Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Ушкудык , Тамды , Зарафшан кыздары танысайык!!!


Авторы Xабарлама
Галым
AGK09@mail.ru
23-04-12 22:08
салем кал калайсыздар???

Авторы Жауап
Полатбек ЖАНБАЕВ
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
04-04-14 09:24
ЖЫРЫҚҚҰДЫҚ
Жастығым өткен аймақ Жырыққұдық,
Ол жерде болсаң, бауырым, қызықты күт.
Адамы мекенімнің кең пейілді,
Болмайды жастарында бұзықшылық.

Аруы айдан сұлу, көз байлаған,
Қарауға тура тіптен төзбейді адам.
Жігіті тауды жығар алпамсадай,
Көтеріп көкпарыны нар байлаған.

Жырықта жаны жайсаң қарттарым бар,
Кие бар адамдардың аттарында әр.
Әжейлер сені таныр әудем жерден,
Сыры мол ауылымның ақтарылар.

Құмына жалаңаяқ барсаң егер,
Иттері алдан шығып арсаң етер.
Таинды өзіміз деп пейіліңнен,
Көңілді әрбір үйде дархан етер.

Тау да жоқ ол алқапта, ылғи құмақ,
Күлімдеп шәй ұсынып қыздар тұрат.
Ақылы көркіне сай аруларым,
Ойнақы мінезі жоқ, ұстамдырақ.

Ізетті жеңгейлерім Жырығымда,
Жағымды мінезі бар қылығында.
Ағамның екі етпейді айтқан сөзін,
Шолпы бар әжем өрген бұрымында.

Сен барсаң Жырыққұдық алабына,
Бата бер бесбармақты табағына.
Бас бермей қайтармайды онда бауырым,
Қондырмас кірбің деген қабағыңа.

Жырықта түйе де көп, кие де көп,
Кім айтар иықтан кеп сүйеме деп?
Желейді әруақтар алдан талай,
Пайдасы тағдырыңа тие ме деп.

Сол Жырық жырақ жатыр сағындырып,
Уақыт дегеніне бағындырып.
Сәлем айт бара қалсаң, бауырларға,
Тілекті менен барға қабыл қылып.

4 сәуір 2014 жыл, Степногорск қаласы. Полатбек ЖАНБАЕВ
Қайырхан
kairosh-19.95@mail.ru
26-02-13 17:32
Шағылы тамдымыздың мақтадайын,
Қалайша туған жерді мақтамайын?
Тасынан алтын шығып, байытқанда,
Жырымды арнап қалай тақтамайын.

Тамдының адамдары қасиетті,
Оларға барлық халық бас иеді.
Мыңғырған малы толған өрісінде,
Келбеті айтар болсам осы еді.

Ақтаудың сұлулығы тамсандырған,
Шәмшіге сұлулары ән салдырған.
Қадірге жыр жаздырып тамашалы,
"Тамды ару" әніменен қарсы алдырған.

Тамдыны мадақтауға сөз жетпейді,
Жеріне қияндалған көз жетпейді.
Сексеуіл, жүзгендері ормандалып,
Жетуге туған жерге тездет дейді.

Тамдыны мадақтаудың жөні бөлек,
Жыр жаздым қызылқұмдай еліме деп.
Сағынып мен келемін Сарыарқадан,
Алдымнан бойшаң Ақтау көрінер ед.

Тамдының табиғаты жанға жайлы,
Оны жұрт қалай ғана аңдамайды.
Көктемі кеурекпенен көркемделсе,
Жазы да аша түсер жансарайды.

Тамдының бір ұлымын жыр құраған,
Жусанның иісі қандай бұрқыраған.
Зарафшан, Үшқұдықта құт орнаса,
Кенимех киелі жер ұлтыма тән.
Серик Серикбай-улы
Serik_024
08-10-12 14:07
Бакыт деген не?


Бакыт-деген не?

Бакыт-деген куанганын, кулгенин,
Бакыт-деген еки аякта жугенин.
Бакыт-деген кыз узатып, келин ап,
Немеренмен кол устасып жугенин.

Бакыт-деген жаксы-жаман бiлгенiн,
Бакыт-деген той-думанды коргенiн.
Бакыт-деген копшiлiкке, халыкка
Садака мен той-думан гып бергенiн.

Бакыт-деген бала камын ойлауын,
Бакыт-деген оз елiндi коргауын.
Бакыт-деген кун туганда басына,
Ешкашанда екi жуздi болмауын.

Бакыт-деген жаксылыкты колдауын,
Бакыт-деген жаксы жырын, толгауын.
Бакыт-деген омир сурмей елеулi,
Бул пэниден тым ертелеу солмауын.

Бакыт-деген ашуыннын болмауы,
Бакыт-деген омiр гулдiн солмауы.
Бакыт-деген бул жаханда ешкашан,
Уайымын, кайгы-мунын болмауы.

Бакыт-деген жыр, омiрдiн толгауы,
Бакыт-деген жамандыктын болмауы.
Бакыт-деген эдiл жанды эрдайым,
Бiр Алланын медет берiп колдауы.

Бакыт-деген конiл-куйдiн болуы,
Бакыт-деген бала уйге толуы.
Бакыт-деген бас ауырса жакпас боп,
Бала-шага жан жагыннан торуы.

Бакыт-деген эдiл омiр сургенiн,
Бакыт-деген жузiн жаркынжургенiн.
Бакыт-деген еш бiр жаннан сескенбей,
Акикатты ашып айтып жургенiн.

Бакыт-деген эке-шеше куткенiн,
Бакыт-деген улкен силап откенiн.
Бакыт-деген бала-шага базарда,
Ырза болып бул жалганнан кеткенiн...

Серик Серикбай-улы,
«Элемнiн жарыгы» кiтабынан




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов