Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Абақ керей-шұбарайғыр-байбура


Авторы Xабарлама
Айнур
tokbaewaa@mail.ru
18-09-06 14:34
Мен де Шубарайгыр боламын. Биринши рет тауып отырмын сиздерди. Осыган дейин Алматыдан да Зайсаннан да Шубарайгыр руын кездестирмедим. Хат кутемин.

Авторы Жауап
Мақсатхан Дәурен
dauren_kerey_kz@mail.ru
21-08-17 16:54
амансызрарма руластар мен ШҚО күршім ауданы боран ауылында тұрам. Бәйбішеден тараган Етісбай бабамыздың тоғызыншы ұрпағымын. Әкем Мақсат атам Меллатхан. 87713541716 номерыне whatsapp желісі арқылы хабарласуларыңызға болат. Жане хабарландыру менын нагашым Ашет Байбура анасының басына құлыптас орннату оиында бар соган улес қосуларыңызды сураиды .
Болат
batyrkhan-b96@mail.ru
03-08-15 13:48
Ассалаумағалейкум! Құрметті туыскандар, төмендеги Ақедил Тойшанұлының мақаласын оқыған боларсыздар? Мақала жайлы пікірлеріңізді жазуларыңызды сұраймын.

Абақ керейдің шұбарайғыр атасынан тараған Қожаберген батыр Жә­ні­бекұлы туралы қытай, орыс, моң­ғол деректерінде мол мәлімет бар екендігі ғылымда дәлелденіп отыр.
Бұл деректерде батыр Абылай, Қа­банбай, Көкжал Барақ сұлтан, Көкжарлы Барақ секілді қазақтың жоңғарларға қар­­сы күрескен ел жақсыларымен қатар аталып, әсіресе жауды түре қуып Тарба­ғатай, Нор Зайсан, Алтай шекарасына елді бастап барып баба жұртына қоныс­тандырып, жоңғарларға ауыр соққы бер­гені, сонымен бірге манж-қытай генералдарымен кездесіп Қазақ хандығы атынан дипломатиялық сәтті келіссөз жаса­ғаны, елді бейбіт өмірге жеткізіп, қы­тай­­лармен әйгілі «Жылқыға – жібек» саудасын жа­сауға ықпал еткені деректер арқылы жан-жақты хатқа түскенін шы­ғыстанушы ғалымдар анықтап отыр.
Батыр туралы Вельяминовь-Зернов, Г.Н.Потанин, Н.А.Аристов секілді тарихшылар өз кезінде қалам тартқан, моңғол жазушысы Д.Цэмбэлдің «Амарсанаа» романында батыр туралы мәлімет кездеседі.
Қожаберген Жәнібекұлы Жоңғар қонтайшысы Әмірсанамен достық қа­рым-қатынас жасап, қазақ елінің шетіне сұғынып келген манж-қытай армиясына соққы бергені де тайға таңба басқандай белгіленген. Әйгілі тарихшы Н.А.Арис­тов: «ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысының басындағы жоңғарлармен соғыс жөнін­дегі қытай деректерінде керейлер мен байжігіттер туралы мәлімет кездеседі, бұ­рынырақ Абылай хан мен бірге жоң­ғарлар жағында болған қазақ көсемі Қо­жабергеннің мөлшермен 1757 жылы Қы­тай­ға бағынғандығы (келіссөз жасағаны деп ұққан орынды.– А.Т.), ал 1758 жылы батылдығымен танылған байжігіт руы­ның басшысы Байбарақ бір бүлікшілді (жоңғарды – А.Т.) тұтқындап, қытайларға бергендігі туралы айтылады онда. Осында айтылған Қожаберген 1750 жылы керейлерге рубасы болған. Ол туралы тағы да сол кезде бүкіл қазақтың шығысына қарай Есіл өзенінде қыстаған бақлы керей руының старшыны деген мәлімет 1752 жылы Орынбор дерегінде айтылады» деп жазады.
Ал манжы-қытай деректерінде «Қа­зақ тайпаларының отбасы саны туралы тізім дәптерінде» «Абақ керейдің 1000 отбасы Қожаберген батырдың билігінде» деп жазады. Бір таңғажайыбы осы құ­жат­тағы көптеген деректер ауызша жеткен, Қожаберген батырдың ұрпақтары­ның қолындағы шежіремен, тарихи жырмен үндесіп отыр. Демек, даланың ауызша тарихнамасы шежіре-аңыз отандық тарихтың кемшін тұстарын то­лықтыруға тірек болатын құндылық деуге әбден көзіміз жетті.
Қазіргі күні Қожаберген Жәнібек­ұлының ұрпақтарының бір бөлігі Моң­ғолияның Баян-Өлгий аймағында өмір сүріп отыр. Батыр туралы ауызша ше­жірені 1977 жылы 11 қазан күні ұрпағы Құнанбайұлы Шәкер, ұлы Манасқа арнап жырлаған. Жыршының тұқымы Манас Шәкерұлы, Баянды Шәкерқызы Қарағанды облысы Жайрам қаласында өмір сүреді бүгіндері. Осы жырдың құн­дылығы сол, онда тарихи оқиғалар аңыз әңгімелермен өріліп көркемделіп, ба­тырдың жоңғарға қарсы күресі, одан кейін Жоңғар әлсірегенде қонтайшы Әмірсанамен дос болуы, екі қолбасының тізе қосып манж-қытай қосынын тал­қан­дауы, кейіннен манж-қытай өкілдерімен келісім жасау кезеңдері жүйелі баян­далған. Негізінен батырдың Жүзік деген зайыбынан тараған тұқымдары Моң­ғолияда өмір сүруде. 1993-жылғы 24-ақпан күнгі Баян-Өлгий аймағы Бұ­ғыты сұмыны әкімінің №19 әмірімен Қожаберген батырға сол жылғы 23-шіл­деде Хатуудың Қарасу деген жерінде ас береді.
Батырдың сөзге шешен ділмар, дін тұтқан тақуа, батагөй тұлға екендігі қы­тай деректерінде белгіленген. Ал ұрпағы Күлкетай шешеннен мынадай бір шумақ жыр қалыпты:
Семірмес нақ алтынның жез буына,
Матырған сексен дұға ақ туына.
Көрмесек те пайғамбар нұрын төк­кен,
Батырым Қожаберген ақ туына.
Абылай хан заманында сарбаздарды жеңістен жеңіске бастап желбіреген киелі ақ ту бүгінгі күні Баян-Өлгий ай­ма­ғы Бұғыты сұмынында ұрпағы Мұқ­тажыұлы Жұмаштың үйінде сақтаулы тұр. Бұл туды 1943 жылы Моңғолия қа­зақтарынан жасақталған партизандар гоминданмен шайқасқанда қолбасшы Қаби, Ноғайлардың бұйрығымен СУАР Алтай аймағына қасиеттеп апарған, туды майдан даласында Тұлба сұмындық Сембі салтанатпен көтеріп алып жүрген көрінеді. Ата-бабадан қалған қасиетті мұра туралы шежіреші Оңғар Маусым­ұлы былай деп жазады: «Бұл ақ мәрілге орап сақтаған ақ ту екен. Туды орауынан жазып ашып көрдім. Әбден тозығы жетіп, бұлы сүзіліп, өңі сарғайып кетіпті. Биіктігі – 150 см, ені – 70 см, ақ матадан істелген байрақ екен. Сырыққа байлар жағы көмкерілген, үш жерден байлайтын бауы бар. Кезінде садақ оғы ма, найза ұшы ма тиіп, жыртылған жерлерін ақ жіппен тігіп жамаған екен. Тумен бірге ұзындығы – 30 см мөлшерінде тудың басына байлайтын бір уыс жылқының қара қылы, бір-екі қайыс бау шықты. Сандыққа екінші рет қолымды жүгіртіп, найзаның ұшы, бір кісілік ақыреттік ақ мата, ер адамның көйлегін алып шықтым. Сан­дықтың бет жағы киіздің арасында Құран кітабы бар екен. Найза 30 см ұзын, 6-7 см жалпақ, екі жағы жүзделген, сырықтың басына сапталатын ұңғысы, шегелеп бекітетін екі жерден тесігі бар. Көйлек ақ бұлдан тігілген тік жағалы жеңінің ұшы, омырауы сырылған. Жағасы мен жеңінің ұшында түймесі бар, бұлының ішкі жағында тақта жазу мен қызыл өңді өрнегі бар».
Міне, бұл ту елімізді елдік пен өрлік­ке бастаған Абылай хан баһадүрлерінің қасық қаны қалғанша атамекеннің бір сүйем жері үшін ата жаумен айқасып отанды ашкөз дұшпаннан азат еткен, қаһармандық заманынан қалған бірден бір куә, аса сирек кездесетін жәдігер. Олай болса, осы байрақты мәдени мұра ретінде қорғауға алып, Астанада салын­ған ат шаптырым алып ұлттық музейге орналастыру бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.
«Күндіз отырмадым, түн ұйықтама­дым, қызыл қанымды төктім, қара терімді ағыздым түркі ұрпағы үшін» деген Күл­тегіннің күмбірлі өсиеті мен қасие­тінің кейінгі жалғасы болған Абылай хан ал­қаған ақ ту елдігіміздің айбынын асыратын, жастардың елжанды, мақтаныш сезімін оятатын қастерлі рәміз болуға әбден лайықты.






Ақеділ ТОЙШАНҰЛЫ,
фольклортанушы,
филология ғылымдарының кандидаты
бахыт
bahaa92@mail.ru
11-03-15 15:22
салем менде шұбарайғырмын баян олгейден келгем
yahoo_a@mail.ru
yahoo_a@mail.ru
01-03-14 12:58
туыскандар болса кабарласыныздар элктрондып почтама
yahoo_a@mail.ru
yahoo_a@mail.ru
01-03-14 12:55
Ассалаумағалейкум қазак жұрты мен абак кереймін оның ішінде шұбарайғырмын бұл рудың ұраны Қожаберген батыр.Би Өсер,Дабы және ақын Кулкетай, Омаргазы. Мемелекет қайраткері Адырбай, Қашқынбай, Оразбай, Мәуліт және шыңжан басшысы Жанабіл секілді көрнекті тумалар шыкан ру.Өзімнің шығу тегімді тізбектеп жазып кеткенді жөн көріп отрмын.
1. Жәрке абыз: Шотпан, Балта, Меңлі, Өтеғул
2.Шотпаннан: Жуғаш
3. Жауғаштан: Өтес, Төлек
4. Өтестен: Жаншора, Жиеншора, Жиенабыз Бердішора
5.Жаншорадан: Жәнібек, Мұрат
6.Жәнібектен: Қожаберген батыр
7. Қожабергеннен: Байтайлақ, Халықбай, Тоқбура, Малгелді, Ертісбай (бұл бесеуі бәйбішеден)
Тоқмәнбе, Әлмәнбет, Беймәнбет ( бұл үшеуі Ханымбикеден)
Кенбай, Кенен, Мәті, Қоңқа (бұл төртеуі Байбурадан)
Жандәулет, Шындәулет, Рыстанбек, Меңдібай, Бөгенбай,Кенжебай, Қазықбай (бұл жетеуі жузіктен)
8.Жандәулеттен: Асан, Үсен, Тіленші, Бәйтеке, Муса, Барақбай, Етай
9. Барақбайдан: Самты
10. Самтыдан: Аңдақтай, Тұяқбай,Байынша, Қасқырбай
11. Тұяқбайдан: Мағжан, Нұрбазар,Нұрбай
12.Мағжаннан: Алатеке,Шонжы, Қабиқан, Қабиба, Мешітхан, Кулмесхан, Тугелбай
13.Алатекеден: Дөйтен, Елшин, Еженхан, Есентай, Жанайхан
14.Еженханнан:Әділболат, Әділмұрат, Әділбек
Nurbolat
nuryk_90_kz@mail.ru
13-09-13 21:49
salem rulastar men Almatydamyn wubaraigyr iwinde juzgimin tanys bolaiyk!
Nurbolat
nuryk_90_kz@mail.ru
13-09-13 21:47
salem rulastar men Almatydamyn wubaraigyr iwinde juzgimin tanys bolaiyk!
Гүлжан Мақсатқызы
gulzhan.maksat@mail.ru
13-04-13 09:21
Сәлеметсіздер түысқандар! меніңде руым шұбарайғыр болады, 2008 жылы Отаныма Қытай елінен келдім, сіздерді тапқаныма қуаныштынын!
Лиза
iasik88-25
31-10-11 10:06
салеметсиздер ма мен де шубарайғырмын ,бирақ шұбарайғыр туралы ештене билмеймин ,шыбар айғыр тарихын тауып бере аласылдар ма малиметтер болсын

Marta
martaenu@mail.ru
03-08-10 14:24
Сәлем, туыскандар! Мен де шұбарайғырдын ішінде жүзігімін. Қарағанды облысында турамын.
кыдыржан
zhann28
23-07-10 21:33
салем достар,,,сендерди тапканыма куаныштымын,,,,хабарласындар
Жігер
Jiger007@mail.ru
09-10-09 13:54
Ассалаумағалейкум менің нағашы жұртым шұбарайғыр.Мен өзім өскеменде тұрамын руым Ителі хабарласыңыздар хат күтем
АЙГУЛ
sabit-gfm@mail.ru
20-10-08 10:52
Менде шұбарайғыр боламын.
Айнур
tokbaewaa@mail.ru
13-10-06 10:43
Неге хабарсыз калдындар?



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов