Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Канимех районынын барма


Авторы Xабарлама
Асқар
askar.86.taraz@mail.ru
18-06-11 13:11
Салем қайгысында мұңыда, қуанышыда. қоген тауқыметыда бір оралман қандастар. мен Өзбекістан респ. Науайы обл. Канимех ауданынан келген жастарды ыздейм егер сол жактан болсаңдар хабарласыңдар менің е-mail ма күтем

Авторы Жауап
Данияр
02-03-15 07:26
Атым Данияр,ф.и.о Утемуратов-1963ж.т нагыз Кенимехтын озинен,ягни орталыктан. Барлыктарына сат-сапар ,ден-саулык тилеймин,ким кайда болмасын агайын-туыс,бала-шага бакытына аман-есен болсын. Мукагали агамыз айткандай: Жол тусип урпак,Тансыкка барсан тегинде, Бир сокпай кетпе,Кумбезге сонау коринген,Казактын осынау,Каскайып жаткан торинде,Бабаларыннын махаббаттары комилген. Жайнаган ата-мекен - Кызылкумым, Татпаган дейсин сенин тузынды ким. Топырагыннан нар алып кайта синер, бейне мен коктемдеги кызыл гулин, Шыр етип киндик каным тамган жерим, Ойымнан бир сат калыс калганба един. Тасыган канымда сен,жырымда сен, Озин деп туратындай алган демим ( Толганай Сариева)
Несибели
niska-010196@mail.ru
05-11-14 14:21
Cалеметсиздерме менин жерлестерим)))Рудный каласында ким жасайды Кенимехтен келген?????
Мқхтар Жанұзақов
27-07-14 19:25
Кенимех сөзі Кермиық деген сөзден бұрмаланып кеткен жоқ па екен? Қазақта "кермиықты кең дала" деген сөз тіркесі бар емес пе еді? Марқұм Серік Шұқын ағам осындай бір ой тастап еді.
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
22-07-14 08:20
ТАЛАНТ ТАҒДЫРЫ
немесе әдеби ұрлықты реминисценциядан ажырата білейік

Қайтеміз, өткен шақты айтамыз да. Шын мәнінде де Өмірзақ Қожамұратов алдыңғы қатар ақындарды айтпағанның өзінде, қалың жыр сүйер қауым сағына күткен ақын еді. Бірақ, оны елеп-ескермей, тіпті, одан да тереңдете айтсақ ұмыт қалдырып, сыртқа тепкен өзіміз. Ия, бірлі-екілі аға ақындарымыз оның алғашқы аяқ алысына қуанып, үміт артқанын айтпасақ, онда, оларға қиянат жасағанымыз. Мысалы, аға-ақын саналған Әбділда Тәжібаев: «Өмірзақ арналы да ойлы лирик болатын нышан білдіреді, жақсы үні мен жақсы сырлары бар әуезді үндері оқушыны сезімге бөлейді, әсем ырғақтар бесікше тербейді. Әр алуан суреттер елестеп, әр алуан дыбыстар ойнайды. Өмірзақ әлі жас. Оның қазіргі жырлары қуантса, болашағы зор үміт күттіреді», – дегенде, оны көпшілік аға-ақындарымыз жас қаламгерге берілген артық «аванс» ретінде қабылдаған. Тіпті, жас ақындарды көрсе елден бұрын елпектейтін Әбу Сәрсенбаев ағамыз болса: «Өмірзақтың бойында ақынға тән байқағыштық, суреткерлік бар», – дей келіп, ақынның сыршылдығына баса назар аударғанын Әбділда Тәжібаев пікірімен үндестірсек, онда Қожамұратов назардан тыс қалмаған сияқты көрінер. Бірақ, соған қарамай осы бір мақтаулардан кейін-ақ ақын шығармашылығына үмітпен қараушыларға қарағанда, қызғанышпен қараушылардың саны артпаса кеміген жоқ. Оны өз қатарлары Оспанхан, Мұқағали, Свет Оразбаев, Ізтай Мәмбетов, Зейнолла Серікқалиев, Сейфолла Оспанов, Дулат Исабеков сияқты әріптестері де назардан тыс қалдырған жоқ. Соған қарамай ақынның өлеңде де, өмірде де шын мағынасындағы бағы ашыла қоймады. Егерде ашыла қалған жағдайда Мұқағали Мақатаев ол туралы: «Осы пақыр әзірге пойызға билетсіз мінген адам тәрізді. Өз құрбыларының қатарынан орын тимей-ақ қойды осыған, бірде-біріміз оған кел деп те, кет деп те ниет білдіре алмадық. Мынау барың, мынау жоғың демедік. Бұған Өмірзақ тұрарлық еді», – демес еді ғой. Көзі тірісінде бірлі-екілі ағалары мен қатарларының көңіл шуағына ілінген ақын өзін қалған әріптестері мен оқырмандарына толық дәлелдей алмады. Өйткені, оның алдында «қызғаныш» атты алдырмайтын алып тау жатқан болатын. Ал өмірден өткен соң «көзден кеткен адам көңілден кетеді» деген принцип өз дегенін істеді. Әлі де солмыз. Тек бүгін ғана Қали Жолдасов деген азаматтың мұрындық болуымен тілге тиек етіп, әңгіме етіп отырмыз.
Неге Өмірзақ Қожамұратов көзі тірісінде де, өмірден өткеннен кейін де елдің де, ақын қатарларының да есінен жазықсыз, қисынсыз, орынсыз аты-жөні жоқ шықты. Оны көзі тірісінде көріп-білгендер оның ірі ақын екенін білді. Бірақ, оның ақындық тұлғасын көзге іліп, сөзін кұлаққа кыстырмады. Қазақ поэзиясына шын, шынайы таланттар аздық етпейді. Қазір де оны Мұқағали, Төлеген сияқты асқақтатып айтсақ неміз кетер еді. Қызғанып, бөліп жаратын ештеңе жоқ. Әйтпесе ақын Өмірзақ:
Біле кет!
Ақылдан адасқандардың,
Ажалдан адаспайтынын.
Тақ үшін таласқандардың,
Табытқа таласпайтынын,
– демес еді ғой. Бұл – қазадай қасіретті де, табыттай ауыр да, тотияйындай уытты да ащы өлең жолдары. Күнделікті көп шындыктан биік, терең, кең, иманға негізделген ұғым түсініктегі жалқы ақиқатқа ден алдырған жыр жолдары. Міне, осындай ақын неге ұмытылып, ауызға аз түседі. Бірлі-екілі жастарымыз болмаса, олардың көпшілігі Өмірзақ Қожамұратовтай ақын бар екенін білмейді. Яғни, біз әлі күнге дейін белгілі бір тізімнен шыға алмай, көргенімізден таңбай, ұстағанымыздан айнымайтын деңгейде ғана шын да шынайы ақындарыды іздейді екенбіз. Әйтпесе, Мағжанды жаппай біліп, ол ұстаз санаған, тіпті, оның тұңғыш кітабын шығарған Бернияз Күлеевті неге білмейміз. Сондай-ақ, Өмірзақпен үндескен Мұқағалиды, Төлегенді аузымыздан тастамай, тізімнен қалдырмаймыз да, Өмірзақ Қожамұратовты елеусіз қалдырамыз. Мен оған Меңдікеш Сатыбалдиев, Марат Отаралиев, Совет Оразбаев, Құдаш Мұқашев, Жүсіп Қыдыровты қосқан болар едім. Соған қарағанда біздің жадымыздың «шығармалық жиып-тергені «соқыр көргенінен жазбайдының» кері болса керек.
Сезім – дербес, жеке бастық құбылыс. Бір сөзді, бір ойды, идеяны бәріміз бірдей әр қырынан айтып, жаза беруіміз заңдылық. Бірақ, таңдану, мұңдасып, мұң кешу, қайғы-қасіретін тарту, лап етіп жанып, жалп етіп өшу сезімін әрқайсысымыз әрқилы, яғни, жеке дара дербес кешеміз. Оның куәсі – Өмірзақ, Мұқағали, Төлеген жырларындағы бір-біріне ұқсамайтын, кей тұстардағы алуан сырлы өлеңдер. Өмірзақ Қожамұратов поэзиясының ерекшелігі де сонда. Оның поэзиясы ешқандай мектептік деңгейге келмейді, не шәкірттік кезеңге жатпайды. Ақын жырын біз тағдырмен байланыстырамыз. Өмірзақ Қожамұратов жырының жалаң газет бетіндегі мақалалардай оқылатын өлеңдерден артықтығы – көркемдігінде, образдылығында, саздылығында.
Боз қырау түскен бозаңда,
Бозамық тұман көз жұмсаң.
Боз ала таңғы азанда,
Бусанып тұрды боз жусан.
Сан рет өліп, тіріліп,
Сарғайып кеткен өмір-ау.
Санаңда тұрған ілініп,
Бозторғай күміс қоңырау.
Бұл – музыка, саз ырғақ, жанның табиғатпен үндескен тұсындағы ақынның көңіл-күйі. Блок «Поэт – сын гармонии» яғни, «Ақын – үндестік ұлы» дегенде осыны айтқан болуы керек. Абайдың «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» деуі де саяды емес пе?
Біз жоғарыда сөз басында Мұқағали Мақатаев пен Төлеген Айбергеновті, енді оларға тағы да біршама ақындарды қосып, Өмірзақ Қожамұратов үндескен дегенді аты аталған ардақты ақындарымызды кеміту үшін айтып отырған жоқпыз. Әдебиетте, жалпы өнер атаулыда «реминисценция» деген ұғым-түсінік бар. Оны латын тілінен аударғанда «естелік, есімдегі, еске түсіру» деген сөз болып шығады. Реминисценция – тарихи-табиғи шығармашылық категория. Яғни, өткен, бүгінгі ақындардың поэтикалық байланысының бір көрінісі. Егерде кейбір образдар, сөз орамы, тіркес, бірдей сөздер мен сөйлемдер, жолдар, жалпы ырғақ бір ақындардан ауысып, екінші ақындармен үндесіп жатса, ол ешқандайда көшіру немесе ұрлыққа жатпайды. Оны шығармашылық тілде «реминисценция» дейді. Шығармашылық психология, уақыттың тыныс-тіршілігі, алуан көріністер мен лептердің біртектілігі, тарихи-табиғи оқиғалар бірлігі акындардың, бір-бірін қайталауына ерік-еркінінен тыс әкеліп соқтырады. Мысалы, Мұқағали Макатаевтың мына бір жолдарына назар аударалықшы. Ақын «Отыз бесінші көктемім» өлеңінде:
Отыз бес күз,
Отыз бес қыс,
Отыз бес жаз,
Осал өмір емес-ау, отыз бес жас.
Отыз бес жыл өткердім,
Отыз бес жыл қуарып,
Отыз бес жыл көктедім, – десе,

Өмірзақ Қожамұратов:
Жалаңтөс кіріп тасқынға,
Нөсердің бұлтын ойнаттым.
Осынау аспан астында
Отыз бес рет тойлаппын.
Отыз бес құздың басында,
Отыз бес гүл-гүл жайнаппын.
Отыз бес қыздың қасында,
Отыз бес бұлбұл сайраттым.
Отыз бес оқты қабылдап,
Отыз бес оққа қарылдым.
Жүрегі жүрген жалындап,
Отыз бес,
Сенің арыңмын! – дейді. Осындағы екеуінің басынан кешкен оқиғаларының бір көрінісі, қас-қағым сәттегі көңіл-күйлерінің үйлесуі, өлең ырғағын былай қойғанда сөз сөйлемдерінің қайталануы әрі сөз саптауы адамды таң қалдырады. Мұқағалидың «Автограф», «Акқулар ұйықтағанда», «Мен басымнан қорқамын» секілді өлеңдерін оқып отырып, оның Өмірзақ Қожамұратовтың сол тақілеттес өлеңдерін бағыт-бағдарға алғанын байқауға болады. Екі ақын өлеңдеріндегі образдық және ырғақтық, кей тұстағы мазмұндас үндестігі еш ерсі емес. Өйткені, заманы, уақыты бір қос таланттың бағыт-бағдарлас болуы заңдылық. Төлеген Айбергенов жырларының да Өмірзақ өлеңдерімен астасып, қоян-қолтықтасып жатуы да сондай. Сол кездегі көзбен қарағанда енді бір жас ақын Зейнолла Тілеужанов өзінің «Лебіз» кітабында:
Күндерді алдап өлеңмен,
Жылдардан жанда сыз қалды.
Жылату оңай болғанмен,
Жұбату қиын қыздарды, – деп толғаса,

ақын Өмірзақ Қожамұратов:
Аққудың көгілдіріндей,
Күнәдан пәк, ей, мүсін.
Жылатып алып біреуді,
Жұбату оңай деймісің, – дейді. Осынау жолдардағы сөз қайталану арқылы бір көңіл-күйді білдіру екі ақын тарапынан да шынайы поэзия тудырған. Бұл жолдар – өмірдің өзінен ойып алынған шумақтар. Негізі акиқат. Енді тағы да бір мысалға жүгініп көрелікші. Көпшілігіміз өлеңін жатқа оқитын Төлеген Айбергенов:
Сен өзімді көрсең,
Тұрысым осы менің.
Ал мендегі ғаламат сезімді көрсең,
Шошыр едің, – десе,

Өмірзақ Қожамұратов:
Білмеймін сені,
Мен сені,
Жолсерік болып тосып ем,
Сезімді көрсең мендегі,
Сен қазір, жаным, шошыр ең, – дейді. Осы бір төкпе жыр үлгісіне жататын шумақтар жаңа сарындағы ырғақ, дәстүр жалғастығымен мені қатты қызықтырады. Міне, бұнда да ақындар үндестігін байқайсыздар. Енді тағы да бір ақынға жүгініп барып мысалдарымызды тоқтатсақ деп отырмыз. Кеңшілік ақын «Тобық» атты өлеңінде:
Құдашаға мен де бір тобық бергем,
Сұраған соң ол дағы тауып берген.
- Не қалайсыз? – дегем мен үміттеніп,
Қалағанын айтуға қауіптенген.

Ән қалаған.
Алдарқап, алаңдауға,
«Құдашаны» кайырып тәмамдағам.
Тәмамдамай қайтейін – іңкәр дүние,
Оған да арман, айта алмай маған да арман,
– десе,

Өмірзақ Қожамұратов:
Құралайдай қунақ қыз тобық берген,
Тобық берген сәтінен торып келген.
Ай, апталар түскесін арамызға
Ұмытқан да шығар деп жорып келген.

Аяғымды келтірді-ау аспанымнан,
– Тілегің не? – дей бердім сасқанымнан.
Ән тіледі...халімді біле тұрып,
Қайран бола қойсын ба қашқанымнан.

Ән салған боп, домбыра дыңылдаттым,
Ән емес-ау, өзімше ыңылдаппын.
Құралайдай қунақ қыз құдашаны
«Әләулайды» айтып-ақ жымыңдаттым,
– дейді. Бір оқиға, бір сезім легі жырға көшкенде осылай сөйлейді. Қазақы әдет-ғұрып, салт-дәстүрден өрген осынау өлеңдегі оқиға қозғалысы маған ұнайды. Бірақ, озық өлең үлгісі дей алмаймын. Ұйқастары әлсіз, жалаң, жалпы. Жоғарыдағы біз келтірген үш-төрт ақындардың бір-бірін қайталаулары неліктен? Бұл не? Бір-бірін конспектілеу ме? Әрине, жоқ. Бұл жоғарыда біз айтқан реминисценциялауға жатады. Мұндай бірін-бірі қайталаулар әдеби, шығармашылық процестерде кездесіп отырады. Өйткені, поэзия – жанды қозғалыс. Табиғаттың төрт мезгілі, уақыттың толқыма лептері қаншалықты қайталанса, өлеңнің де соншалықты қайталанып жатуы бек мүмкін. Яғни, заңдылық. Мұны реминисценциялау дейміз. Тіпті, орыс ақындарының өзі бір-бірін жиі қайталаған. Мысалы, Пушкиннің «Гений чистой красоты» деген жолы Жуковскийден алынған. Байрон «Хочу я быть ребенком вольным» десе, Есенин «Я хочу быть отроком светлым» дейді. Дәл сол жолдарды Қуандық аға Шаңғытбаев «Бала қылшы балдырған баяғыдай», Мұқағали «Сәби болғым келеді» деп қайталайды. Бұл процесс поэтикалық бастаудың көзі. Арысы үндесіп, сөз сөйлемнің алмасып, қайталануы арқылы өлең өрісі кеңейіп, ішкі иірімі байыған. Тағы бір мысал. Сабырхан Асановтың «Өмір өтіп барады, өмір өтіп» жолдарын Жарасқан Әбдірашевтен жолма-жол кездестіресің. Тұмағаң – Тұманбай Молдағалиевтің «Екі Тұмашы» мен Жарасқан Әбдірашевтің «Екі Жарасы» да дәл сондай. Анна Ахматова «И такая могучая сила» десе, Блок «И такая влекущая сила» дейді. Некрасов «Лес обнажился, поле опустел», – деп толғаса, Леонид Андреев: «Лес опустел, и поле обнажилось», – деп қайталайды. Жуковский «Последний бедный лепт» десе, Пушкин, Евгений Онегинде сол сөзді айна-қатесіз жаңғыртып, нақ сол күйінде тілге тиек етеді. Ендеше, біз бір-бірінің жолдары мен сөздерін қайталаған ақындарды ұрлықшы немесе көшіруші демей, оларға шығармашыльқ үндестіктен туған бірін-бірі қайталау деп қарауымыз керек. Мұның барлығын мысалға келтіріп отырғандағым, жоғарғы аталған ақындардың барлығы да Өмірзақ Қожамұратовпен үндескен. Бұл сөзіме ешкім де намыстанбауы керек. Және оның астарынан бәле іздеп жатушылық та артықтық. Мен жоғарыда аталған ақындардың ешқайсысының беделін түсіріп, абыройын төккім келмейді. Менің сөз етіп отырғаным – таза әдеби процесс. Ал, егерде оны түсінбей, оның астарынан кімде-кім бәле қуса онда оларға алдарыңнан жарылқасын деймін де қоямын. Өйткені, өлеңдегі сауатсыздық қашанда да қай кезенде де кездескен, кездесе береді де. Бұны шегелеп, қадап, нықтап, тарата айтуымның себебі орыстың, тіпті, Қытай, Жапон прозаиктері «Біз Гогольдің «Шинельінен» шыққанбыз» дегенді ешуақытта намыс көрмеген. Және ол әлемдік әдеби айналысқа түсіп кеткелі қашшан.
Жалпы, реминисценция – құрылыс материалы сияқты, бір ақынның сөз, сөйлем, образ ырғағын пайдалану арқылы тосын да жаңа бір ой түйіп, мазмұн ашу. Өмірзақпен жоғарыдағы мен тілге тиек еткен ақындардың айырмашылықтары осы тұста. Сондықтан да сөз бен сөйлем қайталау еш қылмыс немесе ұрлық емес. Ол үнемі қозғалыс үстіндегі жанды организм, яғни, поэзияның бір тұстарда кездейсоқ немесе заңды қайталанып үндесуі. Мысалы, Мұқағалидың «Жан азасы» реквиемі Пушкиннің «Моцарт и Сальериімен» жолма-жолды былай қойғанда, басталған тұста-ақ деталь ұқсастығымен көңіл аударады. Реті келгенде айтайық, қазір ұмытылып бара жатқан марқұм ақын Сейсен Мұхтарұлының «Келші қарғам, маңдайыңнан иіскейін» деген өлең жолдары Мұқағалида сөзбе-сөз қайталанады, тіпті, ұйқастары да «тиіспейін» болып қайталанғанын оқығанда таң қаласың. Бұл – ақындар табиғатының үндестігі мен оқиғалардың өмірде қайталанып, әрбір ақынның басынан өтетіндігінің белгісі.
Жалпы, Өмірзақ Қожамұратов – сұлулыққа құмар, табиғатпен үндескен ақын. Оның «Тау жаңбыры» деген өлеңіне назар аударалықшы:
Тұратын ылғи ой қаптап,
Ақын ғой мына тау деген.
Найзағай – қалам ойнақтап,
Төсінен бұлттың сауды өлең.

Немесе:
Төбемде еркін аунаған,
Жел айдап, бұлтты тоздырып.
Күндерім үшін жаумаған,
Арқамды кетті-ау қоздырып.
Осы бір жолдардан оқып отырып, табиғат пен ақын стихиясын қатар қоюға болады. Өйткені, екеуі де – Алла жаратқан құбылыс. Олардың бір-бірімен сырласуы да, үндесуі де сонда. Өмірзақ Қожамұратов лирик қана емес, үлкен ойлы ақын да. Оның қысқа қайырым өлеңдерінен бастап, «Сезім дәптеріне» дейінгі аралықтағы жырларын оқығанда оған еріксіз көз жеткізесің. Ол тағы бір өлеңінде, яғни махаббат жырында:
Сәуірдің желі біз күткен,
Сәруар гүлді желпігей,
Құлпырып шықты қыз біткен,
Қарға аунап тұрған түлкідей.

Қуанышыңа, қайғыңа
Жатпаймын әсте таласып.
Аспаным куә, Ай куә,
Тұрғандарыңа жарасып, – дейді.

Немесе:
Ағызып барады ағын,
Айды – алтын жұмыртқаны,
Қағады барабанын,
Бақалар ымырттағы, – деуіне неге таң қаламыз. Осындағы жанды суреттер мені еріксіз қайран қалдырады. Бұл өлеңде де Айбергенов ырғағы бар. Өмірзақта мұндай өлеңдер өте көп. Оның барлығын шағын мақалаға сыйғызу еш мүмкін емес. Сондықтан да, құрметті оқырман, қалған жыр-ләззатын Өмірзақ Қожамұратовтың «Сезім сәттері» кітабынан алыңыздар. Біз бағыт-бағдар беріп, жол сілтеуші ғанамыз.
Мен азды-көпті Өмірзақ Қожамұратов туралы ойларымды алдарыңызға жайып салдым. Ақынның ендігі жыр-тағдырына уақыт төреші. Жалпы, Өмірзақ Қожамұратов – өзінің атақ-даңқымен емес, тіпті қызметімен де емес, тағдырымен ақын. Ешқандай қызмет те, атақ-дәреже де ешкімді ақын ете алмайды. Сондықтан, мектеп пен пешене ұғымы – бір-біріне қосылмайтын ұғым, түсініктер. Ақындардың бір-біріне ықпал етуі мектеп болса, ал бір-біріне ұқсамаулары – тағдыр-пешене. «Пешенесіне жазылған» деген меңзеудің де сыры сонда. Ендеше, тағдыры ақын еткен Өмірзақ Қожамұратовтың жыр кешін – өткізіп отырған Қали Жолдас секілді жігіттерге үлкен рақмет айтамыз. Ақынын ұмытпау ұлтын ұлықтаумен пара-пар іс-әрекет. Ендеше нағыз ақындарымызды жас жігіттер сияқты ұлықтай білейік, ағайын!
P.S. Назарларыңызға ұсынып отырған «Талант тағдыры» мақаламыз, кезінде өмірден өткен талантты ақын Өмірзақ Қожамұратовтың «Сезім сәттері» атты жаңа шыққан кітабына байланысты тұсаукесерде жасалынған баяндама еді. Баяндама жасалып біткеннен соң Мұқағали Мақатаев пен Төлеген Айбергеновтың кейбір жанашырлары маған: «Сен ұлы ақындарымызды жыр ұрысы аттандырдың», – деп дүрсе қоя берді. Мені таңқалдыратыны – біздің әдебиетімізде өздеріндей сауатсыз адамдардың жүруі ешуақытта да поэзиямызды өсірмейтінін білмейді-ау, шіркіндер. Тіпті, олардың әлемдік әдебиетте реминисценция деген ұғым-түсініктің барлығын білмеуі ұят-ақ. Мен егер де бүкіл дүниежүзі ақындарынан Мұқағали мен Төлеген Айбергеновтың, Өмірзақ Қожамұратовтың, Қуандық Шаңғытбаевтың, Кеңшілік Мырзабековтың, Зейнолла Тілеужанов сияқты ақындарымыздың бір-бірімен үндескеніндей жайларды мысалға келтірсем, онда бір мақала аздық етер еді. Сондықтан да, ақындардың бір-бірімен үндесулерін немесе бірін-бірі қайталауларын ұрлық емес, шынайы да, шын мағынасындағы табиғаттарының бір-біріне жақындығы ретінде қабылдау керек. Өйткені, өмірдің олардың өлеңдерінде образға оралып, бейнелі де адам түсінбейтін жағдайларда үндесуінің өзі Алланың олардың аузына сөз салуындағы бір құдіреттің нышанын көрсетсе керек. Мысалы, өмірінде тірі қазақты көрмеген орыс ақыны Осип Маңдельштамның:
«Божье имя, как большая птица,
Вылетело из моей груди» –
(1912)
Деуімен, 1937 жылы атылып кеткен Николай Клюев деген ақынның:
«И сердце птичкой из груди,
Перепорхнуло в кущи роя» –
(1937)
Деуінің біздің тірі орысты көрді ме, көрмеді ме білмеймін. Кемпірбай ақынның:
«Кеудемнен көкала үйрек қош деп ұшты,
Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем», –
Деуінің аралығында не жатыр? Міне, осынау үш ақын жырының бір-бірінің сөздерін қайталап, жыр мазмұндарының үндесіп жатуларының өзінде қандай құдірет бар?! Бұл – нағыз ақындарға берілетін ерекше қасиеттер. Оны адам емес, Алланың өзі қадағалайды, әрі нағыз ақындардың ауыздарына көзге көрінбейтін құдіреттер арқылы бірін-бірі қайталаған сөздер салады. Міне, осыны әдеби тілде реминисценция деп атайды. Ал, біздің сауатсыздарымыз болса бұдан ұлы ұрлық көреді. Қандай да ақын болмасын немесе жазушы, сыншы болмасын сауатты болмаса, әрі білімді болмаса онда өлеңді де, прозаны да, одан тіпті тереңдетіп айтсақ сыншылықты да қоюы керек. Сондықтан, әдеби ұрлықты реминисценциядан ажырата білу керек. Нағыз ақындықтың құдіреттілігі сонда.
Қазір, сол бір кештегі баяндамадан соң мені ата жауы санайтындардың саны көбеймесе, кеміген жоқ. Мен оларды бар болғаны әдеби мәселеде сауатсыздардың қатарына қосып, оларға «Алла алдарыңнан жарылқасын» деген тілеу тілеймін де қоямын. Олардың арасында өздерін ақын санап, кеудесін қағып жүргендер де бар. Ал, енді поэзиядан алыс, қарапайым оқырманға өлеңнің қыр-сырын түсіну үшін «сауатты да, білімді оқырман болыңыз» деген тілек қана айтқым келеді.

Аманхан Әлімұлы, «Үшқоңыр», №8, 18 тамыз, 2010 жыл
serik
munsizbaev87@mail.ru
14-07-14 16:44
Салем жоралар!
serik
munsizbaev87
14-07-14 16:43
Салем жоралар! Сағынып кеттім ауылдастарды
serik
munsizbaev87
14-07-14 16:42
Салем жоралар! Сағынып кеттім ауылдастарды
Жақып Әлімбаев
04-06-14 20:54
Менің аты-жөнім: Жақып Әлімбаев. Қызылорданың тумасымын. Университетте дәріс берген биолог ғалыммын. Кенимеқ деген сайтты кездейсоқ ашып қалып, содан есте қалғанды жазып отырғаным ғой. Кенимеқта нағашыларым түрады. Жиі барып тұрамын. Жақында барып қайттым. Баяғы Кенимеқ емес. Тілеугенов Дәурен, Жүнісов Жолдасбек, Қали (фамилиясын ұмыттым, осы сайттағы Қали Жолдасов деген сол ма екен?), Шұқынов Серік деген журналистермен, Камал(руы Жолай еді) сырнайшым бартұғын, талай думандатып едік. Кейінгі бір барғанымда Дәурен құрдас, Камал, Қали қожа ауылдарды аралатқан. Наурыз мерекесінде Қали қожа басқаратын мәдениет департаментінің өнерпаздары керемет концерт қойды. Қазақстанда жүргендей болғанбыз. Серік өлеңдерімен қуантқан. Жолдасбек ініміз қайтыс болған екен. Енді менің айтарым мынау: өзбекпен араласып жатқан Кенимеқ қазақтарының Қазақстанға жаппай көшкені дұрыс. Бірақ бұған бәрі бірдей құлықты ма? Шеттегі қазақтардың тез әрі оңай өзге ұлтқа яғни өзбек ұлтына сіңіп кетпесі үшін ұлттық дәстүр, мәдениет пен өнерді жаратушы және халыққа насихаттаушы бір топ сол жақтағы қазақ қоғамына ауадай қажет азаматтардың қазірше сол жақта болғаны жақсы еді-ау. Өздері аз қазақтың ішіндегі бетке шығар қаймақтарының бәрі алдымен Қазақстанға келіп алса, қалған қарапайым халықтың ары қарайғы өмірі не болмақ? Міне, Кенимеқтағы жағдай дәл осындай. Менің білуімше, елге танылған кенимеқтық тұлғалар: әкімият, білім беру, мәдениет, баспасөз, т.б. салаларды басқарған ұлтжанды мықты азаматтар Қазақстанға елден бұрын асып кеткен де, ал екі ойлы болып жүргендер сол бойы қалған. Менің байқағаным - осыдан 20 жылдай бұрынғыдай емес, кенимеқтық қазақтар тілін бүлдіріпті, салты өзбекіленген, Кенимеқ көшелерінде қазақша лозунгі мен атаулар жоқ. Сондықтан көшіп келген ағайынға айтарым: сонда қалған туысқандарыңды тез көшіріп әкеліңіздер. Оларды сендерден басқа ешкім ойламайды!!! Айтпақшы мені танитындар болса, бәріңе сәлем.
Бақтыбай
09-05-14 21:24
Біздің Кенимехтың орталығы КЕНИМЕХ поселкасы негзінен таджик парсылардың жері болған екен. Ал районның Қызылқұм шоліндегі териториасы яғни районның жерінің 70-80 проценті Қазақстанның жері болған екен. Тек қана сулы жер болған үшін район центрін қазіргі жерге құрыпты
Бақтыбай
09-05-14 21:15
Кенимех деген аты ескіді КОНИМУХ немесе КАНИМҰҒ болған. КАНИ деген сөз парсыша арық. өзен деген ал МУХ, МҰҒ деген сөз ОТҚА ТАБЫНУШЫЛАР деген мағна берет. Таджикстанда КАНИБАДАМ деген қала бар мағнасы БАДАМНЫҢ АРЫҒЫ дейд. Сондай ШОФИРКАН деген Шапур патшаның арығы дегені АЛ отқа табынатындарды әр тілде әр түрлі ШАМАНдар, ОТАШПАРАСТлар; ЗОРОАСТРИЗдер; МҰҒтар деген. Мен мұны Домат Мамыров деген тарихшының жане Қали Жолдасов деген журналистің жазғандарынан оқып едім Сондайақ КОНИМЕХ созі КОМИМЕХРИ деген созден шықан деп те айткан. Мехри деген толық Мехрибану деген қыздың аты екен. Бір патшанын Мехрибану деген суйкті айелі болады екен соның құрметне өзен қаздырып атын қойғанмыс
Асан
14-04-14 08:52
1990 жылдарда Кенимех райондык ономастика және топонимика комиссиянын руководители болған Қали Жолдасов аға "Шафиркан" колхозын "Абай атндағы колхоз" деп өзгеркен еді. Айтекеби атына мектептіде койды. Сондаяқ 12-13 кошеге қазақтын атаулы адамдарынын аттарн қойған еді. Центральный коше Коммунистический еді. Соныда Абай кошесі деп озгерткен еді. Кали ағаға рахмет. Оны барі мактайды. Брақ жақнда сол кошелердін аттарын озбек аким озгерте бастаді. Бір гана Абай кошесі озгерген жоқ.
Батырбек Лепесбаев
Malikabatyrbek@mail.ru
19-01-14 19:36
Кенимехим кен далам
Кулпыргандай айналам
Алыстан сени коргенде
Танданамын тан калам!!!!
Бақберген
arisper-92bg.kz@mail.ru
23-11-13 04:33
Тарихта өшпес із қалдырған, ұлы тұлғалардың есімін жас нәрестеге қойса, ауырлық қылатын көрінеді. Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін туылған Нұрсұлтандардың оңғанын көрген жоқпын. "Маған тиетін қыздар болса, хабарлассын" деп әңгіме айтып тұрған "крассавчикке" есі дұрыс қыз жоламас болар!
Нағыз жынды
oralman@jindi.kz
10-08-13 07:28
Жындылар қалды ма, ауылда?!
Балхия
www.balhiya_94@mail.ru
07-08-13 17:36
УШТОБЕ ГЕ ЖАЛЫНДЫ САЛЕМ))))) АУЫЛЫМДЫ САГИНДИМГОЙ
Мұхтар
27-07-13 14:42
Кенимехтағы жынды Мәлікке дейін сағындық қой!
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
27-05-13 21:31
Тауелібай - Өзбекстанның бұрынғы Бұхара, бүгінгі Навои облысының Солтүстік аймағын алып жатқан аймақ. Оған Тамды,Үшқұдық аудандары түгелдей, Кенимех ауданының, Көкше, Қаратау,Құлжықтау тауларынан бастап, солтүстіктегі бөлігі кіреді. Бұл аймақтың Тауелібай атануы - осы өңірде ірілі-ұсақты 30-дан астам таулар, тау сілемдері, шоқылар бар. Ең биік тауы - Ақтау(948м.), ең аласасы Ұзынтау(165м). Олардан өзге Қазақтау, Арыстантау, Боқантау, Келіншектау, Оғызтау, Керегетау, Алтынтау, Амантайтау, Тамдытау, Жалпақтау, Мұрынтау т.б.таулар бар. Қызылқұм шөлімен араласып жатқан осы таулы өлке мал шаруашылығына өте ыңғайлы. 200-дей жуық өсімдік түрлері өседі. Қақаған қыста малға пана болар ықтасыны: қазан шұңқырлары,ойпаңдары мен терең сайлары баршылық. Сондықтан болар тұяқсыз қалған жұт болмаған аймақ. Ал Тауелібайдан әрі Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақта (солтүстік-шығысқа қарай , тіпті сонау Ұлытауға дейін) бірде-бір тау жоқ. Сондықтан ба бұл өлкелерде қыс қатты болған жылдары жұт болып, тігерге тұяқ қалмаған кездер бірнеше рет қайталанғаны тарихтан белгілі. Сонда бұл елдің адамдары бүгінгі Тауелібайда отырған елден көмек сұрап келеді екен. Мал-жаны аман, шалқып-тасып отырған қалың қазақ ағайыннан аясын ба, алдарына қырық-елулеп мал салып жіберетін болған. Ал қуанып қайтқан ағайын еліне жетіп:\\"тау ішінде отырған ағайын-туыс бай екен, таудың елі бай екен\\",-деп мақтап жүретін көрінеді. Сөйтіп, біздің елді алыстағы ағайын \\"Тауелібай\\" деп атап кеткен.Тауелібай (кейде Елібай деп те атайды) атауы Сыр сүлейлерінің шығармаларында жиі кездеседі. Мұны мен жалпы ағайын біліп жүрсін деген оймен мәлімет үшін жаздым. Алла бұйыртса, \\"Тауелібай\\" атты энциклопедияны жарыққа шығаруды жоспарлап отырмын. Өзім Тамдыда (анығы Аяққұдықта) туып, Кенимехта өскен, Үшқұдықта еңбек жолымды бастаған азаматпын. Үш аудан да маған етене жақын. Кезінде, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын тауелібайлық жүйрік ақын Наурызбайға сөзін, сазгер Марат қожаға әнін жаздырып, \\"Тауелібай\\" деген әнді шығаруға үйытқы болғаным да бар. Құрметпен Қали Жолдасов.
ерик
erik.espenbetov@mail.ru
14-04-13 18:39
кенимехтан келгендерге салем!
нарбек
narbek.kaz83@list.ru
16-03-13 11:21
шуркулдiктерге салем хабарласындар
абсатов Манат
absatov_manat_24@mail.ru
21-10-12 18:55
конемехтын кыздары дружба тастандар,
nuriw
18-09-12 15:20
baimurat


Закир
Барша Бауырларға
06-06-12 12:29
Ассалаумалейкум құрметті бауырлар!
Ақтөбелік бауырымыз Көбейсіннің құрастыруымен тарихи отанына келіп жатқан қазақтар үшін орлмандар сайтын ашқан едік.
Сайтта көші-қонды реттейтін заңдарды келтіре отырып, қандас бауырларымызға жәрдемімізді көрсетсек деп жоспарладық.
Сонымен бірге Республикада шығатын басылымдарда көші-қон туралы мәліметтер берілген болса, сол сайттың сілтемелерін де келтіріп отырмыз.
Сіздерден өтініш, Қазақстанға көшіп келгеннен кейін қандай іс-әрекеттер жасадыңыздар, қандай құжаттар рәсімдедіңіздер, сол бойынша жазып отырсаңыздар.
Сайтқа бірінші тіркелу керек, www.oralman.idhost.kz сосын шет елден келетін бауырларымызға әркім өз басынан өткен іс-әрекеттерді жазып отырса. Біздің мақсатымыз біріге отырып, Қазақстанда қазақ санын көбейту.

ЕРБОЛ
era.92.26@mail.ru
25-05-12 11:54
САЛАМАЛЕЙКУМ БАУЫРЛАР МЕН КЕНИМЕХТАН БОЛАМ 1 ШI МЕКТЕПТI БIТIРГЕНМIН МЕНI ТАНИТЫН БАУЫРЛАРГА САЛЕМ ХАБАРЛАСЫНДАР ТАНЫСАМЫЗ КАЗ ШЫМКЕНТТЕМIН
Нурсулстан
nur939393_2020@mail.ru
07-03-12 20:40
калайсындар кыздар кароче мен кениехта туылганмын казир казакстанда турамын маган тиетин ким бар ааааа?????
Асия
b.asia_86
22-02-12 06:46
кенимехтан келген кластас достарыма салем хабарласындар достар
Салтанат
777.mura
21-02-12 19:59
Кути Мурат мен Салтанатпын мен Ногаи атанын кызымын Амангул апшенын класстасымын Аксаиданмын казир шымкентемин
Тел:+77758508670
Сактаганов Жандос
Jandos-sac
21-02-12 17:50
Мен Канимехтанмын мени танитын адамдарга улкен салем казир Астанада турамын
жанагул мухит
miko__janna
06-02-12 20:36
менде кенимектанмын танитындар хабарласындар

Bibolsin
Bibolsin @mail.ru
06-02-12 12:34
Kalaysindar jerlester.kenimex rayonina karasti Kizil Kuduk/kosay kizil kuduk./tanmin.xammaga salam!
Erkebulan
erik...84
01-02-12 09:45
ixtiardi men tanimin Orajandagi jauap jaz kutem
Еркебулан
erik...84
29-01-12 19:13
Мен Оразжандагы Ыхтиярды танимын егер менi таныса менiн Емайлма кабарлассын менде Оразжаннанмын Тагаев ЕРКЕБУЛАН
Erbulan
erik...84
29-01-12 19:05
jalpi Orajandiktarga salem meni tanigandarga salem
Abay
djakipbaev_abay
23-01-12 09:20
Салем ауылдас қандас жерлестер мен Канимехтан Абай Джакипбаев боламын баршанызга саттилик кайда болсандарда аман болындар
толганбай
tolganbai_1971@mail.ru
20-01-12 22:59
мен мамықшыдан жерлестерге сәлем
нуркен
83-alma-83
20-01-12 08:43
салем менде кенимектан жерлестер барине жалынды салем
Мадина Ганиева
madina.qanieva2011@mail.ru
16-01-12 11:44
Мен СОРКӨЛДЕНМІН, қазіргі мекенім - Қостанай облысы Қашар. КАНИМЕХТЫҚТАРҒА жалынды сәлем!!!
Асан
14-01-12 06:18
Оразжаннан 1972-жылы туған Ықтияр деген жiгiттi кiм таниды?
ҚҰТТЫ Мұрат
k_murat76
14-01-12 01:21
мен кенимехтын аксай аулынанмын
Ќазына.
17 ќаѕтар.76.@mail.ru
07-01-12 19:31
Мен де кенимехтан келгенмін салем жерлестер Оразжан деген ауылда турганмын Мені танитындарєа салем


жамбыл
djambik_08mail.ru
23-11-11 17:28
мен де кенимехтанмын жалгасбаев жамбыл
шарафиддин
smamaraimov
22-11-11 16:31
Барлыктарга салем менi танитындар хабарласындар
Айдуллаев Атабек Инаятович
atash_aksu@mail.ru
15-11-11 17:55
Калайсындар жерлестер павлодар калайсында кенимехтан ким бар кенимех елине салем
Егембергенов Абдімәлік
e.a.k-73@mail.ru
16-09-11 22:04
Менде сол Канимехтегі достарымды іздеймін.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов