Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Интернет және ақпараттық технологиялар
Тақырып: Интернеттің пайдасы


Авторы Xабарлама
Ербол
Beku_kz@yahoo.com
31-05-06 13:22
Интернеттің пайдасы қаншалықты біз білмейтін құпиялары көп болар, соларын сіздер арқылы білгім келеді.

Авторы Жауап
Шолпан
isataeva.sholpan@bk.ru
14-04-17 03:14
қазіргі кезде интернетте вирустар көп деп айтуга болады бірақ интернетте вирустарға қарсы антивирустар бар
Рысбек
Kubasshov.Rusbek@gmail.com
27-05-16 20:56
Интернеттин пайдасы оте коп агайын , казир заманда акшанын бари интернетте
Бауыржан
Zhumaev_73@mail.ru
23-04-15 08:55
Ғаламторсыз (интернет) өмір сүру мүмкін емес деп жүргенде, интернеттің дәурені аяқталатын дәуір келе жатыр деген болжам жасайтын шетелдік сарапшылар шықты. Олардың айтуынша, қазіргі таңда әлемдік ғаламтор желісін пайдалану қауіпті болғаны өз алдына, оған көпшіліктің қызығушылығы да төмендеп барады. Кім біледі, ғаламторды ойлап тапқандар оның шарықтау шыңы, құлдырайтын кезі болатынын білген де шығар?.. Яғни сарапшылардың айтуынша, енді интернетті шексіз әрі ашық қалай болса солай пайдалана алмайды. Заң да, талап та күшейді.
Ресейлік сарапшы Мария Авдеева жақын арада ашық ғаламтор дәуірі аяқталады деп отыр. Қазіргі таңда мемлекеттер ғаламторды заң аясында қатаң бақылауында ұстауға күш жұмылдырып жатыр. Ресей, Беларусия, Қытай, Иран, Корея, Жапония, Австралия елдері мемлекеттік саясатқа қарсы сайттарды соттың шешімінсіз де жауып тастағаны баспасөз беттерінде жазылды. Осылайша ғаламтордағы ақпарат ағынын шектеуде мүмкіндік алып отыр.

Жақын уақытта АҚШ-та да ғаламтордың жұмысын бақылауға арналған заң қабылданбақ екен. Олар заңсыз интернет-сайттардың жұмысын шектеп, жауып қана қоймай, барлық ғаламтор заңына бағынуы мүмкін. Ал ғаламтордағы көптеген желілер АҚШ арқылы тарайтынын ескерсек, әлемдегі көптеген сайт АҚШ-тың ашса алақанында, жұмса жұдырығында болады деген сөз. Осы жерде «ақпарат кімнің қолында болса, билік те сонда” деп жиі еститін сөзімізді еске түсірген жөн болар. Бірақ мәселенің екінші жағы бар. Ол үшін ғаламтор заманы өтіп барады дегендердің уәжі қандай екенін біліп алған абзал. Ғаламтор – жаһандану заманында әлеуметтік-технологиялық ортада сөз бостандығы мен ешкімге бағынбаушылықтың, кіріптар болмаудың қағидасы ретінде көшбасшы үлгі болды. Әркім өз ойын ғаламтор арқылы ашық айта алады. Құрығанда, адамдар мақала соңына коммент-пікір жазып, шерін тарқатады. Аталған қағидалар негізінде 1970 жылдары АҚШ зертханаларында ядролық қаруды жасаушылардың байланыс құралы ретінде пайдаланылды. Бірақ, ғалымдар ғаламтордың әлемді қиратып, адамдарды аздырып жіберетін қуатты екенін ойламаған секілді. Әлемді әлем-жәлем қылуды көксегендер ғаламторды «күл-қоқысқа» толтырды. Ал мемлекеттердің құзырлы орындары халқын азғындықтан сақтау үшін ғаламтор жүйелері арқылы тарап отырған күштерді жоюмен айналысуға мәжбүр.
Желілерде әлеуметтік бақылау тетіктері мен қағидаларының болмауы небір қатерді тудырып жатыр. Мысалы, өз-өзін өлтіруді, нашақорлықты, педофилдікті насихаттаушыларды ешқандай жауапкершілікке тарта алмайды. Ол насихаттаушының авторын білген күннің өзінде, оны тұтқындау біраз қиыншылық туғызады. Себебі, ол Беларусияда отырып, АҚШ-тағы сервер арқылы, Ресейдің тұрғындарына насихат жұмыстарын жүргізген болуы мүмкін. Сондықтан да ашық ғаламторда насихат жұмыстарын жүргізушілерді табудың өзі бір мұң.
Алайда әр елдегі мамандар да, құзырлы органдар да қол қусырып қарап отырған жоқ. Ғаламтордағы ақпараттарды бақылап, реттеуді жолға қойып келеді. Мысалы, Ресейдегі ең танымал «Живой журнал» блог-сервисінде пайдаланушылардың сөзін тексеретін жартылайавтоматты құрылғы орнатылған. Пайдаланушыдан жіберілген хатта экстремизмді, нашақорлықты басқа да келеңсіз нәрселерді насихаттайтын сөздер болса, онда «смс» жіберушінің желісін 1 сағат көлемінде сайттан ағытып, байланысты үзіп тастайды. Тағы да басқа осы сынды жүйелер жетіп артылады. Телефон арқылы ішінде бұрыс істерді насихаттайтын сөздері бар «смс» хат жіберетін болса, сол телефон арқылы экстремистерге қоңырау шалған болса, онда телефондарға автоматты түрде тыңдау құрылғыларын қосады. Және экстремизмді насихаттағаны үшін жауапқа тартады. Тыңдау құрылғыларына мысал ретінде: CBoss, Поток, Siemens Intelligence Platform тағы осындай көптеген автоматты құрылғыларды айтуға болады.
Қысқасы, тыңшылық құрылғыларды жасаушылар мен одан сақтанушылар арасында толассыз күрес жүруде. Бұл күреске ондаған мың адам өмірін арнап, миллиардтаған қаржы салынып жатыр. Егер ғаламтор мемлекеттің қарауына түгелдей өтсе, онда ғаламтордағы «еркіндікке» құлшынғандардың жолы кесіледі. Бүгінде мемлекеттер бір ғана «кнопканы» басып, қалаған сайтты өшіре алатын жағдайға жетіп отыр.
Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттер ғаламторды осылай бақылайтын болса, алдағы бір-екі жылдықта тек мемлекеттік лицензиясы бар БАҚ сайттары ғана қалады. Қалғаны жүз пайыз құқық қорғау органдарының «құзырында» болатын сыңайлы.
Akmaral
17-03-15 07:29
интернетте зиянды кажети жок акпаратттар коп екенин билемин биракта бул акпаратты интернетке салып отырган озимиз сиакты адам!
Akmaral
17-03-15 07:22
пайдасы жок дейсиздер мектепте шгарма реферат барин осы интернеттен алмаймызба типти достарымызбен класстастарен мама папа баримен интернет аркылы сойлеспимизба
не болды сиздерге(
Айгерім
87714947271
17-02-14 12:30
бірақ интернетсіз өмір сүре алмаймын ;)))
Айгерім
87714947271
17-02-14 12:28
интернеттің пайдасы туралы білгім келед себебе зияны өте көп
Аида
aida_95.31
06-02-14 13:47
Менің ойымша интернеттің пайдасынан гөрі зияны өте көп.Осы такырыбта біз дүйсенбі күні дебат өткіземіз.Маган интернеттің зияны туралы мәліметтер беріндерш
Аида
aida_95.31
06-02-14 13:45
Менің ойымша интернеттің пайдасынан гөрі зияны өте көп.Осы такырыбта біз дүйсенбі күні дебат өткіземіз.Маган интернеттің зияны туралы мәліметтер беріндерш
Муслим
bolatov19.01
11-02-13 18:56
Қазір ғаламтор желісін пайдаланбайтын бала кемде-кем шығар. Әсіресе жаз мезгілінде, демалыс уақытында балалардың дені ғаламдық торды жан серігіне айналдырып алатыны шындық.
Муслим
bolatov19.01
11-02-13 18:55
Ғаламторды шексіз дәліз деуге болады.Бірақ интернет үшін бала өлейін деп жатыр бұл не сұмдық.
Бауыржан
baks.bek@mail.ru
14-12-12 06:13
Интернет арқылы "Каssa24.kz " порталында билет алуға болады, ол туралы мына менің бейне ролигімнен коре аласыздар http://www.youtube.com/watch?v=cXtMzuMpEqs
Айсана
aisa90@list.ru
11-12-12 12:35
Ұлттық Банктің ресми сайтында интернет-дүкен ашылды http://bnews.kz/kk/news/post/114795/
Айсана
aisa90@list.ru
13-11-12 10:06
Егер жол жүретін болсаңыз Сіз де интернет арқылы билет алуды үйреніңіз. Ол үшін Сізге кезекте тұрудың қажеті жоқ. Қазақстанда электрондық билеттер сатылымы 10 есеге артты http://bnews.kz/kk/news/post/109978/
didar
didar@mail.ru
25-10-12 00:44
Интернет сүйетін қауым!сіз студент,иа талантты жан,немесе мұғалім,бизнемен болсаңыз.. сіздің талғамыңызға қарай сайт жасаймыз...жақсы дизайн,басқа модераторлардан арзан!!!қазақстанның кез келген түкпірінен ұсыныс қабылдаймыз! және қосымша бонустар,жеңілдіктер бар. МЫНА САЙТТАН ТОЛЫҒЫРАҚ біле аласыздар http://sozdat-sait.a5.ru
Айнур
beka.13.27
06-10-12 21:57
Ассалумагалейкум! маган интернетпен калай пайдалану керек деген тақырыпта 20 тест шығару керек, бүгін дайын болу керек! көмектесіңіздерші!!!
мадина
08-05-12 21:16
интернет пайдасы каншалыкты
самал
simona.95.24
22-11-11 13:31
куштиго интернет барин издеп табасн !тук пайдасы жок деп алып интернетте отырасндар осы коментари жазу ушинде сен интернетке кирдн!ол жок болса сен баринен макурымсын озн ойланп кара!
zhaslan
zhaslan-007@mail.ru
23-10-11 22:24
Рахым
rahimk@list.ru
07-10-11 14:35
Интернет өмірдің виртуалды бейнесі, ол болады әрі дамиды,
сен интернетте жақсы іздесең жақсы табасың жаман іздесең жаман табасың.
мен мысалы it-start.kz сайт авторынан интернетке байланысты көп мағлұмат алдым.

Егер интернет болмаса біз бұл жерде қалай пікір алмасар едик?
Асылай
asilai99.9
04-10-11 10:35
Салем достар.Маған интернет туралы мәлемет керек еді.Маған көмектесулеріңізді сұраймын.
222
dosbekov_madi@mail.ru
01-10-11 09:30
Осы сайт арқылы http://www.surak-zhauap.kz/ интернеттегі қазақша мәліметтерді арттырайық!
222
dosbekov_madi@mail.ru
01-10-11 09:27
http://www.surak-zhauap.kz/ осы сайтқа кіріңіздер.Кәсіби мамандар -дәрігерлер, мұғалім және т.б. кеңестеріңіз керек.Басқа қолданушылар сауалдарына жауап беріңіздер.
жансая
99_zhan_99
28-09-11 10:15
маған интернет туралы тауып беріңіздерші өтінем!дебат болатын еді.
aktoti
aktoti_99_9
17-09-11 10:49
magan tez arada internettin paidasi ne ziani jainda magulmat kerek edi sogan komektesesiz be . egerde malimet bolsa osi loginge jibere sizder me?aktoti_99_99 sizderden jauap kutem.

Асылай
aiok-1999@mail.ru
07-09-11 10:57
салеметсиздер ме достар!!! маған жуық арада ғаламтордың пайдасы және зияны деген дебат болушы еді. Соған қажет материалдар керек болып тур . Егерде материалдар болса менің e-mail: aiok-1999
Берекет
боздаќўлы.берекет
04-04-11 14:40
интернеттіѕ пайдасы ўшан теѕіз! Біз ґзімізге ќажетті мјліметті ќас ќаєым сјтте ала аламыз! Алыс жерлерде жїрген жолдастарымызбен жылдам хат алысамыз. соѕєы жаѕалыќтарды білеміз!
Айгерим
aika_94.21
11-12-10 18:23
салем достар, маган толыгырак интернеттин пайдасы туралы айтып берулеринизди сураймын. ашык сабакка)))))
Рауана
rauana-salem
09-12-10 13:23
Интернеттин пайдасы ушан-тениз! Казак десе озиме да тиеди. Биздин казактарга жагу киын! Осы кезге дейин интернетсиз келдик, каншама гуламаларымыз шыкты, алайда казир 21 гасыр- техниканын заманы емеспе! Колда бардын барин пайдалануымыз керек! Так что, КАЗАКтар, вперед!
РЫСКУЛ
Riskul-90
09-12-10 12:01
менінше интернеттің пайдасы көп өзіне керекті мәлеметтерді де алуға болады меніше интернетті дұрыс пайдалана алмайтын адамдарғана интернетті зияан дейді меніше дұрыс емес бірақ бір жағынан бұл пікірді агентте көп отыратын адамдар және олар өздері туралы жалған ақпарат бередіде зардап шекен кезде интернеттің зияны көп дейді менімше бұл пікіріме ренжіменізде көпке топрақ шашқым келмейді алайда арамызда осындай адамдар.
динара
hiphop_.95@mail.ru
03-12-10 06:09
Баринизге салем!!!!интернеттин пайдасы мен зияны жайлы оз ойларынызды айтасыздар ма???
жангул
best-99
21-11-10 18:49
интернеттин пайдасы бар ма? толыгырак жаз-саныздарр
sabira
sabira92.92
11-11-10 07:44
Сјлем достар!Интернеттѕ пайдасы кґп!Мысалы,интернет тиімді байланыс ќўралы,тїсінбеген сґзді демде аударуєа,кісі атын наќтылауєа болады. Кґптеген мјліметтер жинаќталєан. Егер сайттарын білсен тез іздеп тауып алуєа болады. Біраќ зияныда бар, оны да ўмытпау керек!
vvvvv
ospanova_monika
06-10-10 18:58
интернеттің қандай пайдасы бар?
Айжан
K.aizhan.92
14-06-10 08:26
Салем достар! интернет неліктен адамға зиян деп ойлайсындар?

АЙГЕРИМ
БАЙГАНИН
05-01-09 09:38
интернеттіњ пайдасы кµп.Интернет арќылы µзімізге ќажетті маѓл±матты ала аламыз.
кєрім
jbb@ok.kz
26-09-07 08:19
Интернет арќылы имандылыќты, діндарлыќты, м±сылмандыќты ‰йренуге болады. Тек сайттарын білсењіз болѓаны.
Сайлаугуль
cbsaksuat@pushkinlibrary.kz
13-09-07 12:29
Гулдана саламатсыз ба.Неліктен интернеттіњ пайдасы жоќ деп ойлайсыз.Біз µте ќашыќта т±ратын ауданбыз соѓан ќарамастан интернетіміз бар.Оќушылар мен стедунттер басќа да оќырмандар, мекемелер эл почтамен жер жерге хабарлар мен хаттарын беріп ,эр т‰кпірден керекті ќ±жаттарын алып т±рады.Тµртінші жыл болды біздіњ кітапханада интернет істегелі.Ќазір бір-екі минуттыњ ішінде орталыѓымыз ¤скеменмен хат-хабар алысамыз.Сондыќтан интернеттіњ пайдасын µзіњіз кµрмегендіктен жаќсылыѓын білмессіз.Бізбен байланыста болѓыњыз келсе хат жазып,с±райтын с±раќтарыњыз болса жіберуіњізге болады.
Аман
burkit05@yahoo.com.cn
02-08-07 11:47
интернеттің пайдасы шексіз,бірақ интернет ақысы төмендемей еш әрсе мандымайды. Қазақстанда интернет ақысы өте жоғары, сол үшінде қарапайым халық көп пайдаланбайды, бар жоғы сол әңгімелесуге, жаңалықтар көруге, қарапайым мәліметтер іздеуге қолданады. Ал оқу ағарту сияқты салаларға әлі шамажоқ. қытайда интернет арзан,менің бүкүл жұмысым интернет арқылы жүреді, интернет арқылы сауда істеймін, оқуды интернет арқылы оқып жатырмын, ұшсаң 8 сағатта әрең баратын жердеге универден интернет арқылы үйде отырып үйренемін, интернет арқылы емтихан беремін... айтсаң көп,осының бәрін Қазақстанда іске асыруға болатын еді,бірақ қолайлылығына қарағанда ақысы артып кетеді. мысалы 30 минуттық сабақты тыңдау үшін бәлен мың ақша кетеді.
интернет телефон дүниеге келгелі қаншама жыл болды,неге Қазақстанда көп таралмайды? мәселе интернет ақысында. Бірнеше жылдың алдыннан бастап европаның интернет телефон сататын компаниялары Қазақстанға келе бастады,жуықтада көрмелер болды,шынында интернет телефон арқылы ызбандаған тарифы арзан екен,бірақ европада интернет ақысы деген мәселе жоқ болғандықтан олардың интернет телефоны көп Mb ұстайды,нәтижесінде қолданушының интернет ақысын асырып жібереді. Осы мәселені ойлап,біздің компания ұзақ жылдардан бері аз Mb ұстайтын түрін зеріттеп шықтық, содан бастап интернен телефон саудасы жақсы жүріп жатыр. бір минут сөйлескенге небәрі 12kb ғана кетеді, әрі сөйлесу ақысы арзан. ресейге ізбандау 2 теңге/min,казір акция кезі,4 айғадейін тегін 48 мемлекетке ызбандайсың. 4 айдансоң 3 теңгеден ызбандайсыз. қытайға ызбандау 1.5 теңге/min.
begi
dr_begi
30-01-07 15:32
internetti suyemin!!!
biko
dr_biko.p 07
26-01-07 13:13
nettin kop paidasi bar,men ozime kajetti medysyna materyaldarin tauip alam
Ењлік
yenaerke@mail.ru
05-12-06 06:07
Салем, достар!!
Иа, рас айтасындар, Интернеттіњ пайдасы µте зор.. Бирак Инетті кейбіреулер д±рыс пайдалана алмай ж‰р гой.
Єрине, єркім µз маќасында пайдаланады, оны да ±мытпау керек.
Бирак.. осы казирги кезде, мынау мын жылдык та интернеттин алатын орыны - тµр болар дегенім...
Жұлдыз
03-12-06 18:20
Интернеттің пайдасы өте көп, сіздерде бізбен бірге қосылуларыңызды сұраймыз,ренжіме
Руслан рас айтасын интернеттің түк пайдасы жоқ сіз үшін


Гулжан
Zakirovaem83
21-11-06 09:13
неге олай дейсіндер интернеттін пайдасы көп егерде білсен
Гулдана
13-11-06 07:44
ия рас айтасын интернеттін тук пайдасы жок .
Руслан
ruslan_86@bk.ru
27-09-06 14:23
Бес ай бойына ешкім жауап жазбағанына қарағанда, шамасы, Интернеттің түк пайдасы жоқ болғаны ғой )))



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов