларды \"оралмансың\" деп көкірегінен итерген дұрыс па? қайта оларды \"елге ел қосылса құт, елден ел кетсе жұт\" дегендей құшақты айқара ашып күтіп алса, қаблиса жырау өлең шумақтарында \"бақыт қайда барасың? еш адамды күндемес, өсек отын үрлемес, әдепті үйге барамын\" деп жырлағандай бақыт береке қосыла келмей ме? бір сөзді айтқанда дәлелмен айту керек күмәнмен емес. әлі де болса дүниеде соның қатарында қазақстанда жақсы адамдар көп. міне солар елге басшы болғандығының арқасында \"егер итке арыстан басшы болса, иттің бәрі арыстан болады\" дегендей арыстанша бас болып анау мынау адамдарды арыстанмен теңестіріп жүргендер бар \"егер ит арыстанға басшы болса, арыстанның бәрі итпен тең болады\" дегендей ондайлар басшы болудан алла сақтасын.
Бухарбек
Ауызы жамандарга
15-11-11 02:52
в2в, ержан ауызым бар деп айта берме, осы жазганыннан билинди сендердин тусиниги жок бале екендерин. Канша терен ойлы создерден кейин булай жазуларын барып турган сауытсыздык!!! Небир кушти жазылган создерден кейин не жазарсын. Тек алга КАЗАХТАР!!! Аяктан шалу,арттан шыкулау болмасын. Талгат,Дукен калам устаган колдарын талмасын.
Дукен
duken@mail.ru
15-11-11 01:38
Тилимизди ежелги сактагандармыз
Динимизди озгеге сатпагандармыз
Оралындар елге деп шакырган кезде
Нураганын уранын жактагандармыз

Кызылкумнан келген биз актабандармыз
Казах салтын дастурин сактагандармыз
Солтустикти коргауга шакырган кезде
Уйде бугып тек тыныш жатпагандармыз.
Дукен
duken@mail.ru
14-11-11 22:41
Ал бугин егемен боп орлеймизбе
алемде абырой мен торлеймизбе
Болинип тортинши жуз оралман боп
душпан ким,досын кайсы кормеисинбе

Биз роалман емеспиз шолден келдик
Бабамыз мекен еткен елден келдик
Кырмызыдай кулпырган Кызылкумды
узбек айткан белбеуди белден бердик

Казах тилин,гурыпын сактагандар
Кызылкумнан келген актабандар.

Дукен
duken@mail.ru
14-11-11 22:32
Cарттын *козох* деген аузын бузган
Бизди енди оралман деп оттамандар
Бир карыннын камы емес максатымыз
ел ушин келген биздер оккагарлар.

Алланын укимене барма шара
Журекте битпейтин бир калган жара
Бабалардын бейитин тастап кеттик
Жермен-жексен етпейме бара-бара.
Ержан
21-10-11 07:21
Неге жек кореди дейсин ба???ойткени бля баска жакта лох боп журесиндер, енди казакстанга келип пиздец ахуевшый болып ушлый болып алгансындар!сукалар блять!
B2B
18-10-11 14:09
Оралманнын орысшасы-КИДАЛО!!!
Нағашыбай
naganj-89
18-10-11 14:00
Салем тағдыры бір барлық шетттен келген отандастар!!! Менде оралманмын, жергілікті қазақтар сені оралман деп айтса ол сауатты көзі ашық қазақ болғаны, ал кейбіреулері сен Қытайдан келсең қытай, Өзбекстаннан келсең өзбек, Монғолиядан келсең монғол деп айтқанда жаныңды жегедей жейді, бірақ нестейсің бейшаралардың аузын жаба алмайсың ғой. қазақпен басқа ұлтты айыра алмаған сорлыға бұдан артық не дейсің, егер ол тар ихты оқыса біздің кім екенімізді білер еді.
Талғат
talgatb@yahoo.com
06-10-11 22:00
салем достар
Ыдырыс
02-09-11 06:14
Ана облыстан, мына облыстан келгендер де оралмандар. Оралмандар тек сырттан келгендер емес. Ташкент те, Науайы да, Бесқала да, Астрахань да, Орынбор да, Омбы да, Алтай да, Баян улке де - барлығы бурыннан араласып жатқан жерлер. Iштегi облыстар да сондай.
Талғат
talgatb@yahoo.com
24-08-11 17:39
бул өлен алдынгы беттерде жарияланган
Талғат
talgatb@yahoo.com
21-08-11 12:44
"ОРАЛМАНДАР"
(немесе "ОТАНҒА НАЗ")

Ассалаумағалейкум "Оралмандар!"
Тарихи Отанына оралғандар!
Өз Елі: "Оралман"-деп атай қалса,
Көңілі бір пәс болып, оңалғандар!

Сабыр тұт, жайлап ойлан!"Оралмандар!"
Бәріңнің әз басыңда сан арман бар,
Болса да қаны-ҚАЗАҚ, жаны-ҚАЗАҚ!
Қазақи атауынан тоналғандар!!!

Аптықпа! Ақылға кел! "Оралмандар!"
Ашумен мерт болған бар! Жоғалған бар!
Ада бол,мейлі атыңнан не затыңнан?!
Алайда жер бетінен-ЖОҒАЛМАҢДАР!!!

Өр мінез, ерке, сылқым,"Оралмандар!"
Өліп те, тіріліп те-оңалғандар,
Әлемнің бар қазағы "Оралман"-дай
От жағып, отау тіксе не арман бар!

"Оралман" шекараны аттағандар,
Шет жерде көңілі жай таппағандар.
Қазақи қарапайым болмысымен
Жат елде АНА ТІЛІН сақтағандар!

"Оралман" қилы өмір кешіргендер,
Ұл-қызын ұлтжанды етіп өсіргендер.
Дәстүрін өрге сүйреп, өз тілімен-
Өзгенің ортасында көсілгендер.

"Оралман" ат жалында туылғандар,
Әсте оны-"Басқа ұлт"-деп ұғынбаңдар!
Жарты әлем жаһанданып жатса-дағы
"Оралман" тек, қазақтың-ТУЫН таңдар!!!

"Оралман" ата-тегін білетіндер!
Өз тегін білмегенге, күлетіндер.
Бабасын, батырлығын есте тұтып,
Рухын жоғары ұстап жүретіндер.

"Оралман" өз ОТАН-ын сатпағандар!
Қандасын, "Халық жауын"- атпағандар!
Тарихтың қиын-қыстау кезеңінде,
"Кету"-ден басқа амал таппағандар!

"Оралман"-"орысшыл" болып тумағандар!
Абырой, атақ, даңқ-қумағандар.
"Алдына келсе-атаның құнын кешіп",
Азғындық, арамдыққа жуымағандар.

"Оралман" өзін, ұлтын сыйлайтындар,
Опасыздық ойына симайтындар.
"Битке өкпелеп-өз тонын итке тастап",
Сұмдыққа, қиянатқа қимайтындар.

"Оралман" ұлт дәстүрін ұмытпаған,
Ұлты-үшін, ұрпағы-үшін, тынықпаған.
Бөгделер қасақана сынай қалса,
Бөлініп, бөлшектеніп, ығыспаған.

"Оралман" басқа дінге енбегендер,
Басқаның ықпалына көнбегендер!
Елінде:Қытай,Моңғол,Өзбек,Иран
Намазын "қаза етіп" көрмегендер.

"Оралман" дінге басын иетіндер,
Тілі,ділі,діні-үшін "күйетіндер"
Шатақшыл тентектерін тезге салып,
Ибалы, имандысын сүйетіндер.

"Оралман" шариғатқа бойұратын,
Әр сөзін "бисмилла"-дан қайыратын.
Өмірге жаңа келген сәбиінің,
Есімі- "азан айтып"- қойылатын

"Оралман" тал бесіктен шыққан жандар,
Тегі-асыл, темір сынды, "сырттан" жандар.
Арасын-тал бесік пен жер бесіктің,
Адамның ғұмыры-деп ұққан жандар.

"Оралман" ақ өлімді-аза тұтқан,
Алладан хаһ өлімді-қаза тұтқан.
Елінің намысы мен ері үшін,
"Қанға-қан, жанға-жандай"-жаза тұтқан.

Арысын жоқтау айтып шығаратын,
Қайғысын бөлісетін, ұға алатын.
Өзге үшін өзін құрбан ете алғанмен,
Өкпелер!-насыбайға "бір-ақ атым"

"Оралман" кердең басып жүрмейтіндер,
Паңдықты, пасықтықты білмейтіндер.
"Кісілік-кішілікте тұрады" - деп,
Ұлығы - ұлтын сыйлап, билейтіндер.

"Оралман" отты күнде от кешкендер,
Кеудесін қылыш тіліп, оқ тескендер.
Досы үшін жанын пида ете білсе,
Жауымен "ат кекілін шорт кескендер"

"Оралман" от мінезді жалындаған,
Ешкімге еңкеймеген, жалынбаған.
Қазаққа, қандасына көз алартып,
Жері үшін, "жемі" үшін тарылмаған!

Ұлдары жауын қуып, қыр асырған,
Тектілік дарығандай бір асылдан.
Сұлуы шаш өсірсе толарсақтан,
Бұрымы көз қуантып бұратылған.

"Оралман" қаны таза - текті жандар,
Сынасаң, соны біліп, дөп сынаңдар!
"Аспан,жер,су-тәңірі бол" - десеңіз,
"Оралман" шырқау биік -көкті таңдар!!!

"Оралман" тойын тойлап, жыр жырлаған,
Жырымен қилы-қилы сыр жырлаған.
Қызының саусағынан өнер тамса,
Ұлдары - "сегіз қырлы, бір сырлы " адам!

"Оралман" ҚАЗАҚ болған заманадан,
Қандасын, "ұяласын" таламаған.
"Қол сынса-жең ішінде" жетілдіріп,
Жақсы мен жайсаңдарын даралаған!

"Оралман" ата-тегін ойлайтындар,
Тексізді тайраңдатып қоймайтындар.
Қырық күн той жасаса дүбірлетіп,
Отыз күн ұлт ойынын ойнайтындар.

"Оралман" той жасаса "дабырайтып",
Бірі келіп жататын бірі қайтып.
"Өлі рыза болғанда - бай болам"-деп,
Атасына ас берген, сауын айтып.

"Оралман" тегі - ҚАЗАҚ бұрындардан,
ҮШ ЖҮЗ-дің бұтағынан бүрін жарған.
Ауылынан сыңсу айтып қыз аттанса,
Бозбала-күйеу жігіт ұрын барған.

"Оралман" тойға шашу шашатындар,
Ат үстінен теңге іліп қашатындар.
Жар-жар айтып, келінін күтіп алып,
"Беташар"-мен ақ бетін ашатындар!

"Оралман" ақ некесін қиятындар,
Бірлікте, бір соқпаққа сиятындар.
Ұлына "Ұлық бол!"- деп бата беріп,
Қыздарын - "қырық үйден тиятындар"

Әйелі ерін сыйлап, "күңк" етпеген,
Ерлері ел алдында "дүңк" етпеген.
Халқының мұратына бой ұсынып,
Өмірдің ащысына "былқ" етпеген.

"Оралман" ақ пейілді аңқау жандар,
Алайда аңқаулыққа таң қалмаңдар.
"Батыр аңқау-ер көдек" деген сөз бар,
Алдау үшін аңқауды - тамсанбаңдар!

"Оралман" қонақ күткен малын сойып,
Ас беріп, "Ақсарбас"-тың басын қойып.
Қонақты ойын ойнап сынайтұғын,
Алдына "Тоғызқұмалақ" тасын қойып.

"Оралман" жүйрік баптап, құс ұстаған,
"Түлегін" жаз түлетіп, қыс ұстаған.
Көкбайрақтың белгісі қыран құсты,
Күніге үш ұшырып, үш ұстаған.

"Оралман" ат бапкері - шабандоз жан !
Аламан бәйге жасап - алаңда озған.
"Көкпарын", "Теңге ілу", "Қыз қуарын"
Көрсеңіз! білек қышып, арқа қозған!

"Оралман" бұлақ көрсе көзін ашқан,
Өзен болып ағарын сезіп ашқан.
Әр елде, мойындатып-ҚАЗАҚТЫҒЫН,
Ғажайып ҚАЗАҚТЫҚ-тың өзін ашқан.

"Оралман" еңбек етсе ерінбеген,
Аштыққа, алапатқа берілмеген.
"Оралман" от сезімді -Отаншылдар!!!
Елі:-"Оралман!", ал, "Оралман":- ЕЛІМ - деген!!!

"Оралман" ел бірлігін ойлағандар!
"Оралған - "Отансыз!"- деп ойламаңдар!
Шашырап тарыдайын жүрсе - дағы,
ЕЛДІГІН!, ҚАЗАҚТЫҒЫН!- жоймағандар!!!

"Оралман" әр ғылымды үйренгендер,
Компьютер, техниканы игергендер.
"Оралман" - Отаныңның келешегі!!!
Ей, ҚАЗАҚ!!! Бостан-босқа "күйзелмеңдер!"

Ей, ҚАЗАҚ!!! Күйзелмеңдер! Күйзелмеңдер!
Орынсыз, опасыз бір күйге енбеңдер!
Келіп тұр, ҚАЗАҚТАРЫҢ, есігіңіе!
Жатсынба! Кеудесінен итермеңдер!

СУЫ ЖОҚ, БОЛСА ТАЯЗ КӨЛ БОЛА АЛМАС!!!
ӨРІ ЖОҚ, БОЛСА ЖАТЫҚ БЕЛ БОЛА АЛМАС!!!
ӨЗ ҰЛЫН ӨҢМЕНІНЕН ИТЕРГЕН - ЕЛ?!
ТУЫ БИІК, ТҰҒЫРЛЫ - ЕЛ БОЛА АЛМАС!!!

Осылай өз ойымның аз-ын айттым,
Сөзімнің "қыс"-ын емес, "жаз"-ын айттым.
Қазақтар! Көзіңді ашып - тура қара!
Еліме! Отаныма! базына айттым...

Орта жүз - Керей - Абақ керей - Шеруші руы - Саңырау әулеті - Байбол шөбересі - Бәкей ұлы Талғат

МОҢҒОЛИЯ - БАЯН ӨЛГИЙ

шах
30-07-11 11:56
Сендер жерлік қазақтар өздеріңіді кереметпіз дейсіңдерме? Сендер орыстан өлердей қорқасыңдар, орыс түшкірсе сендер жөтелесіңдер сондықтан тәуелсіздік алғалы 20 жыл болсада қазақ тілін әлі мемілекеттік тіл ретінде көтере алмадыңдар. 10 қазақтың ішіне 1 орыс келсе бәрің жалбақтап орысша сойлейсіңдер. Және бастықсымақтарыңның бәрі парақор, титтей бірдеңе істесе тиын дәметіп тұрады. Өздеріңді таза қазақпыз деп ойлайсыңдарма сендер маңгүрсіңдер, бастарыңа орыстар маңгі шіремейтін мыс шеге қағып кеткен. Сондықтан сырттан келген нағыз таза қазақты жек көресідер. Біз кезінде орысқа мойын ұсынбай, қытайменде талай соғысып өз-өзімізді мойындатқанбыз. Сендер сияқты ынжық, орыстың сызған сызығынан шықпайтын йіс алмастар емеспіз.
Сакен
saken.saripbaev@mail.ru
09-07-11 08:33
коресиндер кезикелип барлыгы оралмандарга алгыс айтады, себеби олар енбексуйгиш казактар
Ками
ypi_90
10-05-11 21:32
Бармысыздар қазақтың жерін басып жүрген адамзат қауымы!!!!!
Оралманда қазақ себебі ол Қандастарыңыз!

айша
03-05-11 13:25
Шынына келсек, кезінде елден кетуге мәжбүр болған қазақтар , қазақтың нағыз салт дәстүрін сақтап қалған қандас бауырларымыз!
Арғы беттің қазағы
Ардахқа
18-01-11 09:22
Рахмет, Өзіңеде Тәңірімнің нұры жауа берсін.
ардах
mxc_ulgii@yahoo.com
17-01-11 18:38
Аргы беттин казакы сен ким болсан да нагыз жигит жане текти екенсин сенин сөзине разы болдым алла басына билим жүрегине иман үялатсын.
aiva
@
16-01-11 23:50
Реалист Бахадур
менің ойымша әу баста оралмандарды Қазақстанға жібермеу керек еді. деген созіңіз оралмандар келип менин нанима таласти деген ангимеге келди гой. Талай жыл чеченге де курдке де туркке де орыска да украйнге де кариска де нанин болип берген кен пейыл казак оз бауырын жатка тебу керек екен гой..Жогарыда отиргандар сизден бурин каржы жагин туп тугел есептеп барип бастаган кош кой бул..оралмандарга берген тукке турар турмас комек умикетке 2 есе боп кайтарылатин билгеннен жасалган ис(long term investment деп айтса да болады деймин) Сиз терен ойла дединиз гой менимше сизге терен ойлану керек... Жалпы ширек гасырлык омиримде байкаганим казак озинен басканин барине кен..ал ози десе жокты санап оз озине жау боп шыгатин бир адети бар.
Закир
Баһадурге, Динараға
13-01-11 10:54
Баһадур және Динара!!! Адамның жақсысы әр ұлтта бар және адамның жаманы әр ұлтта бар. Оралмандардың арасында сауатсызы, мәдениеті төмендер бар екендігіне сенемін, бірақ білімі жоғары , мәдениетті жандар өте көп. Сол сияқты керісінше Қазақстандық азаматтардың ішінде де сауатсыздары , мәдениеті төмендері жеткілікті. Ал, сауатты азаматтар да өте көп. Бір жақты баға бергендеріңе қарағанда сол сауатысыз және мәдениетсіз екендіктеріңді білдірдіңдер. Кейбір деректерде ҚАЗАҚтың үштен бір жері орыстың өзбектің, қырғыздың, қытайдың қарамағында қалған дейді. Өзбекке кеткен жерледе қанша мыңдаған қазақтар 1950-60 жылдары қалып қойды. Олар босқын да емес, қашқын да емес. Төле би Ташкентті билеген, және Ташкентте қабірі жатыр. Қазақпен Өзбек аралас құралас өмір сүрген.Оралмандардың бәріне топырақ шашпа. Бірінші тарихты оқы. Басына іс түскенде М.Әуезовта елді тастап Ресейге жасырынып күн көрген. Қажымұқанның Мұңайтпасұлы туралы кітапты оқы, кезінде қазақ басшылары балуанға онша мән бермегенде, өзбектің елбасысы Юлдош Ахунбабаев күріш, бидай, ұн, қой беріп тұрғанын еске алады. Бастарыңа іс түспесін, қиындыққа тап болсаң сол кезде бәріне басқаша баға бересің. Қазақстанға барлық қазақтарды алдыру керек. Квотаның ақшасын көбейту керек. Орыстың, өзбектің, немістің өз мемлекеті бар. Күндердің күнінде басқа ұлтар елден көшіп жатса қазақтың саны көп болғаны дұрыс. Айтар сөз көп. Баһадур, Динара тарихты оқы.
Арғыбеттің қазағы
бахадурге
12-01-11 10:09
бахадур мырза! атыңды әдейі кіші әріппен жаздым, себебі сендейлердің атын кіші әріппен емес тіпті жерге кірпішпен жазуғада турмайды. Алмасқа терең ойлан, алысқа қара депсің. Алысқа ол емес сен қарауың керек сияқты. Қазақстанды бір өзің бағып, халықты өзің санап, статистиканы өзің жүргізген сияқтысыңғой. Қайсы оралманға қанша ақша кеткенің үкіметтегілер сенен сұрап отырған сияқты. Есепті қатты жасайды екенсің. Ел тас санаша сен құм санап отырсыңғой.Байқасам дәрежең өте төмен жігіт екенсің. негізі сендейлермен сөйлесіп жеңу мүмкін емес. Себебі көкірегіңдегі надандық басқа кісінің нақыл сөзін ары кіргізбейді.
Ақтабан шұбырынды заманында Хан Абылай үш жүздің басын құрап ел болайық, іргемізді нығайтып бекем болайық дегенде осы бахадур сияқтылар ортаға сөз тасып, үлы жүз саған босынбайды, орта жүз билікке құмар, кіші жүз орысқа жақын деп быраз жыл абылайдың басын торлаған екен. Сол жылдары осы бахадур сияқты адамдырдың кесірінен ел бірікпей талай қазақ қырғынғада ұшырап кеткен екен. Сонымен қанішер Абылай осындай адамдары өлтіргеннен кейінғана үш жүздің басы бірігіп жоңғар шапқыншылығына қазақ төтеп берген екен. Ал бұл күнде қазақ елінде осындайлар тағыда қаптап кеткен, тіпті сол жоңғар шапқыншылығы кезіндегіденде көп. Себебі жептіс жылдың кеңестің кері саясатымен бұрмаланған тәрихы көкірегі ояу ерлерімізге жұқпасада осындай қарақұрсақ надандарға тез сіңіп кеткен. Нәтижесінде өзгеге емес өзіне қарап арсылдайтын ауылдың жынды төбеттеріне айналған. Ақыры соңы еліне келген өз қанының көңілін суытып, елді дүрліктіріп, халықты қазақстандық қазақтар оралмандар деп араздастыратындар міне осы бахадур сияқтылар. Бауырларым! Сендерге айтарым қазақстанда, қазақ елінде осы бахадур сияқты қарын майды шірітетін құмалақтарға қарамаңдар. келіңдер, орнығыңдар. Сендер бахадур сияқтылардан жасқанбаңдар.(ит үреді,керуен жолына туседі)деген . Елбасының өзінің саясаты солай. Сендер сіңе алмасаңдарда сендердің балаларың нағыз осы елдің болашағы болады.
ерназар
ernaz90
10-01-11 09:43
салам баурлар!білімді адамдар мынындай білімсіз сөз айтып даурықпайды.тарихты сен өз көзіңмен көрген жоқсың,ендеше,елін жерін тастап кеткенбал бүгін келіп жатыр деген сөзді айтқанің нағыз сорақылық,білімсіздік және надандық.басқа сөз айтқымда жазғымда келмейді.кімнің кім екенін әлі ақ көре жатарміз.сен сол заманда тусан көрередік?
Бахадур
06-01-11 18:24
almass мырзаға!
Жалпы алғанда ойың дұрыс. Алайда, Кезінде қазақтың басына күн туғанда, сол "қазақтар" (оралмандар) елін тастап, тағдыр тәлкегіне тастап кеткен жоқпа!? Енді келіп, елдегі қазақтың қарны тойып, көңілі жайланғанда "елім" деп Қазақстанға келе қалуын. Оралмандардың елге қайтып, Қазақстанның демографиялық жағдайына үлес қосқанынан, қу қытайдың жымысқы саясатын жүзеге асырығаны мол болып отыр оралмандардың. Қазақстан өзінің тұрғылықты азаматтарының әлеуметтік жағдайын әзер жасап отырғанда, ар жақтан оралмандар келіп, "біздің жағдайымызды жасаңдар" деп дандайсиды. Бейне бір, Қазақстанға атасының еңбегі сіңгендей. Сондықтан, Алмасс бауырым, алысқа қара, терең ойлан!

almass
almasbek_89@inbox.ru
05-01-11 21:07
bahadur senin oyinwa kalai oralmandar yagnii kelmesin ba .bugingi kunde xalik sani jane ultti kop elde kazaktin oz sayi basim bolui kerek.xalik sani kop bolui ekonomikalik turgidan karasanda paydali.kolina kurekpen kalam.auizinda juregi bolgan ar kazak kazakstan uwin paydali ultim uwin paydali bolam degen adam gana ultina paydali bola aladi
еркалар
йййййй
05-01-11 06:18
оралман деген казак
Бахадур
03-01-11 13:58
құрметті Әуезбек менің ойымша сен оралмандар туралы тым әсірелеп жазғансың. "Оралмандар кут болып оралгандар" деген сөзің саяси жағынан қате болса, "Бабалар аруагына табынгандар" деген сөзің діни тұрғыда өте қате болып табылады. Ақты ақ, қараны қара деп айтатын реалистік заманда, обстракция қуғанымызға жол болсын.
Бахадур
03-01-11 13:52
Армысыздар жергілікті жамағат. менің ойымша әу баста оралмандарды Қазақстанға жібермеу керек еді. олар Қазақстана жаны ашығаннан келіп отырған жоқ. Тек пайда ойлап, жаңа бизнес көздерін ашу деген сияқты пиғылдармен келуде сияқты.
Динара
03-01-11 10:47
Салеметсиздер ме! Биздин жакта калпактардан келген оралмандар оте коп. Жане олар оте-оте-оте мадениетсиз боп келеди, издегендери осек-ангиме, сауаттары оте томен. Акша-пайданын жолында журеди. Ер кисилерине дейин усак-туйек ангимеге кумар. Балким оган олардын оздири кинали емес шыгар, оскен ортасы ыкпал еткен болар. Бирак сауат ашу керек, оралмандар сауатсыз десе осы касиеттеринизге карап айтады, осек ангимени койып, бой тузеу керек. Сонда гана сиздер оздеринизди жаксы жагынан корсетесиздер.
Ауезбек
Aue-Tau97@kazakh.ru
30-12-10 19:05
Оралман Жыры

Оралмандар кут болып оралгандар,
Казахтын баласы боп жаралгандар.
Отаны Егемендик алган саттен,
Куш баилап Ата-журтка келалгандар.

Оралмандар улт болып туралгандар,
Жат елде казах болып журеалгандар.
Ултынын салт-дастурин,тилин,дилин,
Халкына улги етип береалгадар.

Бабалар аруагына табынгандар,
Биригип Астанасын куралгандар,
Алаштын АкОрдасын берик салып,
Елине Азамат боп калангандар.

Оралмандар Отан ушин кушип келгендер,Оларды талкылап,олар туралы терис пикирдегилерди МЕН ШАЛА казактар деимин.
Гулама акын,жазушы, Хамза Есенжанов агамыз кунделигинде жазган екен:,,КОРЫКСАНДА ОРЫСТАНГАН КАЗАХТАН КОРЫК,,деп-
мине курегендик,оралмандарга кедерги жасап жаткандар мине солар дер-едим.
almass
almasbek_89@inbox.ru
26-12-10 14:34
arine bek sizge kosilam ayta keterlik jagday turkiyadagi kazaktarga oz tilimzde esim koyuga da ruhsat jok.men turkiyadamin 5 jilday kun otken sayin turkterdin surkiyaligin korip kelem.jaman xalik eken ote ozimwil kazakpen bauirlaspiz deyd suyte tura asimlasyon jasauda
almass
almasbek_89@inbox.ru
26-12-10 14:31
1.orta juz kawkan dep oylaydi
2.kazakpin dep oz ultin ozinden kizganadi
3.bizdin oralmandardin kateligi alu uwin emes beru uwin ules kosu uwin kelu kerek
4.reseydin ikpali oristandiru sayasati asimlasyon
5.kop jildar tipti gasirlar boyi aramzda otsalindi
6.brak kazak kazak tubinde tabisamz kazak eli barimzge ortak
нурша
nursha1952
23-12-10 16:32
БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІРЛІК БАР ! БІРІГІҢДЕР ҚАЗАҚТАР ! ТАРЫДАЙ ШАШЫЛМА ҚАЗАҚТАР! ЖАМАНЫҢДЫ ИТКЕ ТАСТАЙСЫН БА ҚАЗАҚТАР ? ИТТЕ БОЛСА ОЛ СЕНІН ҚАНЫҢ ! КЕМШІЛІКСІЗ АДАМ БОЛМАЙДЫ ! ЖАЙНА ДЕГЕННІҢ КӨЗІН ҚҰРТЫП ЗЫНДАНҒА ТАСТАУ КЕРЕК ! ҚАЗАҚТЫҢ ЖІГІТТЕРІ ! ЕЛІҢЕ , ЖЕРІҢЕ ,ҚАРЫНДАСЫҢ МЕН АНАҢА, БАЙЛЫҒЫҢ МЕН БАҒЫҢА ИЕ БОЛЫҢДАР ! БОЗ ӨКПЕ БОЛМАҢДАР ! ҚАТАЛДАУ БОЛЫҢДАР ! ЕЛГЕ ИЕ БОЛАТЫН ТЕК АЗАМАТТАР СЕБЕБІ ҰРПАҚ ЕРЛЕРДЕН ТАРАЙДЫ . ЕЛ-ОТАН . АЛ, ОТАН-ОТ БАСЫНАН БАСТАЛАДЫ АУЕЛІ ӨЗ ОТБАСЫНДЫ САКТАНДАР ! БЕРЕКЕ СЕНДЕРДЕН БАСТАЛАДЫ АЗАМАТТАР АМАН БОЛСЫН ҚАЗАҒЫМ ҚАЗАҚ ЖАОҚ БОЛҒАН КУНІ СЕН ДЕ ЖОҚСЫН ! ҚАЙ ШЕТ ЕЛ БИЗ СИЯҚТЫ 5-6 БАЛАГА БОЛА КЛАСС АШЫП ӨЗ ТІЛІНДЕ ОҚЫТАДЫ ? 100 ҚАЗАҚ БОЛСАНДА САГАН ШЕТ МЕМЛЕКЕТ КЛАСС АШЫП ОҚЫТА КОЙМАС ТЫМ ЖАЛПАҚШЕШЕЙ БОЛУДЫ ТОҚТАТУ КЕРЕК !
Анти
жок
21-09-10 22:13
Оралмандар аты елге оралмандар деген соз гой соны билмейсындерме орал ма деген соз гой а олар оны тусин бейди
Қазақтың қызы
Muminamumina@mail.ru
26-08-10 10:36
Жүрейік енді, "оралман", "шала қазақ" деп, сонда "таза ҚАЗАҚ" кім? Бізде, солтүстікте қазақша таза сөйлетін "оралман емес" қазақтарды - мәмбет дейді. Құлаққа жағымсыз, тіпті орыстар да солай дейді. Жаныма қатты батады. Таза қазаша тек ауылдың балалары ғана сөйлейді.
Ал "Оралмандар" біз жақта жеке-топ болып жүреді. Олар "басқа мемлекет" сияқты..... Сосын жергілікті қазақтар оларды менменшіл, нашар мінезді дейді, сондықтан дұрыс сөйлесе қоймаймыз.


бокыс
20-08-10 08:47
өзімнің оралман екенімді мақтан етемін.
Жазира
jhaze_82kz
16-08-10 22:27
Оралман оте ер журек ,жанеде кең пиылды халық болып келеды! мен мақтан тұтам .....
Арғы беттің қазағы
09-08-10 11:19
Бұл сұраққа мен жауап берейін.
Оралман деген Адам, ұлты қазақ. Бырақ тарихтың тәлкегіне түскен жандар. Отан деген түсінікті білседе, сезінгісі келседе Сезіне алмай жүрген адам. Отаны деген сөздің алдына тарихи деген сөзді қосып қойып, қазақ деген сөздің орнына оралман таңбамен жүрген адамдар. Бауырым деп бетіне күле қарағанмен, сыртынан талай қашқынның ұрпағы деген сөзді естіп жүрген адамдар.
Ол дүниеде де жоқ қайдағы бір қазақтың еліне келдім деп, неге орысша сөйлейді екенмін деп нан табалмай қала жаздаған адамдар.Қайдағы бір түрі қазаққа келетін, бырақ қазақ дегеннің не екенін білмейтін, басқа ұлттармен қолтықтасып жүрген қыздарды көріп өзінен өзі құсаланатын адамдар. қазағым қазағым деп, қазаққада өзгегеде сүйкімсіз көрінетін кірмелер. АЛЛАның пендесі, Мұхамметтің үмбеті болып туылсада, туыла салып кпыр болып, Орысша сөйлеп кеткен қазақтарға неге қазақша білмейді деп дал болып жүрген сорлылар. Беремін деп Аузынан жаңылған үкіметке бердау деп үміттенетін, Әлі ештеңе алмаған, ешкімнің нанын тартып алмасада, тиын сұрамасада Алып кетті бұлар деп бәлеге қалып жүрген адамдар. Қызыл қанды қылыштың дүзінен ата бабасы ұрпағым аман қалсын деп кетіп, бүгінгі күні сол бабаларына қазақтар жағынан жағылған қашқын деген қара таңбаны алып жүрген адамдар. туған жеріде отан емес. келген жеріненде отанындай сезім таппай жүрген қазақтар. Өзгенің қол астында мейлі 50 жыл мейлі 100 жүрседе қазақтығын жоғалтпаған, қайда көшседе бесігін бірге алып жүрген қазақтар.
Қайда жүрседе, кедей болсын, бай болсын рухын жоғалтпайтын, ана тілін басқаға шатастырмайтын, шошқаның етін жемейтін қазақтар.
Бек
04-08-10 11:59
Ит үреді керуен көшеді. Оралман десе ырысын жеп қойып несібесіне түсетіндей шыр пыр болатын ағайындар бар екені рас. Ел болғасын жақсысы да болады жақсылықты көрмейтін жаманы да болады. Енді жақсысын сөз етсек. Біз оралманбыз ол рас. Басқа елге, басқа жұртқа көшіп келдік. Қиыншылық аз емес. Тұрмыстың машақатына қосылған орыс тілін білмеу, қазақы ділі жоқ тентектердің кедергісі, кезегі таусылмайтын шенеунігінің қайыры жоқ мекемесінің қағаз сарсаңы ағайындардың көңіліне селкеу түсірген кез аз емес. Алайда біз көрген жақсылық аз емес. Жылай береміз әрине біздің ауыртпалығымыз аз емес. Алайда машақатты жеңілдетуге септігі тиген періште көңіл қазағымыз аз емес. Біздің атажұртқа аяқ басуымызға мұрындық болған, біздің ат көлігімізді сайлап келумізге мүмкіндік жасап заң жүзініде еркіндік берген осындай ақкөңіл адал ниетті аңғал қазағымыз атжұртымызда отырған қазақы ниетті қайраткерлеріміздің арқасы. Енді мен деп сөйлейін. Маған да қиналып тұрғанда қол ұшын беріп, түрлі кедергілерден шығуыма септігі тиген адамдар тұрғылықты қазақтар аз емес. Оны да айту керек. Жалпы Қазақстандағы қазақ халқының оралмандарға көзқарасы өте дұрыс. Қолдайды қолынан келсе көмегін аямайды. Алайда араларында ақымақтары сауатсыздары да аз емес. Олардың аузынан сендер қиын кезде немістермен соғысып жатқан кезде қашып кеттіңдер дегенін естідік. сауаты бар баланың өзі олай еместігін біледі. Битке өкпелеп тоныңды жақпа деген халқымыз. Оралман жұртқа жалынып мені асыра деген масыл жұрт емес. Өз күнін өзі көреді. Тек үйреніскенше ғана қиындық бар. Оны мойындауымыз керек. Білгішсініп сөйлеген кейбір жандар біздің қиыншылықты көргісі келсе жүгін көтеріп келесі бір ауылға көшіп барсын. сонда ғана түсінеді. Жат жердегі жақауратуды, басынуды, жатжұрттыққа әлімжеттік жасағысы келетіндерді. Сондықтан оралман ағайын жасыма өз еліңнің жұртыңның ортасын келдің. Бірер уақыттан соң бәрі де ұмытылады. Жалғыз өсіп, Жарлы байымай ма.
kuljan59
kuljan
20-06-10 20:48
Агыл-тегыл заман болды сол кезде
жан дуниесы урейленып казекен
сан-санасы коркынышпен кымталып
карк болганнан кардон асып кетты ме?
Мал мулыгын тартып алып жатканда
конлы абден орыстардан калганда
от басыларын сактап аман калам деп
шырылдатып шыбын жанын,урпагын
алды,артына мынгестырып урланып
аттандыгой тар жолменен сапарга
Монголия,Кытай елын мекендеп
оз жерынын топрагына жетсем деп
данышпан бабам ботен шермен ышынде
калды арман,ансарменен мангылыкте
жергылыкты казактар быз сокпейык
надандылык
корсетып,араздасып кетпейык
шегара ашылганнан кайтып жатыр
кандастар журагаттар бырыгейык!
Салт-дастурдыумыткан мусылмандар
уйренейык келген журттан кокректенбей
сыйластык болсын деймын арамызда
бырыгып аткаратын коп маселе
тосып тур келешекте алдымызда.
Актоты
maliwka92_kz
05-05-10 13:58
бұл жаққа қуғын коріп келмегенбиз
шет елде жургенде біз құлдықт ажурмегенбіз!
Өзбектін отанында жургенде
Өзгеге есімізді бермегенбіз!!!
Келгеніміз жоқ сынау үшін бағымызды
Келгенбіз көбейтуге санымызды
Қазағым бір бол деген ұран үшін
Қалдыры тұғырымен, тағымызды!!!
Ел едік өзге ұлттың бәрін корген
Достасқан, бауырласқан, тілін білген.
Ұл-қызға ұлан той жасап
атаның дәстүрімен ойнап күлген!!

Қазақ
prov_kz@mail.ru
01-05-10 22:32
Қазақ ұлтшылдарына үндеу!
Бірінші мамыр еңбекшілер мерекесі баршамызға құт-береке әкелсін!
Бүгін коммунистік партия мен алға партиясы 1 мамыр мерекесіне байланысты халықпен кездесу өткізді. Жиынның күн тәртібі бойынша, мәжілістен кейін соғыс ардагарлерінің рухына бағыштап гүл қоюға шыққан халықты полиция органдары үш бағытта қоршап, рұқсат етпеді. Осындай жағдайлардың өріс алуына байланысты қарапайым халық пен құқық қорғау органдары арасында қақтығыс болып, соңы Жасарәлі Қуанышәлі мен Ермек Нарынбайевты ұстап әкетуі және бір топ азаматтардың сол мәжіліс орынында аштық жариялауымен ұласты. Біз қазақ ұлтшылдарын осы бір билікке болған саяси талап тілектерімізді батыл түрде қоюға, елін жерін сүйетін алаштың ұл-қыздарын ашық түрде АШТЫҚ ЖАРИЯЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!!! АДЕРСІ: Алға партия іс басқару орыны (Қарасай батыр мен Досмұхамбет қиылысы)

Талғат
talgatb@yahoo.com
27-04-10 12:10
Сәлем форумдастар! Көптен бері форумда болмағаныма кешірім сұраймын! Ал, Тамдылық қарапайым қазақ пікіріңе рахмет! Кама ! Ол депутатсымақ -Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әшімов деген миғұла! 90 емес 98 пайызы білімсіз деп соқты ғой батырың! Бүкіл елді білімсіз деп білгішсіну, ол, сол пенденің өзі білімсіз, көрсоқыр, суайт екендігінің дәлелі. Аталмыш суайтқа өз министрі сөгіс жариялап, ескерту жасағанын мәлімдеді! Ол да өтірік!? Жалпы Қазақстандық шенеуніктер үшін өтірік айта салу қанына сіңген әдет болса керек. Оған негіз де жоқ емес. 400 жыл орыс саясатының құрбаны болған, соңғы 100 жылда орыс империясының ашса алақанында, жұмса жұдырығында болған бейкүнә халық пен бишара атқамінерлер жоғарыға (Мәскеу) жалған мәлімет беріп жағынып, өз халқына жала жауып жан сауғалаған міскіндер емеспе еді, енді олар өтірік айтпағанда кім айтсын!? Жалпы жағымпаз, суайт, қазақи ар ождан, қадір қасиетінен айырылып қалған қазіргі интелегентциядан, суайттар армиясынан әлі талай сұмдықты күтуге болады. Олар қазіргі жас кадрларды ғана емес келешек ұрпақтың санасын уландырар жегі құрт! Міне осылардан болып ел абыройы айрандай төгіліп, ел бірлігі ірімшіктей іриді!?
Өз сөзіме бір дәлел: Жуықта Батыс Қазақстанда, Орал қаласында жүрілген \\"қазақ тілі мен тарихы\\"-атты Халықаралық конкурста Моңғолиялық және Қытайлық қазақ жеткіншектері байқаудың басқы орындарын бөлісті, әрине Қабылсаят Әшімовтың балалары онда болған жоқ. Болмайды да! Себебі орыс тілділікті білімділік деп есептейтін Қабылсаят Әшімов сынды әңгүдіктерге басқаның бәрі бос...
Kazakh
24-04-10 20:56
Оралманға
26-08-09 22:09 Қиын кезде елді тастап, аталарың жан-жаққа көшіп кеткен. Қазір, заман тынышталып, барлығы жақсы болған кезде, түк болмағандай елге келдіңдер. Әсіресе, Қарақалпақтан келгендердің менталитеті өте жаман. Тек пайданың көзіне қарайды, басқа мәселелерге көңіл аудармайды. Дүние өртеніп жатса да қарамайды ғой. Осыдан кейін сендерді кім жақсы көреді?
Sen kimnin kim ekenin kaidan bilesin?Men keldim Karakalpakstannan,okyp jatyrmyn allaga wukir Almatyda,ewkimge zianym tyip jatkan jok,ol kezde kowkenderdin kobisi bai adamdar bolgan,eger senin myndagan malyndy,bailygyndy tartyp alyp ukimet baskalarga beremiz dese sende bermes edin jane sol ukimetten kawudyn amalyn izdeitin edin,sen menin ata-babama til tigizbe mangurt.....Almatyda jursen koresin wetki auyldardan kelgen kazaktardy kogamdyk jerde jurmin dep oilamaidy, boktap,tukirip juredi,sen solardy tuzep al jane oz ana tilin bilmeitin mangurtterdi de tuzep al.Syrttan kelgen kazak senin auzyndagy nanyndy surap aldyma,eger bilsen sogys kezinde Stalin baska ulttardy kushtep koshirmedima?Solarga eshtene demeisindergoi.Al oz kazagyndy shettetesinder.
Кама
24-04-10 13:53
Форум мүшелеріне салем бердік! Кириллицамен жазып отырганыма айып етпениздер. мен осында алгаш рет кирип турмын.
Осы жакындагы парламент мажилисиндеги бир депудат агамыздын айткан созин естидиниздер ма? Депудат агамыз былай айтты: " Монголиядан келген оралмандардын 90 пайызы сауатсыз"деди. Сонда осы форумда отырган кандастарымыздын барлыгы сауатсыз болганы ма, алде соны айткан агамыздын ози сауатсыз болганы ма? Сиздер "оралманды" талқылап жургенде, ендиги тауыкка таккан айдардай "сауатсыздар" деп айдар тага бастады. Ал осы жайында не айтасыздар?
Тамдылық қарапайым қазақ
agmp@bk.ru
12-02-10 17:56
Мен Қазақстанға 1989ж кеңес дәуірінде көшіп келдім. \"Оралман\" деген ұғымды 1999ж Құлан ауылында облыстық және жергілікті көші-қон өкілдермен кездесуде осы мәселені көтердім. Осы жиналыста \"оралман\" деген атауды бауырлар немесе қандастар деген ұғымға алмастыруға ұсыныс жасадым. Әрине осы жерде шешілетін мәселе емес еді, сондықтан осы ұсынысты билікке жеткізуіне өтініш білдірдім. Кейіннен осы кездесу бойынша \"Қандастармен кездесу\" атты облыстық газетте мақала жариаланды. Қазақ тілі өте бай. Осы \"оралман\" деген ұғымға дұрыс балама сөз таппағанына шамданамын.
Осының бәрі билік басында отырған Мұхтар Шахановша айтқанда қазақ сымақ космополиттердің кесірінен.
Біз \"оралман\" емеспіз Тамды ежелгі қазақтың жері кеңес үкіметінің солақай саясатының керісінен Қарақалпақстан АССР құрамына берілді. Кейін ҚарАССР Өзбекстанға берілді. Содан біз Өзбекстандық болып кеттік.
Сіздер \"оралман\" деген атауға өпкелеп жүрсіздер, бұдан да сорақысы Т. Рысқұлов (бұрынғы Лугавой) сырттан келген жерлестерді \"Бұхара\" дейді. Ит үрді керуен көшті \"мәдиниетті қазақ сымақтар\" үшін жүйке тоздыру еш қажеті жоқ. Менің басқада айтатын пікірімді Талғат інім өз өлеңінде толық қамтыған. Жарайсын інім, Талғат!
Салтымызды, тілімізді, дінімізді және ділімізді сақтай білген барша ҚАНДАСТАРҒА тағзым етемін. Мақтаныш тұтамын. Аман болыңдар, АҒАЙЫНДАР! Көріскенше күн жақсы. Хабарласыңыздар.
Мақпал
maha1314@mail.ru
13-11-09 20:25
"мен қазақпын"мен мақтанышпен бұл үнімді бар әлемге жеткізгім келеді!
Мақпал
maha1314@mail.ru
13-11-09 20:18
Мен өз ұлтымды ,өз ана тілімді қастерлеймін,және мақтан тұтамын.біз жүрегі\"қазақ\"деп соғатын жастар,қолұстасып,бар әлемге\"қазақ\"халқының ұлылығын көрсетеміз.
серік
serikali_001@mail.ru
07-10-09 15:08
Қазағым деп қаным деп қытай елінен кеп тұрмын.
Дініне сен бет бұрдың тіліне сен бет бұрдың
Мәдениетіне бет бұрдың салт- дәстүріне бет бұрдың
Мен оралман емеспін сен оралмын деп тұрмын.
Сендерден өтінерім: Оралманды қойып ҚАНДАСТАР деп атайықшы.

РУХ
MIRASZHAN
28-08-09 08:55
ЖИГИТТЕР!
ОРАЛМАНДАР ЕМЕС КАНДАСТАР!
Ereke
27-08-09 08:12
Sen Karakalpakstannan kelgen oralmandardin barin tanip, barimen soulesip,aralasip shikkan adam syaktisin goy ozin. Bes sausak birdey emes.
Оралманға
26-08-09 22:09
Қиын кезде елді тастап, аталарың жан-жаққа көшіп кеткен. Қазір, заман тынышталып, барлығы жақсы болған кезде, түк болмағандай елге келдіңдер. Әсіресе, Қарақалпақтан келгендердің менталитеті өте жаман. Тек пайданың көзіне қарайды, басқа мәселелерге көңіл аудармайды. Дүние өртеніп жатса да қарамайды ғой. Осыдан кейін сендерді кім жақсы көреді?
Baxa
abush_bahadir@mail.ru
31-07-09 20:22
endi oralman degen soz koldanylbau kerek.wetel memleketten kazakstanga kelgen kazak kandastar etnikalyk otandas dep atalady
САПАРХАН
anely_91_
30-07-09 17:16
ма мен оте куанымтымын, Интернеттен оралман туыс бауырларым мен осылай карым-катынас жасап отырганыма, жауап жазындар кутемин Алматы каласы
chairi
kazak.87inbox.ru
25-07-09 15:51
Aslm.Allahin nuru jausin agayindar.Ya oralman.Negizi men de oralmanim.Almatyda turamin.Kansha oralman bolsamda kazakhpin jane kazakh bolip kalamin...Biz kop narseni bilmeyimiz.Biz kimbiz , kaydan keldik? Kazakh degen kim?bunun barin biliuimiz kerek. Sen oralmansin,sen sondaisin sen bundaisin demeuimiz kerek.Karanizdar shetelde kanhsa kazakh jur.jane onlar ne ushin jur.Osini okiyik,surastirayik agayindar...
akniet
akniet66@mail.ru
03-07-09 10:04
Оралман ол кім?
Ол ешқандай мақұлық емес, кадымгі 2 қол, 2 аяғы австракиыт ойлау қабілеті бар кадымгі адамзат, ол алаш баласы, сізге оралман емес отандас, қандас ескеріп жұрыңыз

СПАМ
21-05-09 10:57
Короче айтканда,ОРАЛМАНДАР , ешкымнын созыне ман бермендер!
Озге журттан келген казактарды кемсытып,озге журттан келген акшасы БАР баска улттарга,торден орын бергендер оте коп бул жерде!Казыр барлыгы акша десе олгендер!Оралман былай турсын оздерынде,тылынде,салт дастурын де сататындар оте коп!
Ахат
axat97@mail.ru
14-05-09 09:45
Билер сөзі
Талғат
talgatb@yahoo.com
13-04-09 22:28
Сәлем барлық форумдастар! Мені іздегендер "www.massagan.com"-нан табасыңдар. Сондағы менің бұрышымды "talgatb" деген атпен іздеңіздер, хат алмасып тұруымызға болады. Сонда күтем...
Толағай Еркебек
08-04-09 11:16
Талғат аға жақсы жазасыз.мен саңырау Миштаридың немересі Толағай ұлы Еркебек.Тақпағыныз ұнады.Қостанай об.
канат
Канат mail ru
20-03-09 00:02
калайсындар жерлестер
Қас
Жолымбет
19-03-09 09:04
Жапон қызы жала жапқыш екен. Әке-шешесі кеңестік саясатпен уланған кісілер болса керек. Бірақ, оған амал жоқ. Қазақстанда 90 пайз адам жапон қызынша ойлайды.
Мен өзім қытайда туып-өскем. Өзге елді білмеймін, Қытайда қазақ атам заманынан бар, онда бір жарым миллионнан астам қазақ тұрады. Жапон қызы айтыңызшы! Сіздерше болғанда сол қазақтардың барлығы қиындық кезінде қазақстаннан қашып кеткен бе?
Жоқ, қателесесіз. Кезінде ондағы қазақтар Шығыс Түркістан Республикасы деп аталатын тәуелсіз ел болған. (кейін кеңестік одақ пен қытайдың қуғынынан құлады) Қытайлар сол қазақтар тұратын Іле, Алтай, Тарбағатай өңірі қазақтың ата қоныс жері екенін баяғяда мойындап, автономия берген, ол қазір де өз деңгейінде тұр. Тіпті ондағы қазақ тілінің қуаты қазақстандағыдан әлдеқайда жоғары екенін ұялмай айтуға болады.
Ал қашқан қазаққа келсек, ол да шындық еді. Бірақ, оларды да кіналауға болмайды. Өйткені, біріншіден, өлімнен аман қалу керек. Екіншіден, олар қашқан күнде де өзге емес, Шыңжаңдағы өз қазағының баурына тығылды ғой.
Ол кезде Қазақстан тәуелсіз ел емес. Сіз айтқан қиындықтар мен соғыстар қазақ халқының мүддесі үшін болған жоқ.
Құдай бетін ары қылсын! Сондай зұлымдықтар енді туа қалса, біреулер қашса, сіздің мына сөздеріңіз сонда дұрысқа айналады.
Қ007
007
14-03-09 13:34
Жапон қызы сен олай ойлама бірінші оралмандардың арғы тегі кім болғанын зеріттеп біл нағыз қазақтың қаймақтары екенін, қазақтың тілін ,дінін , салт дәстүрін, сақтау үшін өздерін құрбандыққа шалған. Сондықтан біздің аталарымызға тіліңді тигізуге ешқандай қақың жоқ.
бейтаныс
12-03-09 17:56
Қарақалпақтар неге ренжулі Сендерде қазақтың бір атасысыңдар Үйсін Арғын Найман деп те бөлініп жатады ғой Бірақ бәріміз қарға тамырлы қазақпыз
Жапон кызы
12-03-09 12:55
Салем достар! Өйткені олар қиыншылықзаманда елін тастап қашқан. Көбі осылай ойлайды деп ойлаймын.
Қас
Жолымбет
06-03-09 07:42
Орысша білмес Оралман бол. Шетелден оралған бол. Үкіметке сеніп, қағаздар жинап, жұмысың бір мезет солармен бол. Содан кейін базарда жүріп ақшаңнан тоналған бол. Квота алмай, азаматтық алып, күйі жоқ- әр жерде қона алған бол. Бірер жыл туыс-туған, достардың көзінен жоғалған бол. Анда бар, мында бар. Титықтап сандал. Ең соңында өзіңе сеніп жағдайың біраз оңалған бол. Оралман кім десең, оралман сол.
Жанат
05-03-09 21:42
Досай көп құтырма құйқаңды сыпырам
Кони
aika741010
26-02-09 18:22
Ағайын сен оралман бол оралман болма ең негізгісі қазақ бол
Есенбек
esenbek.90@mail.ru
01-02-09 12:46
Саған толық келісем. Сол сөз үшін талай төбелескнмін.Жақында бір баланы Монгол деген сөзі үшін аузы мұрынын дыт қылғам.
нурлан
нуржан
19-01-09 18:57
бауырлар корықпаңдар мен сендер мен біргемин, және сендер үшін
Гулнар
Gulnarturasker@mail.ru
19-01-09 11:08
Кулакка орескел естылетын будан кушты синонимдарды неге колданбады екен? Сонымен катар бауырластар, отандастар дегендей адемы создер де бар емес пе. Озым жергылыктымын. Бырак осы "оралман" деген соз оте унамайды. Озгерту керек.
Мейірбек
Meyirbek84@mail.ru
15-01-09 12:21
Мен қазақ өлсемде қазақ
бәріміз қазақ
тек қана қазақ
Белгісіз жан
13-01-09 09:03
Дұрыс айтасын Оралман!!!! Шынымды айтсам, "Оралман" деген сөзді өмірі естімеген едім, осы Алматы қаласына келіп естіп жүрмін. Менің ойымша "Оралман" деген сөзді Қазақстандағы шала қазақтар ойлап тапты деп ойлаймын!!!!)))))
?
19-12-08 15:18
"Елім"- деген ер болмаса, "Ерім"- дейтін ел қайдан болсын!
шеруас
18-12-08 22:35
Ассалаумаѓалейкум, Таке! Майл.ру-даѓы Мой мир бойынша жерлестер с‰лжээсін ќ±райыќ. Зайсанов мектебін єр жылы бітіргендер осы арќылы єлемніњ єр т‰кпірінен хабарласып отырамыз. ¤з µлкеміздіњ кей єњгімелерін ортаќ форумѓа салѓанымыз, басќа ж±ртќа ќызыќсыз да болуы м‰мкін, кейде. Біз ‰шін Ќараќабаќ та, Ќарасу да, ‡шќара да, ќорыс батпаќ Б±рќаншілік те таусылмайтын єњгіме.
Талғат
talgatb@yahoo.com
24-11-08 14:37
О, иә.. Қарағыздың Бауыржаны "Шабыт" сыйлығына ие болды- дейсің бе? Қуаныштымыз! Бауыржанды барлық Соғақтықтар атынан құттықтауға болар ма екен, сәлемімізді жеткізші..!
Талғат
talgatb@yahoo.com
24-11-08 14:31
Сәлем форумдастар! Барлықтарыңызға денсаулық, табыс, бақыт байлық тілеймін! Ойларыңызды ортаға салып, пікір жарыстыра отырыңыздар. Көп жиылып пішкен тон келте болмас деген емеспе. Олай болса қані кімде қандай пікір бар? Ал, Шерушиев бауырым кәрі мекен-туған жер бәз баяғы қалпында. Қазір қыс қаһарына міне бастаған. Қызыл қайың, Соғақта бір апта болып демалып қайттым. Ел жұрт тегіс аман. Осындағы барлық ағайынға ҮШОЙҒЫР-дың сәлемін жеткіземін!!!
Меруерт
18-11-08 12:49
Салем Қазақтар!
Мен өзім осында туып өскен қазақпын. Оралмандарға деген пікірім өте жақсы. Олар қай жағынан да алда озық жүреді. Университетте бір группаласым Монголиядан келген оралман еді. Соған әлі таң қаламын, білмейтіні жоқ бәріміз содан сұрайтынбыз. Менімше Монголиядан келген бірнеше оралмандарды танимын. Бәрі сабаққа өте мықты. Бастары қатты істейді. Қыздары тіпті өте пысық деп айта аламын.
Шерушиев
asay_73@mail.ru
14-11-08 11:43
Таке, көрінбей кеттіңіз ғой? Қара мекен, қасиетті Қызылқайың, кәрі мекен Соғақ аман болар? Бұл елдегі жаңалық: Қарағыздың Бауыржаны "Шабыт" сыйлығына ие болды ғой. Хат жазып тұрыңыз
Тимур
Temurack@mail.ru
02-11-08 12:28
Мен олай ойламаймын мен өзім орлманмын
Саша
05-10-08 10:02
Сәлем достар! Маган 1916 жылғы әдебиетшілер туралы тауып берулеріңізді өтінемін. Рахмет!
Гульзада
@mail.ru
13-09-08 00:48
Қазақстандықтардың әртүлі пікірлері бар.Бәрінің ойлары бірдей емес.
Нур ару
12-09-08 15:04
1 Шет жақтан, ауылдан, қырдан келген оралмандар өз қадірін өздері жояды. Қайда жүрсе де мәдениетсіздігін көрсетіп, мақтанып жүреді. Олардың кесірінен басқалардың атына кір нұқсан келеді. Мен өзім Уланбатордан келгеніме көп болған жоқпын, тек монгол тілінде сөйлеп келдім. Аз уақытта қазақша, орысша еркін меңгеріп, халықаралық қатынас мамандығын үздікпен бітіріп, барлық тұрғылықты халықтарды мойындатып келемін. 3 елдің дәстүрін өте жақсы білемін. Олар туралы мұншама жаман ұғымнан арылып, КЕҢ БОЛСАҢ КЕМ БОЛМАЙСЫН дегендей кең болыңыздар ағайын!!!
КЕНДЕБАЙ
09-09-08 16:16
Оралмандар - жүрегі нәзік жандар. Олар алыстан ат арытып келгенде, көкіректен итеру барып тұрған найсаптың ісі. Осындай Ақ жарылқап күн туып жатқан заманда АЛТЫ АЛАШ болып бірігу орнына өз қазағымызды, қандас қарақалпағымызды өзектен тебесіңдер түге!
Әз Нұрсұлтан аман болса, халыққа етер жақсылығы әлі де көп. Тек, Алла барлығымызға оң пейіл берсін. Ар-ұжданнан жұрдай, сайттарды бүлдіріп жатқан боқауыздарға да нысап берсін, Тәңірім!
Жас±лан
05-09-08 13:07
Кеше мен µрістен бір лаќты ±мытып кеттім, ќайтып оралып барсам "ќайдан келдіњ оралман " - деді лаќ! Ќаттты ренжіп ќалдым µмірдіњ ќызыѓы сол шыѓар деп оныњ сызыѓын тесіп тастадым. Біраќ одан кейін лаќтыњ папасы келіп маѓан жама-а-а-ан болды. Кеткен ќыз оњынан туады, ќайтќан ќыз оралман болады!!! Так что басымды ауыртпай кеткен жаќќа сігіліњдер. жолдарын болып кµп балалы ана болындар. пока-а-а-а-а-а-а-а-а. іздегілерін келсе мен Ќазаќстанда т±рамын.
Бикеш
31-08-08 23:08
Курметти жолдастар!!! оралман жане оралмагандар!!! алда жалда сендердин беттеринен суиип, арттарынды сипап, карсы алады деп ойлау кате, ойткени!!! озимиздин казак казактын котин шукылап жаткан жеримиз бар, бирак!... онын бариде уакытша !!! биз жас елмиз, Кудай буйыртса казагымыз бирин бири котерип ,сыйлап, кадирлеуди уйренеди деп сенемин...сондыктан! айта кететиним ,казак ушин, ел ушин ,отан ушин деген патриоттык сезимдеринизди ешкандай правокацияга берилмей ары карата оркендетулеринизди отинемин, сураймын, жанеде сол сезимдериниздин жылдан жылга улгайуына тилектеспин.
Дәулетияр
Қостанай
28-08-08 14:51
Мен Тамдының қарақалпағымын. Біз қазақ пен қарақалпақ ортасында тіпті айырма жоқ деп ойлаушы едік. Олай емес екен. Осында келген соң ауылдан келген жерлестеріміздің өзі бізді алалап бастады. Сонда басқаға не жорық. Біздің тегіміздің қарақалпақ екенін дүйім жұртқа паш етіп, ат төбеліндей оралман-қарақалпақтарды келімсекке шығарып тастады. Біздің ұлтымыз қарақалпақ, бірақ жүрегімізде титтей болса да қазаққа бөтендік жоқ. Көңіліміз "қазақ" десе, елжіреп қоя береді.
Қазақ ағайын айыра берген соң осы Қостанай өңірінде ежелден жасайтын қандастарымызды тауып, табысып жатырмыз. Ай жарылқап, күн туып ҚАРАҚАЛПАҚСТАН мемлекет болып жатса, қайтадан көтеріле көшеміз бе, деген ойымыз бар. Бұл құдайдай шындығым.
Қарекең
ТАРАЗ
28-08-08 11:10
Мен де отбасыммен осында көшіп келген едім. Қанша айтқанмен "қазақ бізге бір ата болса да жақын ғой" деген ой болды. Кезінде қазақ халқы нәубет себепті босып барғанда қарақалпақтар үйін босатып беріп, аядай орында бірнеше отбасы тату-тәтті тұрып, барлық орында қазақ мектебін ашып, қолынан келген көмегін аямаған. Енді тағдыр айдап қарақалпақтар да келіп жатыр. Бірақ, біз пақырларға онша жылы көзқарас байқалмайды. Тек, ұлтымызды өзгертсек ғана орнығып кететін көрінеміз. Көпшілігі сөйтіп те жатыр. Алайда бұл ұят жағдай. Қазақстанға қарақалпақ келсе - құт, тілі бөтен, діні бөтен, тірі бөтен өзге ұлт өкілі келсе, биқұт екенін бауырларымыз біле бермесе керек!?
Сұңқар
25-08-08 20:07
билік басындағылырын атамасақта болар, біреудің күншілдігін қозғап алмайын.
оралман дегеніміз түрік танушы Қаржаубаев, Әнші Мұқаметқызы Майра, Биші Шұғыла, КЕШЕ ҒАНА ҚАЗАҚ АТЫН БҮКІЛ ДҮНИЕГЕ ТАНЫТҚАН БАҚЫТ СӘРСЕКБАЕВ!!!...
Сұңқар
24-08-08 14:41
Қазақстан ғана емес бүкіл жершарындағы қазақтар "оралман қазақ" Бақыт үшін дәл бүгін бақытты!!!
ВАХА
chuckaby@hotmail.com
22-08-08 23:32
ol mensinbeitynder nagyz dolboebter goi.Olarga ewkanday jaksylyktyn keregi zhok.Ozbekstanmen Kitai bolmasa.Kazakstan ne zheidy.Awinnan oledi goi.Sonimen oralman againdar senderge aitatinym,tekkana alga basyndar.Ewkimnin aitkandarina nazar audarmandar.Barlygyda Kazakstan uwinnn
асан
elmiragirlkz@mail.ru
21-08-08 16:58
мен қазақстанға өзбекстаннан барып базарда сауда жасадым қасымдағылар сен өзбекстанға
кашып кеткенсіңдер уакытында деп сөйлей береді өздері товарды өзбекстаннан әкелеміз деп мактанып кояды алушыларға кытайдікі емес деп мактана береді сонда бұл калай
асан
elmiragirlkz@mail.ru
21-08-08 16:53
мен казакстанга барсам оралман деп кун корсетпейді
ВАХА
chuckaby@hotmail.com
20-08-08 21:59
en aldimen barwanizga jalyndy salem.Weteldegy Kazaktar turaly arkym bolek oilaidy.Kobi kawkinsindar deidy.Al shynymdy aitsam ewkimnin oilagany meny kiziktirmaidy.Mumkyn olar kotere almagandyktan solai oilaidy.Al menin atamnin batyr atagida bar bolatyn.Ol sogystar bitken son,Komunizmge karsy bolgandyktan koshken.Urpak kuran okuvdi bilip,azandi kunde 5 ret estisinder dep koshken.Al senderge surak.Kanwanyz Kurandi bilesiz?Namaz,din,salt-dastur turali ne bilesinder.Nagyz Kazaktar avilda eken.Kalgandar oz tilinde bilmey jur eken,Men Turkiada tuvilip ostim.3 jyl boldy Almatidamyn.Menin baikagandarim osy.Menen baska asirese Kitaidan kelgen kandastardi eskim mensinbei jur eken.Bilai karaganda olar Kazak tilin,salt-dasturinde mikti ustagan.Olar soilegende men kyanam.Mumkin sondiktan kop adam olardy mensinbeidy.Sozdin kiskasi ali de jurmin Kazakstanda.Kim ne aitsa aitabersin.Men ozimge karaiberemm.Orista bir soz bar goii.Poxuyyy .))) Sondaii koro4iii
Талғат
talgatb@yahoo.com
20-08-08 06:00
Барлықтарыңызға сәлем! Форумға көптен бері кіре алмай, жұмыс шаруамен болып кетіппіз, кешіріңіздер! Осында ой тастап жатқанымымыз да, аз айтып көп тыңдап немесе көп айтып аз тыңдап жатқанымыз да, әлдекімнің ашу-ызасы, әлде өкпе-реніші, тіпті біреудің жасырын атпен сөйлеуі, ал, керісінше енді біреудің ағынан жарылып адал сөйлеуі: бәрі-бәрі бір қазақтың қамы, бір ұлттың арман мүддесіне ұштасып жатқанына кәміл сенемін. Мен солардың бірі болғаныма, әрі қазақтығыма, әрі ана тілімде сіздермен пікір алысып отырғаныма қуанамын да! Батыржан ағамызға рахмет айтамын, алайда қазақтың жерін Еділ мен Ертіс арасы, не болмаса Атыраудан Алтайға дейін деп шектеп қарауға болмас, көне түркі тілдес тайпалардың тарихына зер салар болсақ қазақтың табанының таңбасы түспеген, қазақша атауға ие болмаған жер Азия мен Европада аз дер едім. Осылай қарасақ Моңғолия жері қазаққа да, Қазақстанға да алыс болмас еді. Шерушиев сөзіңізге, және өзіңізге(есіміңізге) тәнтімін, рахмет. Асай бауырым өзіңді көргендей болдым-ау! Туыстарға *сәлем* дегейсің! Салмақты ой, саналы сөз айту ол әуелден-ақ сенің өз табиғатың екеніне менің күмәнім жоқ. Форумдағы барлық қазақтар , достар, туыстар, қандастар алға! РАХМЕТ!
Шерушиев
asay_73@mail.ru
17-08-08 00:49
Айналайындар, маѓан ОРАЛМАН емес, узбек, кытай, монгол деп айтса ±найды. Кейбір сол жактан келген кандастар шамданар. Алайда шындыгы сол емес пе? Оралман дегендер, патшалыќ Ресей мен социалистік Ќазаќстанныњ заманында осы аумаќтан кеткендер. Олардын кµбісіне сырттаѓы біз де пана болдыќ емес пе? Еруліге ќарулы, сыйѓа сый, сыраѓа бал. ¤зге елдегі атаж±ртымызда мемлекет ќ±ра алмаѓан соњ кері ќайтып жатырмыз да. Біраќ ќазаќтыњ ќасиетті атамекенініњ бір п±шпаѓын біз ќалдырып кеттік. Ењ µкініштісі осыыы!!!
Гайдар
gaidnute@mail.ru
15-08-08 22:43
Баршага салем! Араларында Алматы облысында туратындар бар болса имейл адресиме жазып жиберсендер отинемин. Мен азирде оралмандарга катысты сауалнама жургизудемин. Бир анкетаны толтырып Улыбританияда жазып жаткан диссертацияга комектесулеринди сураймын. Коп рахмет
Талғат
talgatb@yahoo.com
13-08-08 12:56
Бейжің-2008 олимпиадасы басталғалы екі көзіміз экранда. Қазақстанның көк туын көтертіп, ән ұранын естірте додаға түсіп жеңіске жеткен Қазақстандықтарға отандастарымен бірге әлемнің әр бұрышында жүрген қандастары рахмет айтуы керек! Рахмет сендерге -ел намысын қорғаушылар!
Шерушиев
asay_73@mail.ru
16-07-08 16:22
Бауыржан мырза, қазақтардың барлығы Қазақстан шекарасының ішінде ғана патриот болып қалады деген мәселе болмауы керек. Талғат бауырыңыздың атажұрт Алтайдың Қобда бетінде жатып жазған өлеңі - әрине патриоттығының белгісі. Жалпы Моңғолиядан келген қазақтар мен онда қалған ағайындар, біз бір бірімізге әрқашан ризамыз. Бір қазақпыз дегенімізбен, осыны сезіне отырып алға ілгерілей беруіміз керек. "Ит үреді, керуен көшеді",
бота
bota.8383
12-07-08 16:08
Бес саусақ бірдей емес екенінін ұмытпайық бауырлар?! Оралмандарға қырғи - қабақ танытатындардың көбісі қазақшылықтан кеткен өздерінің кім екенін білмейтін беймәлім ортада қалған, шұбар тілді, орысша ойлайтындар ғой! Ондайлардың түкке тұрғысыз былжырақтарына бас ауыртпайақ қояйық. Санасының жеткен жері сол болса оған не ғайбыл!!!
нагыз казак
28-06-08 22:32
Оралман агайындар!!! ондай буликшилерге конил аудармай ,олага ерегисе казак жерине, оз елдерине кайтып оралындар, арандатушы казаксымактар болуы мумкин арине ,бирак еш конил болмей оз елдеринде казак жеринде коныстаныныздар.Асиресе кытайдан жане монголиядан келген оралман агайындарымызга айтар алгысымыз ,биздин улттык киим ,аспап жане коркем онеримизди умытпай сол калпында сактагандарынызга , жалгастыргандарынызга улкен рахметимизди айтамыз.Хош келиниздер !!!
Батыржан
batircan@yahoo.com
23-06-08 11:21
Талғат бауырым мен сенің жақын туысқан ағаң болам Қазақстанда Павлодарда тұрамын.Хабарлас. Сапархан неиересі Жанайхан баласы боламын. Әкеңнен сұрап хат хабар жаз. Ал мына көтеріп отырған әңгімеңе рахмет. Өлеңің тамаша жазылған екен. Ал Қазақстандық бауырларыңды түсіністікпен қарасаң екен деймін олар кешегі теріс саясаттың құрбандары ғой. Ел не демейді, біз өзімізге дұрыс көзқараспен қарап жан-жақты білімді ұрпақтар болып елімізге, халқымызға адал қызмет жасасақ болғаны. Ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсыңдар. Бұлардың бәрі бос әңгіме сияқты. Қазақтығымызды ұрпағымызға ұмыттырмай, ұлтжанды болайық. Ал сен бауырым Моңғолияда отырып алып ұлтжандылық, қазақтық туралы әңгіме айтуды азайт. Неге десең атам қазақ айтады, өзге елде султан болғанша ,өз еліңде ұлтан бол деп. Ата мекенге көшіп келу керек.
жай қазақ
бәріңе
12-06-08 15:53
тағыда сұрарым, келген қазақтар қалай, қайда күн көріп жатыр? мандығы барлар жұмыс табар, жоқтар қалай жүр?
жай қазақ
бәріңе
12-06-08 15:34
осы жоғарғыда отырған бір ойсыздың жасағаны, не қазақтың қойнындағы жауы. қазақтың елге келгеніне қуануымыз керек. оралман дегенді кеміту үшін тек ақымақ қазақ айтады деп санаймын. мен бәріңді түсінемін елге келген бауырлар. ит үрер, керуен көшер деген емес пе?
Асай
asay_73@mail.ru
05-06-08 14:26
Асылбек Байтанұлы
Көкшетау университеті
«Қазақ тілі мен әдебиеті»
кафедрасының аға оқытушысы
Қазақ диаспорасы мен ирреденттері. Өткені мен бүгіні туралы

Қазақ поэзиясының жарқын жұлдыздарының бірі, өршіл рухты ақын Жұбан Молдағалиев айтқанындай «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының «мәңгі өлмеске» тірілген, «ақ түйенің қарны жарылып», тәуелсіздікке қол жеткізгеніне де сол кезеңде дүниеге келген сәбидің кәмелетке толып, азамат атануына пара-пар уақыт болған екен. Еңбектей жылжып, талпына қаз тұрып, есейе ержетіп, өмірлік тәжірибе жинақтап, есесі кеткен балаңдықтан, есебін түгендер естілікке қол жеткізе бастаған жас мемлекетіміздің бүгінгі күнге дейін қол жеткізген «дос сүйініп, дұшпан күйінетіндей» жеңісті жетістіктеріне қарап, болашақта бодандық қамытынан құтылған қырықтағы Малайзия, алпыстағы Үндістан мен Қытайдай, ғасырларға бойлаған кәрі арыстан Ұлыбританиядай іргесі мығым ел боларына сенгендейміз.
Бүгінгі күннің биігінен болашақтың шыңына көз сала отырып, өткеннің ойы мен қырына да үңіліп қою – парасатты елдің белгісі. Өйткені ғұмыр дегеннің, тарих дегеннің өзі осы үштіктің бірлігінен құралмай ма, әрі өткеннің сабағы бүгінгіге қорытынды, ертең үшін қателігі болса қайталамас үшін сабақ. Тарихымызды таразылап, ақтаңдақтары мен кем-кетікті тұстарын толтырып, ұлттың тарихи санасын метрополиялық жасандылықтардан арылту жұмысы баяу болса да жүріліп келе жатыр. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ғылым салаларының дамуына деген шектеуліктер жойылуына байланысты біздің елімізде кеңестік дәуірде аса қанат жая қоймаған тың қоғамдық ғылым салалары өз орнын таба бастады. Бұған дәлел ретінде психология, әлеуметтану т.б. ғылымдарды келтіруге болады. Осынау ғылымдардың бірі-диаспоралогия.
Тарих, география, этнография, демография, саясаттану т.б. ғылымдармен тығыз байланыстағы, статистикалық деректерге сүйенетін осынау ғылымды біздің жас мемлекетіміз Қазақстан Республикасында дамыту – бүгінгі күн талабынан туындап отырған өзекті іс деп қарауға болады. Осы ретте, диаспоралогияның қажеттілігі неде деген сұраққа келетін болсақ, Қазақстан Республикасы халқының үштен бірінен астамын түрлі диаспора өкілдері құраумен қатар, толайым қазақ деген жұрттың да үштен біріне жуығы қазіргі Қазақстан шекарасынан тыс өмір сүріп жатқандығының өзі диаспарология ғылымын дамытудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Шетелдерде тұратын қандастарға байланысты әлемдік тәжірибеде «диаспора», «ирредент» терминдері көбірек қолданылады. Тарихнамалық тұрғыдан алғанда бұл екі категорияға жататындардың айырмашылығы жер мен көктей болмаса да тау мен төбедей екендігі анық.
«Диаспора» деген сөздің өзі грек тілінде «шашырау», «шашырай орналасу» дегенді білдіреді, яғни ұлт шашырандысы деп қолдануға болады. Әу баста Палестинадан тыс жерлерге тарап кеткен еврейлерге байланысты қолданылған болса, бүгіндері әлемдегі күллі діни және этникалық топтарға қатысты терминге айналған. Диаспора міндетті түрде көші-қонның нәтижесінде немесе салдарынан болады және осыған сәйкес қалыптасуы да әр түрлі болуы мүмкін. «Көші-қон тіршілік қамына байланысты, қақтығыс-жанжал мәжбүрлегендіктен және түрліше басқа да жүйелі сипаттар негізінде туындайтын болса, көші-қонның өзі қашықтыққа (алыс немесе жақын), қалу мерзіміне (тұрақты немесе уақытша ), шекаралық кесіп өтуіне (ішкі және сыртқы), тұратын мекенжайына (қаладан ауылға немесе, ауылдан қалаға т.б.), кету себебіне (өз еркімен немесе зорлықпен, экологиялық жағдайға байланысты), кетушілердің сандық ауқымына (жаппай немесе жекелей), әлеуметтік құрылымы мен сипатына байланысты».
Тіршілік қамымен өзге елге барып тұрақтап, тұтастай этникалық қауымдарды құрып отырған Қытай, Үндістан, Африка елдерінен шыққан диаспора өкілдерін әлемнің көптеген мемлекеттерінде тіршілік етуде. Осындай ахуал Қазақстан Республикасында да қалыптасқан. Жоғарыда аталған үш түрлі қоныс аударудың нәтижесінде кең байтақ қазақ жеріне әр түрлі кезеңдерде орын тепкен 130-дай ұлт диаспорасы өмір сүруде.
Әлем халықтарының арасында өзінің байырғы мекенінен тыс өмір сүріп жатқан диаспоралардың пайыздық үлесі басым түсетін жағдайларға мысалдар көптеп кездеседі. Мысалы, армяндар, еврейлер, татарлар туралы осылай айтуға болады. 12 млн армянның 4 миллионнан астамы ғана қазіргі Арменияда өмір сүрсе, татар бауырларымыздың саны да осымен шамалас, ал Татарстанда барлық татарлардың үштен біріне жуығы ғана тұрады.
Этникалық топтардың басқа елдерде, яғни, өздерінің тарихи емес мемлекеттерде миграциялық жолмен құрылатын диаспорадан ерекшелігі – ирреденттерге соғыс аннекция, даулы шекара сызықтары немесе отарлау саясаты нәтижесінде қайта бірікпей өз елінің шегінен тыс қалып қойған ұлттар жатады, яғни «ирредент» сөзі, грекше «қайта бірікпеген» деген мағына береді.
Әлемдегі күллі қазақтың саны шамамен 15 млн-дай болса, 10 млн.-ға жуығы Қазақстанда, 5 миллионға жуығы 40-қа жуық шетелдерде өмір сүріп жатыр. Алайда осынау мол шоғырдың 4 миллионнан астамы «ирредент», қалған бөлігі ғана «диаспора» болып табылатындығы анық. Қазақ диаспорасының пайда болуы туралы зерттеулермен шұғылданған ғалым Г.М. Меңдіқұлова «Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие» атты монографиялық еңбегінде келтірген тұжырымдарын мақаламызда пайдаландық және орыс тіліндегі нұсқасында келтіріп отырмыз: «За пределами террритории Казахстана около 4 млн 500 тыс. казахов проживаеют в 14 государствах бывшего СССР и 25 странах мира, из которых лишь около 800 тыс. представляют собой диаспору, остальные 3 млн 700 тыс. являются казахской ирредентой, т.е. проживают на сопредельных с Казахстаном землях, оторванных от него и присоединенных к России, Китаю, Узбекеистану в разные исторические периоды вследствие аферистических игр и амбиций политической элиты тех времен» [Жоғарыда аталған монографиядан алынып отыр] Тарихи шындық солай болғандығын айту - бүгінгі тағдыр табыстырған тату көршілерге қандай да бір талаптар қою емесі анық. Аталған еңбегінде автор ирредент қазақтар өмір сүретін өлкелер аумағын былай деп анықтайды: «К ирреденте относятся казахи, проживающие в Астраханской, Оренбургской, Курганской, Омской, Горно-Алтайской автономной областях России, районах Алтая, Тарбагатая, Или, Кульджи, Еренкабырги, Барколь-Кумула – Синьцзян-Уйгурского Автономного района Китая, Баян-Ульгинском аймаке Монголии, районах Сырдарьи, Чирчика, Кызылкумов и Мырзашол в Узбекистане» , - дейді автор көптеген келісімдер мен шарттардың нәтижелеріне сүйене отырып. Яғни осынау ұланғайыр өлкелерде тұрып жатқан қазақтар өздерін атам заманнан бері сол жердің автохтонды тұрғынымыз деп есептейді және ол жерлерде қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына аса зор үлес қосқан айтулы тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан. Өзбекстандағы Төле, Әйтеке билер, Жалаңтөс баһадүрлер, Астрахань өлкесіндегі Құрманғазы бабалар бір замандар өткенде жат елдің шегінде қалармыз, сол жерді мекендеген ұрпағымыз «оралман» деген атаумен қара шаңыраққа ат басын бұрар деп болжады ма екен?
Қазақ диаспорасы кім дегенге келетін болсақ, олар ежелгі мекеннен саяси науқандар мен нәубеттердің, түрлі соғыстардың, бертінгі замандарда табыс пен білім көзін іздеушілерден пайда болған қазақ көшінің нәтижесінде туындады. Қазақ диаспорасының қалыптасу тарихына үңілетін болсақ, көбінесе өзіне бағынышты еткен алып державалардың мәжбүрлеу саясатынан пайда болғандығын байқаймыз.
Екі жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-ойрат соғысының салдарынан көптеген қазақтар Орта Азияның ішкері бөліктеріне қоныс аударуға мәжбүр болуы қазақ диаспорасының пайда болуының басы болған сияқты. Мұнымен қоса, Ресей патшалығының қазақ жеріне сұғына еніп, шұрайлы жерлерді қарашекпенділер мен казактарға т.б. таратуынан қазақ арасында шетелге ауа көшу үрдісі ХІХ ғасыр басынан үздіксіз жалғаса берген.
Қазақ халқының басына бұлт үйірілген 1916 жыл оқиғасынан бастап отызыншы жылдарға дейін жалғасқан азамат соғысы, байлардың мал-мүлкін тәркілеу, «жапонның т.б тыңшыларын әшкерелеу», нәубет аштық, ұлт қаймағын сыпырып алған 37-нің қасіретті зұлматы – қазақ диаспорасының шетелдерде санының еселеп артуына әкелді. Мұрағат құжаттарын сөйлетейік: «1932 жылы Қазақстан байырғы халқының 64 процентінен айрылған. Қазақстан халқының саны 1930 жылы 5,9 миллион адамнан 1933 жылы 2,5 миллион адамға дейін азайды. Алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны – 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы бұрынғы Кеңестер Одағының шекарасынан әрі асып, Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп туған жерлеріне қайтып орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны – 450 мың»,- деп көрсетеді «Қызылдар қырғыны атты деректі зерттеу мақалалары жинағында. Осынау дүрбелең жылдары шетел асқан қазақтардың көбі өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін қайта оралғаны мәлім.
Қазақ диаспорасын құраушы келесі бір топ – ІІ Дүниежүзілік соғыста немістердің тұтқынына түсіп, кейіннен азат етілген соң сталиндік қуғын мен жазалаудан қаймығып, Еуропада қалып қойған қазақтар.
Ежелгі Шығыс Түркістан, кейіннен қытайлар Жаңа өлке (Синь-Цзянь) атандырған шұрайлы мекенде өмір сүрген қазақтардың гоминданшылар, олардан соң билік басына келген коммунистік үкіметтің озбыр саясатына қарсы көтерілген күресі жеңіліс тапқан себепті, Тибет тауларынан асып, Үндістан, Пәкістанды басып, оншақты жыл жүзінде Түркияға ірге тепкен ұзақ та азапты көші – қазақ диаспорасының елеулі бөлігін құрады. Қазірде әлемнің көптеген елдерінде тұрып жатқан қазақтардың көбісі осылардың ұрпақтары болып табылады. ХХ ғасырдың «Елім-айы» іспетті зарлы шер - «Ағажай, Алтай» әні сол қасіретті жылдардың туындысы.
Қазақ ирреденттері өздері тұратын мемлекеттердің астаналары мен ірі қалалары, өнеркәсіпті дамыған өлкелеріне барып диаспора түрінде өмір сүріп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеуге түрлі себептерменәр жылдары барып, тұрақты тұрып жатқан 12 мың қазақты мысалға келтіруге болады.
Қазіргі күні қазақ диаспоралары мен атажұрт Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас орнап отырғандығын айтып өткен жөн. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы аясындағы іс-шаралар олардың өзге елде этникалық топ ретінде сақталып қалуына ықпалын тигізіп отыр. Жақында Норвегияның астанасы Ослода құрылтай, Франция астанасы Парижде ақындар айтысы өткізілді. Қазақстан Республикасы шетелдегі қандастарын қабылдайтын әлемдегі төрт мемлекетің бірі ретінде оншақты жылдың жүзінде жоғарыда аталған ирреденттер мен диаспоралардың ресми түрде 700 мыңдайын, бейресми санақ бойынша миллионға жуығын қара шаңыраққа жинай алған екен. Мамырдың соңында қазақ газеттері редакторларымен болған сұхбатында Елбасы Н.Ә. Назарбаев та осы деректерді келтіре отырып, аталған шараны одан ары дамытуды шегелеп айтуы да қазақ диаспорасы мәселелерін оңынан шешуге ықпал ете түсері анық. Диаспоралогия ғылымын жолға қойып, оны стратегиялық зерттеулермен байыта отырып, шетелдегі қандастарын сол елдегі өзінің геополитикалық мүддесінің көзі немесе «көзірі» етіп отырған мемлекеттер де бар. Бұл – үшжақты ұтыс екендігі даусыз. Екі мемлекеттің рухани, саяси-экономикалық байланысы нығаяды, сауда дамиды, өмір сүріп жатқан этникалық топтың әл-ауқаты жақсарады, рухани-моральдық тұрғыда жергілікті ұлттар арасында беделі өседі, басқалар санасатын болады. Мұндай тәжірибені біздің еліміздегі кәрістердің, немістер мен поляктардың т.б. өзінің атажұрттық кәсіпкерлермен байланысы арқасында белгілі бір шаруашылық, өнеркәсіп саласында топталу арқылы сол мемлекетке рынок көзін ашуға септігін тигізіп отыруынан аңғарамыз. Болашақта қазақ кәсіпкерлері де осы жолды ұстанып, ұлт мүддесі жолында екі жеп биге шығады дегенге сенгіміз келеді.
Кейбір депутаттарымыз бен қаламгерлеріміздің, ұлт патриоттарының анда-санда айтып қоятынындай, шетелдегі барлық қазақты түгелдей жинап алу – игілікті ой болғанымен, Қазақстанның болашақ жолындағы әлеуетті қарым-қатынастары тұрғысында ойланарлық жағдай болуы мүмкін. Ата-бабамыз «жаудың ортасында да бір үйің болсын» дегенді бекер айтпаса керек.
Қорыта келе айтарымыз – диаспоралогия ғылымын дамыту, шеттегі қандастармен жүйелі қарым-қатынас орнатып, оны екіжақты мемлектшілдік мүддеге негіздеу, Қазақстан Республикасы аумағындағы жүздеген ұлт диаспоралары өкілдерін олардың атажұртымен арадағы шынайы дәнекері, тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттары ретінде жұмылдыра білу – біздің қоғамымыздың алдында тұрған келелі міндеттердің бірі демекпіз.

maiko
marjan1986@mail.ru
01-06-08 17:13
слм достар. ЖАЛПЫ ОСЫ ЖАЗҒАНДАРЫНДЫ ОҚИ ОТЫРЫП МЕН СЕНДЕРДІҢ ТҮСІНІКТЕРІҢ МЕН ОЙ САНАЛАРЫҢА ТАҢ ҚАЛДЫМ.
ВІРДЕ "ҚАЗАНДА ҚАЙНАП ЖАТҚАН ЕВРЕЙ, ҚАЗАҚ, ТАҒЫ БАСҚА ҰЛТТАРДЫҢ ҮСТІНЕН ҚАРАУЫЛДАП ТҰРҒАН ПЕРІШТЕЛЕР, ЕВРЕИЛЕРДІҢ БІР БІРІНЕ КӨМЕКТЕСІП ШЫҒЫП БАРА ЖАТҚАНЫН КӨРЕДІ ДЕ СОЛ ЖАҚҚА ҚАРАЙ БАРАДЫ. СОЛ КЕЗДЕ ЕКІНШІ ЖАҒЫНАН ТАҒЫ БІР ЕЛ ТЫРМЫСЫПТЫ.ОСЫНЫ КӨРГЕН ПЕРІШТЕЛЕР "АЙ! АНА ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДА ҮСТІНЕН АҢДЫЙЫҚ ШЫҒЫП КЕТПЕСІН ДЕГЕНДЕ, ЕНДІ БІРІ ҚОРЫҚПА ОЛАР ӨЗ АЯҚТАРЫН ӨЗДЕРІ ШАЛЫП БАРІБІР БІР-БІРІНІҢ ШЫҒУЫНА БӨГЕТ ЖАСАП БІЗДЕРГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ"-деген екен. міне оралман болсын оралмаған болсын не болыпты бәріміз бір қазақпыз. жер де, ел де сендердікі мекен жер Алланың, елде заманында Алланың болады. ал оданда басқа ұлт өкілдерін неге айтпайсыңдар біздерге қырғидай тигенше. неге сіздер ҚАЗАҚ-тар өз отаныңда тұрып бізді аңдығанша өз қамыңды ойламайсыңдар..Неге тіліңді, дініңді сақтап қалмайсыңдар.Әлі күнге дейін Қазақстан екі тілде көп дінді деп жүреді қане нағыз қазақ болсаңдар осыны айтып неге ықпал етпейсіңдер...Жыртық-Тесікке күліпті деген осығой. Құрметті менің қазақғым сен не мен не баріміз бір мұсілман быз.
Ертен о дүниелік болғанда Алла бізге сен оралман сен жергіліктісің, сен қазақ сен манғолсың демейді. Ал бізді жамандағандар нағыз қазақстан шұңқырынан шығып көрмеген көр соқыр шындыққа үңілмеген, нағыз надан сауатсыз өсек қуатындар. Ренжімендер бірақ оралмандарды жамандап жақсылық таппайсыңдар ағайындар. оданда салмақты ой айтындар.
jaynaga
31-05-08 18:00
jayna senin mina jazgandarindi ohip seni ayap kettim.osinday nadan adamdi algash korip otimin.janim bes sausah birdey bolmaydi.bir adamga harap haay kopke topirah shashasi8n.mina jazganina haraganda eswhhayda shigip kormegen syahtisin.kozi ashih koiregi oyau adam bir otbasimen bukil memleketti bagalap kopke topirah shshpas bolar.men astana almati8 kar5agandi oskemen shimkent turkistan syahti kzakstannin koptegen jerlerinde bolganmin.men turkistandi korip jyna sagan hazahstandagi hazahtardin bari ozbek syahti bolip ketken.minezderi de ozbeik syahti dep aytsam en keliser me edin.ozin de shirildar oybay hazahistandihtardin bari ondy emes kopke topirah shashpa deytin edin.aryne namisin bolsa...jake sal oylaniniz...bireudi jamandap eshhashan alga basa almaysz.allah sizge iman jane patryottih se4zim nasip etkey
aysa
31-05-08 17:39
heheh gulnr jagdayin handay ayanishti.bilimdimin dep hoyasin.nagiz nadan ekensin.ana eki hizdin tegin ohiganin korip hizganip jamandap- olip barasingoi.muni hazahta korealmaushilih deydi.olarga koz alartip olardi osektegenshe mektepte jahsi ohuin kerek edi.
Бүркіт
berkut@ulgii.com
30-05-08 18:21
Әй ақымақтар! Оралманды жамандама!
Талғат
talgatb@yahoo.com
26-05-08 18:59
Бек сенің талғамың да, талабың да зор екен! Жарайсың! Мен сені қолдаймын! Әр бір қазақ сендей болуы керек! Мен әлі оралмаған қазақпын. Моңғолияда Баян-Өлгийде тұрамын. Сенімен әңгімелесу қызықты! Жауап күтем! Маған телефон шалсаң төмендегі номерді тер:( +9941 9174)
Талғат
talgatb@yahoo.com
24-05-08 02:59
"ОРАЛМАНДАР"

Ассалаумағалейкум "Оралмандар!"
Тарихи Отанына оралғандар!
Өз Елі: "Оралман"-деп атай қалса,
Көңілі бір пәс болып, оңалғандар!

Сабыр тұт, жайлап ойлан!"Оралмандар!"
Бәріңнің әз басыңда сан арман бар,
Болса да қаны-ҚАЗАҚ, жаны-ҚАЗАҚ!
Қазақи атауынан тоналғандар!!!

Аптықпа! Ақылға кел! "Оралмандар!"
Ашумен мерт болған бар! Жоғалған бар!
Ада бол,мейлі атыңнан не затыңнан?!
Алайда жер бетінен-ЖОҒАЛМАҢДАР!!!

Өр мінез, ерке, сылқым,"Оралмандар!"
Өліп те, тіріліп те-оңалғандар,
Әлемнің бар қазағы "Оралман"-дай
От жағып, отау тіксе не арман бар!

"Оралман" шекараны аттағандар,
Шет жерде көңілі жай таппағандар.
Қазақи қарапайым болмысымен
Жат елде АНА ТІЛІН сақтағандар!

"Оралман" қилы өмір кешіргендер,
Ұл-қызын ұлтжанды етіп өсіргендер.
Дәстүрін өрге сүйреп, өз тілімен-
Өзгенің ортасында көсілгендер.

"Оралман" ат жалында туылғандар,
Әсте оны-"Басқа ұлт"-деп ұғынбаңдар!
Жарты әлем жаһанданып жатса-дағы
"Оралман" тек, қазақтың-ТУЫН ұстар!!!

"Оралман" ата-тегін білетіндер!
Өз тегін білмегенге, күлетіндер.
Бабасын, батырлығын есте тұтып,
Рухын жоғары ұстап жүретіндер.

"Оралман" өз ОТАН-ын сатпағандар!
Қандасын, "Халық жауын"- атпағандар!
Тарихтың қиын-қыстау кезеңінде,
"Кету"-ден басқа амал таппағандар!

"Оралман"-"орысшыл" болып тумағандар!
Абырой, атақ, даңқ-қумағандар.
"Алдына келсе-атаның құнын кешіп",
Азғындық, арамдыққа жуымағандар.

"Оралман" өзін, ұлтын сыйлайтындар,
Опасыздық ойына симайтындар.
"Битке өкпелеп-өз тонын итке тастап",
Сұмдыққа, қиянатқа қимайтындар.

"Оралман" ұлт дәстүрін ұмытпаған,
Ұлты-үшін, ұрпағы-үшін, тынықпаған.
Бөгделер қасақана сынай қалса,
Бөлініп, бөлшектеніп, ығыспаған.

"Оралман" басқа дінге енбегендер,
Басқаның ықпалына көнбегендер!
Елінде:Қытай,Моңғол,Өзбек,Иран
Намазын "қаза етіп" көрмегендер.

"Оралман" дінге басын иетіндер,
Тілі,ділі,діні-үшін "күйетіндер"
Шатақшыл тентектерін тезге салып,
Ибалы, имандысын сүйетіндер.

"Оралман" шариғатқа бойұратын,
Әр сөзін "бисмилла"-дан қайыратын.
Өмірге жаңа келген сәбиінің,
Есімі- "азан айтып"- қойылатын

"Оралман" тал бесіктен шыққан жандар,
Тегі-асыл, темір сынды, "сырттан" жандар.
Арасын-тал бесік пен жер бесіктің,
Адамның ғұмыры-деп ұққан жандар.

"Оралман" ақ өлімді-аза тұтқан,
Алладан хаһ өлімді-қаза тұтқан.
Елінің намысы мен ері үшін,
"Қанға-қан, жанға-жандай"-жаза тұтқан.

Арысын жоқтау айтып шығаратын,
Қайғысын бөлісетін, ұға алатын.
Өзге үшін өзін құрбан ете алғанмен,
Өкпелер!-насыбайға "бір-ақ атым"

"Оралман" кердең басып жүрмейтіндер,
Паңдықты, пасықтықты білмейтіндер.
"Кісілік-кішілікте тұрады" - деп,
Ұлығы - ұлтын сыйлап, билейтіндер.

"Оралман" отты күнде от кешкендер,
Кеудесін қылыш тіліп, оқ тескендер.
Досы үшін жанын пида ете білсе,
Жауымен "ат кекілін шорт кескендер"

"Оралман" от мінезді жалындаған,
Ешкімге еңкеймеген, жалынбаған.
Қазаққа, қандасына көз алартып,
Жері үшін, "жемі" үшін тарылмаған!

Ұлдары жауын қуып, қыр асырған,
Тектілік дарығандай бір асылдан.
Сұлуы шаш өсірсе толарсақтан,
Бұрымы көз қуантып бұратылған.

"Оралман" қаны таза - текті жандар,
Сынасаң, соны біліп, дөп сынаңдар!
"Аспан,жер,су-тәңірі бол" - десеңіз,
"Оралман" шырқау биік -көкті таңдар!!!

"Оралман" тойын тойлап, жыр жырлаған,
Жырымен қилы-қилы сыр жырлаған.
Қызының саусағынан өнер тамса,
Ұлдары - "сегіз қырлы, бір сырлы " адам!

"Оралман" ҚАЗАҚ болған заманадан,
Қандасын, "ұяласын" таламаған.
"Қол сынса-жең ішінде" жетілдіріп,
Жақсы мен жайсаңдарын даралаған!

"Оралман" ата-тегін ойлайтындар,
Тексізді тайраңдатып қоймайтындар.
Қырық күн той жасаса дүбірлетіп,
Отыз күн ұлт ойынын ойнайтындар.

"Оралман" той жасаса "дабырайтып",
Бірі келіп жататын бірі қайтып.
"Өлі рыза болғанда - бай болам"-деп,
Атасына ас берген, сауын айтып.

"Оралман" тегі - ҚАЗАҚ бұрындардан,
ҮШ ЖҮЗ-дің бұтағынан бүрін жарған.
Ауылынан сыңсу айтып қыз аттанса,
Бозбала-күйеу жігіт ұрын барған.

"Оралман" тойға шашу шашатындар,
Ат үстінен теңге іліп қашатындар.
Жар-жар айтып, келінін күтіп алып,
"Беташар"-мен ақ бетін ашатындар!

"Оралман" ақ некесін қиятындар,
Бірлікте, бір соқпаққа сиятындар.
Ұлына "Ұлық бол!"- деп бата беріп,
Қыздарын - "қырық үйден тиятындар"

Әйелі ерін сыйлап, "күңк" етпеген,
Ерлері ел алдында "дүңк" етпеген.
Халқының мұратына бой ұсынып,
Өмірдің ащысына "былқ" етпеген.

"Оралман" ақ пейілді аңқау жандар,
Алайда аңқаулыққа таң қалмаңдар.
"Батыр аңқау-ер көдек" деген сөз бар,
Алдау үшін аңқауды - тамсанбаңдар!

"Оралман" қонақ күткен малын сойып,
Ас беріп, "Ақсарбас"-тың басын қойып.
Қонақты ойын ойнап сынайтұғын,
Алдына "Тоғызқұмалақ" тасын қойып.

"Оралман" жүйрік баптап, құс ұстаған,
"Түлегін" жаз түлетіп, қыс ұстаған.
Көкбайрақтың белгісі қыран құсты,
Күніге үш ұшырып, үш ұстаған.

"Оралман" ат бапкері - шабандоз жан !
Аламан бәйге жасап - алаңда озған.
"Көкпарын", "Теңге ілу", "Қыз қуарын"
Көрсеңіз! білек қышып, арқа қозған!

"Оралман" бұлақ көрсе көзін ашқан,
Өзен болып ағарын сезіп ашқан.
Әр елде, мойындатып-ҚАЗАҚТЫҒЫН,
Ғажайып ҚАЗАҚТЫҚ-тың өзін ашқан.

"Оралман" еңбек етсе ерінбеген,
Аштыққа, алапатқа берілмеген.
"Оралман" от сезімді -Отаншылдар!!!
Елі:-"Оралман!", ал, "Оралман":- ЕЛІМ - деген!!!

"Оралман" ел бірлігін ойлағандар!
"Оралған - "Отансыз!"- деп ойламаңдар!
Шашырап тарыдайын жүрсе - дағы,
ЕЛДІГІН!, ҚАЗАҚТЫҒЫН!- жоймағандар!!!

"Оралман" әр ғылымды үйренгендер,
Компьютер, техниканы игергендер.
"Оралман" - Отаныңның келешегі!!!
Ей, ҚАЗАҚ!!! Бостан-босқа "күйзелмеңдер!"

Ей, ҚАЗАҚ!!! Күйзелмеңдер! Күйзелмеңдер!
Орынсыз, опасыз бір күйге енбеңдер!
Келіп тұр, ҚАЗАҚТАРЫҢ, есігіңіе!
Жатсынба! Кеудесінен итермеңдер!

СУЫ ЖОҚ, БОЛСА ТАЯЗ КӨЛ БОЛА АЛМАС!!!
ӨРІ ЖОҚ, БОЛСА ЖАТЫҚ БЕЛ БОЛА АЛМАС!!!
ӨЗ ҰЛЫН ӨҢМЕНІНЕН ИТЕРГЕН - ЕЛ?!
ТУЫ БИІК, ТҰҒЫРЛЫ - ЕЛ БОЛА АЛМАС!!!

Осылай өз ойымның аз-ын айттым,
Сөзімнің "қыс"-ын емес, "жаз"-ын айттым.
Қазақтар! Көзіңді ашып - тура қара!
Еліме! Отаныма! базына айттым...

Орта жүз - Керей - Абақ керей - Шеруші руы - Саңырау әулеті - Байбол шөбересі - Бәкей ұлы Талғат

МОҢҒОЛИЯ - БАЯН ӨЛГИЙ


Шаян
15-04-08 13:04
Талғат өлеңің керемет екен! Жарайсың! Ал оралмандарға топырақ шашып жатқандарға айтарым: Шеттен келген, әсіресе Қытайдың Шыңжан ауданы мен Монғолияның Бай-Өлке аймағынан келген оралмандар ешқандай отанын сатқандар емес. Ол жерлерді кезінде (ғасырлар бұрын) қазақтар дәлірек айтсақ, Керейлер, Наймандар, Меркіттер мекен еткен. Олардың ата жұрты сол жақ. Қазір ол жерлер өзге елдің еншісінде болғандықтан Қазақстанды елім, жерім деп келіп жатқан жоқ па. Әлде сіздер шеттегі қазақтардың заман өте келе жоғалып кетуін қалайсыздар ма! Ақтабан шұбырынды мен 20-шы ғасырдың басындағы революция кезінде шет елге кеткендер көдіне Өзбекстан, Иран, Түркия, Қытай асып кетті. Қытайға кеткендерінің көбісі 50-ші жылдардың басында елге қайтты. Сондықтан тарихтан мақұрым қалған Әйгерім секілділерге айтарым. Олар кезінде өзгенің қолына өтіп кеткен мекендерінен қазақтың орталығына қарай ойысып жатыр. Шыңғысханның сериалын көрсеңдер қазақтардың қаншама жерді мекен еткеніне көздерің жетер еді!!!
Оралмандар туралы теріс пікірдегі қазақсымақтарға
Мұхтар Жанұзақов
15-04-08 07:14
Әй сендер қазақ емессің-ау.
Орысқа, неміске, хохолға,шешенге,ингушқа,полякқа, итке,құсқа жайылған құшақтарың шеттен келген қандастарыңа келгенде қарысып қалды ма иттің ғана балалары: Қашып кеткен,сатып кеткен деп қыртасыңдар,Мысалы Өзбекстандағы Науайы облысындағы, Қарақалпақстандағы, Ташкеннің айналасындағы қазақтар қашып кеткен қазақтар емес. Сауатсыз немелер, тарихты ақтарсаңдаршы. Тәшкенде ұлы жүздің биі Төле би, Науайы облысында кіші жүздің биі Әйтеке би, Ресейдің Астраханында күй атасы Құманғазының сүйектерінің жатуының өзі сол жерлер ҚАЗАҚТЫҢ жерлері екендігінің ешқандай дәлелді қажетсінбейтін айғағы емес пе. Ата -бабаларымыз "осы жерге ертең келер ұрпқтарымыз таласып жүрмесін, бұл қазақтың жері, осы жерге менің сүйегімді қойсаңдар ертең ұрпақтарымызға дәйекті дәлел болады" деп өздері дүние саларда еліне-халқына өсиет айтып кеткенін сендер сияқты тоғышар, мәңгүрт,орыстың итаршылары қайдан білсін. Кезінде КСРОның он бес республикаға бөлген кезінде Өзбекстанның құрамына кетіп қалған, ,одан кейінде Хрущевтің кезінде Ташкент жағында, Мырзашөлдегі бір-екі аудандар кетіп қалған өзбектерге. Жерді алып қала алмаған өздерің емес пе, біздің жазығымыз не. Айналайындар іштеріңдегі қан-жыныңды ақтарар кезде ойланып-толғанып ауздарыңа келген боқты қотара бермей ойланып құсыңдар бұдан былай. Ессіз, есектің миын жеген, сауатсыз надандар. Сендердей жексұрындар ғой төрт қазақты алтыға бөліп бір-бірімен қырқыстырып қоятын. Бастарыңда тауықтың миындай ми болмаса нелерің бар ортаға өз ойларыңды салып, есекбас немелер. Қатты айтсам көңілдеріңе алмаңдар күйдіресіңдер ғой.
Көпке топырақ шашудан аулақпын әрине "Елге ел қосылса құт,елден ел кетсе жұт" деген қазекемнің мақалын ұстанып қандастарының келіп қосылғанына қуанып жүрген бауырларымыз өте көп. Нағыз қазақжанды азаматтар олар.
Әрине бес саусақ бірдей емес, біздің де араларымызда бірлі-жарым келгендерін бұлданып , "маған жағдай жасамадың, өйтпедің, бүйтпедің" деп өзінің шарттарын қоятын надандар бар, оны жасырмаймыз.

Жайнагул
csh-483
14-04-08 14:46
Мына пикир таластарды окип отырып ериксиз кулип алдым. САЛМАКТИ ОЙ АЙТАТЫНДАР БОЛСА менимен сукпат курсын.АРЗАН соз,АРЗАН ойды кайтесиздер.Интернет мумкиндигин пайдалана отырип кунди ои козгайык. Мысалы тил,ар жерден келип жаткан оралман-агайындардын жетистиктери т.б.с.с.
Талғат
talgatb@yahoo.com
06-04-08 00:06
"ОРАЛМАНДАР"

Ассалаумағалейкум "Оралмандар!"
Тарихи Отанына оралғандар!
Өз Елі: "Оралман"-деп атай қалса,
Көңілі бір пәс болып, оңалғандар!

Сабыр тұт, жайлап ойлан!"Оралмандар!"
Бәріңнің әз басыңда сан арман бар,
Болса да қаны-ҚАЗАҚ, жаны-ҚАЗАҚ!
Қазақи атауынан тоналғандар!!!

Аптықпа! Ақылға кел! "Оралмандар!"
Ашумен мерт болған бар! Жоғалған бар!
Ада бол,мейлі атыңнан не затыңнан?!
Әйтеуір жер бетінен-ЖОҒАЛМАҢДАР!!!

Өр мінез, ерке, сылқым,"Оралмандар!"
Өліп те, тіріліп те-оңалғандар,
Әлемнің бар қазағы "Оралман"-дай
От жағып, отау тіксе не арман бар!
(жалғасы бар)
Айдын мен Гулжан (Павлодар)
nuraxmedovna-87@mail.ru
17-03-08 05:35
1- Өзге мемлекеттерден өз тарихи Отанына оралған қазақтарды "ОРАЛМАН" деп атайды. Басқа не деп атасын?
2- Оралмандар (барлығы емес, көпшілігі) мемлекеттен берілген көмекке қанағаттанбай, әр жерде шағым жасай береді. Жұмыс істеп аяққа тұрғанға дейін келгендеріне өкіне береді. Қайда жүрсе де тұрғылықты халық оған көмектесуге міндетті деп ойлайды. Қазір біреу біреудің қолына қарайтын заман емес-ғой?
Құрметті оралмандар!!! Сабырлы болыңдар. Шындыққа келгенге барлығымыз болашақ үшін келдік. Болашақ үшін талпынайық. Мемлекет берген көмекке қанағаттанып, соны ақтай білейік. Тарихи Отанымыз өркендеуіне өз үлесімізді қосайық!!!
А
13-03-08 01:02
Оралмандар,Оралғандар,...Айналайын,қандастарым...
Анау мынау керек емес,қалай болмасын,біз қазақпыз,қазақ болып қаламыз,қылышынан қан тамған небір зұлматтардан аман қалған қазақ ақырзаманға да қазақ болып жетеді...Басқаны қайтеміз,атамыз бір қазақ анау мынау деп бөлінбейік...жау жоқ деме,жар астында...
Шеттен келгесін,әрине,шетке көп хабарласу керек болады,егер,сіздің телефон ақыңыз сізді ойландырып жүрген болса,біз сізге көмектесе аламыз...

Интернет телефон жүйесі

А тұрпат: 1000$
Бүкіл әлемге қоңырау шалу,бағамдары: Қазақстан сымды телефонына біртұтас 5 теңге, ұяалы телефонға 15 теңге, ТМД елдеріне біртұтас ( сымды және ұяалы ) 15 теңге, Тұркия сымды телефонына 10 теңге, ұяалы телефонына 20 теңге , Индия, Пәкістанға 15 теңге, тұтас Еуропа елдері,Америка,Канада,Латын Америка елдері,Жапонияа,Корея,Сингапур,Тайуан,Қытай,Гонконг, т.б сынды дамыған елдерге біртұтас 5 теңге.

Ерекшелігі: дыбысы тұнық,жаңғырықсыз,дамыған елдердің сымды телефон номерлерін

,Сингапур,Тайуан,Қытай,Гонконг, т.б сынды дамыған елдерге біртұтас Интернет телефон жүйесі

А тұрпат: 1000$
Бүкіл әлемге қоңырау шалу,бағамдары: Қазақстан сымды телефонына біртұтас 5 теңге, ұяалы телефонға 15 теңге, ТМД елдеріне біртұтас ( сымды және ұяалы ) 15 теңге, Тұркия сымды телефонына 10 теңге, ұяалы телефонына 20 теңге , Индия, Пәкістанға 15 теңге, тұтас Еуропа елдері,Америка,Канада,Латын Америка елдері,Жапонияа,Корея,Сингапур,Тайуан,Қытай,Гонконг, т.б сынды дамыған елдерге біртұтас 5 теңге.

Ерекшелігі: Дыбысы тұнық,жаңғырықсыз,дамыған елдердің сымды телефон номерлері орнатуға болады.Ол үшін абоненттік төлем толенеді,ол сіз номерін алған елдің бағамы бойынша жүреді. Нью-йорк, Токио,Лондон номерлері арзандау,Москва номерлері қымбаттау...
Сіз бұл шетел қала номерлерін алмауға да құқылысыз.


Б Тұрпат 500$

Мұнда нақтылы номерлер бар . Әлемнің әрқандай жерінде орнатылған бұл телефондар өзара мүлде тегін. Бөлімшелері көп компанияаларға қолайлы. Бағамдары А тұрпатты телефонға қарағанда аздап қымбаттау ,біртұтас 20 теңге. Америка,Канадаға 12 теңге, Қытайға 3 теңге.


УЧ-КУДУК
g@lim_ru
19-02-08 10:42
Сендердін сөздеріңді оқығаннан кейін адам баласы ҚАЗ келгісі келмейтін шығар. Мен Өзбекстан азаматымын және оралман емеспін құдайға шукір. Сендерді СІЗ деп айтуғада тілім бармайды.Сендердин біреуің шет елде тұрдыңдарма?
Ильяс- Актаудан
06-02-08 10:33
бунын барлыгы откинши
doctor_beka
@?
30-01-08 10:31
mongoldan kelip ALMATYDA okip jatkan oyutandarga ulken salem!!!
erke
erkemn@yahoo.com
27-01-08 11:06
BuL takiripha pikir jazgandardin ishinen jainani kalai dep aytsam boladi...?nagiz adam tilimen jetkize almaitin nadan, oz ultina
jani ashimaitin, kazagim dep eljiremeitin saban kazak ekensin.mongoldar deisin.sen nagiz kazak ekenindi ozin ak aitip berdin goi.
Nagiz kazak dep olardi aituga boladi... .Elim, jerim. atamekenim,kazagim dep kelip jatir.Aytpese olar eshtene kormegen nadandiginan,tirshilik ete almagandarinan kelip jatir deisinbe.bul ukimet sayasati .jaina unatpaydi eken dep ukimet olarga jaman kozben karamaidi.kizgangandar tuz jalasin.
Abai atamiz ,dep zarlaumen omirden otti emespe?jainaga aitarim...
Osek aitsan onmendep,
Jogaltasin arindi,
Ozindi maktap maz bolma?
Bola almaisin jagimdi.
Maktanishpen kashanda .,
Asha almaisin bagindi,

замира
b-zamira
24-01-08 08:54
Менде кошким келеди Казахстанга Бірақ Қазахстанға барып балдарымды орыс қыла алмаимын Ол жерде оз тилинде соилеитин адам аз Қазах болып орысша соилеиди
Жас маман
16-01-08 10:25
1.Оралман деген атты саясаткерлер,ғалымдар бірлесе отырып қабылдатқан.Оралман деген сөзі бізге,тайға таңба басқандай тарихта да,ортада да қала бермек.Баяғыда қытайдан келген қария былай деген:60-қа толдым,келгеніме 50 жыл болсада оралманмын -деген екен.Сол сияқты,оралман емес жай қазақ болу үшін:100 жыл керек болмақ.
2. Қазақтың санасында дұрыс ой қалыптаспаған. Оралман деген кедей,жасқаншақ,түк көрмеген,заманынан қалып қойған деген тағы басқа.Мүмкін осылай болған шығар,бірақ біз жат жерде жүріп,қанша қиыншылық көрсекте,өз тілімізді,өз дінімізді,өз салт-дәстүрімізді ұмытпағанбыз. Олар бізге құрметпен қарау керек.Егер мемлекет дамымаған болса,адамдарда соған байланысты болмақ.
doktor_beka
@ ?
16-01-08 10:16
ASSALAUMAGALEIKUM JERLES DOSTAR MENIM AITAR AKILIM KAZAKHSTAN jerine kelgen son kaita ketip kaluga bolmaidi, jaksi tusinemin en algash kelgen kezde ote auir tyedi, eshkim seni alip soilespeidi ,tipti tindagisi kelmeidi , birakta ol uakitsha kyindik , kyindikti jene bilu kerek , BUL DUNYEDE ONAI NARSE JOK BARI KYIN bilimin bolsa jerde kalmaisin , menin aytarim KAZAKHSTAN JERINE KOSHIP KELGEN JERLESTERGE RAHMET MOLODES !!! OZDERINIZ KANSHA KYINSHILIK KORSENIZDERDE SIZDERDIN URPAKTARINIZ SIZDERGE RIZA BOLADI GOI kazahk jerine kalgandarina , keibir mestnilar topas boladi kiliktarina shidamaisin , men mikti doktor bolsam sizderden komegimdi ayamaimin ,aman sau bolinizdar , den sauliktariniz mikti bolsin
Нурлан
nurlan.aldjanov@list.ru
03-01-08 07:40
Барлигиннин пикирлеринди укип шиктим,егер осылай утира берсендер кайдан бастарин косилади?Келиндер,ким не десе дей берсин биз оралмандар ен адепти ен суйкимди ен адеми жане ен акилди казахтармиз!Ар казахтин узине жараса тарихы бар солай емес ба?не киламиз уткен тарихти шукилап!Келиндер ертенги кунимизбен жасайк!

шеге
еркын126.сом
25-12-07 15:30
шешеңды , қазақстан кымке таң , быз оралман болқанымыз бен сендерден көш артықпыз
сендер де қазаққа тән ар намыс жоқ . оңкеи орыстың итаршлары . быз қытаида, моңғұлда ,басқа жерлерде жұрсекде жұрекымызде қазақстан,отанымыз бар деп оилаимыз.
сендер ең алдымен өздерыңнң тылдерңды төзеп алыңдар . балаларыңды қазақша оқытыңдар
ұрпақты қазақ дастөрмен тарбиелеңдер , бызды оралман деп кемсытпеңтр,бызде қазақ

Марат
Marat_Aksu@mail.ru
24-12-07 16:21
Туыстар! Тїрік ата јулеттерін ўлттарєа бґлгенде оларєа атау беріпті:-"Сен Ќырєызсын, сен Ќараќалпаќ, сен Ўйєырсын... деп барлыєына атау бере келе, Ќазаќќа келгенде сен Ќазаќсын"- деп, ќолына аєаш таяќ беріпті. Ќазаќ сўрапты:- "Ешкімде болмаєан аєашты мен ќайтемін"- деп, сонда тїрік ата "Саєан туа біткен ќасиет ґз туыстарынды тїртіп отырасын"- деп айтќан екен.Аєайындар біздер ќашан бір-бірімізді тїртуді тастаймыз. Басќа елдер бґтен ўлт ґкілдеріне ґз ўлтыныѕ атауын беріп жатќан бір уаќытта неге біз ґз туыстарымызды ќазаќ деп атаудан ќашќаќтаймыз. Ќазаќ демогрифі Маќаш Тјтімов елімізге келген жўмысшы кўшіні ўлтымызєа ќабылдап, азаматтыќ беру керек дейді.Біз ґз туыстарымызды мойындамай ќалайша ботенді ќабылдаймыз.Мына сґздердіѕ барлыєы біз їшін їят емеспе?!
Марат
Marat_Aksu@mail.ru
24-12-07 16:21
Туыстар! Тїрік ата јулеттерін ўлттарєа бґлгенде оларєа атау беріпті:-"Сен Ќырєызсын, сен Ќараќалпаќ, сен Ўйєырсын... деп барлыєына атау бере келе, Ќазаќќа келгенде сен Ќазаќсын"- деп, ќолына аєаш таяќ беріпті. Ќазаќ сўрапты:- "Ешкімде болмаєан аєашты мен ќайтемін"- деп, сонда тїрік ата "Саєан туа біткен ќасиет ґз туыстарынды тїртіп отырасын"- деп айтќан екен.Аєайындар біздер ќашан бір-бірімізді тїртуді тастаймыз. Басќа елдер бґтен ўлт ґкілдеріне ґз ўлтыныѕ атауын беріп жатќан бір уаќытта неге біз ґз туыстарымызды ќазаќ деп атаудан ќашќаќтаймыз. Ќазаќ демогрифі Маќаш Тјтімов елімізге келген жўмысшы кўшіні ўлтымызєа ќабылдап, азаматтыќ беру керек дейді.Біз ґз туыстарымызды мойындамай ќалайша ботенді ќабылдаймыз.Мына сґздердіѕ барлыєы біз їшін їят емеспе?!
Марат
Marat_Aksu@mail.ru
24-12-07 16:21
Туыстар! Тїрік ата јулеттерін ўлттарєа бґлгенде оларєа атау беріпті:-"Сен Ќырєызсын, сен Ќараќалпаќ, сен Ўйєырсын... деп барлыєына атау бере келе, Ќазаќќа келгенде сен Ќазаќсын"- деп, ќолына аєаш таяќ беріпті. Ќазаќ сўрапты:- "Ешкімде болмаєан аєашты мен ќайтемін"- деп, сонда тїрік ата "Саєан туа біткен ќасиет ґз туыстарынды тїртіп отырасын"- деп айтќан екен.Аєайындар біздер ќашан бір-бірімізді тїртуді тастаймыз. Басќа елдер бґтен ўлт ґкілдеріне ґз ўлтыныѕ атауын беріп жатќан бір уаќытта неге біз ґз туыстарымызды ќазаќ деп атаудан ќашќаќтаймыз. Ќазаќ демогрифі Маќаш Тјтімов елімізге келген жўмысшы кўшіні ўлтымызєа ќабылдап, азаматтыќ беру керек дейді.Біз ґз туыстарымызды мойындамай ќалайша ботенді ќабылдаймыз.Мына сґздердіѕ барлыєы біз їшін їят емеспе?!
olax
123a123
21-12-07 19:45
ORALMAN degen eginxi malxelar sender olardan kalay madeniet suraysendar,alzeyale kawem kozgalgan jok ,sender olarga burengesenday mamle jsay almaysendar

Belgisiz
123a123
20-12-07 20:21
kazakstanga kazak kerek ,duniye juzindegi kazaktaede jeynaw, ule jumes . ose jumeska kedergi bolaten arkanday kazak nemese arkandayadam kazakstannen jawe bomak , onday adamdar kelmesker retinde jawapka tartelewga tiyisti .al jrgilikti kalekten opalmandarde jek koriwi wakettek mude ,olar sayasatte tusine koygan jok ,
keyi tusinetin bolade ,tek kazak dep sogaten juregi bolsa bolde kazakstan kuxak jayade...
Туран сұлуы
tolebaevna@rambler.ru
30-11-07 15:15
Құрметті қауым! Мен бұл жердегі пікірлерді оқып отырып өз пікірімді және өзім жайлы айта өтеиін.Менің ата бабам Жемнің бойында тұрған .1995 жылдары дүниеден өткен үлкен әжемнің айтуынша Аталарымыз көшуіне: менің аталарым бай және сауатты болған.Мал мүлкі өте көп болған. Соны көре алмаған(сол кездегі томен тұрған халық)аталарымды дүшпанға сатып берген. Әжемнің айтуынша Атам қолы ашық жан болған,еш нәрсені аямаған, сұрап келген халыққа барын бөліп берген және көшкен кезде бар мал мүлкін ЖЕМ бойына көміп бүкіл қызметшісіне тапсырып кеткен. Мен ойлаймын Атамның орнына мен болғанда дүшпанға сатып бергендерге бір тиында бермес едім.ЖӘНЕ айтарым ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚ ОТАНЫМ ДЕП ҚАЛМАҒАН,ОЛАРДЫҢ ШАМАСЫ КЕЛМЕГЕН. Әжем айтқан "БІЗ КӨШКЕНДЕ АРТЫМЫЗДА ТЕК ҚАНА БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІМІЗ ҚАЛДЫ ДЕП" ЖАЙНАГУЛ СЕН ТЫНЫШ ЖҮР. ТАРИХТЫ ТҮРТКІЛЕИТІН БОЛСАҚ ОТАНДЫ БІЗДІН АТА БАБАЛАРЫМЫЗ ТАСТАП КЕТКЕН ЕМЕС, ОЛАРДЫ КӨШІП КЕТУІНЕ, ЯҒНИ ТАРЫДАЙ ШАШЫЛУЫНА ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚ СЕБЕПШІ. МЕН және МЕН СИЯҚТЫ ОРАЛМАН ЖАСТАРбасқа елде туылып өсседе өз АНА ТІЛІМДІ ұмытпады.АЛ сендер ше біз сияқты таза /ӘДЕБИ/ қазақша сөйлеп жаза аласындар ма /100 пайыз/. МЕН мақтансам да арзиды себебі тек өзім емес сол жақтағы басқа ұлт өкілдеріне де қазақша сойлеткенмін. Ал сендер Қазақстанда жүріп... ҰЯТ.ҰЯТ.ҰЯТ.
думан
dumanhh21@hotmail.com
22-11-07 08:37
атамекенім деп келген қазақ қандастарды жергілікті халық ңнат Астена Алең дар Акалқъен!!!
oka
14-11-07 10:08
bile bilsen alibek senin basinda tauiktin miindai mii jok eken
Махсет
07-11-07 15:09
Ал Сіздерді Адам ќылєан, этика-эстетикаєа їйреткен Ќазаќстандыќ ќазаќтар екенін ўмытпаѕдар.- деген сґзге мїлде ќосылмаймын. атыѕды жазбаєан "Жергілікті ўлт". Біле-білсеѕ этика-эстетиканы јркім ґз елінде оќыєан, адам ќылєанда сен емес. Ґз елінде дегенде сен басќаша тїсінбе, јркім ґзініѕ туылєан жерін, балалыќ шаєы ґткен жерді ўмытпайды,- деп ойлаймын. Ну и что, что я с Узбекистана, из Нукуса скажем. "Біздер ел кґрген ќазаќтармыз, сендер не дым кґрмегенсіѕдер", десем ашуыѕ келер. Ол жердеде жаман, біреуден кем болєанымыз жоќ, біраќ ґзіѕ ойлан, жаман болсада байдыѕ баласы сойлесін деген сияќты, сені жат жерде ґсірмесе, ґзіѕнен кем адамдардыѕ ќарауында болсаѕ, јлде сені Ќазаќ деп тїртсе, ґз еліѕді аѕсамай не істейсіѕ? Айтшы?
Негізгі таќырыпќа:
1-Осы Оралман деген атты ќайдан тапќан... Ґздеріміз, а иначе как их различишь друг-от друга?
2-Неліктен елім жерім атамекенім деп келген ќазаќ ќандастарды жергілікті халыќ жек кореді? Жек кґрмейді ќўрбым, бес бармаќ бірдей емес деген сияќты, біреулер маќтаныш етіп отыр, осы Оралмандар келгелі бері балдарымыз кґшеде арќайын жїр, -деп. Бўрындары кґшеге шыєалмайтын едік дегенді ґз ќўлаєыммен естігенмін. Ќазаќтар нас очень много, мы просто незнаем всех, ќараѕдар, ердеде Саќтар, бўл Ќыпшаќтар, кейін ала Ќазаќтар, Ќытай дан бастап Европаєа дейінгі жерлерді жайлаєан елміз, мысалы: Ўлы жїздегі Албан руы, Европадада бар, Албан мемлекеті, я это в примере, но на самом деле может и так выйти, енді тілге келсек, сколько лет прошло, эралар ґткен одан берлі, олар неше мемлекетпен шегараласќан, ќырылєан, дегендей. Білесіѕдер ґздеріміз ќайсар ќасарысќан Ќазаќтармыз, даже интернеттен, соќтыєысып ќалайын деп ќаламыз. Так, что вперед, жаман сґз жазбаѕдар, тату болыѕдар, скоро достигнем, алєа ќойєан маќсатымызєа. Я спишу извините.

антивирус
17-08-07 14:09
МЕН Г Ү Л Н Ә Р Д І Ң ҚАЗАҚ болғанына ұяламын!!!
...

МЕН ҚАЗАҚ БОЛҒАНЫМА ҰЯЛАМЫН
немесе
НАҒЫЗ ҚАЗАҚТАР БАРМА ?
( үзінді )

* Өз елінде , қалың қазақтың ішінде, қазақ тілін біліп тұрып, өзара өзге тілде
сөйлескен қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұяламын.

Бірақ, миллиардтан аса қытайдың, миллиондаған орыстың, мыңдаған
мұңғыл мен басқа халықтардың ішінде жүріп, тағдырдың тәлкегіне төзген,
ата-руға топтасудың арқасында ТІЛІН, ӘДЕТ-ҒҰРПЫН, САЛТ-ДӘСТҮРІН,
ДІНІН сақтап, Ата- жұртқа көшіп келген қандастарымызды көргенде, мен
ҚАЗАҚ болғаныма қуанып, мақтанамын.

* Мәдениеттіліктің бастауы, қайнар көзі - әр ұлттың өз ОТАНЫНДА, өз АНА
тілінде қарым-қатнас жасай алуында екендігі, Құдай адам етіп жаратқан
барлық жандарға белгілі аксиома. Ал өз ЕЛІНДЕ, өз үйінде, өзінің бала-
шағасымен ана тілінде сөйлемейтін, тіпті сөйлесуге талпынбайтын, кейбір
қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұяламын.
Өз ЕЛІНДЕ, 9 млн. қазақтың ішінде жүріп, солардың арқасында қолы жеткен
жұмыс бабын пайдаланып, қазақ тілінің қажеттілігін қалыптастыруға мыйы
жетпей, кез келген жерде өзге тілде «сайрап» қазақ екенін ұмытып кеткен, санасы
уланғаны соншалық – бұл құбылыстың адамзаттың кез келген мәдениетті өкіліне,
өте жиіркенішті көрініс екенін сезбейтін кейбір зиялысымақ – шенеунік – депутат
қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұяламын.

Бірақ, егемендіктің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, санасын құлдық
сезімнен тазартқан, нағыз мәдениеттіліктің үлгісін көрсетіп, күнделікті
тұрмыста, жұмыс орындарында өзара тек қана қазақша сөйлесіп, өз ЕЛІНІҢ
азат ұл-қыздары екендігін сезінген, қатары күн сайын арта түскен қарапайым
қазақтарды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма қуанып, мақтанамын.

* Қазақ ұлтына, өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі бар, еңбектерін Елі таныған
Тұлғалардың , талантты жас журналистер мен өнер адамдарының , мемлекеттен
қолдау көрмей, үйсіз-күйсіз жүргенін көргенде, мен қазақ болғаныма ұяламын.

Бірақ, санасы уланған кейбір мемлекеттік шенеуніктер ұлттық өнерге, ұлттық
спортқа, жалпы ұлттық мәдениетке жеткілікті көңіл бөлмей, қалың қазақ
айналыспайтын спорт пен өнер түрлеріне қыруар қаражат шашып жатқанда,
Ел ішінде ұлттық құндылықтарды насихаттап, таратып жүрген
БАУЫРЛАРЫН қолдап, оларға қол ұшын созған ұлтшыл, қатардағы кәсіпкер-
АЗАМАТ қандастарымызды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма қуанып,
мақтанамын.

• Кейбір мемлекеттік шенеуніктер мен автобустағы кондукторлардың, кейбір
халық «таңдаған» депутаттар мен базарлардағы арбакештердің өз жұмыс
орындарында,біліп тұрып қазақша сөйлемейтінін көргенде, мен қазақ болғаныма
ұяламын.

Бірақ, егемендіктің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, тың деректерден
қазақтың шынайы тарихын оқып-біліп санасын тазартып, білгендерін өздері
өмір сүрген ортасына насихаттап, таратып жүрген, қатары күн сайын арта
түскен аға буын, орта буын, жас буын қазақтарды көргенде, мен ҚАЗАҚ
болғаныма қуанып, мақтанамын.


* Орысша сөйлей алмай, отаршылардан талай қорлық көрген, көптеген
моральдік және материалдық зардаптар шеккен ата-бабаларымыздың есесін
қайтарып, бүгінгі ЕГЕМЕНДІК заманда - күнделікті тұрмыста, өздерінің жұмыс
орындарында кез келген адаммен, мейлі ол қалмақ-шүршіт болсын, мейлі ол орыс
болсын, мейлі ол ағылшын болсын, қазақша сөйлеудің (конституцияға да,
мәдениеттілікке де қайшы емес) орнына, қожайындарының алдында есеп беріп
жатқан құлдай, солардың тілінде сайрап жөнелетін (ешкім мәжбүрлемеседе)
қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұяламын.

Бірақ, егемендіктің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, құлдық психологиядан
арылған, батыр-данышпан ата-бабаларының рухы қонған, жүрген ортасында
қазақи құндылықтарды насихаттап, қызмет бабын дұрыс пайдаланып - өз
ЕЛІНДЕ кез келген адаммен, мейлі ол қалмақ-шүршіт болсын, мейлі ол орыс
болсын, мейлі ол ағылшын болсын, қазақша сөйлеп – кезінде есесі кеткен ата-
бабаларын жатқан жерлерінде бір аунатып-қуантып, моральдік тоят алып
жүрген қазақтарды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма қуанып, мақтанамын.

* Ата-бабаларымыз орыс-совет империясы орнағанға дейін, ұлан-байтақ қазақ
жерінде ешбір техникасыз, өз ақыл-ойымен, табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің
арқасында 10-15 млн. қазақпен қоса көрші елдердің біразын бағуға шамасы жеткен.
Егемендік алған күннен бастап еліміздің Өкіметі мен Үкіметі егіншілік пен мал
өнімдерін өндіруді жыл сайын ұлғайтып, оны ұқсатудың ең жоғарғы
технологияларын Қазақ елінің әр ауданының орталығында ендіріп, қалың қазақты
жұмыспен қамтамасыз етіп, жыл сайын арта түсетін егіншілік пен мал өнімдерін
экспортқа шығарып, Қазақ елінің әр аудан орталығын кішкентай «астаналарға»
айналдырып, ұлан-байтақ жерді игеру үшін жыл сайын жаңа құдықтар қазып, жаңа
қыстаулар салудың орнына, орыс империясына еңбегі сіңген, әлі де сіңіріп жатқан
немесе «алданған», кейбір зиялысымақ – шенеунік – депутат қазақтар ауыл
шаруашылығын «приватизация», «оптимизация», «легализация» сияқты
ГОЛОЩЕКИННІҢ мыйы жетпейтін науқандарды іске асыру арқылы, еңбекке
жарамды бүкіл қазақты бес- алты қалаға жыйып алып, олардың екі-үш ұрпақ болып
өмір бойы тапқан- таянғанын, байырғы қала тұрғындарының қолына ұстатқызып
( олардың мемлекеттен мүліктерімен қоса тегін алған автобазалары, сауда және
өндіріс орындарынан тыс, бас-басына мемлекеттен тегін алған қос-қос пәтерлері мен
көптеген сая- бақтары құйтырқы саясаттың арқасында қып-қызыл ақшаға айналды),
оларды бір байытып тастады.
Сөйтіп байып алған, орыс-совет империясының мұрагер-көзіндей болған
байырғы қала тұрғындары , елдің әр жерінен үлкенді-кішілі кәсіпкерлік ашып,
арнайы ЖЕР туралы ЗАҢ қабылдатқызып, елдегі бос қалған жерлерді сатып ала
бастады.
Жағдай мен қаражаттың жоқтығынан Ата кәсібінен айырылып ауылдан келген
үйсіз-күйсіз, арзанқол қазақтар орыс империясы мұрагерлерінің отымен кіріп,
күлімен шығатын болды. Ал дүние жүзінің дамыған елдерінің
(Англия, Франция, Италия, АҚШ т.с.с.) ауыл-селолары ешқандай
«оптимизацияларға» ұшырамай, байырғы халқы ата кәсібін өзгертіп, тентіремей-ақ
өмір сүріп келеді.
Егемендіктің мүмкіндіктерін пайдаланып, ЕЛІНІҢ тарихын, ата-бабаларының
өмір-жолдарын оқып тоқымаған, қазақи құндылықтарды бойына сіңірмеген,
шетелдік кеңесшілердің «ақылын» тыңдап, елдегі экономикалық және әлеуметтік
келеңсіздіктерге жол берген, солардың ауыздарына «шайнап» салып
берген идеяларымен коректенген немесе дүние жүзлік үстемдікке ұмтылған әрі бай,
әрі азғын топтардың ақшасының буына уланып «зомби» болған кейбір
зиялысымақ - шенеунік – депутат қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма
ұяламын.


Бірақ, ЖЕРІН ешқашан сатпаған, ЖҰРТЫН ешқашан тентіретпеген ата-
бабаларының - рухын жоғалтпаған, көкірек көзі ашық қалың ҚАРА ҚАЗАҚ
ешбір «приватизация», «оптимизация», «легализация» тағы басқа
«изацияларға» төтеп беріп, таза АУЫЗ СУСЫЗ , ЖОЛЫ нашар, байланысы
нашар, ГАЗЫ жоқ және ОТЫН-СУЫ тапшы елді-мекендерде, көптеген
қиындықтарға төзіп, әулетке-атаға топтасудың арқасында ғана ата
қоныстарын жоғалтпай ұстап тұрғанын көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма
қуанып, мақтанамын.

• Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңның «Қазақстан Республикасында
басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабының орындалуын
Құдайдың құтты күні, секунд сайын өрескел бұзып жүрген шенеуніктерге Қазақ
Елінде «әй дейтін Әже, қой дейтін Қожа» шықпағанын көргенде, мен қазақ
болғаныма ұяламын.

* Қазақ Еліндегі 9 млн. қазақтың есебінен биліктегі қызметтеріне ілігіп, өз қара
бастарының қамын ғана күйттеген, қалың қара қазақтың мүддесін ұмытқан, қазақи
ұлттық құндылықтарға мән бермей, дүние жүзілік азғындық технологиялардың
құрығына түскен, уақытша мәнсап-байлыққа мәз болып, өздерінің ұлт жадының
«қара тізіміне» ілініп жатқанын сезбейтін кейбір зиялысымақ – шенеунік – депутат
қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұяламын.

Бірақ, 2006 жылдың мамыр-желтоқсан айларында, әр жексенбі сайын сағ. 15-00
де Алматы қаласының КИНО ҮЙІНДЕ көрсетілген «Аллажар»
көркемсуретті фильмін тамашалап, 1986 жылғы ЖЕЛТОҚСАН
КӨТЕРІЛІСІ туралы тарихи- шындықты, ешбір бояусыз, ешбір
декорациясыз, өз көзімен көріп – көтеріліске қатысқандай әсер алған
қазақтардың жүректерінен шыққан рухты сөздерін тыңдап, жалын атқан
көздерін көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма қуанып, мақтанамын.


БОЛАТ БӨТЕЙ ,
«АЛЛАЖАР-ҚОЛДАУ» қоғамдық қорының
атқарушы директоры, АЛМАТЫ қаласы.
Тел. 225-25-11, 8 701 712 4511
Е-mail: suan@qazaq.kz

Айнұр
ainureka@mail.ru
07-08-07 17:58
Сәлем достар мен де Ауғанстаннан келген оралманның қызымын, әрине менің келгеніме көп болды бірақ ең бірінші болып Ауғанстаннан келген менің жан ұям болатын... жергілікті халықтан қорлықты ең көп көрген біз шығармыз... біз 1989 жылы көшіп келген едік сонда мен 6 жастамын, ол кезде Совет үкіметі дегендей... бізді мектепке де алғылары келмеген болатын әйтеуір өйтіп бүйтіп... орналастық... менің аяулы анашым сонда біздің пПезидентіміздің алдына барып үй сұраган болатын ол да кейін...Назарбаев президент болған кезде, сол кезде ең бірінші болып біз үй сатып алғанбыз... әрине ол кезде бәрі де басқаша болатын бірақ қазір де өзгергені шамалы, ағайындар Жайна сияқты қазақтың ару қыздарын сіздер қате түсынбеңіздер мен оралман болсамда айтайын.. бес саусақ бырдей емес деген сөз бар емес пе...сол сияқты оралмандар да да жергілікті халықта да бір қарын майды шірітетін өз құмалақтары болады ... мен мысалы оралман екеніме ешқандай да намыстанбаймын айтқан адам айта берсін... мақтанғаным емес бырақ жергілікті қазақтарға қарағанда мектепте де болсын, жоғарғы оқу орнында да болсын, колледжде де болсын мен әрқашан жақсы оқығанмын, өте жақсы... оралмандар ондай оралмандар бұндай деседе оралмандарда да білімді адамдар бар, жетерлік... кезінде менің ағамды университеттен сен оралмансын сен сатқынсын деп-ақ қуып шыққан, сонда не үшін? тек қана сатқын емеспін деп айтқаны үшін... сонда Қазақстандық қандастар ойланыңыздаршы соғыс кезінде жан-жаққа қашып кеткен қазақтардың ұрпағы мына быздердің кінәміз неде? туған елім, жұртым, отаным дегенімізде ме?... оралмандар надан дейсіздер... мына маған қарап айтыныздаршы: егер де оралмандар тұрған жерде дәл Қазақстандағыдай оқуға деген жағдай болса оқымас пе еді сол оралмандар??? мінекей осыны көп адамдар түсінбейді... оралмандар әдейі надан болып отырған жоқ қой, мысалы Қытайдан келген қазақ жастары қандай білімді тіптеп осындағы жастардан асып кетеді білімдері, ал неге олар осында келіп оқиды неге қала бермейді Қытайда немесе біз неге Ауғанстанннан, Түркиядан, Ираннан көшіп келіп жатрмыз? өйткені ол жерды оқуға деген адамдардың жағдайы келмейды... Мінекей ағайын халайық осыны түсінуге тырысыңыздар құр бекерге оралмандар надан, оқымаған дегенше...
Әлі оралмаған
07-08-07 03:00
Бірінші сұрақты түсінбедім. "Оралман" деген жай мәртебе ғой. Ал екінші сұраққа сұрақпен жауап берейін: Неліктен манқұрт манкұрт?

Мен әлі оралмадым атабаба жеріне. Бірақ оралу ниетім бар. Бір нәрсе өте намысыма тиеді. Неге қазақтың қазақстандық болуы үшін пара берy керек? Осыны ойласам оралуға да намыстанам. Шет елде оқып жүріп атамекенге оралсам ба деп әлі армандап жүрмін...

Серік
gallam_serik@mail.ru
24-05-07 23:59
Ассалаумаєалейкім! Оралман аєайындар Сіздер туралы біз ештеѕе естімейміз. Сіздіѕ тарихи отандарыѕызєа оралєандарыѕыз мен їшін ґте ќуанышты. Тарих жјне заман ґзініѕ жаќсы да жаман жерлерін Сіздіѕ басыѕызєа тїсіргеніне ґте айанышты да жјне Сіз туралы жаман жаєынан ґз елімніѕ аєайындары айтып жатырєаны мен їшін ґте ґкінішті. Себебі ґзге елде, ґз еліѕдей емес ґзге тјртіп жјне адам туєнынан кґрген ќылыќты ортасынан кґреді яєни сол ортада (елде) ортаныѕ солай жасаєаны деп білемін. Сол себепті айтайын дегенім Јділбек жјне Жайна сияќты адамдар бўл ґмірде кґп кездеседі себебі ґркениет бірден таза жолєа ешќашан тїспейді адамзат тарихпен заманыѕ ќатеріне ќарап жоєарылайды деп білемін. Оралман аєайындар туралы жаман ќылыќтарын жазып жатќан аєайындарєа айтарым Сізді біздіѕ оралєан аєайындарєа ќараєанда, таєдыр мен заман жаман ќалжыѕын ойнатќан емес, соєан ќуанып ґздеріѕіздіѕ тар дїниелеріѕде ґздерѕмен ґздеріѕіз болыѕдар деймін. Бір екі жаман жайт бїткіл оралмандарєа Біздіѕ еліміз туралы жаман јсер ќалдырып тўр ол ґте ґкнішті де жјне ўятты ойланып кґріѕдер. Бўл сайт сізден емес бїткіл ќазаќтардыѕ ой ґрісінен тўрады. Сіздерге айтайын дегенім Сіз туралы кґп естігенмен ґз еліне оралєан аєайындарым. Осы сайт арќылы немесе ґз электрондыќ адірісмен Сізбен ќарым ќатынастыѕ ґзі неге тўратынын Сіздер білмесіндер єой. Егерде біреудіѕ атын жазып мысал келтірген болсам жјне жазєанымды оќысаѕдар, Сізден кешірім сўраймын ќатты ойєа алмаѕыздар жјне ґз ќылыќтарыѕызды ќатты тиген адамныѕ тўрєысынан ойлап кґріѕіздер.
Була
28-04-07 20:57
Ассалаумағалейкум .Құрметті бауырлар.Мен 2000 жылы Қазақстанға көшіп келдім.Біз ең бірінші Елбасымызға рахмет айтуымыз керек.Егер де Президент саясатты дұрыс жүргізбесе бір жылға жетпей азаматтық алу мүмкін болмас еді.Басқа мелекеттерде, мысалыға Өзбекстанда шеттен келген өзбектерге азаматтықты дәл бұлай тез бере қоймайды. Жайна сияқты таяз ойлылар өкімет басына келмей-ақ қойсын,олар интернеттен өсек теріп азық етіп жүре берсін.Кейбіреулер жазады, біздің ата- бабалар кезінде қашып кеткен деп, әй-бауырымай егерде тарихты білсең бұлай демес едің. Өзбекстандағы Үшқұдық,Кенимех,Тамды,Бостандық,Мырзашөл жерлері 1950-60 жылдарға дейін қазақ жері болған. Юсуповтың дәуірінде сатып жіберген.Дәл бұған сол жердегі қазақтың қандай кінәсі бар.Ал Бек бауырым, көшіп келгенің өте жақсы болыпты. Бірақ көрген қиыншылықты айтпаған дұрыс.Менде жоғары білімді/заңгер/ бола тұрып,алғаш келгенде көп қиналдым.5-6 ай көшеде /биржа/ тұрып жұмысқа жалданып күн көрдім.Қазір Аллаға шүкір бұрынғы алған білім,тәрбие кешегі көрген қиыншылық -- яғни өмір мектебі ретінде пайдаланып жатырмын. Бүгінгі күнде үйімде бар,жұмысымда бар, шетел көлігін де алдым, бауырларыма да жәрдемімді жасап жатырмын,әрі Қазақстанға тартып жатырмын.Шетелден келіп жатқан қазақ бауырлар. Ешкімге де өкпе айтпай, шамаларыңыз жеткенше көшіп келеберіңіздер.Бүгін келмесіеңіз ертең кеш болады.Мен қатарлы келген ауылдастарым 6-7 жыл ішінде тұрмыстарын тіктеп алды. Өкпе айту,өкпелеу өзіңнің әлсіздігіңнің белгісі.Кім не айтса оны айтсын.Қазақстандағы қазақтардың ішінде де иттері,арамдары,ақымақтары бар,шеттен келіп жатқан қазақтың ішінде де имандылығы,азаматтығы,білімі жоғарылар жеткілікті. Басқа елдің қазағы жайлы нақты ештеңе айта алмасам да Өзбекстаннан келіп жатқан қазақтардан Қазақстан титтей де ұтылмайды.Біз өзіміз келіп алдық енді әрқайсымыз он қазақтың шаңырағы көшіп келуіне көмектессек, өте үлкен сауап болады. Жайна сияқты мұрнының алдындағыдан басқаны көрмейтін көр,соқыр,надан жандарға қайрылып қараудың өзі жиіркенішті.
kazakh khayda barasiz ?
22-01-07 10:49
khayda jursemde kazakhbin !oni ishkimde ozgertip almaydi, oz elimge sattilik tilimin ,guldenversing .amanbolsing kazakgim. shetelde jogan bilim aldim ,algan bilimin elge jetgizsem dep armandaymin. birakh bar nese oz oynday bolmaytindi kozim jetedi, "khasamaymin " "renjimeymin" deuge vade beramaymin , nege deseniz mende bir nazik oz elim ultim suygen juregimbar, meni akhirindap tusinuge seneming,Senim degen altindan khimbat!




страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов