Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Iскер форум
Тақырып: Форекс жаилы ким? не биледи?


Авторы Xабарлама
Рахат
musulman_114@mail.ru
15-12-12 00:15
FOREX нарығы — бұл халықаралық валюта нарығы әрі оның қатысушылары әлемдік валюта бағамдарының айырмашылығында табыс көреді.

FOREX (ағылш. foreing exchange — шетелдік айырбас) — бұл іс жүзінде ғаламдық айырбас орны әрі ондағы мәмілелер электрондық сауда-саттық жүйесі арқылы Интернет желісінің көмегімен жүргізіледі.

Көп адамдар FOREX — бұл биржаның аналогы деп түсінеді, алайда бұл қате пікір. Олардың ұқсас жақтары да бар, бірақ елеулі айырмашылықтарға да ие. Сондықтан осы ерекшеліктер кәдімгі биржадағы қызметпен салыстырғанда, FOREX-те жұмыс істеу — бұл қызықтырақ әрі қол жетерлік деп мәлімдеуге мүмкіндік береді. Не болмаса валюта нарығындағы жұмыс қор биржасындағы қызметке қарағанда тартымды деген сөз. Ал енді осыған толығырақ тоқталсақ.
Биржа сөзі классикалық ұғымда нені білдіреді? Бұл бағалы қағаздарды, мұнайды, бидайды немесе басқа кез келген тауарды сататын нақты жер, алаң.
FOREX дегеніміз не? Бұл электрондық сауда-саттық жүйесінде валюталармен мәмілені жер шарының басқа жерінде орналасқанына қарамастан, арнайы өкілеттігі бар кез келген банк арқылы тікелей атқаруға болатын нарық.

Яғни валюта бағамының айырмашылығында ақша таба бастау үшін Сізге белгілі бір білім және Интернет желісіне шығатын компьютер ғана қажет!

Санаулы секундтардың ішінде бір валютаны сатып әрі артық комиссиясыз басқа валютаны ең тиімді бағам бойынша сатып алу үшін:
FOREX-те жұмыс істеу бойынша қызметтер ұсынатын компанияда арнайы валюталық шот ашу қажет;
пайдаланылуы жеңіл сауда бағдарламасын жүктеп алу қажет;
оны компьютерге, ноутбукқа, ҚДК немесе ұялы телефонға орнату керек;


Биржада бағалы қағаздарды немесе басқа тауарларды сатудан FOREX нарығының артықшылығы осында. Сіз өз бетіңізше ақша таба аласыз әрі жұмыс барысында әлемнің кез келген жерінде болуыңыз мүмкін.

Тағы бір артықшылықтардың бірі – бұл FOREX жұмысының режимі, яғни валютаны сату аптасына 5 күн тәулік бойы іске асады, ал әрбір елдің биржалық алаңы бір жұмыс күнінде шектеулі жұмыс сағатына ие.
FOREX-тің кәдімгі биржаға ұқсастығы: бұнда келісім-шарттардың стандартты өлшемдері бар (лоттар). Биржалық тауарлар жеткізу сапасы және көлемі бойынша стандарттарға ие. FOREX-те, биржадағы сияқты, міндетті реттеуші ережелер және қадағалаушы органдар бар әрі олар барлық қатысушылардың мүдделерін қорғайды және сұраныс пен ұсыныстың негізінде әділ баға белгілеу механизмін қолдайды. Биржадағы сияқты мұнда да сатып алу/сату мәмілелерінің көмегімен өздерінің капиталдарын ұлғайтқысы келетін трейдерлер мен инвесторлар жұмыс істейді.

FOREX — бұл ғаламдық қаржы нарығының ең үлкен бөлігі. Сондықтан өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыз және қаржылық еркіндік пен тәуелсіздікті иелену жолында дұрыс қадам жасаңыз!

Авторы Жауап
Рахат
musulman_114
17-01-13 21:41
Уаглеикуассалам Бекензи бауырым, ия бул форумгада кирмегели бираз болыпты. Аллах разы болсын сизге ия бул жаилы мен оиланганмын бир таныс имам жигит бар еди сол кисиге аиткам КМДБ форекска берген фатуасын билип баринизши деп сурагам ол билип беремин деген содан ол кисиге жолыга алмаи журмин, Аллах каласа ертен барып сураимын. Егер ол кисиде харам екенин растаса онда форекста жумыс истеуди токтатамын, Иншаллах сол ушин Аллах маган оданда берекетти жумыска жолыктырады деп сенемин. Ал сизге Аллах разы болсын. Имаммен кездесип жауабын алган сон жазармын Иншаллах Ассалагмуалеикум.
Бекензи
Q-7
30-12-12 00:54
Ассаламу Алейкум Бизнес КЗ мырза, сізге менің жазған хатыма көңіл бұрып ой бөліскеніңізге алғысымды білдіремін. Сіз ойлағаныңыздай, мен барлық істі Харам деп отырғаным жоқ, ал бауырларыма келер болсам мен қазақтың қарапайым ғана азаматымын, егер қолымнан келіп тұрса неге барлық иісі ҚАЗАҚ бауырларымды жұмысқа алмасқа...
Бес уақыт НАМАЗ-Тілімен калима айтып, жаратушымыз АЛЛАһқа ИМАН келтірген барша мұсылманға, АЛЛАһтың тарапынан бекітілген ФАРЫЗ болып табылады және НАМАЗДЫ әрбір жүрегінде ИМАНЫ бар, АЛЛАһтың рахымымен, кеңшілігімен ЖӘННАТЫНАН үміт еткен барлық мұсылман оқуға міндетті болып саналады. Ал адамзат баласы қандай күнә немесе сауапты іс істеседе АЛЛАһтың алдында жауабын өзі береді.
Дүние тіршілігінің барлығы ФОРЕКСпен табыс табуға қарап қалған ештеңе жоқ, сол себепті де екі қолға бір күрек әрқашан табылады. Ал Форекстің ХАРАМ екендігі ол біздің Еліміздің Діни басқармамыздың жасаған ФАТУАсымен бекітіліп отырған нәрсе. Егер сіз немесе басқада Форекспен айналусышылар анық БИРЖАмен айналысқысы келіп жатса онда қазыргі заманымызға ылайық Қазақстанымыздың ХАЛЫҚТЫҚ-IPO бағдарламасына қатысып сол жерде Отандық өндірушілеріміздің акцияларымен толық сауда жасауға мүмкіндік бар, неге сол іспен айналыспасқа...? Онда сіз немесе басқада ХАЛЫҚТЫҚ-IPO-ға қатысушылар өз Отандық өндірушілеріміздің акцияларымен айналыссақ, Қазақстанымыздың Экономикалық және басқада дамуына ат салыссақ НҰР үстіне НҰР болары сөзсіз.
Бизнес КЗ мырза мен Форекстің ХАРАМ екенін өз ойымнан шығарып отырғаным жоқ, егер оның Харам екендігі жайында толық мағлұмат алғыңыз келсе онда Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармамыздың ресми сайты немесе Астана қалалық Хазірет Сұлтан мешітінің арнайы сайттарына сұрақ жолдасаңыз олар сізге өз жауаптарын нақты Шариғат үкімімен айтып жазып береді.
Ассаламу Алейкум

biznes.kz
maxa2727@gmail.com
29-12-12 13:08
Бекензи. Мырза. Бари харам болса аштан олу керек пе. Керемет болсан жумыс таба алмай журген бауырларына жумыс тауып бер. Кудайдын жогын сокпай.аллага сиынып. 5 намаз окып. Аштан олемиз бе алла берсе береди кай жерден тек табыс козин тауып акша табу икерек. Бари харам деп отыра берми. Ондай созди ана котин саткан. Немесе алкаш наркаман жауыз адамдарга айт
Бекензи
Q-7
29-12-12 01:13
Ассаламу Алейкум Рахат бауырым. Бүкіл әлем Ислам алымдарымен және біздің Еліміздің Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының пәтуасы бойынша ФОРЕКС-ХАРАМ деп танылыды, сол себептіде саған өтінішім Форекс орнына басқа бір Халал жағынан ИншАЛЛАһ табыс әкелетін қызметпен айналыссаң НҰР үстіне НҰР болары сөзсіз...!!!
Форекстің не себепті және қандай жағдаймен ХАРАМ екенін білгің келсе Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармамыздың ресми сайты немесе Астана қалалық Хазірет Сұлтан мешітінің арнайы сайттарына сұрақ жолдасаң олар саған өз жауаптарын нақты Шариғат үкімімен айтып жазып береді.
Ассаламу Алейкум



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов