Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Зарафшан, Даугызтаудан барма?


Авторы Xабарлама
Магауия
magauiy-1984@mail.ru
09-02-12 19:14
Танысамыз

Авторы Жауап
Полатбек Жанбаев
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
02-10-14 13:26
ӨГІЗТАУЫМ

Кім білген Өгіз жайлы жыр құрарын,
Сағынып сонда да ұлың жүр құмағын.
Таулардан басталатын аппақ шапақ,
Аязын қаңтарлардың сындыратын.

Кім білген Өгіз деген таудың барын,
Сол тау деп шабытымның саудым бәрін.
Тоқтытау, Керегетау қатар жатқан,
Мен сонау тасты өңірдің аулынанмын.

Кім-кімдер қадіріңе жете белген,
Мен болсам жырдың ердім жетегінен.
Құт қонған шаңырағым таудың ұлық,
Тап осы етегінде көтерілген,

Тау болдың жырдан өлең жаттаттырған,
Қойтасын сары аязға қақпақ қылған.
Кең дала, ақ шағылды қарауылдап,
Өгізтау қызылқұмды бақылап тұрған.

Полатбек ЖАНБАЕВ, 8-702-46-87-133

Полатбек Жанбаев
Zhanbaev_polatbek@mail.ru
10-02-14 19:52
Ауылды жүрмін сағынып,
Уақытқа деген бағынып.
Тамдының тасы киелі,
Не етем оны жасырып.

Ауасы еді жағымды,
Ашатын менің бағымды.
Шұбаты қандай дәмді еді,
Бір балаң сені сағынды.

Шағылдар еді жұмсағым,
Жазында қалқып мың сағым.
Алаңсыз ойын қуушы ем,
Келіп тұр бүгін жырлағым.

Тамдыда қалды бал шағым,
Не күтер мені алдағым.
Алыстап кетіп барамын,
Сағыныш толы жан-жағым.

Достарым менен құрбылар,
Достықтың сондай құнты бар.
Армансыз адам болмайды,
Замандас деген сыншы бар.

Сағындым сені таңдарым,
Өзіңсіз ұйқым қанбасын.
Тамдыға барсам шіркін-ай,
Өзіне арнап ән басын!
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
13-04-13 01:43
Тауелібай - Өзбекстанның бұрынғы Бұхара, бүгінгі Навои облысының Солтүстік аймағын алып жатқан аймақ. Оған Тамды,Үшқұдық аудандары түгелдей, Кенимех аданының, Көкше, Қаратау,Құлжықтау тауларынан бастап, солтүстіктегі бөлігі кіреді. Бұл аймақтың Тауелібай атануы - осы өңірде ірілі-ұсақты 30-дан астам таулар, тау сілемдері, шоқылар бар. Ең биік тауы - Ақтау(948м.), ең аласасы Ұзынтау(165м). Олардан өзге Қазақтау, Арыстантау, Боқантау, Келіншектау, Оғызтау, Керегетау, Алтынтау, Амантайтау, Тамдытау, Жалпақтау, Мұрынтау т.б.таулар бар. Қызылқұм шөлімен араласып жатқан осы таулы өлке мал шаруашылығына өте ыңғайлы. 200-дей жуық өсімдік түрлері өседі. Қақаған қыста малға пана болар ықтасыны: қазан шұңқырлары,ойпаңдары мен терең сайлары баршылық. Сондықтан болар тұяқсыз қалған жұт болмаған аймақ. Ал Тауелібайдан әрі Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақта (солтүстік-шығысқа қарай , тіпті сонау Ұлытауға дейін) бірде-бір тау жоқ. Сондықтан ба бұл өлкелерде қыс қатты болған жылдары жұт болып, тігерге тұяқ қалмаған кездер бірнеше рет қайталанғаны тарихтан белгілі. Сонда бұл елдің адамдары бүгінгі Тауелібайда отырған елден көмек сұрап келеді екен. Мал-жаны аман, шалқып-тасып отырған қалың қазақ ағайыннан аясын ба, алдарына қырық-елулеп мал салып жіберетін болған. Ал қуанып қайтқан ағайын еліне жетіп:\"тау ішінде отырған ағайын-туыс бай екен, таудың елі бай екен\",-деп мақтап жүретін көрінеді. Сөйтіп, біздің елді алыстағы ағайын \"Тауелібай\" деп атап кеткен.Тауелібай (кейде Елібай деп те атайды) атауы Сыр сүлейлерінің шығармаларында жиі кездеседі. Мұны мен жалпы ағайын біліп жүрсін деген оймен мәлімет үшін жаздым. Алла бұйыртса, \"Тауелібай\" атты энциклопедияны жарыққа шығаруды жоспарлап отырмын. Өзім Тамдыда (анығы Аяққұдықта) туып, Кенимехта өскен, Үшқұдықта еңбек жолымды бастаған азаматпын. Үш аудан да маған етене жақын. Кезінде, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын тауелібайлық жүйрік ақын Наурызбайға сөзін, сазгер Марат қожаға әнін жаздырып, \"Тауелібай\" деген әнді шығаруға үйытқы болғаным да бар. Құрметпен Қали Жолдасов.
Жора
13-02-12 06:20
Даугызтау - Белтау ма?



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов