Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Салт-дәстүр


Авторы Xабарлама
Нұрлан
yessengazy@mail.ru
02-09-12 14:46
Есенгелді Нұршаевты еске алып, ас берілді!
Бисмиллаһир рахманир рахим!
Атырау қаласы, «Медина» мейрамханасында 01-ші қыркүйек 2012 жылы Республикаға танымал басшы қызыметкер Есенгелді Нұршайұлы Нұршаевтың 70 жасқа толуына арналып Құран бағыштап, Дұға етіп, еске алып, ас берілді!
Қазақ халқының ертеден келе жатқан ең үлкен тойы – ас беру. Бұл – дүниеден - өткен ең белгілі, халық құрметіне бөленген адамдардың жылы толғанда, одан кейінгі жылдары туған және қайтыс болған күндерінде оған жасалатын садақа, зор құрмет, ұлы жиын, бас қосу және еске алу.
1860 жылдан бастап болыс Ерден Сандыбайұлына үш рет ас берілген. 1861 жылы Байдәулет Құлбекұлына ас берген. 1874 жылы Лабақ Қуат баласының асы болған. Аста елдің бірлігі мен байлығы, мырзалығы, бірлігі мен берекесі сынға түседі. Ас беру дәулетті адамдардың, ұйымшыл елдің ғана қолынан келген. Абылай ханның асы, Құнанбайдың әкесі Өскенбайдың асы, Қанжығалы Шауыпкел батырдың асы, Керей Сағынайдың асы, Дулат Сыпатай батырдың асы бүкіл елге мәлім болып, аңызға айналған той болды.

Ас беру дәстүрі қазір де жалғастырылып жатқанын айта кету керек. 1991 жылғы Торғайдағы Ахмет пен Міржақыптың асы, 1992 жылғы Көкшетаудағы Абылайханның Ақмоладағы Бөгенбайдың, Талдықорғандағы Қабанбайдың, Атырау аймағында Дәден бидің(Есенкелді Нұршаев ұйымдастырған), Әжібай би мен Арал батырдың, Бекет атаның, Төремұрат батырдың, Ақтөбе өңірінде Сүлеймен атаның, Есет батырдың, Кобыланды батырдың т.б. астары қазынасы мол халықтық дәстүрлердің тәрбиелік ұлттық, рухани байлығымыздың қайта оралғанының айқын көрінісі екенін тағы да дәлелдеп берді.
Марқұмның кө¬¬зі тірісінде атқарған ісі мен қазақ қо¬ға¬мындағы сал¬мағы қан¬ша¬лық болса, оның асы¬ның сән-сал¬та¬на¬ты да соған сай болуы тиіс деп саналған. Ен¬¬деше, біз сөз етіп отырған Есенгелді ағамыз кім еді?
Өмірде таланттың түрі көп. Бірі – бүгінгі талант, екіншісі – болашақтың таланты. Бұл екеуінің арасы жер мен көктей. Бүгінгі күннің талантының аты өз заманында ғана шығады. Ал келешектің талантының ғұмыры мәңгілік жасайды. Қазақта талантының шамшырағы мәңгі жанатын дарабоздар бір жағынан қарағанда онша көп те емес. Десек те, жұлдызы биік сондай көп таланттардың базбірінің кейде атақ даңқы әмбе жұртқа бірдей тарай бермейді. Соған қарамастан ондайлардың бірнеше жылдық өмірінің өзі көпшілік көңілінен шыққаны соншалық, аты алысқа тараған үлкен болыс, би, батыр аталарымызбен қатар жұрт көкейінде жүреді. Солардың бірі — Есенгелді Нұршаев.
Есенгелді ағамыз 30.08.1942 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген - 08.09.2005 жылы Атырау қаласында қайтыс болған. Есенгелді ағамыз партиялық-кеңестік және ауыл шаруашылығы саласының басшы қызметкері, шебер шежіреші, өлке тарихының білгірі, майталманы еді. Оның өмір жолын талдау жасаудан бұрын өмірбаянына көз салар болсақ, ол былай болып өрбір еді.
Есенгелді ағамыз Қызылқоға ауданындағы Сағыз селолық механизация училищесін, Алматы жоғары партия мектебін, Ресейдің Кострома институтын бітірген.
Есенгелді ағамыз Қызылқоға аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, төрағасы, аудан әкімі, Атырау облыстық жер комитетінің бастығының орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығының бастығының орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығының бастығы, Атырау облысының әкімінің орынбасары қызыметтерін атқарған.
Көзі тірісінде ерекше тұрпатты, жұмсақ мінезді, өте мейірман жан еді. Тірі кезінде айтқан әңгімелерін сондай бір кесімді тілмен әдемі жеткізетін. Оның әңгімелерінде өз бойындағы адалдық пен шыншылдықтың, аңғалдық пен батылдықтың лебі есіп тұратын. Сөйлеген сөзі тартымды, көңілге бірден қона кететін рухани-мәдени сөйлемдермен өріліп жататын. Несін айтайық, Есенгелді ағамыз мына өмірге сыймай кеткен асау тарлан еді. Иә, мұны түсінетіндерге айтып отырмын. Жаны жайсаң, қолы жомарт, көкірегі кең, парқы мен пайымы мол Есенгелді ағамыз аман болғанда бүгінде 70 жасқа толар еді. Бірақ та, ол кісінің соңында ұрпақтары мен қатар мәңгілік өлмейтін, өшпес із қалды. Бұл тұрғыдан алғанда Есенгелді ағамыз басқалардан әлдеқайда бақыттырақ. Бұл дүниеде жанбаған бақытыңыз, ана дүниеде бұрынғыдан да бетер маздап жана берсін, жан аға дегім келеді.
Басына бақ қонса Бай-дәулетті, Басшы болу оңай, бірақ, Азамат болу қыйын! Ер азамат Елдің атын шығарар, Ердің атын Ел бағалар! Азамат Ердің қадірін ағайын білмес, Елі білер! Есенгелді ағамыздың арғы аталары Құлжабай би батыр Сырым батырдың сенімді серігі, Дәден би, батыр, болыс, Қалыбай ел басқарған азаматтар болған. Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады дейді атамыз қазақ!
Бір ғана Тәңір бар ол Алла тағала, Мұхаммед пайғамбар оның елшісі, Құран шын деген мұсылман халықпыз. Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі бойынша тірісінде құрметтеу, өлгесін әруағын сыйлау парыз. Өлі риза болмай, тірі байымайды дейді. Ата-бабаға құрмет көрсету ретінде Құран бағыштау, дұға ету, ас беру, еске алу ұрпақтарының парызы. Міне бүгін Есенгелді ағамыздың жан-жары, ұрпақтары халықты жинап ас беріп, әруақты сыйлаудың тамаша үлгісін көрсетуде. Мұндай садақа тек әруақтардың риза болып, желеп-жебеп жатуы үшін емес, тірілердің жолынан жаңылмауы, ата-баба жолынан адаспауы үшін керек және болашақ ұрпаққа үлгі болуы тиіс.
Асқа марқұмның отбасы, ұрпағы, жора-жолдастары, ұжымдастары, достары, құда-құдағайлары, тума-туысқандары қатысты. Есенгелді ағамыздың өмір жолынан кино көрсетіліп, Атыраулық Аманғали Әміржанұлының «Тағылымы мол АЗАМАТ» атты Есенгелді Нұршаев жөніндегі кітабы таратылды. «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған…» деп ақындар жырлағандай, бұл кеште өзі о дүниелік болып кетсе де, артына үлгі-өнеге мен асыл сөз қалдырған Есенгелді ағамыз жөнінде небір жылы лебіз айтылды. Ағаларымыз, апаларымыз сөз алып, талантты шәкірт, ақылшы аға, қимас дос, жанашыр жолдас туралы тамаша естеліктер айтты.
Еске алу асының соңына қарай Есенгелді ағамыздың апасы Сұлупаш, зайыбы Қансұлу жеңгеміз өздерінің ыстық ықыластарын жеткізе келе: Есенгелдінің садақасына алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге, Есахаңды еске алып жатқандарыңызға көптен-көп рахмет. Сіздерге отбасы бақыты мен қуанышын тілейміз. Азаматымыздың аруағы бәріңізді желеп-жебеп жүрсін! — деді.
Бізде Атырау облысының халқына, марқұм Есенгелді Нұршаевтың отбасы мен бала-шағасына, жақындарына, аста ағамызды еске алып тілек білдірген азаматтарға риза болып қайттық. Ас беру, еске алу, Құран бағыштаудың, Дұға етудің жаңа үлгісін көрдік.
Садақаларыңыз қабыл болсын! Алдағы уақытта тек тойларыңызға келейік. Көрген қызық мерейлеріңіз тойдан тойға ұлассын! Барлық Атыраулықтарға бақ-дәулет, бірлік-береке, амандық, қуаныш, жақсылықтар тілеймін.
Ақтөбе қаласы, облыстық ПМПК ММ басшысы, дәрігер Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ, 87014552854, 87774088898, 8(7132)779380 үй, 550422 жұмыс, e-mail: yessengazy@mail.ru , aktobeopmpk@mail.ru

02.09.2012 жыл.


Авторы Жауап
Динара
dinara_11-09@mail.ru
07-11-12 11:08
"баланы кырыкынан шыгару" конспект кiмде бар?



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов