Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: Байганин ауданы


Авторы Xабарлама
Bratandaringo
Beksh.nogai@bk.ru
20-04-12 22:38
Байганин ауданы ногайты ауылынын жастары кайда?
Байганин жастары кайда?

Авторы Жауап
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
27-08-17 10:52
БЕЙНЕ БІР ЖОЛ АЙРЫҚТА ТҰРҒАНДАЙМЫЗ
Қазақстанда жұмыссыздық жоғары деңгейде. Халықты күн сайын емес сағат сайын көтеріліп бара жатқан қымбатшылық қысып барады. Мұнай мен газға, басқа да қазба байлықтарымызға қатысты шетелдіктер мен мемлекет арасындағы жасалған келісім-шарттар мен түсімдердің халыққа жария болмауы, талан-таражға түсуі халықты ашындыруда. Біздегі «кризис» парақорлыққа батқан биліктің шетелдіктердің алдындағы дәрменсіздігінен, ел басқарудағы ішкі дағдарысынан туындап жатыр. Халық қазіргі кезде сырттан қарыз алу өте қауіпті екенін, алдымызда ауыр кезеңдер тұрғанын сезіне бастады. Өз байлығынан "үлесін" (дивидент) ала алмай халық айтақырда отыр. Халқымыздың алдында "Қаласың ба, жойыласың ба" деген сұрақ тұр? Бейне бір жол айрықта тұрғандаймыз.
27.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
26-08-17 21:31
КӨШЕЛЕРІМІЗ ХАРИЗМАЛЫҚ ТАБЫНУ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛДЫ
Қазақстан қалаларын, қала берді бүкіл аудан, ауыл көшелерін президенттің жолдауымен, портретімен, саяси ұрандармен көркемдеуді әдетке айналдырдық. Билік қоғамды рухани аздырушы әлем-жәлем жарнамалар мен жазуларға қарсы тұра алар идеологиялық құрал тек қана президентіміздің жолдаулары деп түсінетіндей. «Барлығын бір адамға жекешелендіріп бергендей көшелерімізді харизмалық - табыну құралына айналдырып жатыр. Сыйынғаныңнан сүйенгенің мықты болсын» - деген осы.
27.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
26-08-17 21:25
НЕГЕ ХАЛЫҚПЕН ЕМЕС?\
\ Бізде қоғамдық сананы – билеп-төстеуші үстем тапқа, бір адамға табындыру саясаты тиылар емес. «Ел басымен бірге - ел қуатын еселейік» деп ұрандатады (қала көшелеріндегі бильбордтан). Неге ел басымен? Неге «халықпен бірге» емес? Ел қуатын еселейтін де халықтың еңбегі емес пе? Қала берді «Қазақстан-Нұрсұлтан!» деп өңеш кере айқайлатынды шығардық. Барлық жерде «Ұлттық патриотизм», «Ұлттық мүдде» құндылықтырымызды бір ғана адамның есімімен байланыстыруды әкімшілік диктатура өздерінің іс-шараларына теориялық негіз етіп алған.\
\ 27.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
26-08-17 18:52
БҰЛ АКСИОМА.
Әдетте шетелдік монополистер азаттық алған елдерде экономикасының ең табысты салаларын - кен шығару, өңдеу өндірісін иеленеді. Сатып алу, пара беру жолымен билік тетіктеріне де мүдделес лоббистерін кіргізіп, көп жеңілдіктерге ие келісім-шарттарға қол жеткізеді. Қолдары жеткесін өз талаптарын зорлап ұсынып, бұл елдерді іштен қанай бастайды.
Шетелдік қанаудың бірте-бірте мемлекеттік монополистік қанауға ұласуы «жұмысшы табын» және халықтың басқа да бөліктерінің наразылықтарын тудырады. Монополисттердің зорлық-зомбылығы мен озбырлығы, жемқорлықпен былғанған жергілікті шенеуніктердің олармен сыбайластығы, өзгеге тәуелділік, экономикалық тапшылық пен тұрмыстағы мұқтаждық, еңбекшілердің әлеуметтік құқықсыздығы жұмысшы табы мен халықтың басқа жіктерін көшелерге шығарады. Осылай билеуші тап өз халқын қанаушы тапқа қарсы "арандатады". Бұл аксиома.
26.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 20:59
ЕЗІЛГЕН ХАЛЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТІ
Соңғы кездегі езілген халықтың бірі ретінде танылған қазақ халқының "қытай экспансиясына" қарсы жиілеген наразылығы - олардың ұлыдержавалық үстемдік саясатын әшкерелеуден, өздерінің экономикалық, саяси тәуелсіздігін қорғаудан туындаған табиғи жауап әрекеті.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 20:58
БІР НӘРСЕ АЙҚЫН.
Бір нәрсе айқын – еліміздің қай түпкірінде болмасын қытай бүгінде Қазақстанның ішкі-сыртқы әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлтаралық қарым қатынасын ушықтырушы басты факторға айналды.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 20:57
ҚАЗАҚ БАЙЛЫҒЫ ҚАЙТАРЫЛУЫ ТИІС
Қазақстан Үкіметі тек қана шетелдіктердің пайдасына жұмыс жасап келген бір жақты экономикасын өзгертуге әрекет етпесе, әлеуметтік екі жақты қанау дағдарысы дендеп, ауыр кезеңдерге әкелетінін халық түсіне бастады. Мұны шешудің бірден-бір жолы шетелдіктерге өтіп кеткен басты стратегиялық қазба байлығымызды мемлекет меншігіне қайтаруды бастауымыз керек. Біріншіден, офшорда жатқан миллиардтарды халықтық қоғамдық ұйымдар арқылы сұрату жолымен (ҚазақГейт тәсілімен "Бота" қ/қ құру) елге алдырту. Екіншіден, Қазақстанға қарыз шет мемлекеттерден алажақтарды қайтару. Солардың есебінен қытайлықтапрдың меншігіндегі иелікті қайтара сатып алу мәселесін көтеру қажет. Әйтпесе ертең кеш болады. Бұған қазақстандық қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, экономистер, өкілетті билік депутаттар араласулары тиіс.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 13:48
Жекені халық қалтасынан инвестициялау сипат алған.
Бізде Қазақстанда жедел индустриялық-инновациялық дамытуға деп әлеуметтік салықтан құралған «Ұлттық қор» және жергілікті «Бюджет» есебінен миллиардтаған мемлекеттің (халықтың) қаржысына салынып іске қосылған жаңа өндіріс орындары көп ұзамай-ақ жекелеген олигархтардың, әкімдердің туыстары мен монополистердің меншігіне өтіп жатыр. Ал, олар өз кезегінде бұған бір тиын да шығармай, халық қалтасынан майлы қасыққа ие болуда. Мемлекеттің иелігінде қалуға тиіс өндіріс кешендерінің жекелердің қолына өтуі өз кезегінде мемлекеттік сектордың әлсіреуіне, шынайы бәсекелестіктің болмауынан бағаның қымбаттауына, тарифтердің тұрақты түрде бақылаусыз өсуіне әкеліп, ал түскен табыс тағы да жекелерді байытып, әлеуметтік қанаудың көрсеткішін ұлғайтуда. Бұған екінші деңгейдегі банктерді ұлттық қор есебінен демеуді және қосыңыз. Меншікті иелену төңірегіндегі жаппай жайлаған осындай сыбайлас жемқорлық та бүгінде Қазақстанда жүйелі сипат алған.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 13:47
БІЗГЕ КЕРЕГІ ШЫНАЙЫ РЕФОРМА
Жиырма алты жыл болды, елде шынайы саяси реформалар әлі жасалған жоқ. 2011 жылғы Президенттің ішкі және сыртқы саясатымыздың маңызды 30 бағытын айқындаған 2030 жылға дейінгі жолдауында да (24-бағыт) саяси жүйені демократияландыру бағытындағы стратегиялық ұстаным әкімшілік басқару түрінде қала беретіні баса айтылды. Демек таяу болашақта да қанша үміттенсек те басқару тетіктерінде ешқандай «саяси реформа» жүргізілмейді. Мемлекетті басқару «Ұлт басшысы» мәртебесінде құрылған қазіргі біздің қоғамды демократиялық деп айтуға да келмейді. Билік алдағы уақытта да қоғамдық құрылымға қайшы келетін, оның ықтиярынсыз бір жақты «саяси бағдарламаларды» жүргізе беретін болады. Мұның соңы елде жаңа ішкі әлеуметтік қайшылықтарды онан сайын тереңдетіп, онысыз да ушығып тұрған жемқорлықтың өрши түсуіне, зорлық-зомбылыққа құрылған саяси режимнің ұзағынан салтанат құруына әкеледі.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 13:46
БІРПАРТИЯЛЫҚ РЕЖИМ....
Қоғамымыздағы саяси құрылысты түбірлі түрде реформалау – демократиялық қоғамның ең прогрессивті формасы дейтін болсақ, қазіргі қазақстандық биліктің бұл қағидадан ауытқып, президенттің өкілеттігін «ұлт басшысы» мәртебесімен 2020-шы жылға дейін ұзартуы демократиялық құндылықтарды мазақ ету.
Қашанда өз билігін ғұмырлы ету жолында оңшыл күштерге сүйенген үкімет және бірпартиялық (бізде НұрОтан) режим демократиялық құндылықтарды сайқымазақ етіп отырған.
Сырт көзге ішкі жұмыстары қаншалықты демократияшыл көрінгенімен, ат төбеліндей топтың сайлануымен болған президент те, үкімет те демократиялық мемлекет бола алмайды.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
23-08-17 21:50
Демократиялық институттары әлсіреген
мемлекеттердің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласу, ықпалын жүргізу қаупі ұлғая түседі. Сондай елдердің қатарында қытайдың дегеніне малтыққан Қазақстан тұр. 24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
23-08-17 21:48
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ МОДЕЛІ
Билік: «бізде Қазақстандық саяси реформаның өз моделі, дәстүрлі менталитетке сүйенген өзіндік демократиялық жолы қалыптасу үстінде» - деп, бұқараны сендіргісі келеді. Шын мәнінде елдегі барлық басқару деңгейін авторитаризм мен шығыс деспотиясының белгілері бар туыстық отбасылық жайлаған. Тұрмыстық деңгейдегі рушылдық билікке де жетті. Әкімдер айналасына кадрды іскерлігіне қарай емес, әлеуметтік, тектік, рулық (трайбализм) негізде жинайды және ең сорақылығы билік тетіктері сатылады. Бұл өз ара сыбайластықты, жемқорлықты орнықтыруда. Міне қазіргі Қазақстандық саяси жүйенің өзіндік моделі. 24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
17-08-17 19:31
ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ УАҚЫТ ТАЛАБЫ...
Бүгінгі Президенттік ел басқарудан негіз алатын әкімшілік жүйе Қазақстанды сол баяғы тоталитарлық кеңестік жүйенің екінші бір түрі авторитарлық билікке алып келгенін мойындауымыз керек. Қазіргі қызғыштай қорғап отырған әкімшілік жүйе де бұрынғы Кеңестік жүйеге егіз қозыдай ұқсас режим.
Билік түрлі сылтаулар айтып, шынайы көппартиялық парламенттік ел басқаруға көшуге бармай отыр. Жергілікті өзін-өзі басқару Заңы да қағаз жүзінде қалды. Әкімшілік жүйе әлеуметтік өміріміздің, экономикамыздың тежегішіне айнала бастады. Елде әлеуметтік реформалар заңдылықтар аясында емес, көбіне заңға томпақ жарлықтар мен қаулылар, бұйрықтар арқылы жүруде. Ал бұл өз кезегінде еліміздің саяси дамуын тежеп, демократиялық принциптердің бұрамалануына әкелуде. Айтарым, қоғамды демократияландыру ел басқарған саяси биліктің ара-жігін айқындау уақыт талабы.
17.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
29-06-17 13:22
Құрметті достар, кейде «Біртұтас бір қазақты, етпекпізбе құрама, руға бөлінбейік» деп, бір АДАЙ-дың төңірегінде дау туындап, шулап жатамыз. Айтарым, кез келген қазақ кездескенде «шырағым, бауырым қай туғансың» деп сұрайтыны бар. Мұны қазақ «жөн сұрасу» дейді. Руыңды білу, оны мақтана таратып берудің еш айыбы жоқ. Ол да үлкен ру тайпалық одаққа біріккен ержүрек рулардың бірі. «Жеті атасын білген бала (жұрт) жеті жұрттың қамын жейді» дейді тағы қазақ. Жеті атаңды білу – жеті шалдан тарап, өсіп-өнген ұрпақты - ұрымға кеткен ұлдың, қырымға кеткен қыздың барған жерін, келген елін білу, оларды түгендеп отыру деген сөз. Әрбір рудың тарихы оның ерекшеліктері, батырлары - ол қазақтың төл тарихы. Өз руыңның тарихын өзгеге тарата тани білсең ғана ҮШ ЖҮЗГЕ БІРІККЕН бірі туған құдаңның, екіншісі туған нағашыңның үшіншісі туған жиеніңнің жұрты екеніне, барлығы бір ҚАЗАҚ екеніне көзің жетеді. Бұл бірлігіміздің бектігінің бірден-бір кепілі. Әр рудың жақсысы, тарихы - бар қазақтың мақтанышы, қазақтың өзге ұлттан ерекшелігі. Өкініштісі сол, халық сөзінің, жазылған жайдың төркінін танып, түсіну орнына көбіміз мұны таяз пайыммен қабылдап, қырық пышақ айтысып, бір-бірімізге тасырақ мінез көрсетіп жатаыз. Ендеше дауды доғарып, осының барлығын біріміз жөн сұрасып, екіншіміз жөнімізді түсіндіргеніміз деп қабылдайық.
29.06.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
26-06-17 21:44
25 ЖЫЛДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІГІМІЗ -ҚАРЫЗҒА БАТУЫМЫЗ БОЛДЫ
25 жылда жеткен жетістігіміз де, жеткен биігіміз де сыртқы ҚАРЫЗЫМЫЗДЫҢ еселеп өсуі болды. 25 жылда экономикамызға келген кірісті - шетелге берер шығынымыз (қарызымыз) он орайды. "Соны шешудің, тығырықтан шығудың бірден - бір жолы" деп, билік қазақтың жер асты, жер үсті бар байлығын өзгеге үлестіруге кірісті. Бұлай жалғаса берсе бір кезде жерді де кепілге салуы әбден мүмкін. Қытай бүгінде Қазақстанның банктерін де сатып ала бастады. Банктерді иеленсе онда кепілдікте жатқан түрлі нысандар мен шаруа қожалықтарының миллиондаған га жерлері де қытайдың меншігіне өтеді. Соңғы кездегі Қытайдың қазақ банктерінің акцияларын сатып алуға ұмтылудағы жымысқы мақсаты онда кепілдікте жатқан қазақ жерлеріне қол жеткізу екенін де түсінетін, сезінетін уақыт келді.
26.06.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
11-06-17 18:12
ҚЫТАЙ және САЙЛАУ
Әубаста мұнайымызды ғана игереміз деп жиырма жылға келген Қытай, бүгінде Қазақстандағы өз мерзімін 50-60 жылға және ұзартып алғаны белгілі. БАҚ ақпаратта қытайлықтар Қазақстан мұнайында әлі де болса қалуды, мерзімін ұзартуды тағы сұрап жатқан көрінеді. Неге? Меніңше, енді олар «келесі кезекте» - деп өз ықпалын мұнайдан «басқа мүліктерімізді» (тұрғын үй, әлеуметтік кешендер, өндіріс орындары-зауттар мен кәсіпорындар т.б) түпкілікті иелену, кәсіпкерліктің мұнайдан басқа да бағыттарын кеңейту үшін Қазақстанда ұзағынан қалу жолында іргесін бекемдей түсуге кірісті.
Менің көңілім алаңдаулы. Қазақстанда сайлау процестерінің қалай өтетіні бізге жақсы таныс. Жазылған заңдардан жазылмаған заңдардың биік тұрғаны тағы бар. Саяси науқандық шаралар кезінде үлкен қаржылық топтардың кейбір саяси ағымдар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың мүддесі тұрғысынан бірігіп қимылдайтыны әлемдік тәжірибеде бар. Демократиясы үлгі боларлық Европа, кешегі АҚШ та өткен соңғы сайлау да бұған дәлел.
Ендеше, ертең үлкен саяси науқан - сайлау кезінде олар абсолютті әлеуметтік субъект ретінде жасырын жатқан өмір сүруіне қажетті талаптарды шығарып жүрмей ме? Болашақта Қытай еліміздегі сайлау кезінде туындаған кейбір нақты жайлар төңірегінде қоғамдық пікір тудырып, белгілі бір депутаттық фракцияларды қолдау арқылы белгілі бір кандидаттың, топтардың, ірі компаниялардың мүддесін көздейтін үлкен ықпалды қаржылық әлеуметтік топқа айналып жүрмесіне кім кепілдік береді?
11.06.2017.
.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
19-05-17 14:22

"БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ"
Форумнан кейін Қазақстанда қытайлық ірі компаниялардың жұмыс істейтіні белгілі болды
16.05.2017.
Қазақстанның маңызды нысандарына қытайлық компаниялар кіре бастады
Kapital.kz
"ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары барысында екіжақты бірнеше келісімге қол қойылғанын отандық БАҚ өкілдері кешеден бері жарысып жазып жатыр",- деп хабарлайды SN.KZ. - Пекинде бірнеше мемлекеттің басшыларының басын қосқан «Бір белдеу, бір жол» форумынан кейін қытайлық ірі компаниялардың Қазақстандағы маңызды нысандар жұмыс істейтіні белгілі болды".
Солардың бірі - COSCO Shipping корпорациясы. Аталған компания мен Ляньюньган порты «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағын бірлесіп дамытпақшы. Үшжақты келісімнің нәтижесінде «Қорғастың» 49 пайызы қытайлықтарға беріледі. Ал, қалған 51 пайызы «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ-ның меншігінде қала бермек.
«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ төрағасы Қанат Алпысбаевтың айтуынша, бұл қадамға барудың басты мақсаты - 2020 жылға дейін контейнерлер ағынын ұлғайту, яғни санын 2 миллионға дейін жеткізу болып табылады екен. Енді жұмыс көлемі ауқымды болғандықтан Қазақстанға алдағы 3-4 жылда Қытай жұмысшылары көптеп келуі мүмкін.
Қытайлықтар тек «Қорғасқа» ғана емес, Қызылорда өңіріне де келеді деп күтілуде. Қаржысы талан-таражға түсіп, құрылысы тоқтап қалған Қызылорда шыны зауытын да ел билігі қытайлық компаниялардың қолына тапсырыпты. Зауыттың негізгі операторы болып табылатын "Orda Glass" ЖШС кеше Қытайдың Çina Triŭmph International компаниясымен келісімге отырған. Енді аталған компания құрылыс алаңындағы жұмысты қайта жандандырып, жыл соңына дейін зауытты іске қоспақшы.
Informbŭro.kz порталының жазуынша, Қытайлық инвесторлар құрылыс жұмыстарын бітіріп беруге келісімін берген. Келісімшарттың өзге шарттары туралы "Бәйтерек" холдингі жақ ашпай отыр.
Гүлсамал Аймаханова
17 мая в 13:36 · 2017 ж.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
18-05-17 17:56
АУЫЛЫМ НОҒАЙТЫМА САҒЫНЫШ

Ауыл көк өзегінде көбелек қуып, ақ тақырда асық ойнап, топырағында асыр салып, жалаң аяқ құйындатқан құлын жылдарымыздың құтты қонысы. Бәрі жадымда. Жазы - күзі бөгет суына қой тоғытып, сақман барып қозы қоздатып, сабан тереміз, келдек жинаймыз. Табанымызға кірген тікенекке қарамай дала кезіп жерсағыз, бүлдірген іздейміз. Сөйтіп жүріп ойынға да уақыт табамыз. Тұрғызылып жатқан жаңа құрылыс үйлердің іші-сырты ауыл баласы үшін қылыштасып ойнайтын таптырмайтын мекен, ойын алаңы. Біріміз үйдің ішкі жағын қорған етсек, екіншілеріміз қамал бұзардай шулап, сырттан шабуылдаймыз. Ақ тақырда асық, шүлдік, қашақ ойнап, футбол қуамыз. 15 таяқ шашып жасырынбақ ойнаймыз. Қыздар жағының өздері үйір (бестас, гүл кесе, мак, т.б) ойындары бар.
Туған ауылдың түтініне де түк жетпейді, біздер үшін бейне бір иіс судай. Ауыл біздер үшін әке – шешеміздің табан тіреген жері, сол әулетте дүние есігін ашып, балалық шағымызға куә болған қасиетті мекен. Төсінен түлеп ұшқан сансыз түлектеріне сәт-сапар тілеп, қайта оралғанда сағына кең құшағына алатын қартымыз. Елге жиі шығамын. Кеше ғана ауылға тағы барып келдім. Бүгінде сол балғын балалықтың куәсі біз тұрған үйдің топырақ болып орны ғана қалған. Үй алдына егілген қарағашта жоқ. Бізден кейін иесі екі рет өзгерген сол үй жөндеуге келмей, қожайыны ауылда жаңа салынған үйге көшіп кетіпті. Төңірек түгел өзгерген. Ауыл жүдеу, халқы жұмыссыз. Күйсіз халық көшіп жатыр, кетіп жатыр. Көңілде енді бірер жылда ауылға емес "айтақырға" барамыз ба деген қорқыныш та бар. "Алтын балық" ертегісіндегідей үй сыртында "сынған ескі астауына" үңіліп, бұйығып, ойға шомып отырған бірлі - жарым үлкендер байқалады. Тек менің жадым сол қалпы: төрт бөлмелі туған үй, анамыз екеуіміз еккен қарағаш, көк аспан, уайымсыз балалық шақ - бәрі-бәрі күні кешегідей есімде.
Сондай-ақ, туған жердің қадір-қасиетін аңғартуда ишара, тұспал болып тұрған ондағы мәңгілік жайын тапқан әке-ана, туыс, бауыр бейіті де – шыққан тегін, жерін қастер тұтар ұрпақтың бас иер мекені. Елге шыққан сайын көз алдыма ауыл шетіндегі айдау жолдың бойындағы қауымдағы, ақ көкем мен анамның рухын күзетіп үнсіз жатқан ауылымның жайсаң жандары келеді. Әрі өткен-бері өткеннен бір ауыз дұға дәметіп жаутаңдайтұғын секілді. Осындайда ақын Айсұлу Қадырбаеваның мына өлең сөздері еріксіз ойға оралады, бейне бір ауылымның көз көрген, қазірде өмірден өткен сол бір қарттарына арналғандай:
«Апырмай...
сәті бір түспей қойда-ау кешегі
Қарттарға қайтқан
қайыр да болсын айтарға.
Е-е-е, ендігі барыс
ауырлау болар, байқаймын,-
көбі жоқ көзін
көрген шалдардың Көкемнің...
қауқылдап бәрі
қарсы алушы еді, барғанда...
ендігі жұртқа-бөтенмін!».
Не керек туған жердің айнала төңірегі, қашанда үнемі еске оралатын көнекез қарттар бейнесі, өсіп тұрған тал-терегі, жасыл желегі, саф ауасы, мал – жаны, бала ойынымен бәрі-бәрі қасиетті топырақтан нәр алып тұрғандай сезінетінбіз. Өткен балдәурен шақта көріп өскен, әлеуметтік ортамыз ауыл тірлігінен алған тәрбиелік әліппеміз бізге әлі күнге дейін сабақ, өмірлік азық болып келеді (С.Н.Қ). 16.04.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
18-05-17 17:45
ОЯН ҚАЗАҚ, ҚЫТАЙДАН ҚАУІП БАР.

Қытайдың Білім министрлігінің бекітуі бойынша Шанхай Халықаралық Зерттеулер университеті 2017 жылдан бастап, қазақ тілін үйрететін арнайы бөлім ашады,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі. Иә, Қытайда көршілес елдерді соғыссыз жаулап алудың жолын көздеген Шанхай Халқаралық зерттеулер орталығы бар."Нешауа десең, орыс қызын береді"-деген, қашанда қазақша сөйлеген өзге ұлтқа таңданыс білдіріп, қой сойып, жайлып төсек болып төрімізден орын беретін қонақжай, көңілшек қазақ емеспіз бе? Осылай орыс та жайылған бір кездерде қазақ жеріне. Қазақтың осындай әлсіз тұсын олар жақсы зерттеп, біліп алған. Осындай жағдайларды сараптап отырған Қытай Қазақстанды зерттеу объектiсiне алып отырғанын кездескен қытай ғалымдары да жасырмайды. Қытай қоғамдық академиясының профессоры Гу Гуан Фу: «Қазақстанға жылына үш төрт рет барамын. Қытайдың орталығында және шекаралас аумағында Қазақстан мен Орталық Азияны зерттейтiн бiлiктi институттар бар. Бiр жақсысы, Қазақстанмен қарым-қатынас ұстау өте тиiмдi. Сiздер байланысқа тез келесiздер. Ал Ресейде болса олай емес. Екi ортада саяси қайшылықтар кездесiп қалады», - деп ағынан жарылуында үлкен алпыс астарлы мән жатыр. Орталықтың түпкі көздегені көрші мемлекеттерді қытайландыру. Осы жолда олар қазақ тілін оқыту арқылы қазақ тілін игерген қытайлықтарды қазақ ортасына енгізуді бастайды. Уақыты келгенде қазақ тілді қытайлықтар бірі аудармашы, мектеп мұғалімі, бизнес өкілдері болып келіп Қазақстан нарығын иегеруге ағылады. Сондай-ақ қазақ тілді қытайлықтардың Қазақстан азаматтығын алуына да жеңілдік болады. Бұған бір қытайдың соңынан мың қытайлықтың келетінін және қосыңыз. Қазақстанды қытайландырудың қытайлық жымысқы жолы бұл. Соңғы 20 жылда Қытайдан иммиграцияланғандардың саны шамамен 30 миллионға жеткен. Кейбір дерек көздері бойынша, Қытайдан шыққан іскер топтардың ең кемінде екі триллион доллар қаржысы бар көрінеді. Ол - ол ма, Азиядағы аты жер жарған жүз милпиардердің 39-ы тағы да сол қытайлықтар екен. Мұндай қалталы адамдар, сөз жоқ, ертеңгі Қазақстан саясатына араласады.Мұның соңы не болмақ? Осыған кім жауап бере алады? Аты мәшһүр американдық саясатшы Збигнев Бзежинский: «Көп ұзамай Оңтүстік Шығыс Азияға түгелімен Қытай үстемдігі орнайды» деп үрейленетіні осы себептен. Бұл түптің түбінде Қазақ мемлекеттігінің негізін шайқалтатын, ұлтаралық ахуалды ушықтыратын аса қауіпті қадам. Бұған Синцзян Ұйғыр автономиясындағы қазақтар мен ұйғыр бауырларымыздың өз жерінде азшылыққа айналып, мектептерінің жабылуы, қалыптасқан күрделі әлеуметтік, ұлтаралық хал-ахуалдың жиі-жиі ушығуы дәлел болады. Өкініштісі қытайлықтардың бұл жымысқы саясаты "Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатынастың нығайуына, сондай-ақ өзара бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді" - деген үлкен сөздермен бүркемеленіп жүргізілмекші. Қытайдың болашақ гегемониясының қазiрдiң өзiнде көзге түсiп қалатын элементттерi жайына келгенде қытай саясаттанушылары пікірлерінен алыстан орағытып, ол жайында ойлауға мұршаңызды келтірмейтіндей етіп шатастырады. Сондықтан да Қытайдың Қазақстанға қауiп төндiруі мүмкін саясатын жоққа шығаруға болмайды. Тiптi, Қытайға көршілес өзге елдердiң бәрiнде де сол қауiп бар. Бұл заңды да. Өйткенi тарихтан да белгiлi, сол мемлекеттегі ішкі қуаты артқан сайын, оның араны да ашыла түспек. Қазіргі кезде әрбір қазақты қытайдың бұғауына өзі келіп кірген Қазақстанның болашақ жағдайы қандай болмақ деген сұрақ мазалайды. Қара Қытай қаптайын деп тұр. ОЙЛАН ҚАЗАҚ!!! 05.05.2017.
Фото Нұрлыбая Қошаманұлы.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
05-05-17 09:02
ҚЫТАЙДЫҢ ЖЫМЫСҚЫ САЯСАТЫ


Қытайдың Білім министрлігінің бекітуі бойынша Шанхай Халықаралық Зерттеулер университеті 2017 жылдан бастап, қазақ тілін үйрететін арнайы бөлім ашады,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі. Иә, Қытайда көршілес елдерді соғыссыз жаулап алудың жолын көздеген Шанхай Халқаралық зерттеулер орталығы бар."Нешауа десең, орыс қызын береді"-деген, қашанда қазақша сөйлеген өзге ұлтқа таңданыс білдіріп, қой сойып, жайлып төсек болып төрімізден орын беретін қонақжай, көңілшек қазақ емеспіз бе? Осылай орыс та жайылған бір кездерде қазақ жеріне. Қазақтың осындай әлсіз тұсын олар жақсы зерттеп, біліп алған. Осындай жағдайларды сараптап отырған Қытай Қазақстанды зерттеу объектiсiне алып отырғанын кездескен қытай ғалымдары да жасырмайды. Қытай қоғамдық академиясының профессоры Гу Гуан Фу: «Қазақстанға жылына үш төрт рет барамын. Қытайдың орталығында және шекаралас аумағында Қазақстан мен Орталық Азияны зерттейтiн бiлiктi институттар бар. Бiр жақсысы, Қазақстанмен қарым-қатынас ұстау өте тиiмдi. Сiздер байланысқа тез келесiздер. Ал Ресейде болса олай емес. Екi ортада саяси қайшылықтар кездесiп қалады», - деп ағынан жарылуында үлкен алпыс астарлы мән жатыр.
Орталықтың түпкі көздегені көрші мемлекеттерді қытайландыру. Осы жолда олар қазақ тілін оқыту арқылы қазақ тілін игерген қытайлықтарды қазақ ортасына енгізуді бастайды. Уақыты келгенде қазақ тілді қытайлықтар бірі аудармашы, мектеп мұғалімі, бизнес өкілдері болып келіп Қазақстан нарығын иегеруге ағылады. Сондай-ақ қазақ тілді қытайлықтардың Қазақстан азаматтығын алуына да жеңілдік болады. Бұған бір қытайдың соңынан мың қытайлықтың келетінін және қосыңыз. Қазақстанды қытайландырудың қытайлық жымысқы жолы бұл. Соңғы 20 жылда Қытайдан иммиграцияланғандардың саны шамамен 30 миллионға жеткен. Кейбір дерек көздері бойынша, Қытайдан шыққан іскер топтардың ең кемінде екі триллион доллар қаржысы бар көрінеді. Ол - ол ма, Азиядағы аты жер жарған жүз милпиардердің 39-ы тағы да сол қытайлықтар екен. Мұндай қалталы адамдар, сөз жоқ, ертеңгі Қазақстан саясатына араласады.Мұның соңы не болмақ? Осыған кім жауап бере алады? Аты мәшһүр американдық саясатшы Збигнев Бзежинский: «Көп ұзамай Оңтүстік Шығыс Азияға түгелімен Қытай үстемдігі орнайды» деп үрейленетіні осы себептен.
Бұл түптің түбінде Қазақ мемлекеттігінің негізін шайқалтатын, ұлтаралық ахуалды ушықтыратын аса қауіпті қадам. Бұған Синцзян Ұйғыр автономиясындағы қазақтар мен ұйғыр бауырларымыздың өз жерінде азшылыққа айналып, мектептерінің жабылуы, қалыптасқан күрделі әлеуметтік, ұлтаралық хал-ахуалдың жиі-жиі ушығуы дәлел болады. Өкініштісі қытайлықтардың бұл жымысқы саясаты "Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатынастың нығайуына, сондай-ақ өзара бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді" - деген үлкен сөздермен бүркемеленіп жүргізілмекші. Қытайдың болашақ гегемониясының қазiрдiң өзiнде көзге түсiп қалатын элементттерi жайына келгенде қытай саясаттанушылары пікірлерінен алыстан орағытып, ол жайында ойлауға мұршаңызды келтірмейтіндей етіп шатастырады. Сондықтан да Қытайдың Қазақстанға қауiп төндiруі мүмкін саясатын жоққа шығаруға болмайды. Тiптi, Қытайға көршілес өзге елдердiң бәрiнде де сол қауiп бар. Бұл заңды да. Өйткенi тарихтан да белгiлi, Қазақ мемлекетіндегі ішкі қуаты артқан сайын, оның араны да ашыла түспек. Ендеше қытай бұғауна түскен Қазақстанның жағдайы қандай болмақ деген сұрақ өздігінен туындайды. Қара Қытай қаптайын деп тұр. ОЙЛАН ҚАЗАҚ!!!

Н.Қошаманұлы.
05.05.2017.
87785976287
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
12-02-17 09:46
ҚР ПАРЛАМЕНТІ ДЕПУТАТТАРЫ НАЗАРЫНА
(Халқымыз айтақырда қалғалы тұр)
Құрметті ҚР Парламент депутаттары – мүлікті жеке меншікке өткізу төңірегінде тиылмай тұрған мына жайларға көңіл аударады деп үміттенемін. Жасыратыны жоқ соңғы жылдары аймақтарда жергілікті әкімшіліктер заңсыз келісім-шарттар жасау арқылы өздерінің меншігінде болып келген жүздеген шаруа қожалықтарының жерін саудаға салып жіберді. Мыңдаған, миллиондаған гектар жер бүгінде түрлі олигархтар мен латифундистердің, тіпті шетелдіктердің меншігіне өтіп жатырғаны да шындық. 26 жылдың ішінде Конститтуцияға 15-тен астам өзгерістер енгізу жолымен талай «мүліктердің» ірі аграрлық компаниялар мен қаржы топтарының сатып алуына «алғы шарттар» жасалынды. Өкініштісі, осы уақытқа шейін Ата Заңға өзгерістер енгізу мен жерді, басқа да мүліктерді жеке меншікке өткізу реформасы бірде-бір референдумсыз халықтын сыртынан жүргізіліп келді.
Айтарым, мемлекет тарапынан жоспарланып жатқан 26 - бапқа қатысты «соңғы өзгерістер мен толықтырулар» бұған дейін де жекешелендіруге байланысты жіберілген қателіктерді қайталауы, халықтың саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірін одан сайын тұралатуы мүмкін. Егер 26-бапты өзгерту күшіне енетін болса, бұл қадам онысыз да өзімен-өзі қалған ауыл халқының «жоғары билікке ықпал ететін», шалқайғанда тіренетін қолындағы соңғы «СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТЕТІГІ» жерінен де айырып (қолындағы қаруы десек те болады), жай малын бағып күнін көріп отырған жекелеген отбасыларын бүгінгі қонысынан да еріксіз көшуге, ауыл халқын үлкен демографиялық қозғалыстарға мәжбүр етеді. Мүлкінен, жерінен, бәрінен айырылған халық «АЙТАҚЫРДА» қалды деген сөз. Бұған қазірдің өзінде жұмыссыз қалып, жері тарылып, қожалығын кеңейтіп мал бағу мүмкіншілігінен айырылған ауылдағы көптеген «шаруа қожалықтары» тарап, олардың даладан қалаға, қаладан басқа облыстарға көшіп жатырғаны дәлел болады. Бұл процесс (ақтабан шұбырынды) әлі жүріп жатыр.
Қоғам қайраткерлері, заңгерлер, халықтың басым бөлігі «Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 26 - бапқа өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заң жобасының асығыстық екенін, ертең оны біреулер түрліше айналдырып, пайдаланып кетуі мүмкін екенін ескертуде. Бұл да СІЗДЕРДІ ойлантуы тиіс өкілетті билік депутаттар. Әрқайсымыз тарих алдындағы жауапкершілігімізді сезінуіміз керек. Біз, сайлаушылар - мұндай экономикалық, саяси реформаны бастамас бұрын меншік бөлісінде төмендегі шараларды іске асыруымыз қажет дейміз.
Біріншіден – Атқарушы билік пен өкілетті билік Парламент пен мәслихаттардың құзыры әділ сайлау жолымен терезесі тең сөйлесер, шынайы көп партиялы күйге келтірілмейінше;
Екіншіден – Жаңа сайлау заңы қабылданбайынша;
Үшіншіден – «Жергілікті өзін-өзі басқару заңы» қайта қаралып, толыққанды жаңа нұсқасы қабылданып, халық әкімдерді өздері сайламайынша;
Төртіншіден – Үкімет, Парламент, Сот билігі құзыретін айқындап, оларды қадағалайтын «Конституциялық Сот» билігі қалпына келтірілмейінше;
Бесіншіден – заңды жүзеге асыратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін механизмдерді қалпына келтірмейінше - қандайма өзгерістер атаулыны тоқтата тұрғанымыз дұрыс болады.
Парламент депутаттары парасатты келісімге жеткізетін, халық мүддесінен шығатын жоғарыдағы шараларды жүзеге асырады, Конституциядағы 26-баптың бұрынғы нұсқасының өзгеріссіз қалдырылуына ықпал етеді деп үміттенеміз.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
30-01-17 16:53
Ноғайты жұрты неге алаң?
"Түркістан" газетінің авторлары 20 Янв, 2017 / 211 рет оқылды 0

Жақында Сенат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 18 тамыздағы Жарлығын орындау үшін Жер заңнамасына ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады.

«Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына жарияланған мораторий мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғаны белгілі. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығы жерлерінің сапалы жағдайы, олардың пайдаланылуы, меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер базасын құруға бағытталған ревизия және топырақтық, геоботаникалық зерттеу, оның кадастрлық құнын анықтауды қамтитын жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, заң жобасы мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруге байланысты мәселелерді заңнамалық тұрғыда реттеуді қолға алды. Айта кетейік, мораторий нормалары ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жерлердің барлығына да қатысты. Яғни, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер заңда көрсетілгендей полигондарға берілмеуі тиістігі де қаралған.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік туып отыр. Заңда жергілікті халық тиісті әкімшілік-бөліністің аумағында табыс көзі болып табылатын жердің меншік иесі болып табылатыны, демек тұрғындар өз ауылында, кентінде жоспарланып жатқан кез келген іске араласуы тиіс. Заңда халық экологиялық, демографиялық және өзге де зардаптарға апаруы әбден мүмкін, аумақ халқының мүддесіне қайшы келетін кез келген кешен құрылысын жүргізу, оның табиғи ресурстарын, табиғатын бүлдіру тек қана халықтың келісімімен ғана шешілетіндігі көрсетілген.
Сөйте тұра, қазіргі кезде «Эко Ойл Трейд» ЖШС-і Ноғайты ауылынан 19 шақырым жердегі «жер асты су қоймасының» территориясынан мұнай қалдықтарын өңдеп және залалсыздандыратын полигон құрылысын жоспарлауда. Полигонның жалпы ауданы – 5 гектар, жобаланып жатқан жер телімі­н­ің жалпы ауданы – 3 гектар, бұрғылау қалдықтары фракцияларының сұйық ертінділерін қабылдауға арналған карта аумағы – 1600 шаршы метр. Сұйық мұнай қалдықтарын қабылдауға арналған карта ауданы – 400 шаршы метр. Әрқайсысының сыйымдылығы – 4400 текше метр. Олар халықтың қарсылығына қарамастан осындай полигон құрылысын іске асырмақшы. Ал бұл территория астында алып тұщы су қоймасы орналасқан.
Су қоймасы «Ноғайты – Жамансор ауыз су тасымалдау өндірістік мекемесіне» қарайды. Ноғайты – Жамансор ауыз су тасымалдау өндірістік мекемесі 1973 жылы іске қосылып, осы кезеңге дейін жұмыс жасап келеді. Мекеме Батыс Қазақстан темір жолының ВОДЧ-4 бөлімшесі ретінде Ноғайты территориясының «Қырдасын» маңындағы ұңғымадан жер асты тұщы суын пайдаланып келеді. 1994 жылғы мәлімет бойынша су желісінің ұзындығы 168 км. Бүгінгі таңда мекеме тәулігіне 6 скважина 2000-3000 текше метр суды Ноғайтыдан көрші Атырау облысының Сағыз, Мұқыр, Жантерек, Жамансор елді-мекендеріне және сол өңірде орналасқан басқа да жеке шаруашылықтарға, сондай-ақ, НОД-4; 265; 279; 333; 377 бекеттеріндегі халыққа жеткізіп отыр. Қазіргі кезде бұл су тасымалдау кешені ауылдың инфрақұрылымдарының бірі ретінде оның әлеуметтік өміріне пайдасын тигізіп, 10 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған өндірістік мекемеге айналып отыр.
1970 жылдардан бері Ноғайты ауылында тұратын зейнеткер Зәлжан Сүйеуов те экологтардың сөзіне сенбейді.
– Мұнайдың қалдықтарын өңдейтін полигон салынбақ. Оған мен үзілді-кесілді қарсымын. Өйткені жобалаушылардың айтуынша, жердің бетіне полиэтилен төселеді. Біраз уақыт жерде жатқан мұнай қалдықтары кейін аспанға өздігімен ұшып кетеді екен. Полиэтиленнің орнына темір неге төселмейді? – дейді ол.
40 жыл бойы су бөгетінде жұмыс істеген Зәлжан Сүйеуовтің айтуынша, Ноғайтының астында тұщы судың ірі қоры бар.
– Ойыл ойпаты 80-90 шақырым аумақты алады. Яғни, осы жердің барлығы ірі су қоймасы деген сөз. Ал қазір Ноғайты ауылынан 19 шақырым жерге полигон салынса, ұңғыма су қоймасынан 7-8 шақырым қашықтықта жатса да, ол тоғанға кері ықпал етеді. Судың құрамын бұзады. Бұл бүкіл халыққа жасалып отырған қастандық деп ойлаймын, – дейді ақсақал.
Су бөгетінің бригадирі Қалжан Бекболат та полигон салуға наразы. Оның айтуынша, қазір су таза. Алайда полигон салынса, тұщы судың ластануы әбден мүмкін.
– Бұл нысан 1975 жылдан бері су айдап тұр. 10 мың халқы бар Атырау облысының Сағыз ауылын сумен қамтамасыз етеді. Тұщы суды Мұқыр ауылының тұрғындары да ішіп отыр. Бөгеттен Ноғайты ауылының тұрғындары да су алады. Судың тазалығын жұрттың бәрі мақтайды. Полигон салуға үзілді-кесілді қарсымын. Өйткені жердің астынан су алып отырмыз. Лас қалдықтарды жерге төккесін, ол суға барып сіңеді, – дейді маман.
Ноғайты ауылының тұрғыны әрі кәсіпкері Айқан Борашев та полигонның құрылысына қарсы.
– Ауыл тұрғындарының атынан бұған қарсылық білдіреміз. Себебі бұл жерде мал жайылады. Жер астынан шығып жатқан су Атырау облысына дейін таралады. Қазір малдан басқа қолымызда ештеңе жоқ. Мал бағумен күн көріп отырмыз. Полигонға қатысты жиынға мені ешкім шақырған жоқ. Полигон салып, айналамызды улай бере ме? Ақша жинайтын жиналыс болса, біздерді шақырады. Ал осындай маңызды жиналыс туралы хабарламайды, – дейді жергілікті билік өкілдеріне наразы кәсіпкер.
Полигон құрылысына қарсылық білдіріп Ноғайты, Ебейті, Айрық, Қопа ауылдары халқы қол жинады. Бұл жерлер өңір халқының мал жайылымы, тұтынып отырған «ауыз су» көзі. Өз жерінде жүріп, біреудің отына жылынғандай күй кешіп, құзырлы органдарға ықпал етердей сөзінде де, ісінде де пәрменінің жоқтығы ауыл халқын ашындыруда.
«Полигон жобаланған жер асты көзінен суын ішіп отырмыз, бұл жерге біздің малымыз жайылады. Ал мал ауырып қалса немесе уланып өлсе, оған кім жауап береді? Жерді бүлдіріп кеткендер халықты ойламайды, қалтасын ойлайды. Жерімізді ластамақшы «Эко Ойл Трейд» ЖШС-і неге жауапкершілікке тартылмайды?», – дейді жергілікті тұрғындар. Біздіңше, басым халық қолдамаса бұл жоба тоқтауы тиіс, себебі заң солай дейді. Көпшілік полигон құрылысының жүргізілмейтініне сеніп, құзырлы органдарға үміт артады.


Н.Қошаманұлы,

дәрігер,«Невада-Семей»

қозғалысының мүшесі

Ақтөбе облысы
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
21-10-16 18:44
Құрметті оқырман, сіздерге айтамыз! Ноғайты ауылының анықтамалық жинағы жазылып дайын тұр. Қаржы табылса жарық көреді Әлі де үлгеруге болады. Төмендегі аты аталған азаматтардың өмірдеректері қажет. Деректер мен өмірбаяндарды іздестіріп, жинақты жазуға 15 жыл ғұмырымыз кетті. Әлі де іздестірудеміз, көріскеннен сұрастыруды тиған емеспіз. Солай бола тұра, жинаққа енбей қалған адамдар да баршылық, мәселен, Жаңбырбаев Өскінбай, Жолдасбаев Тәжіғали, Демесінов Стархан, Иманғалиев Шаңдыбай, Қауқаров Қайрош, Құлниязов Бектажы, Раушанов Дауылтай, Шәмшиев Бек, Шонтаев Леш, Отархан, Сейілхан Айтбаевтар, Алдабергенов Аманқос, Әбдіров Таңат, Тәжібаева Саржан, Смағұлов Тұрарбек, Әбілев Маңғыбай, Александр Стрельцов, Александр Лунев, Ілияс Сатаев, Смадияр Беренқұлов, Рахов Үдербай, Хисамединов Қабижан, Нұрмағанбетов Құлет, Өтепов Ашықбай, Сейілханов Жалдыбай, Оразов Өтепберген, Шоманов Меңдібай, Шоманов Әбдіғали, Жаңбырбаев Қылышбай, Білтенов Сағын, Нұртазин Жақсылық секілді т.б. көптеген ауыл көнекөздері. Көмектесіңіздер, Хабарласыңыздар.
тел:87785976287, Нұрлыбай Қошаманұлы. 21.10.2016.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
21-10-16 18:34
ҚЫТАЙ КЕЛЕ ЖАТЫР!!!!
Қытай ҚАЗАҚСТАН экономикасының әлсіз тұстарын іздестіріп, қолайлы тұсынан кіруге тырысуда. ҚАЗАҚСТАННЫҢ қазіргі экономикалық жағдайы Қытайдың 51 кәсіпорнының (заудтары) ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ жасағалы отырған шаңды жорығы олардың әу бастан жоспарлаған экономикалық экспансиясына аса қолайлы шарттар туғызып берді. Соңғы жылдар ішінде Қытай ҚАЗАҚСТАН экономикасына бірнеше ондаған миллиард доллар ақша салды. ҚАЗАҚСТАНҒА енген қытайлықтар ерте ме кеш пе ішкі рентабелді, аяқтан тұрып келе жатқан жергілікті кәсіпорындарды бәсекелестік тұрғысынан банкротқа түсіреді. Бара-бара Қазақстандық акцияларды сатып алу арқылы экономикамыздың абсолютті билігіне, тетігіне қол жеткізеді. Мысалға қазірдің өзінде Грекия, Португалия, Италия секілді т.б. өзге де еуропалық елдердегі құнды қағаздарды жаппай сатып алып жатқанын айтуға болады.
Қытай шикізатқа бай елдердің бірі ретінде жаңа отаршылдық саясатын күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге батыстық инвестиция мен технология есебінен өз өнеркәсібін тез арада техникалық тұрғыдан қайта жабдықтау мен күшейту арқылы да өзге елдерді, соның ішінде ҚАЗАҚСТАНДЫ экономикалық тұрғыдан экспансиялауға мықтап кірісті.
"Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек. Олар сауда жасап жүрiп-ақ қатын-бала, үмек-шүмегiмен сабанның топанындай ағылып келiп, сенiң жерiңе атақонысындай орнығып алады. Ел алу, жер алу – Қытайға түкiргеннен де оңай. Ол көптiгiмен алады. Қаулаған өрттей басып қалады. Қытай өзiмен қоңсылас елдердi соғысып жойған жоқ, сауда жасап жүрiп-ақ жұтып қойды. Бұл сияқты жер алу, ел алу әдiсiн дүние жаралғалы тарих жүзi көрген жоқ шығар..." деп Жүсiпбек Аймауытов айтқандай енді міне 51 кәсіпорнын арқалап тағы ішке сұғына енгелі жатыр. Оның соңынан мың-мыңдап, миллиондап жұмысшылары ағылады.
Ол аз болғандай алдағы ЭКСПО - аясында да қытайлықтардың адами экспанциясы жалғасады. Қазіргі кезде бізде жемқорлық пен сыбайластықтың, жазылған заңдардан, жазылмаған заңдардың үстемі жүріп тұрған заманы емеспе. Осыны жақсы біліп алған олар ЭКСПО-ны Қытай қытайлықтарды Қазақстанға миллиондап кіргізудің, трамплиніне пайдаланудың "бақай есеп", басты жоспарына енгізіп қойыпты. Қазақстанда тұрақтап қалатын әрбір қытай азаматын қаржыландырудың жолдарын ойластырып, миллиардтаған юанын да әзірлеп қойған. ЭКСПО дан кейін Қазақстанда қытайлықтардың еркін жүріп - тұруына, кіріп - шығуына, барлық бизнесіне, Қазақстанда тұрақтап қалуына да молынан жол ашылады. Бабаларымыз: "қазаққа заманақыр келсе ол қытай жағынан болады" дегені келіп тұр. Қытай жағынан мемлекеттігіміздің, бірлігіміздің, жеріміздің тұтастығының, тәуелсіздігіміздің тігісі сөгіле бастай ма деген қауіп бар. ОЯН ҚАЗАҚ!!!
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
21-10-16 18:32
ҚЫТАЙЛЫҚ СНПС АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ басшыларының адам шошынарлық жүлдесіне тоқтау салу керек
Қытайлық СНПС АқтөбемұнайГаз компаниясы басшылары (ИДЕОЛОГТАРЫ десек те болады) 500 мың теңге тағайындау арқылы, асханасындағы аспазшыларға иттің, мысықтың т.б мақұлық еттерінен дәмді ас дайындағандарға жүлде белгілепті. Бүгін қазақтарға иттен тағам дайындатса, ертең бақа-шаян құрт құмырсқа етін, сосын сәби етінен ас дайындауға, жеуге үйретеді. Олардың бала етінен жасалған тамақты сүйсініп жейтінін ФБ бетінде әлденеше жариялады. Бейне деректерден (видео) қытайлықтардың бала мүшелерін сүйек мүжігендей тамсанып сорып отырғанына куә болып жатырмыз.
Жер бетіндегі жыбырлағанның бәрін жиіркенбей жей беретін қытайдың бұл жымысқы ісін (саясатын) - қазаққа үйтпеген итті үйттіріп, одан тағам дайындатып, ақшаға алданған қазақты дәстүрінен адастырып, рухани аздыру деп қабылдағанымыз дұрыс болар еді.
Бұлай кете берсе бала етін жеп үйренген қытайлықтар уақыты келгенде қазақ асханаларын да сәби етіне толтырып, қазақ ұрпағын адам етін жеуге үйретеді. Аздырады. Қытайдың мұндай жиіркенішті де арсыз "аспаздық өнеріне" жол бермеуіміз керек.
Бұған Ақтөбе облыстық әкімдігі, Ішкі саясат департаментіндегілер облыстық СЭС мамандары, құқықытық құзырлы органдар жол бермейді деп үміттенеміз. Ата-баба дәстүріне адал болайық Ағайындар.
ОЯН ҚАЗАҚ!!!!
Сапар
сағыз совхозы
24-05-16 05:42
Ноғайтылықтар қайдасыңдар, Ауыл туралы Нұрлыбай жазып жатқан кітапты шығаруға көмектесейік. Деректерің бар болса Нұрлыбайдың адресіне хабарласыңдар.
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
09-05-16 19:02
Қытайдың қатал ойыны мен жұмсақ экспанциясы
Соңғы жылдары қазақ пен қытай арасындағы қалыптасқан геосаяси жағдай басқаша сипат алып бара жатқандай. Саналы азаматтарды барынша мазалайтын фактор-тәуелсіз еліміздің Қытай сияқты әлемдік ірі державаның саяси және экономикалық ықпал жасау объектісіне айналуы. Бұл ғасырда Қытайдың батысқа кеңею кезеңі басталды. Мемлекеттік меншіктің басым бөлігін уыстан шығармау сияқты жақсы қасиеттерді ұстана білген, нарық пен социализм артықшылықтарын шебер үйлестірудің арқасында Қытай біздер сияқты үлкен экономикалық дағдарысқа ұшыраған жоқ. Қытайдың батысқа кеңею саясаты Ақтөбе мұнайынан басталуда. Аймақтағы экономика тетігін қолына алған олар бүгінде батыс өңіріндегі саяси билікке де өз ықпалдарын жүргізе бастағаны сезілуде. Олар бүгінде қалың Маңғыстау еліне де кіре бастады. Бірполярлық үстемдікті көздеген қытайдың стратегиялық мақсатын түсіну қиын емес. Қос континенттің ортасында орналасқан, халқының саны аз, экономикасы енді ғана даму жолына түсе бастаған, қорғаныс қабілеті әлсіз, бірақ, мол табиғи ресурстарға ие жас мемлекеттің байлығы мен кең жері қызықтырады. «Экономикалық интеграциялық процестер» деген желеумен Қытайдың ақтөбелік мұнай алпауыттары Қазақстандағы субърегионалдық құрылымы ретінде өңірде түпкілікті орнығуға ұмтылуда. Ендеше, қытайдың аймақтағы болашақ пиғылдарына сыни көзбен қарау, оның елдігімізге әкелер қауіпті тұстарын бағамдау алдағы бағдарымыздың бірі болуы тиіс.
Қазіргі кезде ұлтжанды азаматтарды қатты мазалайтын нәрсе ол бүгінгі көрініс бере бастаған қытайлық имиграция болып тұр. Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара мәселесі шешілді деп өзімізді жұбата жүріп, екі жақты өзара тиімді сауданың дамуына қолайлы жағдай туғызудамыз деген желеумен қытайлықтардың іскер топтарына мұнайдан басқа мәдени байланыстың, кәсіпкерліктің басқа да түрлеріне жол ашып тастадық. Дипломатиялық қатынасқа қолы жеткен қытайлықтар бүгінде экономикалық, мәдени және әлеуметтік байланыстың түрлі салаларын көбейту жолымен елімізге сыналап кіріп, саны жағынан да көбейіп келеді. Осыған мүмкіншілік жасап отырған билік, Қазақстанды бейбіт түрде экспанциялауға жол ашып берді.
Алғашында тек мұнайды игереміз деп келген қытайлықтар бүгінде батыста одан басқа да мәдени байланыстың түрлі салаларын жедел игеруге көшті. Мұны жергілікті билік басындағылар білсе де, қарапайым халықтан жасырып отыр. Ақтөбеде Қытай компанияларында істейтін жергілікті жұмысшыларды қанау шекетен шығып барады. Қаншама айтылып, жазылып жатса да олардың жалақылары ақыры өскен жоқ. Жергілікті шенеуніктермен сыбайласып алған олар халықты «екі жақты қанауды» тереңдетуде. Осының барлығын билік: «Қытаймен мәдени-экономикалық қатынасқа баруымыз және ШЫҰ бірлестігіне кіруіміз, әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерге бірлесіп күресу жолындағы еліміздің сыртқы саясатының ірі жетістігі, өзара түсіністік, Қазақстанның көп жақты саясатының жемісі» деген үлкен сөздермен бүркемелеуде.
Бүгінде Ақтөбенің экономикалық мұнай кешендері, бүкіл қаймағы қытайлықтардың қолына толығынан көшіп болды десек те болады. Екі арадағы келісім-шарт әлі күнге дейін халықтан құпия ұсталуда. Ақтөбемұнайгазаға қатысты оның кірісі мен шығысы туралы мәліметтер журналистер үшін жабық. Облыстық баспасөз беттерінде ол жөнінде тұжырым жасауға жарамайтын, толық емес деректер ғана беріледі. Қытайлықтар мен қазақстандық шенеуніктер арасында бірлескен экономикалық коррупция бар. Мұндай экономикалық «ықпалдастық» аймақтағы әлеуметтік қанаушылықты тереңдете түсуде. Құқық қорғау органдары экономикалық сыбайластықты әшкерелеудің орнына керісінше, жергілікті жемқорлық жайлаған жүйенің режиміне қызмет етуде. Құлқынның ғана қамын күйттеген, ұлттық рухтан жұрдай бүгінгі ел басқару жүйесі, қалталы кландар тобы қазыналы Қазақ елінің байлығын өздерінің сыбайластары қытайлықтарға оңды-солды сату жолымен үлестіруде. Кезінде қойнында 340 млн, баррель мұнай қоры бар, тәуілігіне 50 мың баррель мұнай өндіріп келген, Қазақстанның («Nations Energy») басты мұнай активтері жиналған соңғы «Қаражамбас» кен орнын да 1,9 млн долларға қытайлықтарға тағы сатып жіберді. Қазір де сатып жатыр.
Қытай бүгінде аймақта саясат жасауда. Сыналап кіріп өндірісімізді қолдарына алған олар аймақта абсолютті билікке ие бола бастады. Қазақстан парламентарилерінің есебі бойынша қазірде қытайлықтар еліміздің мұнай секторының 70%-ын иеленіп отыр. Ал, бұл ұлттық қауіпсіздігімізге төнген қауіпті қадам. «Экономика тетіктері кімнің қолында болса, билік те соның қолында» деген, Қазақстанның егеменді мемелекет ретіндегі қалыптасуы мен даму стратегиясының бірден-бір кепілі оның байлық көздерін қытайлықтардың қолына беру дегеніміз, болашақ ел билігін де соларға тәуелді ету деген сөз. Олар Қазақстанды бейне бір мемлекет етіп қатарға қосу емес, талан-таражға салып тонаудың, халқын қанаудың, көкпарға тартқандай етіп айнала бөліске салудың объектісіне айналдырғандай.
Батыс елдерінің кез келген газеті және телеканалдары әлі күнге дейін олардың стратегиялық аранының астарын аңғарып, саралап отыру үшін Қытайдың бүгініне арналған хабарларды үнемі жариялап тұрады. Бізде ол жоқ. ҚХР-сы Үкіметі «Батысты дамыту саясаты» деп аталатын бағдарламасын қабылдағанын, «Қытай Батысының» экономикалық даму бағытындағы нақты географиялық және саяси экономикалық аумаққа Қытайдың 12 провинциялық бірліктен тұратын батыс өңірі және Қазақстан экономикасын игеру кіретінін жұрт біледі ме екен? 2001 жылы қытайдың қазақ жерімен шектесетін шекаралық батыс өңіріндегі халық саны 364,5 млн, жеткен. Соңғы жылдары экономикасын көтереміз деп бізбен көрші Шыңжан-Ұйғыр автономиясы өңіріне ішкі қытайдан халықты көшіріп ондағы халық санын еселеп өсіріп жатыр. Ондағы әлеуметтік, ұлтаралық қақтығыстың туындауының көп себептерінің бірі де қытайлықтардың ұйғыр жеріне дендеп енуі, басым көпшілікке айналуы болып тұр.
«Ауруын жасырған өледі» - Қазақстанның оңтүстігінде, батысында түрлі экстремистік көңіл күйдегі ағымдардың жандануы және олардың тарапынан арандату қимылдарының барын, Ауғаныстан жағынан талибандардың Орта Азиялық мемлекеттерге ықпалды ағым ретіндегі саяси ағым екенін, сырттан болуы мүмкін экстремистік бағыттағы түрлі діни ағымдардың қауіптілігін айта жүріп, осының барлығын Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздігіне ықпалы бар күштер қабылдаймыз да, ал, Қытай тарапынан бейбіт экспанцияның төніп келе жатқаны туралы ауыз ашпаймыз. Қытайдың Қазақ жерінде өз саясаты барын, АҚШ, Ресей және іргеміздегі Европа сияқты ірі мемлекеттер де сезініп отыр. Олар да Қытайдың Қазақ жеріне бойлап енуіне алаңдаушылық білдіруде.
Қытайлықтар бүгінде Қазақстанның 134-ші этносы болып қалыптаса бастады десек те болады. Келесі санақта бұл жаңа энос қытай десе оған таңқалмаңыз. Ұлты қытай жиендеріміз де дүниеге келіп жатыр. Бір күндері олар да Қазақстан халықтары ассамблеясы аясында Парламенттен орын сұрауы да әбден мүмкін жай. Уақыт өте келе екі ұлт өкілінің арасындағы керіс туындап, ол екі мемлекеттің мәселесіне дейін көтеріліп, дауына айналса сонда кімнің мүддесінің үстем шығатынын өзіңіз аңғара беріңіз. Кез келген шет елдік мемлекет қазақ жеріне ие болып отырған өз азаматтарының мүддесін қорғауға құқы барын тағы ескерейік. Қытай адам құқықтарының халықаралық норма талаптарына сай, соның ішінде қытай ұлтының қорғалуына аса назар аударып отыратын ел. Олардың иммигранттары қытайдың әскери және қаржылай көмегіне арқа сүйенеді. Талай қанды қырғын, қып-қызыл соғыспен ала алмаған Қазақ жерін екі арадағы сауданың осындай құйтұрқы тәсілімен қолдарына іліктірген қытайлықтарды ол кезде күштеп те кетіре алмайсың?! Оларға әскери тойтарыс беремін деп ойлаудың да қажеті жоқ.
Қытайда жалпы ішкі өнім 35-40 есе, халық саны 100 есе, қарулы әскері бізден 50-60 есе артық. Қытайдың 2005 жылғы әскери бюджеті 81,47 миллиард долларды құрап, сол кездің өзінде әскер саны 2 миллион 225 мың адамды құраған. Бір жылда қытай халқы 15-20 миллион сәбиге өсім береді. Бұл Қазақстан халқының қазіргі санымен тең. Соңғы санақта Қытайда халықтың жалпы санының 1 млрд. 300 млн. жеткені жария етілді. Ол жақта 150 миллионнан астам адам жұмыссыз екен. Қытай үкіметі қабылдаған «Батысты игеру» бағдарламасында осы жұмыссыздар Қазақстан рыногын игеруге жұмылдырылмақшы. Жетісу өңіріне де қытай жағынан келушілердің ағыны толастар емес. Үлкен жауапкершілікпен айтамын, егер алдағы уақытта да осы айтылған жайларға шыныменен көңіл аудармасақ бұл мәселелер болашақта Қазақстан мен Қытай арасында геосаяси жағынан да, этникалық жағынан да түрлі әлеуметтік түсінбестіктерді туындатуы мүмкін.
Әрине бүгінгі жағдайда дербес саясат жүргізу мүмкін емес. Әйтсе де, тек Қытайға ғана басымдылық беріп, есікті айқара ашып тастағанымыз дұрыс болмады. Бізден басқа бірде-бір Кіші Азия, Орта Азия, Араб, Еуропа мемлкеттері оларға есігін ашып тастаған жоқ. Аталмыш нәрсеге көңіл аударғанда барынша мән беретін жай бізге қауіпсіз басқа мемлекеттермен бірлескен іске бару керек еді. Мен мұны Қазақстан билігінің жіберіп отырған «ғасыр қателігі» дер едім. Сонау ғасырлардан бері көшпенді халқымыздың өз мемлекетін, ұлан байтақ шекарасын сыртқы жаулардан қорғауда, соның ішінде қытаймен байланыста оларды ішке енгізбейтіндей бір ізді бағыт ұстанып келді. Елді басқару тізгінін қатаң бақылауында ұстаған билеріміз, солардың ақылына көнген хандарымыздың қытаймен арадағы ұстана білген дипломатиялық сол үрдісі, бүгінгі кезде бұзылды. Қазақ үкіметінің бойында Қазақ хандарының іс-қимылдарына саралап бойлау, сыни талдау жетіспейді.
Осының барлығына осы уақытқа шейін қытаймен болған небір келісімдерді ратификациялап келген үкіметтегі шенеуніктер мен жергілікті әкімдерден құралатын елдегі жалғыз саяси күш - «Нұр Отан» партиясы жауапты. Ресми Астана өзінше Ресей, АҚШ, Қытай секілді ұлы державалардың өзара тартысын өз пайдамызға жаратамыз деп олармен өзінше ойнамақ болады. Сөйте жүріп Қытайдың аузына өздері келіп түскенін байқамайды. Қытай әрі тартып, бері итеруге көнетін ойыншық емес. Күндердің күні сол ойын шеберлерінің ойыны осылып, біз үшін келер күндердің бірі қытай алдында түбегейлі тізе бүккен күн болып жүрмесін?!
Бүгінгі қал-ахуалымыз шығыстағы ұлы көршіміз Қытаймен байланысымызға баға беруді талап етеді. Қытайдың соңғы жылдардағы экономикалық жағынын тез өркендеуі мен оның әскери күшінің өсуі ерте ме кеш пе аймақтағы мемлекеттердің өзара ықпалының ара-салмағын өзгертуі мүмкін. Ағылшын саясаттанушысы Хелфорд Макиндер: «Орталық Азияны кім басқарса, оның бүкіл Азияға үстемдігі жүреді, ал Азияда кімнің ықпалы мықты болса, сол мемлекет бүкіл әлемді билейді» - деген екен. Бүгінде әлемдік сарапшылар да Қытайдың Орта Азия аймағында абсолютті билікке ие болу мүмкіндігі барын қазірдің өзінде жиі айта бастады. 2020 жылдары Қытай экономикалық өсімі және тұтыну қабілеті бойынша АҚШ-ты басып озып, әлемде бірінші орынға шығатынын болжап отыр. Қазақстанды тізерлетіп болғасын Қытай таяудағы 15-20 жылда Еуроодақ елдеріне де ықпалын жүргізіп, оларды кез-келген мәселе төңірегінде мәмілелер жасауға мәжбүр ете бастайды. Қытайдың «қатал ойыны мен жұмсақ экспанциясы» Еуропаға Қазақстан мұнайына иелік ету арқылы ашылған қақпа арқылы жүзеге аспақ. Қазірдің өзінде АҚШ-тың саяси ықпалынан гөрі аймақта Ресей, Қытай және Еуроодақ өздерінің ойындарын жүргізіп, құбылтып отыру мүмкіндігіне ие бола бастағаны сезіле бастады.
Осындайда Қытай алдында қазақ елінің әлсіздігін әркезде де көре білген данагөй бабаларымыздың осындайда: «ұзын арқан, кең тұсау» орысыңа іш тарта біл дегені еріксіз ойға оралады. «Қара қытай қаптаса, мойныңа түскен қыл бұрау» - деп йтып кеткендей, егер Қазақстан Қытай жағынан ішкі экспанцияға ұшырай қалса, қазақ халқын одан тек қана Ресеймен бірлескен іс-қимыл ғана құтқара алады. Себебі, орыстармен ғасырлар бойы қалыптасқан көршілік, этникалық жағынан өзара түсініушілік пен бейімділіктің (адаптация) орнығуы, олар тарапынан қажет болса әскери-техникалық, адами, моральдық көмек алуға мәжбүр етуі мүмкін (әрине ондай басымызға төнбесін деп тілейік).
Бабаларымыз болжап кеткендей, болашақ Қазақ елінде осындай жағдай қалыптасып келе жатқандай. Ендігі жерде Қазақстан Үкіметі қытайлықтарға өтіп кеткен мұнай кешендері төңірегіндегі келісім-шарттардың уақытын ұзарта бермей, керісінше қайтарып алудың қамына кірісуді, оны игеруді отандық өндірушілерге тапсыруды бүгіннен бастап ойластырғандары дұрыс болмақ. Бұлай қайтарып алу араб елдері тәжірибесінде бар. Алып державалармен қалыптасқан сыртқы саяси орта жағдайымыз алдағы уақытта саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың сайлауалды шараларында көтеріліп, күнделікті назарында болса екен дейміз.

Нұрлыбай Қошаманұлы,

08.05.2016
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
06-05-16 10:21
Қазақстанға ағылып жатырған қытайлықтарың көздеген астарлы мақсаты неде?

Қытайлықтардың өктемдігі соңғы жылдары тым шектен шығып барады. Шындықты көтерген жұмысшылардың белсенділерін, олардың құқықтарын қолдаушы кәсіподақ өкілдерін қуғындаумен айналыcады. Біз қанша жерден демократиялық қоғам құрып жатырмыз десек те, қытайлықтардың «әшекейінің» ту сыртынан аумақтағы қоғамдық, саяси ахуалды ушықтырушы «таптық үстемдігінің» төніп келе жатырғанын көре білуіміз керек. Қытайлықтардың қазақ халқының табиғатымен ешбір сиыспайтын қылықтары: менменшіл өркөкіректігі, қазақ жұмысшыларына екінші сортты қаралар ретінде қарауы, осының барлығы аймақта гегомондыққа ұмтылған ұлы державалық авантюризм саясатынан туындап жатырған жайлар.
Шынайы ынтымақтастық өз жауапкершілігін мойындай жүріп, адам құқықтары мен мүддесіне достық ниетпен қарап, кепілдік берген жағдайда ғана қамтамасыз етілетінін ескерсек, өкінішке қарай қытайлықтардың басқарудың неғұрлым дөрекі әдістеріне көшуі, жұмыста бүтін халықтың ұлттық мүдделерін елемеуі, жалақыларын өсірмей езе қанауы халықтың екінші бөлігін ашындыруда. Жалған дипломмен келіп, жергілікті жұмысшы-мамандардан бірнеше есе артық жалақы алатын қытайлықтардың қолдан жасаған мамандары көбейді. Мұндайлар мемлекеттік қазынаны ғана емес, жеке бастарының байлығын да арттыруға жұмыстануда. Мұны Ақтөбе облысының прокурорлық тексерулерінің нәтижесінде ашылған заң бұзушылықтар дәлелдеген құжаттарға зер салсаң байқайсың.
Соңғы кездегі езілген халықтың бірі ретінде қазақ халқының, оның жұмысшыларының қытайлықтарға қарсы жиілеген наразылығы - әлеуметтік қанаудан, өздерінің экономикалық, саяси тәуелсіздігін қорғаудан, қытайдың ұлыдержавалық үстемдік саясатын әшкерелеуден туындап жатырған табиғи жауап әрекеті. Жасыратыны жоқ 2011 жылы 17 қыркүйекте «Северная труба» кенішінде «Ориол-құрылыс», М-техсервис» ЖШС-іне қарайтын қазақстандықтар мен қытайлықтар арасында жанжал туып, соңы атысқа ұласқан қанды сойқан орын алды. Нәтижесінде бір қытайлық өліп, бірнешеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл 200 қытайлықтың заңсыз келіп еңбек еткені аз болғандай, жергілікті жұмысшылардан «бірнеше есе артық жалақы» алуынан ушықты. Қытайлықтар алдында жергілікті жұмысшылар құқықсыз, қауқарсыз тобырған айналған.
Халықтар арасында ұлтшылдық сезімдерді, өзара сенімсіздік пен араздықты қоздыру қытайдың бұрыннан бар саясаты. Бір нәрсе айқын – еліміздің қай түпкірінде болмасын қытай бүгінде Қазақстанның ішкі әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлтаралық қарым қатынасын ушықтырушы басты факторға айналды. Қаналушы тап, қазақстандық жұмысшылар идеялық жағынан да, құқықтық теңдік жағынан да өздерін әлі күнге дейін біртұтас сезіне алмай келеді. Олар жергілікті құзырлы органдар тарапынан да қолдау көрмей, өзін-өзі билеу және қорғану құқынан айырылған. Тыңдар құлақ болса бұл туралы еліміздің мерзімді басылымдары жазып-ақ жатыр. Ақпарат көзінде жарияланғандай шын мәнінде қазіргі кезде 1% ҚЫТАЙ ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ 60% ӨЗ УЫСЫНДА ҰСТАП ОТЫР.
Бұл теңсіздің тыйылар емес, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Сабақ алар қытайлықтар болмай тұр. Кеше ғана Ақтөбенің жергілікті мұнайшылары өз наразылықтарын жеткізді. «Ақтөбемұнайгаз – СНПС» жұмысшылары компанияның әділетсіздігіне қандары қарайған. Ақтөбеліктер, фирма басшылығы оларды негізсіз демалысқа жібергенін, ал кен орындарында қытайлықтар жұмыс істеп жатқанын айтты. «Елімізде мыңдаған жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберіліп, дағдарыс қысып жатса, қытай басшылығы қытайлар санын тіпті де қысқартқан жоқ», – деп шағымданды қазақстандықтар. Ашуға булыққан мұнайшылар тіпті кәсіпорында еңбек етіп жатқан қытайлықтардың толық тізімін де түзіп алған. Онда көрші мемлекеттің 113 қызметкері жазылған. «Қытай азаматтары компанияның басшылығында мықты орындарды иемденген. Барлық шешімді қытай жетекшілері қабылдайды. Басқарма аппаратында да солар. Шетелдік мамандар мен қазақстандық мамандардың алатын жалақысының да айырмашылығы жер мен көктей. Қытай басшылары өздерінің жұмысшыларына жақсы қаражат төлеп, дұрыс өмір сүруіне де керемет мүмкіндіктер жасап беріп отыр. Ұшып барып-келуі, тамақтану, көңіл көтеру, өмір сүруінің барлығы компания есебінен қарастырылған. Оларға қазақстандықтар секілді мерекелерде демалып, аптасына 40 сағат істесе де 3 ай еңбек режимі 1 айлық еңбек демалысымен бірге қарастырылған”, – дейді мұнайшылар. Олар Кеңқияқ, Саркөл, Жаңажол, Қандыағаштағы мұнайшылардың отбасы алған жалақыларымен әрең күн көріп отырғанын айтты. «Егер отандық қызметкерлердің қатарын қысқартса, онда тепе-тең қылып қытайларды да қысқарту керек. Бір қытайлыққа сұмдық айлық төлеп Қазақстанда ұстағанша, 3-4 қазаққа жұмыс беруі керек ғой», – дейді шағымданған мұнайшылар. Бұл туралы кеше ғана БАҚ беттерінде timeskz.kz хабарлады.
Қытай бүгінде батыс өлкесінде қазақ экономикасын ұзағынан тізгіндеп ұстау үшін Ақтөбеден «өз банктерін ашып, қытай диаспорасын көбейту» (қытайландыру) мақсатында мұнайдан тыс басқа да бизнес түрлерін кеңейтіп, қала айналасынан жер телімдерін сатып алып, тұрғын - жай құрылыстарын жүргізіп, еңселі әкімшілік орталықтарын тұрғызуға кірісті. Қазақ жеріне терең бойлап енуіне тірек болатын қытайлардың әкімшілік кешендері құрылысы еліміздің өзге өңірлерінде де Алматы, Қызылорда, Атырау мен Маңғыстау облыстарында жылдам қарқынмен жүріп жатыр. Қазақстандағы қытайлық мұнай компаниялары мен басқа да бизнес құрылымдарына тек қана қытай азаматтары жұмысқа алынбақшы. «Адами экспансия» дегеніміз осы. Шетелдік азаматтардың Қазақстан азаматтарымен некеге тұруы да белгілі дәрежеде қосымша мәселелер туындатады. ҚР «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» заңының 14-бабы бойынша Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады.
Кейбір бейресми деректер бойынша 4500-5000 мыңдай қытай еліміздің азаматтығын алса, 500 мыңдай қытайлықтар қазақ жеріне кіріп үлгерген. Салыстырып көрейік. 74 жылдық тархы бар кеңес заманында да қазақтың жеріндегі өзбек те, ұйғыр да мұндай санға өскен емес. Соңғы 10 жылда өзіміз шақырып жинаған оралман қазағымыздың Қазақстанға келгені 800 мыңнан сәл асады. Қазақстанда бұған дейін достығы мен ынтымағы жарасқан 130 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатыр дейтін болсақ, таяу болашақта 131 – ші ұлт өкілі қытай диаспорасының тіркелуіне алғы шарт қаланды деген сөз. Ендеше соңғы кезде халықты алаңдатып отырған мәселенің бірі - ауылшаруашылығы жерлерін жалға алушы қытайлықтардың ертең басқа бизнес көздерін ашып, қазақстанның әр түпкіріне шашылып кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды.
«Екі ел арасындағы өзара экономикалық ықпалдастық» деп басталған қарым-қатынас тереңдей келе қазақтың байлығы ғана емес, жерін алу мақсатына ұласып, Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздігіне әсері байқала бастады. Ресейдің белгілі академигі Аганбегян: «Қарыз берушілер қазақтың байлығын сыпырып тасып жатыр. Қазақтар қарыздың кепілі ретінде – қазба байлықтарын қойып отыр» - деп дәл айтты. Ол бекер сөйлемейтін, әлем ғалымдары санасатын экономист. Бұған мына деректі келтірсек те болады. Қазіргі кезде бізде жерден бөлек, жер қойнауындағы стратегиялық қазыналарымыз да аукцион арқылы сатыла бастады. Еліміздегі пайдалы қазбаға тұнып тұрған 100-ден аса кен орны 16-шы маусымда ашық саудаға шығарылмақ, деп хабарлайды КТК арнасының сайты. Яғни, кез-келген қалталы Қазақстан азаматы мен шетелдіктер аукционға қатысып, бағалы, түрлі-түсті металл, алтын, мыс, тіпті алмазы бар кен орнын сатып алуға қақы бар. Ең қымбат баға ұсынған байлар қойнауы қазынаға толы жердің иесі атанады. Бірінші кезең бойынша, Ақмола облысындағы «Комсомол» кен орны саудаға түседі. Оның бастапқы құны 9 жарым миллион. Ал, Солтүстік Қазақстандағы алмазы бар «Қаратал» кен орнының бастапқы бағасы 600 мың теңге. Аукционға қатысуға ниетті инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер 26-шы мамырға дейін өтініш жазуы тиіс. Жер қойнауындағы байлықты жаппай сату науқаны былтыр басталған болатын. Ол кезде саудаға қойылған 100 кен орнының 49-ы сатылып, бюджетке 1 жарым миллиард теңге түскен (Дерек көзі: Stan.kz). Бүгін мұнайымызды кепілдікке алса, ертең жерімізді кепілдікке қоятындар да табылады.
Сондай-ақ, Қытай қазіргі кезде аймақта қытайша оқып, білім алған тіл мамандарының санын көбейтуге талпынып жатыр. Бұл бағытта Ақтөбе пединституты жанынан «Конфуциий» ілімін оқытатын бөлім де ашылды. Қытайға барып қытай тілін үйренемін деуші қазақ жастарына барлық жағдайлар жасайды. Ойлағандары: қытайша тіл үйренген қазақ жастарын болашақта қытай мемлекеті мүддесін өткізуші әлеуметтік құралға айналдыру. Осы орайда, бір кезде «біздің басымызды біріктіретін орыс тілі» деген үндеумен «ұлы тіл» де осылай қазаққа орыс тілін кәсіп еткен мұғалім қазақтардың оқытуымен, зиялылардың қолдауымен түпкілікті таңылғанын, елімізді отарлауға зор мүмкіншілік жасалғанын неге ұмытамыз?
Біз қанша жерден: «Қазақстан мен Қытай әлеуеті өз-ара бірін-бірі толықтыруда, стратегиялық серіктестігіміз жарқын, келешегі нәтижелі және шынай достық, түсіністік рухында дамуда» - десек те, бабаларымыздың: «қара қытай қаптаса – мойныңа түскен қыл бұрау», - деген ескертуін ұмытпағанамыз, олардың қай саясаты болмасын Қазақстанның емес, керісінше қытайдың мүддесін ғана көздейтінін ескергеніміз абзал. Олар бүгінде қазақ экономикасын ашықтан-ашық тонап жатыр. Жер мемлекеттік қауіпсіздігінің кепілі. Бүгін 5 мамырда Президент жердің сатылуын, жалға берілуін әлі де зерттеп, зерделеу қажеттігін айтып, 1 жылға мараторий жариялады. Барлығы алдағы уақытта халық мүддесі тұрғысынан шешіледі деп үміттенейік. Ендеше жыл сайын миллиардтаған доллар кіріс келтіретін өз мұнайымыздан тамшылатып төлеген салығына малданып отыра бермей (бар болғаны бірнеше миллион теңге), экономикалық жағынан қытайдың шикізат көзіне, боданына айналмау үшін, олардың отарлық езгіні ғана көздеген жымысқы саясатын сезініп, қазақ билігі тәуелсіз экономика құру жолына түскені дұрыс демекпіз.
Нұрлыбай Қошаманұлы, Ақтөбе қ,
05.05.2013

Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 21:18
ХАБАРЛАНДЫРУ
Ноғайты ауылына қатысты Энциклопедиялық жинақ жазылып жатыр
Өскелең ұрпақты тарихпен тәрбиелеуде уақыт, кезеңдер сабақтастығының ұмытылмай сақталуының тәрбиелік маңызы қашанда зор. Неғұрлым өткен мен бүгіннің байланысы берік болса, соғұрлым ұрпағының туған жеріне, тарихына, сол тарихты жасаушы ата-бабаларына деген сүйіспеншілігі арта түседі. Осы тұрғыдан алғанда бүгінде кезінде Байғанин ауданының үлкен шаруашылығының бірі болған «Сағыз совхозына» (Ноғайты ауылы) қатысты тарихи энциклопедиялық жинақ шығару қолға алынып жатыр. Ауылымыздың қалыптасуы және оның даму жолына қатысты тарихи - хронологиялық деректі энциклопедиялық жинақ шығару уақыт сұранысы.
Айтарымыз, болашақ кітапқа жиналар әрбір өмірбаянда қарапайым малшы, механизатордан бастап шаруашылық, мекеме қызметкерлерінің туған жылы, қандай жылдар аралығында қай жерде, қандай қызметтер атқарғаны, лауазымы мүмкіндігінше толық қамтылуы қажет. Сондай-ақ, шаруашылықта қандай мекемелер халыққа қызмет жасады? Олардың ашылу және тараған жылдары туралы мәліметтер де керек. Совхоздың жер–су, елді-мекен атауларының тарихына қатысты ресми құжаттар немесе оның аталу себептері туралы аңыз әңгімелер болса да жиналуы тиіс.
Бұған әр жылдары түрлі баспасөз беттерінде ауылдың өткен кезеңдерінен мәлімет беретін шаруашылыққа қатысты және оның азаматтары туралы жарияланған мақалалар да жатады. Дерек көздері совхоздың құрылған күнінен (1948 жыл) бастап, 1990 жылға дейінгі аралықты қамтуы тиіс және бұл бүкіл ауыл азаматтарын, өмірден өткендердің бүгінде көзі тірі ұрпақтарын сұрастыру арқылы жүргізілгені дұрыс болады. Жекелеген адамдарға қатысты өмірбаян жолдарын егер оның еңбек кітапшасы сақталған болса, сол арқылы да қағазға түсіруге болады. Болмаса естелік түрінде жазылуы тиіс. Кейінгі жылдары ауылдан көшіп кеткендер туралы мәлімет жинау да белгілі бір қиыншылықтарды туғызуы мүмкін. Сонда да әзірге қолда бар мәліметтерді жинастыра берсеңіздер дейміз. Біз бір кезде сонда қызмет еткен (өмірден өткендердің балалары мен туыстарынан), ауылдың тарихына қатысы бар барлық азаматтардан мағылұмат беретін хат, хабар күтеміз.
Құрметті ауыл және аудан азаматтары! - «жанашырын таппаса, жақсылық қанатын жаймас», қолдаушысы бола білсеңіздер алдағы уақытта қолға алатын іс осы болмақшы. Өкше басар ұрпаққа рухани мұра қалдырып отыру, адамзат әулетінің ұлы миссиясы. Ауыл тарихы – аудан тарихы, ал ауданның шежіресінен облыстың, қала берді республикамыздың тарихы құралмақ. Тарихи, рухани мұраларды жиып-теріп, болашаққа тапсыра білу біздің жұмысымыз. Уақыт өткен сайын артыңа бұрылып қарап, ауылдың өткеніне ой көзімен шолу жасау табиғи қажеттіліктен туындайтын нәрсе. Қолға алған ісіміз нәтижелі болып жатса, мұның бәрі шын мәнінде ауыл жөнінде мәлімет алғысы келетіндерге көп пайда тигізетіні кәміл.
Аудан әкімшілігі тарапынан да осы бір маңызды іске ұйытқы болып, совхозға қатысты жергілікті мұрағатта сақталған құжаттар болса оны табуға көмектеседі деп үміттенеміз. Қазіргі кезде кітап жазылып дайын тұр. Қаржы көзінің табылуына қарай шығады. Тың деректер болса әлі де жіберулеріңізге болады.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, «Сағыз совхозына» (Ноғайты) қатысты тарихи энциклопедиялық деректер жинауға қатысты құжаттар төмендегідей:

1. «Сағыз орта мектебінің» негізін қалаушы ардагер мұғалімдердің өмірбаяндары мен бір суреті. Мектептің тарихына қатысты деректер қажет.
2. Ауылдың тарихына қатысты деректер.
3. Соғыс ардагерлерінің өмірбаяны мен суреті.
4. Социалистік және еңбек ардагерлерінің өмірбаяндары мен суреті.
5. «Сағыз совхозында» (Ноғайты) әр жылдары шаруашылық басқарған және түрлі мекемелерде қызмет еткен ардагерлердің, қарапайым жұмысшылардың өмірбаяндары мен суреттері.
5. «Сағыз совхозынан» (Ноғайты) шыққан көп балалы аналардың (алтын алқа, күміс алқа атанғандар) өмірбаяндары мен суреттері.
6. Темір жол саласында қызмет еткен ардагерлердің өмірбаяндары мен бір суреті.
7. Совхоздың өз тарихына қатысты деректі құжаттар.
8. Ауыл халқының бүгінгі саны.
9. Шаруашылықта қандай мекемелер халыққа қызмет жасады? Олардың ашылу және тараған жылдарына қатысты деректер.

Байланыс телефондары: 8 7785976287; 97-51-43. Ақтөбе қ, Герцен к 17 үй 10 пәтер.
Нұрлыбай Қошаманұлы.
25.04.2016 жыл
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 20:45
Ақтөбе облыстық
мәслихат депутаттарына

Полигон құрылысына тоқтау салайық

Мені «Қазақия» газетінде, (01.04.2015ж. №13(71) жарияланған Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінен ашылмақшы полигон мәселесі селт еткізді. Адам – жердегі биологиялық түрлердің ең құндысы. Адам бір – бірімен және табиғатпен үйлесімді өмір сүруді үйренбесе, адамзат жойылса да, жер сонша уақыт тіршілік ете алады. Адамдар арасында кез-келген зиянды полигон әсері генетикалық деңгейде түрлі туа біткен кемтарлыққа, жүйке ауруларының (психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастар) көбейуіне әкеледі. Биосферадағы зат айналымына келген зиянды мұнай қалдықтары жануарлардың (әсіресе, балықтар мен құстардың) көптеген түрлерінің жойылуына, ежелден қалыптасқан трофикалық тізбектердің үзілуіне, әкелсе, екінші жағынан, ұсақ жәндіктер мен микроорганизмдердің (космополит организмдердің) шамадан тыс көбеюіне аймақта түрлі құбыжық аңдар мен ұсақ жәндіктердің пайда болуына әкеледі.
Бұған дейін де Қалдайбек ядролық полигонының зардабын тартып келген ауданда соңғы жылдары улы мұнай қалдықтарын көметін бірнеше көмбелер салынып үлгеріпті. Мұнай қалдықтары қазірдің өзінде Ноғайты мен Айрықтың зиянды умен және шаң-тозаңмен ластануының басты көзіне айналды. Ол аз болғандай шетелдің мұнай өндіруші компаниялрының ілеспе газды берекетсіз жағуы да айнала ауаны құрғатып жатыр. Салдарынан соңғы жылдары аймақта климаттың ыстығы бірнеше есе көтеріліп, дала өрті жиі қайталанып, жаңбыр тамбай кететін жылдар жиіледі. Бұл құрғақшылық та мал баққан халыққа ауыт тиіп тұр. Мүмкін, баз біреулер үшін бұл өлке вахталық мекен болар. Ал жергілікті халық үшін бұл туған өлке, атамекен. Осы жерде еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, болашағын жоспарлайды. Келешекке баға жетпес байлық — таза да қауіпсіз, қолайлы табиғатты мұра етіп қалдыру ойлайды. Сондықтан бұл — өте өзекті мәселе.
Байғанин ауданы, Айрық ауылының іргесінен не бары үш шақырым жерде салынбақшы полигон құрылысына халық қарсылық білдіруде. Онсыз да экологиясы нашар, тек төрт түлікпен жан бағып отырған жұрт бүгінде бала - шағасының денсаулығына алаңдаулы. Жекенің қалтасына кетепсе қайдам, полигондар құрылысынан ауданның, қала берді ауылдың агроөнеркәсіптік бағдарламсына қосылып жатырған экономикалық түсім де көрінбейді. Осының барлығы жеке бас мүддесі үшін жасалынып жатырған көлеңкелі қарекет секілді. Өкінішке қарай, әзірге мұны естір құлақ, құзырлы органдар, билік болмай тұр? Ал, «Ақтөбе облысындағы жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылайтын мемлекеттік мекемедегі шенеуніктер мұны қалыпты жағдай деп санайды» екен («Қазақия» газеті, 01.04.2015ж. №13(71). Олар көпшілік мүддесін қорғауды қойды. Осы біз табиғатты пайдалану ұранын бет перде желеу етіп, адамзатқа қарсы «ланкестігімзді» қашанғы жалғастыра бермекпіз.
«Қазақия» газетінде басқа да бұқаралық ақпарат беттерінде бұған наразылық білдірген хаттар, мәлiмдемелер жарияланды. Ауданның табиғатына алаңдаған Ноғайты, Қопа, Ебейті, Айрық, Көптоғай тұрғындары құзырлы органдардан араша түсуді сұрауда. «Қанына тартпағанның қары сынсын» - демейме қазақ, өкінішке орай аудандық мәслихат депутаттары, аманатын арқалап жүрген мүйізі қарағайдай облыстық мәслихатта отырған жерлес депутаттары мен басқа да зиялылары да (К.Кенжебаев, Л.Жазықова, Т.Айжарықов, Н.Беріков, К.Есмағанбетов, А.Майтеков, К.Бекмағанбетов, Е.Құрманбеков т.б) үнсіз. Бас шұлғып үйренген ауыл әкімдері бұл мәселеде дәрменсіз, оларға бәрібір. Бұл проблемаға араша түсу «Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң» құзыретiне де жатады. Байқаймыз, олар да үнсіз. Өзгенің қайғысына балтыры сыздап, жаны ауырып, өзегін суырып берген бабаларымыздың қасиеті қайда? Немкеттiлiк, нем¬құрайдылық – қасiреттiң бас¬тауы. Қарапайым халықтың мүддесіне қайшы келетін, тіршілікке зиянды «тажал ошағына» тосқауыл жасауға қауқарымыз бар ма осы?
Айтарымыз, ашылмақшы полигон аймақ халқы үшін экономикалық жағынан да, әлеуметтiк жағынан да тиiмсiз. Бұл жай онысыз да «тантал» азабын тартып, жерінің топырағының құнарсыздығын көріп, ортақ қазандағы мол байлыққа ожауы түгілі, қасығын сала алмай, байлығынан жалай алмай, кедейшілікте, шөлейтте отырған халыққа ауыр тиіп отыр. Аудан халқы тәжірибе жасайтын сынақ лаброториясының жәндіктеріне айналғандай. Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Осы біз Абай айтқандай: «бастық айтса болды, бас шұлғиды шыбындап», - деп, «көптің» мүддесін ысырып қойып, «бірдің» ыңғайына қарай белден басуды қашан қоямыз. Сондықтан полигон құрылысына тоқтау салып, қажет болса халық арасында «референдум» жариялап, «республикамыздың мемлекеттік өмірінің неғұрлым маңызды мәселесінің бірі ретінде» бұл бастамаға кімнің ісі болса да қарсы болуымыз, мәселенi көпшiлiктiң талқысына салып, заң аясында шешiм қабылдауымыз керек (ҚР Конституциясы 2 бап, 2 жол).
Құрметті депутаттар, зиялылар Сіздерге айтамыз! Мемлекет пен оның әрбір азаматы, соның ішінде билік тұтқасында отырған шенеуніктер қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізетін кез-келген шалыс қадамға бармауы керек. Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында елдегі қоғамдық келісім мен ішкі әлеуметтік, саяси тұрақтылықтың ушығуының алдын аламыз десек, жергілікті билік пен құзырлы мекемелердің қызметі ішкі ведомостволық мүддеден, қарапайым халық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталуы тиіс демекпін.
Халықтың жанайқайын естіген зиялылар тік көтеріліп, солардың төңірегіне жиналар еді. Көптің талабын қолдап, қайталар еді. Ендеше Байғанин ауданындағы көтерілген қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға арналған проблемаға барлық қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар және барлық деңгейдегі халықтық өкілетті орган - жергілікті мәслихат депутаттары бірдей араласады деп үміттенемін. Аудан халқы мұндай ластануға шыдамайды. Полигон құрылысына өз басым қарсылығымды білдіремін. Экология — зардабы әр тұрғынға тікелей қатысты мәселе, одан ешкім тысқары қалмауы тиіс. Ортақ мәселеге бей-жай қарамай, оған тоқтау салу – бүкiл қазақстандықтың парызы.

Нұрлыбай Қошаманұлы,
«Невада – Семей» халықаралық антиядролық
қоғамдық қозғалысының
эксперттік комиссиясының мүшесі.
06.04.2015
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 20:41
Тәуелсіздік пионерлері

Тарих өткен өмір айнамыз, болашаққа аманат. Қоғам дамуының негізгі жетекші күші қоғамдық сананы ояту десек, оған тоқсаныншы жылдардағы «Азат» азаматтық қозғалысы зиялыларының әлеуметтік-саяси ойларының ықпалы: ұлттық сана-сезімінің қайта жаңғыруының, қазақ ұлттық идеялогиясының қалыптасуының, тәуелсіз мемлекеттің демократиялық даму жолын анықтаудың жаңа кезеңдерін қалыптастырды. Партияның басында белгілі ұйымдастырушылары болып қоғам қайраткерлері: С.Ақатаев, М.Есеналиев, М.Шорманов, Ж.Қуанышалин. Б.Дәрімбет жүрді. Саяси жүйені көппартиялық етуді, «Тәуелсіздік декларациясын» (14.10.1990) жариялаған да осы «Азат» қозғалысы азаматтары болатын. Сондай-ақ, 1991 жылы қыркүйек айының 13-16 аралығында еліміздің Батысынан (Орал облысынан) автономия жариялап, территориямыздың бір бөлігін бөліп әкетпек болған неоколаниалист орыс-казактарының сепараттық әрекеттеріне қарсы көтерілген «Бүкілқазақстандық наразылық акциясын» ұйымдастырған да осы азаттықтар болатын. Бұл қазақ халқының Ресей тарапынан болған «саяси терроризмге» қарсы көтерілген тәуелсіздік тұсындағы желтоқсаннан кейінгі соңғы бұлқынысы еді. Азаттықтардың құрамында 1986 жылғы «желтоқсан көтерілісіне» қатысқан азаматтар да бар. Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылысындағы бұл қос бұлқыныс: «Желтоқсан» (1986) мен «Орал көтерілістерін» (1991) «тәуелсіздік қарлығашының қос қанаты» деуіміз де сондықтан. Оралдағы жер даулаған орыс сепаратистеріне қарсылық білдіріп еліміздің 12 облысынан азаттықтар жиналды.
Мәскеуде болған 1991 жылғы 20 тамыз төңкерісі күні Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы барлық қазақстандық саяси партиялардың арасынан да алғашқы болып әйгілі ТЖМК бүлігін «антиконституциялық төңкеріс» деп қабылдап, республика Президентінен, оның Жоғарғы Кеңесінен еліміздің егемендігі мен территориялық тұтастығына Мәскеу тарапынан болуы мүмкін кез келген агрессияға жол бергізбеуді, қазақстандық қоғамдық-саяси партияларды тек қана Қазақстанның өз заңдарына сүйене отырып жұмыс жасауға шақырып, Қазақстан Республикасы Президентінің елімізде ешқандай төтенше жағдай енгізілмейтіндігі туралы ұстанымын қолдайтындығын білдірген өз мәлімдемесін таратты. Қазақ елін егемендікке алып келген «Конфедерация» идеясын сол кездегі барлық саяси ағымдар ішінен алғаш болып көтерген де «Азат» (Ж.Қуанышалин).
1992 жылдың наурызында саяси ұйымдар арасынан тағы да алғаш болып республикашыл «Азат» партиясы «Қазақстанның Қорғаныс Министрлігі құрылсын» деген мәлімдемесін жариялады. Онда жуық арада сол кездегі қорғаныс комитеті негізінде Қорғаныс Министрлігін құру, Қазақстан жеріндегі барлық қару-жарақ, әскери үй-жайлар, материалдық базалардың түгелдей республика меншігіне алынуы, қауіпсіздігіміздің кепілі ретінде Қазақстан жеріндегі ядролық қарудың республика қарамағына берілуі, Кеңес әскерінің шығарылуы және жергілікті офицер мамандардың жасақталуы қажеттігі жөнінде айтылды. Осы ұсыныс 1992 жылдың 7 мамырында ҚР-сының «Қарулы күштерін құру» туралы президент жарлығының шығуына әкелді. Мемлекетке балама ретінде тұңғыш «Экономикалық концепцияны» (17.06.1992) қабылдаған да азаттықтар болды.
Ақтөбе, Ақтау, Атыру, Орал және Қызылордалық азаттықтар халқымыздың денсаулығына ауыр зардап әкелген экология мәселесінде халықаралық «Семей-Невада» антиядролық қозғалысы аясында Семей полигонын және Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы «Қалдайбек», Атыраудағы «Тайсойған», Ордадағы (Орал облысы) «Нарын» полигондарын жаптыруға, Байқоңыр мен Арал мәселелеріне де араласты. 27.10.1991ж. «Возрождение» аралын жабу жөнінде Үндеу қабылдады. Сондай-ақ, азаттықтар осы жайларды көтерген «Азғыр полигоны құпиясы» (21.07.1991), «Қалдайбек қасіреті» (11.09.1992), «Полигон» (17.10.1992), «Семей полигонының жабылуына 1 жыл» атты деректі фильмдер түсірді. Сол жылдары облыс орталықтарындағы қазақ мектептерінің санын көбейту жұмыстары да азаттықтардың үй-үйді аяқтай жүріп аралаған бастамасымен қолға алынғанын да ешкім жоққа шығара алмас. Азаттықтар әлеуметтік екі жақта қанаудан туындаған 1989 жылғы Жаңа Өзен көтерілісінің, 1990 жылғы Кенқияқ толқуының басы қасында да жүрді. Уақытында Мағыстаулық «Парасат» саяси қозғалысы да жер, тіл, көші-қон, онамастика, егемендік мәселесі төңірегіндегі көптеген бұқаралық іргелі істерді алғашқылардың бірі болып көтерді. Кейін «Парасат» ұйымы да «Азат» саяси қозғалысы аясына бірікті.
Солай бола тұра, тоқсаныншы жылдары алғашында «Алдаспан» қоғамдық ұйымы кейіннен «Азат» азаматтық қозғалысы аясында «Тәуелсіздік тартысына» тікелей араласқан Ақтөбелік тарихи қайраткерлер өкінішке қарай, осы уақытқа шейін қоғам тарапынан ескерусіз қалып келеді. Олар: Серік Ерғали (Қаражар), Естай Жайлыбаев (Жарқамыс), Мұстафин Сейілхан (Оймауыт), Сисенбаев Нұрлыбай (Ноғайты), Қайырбаек Тоқтаров, Сұлтанбек Тәшкенбаев, Көшкінбай Ахметов, Айтқали Италиев, Гүлсамал Аймаханова, Бекарыстан Мырзабаев, Молдабек Мырзағұлов, Оразбай Жұматов, Сәбит Сүлейменов, Кәрімхан Қиқымбаев, Серік Сапарғалиев, Мұхамбетияр Аманғалиев, Нұркен Уайдин, Күләш Ибрагимова, Айша Омарова, Зоя Бралова, Зура Ықсанғалиқызы, Мария Құрманғалиева, Әсима Дүйсенбина т.б.
Тәуелсіздік жолында империя бұғауына бірінші болып «алдаспанын суырған», бұқаралық игі бастамалардың ұйымдастырушылары болып алғашқылардың қатарында жүргендер де осы азаттықтар еді. «Атажұрт» қоғамдық ұйымын құрып, шетелдегі қазақтар көшіне қозғау салғандар да осы ақтөбелік азаттықтар. Олар ата-бабалар рухын тәу етіп, ел тұтастығын сақтап қалу үшін қандай «оқиғаға» болса да бастарын тікті. Нақтырақ айтсақ, бұл азаматтар тоқсаныншы жылдары ірге көтерген жаңа Қазақстан демократиясының «алғашқы пионерлері» десек те болады.
Бір өкініштісі соңғы жылдары барлық жерде тәуелсіздік тұсында «әу» демек түгілі, бұтақ басын сындырмаған шен-шекпенді шенеуніктерді марапаттау дәстүрге айналып барады. Тіптен сондайлардың қатарында кейіннен көз қыстының кебін киіп, сыбайластықпен, жемқрлықпен шаталғандар да қаптап жүр. Қаншамасы небір миллиондарды ұрлап, шетел асып қашып кетті. «Арамза болмай, атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда» - деген екен қайран Абай, өз заманында қарын мен құлқын қамы жолындағы парақорлықтан, әлеуметтік әділетсіздіктен әбден күйінген соң айтқаны болса керек. Осындайдан кейін «Қожаға сере қазы, кедейге сүйек – саяқ» - деген, әлеуметтік әділеттіліктің ауылы кімге қонған деген заңды сұрақ туындайды? Еліміздің саяси өміріне белсене араласқан шынайы күрескерлерді көзге ілмейтін бұл қоғам қайда кетіп бара жатыр? Біреудің көзі жақсы, екіншінің өзі жақсы, үшіншінің отырған тағы күміс деп, лауазымына қарай сый-сыйапат, мақтау қағазын үлестіре беру, қасиетті датаның мәртебесін түсірмесе, көтермесі анық. Мұндай көзбояушылық тек Ақтөбеде ғана емес басқа облыстарға да тән.
Иә, тоқсаныншы жылдардағы жұмыс жасаған «Азат саяси қозғалысының өмір белестері, алған асулары Қазақстан тарихшылары бара қоймаған, әлі де зерттелмеген тың тақырып. Заман талабына сай «Азат» бастамаларының тарихын білу, зерттеу, қоғамымыздағы әлеуметтік-саяси ғылымдардың міндетінің бірі. Себебі өткен оқиғаларды біраз уақыттан кейін пайымдау, әлеуметтік және саяси – тарихи мәселелерге кейінгі көзқарастардың объективті болуына ықпал етеді. Ақтөбе облыстық «Азат» азаматтық қозғалысы және жоғарыдағы аты аталған азаматтар уақытында ел тәуелсіздігін айқындаудағы жалпы республикалық әлеуметтік субъектілердің бірі болды.
Сөзімнің тоқетері саяси ағым «Азат» қозғалысы аясында азаттық жолында «Тәуелсіздік тартысына» тікелей араласқан жергілікті тарихи қайраткерлердің болашақ ұрпаққа үлгі боларлық жүріп өткен жолдары ескерусіз қалмауға тиіс. Ендеше, «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай» Ақтөбе қаласының бір көшесіне «Азат», орталық бір алаңға «АЗАТ» атын беруді осы бастан ойластырсақ артық болмас еді. Айтқанымыздың барлығы жасаған істерді перде етіп, атақ-абырой жинау емес. Керісінше, тәуелсіздік үшін еңбек еткен азаматтарына әділетті баға беріп, бағаламау сол елге, қоғамға сын. Олар халқының құрметіне лайық, марапатталуға тұрарлық тарихтың кейіпкерлері.

Нұрлыбай Қошаманұлы,
01.05.2014.
Ақтөбе қ.
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 20:33
Тілімізге араша түсейік

Бүгінде бұл мәселе көп көп айтылып, жазылып жүр. Бір өкініштісі бұл идея әу бастан ел басының бастамасынан туындады. Осыдан бірер жыл бұрын осы мәселе көтерілген кезде қазақстандық қоғамдық пікірдің басым бөлігі «үш тұғырлы тіл» деген саясатқа қарсы болды. Мұны елеген парламент болды ма? Ендеше «үш тұғырлы тіл» деген саясаттың бұрыстығын түсінідіріп көрейік:
Мемлекетімізде тек қана «қазақ» және «орыс» тілдері мемлекеттік, екіншісі ресми қатынас тілі ретінде жүреді. Өз кезегінде заңға сәйкес қос тілге республикалық бюджеттен тиесілі қаржыландыру қарасытырылған. Себебі, «ҚР-сының Тіл туралы Заңы» бойынша (4-бап) республикамыздың орта мектептері тек қана екі тілде қазақ және орыс тілдерінде оқытуға бағытталған. Аталмыш заңның 5; 8 бабында «мемлекеттік ұйымдарда (орта мектептер мемлекеттік мекемелер санатына жатады) және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылатыны анық көрсетілген. Құп делік. Олай болса Ғылым және Білім Министрлігінің мектептегі реформа деген желеумен «орта мектептерге» күштеп кіргізіп жатырған «Үш тұғырлы тіл» реформасының қате бағдарлама екенін және «Ата Заңдағы» (7-бап), «Тіл туралы Заңымыздағы» (4;5;7-бап) қарапайым заң талаптарының бұрмаланып жатырғанын неге ескермейсіздер? «Ата Заңымызда» жоқ қайдағы бір ағылшын тілін мектеп программасына енгізіп, сағат бөлуге, оған мемлекет қаражатын шығындауға мүлдем болмайды. Демек, «ағылшынға» деп бюджеттен бөлінген қаржы да заңнан тыс болып табылады. Ал, заңсыздық жолымен мақсатсыз шығындалған әрбір мол ақшаның, тиынның артында «сыбайластық» пен «жемқорлық» жүретінін білуіміз керек.
Осы жерде екінші бір жақ тарапынан: «ақылы оқытуға қазіргі нарық заманында қарапайым ата-аналардың қаржылық мүмкіндігі жоқ, неліктен тегін оқытуға жағдай жасап отырған орта мектеп реформасына қарасы боламыз» - деуші сұрақ та туындауы әбден мүмкін. Жауап біреу: көпшілік «үш тұғырлы тілдің» - бұрыстығын айтқанда мемлекеттің орта мектеп бағдарламасына кіргізетіндей Ата Заңымызда «ағылшын тілі» туралы баптардың жоғына ғана сүйеніп отыр. Себебі, ағылшын тілін бала-бақшадан бастап орта мектеп бағдарламасына міндеттеп оқытуды енгізу Ата Заңымызда жазылмаған. Тағы да қайталап айтамын: ҚР-сының «Тіл туралы Заңында» да ағылшын тілін мемлекеттік тілдің бірі ретінде оқу бағдарламасына кіргізу міндеттелмеген. Жоқ, олай емес, мектептен бастап оқытуды бастауымыз қажет десек, онда «Конституцияға», «Тіл туралы Заңға» үшінші тіл етіп ағылшын тілін жазуымыз керек емеспе. Ал біздің заңда ондай бап жоқ. Ендеше заңды неге бұрмалаймыз? Заңдылықтың бұлжытпай орындалуын бірінші кезекте қадағалайтын заң шығраушы орган парламент депутаттары қайда қарап отыр?
Біз мұны айтқанда ағылшын тілі (және өзге де шет тілдері) мүлдем оқытылмауы тиіс демейміз. Егер оқытылуы қажет болса, онда «ағылшын тілі» әркімнің қызмет бабы қажеттілігіне қарай, еріктілік түрде, тек қана ақылы арнаулы шет тілдері мектептерінде ғана үйретілуі тиіс. Себебі, барлық өркениетті европа, мемлекеттерінде, алты құрылықтың барлығында шет тілін үйрету - мемлекеттік орта мектептен тыс, тек қана арнайы ашылған дербес, «ақылы жеке мектептерде» жүреді. Алысқа бармай-ақ кеше ғана өзімізбен бірге болған поскеңестік республикалардың барлығында бұл мәселе тап осылай шешілген. Өйткені ол елдердің барлығында елдің Конституциясы, тіл туралы заң баптары осыны талап етеді. Және олар мұны бұлжытпай орындап келеді.
Заңның орындалуын және құқықтық жағынан қатаң қорғалуын қамтамасыз ету кез келген мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде заң шығарушы орган Парламентте бәрінен жоғары тұруы тиіс. Ол заңды бекіткен де өздеріңізсіздер. Мемлекеттік мекемелердің бірі болып саналатын Қазақстанның орта мектептерінде ағылшын тілін оқытуды енгізу – құзырлы органдар тарапынан ҚР-сы Конституциясы талаптарын мойындамау, «Тіл туралы Заңды» өрескел бұзу болып табылады. Ағылшын тілін орта мектептерде «міндеттеп оқыту» заңнан тыс. Сол себепті де Ғылым және Білім Министрлігінің ұсынып отырған «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының ҚР-сының «Тіл туралы Заңына» және «ҚР-сы Конституциясы» талаптарына томпақтығын (біздіңше бұрыстығын) сараптамадан өткізу, мұның заңға қайшы әрекет екенін дәлелдеу бүгінгі жаңа Парламент депутаттарының және бейжай емес әрбір азаматтың міндеті демекпін. Кез келген құқық бұзушылық белгілері бар әрекет әкімшілік, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады. Жеке адамның да, заңды тұлғаның да құқыққа қарсы «біліп» не «білмей» барған кінәлы қандайма «іс-әрекеті» немесе «әректсіздігі» құқық бұзушылыққа жатады және жауаптылықтан босатпайды.
Осы жайларды жария ете отырып, тез арада, ертеңге қалдырмай ҚР-сының «Тіл туралы заңдары талаптарын бұзылғаны үшін жауаптылыққа» келтіретін 5-тараудың 24-бабына сүйене отырып, «Конституциялық кеңес» алқасы алдында еліміздің орта мектептері бағдарламасына кірген «үш тұғырлы тіл» реформасының Ата Заңымыздағы 7-бап және ҚР-сы «Тіл туралы Заңында» көрсетілген 4-ші; 5-ші; 7-ші бап; 2-тарау 8-ші; 9-шы; 4-тарау 21-ші баптарына (11.07.1997 №151-1 ҚР-ың Заңы) қаншалықты заңнан тыс екенін сараптамадан өткізіп, бұған өз бағасын беруді тапсырғанымыз дұрыс болар еді. Бұл мәселеге қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары, зиялылар, жазушылар одағы, қазіргі парламент, жергілікті мәслихат депутаттары араласады деп үміттенеміз. Ұлты, оның болашағы, тілінің тағдыры ойлантқан әрбір азамат «үш тұғырлы тіл» деген саясаттың ЗАҢНАН тыс әрекет екенін ашық айта білулері керек.
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 20:14
Полигон құрылысына жол жоқ

2015 жылы 3 шілдеде Ақтөбе облысы, Байғанин ауланы Ноғайты ауылында «Ащы ауылдық округі, Ноғайты ауылының жерінен кірме жолмен және электр беру желісімен бірге өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиялық кешенінің құрылысын салу және пайдалану» деген желеумен халықтың келісімінсіз салынбақшы полигон құрылысына қарсылық білдірген халықтық жиын өтті. Бұл халықтық жиынға мұрындық болған «ынталы топ» өкілдері мен қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар болды. Қоғамдық тыңдалым барысында шығып сөйлеушілер экологиялық, зардаптарға апаруы әбден мүмкін, аумақ халқының мүддесіне қайшы келетін кез-келген кешен құрылысын жүргізу, оның табиғи ресурстарын, табиғатын бүлдіру тек қана халықтың келісімімен ғана шешілеті мәселе екенін баса айтты.
Жиналғандар заң бұзу жолымен, халықтың сыртынан жүргізілмекші құрылысқа бір ауыздан қарсылық білдірді. Өз кезегінде биліктің жүгенсіз мінезі де – әділет, адалдық, кісілік туралы ұғымдар аяқ-асты етіп, халық сөзін сөйлейді деген жергілікті «өкілетті билік» түрлі деңгейдегі сыбайластықтың «жебеушісіне» және халықтық мәселеде өздерінің бейжайлығымен сол дерттің «таратушысына» айналғандарын ашық айтты.
Жиын қорытындысында мұндай талапқа сәйкес келмейтін «ашық-тесік» қырық жамау полигон құрылысының елді-мекеннен әкетіліп, нысан құрылысының елсіздіктен, заңға сәйкес және оның «арнаулы полигон» (сецполигон) түрінде жүргізілуі тиістігін, және оның елсізде орналасуын, және халық пікірі ескерілмей белден басатын болса, аймақтағы әлеуметтік-қоғамдық ахуалды ушықтырушы басты фактор жобаны іске асырушар болатынын айтып, мұнан туындайтын барлық жауапкершілікті соларға жүктейтінін де ескертті. Күн тәртібіндегі: «полигон құрылысы» дауысқа салынып, 99,99 пайыз халық қарсылығын білдірді. Көпшілік полигон құрылысының жүргізілмейтіне сеніп, үмітпен тарқасты. туған жеріне, оның табиғатына алаңдайтын оның ұрпағы, тарих мұны білуі керек. Біз халықтың ту сыртынан жүргізбекші болған мұндай белден басуға жол беормеуіміз керек. Сол себепті де 3 шілде 2015 жылы Ноғайты ауылы клубында өткен халықтық «қоғамдық тыңдалым» хаттамасын оқырмандар назарына ұсынып отырмын.
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 19:59
Байғанин ауданы аумағындағы мұнай өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиялық кешенінің (полигон) құрылысын салу бойынша қоғамдық тыңдау жиналысының
ХАТТАМАСЫ

3 шілде 2015 жыл Ноғайты ауылы
Ауылдық клуб үйі

Жиналысқа қатысушылар: 1. Халық өкілдерінен құралған «Ынталы топ» өкілдері; 2. Облыстық табиғи ресуртар ж/е табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 3. Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің өкілі; 4. «Шалқар Тазалығы» ЖШС өкілдері; 5. Аудан әкімінің орынбасары; 6. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы; 7. Ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының БҚ бойынша өкілдері; 8. «Ақ Жол» демпартиясы облыстық бөлімшесінің өкілдері; 9. Ноғайты, Ебейті, Айрық, Қопа, Жарлы, Қарауылкелді, Қандыағаш, Ақтөбе қ, елді-мекендерінің тұрғындары.
Жиналысқа шақырылғандар: БАҚ құралдары: 1. «Облыстық «Ақтөбе» газеті, 2. Тәуелсіз «Қазақия» қоғамдық-саяси апталығы газеті, 3. Республикалық 31-телеарнасы, 4. КТК телеаранасы журналистері.
Жиынға қатысушылардың дауыс беру жолымен қоғамдық тыңдалым төрағасын сайлау жөнінде 2 ұсынысы түсті. Біріншісі, А.Ерғалиев – аудан әкімінің орынбасары, екіншісі, Б.Қанатов – «Ақ Жол» демпартиясы облыстық бөлімшесінің заңгері.
Дауысқа салынды: А.Ерғалиевке 22 дауыс, Б.Қанатовқа 40 дауыс берілді. Басым дауыспен Б.Қанатов жиналыс төрағалығына сайланды.
Жиналыс хатшылығына: аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі: Ж.Шымбаева сайланды.
Төраға - Қанатов Бақтығұл: «Саламатсыздар ма! Бүгін қоғамдық тыңдалым өткізгелі отырмыз. Күн тәртібінде бір мәселе. Байғанин ауданында өндірістік және өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдау және оны жою полигонының құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау. Жиналысқа облыстық табиғи ресуртар ж/е табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Көбенов Асхат Иванұлы, Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Молдиманов Айбек Мұратұлы, «Шалқар Тазалығы» ЖШС директорының орынбасары Сәдуақас Нұрлыбек Сәдуақасұлы, «Шалқар Тазалығы» ЖШС экологы Фердерер Елена Викторовна, Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің бас мамны Муфтақов Асхат Есенұлы, аудан әкімінің орынбасары Ерғалиев Азамат Жалғасұлы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Әуелбаев Дәулетияр Мәдірұлы, Қопа, Ащы ауылдық округі әкімдері, Ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының БҚ бойынша директоры: Көбенов Ізімғали Әбдірахманұлы, Халық арасынан құрылған «Ынталы топ» өкілдері мен БАҚ өкілдері, аймақ халқы мен ардагерлер қатысып отыр. Енді жиналыстың жүргізілу тәртібін белгілеп алайық. Шығып сөйлеушілерге 5-10 мин, хабарлама, сұрақ қойушыларға 3-5 мин. Сұрақтарды ауызша да, жазбаша беруге болады».

Күн тәртібі:
Байғанин ауданы, Айрық пен Ноғайты ауылдарының аумағынан Полигон Жобасы құрылысының жүргізілуі туралы.

Баяндамашы - Фердерер Елена Викторовна: «Шалқар Тазалығы» ЖШС экологы: «Байғанин ауданы аумағындағы өндірістік және өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдау және ары қарай жою полигонының құрылысының мақсаты өндірістік қалдықтарды тазарту және өңдеу. Бұның нәтижесінде жолға төсейтін бірінші грунт шығады. Зауыттан өткен қалдықтарды мұнай компанияларына қайтып береміз. Содан кейін жол төсемесі-асфальт салынады. Пластикалық бұйым арнайы зауыттарға тапсырылады. Макулатура арнайы заутқа тапсырылып, нәтижесінде қайта өнім өндірілетін болады».
Залдан сұрақ - «Экологические технологии ХХІ» серіктестігі бас инженері: «Қыс мерзімінде егер қалдықтар қатып қалған жағдайда тазалау жұмыстарын биологиялық препараттармен қалай іске асырасыздар?
Жауап - Фердерер Елена Викторовна: «Бізде биологиялық тазарту емес, себебі бактерияларды қолданбай, механикалық фильтрдің көмегімен органикалық оттегі арқылы насоспен беретін боламыз. Қыс жағдайында арнайы техникалармен, резервуарлармен жабдықтайтын боламыз».
Залдан сұрақ - Садиев Мұхамбетқали, Ноғайты ауылының тұрғыны, «Өсер» ш/қ басшысы: «Кислота қалай өңделетін болады? «кіші Жуалы» көлі мемлекеттің есебінде жоқ. Полигон ауылдан қашыққа салынғаны жөн. Мұнай скважиналарына да жол салуды қарастыру керек».
Жауап - Сәдуақас Нұрлыбек Сәдуақасұлы, «Шалқар Тазалығы» ЖШС директорының орынбасары: «Экологияны сақтау ғаламдық мәселе. Осыны шешу үшін сізден рұқсат сұрай келдік. Сол химияны осы жерден ашып, тазалауды жоспарлап отырмыз».
Залдан дауыс - Ізтілеуов Оралхан, Ноғайты ауылының тұрғыны: «Інім мұнайдан бөлінетін улы заттардың зардабын жақсы білеміз. Мына жерге келіп, бәрі керемет болады деген жылтыр сөздеріңді доғарыңыздар. Ол жерде мен малымды бағып, су ішемін. Сондықтан полигонды ел аумағынан салуға қарсымыз, әкеткендеріңіз дұрыс болады».
Сұрақ - Қанатов Бақтығұл, «Ақ Жол» демпартиясының заңгері: «Қоршаған ортаға улы заттардан бөлінетін зиян мөлшері түтіннен де бөлінетін мәлім. Халық залалы бар деп отыр ғой. Қаншалықты қоршаған ортаға зиянды осыны түсіндірсеңіз».
Жауап - Сәдуақас Нұрлыбек Сәдуақасұлы, «Шалқар Тазалығы» ЖШС директорының орынбасары: «Зауыттың ішінде механикалық фильтрация болады, соның көмегімен улы заттарды жоюға болады».
Залдан дауыс – Сүйеуов Зәлжан, Ноғайты ауылының тұрғыны, зейнеткер: «Полигон ауылдан қашықта салынуы тиіс. Бұл жерден салуға халық қарсы. Казіргі белгіленген жерден «Кереген-Сағыз» ауыз су құбыры жүріп жатыр, полигон құрылысы бұған аса қауіпті».
Залдан сұрақ – Көбенов Ізімғали, ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының БҚ бойынша директоры: «Шалқар Тазалығы» ЖШС-нің басшысы кім, жұмыс орны қайда орналасқан. Осы салада аталмыш ЖШС-тің жұмыс тәжірибесі бар ма, жұмыс сапасы қандай?».
Жауап - Сәдуақас Нұрлыбек Сәдуақасұлы: «Шалқар Тазалығы» ЖШС басшысы Қуаныш Шахабаев, офисі Ақтөбе қаласында орналасқан».
Залдан дауыс: Төремұрат Сақанай, ш/қ жетекшісі, Айрық ауылы тұрғыны: «Аумақты аралап шығып, құрылыстың қазық қазып, белгілеп кеткен жерлерін таптым. Полигон құрылысын жүргізу қырдан емес, су жиналатын ағысты еңістен белгіленіпті. Бұл аумақта жер асты сулары көтеріліп, жер бетіне жақын жатыр. 3-6-7 метр тереңдіктен су шығады. Екі ауыл да осы аумақта мал бағады, шөбін шабады. Ендеше тіршілік ортамызға таяқ тастам жерден полигон салуға қарсымыз. Осыны қойғандарыңыз дұрыс болар еді».
Залдан дауыс - Қалисин Қобылан, Жарлы ауылы тұрғыны, зейнеткер: «Полигон қашықтан салыну керек. Мұнай қалдықтарын сай-салаға төгіп кету фактілері жиі кездеседі, көріп жүрміз. Осы мәселені қадағалайтын мекеме бар ма?».
Жауап - Молдиманов Айбек Мұратұлы, Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін у.а.: «2012 жылдан бастап кәсіпкерлікке мораторий жарияланғаны белгілі. Сол үшін жоспарлы тексеруден тыс тексерулер жүргізуге құқымыз болмай тұр. Департаментте 15 инспектор жылына 1 рет жоспарлы тексеру жүргізе алады. Арыз түскен күнде де арнайы фото, видео дәлелдер арқылы ондай факті тіркелуі керек. Ауызша хабарламаға шара қолдана алмаймыз».
Залдан сұрақ – Өтеген Жүсіп, Қопа ауылының тұрғыны: «Полигон ашылғанда жерасты суы мен ауылдық нысаннан қашықтағы нормативке сәйкес қанша болуы шарт? Қыстай септиктер Сағыз өзеніне құйылып, балықтар қырылып, су ластануда».
Жауап - Молдиманов Айбек Мұратұлы, Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін у.а.: «Учаскені берер алдында комиссия құрылады. Берілместен бұрын жерасты суы немесе пайдалы қазбалардың бар-жоғы жөнінде құжаты болуы керек. Пайдалы қазба орналасқан жағдайда жер бөлуге рұқсат берілмейді. Полигон табиғатты қорғау нысаны болып табылады. Қазылған бақылау ұңғымалары арқылы бақылау жасап отыру керек».
Сұрақ - Қанатов Бақтығұл, «Ақ Жол» демпартиясының заңгері: «Елді мекеннің дәл іргесінен полигон салудың қандай қажеттілігі бар? Неге басқа жерлерде утилизация жасалынбайды?».
Залдан сұрақ – Талдыбаев Жанұзақ, ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей қозғалысының Мұғалжар ауданы бойынша жетекшісі: «Не себептен Ноғайты ауылы таңдалып отыр. Елді мекен судан айырылса, онысыз да судан тапшылық көріп отырған халыққа ауыр тиеді. Айналада 15 мұнай бұрғылау компаниялары жерді шұрық тесік етіп, сорғылап жатыр. Жарлы станциясы іргесінен бұған дейін салынған полигоннан халық зардап көріп отыр. Тазалаймыз, өңдейміз дегеннің бәрі бос әңгіме болып қалды. Барлығы ашы-шашық жатыр. Әкім қайда қарайды, халық қайда қарап отыр. Полигон салуға қандай мұқтаждық бар?».
Жауап - Сәдуақас Нұрлыбек Сәдуақасұлы, «Шалқар Тазалығы» ЖШС директорының орынбасары: «Мұнай компанияларының жалға алған жерінің уақыты аяқталуына және олардың осы аумаққа жақын орналасуына байланысты біздер осы территорияны жақын көріп, залалсыздандыру мақсатында жоспарлап отырмыз».
Мінбеге шығып сөйлеуші - Қошаманұлы Нұрлыбай, «Ынталы топ» мүшесі: Құрметті халайық, қоғамдық тыңдалымға қатысушылар! «Шалқар Тазалығы» ЖШС-нің 2015 жылғы 15 қаңтардағы №1 жазған арызы негізінде Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 наурыздағы №87–ші қаулысымен «Ащы ауылдық округі, Ноғайты ауылының жерінен кірме жолмен және электр беру желісімен бірге өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиялық кешенінің құрылысын салу және пайдалану үшін» деген үлкен сөздермен Айрық пен Ноғайты ауылдарының ортасынан жалпы көлемі 10,0 га жер учаскелері, оның ішінде 1,3 га 1 жылға, 8,7 га 10 жыл мерзімге пайдалануға берілген. Бұған дейін полигон құрылысын салу 2015 жыл 30 қаңтарда облыстық жер комссиясында қаралып, тапсырыс берушінің өтініші қанағаттандырлыпты. Бұқараны ескертпестен полигон құрылысын бастауға 06.02.2015 жылы Байғанин ауданы әкімдігі өзінің №33-ші келісімін берген. Бұған қоса 2015 жылдың 22 қаңтарында бұқарамен келіспестен «Жер учаскесін алдын-ала таңдау жөніндегі Актісі» берілген.
Біріншіден, өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру мен өңдеуге қатысты полигон құрылысы жобасын бекіткен жоғарыда аталған ресми қаулылар мен шешімдер ҚР Экологиялық Кодексінің 57 - бабына сәйкес тек қана «қоғамдық тыңдаудың келісімі» болған жағдайда ғана іске асатын жұмыстар. Біз Заң талаптарының осы тұстарына баса назар аударғанымз жөн. Заңда көрсетілгендей, полигонға тапсырыс беруші өз жоспарлары мен жобалары бойынша алдын-ала «қоғамдық тыңдауларды» ұйымдастыруға және жұртшылық өкілдерінің «жобаларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге», полигон маңы халқынан қағаз немесе электрондық түрдегі ескертулер мен ұсыныстар қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті. Сонан соң барып, ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарына, «Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығына сәйкес: «Белгіленген уақытта және орнына келген мүдделі жұртшылық өкілдері қатысқанда қоғамдық тыңдаулар өткізілуі» тиіс. Солай бола тұра, «жергілікті атқарушы орган» да, бұқараның өкілетті органы деп сеніп жүрген «Байғанин аудандық мәслихат» депутаттары да, полигонға «тапсырыс беруші» де қоғамдық тыңдауларды өткізбеген. Заң талаптарының ең басты осы тұстарын олар мүлдем орындамай, заңды бұзды.
Екіншіден, аз ғана мүдделі билік өкілдері ғана барлық шараларды халықтың ту сыртынан жүргізіп, ал жобаның құрылысына қарсылық білдіруші полигон маңайы жұртшылығы Қопа, Айрық, Ноғайты, Ебейті, Жарлы, Қарауылкелді халқы қоғамдық тыңдауға мүлдем қатыстырылмаған. Полигон құрылысы жөнінде орталық, тәуелсіз БАҚ құралдарына және үкіметтік емес ұйымдарына аудан көлемінде полигон мәселесі туралы қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама да берілмеген. Мұны «Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сіндегілер де растады. Олар басқарма атына қоғамдық тыңдау өткізу туралы өтініштің түспегенін айтып отыр (31.03.2015 ж. Шығыс №03-03/321). Осыған дейінгі халықтың сыртынан толтырылған билік қолындағы қазіргі қоғамдық тыңдалымның «хаттама»-сының шынайлығы да күманды. Халық өкілдері осы бір қоғамдық тыңдалым хаттамасының «мейлінше расталған көшірмесін» аудандық әкімдіктен, әлі күнге дейін ала алмай жүр. Олар сол жалған хаттаманың өзін халыққа жария етпей, жасырып отыр.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 298 - бабы 4 тармағының талабына және ҚР-сының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес полигон жобасы «мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан» өткізілуге жатады. Мемлекеттік экологиялық сраптаманың оң қорытындысы болмаса жобаны іске асыруға тыйым салынады. Бұл жерде де полигон жобасы, оның қалдықтарды көму жұмысы мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық сараптамадан» мүлдем өтпеген. Мұны бізге берген жазбаша хатында Байғанин ауданы прокурорының әділет кеңесшісі Ә.Қ.Балғазин (Шығыс: №2-0304-15-00493.09.06.2015 ж) және «АОСЭСО» директоры С Әлімбаев та растап отыр (Шығыс хат: 3-2-2 №1320. 22.06.2015 ж).
Төртіншіден, «Мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде өткізу туралы заң талаптарын орындамау, сол сияқты сараптамадан өткізілмеген жоба мен бағдарламаны қаржыландырған – лауазымды тұлғалар, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілер (мәселен Шалқар Тазалығы ЖШС) болып табылатын заңды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылатыны» ондайларға бірнеше айлық есебінде айыппұл салынатыны анық жазылған (қараңыз: ҚР-ның ӘҚБТ Кодексінің 19 тарау, 240 бабының 1-ші, 2-ші тармақтары және 245 баптары). Мұндай жолдар ҚР-ның Қылмыстық Кодексінде де бар. Міне бұл жерде де жобаны іске асырушылар осындай заң бұзушылыққа барып отыр. Демек, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 наурыздағы №87–ші қаулысы, Байғанин ауданы әкімдігі өзінің №33-ші келісімі, Облыстық жер комитетінің 22.01.2015 ж. 22.01.2015ж «Жер учаскесін алдын-ала таңдау жөніндегі Актісі» де ЗАҢНАН ТЫС.
Құрметті халайық! Жобаны іске асырушы басқа құзырлы мекемелердің жұмыстары да бұқара үшін ақпарат алу мүмкін емес құпия жағдайға көшкен. Заңның орындалуын қамтамасыз етеді деп үміттенген Байғанин аудандық прокуратурасы жазбаша түсірген сұрауымызға: «құжаттарды алып беру біздің құзырымызға кірмейді» дегенді айтып ҚР-сы Конституциясының – 4-бабының 2; 4 тармақтарын, 20-бабы 2-тармағы, 76-бабы 1 - тармағының орындалуын талап ете алмай, полигонға тапсырыс беруші «Шалқар Тазалығы» ЖШС-ін құжаттандырып келген құзырлы мекемелердің адында дәрменсіздік күй кешуде (Құжат: 01.06.2015. №2-03-15-0554).
Құрметті ауыл халқы! Жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және шауапкершілікпен шешуіне араласуына мүмкіндік беріліп отыр. Заңда жергілікті халық тиісті әкімшілік-бөліністің аумағында табыс көзі болып табылатын жердің меншік иесі болып табылатыны анық көрсетілген. Демек тұрғындар өз ауылында, кентінде жоспараланып жатқан кез келген іске араласуы тиіс. Өз кезегінде өкілетті орган - жергілікті мәслихат депутаттары атқарылып жатқан жұмыстарға (біздің жағдайда полтигон құрылысына) қоғамдық бақылау жүргізуге құқылы. «Жергілікті Мәслихаттардың» тиісті әкімшілік бөліністегі халықтың еркін білдіретіні және оны іске асыруға қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын бақылайтыны ҚР-ның Конституциясында белгіленген.
Солай бола тұра, өз өкілеттігін ұмытқан Байғанин аудандық мәслихаты, облыс мәслихаты депутаттары әділдікті аттап қана қоймай, халықтың өздеріне деген сеніміне осылай ақау түсірді. Олар неге бүгін осы жерде жоқ? Әдетте елдің игілігі, бірлігі үшін деп ресми мінберлерден ту етіп сөйлегенде депутаттардан шешен адам жоқ, сөйте тұра, өкінішке орай сырт ала бере өз қызметіне қарай майса жөнеліп, көптің мүддесін лауазымға айырбастай салу, екіжүзділік олардың әдеттеріне айналған. «Бастық айтты болды, бас шұлғиды шыбындап» - деп Абай айтқандай, халықтың сөзін сөйлейді деген жергілікті мәслихат депутаттары әлдекімдердің қолбаласына айналып, Парламент өкілдігі статусын пайдаланып өз деңгейінде қарапайым халыққа осылай астамшылық жасайды.
Жаңа осы жерде мораторий жөнінде және кәсіпкерлік туралы сөз болды. Кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салған уақытша мораторий күшін әлдеқашан жойды, тексерістер жүргізуге болады. Ал, кәсіпкерлікке келетін болсақ біз бұл жерге кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіру үшін жиналғанымыз жоқ. «Шалқар Тазалығы» кәсіпкерлігі қаржысын салсын, арнайы Жаңажолдағыдай «спецполигон» құрылысын қолға алсын. Қолдарынан келмейді екен мұндай шалажансар полигонның халыққа қажеті жоқ. Оны сонау Үстірттен, Алатау жақтан салсын.
Құрметті халық мынаған назар аударғанымы дұрыс. Экологиялық, демографиялық және өзге де зардаптарға апаруы әбден мүмкін, аумақ халқының мүддесіне қайшы келетін «кез-келген кешен құрылысын» жүргізу, оның табиғи ресурстарын, табиғатын бүлдіру тек қана халықтың келісімімен ғана шешілеті мәселе. Ауыл халқының әлеуметтік екі жақты қанауға ұшырап, өмірлік құқтары үшін жан беріп, жана алысып жүрген құлдық күйлерін шенеуніктер қорғамақ түгілі, естігісі де көргісі келмейді. Өз жерінде жүріп, біреудің отына жылынғандай күй кешіп, құзырлы органдарға ықпал етердей сөзінде де, ісінде де пәрменінің жоқтығы әрине, ауыл халқын ашындырады. Айнала қазақ ауылы қирап, тозып, ел иесі, жер иесі жұрттың тұрмыс-ахуалы күн озған сайын төмендеп барады.
Белден басар болсаңыздар, онда «Шалқар тазалығы» ЖШС-інің халықтың ту сыртынан, оның келісімінсіз полигон құрылысын жүргізбекші болып жатырған әрекетінің соңы - аумақтағы қоғамдық, ахуалды ушықтырушы басты факторға айналуы мүмкін екенін атап көрсетуіміз керек. Бүгінгі күн тәртібінде бір ақ мәселе: «полигон туралы, ол қажет пе, жоқ па?», - деген сұрақ тұр. Кез-келген кешенді бағдарламасыз, бұйрық әдіспен асығыс жүргізілген өзгерістердің ауыртпалығы ең алдымен ауыл халқына түсетінін тарих талай дәлелдеді. Халық қолдамаса бұл жоба тоқтауы тиіс, себебі заң солай дейді. Ендеше, көп болып, полигон құрылысына жоқ дейік. Біз, «Ынталы топ» өкілдері мынаны айтамыз - мұндай ашық-тесік, шалажансар күйдегі полигон құрылысы әкетілсін. Полигон құрылысы елсізден, аса қажет болып жатырса сонау Үстірттен, Алатау жағы Қарақалпақстанмен шекарадан салынсын. Өндіріс қалдықтрының халық денсаулығына зиян келтірмейтіндей «арнаулы көмбеде» көмілуін (спецполигон), нысан құрылысынының тек қана заң аясында жүргізілуін, оның елсіздікте болуын, мәселенің жергілікті халықтың мүддесі тұрғысынан шешілуі тиістігін жеткіземіз. Бұл мәселеде өкілетті орган «аудандық мәслихат» депутаттары қолдайды дем үміттенеміз. Полигон құрылысы тоқтатылсын! Ауыл іргесінен әкетілсін!
Мінбеге шығып сөйлеуші - Көбенов Ізімғали, ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының БҚ бойынша директоры: «Қопа, Ащы ауылдық округтері малмен күн көріп отыр. Шабындық пен жайылым тапталмау керек, ол олардың ғасырлар бойғы ырысы. Байғанин ауданы – Арал апаты аймағы, әлеуметтік саласы ауыр ауданға енеді. 11 атомдық жарылыс болған аудандар құрамына кіреді. Бұл жиында «полигон ашылу керек пе, жоқ па» деген сауал тұр. Менің жеке пікірім, бұл аймақтан полигон ашылмау керек. Мұның айналасында жемқорлықтың иісі, коррупция бар. Құм-топырақ тоқтататын емге тал-шыбық жоқ. Одан да бұл жерден орман шаруашылығын ашып, ұйымдастыруға болмас па еді».
Мінбеге шығып сөйлеуші – Айсина Салтанат, Ноғайты ауылының тұрғыны, көп балалы ана: «Экологияның әсерінен қазіргі кезде денсаулық сыр берді. 15 құрсақ көтерген анамын. Балалардың дені ауру, науқас. Ізімізден ерген балалар мүгедек болып туады, келіндер түсік тастайды. Өзім қант диабетімен ауырамын. Кеше дәрігерлер келіп тексергенде ауылдың 90-ға жуық тұрғыны қант диабетімен ауыратыны анықталды. Осының барлығы полигонның әсері емеспе. Тоқетері, полигонға жол жоқ».

Байғанин ауданы аумағындағы полигонның құрылысы бойынша «төраға» жиынды қорытындылай келіп: «қоғамдық тыңдалымның өткізілгенін жария етті және полигон нысанының құрылысының салыну, салынбауын дауысқа салу туралы ұсыныс түсірді.
Сол арада «Қоғамдық тыңдалым өткізілмеді» дегенді дауысқа салу туралы және бір ұсыныс түсті.

Ұсыныстар дауысқа салынды:

А). «Қоғамдық тыңдалым өткізілді» деген ұсыныс пен «полигон құрылысының салынуын қолдап» - 3 (үш) адам дауыс берді.
Ә). «Қоғамдық тыңдалым өткізілді» деген ұсынысты қолдап және «Айрық» пен «Ноғайты» ауылдары аумағынан «полигон құрылысының салынуына қарсылық» білдіріп – 59 (елу тоғыз) адам дауыс берді.
Б). «Қоғамдық тыңдау өткізілмеді» деген ұсыныс көпшілік дауыспен қабылданбады, талқылаудан алынып тасталынды.

Барлық ұсыныс-пікірлер мен дауыс берудің нәтижелерін ескере отырып, «Қоғамдық тыңдалым»
ШЕШІМ ЕТЕДІ:

Байғанин ауданына қарасты Айрық, Ноғайты ауылдарының аумағынан полигон құрылысы жүргізілмесін! Басым қоғамдық пікірді ескере отырып, құрылыс кешені заң аясында ҚР-сы Экологиялық Кодексі, ҚР-сы ӘҚБТ Кодкесі және барлық экологиялық, сан-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес елсізден және «арнаулы көмбе» үлгісінде жүргізілгені дұрыс.


Төраға: Қанатов. Б

Хатшы: Шымбаева. Ж.Б
Ойыл баласы
Серік
03-04-16 19:25
Байғанин ауджанының халқының болашағы жоқ секілді. Ауылдары қираған, халқы көшіп жатыр қалаға, жақсы өмір іздеп. Шынымен де қиын екен жағдайлары.
Үміт Берікұлы
Үміт
31-03-16 20:27
Байғанин ауданының болащшағы қиын екен. Халқы жұпыны, күйсіз. Мен Қарабұтақтанмын. Нұрлыбайдың аудан жөніндегі мына мақаласы дұрысын айтыпты. Босқа шулай бергенше аудан туралы неге айтпайсыңдар. Жандарың ауырмайды- ау сірә, байғаниндіктер.
Марлен
marlen_87@inbox.ru
22-02-16 06:35
Байғанин ауданының ресми сайты. Байғанин ауданы туралы мəліметтер, жаңалықтар бар
baiganin.aktobe.gov.kz
Нұрлыбай
Қошаманұлы
19-08-15 08:28
Байтақ Байғанинның қазіргі жағдайы мен болашағы алаңдатады

Қаншама білеміз десек те ауданның ауыр халі, «мені айт, мені жаз» деп жан дауысы шығып тұратынын қайталай еске салмай тағы болмайды. Қазақ Даласының 44 пайызы шөлдала, 23 паызы шөлейт дала екені белгілі. Сол шөлейт аумақтың бірі Ақтөбе облысының Байғанин ауданы. Нарық заманына өткелі онысыз да экономикасы тұралап, тек қана өз малымен күн кешіп отырған халық сонда әлі күнге шейін итшілеп өмір сүріп жатыр. Бүгінде экологиясы әбден өзгерген. Салыстырар болсақ ауа райының құрғақтығы, судың тапшылығы, құнарлы қыртыстың жұқалығы шаруаға жарамды солтүстік аудандарға қарағанда 3-4 есе кем болып келеді. Бұған жол мойынының қашықтығын қоссаңыз, күнкөріс тағы қымбаттай түседі. Жұпар иісі аңқыған көктеулер, көкорай шалғын толқып тұрған жайлаулар, жас өсіндісімен көгере бастайтын күзектер мұнда жоқ. Соңғы жылдары аймақтағы қалыпты жайлау жолдары бұзылған, айнала ала шаң. Жоғарыдағылар қашанда ауданда экономиканың, ел тұрмысының көтерілуі бар дейді, бірақ менің байқағаным аудан халқының күйінің көтерілгенін көрмедім. Кәсіпкерлікпен айналысатын тұрғындарының орташа айлық табысы жан басына шаққанда республикалық көрсеткіштен үш-төрт есе төмен. Аудан жері бейне бір «резервацияға» айналғандай.
Көріп жүрміз облыстың басқа аудандарына жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Жерінен мұнай мен газ беріп облыс түгілі, республика бюджетіне кіріс түсіріп отырса да, өкінішке орай байлығының түсімінен тиісті сыбағасын ала алмай, тіптен облысқа аударылып жатқан инвестициядан әділетсіз бөліністі, әсіре теңсіздікті көріп, аудандар арасында кедейшілікте өмір сүріп жатырған да осы жалғыз Байғанин халқы. Байлығының түсімі ортақ қазынаға аударылып, қайтарымсыз кетіп жатыр. Жетпіс жыл бойы жерінен мұнай өндіріп келсе де Дияр, Миялы, Алтай, Абай, Оймауыт, Ебейті, Қопа, Ноғайты, Жарлы, Айрық, Қораши халқы үйлерін баяғы орта ғасырдағыдай мал қиымен жылытады. Қысқы отынға керекті көмірдің де жұмысы көп, қолжетімсіз қып-қызыл ақша. Елге газ тартылмаған. Ауылдар арасын байланыстыратын тас жол жоқ. Аудан үсімен өтетін стратегиялық күре жол аталатын баяғы кеңестік кезеңнен қалған «Ақтөбе – Атырау - Астрахань» тас жолының өзі 80 жылдан бері жөндеу көрмеген (Шұбарқұдықтан Доссорға дейін тас жол мүлдем жол жоқ). Жаяу адам түгілі, көліктердің өзі жол азабын тартып, бір күнде жететін жеріне бірнеше күнде барады. Экономикасын көтереміз деп өңірдің байлығын игеріп жатырған қытайлықтардың ауданның әлеуметтік өміріне деп бөлетін миллиондардың да қайда кетіп жатырғанын ешкім білмейді? Ашық та нақты есеп жоқ, бұқарадан құпия. Мұны қадағалайды деген өкілетті орган қазіргі жергілікті мәслихат депуттатарының үні баяғыда-ақ өшкен. «Жергілікті өзін-өзі басқару» деген заңсымағымыз бар да, күнделікті өмірде ол заңымыз іс жүзінде орындалмайды.
Бұған жерін айналдыра сүліктей сорып жатырған қытайлықтардың мұнайының қалдықтарын көметін көмбе-полигондарды тағы қосыңыз. Бұл жай соңғы жылдары өңір халқының бас ауыртар азабына айналды. Семей атом империясының радиоактивті мұрасы осында ауысып, аудан бейне бір сынақ алаңына, ал малы мен халқы тәжірибе нысанына айналғандай. Өңірдің сай - саласы, өзен, көлі жаппай қытайлықтардың зиянды септиктерін, тамақ, әжетхана жуындыларын төгетін ешқандай санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келмейтін ірілі-ұсақты көмбелерге айналған. Айта кететін бір жайт осының барлығы: «аталған нысандар ешқандай полигондарға жатпайды, зиянсыз тек экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған, жерасты қоймаларын жасаумен айналысатын кәсіпкерлікті қолдауға арналған» - деген желеумен жүргізілуде. Шыдамның да шегі бар, жуырда ғана ашынған халық малы аралас өрістеп жүрген көршілес Айрық пен Ноғайты ауылдары іргесінен заңдастырыла жаздаған тағы бір полигон құрылысына қарсылық білдіріп, оған тосқауыл қойды.
ДСҰ-ы өнімі шикізатқа емес, соңғы өнімге негізделіп жұмыс жасайды. Біз білсек аудан бұл нарыққа да мүлдем дайын емес. Дәлірек айтсақ дайындаған емес, себебі, жауапты шенеуніктер ДСҰ-на «бейімделу керек, даяр болу» керек деп бұқарамен түсінік жұмыстарын жүргізген жоқ. Ауданның мал, сүт, құс, жүн, былғары және жем-шөптің түпкі өнімін өндіретіндей ресурсы мол. Облыс бойынша түйе шаруашылығы да осында. Орта кәсіпкерлік аясында мал бордақылайтын, ет, сүт, қымыз, шұбат, былғары өнімдерін шығаратын өндірістер ашуға әбден болады. Жоғарыдан қолдауын тапса ауданды мал шаруашылығына негіздеп ірі өндірісті өңірге айналдыруға, тіптен қалауын тапса арнайы жылыжайларда көк өніс егуге де болады. Ендеше жергілікті билік, депутаттар ауылдың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, экономикасының басым бағыттарын аймақта азық-түлік және мал, сүт, жүн-тоқыма, иленген тері өнімдерін шығаратын өндірісті көтеруге неге жұмыстанбайды.
Жасыратыны жоқ аудан кәсіпкерлерінің бар жұмысы тек тұрмыстық қызмет көрсету (алып сату: дүкен, кафе, мейрамхана), шикізат шығару деңгейінде әлі іңгәлап тұр. Ертең ДСҰ-ға енуімізбен тарифтік қорғану деңгейі құлдырап, арзан, әрі сапалы импорттық тауарлардың тасқынының астында қаламыз. Талапқа сай келмейтін, барын тек қана мал азығы - жаздық дақылдар (сұлы, арпа, тары т.б), шөп пен төрт түлік түрінде сатуға бейімделген халықтың тауары шетелден ағылған әрі арзан, әрі сапалы азық-түлік, мал, сүт өнімдерімен қатар тұра алмасы анық. Сапалы, әрі арзан өңделген дайын ет пен сүт өнімдерінің неше түрі дүкен сөрелерін толтырса, әр қазаққа ауылдан ағарған, соғым сатып алып не қажеті бар. Бұл ағын төрт түлікті, оның өнімін тауарлай сатуға үйренген ауыл қазағының саудасын тұншықтырары анық. Мұндай жағдайда тауарын аяғына дейін өңдеп, өнім ретінде шығаратын өндірісі жоқ Байғанин ауданы кәсіпкерлерінің барлық жұмысы әбден тұралап, тіптен бар кәсібінің жабылып қалу қаупі туады.
Агломерация ұғымы - өндірістері шоғырланған үлкен қалалар, елді-мекендер және ішкі-сыртқы миграция мен урбанизаци үдерісінің тартылыс аймағы. Ақтөбе облысы бойынша агломерациялық мегаполиске өндіріс ошақтары шоғырланған кіші қалалы Темір, Шалқар, Эмба, Қандыағаш, Хромтау, Мартук, Қобда аудандары кіріп отыр. Байғанин ауданы жерінен қара майы мен газды отынын беріп отырса да Ақтөбе облысы бойынша осы өндірістік мегаполис аумағына да кірмей қалды. Демек Байғанин ауданы болашағы жоқ ауданның бірі деген сөз. Ғалымдар ХХІ ғасырдың екінші жартысы «Көші-қон ғасырына айналады» деп болжап отыр. Үлкенді-кішілі қалалардың ұлғаюы, болашағы бұлыңғыр Байғанин секілді аудандарды урбанизация көшімен жұтып жіберуіне әкеледі. Ауданның округтеріне, кәсіпкерлеріне әлеуметтік, тұмыстық жағдайдың жасалмауы халықтың еркісіз ата-баба жерінен өндірісі шоғырланған орталықтарға көшулеріне бастайтын «алғы шарт». Осы күнге дейін аудан халқына оның аймақтағы елді-мекендеріне көңілдің бөлінбеуі де алдын ала ойластырылған, әлдекімдердің белгілі бір мақсатты көздеген жымысқы да жоспарлы саясаты секілді.
Ал, аудан экономикасының аймақтақ бағдарламасын жасағанда оның елді-мекендерінің инфрақұрылымының шекарасын анықтап, агроөндірістік аймақ етуде, қажетті қаржыны облыстың бас жоспары қарауына енгізуде, аса қажетті инвестицияны тартуда және табандылық көрсетуде әкімдері де, аудандық, облыстық деңгейдегі депутаттары, шаруашылық департаментіндегі мамандары да дәрменсіз. Олар өз қызметінде, барлық деңгейде әріптестері арасында жалтақ, беделі де берері де жоқ. Билік басындағылар ауданның өркендеуі мен экономикалық өсімінің негізін көрсету айнасы: бар игі жақсыны бір орталыққа жинау, аудан орталықтарын көркейту (мәселен жалғыз Қарауылкелдіні) - деп түсінетін секілді. Агломерация мәселесі көтерілгенде аудан басшылары және шенеуніктері аймақтарды дамыту туралы облыстық бағдарламаға түзетулер енгізуге де құлықсыздық танытты. Сөйтіп, аудан тағы да бұл одақтан (өндірісті мегаполистен) тыс қалды. Сонда алыстағы әрбір бүкір белдің астында, сай-саланың бойындағы қиналып жатқан ауыл халқын кім құшағына алады. «Өз күніңді өзің көр» деп отыра береміз бе? Қазақтың алтын бесігі-ауыл, негізгі тіршілігі қала, аудан орталығы емес, мал баққан дала екенін қашанғы ұмытып-ақ кете береміз. Олардың өндірісті мегаполистен тыс қалуы, ерте ме кеш пе елден, ата қонысынан үдере көшуіне әкеледі? Сонда таяу болашақта мұндағы кілкіген мұнай мен газдың игерушілері кім болмақ? Кімдердің қолына өтпек?
Ауданда екі жақты қанау тереңдеп барады. Қанаушы таптың бірі қытайлықтар сол баяғы Ресейден қоныс аударушы крестьяндар секілді «перселен-арендаторларға» ұқсайды. Олар қазба байлығын игереміз деп әуелі 30-40 жылға деп кіріп, аудан территориясын уақытша пайдаланған болып, түпкілікті орнығуға келгендей айнала іргелерін бекітіп жатыр. Жалпы қытай тарапынан аудан көлемінде ғана емес, батыс өңірінде «игеру» деген желеумен жаңа жерлерге қоныс аудару қозғалысы жыл сайын өрістей түсуде. Халық мұның соңы қытайлардың «адами көшіне» ұласып, отарлауға, таяу болашақта өлке тұрғындарының ұлттық құрамына, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне өзгерістер әкеледі ме деп қорқады. 1893-1896 жж. патшалық Ресей реформасы секілді бір күндері батыс экономикасын көтеру саясатының жалғасы қытай қоныстанушыларына ұласып, жергілікті халық жерінен үдере көше бастаса қайтеміз. Бұлай деуімізге негіз бар, себебі қытайдың бүгінгі жымысқы қозғалысының шаңды жолы кешегі кеңестік заман тұсында жазылған тарихымызда сайрап жатыр. Ресми танылмаған «резервацияда» тұратын Байғанин ауданы халқы әлеуметтік теңсіздік босқындары болуға аз-ақ тұр. Көптеген ауылдар қирап, қоныстары қаңырап бос қалды. Қазірдің өзінде шаңырағы шайқалып, нарыққа бейімделе алмаса да, іргесі берік тұр деген үлкен шаруашылықтар халқының 40-50 пайызы қалған. Ауылда жастар тұрақтамай, орта мектептегі оқушылар саны жыл сайын азайып, тұрғындарының қалаға кетуі тиылар емес. Мәселен, Ебейті ауылындағы 400 оқушылық типтік мектепте 130 оқушы, Ноғайтыдағы 460 оқушыға арналған орта мектепте бүгінде 260 оқушы ғана қалған. Ноғайты, Ебейті тарайды, мемлекет есебінен мұндай ауылдарды ұстап отыру шығынға түседі деген қаңқу әңгіменің халық арасында тарағанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Басқа елді-мекендердегі жағдай да осыған ұқсас. Дәрігерлік амбулаториясы, мектебі жабылған ауыл халқы көшпегенде не істей алады. Бұл да елді көшуге еріксіз мәжбүрлейтін «алғы шарттың» бірі. Болашақ қоныстанушылар (қытайлықтар) үшін «бос жерлер» деген осы. Мөңке бабамыз болжағандай, бүтін бір ауданның этникалық, этнографиялық, рухани бірігуінің түп тамыры ауыл үдере көшетін заман туса Байтақ Байғаниның өндірісі, экономикалық, этникалық қожалығы, территориясы кімге өтетінін сезінудің өзі қорқынышты. Осы жерде жоғарыдағы «мұнай мен газ деген байлығымыз кімдердің қолына өтпек, игерушісі кім болмақ» деген сауалымызға жауап тапқандаймыз.
Көпке сын айтудан аулақпыз, десек те осының барлығын сезінетін азаматтар азайған. Жас ұрпақ патриоттық сезімнен жұрдай. Елі, жері, оның адамдары туралы бастарын ауыртқысы келмейтін бейжай болып алған. Болып жатқан келеңсіздіктер жайында ойланбайды. Ол түсінікті де өйткені ойланбауға бүгінгі қарапайым өмірдің ауырлығының өзі де жеткілікті. Бұл сыбайластық, жемқорлық, жеке басын ғана ойлау, сыйламаушылық және кез келген жолмен баю т.б жайлаған жаман қылықтардың салдарынан болуы да мүмкін. Қайда барсаң да қорқыттың көрі - бас көтерер азаматы, зиялысы қалмағандай. Осындайда бүгінгі жастарға тарихымыздан көрі, ертеңгі әңгімемізді, көрер күнімізді, жақсысымен қатар мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлігімізге келер қауіптің «көздерін» де көп айтуымыз керек секілді. Қоғамды жасайтын да адам, ендеше біз елдігіміз бен рухани байлығымызды, тұтастығымызды шашу етпейтін келешек өмірді құруға бір кісідей жауаптымыз. Ендеше, сонау 1918 жылы Қопа-Табын ауданы болып құрылып Әлібіи Жанкелдин мен Тобанияз Әлниязұлы негізін қалаған, 1920 жылы Адай-Табын ауданы атанып, алаш қайраткерлері Зұлқарнай Баймырзаев, Жұмағали Омаров еңбек еткен шежірелі де, қасиетті тарихы бар қазіргі Байғанин ауданының ғұмырының мәңгілік болуын бір Алладан тілегеннен басқа қайран қалмаған секілді ағайын!
Нұрлыбай Қошаманұлы,
Ақтөбе қаласы.
Тел: 975143.

Алибаев Багдат Манасулы
87782336702
23-05-15 20:04
Баиганин косарал Оскемен 5518 МВД аскери борышымды отеп жатырм 25 кун калды БАИГАНИН КОСАРАЛ
Бауырдан Бақытов
Қуанышбекұлы
23-02-15 07:07
Сағыз орта мектебі туралы тарих мені қуантты. Мен де сол мектепті бітірдім. Кластастарым қайда жүр екен.
Ордабай
бұрынғы мектеп түлегі
10-02-15 12:25
"Сағыз" орта мектебі туралы тарих баспасөзге шыққан тұңғыш тұшымды дерек. Мектеп тарихын біле алмай жүр едік, мынау бір тамаша болды. Қуанып қалдық. Бұл айтылғандар ұрпақ үшін қажет. Тарихымыз белгісіз болып қалады ма деп жүретін едік. Сол үшін де Нұрлыбай Бідән баласы Қошаманұлына мың да бір рахмет.
Сағыз орта мектебі түлегі
оқушы
06-10-14 11:57
Ноғайты тарихы мен \\"Сағыз\\" орта мектебі тарихы жақсы жазылған. Сол үшін де Нұрлыбайға рахмет.
Сабыр
kaliev_sabir@mail.ru
08-06-14 08:52
Қаражар орта мектебінің тарихы туралы мәлімет.

ХХ ғасырдың 20 – сыншы жылдарында қазіргі Қаражар елді мекені орналасқан жер Көкмешіт деп аталып осы аттас мешітте балалар ескі діни оқуға тартылған.
1928 жылы Табын ауданы құрылғанда халықтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлығынан болар 1930 жылға дейін Көкмешіт осы ауданның орталығы болған (63 – қор,292-іс, 17– бет, Ақтөбе облыстық мұрағат).
1927 жылы Көкмешітте алғаш кеңістік мектеп ашылды. Осы мектепте алғаш білім алғандар арасында кейіннен осы мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, соғыс ардагері Құлшаров Сары мен еңбек ардагері Әбдірұлы Әжім болған. Өзінің алғаш білім алған мектебі туралы Әжім ақсақал: «1927 жылы Көкмешітте алғаш кеңістік мектеп ашылып , «Көкмешіт» мешітіндегі діни оқу тоқтатылды. Мектепте сол дәуірдегі арабша, орысша сауаты бар Құрмаш деген кісіден сауатымызды ашып, білім алдық. Оны 1929 жылы «халық жауы» деп ұстады. Сол 1929 жылы алғаш серіктестік құрылғанда Көкмешіт мекені Қаражар болып атала бастады. Көп кешікпей «Көкмешіт» те бұзылып 1930-1931 жылдары жаңа орталық Жарқамыстағы мектепті салуға тастары тасылды.
« Көкмешіт » үйі бұзылғасын Қаражар мектебіне «Жұман байдың» үйі беріліп, онда Қырылдақов Оразғали деген мұғалім сабақ бергенін білемін» - деп еске алады. («Ленин туы» газеті, 1967 жыл)
Ақтөбе облыстық мұрағаттарда сол кездегі Табын ауданындағы ағарту ісі жөніндегі құжаттардан Қаражар мектебі жөнінде 1935 жылға дейінгі деректер жоқ. Оған себеп, республикада И.Голощекиннің қанқұйлы саясатының тигізген салқыны болуы мүмкін.
1935 жылдан бастап қана мектеп туралы мәліметтер мұрағат құжаттарында кездесе бастайды. Яғни, 1935-36 оқу жылында Мирзоян атындағы (ол кезде серіктестік те, мектеп те Мирзоян атында болған) бастауыш мектепте мұғалім болып Шалабаев Нәрік, Тоқпанбетов Нығметулла еңбек еткен (281-1,7-сі). Кейін мектеп қайтадан Қаражар аталады.
1937-39 оқу жылында мектеп жеті жылдық болған. Онда оқыған бұрынғы шәкірт, бүгінгі дербес зейнеткер Төкешов Есіркеп те сол оқу жылында бесінші сыныпта оқыдым деп растайды.
1939 жылдан бастап құжаттарда Қаражар орталау мектебі туралы дерек кездесе бастайды.
Осындай бір құжатта 1939 - 40 оқу жылында Қаражар орталау мектебінің директоры Талдықов Қамбар делінген (281-1,89-іс,35-бет). Ал 1940 жылы толтырылған бір құжатта Талдықов Қамбардың бұған дейінгі мұғалімдік қызметін 10 жыл, 1937 жылы аттестациядан өткен, педтехникумда сырттай оқиды деп көрсеткен (281-1,79-іс, 33,35 беттер).
Сонымен бірге ол жылдары І.Есмағанбетов, Абылбаев және Қ.Лұқпанов мұғалім болған. Соғыс салдарынан мектеп 1942 жылға таман бастауышқа айналған, мұғалімі Қ. Талдықов әскер қатарына алынып, содан елге оралмаған.
10 қазан 1939 жылдан соғысқа дейін ҚазақССР-на еңбегі сіңген мұғалім Ермұханбетов Мұқып мұғалім болып жасаған.(219 бұйрық).
Соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары Рахмединова, Қалиевалар мұғалімдік қызмет атқарған.
1947 жылғы 2 маусымдағы Байғанин аудандық кеңесі атқару комитетінің № 201 шешімімен мектеп бастауыштан жеті жылдық мектепке айналған. Аудандық оқу бөлімінің бұйрығымен мектеп директорлығына Жамантаев Марат, оқу ісі меңгерушілігіне Байтауов Тоқпанбет тағайындалған №60).

Жамантаев Марат 1947.06. – 1952.03. жылдары мектепке басшылық жасаған.
Мұңалбаева Теңгежан. 1952.03 – 1952.09, 1955.09 – 1957.01, және 1958.09 – 1959.03.ж.ж. мектеп
директоры болып қызмет атқарған
Қомпаев Түгелбай 1952.09 – 1955.09 ж.ж. мектепе директоры қызметін атқарған. Осы жылдарда
мектепте өмірлерінің соңына дейін ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен Раев Керей мен
Құлшаров Сары жұмыс істеді.
Мырзабекова Шәкен 1957.01. – 1957.07 директорлық қызметті атқарды.
Аухатбаев Мұздақбай 1957.07. – 1958.09. ж.ж. мен директор болды. Сол жылдары келіп, еңбек
еткен мұғалімдер: Артықов Тұрғанбай, Мұқтасаров Кітабай, Меруерт т.б. болды.
Сонымен бірге Елемесов Құсайын 1959.03 – 1961.08 жылдары Медиев Таңбай 1961.08 – 1963.06 жылдары Раев Мақсұт 1963.06 – 1964.01 және Сейталин Ақан 1964.01– 1964.08.ж.ж. мектеп директорлары болса 1959.03 – 1963.08.ж.ж.оқу ісінің меңгерушісі болып Әбиев Жарылғас жұмыс жасады. Сол жылдары мектепте жаңадан Раев Мақсұт, Тажбағанбетов Қорған, Ерғабылов Тайхан, Майлыбаев Өмірзақ (СССР халық ағарту ісінің үздігі), Талыпова Жанат, Нұрманова Бақыт, Аймағанбетов Бақыт және Мәтжанова Сара ұстаздық жолдарын бастады.
1964.08. – 1977.08.ж.ж. «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім», «Методист – мұғалім», Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері – Жақанов Бейсен мектеп директоры болып қызмет атқарды.
Ал Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім Тәжбағанбетов Қорған 1963 – 1971 ж.ж., Ерғабылов Тайхан 1971-73, Қонжаров Жеңіс 1973-75 және Нәби Досым 1975-77 ж.ж. оқу ісінің меңгерушілері болды және осы кездері мектепте жұмыс істеген Кірқабақов Қалел мен Айтмұрзаев Зейнолла және жұмыс жолын жаңадан бастағандар: Жұрынбаев Көңілқос, Нәби Досым, Қонжаров Жеңіс, Сейтжанова Лиза, Хасенов Шарибат, Шөкімов Сағибек , Сейталина Мәншүк т.б. боды.

Нәби Досым 1977.08 – 1984.04ж.ж., Хасенов Шарибат 1984.04 – 1992.08 ж.ж. мектеп директорлары болып және қызмет атқарды. Ерғабылов Тайхан 1977-80 ж.ж Шөкімов Сағибек 1980 - 88 ж.ж. оқу ісінің меңгерушілері болып істеді , осы жылдардан бастап мектепте жұмыс жолын бастағандар: Байқанова Құралай, Қуатбаева Күнсұлу, Сарбалина Сәулеш, Күзенбаев Ордабай, Тасымова Лида, Нұрдәулетова Ғайнижамал, Шанина Хабиба, Ұзақбай Бәтима,Өтегенова Халима, Тайғарин Аяпберген, Жұбаналина Нұрбала, Дүйсенов Шадин, Қожиева Базаргүл, Қалиев Сабыр, Ерқасымов Сәрсенбай Тоғаева Мейрамгүл, Ерғалиева Гүлшара, Байдрахманова Қазина, , Мәдіханова Мереке, Ыбраш Шағала, Қуатбаева Анар, Құлданбай Мәншүк, Ашықбаева Алма, Майлыбаева Аягөз, Байқанова Салтанат, т.б. болды. Бұлардан Б.Ұзақбай (1982), Д. Нәби (1986) жылдары Қазақ ССР-і білім, ғылым және кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.

1990 жылдан бастап сегіз жылдық мектеп халықтың сұранысына орай орта мектепке айналды .
1997 жылы үкіметтің үстірт шешімімен қайтадан сегіз жылдыққа айналса да, бұл кемшілік түзетіліп
1999 - 2000 оқу жылынан бастап орта мектеп болып қайта құрылды.

Актөбе Педагогика Институтының физика –математика факультетінің түлегі Қалиев Сабыр Шүкірбайұлы 1992 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі кезге дейін Қаражар орта мектебін басқарып келеді.
Ал 1988 жылдың тамызынан бері оқу ісінің меңгерушісі болып Нәби Досым қызмет етуде.

1990 - 1993 ж.ж. Күзенбаев Ордабай , 1993-1997 жылдары және 1999 - 2011 жылдары Ұзақбай Бәтима мектеп директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болды. Ал 2011 жылдың қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін бұл қызметті Қабиева Айнұр Бейілханқызы атқаруда.
Осы жылдары мектепке келген мұғалімдер: Сәлмұқанова Жұпар , Дербіс Сәндібай, Дөңбай Данагүл, Базылдина Дариға, Қалдығалиева Майра , Айтмұрзаев Мұқтар, Шырақбай Төлеуғазы, Қазанбаев Амандық , Қисықова Сабира, Байниязов Ердан, Алуадинова Нұрбақыт, Қабиева Айнұр, Жұмағанбетова Жанар, Шетеева Лаура, Рахманов Жанболат , Мергенбаев Дәулет ,Жанкина Гүлбану, Бектұрғанова Бағдагүл ,Тақырова Гүлдана ,Жұмағанбетов Бағдат , Жарасбаева Ләззат, Қалдаяқова Гүлдана , Алшағырова Әсемгүл , Мырзабекова Іңкәр , Тынымқұлова Салтанат т.б. жұмыс жасауда. Қазіргі таңда мектеп әр түрлі пәндер бойынша мамандармен қамтылған. 29 мұғалім жұмыс жасайды, 12 сынып бар. Оларда 13 разрядты – 8, 12 разрядты – 11 мұғалім жемісті еңбек етуде. Мектеп жаңа үлгідегі физика, биология , информатика және химия кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен бірге алғашқы әскери даярлық және бастауыш сынып кабинеттері мен бейімделген акт залдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар 15 техникалық қызметтер мектептегі 185 оқушының қалыпты оқып, білім алуына мүмкіндік жасап отырады. Мектеп КТ - 200 маркалы жылу қазандығы арқылы өзіндік дара жылу жүйесімен жылытылады.
Қазіргі пайдаланудағы мектеп үйі бейімделген жобада 1958 жылы саман кірпішпен салына бастап , 1959-60 оқу жылында алғаш пайдалануға берілген. 2009 жылы мектеп сырты силикатпен қапталып төбесі қайта шатырланды.
Қаражар елді мекені бүгінгі таңда аудандағы өзі қарайлас менекдердін ірісі болып есептелдеді. 112 отбасы турады . Орта мектепте 179 оқушы тартылған. Мектеп тарихы бойынша 2011 жылы орта мектепті Қалиева Айдана Сабырқызы \\" Алтын белгі\\" белгісімен Қарағұлова Айгерім Жексенқызы \\" Ерекше аттестатпен аяқтады. Жыл сайын негізгі мектеп курсын үздік куәлікпен бітірушілер де бар. 2014 жылы 9 сыныпты Бекболатқызы Гүлсая мен Қайнарқызы Гүлден ерекше куәлікпен бітірді. Мектеп оқушылары мен Ұстаздары арасында турлі жарыстар мен байқаулардын жеңімпаздары көптеп саналады.

Сабыр
kaliev_sabir@mail.ru
08-06-14 08:45
Қаражар орта мектебінің тарихы туралы мәлімет.

ХХ ғасырдың 20 – сыншы жылдарында қазіргі Қаражар елді мекені орналасқан жер Көкмешіт деп аталып осы аттас мешітте балалар ескі діни оқуға тартылған.
1928 жылы Табын ауданы құрылғанда халықтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлығынан болар 1930 жылға дейін Көкмешіт осы ауданның орталығы болған (63 – қор,292-іс, 17– бет, Ақтөбе облыстық мұрағат).
1927 жылы Көкмешітте алғаш кеңістік мектеп ашылды. Осы мектепте алғаш білім алғандар арасында кейіннен осы мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, соғыс ардагері Құлшаров Сары мен еңбек ардагері Әбдірұлы Әжім болған. Өзінің алғаш білім алған мектебі туралы Әжім ақсақал: «1927 жылы Көкмешітте алғаш кеңістік мектеп ашылып , «Көкмешіт» мешітіндегі діни оқу тоқтатылды. Мектепте сол дәуірдегі арабша, орысша сауаты бар Құрмаш деген кісіден сауатымызды ашып, білім алдық. Оны 1929 жылы «халық жауы» деп ұстады. Сол 1929 жылы алғаш серіктестік құрылғанда Көкмешіт мекені Қаражар болып атала бастады. Көп кешікпей «Көкмешіт» те бұзылып 1930-1931 жылдары жаңа орталық Жарқамыстағы мектепті салуға тастары тасылды.
« Көкмешіт » үйі бұзылғасын Қаражар мектебіне «Жұман байдың» үйі беріліп, онда Қырылдақов Оразғали деген мұғалім сабақ бергенін білемін» - деп еске алады. («Ленин туы» газеті, 1967 жыл)
Ақтөбе облыстық мұрағаттарда сол кездегі Табын ауданындағы ағарту ісі жөніндегі құжаттардан Қаражар мектебі жөнінде 1935 жылға дейінгі деректер жоқ. Оған себеп, республикада И.Голощекиннің қанқұйлы саясатының тигізген салқыны болуы мүмкін.
1935 жылдан бастап қана мектеп туралы мәліметтер мұрағат құжаттарында кездесе бастайды. Яғни, 1935-36 оқу жылында Мирзоян атындағы (ол кезде серіктестік те, мектеп те Мирзоян атында болған) бастауыш мектепте мұғалім болып Шалабаев Нәрік, Тоқпанбетов Нығметулла еңбек еткен (281-1,7-сі). Кейін мектеп қайтадан Қаражар аталады.
1937-39 оқу жылында мектеп жеті жылдық болған. Онда оқыған бұрынғы шәкірт, бүгінгі дербес зейнеткер Төкешов Есіркеп те сол оқу жылында бесінші сыныпта оқыдым деп растайды.
1939 жылдан бастап құжаттарда Қаражар орталау мектебі туралы дерек кездесе бастайды.
Осындай бір құжатта 1939 - 40 оқу жылында Қаражар орталау мектебінің директоры Талдықов Қамбар делінген (281-1,89-іс,35-бет). Ал 1940 жылы толтырылған бір құжатта Талдықов Қамбардың бұған дейінгі мұғалімдік қызметін 10 жыл, 1937 жылы аттестациядан өткен, педтехникумда сырттай оқиды деп көрсеткен (281-1,79-іс, 33,35 беттер).
Сонымен бірге ол жылдары І.Есмағанбетов, Абылбаев және Қ.Лұқпанов мұғалім болған. Соғыс салдарынан мектеп 1942 жылға таман бастауышқа айналған, мұғалімі Қ. Талдықов әскер қатарына алынып, содан елге оралмаған.
10 қазан 1939 жылдан соғысқа дейін ҚазақССР-на еңбегі сіңген мұғалім Ермұханбетов Мұқып мұғалім болып жасаған.(219 бұйрық).
Соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары Рахмединова, Қалиевалар мұғалімдік қызмет атқарған.
1947 жылғы 2 маусымдағы Байғанин аудандық кеңесі атқару комитетінің № 201 шешімімен мектеп бастауыштан жеті жылдық мектепке айналған. Аудандық оқу бөлімінің бұйрығымен мектеп директорлығына Жамантаев Марат, оқу ісі меңгерушілігіне Байтауов Тоқпанбет тағайындалған №60).

Жамантаев Марат 1947.06. – 1952.03. жылдары мектепке басшылық жасаған.
Мұңалбаева Теңгежан. 1952.03 – 1952.09, 1955.09 – 1957.01, және 1958.09 – 1959.03.ж.ж. мектеп
директоры болып қызмет атқарған
Қомпаев Түгелбай 1952.09 – 1955.09 ж.ж. мектепе директоры қызметін атқарған. Осы жылдарда
мектепте өмірлерінің соңына дейін ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен Раев Керей мен
Құлшаров Сары жұмыс істеді.
Мырзабекова Шәкен 1957.01. – 1957.07 директорлық қызметті атқарды.
Аухатбаев Мұздақбай 1957.07. – 1958.09. ж.ж. мен директор болды. Сол жылдары келіп, еңбек
еткен мұғалімдер: Артықов Тұрғанбай, Мұқтасаров Кітабай, Меруерт т.б. болды.
Сонымен бірге Елемесов Құсайын 1959.03 – 1961.08 жылдары Медиев Таңбай 1961.08 – 1963.06 жылдары Раев Мақсұт 1963.06 – 1964.01 және Сейталин Ақан 1964.01– 1964.08.ж.ж. мектеп директорлары болса 1959.03 – 1963.08.ж.ж.оқу ісінің меңгерушісі болып Әбиев Жарылғас жұмыс жасады. Сол жылдары мектепте жаңадан Раев Мақсұт, Тажбағанбетов Қорған, Ерғабылов Тайхан, Майлыбаев Өмірзақ (СССР халық ағарту ісінің үздігі), Талыпова Жанат, Нұрманова Бақыт, Аймағанбетов Бақыт және Мәтжанова Сара ұстаздық жолдарын бастады.
1964.08. – 1977.08.ж.ж. «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім», «Методист – мұғалім», Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері – Жақанов Бейсен мектеп директоры болып қызмет атқарды.
Ал Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім Тәжбағанбетов Қорған 1963 – 1971 ж.ж., Ерғабылов Тайхан 1971-73, Қонжаров Жеңіс 1973-75 және Нәби Досым 1975-77 ж.ж. оқу ісінің меңгерушілері болды және осы кездері мектепте жұмыс істеген Кірқабақов Қалел мен Айтмұрзаев Зейнолла және жұмыс жолын жаңадан бастағандар: Жұрынбаев Көңілқос, Нәби Досым, Қонжаров Жеңіс, Сейтжанова Лиза, Хасенов Шарибат, Шөкімов Сағибек , Сейталина Мәншүк т.б. боды.

Нәби Досым 1977.08 – 1984.04ж.ж., Хасенов Шарибат 1984.04 – 1992.08 ж.ж. мектеп директорлары болып және қызмет атқарды. Ерғабылов Тайхан 1977-80 ж.ж Шөкімов Сағибек 1980 - 88 ж.ж. оқу ісінің меңгерушілері болып істеді , осы жылдардан бастап мектепте жұмыс жолын бастағандар: Байқанова Құралай, Қуатбаева Күнсұлу, Сарбалина Сәулеш, Күзенбаев Ордабай, Тасымова Лида, Нұрдәулетова Ғайнижамал, Шанина Хабиба, Ұзақбай Бәтима,Өтегенова Халима, Тайғарин Аяпберген, Жұбаналина Нұрбала, Дүйсенов Шадин, Қожиева Базаргүл, Қалиев Сабыр, Ерқасымов Сәрсенбай Тоғаева Мейрамгүл, Ерғалиева Гүлшара, Байдрахманова Қазина, , Мәдіханова Мереке, Ыбраш Шағала, Қуатбаева Анар, Құлданбай Мәншүк, Ашықбаева Алма, Майлыбаева Аягөз, Байқанова Салтанат, т.б. болды. Бұлардан Б.Ұзақбай (1982), Д. Нәби (1986) жылдары Қазақ ССР-і білім, ғылым және кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.

1990 жылдан бастап сегіз жылдық мектеп халықтың сұранысына орай орта мектепке айналды .
1997 жылы үкіметтің үстірт шешімімен қайтадан сегіз жылдыққа айналса да, бұл кемшілік түзетіліп
1999 - 2000 оқу жылынан бастап орта мектеп болып қайта құрылды.

Актөбе Педагогика Институтының физика –математика факультетінің түлегі Қалиев Сабыр Шүкірбайұлы 1992 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі кезге дейін Қаражар орта мектебін басқарып келеді.
Ал 1988 жылдың тамызынан бері оқу ісінің меңгерушісі болып Нәби Досым қызмет етуде.

1990 - 1993 ж.ж. Күзенбаев Ордабай , 1993-1997 жылдары және 1999 - 2011 жылдары Ұзақбай Бәтима мектеп директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болды. Ал 2011 жылдың қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін бұл қызметті Қабиева Айнұр Бейілханқызы атқаруда.
Осы жылдары мектепке келген мұғалімдер: Сәлмұқанова Жұпар , Дербіс Сәндібай, Дөңбай Данагүл, Базылдина Дариға, Қалдығалиева Майра , Айтмұрзаев Мұқтар, Шырақбай Төлеуғазы, Қазанбаев Амандық , Қисықова Сабира, Байниязов Ердан, Алуадинова Нұрбақыт, Қабиева Айнұр, Жұмағанбетова Жанар, Шетеева Лаура, Рахманов Жанболат , Мергенбаев Дәулет ,Жанкина Гүлбану, Бектұрғанова Бағдагүл ,Тақырова Гүлдана ,Жұмағанбетов Бағдат , Жарасбаева Ләззат, Қалдаяқова Гүлдана , Алшағырова Әсемгүл , Мырзабекова Іңкәр , Тынымқұлова Салтанат т.б. жұмыс жасауда. Қазіргі таңда мектеп әр түрлі пәндер бойынша мамандармен қамтылған. 29 мұғалім жұмыс жасайды, 12 сынып бар. Оларда 13 разрядты – 8, 12 разрядты – 11 мұғалім жемісті еңбек етуде. Мектеп жаңа үлгідегі физика, биология , информатика және химия кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен бірге алғашқы әскери даярлық және бастауыш сынып кабинеттері мен бейімделген акт залдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар 15 техникалық қызметтер мектептегі 185 оқушының қалыпты оқып, білім алуына мүмкіндік жасап отырады. Мектеп КТ - 200 маркалы жылу қазандығы арқылы өзіндік дара жылу жүйесімен жылытылады.
Қазіргі пайдаланудағы мектеп үйі бейімделген жобада 1958 жылы саман кірпішпен салына бастап , 1959-60 оқу жылында алғаш пайдалануға берілген. 2009 жылы мектеп сырты силикатпен қапталып төбесі қайта шатырланды.
Қаражар елді мекені бүгінгі таңда аудандағы өзі қарайлас менекдердін ірісі болып есептелдеді. 112 отбасы турады . Орта мектепте 179 оқушы тартылған. Мектеп тарихы бойынша 2011 жылы орта мектепті Қалиева Айдана Сабырқызы " Алтын белгі" белгісімен Қарағұлова Айгерім Жексенқызы " Ерекше аттестатпен аяқтады. Жыл сайын негізгі мектеп курсын үздік куәлікпен бітірушілер де бар. 2014 жылы 9 сыныпты Бекболатқызы Гүлсая мен Қайнарқызы Гүлден ерекше куәлікпен бітірді. Мектеп оқушылары мен Ұстаздары арасында турлі жарыстар мен байқаулардын жеңімпаздары көптеп саналады.

Нұрлан
yessengazy@mail.ru
23-02-14 19:47
Жеке Куәлігіңіз, аты-жөніңіз қазақ тілінде болмаса, сіз қандай қазақпын деп ойлайсыз?
Әкеңіздің, атаңыздың, бабаңыздың атын ұмыттырам деген заман өтті, аты-жөніңізді, тегіңізді Жеке Куәлігіңізге қазақ тілінде жаздырсаңыз, Алла тағала сізді қолдайды!
Бүгінгі күннен бастан, әр азамат, отбасы, ауыл, аудан, қала, облыс болып, түгел қазағым Қазақ Елінің нағыз азаматы атына лайықты жұмыс жасайық, өмір сүрейік, балаларымыз бен немерелерімізге қазақ екенімізді дәлелдейік.
Не істеу керек:
1. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазып, Туу туралы Куәлігіңізді жаңадан таза қазақ тілінде жаздырасыз,
2. Қазақ тілінде жазылған Туу туралы Куәлік негізінде Жеке Куәлік және қажет болса Паспорт аласыз,
3. Басқа құжаттарыңызды қазақ тіліне аудармайсыз, бәрі жарамды, заңды құжат болып есептелінеді.
Сонда ғана біз аты-жөнімізге қарап қазақ екенімізді, бір үлгіде аты-жөнімізді жазатын Қазақ Елінің, ұлтымыздың төлқұжаты болатын жағдайға жетеміз.

Мысалға: менің атым Нұрлан әкемнің аты Ізден атамның аты Есенғазы. Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуiрдегі № 2923 Жарлығына байланысты Туу туралы Куәлігімді және жеке Куәлігім мен Паспортымды Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ деп алдым.

Сонда ғана қазақ тілінде жазу сауаты дұрысталады, неге десеңіз сіздің жеке Куәлігіңіз таза қазақ тілінде ғой!

Сіздерге де сондай қуаныш сыйлаймын!

Aianbek
aianbek_9797
17-01-14 08:28
baiganin jastari alga
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
12-01-14 23:16
Ноғайты ауылы «Сағыз» орта мектебі тарихына назар аударайық оқырман бауырларым.

Ноғайты ауылы «Сағыз» орта мектебі – Уақыт өткен сайын мектептің біздер үшін бағасы артып барады. Өйткені ұстаздарымыз ұстаған, ұстазымыздан қалған жәдігер көзге оттай басылады, ыстық көрінеді. Өтіп кеткен оқушы шағымызды, ұстаздарымыздың ардақ бейнесін, қимас та қайтып оралмас кезеңдерімізді еске түсіріп, жүрегімізді елжіретеді. Қайран сол бір қамсыз-мұңсыз шуақты күндеріміз-ай! Мектеп үйі әлі күнге дейін қажетке асып, бала-бақшаға айналып ұрпаққа қызмет етіп жатыр.
...Жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне қарайды. Байғанин ауданының Ноғайты ауылында орналасқан. Алғаш рет Ноғайты ауылында «Сағыз» совхозының орталық мекенінің орналасуына байланысты, мектептің негізі 1949-1950 жылы бастауыш мектеп болып ашылудан басталады. Мектептің алғашқы класс бөлмелері қазіргі учаскелік дәрігерлік амбулатория орналасқан үйде болды. 1954 жылы жаңа мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға беріледі. 1955 жылы 7 жылдық мектеп болып ашылды. 1955 жылы Байғанин ауданына тың игерушілер келе бастайды. Осыған байланысты 1955-1959 жылдары мектеп жанынан бастауыш 4 класс орыс бөлімшесі ашылып, орыс кластарына Зинаида Александровна Иванова есімді мұғалім сабақ берді. Оқу кешені 1957 жылы 8 жылдық мектепке айналып, қосымша 160 балалық мектеп үйі және 1960 жылы мектеп жанынан сырттан келіп оқитын және малшы балаларына деп 100 балалық интернат үйі салынып берілді. Мұнда соғыс және еңбек мүгедектерінің, зейнеткерлердің, шалғай мал жайылымындағы малшылардың балалары орналасты. Балалар толықтай мемлекет қарауында болды. Өкінішке орай, мұғалімдердің маңдай тері сіңген, көзіндей көрінетін, талай буын өкілдерін өсірген интернат үйі бүгінде жоқ, бұзылған.
Кеңес заңдарына сай сегіз жылдық мектеп бітіргендер орта мектептің 9 класына, кәсіптік – техникалық училищелеріне, арнаулы орта оқу орындарына түсіп, оқи алатын болды. Қазақ ССР-і бойынша 1959 жылы барлық мектептерде оқу бағдарламасы кеңейтіліп, кәсіптік техникалық училищелердің оқу жүйесімен ұштастырылып ашылған жалпы білім беретін орта мектептер құру реформасына сәйкес, 1966-1967 жылдардан бастап класс комплексінің көбейуіне байланысты сегіз жылдық мектеп орта дәрежелі 10 жылдық білім беретін оқу орнына айналып, кешенге «Сағыз» орта мектебі атауы берілді. Оқу орнының «Сағыз» орта мектебі» болып қайта құрылуына байланысты кейіннен бұрынғы мектеп қасынан қосымша мектеп үйі және салынып 4 класс бөлмесі пайдалануға беріледі. Ал, ресми дерек бойынша 1974-75 оқу жылында республикада барлығы 2708 сегіз жылдық мектептер болған.
1968 жылы 8 ақпанда Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің шешімімен Байғанин аудандық үйінің қазақ ұлт-аспаптары оркестріне «Қазанғап» атындағы халық оркестрі» атағын беру туралы қаулы қабылданды. Мектеп жанында республикалық дәрежесі бар осы «Қазанғап» халық аспаптары оркестрінің Михаил Жәленов басқарған домбыра үйірмесі жұмыс жасады. Сондай-ақ, республикалық деңгейде мойындалған оркестр құрамында Ноғайтылық Санақаев Серғазы, Сағынова Қалдан, Баймұратов Боран секілді азаматтар да өнер көрсетті. Мектепте әр жылдары Т.Әлібеков, Т.Жазымов, М.Жәленов, Ж.Әбиев, И.Ермекбаев, С.Санақаев, Е.Имов, Т.Жұмабаев, Т.Төлешов, М.Жұмағазин секілді мұғалімдер «директор» болды. Бұлардың тұсында педагогтық ұжым жұмысы кезеңімен жаңа деңгейге көтеріліп, оқыту сапасы жақсарды. Мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеулеріне жақсы мүмкіндіктер жасалып, оқытудың практикалық жағын дамытудың тың жаңалықтарына кең жол ашылды. Сондай-ақ, ауылдағы білім беру ісіне Қанбай Жапаров, Таубай Әлібеков, Хайролла Бекжанов, Бідән Қошаманов, Қуан Құлданбаев, Тұрғали Жазымов, Ізғали Бөлегенов, Саржан Тәжібаева, Жаңылша Қайырова, Ғайынжамал Қажығалиева, Әділ Тілегенов, Жұмажан Нұрбайқосов, Мінайдар Нәбиев, Нұрғазы Текешов, Сәлима Сағызбаева, Амангүл Көбенова, Болған Қолбасова, Жангерей Жұмабаев, Ибрагим Ермекбаев, Сәуле Досаева, Елеукен Смағұлов, Айша Борашева, Айнаш Борашева, Гүлзия Қазмағанбетова, Жалғас Сатаев, Махамбет Бекжанов, Тұрарбек Смағұлов, Жақан Имашев, Бақтыгерей Тағыбергенов, Берікбай Қайдасов, Жанат Макешова, Зылиха Жолдасбаева, Қатша Нұрбайқосова, Өмірзақ Талдыбаев, Зияш Қарина секілді ауданға белгілі ардагер мұғалімдердің еңбегі сіңді.
Олар осы мектепте жемісті еңбек етті. Бірі білім ордасының негізін қаласа, екіншілері оның іргесін нықтады. Аға ұрпақ мектеп жанында жұмыс жасаған құлақ сіңісті, көз үйреністі болған «октябрят», «пионер», «комсомол» тектес қоғамдық ұйымдар арқылы баланы жастан отансүйгіштікке, білімге қалыптастыра білді. «Сағыз» орта мектебіне қарайтын шаруашылықтың №1 фермасында (Жарлы) 1971 жылға дейін 4 кластық қаракөл бастауыш мектеп жұмыс жасады. Бұл мектепте көп жылдар бойы Сейітов Тойғұл ұстаздық етті. Ауыл өңірінде щәкірт жүрегіне жол тауып, өскелең ұрпақтың санасына тәлім-тәрбие мен білім нәрін құя білген жоғарыдағы ұстаздарымыздың өмір жолдары біздер үшін үлкен таным энциклопедиясындай.
1940 жылдың соңында орта білім беру мақсатында облыстық оқу бөлімі жанынан жұмысшы және жастардың «сырттай оқу орта мектебі» ашылды. Оның негізі мақсаты барлық 16 ауданның әрбір орта және орталау мектептері негізінде 500-ден артық консултациялық бөлімшелер ашу еді. 1945-1950 жж. Облыста осындай жұмысшы және жастардың кешкі мектебі Ақтөбе, Алға, Жем, Шалқарда ашылды. Кейіннен оқуға ниетті жастардың көбейуіне байланысты Хромтау, Шұбарқұдық, Қандыағаш т.б. елдің мекендерінде ашыла бастады. Оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін өндіріс орындарында кластар ұйымдастырып, оқу жұмысшылардың жұмыс орындарында жүргізілді. Кешкі мектептерде жылына 2 мыңнан астам жастар орта білім алып отырды. 1960-1980 жж. облыс көлемінде 26-сында осындай мектеп болса, оның 6-ы Ақтөбе қаласында болды. Мұндай кешкі мектеп бөлімі 1966-1971 жылдары аралығында Ноғайтыдағы «Сағыз» орта мектебі жанында да жұмыс жасады. Кешкі мектеп түрлі себептермен уақытында оқудан тыс қалып, толық орта білім ала алмаған жастарға (15-29 жас арасы) арналды. Мұндай кешкі кластар аймақтардағы сырттай оқу ісінің облыстық әдістемелік орталығына айналды.
Мектепте 1965 жылдан бері негізін совхоз директоры Ө.Тағыбергенов қалаған «Ата жолы» деп аталатын оқушылардың өндірістік бригадасы ауданда алғашқы болып құрылды. Аудан негізінен мал шаруашылығына бейімделгендіктен мектеп жанынан құрылған бұл өндірістік бригада ІХ-Х кластар оқушыларына кәсіптік тәрбие беру, малшы-механизаторлар мамандығын игеру бағытында жұмыс жасады. Оқушылардың мектеп жанындағы өндірістік бригадасында алған қосымша мамандығы орта білімдік аттестатқа қоса тапсырылып отырды. Ауылдың бүгінгі әкімі Жұбанов Сайлаубай да кезінде еңбек жолын осы «Ата жолы» өндірістік бригадасынан бастады.
Жетпісінші жылдар оқушыларды еңбекке баулуға арналды. Оқушылардың оқу-тәжірибе алаңдарындағы, еңбек бригадаларындағы, механизаторлық мамандарды меңгерудегі, егіс алқабындағы еңбектері қорытындыланып, аудан орталығындағы слетте жеңімпаз мектеп істері жарияланып, марапатталып отырды. Егіс алқабында комбайынмен астық орған мұғалімдер еңбегі жоғары бағаланды. Жетпісінші жылдары кәсіби мамандық деңгейін анықтау мақсатында ұстаздарды аттестациалау басталды. Аудандық комиссияның ұсынысымен 5 мұғалімге жоғарғы баға берілді.
3 ұстаз «Аға мұғалім», бірнеше ұстаз «КСРО және ҚР Оқу Министрігінің озық мұғалімдері», «Оқу ісінің үздігі» қатарында мақтау қағаздарына ие болды. 1978-1983 жылдары оқушыларға оқулықтарды тегін беру кезеңі, 1980 жылдары мектепке дейінгі дайындық (бала-бақша топтары) топтарын оқыту жұмыстары басталды. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту алғашқы жылдары қоғамдық негізде атқарылып, кейіннен ақылы топтар қатарына енгізілді. Мұның жұмысына мектеп директорының бастауыш сынып жөніндегі орынбасарлары басшылық жасап отырды.
1980 жылы ескі мектеп жанынан 464 орынды, типтік жобадағы үш қабатты жаңа оқу кешені салынды. Онда жабдықталған оқу кабинеттері, шеберхана, спорт залы, жанында оқу-тәжірибе участогі болды. Мектеп дәрісханаларын көрнекі құралдармен әсіресе, эпидиоскоппен, магнитафон, кең экранды киноқондырғымен жабдықтау жұмыстары жүрді. Жіңішке ленталы киноқондырғылар пайда болды. Оларды жүргізушілер облыстық мұғалімдердің білімін көтеру курстарында дайындап, кино жүргізуші мамандығын берді. Сондай-ақ, лингофон кабинеті мен радио-телефон байланысын қамтамасыз ететін қондырғы РУШ-1 аппараты жұмыс жасады. Бір жағынан 1993 жылға дейін мемлекет тарапынан жыл сайын берілетін тегін отын мен жарыққа бөлінген қаржылар да мұғалімдер мен тәрбиешілердің тұрмыс деңгейін көтеруге себеп болды.
1992 жылдары елдегі басталған қоғами, саяси, әлеуметтік реформалардан туындаған келеңсіздіктердің салдарынан ауылдың білім беру жүйесі де бірқатар қиыншылықтарды басынан өткерді. Қалыптасқан қаржы және көрнекі құралдармен қамтамасыз ету тапшылығына байланысты кейбір оқу кабинеттері жабылып қалды. Мемлекеттік мекеме санатында оқу орнының орталықпен байланысы үзіліп, тіптен мектепті отынмен, электр қуатымен қамтудың өзі күрделі мәселеге айналды. Мұғалімдердің еңбек ақысы уақытылы жеткізілмеді. Мұндай дағдарыс мұғалімдердің білім беру сапасына де әсер етпей қалмады. Әлеуметтік тоқырау кейбір мұғалімдердің басқа салаға кетулеріне әкелді. Жасыратыны жоқ, тіптен, кейбір аудандарда бірлі-жарым мектептер жабылып қалды. Кезеңнің осындай қйыншылықтарын өткерсе де ауыл мектебінің жас мұғалімдері туған мектебіне, алдыңғы буын ұстаздарының ісіне адал болды. Мектептің іргесін шайқалтпай, қатарының тігісін сөктірмей, ұжымды ұстап қалды. Бүгінде көнекөз мұғалімдердің ұстаздық істерін, ізгілікті жарқын ғұмырын бір кездері өздері тәрбиелеген Мұңалбай Құлмұратов, Сатыбай Әбілев, Тілепберген Төлеш, Бақытжан Құрманов, М.Бекжанов, Ж.Имашев, Сәлімгерей Тағыбергенов, Баукыржан Жаулин, Мәрияш Төремұратова, Е.Жаулин, Н.Борашев, Л.Нұрмағанбетова секілді т.б. шәкірттері жалғастырып жатыр. Мектеп жанында дәрігерлік кабинет жұмыс жасайды, меңгерушісі: А.Нұрмағанбетова. Қазіргі мұғалімдер ұжымы да ұйымшыл, біліктері жоғары. Кадрлардың дені де өз ауылынан болғандықтан, әр баланың келешегіне жауапкершілікпен қарайды. Қазіргі кезде мектепте ресми тіркелген жоғары және арнаулы орта білімді барлығы 65 мұғалім еңбек етуде. Әлі-ақ, бұл мектептен болашақта халқының даңқын асқақтатар нағыз азаматтар, қайыспас қайраткерлер, ғалымдар шығарына сенеміз. Нұрлыбай Қошаманұлы. 13.01.2014.


Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
11-01-14 08:26
Енді өткенімізден қазірімізге ойыссақ, аумақтағы жер - су атауларының қойылу, шығу себептері бұл өлкені қандай тайпалар мекендеген, қашан, қай замандардан бастап өмір сүрген деген мәселелерге және халықтың тарихына, тіліне қатысты өзгерістерге тығыз байланысты болып келеді. Мәселен, филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ш.Пангереев: «Байғанин ауданы топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктері» - атты зерттеуінде «Ноғайты» атауының шығу тарихын бұл маңайды кезінде Ноғай жұрты жайлағандықтан «Ноғайлы» деп атағанын, кейін дыбыстық ерекшелікке ұшырап, «Ноғайлы» келе-келе «Ноғайты» болып өзгеріп, Ноғай бабамыздың тарихынан бастау алатынмен түсіндірсе (Ақтөбе облысының топонимикалық кеңістігі-2007 жыл, 32 бет), енді бір дерек көзінде қазіргі 239-шы рзд. тұсындағы «Ноғайты» сайының бойында отызыншы жылдары мал шаруашылығымен айналысқан «Ноғайты колхозы болғанын, оның құрылуын: «ХХ ғасырдың 30-жылдарының басында Табын ауданында Ноғайты колхозының құрылуына байланысты негізі қаланды» - деп, ауылдың тарихы Ноғайты сайының бойындағы Ноғайты колхозынан басталатынына сілтеме жасайды (Байғанин аудандық энциклопедиясы - 298 бет).
Ақтөбе облыстық энциклопедиясында берген анықтамада: «Ноғайты 1948 жылы құрылған шаруашылық» - депті. Қазақ Совет Энциклопедиясында: «Ноғайты аудан орталығы Байғанин селосының оңтүстік батысында 60 км, Ақтөбе қаласынан 312 км жерде. Халқы 2 мың (1974). 1948 жылы ұйымдасқан «Сағыз» қой совхозының орталығы» - деп, бұл жерде де ауылдың тарихы 1948 жылдан басталатынына тағы сілтеме жасайды (қараңыз: ҚСЭ-сы, 395-бет). Біздіңше соңғы болжам қате. Сірә, жинақты құраушылар мұнысымен қазіргі Ноғайты станциясының құрылған жылын емес, керісінше 1948 жылы сай бойындағы (№239 рзд) Ноғайты колхозының толықтай тараған кезін көрсете отырып, осыны негізге алған болулары керек. Біздің болжам бойынша 1938 жылы қазіргі Ноғайты темір жол бекетінің толықтай іске қосылып ашылуы, өз кезегінде 1948 жылы сай бойындағы ежелгі Ноғайты колхозының түпкілікті жабылуына әкелген. Ал оған дейін бұл жерде шаруашылығын жалғастырған бірлі-жарым үй болған. Бұлай деуіміздің себебі 1945 жылы сай бойындағы «Ноғайты» колхозында еңбек еткен Серік Дүзбаев сол жылы жұмыс жасап тұрған Ноғайты станциясының 9 околодкасына жұмысқа келеді. Тағы бір дерек сол 1945 жылдың тамызында Сағыз дистанциясынан қазіргі Ноғайты станциясына соғыс және еңбек ардагері Меденов Кенен де жұмысқа ауысады. Демек, қазіргі Ноғайты бекетінде бұл уақытта теміржолшылар қосыны болған. Бұл болжамымыз сай бойындағы «Ноғайты» колхозы 1948 жылға дейін толықтай тарай қоймаған, жұмыс жасап келген деген болжамымыздың дұрыстығына көз жеткізеді.
Жаңа Ноғайты бекетінің ресми ашылуына байланысты 1940 жылы теміржолшылар балаларына арнап шағын «№62-ші Ноғайты бастауыш мектебін» ашу туралы КСРО қатынас жолдары Министрлігінің арнайы қаулысы шығады. Бұл Ноғайты станциясына қатысты біз кездестірген тұңғыш ресми құжат. Бұл дерек те қазіргі Ноғайты бекетінде 1940 жылы жұмысшы - теміржолшылар бекеті болғанын айғақтай түседі. Мектептің 1945-1947 жылдары сабақ берген мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері Көптілеуов Қасым. Ауылдың көнекөз ақсақалы, еңбек ардагері, теміржолшы Әбілханов Жұмаш Ноғайты станциясының 1936-1938 жылдардың өзінде іске қосылып, жұмыс жасап тұрғанын, мұнда теміржолшылардың үйлері болғанын айтты. Айтарымыз, біз осы жерде бүгінгі Ноғайтының шынайы тарихын Жұмаш қарттың айтқанындай 1938 жылдан емес, керісінше дөңгелектеп «№62-ші Ноғайты бастауыш мектебін» ашу туралы КСРО қатынас жолдары Министрлігінің арнайы ресми қаулысы шыққан 1940 жылдан бастаған дұрыс демекпіз. Ал, оған дейінгі кезеңді «жол құрылысымен айналысқан теміржолшылардың уақытша тұрақтары» деп қабылдағанымыз дұрыс секілді. Жолды төсеу Гурьев облысындағы мұнай кен орындары өнімдерін Орскідегі мұнай айыру заводына жеткізу мақсатында 1930 жылдары басталып, жолдың әр тұсынан көптеген жұмысшы-теміржолшылардың уақытша қосындары құрылды. 1938 жылы жол толықтай іске қосылған кезде кейіннен ондайлар таратылып, орталықтандырылған ірі бекеттерге біріктірілгені белгілі. Соның бірі қазіргі Ноғайты бекеті. Сөйтіп, ауыл үстімен өтетін темір жол 1938 жылдары төселіп бітіп, 1940 жылдан қазіргі Ноғайты станциясының ресми тарихы басталады. Демек биыл Ноғайты жасы 73- ке толды.

kriminal
kriminal1996@bk.ru
17-12-13 11:14
Baiganin tts
жамал
jamal.s_92@mail.ru
01-11-13 19:01
байганин ауданының суретін салыңыздаршы достар
Шокан
shokan_97.97@mail.ru
14-10-13 16:13
Baiganinge angimelerin bolmasyn
Асанбек
asanbek..92
30-09-13 12:40
Байганин Каражарга салем
Анель
anel_93@mail.ru
05-02-13 15:34
сол рас болса сайтка Байганин ауданының суретттерин енгизиниздерши
бауыржан
baur_1987@mail.ru
24-01-13 18:45
мен байганиндикпин олгенше байганиндик болып кетем
)))ABYLAI(((
97aitjanov97@mail.ru
23-07-12 12:05
ок



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов