Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Бозгулдан тараган Буха руынан барма?


Авторы Xабарлама
Бухар
buharbek@mail.ru
08-10-11 16:24
Шомекей Бозгул-Бекеттен тараган Назар(Буха)руынан болса хабарласыныздар!!!!

Авторы Жауап
жанар
28-04-16 21:16
Шөмекей Торбай бозгыл..Рахат Ораза аталарымызды билесізбе! ?
buharbek@mail.ru
Ербол Тобагуловка
02-04-16 14:10
Осы беттен окып биле тур кайдан тараганымызды. Толығырақ малиметти кейінірек осында жазып коям жарайма. Хабарласып тур інім
Бухарбек
Нурбекке
19-03-15 05:58
Нурбек хабарласып тур. Бар шежире сен толык айтсан аты жонинди ар жагын тауып кетемиз гой осы теманын томенинде корсетилген аздап болсада Буха жайлы.Жарайды хабарлас танысамыз
Нурбек
19-02-15 19:04
Асалаумагалейкум Бухарбек ага, менин руым буха, сонын ишинде Назарбай урпагын толыгырак билгим келет. Аитып бере аласызба?
Асхат
01-01-15 22:03
" Кiшi жүз " Тәуке Дөсек тұралы бiлiп берсенiз жақсы болар едi.
роза
alparova87
06-05-14 12:53
Менің руым Жолай 7 атам Жолай - Кетебай - Жауғашар -Тоқтамыс - Боранбай - Алпар - Иманмәді нің қызы болам
Бухарбек
жанарга
15-04-14 17:50
Жанар осы теманы басынан бастап окысан Бука руынын калай кайдан таралганын билесин.
Альмаханова Жанар
Zhаnаr15_85@mаil.ru
27-02-14 10:05
Мен Шомекей-Бозгул-Бекет-Букадан шыккан кызбын. Осы аталарым туралы толык таралуы жонiнiнде малiмет керек. Жетi атамды дурыс бiлмеймiн, соны аныктап бiлгiм келедi. Жазып берiнiзшi!
бухар
Гулжазга
24-12-13 16:35
Саламат бол кызым!!! Таныдым ия сени,айдик кыз болып кетипсин гой
Гулжаз
gulzhaz_96.96@mail.ru
04-12-13 19:20
Салеметсизбе Бұқарбек ата!Мені таныдыңызба?
қарлығаш иманбайқызы
05-11-13 18:57
салем бердік Бухарбек аға! Киелі де,Қасиетті қарт ҚАРАТАУДАН жиеніңіз Қарлығаштан дұғай салем!!!
бухар
Карлыгашка
05-10-13 21:20
Салем Карлыгаш!!! Сейдулла атамды таныганыммен сени танымайды екем.
Казир кайда турып жатырсын? Ия сенен хабар куткеним рас енди кызык кой интернетте жиен тауып жатсан. Аксауледей апан барын билмеппин..... Таныса келе биле билермиз кимнин кайдан шыкканын, агайын коп шашырап журген бирак бир биримизди тани бермеймиз
қарлығаш иманбайқызы
21-08-13 07:34
Саламатсыз ба,Бухарбек аға уақыт оздырып жазбағаным үшін кешірерсіз? Мен андағул балқы руынанмын Тайманның немересі, нағашы атам Сейдулла буқа руынан, Сейдулла атамың тұңғышы Ақсауленің қызымын
бухар
Карлыгашка
12-05-13 15:23
Буха руын биледи екенсин таныстыра кет озинди?
бухар
12-05-13 15:20
Салем Карлыгаш
қарлығаш иманбайкызы
11-04-13 17:53
саламатсыз ба , Бухарбек аға Мен буқанын жиенімін сіздің қатеңізді түзеулеп жіберейін, Байғабылдан- Қадір-Сәдір-Ахмет туылған, Қадірден- кызы Қатша туылған,Сәдірден -Бегдұлла-Сейдулла туылған,Ахметтен -Қалдыбек яғни "Қалдаш жырау," - Асылбек .

Әділбек
23-02-13 19:24
мен
Бухарбек
Бухага
21-02-13 11:18
Кіші жүз Шөмекейден тараған Бұқа руынан боламыз.
БУҚА
20-02-13 07:26
УЛЫ ЖYЗ Буқалар бар ма?
Бухарбек
Жанка Садироваға
19-02-13 23:35
Жанка қарындас амансынба? Мен сені танып отырмын көрмесем керек сені бірақта, осы жазып отырған темамның төменгі жағында жазып өткем ем Бұқалар тарайтын жерді, Сен сонын Теңіз атадан тараган үрпағысын,
Яғни Бүқадан Жаулыбай,Жаңай, Жарас, Сердәлі, Теңіз, Түралі,

Теңізден- Бекен-Бейсенбі-Байғабыл, Байғабылдан-Сәдір, Нәдір.
Сәдірден-Сейділлә, Асылбек, Қалдаш жырау.
Сейділладан- Әлім, Қуатбек, Қалас.
Әлімнен-
Қуатбектен-
Қаластан-

Асылбектен-Шөмен.

Қалдаштан-Ықылас, Манас, Қуаныш.

Жанка қарындас осылай жаздым толмай калган жерин өзін білерсін, Ағайындарға салем айтарсың, Өзің қайдасың хабарлас,Зауре апага салем айт таниды ол кісі мені, Канимехта тойларда болып туратын едім уйлерінде, Көкшедегі туыстарды көрсең салемде САМАЛ ағама!!!!! Жарайды хабарлас,
Бухарбек
buharbek@mail.ru
19-02-13 23:05
Жанка Садироваға
Жанка Садирова
janita.72@mail.ru
23-01-13 17:02
cәлеметсіздерме құрметті оқырмандар??! мен де сол Бұқа руының қызымын! Мен Бухара облысында туылғанмын әкемнің аты Сейдулла Анамның аты Сарагул. Жырау Қалдаштың қарындасымын. менің ата-бабам туралы білсенің мәлімет беруіңізді өтінем!
Бұқарбек
Сағынға
29-10-12 12:42
Са.ын өкінішке орай сенің шежіреңді білмейді екем,
сағын
alfa-6636@mail.ru
30-09-12 17:43
менің адресіме жаэып жіберіңдерші шырайлы шыменттің мұсылмандары немесе дулат шежіресі кітабын қай жерден алуға болады сатып аламын болмаса дулат жаныс шегір .....әбіш....төлеген...амірхан.....елдар таратып берініздерші мен кітабын жоғалтып алдым сәлемнен alfa-6636@mail.rumz
сағын
alfa-6636@mail.ru
30-09-12 17:31
ұлы жүзден дулат жаныс шегір .....әбіш.....толеген...амірхан дегенді кім тарата алады егер тарата алса алланыңнұры жаусын

Бухарбек
Динарага
14-08-12 21:04
Келменбет атамыздың жауға шапкан сарықасқа аты бір рулы ел болған, Келменбет Келдібайдан тарайды, Келдібаймен Қаратамыр Бозгулдан тарайды, Бозғұлда 5 бала болған бәйбішесінен Қаратамыр, 2ші айелінен Торбай, Сарбай, Келдібай,Қайқы. міне осылай етіп тусіндірсем болды ма
Бухар
Динарага
28-07-12 21:31
Айтып отыргандарын Бозгул урпактары гой
Динара
dina_19_2010@mail.ru
01-07-12 15:33
Сарыкаска Каратамырдың ұрпақтары болганы ма сонда?
Динара
dina_19_2010@mail.ru
01-07-12 15:30
сонда Сарыкаска -Келменбет батырдын аты ғой астындагы,сонда Келменбеттің атасы-Қаратамыр боганы ма?
Олжас
olzhasguly@mail.ru
21-03-12 16:09
Баке осы жазып жаткан енбектеріңіз үшін алланын нұры жаусын сіздей ағаларға рақметімізді айтамыз Жолайлар атынан
бухарбек
жалғасы
15-02-12 22:52
Өтетілеудің баласы Пірәлі би туралы төрт қара Үмбет би әнгіме айтып отырғанда төрт қараның біреуі Үмбет биге осы билердің ішіндегі артық би кім деп сұрапты?
Сонда Үмбет би айтқан екен билердің ішінде ешкімге жүгінбеген басқа билерді өзіне жүгіндірген Шөмекей Пірәлі биі артық деген екен. Сонда сұраған кісі осынша әлімнен Пірәлідей би жоқ дегенініз қалай деген екен.Сонымен сол кісі Пірәлі биді сынамақ үшін іздеп келсе Пірәлі би қаршығасын аңға салып жүргенде ізінен барып сәлемдесіп болғасын би аға қолыңыздағы қаршығаны жоғалтып соны сізде деп естіп шығып едім. Қолыныздағы қаршыға менікі танып тұрмын берініз депті. Сонда айтқан екен Қаршыға менікі болсада сенікі, сенікі болсада сенікі ала ғой деп беріп жіберіпті. Әлгі адам ауылына барып міне мен Пірәлінің қаршығасын менікі деп жабысып алып келдім депті. Мал сойып игі жақсыларын шақырып мақтанған екен. Сонда Үмбет би ол бір аруақты адам еді бекер еткен екенсің Қаршығасын апарып беріп кешірім сұра депті, бірақ уй саның оннан аспайтын болдау деген екен. Сонымен Пірәлі бидің қаршығасын апарып ат тон сарпай беріп кешірім сұрап пәтия сұраған екен. Сонда Пірәлі би айтқан екен мен сенен пәтиямды аямаспын бірақ үй саның оннан аспайтын болдау деп бұл кісіде Үмбет бидің сөзін айтқан екен.Бұл кісілерді көріпкел әулие демей не дейміз.
Пірәлі биге сыр елінің бір ақынының берген бағасы бар.
Кісі екен Пірәлі атаң сөзге мерген,
Ізіне төрт шөмекей түгел ерген.
Айтады әділдігін көрген жандар,
Дүниеге мұндай адам сирек келген.
Бухар
15-02-12 03:38
Кетебай би 3-жузге белгили би болган адам. Алимнин ортасында улкен дау болып, оздери битисе алмай
улкен шалдар жан-жакка тартысып битимге келмегенсон Кетебай биди алдырган екен.
Сонда Кетебай би мынадай аралык созбенен еки жакты битимге келтирген екен.\"Жаксынын сози жол болар,жаман мандайга сор болар\".Кей жаман картайганда ан шыгарып еки елдин арасына ормекшидей тор курады. Таудан кашкан тарланды жулдели жуйрик кайырады.Сумандаган суык соз агайынды еки айырады.Агайынды жат санап ,басканы елемесе аруак деген ел болады. Ол изиннен калмайды,ол жай урады,урса тукымыннан дым калмайдыдеп алимдерди татуластырып кайткан екен.
Кетебай бидин баласы Отетилеуде би болган.Отетилеу касиетти адил би болган.Бул киси жонинде
Каз дауысты Казыбек бидин берген батасы далел бола алады. Казыбек би баганы Меней батыр окигасында берген екен. Жиналып отыргандарды кейинги жастарды танымаймыз тоха Самет ага
мына отыргандарды таныстырыныз дегенде - Кетебай аганызды билетин шыгарсыз депти.
Сонда билемин деген екен. Мына отырган Кетебай аганнын Танат деген баласы деген екен.
Сонда атан кумас ак буранын тукымы бар екен гой депти.Онын касында отырган Отетилеу деген баласы
дегенде Отетилеуге мынадай деп бага берген екен.Бир багыты кокте бир багыты жерде жолбарыс аруакты айналатын бала екен. Озиники болмаса кисиники демеген жаттын досы жакыннын касында синир желке ку жауырын екен гой деп батасын берген.

Бухарбек
14-02-12 00:50
ЗАТТЫҚ БОЛҒАН МҰРАТЫ

Тәуелсіздігін мәңгілік етпек болған қай ел де өткен замандардағы өз жақсылары мен жайсаңдарын қадірлеп-қастерлейтіні заңды. Біздің де мақсатымыз осы қатардағы жатжұрттық басқыншылармен болған соғыстарда даңқы шыққан Ұлық Жолайдың (шамамен 1700-1770 жж. өмір сүрген) қазақ жерінің тұтастығын сақтаудағы қызметін, елді ұйымдастырудағы ерен еңбегін ғылыми әдебиет пен баспасөз беттерінде жарияланған материалдар, ауыз әдебиеті мұралары, шежірелер және ұрпақ жады арқылы айшықтау.

Кеңес заманына дейінгі қазақ қоғамында билер мемлекет және сот билігін жүзеге асыратын институт болса, батырлардың елді сыртқы жаудан қорғау әрі ішкі тәртіпті сақтауда рөлі зор болғаны белгілі. Жолай Ырсымбетұлы осы шоғырдың көрнекті өкілі.

Жақында ғана «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының қолдауымен жарық көрген «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» атты серия­ның 13-ші томының 2-ші кітабында (Алматы: Алаш, 2010. - 14 бетте) XVІІІ ғасырдың алғашқы ширегі мен ортасында ойрат шап­қыншылығы кезінде ел басқаруға ерте ара­ласқан би Жолайдың ұлт көшбасшылары қатарында қазақ халқын сыртқы жауға көтере білгені атап көрсетілген. Осы еңбекте мынадай деректер келтірілген: «...Жолай би мен оның баласы Кетебай Әбілқайыр ханның замандас, үзеңгілес серігі болған. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр небір шешуі қиын мәселелер туындай қалса, Арыстанбай Айбасұлы мен Жолай Ырсымбет баласын жібереді екен.... 1730-1750 жылдары билікке араласқан Жолай би бүгінде бір қауым елдің атасы аталып, есімі Шөмекей шежіресінде аталық басы болып енген ...».

Басына алмағайып заман туғанда қай елдің де тарих сахнасына өз көшбасшы тұлғаларын шығаратыны заңды құбылыс. Тектіліктің тұқым қуалайтыны тағы да рас. Жолай бітім-болмысы даралығының іргетасында көрсе­тілген факторлар жатыр деуімізге толық негіз бар. Өйткені, оның 8-ші атасы XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығын құруға атсалыс­қан Қаракесек (Қадырқожа). Одан Байсары, Әлім, Шөмен. Шөменнен - Шөмекей. Шөме­кейден - Бозғұл. Ақназар (1538-1580жж.) және Шығай (1580-1582 жж.) хандардың заманында өмір сүрген Бозғұлдан Келдібай туады. Келдібай батырдың тіршілігі Тәуекел (1582-1598 жж.), Есім (1598-1628 жж.) хандар кезімен тұспа-тұс. Ол Жем бойы, Аралдың солтүстік және батыс беткейлерін, Сырдың төменгі ағысынан Қара­таудың батысына дейінгі аралықты қазақ хандығына қосу ісіне қатысқан атақты тұлға. Ал оның баласы Сөйін Салқам Жәңгір (1628-1652 жж.) тұсында бүкіл Шөмекейге билігін жүргізген аруақты кісі. Ол туралы: «Сөйін азбай ел азбайды, жусан азбай жер азбайды», - деген қанатты сөздер халық арасында әлі ұмытыла қойған жоқ. Сөйіннің бірге туған інілері Қожагелді мен Келменбет төл тарихы­мызда өзіндік ізі қалған белгілі тұлғалар. Еділ бойындағы қалмақтармен болған ұрыста астында сарғасқа аты бар Келменбет алын­бастай көрінген жау қамалына бірінші болып бұзып кіреді. Осынау теңдессіз ерлік үлгісіне тәнті болған хан жас батырға тұтқынға түскен үш қалмақ қызын (ханның қызы, уәзірдің қызы, уәзірдің жас әйелі) сыйға беріпті. Өз кезегінде Келменбет олжаның қадірлісін ата жолымен ағаларына тарту етіп (ханның қызын - Сөйінге, уәзірдің қызын - Қожагелдіге), ал уәзірдің тоқалын өзіне қалдырған екен. Сөйін өзіне тиген ханның қызын аяғын кісендеп (еліне қашып кетпеуі үшін) ұстаған. Қош­қар­алы, Қасай, Дөсек атты ұлдарды бірінен соң бірін дүниеге әкелген анамыз төртіншісі Бекетті туғанда еріне: - «Осы баламды өз еліме барып боса­намын ба деп едім, оған мүмкіншілік бермедің. Енді бекіндім, кетпеймін. Кісеніңді аш», - деген екен.

Тәуке ханның замандасы 5000 жылқы өргізген Бекет мырзалығымен ел арасында даңқы тарап «Қарақұрым Бекет» атанған. Сырдың дүлдүл ақыны Тұрымбет Салқын­байұлының (Шығармалары. //Сырдария кітап­ханасы. -Астана: Фолиант, 2009. - 79-86 б.) Жолайдың шөпшегі Алмас биге арнауы бұған дәлел:

Толғатып Бекет биді бір күн туған,

Көтеріп екі әйел әзер жуған,

Анаңыз сонда айтыпты бұл жайында,

Берді деп бізге бала және сүбіқан.

Ол Бекет ер болыпты жеті жастан,

Сөзі көп айта берсе талай дастан.

Бекеттің үшінші әйелі Қыздарбикеден Ырсымбет пен Серім туады. Ырсымбет танымал би болған кісі. Сыр сүлейі Шегебай Бектас­ұлының да Алмас биге айтқан толғауындағы (Шығармалары. //Сырдария кітапханасы. -Астана: Фолиант, 2009. - 147 бетте):

Бегілігіңіз Ырсымбеттен бері қарай

Тапжылмай жеті атаға келіп тұрған, - деген жолдар Ырсымбеттен басталған билік дәстүр­дің ұрпақтан ұрпаққа жеткенінің жарқын дәлелі іспетті.

Ырсымбет биден Шыбынтай, Жолай, Кеген, ал Серімнен - Бекбауыл, Бұқа (Жәнібек) тарайды. Осы жерде Тұрымбет Салқын­байұлының жоғарыдағы арнауы Жолайдың ұлықтығын айқындап тұрғандай:

Бекеттің абзалы артық болғаны Жолай,

Батырлық, әм билікке туып қолай.

* * *

Алеке, артық өскен себептерің,

Бір жағы хан сүйегі дейді солай.

Қуаңдария бойында өмір сүрген - қазақ қоғамының қайраткері арғын Таңатар елші (1768-1861 жж.) өзінің Сыр бойы халқы мен Хиуа, Қарақалпақ елдері арасында айрықша беделге ие болу сырын сұрағандарға былай түсіндіріпті (Сақыпұлы А. Жылқаман батыр. -Қызылорда: Тұмар, 2006. -123 бетте):

Дөсекті есеп қылдым,

Жолайдан абай болдым,

Бұқаны «тана» қылдым,

Бір құдайды пана қылдым.

Бұдан біз сұңғыла елшінің сол кезеңде аталықтар деңгейінде болған Дөсектермен есептесетінін, ал Жолайлардың айбынынан сақтанатынын байқаймыз. Сонымен қатар ол Бұқа ұрпақтарының саны аз екенін де меңзеп отыр.

Жолайдың өмір және қайраткерлік жолын үлкен екі кезеңге (біріншісі - Әбілқайыр ханның қасындағы кезең, екіншісі - Жошы­дан тараған Жәдік сұлтанның ұрпағы Батыр сұлтанмен одақтастығы) топтастыруға болады. Кезеңдердің аралық межесі - 1730 жылдардың басы. Қолдағы бар материалдарды саралағанда байқағанымыз онымен мемлекеттік билікке араласқан ірі рубасы әрі әскербасы ретінде ханның да, сұлтанның да санасқандығы.

Бірінші кезең. Жоңғардың XVІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығын басып алу үшін бірнеше дүркін жорық жасағанын білмейтін адам кемде-кем. Осының салдарынан болған «Ақтабан шұбырынды» кезінде өріс-қоныстан қысылып, барар жер, басар тауы қалмаған қазақтардың Орта Азия хандықтары аумағына ауып барып, олардан да теперіш көргені де тарихи шындық. Осынау халық басына түскен талайлы тағдыр мен қиын-қыстау кезеңде бүгінде ұлтымыздың мақтанышына айналып отырған көптеген қолбасшылар, би-батырлар, көсемдер шығып, ел тағдырына бетбұрыс әкелгені басы ашық мәселе. Сұрапыл соғыс қимылдары барысында көптеген қазақ ұлдары сияқты Жолайдың да батырлық даңқы шыққа­ны нақты жайт.

Жеңісті соғыс қимылдарының хроноло­гиясы төмендегідей: 1727 жылы қазақ жасақ­тары Ұлытау өңірінде Бұланты өзені маңайында жоңғар әскерлеріне күйрете соққы беріп, ауыр жеңіліске ұшыратты. Кіші жүз қазақтары еліміздің батысы және солтүстік-батысындағы Жем, Жайық, Елек, Ор, Ойыл өзендерінің алқабындағы ата-мекендеріне қайта қоныс­танғаны аталған жеңістің нәтижесі. Осы ұлы көшті басқарушылардың бел ортасында Жолай­дың да жүргені, оның елі үшін еткен ерен еңбегінің бір парасы.

Әбілқайыр ханның басшылығымен қазақ әскерлерінің 1729 жылы көктемде Балқаш көлінің оңтүстігінде (Аңырақай шайқасы), 1731 жылы Шу-Талас өңірінде (қазақ әскерінің саны 70 мың болған) жоңғар милитаристеріне күйрете соққы беріп, ел аумағынан қуып тастауы ұлттық тарихымыздың жарқын беттері екені сөзсіз. Міне, осы шайқастарда Жолай жасауыл әскерді қару-жарақпен, азық-түлік­пен, мініс аттарымен қамтамасыз ету жұмыс­тарын ұйымдастыруда ерекше көзге түскен. Қай соғысты алсаң да бұл оңай шаруаға жатпайды, әрине. Жеңіске жету алгоритмінің негізінің өзі осында.

Екінші кезең. 1731 жылғы 19 ақпанда Ресей патшайымы Анна Ивановна кіші жүзді Ресей қарамағына алу туралы грамотаға алғаш рет қол қойғанынан кейін патша әкімдігінің 1740 жылға дейін Әбілқайыр хан бастаған стар­шын­дардан оқтын-оқтын Ресейге адалдық туралы ант алып отырғанын айту ләзім. Мұны елдің еріктен айырылуы деп түсінген Әлім-Шөмен руларының басым бөлігі қолдамады әрі қазақ жеріне қамалдар салу арқылы дендеп енген отарлаушыларға ашық қарсы шықты. Ант беру рәсімдеріне қатысқандар арасында Жолай бастаған Бозғұл ұрпақтарының да ешқашан болмауы осының бір дәлелі. Олардың Ресейге бағынбау саясатын ұстанған Батыр сұлтанға қарайтын Сырдария өзенінің төменгі ағы­сындағы жерлерге қоныс аударуы сол кездегі саяси ахуалды шиеленістіргені өмір шындығы. Бозғұлдарға қатысты орын алған ұқсас жағ­дай­дың бірі Қазақстанның халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаң» романында (Алматы: Өлке, 1999. -Т. 5. - 220 бетте) шынайы суреттелген.

Жолай би ортақ жауға қарсы күресте әрдайым Әбілқайыр туының астынан табыл­ған. Ханның балалары Нұралы, Ералы сұл­тан­дардың қалмақ, хиуа, қарақалпақ жорық­тарынан да тыс қалмаған.

Патша үкіметінің Нұралыны хан етіп бекітуіне қарсы болған кіші жүздің Шекті - Кішкене, Төртқара, Қарасақал, Бозғұл ру-тайпаларының басшылары Батыр сұлтанды өздеріне хан сайлап алады. Жолай 1748 жылғы 15-ші қазанда өткен осы рәсімді ұйымдас­тырушылардың бірі («Казахско-русские отно­шения в XVІ-XVІІІ веках». - Алма-Ата: АН КазССР, 1961. - 433 бетте). Бұлар Ресеймен ешқандай қарым-қатынас жасамаған. Батыр сұлтанның басшылығымен жоңғар-қалмақ­тармен, Хиуа, Түркмен, Иран, Ресей әскери­лермен болған қақтығыс, ұрыстарға қолбас­шы­лық дарыны кемелденген Жолайдың да белсене атсалысқаны еш күмәнсіз.

Би әрі батыр Жолайдың 12 баласы (кейбір деректерде 16 бала деп көрсетілген) болған. Олардың арасында Кетебай билік-беделімен, Еншібай асқан дәулетімен, Мырзабай батыр­лы­ғымен ерекше көзге түскен (Толыбеков С. «Общественно-экономический строй казахов в ХVІІ-ХІХ веках». -Алма-Ата, 1959. -212 бетте). Еншібай мен Мырзабай тетелес (1760-1765 жж. аралығында дүниеге келген), Жолай­дың ұлдарының ішіндегі жасы кішілері. Екеуі­нің анасы - ойрат қызы, 1757 жылғы Ералы сұлтанның жоңғарларға жорығы кезінде тұтқынға түсуі ғажап емес.

Жолай балаларынан шыққан ұрпақтар арасынан - билер: Таңат (әрі палуан), Өтетілеу, Пірәлі, Аман, Алмас, Әбдірейім (Сарбас), Дабыл; Батырлар: Сопақ, Қожеке, Түбекбай, Арғынбай, Алдамқұл, Ысқақ; Діни қайрат­кер­лер мен ағартушылар: Ақмырза ишан, Молда­шер ахун (әрі палуан), Достан сопы және тағы да басқа елге танымал беделді тұлғалар шыққан.

Ұлық Жолайдың өмірлік идеясы - ел тәуелсіздігі. Осы жолда орыс отарлаушы­ла­рымен тайынбай күресуді балаларына өсиет етеді. Оның ұстанымдары мен ғибрат-өнегесі Отанын, жерін, елін шексіз сүюдің шынайы үлгісі. Жолай және оның ұрпақтары қазақ халқының құрамында Ресей экспансиясына қарсы барлық қажыр-қайратын, күш-жігерін аяған жоқ. Әрі олар екі ғасырға (1731-1930 жж.) созылған күрес жолында талай перзенттерінен айырылып қана қоймай, соғыс, қуғын-сүргін салдарынан Ырғыз бойындағы ата-мекенінен ығысып, Шығыс елдерінен бір-ақ шықты. Бұл туралы соңғы кезде айтылып та, жазылып та жүр.

Кеңес заманы дәуірлеген тұста Сыр өңі­рін­де тек ат төбеліндей Жолай отбасылары тұрды. Олардың өзі ата-тегін жасыру арқылы, амалдап тіршілік еткені бүкпесіз дәйек. Қалғандары Өзбекстан жерінде, едәуір бөлігі әлемнің әр түкпірінде күн кешкені дәлелдеуді қажет етпейтін нақтылық, өйткені кеңестік кесапат пен нәубет ұлтымызға ортақ қасірет болғаны айқын нәрсе. Тәуелсіздік атты тарихи жеңісі­міздің арқасында тарыдай шашылған қандас­тарымызды Отанымызға қайтару кең етек алды. Осы орайда Жолай ұрпақтарының да еліміздің оңтүстік, батыс, орталық өңірлеріне орныға бастағанын айта кетпекпіз. Нұрлы көш қисынды мәресіне жете бергей.

Халқымыздың басқа төнген нәубет-зоба­лаң­дармен арпалысының қай-қайсы­сы­нан да Жолай және оның ұрпақтары тыс қалған емес. Жатжұрттықтармен соғыс, ұлт-азаттық қозға­лы­сына қатысу, кеңестік жүйеге қарсы тұру олардың да күрес жолы болды деп айта аламыз. Осынысымен азаттықтың іргесін қалау, тәуел­сіз­діктің алғышартын жасау ісіне өзіндік үлес­терін қосқаны талассыз. Баба­лардың мұрасы - отаншылдық діңін ұрпақ бойына сіңіріп, қайта түлету ұлт дамуының басты стратегиясы десек қателеспейміз. Отаншылдық дәстүрі жоқ елдің болашағы қашан да бұлыңғыр. Ата-баба мұраты - тәуелсіздікті мәңгілік ету бүгінгі Қазақ елі азаматтарының абыройлы міндеті, оны ұрпақтарға мирас ету әрбіріміздің қасиетті парызымыз.

Қали ОМАРОВ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры.
2010-11-20 09:24:53

ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНТІЗБЕСІ


ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29


Құқығымыз толыққанды қорғалған.
Материалдарды пайдаланған жағдайда сайтқа және авторға
сілтеме жасау міндетті.
“Облыстық “Сыр бойы” газеті редакциясы” ШЖҚ МК
Бухарбек
Гулнисага
09-02-12 00:21
жарайды осы аптада жазып калдырайын. улгергенимше жазармын.
Алдажарова Гульниса
gulnisa89@mail.ru
05-02-12 23:58
Бухарбек аға! Мен Гульниса Алдажаровамын. Қазір Павлодар қаласында тұрамын. Тамдыда туылып, Зарафшанда өстім. Руым-ЖОЛАЙ. жолайдың қалай тарағанын айтып беріңізші, еш ақпарат білмеймін, білгім келеді. Схемасы болса, тіпті жақсы болар еді.Алдын ала рахмет. Күтемін!
Бухарбек
buharbek@mail.ru
02-01-12 12:14
Салем Асем. Жарылкаптан-Жарылкат. Апаларынды сурап корейн тапсам айтармын
Бухарбек
Асемге
01-01-12 01:49
Жолайдан-Кетебай,Ботабай,Еншибай,Мырзабай,Елибай,Молданияз,Боранбай,Уса,Кобек,Омирбай,Сынабай,
жаксылык,Кайдауыл,Косе.


Кетебайдан-Тунгат,Дулат.Шулат.Танат,Отетилеу,Тилеке,Билеке.
Тилекеден-Кожамсугир,Кожамжар,Алдамжар,Жанкаска,Карасай,Байтугел,Косым,Досым.

Кожамсугирден-Сарсенбай,Онгарбай.Берден.

Сарсенбайдан-Камбар,Кобланды,Байкобек.

Камбардан-Ибадулла,Жумабек.

Байкобектен-Бекалы,Ералы.
Бекалыдан-Жарылкап.

Камбаровтар биз жакта турады каласан адресин берейин.
Бухарбек
Асемге
30-12-11 16:30
Асем сенин акен аты ким? Байкобектен тараган Бегалы,Ералы.Бегалыдан -Жарылкап -Жарылкат бар. осыларма?
Бухарбек
15-11-11 19:54
Ау ешким хабарласпапты гой
Бухарбек
buharbek@mail.ru
31-10-11 18:33
Шөмекейдің 4 баласыТоқа,Көнек, Аспан,Бозғұл міне бұларды Дөйт ұранды Шөмекей деп атайды. Бозғұл атамызда 5 бала болған. Бозғұлдың бәйбішесі Қымыздық әжемізден Қаратамыр. 2 әйелі Көлдейден Торбай, Сарбай, Келдібай,Қайқы. Келдібайдан-Келменбет,Сүйін,Қожагелді. Сүйіннен- Қошқаралы,Қасай, Дөсек,Бекет.Бекеттен-Шобдар,Рсымбет,Серім. Рсымбеттен-Бекбауыл,Жәнібек,Жолай,Шыбынтай,Кеген. Жәнібектен-Нәубет,Дәулет,Назар(Бұқа),Ораз.Назардан Бұқадан-Жаулыбай, Жаңай, Жарас,Сердәлі,Теңіз,Тұралы. Жаңайдан-Қабыш,Аман,Жаман. Аманнан-Бүкірбай. Бүкірбайдан-Жанболған,Жанбосын. Жанбосыннан-Маханбетияр,Үмбетияр, Сүндетияр, Кенжетияр. Үмбетиярдан-Әнуарбек,Пазыл, Әлібек,Нышанбек,Нұран, Шадан. Әнуарбектен-Назарбай,Бұқарбек,Аманкелді,Мади. Бұқарбектен-Нұрсейт. Міне осылай өзім тараған ұрпақты қысқаша атап өттім. Туылған жерім Тамды ауданы Бұхара облысы.1967 жылы Ажырықты ауылы. Қазіргі мекен жайым Қостанай,Рудный қаласы.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов