Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Оралмандар - өз бауырымыз!


Авторы Xабарлама
Полатбек Жанбаев
Zhanbaev_polatbek@mail.ru
10-02-14 19:36
Оралман болып елге келдік. Шүкір жқсымыз. Енді қазақстан елі квота бермей жатыр, қиын болып тұр. бірақ қиналдым деп төзбеуге тағы болмайды. Елдігіміз арта берсін. Үкімет қамқорлық жасаймыз деп жатыр ғой, амалын жасар.
Мен Степногорск қаласында тұрамын. Өзбекстанның Тамды ауданынан келдік. Оралмандарға жағдай жасалған. Әлі де көп нәрсе жасау керек. Сол үшін Президент пенҮкімет жағдайды жақсарта түссе деген ой бар. Елді талай бауырларымыз қалды. Оларды көшіріп келу керек. Сол үшін үй берсін, ақша берсін. Өзбектер барын сыпырып алып қалатын болған. қазақ қаңғырып далада қалмасын.
Елдігіміз жақсарсын. Назарбаев Нұрсұлтан ағамыз қазақтарға кең құшақ ашқан, ол негізсіз емес. Алла жар болсын бізге!

Авторы Жауап
Полатбек Жанбаев
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
02-10-14 13:29
ӨГІЗТАУЫМ

Кім білген Өгіз жайлы жыр құрарын,
Сағынып сонда да ұлың жүр құмағын.
Таулардан басталатын аппақ шапақ,
Аязын қаңтарлардың сындыратын.

Кім білген Өгіз деген таудың барын,
Сол тау деп шабытымның саудым бәрін.
Тоқтытау, Керегетау қатар жатқан,
Мен сонау тасты өңірдің аулынанмын.

Кім-кімдер қадіріңе жете белген,
Мен болсам жырдың ердім жетегінен.
Құт қонған шаңырағым таудың ұлық,
Тап осы етегінде көтерілген,

Тау болдың жырдан өлең жаттаттырған,
Қойтасын сары аязға қақпақ қылған.
Кең дала, ақ шағылды қарауылдап,
Өгізтау қызылқұмды бақылап тұрған.

Полатбек ЖАНБАЕВ, 8-702-46-87-133

Полатбек Жанбаев
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
24-09-14 14:07
ҒАШЫҚТЫҢ МОНОЛОГЫ

Өзіңмен серуендер ем бал айында,
Ақ қырау қонғанымен самайыма.
Жанымның жапырағын жаяр едім,
Сен келсең аңыз болып маңайыма.

Қайтемін жаным сен деп жылап жатса,
Келіп кет тым болмаса бұлақ жаққа.
Ұшқынын көңілімнің тұтатар ем,
Екеуміз бірге болсақ жұмақ-бақта.

Өсектеп жүрсе де жұрт құлақ түріп,
Шаршадым сенен жаным жырақ жүріп.
Айғағы махаббаттың сүйген жүрек
Біздерді кетпесе екен лақтырып.

Қалайша тәрк етеді мені бақыт,
Төзімнің қалды өзімде көні қатып.
Айылын жия алмаймын қанағаттың,
Тұрғанда жанжүрегім сені ұнатып.

Полатбек ЖАНБАЕВ. 8-702-46-87-133
Полатбек Жанбаев
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
14-09-14 14:51
АУЫЛҒА БАРСАҢ...

Ауылға барсаң күзінде елдің таң нұрлы,
Ашып бір қайтар едің-ау, досым, жан нұрды.
Сексеуіл біткен қарсы алып сені әндетер,
Дейсің-ау сонан кең далам менің жаңғырды.

Тамдыға барсаң қарсы алар Ақтау биіктен,
Аруын осы аймақтың достым сүйіп пе ең?
Қарсы алар сені жастығың қалған бұрынғы,
Жаныңның жайсаң сағыныштарын иіткен.

Тамдыға барсаң қызылқұм сені жақтырар,
Даласы тұнған симфония әнін қақтырар.
Түйесі боздап сағына сені айналса,
Көкпары беріп туыстар бәйге шаптырар.

Сен барсаң егер Тауелі деген алапқа,
Қосыла кеткін қарап тұрмай-ақ санатқа.
Кенимех әлде Зарафшан болсын бәрібір,
Сүйе бер бәрін таңырқауына қаратпа.

Үшқұдық барсаң онан да бетер арқалан,
Қағады достар, құрбылар келіп арқадан.
Келмей кеткенің өзіңе ұят әкеліп,
Кешірер сонда төбеден қарап Жаратқан.

Құмдарға барсаң сексеуілдерді құшақта,
Қызықпа мінсем екен деп сонан ұшаққа.
Түйеге мінсең бәрінен зоры сол болып,
Көңілді шалқар босатып жібер, тұсатпа.

Тауларға барсаң табаның тайып құлама,
Жусанын құш та Ақтауға табын ұлы ана.
Раңын жұлма, қойларын қайыр өрістен,
Жастықты аңсап демеймін тағы жылама.

Полатбек ЖАНБАЕВ

Полатбек ЖАНБАЕВ
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
10-06-14 15:35
Азаматтарды ұмытпа

Адам өмірі керуен сияқты. Біреу жолға шықсы, енді біреу сол жолдан шығып қалып жатады. Атажұртқа Тауелібайдан келіп едік, жағдайымыз енді жақсарып жатыр. талай азаматтар тағдырдың жазуымен о дүниеге аттанып кетті. Бұл өмірдің заңы. бірақ өмірден өткен азаматтарды ұмытуға бролмайды. Бұл жалғанда сыйласқан адамдарды жүректе сақтайық, бауырлар. Жуырда Керіз елді мекенінің тумасы Нысанов Әбдір Нәсірұлы дүниеден өтті. Өзі сондай ақкөңіл жан болатын. теміртау қаласында тұрып келді. Тауелібайдың көп адамдарымен свйласты. Ол өзі қысқа әзіл өлеңдер де шығатарын.
Әбдір Нәсірұлы Керізбұлақта, яғни Дәуіт атамыздың ауылында өсті. Шаруада еңбек етті. Ферма басқарды. Абыройы да жақсы болатын. Жүрегі тоқтап, бір құдажолыда, яғни Алланың ақ жолында жүріп мәңгілік дүниеге аттанып кетті. жаны жәннатта болсын!
Нәсір ағамыздың зайыбы Роза Алданқызы болатын. Келін алып, қыз ұзатты. Арты жаман емес, шүкір дейміз.

Кім қалады жалғанда,
Бара жер бақи бәріне.
Жалған өмірге алданба,
Сыйлас жұртпен әлі де.

Әбекең сондай мырза еді,
Жаны жазғ көктем гүлдеген.
Өмірге мына ырза еді,
Жамандықты білмеген.

Жаны болсын пейіште,
Алладан соны тілейміз.
Өнеге болды кейінге,
Ағаны ойлап жүдейміз.

Алдынан ием жарылқап,
Қиындық қалсын ылайым.
Аллаға құлы бағынбақ,
Жеңілдік жазсын Құдайым!

Полатбек Жанбаев

Полатбек ЖАНБАЕВ
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
30-05-14 14:41
ТАМДЫҒА КЕЛ

Тамдыға кел, болмас бұлт көкте бір,
Есесіне орманы бар сексеуіл.
Құм мен тастан жаратылған шөлейтім,
Таңырқама бар ырзығын төксе бір.

Тамдыға кел, жылқы өрген тебіні,
Осында бар ішер шұбат тегіні.
Төрт түлігі түгел өрген далам бай,
Арудың да қатар жүрген бегімі.

Алтынға бай қазыналы айлағы,
Ойнақтайды келесінде тайлағы.
Бар тамаша Тамды деген құт елде,
Жастың мұнда сауығы мен сайраны.

Ақтауы тұр тасты ару қып жасатқан,
Өзіме іңкәр бала жастан осы ақ таң.
Тілі таза өткізгендей сүзгіден,
Басқа ұлт жоқ өзіміздің қазақтан


ШӘМШІ КЕЛГЕН ТАМДЫ

Қалдаяқов Шәмші келген Тамдыда,
Ән шырқамау ұят сірә жандыра.
Шөл даланың астанасы сияқты,
Дархан дала қадымнан-ақ паң мына.

Бара қалсаң Тамды жаққа сағына,
Табанды бас ақ құмдардың табына.
Тұлпарынан босамаған белдеуі,
Әнші-ақыннан кенде емес тағы да.

Құт қонады шашбауың мен шашаңа,
Алдан талай қоян, киік қаша ма.
Қарайламай Ақтау жаққа көз таста,
Шәмші келген нағыз Тамды осы ара.

Қызылқұмда көздің қызыл құрты тұр,
Құт даламды кезіп әлі жүр Қыдыр.
Түні бойы көзді ірің шалғанша,
Жыр жазатын Өмірзақтың жұрты бұл.


АУЫЛҒА КЕЛ

Ауылға кел, шөлде барлық мол қызық,
Келсең бақыт қонар, аға, жол түсіп.
Қой қоздады, інгендерім боталап,
Әкем бидай егіп шықты алты пұт.

Ауылға кел, белдеуде тұр тұлпарым,
Тұлпар дайын болса қой дер ұлға кім?
Қой қайыршы, келе түйем боздап жүр,
Қосылып бір келді олармен жырлағым.

Іңірде тұр, көзегі ірің жуылар,
Мұнда ауылда қазақылық буы бар.
Жүн түтеміз, киіз басып, сонан соң,
Айлы түнде кешкі ауылдың шуы бар.

Шаң тұрғызар дейсің кімдер шашаға,
Осында ғой жеңге аттаған босаға.
Сен де келсең, бір қыз тауып береміз,
Бар береке тұнған аймақ осы ара.

Полатбек ЖАНБАЕВ
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
04-04-14 09:32
ЖЫРЫҚҚҰДЫҚ
Жастығым өткен аймақ Жырыққұдық,
Ол жерде болсаң, бауырым, қызықты күт.
Адамы мекенімнің кең пейілді,
Болмайды жастарында бұзықшылық.

Аруы айдан сұлу, көз байлаған,
Қарауға тура тіптен төзбейді адам.
Жігіті тауды жығар алпамсадай,
Көтеріп көкпарыны нар байлаған.

Жырықта жаны жайсаң қарттарым бар,
Кие бар адамдардың аттарында әр.
Әжейлер сені таныр әудем жерден,
Сыры мол ауылымның ақтарылар.

Құмына жалаңаяқ барсаң егер,
Иттері алдан шығып арсаң етер.
Таинды өзіміз деп пейіліңнен,
Көңілді әрбір үйде дархан етер.

Тау да жоқ ол алқапта, ылғи құмақ,
Күлімдеп шәй ұсынып қыздар тұрат.
Ақылы көркіне сай аруларым,
Ойнақы мінезі жоқ, ұстамдырақ.

Ізетті жеңгейлерім Жырығымда,
Жағымды мінезі бар қылығында.
Ағамның екі етпейді айтқан сөзін,
Шолпы бар әжем өрген бұрымында.

Сен барсаң Жырыққұдық алабына,
Бата бер бесбармақты табағына.
Бас бермей қайтармайды онда бауырым,
Қондырмас кірбің деген қабағыңа.

Жырықта түйе де көп, кие де көп,
Кім айтар иықтан кеп сүйеме деп?
Желейді әруақтар алдан талай,
Пайдасы тағдырыңа тие ме деп.

Сол Жырық жырақ жатыр сағындырып,
Уақыт дегеніне бағындырып.
Сәлем айт бара қалсаң, бауырларға,
Тілекті менен барға қабыл қылып.

4 сәуір 2014 жыл, Степногорск қаласы. Полатбек ЖАНБАЕВ
Полатбек Жанбаев
Zhanbaev_polatbek@mail.ru
10-02-14 19:41
Ауылды жүрмін сағынып,
Уақытқа деген бағынып.
Тамдының тасы киелі,
Не етем оны жасырып.

Ауасы еді жағымды,
Ашатын менің бағымды.
Шұбаты қандай дәмді еді,
Бір балаң сені сағынды.

Шағылдар еді жұмсағым,
Жазында қалқып мың сағым.
Алаңсыз ойын қуушы ем,
Келіп тұр бүгін жырлағым.

Тамдыда қалды бал шағым,
Не күтер мені алдағым.
Алыстап кетіп барамын,
Сағыныш толы жан-жағым.

Достарым менен құрбылар,
Достықтың сондай құнты бар.
Армансыз адам болмайды,
Замандас деген сыншы бар.

Сағындым сені таңдарым,
Өзіңсіз ұйқым қанбасын.
Тамдыға барсам шіркін-ай,
Өзіне арнап ән басын!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов