Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Алашорда


Авторы Xабарлама
Нұрлан
yessengazy@mail.ru
11-12-12 12:34
2012 жылы «Алаш» партиясы мен Алаш Орданың құрылғанына 95 жыл толады.
\"Алаш\" көсемдерінің ішіндегі мықтылары - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Т.Рысқұлов, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, М.Тынышбаев, Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, т.б. осылай кете береді.
\"Алаш\" көсемдерінің ішінде Мұстафа Шоқайдың шоқтығы ерекше биік. Себебі – М.Шоқай өзінің алдына Үлкен Түркістан идеясын бірінші болып, Ұлы мұратшыл Мақсат етіп қойды. Кешегі сталиндік саясаттың арқасында қырық мемлекетке бөлініп кеткен түріктілдес халықтардың басын бір жерге қосып, бір замандардағы Ұлы Тұран идеясын қайта тірілту болатын ұлы тұлғаның арманы. Бұл – Жүсіп Ақшора, Зия Гөкалып, Хұсейін Нихал Атсыз, Ысмайыл Гаспыралы, Мұстафа Шоқай, Зәки Валиди Тоған, Мағжан Жұмабай, Абдулхамит Шолпон сияқты т.б. жүздеген, мыңдаған мұратшыл азаматтар аңсаған – барша түріктілдестердің болашақтағы ұлы Мақсаты.
\"Алаш\" партиясы, \"Алаш орда\" өкіметі және оның негізін қалаушы ұлы тұлғаларымыз туралы қандай бір зерттеу еңбегін жазсақ та, естен шығармайтын басты маңызды мәселе – бұл саяси ұйымның Кіндік Азия бойынша алатын орнына ерекше көңіл бөліп отыруды назардан шығармау. ХХ-ғасырдың басында дүниеге келген \"Алаш\" партиясы – Кіндік Азияны, Ресейді мекен ететін, бодандықта тұрған барша түрік қандас, тілдес халықтар ішіндегі тұңғыш саяси ұйым. Оның лидерлері: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Мұхаметжан Тынышбай, Жаһанша Досмұхаммет, Халел Досмұхаммет, Мұстафа Шоқай сынды жеті өкілі тек қана қазақ халқының емес, барша түрік қандас ұлттардың да саяси әрі рухани көсемі дәрежесіне дейін көтерілген асқан ірі тұлғалар екенін ашып айтуымыз керек.


В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов