Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Қазақ тілі қайда бармақ?


Авторы Xабарлама
Ерзат
e_r_a_93@list.ru
14-05-12 22:27
Тілінен жеру не сұмдық, жеріген құландай қағынан, Құлатар қадам бұл қадам ұлтымызды рухи тағынан. Қазақтар, рас, дарынды халық бұрынырақ туған бағынан. Талантты ел екенін ұлтымыз тағы да дәлелдеп шықты Өз ана тілін менсінбей, тез ұмытып кету жағынан.

Авторы Жауап
Ерзат
e_r_a_93@list.ru
14-05-12 22:43
Қазақпыз деп айтамыз. Қазақ екенімізді дәлелдеу үшін өз ана тілімізді меңгеруіміз керек. Ал қазіргі жастардың көпшілігі өз ана тілін менсінбегендей орысша сөйлеп, европалық стильге көшіп барады. Қазақ тілін дамыту үшін алдымен біз жастар өз елімізде өз тілімізде сөйлемегенде қайда сайрамақпыз? Қазақпын деп мақтанғанша өз ана сөйлеп үйрену керек.
Мәселен, мен сіздерге кішігірім басымнан өткен оқиға жайлы айтып берейін. Мен Халықаралық олимпиадаларға, яғни шет елге шыққанда, өз еліңнен жырақтан болғанда, өз елімді, жұртымды, ана тілімді қатты сағынамын. Сонда біз олимпиадаға Қазақ елінен физика пәні бойынша 2 қазақ және 3 орыс, жалпы командада 5 адам болып шыққан едік. Сонда бізге ең жақын болған Ресей Федерациясының жеткіншектерімен әңгіме өрбіткен кезде, біреуі былай деп бізді улы жыланша шағып алғаны бар: "Че КАЗАХИ не знают да свою родную языку?". Сонда не дерімізді білмей дал болып қалғанбыз. Содан бері мен алдыма кішігірім мақсат қойғанмын. Маған кімде-кім орысша сөйлесе, мен оған ұлтына, еліне ұарамай тек қана қазақша жауап беремін дегенмін. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай "Жастар - біздің болашағымыз". Біз осы елдің үлкен де беделді азаматы не азаматшасы болғанда өз тілімізде сөйлей алмасақ, бізден кейінгі ұрпақ мүлдем ана тілін менсінбей кетпей ма? Жастар бәрі өз қолымызда???

Ойланатын кез келді. Елім деп, жерім деп жүрегі соғатын қазақтың қарапайым қыздары мен қайтпас-қайсар қазақтың батыр да, батыл жігіттері...

Бәрі өз қолымызда ...



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов