Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Жаңабай руы


Авторы Xабарлама
Dias
dias_130393@mail.ru
02-05-11 14:43
Жанабай руы жайлы не билесиздер?

Авторы Жауап
Бауыржан
08-07-17 13:54
Дулат атадан Шымыр ата одан Бекболат ата одан Жиеш ата одан Жанабай ата одан Кунбас ата одан Мамбет батыр(Абылайханнын сериги). Мамбет батырдан тараган Жанабайлар Улы Жанабайлар
Бахадыр
bahadur.atai@mail.ru
06-07-17 18:50
Байқаймын жаңабай руы әр тайпада, әр жүзде кездесетін секілді. Жоғарыда кітап авторының (Бәкіртай Қалшабеков, Қазғұрт ауд. ОҚО) айтып отырғаны Сіргелі тайпасының ішіндегі үш ата ұрпақтары туралы болып отыр. Үш ата ұрпақтарының көп шоғырланғаны жері Ташкент облысының Ташкент қ, Орта Шыршық, Төменгі шыршық, Пскент аудандары болып табылады. Сонымен қатар, ОҚО Сарыағаш, Қазғұрт ауд., Шымкент қ, бар. Тіпті Ташкент қ сындағы бір аудан Сіргелі деп те бүгінгі күнге дейін аталады. Кеңес Одағы тұсында бұл ауданда бірнеше қазақ мектептері болған. Қазір бір аралас мектеп қана қалды.\
\ Сіздерден Сіргелі тайпасының ішіндегі Жаңабайлар болса аталары туралы тамыз айына дейін (2017) жазып жіберсін, мүмкін болашақ кітапқа еніп қалар.
Нұрболат
enbekshi.enbekshi@mail.ru
05-05-17 05:16
Дулаттан шыққан Жаңабайды естімеппін.
Нұрболат
enbekshi.enbekshi@mail.ru
05-05-17 05:09
Ассалаумалейкум жақындар!!! Ұлы жүздің ішіндегі Сіргеліден тараған Үшатаның кенжесі Жаңабай боламын. Ағайындар мен осы күнге дейін Жаңабай руының шын есімін білмеппін. Жаңабайдың шын есімі-Есенқұл екен. Үлкені Елібай, Ортаңғысы-Айтбозым, кішісі-Жаңабай екен. Құдай қаласа биыл Үш аталардың жеке өзінің шежіре кітабы шыққалы тұр. Кітапты жазушы Б.Қалшабеков.

1. Манап
2. Оңал
3. Байтен
4. Қуатбай
5. Самырат
6. Жұлдыз.
7. Сасықбай
Айдархан Арман 105 Ауылы
+7747977621
16-04-17 17:04
Менің руым.... ЖАҢАБАЙ .....үлы жүз .оның ішіндегі
ҮЛЫСЫМЫН МЕН көп мәлімет білмейм +77478977621
Жаке
aldabekov77@mail.ru
03-04-17 08:04
Жаңабай ұры дегенді дымбілместер шығарған. Жаңабайлар барымташы болған, олар қырғыздан жылқы айдап әкелетұғын қазақ жеріне, қазақтың малына тимеген. Жуалыдағы Күйік асуында ары-бері өткен керуендерден ақы алып отырған. Олардың соңғы басшы көсемі Мәді ата болған. Ол кісі жетпіс жасында жігіттер жерден ат үстіне өңгере алмаған алып серекені қиналмай атқа өңгеріп шабатын болған екен, көз көрген қариялардың айтуынша
Жаке
aldabekov77@mail.ru
03-04-17 07:55
Менің тел. 87784749175
Акбота Султан
16-03-17 18:34
Баршаларыңызға сəлем!Менің есімім Ақбота.Руым Жаңабай.Оның ішінде Қошқар.Мені қызықтыратын сұрақ,мен осы күнге дейін Жаңабай Қошқарды кездестірмеппін.Оқып отырсаңыздар жауаптарыңызды күтемін
Ердос
erdos.sak@mail.ru
12-01-17 14:35
Сакпанкул Ердос Тилепбайулы телефон 87755125030 биз Кокдонен ауылы улы Жибек-Жолынын бойнда небир батырлар шыкан Жонгар Калмак шапкыншылык кезинде Жанабайдан шыкан батырлар коп болган . АЛКЕ БАТЫР ТУРАЛЫ БИР МАЛИМЕТ АЙТКЫМ КЕЛИП ТУР , Алке батыр ози бойшан денели тула бойы келискен оте керемет Батыр болган ,бир куни бир Ауылга токтаган конак болады ,Алке батыр келдидеп ет асады Тайказанмен сол уакыт а бари согыска дайын журеди Атары найзамен байлаулы турады бир кезде атан атан жау шапты деп урандайды АЛКЕ БАТЫР орнынан атып турып мына кайнап жаткан ети жиалмайтын болдык ЕН болмаса сорпасын ишик деп дау Тайгазан котерип сорпасын ишеди атына минип кусып жибереди сол кезде Атын жалы куйип калады , жауга шауып кетеди жауды женип кайтып келгененсон достары айтады сен Айюан деп атаган екен сонымен халык арасын Алке Айюан атанып кеткен бир туйени котерип кете беретин болган Алке Айюан урпактары турады Кокдонен ауылында турады .
Жанабайдың қызы
zagira_k@mail.ru
11-01-17 16:50
Тегін білуге құштар жастар - Жанабай ұрпақтары тектерін туралы мәлімет іздестірііп жатқандарына қуаныштымын. Көкдөненнен Ердос толық аты-жөнің кім?
Ердос
erdos.sak@mail.ru
27-12-16 19:56
Мен, созимди бастайын Жамбыл Обылысы Т.Рыскулрв аудан Кокдонен ауылынан шыкан Жанабай батырлары , Жонгар шапкыншылык кезинде Абылай ханын сенимди батыр Жантай Болтай Алке батырлар болган . Кенесары ханын сенимди батыры Бугыбай батыр болган , биз ушин Жан берген осы батырлар курметеу керек.
мен шералы айбек
aibek.aibek95@inbox.ru
01-11-16 09:59
Асалаумагалейкум баурлар менде жанабаймын бирак жанабай туралы коп малиметтер жок бар болса жазыныздаршы мен блумше мен ата бабаларым манбет жанабай сол себепти баримиз мамбет жанабаймыз кобиси уры жанабай деп атайды оларга айтарым жанабайлардан сактанындаррр
Бекен
bikosh898989@mail.ru
18-08-16 08:37
Ассалаумағалейкум Жаңабай бауырлар! Мен Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылынан боламын.Жаңабайдың ішінде Қошқармын.
Дінмұхамед
26-04-16 18:03
Мен Ұлы жүз Жаңабаймын.Жамбыл Облысы Байзақ Ауданы Түймекент ауылы . Ішіндегі Қошқармын
Ұзайпа Аспандияр Маратұлы
aspandiyar01@mail.ru
05-03-16 06:49
Ассалаумағалейкум, бауырлар. Менің аты-жөнім Ұзайпа Аспандияр Маратұлы. Руым Жаңабай. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көктал ауылының тумасымын.Менің білуімше біз Ұлы жүзденбіз, соның ішінде Бәйдібек батыр, одан Дулат, Дулаттан 4 ұл тараған Сыйқым,Жаныс,Ботбай,Шымыр. Шымырдан Бекболат.Бекболаттан ЖАҢАБАЙ. Жаңабайдың 4 ұлы бар, олар:Аран(Сырлы) , Шахан, Көн, Шөже. Ал мен Сырлысымын. ЖАҢАБАЙ менің он төртінші атам. Менің Жеті атам: Өтеген- Жұман-Едіге-Наурызбай-Тілепберген-Әбілдә-Ұзайпа- менің әкем Марат -Аспандияр және бауырым Спандияр.Жаңабайлар тау жақтардада баршылық \"Тау ЖАҢАБАЙЛАРЫ\".Және киелі Байзақ Датқа жерінде көп кездеседі.Алғашғыда Жаңабайдың бір ауылы қазіргі Чапаев жерлерінде болған.1920-1930 Жылдары Қазіргі Көктал-Бурыл(Ровное)жерлеріне келіп қоныстанған.Тағы да азды-көпті мәліметтер білемін.Бауырлар, жиналайық, бас қосайық, шежіремізді айқындайық. Атамыздың-бабамыздың кім болғанын білейік.Хабарда болайық.Байланыс телефоным :8 707 103 00 17.Көктал ауылы Қалилахан көшесінде 6 А үйде тұрамын.Келемін деушілерге есік ашық
Мамай Ернияз
Erniyaz95@bk.ru
19-02-16 19:27
Ассалаумагалейкумдер! Менинде руым ЖАНАБАЙ УЛЫ ЖУЗБИН. Мен Жамбыл облысы Байзак ауданы Коктал ауылында турамын. Коп адамдар ауылымызду ЖАНАБАЙ ауылы деп таныйда. Бырак ЖАНАБАЙ туралы малиметтер аз. Менин билетиним ЖАНАБАЙ ДУЛАТТАН тараган одан кейин ШЫМЫР одан кейин БЕКБОЛАТ ары карай билмимин. Аталарымнан билетиним АЙТКУЛ КОНЫСБАЙ ИСКЕНДИР КУНДАС ТОГАНАС АРЫК КАРАБАС МАМАЙ жане озимнин акем ЕРИКБАЙ. АЙТКУЛ ата байбишенин биринши улы деп естидим. Одан баска малиметтер билмими.
Мен ЖАНАБАЙДЫН КУШИГИМИН дер журсем ИСКЕНДИРИ екенмин оны осы жакында гана билдим.
Егер билетин болсаныздар немесе билетин адамдар болса осы жака жазыныздаршы бизде билип журейик. Менде билип жатсам жазамын.
Бектілеу
beks@bk.ru
19-01-16 09:40
Ассалаумағалеукум бауырлар! Мен өзім Жаңабай руынанмын. Құлтөбер- Айтқұл- Қонысбай - Дуана - Бекбау - Нұрлыбек - Сары - Смаил - Балпанқұл - әкем Талғат міне осы аталарымнан тарағанмын. Жалпы Дуанадан тараған Жаңабайлар болса хабарласыңыздар. Ұрпағымызға жеті атасын білетіндей үлкен іс жасайық. Кітап шығарып ұрпаққа аманат етіп қалдырайық. Бауырлар Жаңабай елінің үлкен шаңырағы Тараз қаласы Байзақ ауданы Ақжар ауылында Бейсбай ата шыңырағы. Бауырлар қолдарыңыздағы бар деректер болса beksl@bk.ru осы электорнды поштаға жіберсеңіздер. 87077974652, 87057974652
нурмахан
16-01-16 13:43
Менде жанабаймын брак Бари ұры жанабай дейди неге тусинбедим
Амреева Жамила
zhamila.amreeva@mail.ru
08-12-15 18:22
Менде жаңабаидың қызымын.Мен жаңабаи туралы аса коп малимет билмеимін бар билетиним 7 атам Болтай батыр, Боздақ, Әтеке,Итібай,Сүгір,Әмре және Амреев Молдаш (ат бапкері) 5қызы 2 улы бар ұлдарының бірі мениң әкем Амреев Қанат 2ұлы 2қызы бар.Амреев Мадияр,Амреева Зауреш , Амреев Адлет және мен Амреева Жамиля.
Жансерик
samkombi98@mail.ru
14-10-15 20:46
Естуім бойынша кезінде Жаңабай деген үлкен денелі еркек болган.сосын ол байлардың жылқыларын Аса өзенімен ұрлаган.. ........себебі жылкылардын ізі қалмасы үшін))
Байтасова Амина
Baitas.a@mail.ru
22-08-15 22:10
Саламатсыздарма руластар. Мен Байтасова Амина Жамбыл облысы Байзак ауданы Акжар ауылынын тумасымын. Бiздiн уй Жанабайдын улкен уйi. Менiн колымда атам Бейсбайдын шежiре колжазбасыъбар. Сонын негiзiнде кiтап жазсам деп едiм. Атсалысып оз аталарыныз туралы малiмет бергiлерiнiз келсе мына тел хабарласыныздар. 87784066336 Байтасова Амина Карагандыда турмын.
Yulduz
Muzapparovna1978@mail.ru
15-07-15 03:25
Баршага,Салем! Менин руым Жанабай,бирак мен Ташкенттен оралып келгенмин Елибай,Жанабай,Айтбозым Сиргелиден тараганын шежиреден баримиз жаксы билемиз,ал Дулаттан тараган Жанабай ол оз алдына болек ру
Айдын
nauan_aidin
12-03-15 16:47
Мен ЖАҢАБАЙ руынанмын. Негізі жаңабай екіге бөлінеді: Сіргелі Жаңабай және Дулаттан тарайтын Жаңабай болып. мен Дулаттан тарайтын жаңабайдан боламын. Бәдібектен - Албан, Суан, Дулат. Дулаттан - Сиқым, Жаныс, Шымыр, Ботпай. Шымырдан - Бекболат. Бекболаттан - Бестерек, Күнту, Жаңабай т.б. Тұрар Рысқұлов ауданында Жаңабайлардан таратын бес-алты ата бар. Тастемір. Әлке. Болтай және Жантай-Шора т.б. Жантай-Шора туралы айтсақ екі егіз дейді. кейбір кісілер бір адам дейді. Алмен өзім Әлкеден боламын. Әлке - Байқыстау - Қарынбет - Жәутік - Дәуіт қажы - Серібай- Науан - Жанкен - мен Айдын және інім Айдар.
Айгерім
akon.ai.94@mail.ru
03-10-14 06:55
мен жаңабаймын.Жаңабай мен жаңабай уйленуге болама?
Болатбек
БОЛАТ-71
03-05-14 20:56
Жаңабайлар негізі ұры емес ,ұлы жаңабай .
Самат
samat_8327@mail.ru
20-04-14 14:22
Ассалямуалейкум,бауырлар. Менің анамның руы Жаңабай,мен өзім Бестерекпін. Нағашыларым,қалайсыңдар?
ади
adi_bratan@mail.ru
22-03-14 13:04
Кұрметті руластар менде Жаңабаймын,Жалпы Жаңабайларды неге ұры дейді,себебі Бұрын халық аштан қырылып жатқан кезде Жаңабайлар халқының амандығы үшін,шекарадан өтіп жылқыларды ұрлап әкелген,сол жылқының етімен халқын аман алып қалған,Егер сендерге біреу ұры жаңабайсын десе,Сен оған егер біздің аталарымыз болмағанда аштан өлетін етіңдер ғой деп айт
Чингиз
musabekov_chingiz@mail.ru
11-03-14 18:09
ассаламуагалейкум курметти жамагат, менин сиздерден сурайн дегеним менде Жанабай руынан боламын бирак озбекистан рес.сы ташкент облысында турамын. ташкентте =де ягни биздин ауылымыздада тек жанабайлар бир ру болып турамыз. аксакалдардын айтуынша биз Сиргелинин Жанабайы екенбиз. комент.ларынызды окысам Жанабайлардын тури коп сиякты сиздерден отинишим Жанабайдын канша тури бар???
Ақнұр
aknur-19.93@mail.ru
16-01-14 12:00
мен де Жаңабай руынанмын. Жаңабай Дулаттан тарайды. Дулат - Шымыр- Бекболат - Жиеш - Жаңабай - Айтқұл - Қоныспай - Іскенкүшік - Күнбас - Мәмбет - Байзақ - Ахмет - Қожағұл - Әріпжан - және менің әкем Досымбек
Куат
kuat_nurjan99@mail.ru
30-12-13 09:35
мен жанабаймын
Женис
zhenis_abishev@mail.ru
25-12-13 19:46
Қалайсындар,мен Жанабайдын ишинде\"көн\"дегенимин,менин жеті атам; мен,Қайрат,Балпан,Әбіш,Дәрмен,Көпен,Ханкелді,Шахан,Көн,Жаңабай.
Атам бұрын Чапаевта тұрган екен,Жаңабайдын шеіресин іздеп жүрмін.
менин естуімше Жанабай Шымырдын кенже баласы болган екен,ашаршылык кезинде,Жанабай деген баласы баска шет елдердин үйір малдарын айдап кетип озинин біраз елин ашаршылыктан аман алып калган екен.Содан ұры жанабай деп атап кеткен екен дейдигой.

эльмира шайжанова
29-09-13 20:40
менде жанабаймын
женис
zhenis_1984k@mail.ru
17-07-13 22:42
меним аталарым КУНБАС,САРТ,КУНАНБАЙ,АБЫЛГАЗЫ,СЕИДАЛЫ,КАНАЙ,АБДИБАХЫН,УСИПБЕК акем баласы мен Женис Жамбыл обл.тараз каласы ,жуалыдан шыкканбыз.
Омирзак
uaydaraliev@mail.ru
21-06-13 13:53
Бурынгы Чапаев совхозы, Свердлов ауданы,казирги Шахан ауылы, Сарыбарак болимшеси, Байзак ауданы.
жети ата: Аралбай-Тогай-Битен-Кулдыбай-Керимкул-Айдаралы-Сиырбай (менин акем)-Омирзак ( улдарым: Шынгыс, Абылай, Уалихан, Шадияр, Алдияр). Ауыл Атамыз Шаханнын атымен аталады, Сырлы (Аран) Жанабаймын. Дегенмен ултым- казак, диним -Ислам,Жаратушымыз- Алла, Мухаммед (с.г.а.) умбетимин. Казактарга тегин билген дурыс, айтсе де болинбейик!
жаңабайка
08-06-13 07:51
жаңабай ұры емес ол Ұлы
Жансерик
02-05-13 00:12
жанабайлар улы уры ягни великий вор болып болинеди дейди сол распа алде ел аузындагы соз ба?
:fycthbr
02-05-13 00:08
курметти кандас бауырлар мен жамбыл облысы байзак ауданы жетібай ауылынан боламын. сурак жанабай руынын шежиресин кайдан алуга болады?
эсмира
ismira.83@mail.ru
29-04-13 00:00
salem, alem, men жанабаи, баители толемиспин, озимнин шежиремди издеимин, кометесиниздерши билетин адамдар,,,

Аслан
karataev1988@mail.ru
14-02-13 13:03
Байзақ Мәмбетұлы
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа (1789, Тараз — 1864, Шымкент) — Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз аймағында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған. Шыққан тегі: Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасы, Шымыр руынан. Одан Бекболат, Жиенбет, Сәмбет, Мәмбет тарайды. Мәмбеттен Байзақ туған. Байзақ жасынан атбегі, құсбегі, мергендікті меңгерген. Шешен, билер, ел басқарған беделді кісілердің жанында жүрген. Өсе келе ауыл ағасы, жүзбасы, мыңбасы болған. Елді кәсіппен айналысуға отырықшылыққа арық қаздырып, егіншілік ұйымдастырған.[1] Байзақ Мәмбетұлы туған өлкесі Қоқан хандығына да, Ресейге де қарамай тұрған тәуелсіз кезде ер жетіп, ел басшысы ретінде қалыптасқан. Оңтүстік өңірді Қоқан хандығы басып алғаннан кейін, ағасы Байтерекпен бірге сұлтан Рүстем Асфендиярұлы бастаған көтеріліске (1821) қатынасады. Көтерілісшілер қатты жазаланса да, Байзақ Мәмбетұлы беделді адам ретінде, өз руластарына датқа болып тағайындалады. Байзақ Мәмбетұлы датқа Қоқан отаршыларының айтқанына көнбей, қазақтардың мүддесін қорғай отырып, тәуелсіз саясат жүргізуге ұмтылады. Отаршыларға қарсы күресте Кенесары Қасымұлының сенімді серігі ретінде әйгілі болады. Оның сарбаздары Кенесары қолына қосылып, Қоқанның бірнеше бекінісін алды (1841), Созақ аймағын азат етуге қатысты. Қазақтар мен қырғыздардың Қоқан хандығына қарсы көтерілісіне басшылық жасады (1858). Патша генералы Колпаковскийдің әскеріне қарсы Алматыға жақын Ұзынағашта болған соғыс қимылдарына өз қолымен келіп қатысқан. Әкесі Мәмбет пен Абылай ханның өсиетін ұстап, қазақтың “арқасын тамға, аузын нанға сүйеу” жолында өмір бойы еңбек етті. Жергілікті халықты егіншілік кәсіпке үйрету үшін кезінде 160 км канал қаздырған. Оның игілігін Әулиеата (қазіргі Тараз) төңірегіндегі халық күні бүгінге дейін көріп отыр. Байзақ Мәмбетұлы датқа Қоқан хандығының әкімі Әлімқұлдың бұйрығымен зеңбірек аузына байланып атылды. Оның быт-шыты шыққан денесінен қалған екі саусағы Талас өзеннің жағасындағы Сарыкемер ауылының маңына жерленді. Жамбыл облысының бір ауданы Байзақ Мәмбетұлы есімімен аталады.[2]
Мазмұны
• 1 Байзақ пен Ақмолда
• 2 Ел арасындағы сөздер
o 2.1 1
o 2.2 2
o 2.3 3
• 3 Байзақ датқа жөнінде...
• 4 Дереккөздер

Байзақ пен Ақмолда
Елі сыйлаған, тыңдаған Байзақтың сол абырой, атағын, қадір-қасиетін, шешендік, батырлық, қабілетін білген Қоқан бектері оны датқа, би етіп, сол өңірді баскаруды тапсырады. Сөйтіп олар Байзақ датқаның беделін пайдаланып, алым-салық, зекетті мол жинамақ болады. Жинайды да. Осы бір ауыр тауқыметті, ел тұрмысының күйзелген халін сезінген Байзақ датқа кейін Қоқан бектеріне қарсы шығады. Ел-жұрт Байзақтың айтуымен алым-салық төлеуден бас тартады. Елді қоқандықтар қанауынан құтқару үшін Ресейге қосылуды қолдайды. Сол мақсатпен ол Сұраншы, Сарыбай Тезек төремен бас қоса ақылдаса отырып, Жетісу, Әулиеата, Шымкент аралығындағы соғыстарға қатысады. Оның кейбіріне өзі тікелей басшылық етеді. Баласы Ақмолда батыр өз жасағымен Ұзынағаш, Бішкек, Меркі, Әулиеата қалаларындағы соғыстарға қатысып, ерлік көрсетеді. Байзақ датқа сол жолы Шоқан Уәлихановпен танысып, пікірлеседі. Осының барлығын белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергенов өзінің "Ақбоз атты ару" (1986) романында жан-жақты суреттеген. Романның 124-128-беттерінде Байзақ датқаның кескін-келбетін, ақыл-парасатын, баласы Ақмолдаға айтқан сын-сыйпатын, әкелік парызын автор былайша кескіндепті. "...Байзақ ерен биік, орта бойлы екі жігіттің бойындай бойы бар, көбеңге біткен сәмбі талдай түп-түзу, іші жоқ, иығы тік, жауырыны дөп-дөңгелек, төңкерген қазандай, кеудесі аяққаптай апай төс кісі. Атқа мінсе де, төрде отырса да, топ бастап жаяу жүрсе де елден ерек көзге түсіп, бәрінен оқшау тұратын. Енді, міне, қартая бастаған шағында нақ қасынан тағы бір өзі сияқты солқылдақ көк теректің өсіп келе жатқанын байқап, іштен шүкірлік етіп, қуанатын. Әке деген қызық, қуана тұрып, күдіктенетін.
- Осы, сен Ақмолда, мені жалықпай тыңдайсың, оның жақсы. Ие, өзің бар болғаны тыңдай бересін, тыңдай бересің, сонда бәрін үғып, мән-жайын түсініп отырсың ба, жоқ, әйтеуір, үлкен сөзін тыңдау ізет, үндемеу парыз, кішінің жолы деп отырасың ба?
- Е, сіз мені тыңдайды деп ойлайды екенсіз ғой.
- Әрине...
- Шынымды айтсам, мен сіздің, сөзіңізді бір құлағыммен тыңдаймын. Бір құлағым, екі көзім сіз айтқан сөзді тыңдаушыларда болады.
- Ә, солай ма? Шамасы, мен айтқан сөзді олардың қалай ұққанын бақылайсың-ау...
- Қалай ұққаны емес, қалай қабылдағанын бағамын. Ойым соларда болады.
- Сен кілең менің кебісімді қоясың, кісемді шешесің, мәсімді тартасың. Ал атқа мінсем, таралғы ұстап, үзеңгіге жармасасың, түссем шылауым сенің қолыңда тұрады. Мұндайдан купчик, күйкі қасиет жұқпай ма саған. Ел арасынан мені сенсіз де аттан түсіріп, мінгізетін, кебіс қойып, мәсі тартатындар табылмай ма?
- Өз әкесіне көрсеткен құлдықтың айып-шамы жоқ.
- Менімен қатар отыруға жарап қапсың. Бірақ кілең төменге қарай шегіншектей бересің.
- Жоқ, көке, сіздің көзіңіз тіріде жоғарыға отыруға асықпаймын. Әр нәрсенің өз орны бар, өз кезегі бар. Жоғарыдан төмен көрінеді, төменнен жоғары-төмен бірдей көрінеді. Қасында не қилы адам отырады. Соларды бағамын, байқаймын, сынаймын.
- Сен төменнен төңіректі жақсы көремін де...
- Асыл зат ауыр келеді. Ауыр нәрсе көбіне төменде жатады.
- Төменнен не көрдің?
- Ел деген асылды, халық деген ауырды көрдім.
- Сен айтқан ауыр мен асылдың бүгін тағдыры ашса алақанына, жұмса жұлдырығына ұстап отырған шоқша сақал, қалтақ бас, ру басы бір шалдың қолында емес пе? Одан асып-төгіліп жатқан асыл мен ауырды сен қайдан, қалай көріп жүрсің? Мен ондайды көре алмадым.
- Көрмесеңіз, жастай жоғары отырып, төменге зер салмаған өзіңізден көріңіз. Әйтпесе, артында сүйеу болар, қолына кару ұстар жігіті болмаса, әлгі өзіңіз айтқан шоқша сақал қалтақ бас шалдарды сіз тыңдар ма едіңіз?
- Сонымен не айтпақсың, Ақмолда?
- "Жалғыз ағаш үй болмайды, жалғыз жігіт би болмайды" дегенді айтқан мен емес. Сондай-ақ, ер істеді дегенді ел істеген, батыр алған қорғанды халық алған. Жаңағы өзіңіз айтқан қалтақ бас шалдың аузын даты удай ащы сөз кімдікі? Халықтікі. Ондай болса, төменде отырып қараған артық емес, әке!
Әке көпке дейін үнсіз қалды. Әлден уақытта баласына бүтін денесімен ат үстінен бұрыла қарап:
- Сөйле балам, сөз сенікі! - деді.
- Мен болдым. Сөз орайы келгенде айтыла салған да, әйтпесе мен өз кезегімді алыстан күтем. Сіз әлі тұғырдан түскен жоқсыз, көке!
- Өзім де солай ойлаушы едім. Бірақ уақыттың өткенін, сенің жетілгеніңді аңғармай қалыппын!
- Әлі ерте, көке!
- Сен айтасың ғой ерте деп, күн батуға жақындапты ғой, балам!
Қаратау мен Алатаудың құз-қиясына балапан салған бүркітті талай-талай көрген әке емес пе, баласын ауыр да соңғы сыннан өткізбек еді.
- Сенің қанатың қатайыпты.
- Ерте емес пе?
- Сен бүркіттің балапанын ұядан қалай ұшырғанын көріп пе едің?
- Талай көрдім, көке.
- Айтшы, кәне!
- Бүркіт, ұясын биік құзға, зәулім жартасқа, желдің өтіне салады. Енді жетілді-ау дегенде қанатымен қағып, ұядан итеріп түсіреді де, өзі дереу жон арқасын тоса қояды. Жерге соқтырмай іле көтеріп әкетеді. Сөйтіп қақпалай-қақпалай көтере түседі. Көтере береді, көтере береді...
- Мен де кәрі бүркітпін. Сен ұшуға жарапсың...
Бала үндеген жоқ. Әкесіне қарап еді, ол шанында да, томағасын сыпырып тастаған кәрі бүркіт сынды екен. Көзінің жиегі қызарған, беті айқыш-ұйқыш әжім, мұрны дөң, қоңқақ, мойны қыртыс-қыртыс, жүні түлеген тазқараның алқымына ұқсайды. Саусақтары тасқа, түғырға көп жармасып, талайды бүрген қыранның тұяғы тәрізді тарам-тарам, айғыз-айғыз еді, әлдеқандай сафиянмен қаптағандай сап-сары, бұж-бұж екен. Әке мен бала тау етегіне ілікті.
- Он жасында қасыма ердің. Қанатың ерте қатыпты. Ұядан итеріп түсірердің алдында бірнеше сауалым бар саған.
- Ұядан қағып түсірмей-ақ сұрай беріңіз, көке!
- Иә, мейманаң толып, кенерден асып шалқығанда, не істейсін, Ақмолда?
- Ата-бабамның қаны көп тамып, көздің жасынан қара тасы қақ жарылып, жауыр аттың арқасындай кең жотасы айқыш-ұйкыш, қасиеті мол қайғысы көп Қаратауға қараймын, көке.
- Керісінше, көңілді мұң, кеудені шер басып, бәсеңдей түссең ше, Ақмолда?
- Көркем де сұлу, армандай асқар Алатауыма қараймын, көке!
- Тынысың тарылып, өкпең қысылғанда не істейсің, Ақмолда?
- Самал желді кең жазық далама қараймын, көке!
- Табаныңа тас батып, өкшеңе шөңге кірсе ше?
- Тоқтышақтың терісінен шоқай кием, көке.
- Берікқара мен Шақпақтың өкпен желі ту сыртыңнан соқса ше?
- Түйе жүн шекпенім, күпі мен тоным сандықта жатады, бөктерімде жүреді, көке.
- Досың бар ма, Ақмолда?
- Бар ғой, бірақ дос деген жақсы арман сияқты, амандықты алыстан сұрап, тілеуқор болып, қияс жүреді, алыста болады дос, көке.
- Қасың ше?
- Қасым мына мініп келе жатқан аттың айылы мен жалының астында. Үнемі шылауға оралып, қасымда жүреді, көке!
- Сөзім жоқ енді. Қасының қайда екенін білген, кім болса ол болсын, ұядан ұшуға хақ! Сені Алла бетіңнен жарылқасын, мен енді ұшпайтын сары тұғырға қонамын. Қанатымды сілтесем - сілтермін, ұшпаймын, талпынамын. Сен өсіпсің. Шәгім де, арманым да жоқ".
Байзақ датқа 75-ке қараған жасында қоқандықтардың қолынан опат болады. Оған өшіккен Қоқанның бектері батырды алдап, Шымкентке шақыртып алады да, тірідей балталап шауып өлтіреді. Денесін өртеп, күлін зеңбірекпен аспанға атады. Сөйтіп ел-жұртты үрейлендіреді. Кейін ағайын-туыстары Байзақ датқаның шауып тасталған жалғыз шынтағын тауып алып, еліне апарып жерлейді. Ол белгі-мүрде Михайловка селосынан 12 шақырым жерде тұр. Бүгінде датқаның басына ескерткіш орнатып, күтімге алынған. Байзақ Мәмбетұлы зерттеліп, жазылуға тұрарлық халқымыздың белгілі-беделді ел қамқоры болған азаматы. Оның есімі Жамбыл облысы Свердлов ауданына берілді. Байзақ датқа айтыпты дейтін кесімді, әділ, тапқыр билік сөздері ел арасында аз емес, бірақ ескеріліп жиналмаған, архивке, қолжазба қорына түспеген.
Ел арасындағы сөздер
Ел арасынан біз жазып алған бірер шешендік, тапқырлық сөздер мыналар:
1
Қоқандықтар билеген заманда, бір күні Байзақ баланың үлкен атасының үйіне бес-алты зекетші келіпті.
- Сені жарлы қылған біз емес, Құдайыңа жыла. Жан басы алпыс қадақ бидайдан, үйіңдегі алты балаңа тоғыз пұт астық төлейсің, - деп олар отырып алыпты.
Жалғыз сиырдың сүтіне қарап отырған жарлы шал қалай мақұл дей қойсын, қатты сасыпты. Сол кездің өзінде-ақ шешендігімен аты шыққан қаршадай Байзақ бала әлгі зекетшілердің үстіне келе қалса, жасы үлкендеу біреуі:
- Бала сені жұрт шешен деседі, мынау атаңды биылғы алым-салығынан босатайық. Саған сұрақ қояйын, мәселен, адамға мына көз, мұрын, қол, ауыз қаншалықты керек? Осыған табан астында жауап тауып айта қойшы, кәне? - депті.
Сонда бала тұрып:
- Тақсыр, қапылыста шыққан сөз қанжардан өткір деуші еді. Жазатайым қытығыңызға тиіп кеткендей болсам, басыма әңгір-таяқ ойнатып жүрмес пе екенсіз? - депті.
- Әу, ол не дегенің? Сөз тапқанға қолқа бар ма. Жауабың, нанымды болса, жазғырар жайым жоқ. Сөйле, қорғанба! - депті қарт зекетші.
- Е, ұлық, басымен уәде беріп, сенің сөзіңе өкпелеп не көрініпті? Бәріміз де куәміз! - десіп, ұлықтың қасындағы нөкерлері де қаумалап әкеткен соң Байзақ бала:
- Олай болса, тақсырым,
Сөйлейін сөздің тап шынын.
Көз деген көпті үйіруге керек,
Мұрын менменсіп шүйіруге керек,
Қол жарлының малын жылатып алуға керек,
Ауыз алғаныңды көмейге салуға керек! –
дегенде, әлгі зекетшілер үйден құр қол шығып жүре беріпті.
2
Байзақ датқа сайланған алғашқы жылдар екен. Әкесінен бөлек ауыл болып ақ орда көтеріп, ел басқарып жүреді. Бір күні үйіне әкесі келеді.
- Бала дос көбейттің бе, досың қанша? - деп сұрапты. Сонда баласы:
- Әке, досымның санында әзір есеп жок, бәрі дос болайық, мына бір ісімді тындырып бер! - деп келеді. Шын досымның қанша екені, мен орнымнан қалған күні белгілі болады, - деп жауап беріпті.
3
Байзақ датқаның айтуынан қалған қанатты нақыл сөздер де баршылық, солардың кейбірі мыналар:
Ала шапанды қоқандар,
Зекет бер деп қоқаңдар.
Орыспенен дос болсаң, балталы бол,
Сартпенен дос болсаң, қалталы бол.
Кекілік тастан-тасқа секектейді,
Қоқандар ауылға келіп зекет дейді.
Бидің айтқанын құл да айтады,
Есті болса ұл да айтады.
Ботаның бодауына,
Бураңды беріп жүрме.
Ішің күйсе тұз жала,
Сыртың күйсе домала
Атан түйеге боздаған жараспайды,
Ескі дауды қозғаған қыр аспайды.
Аш адам тырысқақ.
Мас адам ұрысқақ.
Шартық қошқар қой бұзар,
Шатақ адам той бұзар.
Тіл астында тіл бар.
Піл астында зіл бар.
Жаманға ақыл айтсаң, "алдайды" дер,
Сиырды суға айдасаң, "жалдайды" дер...
Байзақ датқа жөнінде...
Байзақ датқа жөнінде жоғарыда аталған жазушы С. Бақбергеновтың романында және Қазақ энциклопедиясында (2-т. 85-бет.) қазақ хандар тарихына байланысты ("Казахско-русские отншения ХVІІІ-ХІХ в.в сб. документов и материалов". Алматы, 1964 г.) жинақта жазылған. Әсіресе, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанқара Дәдебаевтың әулие ата туралы қомақты еңбегінде жанжақты зерттелген. Бұл жағынан Абылайханның әулетімен, екінші жағынан Мәделі қожа әулетімен туыстық қарым-қатынаста болған. Сондықтан да болар. Мәделі қожа мен Майлықожаның шығармашылык мұрасында Байзақ датқаның өзі мен айналасы туралы деректерге кең орын беріледі. "Қараның өтті хандары" деген шығармасында Майлықожа қара халықтан шығып, хан болған ірі елбасылар жайында толғай отырып, Мәмбет бидің әулетіне ерекше көңіл бөледі.
Мәмбет бидің әулеті
Бес жүз үйлі ел болып,
Бір кісінің әулеті
Даланы қаптап сел болып...-
деп, ақын Мәмбет бидің кіндігінен тараған ұрпақтарының өсіп-өнген тұтас бір ел болғанына сүйсінеді. Сондай-ақ ақын бұл елдің ортасынан атағы алты алашқа шыққан батырларды да даралап көрсетеді:
Сұрай бермей қазаққа,
Байзақ шықты бел болып.
Қызыл қанды уыстап,
Ақмолда шықты ер болып
Дұрыс болсын болмасын
Ақмолданы қолдады
Жауға таяқ ұстатпай
Әулетін бекем қорғады.
Ақын сөзінің жалғаны жоқ. Байзақ жасы ұлғайып, билік іске көшкенде, жауға шапқан батырлық істі Ақмолда атқарды. Ақмолдаға қатысты ақындық мадақ сөздің негізінде осындай шындық жатыр. Майлықожа Байзақ пен Батырбек арасындағы талас-тартыс жайын да назардан тыс қалдырмайды, екі датқаның бір-біріне ашуының калың жұртқа жарты ғасырлық ауыр жүк болғанын бейнелі түрде баяндайды:
Екі наһан бұлқынып,
Тоғысты дулат сең болып.
Батырбек пен Байзақ
Бір-бірімен сынасты,
Таразыға тең болып.
Үйін бүтін көшірмей,
Ұйқыдан көзі тесілмей,
Өртенген оты өшілмей,
Елу жыл күн-түн белінен
Қылыш-қанжар шешілмей,
Екі шалдың ашуы
Осынша жұртқа ем болып.
Тарих деректерінде екі датқа арасындағы текетірестің бір ғана қыры, бір мезеттік көрінісі ғана сақталған. Ол Қоқан мен Ресей, Коқан езгісі мен Кенесары-Наурызбай көтерілісі тұсындағы оқиғалар тобына қатысты. Ақын бұл екі "наһан" арасындағы қырық-қабақ жанжалдың жарты ғасырлық тарихы барын нұсқайды, әрі олардың арасындағы мұндай тартысты тарихи-әлеуметтік, саяси сипаты жоқ "ашу" деп қана бағалайды. Енді бір тұста Майлықожа Байзаққа деген өзінің құрметін ашық білдіреді:
Байзақтай алтайы
Қазақта тумас енеден!
Екі тармақ өлең Майлықожаның Байзаққа деген аса құрметі мен ықылас-пейілінің тазалығын анық танытып тұр. Бұл сөздерде ақынның Байзаққа сүйсіну, оны құрметтеу сезімі мөлдіреп тұнып жатыр десе болғандай. Осы тұста ақиық айтыскер ақын Сүйінбайдың Байзақ туралы:
Байзақ жұртқа бірдей сөйлейтұғын
Тұңғиық қара судың кемесі еді, -
деген жыр жолдары еске түседі. Екі ақын да өздерімен заманы бір, ортасы бір Байзақтың адамдық, азаматтық қасиетін, кісілгін өлшеусіз жоғары бағалайды. Майлықожаның "Сайлаудың сақтан, - жұртым, сарсаңынан" толғауында Байзақтын балалары Ақмолда мен Тайымқұл арасында болыстық мансап үшін талас туғаны туралы айтылады. Майлықожа шығармаларының екінші кітабында бұл толғауға мынадай сипаттама берілген: "Дулат Байзақ датқаның баласы Ақмолда болыс болып жүргенде, бір сайлауда оның шешесі бөлек інісі Райымқұл болыстыққа таласады. Халық Ақмолданы сайлайды. Сонда да Райымқұл болыстықты қимайды. Бұл әңгімені Сыр жағында жатқан Майлықожа естиді. Майлықожа осыларды татуластыруға келсе, Райымқұлдың Сыздық деген баласы қайтыс болған екен. Сонда Майлықожа Райымқұлға көңіл айта отырып, Ақмолда екеуін татулыққа шақырган... Ақмолда мен Райымқұл арасындағы мұндай іс бұрын баспасөз бетінде жарық көрген еңбектердің бір де бірінде баяндалмаған болатын. Майлықожаның толғауы Байзақтың екі ұлының өмірі, тұрмыс-тіршілігі жайында тың деректер береді. Байзақтын туыстық айналасын тануда толғау жүйесінде көрініс тапқан мәліметтердің де маңызы зор. Толғауда Райымқұл, Ысмайыл, Төрегелді, Жүсіп, Назар бірдей аталып, ақынның тоқтам салып, татулыққа шақырған тілегі солардың бәріне бірдей арналады:
Ысмайыл, Төрегелді, Жүсіп, Назар,
Тіл алсаң, мұндай істі қой мырзалар.
Ыдырап бет-бетіңмен шашау кетсең,
Тозған қудан топтанған карға да озар.
Ақын ағайынды кісілерді татулыққа шақыра отырып, Ақмолда, Төрегелді, Райымқұл - Байзақтың осы үш баласының шағын образын жасаған. Ақмолда туралы ақын былай жырлайды:
Замана тасқын судай ылайланды,
Бұзбаса, түзулікті кім ойланды?
Тентегін Жаңабайдың түзеймін деп,
Ақмолданың басы қатып шыр айналды...
Бас болдың Құдай қалап ұлы жүзге,
Сасады жолбарыс та түссе ізге.
Тоқсан қатын толғатып ұл тапса да,
Табылмас Ақмолдадай аға сізге...
Толғауда Райымқұл бейнесі де жарқырап көрініс тапқан:
Дүбірің тұлпар мініп жарысқандай,
Айбатың айға шапқан арыстандай.
Қыран бүркіт секілді тұтымың бар,
Ұстасып жібермейсің қарысқандай...
Атыңды, Райымқұл, жұртқа жайдың,
Дұшпанның отын алып, суға шайдың.
Ерегіскен жан болса дал-дал қылып,
Ісін қылды деуші еді Наурызбайдың...
Ақын Райымқұлдың мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі бірнеше белгілерді даралап көрсетеді. Толғауда едәуір толық тұлғаланған образдардың бірі - Төрегелді образы. Төрегелді де Ресей - Қоқан - Қазақстан арасындағы соғыс ісіне араласқан, әкесі Байзақ, інісі Ақмолдамен тізе қосып, қатар жүрген белгілі батыр. Ол туралы архив құжаттарында бірқатар деректер сақталған. Майлықожа Байзақ балаларының ішінде Төрегелдіні айырықша айбарлы етіп суреттейді.
Қылатын Жаңабайға қариялық,
Басымсың, Төрегелді, Алтынбектен, -
деп, Байзақ балаларының ішінде елге қариялық айтып, жол көрсетуге Төрегелдінің лайықты екендігін ақын ашық білдірген.
Мырзадан, Төрегелді, асып тудың,
Ақылың өзен судай тасып тудың.
Ерегіспен дұшпанның отын алып,
Байзақ пен Байтерекке тартып тудың, -
секілді жыр жолдары Төрегелдінің батырлығына қоса ақылға бай, пайым-парасаты терең кісі болғанын аңғартса керек. Байзақ пен оның айналасы туралы шығармалардың маңызы мен мәні екі тұрғыда айырықша жарқырап көрінеді. Оның бірі - тарихи-танымдық тұрғы. Ақын-жыраулар Байзақ және оның айналасы туралы жырлай отырып, сол дәуірдің ірі тарихи оқиғаларына да назар аударды.[3]


Мадияр
m.madik.m@mail.ru
25-01-13 12:59
ассалам аулейкум агайындар. осы жанайбай руында жети атадан асса кыз алысуга болама. ауыл аксакалдары калай карайды буган. жауап кутемин
Байзак ауданы, коктал ауылынын жанабайы
odinodin_92@mail.ru
06-11-12 12:30
ойткени жанабайлар кезинде вор,рекет болган гой ), гоп стоп жасайтын болган. Сондыктан уры деп атайды, ягни вор, рекет)
Мадина Кайраткызы
madin_95-kz@inbox.ru
16-08-12 11:51
калайсындар жанабай бауырларым???....
бауыржан
bauirjan_01@mail.ru
17-05-12 17:57
калайсындар бауырлар !!! менде жанабаймын сиргелинин ишиндеги ))))
Dauren
dake_87
21-01-12 14:27
Ассалаумагалейкум Жанабай руы калайсыздар !сиздердин жазган коментарияларынызды окып куанып отырмын!Мен озим Жамбыл облысы Байзак ауданы Мырзатай ауылынан боламын Улы жуз менинде руым Мамбет -Жанабай!руксат болса сиздерден сурайын деп едим осы неге Жанабай руын кобиси айтады уры деп!осы суракка жауап жазып жиберсениздер жаксы болар еди! коп Рахмет сиздерге
Бауыржан
bake_baur@mail.ru
10-01-12 23:07
Адресс: г.Тараз с.Акбулым
Бауыржан
bake_baur@mail.ru
10-01-12 23:05
Бауырларым Дулат-Шымыр-Бекболат-Жаңабай. Мен Күнбас ұлы Мәмбет батырдың жетінші ұрпағымын. Жеті атам: Мәмбет-Ілебай-Қалабай-Үсібәлі-Төлебек-Ахмет-Дуйсеналы-Бауыржан. менін балам Айдын
Қанат
ashimov64
25-11-11 13:22
Жаңабайдың шежіресі
Жузбай Газиз Кайратулы
gaziz-mega
02-11-11 18:32
Ассалаумағалейкум Жаңабайлар калайсыздар!!???
Ulan
ula.kz.94
25-05-11 22:40
Мен өзім Жаңаабай руынанмын! Жаңабай руы Ұлы жүздің ұрпағы. Атақты Бәйдібек батырдан тарғанбыз. Бәдібектің баласы Дулат. Дулаттан тараған 4-ұлдың Сыйқым,Жаныс,Ботбай,Шымыр. Шымырдың ұлы Бекболаттанда 4-ұл тарайды Жаңабай, Мәмбет,Қосы,Сәмбет: Жаңабайлар қазіргі Жамбыл облысында,Оңтүстік Қазақстанда көптеп қоныстанған. Негізгі атамекені осы Жамбыл облысы. Жаңабайлардан көптеген ел билеген билер, батырлар қол бастаған қолбасшылар баршылық. Қойгелді батыр - жоңғар шапқыншылығына белсене араласқан,ел басқарған Байзақ датқа,,,, тағы-тағы көптеген батырларымыз бар. Төле би де, Ұлы жүзден шыққан Дулаттың тікелей ұрпағы. Кімде-кім Жаңабай руы туралы тағы көптеген құнды мәліметері бар, Өзінің бабалары жайлы шежіресі де бар болса менімен хабарласуын өтінемін, Мен осыЖаңабай руы туралы көптеген мәліметтер жинастырып келешекте үлкен бір кітап шығарсам деген ойым бар. Мен ойлаймын әрбір қазақ баласы өзінің шыққан тегін әр-қашан біліп жүруі тиіс. \\"Жеті атсын білмеген жетесіз ер\\"деп бекер айтпаса керек. 87016294845 Жамбыл облысы, Жуалы, ауданы



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов