Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Нағыз қазақтың оралмандар туралы пікірі


Авторы Xабарлама
Естеми қаған
makavelirk@gmail.com
03-04-14 19:57
Ассалаумағалейкум қазақ бауырлар! Менің осы тақырыпты қозғауым қазақ халқының ажырамас бір бөлігі болып табылатын оралман бауырларымыздың елге оралуымен байланысты. Қазақ бауырларымыз елге келгенде көп зарлайды, мысалы «бізге жағдай жасалмай жатыр, бізді оралман деп атайды», т.б.
Бұны талқыламас бұрын, ең басында кейбір маңызды нәрселерді айқындай кеткен жөн, оралмандарға қатынасы бойынша еліміздің халқы екіге бөлінеді. Біріншісі оралмандарды жақтыратындар, олар сол баяғы қазақтар, қазақша сөйлейтін және бойында қазақ рухы бар. Екінші категорияда, оралмандарды жақтыртпайтындар, орыстар және шалақазақтар. Әрине олар жақтыртпайды, олардың басты мақсаты қазақ тілін дамытпау, қазақ халқының тым күшеюіне жол бермеу. Оралмандарға осы екінші категорияға мүлдем назар аударып қажет жоқ! Оларға мүлдем қарамай ақ та қойыңыздар, өз істеріңізді жасап, алға қозғала беріңіздер. Сіздердің ата бабаларыңыз елден қашқан жоқ, сіздер ешқандай да сатқын емессіздер, сол баяғы қазір шет елдерге кетіп қалған қазағымның жерлерін мекендеген қазақтардың тұқымысыздар немесе аштықтан және кеңес үкіметінің қудалауларынан қашқан қазақ бауырларымыздың ұрпақтарысыздар, бұдан ұялатын ештеңкесі жоқ. Бірақ қазір, біз, қазақ елі, ол жерлерді қайтара алмаймыз, жақын арада ол жерді қайтаратын ойымыз да жоқ, болды, соны түсінген жөн. Ол жерде жатқан қазақтарға айтарым, елге қайтыңыздар, өз ұрпақтарыңыз үшін. Ешқандай құпия емес, әрбір ел өз саясатын жүргізеді, ол жерлердің мемлекеттері біртіндеп қазақ тілін қысып, қазақ мектептерін жауып, сіздерге мәңгүрттендіру саясатын жүргізетіні даусыз. Ұлдарыңды мәңгүрт қылып, қыздарыңды қатын қылу олардың мақсаттары. Және біз бұған әзірше ештеңке істей алмаймыз. Сіздер қазақ еліне керексіздер, бізге қазақтар ауадай қажет, осындай алып жерді ұстау болашақта мүлдем оңай болмайды.
«Бізге жағдай жасалмай жатыр»
Қазақстанда жұмыс табылады, жұмыс бұл жерде көп, тек талпынып әрекет жасау керек. Ұлан байтақ жеріміз бар, ішіндегі байлықтары бәріне жетеді. Ешкім сіздерге айтып тұрған жоқ, бәрі оңай болады, бұл жерге келіп еш жұмыс істемей бәрі оңай келе қалады деп. Қиын болады, аянбай еңбек ету керек болады, тіпті кейбір мақұрым қазақ шенеуніктердің жасаған иттігіне де тап болуға тура келеді. Бірақ түбінде ол еңбектің бәрі ақталады. Қазақ елін мықты, денді мемлекетке айналдырғын кезде, артқа қарап өз еңбектеріңіздің зая кетпегенін түсінерсіздер. Ештеңе еңбексіз келмейді, еңбексіз, қиындықсыз адам нағыз бақыттың не екенін де түсінбейді, соны түсінген жөн. Дүние жүзінің барлық мықты мемлекеттері сол жағдайларына орасан зор еңбектің арқасында ғана жетті. Ал үкімет сіздердің әке шешелеріңіз емес, оған қол қусырып қарап отырған дұрыс болмайды. «Мемлекет маған не істеді, еш жағдай жасамады!», ал мемлекетке сіздер не істедіңіздер? Мемлекет сіздерге бірдеме қарыз ба? Неге сіздер сол қазақ мемлекеті үшін бірдеме жасамайсыздар! Әрбір қазақ талпынып әрекет жасау керек, ештеңеге қарамай, әрбіреу өз жұмысын жақсы жасаса, экономика зымырап тез дамиды. Егер бөтен елде қалып қойсаңыздар, өз обалдарыңыз өзіңізге, кейін ұрпақтарыңыз мәңгүрттеніп, өздерінің кім екенін ұмытады, бұны ата бабаларымыздың аруақтары сіздерге ешқашан кешірмейді.
«Бізді оралман деп атайды»
Атаса атасын, сонда не болыпты? Ұнамаса бетіне айтыңыз. Егер бетіңізге тағы жағымсыз бірдеңелерді айтып тұрса, қыңсылаудың не көмегі бар? Сол жерде реттеп тастаңыз. Қазағым батыр халықпын деп мақтанады, иә бабаларымыз батыр болған, оған тарих дәлел, ал қазіргі қазақ шынын айту керек еш батыр емес, қорқақ қоян мен түлкілер басым. Бұл жерде тұруға сіздердің толық хақыларыңыз ғана емес, бұл жерге, қазақ жеріне келіп тұрақтау сіздердің міндеттеріңіз. Қазақ жері, сенің де жерің, яғни сол жерде өзің қожайын сияқты жүр! Қыңсылай бермей, анау былай айтты, мынау былай сөйледі деп жігіттердің күлкісін келтіре бермей. Әрине оралмандарға күледі, сүмірейіп шағымданғаннан басқа ештеңке істемесе. Өз ісіңді жаса, бала шағаңды асыра, көп балалы жанұя құр, өзіңдің дәлелде, намысыңды қорға, не істесеңде қазағымның даласында нағыз ер жігіттей өз басыңды тік ұстап жүр, сол кезде ешкім ештеңе демейді. Егер сен осы жерде мықты отбасы құрсаң, сен тек өзіңе ғана емес, қазақ еліне де үлкен жақсылық жасадың деген сөз. Бұл жердегі кешкен қиындықтарыңыз біздің бабаларымыз өткен қиындықтардың мыңнан бір бөлігіне де татымайды, сол үшін қорықпай, алға бас, қазақстанға бағытты бұр да, жеңіңді түріп, өз істеріңді бітіруге кіріс.


Авторы Жауап
Ергали
07-12-14 08:11
Оттама оттама куйеуинди соттама деген екен Айнур мен Кымбатка аталары. Оз аталарынды жазгырып не таптындар алтынба кумиспа? тапсандар болисиндер егер потриот ҚАЗАҚ болсандар окэйма?
нұржанат
оспанов нуржанат
13-10-14 19:26
Біз несіне мақтанайық қазақпыз деп,
біз несіне мақтанайық азатпыз деп,
бөлініп кетіп жатқан ойың төмен,
шайттаның етегінде тозақты іздеп!
ассалаумағалейкум айналайын қазақтар осындай кері тартпа ойларды қойайықшы, бәріміз бүгін өзіміздікін жөн көреміз, шындығында біз бұндай болмашы ойлардан арылып керісінше болошаққа мықты қадам тастап, ертеңге не істеу керек қайткенде, тариқта болған қатешіліктерден мысал алып ертеңгі күнді біздің ұрпағымыз осы елде бейбіт молшылықта өмір сүріуі үшін, қазақстанның беделді мемілекеттер қатарында алдыңғы орында тұруы үшін ой таластырғанымыз дұрыс. Өткен оралмайды тарих арқада қалыуға міндетті.
бірлігің бүтіндігің керек маған,
алладан еліме бақ тілеп қалам,
білімің арта берсін таудай биік,
болашаққа жасайық тіреп қадам.
Барша Отан
barshagul_kartbaeva@mail.ru
25-09-14 17:44
иа, сендердики дурыс, Казах ел урпактары, 1928-1938 жылдары кездеги окигалардай - бир -биринин козин курту, ирилер мен каймактарын жою кези кайтып келсе,.оларды айтып айтпай немене..... ит уреди, керуен кошеди, мен урип ауре болмайын---- кош сау болындар, болар елдин балалары, батырлары,
кымбат
salimgereeva93@mail.ru
24-09-14 12:45
Барша Отан ренжимесиз бирак Айнуранын айтканы урас ж\е урас болып калады кины кыстау жагдай болса коремиз дейсиз бе? кудай баска бермеси бирдене болса,алдымен сиздер оралмандар кашасыздар кел жагынызга сондыктан отирик колгерсип кереги жок, себе би биз секилди отан деген тусиник сиздер де жок ж\е болмайды
Барша Отан
barshagul_kartbaeva@mail.ru
04-07-14 20:34
Обама мырзанын да ата-бабалары кул болган уакытында, ал сол урпак сауаты жок 150 жыл бурынгы кул ата баба урпагы бугин бир елди баскарып отыр-- сол оралман деп озинен томен коретин кашып кеткендер, узбектер ,монгол, жтб кай елден келсе сол ел ултымен атайтын--тек оралмандар оларга КАЗАХ емес дейтиндер уакыт оте сол оралман урпактары елинди коргайды ,баскарады ари жаксылыкка умтылтырады-- десее сенесин бе,, менин балаларыма айтамын: мени оралман десе окпелемеймин, окиметтин солай десе не шара, конемин --ал мени казахты Озбекстаннан кошип келгеним ушын узбечка дегени канымды кайнатады- МЕН АЛИ ОЗИМНИН НАГЫЗ КАЗАХ ЕКЕНИМДИ ДАЛЕЛДЕЙТИН УАЫТ КЕЛЕДИ--КИЫН КЫСТАУ КЕЗЕНДЕ БИЛИНЕДИ КИМНИН КИМ ЕКЕНИ
Барша Отан
barshagul_kartbaeva@mail.ru
04-07-14 19:39
кашып кеткендери отрик емес кой,100 жерден баурларымыз деседе олар кезинде елин журтын тастап кашкан ол шындык-деген Айнурга жауап мынандай: \" Егер сиздин урпактарынызды, озиниз бен ата-ананынызды- тукымынызды тукым курт кылатынын билсениз не истер единиз, А, 1924-1932-1938 жылдардагы тарихтагы Казахстан жагдайына назар салсыныз( ол кезде байлардын, молдалардын,кенес окиметине карсы шыккандарды елден куган,соттаган,жер аударган-(Орал: Бiздер негiзi Қарақалпақстанға қашып кеткенбiз.-емес сендерди кетуге сол кездеги саясат пен уакыт мажбур етти---) )-, сиздин де омиринизде али турли жагдай болуы мумкин---мысалы баланыз аллергия болса бул жер ауасы жакпайды ыстык алде суык жерге коныс аудар десе даригерлер--туйиншигинди туйесиз де кете бересиз-----Ал егер менин омиримде 1924-1938 жж окигалар болса мен де бала-шаганы сактау--урпактарымды коргау ушын кет деп жатса мен де кетемин,аман болсам ораламын Отанга деп-----mmm-- жарайсын деп жазыпсын--сол уакытта сен болсан сен де кашып кетер един ттт--алде оз бала-шаганды олсе олсин деп кала бересин бе-----иа барлык казактарды олар-кенес окимети кудаламаган---тек кенес окиметине карсы шыккандарды кудалаган---иили фамилияны озгерт деген--менин ата-бабаларым оз фамилиясын сактау ушын оз бала-шагасын асырап калу ушын Казахстаннан уакытша кеткен---уакытша кери шегинген---жане дурыс истеген
sol bayagy Патриот
него бауырым, озiндi шаршатпаш
06-05-14 21:54
ай,ай,ай, бекер надан халык димеген екен казахтарды (пiкiр жазгандарда оздери азак надандар) оз кандастарымызды саткын деп, несине озге ултты басымызга шыгарамыз.ай ол аз дай ойбай ана орыс молодец казахша сойлейдi деп аузымы3ды ашамыз келп. Осылай жалгаса берсе немиз калады. Озге ел болашагы жок елдер катарына косп койыпты бiздi. ия,шыны керек басында менде ойлайтынмын саткындар деп оларды. Бирак козм жеттi оларды 1000 жеринен сондай деп ойласак та олар бизден 1000 есе артык екенине. Адами, рухани байлыгы мол. Не де болса ар казахты бауырым деп,кандасым деп мейлi кайда журседе дайынмын мен кушагымды ашып карсы алуга. Жакында бир жаналык естидим кандастарымызды кайтадан елге шакыртпакшы екен. Шыгыс пен солтустикке жиберу керек казахтардын алiде болса каймаг ы бузылмаганын корсин оракандар мен баскалары
Орал
27-04-14 05:59
Бiздер негiзi Қарақалпақстанға қашып кеткенбiз.
Айнур
777nur@mail.ru
25-04-14 20:25
кашып кеткендери отрик емес кой,100 жерден баурларымыз деседе олар кезинде елин журтын тастап кашкан ол шындык
mmm
11-04-14 15:50
jaraysyn!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов