Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: Қазақстанның барлық қалалары


Авторы Xабарлама
Шолпан
milana.kz@mail.ru
09-04-06 17:36
Салем, достар! Әр адамға өз туған елі, тұған жері ыстық қой! Осы жерде әрбіреулерініз өз туған қала, ауылдарыныз жайлы жаза аласыздар! Осы арқылы біз де туған еліміздің түкпір-түкпіріндегі мекендер жайлы жақсырақ білерміз деген үміттемін!

Авторы Жауап
♡N~U~~R~I~K♡
ms.nurganat@ymali.ruр
07-10-14 19:13
Жазиралы Жаркентке жетер жер жоқ бұл ғаламда!!! Басқа жаққа сапарлап бара қалсаң Жаркент жерін құмарлана сағынатын қасиетіміз осыған дәлел емеспе! Жаркентжері жүрегімізге үміт отын, өмірге деген құштарлығын оятатын нағыз көрікті Жырлы Жер!!! K
Айдар
Айдар
04-10-14 07:52
Шымкент каласы Сарыагаш ауданы жер жаннаты
Нұрлан
yessengazy@mail.ru
23-02-14 19:48
Жеке Куәлігіңіз, аты-жөніңіз қазақ тілінде болмаса, сіз қандай қазақпын деп ойлайсыз?
Әкеңіздің, атаңыздың, бабаңыздың атын ұмыттырам деген заман өтті, аты-жөніңізді, тегіңізді Жеке Куәлігіңізге қазақ тілінде жаздырсаңыз, Алла тағала сізді қолдайды!
Бүгінгі күннен бастан, әр азамат, отбасы, ауыл, аудан, қала, облыс болып, түгел қазағым Қазақ Елінің нағыз азаматы атына лайықты жұмыс жасайық, өмір сүрейік, балаларымыз бен немерелерімізге қазақ екенімізді дәлелдейік.
Не істеу керек:
1. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазып, Туу туралы Куәлігіңізді жаңадан таза қазақ тілінде жаздырасыз,
2. Қазақ тілінде жазылған Туу туралы Куәлік негізінде Жеке Куәлік және қажет болса Паспорт аласыз,
3. Басқа құжаттарыңызды қазақ тіліне аудармайсыз, бәрі жарамды, заңды құжат болып есептелінеді.
Сонда ғана біз аты-жөнімізге қарап қазақ екенімізді, бір үлгіде аты-жөнімізді жазатын Қазақ Елінің, ұлтымыздың төлқұжаты болатын жағдайға жетеміз.

Мысалға: менің атым Нұрлан әкемнің аты Ізден атамның аты Есенғазы. Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуiрдегі № 2923 Жарлығына байланысты Туу туралы Куәлігімді және жеке Куәлігім мен Паспортымды Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ деп алдым.

Сонда ғана қазақ тілінде жазу сауаты дұрысталады, неге десеңіз сіздің жеке Куәлігіңіз таза қазақ тілінде ғой!

Сіздерге де сондай қуаныш сыйлаймын!

silam
nurbek.jm@mail.ru
13-01-14 14:51
Теміртау – біздің қала!!!
Қазақ бабамыздан қалған Теміртау – біздің қала,
Қасиетті құт мекен Теміртау – біздің қала.
Көп ұлтқа берекесін берген Теміртау – біздің қала,
Көппен көптің ізі қалған Теміртау – біздің қала.
Елбасымыздың еңбек жолы басталған Теміртау – біздің қала,
Еліміз мақтан тұтқан Теміртау – біздің қала.
Екі ғашықты табыстырған Теміртау – біздің қала,
Еңбегіміз сіңіп жатқан Теміртау – біздің қала.
Сары-Арқа жазығындағы Теміртау – біздің қала,
Самарқанд көл жағасындағы Теміртау – біздің қала.
Сән салтанатымен салынған Теміртау – біздің қала,
Сайран салып жүрген Теміртау – біздің қала.
Нұра өзеннің бойындағы Теміртау – біздің қала,
Өндірісімен Әлемге танылған Теміртау – біздің қала.
Өлең жырымызға арқау болар Теміртау – біздің қала,
Өмірімізде мәңгілік сүйіп өтер Теміртау – біздің қала.

Бақай Ислам
акмаржан
Ak_marjan.love
04-01-14 11:31
салеметсиздерме маган кызылорда каласыны4 табигаты туралы тауып бериниздерши
ДУМАН ТАСБОЛАТ
DUMAN_97.36
20-12-13 15:20
Қазақстан дүне жүзін мойындадқан Қазақстандағы ең керемет бір-ақ қала бар! Ол - менің шырайлы Шымкентім .. ҚАЗГУРТ..Менің туған жерім өте ыстық Жалынды сәлем Қазақстандықтiрға! SHIMKENN KALASINAN KAZGURT AUDANINAN NOMERI 66 MEKTEPTEN JALINDI SALEMM DUMAN
АКМАРАЛ
АКМАРАЛ
20-10-13 15:33
Менің ҚЫЗЫЛОРДАМА ешбір қала жетпейді
Аско
a.zhazykbaev12@mail.ru
22-07-13 15:40
Адай Мангыстаууууу Бейнеу туган Жерим !!!!
Асем
B_asema_95
23-01-13 08:53
Салем достар
bekzat
27-11-12 11:37
қызылорда облысы жанақорған ауданында ертеңгі ауа райы қандай болады
sardarbek
sardarbek_98.kz@mail.ru
09-02-12 16:05
Eshkim soilemeimane
sardarbek
sardarbek_98.kz@mail.ru
09-02-12 16:03
TOMENGI TOGAI ELDI MEKENINEN BARMA
маулен
maulen_93_1993
08-02-12 11:15
Бөкей Ордаға ешпір жер жетпейді.
Ayaulym
ayaulym23_91@mail.ru
14-09-11 12:35
Сәлеметсіздер ме!!! Мен "Қазақстан Темір жолы"ҰК" Қызылорда облысындағы филиалы жөнінде мәліметтер керек еді....
айсулу
Aisulu84@mail. ru
04-07-11 22:13
сәлем достар мен атырау обл-сы жыжыой ауданындағы сыныптастарды іздеймін №16 д жазықбаев 2002жылғы түлектер
Мейірман
meron_1991@mail.ru
29-05-11 20:19
Қызылорда қаласының қысқаша тарихы Қызылорда қаласының қысқаша тарихы


Қала көлемі – 2,4 мың ш/км.

Тұрғындарының саны – 200,9 мың адам.

Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, (тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818ж., Перовск – 1853 ж., қайтадан Ақмешіт – 1922 ж., Қызылорда – 1925ж.,) әр кезеңде Сыр бойы алабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.

Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс “Ақмешіт” деп аталды.

1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып, орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастады.

1905 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов, тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті.

1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға “Қызылорда” деген ат беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі қаламгерлердің шығармалары, М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды. Ал 1938 жылы Қызылорда облысы құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқ киім, механикалық және күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті.

1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды.

Бес күнге созылған съездің негізгі құжатының бірі қырғыз халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіруі еді. Яғни, Кеңестердің бүкіл қазақтың V съезі “бұдан былайғы жерде “киргиз” деген атау “қазақ” деп аталсын” деген қаулы қабылдады. Сонымен бірге, съезд “Киргиз Республикасын” “Қазақ Республикасы” деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті “Қызылорда” деп атауға қаулы қабылдады.

Қызылорданың Қазақстан астанасы деп аталуымен тарихтың жарқын беттері ашылды. Еліміз жаңа бір қоғамдық құрылыстың ғимаратын қалай бастады. Бұл кезде қаланың тұрғыны 22577-ге жетті. “Қызылқала” сөйтіп өмірге жаңаша қарқынмен қанат жая бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізгеннен соң түрлі мекемелер мен өндіріс орындарының іргетасы қалана бастады. Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаттары, сыра зауытымен бірге басқа да артелдердің қатары көбейді.


Қала көлемі – 2,4 мың ш/км.

Тұрғындарының саны – 200,9 мың адам.

Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, (тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818ж., Перовск – 1853 ж., қайтадан Ақмешіт – 1922 ж., Қызылорда – 1925ж.,) әр кезеңде Сыр бойы алабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.

Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс “Ақмешіт” деп аталды.

1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып, орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастады.

1905 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов, тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті.

1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға “Қызылорда” деген ат беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі қаламгерлердің шығармалары, М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды. Ал 1938 жылы Қызылорда облысы құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқ киім, механикалық және күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті.

1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды.

Бес күнге созылған съездің негізгі құжатының бірі қырғыз халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіруі еді. Яғни, Кеңестердің бүкіл қазақтың V съезі “бұдан былайғы жерде “киргиз” деген атау “қазақ” деп аталсын” деген қаулы қабылдады. Сонымен бірге, съезд “Киргиз Республикасын” “Қазақ Республикасы” деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті “Қызылорда” деп атауға қаулы қабылдады.

Қызылорданың Қазақстан астанасы деп аталуымен тарихтың жарқын беттері ашылды. Еліміз жаңа бір қоғамдық құрылыстың ғимаратын қалай бастады. Бұл кезде қаланың тұрғыны 22577-ге жетті. “Қызылқала” сөйтіп өмірге жаңаша қарқынмен қанат жая бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізгеннен соң түрлі мекемелер мен өндіріс орындарының іргетасы қалана бастады. Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаттары, сыра зауытымен бірге басқа да артелдердің қатары көбейді.
жансая
bahytbekova_92
09-05-11 12:43
мен текели каласы туралы малиметтер издеп едим, маган каланын шыккан жылы, демалыс орындары, таулыры, жануарлары туралым жалпы малимет издеймин!

ERKO
ernat_1995@mail.ru
27-03-11 10:54
Салем достар))) мен оз туген жерим туралы айта кетсем. Казакстан Республикасынын ен тукпириндеги, шыгысындагы аудан менин ауданым КАТОН-КАРАГАЙ!!! Кытайга еки аттам жерде турган менин аумагым оте кен,ари бай! Атакты Оралхан Бокей, Бошай Киттапбаев, Алибек Аскаров, Жанибек Кызыр сынды жерлес акын- жазушыларымызда баршылык!!! Алемге айгили Берел коорымы, Арасан кайнары, Кок кол кениши, Еки Дос саноториясын билетин шигарсыздар!! Сиздердин жазган жазуларынызга карап озим танти болып отырмын!!Туган жер дегенде адамнын намысы оянып кайраттана бастайды!Сиздерге озимнин тугар жерим АРШАТЫ туралы кураган 1 шумак такпагымды окып берейин!!!

Алтай таудын етеугинде ауылым
Рахаттана емген Алтай бауырын
Шипа сулы Буктырмасы жанында
Арманын жок турсан биздин ауылда
Теп тегис еки таудын арасы
Ынтык кылар таудын таза ауасы

НурлаН
nurlan_96kz@mail.ru
25-03-11 22:50
Бля Мангыстау га жетпейдиго""""" Адай
гайдар
gaidar_95
28-02-11 08:38
menin papam tenizge wygady.kunde uyldyryk jeimiz raxattanyp turyp aiak aspanda.men janbaidanmyn.ULDYRYK JEISNDERME.
САЯ
САЯ
01-02-11 05:33
Рахымбердиева жаудир деген кызды издеймин, ол ОКО Арыстан. 1984жылгы. Алматыдагы Мединститутты педиатр мамангыг бойынша битирген.
Bekbol
Bekbol_96.05
30-01-11 10:29
АРМАНДАМАН

жанна
zhanna_serikbaeva @mail.ru
01-11-10 09:02
Сәлем достар мен Шардара қаласында туылып сол жерде оскенмін. Шардарага ешқандай кала жетпейді.Алем досымыздың Шардара туралы жазған деректерін оқып отырып өзім ұялып отырмын.Шардарада туылып өссемде оншалықты деректерді білмейді екенмін.Шынын айтқанда көбісі мен сияқты өз туған жерлерінің тарихын жақсы біле бермейді.Сондықтан әр елдің, жердің, ауыл-аймақтың тарихы туралы форумда көптеп жазылса деймін.Шардара қаласына Серікбаева Жаннадан жалынды салем!
Нарќыз
nari10@mail.ru
21-05-10 12:52
Мен Тараз ќаласында турамын негізгі ата-бабаларымыз Атыраудыкі екен Атырау ќаласыныѕ бейнесін кґргім келеді
Нарќыз
nari10@mail.ru
21-05-10 12:48
Атырау ќаласыныѕ суреттерін кґргім келеді
Лима
lima9494
13-05-10 15:46
салем достар мен Атырау каласы Исатай ауданы Жанбай ауылында турамын мен быил 9 сыныпты бітіреиндеп отырмын маган казакстан туралы барлык малиметтер керек егер билгендериниз болса менин сайтыма жибериниздер отинем.
Айнахан
ainahan_esetiva@mai.ru
01-05-10 10:25
Орал өңірінде тұратын Адайлар бар ма? Адайдың жеменей тақтасының Олжашы бөлімінен ек!і ауыл ертеде Адайлар Сауран айналып көшкенде Орал өңірінде қалып қойыпты. Сол туралы білгіміз келеді.
Mangistau
fc_shetpe
27-02-10 16:44
Туған жерім МАҢҒЫСТАУ! МАҢҒЫСТАУ өнірінде көптеген әулие ата-бабаларымыз бар.
----МАҢҒЫСТАУ---ШЕТПЕ---АДАЙ-----
Didar
02-10-09 08:45
Павлодарлыќтарѓа жалынды сєлем!
Гулмира
gulmira_8784@mail.ru
18-09-09 10:24
салем достар! маєан Ќазаќстанныѕ ќалалары туралы интерактивті сабаќ їлгілері керек еді, презентациялар кґмек беріѕдерші!
Динара
dikozhanova@yandex.u
01-09-09 16:08
Мен їшін еѕ кґрікті ќала,јрине ол ОРАЛ дер ем.Јркімге де туєан ќаласы ыстыќ.Біраќ,бґлінгенді бґрі жейді дегендей,Ќазаќ елі-бјрінен ќымбат емес пе,солай єой.ДОСТАР?
Досжан
dosik-91@mail.ru
16-03-09 05:29
Қазақстандағы ең керемет бір-ақ қала бар! Ол - менің шырайлы Шымкентім.
қайрат
yurist_istok1@mail.ru
10-02-09 17:11
Тұратын жерім Шемнайқы қаласы. Орыстар салған мен атамқазақтың атамекені. Қазір де атойлап айғайламаса да. Отарлап алған жерін менікі деп, есе бермей ел тарихын айтпай, біз келгенше бұл жерде адам баласы тұрмаған деушілерге жауап бергім-ақ келеді. Не дейсіңдер!
қайрат
yurist_istok1@mail.ru
10-02-09 17:06
кімде кімде Ермакты өлтірген "Сәтбек батыр "дастаны болса, ол кісі туралы дерек болса маған жіберсеңдер№ Өте қажет. yurist_istok1@mail.ru
Камила
kamila_84.07
29-11-08 11:39
Камиладан жалынды сәлем! Мен Шаульдирденмін. Сіздердің сұрайтыным, қазақша рефараттарды қандай сайтқа кіріп алуыма болады? Қазақ тіліндегі материалдар іздеуге қандай сайтпен жұмыс істеуге болады? Сіздерден көмектесулеріңізді сұраймын.
Дана
К--Д-87-87
06-11-08 13:02
Менің туған жерім өте ыстық. Ол Балтакөл елді мекені.
Айжамал
aizhamal_89mail.ru.
14-05-08 16:19
Салем Асем Шардара туралы жақсы жазған екенсің Мен де Шағаласы шуылдаған Шардарадан боламын.
Орал
87004900112
26-03-08 13:14
Осы номерге телефон шалып интернеттен жайлы кез-келген аќпарат алуєа болады
Гульжана
30-10-07 14:13
мен өз елімді өте сүйемін!
Айтолкын
aika_86@mail.bk
24-10-07 11:30
Қарағандыдан жалынды сәлем!
Алем
17-10-06 12:17
Әйгілі Томирис ханшайымның Парсы патшасы кирді өлтірген жері!
Бұл жер Ташкент, Шымкент, Түркістан, Отырар, тағыда белгілі ескі калалардың бәріненде ескі, Шардара Парсылырдың атауымен Чордор(төрт қақпа), яғни Шардараға су қойма салынбай тұрып өзен екі айырылып ағатын болған, ортасында қала болған Чордор(төрт қақпа) Біздің эрамызға дейінгі 530 жылдары Тарихтардың атасы болып саналатын Геродоттың өзі жазған, кіші Азиямен Еуропаны Вавилонды,жаулап алған әйгілі Парсылардың Кир патшасы осы өңірде Ра, Аракс, Урал, Чулман, Ик, ақ, өзендерінен өтіп бәрін жаулап, 70 мың әскерімен келіп жеңіліс тапқан, Сырдарияның төменңі ағысы (ол заманда Сейхун деп аталған) Массагаеттердің қаншайымы Танана(Томирис) тің қолынан қаза тапқан дейді. Тарихтан білетін болсаңдар Сарман деген Тананнаның баласын Кир алдап қолына түсірген, ол өзіне пышақ жұмсап өлген, ал Кир патша Сарманның Алтынтұяқ деген атына мінеді сондықтан Кир патшаның жолы болмады деседі. (Сарман Танананың баласы)
Осындай үлкен Тарихы терең Шардара ауылының атын, жақында Тұрысбеков ауылы деп қойыпты, Зауытбек Тұрысбековтың Әкесі бір кездер ауданды басқарған екен, сонда Тарихы 2000 мың жылдан асатын ауылмен ешкім санаспағаныма немесе надандықпа?
Өздерің ойлап қараңдаршы Тарихы терең Түркістан қаласын немесе Отырарды Тұрысбеков не болмаса бір батырдың атын берсін келісермедіңдер? мен үшін жәй Шардара деп емес, тарихи көзбен қараймын бәріде оқылмаған кітаптай жер бетінде ашық жатыр!
Шардара ауылында тұрған Шардара төбені сол ауылда тұрып көпшілік біле бермейді, ол сол Кир заманынан қалған қорған қаланың үйіндісі,айналасында адам сүйектері, қылыштар, құман дар бөлшектеліп шығып жатыр жерден, одан әрі қарай бірнеше төбелер бар, Қоссейт, Ақтөбе тағы басқалары, аттары сақталмаған соң төбедеген атпен қала береді.
Руслан
ruslan.temir@mail.ru
16-10-06 15:35
Егіндібұлақтан жалынды сәлем!
Marta
marta88-88@mail.ru
06-10-06 16:52
atyrauforum.com sol jerede Atyrau kalasy sureteri bar
Ақылбек
жоқ
06-10-06 13:40
маған да атырыу қаласының суреттері керек
Валихан
valihan1985@mail.kz
08-06-06 23:10
Неге Менің жауабымды Петропавл туралы өшірдіңіздер. Жауап беріңізші?
Алмаз
06-06-06 15:44
Жалынды сәлем Қазақстандықтiрға!
Мади
madi_kom@mail.ru
06-06-06 14:07
Табиғаты көркем Текелі қаласында тұрамын. Сайтыма баға беріп, өз пікіріңізді білдірсеніз, риза болар едім Әдебиетке байланысты беттер қоссам деймін. Сайт әлі әзірлену үстінде. РАХМЕТ.

Текелі қаласының суреттері
http://madi-kom.narod.ru
Валихан
valihan1985@ok.kz
16-04-06 21:37
ґзініѕ туєан жері туралы ештеѕе айта алмайсыѕдар ма?
Шолпан
milana.kz@mail.ru
16-04-06 14:15
Бізде басқа қалалар жоқ сияқты... Сонда да Атырау мен Кокшетау туралы жазсандар өте риза болар едім.
Валихан
valihan1985@ok.kz
10-04-06 20:41
Јр адам їшін туєан елі – алтын бесік.
Мен ґзім Петропавл ќаласында дїниеге келдім. Сондыќтан маєан ґмір есігін ашќан осы Ќызылжарым ќымбат. Батыс Сібір ойпатыныѕ оѕтїстігінде, Ќазаќстанныѕ салќын жел ойнаєан солтїстік шекарасында орналасќан бўл мекен-жай мен їшін јрќашан ыстыќ. Рас, ґлкемніѕ климаты тїстіктегідей мамыржай емес, кґктемі мен жазы ќысќалау, алайда мен ќысыныѕ суыєы -40 градус, жазыныѕ ыстыєы+30 градус Сельсиге дейін ауытќитын шўєыл континентальді осы аймаќты бјрібір бјрінен жаќсы кґрем. Меніѕ туєан ќалам – Петропавл 1752 жылы Есіл ґзенініѕ оѕ жаќ жаєасында, ќазіргі «Ой ќала» деп аталатын тўста ірге кґтерген. Оѕтїстіктен тўраќты ќауіп тґндіріп тўратын жоѕєар, ќытай басќыншыларынан келешекте тыныш ґмір сїруді ойлаєан ќазаќтар солтїстіктегі ўлы держава - Ресей патшалыєынан кґмек сўрап, ќазаќтарды бодандыќќа алу туралы ґтініш жасапты. Бўл ґтінішті ќуана ќўптаєан орыстар 1731-1760 жылдар аралыєында бїкіл ќазаќ жерін ќоластына алып їлгерген єой. Бўл ќала, сол кезде Аќмола ќаласынан бастап, Пресногоровка селосы арќылы Россияныѕ Омбы ќаласына дейін созылєан «Ќасырет белдеуі» деп аталєан ќазаќ жеріндегі орыстардыѕ шекаралыќ кїзет бекінісі ретінде салынєан.
Ќызылжар ќаласында, кезінде Абылай ханныѕ ставкасы болєан. «Абылайдыѕ аќ їйі» деген тарихи бўл єимарат осы кїнге дейін бар. Петропавл, Ќазаќстанныѕ 12 облысыныѕ бірі – Солтїстік Ќазаќстанныѕ орталыєы. Мўнда ќазір 195,6 мыѕ адам (01.04.2002ж) тўрады. Ќала маѕындаєы аумаќты ќоса алєанда оныѕ жер кґлемі 230 шаршы метрді алып жатыр. 2001 жылдыѕ ќыркїйегінен бері ќала јкімі Владимир ПетровичНикандров мырза.
Ќаланыѕ бас кґшесі – Конституция кґшесі. Конституция кґшесінде тарихи жјне ґлкетану мўражайы бар. Ол екі ќабатты бўрынєы Кучков деген байдыѕ ескерткіш їйінде орналасќан. Сондай-аќ бўл кґшеде орталыќ саябаќ, облыстыќ жјне ќалалыќ јкімдік, облыстыќ мјслихат жјне Ќазаќстан халыќтарыныѕ кіші Ассамблеясы їйлері мен 7 ќабатты «Ќызылжар ќонаќїйі» тўр. Басќаша айтќанда Конституция кґшесі ќаланыѕ јкімшілік басќару орталыєы. Бўл кґшеден ешбір кґлік жїрмейді, ол тек жаяу жїргіншілерге арналєан. Оныѕ солтїстік батыс шетінде, орыс драма театры алдында ќазаќтыѕ ќайсар ўлдары, жоѕєар-ќаламаќ ќырєыны кезінде халќыныѕ сенімді ќорєаны болєан айнымас достар - Ќарасай мен Аєынтай батырлардыѕ ескерткіші ќойылєан. Одан шыєысќа ќарай Мјѕгі алау оты бар, ќасиетті Революция алаѕы орналасќан. Бўл жерлер Петропавлдыѕ тарихи жјне мјдени шаралар ґткізетін салтанаттар орталыєы деуге болады. Біздіѕ ќаланыѕ бір жаќсы жері - ќолайлы Транссібір темір жјне Мјскеу –Владивосток тас жолы бойында орналасуы. Сондыќтан бізде кґлік ќатынасы аса проблема емес. Міне, меніѕ туєан ќалам – Ќызылжар осындай кґне де жас, болшаќтар мен їміттер ќаласы. Мен оны анамдай, кґкемдей, жан достарымдай жаќсы кґрем жјне ќашанда, ќайда жїрсем де оны їнемі саєынып тўрамын. Меніѕ ауылым да ажарым да осы шаєын шаћар. Оны мен біреудіѕ Алматысына, біреудіѕ Мјскеуіне, не болмаса јлде кімніѕ Амстердамына айырбастамаймын. «Кіндігімніѕ жас ќаны тамєан жері ауылым» деген жыр шуєамындай келешекте меніѕ шабытымды асќарыма шыєаратын, даѕќымды аспаныма кґтеретін де жерім - Ќызылжарым болады. Ендеше јрќашан аман, аспаныѕ ашыќ болєай алтын бесігім - Петропавл.

Шолпан
milana.kz@mail.ru
09-04-06 18:06
Мен Шығыс Қазақстан облысы, сүйікті Аягоз қаласында туулдым! Бұл қала мен үшін - арман қала, мен оны мақтан тұтамын! Бұл жерден көшіп, Алматыға отбасымен келгеніме 5 жыл болып қалыпты... Бірақ, сонда да жүрегімде оның орны бөлек. Мені жыл бойы ол жердің ауасы, жұмсақ топырағы, (қазір тартылып қалған) өзендегі дүрілдеп ағып жатқан суыдың дыбысы, жаздағы ыстық желі, қыстағы борап тұрған желі, бұлақтағы таза суы, жылы жүді адамдары шақырып, тартып тұрады! Бірақ жазда демалысқа барған сайын, көңіліме қанжар сұққандай болады! Себебі онда бәрі өзгерген... Қала іші мүлдем өзгерген (жақсы жаққа деп айту қиын) егер осы жердегі кейбір жолдастарға сияқты 1 миллион доллар аспанан тусе қалса осы қаламның көркейуіне, бұрын қызымет еткен фабрикалар, мен кішігірім заводтарын іске қосуға жұмсар едім! Қалай болса да, мен үшін, туған қалам ең әсем, ең ардақты!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов