Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Махаббат хикаялары


Авторы Xабарлама
Динара
13-01-13 20:18
Бастан откен махаббат хикаяларынызды жазсаныздар..

Авторы Жауап
95
11-03-18 08:02
Коканов Алмасбек өтінемін мені кешірші, білемін сен мен айтқан сөзден кейін қатты қиналдың, кезінде саған айта алмадым, арада 8 жыл өтті, бірақ сонда да кешірші мені
Айнур
14-12-15 19:51
Алғашқы махаббат... Алғашқы махаббат ұмытылмайды екен. Осыдан 10 жыл бұрын мен бір жъгітті ұнатып қалдым. Ол кезде мен оқушы едім. Ол біздің мектепке жаңадан келген. Меннен бір сыныпқа жоғары оқыды. Мен оны іштей ұнатып жақсы көріп жүрдім... Оны көргенде жүрегім қатты соғып, не айтарымды білмей абдырап қалатынмын. Күні түні оны ойлаумен болатынмын. Айтуға батылым жетпитін. Ол басқа қызды ұнататын. Сөйтіп
уақыт өте берді... Колледжда оқып жүргенімде оған өз сезімімді айттым. Содан екеуміз жақын араласып, кездесіп тұратын болдық. Бұл менің өмірімдегі ең тәтті, ең керемет кезім болатын. Бірақ екеуміз қызбен жігіт болып жүрмедік. Ол менің оған деген сезімімді сыйлайтынын, өзінің кездесіп жүрген қызы бар екен үйленейін деп жүргенін айтты. Сол кезде мен үшін өмір жоқ, тоқтап қалғандай болды. Сенбедім. Мүмкін емес ойнап айтқан болар дедім. Жоқ... Бәріде дәл солай болды... Көп кешікпей ол үйленді. Әрине біз араласпай қалдық... Мен оқуымды бітірдім
Жұмыс істедім. Ол туралы ойламайтын болдым. Өзімді сүйетін жанды кездестіріп күйеуге шықтым. Ұлым бар. Екеуміздің баламыз бір бала бақшаға барады. Кей кездері кездесіп қаламыз. Сол кездегідей жүрегім соғып, абдырап қалам. Мүмкін мен сезімімді ертерек айтқанда бұлай болмаспа еді...
Айнур
14-12-15 19:09
Бәріңе сәлем
талгат тони
toni--777@mail.ru
07-03-15 04:45
мен оте уялшак бала болгам басында ,кейын өсе келе кыздарды сындыра бастадым,кейыннен сулу болганым ушін қыздар оздері сынып оздері нмек тастап соз сала бастады маган кейыннен кыздар мены бабник кылды бары бабник деп мены мазактай бастады мен кыздардан тжалыга бастадым жай ойын ушын немесе ртпелы куыршагым гыла бастадым .
уакыт оте келе бырден бырнеше кызбен журе бастадым даже жургымде келми калды бырак быр кыызды орныкты жаксы коре алмай калдым .бырден сулу 3-4 кызды унатып кайсысымен каларымды былми калдым ,кейыннен кыздырмен ваще намыстанып бабник дегены ушын жоламай журдым ал олар болса тагыда соз шыгарды сен неге кыздармен журмисын сен голубой емессынба деп.каызыр орныкты кыз ыздеп журмын ... www.toni.48e.ru whatsapps-87783930911
махабат
dj/sabit@mail.ru
03-03-15 16:15
мен санаториадо бир кызды унатып калдым кундер отти оны канша умытам десем де умыта алмадым онын есми аружан болатын казир омен в к де соилесин десем мени подпискге тыгып тастаиды бирак оны шын суем бирак ол екинши махабатым еди алгашкы махабатым ды да таптым онын аты арай болатын оны бир жыл коргим келди ал казир шынаиы махабатым аружан казир соны ган суем деп катты аикаилагым келеди
Белгісіз Жан
16-04-14 15:27
Бәрі бітті.Мен оның таныстарымен сөйлестім.Мен бекерге қиналып,оны суйіп,әлі күнге дейін соны ойлап жүріппін.Бәрі бекер екен.Оның 1 жылдай жүріп жүрген қызы бар екен.Оны естігенде жүрегім қарс айырылды.Онда ол менімен не үшін сөйлесті екен қызы бар болса да.Қазір оны жек көріп кеттім.Жүргеім тас болып қалды.Жігіттерге мүлдем енді сенбеймін.Сүйемін деген сылдыр сұйық сөздеріне сенбеймін.Соны ойлаған уақытым-ай десеңші!Мен үшін махаббат мүлде ЖОҚ.
Белгісіз Жан
31-03-14 16:41
Жаздың бір күнінде менің ішім пысып өзім интернет арқылы 1 мир ашып алдым.Оган өзімнің толық аты-жөнімді жазбадым.Фотоға интернеттен әдемі 1 қыздың суретін қойып қойдым.Басында өзіме ұнайтын баланың атын жазып поисктан іздеп көрдім.Оның атына ұқсайтын аттар көп шықты.Солардың ішінен 1 сүйкімді балаға дружба жібердім.Ол мени қабылдады.Мен ол кезде орыс тілін өте жақсы білмейтінмін.Ол бала маған көбіне орыс тілінде жазатын.Өзінің ұлты қазақ болсада орысша сөйлеп,орысша оқыған.Сонымен ол баламен күнде сөйлесіп жүретінмін.Күндердің күнінде оның достары маған дружба тастады.
-Салем сұлу қыз деп бір баланың атынан хат келіпті.Мен оның авасына қарап түрін онша ұната қоймадым.Ол маған күнде смс жазатын.Мен оған кейде қолым тигенде,ішім пысқанда жауап қайтаратынмын.Ол маған мақтаншақ,өзімшіл боп көрінген.Ал ондайлар маған мүлде ұнамайтын.Ол маған күнде смс жазуын тоқтатпады. 1 айдай сөйлесіп ол жоқ боп кетті.Бір күні агентте отырсам сол жаннан хат келіпті.Салем,қалайсың... -сонымен екеуміз 2 күндей тағы сөйлестік.Келесі күні ол менен номерімді сұрады.Мен ол кезде басқа қалада болатынмын.Ішім пысып отырғаннан сөйлессем сөйлесіп көрейінші деп номерімді бердім.Ол маған телефоныма қоңырау шалып, күнде сөйлесіп телефонмен сөйлесіп тұрдық.Мен ол баламен басқа қыз боп сөйлесіп жүре бердім. 1 күні кешке ол маған звандап ұйықтардың алдында өлең айтып берді.(Қайырлы түн,жаным!)Мен ол балаға бауыр баса бастадым.Ол маған ертесі күні звандағанда оған маған енді хабарласпауын өтіндім.Ол Неге,не үшін деп таң қалды.Мен оны алдап жүргенімді айта салғым-ақ келді.Бірақ мен оған мен тез бауыр басып қалам,сондықтан сөйлеспегеніміз абзал дедім.Ол маған сол кезде телефонмен өз сезімін білдіріп,жауабын менен сұрады.Мен оған келісімімді бердім.1 күн сөйлестік.2-ші күні ар-намысым шыдатпай оған бар шындықты жайып салдым.Яғни мен оны алдап жүргенімді және авадағы мен емес екенімді айттым.Ал ол болса шок күйде қалды.Ол маған сен сонда кімсін соны айтшы деді.Мен ұялғанымнан ештеме айта алмай жылап жібердім.Ол маған ертен жауабын күт.Ертен не сөйлесеміз,болмаса мүлдем хабарласпаймыз деді. Мен ертесі күні басқа қалаға кеттім.Ол маған звандаған мен жолда ұйықтап тел қарамаған күйде қалыптым.Кешке таныс емес номерлер звандап танысайық деп 1 жігіттер звандады.Олар еще менің шын атымды айтып танысайық деді.Мен туралы бәрін біледі.Менің ойыма мені тексеру үшін жігіттерге номерімді беріп қойған ғой деп аздап ашуланып оған звандадым.Ол екеуміз сөйлесіп мән жайды шешіп алдық та ары қарай сөйлесе бердік.Мен оған қатты бауыр басып,сүйіп қалдым.Ол маған күнде звандап тұрды....
Бір күні ол маған звандап өз суретімді жіберуін сұрады.10 шақты суретінді жіберші деді.Менің төбемнен жай түскендей болды.Мен оған кейін жіберейінші деп кунде 1 сылтаулар айтатынмын.Оған суретімді жібере алмағандықтан оған осымен бәрінің тоқтататынымзды айттым.Ол 3 минуттай үнсіз тұрып қалды.Менен неге?себебін айтшы деді. Ал мен болсам іштен жылап тұрып,оған шындықты айта алмадым.Тек қана енді сөйлеспей-ақ қояйық,дос боп қалайық дедім.Ал ол болса үнсіз күйде сәл тұрып, маған қыз емессің бе деді? Жүрегім тоқтап қалғандай болды.Мен не айтарымды білмей абдырап оған таза екенімді айтып ақталдым.Ол маған қош бол деді де телефонды қоя салды.Мен оған артынша смстер жазып ақталдым да бірақ одан не пайда?!Негізгі шындығым менің түрімде емес,менің толықтығымда болатын.Мен одан сұрағанымда оған жіңішке арық қыздар ұнайтын.Мен шындықты айта алмағаным үшін жыладым да,әбден қиналдым.Біреуді алдағанымнан соңында өзім зардап шектім.Мен кейіннен диетага отырып,арықтап та алдым.Бірақ одан не пайда?Ол мені мүлдем басқаша түсініп қалды.
Мен ол жанға қатты бауыр басып қалыппын.Оны әлі де болса сүйем.Агентине жазсам жауап қайтармайды.Мені удалить етіп тастаған.Вк-дан оны жақында тауып алдым .Тағы да жазып көрдім.Ол күнде кіреді,бірақ маған жауап жазбайды.
Ол өте жақсы жан болған мен үшін,Оған шын жүрегіммен бақыт тілеймін.

ELDAR EltN
kli4ka_bond@bk.ru
26-03-14 08:07
Кешігіп неге жолықтың??? Міне, бұл өлеңді тыңдап жүргеніме 1 жылдан аса уақыт болыпты... 2012 жылддың 20 жүлдызында мен сабақтан шаршап келгеннен кейін жатып қалдым. Біраз уақыт өткеннен кейін үйқыдан тұрсам, жүрегім айнығандай болып, біртұрлі болдым. Бірақ сонда да сабаққа бардым, ол кезде мен 11 сыныпты бітіргелі жүргенмін,тестке дайындалып. Сол күні сабақта ұзақ отыра алмай апайдан сұранып кеттім, ауырып тұрмын деп. Үйге жылап келдім. Мамам түрімді көріп шошып кетті, не болды деп. Сол кештен бастап ішім қатты ауыра бастады,Түнімен ауырып шықтым,ұйықтамай. Ертесіне азанда мені больницаға көрсетуге мамам алып келді онда маған аппендицит деген диагноз қойып,сол күні орталық ауруханаға жатқызылдым.

Түстен кейін,яғни түскі үзілістен кейін, врачтар жұмысқа келе бастады,ол кезде мен аурухананың қабылдау бөлімінде отырған болатынмын. Врачтар келгеннен кейін мені тексере бастады,бірінен соң бірі. Сол аурухананың хирургия бөлімінің г л.врачы тексеріп жатқанда ішке бір ағай кіріп келді,жасы 45-46жас шамасында екен бірақ ол тіптен жас көрінетін . Мен ана ағайдан көзімді ала алмай тұрып қалдым, тіпті ауруымды да ұмытып кеттім...Сөйтіп, ол ағайға бір көргеннен ғашық болып қалдым. Сол кұні маған 1 сағаттан кейін операция жасайтын болды, өзім ауырып жатсам да операцияға жаңағы ағай қатысса екен деп ойлап жаттым, маған алдын ала обезболивающий салып қойған еді. Сөйтіп мені 20 минут өткеннен кейін операция бөлмесіне алып келді, қарасам жаңағы ағай жүр екен оны көріп қуанып кеттім.

Содан ол ағай маған наркоз салатын болды. Қолымды ұстап бір нәрсе кигізді, сол кезде байқадым оның үйленгенін, оң қолынан неке жүзігін көргенде жүрегім сыздап қоя берді. Операциядан кейін ертесіне обход болатын болды мен болсам кешегі ағай келетін болды деп қуанып болып жатсам, ол ағай араларында болмай шықты. Сөйтсем ол ағай сол аурухананың реанимация бөлімінің меңгерушісі екен, оны кейіннен білдім. Кейіннен коридорда жүргенде ол ағайды көріп қалам ба деген оймен ешқайда кетпей азаннан кешке дейін сол жерде отыра беретінмін. Бір күні коридорда жүрсем жаңағы ағай кетіп бара жатыр. Оны көріп жүрегім дүрсілдеп кетті,ол ағай да мені көре салысымен атымды атап, "қалай жағдайың? жақсы болып қалдың ба?" деп сұрады. Ол ағай менің есімімді қайдан біледі деген ойда болдым(шын жақсы көрген адамың ең болмаса есіміңді білсе соның өзі бір ғанибет емеспе?) Одан кейін ол ағайды көрмесем тұра алмайтын халге жеттім. Бір күні оны көру үшін реанимацияға да бардым, бірақ әттең...ол жаққа кіргізген жоқ, тек медсестралар мен врачтар ғана жүреді екен. Сөйтіп ол ағайды ойлап жүргенімде әні-мәне дегенше 8 күн өте шықты. Қайран сол ауруханадағы күндерім-ай...
Қазір ол ағай маған тек елес болып қалды, оны күнде ойлаймын ойлай берем. Күнде түнде жатарда сол ағайды ойлап жылап алам. Ол ағайды сағынғаным соншалықты кейде машинаның астына түсіп реанимацияға түссем екен деп АЛЛАдан тілеймін, ең болмаса сол арманға айналған жанымның түрін бір көрсем деп армандаймын. Сол ағайды көргелі бері менің де өмірге деген көзқарасым өзгерді, болашақ мамандығымды реаниматолог-анестезиолог саласына ауыстырдым, кейін оқуды бітіргеннен кейін ең болмаса сол ағайдың жанында жүрсем екен деп...
Айдана Қызылорда
zhakayim-agabalasi@mail.ru
10-01-14 17:23
Еххх...махаббат-ай десеңші...
Махаббаттан аузым күйген.Дәл қазір ол жайлы ойлап,миға салмақ түсіргім келмейді.Бірақ,бір кездері махаббаттың тәтті ертегілерін мен де бастан өткергем.Тек сол ертегінің соңы сәтсіз аяқталғаны болмаса...
Анығын айтсам,біздің әкелеріміз дос болған.Достықтарының арқасында біз де бала күнде бірге ойнап өскен екенбіз.Сол достықтары мың жылдық құдалыққа ұласса деген әкелер арманы болса керек олар өзара \"бесік құда\" болып сөз байласқан екен.Кейін әкемнің \"болашақ құдалары\" мен \"болашақ күйеубалалары\" алыс жаққа қоныс аударып кетті.Ал,мен бала күнгі осы оқиғалардың бірінен де хабарым болмай бой жетіп,бой түзеп,студент атандым.Осылай бейқам жүрген жүрегімнің тыныштығын сол бір түнгі қоңырау бұзды.Анық есімде,тамыз айының 25і.Жаздың қоңырсалқын түндерінің бірі.Ұялы телефоныма белгісіз нөмірден тынымсыз қоңыраулар мен тоқтаусыз смс-хаттар келіп жатты.Бұл қоңыраулар мен смс-хаттардың иесі сол баяғы бала күнгі жігіт екен.Күтпеген жерден біздің таныстығымыз осылай басталып кетті...
Алайда,менің оған ең бірінші айтқан сөзім \"Ата-анамыз сөз байласты деп қиналма!Ол үшін сені кіналамаймын.Қазір заман басқа.Өз жүрек қалауын болса,менімен бекер уақыт өткізбе\" деген ем.Ол бәрін жоққа шығарды.Осылай күндер өте берді.Күн өте бауыр баса бастадым.Бұл жай алдамшы сезім деп өзімді жұбатып жүргенде ол мені көру үшін келіп кетті.Жай кетпеді.Мендегі шынайы сезімді оятып кетті.Және өзінің де менде ойы бар екенін айтып,сол сөзінің дәлелі ретінде алтын жүзік тағып кетті.Осылай бақытты күндерім де басталып кетті...
Біз бір-бірімізден алыста өмір сүріп жаттық.Ол әскери қызметте,ал,мен студент.Арамыздағы алыстықты сағынысқан шегі жоқ сезімдер жалғап тұрды.Тіпті,мен онсыз өмірімді елестете алмайтын халге жеттім.Әр кеште оның сағыныш пен сезімге толы сұлу сөздері мен смс-хаттарымен ғана көз іліндірсем,әр таңдарым да осылай атып жатты.Екеуміздің арамызда ешқандай сыр қалмады.Біздің мұндай керемет қарым-қатынасымыз ға ата-аналарымыз да шексіз риза.Тіпті,ол менің,мен оның үйіне қонақта болып ағайын,дос-жарандарымызбен де танысып та араласа бастадық.Әсіресе,мен оның үйіне алғаш барған кездерім...оның ата-анасының үлкен дастархан жайып үлкендерден бата алып бергені...үлкен қаланы армансаз аралап,алаңсыз қыдырған түндеріміз...бәрі-бәрі тәтті түстей өтіп жатты...Осылай 2жыл да өтіп кетіпті.Әрине,арасында ренжісіп қалатын да кездеріміз де болды.Бірақ,қайта тез татуласатынбыз.Сондай кезекті бір ренжіскенімізде ол 1апта хабарсыз кетті.Бұл кезде мен де дипломымды алып,оқуымды жалғастыру мақсатымен Астанаға,яғни,ол отбасымен қоныс аударған алып шахарға келген едім.Бірақ,Астанаға келерден бұрын күндегідей агентке кіргенімде оның жақын бір досы менің сүйген жігітімнің басқа қызы барын хабарлап сүйінші сұраған болатын.Әрине,бұл \"жаңалық\" маған оңай соқпады.Бірақ,сонда да болса менің сезімім естіген жаңалығына сенгісі келмеді.Алайда,бар шындық мен Астанаға барғанда ашылды.Менің сонда барғанымды естіген жігітім маған келді.Сондағы айтқаны мені ғана сүйеді екен.Тек менен сәби сүйіп бақытты жанұя болғысы келеді екен.Өмірінде менен өзге қызы жоқ,естігендерімнің бәрі өтірік екенін айтып ақталып,татуласқысы келетінін айтты.Қыздар құлағымен сүйетіні рас екен.Осылай екеуміз таласқа түсіп жатқанда ұялы телефонынан,анығырақ айтсам агентінен күдікті нәрсе көріп қалдым.Бірақ,анық қарап үлгермедім.Тек көріп үлгергенім 02.09.89ж қыз екені ғана.Ол қолымнан жұлып алып телефонды сындырып тастады.Ал,мен ішкі күдігіммен арпалыса бастадым.Осылай біздің дауымыз аяқсыз қалды.Өйткені ол мені машинаға сүйреп отырғызып үйіне апарды.Алдымыздан қуанып ата-анасы қарсы алды...
Ал,ертеңгі күні ұйқыдан козімді аша сала түндегі жағдай санамнан еш шықпай қойды.Шындыққа өз көзімді жеткізгім келіп дереу интернетке кіріп жалған атпен Аруна деп жеке парақша аштым да,түндегі көргенім бойынша сол қызға достық ұсындым.Ол қыз да тез қабылдады.Осылай таныстығымыз басталды.Яғни,мен ол қызға \"женгешка\" деп,жігітінің қарындасы екенімді,өзімен жақынырақ болғым келетінін,тағы көп нәрселер айтып жақсы сөйлестік.Сонда білгенім менің жігітім кешегі түнде болған арамыздағы \"разборканы\",менің жанымда болғанын,өздерінің кездесе алмаған себебін \"нарядта болдым\" деп түсіндірген екен.\"Ағам мен жеңгемнің\" арасында болып жатқан көп жағдайларға осылай анық көзімді жеткіздім.Әрине,қазір жазу оңай боп отыр.Ал,ол кездегі менің хәлімді ешкім көрмеді...(((((
Әрине,менің шын мәнінде кім екеніме көзі жеткен \"ағам мен жеңгем\" маған қатты ашуланды.Әсіресе,\"женгем\" аузына келгенін айтты.Ал,менде одан да маңызды жағдайлар болып жатқан болатын.Жыладым,бақырдым,айқайладым.Тамақ та ішпей жатып қалдым.Бірақ,өмірде одан да маңызды нәрселер бар екенін түсініп,тез ес жинадым.Мұнымен ол жігітті ұмыта салдым дей алмаймын,әрине.Бірақ,Алла алдында да,адам алдында мен ешқашан олардың арасына түсіп,орталарына от салып ойрандауды жасамадым да,ойламадым да.Бірақ,бір қызығы ол қыз керісінше маған тыныштық бермеді.Агентте де аузына келгенді айтып,лас смстер жазады.Ал,мен жауап қайтарсам жігітіне,яғни,менің бұрынғы жігітіме барып мені жамандайтын көрінеді.Тіпті,өзімнің бұрынғы жігітім де \"Сен неге арамызға түсе бересің?Бізді айырамыз деп ойлама\" деген сөздермен де талай жылатты.Менің өзінде де,сол бір ғашығында да еш шаруам жоқ екенін қаншама айтып та ақтала алмадым.Осылай бәріне қолды бір-ақ сілтедім.Арада 1жыл өтті.Тәтті ұйқының құшағында жатқан мен түнгі сағат 4те еш себепсіз шошып ояндым.Қолым ұялы телефоныма қарай жүгіре берді.Мені түнгі 4те қандай құдірет итергенін білмеймін агентке кірсем тағы да сүйінші сұраған көөөп хаттар.Тағы да сол баяғы өзім 1жыл бұрын жоғалтқан жігіттен келіп жатқан сүйінші хабар.Сүйінші сұрап жатқан сол баяғы екеумізге ортақ таныстар.Ол шанырақ құрып жатыр екен.Ертең свадьбасы дейді.Сол қызға екен.Сол сәт сол қыздың маған айтқан сөзі есіме түсті.\"Мен сені аяймын.Қандай әдемі жігіт,қызметі де жақсы.Сенің орныңда болсам басын айналдырып тиіп алар ем\" деген болатын.Ақыры дегеніне жеткен екен ғой деп үнсіз ғана бақыт тілеп қала бердім.Өйткені,осылай боларына мен әлдеқашан өзімді сендіріп қойған болатынмын.
Екеуміздің жолымыз екіге айырылғалы да 4жыл өтіп кетіпті...Естіп жатырмын некесі сәтсіз боп ажырасып кетіпті.Бірақ шыны керек ешқашан оған бақытсыздық тілемедім.Кездесіп,бетпе-бет отырып сөйлескім келеді.Оған себеп,бір кездері айтылмай қалған бір сырымды айтқым келеді.Бұл ақталу емес әрине...Сол оймен оған жақында агентте достық ұсынғам,қабылдады.Аздап сырластық.Бірақ,оның бұл қылығымды қалай түсініп қалғанын білмедім мені агентте \"игнорировать\" етіп тастапты.Өзінің ажырасқанын естіп,сол сәтті пайдаланып өзіне жақындағысы кеп жүр деп түсініп қалған болу керек.Бірақ,онымен бірінші ретте қоспаған тағдыр үшін мен екінші рет талпынғым келмейді.Мен тек оған айтылмай қалған жүрегімнің түкпіріне тығылған кішкене ғана сырымды ақтарғым келеді.Бары сол ғана...
Айжан
aizhan
01-09-13 12:22
Салем. мен ешким суйіп кормепти
Райымбек
rayymbek_kvn@mail.ru
28-08-13 23:10
Мен бір қызды бір көргеннен ұнаттым, Есімі Ажар. Бірақ соңғы күндері арамыз суып бара жатқан сияқты, ал мен оны шынайы сезіммен мәңгілік сүйем!!!!
Мен осыдан екі ай бұрын достарыммен көшеде тұрғам. Бізден 5 метрдей жерде воллейболга қатысатын қыздар тұрған. Бірақ біз оларға мән берген жоқпыз тіпті тұрғандарында білмеппіз. Бір уақытта солардың арасында бір қыз қуанып секіріп қалды, мен сол кезде жалт қарадым, шыны керек ұзақ қарадым, себебі ұнатып қалдым. Кейн достарымада айттым, олар айткан сол кезде: барып танысып логин номерин сурап корсенши деп бирақ бір түлі сияқты көрінді. Сол күні түнде сол қыздың логинын таптым және вк.да да таптым. лайк басып коммент жаздым маған жауаптар жаза бастады, мен онымен агенте сөйлестім бірақ ұнатып қалғанымды бірден айтпадым, 2-3күн өткен соң бірақ айттым, ол қыз ойланам деп жауап берді. Одан кейн біз сөйлесе бердік. Ажар тренеровкадан кейн Абай паркіне келіп жүретін менде достарыммен сонда отыратынмын. Ажарды ұнатпау мүмкін емес сондықтан оны көп ұлдар ұнатады, сөз салады, тіпті кейбір ұлдармен менің көзімше парктеде кездескен, шыны керек арен отырдым, мен сол кезде Ажарға ренжуімеде болушы еді бірақ ренжігім келмеді.Соңғы күндері Ажар менімен сөйлеспей жүр. Не болғанын білмеймін. Мен ол үшін шыр-пыр боп жүрм, мен ол үшін бәрінеде дайынмын өлімнен басқа. Менің жүрегім кішкентай болғанымен оған деген махаббатым үлкен және шексіз. Жалпы мен оны өте қатты сүйем, тіпті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оған деген сезімім шынайы. Мен оған өлеңде шығардым, әнде жаздым. Ол өте сыпайы, сүйкімді, әдемі, ақылды, өте ерекше!!! Мен одан айырылғым келмейді, тек Ажарды бақтты қылғым келеді, мен оны сүйемін!!!
Сүйемін жаным, сүйемін мәңгі өзіңді
Жасыңды аққан құрғатам сүйіп көзіңді
Соңғы сынаққа шыдайық бірге арманым
Бар ғұмырымды бақытың үшін арнайын
29.08.2013

Молдир
mako_94.94@inbox.ru
26-08-13 22:45
Пах, ширкин махаббат! Махаббатты каламайтын жан жок шыгар сира, бул жалган омирде. Гашык болган жан мени де, сезимнин ашщысын да, тушщысын да татып журген ар бир адам тусинер деп ойлаймын. Айтарым, достар асиресе кыз кауымы махаббат деген сезим емес айкайлайтын сиздерди бари бир тусинбес, баримизде Алаш журтынын инабатты, сулу, тарбиели намысымыз типтен болек казак кыздарымыз. Баримиз де биреудин суйиктиси болуга лайыктымыз. Буны айтып отырганым, казирги заманда кыз атаулымыз тым женилтек болып кеткенбиз, алдамшы сезимнин ортасында темселип журмиз, каншама аруларымызда осы сезим жетегинде жан тапсырып жаткандары да малим. Менин кеуде тусымдагы журегим езиледи неге биздин кыздар? Деген ой келеди. Тузелейик, батыл болайык, намысымызды таптатпайык, ен бастысы Аллах тын адал жолымен журсек бариде болады адал махаббатта, бакытты отбасыда. Ал биздин кос аккудай жубайларга айтарым махаббат тек еки нарсени талап етеди дейди. Бакыт пен байлыкты. Баршаныз бакытты болыныздар, бай болыныздар!
гульмира
19-08-13 10:16
салем. Мен бир жанды аса катты жан таниммен суйемин! Екеумиздин танысканымызга бир жыл болганымен небари 3ай журип шанырак котердик. Казактын салты бойынша Куда тусип сырга салып алды. Кудайга шукир казир уйленгенимизге алты ай болды. Казир аягым ауыр. Кудай каласа аман есен дуниеге акелип алсам. Мен оны суйемин олда мени суйеди. Осындай махаббатты сиздерге де тилеймин
Айка...
Aigera_janim92@mail.ru
12-05-13 22:37
мен озимнин колледждеги агайыма гашыкпын....
? ? ? ? ?
12-05-13 15:40
Мен бир жигитти оте катты суиемин.биздин журип жургенимзге 4 ай болды.мине осы уакыт аралыгында 1 сат оны есимнен шыгармай ойлаумен болам.алдын бираз жигитпен жуРдим бирак бул жанды ерекше суием.мен одан айырылып калудан к0ркам.жан дегенде жалгыз жигитим осы жанды гана ЕсТен кетпес нагыз ыстык махаббатым деп айта алам.!
Акшолпан
Vеnеrа_2303 @mаil.ru
06-05-13 13:41
Салем. Мен озимди али тусинбей келем,себеби али осы жаска дейин шынайы махаббатты бастан кеширмеппин. Гашыктык сезим менде али жок...



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube