Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Найман. Тоғас батыр ұрпақтары бар ма?


Авторы Xабарлама
Саяжан
naimanka_8888@mail.ru
21-09-12 12:32
Салемметсизбе Казак журтым! Мен Найман руынанмын (Тогастар ,жалпы Наймандар солай айтады),бирак бул белгисиз. Мен Тогас руы торе немесе кожа (сарт дегени бар)деп естиген болатынмын. Бир деректерде Найман-Белгибай-Суйинши-Толегетай-Кытай-Каракерей-Мейрам-Байторы-Байыс-ТОКТАРКОЖА+Макта апа-Жанжигит,Байжигит-ТОГАС. Токтаркожа Жанжигитти алып оз ели Туркистанга кеткен, ал Байжигит нагашыларымен калган дейди. Ал мына деректе Шынгыс хан-Жошы-Шибан-...-...-Токтамыс хан-Токты хан-Сайбек хан-ТОКТАРКОЖА-Байжигит-ТОГАС. Сонда Хантогастар биз кимнен таралганбыз? Мумкин ЖАНЖИГИТТИН УРПАКТАРЫ жайында билсек бари белгили болар, естуимше Жанжигиттин урпактары Ауганстандагы казактар дейди. Биреулер Токтаркожа сарт олар озбекке синисип кеткен дейди.Сол каншалыкты шын? Жане Тогас батырдын тогыз улы жайыда билсем деймин. Жайлау жане Айдардан туган урпактар жазсаныздар... ТОГАСТАРДАН жауап кутем...

Авторы Жауап
Дастан райсов
24-09-17 04:22
Тоғасбатыр туралы деректерди бибаев қанатдеген кісіден сурауыңыз болады87772483370
Қоқымбаева Алуа Жартайқызы
aleka_88kz@mail.ru
19-09-17 13:54
Ассалаумагалейкум Тоғас урпагы! Мен ШҚО, Тарбағатай ауданы Қарасу ауылынан Қоқымбаев Нияз атаның ұрпағымын! Елім Тоғас - Қасай - Айдар -Баба- Жаңқұл - Дүйсеке - Қоқымбай деп айтқан атам. Негізі Атам Қытайдан келген, бауырлары сонда турады. Тоғастың көбі сол Қытайда әлі турадыТоғас батыр және Хан Тоғасытар туралы кітап шықса қарсы болмас едім!Мемлекеттік бағдарлама аясында... хабарласыныздар"
Ерзат Касенбаев
erzat0659
05-08-17 08:07
Тоғас-Қосай(Қасай)-Қабылан-Дүйсембі-Шегір-Сәрсенбай-Қасенбай-Мереке
Ерлан
Tekelien@mail.ru
26-03-17 20:31
Мен хан тогастан тараган тамасынын урпактарымын. шежире кайдан алса болады тамадан ким тараган? Билсем деп ем.
сымбат набиева
Symbat.bekbulatova@mail.ru
27-01-17 12:44
тогас байбаракпын менин билетиним ТИККУЛАКОВ СЫДЫК АГАМЫЗ 1996жылдар тогас туралы китап шыгарган деп естигем сол китапты киммнен алуга болады тел сот 87475266901 хабарласулурынызды сураймын рахмет
сымбат
Symbat.bekbulatova@mail.ru
14-01-17 10:27
салеметсиздерме менин атым сымбат мен тогас байбаракпын
байбарак урпактары туралы деректер болса
Айтжамал
aitzhamal_86@mail.ru
09-01-17 08:53
Менин руым Кожа сарт кандай рудан тараган соны билейн дегем?
Нұржан
nurjan197871@gmail.com
14-10-16 18:23
Тоғастың тоғыз ұлы болған. Кенжесі Қосай батыр. Қабанбай батыр Дәулетбай батыр және Қосай батыр үшеуі сол үш қыздан тараған.
галым
gala_87.09@mail.ru
02-08-16 19:34
Ассаламу'алəкум!!!Тоғастың Жақсықұлынан тарайтын тумаларымды іздеймін.хабарласыныздар!!!87027046878
Райгүл
raygul.iskakova.73@mail.ru
20-06-16 18:42
Сәлеметсіздер ме, Тоғас батыр ұрпақтары! Осы жылдың шілде айының 5 күні бабамызға ас беріледі дегені рас па?
Салқынбаев Т.
toleuhan.salkynbaev@mail.ru
31-05-16 17:11
2. Ешкімнің жоқ таласы.
«Айтылар күні айтылмаса сөздің атасы өледі» деген екен бұрынғылар. Елтануға есепсіз үлес қосып отырған Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі қарсаңында сол хандықты құруға, нығайтуға, қорғауға еңбегң сіңген тарихи тұлғалар жөнінде де шындықтың бетін ашу мақсатымен «Тоғас хан» деген мақала жазып едім. Ол «Ертіс өңірі» газетінің 25 ақпандағы санында басылды. Мақаланы шашау шығармай жариалаған газет ұжымына рахмет. Біз бала күнімізден бері қай жерде болса да жөн білетін үлкендердің Тоғас атын айтсаң болды «Е, хан Тоғас қой» дегенін үздіксіз естіп өстік, әлі де естіп келеміз. «Хан Тоғас» дегенді көне қазынаның білгірлері жыршы – жырау шежірешілер де жеткізген. Солардың бірі белгілі ақын Кәрібай Таңатарұлы: «...Базарқұл мен Назарқұл хан тоғастың баласы. Таққа отарған Тоғасқа, ешкімнің жоқ таласы» деп толғаған екен. Одан бөлек Камал Әблірахманов, Зейнолла Сәнік, Қалихан Алтынбаев, Замантай Оразаев сынды біршама зерттеушілер мен ақындардың жазбаша деректерін пайдаланған едім мақала жазуда. Олар көне шежіре мен ауыз әдебиетінің деректерін көп жинаған ел тарихының білгірлері ғой, өтірік айта қоймайды. Біздің қазақ халқының тарихын негізінен шежірешілер мен жыр дастандардың авторлары бір біріне қапысыз жеткізіп отарған. Тоғас баба өмір сүрген он жетінші ғасырдың ортасынан он тоғызыншы ғасырдың аяғына дейінгі екі жарым ғасыр шежіре үшін көп уақыт емес қой, 19-дың аяғы мен 20-шы ғасырдың басына дейінгі шежірешілер деректерді бұрмаламай жеткізген болса, Кәрібайлар солардың соңғы тұяғы ретінде өз пікірлерін айтып кетті.
Ал елді адастырған, шынайы шежіренің үнін өшірген 20-шы ғасырдағы кеңестік кезең де, адасқан біз, сол дәуірде туып өскен ұрпақ болдық. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» демекші бұдан былайғы ұрпақты адастырмаудың, тарихи шындықты қалпына келтірудің қамын ойлайтын күнге жеттік кәзір.
Дегенмен көненің көзін көріп қалғандар, көкірегіндегі асыл қазынаны кеңес дәуірінің ақырына дейін жеткізгендер де болды. Түйгені мол ағалардың соңғы тұяғы, Тікқұлақов Сыдық ата бастаған ауыл ақсақалдарының бастамасымен 90 – ншы жылдардың басынада Ойшілік ауылындағы мектепке «Тоғас батыр» есімі берілді. Олар да «Тоғас хан» жайлы шындықты жетік білген. Бір–ақ кеңестік сенімнен әлі ажырамаған халық, әсіресе жастар мен орта буын өкілдері ол кезде «хан» деген атуды қабылдамас еді. «Хан» деген ұғым ол уақытта жауыз, жалмауыз, қатыгез, қанішер дейсің бе, қойшы әйтеуір ел санасындағы ең жеккөрінішті атау болғандықтан оны сол кездегі үкімет те бекітпес еді. Ел ішінде «хандар» жөнінде кәзіргі пікір қалыптасқан жоқ болатын да, «Батыр» ұғымы халықтың қорғаны, қаһарман ретінде тоқтаусыз қабалданатын болды. Ал одан бергі 25 жылда көп нәрсе өзгерді, мүлде басқа пікір, басқа көзқарас қалыптасты. Үйткені кәзіргі уақытта «Қазақстан тарихының» ғылыми жүйесі құрылды, Тоғас баба жайлы аңызды сол жүйеге салып шындықты ашуға тырысқан деректі мақалалар да басылды.
Ендігі жерде аңыз-шежірені сол ғылыми жүйенің қалыбына салуға тиіспіз, мен де соған талпындым. Бір –ақ мақаланы жазғандағы хан бабаны ұлықтайтын шараларға бастау болама деген ойымыз іске аспай қалды. Қайта Тоғас ұрпақтары жинақталған Тарбағатай өңірінде «Тоғас хан болмаған» дейтіндер көрініс бере бастады. Шындығында оларды да сөгетін емес, біз тарихын тануда тым кенже қалған елміз, кеңестік кезең көкірегінде көзі бар, көкейінде сөзі бар абзалдар мен дегдарлардың тұқымын тұздай құртты. Сөйтіп ғасырлар мұрасын бір біріне жалғап келе жатқан шежіре – дастандарды, ондағы шындықты айтарманға айтқызбай, тыңдарманға тыңдатпай жүйесін бұзды, желісін үзіп желкесін қиды. Біз де сол қоғамның өніміміз.
Тоғасты «хан болмаған» дейтін азаматтардың айтатын уәжі: «Қазақтың хандары санаулы ғана, олардың арасында Тоғас деген хан жоқ» дейді. Санаулы дегенде олардың Керей ханнан Кене ханға дейінгі Ұлы хандармен ғана шектеліп отырғанын байқау қиын емес. Бұған қарсы айтарым-қандай мемлекет болса да әкімшілік бөліктерге бөлінеді, «жалғыз кірпіш қорған емес, жалғыз ағаш орман емес» демекші қандай елді болса да жалғыз хан немесе жалғыз патша билемейді. Сөзіміз дәлелді болу үшін тым әріге бармай Шыңғыс хан заманынан бастайықшы. Шыңғыс хан жаулап алған ұлан – ғайыр жерлерді ұлдарына «жасау» немесе «інжу» түрінде бөліп бергені әлемге мәлім. Ол жерлер «Ұлыс» деп аталды, ұлыстарды хандар билеген. Әрі қарай олар да өз ұлыстарын аймақтарға бөледі, мысалы Қадырғали Жалайыри: «Жошы үлкен екі баласына енші бөліп берді» деген дерек қалдырған. Олар Батый хан мен Орда Ежен хан болатын, Жошының бесінші ұлы Шайбан хан кейінірек батыстағы жорықтарға еңбек сіңіргені үшін Батый ханнан үлес алып билік құрған, олардың бәрі өзінен жоғары тұрған ұлыстың ханына бағынған. Ал ұлыстардың хандары түптеп келгенде бәрі бірдей Қарақорымдағы Ұлы ханға бағынушы еді. Бұл бір ғана мысал, Шыңғыс ханның төрт ұлына берілген жерлер өз ішінде қанша аймақтарға бөлінгенін, оларды қанша хан билегенін мөлшерлеп көріңіз. Ал біздің қазақ хандығының басқару жүйесінде осы дәстүр сақталып дамытылған болатын. Ғылымға тереңдемей-ақ мектептің оқулығын ашсақ сол замандағы қазақ хандығының жүздерге, жүздердің ұлыстарға бөлінгенін көреміз. Жалпы жеті сатыдан тұратын хандық иерархияның төртінші сатысы «ұлыс - бірнеше ру – тайпалардан құралады, жаугершілік жағдайда он мың жасақ шығаратын ұлысты сұлтан немесе хан басқарады» дейді жаңағы оқулық. Әдетте мектеп оқулығына дауласуға жатпайтын, әбден екшелген шындық жазылыды ғой. Ендеше ұлысты басқаратын сұлтандар біріншіден міндетті түрде хан тұқымынан болуы шарт, екіншіден олардың кейбіреуіне хан атағын «ұлы ханның» өзі береді, сіңірген еңбегіне, ерлік істеріне қарай әрине. Олар Ұлы ханның алдында ант қабылдайды, оның жарлықтарын орындайды, алым салықтар төлейді, құрылтайға қатысып керек уақытынды әскерін бастап шығады. Ол кезде кәзіргі сияқты казармада жатқан тұрақты әскер жоқ, әрбір ер азаматтың бес қаруы сай болуы шарт, жаушылар жаугершіліктің жарлығын жеткізген жағдайда ауыл ондық, аймақ (ата- аймақ) жүздік құрайды, ру – тайпа мыңдық, ұлыс түменді құрайтын Шыңғыс хан заманынан сақталып келе жатқан жүйе тарихи әдебиеттерде көп айтылады. Со сияқты ол кездегі билік жүйесін кәзіргі ақпараттық, қарым –қатнас құралдары жетілген заманмен салыстыруға тағы болмайды. Ұлы хан жүздер мен ұлыстарды басқаратын кіші хандар мен сұлтандарға сүйенеді, олардың қандайы болса да ұлы ханның пәрменін орындамаса, антты бұзса аяусыз жазаланатыны да содан. Біз білетін Тұрсын ханның бүлігі де соның айғағы. Негізінде Тұрсын хан қазақ хандығынның құрамындағы Тәшкент өңіріндегі екі ұлыс Қатаған тайпаларының ханы болған. Антты бұзып Есім ханға бағынбай бүлік шығарғаны үшін өзі ғана емес бүкіл үрім – бұтағы, қатаған ұлысының халқы түгел жазаланды. Тұрсын ханды жойған соң Есім хан «Тұрсынның ұлы Болатты хан атағына отырғызды» дейді шежіре. Міне осы кезде ерекше ерлігі мен еңбегі үшін Тоғас батырға да «хан» атағы берілген сияқты. Бір-ақ шежіреші-зерттеушілердің ешқайсысы да Тоғас баба Ұлы хан болды деген дерек айтпайды, олай болуы мүмкін емес те. Қарауында халқы жоқ, қол астында әскері жоқ, сыбай – салтаң жүрген адамға «хан» атағы берілді деу тағы қисынға келмейді.
Көбінесе хандық билік әлсіреген кезде жекелеген хандар өз билігін күшейтіп дербестене бастауы көшпенділер тарихының көнеден қалған ерекшелігі десе де болады. Мысалы Бұйдаш ханның тұсындағы Ахмет хан мен Тоғым ханның өз бетімен билік жүргізуі сияқты жағдайлардың да тарихымызда жиі болмаса да қайталанып тұрғаны рас. Билік әлсіреген замандарда халық таңдаған хандар да тарихымыздан өз орынын алған. Жүйелі зерттеуге ілінген, өмір – тарихы дәлелденген 18-19 ғасырларда халқына қорған болсам деген Батыр хан, Әбілғазы хан, Қаратай хан, Арынғазы хан сияқты күрескер тұлғаларды ел тани бастады. «Ұлы хандар санаулы» болғанымен оларға сүйеу болған, жүздер мен аймақтарды басқарып ел ісіне өлшеусіз еңбек сіңірген кіші хандардың қаншасы әлі танылмай жатыр. Солардың бірі, Есім ханның сенімді серігі, елеулі еңбегі мен ерлік істері үшін «хан» атағын алып ұлыс елге, одан шығатын әскерге мейлі аз уақыт болса да басшы болған Тоғас баба да лайықты бағалануы тиіс. «Тоғас хан» жөнінде әртүрлі болжамдар айтылып жүр, соның ішінде қисынды тұспал осы шығар. Ал «Тоғас хан балмаған» деп жүрген жігіттердің де қолында жазбаша дерегі жоқ, олардікі де тұспал. Үйткені жазбаша деректің табыла қоюы қиындау, табылып жатса құба құп, бір-ақ басқаны айтпағанда әйгілі «Жеті жарғының» өзі де бізге жазбаша түрде жете қойған жоқ қой.
Ол кездегі ұлыстар ірі тайпалардың аттарымен аталатыны мәлім, ендеше Байыс бабаның кезінен бастап жинақталып сол кезде ықпалды күшке айналған Наймандардың ішінде Төлегетей ұрпақтарының, болмаса тіпті Қаракерей тайпаларының жеке ұлыс болып он мың әскер шығаруы әбден мүмкін. Бүкіл қазаққа ортақ тұлға қасиетті Қабанбай батырдың атына арысы «Найман» немесе бергі атасы Бәйжігіттің аты тіркелмей «Қаракерей Қабанбай» аталуы да тегін емес сияқты болып көрінеді. Қаракерей сол кезде алты алашқа танымал іргелі ұлыс болды ма кім біледі. Бұдан былайғы зертеушілер шындықты осы төңіректен іздесе болар еді. Бүгінгі біздің борышымыз қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында мемлекетті құруға, қорғауға үлес қосқан аруақты тұлғаларды елге танытып, ұрпаққа үлгі ету деп білемін.


Т. Салқынбаев. Ақсуат ауылы, Тарбағатай ауданы.
(Ертіс өңірі газетінің 2015ж. 21 қазандағы санында басылған.)
Салқынбаев Т.
toleuhan.salkynbaev@mail.ru
27-05-16 20:25
Тоғас хан.
Елбасының бастамасымен быйылғы жылы тойланғалы отырған қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін шын мәнінде ғасыр тойы деуге болады. Ел мерейін есепсіз арттыратын осы мерейтой қарсаңында Қазақ хандығының керегесін керіп уығын қадасқан, ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан тарихи тұлғалар да лайықты бағасын алуы тиіс.
Негізі «бабақазақ» дәуірі сақтардың заманына сәйкес келсе «Атақазақ» дәуірі құдыретті ғұндар мен айбынды түрік қағанатынан бастау алады. Бұлардан кейін де қазақ жерінде Түргеш, Қарлуқ, Оғыз, Қыпшақ, Қарахан сияқты қуатты мемлекеттер құрылып бір-ер ғасырда ыдырап кетіп отырды. Олардың құлауына көбінесе сыртқы жаулардан да гөрі ішкі ұрыс – керіс пен тақ үшін таластың ықпалы көбірек болған. Ең соңғысы – айбынды Найман мемлекеті болса оның құдіретін артырған Инанш Білге қағанның көзі кеткен соң артында қалған екі баласы Таян мен Бұйрық таққа таласып елді екіге бөліп әкетіп еді. Сөйтіп «бөлінгенді бөрі алады» дегендей наймандар Шыңғыс ханға оңай олжа болды. Жалпы Шыңғыс ханға дейін қазақ жерін ешкім толық жаулап алған емес. Шыңғыс хан империясы ыдыраған соң да қазақ жерінде бірнеше мемлекеттік құрылымдыр дүниеге келіп іштен ыдырап құрдымға кетіп отырды. Мысалы Қазақ ордасымен қатар құрылған Ноғай ордасы әміршілер мен билердің жақ – жақ болған тартысының салдарынан артына «Бас – басыңа би болсаң Балқан тауға симассың» деген сөз ғана қалдырды. Ноғай халқы дүниенің төрт бұрышына шашырап кетті. Бүгінгі біздің бағымызға қарай Қазақ ордасы ең алдымен Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтанның таққа да, баққа да таласпай бірін бірі қолдаған, ел бірлігін ойлаған даналығының арқасында сақталып кәзіргі дәрежеге жетіп отыр. Қазақ хандығының іргесі нығайғаннан кейін де сыртқы жаулар мен ішкі жаулардың қаупі сейілмеді. «Іштен шыққан жау жаман» демекші қалт етсе болды бір аймақты бөліп алып билей жөнелуге бейім сұлтан -әмірлер әр уақытта дайын тұрды. Сондай бүліншіліктің бірі – Тұрсын ханның бүлігін басуға Есім ханды қолдаған, ел бірлігін ойлаған сұлтандар мен билер, батырлар мен әмірлер жұмыла кірісіп көп күш жұмсады. Өйткенні Тұрсын хан да оңай жау емес болатын. 1613 жылы қазақ ұлыстарын екіге бөліп Ташкентте өз билігін орнатқан, Есім ханға қарсы 14 жыл күрес жүргізген Тұрсын ханның «кем дегенде жүз мың әскер шығара алатынын» белгілі жазушы Мұхтар Мағауин дәлелдеген. Есім хан елдің шығысында Жоңғарларға қарсы жорықта жүргенде оның ордасы Түркстанға шабуыл жасап ел ішін бүлдірген Тұрсын хан мен Есім хан әскерлерінің арасындағы ақтық шайқас бірнеше күнге созылған екен. Жеңіске жеткен Есім хан Тұрсынды қолдаған екі ұлыс Қатаған тайпасын аяусыз жазалаған. Қатағанның арбаның күпшегінен бойы асқан еркек атаулысы түгел найзаға ілініп, әйел заты олжаға берілді. Соның салдарынан «іргелі елдің туын көтеріп отырған сегіз ұлыстың екеуі түнекке батыпты. Содан бері қарай қазақ мемлекетін құрған қауым «алты алаш» деп аталады» дегенді тағы да М. Мағауин айтады.
Қандай соғыста болсын жеңіске еркше үлес қосқан қаһармандарға сый – сияпат көрсетілуі заңды. Қазына мал – мүліктің есебі белгісіз, одан басқа Тұрсын хан мен қатағанның рубасыларының «қырық қызы олжаға берілді» дегенді көне шежіре жеткізеді. Қазанғап Байбол ұлы мен Шәкәрім қажының шежірелерінде «Тұрсын ханның Қоңырбике, Айбике, Нұрбике атты қыздары арғын – тобықты жігіттеріне берілді» деген дерек бірін бірі қайталайды екен. Зейнолла Сәнік «Абылайдың бас батыры» деген мақаласында: «1627 жылы Бәйжігіттен туған Жұмық, Тоғас, Мәмбетке үш қыз тарту етілді. Нарбике Мәмбетке, Қызбике Жұмыққа, Асылбике Тоғасқа бұйырыпты. Оның үстіне Тоғас батырды үш айдай хан тағына отырғызып үлкен қошемет көрсеткен» - деп жазады. Бір рулы ел есімін иеленіп отырған Жәнбике ананың да осы қатардан екені даусыз, оның Назар батырға бұйырғанын айғақтайтын ауызша да, жазбаша да деректер жеткілікті. Назар Байыстың шөбересі болғанда Жұмық, Тоғас, Мәмбет те шөбере жиендері, заман тұстары бір болған соң тізе қосып жауға бірге шабуы заңды. Соғыста батырлық көрсеткеннің бәріне сый сияпат жасалады, ал «хан» атағы екінің біріне беріле бермейді. Бізді батыр бабаларымыз даңқты Жалаңтөс баһадүрмен замандас болған, бірге қимыл - қызмет жасаған. Оған белгілі ақын Несіпбек Айтовтың «Жалаңтөс» поэмасындағы мынадай жолдар дәлел бола алады: «Жалаңтөс қамал бұзған алдыменен, көрсетіп сол соғыста ерлік ерен» дей келе Есім ханның алдына қолға түскен Тұрсынның келтірілгенін, Жалаңтөстің ерлігінің басымдау болғанын сипаттай келіп: «Есімнің әмірімен Тоғас батыр, Тұрсынның шауып тұрып басын алған» деп толғайды. Бұдан байқайтынымыз, Есім ханның ескі салтты берік сақтап «Ханның басын хан алады» деген қағиданы бұлжытпай орындағаны. Әрі қарай қанша ерлік жасаса да, талассыз лайық болса да Жалаңтөстің хан болып сайланбау себебін: «Бір кесіп екі қайта байламайтын, Есімнің саясаты айдан айқын. Болмаса Ақсүйектің тұқымынан, Ол кезде қарадан хан сайламайтын» деп жырлайды. Кіші жұз алшыннан шыққан, қиын – қыстау кезеңде елдің қорғаны болған кесек тұлға Жалаңтөс баһадүрдің Есім ханға өкпесі де болғанға ұқсайды. Поэмадағы «Жалаңтөс Самарқанды мекендеген, Ойы жоқ қазағынан кетем деген. Есімге өкпелейтін сыңайы бар, хандыққа қарасынып көтермеген» деген жолдар осының айғағы. Міне осы деректер Тоғастың хан тұқымынан екенін талассыз дәлелдеп тұр. Расында түркі тектес тайпалардан шығып ел билеген, қол бастаған, тіпті мемлекет құрған аса ірі тұлғалардың атақ дәрежесіне «хан» атауы қосылмайды. Мысалы: Моғолстанның негізін қалаған Полатшы әмірге кейіннен «Ұлыс бегі» атағы берілген. Ноғай ордасын құрған Едіге би «әмір» атағымен кеткен. Барластан шығып 35 жылда 37 мемлекетті бағындырған ақсақ Темірдің өзі «әмір» дәрежесін қанағат тұтты. Ал Тоғас бабаның арғы тегі жөнінде: «Атамыз Тоқтар қожа Сәйбек ханнан, кезінде озған екен мың мен саннан» деп келетін шежіре жолдары мен қатар қырықмылтық Сүлеймен бидің шежіресіндегі: «Тарихты енді айтамын Тоқтарқожа, Сәдібек хан баласы тегі таза» деген шумағы Тоқтарқожа бабаның арғы тегі хан тұқымынан екенін тағы да айғақтайды. Қабанбай батырдың тарихын 35 жылдан бері зерттеп жүрген Камал Абдрахманов «Шежіредегі Шайбан, Сайбақ, Сәйбек деп жүрген ханымыз Сәдібек деп аталады» деген тұжырым айтады. Ол осы пікірді дәлелдей түсу үшін одан әрі қарай: «Қаракерей Қабанбай 1724 жылы Түркстанда хан сайланды. Бұл – факт. Оның немере атасы Тоғас хан сайланды. Ар жағында шежіре мақұлдайтын тағы да тоғыз хан бар» деп сабақтайды. Тоқтарқожаның бір ұлы Мәмбеттің немересі Қабанбайға Абылайдың «Хан батыр» атағын беруі Ұлы қолбасшының батырлығы мен қатар тегіне де құрмет көрсеткені шығар. Бабамыз хандықтың құрамындағы ұлыстар мен аймақтарды билеген хандардың бірі болуы да мүмкін. Ендігі әңгіме бабаларымыздың қай ханның ұрпақтары деген сұрақ болса кәзіргі зерттеушілер оның да шешуіне жақындап қалған сияқты. Найман хандығы екіге бөлінгеннен кейін Шыңғыс хан оларды бір – бірден талқандады дедік. Таян хан бастаған далалық Наймандарды 1204 жылы толық жеңеді. Монғолдардан ығысқан Таянның ұлы Күшлік хан 1208 жылы жетісуға келіп Қарақидандардың билігін құлатып өз мемлекетін құрған. Одан қатты қауіптенген Шыңғыс хан қалайда наймандарды талқандап Күшлік ханның көзін жоюды мақсат етті. Сол үшін жетісуға Жебе ноян бастаған сұрапыл әскерін жібергені белгілі. Күш – қуатын жиып үлгермеген Күшлік хан бұл жолы да жеңілді, бір-ақ бағынбады, аз ғана әскерімен кәзіргі Тәжік жерінің Таулы Бадахшан өлкесіне дейін барып осы жерде Жебе ноянның қолынан қаза тапты. Монғолға қарсы 14 жыл күресіп сол күйі бағынбай кеткен Күшлік ханға ақырына дейін ілескен найманның негізгі тобы «қара наймандар» болатын дейді Камал ағамыз. Найманның хандары осы «қара найманнан» шығатынын тағы да бізге шежіре жеткізеді. Одан әрі қарай ол «Байыс бидің тұсында басқа ұлттардың құрамында қалып қойған наймандардың үлкен топтары қазақ наймандарына қосылды» деп жазады. Біз білетін аңыз шежірелерде сол тұста Тоқтарқожа, Толымқожа, Қойшыағалардың келіп қосылуы, «ақнайманның» табылуы, Байғана мен Болатшы руларының келіп қосылуы сияқты оқиғалар болғаны рас және ол кездейсоқ емес. Байыс баба бастаған аталарымыз тарап кеткен найман тайпаларын біріктіріп нығайтуға көп күш жұмсап, жатпай тұрмай айналысқан сияқты. Оны кәзіргі «Нұрлы көш» бағдарламасымен салыстыруға болады. Осының нәтижесінде қазақ хандығының құрамында наймандардың ықпалы арта түскен. Ол жөнінде Мұхаметжан Тынышбаев «1500 – 1625 жылдар аралығында Наймандар аса ірі саяси роль атқарды. Олар басқа руларға қарағанда жан санының артықтығына сүйенді» - деп жазады. Сондықтан бабаларымыз әлдебір жалғыз атты адамды паналатты деген, әлдебір адасып кеткен баласын тауып алыпты деп келетін шежіре деректері шындықтың бұрмаланған түрі. Аңыз шежіреде «Тоқтарқожа, Толымқожа деген екі жігіт әлдеқайдан ауып келеді. Толымқожа керей ішіне кетіп Тоқтарқожа Байыс биді паналайды» деп келеді. Одан әрі Тоқтарқожа Байыстың жылқысын бағып кетеді. «Сол үшін Байыс би оған жалғыз қызы Мақтаны қосқан, одан Бәйжігіт пен Жанжігіт туған» дейді. Кейбір аңызда олар қожа болған немесе сарт еді деп жатады. Бір – ақ олар қожа болып діни істермен айналыспайды, сарт болып сауда жасамайды. Шежіре дерегі ұрпақтан ұрпаққа ауызшы жеткізіледі де шындық күнәсіз бұрмаланып әр жерде әртүрлі нұсқада айтылады. Сондықтан «естігеніңді айтпа көргеніңді айт» демекші жазбаша деректерге көбірек сүйеніп, сілтеме жасап отырмыз. Бұл жерде Байыс сияқты байлардың жылқысы біз ойлағандай бір-ер табын емес 10 мыңның ар жақ – бержағында болатынын ескерсек ондай үлкен шаруашылықты басқару, оны жаудан, жұттан, ұры – қарыдан қорғап аман сақтау үлкен іскерлікті қажет етеді. Оның үстіне ол кездегі билер атқарушы билікті де, саяси – құқықтық билікті де жеке – дара атқарған, хан – сұлтандармен терезесі тең бір ұлыстың немесе аймақтың дара билеушісі. Ендеше Байыс би қызын әлде бір ата тегі белгісіз жылқышыға бере салмайтын шығар. Өзімен терезесі тең, ел алдында еңселі орыны бар текті адамға берері сөзсіз. Аңызда айтылғандай Тоқтарқожа, Толымқожа деген екі жігіт әлдеқайдан ауып келген жоқ, сол кездегі «ел төресіз болмайды» деген заңға сай ұлысты басқаруға хан тұқымының өкілдерін тарту қатаң сақталатын заң еді. Байыс баба бастаған ел көсемдері наймандардың басын құрап үлкен ұлыс құрағанын К. Абдрахманов та айтады. Ұлыстарды билеушіліер Ұлы ханмен араласып елдің тыныштығы мен тұтастығын сақтау үшін хан тұқымынан басқаруға адамдар тартқан. Билер мен әмірлер келген сұлтандарға қыз беруі, сөйтіп олармен туыстасып, тіпті бала қылып алу салты тарихымызда көп кезігеді. Міне шежіредегі «Толымқожа керей ішіне кетіп Тоқтарқожа Байыс биді паналайды» деген дерек те шындықтың бұрмаланған түрі, олар келуі келген, бір-ақ адасып келген жоқ, осы ұлыстың билігіне араласу үшін келген сияқты. «Толым қожа керей ішіне неге кетті» деген сұрақтың да жауабы осы. Ондай деректер тарихи әдебиетте көп кезігеді. Камал ағамыз өте орынды пікір айтады, тегі сол кісінің ізімен жүрсек адаспаспыз, Тоқарқожаның ұлы Бәйжігіт те, оның балалары Жұмық, Тоғас, Мәмбет те Байысқа, жалпы Қаракерейге жиен екені рас, бір-ақ Найманға жиен емес, арасынан хан сайлануы олардың аса текті атаның ұрпақтары екенін білдіреді. Ендеше Бәйжігіттің арғы бабалары ешқандай қожа да, сарт та емес, (Абай «сарт» деп тәжікті айтады) найманның ұлы ханы Инанш Білге қағанның төңірегінен тарайды деген тұжырым шындыққа саяды. Тоқтарқожаның ұлы Бәйжігіт қабырғалы би болғаны, оның ұлдары Жұмық, Тоғас, Мәмбет те елге тұтқа еңселі тұлғалар болғаны, Есім ханның жағында болып қол бастаған батырлар, ел бастаған билер екені даусыз. Олар ел бірлігін сақтауға, қазақ хандығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан ірі қайраткерлер болғандықтын Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі қарсаңында лайықты бағасын алуы тиіс. Тоғас хан туралы әңгіме әліде болса тың деректермен толықтырыла береді деген сенімдеміз.
Т. Салқынбаев. Ақсуат ауылы, Тарбағатай ауданы.
(25. 02..2015ж. Ертіс өңірі газетіне басылған)
Abeke
aiterr@mail.ru
26-05-16 15:49
ТОҒАС ХАН

Жаугершілік заманда батырлардың батырын, жауынгерлерді бастайтын қолбасшыны хан етіп халықтың өзі сайлаған. Олардың бойында батырлықпен қатар елді соңынан ерте білетін ұйымдастырушылық қабілет, жұртын өзіне тартатын ақыл-парасаттың болуы да шарт екен. Ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен көнекөз қарияларда осындай бабаларымыздың бірі Тоғас хан болған көрінеді.
Бұл кісі туралы жазбаша материалдар әзірге қолымызда жоқ. Оның туған жерін, қай жылы өмірге келгенін дәл басып айту да қиын. Сондықтан да, ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерге сүйенеміз. Оның неліктен «Хан Тоғас» атануын айтушылар әр қилы түсіндіреді.
Әдетте өз атасын басқалардан гөрі ұрпақтары жақсы біледі ғой. Тоғастың оныншы ұрпағы, бүгінде алпысты алқымдаған, «Комсомол» совхозының тұрғыны, шежіре десе жаны құмар, өткеннен хабар-ошары мол Тікқұлақов Сыдық былайша әңгімелейді: «Тоғас төрт әйел алыпты. Бірінші алған әйелінен Назарқұл, Базарқұл, Рысқұл туады. Екінші алған әйелінен Қанай, Қожай, үшінші әйелінен Жаманай, Тоқай, төртінші әйелінен Қалмағай, Киікбай туады.
Құба қалмақ соғысында Қалмақтың Қатаған деген ханы болыпты. Әрі батыр, әрі қол бастаған Қатаған хан қалың әскерімен қазақтың біресе елін шауып жігіттерін тұтқындап құл етіп, қыздарын байлап-матап әкетіп күң етіп, біресе үйір-үйір жылқысын айдап әкетіп маза бермепті. Қалмақ қолы көбіне басым түсіп, күн көрсетпей, ел тыныштығын бұза береді. Сөйтіп, ол копке дейін қазақ жасақтарына дес бермесе керек.
Әбден мазалары кеткен казақтың сол кездегі билері, ру басшылары мен батырлары жиналып бас қосып, ақылдасады. Олар «Қатаған ханның басын шауып әкелген адамды елге хан сайлаймыз» деген ортақ шешімге келеді. Ертеңіне осы шешімді халыққа хабарлап ел-жұртқа жар салады. Сөйтіп жасақталып дайындалған қалың қазақ Қатаған хан бастаған қалмақ жасақтарына қарсы соғысқа аттанады. Бұл соғыс шешуші соғыс болады. Тізе қосып бірігіп соғысқан, әрі ашу-ызы мен кек кернеген қазақ батырлары бастаған қол қалмақтардың қолын тас-талқан етіп жеңеді. Хан қамалын бетке ұстап тұрған Байжігіт руының жасақтары ұран салып бірінші кіреді. Назарқұл, Базарқұл, Рысқұл деген үш ұлымен кірген Тоғас батыр қамал ішінде ойран салып бірнеше қалмақты өлтіреді. Осы аласапыран шайқаста жау батыры Тоғастың үлкен ұлы – жас батыр Назарқұлға бетпе-бет келіп қалады. Жекпе жекте найзагер, әрі айлалы ол оңтайлы бір кезекте жау батырын аттан аударып құлатып, жер жастандырып, қылышпен басын кесіп алады. Бірақ тасада тұрып дәл көздеп атқан жау мергенінің садақ оғы Назарқұлға жанды жерінен тиіп қатты жаралайды. Оққа сүйеніп тұрған Назарқұл жұлдыз шыға жан тапсырады. Баласы Назарқұл кесіп алған қалмақ ханы Қатағанның басын әкесі Тоғас ел басшыларының алдына әкеліп тастайды. Сөйтіп, Тоғастың ерлігін бағалап және айтқан сөздерінде тұрып, ел басшыларыны ақ киізге отырғызып оны хан сайлаған екен».
Осы тұста тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың «Қазақ халқы тарихынан мәліметтер» деген кітапшасына тоқталайық. (7 бет) «Қарқаралы, Семей уездері арғындарының арасында Есім ханның тұсында Қатағандарға жасаған жорықтан арғынның батырлары әкелген 40 қыздың ішіндегі Қоңырбикені қазақтың атақты ақыны Абай Құнанбаев пен тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының арғы атасы тобықты Сары әйелдікке алады. 1620 жылдан қазақтар мен қалмақтар арасында қантөгіс қақтығыстар бастылып, меніңше қалмақтар жағы көбіне басым түсіп отырған» - деп жазады. Осы сөз жолдары соғыстың Есім ханның тұсында болып Қатаған ханды жеңудің оңайлықпен келмегенін, оған найман руларымен қоса арғын, тобықтылардың да бірлесіп соғысқанын дәлелдеп тұрған сияқты. Соғыстың 1620 жылдыры болғандығына қарап Тоғастың ХV ғасырдың аяғы мен ХVI ғасырдың бірінші жартысында өмір сүргендігін шамалауға болады.
Сол жолғы соғыста көп олжа мен Қатағанның бес қызы қолға түседі. Олжаны үлестіру мен Қатағанның 5 қызын бөлу билігі басшылардың ұйғаруымен Байжігіттің бір баласы Жұмыққа беріледі. Нұрбикені – Мәмбетке, Айбикені – Арғын елінің бір батырына, Жанбикені Мұрын елінен Назарға, Асыл бикені Жұмық өзі әйелдікке алады. Сонда қалмақ қызы Асылбике Тоғасқа: «Менің ұрпағымнан да батыр шығар, бірақ нағыз ұранды батыр Мәмбет алған Нұрбикеден болар» - деген екен. Демек ұлы Қолбасшы Қабанбай Нұрбикенің ұрпағы болса, Асылбикенің ұрпағы Байбарақ батыр еді.
Тоғастың хан болғаны тарихи шындық. Ел аузында «үш ай хан болған Тоғас» деген аңыз тағы бар. Бірақ оны дәлелдеу қиын.
Атақты суырып салма ақын Кәрібайдың әйелі Алтынжан Тоғас руының қызы еді. Кәрібай алдында білетін адамдардың айтуынша ол қайын жұрты болғандықтан Тоғас елінде жиі болып тұрған. Тоғас елі ақынды күйеу бала деп кезінде қатты сыйлаған, әрі еркелеткен. Журналист Жаңабай Тайшөгелов «Кәрібай ақын» атты мақаласында ақынның өзінің қайын жұрты Тоғас елін мақтап айтқан ел аузындағы өлеңінен үзінді келтірген. («Ақсуат арайы» 5 қаңтар 1991 жыл) Демек Кәрібайдың:
Таққа отырған Тоғаста,
Ешкімнің жоқ таласы.
Талай, қорлық көргенбіз,
Көріп тұрып көнгенбіз.
Ашынған алты алаш боп,
Буырқанып бар халық,
Қалмақты да жеңгенбіз.
Қалмақ ханның басын ап,
Жер ошаққа көмгенбіз,
Сол қалмақтың бес қызын,
Ел атынан бөлгенбиз,-
деуі тарихи шындықтың дәлелі екендігі күмәнсіз.
Шежіре деректерге және қазіргі Тоғас ұрпақтары үлкендерінің айтуына қарағанда Тоғастың әәкесі Байжігіт Байыс бабамыздың сүйікті қызы мақта апайдан туған. Мақтаның шешесі Мұрын. Мақтадан Байжігіт, Жанжігіт атты екі ұл бала болған. Байжігіт анасы Мақтаның қолында қалады да, Жанжігіт әкесі Тоқтарқожа еліне кеткенде бірге еріп кетеді. Ақылды, әрі ағайын-туғандарына мейірімді, бауырмал апамыз Байжігітті маңдайынан қақпай бауырмал етіп өсірген екен. Ал, нағашысы Байыс бабамыз бен нағашы шешесі Мұрын өз балаларынан бірде кем көрмей, туған ұлындай еркелетіпті. Үлкендердің «алты Байыспыз» дейтин сөзінің сыры осы екен.
Байжігіттен тараған Тоғас, Жұмық, Мәмбет қәзір үлкен үш рулы ел. Білетін адамдардың айтуынша ел қаймағы бұзылмай тұрған кезде Байжігіт ұрпағы он болыс ел болған екен.
Ақын Қ.Әділбековтың «Қабанбай» атты дастанында: («Семей таңы» 18 мамыр 1991 жыл).
Біреу кеп Қабанбайға хабар қыпты,
Жау шапты Қаратеке, Арысыңды.
Елімді мен тіріде кім шапты деп,
Ашуменен батырдың сағы сынды.
Алты арыс хабар қылды орта жүзге,
Қарманып халық қамын бәрін ізде.
Қалмақ сырттан жау болып шабатұғын,
Ойлансақ осал қазақ жалғыз біз бе?
Батырдың бұл хабарын естіген соң
Келіпті Тоғас-Қасай, ер Дәулетбай,
Ер қосылар шын болса халық солай,
Елдің шетін жау шапқан емес оңай, -
деп жырлаған.
Жырдағы Қаратеке мен Арыс Байжігіттің ұрпақтары. Елдең оңаша шет жайлап отырған осы ауылды қалмақ батырлары шауып, ауыл адамдарын өлтіріп, дүние-мүліктерін алып, малдарын айдап әкетеді. Төңкерулі қазан астында жалғыз ұл бала ғана тірі қалады. Осы оқиғадан соң балаға Қарақұрсақ деп ат қойып, одан тараған ұрпақ Қарақұрсақ елі болып, өздерін Мәмбеттен тараған бір баламыз деп атап кеткен.
Ал, Қасайға келетің болсақ ол Тоғастың бір баласы Батыр адам болған, елін, жерін қалмақтардан қорғауда ерекше көрсеткен ерліктрімен көзге түскен. Қабанбай батырдың әкесі Қожағұл тұстас адам. Өзінің немерелес бауырларының ауылын шапқан қалмақтан кек алуда майданда Қабанбай батыр мен бірге жүріп үлкен ерлік көрсетеді. Ел ауызында басқа да ерліктері жайлы аңыздар бар.
Әңгіме арқауы хан Тоғас туралы болғандықтан одан тарайтын ұрпақтары хақында:
Тоғастың балалары Қасай,
Қожай, Базарқұл, Назарқұл,
Рысқұлмен бесеу еді-ай.
Жаманай-Тоқай туып бір анадан,
Мәнісі сұрасаңыз міне осындай
Тоғастаң тоғыз туып, жетеу қалған.
Кімге опа береді мына жалған.
Қалматай, Киімбайдың ұрпағы жоқ,
Жас күнінде тағдыр жетіп дүние салған.-
деген жыр жолдарың еске түсіруді жөн деп ойладым.
Тоғас ұрпақтарынан жоңғарлармен соғыс кезінде Қасай, Көтібақ, Байбарақ, Айдар, Қойбағар, Шүршіт, Елқонды, Жәке, Дорба сынды бірнеше батырлар шыққан. Олардың ішінен әсіресе, Көтібақұлы Байбарақ батыр тұралы аңыз әңгімелер ел ауызында көп-ақ.
Байбарақ аруақты батыр болған. Осы батыр туралы Торғай облысының бір адамынан естіген едім деп кәзірде аудан әкімшілігінде қызмет істейтін Төлеуғазы Нұрғалиев төмендегіні әңгімелеген еді.
- Шаруашылық жұмыстарына байланысты Арқалық қаласында болған кезімде,- деді ол, бір ақсақал адаммен кездесіп әңгімелескен едім. Әңгіме иесі көпті көрген, ата жөнің де жақсы білетін адам екен. Сөз кезегі өзіме келгенде әлгі адамнан “елініз кім болады?” дегенімде:- “Біз аруақтан пайда болған ел боламыз”, - деді. Бұл сөздің мәнісіне түсінбей отырғанымды байқаған ол сәлден кейін:
- Ерте заманда алыстағы Найман елінен қайтыс болған бір адамды былғарыға тігіп, түйеге артып әкеле жатқан керуен біздің ауылға келіп ат, түйе белін босатып демалып, түнеген екен. Әкеле жатқан мәйіт әрі киелі батыр. Әрі аруақты адам екендігін жолаушылар әңгіме етеді. Бұл әңгімені жолаушыларға ас дайындап күтіп жүрген анамыздың құлағы шалады. Әлгі ұлы анамыз ұзақжылдар бойы бала көтермеген, бір шыр еткен нәрестеге зар екен. Кешінде сыйынып, бала тілеп аруақты, киелі батырдың мәйіті жанына түнейді. Таң белгі бере аттанған керуенмен анамыз ере кетіп, ас дайындап, мәйітті жерлеп болғанға дейін көмек көрсеткен екен. Ақ ниет, шын жүректен сыйынған анамыздың тілегі қабыл болып, келесі жылы ұл бала тауыпты. Ауылдың үлкен ақсақалдары ырымдап балаға әлгі батырдың атын қояды. Аруақтан пайда болған ел боламыз деген сөзімнің мағынасы осы. Мен Байбарақ деген ел боламын,- деді.
Тоғас ұрпақтарынан қара қылды қақ жарып, әділ билігін айтқан билер, сөзге жүйрік шешендер, ақындар, балуандар шыққан.
“Тура биде тұған жоқ” деп үш жүзге билік айтты дейтін ел, ру арас- ындағы нелер дау мен жанжалдарды бір ауыз сөзбен шешкен ел бірлігін сақтаған көкірегі ояу кешегі өткен Мыңбай ұлы Сасан би Дәулет руының Қызылби бұтағынан шыққан. Өте тапқырлығымен жастайынан билік айтқан ол өз кезінде ауыздыға сөз бермей істің әділдігін шешкен. Сол үшін иісі Қаракерей сыйлаған. Сасанның анасының аты Алшын екен. Алшын да еліне сыйлы, ақылды адам болыпты. Сондықтанда болар халық Мыңбай ауылын Алшын-Мыңбай ауылы деп атандырыпты. Қасиетті жеріміздің топырағынан жаралған елі, жері үшін бүкіл өмірін жұмсаған Сасекеңнің есімін талай айтыс ақындары өз өлендеріне арқау етіп, мақтап тұтқан.
“Сасекеңнің рухы- көк бөрісі болған. Өзіне ғана көрінетін сол көк бөрісі ең ауыр істерді шешерде, ер құнын кесіп, тоқ етер билігін айтарда көзіне көрініп, аруақтандырып жіберетін деп бұрынғылар айтушы еді”- дейді бүгінгі ұрпақтары. Орнында бар оңалар дегем емес пе, 1991 жылы жазда “Комсомол”, КОКП XXII съезі атындағы совхозда тұратын ұрпақтары бірігіп Сасекеңе ас беріп, зиратын жаңадан тұрғызды. Құлбабас аулының бір көшесі Сасан бидің атымен аталады.


Аман
27-01-16 04:49
Тоғасты қожа дегенге қосылмаймын. Ертеде сырттан келгендердi "қожа" дей берген. Сондай шығар да?!
Әділет
adiletjur@inbox.ru
26-01-16 12:53
Қазақ шежіресін зерттеуші бір ағамыз Тоғастар негізінен қожадан тарайды деп еді. Тоқтарқожаұлы деген қожа бір байдың малын баққан, яғни найманның. Қожаның көріпкелдігі бар болыпты, бір жылы байға қыс қатты болады деп, қыстауын бір таудың етегіне орналастыруға кеңес береді. Сол жылы расыменде қыс қатты болып көптеген байдың малы қырылып қалған екен. Ал әлгі бай малын аман алып қалғаны үшін қожаға өз қызын берген. Дегенімен наймандар қыздан туған жиенді найманға айналдырып жіберген. Мұндай жағдай қазірде орын алуда, мәселен Назарбаевтың қыздан туған балаларының барлығы Назарбаев тегіне жазылған.
гулден
gulden.b88@mail.ru
01-01-16 12:14
,мен тоғас байбырақтан тараймын
СЕРИККАЗЫ
asia-kran@mail.ru
19-12-15 15:57
казакстаннын 10-жылдыгына еки лехко-моторный двух местный сомалет шыгарып ушырып отырган тогас урпагы неге комек бермеймиз беремиз мен дайын.
Рахат
bek_ary@mail.ru
17-12-15 13:33
Мен Даулен атанын баласымын. Ол Байжигиттен тараган. Кушик батырдын баласы. Кушик батыр Касымханнын он колы болган. Кабанбай батырбын агасы болады. Екеуи талай жорыкка шыгып жаудын бетин кайтарган. Менин билейн дегеним Даулендер болса аталарын билгим келеди
ТОҒАС
16-11-15 14:54
Тоғастар хантектi.
Толқын
terezhepova
13-11-15 16:59
Сәлеметсіздерме ағаларым! Менде хан Тоғастан тараған қарындастарыңызбын. Сіздерден сұрарым Тоғас руымыздың ел таңбасы болған ба? Болса бейнесін жіберсеңіздер деп сұраймын. Көп рахмет.
Тоты
toty.bekmuratova@mail.ru
10-11-15 10:13
Мен де Тоғас атамыздың баласымыз. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік аулынды осы қараша айының ішінде 20-22 жұлдызында Тоғас атамызға ғылыми конференция өткізіп ас береміз соған байланысты Толеш ағамыздың бастамасын құптап қабарлассаңыздар.
Айнұр
kadylbekovna_a@mail.ru
21-09-15 20:32
Сəлеметсіздер ме? Мен Тоғастың ішінде Қабыланнан тараймын. Ары қарай білсем деймін. Хабарласуларыңызды сұраймын. Рахмет
Дамир
dziadanov@gmail.com
02-09-15 19:17
Тогастан досхана одан бопык менин билумше осылаи аталарымыздын аитуынша
шалқар
schalchar@ mail.ru
16-04-15 17:56
ассалаумагалейкум Хан Тогастың ұрпақтары. Қайдағы сарт туралы кокіп отырсыңдар. Байыс бай Баба атамыз НАЙМАНарасында үлкен беделге ие бола тұрып сартқа қызын беруші ме еді. Қазіргі тілмен айтқанда обылыс әкімі, не парламент депутатының жалғыз қызын стройкада жүрген өзбек не қырғыз, тәжікке бергенмен пара-пар. Сосын одан туған баланың баласын ( немересін) бук3л НАЙМАН ақ кигізге көтеріп хан қылады екен ақылға сыймайды. Сосын Байбарақ батыр ХанТоғастың баласы емес шөбересі. Тоқтарқожа-Байжігіт, Жанжігіт.Бәйжігіттен Жумық, Тоғас. Мәмбет тарайды. Мәмбеттің немересі Қабанбай батырда кейін хан көтерілген содан оны хан батыр Қабанбай деп атаған. сонда бір атадан төрелермен таласып 2 адам хан көтерілген. Тоқтар қожа дегендегі қожа сөзі арапша сауаты болғаннан шығар. сосын БӘЙ деген сөз қазақша үлкен деген мағына береді. БАЙ емес. сарт деп кезінде көре алмағандардың шала сауатты қызғаныштарынан туған. Пенде болғансоң ондайлар болады.
Райгүл
raygul.iskakova.73@mail.ru
06-04-15 14:45
Төлеш ағаның бастамасы жақсы екен. Тоғас бабамыздың бір ұрпағы ретінде өте құп алатын шаруа деп ойлаймын.Егер аудан көлемінде осы шара ұйымдастырылса сөз жоқ ат салысу Тоғас батыр ұрпақтарының баба рухына бас июі. Мен Төлеш ағаны жақсы танимын, бірақ Тоғас екенін білмеппін. Өзім де осы шараны құптап басқа аға-інілерді ат салысуға шақырамын. Тарбағатай ауданыны, Үштөбе ауылынанмын.
тӨЛЕШ Салқынбаев
toleuhan.salkynbaev@mail.ru
04-03-15 06:55
Тоғас атамыз қазақ хандығын нығайтуға үлес қосқан тарихи тұлға. Сондықтан мына 550 жылдықтың қарсаңында лайықты бағасын алуға тиіс. "Ертіс өңірі" газетінің 8-ші нөміріне мақала басылды. Бұдан әрі қандай да бір үдкен шара өткізіп атамызды жұртқа таныстыруымыз керек. Ас беру, конфереренция, ескерткіш қою сияқты шараларды мүмкіндігіне қарай ұйымдастырсақ деген ой бар. Соған барлық Тоғас ұрпақтарын атсалысуға шақырамыз. Үн қосып хабарласуларыңызды, әсіресе қаржылай көмек берудеріңзді сұраймыз. 8777 424 29 57- Мұқан Сахариев. 8777 749 75 99; 87754999798-Төлеш Салқынбаев
тӨЛЕШ Салқынбаев
toleuhan.salkynbaev@mail.ru
04-03-15 06:43
Тоғас ұрпақтарына сәлем. Біз үлкен шара бастамақшымыз.
Эльдар
ibra_9797@mail.ru
01-03-15 08:12
Елім тоғас. Шығыс Қазақстан Облысынанмын сол арғы тегім кім екенін білгім келедію Тоғастар аман болайық
Мухит
muhit81@mail.ru
16-02-15 12:42
Найман ішіндегі қожалар-ТОҒАС РУЫ
Мухит
muhit81@mail.ru
16-02-15 12:38
Өз пікірім -Біздің ата бабамыз текті өз алдына мемлекет болған Найманбыз-деп ұялмаи ак аитуга болады,ал Тоқтарқожа атамызға тоқталсак оның дәлелі Қабанбай батыр ұрпағының ата бабамыздың батыр болғандығының дәлелі біреулер жазыпты бізді сарт болған деп олаи емес қанымыз таза Қожаның қаны бары рас өйткені ол заманда 13-14 ғасырда болжауға болады қазақ еліне ислам діні кірген сәт деп Түркістаннан келген атамызды қалаи сарт деиді қазақтың жерінде қандай сарт ойларыңызды дәлдірек жазсақ ағайындар бұл өйткені ата-бабамыз туралы ізденіс әлі мұның әлі түбіне жетеміз шежіреміз шығар бәріне рахмет айтамын -құрметпен ТОҒАСТАР ҰРПАҒЫ!!!!!
Мухит
16-02-15 12:24
Сүлеймен би Байжігіттің аталарын Тоқты хан-Тоқтамыс хан-Тоғас хан-Сәибек ханнан-Тоқтарқожаға былайша тоқталған.
Сәйбек хан,Жұпар ханым дүние салды,
Қозғалыс елге толқын болып қалды.
Сол тұста хан тұқымы асып еді,
Артылып шарасынан тасып еді.
Тағы да қырғын тауып,қашып еді,
Қойшы аға,Тоқтарқожа,Толымқожа
Қашып кеп Алатаудан асып еді.
Үшеуі үш тап елге үш бөлініп,
Тағдырға ырыздығын шашып еді.
Қойшы аға Матайға кеп тұрып қалып,
Қызайға дәм мен тұзын қосып еді,
Керейде Жантекейге Толым барып,
Өзінің сыйғызуға басын енді,
Баласы Толымқожо Меркіт дейді.
Бірталай ол да ел болып өсіп-өнді.
Бұрынғы айтылмаған мәселені
Сүлеймен баяндайды ашып енді.
Үшіншісі енді айтылсын Тоқтарқожа
Нәсілі хан баласы тегі таза
Сол күнде ханның халқын қалмақ шауып.
Қашқын боп шабындыдан келген бала,
Қашқын боп хан баласы келген шеттен
Байысқа бала болған келген беттен.
Байыстың ақырында қызын алып,
Сұлуға Мақта апайдай қолы жеткен.
Мухит
16-02-15 12:23
Найман ішіндегі қожалар.
«Найман Байжігіт руы. Мейрам баласы Байысбайдың қолында өзінің қарындасы Мақта бар екен. Оның ауылына Түркістаннан Толымқожа, Тоқтарқожа деген екі жігіт келіп, сол ауылдың адамы болып кетіпті. Тоқтарқожа Байыстың жылқысын бағады екен. Бір жұт жылы Тоқтарқожа жылқыны алыс отарға бағып, аман алып шығыпты. Сол үшін Байысбай оған Мақтаны берген екен. Содан Мақта Мақта апай атаныпты. Тоқтарқожадан Байжігіт, Жанжігіт деген екі бала туады ... Тоқтарқожа қартайып еліне қайтқанда Жанжігітті алып кетіпті. Байжігіттен Жұмық, Тоғас туады. Тоғастан Байбол, Қадір деген балалар туады. Жұмықтан алты бала болып, «алты жұмық» аталады» (6).
Нурбол
ing19960715@yahoo.com
26-12-14 10:59
Салеметсиздерме?? Айтыбай Тогас=>Найман ишиндеме??
ержан
erzhan-1967@mail.ru
24-12-14 12:02
Мен Тоғаспын-Жақсығұл-Еламан-Құлыс,ата-бабаларымнын мекені Бақты төңірегі,
серикказы
asia-kran@mail.ru
29-11-14 14:35
найман туы байрагы суретин ким жибере алат.рахмет.
серикказы
asia-kran@mail.ru
29-11-14 14:12
маган кытайдан кошип келген тогас бауырым тогас атамыз батыр болган 18-жасында хан болган сол туралы араб тилинде китап бар дейди сол китап колыма тисе аударам.
мереке
28-11-14 20:52
Тогстар Аягоз каласында да бар. Кантогастар аман есен болайык
Жазира
zhazira_78s
08-07-14 13:05
Сәлеметсіздерме кішкентай кезімнен мен Найман ішінде Сыбан, Еркөбек ,Сүйіндік, Ерліке Мақсымбай , Садықан Сайраш деп қысқаша жатап келгенмін. Ал енді шежірелерді қарап келсем ішінде Сыбаннан кейін Еркөбек жоқ.Сыбаннан Байгөбек,Жанкөбек, Сары Жарасқұл, Жалқы есімдері жазылған. Шежірелерден Төлегетай, Қаракерей,Байтөрі, Мейрам, Байыс, Сыбан екенін білдім ары қарай қайдан табуға болады?
Кульжан
kuljan59@vail.ru
10-05-14 13:04
Сәлеметсіздерме мен Найман ішінде-Қожамбет тегіміз Марқакөл,Күршім Жиенбай,Терлікпай,Сәлімбай,Нұрмыш/ұлдары/-Нурланбек,Болатбек,Серікпек,Руслан,анам-Қаратай елі-Бәүбөк,тұған жері Өрнек,әкесін,менің нағашы атам Топаш Карибаевты 38-жылдары қалық жауы деп ең бірінші ату жазасын берген,Жұлдыз ауылының Қызыл жар деген жерінде атып тастаған,өте сымбатты,шашы қызғылт бірбеткей Катон-Большенарым суда ұйымын басқарған Семейде пушно-мех канцер басқарған адам еді,тұқымымызда көккөз,жасылкөзді туыстарым бар,Өрнек ауылында Қарақалпақ Баубөктер бар олар сонда бөлек жұрт па,кім біледі жазыңдар

айтан
04-03-14 18:02
Тоғас туралы менің білетінім, Сайбек ханнан отыз ұл болыпты. Байбішесі Жұпардан Тоқтарқожа, Толымқожа қалган жиырма сегізі токалдарынан.Токтаркожа, Толымкожа араб,парсы тілінде көп окыған заманында білімді,көріпкелдігі бар адамдар болған. Сайбек хан дуние салған соң отыз улдың арасында хандыкка талас басталады. Осы тартыста Токтаркожа мен Толымкожаны куып жібереді.Содан Токтарқожа Найман Байыс байдың ауылына токтап бала окытып көп жылдар тұрып калады.Ал осы арадағы менің ойым: Оңтустік жактан келген соң және Тоқтарқожа деген есіміне қарай, қожа немесе сарт атануы мүмкін, Қатты жұттан Байыс байдың малын аман алып калып ,Байыс кызы Мақтаны берген, Мақта апамыздан Байжігіт,Жанжігіт туған. Байжігіттен Арыс,Жұмық,Тоғас,Мәмбет. Токтаркожа Жанжігітпен бірге еліне кайтыпты
айтан
04-03-14 16:10
тогас туралы менин билетиним,
серикказы
asia-kran@mail.ru
28-02-14 17:22
БАЙБОЛ ТОГАСПЫН.Тогастын АТА-БАБА жери ТАРБАГАТАЙ ауданы камсамол аулы жане тарбагатскии хребет.кытайга тогастар бизден кошкен.туыстар мен оскеменде жумыс копке тауып берем жане через центр занетости аркылы 2-айлык окулар.212733 тел согып тогас деп айтсаныз болды комектеседи.
серикказы
asia-kran@mail.ru
28-02-14 17:17
БАЙБОЛ ТОГАСПЫН.Тогастын АТА-БАБА жери ТАРБАГАТАЙ ауданы камсамол аулы жане тарбагатскии хребет.туыстар мен оскеменде жумыс копке тауып берем жане через центр занетости аркылы 2-айлык окулар.212733 тел согып тогас деп айтсаныз болды комектеседи.
архат
arkhatk@mail.ru
24-12-13 18:48
Найманнан-Байжігіт -Мәмбет-Жұмық-Тоғас туылған.Мәмбеттен 1.Өмір 2.Қожағұл 3.Күшік 4.Ақтайынша 5.Қарақұрсақ туылады. Жұмықтан 1.Болат 2.Саты. 3.Сайболат.4.Қараша 5.Қожан 6.Тәуке туылады. Тоғастан 1.Шерубай 2.Дәулет 3.Қайып 4.Жәйләу 5.Жақсығұл 6.Медет 7.Байбарақ 8.Қабылан 9.Айтыбай Шүрек туылады
Жасулан
jasik.9111@mail.ru
17-11-13 20:35
Ассалаумагалеикум Тогас елим Тогас Наиманан тарагаг
ТОГАС кытай емес Казак Тогас озы тарайды тогыз тогас
деп олардын ишинде менин естигеним ХАН ТОГАС, БАЙБОЛ,
ТИЕС,ЖАЙЛАУ,КАЙЫП. Мен осыларды естидим
Аманғали
baibek_a@mail.ru
18-08-13 01:18
Тоғастар, жалпы Байжігіттер Найманға сіңген сарттар. Сондықтан, шежіре таратқанда Мақта деп әйел адамның атын жазу дұрыс емес.
Аманғали
baibek_a@mail.ru
17-08-13 13:18
Байжігіт, Тоғастар ұйғыр емес, енді қарақалпақ болды ма?
Ордабай
16-08-13 07:15
ТОҚА, Сiздегi дерек қызықты екен. Бiр сыр ашылғалы жатқан сияқты.
Жангазы
Kabnabi@mail.ru
12-08-13 20:52
Тогастарды Кытвйдан табасыздар, Шыгыс Казакстан облысында аз
Тоқа
12-08-13 19:49
Менің естуімше, Тоғастың түбі сарт емес, сас деген жұрт. Састар – қарақалпақтар. Бұрын қазақтар сас жұрты егіншіліпен шұғылданғаны үшін оларды да «сарт» деп кеміткен. Қырғыздар Қырғызстандағы өзбектерді де, қытайлық және әндіжандық састарды (қарақалпақтарды) да «сарттар» дейді. Ал нағыз сарттарды «қара сарттар» деп айырып атайды. Састардың Тоғанас деген көсемі болған. Негізі соны біз Тоғас деп қысқартып айтқан болсақ керек.
Әлімғазы
kulikbaikara@bk.ru
11-08-13 01:43
Тоғастардың Қытайдан келгені рас, арғы атамыздың сарт екені де өтірік емес. Байыс қрпақтарының шежіресіне Тоқтарқожа бабамызды, Мақта анамызды қосу қаншалықты дұрыс болады екен. Біз Байстың ұрпақтарына, Мұрын, Сыбан. Қыржығаға жиенбіз.
Райгуль
raygul.iskakova.73@mail.ru
09-08-13 20:10
Соз жок, дурыс айтасыз, Тогаспын десен болды, Кытайдан келген деп бетке басады.
Amandyk
Karasu1958@mail.ru
08-08-13 19:35
Райгуль
raygul.iskakova.73@mail.ru
01-04-13 15:53
мен де тоғастар туралы көптеген деректер білсем деймін. Ата-бабамыз туралы небір деректер бар екен. Хабарласыңыздар
-----
Аргы атамыз САРТ ("сарт сарт санаган, сарттын бiр жер канаган" дегенде бала кезiмiзде талай жылаганбыз). Ес бiлгелi кытай боп келемiз.
Amandyk
Karasu1958@mail.ru
08-08-13 19:22
Тогастар аргы бетте, Шауешекте, Шихода...т.б. Советте азбыз, Аксуаттын Комсомолында, Акжарда бар...
сырым
rikardo.syrym@bk.ru
05-08-13 17:04
меніғ де руым тоғас.мен де өз ата бабаларым туралы білгім келеді,Хабарласыңыздар
Райгуль
raygul.iskakova.73@mail.ru
01-04-13 15:53
мен де тоғастар туралы көптеген деректер білсем деймін. Ата-бабамыз туралы небір деректер бар екен. Хабарласыңыздар



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов