Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: КЕЛЕГЕ САЛАР КЕЛЕЛІ ІС ӘЛІПБИ ЖӘЙЛІ


Авторы Xабарлама
Құсайын Әмуалұлы
h.s2012@list.ru
18-03-13 09:10
КЕЛЕГЕ САЛАР КЕЛЕЛІ ІС ӘЛІПБИ ЖӘЙЛІ

Әмуал Әуелқан ұлы

Мен қытай халық респұбликасының Шин Жиаң ұйғыр автономиялы өлкесі Үшбүкент қаласының зейнеткерімін . өмірім қытай мен қазақ тілдерін зерттеумен өтті . қазақ тілі жәйлі , аударма жәйлі , бір сыпыра еңбектер жазып , қазақ тілін Кәдеге жарату жодында бір кісідей тырыстым . қазір аударма кәсібінен Аға аудармашы деген кәсіби атағым бар . шин жиаң жазушылар одағының , аудармашылар одағының мүшесімін . соңғы жылдары қытай қазақтарының латын әліпбиіне қайта көшу ынтасына қарай , қытай қазақтарының арасында көлемді ауқым қалыптастыруға түрткі болатын мақалалар жазып , көмпютер тақтасындағы латын әліпбиі негізіндегі қазақ әліпбилерінің Қытай қазақтарына арналған нұсқасын ұсынған жәйім бар . бұл әрине кәсіптестерім арасында қолдау тапқанымен , лажысыздықтың ләждауы ғана еді , отанымыз егемендік алғаннан кейін , тіліміздің тірілер жері-Көсегі көгерер жеріне 12 жыл талпынып жүріп , ақыры 2005жылы Қыркүйек айында , балаларымды толық қанды қазақ қылыйын деп тарихи отанымызға зорға жеткен жайым бар.
Дүниенің 30дан астам еліне торғайдай тозған қазақ баласына , ұлттың тұтастығы мен тілінің бір ыңғайлығына ұйтқы боларлық жазу таңбаларын бір ізге түсіріп беру ол тек Қазақстанның төл еншісіндегі ұлағатты да , ұзаққа соза бермей тындыратын стратегиялық борышы деп білемін . бүгінгі таңда тіліміздің бөгделенуіне , сондай-ақ екі елге Алпауыттардың арам нйетімен , амалсыз екіге айырылған екі ел қазақтарының тіліне қатысты кейбір жағдайлар мен жағдайаттарға тоқтала кетуді жөн көріп отырмын.
Қазақ әліпбилері жасаған ортамызға , өзге ұлттармен болған байланысымызға , сондай-ақ , өзіміздің түрлі қажетімізге қарай дөңгеленіп отырғаны бәрімізге аян . әу баста 27 ден 29 ға , 29 дан 31 ге тұрақтанғанын да еске түсіре аламыз . әрине , әліпби санының біртіндеп көбейуі тіліміздің даму заңдылығының , ғалымдар зерттеуінің даусыз жемісі . егер іргелі елдердің Егей ұлттары сяқты өзге тілдерді өзімізге мойын ұсындыра сөйлейтін болсақ , яғыный қазақиландыруды Тубаста « Тапжылмас тұғыр » еткен болсақ , онда осы 31 харіп те сусынымызды қандырған болар еді . алайда жаһандану қазақ сахарасына ғасыр бұрын қадам тастады да , жаман түйенің жабуынша жалбаңдауды да ғасыр бұрын бастап кеттік . қытай қазақтары 37 харыпты қолданысқа салса , Қазақстанда 42 харіп қолданысқа түсті . жылдар жылжып өте келе өзгелердің өң әлпетіне жаутақтай қарап , орынсыз Төрге шығарған бұл әліпбилер өзіміздің біртіндеп бөгделенуімізге , жан дүниеміздің жансарлап салдануына байланысты , өздерінің харіптік әуселесін де көрсете бастады . ақыр-айағы тіліміздің меншікті сарыны мен сазында жоқ бөгде әуендер мен ырғақтарды тілімізге сіңірумен тынды . басқа елдердегі қазақтарды былай қойғанда , көрші екі елдегі қазақтардың тіл мәдениетінде , дыбыстауында , сөйлесу жақтарында , айқын айырмашылықтар орын тепті . қытай қазақтары терминдерді ләжісіз болғанда ғана ағылшын тілінен қабылдап , қазақ граматикасының ережесі бойынша оқуды оң көрсе , Ал ата жұртта негізінен орыс тілінен қабылдауды , сондай ақ өлшемді орыс тілімен жеткізуді дағдыға айналдырған . яғыни бір қазаққа екі түрлі ереже жұмыс істеген . мәлім тұрғыдан алғанда бұл шыбар тілді шала қазақ қалыптаструдың шарасы ғана еді . сондықтан дүниедегі бар қазаққа ортақ бір ғана жазу таңбаларын жасау , атауларды аудару , қабылдаудың шыт жаңа жолдарын тұрақтандыру --- өркениетті де жаңа қазақты дүниеге қайта әкелудің бірден бір жолы екені риял мәселе . бұларды бір ізге түсіру – тек ел басымыздың күшті ұйтқылығында , парламентіміздің баянды да өнімді заңдар шығаруында , үкіметіміздің дана сайасаттар мен пәрменді шаралар қолдануында , партялар мен қоғамдық ұйымдардың жұдырықтай жұмылып , ортақ күш шығаруында , әсіресе , тұтас ел халқының ел билігіне айрандай ұйып , жабал ат салысуында жатса керек .
Құй қытайда болсын , әлде қазақстанда болсын , өткен күндерде тұтас қазақ ұлты өзінің қалай сөйлеп , қалай дыбыстауынан гөрі , Аға ұлттар мен айтылмыс Ұлы халық тілдерін қалай сөйлеп қалай дыбыстауға көбірек бас қатырғаны , бар ыхыласын бергені айдан анық ақиқат . өзгені өр санау , өзін көр санаудан өрбіп - өнген азғындық – тұтас қазақ ұлты арасында тамырын кең жәйды да , заман ағымын сәл бұрын игерген аға ұлт , ұлы халықтың солбір қарапайым тілін алақанға салып ардақтаудан артық ештеңе таппай қалғанымыз мұның ашық дәлелі . әрине , бұл өтіп кеткен өксікті өміріміздің ашты зардабы болсын делік , егемендік алған 20 жылдан бері , қазақтың басқа ұрып санауға болатын әліпбилерін күні бүгінге дейін дұрыстап дыбыстай алмай , Ң ды орыстың Н сы бойынша дыбыстап , шатасып жүрген мықтыларымыз қаншама . күңіренген күйзеліс осыдан артық боларма . әрине , қиқуы көп , қыспағы мол сол жылдарда қытай қазақтарының тіліне солақай саясаттың сойылын соғатын , құдықтағы құрбақа сяқты сотқарлар лаң салмай қоймады . белдіге бейім белсенділердің бел шеше кірісумен , орынсыз қабылданған сөздер мен атаулар , қазақ тілінің шырқын кетіргенді , бұл жәйт көп ұзамай-ақ қазақтың тілі шолақ , ата-бабаларында тіл-жазуы болмаған , сондықтан ғылыми атауларды қазақ тілімен бейнелеуге,аударуға болмайды дейтін ора шолақ нысайлар мен көзқарастар үстем орынға шықты да , мағдыры таусылған , сорлы қазақтың соқа басына әңгір таяқ болып, кез-келген жерде тие бастады . тек осындай хал ішінде ғана намысын бермеуге тырысқан аз ғана қытай қазақтары Латын харпы негізіндегі әліпбиін күшінен қалдырып , ата-бабаларымыз малданған Араб харпы негізіндегі төте жазуды қайта қолданысқа салуға мажбүр болды . Қазақ зияллары да қытай елінің саяси жолтанабындағы оңалушылықтан ұтымды пайдаланып , қазақ тіліндегі ала-құлалықты жөнге салуға жедел кірісті . қазақ тілінің шырқын кетірген отарлаушыларды , ендірмелерді аластаудан бастады . тіпті төркіні бір жерден табысып қалып отыратын ұйғыр ұлтынан кіріп кеткен сөздерді де мекеніне қайтарды . қазақ тілі бай тіл екендігі бірден аңғарылды . атау терминдерді аударып алуға болады көзқарасы қайтадан битекшеге көтеріліп , атау терминдерді аударғанда ең алдымен қазақ тілінен толық қарастыру , аударып , қазбалап , таппағанда туысқан түркі халықтарының тілінен алыу , ләжісіз болғанда ғана ағылшын , қытай тілінен төте қарыздап алыу деген тамаша пренсиптер белгіленді . қытай қазақтарының бұл талпыныстарының нәтижесіне көз жеткізген тіліміздің жанкешті жоқтаушысы – Мұқтар Шақанов ағамыз қаймағы бұзылмаған қазақ тілі қытай қазақтарында деген рыизалы баға берді . бұл жерде мен бұны қытай қазақтарының мықтылығы дегеннен гөрі , 33 харіптің құдіретті үлесі дегім келеді . деседе бұған марсыйудың жөні жоқ сяқты . соңғы 20 неше жылдың ішіндегі қытай реформасының ауқым ала түсуі , нарық қадамының жеделдеуімен қазақ мектептерінің күрт азайыуы Ұлтжанды азаматтарды сары уайымға салмай қоймайды . сондықтан , ебін тауып ес жыйу , орайын тауып опыру , өзегін тауып өркендеу --- тұтас қазақ баласының бұлтармас әрі қасйетті міндеті сяқты . осыларды ойлай отырып , өзім аңғарған қытай қазақтарымен отан қазақтарында бірдей қордаланған , кезінде ескерілсе де елеулі мәселеге жатқызылмаған , өзге ұлыт үшін де , өзіміз үшінде , бастысы өзіміз үшін риал маңыз алатын ЕКІ ДЫБЫСТЫҢ басын аша кетуді жөн көріп отырмын .ійін қандырып пысыра жатарсыздар .
Қазақ тіліндегі Ш фонемасы мен Ж фонемасы сөз басында тұрып дыбысталғанда , тіл тіс түбіне тиіп дем недәуір күшті шығатыны баршамызға аян . қазақтың “Ш” фонемасы орыс пен қытайдың Ч , СН фонемасымен ұқсас дыбысталғанымен , бірақ біздің Ж дыбысымыз олардың Ж ZH фонемаларынан айқын парықталады . әсіресе орыстың Ж фонемасындай сүзіліңкі қайырылмайды . Алайда , тіліміздегі бұл екі фонеманың екеуі де дауысты дыбыстарымыздан кейін келгенде , тіл таңдайға жанасалай тиіп екуі де сүзіліңкі дыбысталады . яғни орысша Ш Ж фонемасымен ұқсас дыбысталады . қазақ ұлтын былай қойғанда , басқа түрік тілдес ұлттардың тілінде де Ш Ж фонемаларының сүзіліңкі вариянтын өздерінің меншікті тіл дыбыстарының қатарына енгізген . өкінерлігі мейлі қытайда болсын , әлде өз отанымызда болсын, сүзіліңкі қайырылатын бұл екі дыбыс санатқа қосылмағандықтан , бірге жасасқан кей ұлыттардың тілін жазғанда , немесе дыбыстағанда , дәлдік дәрежесі көңіл көншітпей жүр . Ал сабақ болары сол , отандағы орыс тілді қандастар бұл екі дыбысымызды қатаң қайыра алмай , айна қатесіз орысша Ш Ж бойынша дыбыстап , ана тіліміздің әу бастағы сарынымен сазын бұзуға себепкер болуда . ісжүзінде тілімізде қатты қайырылатын бұл екі дыбысымыздың сүзіліңкі варянтын кезінде санатқа қоспағанымыз болмаса , ауыз екі тілімізде ежелден сақталып келгені ақйқат . яғыни бұл Қ дыбысымен К дыбысының дауысты дыбыстардың қақ ортасында келіп , не Ғ ға , не Г ге , мысалы , жоқ , ЖОҒАЛ , көк КӨГЕР болып аунағаны сияқты заңды тіл құбылысы болатын . сондықтан ендігі жерде ол Екеуін мойындамай , жазылым мен айтылым арасындағы парық ғана деп елеусіз қалдыру , тіл-жазу қимылдарымызға қиғаш деп білемін . солүшін тіліміздегі , Шаншу , Шамшырақ , Шешу , Шөміш , Жоқ-жітік, Жекпе-жек, Қажыу, Ожау, Мұқтаж, т.б сөздер “Чанчу, Чамчырақ, Чешу , Чөміш , Қажу ,(сөзаралығындағы Ж орысша қайырылады) Ожау , Мұқтаж”болып жазылып , айтылумен бірдейлігін сақтауға тиіс . сонда ғана өз тілімізді дұрыс жазып , дұрыс дыбыстап қалмастан , ағылшын , орыс , қытай және басқа ұлттардың тілімізге жасаған ықпалымен , сарынын тілімізден арылтуға мумкундік жасалады . сондай-ақ , орыс , қытай, түрік текті ұлттардың тіліндегі осы дыбысты да дұрыс жазып , қаз – қалпынша дыбыстаған болар едік . сөзіміз дәлелді болу үшін , өз тілімізбен өзге тілдерден мисал алып үңіліп көрейік ; Чаруашылық , Чәшәу ,Чымчу ,Чымчық ,Чақ , Шах , Жау-жапырақ , Құжынау , қажы , (сөз аралығындағы Ж сүзіліңкі қайырылады)жорнал , бюжет , ШаңЧаң , ЧаңШан , ЖаңЧың , ЧинШыХуаң , Чаруачіліқ ,Чақ-чақ ,Чіш ,Чашлық ,Ішчі , Ташчі , бұл мисалдарды ортаға салып көрсету арқылы , біз өз тілімізді ӨЗІМІЗШЕ өзге тілдерді ӨЗДЕРІНШЕ жазуға және сөйлеуге болатындығын айқын аңғара аламыз . сол үшін , біз ауыз- екі тілімізде жыйы ұшырайтын сүзіліңкі Ш мен Ж фонемасын тіл даму заңдылығының төл жемісі ретінде қарап , ендігі әліпбиіміздің қатарынан орын беруіміз әбден орынды деп қараймын . Әрине тіл егемендігін ой арқауы етіп отырғанда көкейіміздің түкпірінде , көзіміздің алдында алып тұғырдай мызғымай тұратын мына жәйітті қай уақытта да ұмытпауымыз керек . үйткені , дүниедегі әр қандай бір ықпалды ұлыт , басқа тілдерді дұрыс айтып , дұрыс жазу мақсатына бола , өз тілінің даму заңдылығына симайтын бірде - бір бөгде дыбысты қабылдай салған емес .Тек біз ғана өздерінше сөйлеуді таңдаулы дәстүрге айналдырып , жақсылығын да жаманшылығында көріп отырған жәйіміз бар . бірақ , жоғардағы екі фонеманы әліпбиімізге қабылдаудан ұтарымыз--- өз тілімізді өзімізше , өзге тілдерді өздерінше , өзгелерді өзімізше сөйлету болмақ.
Бүгінгі таңда ,ел іргесі бекемделіп келеді , економика жандануда . кешегі қара табан қойшы , егемен еліміздің еңсесі биік қожасына айналуда , еліміздің дербес елдер қатарынан көк байрағын желбіреткеніне де табаны күректей 20 жылдың жүзі болып кетті . Аға ұлыттарға Ұлы халықтарға жалбырақтай беретін , жапақтай беретін күндер алыстап барады .енді тіл – жазуымызды жөнге салғанымыз , тұтас қазақ баласын жаңа жазулармен қайта матағанымыз , оңға бастыратын Нұрлы Жол екені даусыз. Бірақ, сабыр түбі сары алтын деп тағы 10 неше жыл сарылуымыз зымыран заманымыздың талабына сай келе қойматын сяқты , ұшпақ болсаң зымыра , асықсаң жақсылыққа асық деген аталы сөздер ұтатын кезде ұмтылмасаң ұтыласың дегеннен дерек бергендей , осыларды ойлай отырып , қытай қазақтары мен отанымыздың тілдік орталарын , сондайақ тұтас қазақ баласы қоныстанған елдерді Көздей отырып , қазақ әліпбиінің санын 35 ке тұрақтандыруға болады деген қарасымды ел ағаларына ұсынғым келді . әліпбилер әрине аға буын ғалымдарымыздың ашып салған жүлгесімен болған болса да ,бірлі-жарым өзгерістерді дүниеге әкелу 5—6 жылымды жегендей болды .бұл 35 харіптің ішінде жоғарда айтылған сүзіліңкі Ш Ж сынды екі фонема мен орыс қытай ағылшын және арап тілдерін дұрыс айтып дұрыс жазу үшін қабылдаған 4 хәріпте қамтылып отыр , олар мыналар .

Аа Оо Uu Ee Mm Bb Pp


Әә Өө Üü Ee Іі Dd Tt


Ңh Гğ Kk Gg Yy Jj Qq


Ss Zz Ww Rr Иm Ll Nn


Xx Žž x Hh Vv Ff Cc


Бұлардың оқыдуы мынадай: а, о, ұ, ы, ем, бе, пе;
Ә, ө , ү , е , і , де, те;
Қа, ға, ке, ге, іи, же, че;
Ес, зей, ыу, ар, ың,ел,не;
Еш, еж, іһ, ха, вей, еф, це;
Әліпбилердің осылай орналасуына,егемен еліміз халқының өз өзіне қожа болу рухы бастан аяқ алтын желі болып тартылды, бұрынғы әліпбилеріміздің , сондай ақ көмпютердегі хәріптердің реті бұзылды . алайда латын харіптерінің таңбалары тегіс алынып қалмастан , халқарада ықпалды ұлыттар қолданысқа салып отырған негізгі дыбыс әуені сақталды . қазақша ән-әуенге салып жаттауға ыңғайлы болу үшін , 35 хәріп 5 қатарға тізілді де , әр харіптің соңғы дыбыстары өздерінің меншікті есімдері бойынша ұйқас алды . қол байлауыштарды азайту , жазыу қарқынын тездету , сөз-сөйлемдердің қағаздағы сыйымдылығын жоғарлату мақсатымен CH ZH SH сяқты қос харіптен тұратын дыбыстар ойдан аулақ болды . тыңнан жасалған санаулы дыбыстарға , датын әліпбиіндегі дыбыстармен дыбыстық және пішіндік жақындығын сақтау үшін , лайықты тәжі-кепеш , тұйақ – сыйрақ ғана беріліп ажыратылды . айталық : Hh Ңh Hg Ee Ee Uu Uu Zz Zz x Иm сяқтылар . бұлардың жазбаша нұсқасы да осы тектес өзгертулермен тәмәмдалды . қазақ тілінің заңдылығы бойынша әрбір харіптер өздерінің еріндік , езулік , таңдайлық , мұрындық , қасиетіне , сондай-ақ , дыбыстық жақындығына қарай жәйғасты . Ал , жалпы тұлғалық жақтан айтқанда , Әр әліпби , өзінің қазақ сөз қорын жасаудағы Үлесінің аз-көбіне, сөз- сөйлем арасындағы көрінімшеңдігінің топанына қарай орналасты . Айталық : қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар сөз жасауда өте белсенді болғандықтан , Олар тұтас әліпбилердің алдынғы қатарынан орын алды . егер көмпютер тақтасына да осылай жайғасар болса , Шү дегенде , баспагерлерге , сондай-ақ , көмпютер тұтынушыларына қолайлылық әкелері шүбәсіз . кезінде қазақстан және қытай қазақтары ортақ қолданысқа салған бірлі-жарым таңбалар күшінен қалды . себебі : оның орнына екі ел қазағына көз-үйір , көрнісі көркем таңбалар алынды . Әліпббилердің дыбыстық Жақындығы мен Пішіндік нобайластығы өз-ара ұштастырылды . әрі сол бойынша бір-бірімен іргелес тізілді . жаңадан жасалған санаулы әліпбилерді жасау барысында , тұтас қазақ баласы қоныстанған мемілекеттердің жазу таңбалары ескеріліп , жалпыластыруға қолайлы болу ,көрер көзге көркем болу ,жазуға жылдам болу жақтары назарда болды . шет елде қоныстанған қандастарымызбен бөгде ұлыттардың тілімізді тезірек игеруіне , Әліпбилерді олардың Пішіндік қарайластығына , сондай-ақ , кепеш- айдарларына , тұяқ-сыйрақтарына қарай оңай ажыратуына да белгілі шарттар әзірленді . тілімізде Бас харіп болып сөз жасай алмайтын Ң нан басқа әліпбилер жалпы әліпбилердің соңына тізілді . онан соң ғана бөгде сөздер үшін қабыданған әліпбилер тіркелді . бұл жерде айта кететін жәйіт , тіл дыбыстарымыздың қатарына ірге тепкізбек болған Сүзіліңкі Ш мен сүзіліңкі Ж дан кірме сөздер жасалғанымен қазақ сөздері жасалмайды . бірақ , ол екеуінің сөз аралығындағы сүзіліңкі қайрылуы , жазу барысындағы ұшқасуы екінің бірінде болатын болса да , өзінің қатаң қайрылатын варианты Ч Ж мен қанаттас жайғаса алмауы өкінерлік жәйіт болды .
Қортып келгенде , Латын жазуына қайта көшу --- аға-буын боздақтар аруағын рыйза қылатын , ел халқының ұлыттық руқын ұштайтын ұлағатты шаруа . әрі заулаған заманымыздың қажеті . егемен еліміздің ертеңі . шын мәніндегі түбегейлі тәуелсіздігіміздің өшпес белгісі .ол өз-өзімізге қожа болуымыздың,өз тілімізді басқа тілдерге будандастырмай байытуымыздың құралы. ғылым-білім тілін тезірек жалпыластырумыздың кілті. Ал латын әліпбиінің өзіне тоқталар болсақ,ата-бабаларымыз қолданысқа салған жазу , мейлі оның баспаша нұсқасы болсын , әлде оның жазбаша нұсқасы болсын,қазыргі жазуымыздай тым тышқан ізді емес.көрерге көркем,қағазға ықшам,жазуға жылдам,көзге жеңіл қасиетімен дүниедегі көп санды ұлттарға ұнаған жазу екені белгілі.оны бір екі жыл ішінде айырым гәзет – жорналдарда жалпыластра тұрып , 4—5 жыл ішінде исі қазақ баласына ортақ жазу етіп беру - шыт-жаңа , мызғымас қазақиа құрып шығуымыздың , еш-кімге жапақтай қарамайтын , көрінгеннің жетегіне жүгінбейтін , мықты да құдіретті Ұлыт жетілдірудің берік ірге тасы деп білемін .көк байрағымыз дүние халқына танылып , қой үстіне боз торғай жұмыртқалағанмына тұста , аға-буын ардагерлеріміз сан ойланып , мың толғанып салған асыл мұратын қайта іске асырып , бұрмаланған тәриқымызды , ашылмаған мәдениетімізді , көркем келешегімізді , шыт-жаңа жазулармен Ту-бастан қайта жазуға әбден қақылымыз . тарихқа жазылатын өшпес НҰРЛЫ ЖОЛ да осы .



В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта — Марат Ижанов