Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: ак кете


Авторы Xабарлама
кука
kuka_kete@mail.ru
15-02-12 22:57
мая кетелер бармаааа?

Авторы Жауап
жансая
16-11-14 06:07
Барине салем!Мен киши жуз- кете-ак кетесимин.Оралда турамын
олжас
olzhas_8_85
26-08-14 11:24
агайындар ассаломалейкум мен ак кетемин клай келип шыкканы кызык билсендер отв

ақмырза
27-09-13 09:10
Ресейдің патшалығы Кетелердің шежіресін қуғындады деген қандай негізге сүйеніп айтылып отыр, сол жағын түсінбедім.Ақ патша Кете шежіресіне неліктен шүйлігеді.Қазақты ңбасқа шежірелерін неге жауып тастамаған? Шораяқтың Омарының кітабында оның Қарасақал ерімбетке жазған өлеңі бар ма? Болса қай кітабында,Егер болмаса неге жарияланбай келеді? Осы жағын толық негізде жазсаңыздар ған, қазіргі Кетелердің тарихы Кеть өзенінің бойынан басталатынына сенер едім, әзірге Кетебике анамыздың елдің ру атына айналғанына сенемін.мұндай мысалдар тарихта бар ғой.Мысалы: Қарқабат әйел есімі. мұнда тұрған не бар екен?
амантай
27-09-13 09:02
Шорақтың омарыынң Ерімбетке жазды деген хат-өлеңі Омекеңнің жазу мәнеріне кеел қоймайды екен.
Әбілбек
21-06-13 17:23
1910 жылы Шораяқтың Омары кете ақын бабамыз Қарасақал Ерімбетке жазған хатын кете бауырларыма ұсынамын.


Мені тыңда Ерімбет
Шалқаясың сен тек көкіректеп
Алды-артыңды ойламай
Көтерме көкіректі босқа тек

Кетелер болған болады да
Өмірлері өтіп кетсе де
Атағы өшпес олардың
Дүние жарылып кетседе

Бабам менің Байсары
Көкірегім еді,түбім еді
Бүкіл халқым еліме,
Атағы шыққан ерім еді

Халқым үшін қан жұтқан
Азаматым еді, ерім еді
Қапысызда қайтыс боп
Халқым жылап қалып еді

Кімің бар сенің осындай
Атағы шыққан ер бабаң
Халық үшін қан жұтып
Жер жастанған ер бабаң.

Ұлы оның Майлыбай
Намысшыл еді,ер еді
Әке жолын ол қостап
Еңіреп шыққан ерім еді

Әлімнен шыққан осындай
Қай батырың бар еді
Әлде батырың табылмай
Байсарыны Әлімге аға қылып алып па ең

Осылайша фәрәң-сөз қылып
Әлімге кетені қостың ба
Шөмекейді тағы алып
Әлімге іні қылдың ба

Өтірікті осылай жазыпсың
Есіңнен ауып қалыпсың
Өтірігің басыңа бәле боп
Құрып кетіп қалыпсың

Кетелерім жандарым
Бұған назар аударма
Шындық шықпай қоймайды Қалай қылып жазсада.
Ресейдің ақ та қызыл да патшалары
оңбады,кетелердің шежіресін,бабамыз Кетебұғы туралы айттырмады,жаздырмады. Өйткені бұл мәліметтер Ресейді талай жылдар
басып келген Шыңғыс ханды, оның ағылгөйі болған Кетебұғыны мақтайтын жырлар
еді.Сол себепті де кетелер сол Ерімбеттің өтірігіне дау айта алмай ішінен тынды. Ал
Әлімдер бұны шебер пайдаланып, бізді басып тастады,сөйтіп біз ішімізден жылауда
Болдық.Ал енді қәзір осы ащы запыран болған шындық тәңірім қолдап жер бетіне
Шықты.Бұл қандай қуаныш, әрі рахат дерсің арқамыз кеңейіп, өркеніміз өсті


Шораяқтың Омары ұрпақ үшін.


Әбілбек
02-06-13 19:55
Кете бауырларым осы әңгімені бастамас бұрын,тарихты тереңнен қозғау керек болды.
Біздің түбіміз
Алтай тауларын мекендеген алшын тайпасынан басталған, олар одан әрі уақыттарда өмір сүрген Сақтардан шыққан.,Сол Алшын тайпасынан Бұғы тайпасын Бұғы батыр бөлініп
шыққан.Құба жырау-сол Бұғы батырдың алтыншы ұрпағы.
Осы Құба бабамыздан екі ұл Кетебұғы мен Кербұғы.Кетебұғыдан-Байсары батыр одан
Майлыбай мен Бозанша..Ал Бозаншадан үш аталы кетелер- үш ұл-Адамқожа,Түменқожа
сосын Тойқожа туылған.Байсары бабамыздың әйелі-Шөмекейдің баласы Бозғылдың кіші
қызы Бозша еді.Осы Бозша біздің түп анамыз.Осы шындық 1910 жылы Қарасақал Ерімбет
ерігіп,өтірік шежіре жазғанға дейін сақталды.Осы жалған шежіреде ол,Тойқожаны Әлімге
бала қылды да,Кетебике деген әйелді,1-ші Байсарыға,сосын Әлімге,3 рет Шөмекейге тигізіп, үш аталы кетені таратып жіберді.Осылай беті шімірікпей өтірік шежіре жазды.Осы жағдай екі ел арасын шиеленістіріп,дау туды.Ел арасында соғыс болып кетпесін деп,кете елінің шайырлары кете Жүсіп Ешнияз сал ұлы,Шораяқтың Омарлары сабырлықпен Ерімбетке хат
жазды.Бірақ бұл істің ақыры бетпақтанған Ерімбеттің пайдасына кетті.Кетелердің ақ патша жағынан олардың шежіресін қудалануын пайдаланып,олар ес бермеді.Міне осы күнге дейін
Әлім кете,Әлімнің ақ кетесі,Естек кете т.б көптеген әңгімелер,оның ішінде Кетебике деген
Жалған анамыз да бар,өсектер кетелердің шын жолдан тайып,өз аталарын ұмытып,Әлім бо-
лып етуіне әкелді.
Осы шындықты,халыққа,оның ішінде кетелерге түсіндіру мақсатында,1910 жылы кете Жүсіп-
Тің Қарасақал Ерімбетке жазған хатын келтіріп отырмын.
Саламатпа Ерімбет
Бетіңмен кеттің еркіндеп
Кете болды ма ермегің
Бұл не істегенің текеңдеп
Кетебике деген әйелді тауыпсың
Әр байға бір тигізіп алыпсың
Ол аз болғандай еркіндеп
Тойқожаны Әлімге бала қылып алыпсың
Бұл не сұмдық сен істедің
Халықты бөліп не істедің
Кетені Әлімге аға қып
Тойқожаны бала қып не істедің
Екі бетің шімірікпей
Бетіңмен кетіп қалыпсың
Үш аталы кетенің
Елін шауып жазыпсың
Не жазсаңда соны жаз
Бабам менің Кетебұғы
Бұғы елінен тараған
Баласы батыр Байсары
Алтын Ордаға қараған
Туып одан екі ұл
Бозанша мен Майлыбай
Халық үшін қан жұтып
Қайтыс болған Майлыбай
Бабам менің Бозанша
Азамат еді,ер еді
Үш аталы кетенің
Діңгегі еді,түбі еді
Арын ешкімге бермеген
Біреудің малын жемеген
Асыл еді,ер еді
Кете деген халықтың
Намысын ешбір бермеген.
Хатымды осылай жазамын
Өзіңді кінәлай айтамын
О дүниеге барған сәттерде
Жауабын өзіңнен аламын


Әбілбек
30-05-13 12:42

Әбілбек
30-05-13 12:59
Сенің аппаратың дәрі болса өзің жей қой,сен сияқты албастылардың кесірінен кетелер
әлі күнге адасып жүр, Әлімге кете болып ,не болмаса басқа елдерге өсек болып,Кетебике

деген анамызды ойлап шығарып,оны әркімге тигізіп,кетелердің быт-шытын шығарып.Білгіш болсаң фактілеріңді шығармайсыңба, ал мендегі мәліметтер сақталып
келген шежіреден алынған.Сендей жексұрындардың кесірінен кетелер әлі күнге шатасып жүрген жоқ па.
Осылардың бәрін әлгі оңбаған Нұржанға арналған.


әбілбек
07-12-12 15:35
.Ақ кетелер туралы материалдар.

Өздерін Әлімнің ақ кетесімін деп адасып жүрген, Бозаншаның кенже ұлы Тойқожаның ұрпақтарына!
Тойқожа (Ақ кете) ұраны Майлыбай,ру таңбасы—У-- тіреуіш,бақан.
Ақ кете Тойқожа бабамыздың ұрпақтары ешқашанда Әлімге ақ кете болған емес. Оған дәлелдер келтіремін. Алматы қ,Жандосов к-
1/1 үйінде, тел 2502355,Алаш тарихи зертеу орталығы бар.Осы орталықта Каракесек бірлестігі туралы( Кете,Әлім,Шөмекей) 4томдық
еңбектер бар.Бұл еңбек 2010 ж Алматыда жарық корген.

Авторлары :Габжалилов Х, Омарбеков Т т.б. Бұл кісілердің осы тарихи-зерттеу жұмыстарында Ақ кете туралы 18-19 ғасырлардағы орыс тіліндегі патша зерттеушілерінің тарихи
жазбаларында жиі кездесетінін айтады.1803 жылғы деректерде

Ақ кетелердің 2 бөлімнен тұратындығы, Хиуа-Орынборда сауда-саттық жасайтындығы, 19 ғ ортасында олардың Ожырай,Қара кете,

Ақкете болып 3 ке бөлінетінін айтқан.(Ешқандайда Әлімнің ақ кетесі емес). Тағы да бұл туралы жазылған жазба деректер тізімін
береді. Олар мыналар:Материалы по истории Каз.ССР( 1785-1828)Географическо-статистический словарь П. Семенов . 2 Аристов Н.А Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности- 109 б. 3Материалы для географии и стаистики России собранные офицерами Генштаба ч1 Киргизская степь, Оренбургского ведомства СПБ-1865-89б.Осы жоғарыдағы аты аталған еңбектерде 3 бұтакты кетениң 21 ру-тайпалардан тұратындығы баяндалған,ұраны Майлыбай, 3 таңбалы кете руы деп келе таңбаларын орысша; -+ х / деп,аттарын Киреевский крест,Канглинская черта,Найманские углы деп айтады. Сол кітаптардан тағы үзінді :- Род Китя по росписанию Казанцева состоит из 3 отделении. 1 Аджирей китя (части айдар,алмамбет,байкучкар,чаны и майлы). 2Кара кетя [части кулчур,кулФюсь,мамбет,тюря,шитяк.урумук ,киинага,карабазар]. .3 Ак китя { карпук,тумпак,адамхожа,туляк,мурза,баймбет,курманкожа,рускуль]. Тарихшылар Ғабжалилов Х, Омарбеков Т тарихи деректермен шежірені салыстыра келе қорытынды жасап: Аккете тайпалық бөлімінде 10 ру мен рулық бөлімдер бар екенін анықтаған. Олар: Айдар,Әлмамбет,Байқошқар,Қоңыр,Майлы,Мамыт,Түйте,Өмілдірік,Естек және Бәйімбет.Ақкете тайпалық бөлімі 2 бөлімшеден тұрады -- Тұрсынбай мен Қараш.Сонымен қатар Тойқожа бабамыздың ұрпақтарына М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Әбілсейіт Мұхтарұлының-«Әлібай Қөскөзұлы өмірі мен қызметі» деген еңбегін оқуын сұраймыз. Бұл жазба деректер дәлелі.Енді шежіремен дәлелдесек :кәзіргі кезде кез келген шежірешіден , Әлім батырға дейін неше ата деп сұраңыз.Білетін адам айтады 33-34 ата деп. Ал кетелерден сұраңыз,олар айтады Байсары бабама дейін 24-25 ата деп .Бұдан шығатын қорытынды: Байсары Әлімге аға бола алмайды ,
Қаракесектен туада алмайды .Ойдан шыгарылған Кетебике шешеміз, Әлімге де, Шөмекейгеде әйел бола алмайды және де Тойқожа бабамыз оларға бала бола алмайды .Бұған қоса Байсары бабамыз 1300 қайтыс болған , ал баласы Бозанша 1290-1385 жылдарда өмір сүрген .Ұлдары Адамқожа 34 жасында, Түменқожа 36 , ал кенжесі Тойқожа 41 жасында өмірге келген .Кенжесін Тойқожа деп атаған себебін Бозанша бабам былай түсіндіреді:”Өмірі үнемі той болсын, қожалар сияқты кұдайдын сүйікті ұлы болсын”-деп қойдым деген. Ол замандар Алтын Ордаға Өзбек хан билік жүргізіп тұрған заман болган.Ол хан Алтын Ордада 1 –ші болып исламды қабылдаған хан.Ислам дінін мойындамағандар өлген не кұртылған, ал бақсылардың қобыздарын отқа жаққан заман.Енді Шернияз Жарылқасынұлының Қазы биге айтқан жырын келтірейін: Алдыңа арым жібермен,3 таңбалы Кетенің тұкымы бітіп қырылмай... Ертеректе алшындар қазаққа біріккенде Бозаншаның 3 ұлына 3 таңба және1 ұран берілген.Бозаншаның бабасы Кетебұғының аты мәңгі қалсын деп ұрпақтарын 3 аталы кете деген,Бозаншаның ағасы Майлыбай ұрпақсыз калып кетеге Майлыбай аты ұран болған.Міне сол заманнан бастап бізді кете дейді . Кетебұгы бабамыз Жошының биі болған,Алшын тайпасының Бұғы руынан.Кәзір кейбір білгіштер Кетебұгыны найман деп шатасып жүр. Енді кетелердің таңбасы мен ұраны: Адамқожа-- П---Босага: Түменқожа-- найза: Тойқожа ---У—Бақан,тіреуіш.Ұраны Майлыбай.Енді қосымша сіздерге Ақселеу Сейдембеков ағамыздың қазақ тарихы кітабында келтірген кетенің таңбаларын және ұрандарын көрейік.Кете- ұраны—Байсары, Майлыбай–таңбасы-Айқыш,бағана.Бозанша—ұраны—Байсары,Майлыбай—таңбасы-Айқыш,бағана. Тойқожа---ұраны Майлыбай,Акпан—таңбасы—Айқыш,ілгек,жұткыш,босағ а.Ожырай кете---Байсары,Майлыбай—таңбасы жұтқын.Түменқожа кете--- ұраны Байсары—таңбасы Бақан. Өздеріңіз көріп отырғандай кетелер оз ата-бабаларын таба алмай жүрген адамдар емеспіз,ел арасына жік салып жүргендерге ермейміз.Мен ойлаймын кете бауырларым,көздерің жеткен шығар, 3 аталы кете бар, болған, бола бермек.Ал таңбалар туралы айтсақ, бұл сол тайпаның мөрі , печаті болған .Уакыт өте келе, халық көбейе келе оған қосымша белгілер қосылып отырған .Біз өз танба-мөріміз,өз ұранымыз бар кете руымыз. Ешкашанда әлімге ақ кете бола алмаймыз. Ата-Баба аруағынан қорық,өзің кете болып тұрып, әліммін десең. Осы фактілерд і келтіре отырып қазақтарда рулар әйелден тарамайды,сол себепті ақ кетелер өліп кетседе әлім бола алмайды.Іші күйген тұз жаласын. Тойқожа бабамыздың атын, Тоқкожа, Тайқожа дегендері де дұрыс емес . 4 Енді шежіре деректері: 1300 жылы халық үшін болған айқаста әуелі Байсары сосын оның ұлы Майлыбай өлген соң, Байсарының әйелі Бозғылдың қызы анамыз Бозша кайтыс болған.10 жасар Бозанша жетім калады. Бозанша шектілерден пана іздесе, олар Байсарының барлық малын тартып алып ,Бозаншаны мал баққызып кояды. Бұған шыдамай Бозанша нагашыларына, Бозгылдарға кетіп қалады .Бозғылдар өз жиендерін кұрметпен қарсы алып,еншісін беріп,той-томалақтарда сыбағаларын беріп отырған, былайша айтканда азамат қылып тарбиелеген .Осыдан біздерді кете-шөмекей еншілес деген, бірге жүрген,бірге қонған.Тіпті шежіреде кете-шөмекей деп аталған.Ер жетіп азамат болған Бозанша өте қайратты жігіт болған. Уакыты келіп ,әкесінің малын тартып алған шектілерге оларды қайтару туралы мәселені қояды. Осы бір әңгімені Қызылордалық Текей батыр ұрпақтары тамаша қылып баяндап бере алады. Бір той болып жатады,сол тойға Бозанша батыр да нағашыларымен барады. Сол жерде Бозанша батыр шектілерге баягы тартып алынган Байсары әкесінің малдарын қайтаруын талап етеді. Бұған қатты наразы болган 1 шекті Бозаншаны тарбиелемекші болады,тұра ұмтылады . Оның ойлағаны болмай ,сыбағасын алып, тайып тұрады.Бұны көрген 3 бірдей шектілер шығып, Бозаншаны сабамақшы болады, нәтижесінде 3 еуіде таяқ жеп қатты қорқып каймығып калады. Ақырында Бозғылдар болысып, Бозанша шектілер тартып алған барлық малын дауласып қайтып алған,кете бауырларым . Ал сендер өз ата-бабаларыңды—Бозаншаны оның 3 ұлы Адамқожаның,Түменқожаның,Тойқожаның әруақтарын сыйламай ,Әлімнің ак кетесі бола қалыпсыңдар .Әлде кеш емес,ойланып өз руыңды,өз ата—бабаңды кастерле,қадірле ағайын.Мен өз парызымды орындадым, ал қалғанына кұдай мен ата—баба әруақтары куа. Ақкете Әбілбек 17 желтоксан 2011ж
әбілбек
07-12-12 15:31
Кетебұғы және кете сөзінің пайда болуы


Кетебұғы 1152 жылы қәзіргі Кеть өзенінің бойында дүниеге келген.Оның өмір сүрген заманында ел көшіп, қонып жүретін болған. Дүние-мүліктерін, заттарын арбаларға,не болмаса өздері бағып өсірген малдары-жылқы,түйе,өгіз т.б мініп,заттарын с оларға салып,көшіп жүрген.Кетебүғының әкесі Құба жырау \ кейде Қүба мерген\ өзі жыршы,тапқыр,мықты аңшы еді. Өз тайпасының атақты өкілдерінің бірі еді.Бұлар негізінен сол мал шаруашылығы,кейде ормандарда аңшылық қылып өмір сүрген ел. Әдет дәстүрлері осы күнгі қазақтарға көп ұқсаған. Ол замандарда оларда ислам діні тарамаған.Бір көк тәңірі деп табынған,сосын бақсылар ел арасында қызмет қылған заман.Қәзіргі қазақтардай 7 атаға бөлініп өмір сүрген.Алшыннан бөлінген Бұғы тайпасы еді бұлар. Жаз айларында Кет өзеніне дейін жайлап, қыста қәзіргі Монғол жеріндегі Керулен өзенінің бойында қоныстанған.Кетебұғының інісі Кербұғы осы жерде дүниеге келген.Кербұғы Кетебұғыдан 17 жастай кіші інісі.Кейін Бұғы тайпасы Шыңғыс ханға оның ұрпақтарына өз еркілерімен қосылып осы ұлы жорықтарға қатынасқан.Шыңғыс ханға оның ұрпақтарына айтарлықтай үлкен көмек көрсеткен Кетебұғы алғашқы да Шыңғыстың көмекшісі болса,кейін Жошы сарайында би-жыршы болды.Ал Кербұғы осы күнгі Иран,Кавказ, араб жерлеріндегі соғысқа қатынасты,абыройлы болды.Соғыста қаза тапқан.ОНЫ ардақтап, құрметтеп жерлеген Сирия жеріне.Кетебұғы атақ-абыройлы болды,беделді би болды,хан өміріндегі кеңестерде Кетебүғы үлкен беделімен халықты данышпандықпен басқаруға көмектесті
1248 жылы қайтыс болып,оның жалғыз ұлы ноғай ноян Байсары батыр оны Ұлытауға жерледі.Байсары батыр әкесіндей алғыр,бірақ батырлығы да бар азамат болды.ӘКЕСІНІҢ тіршілігін ойдағыдай жүргізе білді.1300 жылы Тоқтай хан-бұзық ханға дейін осылай болды.Тоқтай келіп халыққа салықты өте көп салғаннан кейін,елде бұған наразылық толқу басталды.Осы басталудың аяғы Орда билерінің бастарын алып тастауға әкелді. Себебі билер халық жағында болып,ханға қарсы соғысты,осылайша 73 жасар Байсары мерт болды.Оның ұлы 18 жасар Майлыбай бұл әділетсіздікке шыдамай,әскерлерімен ханмен соғысып олда 1300 ж күзде қайтыс болды. Біз енді кете деген ұғымға жақындап келеміз. Байсарының 2 –ші ұлы Бозанша әкесі өлгенде 10 жасар бала болды,ал анасы Бозша Шөмекей Бозғылдың кеже қызы,үлкен қайғыдан күйеуінен,арыстай азамат ұлынан айрылып,жүрегі шыдамай қайтыс болды. Солайша Байсарының отбасының ойраны шықты.10 жасар Бозаншыға ешкімнің жаны ашымады.Баяғы атақты Кетебұғыда,ноян Байсарыда,оның ұлы Майлыбайда,кетелердің анасы болған Бозша да бір мезетте өмір сүргендей ұмыт болды. Әркім өз отбасының жағдайын ойлаумен болды.Міне осындай жағдай да жас Бозаншаға өмір үлкен талап пен сынақ қойды.Атақты батыр асқар таудай әкесін,күн шуақты анасын,арқаға сүйеніш болған ағасын Майлыбайды жоғалтқан Бозанша,осындай қиын зхаманда,Бозғылдардан пана іздеп тапты.Жетім баланы, кеудесінен итермей асыл-арлы азамат қылып,анасы Бозшаның ағалары ардақты азамат етіп тәрбиеледі.Бір сөзбен айтқанда Бозанша жетімдік көрмей,тіпті Шөмекей елінің той-томалақтарында,біздің жиеніміз Бозаншаға деп,әкесі Байсары деп, ағасы Майлыбай деп атап, ретімен сыбағасын алып отырды.Өз жиендерін үлкен құрметтеді. Осы Бозанша азамат болғанда,шектілер тартып алған малдарын нағашылары Бозғылдың ұлдарының көмегімен қайтып алған соң,шектілер көпке дейін іштеріне зіл сақтап,Бозаншаға деген жаман ойларда болды. Бірақ асыл ойлы азамат Бозанша өз әкесінің де,кете руының да абыройын бермеді,зор күшті, әкесіне тартқан батыр болып өсті. Міне сол кездерден кете еместердердің кетелерге деген ниетерінде теріс пиғыл пайда болып,оларды кемсітуге,көре алмаушылыққа,бақталастыққа апарды. Осы күнгі Кетебике деген әйелдің пайда болуы,Байсары өлген соң,Кетебикенің Әлімге тиюі,сосын Шөменге тиюі,осының бәрі Қарасақал Ерімбеттің ойлап шығарғаны, және құдіретті кете руына шексіз зардабын беруде,және кетелер өз аталарын тастап,Әлімге кете болуда десекте болады.Кетлердің өз шежіресін ұмытуына,дамытпауына Ресейлік ақ,сосын қызыл патшаларда қосылып,кете шежіресін қудалауға әкелді. Енді міне осы 2000 жылдан соң кетелер теріге орап ,жерге көміп келген өз шежірелерін ашық жариялауға мүмкіндік алды. Сол шежіреден сіздер дәл қәзір мәліметтер алудасыздар.

Енді қысқаша кете сөзінің шығуы турасында.

Бозанша батыр азамат болды,үйленді,үйлі-баранды ,3 азамат ұлы болды.Адамқожа,Түменқожа,Тойқожа деген .Осы күнгі кетелер—осы Бозаншаның 3 ұлының ұрпақтары. Негізінен Адамқожа-( бұл үлкен ұл) оның тұңғышы Сәду (кейіннен Ожырай аталган) мен інісі Сәбденнің ұрпақтары—Адамқожа делінеді.2-ш і ұлдан Түменқожа ұрпақтары қара кете депте аталған.3-ші ұлдан Тойқожа деген—халық Ақ кете дейді .Осы 3 ұлға атақты би Кетебұғының құрметімен ұмтылмасын деп Кете деген ат берілді .Ұраны деп сосын Майлыбай көкелерінің атын берді ,18 жасында халық үшін құрбан болып, ұрпақсыз қалған.Бұл істі ұйымдастырып, өз ата-бабасын ұмыттырмаймын деп Бозанша батыр жасады,және де Бозанша батыр халықтың да батыры .Талай-талай жорықтарға шыққан халық үшін соғысқан ер азамат.


3 аталы кетенің одан әрі дамуы.


3 аталы кетеге,әр ұлға әлгі Бозаншаның 3 ұлына 3 таңба берілді,ұраны Майлыбай деп белгіленді.Осыны ұйымдастыруда Бозанша өте үлкен орында болды.Ол жоқ жерде- барды жасады,өз ата-бабаларының атақ-даңқын жоғары көтерді,көрер көзге Кетебұғы бабасының рухын жоғарлатты.Осындай жағдай әлгі ниетерінде жамандық сақтаған кете емес тайпа өкілдеріне ұнамады.Олар реті келсе Бозаншаны төмендетуге,атақ-даңқын жоқ қылуға ұмтылып,әр-түрлі өсектерді қарша боратты.Сол тіршілік осы күнге дейін жалғасып,кете емес тайпаның кейбір өкілдері кете туралы өтірік шежіре жазғыш болып алып,беттері қызармай-ақ,өсектерді әрі қарай жалғастырды.Бірақ бұлардың осы тіршіліктері ілгері баспады. Өйткені шындықты білетін халық,бұған қарсы болып,өтіріктерін беттеріне басты.2000 жылдан бастап, қудалауда болып жәрия бола алмай жүрген шежіре ашық айтылып,халыққа жетіп, бұл ойлары масқараланып,іске аспады.3-кетені бір-бірінен ажыратуға бағытталған әрекеттері қатты басылып тасталынды.Өтірік түбі 1 тұтам дегендей шындық жер бетіне шықты.Қәзір жол ашық кетелерім, 3 таңбалы кете өз бауырларын тауып, қауышып жатыр, әрі қарай қауыша береді де.
абильбек
30-03-12 20:08
Б?кіл кетелерді ?з наурыз мейрамымен ??тты?таймын. і
?лемні? таратылыс к?шін те?естірген,рухын ас?а?тат?ан,алысты жа?ындат?ан,к?н мен т?нді те?естірген Наурыз ??тты болсын.Сіздерге ??дайым ?р?ашан ба?ыт,ырыс,несібе,байлы?,ынтыма?,ауыз-біршілік ж?не береке берсін деп тілеймін. ?білбек.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube