Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Прогресстен ким бар?


Авторы Xабарлама
Esimkhan Kanaatov
awada@mail.ru
14-01-13 07:57
Прогресстен ким бар хабарласын?

Авторы Жауап
Қыят-қарақалпақ
02-06-14 05:23
"ПРОГРЕСС" тен келген қарақалпақтар Қарағанды, Қостанай, Павлодар т.б. облыстарда жасап жатыр. Олар осындағы жергiлiктi қарақалпақтармен табысып та улгердi.
Шәрип
26-04-14 06:54
«Прогресс» раҳметли Елибай Қанаатовтың шөлкемлестирген шарўашылық хожалығы еди. Ўақтында зор шарўашылық болып турды.
Жерлес
19-04-14 02:26
- Е, Атеке тентек пе?
Жерлес
08-04-14 07:56
Ие, Сән әлгі Қарақалпақ Атымтай жындының ауылынан екенсің ғой-ә?!
Полатбек ЖАНБАЕВ
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
04-04-14 09:41
ЖЫРЫҚҚҰДЫҚ
Жастығым өткен аймақ Жырыққұдық,
Ол жерде болсаң, бауырым, қызықты күт.
Адамы мекенімнің кең пейілді,
Болмайды жастарында бұзықшылық.

Аруы айдан сұлу, көз байлаған,
Қарауға тура тіптен төзбейді адам.
Жігіті тауды жығар алпамсадай,
Көтеріп көкпарыны нар байлаған.

Жырықта жаны жайсаң қарттарым бар,
Кие бар адамдардың аттарында әр.
Әжейлер сені таныр әудем жерден,
Сыры мол ауылымның ақтарылар.

Құмына жалаңаяқ барсаң егер,
Иттері алдан шығып арсаң етер.
Таинды өзіміз деп пейіліңнен,
Көңілді әрбір үйде дархан етер.

Тау да жоқ ол алқапта, ылғи құмақ,
Күлімдеп шәй ұсынып қыздар тұрат.
Ақылы көркіне сай аруларым,
Ойнақы мінезі жоқ, ұстамдырақ.

Ізетті жеңгейлерім Жырығымда,
Жағымды мінезі бар қылығында.
Ағамның екі етпейді айтқан сөзін,
Шолпы бар әжем өрген бұрымында.

Сен барсаң Жырыққұдық алабына,
Бата бер бесбармақты табағына.
Бас бермей қайтармайды онда бауырым,
Қондырмас кірбің деген қабағыңа.

Жырықта түйе де көп, кие де көп,
Кім айтар иықтан кеп сүйеме деп?
Желейді әруақтар алдан талай,
Пайдасы тағдырыңа тие ме деп.

Сол Жырық жырақ жатыр сағындырып,
Уақыт дегеніне бағындырып.
Сәлем айт бара қалсаң, бауырларға,
Тілекті менен барға қабыл қылып.

4 сәуір 2014 жыл, Степногорск қаласы. Полатбек ЖАНБАЕВ



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов