Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Тауелібай


Авторы Xабарлама
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
23-04-14 00:49
Тауелібай

Авторы Жауап
Қали
09-11-15 20:49
«1989 жылдың 20-21 қазанында тұңғыш құрылтайда Республикалық “Қазақ тілі” қоғамы құрылды. Осы құрылтай өтісімен-ақ “Қазақ тілі” қоғамының президентінің атына шетелдегі қазақ диаспораларының арасынан тұңғыш болып Тамды ауданының қазақтарынан хат келді.
“Қазақ тілі” қоғамының президенті академик Ә.Т.ҚАЙДАРОВҚА
Құрметті президент!
Өткен айда қазақ тілін және Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың тілдерін дамытуға жәрдемдесуге тиісті қоғамның құрылтай съезінің материалдарын басқа республикада тұрсақ та қалдырмай оқып жүрміз.
Қоғамның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – жеткіншек ұрпақты ұлт тілдерінде оқытудың кешенді жүйесін жасау екенін білдік. Мәлім болып отырғанындай, алғашында қоғамды “Ана тілі” деп атау ұсынылған болатын. Құрылтай жиналысында көпшілік дауыспен қоғам “Қазақ тілі” деп аталыпты. Оның өзге міндеттерінің арасында республикадан тысқары жерлерде тұратын қазақтардың өзіндік ерекшелігін сақтау міндетінің көрсетілуі бізді, Өзбекстанға қарасты Бұхара облысының Тамды ауданында тұратын қазақтарды да шексіз қуанышқа бөледі.
Ауданымыздағы барлық мектептер Қазақ КСР жоспары және программасымен жүргізіледі. Біз ана тіліміз – қазақ тілі мен қазақ әдебиетін үйренуді өзіміздің қасиетті міндетіміз, абзал борышымыз деп білеміз.
Біз Қазақстанда ұйымдасқан “Қазақ тілі” қоғамына мүше болғымыз, “Қазақ тілі” қоғамының бөлімшесін ұйымдастырғымыз келеді. Біздің облыста бір ғана Тамды ауданы емес, қазақтар жасайтын Канимех және Үшқұдық аудандары бар. Осы үш ауданнан біріктіріліп “Қазақ тілі” қоғамының бөлімшесін ұйымдастыру керек пе, әлде әр аудан өзінше ұйымдастыруы керек пе, бізге жол-жорық керек болып тұр. Сонымен бірге, егер “Қазақ тілі” қоғамының бөлімшесі ұйымдасқан күнде ол нелерді істеуі тиіс, қандай міндеттерді атқару керек, осыларды бізге жаздыртып жіберуді өтінер едік. Сондай-ақ, “Қазақ тілі” қоғамының ереже, уставын алсақ өте орынды болар еді.
Біздің адресіміз: Өзбек ССР, Бұхара облысы, Тамды ауданы. Микроаудан үй №2.
Біз төменде өзімізді Қазақстанда ұйымдасқан “Қазақ тілі” қоғамының Тамды бөлімшесінің алғашқы мүшелері деп есептеп қол қоямыз”.
«Егемен Қазақстан», №90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ»

Ұлтын, ана тілін ардақтайтын жерлестерім үшін әлі күнге дейін кеудемді мақтаныш кернейді. Бұл да бір Тауелібай тарихына қосылатын тарихи оқиға. Осы хатты кімдер жазды екен? Білгім келеді...
Қали
09-11-15 20:21
«ТАУ БАССА ДА ҮСТІМНЕН, ТЕК ЖҮРЕКТІ СӨЙЛЕТТІМ…»
(Ақын Өмірзақ Қожамұратұлының поэзиясындағы реализм мен романтизм және пәлсапалық толғамдар жайлы)

…Күн сайын керуен жүгін алмастырып,
Тұрады бес мұхитты жалғастырып.
Жүрегім дүниенің қақ төрінен,
Сөйлейді ақ жарыла малдас құрып… Осылайша жырлаған ақын Өмірзақ Қожа­мұратұлы жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен, айтатынымыз – ақынның өмірге деген құштарлығы, өлеңге деген ғашықтығы, келер күнге деген сенімі, үміті. «Ақын өмірін шығамашылығынан бөліп қарастыруға бол­майды» дейтін болсақ, «Өлең бар жерде, ей, өмір, ешқашан сенен безбеймін», – дейтін Өмірзақтың өлеңдерінен біз соны аңғарамыз. Ақынды талаптандырушы да, қанаттандырушы да сол құштарлық, сол сенім:
«…Желдіртіп мені келеді,
Жеткізбей жүрген құштарлық», – деп толғайды ақын.
Немесе:
«…Біте де бермес іс барлық,
Үмітім жалғыз бар ізгі.
Жеткізбей жүрген құштарлық,
Дертіме дауа тәрізді», – дейді.
Енді бірде:
«…Шарқ ұрдым қиял көгінде,
Алтын боп кетті мыс барлық.
Кеудемді тынбай тебуде,
Жеткізбей жүрген құштарлық», – дейтіні бар.
Бізге дейін де әдеби ортадан жырақта, сонау Өзбек елінде, қазіргі Науаи облысының Тамды ауданында ғұмыр кешіп, енді толып-толысқан шағында «бір кеуде емес, мың кеудеге сиятын – мейірім мен ұятын» арқалап дүниеден өткен талантты ақынның өзінің де, өлеңінің де бағы ашылмай кеткені талай айтылды һәм жазылды. Ол ешкімнен атақ сұрамады, ешкімге жаутаңдамады… Тек қана Өлең жазды. Міне, былай жазды:
«…Аман-сау тұрған шақта алтын басым,
Білемін қазынамның сарқылмасын.
Үзіліп түскен сәуле жүрегімнен,
Жұртымның жүрегінде жарқылдасын…»
(«Байлықпен беттескенде»)
Өмірге құштар ақын қателеспепті, ақын жүрегіндегі жыр-сәуле қазақ жүрегінде, алаш аспанында жарқырап тұр.
Әдебиеттің өмір шындығынан туатыны белгілі. Демек, әдебиет- реализмге құралады. М.Горький сөзімен айтқанда: «адамның өзін және оның тұрмыс жағдайларын бояусыз, шындықпен суреттеу – реализм деп аталады», яғни, өмірдегі бар құбылысты жазу, жырлау. Өмірзақ ақын да, айналасында болып жатқан жайларға, табиғат құбылыстарына бей-жай қарай алмайды. Егіледі, елжірейді. Сосын, қолына қалам алады. «Қайтқан құстармен қоштасу» атты өлеңінде мынадай шумақ бар:
«…Ән салған алты ай жазда дала тынбай,
Дәуренім құспен кетіп баратыр ма-ай?!
Жапанда жалғыз жүріп, жыладым мен,
Көл-көсір көңіл жетім қалатындай…». «Өскен жерге сыймай кетіп бара жатқан, өскен жерін қимай кетіп бара жатқан» (Тұманбай ақын) құстарға ілесіп сал-дәурені, бал-дәурені кетіп бара жатқанын сезеді. «Құстар – біздің досымыз», – деп өскен әрбір қазақ ақынның жан-дүниесін, көңіл-күйін түсінсе керек-ті.
«Боз қырау түскен бозаңда,
Бозамық тұман көз жұмсаң.
Бозала таңғы азанда
Бусанып тұрды боз жусан.
Сан рет өліп, тіріліп,
Сарғайып кеткен өмір-ау,
Санаңда тұрған ілініп,
Бозторғай-күміс қоңырау!..» («Боз­торғай»), – деп келетін жолдардағы саз бен сурет ұйытып әкетеді сізді. «Жарымжан көңіл жыртығын, жырмен бүтіндеп жүретін» бозторғай құс ақынның өзі ме деп қаласыз сосын.
Өмірзақ ақынның «Жүректегі жазулар» өлеңін оқып көрелік:
«…Сырды ашып мың,
Қырға шықтым-
Сені іздеп.
Зіл басып мұң,
Сырласып түн,
Тарғылданды теңіз-көк.
Шымырлатты жан-денені,
Күздің қара суығы.
Еске салып әлденені,
Тұрды желдің уілі.
Сен сияқты күлімдейді,
Ақбұлақтың айдыны.
Мен сияқты дірілдейді,
Айдың жүзі қайғылы.
Мен сияқты күбірлейді
Қарауытқан қамысы.
Сен сияқты кідірмейді
Алабұртқан ағысы.
Мен сияқты қалшылдайды
Түнгі ызғар.
Сен сияқты жалтылдайды
Жұлдыздар.
Сенесің бе ауып тұрды
Есіл-дертім сен жаққа.
Жарық жұлдыз жауып тұрды,
Келесің бе мен жаққа?». Ақын кешкен күйді бірге кешіп тұрғандай боласыз. Дірілдейсіз, күбірлейсіз, қалшылдайсыз… Жаныңыз табиғатпен бірігіп кеткендей ме? Ал, енді, мына өлеңге назар аударалық:
«Мен сені қайнардан көрдім,
Жұлдыздар телмеңдеген.
Сарғалдақ сайлардан көрдім,
Гүл қыздар көлбеңдеген…
…Гүл теріп көк белден көрдім,
Ойнап тұрғансың, Құралай!
Жыр төгіп, көк көлден көрдім,
Жайнап тұрғансың шырадай» («Мен сені көрдім»). Тағы да сол әсер, тағы да сол көңіл-күй. «Жалғыз шырақ – өлеңім жүрегімде, кім білген, сорым ба, әлде, ырысым ба?», – дейтін Өмірзақ Қожа­мұратұлы поэзиясындағы басты қасиет- шыншылдық һәм көз алдыңыздағы дүниені сол күйінде қалпын бұзбай жүрегіңізге жеткізу.
Реализм бар жерде, романтизмнің болуы заңдылық. Ол – өмірде болсын, өлеңде болсын. Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері, әдетте, болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер молынан көрініс табады. Өмірзақ Қожамұратұлы поэзиясынан да бұндай «әсірелеулерді» көп ұшырастыруға болады. Ақын романтизмі тағы да сол құштарлық, сол сенім, сол үміт. «Құлашын дәуірлерге созған ағын» деп басталатын жырында аспани асқақ арман аңғарылады:
«… Мен қозғалсам шайтандар
тұра қашқан,
Жаңбырлатып, жай тартып
тұрады аспан.
Жен мен көкті тазартып алайын бір,
Кір басқан, кірбің басқан, күнә басқан.
…Ей, адамдар, мен сенің өз қонағың…
Маңдайыңа біткен нұр-көз боламын,
Таңдайыңа біткен жыр-сөз боламын,
Мен сендермен мәңгілік қозғаламын». Осындай асқақтықпен жырлаған ақын, шынымен де жылдармен жылжып, ХХІ ғасырға жетті. Бізге жетті. Өлеңді оқып отырып Мұқағалидың «Мен келешек ғасырдың құрдасымын», – дейтіні еске түседі. Міне, ұлылар үндестігі. «Ауа болып кетермін» өлеңінде Өмірзақ ақын жоғарыдағы ойын, арман-мұратын:
«…Әр қазақтың жүрегінде миында,
Жүремін мен гүл атып».
Немесе:
«Сейіліп көкіректе күдік деген,
Төріңе күндей шалқып күліп келем.
Жасаса жасайды адам мәңгілікке,
Ертеңге деген ұлы үмітпенен» («Үміт шоғы») және:
«…Мен жолаушы, мен де бір күн сүрінен,
Өткен күнді қайта айналып таппаспын.
Көз алдыңда көк шалғын боп тірілем,
Тас қабірді талқандамай жатпаспын», – деп айқындай түседі. Жыр тілімен ажарландыра түседі. Бұл – бір ойды қайталау емес, біздіңше, түрлендіру, өрбіту, ай­қындау. «Майданнан соң иесін әзер тапқан ордендей, ақындарға абырой оралады соңыра», – деп Жұматайдың жыр­лағанындай, «жас тілегін іліп кетіп, тас жүрегін тіліп кетіп, қазақ өңірін кезіп барып, ақын өмірін созып кеткен» – Өлең атты құдірет Өмірзақ ақынға абырой әкелді. Ол абырой – ақын үмітінің ақталғаны, жырларының жүректерде жатталғаны. Өмірзақ Қожамұратұлының жыры- үміт жыры, сенім жыры.
Бала кезімізден «Бақыт деген не?»,- десе, ойланушы едік. Сосын, «Бақыт деген сенің бала күндерің», – дейтін Мұқағали жыры ойға оралатын. Мүмкін бақыт- үміт пен сенім шығар. Өмірзақ жырларын оқып отырып мен солай түйдім. Ақын:
«Бақыт деген, шырағым,
Таң боп атып әрдайым,
Сипап қалып жатады,
Біреулердің табанын,
Біреулердің маңдайын», – дейді. Поэ­зия­ның парасатқа ұласуы заңдылық. Өмірзақ Қожамұратұлының да өлеңдерінен пәлсапалық толғамдарды жиі ұшырастыруға болады:
«Батыр ақын болмаса,
Батырлыққа мін емес.
Ақын батыр болмаса,
Көрген күні күн емес»,
сондай-ақ:
«Біле кет!
Ақылдан адасқандардың,
Ажалдан адаспайтынын.
Тақ үшін таласқандардың,
Табытқа таласпайтынын…»
(«Құлпы­тас­тағы жазулар»), – деген сияқты өмір заңдылықтарын өзінше түсіну мен түйсінуден туған шумақтар ақын қаламының қуатын арттырып тұрғаны сөзсіз.
«Я сердцем никогда не лгу», – дейді Есенин. Ал, Өмірзақ тек жүрегін сөйлетті. Үміт пен сенімге толы жүрегін. Өмірзақ Қожамұратұлының шығармашылығы жайлы мақаламызды ақынның өз өлеңімен, тағы да сенім жырымен аяқтауды жөн санадық:
«Кей-кей кезде есіріп,
Жүремін-ай ышқынып,
Қас-қағымда ғұмырым,
Бітіп тұрған сияқты.
Кей-кей кезде көсіліп,
Жатамын жай ысқырып.
Әлі мың жыл ғұмырым,
Күтіп тұрған сияқты».

ЕЛАМАН ХАСЕНҰЛЫ
Журабек
20-09-15 17:28
Маладес!
Мырзалы
14-09-15 20:39
ТАШКЕНТТЕГІ ТҰСАУКЕСЕР
(ӨЗБЕК ЕЛІНДЕГІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚ)
Төсекте басы, төскейде малы қосылған бауырлас ел Өзбекстанда бір жарым миллионнан аса қандасымыз өмір сүріп жатыр. Олар қоғамның түрлі салаларында еңбек етуде. Олар негізінен Ташкент, Науаи, Сырдария, Бұхара және Жызақ облыстарында және Қарақалпақстанда қоныстанған. 500-ге жуық қазақ мектептері, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтында, Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты мен Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінде қазақ тілі және әдебиет факультеттері бар. Өзбекстан Олий мажлисі мен министрлер кабинетінің қазақ тіліндегі басылымы – республикалық «Нұрлы жол» атты апталық газет шығып тұр. Сондай-ақ, қазақ мектептері мен жоғары оқу орнының студенттері үшін оқулық шығаратын «Асыл мұра» баспасының жемісті жұмыс жасап жатқанына да жиырма жылға жуықтады. Өзбекстан Жазушылар одағы жанында қазақ әдебиеті секциясы жұмыс істеп тұр. Онда сол елдегі қазақ қаламгерлерінің әртүрлі жанрдағы жаңа шығармалары талқыланады. Алайда, шешімін күтіп жатқан мәселелердің барлығы да жасырын емес. Сондай мәселелердің бірі қазақ тілінде әдеби-көркем кітаптарды басып шығару мәселесі. Мұндағы ел үшін Өзбекстанда да, іргелес жатқан бабажұрт Қазақстанда да осы мәселенің оңтайлы шешімін табуға арналған мемлекеттік бағдарламалар жоқ. Өзбекстан қазақтары тек қана демеушілер көмегіне жүгінуге мәжбүр. Мына алмағайып заманда демеушінің де күнде табыла бермесі айдан анық. Сондықтан да, ілуде бір жарық көретін кітаптар елдің мәдени өмірінде жаңалыққа айналады.
Жуырда Өзбекстан Жазушылар одағының қазақ секциясында осы секцияның жетекшісі, Мекембай Омаровтың құрастыруымен жарыққа шыққан «Шұғылалы елдің шабыты» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапта Рахмет Аяпбергенұлы, Мұрат Бекей, Айтуар Сабыров, Ахмет Өмірзақ, Наурызбай Жарбосынұлы, Руза Алдашева, Мекембай Омаров сынды белгілі ақындардың және жас қаламгерлердің соңғы жиырма жылға жуық уақытта «Нұрлы жолда» шыққан үздік өлеңдері топтастырылған. Бұл Өзбекстандағы қазақ әдебиетінің дамып, жетілу үстінде екенін көрсетсе керек. Кезінде осы елден шыққан Төлеген Айбергенов, Өмірзақ Қожамұратов секілді ақындардың, Жұмабай Тәшенов, Рахметолла Райымқұлов, Балтабай Әділов сияқты жазушылардың қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгерлерге айналғаны жалпы жұртқа мәлім. Ал, мына жыр жинағы солардың сара жолын жалғастырушы жастардың қалам қарымын байқатады.
Тұсаукесерде Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Рустам Мұсырман, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы көмекшісі, әдебиетші, публицист Бақтияр Хайдаров, Қазақстаннан арнайы барған жазушы Бегабат Ұзақов, жергілікті ақын Анар Нәлібаева, кітаптың демеушісі Тұрсымат Қалбаевтар т.б. сөз сөйледі.
Өзбекстандағы қазақ әдебиетінің жай-күйі сөз болып, Өзбекстан жазушылар одағының өкілдері қазақ әдебиеті секциясына «осындағы қазақ қаламгерлерінің шығармаларынан жылына бір кітап дайындап тапсыруын, оны жарыққа шығаруға жәрдем беретінін және болашақта қандастарымызды толғандырған өзге де мәселелер шешімін табатынын» айтты.
Салтанатты рәсімге қатысқан Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институттың ақын студенттері өз жырларын оқыды.

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ,
«Түркістан» газеті, 25 Қыркүйек 2014.


Мырзалы
14-09-15 20:26
АДАМДАРДЫҢ ІШІНЕН АДАМ ІЗДЕП ЖҮРМІН



Дүниеде ағалар көп, бірақ \"аға\" деп айтуға лайықтылары өте аз.
Бекжан аға! Әбден лайықты жан. Сондай аз ағалардың бірегейі.
Бекжан ағаның театрдағы актерлігі жайлы, шеберлігі мен өнерге деген адалдығы жайлы біраз жаздым. Ол менің жазушылық қабілетімнің бар екендігі немесе жағына кеп мақтағаным емес, көрермендік көңілім, алғысым деп қабылдаңыздар.
Ал, енді адамгершілігі жайлы айтайын. Біздің қазақтың мықты көрсе көреалмаушылық қабілеті дамып кетеді. Бір \"данышпанмен\" кездесе қалып әңгімелессең өзі қатарлы, араласып жүрген екінші \"данышпанды\" \"халтуршик\" деп күліп отырады. Осы кезде Бауыржан Момышұлының: \"Егер біреу саған өзге біреуді жамандаса оған сенбе, ертең сені келесі біреуге барып жамандауы мүмкін\" деген сөзі ойыңа келеді. Ал, Бекжан ағаның ең ізгі қасиеті - Ол кісі өзгені ешқашан ғайбаттамайды, керісінше мықтыны дәріптеп жүреді. Алдыңғы буын ағалары, ұстаздары Шолпан апай, Асқар Тоқпанов ағай, театр саңлақтары жайлы мақтана айтады. Өз қатарластарын да даттағанын көрмедік, үлгі етіп айтып жүреді. \"Жақсымен өткен жарты сағат, жаманмен өтіп кеткен ғұмырыңдай\" дегендей сұхбаттасқан жарты сағатыңыз босқа кетпейді. Рухани байып қаласыз.
Өткен жолғы бір кездесуде \"«Жалғыз қалғың келсе, шындықты айт» дейдi. Қазiр заманға қарай адамдар тым жағымпаз, жылпос болып барады. Бетiңе қарап күлiп алып, көзiңдi ала бере жамандайтыны бар. Қоғамдағы болсын, театрдағы болсын, осындай келеңсiздiктердi көрсем, шыдай алмаймын. Көп аталмай кеткен ақын Өмiрзақ Қожамұратовтың мынандай бiр өлең жолы есiме түсiп отыр:
«Сен бастығыңды айттың,
жағынып жалпаңдайтұғын,
Мен жастығымды айттым,
тауларды талқандайтұғын,
Бiле кет,
Ақылдан адасқандардың,
ажалдан адаспайтынын.
Тақ үшiн таласқандардың,
табытқа таласпайтынын».
Сатқындары сатылап өрлеп, жантықтары әлi де өлмеген елмiз. Бiр басшы келсе, соның қолтығына кiрiп алады да, келесi басшы келгенде оп-оңай сатып жiбередi. Осындай мiнездердi көргенде тұла-бойың түршiгедi. Қазiр байқасаңыз, құдайдан гөрi қызметi үлкендерге табыну басым, ақшаны жақсы көретiндер көп. Әрине, ақша керек емес деп айта алмаймын, бiрақ ақшаның құлына айналуға болмайды ғой. Бұл – менiң тек жақсы көрiну үшiн айтып жатқан сөзiм емес, өмiрден түйген ойым\" деді. Бекжан ағаның мына ойын тыңдап отырып өзіңіз ойлана кетесіздер. Көп айта алмай кеткен Өмірзақ ағаны Бекжан аға арқылы таныдым да, шығармашылығына үңіле кетсем керемет екен.
Өмірзақ Қожамұратов:”Батыр ақын болмаса – ақындыққа мін емес, Ақын батыр болмаса – көрген күні күн емес” дейді. Қайдам қазіргі кезде батыр ақындар некен-саяқ. Бұл кісі жайлы бөлек әңгіме, ақын шығармашылығын дәріптей білген Бекжан ағама мың алғыс.
Бекжан ағаның өз қатарластарына ұқсамайтын қасиеті қарапайымдылығы, кішіпейілділігі, тазалығы. Данасың ба, баласың ба адамдық қасиетің болса құрмет көрсете біледі. Көк жәшіктегі ақылды Ақылбай ақсақалға өмірде де айналып келе жатқан секілді. Тағы да бір кездесуде \"Мен қырық жасқа келгенше адамдардың ішінде аласы болады дегенге сенген емеспін, бәрін дос деп жүріппін. \"Еркектің ақылы қырықтан кейін кіреді\" деген рас екен\" деп еді. Шынында да солай. Жүрегінің сұлулығы, көңілінің тазалығы, досқа адалдығы, адал жандарды дос көретіні жүзінен көрініп тұрады. Бір кездесіп, әңгімелескен жан Бекжан ағаны іздері хақ. Театрдағы бір рөлін көрсеңіз, Бекжан аға ойнайтын спектакльді іздейсіз. Өмірде де солай. \"Біреуден жақсы сөз, мақтау есітсең жылағың кеп тұрады\" дейтін Бекжан ағаның сөзінен мына қоғамда адамдардың қаталданып, тасбауыр болып кеткенінмбайқайсыз. Тағы бір сөзінде \"АДАМДАРДЫҢ ІШІНЕН АДАМ ІЗДЕП ЖҮРМІН\" деген ағамыз не айтқысы келген екен. Мен секілді, \"Дүниеде адамдар көп, бірақ \"АДАМ\" деп айтатындар аз\" деген ойы шығар. Бекжан ағаның әлеміне сіздер де бір үңіліп көріңіздер.

Өмірзақ Қожамұратов:

Өмірге артар өкпем жоқ,
Ешкімге есем кеткен жоқ.
Жеткізбей жүрсе біреулер
Біреулер маған жеткен жоқ.
Мақала авторы Ақерке

Мырзалы
14-09-15 20:14
Ақынмен болған аз уақыт
(Ақын Өмірзақ Қожамұратов жайлы бір үзік сыр)

Сонау 1960-61 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Киров аудандық «Коммунистік еңбек» газетінде қызметте жүргенмін. Күнделікті аудандық газеттің жұмысы, мәдениет пен шаруашылық жөнінде мақала жазып дайындаудан қол босамайды.
Ол кезде аудандық газет аптасына үш рет шығатын-ды. Менімен қатарлас отырған журналист жігіттерден Жұбайқан Бектібаев, Нәлібек Ысқақов, Бекшүкір Каршалов және Әзізхан Артықовтар бар еді.
Сол кезде алғашқы өлеңдерім «Балдырған», «Пионер» жорналы, «Лениншіл жас» және «Социалистік Қазақстан» газеттеріне шығып жүрді. Редакцияға келген газеттерім хаттарды алдымен Әзізхан мен Бекшүкір ақтаратын.
– Шәке, міне «Лениншіл жасқа» өлеңіңіз шығыпты,-деп алдымен әкелетін.
Әлі есімде 1961 жылдың мамыр айы болатын, таңертең әдеттегідей жұмыс орнымды отырған едім:
– Шәке, сізді редактор шақырып жатыр – деп Әзізхан кабинетімен келіп кетті.
Жазу столына қаламсабымды қойдым да редакторға бардым. Есіктен сәлемдесіп енгенім сол редактор Данияр Мадияров:
-Мына кісілерді танимысың?-дегені.
Қарасам Сабырхан Асанов екен.
-О… аға келуіңізбен,-деп қол алысып, есен-саулық сұрасып, арқа-жарқа болыстық. Бір мезет Сабырқан ағамыз:
-Інім, танысып қой, мынау отырған Өмірзақ Қожамұратов. Ақын ағаның қолын ал,-деді қасындағы отырған кісіні меңзеп.
Мен атымды айтып, қолын алып сәлемдестім. Сәлден соң редактор:
-Сізді, бүгінгі бейсенбі мен ертеңгі жұмаға екі күнге Сабырхан сұрап отыр. Сенбі, жексенбі үш-төрт күн бірге болып, дүйсенбі күні жұмыста болатын бол,-деп шығарып салды.
Сабырхан Киров ауданының «Большевик» ауылының түлегі екен. Үшеуміз үйінде бір күн болып, Шардараға жол тарттық. Шардара теңізін көріп, екі күн аралап қайттық. Сабырхан аға үйіне келген соң маған естелікке «Алматым менің жас шағым» деген өлеңдер кітабын берді. Өмірзаққа да біреуін естелікке ұсынды.
Сабырхан үйінде Шардара жайлы өлең оқыды:

Алшайып атан құсап бағандар тұр,
Желісін Шардараның көтере алмай –
десе, Өмекең:
Көл бетіндегі үйректер,
Бір шөкім ұлпа мақтадай.
Тамағы көлдің бүлкілдеп,
Жұмыртқа жұтып жатқандай,-деп, әдемі лирикалық шумақтар оқыды. Ертеңіне Сабырхан ағаны Алматыға Өмекең екеуміз шығарып салып, редакцияға келдік.
Редактор айтқандай дүйсенбі күні жұмысыма бардым. Арадан бір апта өтпей кезекті демалысымды алып, Түркістанға жол тарттық.
Өмекең Түркістанды көруге көптен құмартып жүргенін жолай әңгімелеген болатын. Екеуміз Түркістанға түскен соң, Иасауи күмбезіне бардық. Түркістанды аралап, үйге қондық. Сол түні Өмірзақ өлең оқыды:

Қожа Ахмет Иассауи,
Топырағы басса күй
Пернеде ойнап тұрғандай,
Айшығында ай күліп,
Құлдардың болған Мекені.
Көз алдына адамның,
Елестетер Меккені,-деп тоқтады.
Мал сойылып, Өмекеңнің алдына бас қойылды. Дастарқанға барымызды қойып жаттық. Бір мезет Өмекең тағы да:
Ініміз Шәмші Ниязин,
Дайын болды пиязың.
Жолаушылап шаршадым,
Мүсәлла қашан құясың?-демесі бар ма? Қасымызда бірге отырған Қаныбек Сарыбаев пен Исатай Дүйсенбаев екеуі де күліп жіберді. Қаныбек ағамыз:
-Әкел енді, жүздетпесе болмас,-деп Өмекеңмен үрімке қағыстырдық. Не керек, Түркістанда екі-үш күн болып, туған жерім Сауранға Өмекеңді ертіп бардым.
Ауылдағы қадірлі ағамыз, сол кезде колхоздың партия ұйымын басқарушы Әлібек Нұржановтың үйіне қонаққа бардық. Әлібек ағамыз құшақ жая қарсы алды. Мал сойылып, дастарқан жайылып, Өмекеңе бас қойылды. Үрімкелер қағылып, танысуға әңгіме ойысты. Өмекең:
Жиделібайсын жері екен.
Қоңырат деген ел екен.
Байбөрі деген бай бопты,
Төрт түгілі сай бопты.
Бір перзентке зар бопты. –
дегендей Әлеке, Алпамыс батырдың елінен боламын деп өзін тереңдей таныстырды. Әңгіме арасында өзінің Бұхара облысындағы Жиделібайсын елінде Кенемық және Тамды ауданы барын, қазір осы екі ауданнан «Еңбек» және «Шаруа» деген қазақша газеттер шығаратынын айтып өтті де, сөмкесінен жақында Алматыда басылған «Таңғы дауыс» деген жинағын суырып, естелікке берді.
Екі-үш күн Сауранда болып, Түркістанға қайта келдік. Үйде бір күн болдық та «Қарашыққа» барып кешке дейін суға шомылып, қаладағы үйге қайта келдік.
Өмекең өлең оқыды(үзіктері есте қалыпты):
Жолдар-жолдар аяқталмайды.
Тезіне түссең сен егер,
Өмір аяп қалмайды, –
деп аз кідірістен соң тағы да:
Аялдамада қап кеттім,
Көңілді бүркеп қая мұң.
Құс ұшып кеткен бұтақтай,
Теселіп қалдым аяулым –
деп бір шумақ өлең оқыды.
Өмекең өлеңге өлең жалғап тағы да:
Қаудыр тонның ішінде,
Қауыз жарды махаббат –
деп шұбырта келіп:
Тумаған қыздың құрсағында,
Тулап жатыр болашақ
деп әдемі бір жолдарды оқығаны әлі есімде.
Ертеңгі таңғы шай үстінде Өмекең:
-Інім-ау, мені енді Қажымұқан жатқан жерге апаршы – деп қолқа салды.
Екеуміз көлікке отырып, жолға шықтық. Түс ауа Темірланға жеттік. Қажымұқан атаның жатқан жеріндегі Күмбез бейтіне келдік. Өмекең отыра кетіп, бір әдемі қоңыр дауыспен құран бағыштады.
Үш-төрт күн екеуміз Темірланда болдық. Менің демалыс уақытым бітуге жақындады. Қоштасудан соң Өмекең Темірланда қалды.
Шәмші Ниязин.
Мырзалы
14-09-15 19:49
Айладыр Өтәлиевтің Төлеген жайлы естеліктері
Төкең Сарыағашына кетті. Ол сондағы кешкі мектептің директоры. Көпке дейін хабар болмады. Бір күні Өмірзақ Қожамұратов Төкеңе барып келейік деп ұсыныс тастады. Емтихан аяқталуын күттім. Өмірзақ – Бұхараның ақыны, кітаптары шыққан, танымал. Өзі Төкеңнен бір жас үлкендігі бар. Сол 63-тің 2 маусымында Сарыағашқа келдік. Төкең қонақ қылды. Көршілерін, бір-екі мұғалімді шақырды. Мен домбырамен біраз ән салдым. Төкең мен Өмірзақ лепіріп сөйлеп отыр. Төлеген: «Өзіңнен кейінгі ақындарды жақсы танисың ғой. Қазақ поэзисының келешегі кімде? – деп сұрады. Өмірзақ: «Қазақ поэзисының келешегі – Тұрсынзада Есімжановта» деді. Төлеген шап ете қалды: «Ол емес.Оның өлеңдерінің бәрі – лозунг. «Жаса, партиядан» басқаны білмейді. Маяковский болғысы келеді. Маяковскийдің үш қайнаса сорпасы қосылмайды қазаққа!». Төлегеннің тілі ащы еді. Содан Өмірзақ кетті. «Сеніңше, қазақ поэзиясының жарық жұлдызы кім?». Төкең: «Мұхтар Шаханов!» – деді. «Анау, тракторшы комбайнер ме? Сол комбайн айдаумен қалады ол…». «Сен мынаны біл! Оның газетке шыққан өлеңдерін оқы! Ой бар, ұйқас бар, поэзия дерті бар», – дейді Төкең де ерегісіп. Бір кезде: «Онда мен кеттім» деп, Өмірзақ жинала бастады. Түнгі сағат бір. Автобус жоқ. Айтқанынан қайтпайтын еді Өмірзақ. Шығып кетті. 10 минутт өтті, 20 минут өтті. Жоқ. Мазасыдана бастадық. Шыдай алмай, Төлеген екеуіміз киініп, көшеге шықтық. Аялдамаға барып, Сарыағашты күңіретіп «Өмірзақ! Өмірзақ!» деп айқай салдық. Жоқ. Екі сағат сабылып таба алмаған соң, қайттық. Таңертеңгісін қора жақтан Үрниса ойбайды салып жүгіріп келеді: «Жын-пері!» Жүгіре шықтық. Барсақ, Өмірзақ! Үсті-басы тұтастай ақ мамық. Жылтыраған екі көзі ғана. Сөйтсе, түнде бізден жасырынам деп, тауық қораға кіріп кеткен. Біз Өмірзақты іздеп жүргенімізде, ол байқатпастан үйге кіріп, стол үстіндегі екі шиша арақтың біреуін қойнына жасырып, тауық қораға қайта жасырынған. Бір рөмкесін қағып салғасын, арақ буынына түсіп, ұйықтап қалса керек. Таңертең мең-зең болып, сыртқа шыққан беті. Сиыр саууға шыққан Үрнисаны сөйтіп шошытқан. Өмірзақтың есін жиғызып, сол күні Ташкентке жүріп кеттік.
«Өмірзақ қашты кетем деп,
Айладыр қуды жетем деп.
Айласы асқан ақыным
Тауық қораны алған мекендеп, – деп Төлеген табан астынан өлең шығарып еді, Өмірзақ іліп алып: «Сынап едім сендерді, Мені іздер ме екен деп», – деп жауап қайтарды. Төлеген шек-сілесі қатып күлді. Ол күлсе, шын күлетін. Жыласа, шын жылайтын. Өтірігі жоқ шынай жан еді. Адамның тазасы еді.
Баян Сембина
Мырзалы
14-09-15 19:27
БОЛАТПЫН ҒОЙ ҚАЙРАЛМАҒАН...
Қалың оқырманмен о баста құшақ жайып бауырласып, сыршыл-сезiм, әуездi, әсем ырғақтары, ажарлы айшық-суреттерiмен әдебиет сүйер қауымды талантына табындырған Өмiрзақ Қожамұратовты талай ақындарымыз өзiне үлгi тұтқан едi. 1936 жылы Өзбекстанның Бұқара облысындағы Тамды ауданында туып-өскен ақынның тағдыры да соқтықпалы-соқпақсыз болды. Небары 47 жасында өмiрден озған ақынның соңында өлмес мұрасы – өмiршең өлең-жырлары қалды.
"Елемейдi... қайран қалам,
Жанарымның жалтылдарын.
Болатпын ғой қайралмаған,
Мен де бiр күн жарқылдармын", – деп жазған өрт мiнездi ақынның бiр топ өлеңдерiн оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырмыз.


ӨЗЕН

Күн көзiнен көктем алға жол сызып,
Мұз бұйдасын бiр-бiрiне тiркедi.
Шоңғал көрсе мұрындығын шорт үзiп,
Тайлақ-толқын тайраңдайды, үркедi.

Табиғаттың жәрмеңкесiн базарлап,
Келедi өзен керуенi ағылып.
Құба жонды, бау-бақшаны ажарлап,
Кiрдi ауылға мың шырақ боп жағылып.


АЛМАТЫ КҮЗI

Төркiндеп тосын келген күз көрiктi,
Кигiздi Алатауға мұз бөрiктi.
Төгiлген жапырағы күмiс-қайың,
Дiрiлдеп аянышты жүз берiптi.

Құбылған күнiне мың алабұртып,
Ақ қылаң аспан тұрды сараң бүркiп.
Тидi ме бүйiрiне жел ескегi,
Ала бұлт үдерiле барады үркiп.


КҮЗДЕ

Боз тұман сайда көлбеп мамырлаған,
Ғажап-ау, көркiн күздiң таң ұрлаған.
Бойынан ыстық буы бұрқырайды,
Иленiп жас жаңбырға қамыр-далам.

Долы өзен арнасында булыға ағып,
Көк мұзды кидi шың-құз дулыға ғып.
Көгiмде керiп күйдiң көп нотасын,
Көлiмен қоштасты құс шулыған ғып.


ЖАҢБЫРДАН СОҢ

Өкпек жел суыт жүрiсi,
Қорғасын бұлтты айдаған.
Күмбiрлеп аспан күбiсi,
Найзағай пiспек ойнаған.

Шатырды қайтем қорғалап,
Нөсермен ойнап өсiп ем.
Мөп-мөлдiр тамшы сорғалап,
Құйылды бұлттың төсiнен.

Аспанның төсi ашылып,
Жасанды дала, күн күлiп.
Моншағын үзiп тал шыбық,
Торғайлар алды сiлкiнiп.


КӨЛ СУРЕТI

Жас орман жағалауда жайқалады,
Қымыз – көл, шарасында шайқалады.
Жарысып толқынмен бiр күмiс сәуле,
Қалқиды су бетiнде ай табағы.

Айдынға бурыл толқын салады ирек,
Қамысқа сүңгiдi әне балалы үйрек.
Жағадан көру үшiн көл суретiн
Қос ескек көк толқынды барады илеп!


ШАБЫТҚА
Бұлтты күнi көк тербелiп,
Найзағайдай шатырла!
Жай күндерi кептер болып,
Қона бер көп шатырға!

Жұлынған тал жапырағын,
Қан мен терден тiгiп бер!
Туған Отан топырағын,
Жүрек болып жүрiп көр!

Әйтеуiр сен тiрлiгiмдi,
Әрқашанда күйкi етпе?!
Жеткiзбесең сыр, мұңымды,
Кiмге керек, шикi өкпе?!

* * *
Күрек-жел күмiс қарды күреп едi,
Қызғалдақ дүр сiлкiнiп түрегелдi.
Мен дала, дала менiң көкiрегiме,
Орман, тау, өзенiмен кiре бердi.

Әйтеуiр кеттiк ғажап араласып,
Отты сел омырауды барам ашып.
Әнiмдi арнап айтсам мен далаға,
Маған сол: арман ару - дала ғашық!

Көңiлдiң күй пернесiн шерте түстiк,
Махаббат шуағына ерте пiстiк.
Көтерiп алтын күндi төбемiзге,
Жермен мен – айрылмауға серт етiстiк!


СЕКСЕУIЛ

Таң емес топырағының кекселiгi,
Кебiрден қаулап өскен сепсе бүрi.
Қарсы алған борай соққан бұрқасынды,
Кел, кеңес кексе құмның сексеуiлi!

Өткен күн аз артпады аза-мұңды,
Бiлдiң тек iштен тынып сазаруды.
... Кезiнде көк аязды отқа көмiп,
Қайратың қайнатты тасқазанымды!

Өр дауыл, көк нөсерде тұтап дарын,
Сермеген семсер етiп бұтақтарын.
Әр бұтаң көрiндi ғой көзiме ыстық,
Жалынмен жазған құмның кiтаптарын!


БҰЛАҚҚА ҚАРАП...

Толқынын тасып жыраққа,
Толтырған сайдың оқпанын.
Бұлқынып жатқан бұлаққа,
Бұрыла берiп тоқтадым.

Жерасты суы бiрiгiп,
Құйылса арна – қалыпқа.
Қайнардың көзi – бiр үмiт,
Сүйрейдi екен жарыққа!

Бойымда тулап жорытып,
Кеудемдi тынбай ұрғылап.
Қорғасын – ойды қорытып,
Шымырлап жатыр бiр бұлақ.

* * *
Боз дала! Сенiң дархан пiшiнiңе,
Уақыт өз өрнегiн түсiруде.
Күздегi тоң далаға ток жiберiп,
Қызған күн дән масағын пiсiруде.

Жерұйық, қиялыңды жеңсе де елiм,
Бұл жерден артпасына мен сенемiн.
Соғылып көк егiннiң толқынына,
Көз тiгiп көкжиекке теңселемiн.


БОЗТОРҒАЙ
1
Балауса басы дiр етiп,
Үзедi маржан таң шығын.
Айналам мас боп, тұр елтiп,
Күйiне құйттай әншiнiң.

Таңертең шырқау биiктен,
Соғылған бiр жез қоңырау.
Еншiме менiң тиiп пе ең,
Бейкүнә тәттi өмiр-ау?!

Жұпарын жұтып даланың,
Көтерген күйiн көңiл бiр.
Телмiрiп қарап қаламын,
Төгiлдiр!
Әнмен шомылдыр!

Алмұрттай пiскен, төбеден,
Ымыртта түстiң үзiлiп.
Таңертең ұшқан о, өлең,
Өзiңе тұрмын қызығып!

2
Боз қырау түскен бозанда,
Бозамық тұман көз жұмсаң.
Бозала таңғы азанда,
Бусанып тұрды боз жусан.

Сан рет өлiп, тiрiлiп,
Сарғайып кеткен өмiр-ау.
Санаңда тұрған iлiнiп,
Бозторғай – күмiс қоңырау!

Тiрлiкте таппай бiр тыным,
Жүректей соққан лүпiлдеп.
Жарымжан көңiл жыртығын,
Жүретiн жырмен бүтiндеп.

Көмейден күйi тамшылап,
Көлемдi көзбен бағып тұр.
Қанаты жанды қамшылап,
Көңiлге көп ой салып тұр.

Жаһанның құйттай әншiсi,
Үмiттiң мөлдiр тамшысы.
Жүрегiн жердiң жарып тұр,
Үзiлiп кетпей неғып тұр?!

Жұдырық болып әдiлет,
Жұмылып қалған төбемде.
Бозторғайдағы қабiлет,
Табылар ма екен менен де?


ҚАЛА ЫРҒАҒЫ

Биiкке қыран шыққан қанат талып,
Сәндi үйлер қона қалған қабатталып,
Лифтiге табан тисе кетер iлiп,
Әнеки, барады жұрт көтерiлiп,
Көмкерген жасыл бақ пен лала гүлмен,
Жайнаған жас арудай қала мүлдем.
Кiресiң құшағына балқып басып,
Көңiлдiң өр өзенi шалқып, тасып.
Әр үйдiң маңдайына жұлдыз қонып,
Түнi де тұрады екен күндiз болып,
Тынымсыз адам – толқын көшедегi,
Қаланың күнде осындай көшедi елi.
Кеткенде әр алаңы билеп алып,
Тұрасың әнге жарып, күйге қанып.
Өтедi ару қыздар күлiмсiреп,
Көрсең де бiрiншi рет, жүзiншi рет.
Өрiмдей ару қыз бен жiгiт елi,
Көк мұзын көкiрегiңнiң жiбiтедi.
Ойыңнан шығып бiр сәт дала, қыстақ,
Жыр жазғың кеп кетедi қалам ұштап.


БӘЙГЕ

Тұмарлап тұлпар мiнiп, қарғымақ кiм?
Тойында соны ойладым "Жарбұлақтың".
Шаңдатып келе жатыр қара-құрым,
Желi бар желпiлдеткен арғымақтың!
Барлық жан тiгiп солай қарашығын,
Күткендей ең асылын, жанашырын.
Суырылып шықты оқ бойы Құлақасқа,
Көтерiп сайыпкердiң дара сынын,
...Жануар ақбоз аттың көсiлуi,
Секiлдi бақталастың өшiгуi.
Қара тай келе жатыр қаңғалақтап,
Көп көрiп өз бойына осы күндi.
Шықты әне, жирен тұлпар нағыз күткен,
Алысып, арпалысып ауыздықпен.
"Көрдiң бе, ақбозды артқа тастады" - деп,
Жирендi мақтап жатыр ауыз бiткен.
...Ағуы бiрдей емес бар бұлақтың,
Сондай-ақ сыны басқа әрбiр аттың.
Топ жарып, түскен дуда дара сынға,
Арыны бөлек екен арғымақтың?!

"Түркістан" газеті. 18 наурыз, 2010 жыл 11(817)
Қали Жолдасов
09-08-15 03:46
...Ақ жүрек азамат, айтулы ақын Қайыпназар Шотбасов 2008/-2012 жылдары аралығында Алматыға сапар шегіп келген сайын менің шаңырағыма да соғып, қонақ болып кетуші еді. Таңға дейін талай әңгіме-жырдың тиегін ағытушы едік... Соңғы келгенінде өзінің жыр жинағын сыйға тартып, кітаптың ішкі мұқабасына (форзацына) былай деп қолтаңба қалдырыпты:
«Қали қожа бауырыма!

Сөз маржанын саралап,
Ақтарған ақ жүректен.
Арда ағам, ұстазым,
Өмірзақты ту еткен.
Сыйлас інім, сыйладым,
Жыр кітапты құрметпен.
Жалған мына дүниеде,
Сыйластыққа не жеткен!
Ізгі ниетпен өзіңді жақын көруші ағаң Қайыпназар».
Қайыпназар Шотбасов - тауелібайлық қалам ұстаған көптің арасында жырларының көркемдік деңгейі мен суреттеу шеберлігі жағынан Өмірзақтың өкшесін басып келе жатқан аса дарынды ақындардың бірі еді. Ақын аға өлеңді қолы тигенде ғана ермек үшін жазған жоқ. Өлең оның өмірі еді. Ол - өмір өткелдерін, көргені мен білгенін өлеңмен өрнектеп кетті...
Ақын болу - салу жырдан сарайды,
Әкім болу – билей білу талайды.
Ақынға да жұрт қызыға қарайды,
Әкімге де жұрт қызыға қарайды,-деп өзі жырлағандай, Қайыпназар аға - Тауелібай мен Қазақ елінде жырдан сарай тұрғызып кеткен ақын! Жатқан жері Жаннат болсын!
Қали Жолдасов
03-08-15 20:51
Төлеген бастаған той
Төлеген Айбергенов жайлы біздің елде естелік айтушылар көп. Біз солардың ішінен елең еткізерлік бірін ғана жолдап отырмыз.
Елуінші-алпысыншы жылдардағы студенттердің жиі бас қосатын жері Ташкенттегі Низами атындағы пединституттың жатақханасы болатын. 1959 жылы осы оқу орнын бітірген Төлеген кейін де жиі келіп тұрады екен. Бұл туралы сол кездегі студент үнқағазының сарапшысы Полат Бейімбетов былай деді:
– Қарақалпақстанда бірер жыл істеген Төкең, 1962 жылы болуы керек, Сарыағашқа көшіп келіп, кешкі мектепке директор болып жұмысқа орналасты. Институтқа жиі келіп тұратын. Біз жақын танысып, араласып кеттік. Ашық, ақжарқын ағаның өшпес бейнесі әлі көз алдымда. Екпіндетіп өлең оқығаны, домбыра шертіп, тамылжыта салған әні қандай ғажап еді. «Амандық болса, Кенимех, Тамды жаққа да барамын, – дейтін. Ал Төлегеннің кенимехтық курстасы Тұрсын Әбілев те оның ұшатын құстай қомданып үнемі асығыс жүретіндігін айтады.
Ал, Төлеген ақын бастаған той – Кенимехтық Жүсіп Нарқұлов пен тамдылық Дина Дәрібаеваның үйлену тойы. 1963 жылы Кенимех, Тамды жастары Жаңа Жыл мерекесін күтіп алу үшін дайындық жасай бастайды. Сол ортада Жүсіп пен Дина (екеуі де филфак студенттері) үйленетін болып, Жаңа жыл күні тойды өткізу қамына кіріседі. Тойға студенттер және сол кездегі жоғары партия мектебінде оқып жүрген Мәлік Алдамұратов пен Мәлік Ашбаевтар, ауылдан Қалмырза Қаржауов бастаған бірнеше кісі қатысады. Жастар Төлеген Айбергенов пен Үрниса апайды шақыртып, тойды бастап беруді өтінеді.
Сонда Төлеген Айбергенов төмендегідей тереңнен тебіреніп шырқаған жыр шумақтарымен тойды бастапты:
Рахмет саған, отырған мынау жас қауым,
Күткенің үшін жырымнан менің асқақ үн.
Сенгенің үшін сертінде тұрар дос танып,
Бергенің үшін осынау тойдың бастауын.
Өздерің жақтан айтылған жақсы көп лебіз,
Жанымды менің жандарыңменен өтті егіз.
Сөз келді тілге айтпасына да қоймайтын,
Кез келді жырдан ақтарып құяр көк теңіз.
Армысың, Дина, қызғалдақ гүлі Ақтаудың,
Бармысың, Жүсіп; Кенимех ұлы – мақтаулым.
Қос өзен еңдер Әму қоса аққан,
Куәсі болдың Арал боп тұнған шақтардың.
Мінекей, бүгін қанатын қомдап, пәк түлеп,
Екі арман болып ағу да жақсы есіліп
Бір арман болған; әрине одан тәттірек.
Мәңгі айға жолы, сәнді айға қолы ұзарған,
Тоғысты бүгін жігіттік қиял, қыз арман.
Қосылғандарға ұша бастаған қол соғып,
Жанымда менің күмбірлеп жатыр жүз арман.
Төгілген өлеңді жұртшылық сүйсіне тыңдайды. Кейіннен той ортасында да ақын бірнеше жыр оқиды. Естайдың «Қорлан» әнін шырқайды. Той өте қызықты өтеді.
Дуалы ауыз Төлеген ақын тойын бастаған Жүсіп пен Динаның отауы кейін берекелі шаңыраққа айналып, өнегелі ұрпақ өрбітті. Жүсіп ағай әуелі оқытушылық жұмыс атқарып, соңынан аудандық атқару комитетінің төрағасы Х. Әлімжан атындағы ұжымшар төрағасы ретінде басшылық қызметтер атқарады. Дина апай мектепте, аудандық үнқағаз саралқасында қызмет істеді.
Қазіргі күндері зейнет демалысында.
Мен мұны көз көргендердің айтуымен жадымда тоқып жүргенмін.
Жақында Жүсіп ағаның өзін көріп қалдым. Ол кісі «Менің Төлеген туралы айтарым көп, айналайын. Қазір бір тығыз шаруалармен жүргенмін. Кейін бір кеңірек сөйлесерміз» , – деген. Демек, бұл тақырыпқа тағы да оралармыз.
Ал, Төлегеннің бұған дейін еш жерде жарияланбаған, біз назарларыңызға ұсынып отырған өлеңнің осындай тарихы бар.
Серік Шұқын,
Өзбекстан Республикасы.
Posted on 2011/09/18 by tolegenaibergenuly
Бәйкен Тұраров
30-07-15 23:24
Пөләтбек жанбаев.
он бес жасында тұтқындағы балаларды жалаңаяқ бастап қашқан...

1941-1945 жылдардағы алапат соғыс кезінде еліміздің барша аймақтарында орасан ауыр тұрмыс орын алды. ер азаматтар ел қорғауға кеткенде, елде қалған бала-шаға мен кемпір-шалдар олардың орнын жоқтатпады. бала демей, жас демей үкімет ауылда қалған өрендерді ауыр жұмыстарға жекті. өнеркәсіптік, өндірістік топтарға шақырып, соның салдарынан жасы кәмелетке толмаған жастарымыз небір қиындықтарды бастарынан өткізді. бөйжеткендер мен жесірлер кешкен азап бір төбе...

сол ауыр жылдар туралы еңбек әрдәгері, тылда тер төккен ақсақал әлдебай ұмбетбаев былай әңгімелеп берген болатын.

соғыс әрбір отбасына қиындық алып келді, -дейді атамыз, -мен ол кезде жәсөспірім едім. ағаларымыз, әкелеріміз соғысқа кетті. қиындықтардың бір шетін өзіміз көтердік. мен өмір сүрген тәуелібай аймағында да осындай қиындықтар орын алды. (ол қазіргі өзбекстәннің науайы облысының тамды, кенимех және үшқұдық аудандары. онда тек қазақтар ғана тұрады).1943 жылы бізді пзо-ға зорлықпен алып кетті. пзо дегеніміз өндірістік, зауыттарда жұмыс істейтін жастар тобы болса керек. арамызда бөйжеткен қыздар, жесір келіншектер, мен қатарлы жәсөспірімдер мен балалар болды. самархан қаласының маңындағы каттақорған деген ауданға алып барды. алып барып ауыр жұмысқа салды. теміржөл бойында жүк түсірдік, жүк тиедік. жылап жүріп осы жұмыстарды атқардық. небір азаптарды көрдік. жанымдағы балалар шыдамады, кейбірі ауылға қарай қашты да. бырақ жол өте алыс болатын. мыңдаған шақырым жол жүріп келгенбіз. қазақ ауылдарынан келген қаракоздерымыз бейтәніс алқаптың ауыр қызметыне жегілді. біздің қолымыздан ештеңе келмеді. атқорада жаттық. күніне 200 грамм қара нан береді. соны талғажау етіп жүрдік. кейбіреулер қашып кетті. ұсталғандары да болды. мен 15 жаста едім, бір күні жанымдағы балалар мен қыздарға ақыл айттым. 200 грамм нандарыңның жартысын күнде жинап қойыңдар, қашамыз деп ескерттім. сөйтіп бір жұмада бірәз азық жинадық. 3 қыз, 3 ер бала болып бір күні ауылды бетке алып қаштық. мен естиярі болған соң бәрі маған арқа сүйейді. батысты бетке алып жүріп бердік. алла нәсіп етсін деп іштей жылап келемін. үстімізде де дұрыс киім жоқ, жалаңаяқпыз. бір күн бойы тынбай жүріп отырдық. артымызға қарап-қарап зытамыз. қанша жол жүргенімізді алланың өзі біледі, бір кездерде анадайда бір қыстақтың қарасы көрінді. түріміз кетіп, ұсқынымыз қашқан. дем алуға болмайды, нешақты өндіріп жол жүрсек, соғұрлым ұтамыз. әлгі өзбектің қыстағына келіп ат басын тіредік. ауылда ылғи кемпір-шал көрінеді. қыстақтың бір шетіндегі үйдің шарбағынан қарадық. қарнымыз да аш. қыз балалар жылап келеді. өзбек шалды көріп, жақын барып сәлем бердік. бізді көрген ақсақалдың мейірі түссе керек, жөн сұрады. қарнымыздың аш екенін біліп, кемпірін шақыртты, халымызды айтты. мыңболғыр мейірімді жандар екен, басымыздан сипады. бір тандыр нанды бәрімізге бере салды. ыстық нанды бөліп жеп жатырмыз. қыздарға көбірек бердік. бір тандыр нан не болсын, жәукемдеп тастадық. сонан соң иығымыздағы шөлмектерді суға қайтадан толтырып алып, тағы

атаның жөн сілтеуімен жолға шықтық. бағытымыз нұрата ауданы. нұтара ауданында қазақтың әйтеке биі жатыр. ол алқапты бүкіл ел біледі. біздің ауыл сол нұратаның арғы жағында. әлгі шал бізге тағы қатқан нандар мен қатқан өрік берді. осыны талғажау етіп кете бердік. атай жол сілтеді. келесі ауылға бүгін жете алмайтын түріміз бар. дегенмен қарап қалуға тағы болмады. азапты жол және басталды. бағытты біліп алып кете бердік. талмай жүріп отырып алыстағы бір қыстақты тағы да көзіміз шалды. не де болса бұл ауылға жететін түріміз болмады. онда бізді кім күтіп отыр дейсіз. сонымен далада түнеуге тура келді. нан-суымызды ішіп, жеп көз ілдірдік. таң қылаң бере жолға жиналдық. балалар қалжырап қалса да ширақ қимылдады. ақылшысы өзім болған соң қиналғанымды білдіргім келмейді. ауылға бір шақырым жер қалғанда түнеген екенбіз.

тұс мезгілінде нұрата ауданына да келіп жеттік. сүмеңдеп жүріп, әр қақпаны бір қағамыз. кім басымыздан сипайды деп көздеріміз жәудірейді. табанымыз ойылып қалды.

әлдебай ата осы сөзді айтып тағы бір оқиғаны ойына түсірді. сол күні олар және бір үйдің есігінен ішке еніпті. нанның жұпар иісі мұрындарын жарып бара жатса керек, имәнжүзділеу деген бір шалды сағалап барыпты. –ассалаумағалейкум, ата!-деп жамырап сәлем бердік ақсақалға. ол сәлемімізді қабыл алып, басымыздан сипады. мейірі түсіп, нан берді. жағдайымызды көріп, мүсіркеді. қазақ балалары екенімізді біліп, ауылдан келетін керуенші қазақтарға қарай жөн сілтеді.

-анау базардың ішінде қазақ шалдар бар. түйе көрінген жерге барсаңдар, аталарыңды табасыңдар,-деді.

біз рахметымызды айтып, түйе көрінген алқапты бетке алдық. ығы-жығы халық көп, бәрінің өңі сынық. соғыс жұрттың бәрін қажытқан. түйелі шалдарды да таптық-ау ақыры. өз атамызды көргендей ынтыға түстік. бізді көрген аталарымыз таңырқасты. қазақ балаларының өзбек жерінде не ғып жүргеніне түсінбей қалса керек. жағдайды айтқан соң барып олар да бастарымыздан сипады, бауырларына басты. сол жерде шәй ішіп, нан жеп жан сақтадық. рахаттанып ұйқыны қандырдық.

әлдебай ата тағы ойланып қылды. аталармен танысыпты, олар бұлардың әке-шешелерінің бәрін танып жатыр дейді.

ауыр жұмыстан қашқан балалар елге опасыздық жасаған жоқ. бұлар өз ауылдарында да соғыс үшін тер төгіп жүрген болатын. солақай саясат жас балаларды ретсіз азапқа салды. қыздар мен жесірлерді қинады ғой...

сонымен екі-ұш күннен соң керуен қызылқұмды бетке алып жүріп кетсе керек. тауелыбайға дейін тағы бірнеше жүз шақырым жол жүреді. ұзын мойын түйелерге мініп алған шалдар мен балалар ауылды бетке алып кете беріпті. қоржындары азыққа толы. аталар ауылдан базарға тұз, сексеуіл көмірін алып келіп саудалайды. онысын бұлдап, елге азық алып бара жатыр...

ауылға дейін тағы көп жол жүреді. аудан орталығы тамдыбұлақ әлі қиянда. ауданның шеті қ үлімбет, аяққұдық деген ауылдармен бастау алады. әлгі атайлардың екеуі керіз ауылынан болса, екеуі әлдәберген ауылынан екен.

тағы біреуі қ үлімбеттен болса, енді және екеуі аяққұдықтан болатын. түйеге мінген керуен екі жарым күн жол жүреді. әлдебай аға аяққұдыққа келген шалдың үйіне түнепті. бірнешеуі осында болып, аудан орталығына жетуге тағы асыққан. атай совхоз директөрінә балаларды ертіп барса керек. ол кісі шошып, уәж айтпапты. «балалар қашып келсе, бізге бәле болар» деп қиналса керек. әскери көмиссарият көріп қойса өздерін қудалайтын түрі бар. не де болса директөр әлгі шалға тапсырма беріпті. осы балаларды аудан орталығына жеткізіп, бәнкі маңына түсір деген нұсқау айтыпты. ата осыны орындады. аудан орталығы да жүз шақырымдық жер болатын.

-сонымен өз ауылымызға да жеттік,-дейді әлдекең. –бәнк маңы өзімізге таныс, әркім өз үйіне кетті!.. бастарына іс түскенде бала екенбіз деп тұрмаған бұларға жұрт риза болыпты.

сонымен жаз да келді. мен 7-8 сыныпта оқимын. 1944 жылдың кезінде бізге тасбақа теруге көмектесіңдер деді. мектепте әлтінкүл, фаузия деген апайлар, мәкарам деген ағай дәріс беретін. әлгі тасбақалар бізді көргеннен шыңғырып қашады. қарапайым жағдайда тасбақаның дыбыс шығаратынын кім білген?! хаюан жәндік болса да соны сезетініне таңданамын. тасбақаның етін майданға жібереді. қазанға салып қайнатып жатқанын көргенбіз. егізбаев қалдыбай деген шал дәу тайқазанға тасбақаларды салып қайнататын. атам үмбетбәй әләкөз ұлының ұстаханасында да еңбек еткенмін. біз атадан 4 ұл, 2 қыз едік. аудан орталығындағы дарыхана, №1 мектеп, сол маңдағы ескі асхананы атам бастаған ұсталар құрған болатын.

онан алдыңғы 1936 жылғы ашаршылықты да сездім. жолдыбаев жолдас деген атамыз қоймашы болды. ол кісінің кемпірі үрбіті әжеміз бізді жұмсайтын. даладан қараған шауып әкеліп беріп, нан әләтінбіз.

әлдебай атай бейбіт өмірде еңбек өнегесін көрсетті. 34 жыл ауылшаруашылығы техникасы касіпөрнінда үздіксіз мотор жинаушы болып тер төкті. 3 рет сөтсиялистік жарыстың жеңімпәзі атанды. тәшкенттегі арнайы кәсіптік орман шаруашылығының білім жұртын бітірді, автоколык жүргізушісі куәлігіне де ие болды. 1949-1950 жылдары украйнада әскери қызметте болды.

еңбек әрдәгері, тылда тер төккен ағамыз әлі сол жеңілдіктен пайдаланбайды. пзо-да еткен еңбегі, бала кезінде көрсеткен қызметтеры еңбек кітәпшасіна түспепті. соны сылтау еткен бюрөкрат басшылар жеңілдіктен қағып отыр. болмаса сол кезде бірге жұмыс істескен азаматтар бар көрінеді. соған қарамастан әлдебай атамыз өзін бақытты санайды. зайыбы мәдинә әжей екеуі 5 ұл, 4 қызға ата-ана болған жәйі бар. орынбасар, орынбай, алмат, нұрхан, талғат, есенкүл, бақтыгұл, бағдагұл және әйнәгүл есімді перзенттері көзінің ағы мен қарасындай. «болар елдің баласы өнбесінде баспын дер, тозар елдің баласы отызында жаспын дер» дегендей өнбес жасында тұтқындағы балаларды бастап туған ауылына келген әлдебай атамыз қазақ елі тәуелсіздік алғанда бүкіл үрім-бұтағын бастап тарихи атажұртына келген. ақмола облысының степнөгөр қаласында жасап келді. тағдырдың жәзуімен ол кісі 3 жылдың алдында бақилық болып кетті. артында ұрпақтары ізін жалғастыруда.
(Қытайдағы «Бозбала» қазақ сайтынан алдым)


Бәйкен Тұраров
30-07-15 23:17
Өзбекстандағы қаңлылар

Б.з.б. II ғасыр мен б.з. басындағы V ғасырларға дейін, қазіргі Өзбекстан Республикасының аумағында Қаңлы мемлекетінің бес басқару орталығы болған. Олар: . Сусе, Фуму, Юни, Ги, Юегянь Әрбір басқару орталығы Сол орталықтың атымен аталатын қалаларда тұрды. С.П.Толстовтың айтуы бойынша Сусе қаласы қазіргі Қарақалпақтың орталығы Үргеніште) орналасқан болатын. Жоғарыдағы академик С.П.Толстовтың зерттеулері бойынша ұлан ғайыр Хорезм жеріндегі «Канха-Хорезм мемлекеті» б.з. VІІІ ғасырдан бұрын да, кейін де көне Кангюй (Қаңлы) мемлекетінің құзырында болған және оны жалғастырған мемлекет деп қарайды. Нақтырақ айтқанда б.з. В.И. ғасырынан - XII ғасырға дейін Қаңлы Қаңха - Хорезм мемлекеті деп аталды. Сол заманнан бері осы күнге дейін қаңлылар Өзбекстанда жасап келеді. Бүкіл Өзбекстаның жерінде жасап датыр деуге болады.

Шыршық өзенінің жағалауын ертеден қазақтың қаңлы және шанышқылы рулары қоныстанған. Ташкент қаласының Сибзар бөлігінде де қаңлылар мекендеп, олар ескі Ташкенттің алаңына дейінгі жерлерде өмір сүруде. Қаңлылар өз ішінен бірнеше аталарға: Сары қаңлы, Қара қаңлы, Қызыл қаңлы, Қара манас, Құмырсқа, Тоғанай және т.б. қаңлылар болып бөлінеді. Бұлардың өз жаз жайлауы, қыс қыстауы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін жалғасты. Мәселен, 1000 ға жуық Сары қаңлылардың биі Айдарбек, Қара қаңлылардікі Есенбай би болып, жаз жайлауы Келес бойында, қыстауы Шыршық жағалауы болған.

Қаңлылар Ташкент облысының барлық аудандарында, бірақ басым көпшілігі Бостандық, Жоғары Шыршық, Орта Шыршық, Төменгі Шыршық, Жаңа Жол, Қыбырай, Шыназ, Бөкеаудандарында және Шыршыққаласында, Қарақалпақстан Республикасында, Науаи облысының (Тамдыбұлақ, Кенимех аудандарында, Үшқұдық, Зеравшан қалаларында) тұрады. Жызақ облысында, Сырдария облысында, Бухара облысының (Қарауылбазар, Газли елді мекен) тұрады.
\"Ана тілі\" газеті, 29 шілде, 2015 жыл.


Бәйкен Тұраров
30-07-15 23:10
"Учкудук" - 40 минутта жазылған ән



Өткен ғасырдың 70 жылдарында Ташкент қаласында құрылған «Ялла» ансамблі КСРО-да ғана емес, күллі әлемге танымал. Өзбекстанның танымал әншісі Батыр Закировтың бастамасымен құрылған ансамбль Испания, Швейцария, Үндістан, Мысыр, Түркия, Марокко, Польша т.б. елдерде өнер көрсетті. Ансамбльдің ән қоржынындағы «Чайхана», «Учкудук», «Шахрисабз», «Ялла» т.с.с. шығармалар талай тыңдарманның жүрегінен орын тауып, әлі күнге дейін үлкен сұранысқа ие. Ал шыққан бойда кеңінен таралып, кейін саяси жағдайларға байланысты шырқалуға жол берілмеген «Учкудук» әні ансамбль репертуарындағы ерекше әндерінің бірі.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары салынған Өзбекстанның Үшқұдық қаласын «Өнеркәсіп қаласы», «Жабық қала» деп атап кеткен. Себебі, Үшқұдық қаласында уран, алтын т.с.с пайдалы қазбаларды өндіретін. Қала КСРО картасына да түсірілмеген, есесіне қалың көпшілік Үшқұдықты көп біле бермейтін. 70-жылдардың соңында «Ялла» ансамблі Үшқұдыққа гастрольдік сапармен келеді. Ансамбль мүшелері өндірістік қалашық тұрғындарының назарына жаңа бағдарлама ұсыну керек деп шешеді. Дәл сол кезде олар мәскеулік танымал режиссер, ақын-сазгерлермен тығыз шығармашылық байланыста болып, жаңа бағдарламаны бірлесе отырып құрайды.
«Ялла» ансамблінде «Антошка, пойдем копать картошку!» т.с.с. танымал балалар өлеңдерінің авторы, ақын Юрий Энтин біраз уақыт директор болып қызмет етеді. Ақын Қазақстанда жатқан Қызылқұм даласының Науайы облысы аумағындағы бөлігі мен шөл далада орналасқан Үшқұдық қаласын аралайды. Бұл саяхаттан үлкен әсер алған ақын өлең жаза бастайды. Кейін ансамбль мүшелеріне келіп: «Жігіттер, керемет өлең жолдары дүниеге келді, дереу әуен жазу керек» деп айтады. Аптап ыстықта ұзақ жол жүрген ансамбль мүшелері демалуды қалайтынын айтып жатады. Сол кезде ансамбль әншісі Фаррух Закиров гитараны қолға алып, «Учкуд-у-у-у-у-ук - три колодца» деп шырқай жөнеледі. Сол кезде ақын Энтин: «Міне, міне, дәл өзі! Осы реттен тайма! Бірде бір нотасын өзгертпе!» деп қуаныштан айқайлап жібереді. 40 минуттан кейін «Учкудук» әні дүниеге келеді.
Үшқұдық қаласындағы алғашқы концертте «Ялла» ансамблі жаңа әнді орындайды. Қалың көпшілік әнді зор ықыласпен тыңдап, қошеметке бөлейді. Көрермендер біртіндеп келіп, әншілердің қолын алып, ризашылықтарын білдіріп жатады.
Сол жылы Мәскеуден Орталық телевидения қызметкерлері келіп, «Жыл әні» («Песня года») жобасын түсіреді. Ансамбль ән қоржынындағы екі әнді айтады. Алайда, жоба редактор Елена Солдатова ансабмльге «Учкудук» әнін орындап беруін өтінеді. Дайындық жүргізілген кезде көрермен залында Өзбек ССР Компартиясының Орталық Комитетінің басшылары болады. Орталық комитеттің екінші хатшысы әнді тыңдап: «Үшқұдық туралы ән жазылған ба?» деп таңданады. Басшылық таңданысын бәзбіреулер сын деп қабылдап, әнді айтуға тыйым салады. Алайда, орталық телевидения төрағасы әнді рұқсатсыз эфирге жібереді. Ән бірден кеңінен танылып, елге таралады.
«Учкудук» әнінен кейін жұртшылықтың назары Үшқұдық қаласына ауып, барлығы өндіріс қалашығына баруды қалаған еді. Осы әннің арқасында Үшқұдық қаласы картаға түсіріліп, «Жабық қала» атағынан арылған еді.

Учкудук

Сөзін жазған Юрий Энтин

Әнін жазған Фаррух Закиров

Орындаушы «Ялла» ансамблі


Горячее солнце. Горячий песок
Горячие губы - воды бы глоток
В горячей пустыне не видно следа
Скажи, караванщик, когда же вода?

Қайырмасы:
Учкудук - три колодца
Защити, защити нас от солнца
Ты в пустыне - спасительный круг,
Учкудук

Вдруг дерево жизни - таинственный страж
А может быть это,лишь только мираж
А может быть это,усталости бред
И нет Учкудука, спасения нет

Қайырмасы:

Любой в Учкудуке расскажет старик
Как город-красавец в пустыне возник
Как в синее небо взметнулись дома
И как удивилась природа сама

Қайырмасы:
Учкудук
- три колодца
пусть над ним пусть над ним пусть над ним светит солнце
Ты в пустыне - спасительный круг
Учкудук


Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
massaget.kz






Бәйкен Тұраров
30-07-15 22:58
Науаи облысы — Өзбекстанның солтүстігіндегі орналасқан облыс.Әкімшілік орталығы және ең үлкен қала — Науаи. Облыстың басқа үлкен қалалары — Зарафшан, Кармана, Қызылтепа, Нұрата, Үшқұдық, Кенимех. Облыстаң халық саны - 873 000 (2011 жыл бойынша) - бұл ел ішінде он үшінші көрсеткіш. Соның 100 мыңдайы қазақтар. Қазақтар негізінен Кенимех, Тамды, Үшқұдық аудандарында, Науаи, Зарафшан, Үшқұдық қалаларында тұрады. Жоғарыдағы үш аудан қаракөл қойы шаруашылығымен айналысады, қазақша газеттер шығады. Облыста 82 қазақ мектебі бар. Аумағынын Ташкент-Қоңырат темір жолы өтеді. Ең ірі кәсіпорындары – Науаи Тау-металлургия комбинаты, химия және цемент зауыттары, фосфор комбинаты.

Науаи облысы Қазақстанмен, Жизақ, Самарқан, Бұқара облыстарымен, және Қарақалпақстан автономиялық республикасымен шектеседі. Облыстаң жер аумағы — 110 800 км². Облыстың көп бөлігін құмды дала (шөл) алып жатыр(Қызылқұм шөлі). Климаты шөлді, шұғыл континетті. Негізгі өзені - Заравшан.(Энциклопедиядан)



Бәйкен Тұраров
30-07-15 22:41
Учкудук - три колодца

Горячее солнце. Горячий песок
Горячие губы - воды бы глоток
В горячей пустыне не видно следа
Скажи, караванщик: "Когда же вода?"

Учкудук три колодца
Защити, защити нас от солнца
Ты в пустыне - спасательный круг
Учкудук

Вдруг дерево жизни - таинственный страж
А может быть, это лишь только мираж
А может быть, это усталости бред
И нет Учкудука, спасения нет

Учкудук три колодца
Защити, защити нас от солнца
Ты в пустыне - спасательный круг
Учкудук

Любой в Учкудуке расскажет старик
Как город-красавец в пустыне возник
Как в синее небо взметнулись дома
И как удивилась природа сама

Учкудук три колодца
Защити, защити нас от солнца
Ты в пустыне - спасательный круг
Учкудук


Бәйкен Тұраров
30-07-15 22:36
Кенимех атауы туралы

Кенимех ( Конимех, Канимех деп те аталады ) Орталык Азиядагы ежелги мекендердин бири болып есептеледи . Бул жерде ыклым заманнан бери адамдар омир сурип , тиршилик жасаган . Ислам динине деин отка табынган .Ягни Зороастризм (Зардушти) дининде болган. Жасы, галымдардын пікірі бойынша, Самаркант шахарымен шамалас.
Согды тилинде «Кон» , «Ком» создери «озен тармагы , арык , арна» угымын билдирген. Мех (Мух) - отка табынушы деген соз. Ягни \"отка табынушылар арыгы\" деген.
Екинши болжамда Кенимехруд пен Шопуркамды байланыстырады. Ягни «Мехри арыгы» деген . Мехрибану - Туран ханынын кызы. Шопур - Фарсы шахынын улы. Олар бир-бирин суйген. Бирак, Туран ханы: «Кызымды Шопурга бермеймин» деиди. Сондыктан , Шопур суйгенине косылу ушин Туран елине келип, Мехрибануга арнап руд ягни арык каздырган екен. Арыкты «Комимехр» ягни «Мехри арыгы» деп атапты. Бул арыктын пайдасын кара халык та корген екен дейди. Халык Шопурды тобесине котерипти. Халык риза болган сон Туран ханы кызын Шопурга беруге келисипти.Руд - фарсы тилинде «арык, арна» деген соз. \"Пур\" - фарсы тилинде баласы, улы деген соз. Шопур - шах, патша улы дегенди билдиреди. Сойтип еки жас отау курган екен. Кейин Шопур озинин атын койып Шопурком (Шафиркан) арыгын да казхдырган. Бул деректерди облыс , аудан газеттерине жариялаган , устазым , тарих панинин мугалими Мамиров Домат агай айткан, жазган болатын.
Кенимех ауданы 03.03.1925 ж. Казак - каракалпак ерикти ауданы болып курылды . Тикелей Республикага карасты болды. Тек 1940 ж. жай аудан болып Бухара облысына берилди.
Кенимех районынын халкынын 72 проценти казактар, 18 проценти каракалпактар, 5 проценти озбектер, сондай-ак калганы арабтар, ирандыктар, татарлар, орыстар. Райондагы 41 мектептин 36-иси казак мектептери. Казак тилинде «Кенимех таны» деген газет шыгады.
Бул деректерди Камал Ахметов деген кенимехтан менин жерлесим жазыпты. 1-2 деректи озим костым.
Бәйкен Тұраров
30-07-15 22:00
Құрметті жерлестер менің толық атым Тұраров Баймағамбет Өрісбайұлы руым аспан Зарафшанда тұрып 1995 жылы Құлсарыға көшіп келгенбіз Манғыстау жаққа. Тауелібай туралы газеттерде шыққан мақалаларды жинап жүрем. Сіздер оқысын деп жібердім.Тағы жіберем.
Бәйкен Тұраров
30-07-15 21:53
Өзбекстандағы бауырларымыздың халі мүшкіл


Бірақ олардың атажұртқа келу арманын кім жүзеге асырады? Елбасы жарлығымен басталған еліміздегі көші-қон саясатының бас-талғанына да жиырма жылға жақындап қалыпты. Көреген саясаткер әрі біртуар Елбасымыздың бұл дана саясатының арғы жағында еліміздегі қазақ ұлтының санын қайткенде де көбейтсем екен деген үлкен мақсат жатқаны баршаға белгілі.


Қазіргі келтіріліп жүрген деректерге қарағанда, осы шараның арқасында Қазақстанға сырт елдерден көшіп келген қандастардың саны миллионға жетіп қалған. Квотасын алу үшін әлі де азаматтыққа қолы жетпей тіркелмеген отандастарымызды есепке қоспағандағы дерек бұл. Қытай, Монғолия, Өзбекстанда әлі де қаншама қаракөздер тарихи Отанына оралуды аңсап, көздері жәутеңдеп отыр. Оларға не кедергі?

Жуықта Өзбекстанда қалған туысқан-дарды «түгендеп» қайту үшін Өзбекстан-ға сапарлап қайтқаным бар. Айдың-күннің аманында, қолыңда халықаралық төлқұжатың болғанның өзінде ол жақ-қа барып-қайту азаптың азабы екенін онда жолы түспеген адам біле бермейді. Қазақстаннан барып қайтатын қазақ азаматтарына қалтаңдағы қаражатың мен қолыңдағы мүлкіңе толтырылған деклорация қағазын бермей, аяқасты етеді кедендегілер. Айтар уәжі: «Сенің ақшаң миллион сумнан аспайды ...». Бұл қағазды алмасаң, «әкеңнің тойын» қайтар жолда көресің. Кеденшілер міндетті түрде деклорация қағазын сұрайды. «Маған бұл жаққа өткенде ол қағазды берген жоқ», - деп айтып көріңіз. Қалтаңдағы барыңды сыпырып алып, бөлімшеден бөлімшеге салпақтатып, жаныңды қи-нап, қалтаңдағыны сыпырып барып, бері өткізіп жібереді. Міне, ондағы «заң» осындай.

Қаракөл қойын өсіруге бағытталған Тамды, Үшқұдық аудандарындағы ха-лықтың бүгінгі халі мүшкіл. Бұл жамандау немесе қаралау емес, нақты өмір шындығы. Күнкөрісі осы салаға байланғандықтан, бұл мәселеге аз-кем тоқтала кетейік. Кезінде алтынға бағаланған қаракөл елтірісі бүгінде әлем нарығына шығудан қалған. Жүні «ит жемес» болып далада жатыр. Еті де сапасыз болғандықтан, базарда бағасы төмен. Кезінде СЖК препаратын қолданудың кесірінен қой тұқымы азғындаған. Бұл препаратты қолдануға заңмен тыйым салынғанымен, көбірек төл алу үшін әлі күнге жасырын түрде қолданып келеді. Бұдан аудан басшыларының да хабары бар. Табиғаттың өзгеріске ұшырауы бұл аймаққа да өз әсерін тигізбей қоймаған. Жыл өткен сайын көктем мезгілінде жаңбыр жаууы сиреп, жерге шөп шықпай қалуы жиілеп келеді. Өз аузымен жайылып үйренген қаракөл қойына бұл үлкен кеселмен бірдей. Кейде қыс қатты болып, талай шопан таяғын ұстап қалған кездер болған. Шөп дайындайтын жері немесе суы жоқ Қызылқұм аймағы үшін қой өсіру үлкен проблемаға айналып отыр. Аудан тұрғындары дерлік осы қой шаруашылығының маңына мамандандырылғандықтан, қазір несібесін тауып жеудің өзі тұрғындар үшін маңызды мәселе. Кеңестік жүйе тарқап, егемендік алғаннан кейін де ауданды заман талабына қарай бейімдеуге ешкімнің бас ауыртып отырмағаны анық. Тамды ауданымен әріптес, тағ-дырлас Мойынқұм ауданындағы бүгінгі заманға сай жасалып жатқан тірлікті көріп сүйсінгенім әрі қызыққаным бар еді. Осы тәжірибеден үйренуге там-дылықтардың мойны жар бермейді, болмаса шаруа баққан елдің қайғы-мұңы басшылардың басын ауыртпайды-ау ша-масы. Шаруашылықтар әлі күнге мемлекет меншігінде болып саналғанымен, оларға көрсетіліп жатқан қамқорлық пен жасалып жатқан жақсылықтың исі де сезілмейді. Бұрынғы кезде қой саны 60-70 мыңға жеткен совхоздарда қазір бұл көрсеткіш 8-10 мыңға дейін құлдыраған. Қағазда саны бар да, басы жоқ «отар жайып» жүрген шопандар бар. Қойшылардың 90 пайызы Үкіметке қарыздар, басым көпшілігі сотталып, төлем төлеп отыр. Қаншама шопандар киіз үйлерін, басындағы баспаналарын қарызын жабуға төлеп тынған. Бірақ аудан билігі басы жоқ малдан өнім сұрап, оны өндіруден жалығар емес.

Жоғары оқу орнының есігі жабық

Шаруашылығы оңалмаған елдің тіршілігі қайдан жөнделсін. Қой шаруа-шылығынан басқа не өндірісі, не егіні жоқ жұрт отбасын аштан өлтірмеудің жолын өздерінше іздеп әлек. Шиеттей бала-шағалы отбасылар тіпті кетпен-күрек, самаурын-шәйнек, іске жарайтын дүние-мүлкін базаршыларға болмашы нәпақаға айырбастап күн көруге кіріскен. Мемлекетке қарызы барлар шетке шығып жұмыс та жасай алмайды. Қолының ебі, білегінің күші барлар Жетісай, Шардара жағын жағалап, мақта теріміне, құрылыс жұмысына барып нан тауып келеді екен. Қолы жеткендері Алматы, Астана секілді үлкен қалаларға барып, қолына іліккен жұмысқа жегілуде. Әрине, бәрі қара бас пен бала-шағаның қамы. Аудан орталығынан 1 сағаттық жердегі Зарафшан қаласындағы зауытқа немесе өндіріс орындарына кіру үшін сол қалада тіркеуде болуың керек немесе мол көлемде пара беруге тиіссің. Бірақ ол аз уақыттық алданыш, себебі алған парасын сіңдіріп алған соң, лажын тауып кейін жұмыстан шығарып жібереді. Көп отбасылар үйлеріндегі кәрі-құр-таңның зейнетақысына, мүгедектердің жәрдемақысына қарап отыр. Бюджет саласындағы қызметкерлер де жалақыны зарыға күтеді. Бүгінде оның өзіне зар бола бастады. Енді «сытырлатып» ақша санап ала алмайды. Ақша орнына «терминал» деген шыққан. Қағаздағы сомамен дүкендерден сауда жасайды. Дүкендер көрсеткен тұтыну қызметі үшін тауардың 10 пайызы көлемінде үстеме қосады.

Орта мектептердің көбісі тоғыз жылдық мектепке көшірілген. Оны бітіргесін балалар аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық колледжге, әлде Зарафшандағы колледждердің біріне (ақшасы болса) оқуға барады. Жоғары оқу орнына баруға қазақ балалары үшін осылайша жол жабылған. КТК-ді бітірген балаларға аудан көлемінде жұмыс жоғын іштеріңіз сезіп отырған болар. Оқулықтар ескі немесе Өзбекстанның өзінен шыққан сапасыз дүниелер. Бірыңғай қазақтар тұратын аудан болғанымен, барлық жердегі нұсқамалық жазулар тек қана өзбек тілінде. Мектептерде өзбек тілін, араб әліпбиін үйретуге және дін тарихын оқытуға айрықша басымдылық берілген. (Мемлекет ретінде бұнысы құптарлық дер едік). Мәдени ошақтардың жай-күйін айтудың қажеті жоқ. Қазақ басылымдарын күндіз шам алып жүріп таппайсың. Жалпы аудан тұрғындарының 5-6 пайы-зы ғана ауқаттылар қатарына жатады. Олардың Қазақстанда үй-жайы да бар, балаларының біразын осында орналас-тырып қойған. Олар тек сондағы бүгінгі атқарып жатқан қызметтері және азды-көпті малдары үшін отырғандар. Қазір ауданда қанша қазақ халқы барын ешкім дөп басып айта алмайды. Қаншама отбасы тарихи Отандарына көшіп кеткенімен, олардың орнын туып, өсіп жатқан ұрпақтың толтырып жатқаны анық.

«Көші-қон комитетінен күдерімізді үздік»

Енді осындай қиын жағдайда отырған жұрттың Қазақстанға ел қатарлы неге көшіп кетпейтініне тоқталайық. Олар көшкісі келмегендіктен емес, көшуге шамасы келмегендіктен отырғанын аңғарған боларсыздар. «Кедей болсаң, көшіп көр», дейді қазақ. Туып-өскен ортасынан бейтаныс жұртқа қоныс тебудің қаншалықты қиын екенін басынан өткерген біледі. Мұнда жетіп-жығылудың өзіне қанша-ма қаражат керек. Сатып, пұлдайтын олардың ештеңесі қалмағанын жоғарыда айтып өттік. Не онда, не мұнда жоқ қандастарымыздың хал-күйіне назар аударып, мұң-мұқтажына құлақ асатын бірден-бір мекеме қазіргі таңда көші-қон комитеті болып отыр. Осыдан бір жылдай бұрын осы құзырлы орынның басшысы Қабылсаят Әбішев мырзаға осы мәселеге қатысты хат жазған едім. Онда көші-қон комитетінде отырғандар квота берумен шектелмей, сырт елдердегі бауырларға барып, хал-жайын білулерін, тұрмыс-тіршілігімен танысуларын, көші-қонның қиындығын ұғындыруын, қалай көшіріп алудың жайын ойластырулары қажеттігін, комитет пен облыстардағы көші-қон департаменттеріне сол жақтан көшіп келген, ондағы елдің жай-күйінен хабардар, сауатты кісілерді қызметке алу-лары керектігін т.б. көші-қонға байланыс-ты пікір-ұсыныстарымды айтқанмын. Атүсті, сиырқұйымшақтандырып жазған жауабын алған соң, ол жақтан күдерімді үзгем. Өз күштерімен көшіп келіп жатқан кісілердің мұнда келген соң да көбісінің жағдайы мәз емес екенін көріп жүрміз. Әсіресе, көп балалы, хат-сауаты аздау, заңнан хабары аз, орыс тіліне шор-қақтау кісілердің құжаттарды дайындау кезінде зар еңіреп жүргенін көргенде, ішің қан жылайды. Қағазбастылықтан әбден зықысы шыққан. Көші-қон департаменті мен көші-қон полициясындағы отырған шенеуініктердің «айдап салынан», қарапайым заңдылықтарды дұрыс түсіндірмеуінен қаншама жан деліқұлы күй кешіп жүр. Көші-қон департаментіндегілер көші-қон полициясына бәле жапса, ондағылар бұларды кінәлап жатқанына да куә болғаным бар. Осындай шаруалардың талай арасына түсіп, қаншама ағайынға көмектескендіктен, бұндай жәйттерден хабарым баршылық. Қаншасы ұсталғанымен, квота алу кезінде делдалдық жасап жүретін пысы-қайлардың көздері әлі құритын емес. Сонда олардың департаменттерде танысы болмаса, бұл істі өздері қалай жүзеге асырады? «Нұрлы көш» бағдарламасы туралы мен барған Тамды ауданында білетін жан жоқ. Баспасөз құралдарын алмайтын, оны оқымайтын елді бұл бағдарламаның мәні мен мазмұны туралы қалай хабардар ету керек? Түптеп келгенде, бұл да көші-қон комитетінің атқаруға тиіс міндеті ғой. Үйде отырып, түздегінің халін қалай білесің ?! Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзіне бағынышты мекеменің атқарып отырған миссиясына көңілі тола ма екен? Осы көші-қон комитеті төрағасының оралмандар туралы жайсыз сөз айтып, көпшіліктен кешірім сұрағанынан да хабардармыз. Жырақта қалған жақыныңа қол үшін беріп, қатарыңа қосу үшін қолдан келетін шараны жасауға болады ғой. «Жетейін десе, жете алмай ...» жүрген қандастардың арасына барып, олардың қайсы аймаққа көшіп келетінін анықтап, тізім жасап, сосын көліктермен көшіріп әкелмесе, ондағы жұрт «қанатынан қайырылған құстың», «бауырынан айырылған ердің» күйін кешіп отыр. (Әуелі ондағы елмен келісім жасап, кейін көліктермен көшіріп әкелу әдісі 1995 жылы сол кездегі Жезқазған облысы Приозерск қаласында жасалған еді. Бұл әдіс өте ыңғайлы әрі жемісті болды). Ол жақта қалғандардың бәрінің де туған-туыс, құда-жекжаттары Қазақстанға көшіп келіп, жайғасып алған. Сондықтан олар да осы жаққа жетуді көксейді. Бірақ, істейтін амалы, жасайтын шарасы жоқ. Расын айтқанда, атанның жүгін арқалаған көші-қон комитетінің өз міндеттерін атқарудағы қауқарының қаншалықты екені осындай сын кезеңде сыналмақ. Оны да байқап көрелік! ..

kazakzaman.kz/.../newsDetail_getNewsById.act...


Бәйкен Тұраров
30-07-15 21:46
Тамды аруы

Әні Ш.Қалдаяқотікі.
Сөзі Қ.Мырзалиевтікі.

Жамалың жас көктемнің жамалындай,.
Жүрегің махаббаттың қамалындай.
Тамдының тамылжыған әнші аруы,
Лебізің таңның уыз самалындай, еркем-ай.

Қайырмасы:
Ебелектей жел аңсаған,
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған.

Сені ойлап құлазыған құла құмдай,
Заулайды қиял қырдың құланындай.
Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару,
Сол жердің мың бірінші бұлағындай.


Қайырмасы:
Ебелектей жел аңсаған,
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған.


Ілінген ғашықтықтың құрығына,
Әнімді құрбан еттім ырымына.
Мен қашан сүңгір екем мың бірінші,
Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа.

Қайырмасы:
Ебелектей жел аңсаған,
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған.

Бәйкен Тұраров
30-07-15 21:37
Тарихымыздың тамыры тереңде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен шетел мемлекетіне барғанда, сол елдің құрметті қонағы болатыны белгілі. Президенттік сый-құрметке сай таныстырылу кезінде көк байрағымызды көтеріп, Әнұранымызды орындағанда, бүкіл дүниежүзінде жасаушы қазақ бауырларымыздың көкірегінде қадірлі де, қымбат қазақ жеріне деген сағыныш рухы қалықтаса керек деп ойлаймын.Ал шетелдіктер қазақ халқының өзіндік бастау қайнары, түп төркіні қайдан шыққаны туралы білгісі келетіні анық. Осы орайда, біз өзіміздің ататегіміздің, рухани болмысымыздың мән-мағынасын толықтай аша алдық деп айта аламыз ба? Сол себепті ататегіміздің ежелгі заманына назар салып көрелік.

Елбасы өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біздің кіндігіміз жеті атамыздан ғана жалғасып жатқан жоқ, одан да арғы Үнді мен Ніл, Еділ мен Дон жағалауларына қазақ даласының рухын жеткізген бабаларымызбен де жалғасып жатыр. Осынау қанатын кеңге жайып, жанарын алысқа салатын қазақ рухы әзірше өз деңгейінде парақталмай келеді» дейді. Бұдан Елбасының қазақ халқын, қазақ тарихын бүкіләлемдік деңгейде таныту мақсатын көреміз. Бұл жайт, маған терең ой-пікірлердің арқауы болып, тарихи де­ректі әңгімелерді ізденуіме үлкен әсерін берді.
Тарихтың тұңғиық тереңіне көз салғанымызда, арғы тегіміздің көшпенді халық тайпаларынан шыққандығын білеміз. Осы орайда, көшпенді халық­тардың рухани тұрмыс әлемі туралы ежелгі заманнан бері кітап болып жазылып, біздің заманымызға дейін жеткен ең арғысы Тәураттағы жазуды (Библия), ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазған тарихи деректі әңгімелеріндегі, ежелгі қытай қолжазбаларындағы және шығыстанушы ғалымдардың жазған еңбектеріндегі, ерекше жазылған деректі әңгімелерді назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.
Мәселен, Тәуратта (Библия) былай жазылған: «Иеремия пайғамбар көшпенділерді (скифтерді) Құдайдың жіберген жазасы деп есептейді». (Так говорит Господь: вот идет народ от страны северной, и народ великий поднимается от краев земли; держат в руках лук и копье; они жестоки и немилосердны, голос их шумит , как море, и несутся на конях, выстроены, как один человек, чтобы сразиться с тобою (Книга священного писания к пророку Иеремии, глава 6).
Ал біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген «тарихтың атасы» деп ұлы атаққа ие болған ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазғандарында: «Бізге белгілі халықтардың ішінде тек қана скифтерге тән бір қасиет бар, ол біреуде болса адамзат баласының өмірі үшін ең мәнді қасиет сол. Еліне шабуыл жасаған дұшпанының бірде-бірін скифтер құтқарып көрген емес, егер өздері тізгінін тежемесе, оларды қуып та жете алмайсың» деген дерек бар. Геродоттың біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырдағы жазған қолжазбаларындағы скифтер мен көшпелі қазақтар арасындағы сәйкестікке назар аударып көрейікші. Мәселен, қолжазбада айтылғандай скифтердің киіз үйде тұратынын; қымызды мол ашытатынын; етті қарынға салып көмбе жасап жейтінін; бастарына киізсай шошақ тымақ киетінін; жауға аттанған батырды, келін болып түскен қызды, бесікке бөлейтін баланы, мәйітті салатын мүрдені, жаңа қонысты отпен аластайтынын; күлді киелі санап баспайтынын, әйел-ананы қатты қадірлейтінін, өлген адамның үйінен қаралы ту көтеретінін, жақыны өлген әйелдің бетін жыртып, шашын жайып жылайтынын, өлген адамның атын тұлдап жіберетінін, өлген адамға жыл толғанда ас беріп, еске түсіретінін және басқа да осы сияқты деректерін оқығанда, бүгінгі қазақтар сияқты көшпелі болған елдер туралы жазып отырғандай әсер береді.
Көшпелілерден мұра болып біздің заманымызға дейін жеткен тарихи қолөнердің киелі туындылары жөнінде, тарихымыз бен дәстүрімізді терең зерттеген марқұм Ақселеу Сейдімбектің «Сонар» атты кітабында: «Адам баласының тарихындағы ең көне өнер туындыларының бірі, қолөнер­дің жоға­ры сапалы оқшау түрін тарихшы, ғалым­дар, скифтердің жануарлар стилі деп атайды. Жасалған материалдары алтын, күміс, қола, қалайы, ағаш, жез, былғары, киіз, мүйіз болып кездеседі. Жануарлар стиліндегі өнер туындыларының алғаш қолға түсіріп, ғылыми пікірлердің айтыла басталғанына екі ғасырдай ғана уақыт болды.
Көпшілікке белгілі, 1714 жылы I Петр өте сирек ұшырасатын заттардың, бұйымдардың, өнер туындыларының және тіршілік құбылыстарының мұражайы Кунсткамераны ашып берді. 1718 жылы арнайы жарлық шығарып, онда: «...кімде-кім жер бетінен, су түбінен көне зат тапса, ерекше жасалған ескілікті мылтық, ыдыс-аяқ сияқты таңғалдыратын бұйым­дар тапса, әкелгені жөн, ол үшін зат­тың құндылығына орай сыйлықтар беріледі» деп жазды. Кешікпей-ақ, Сібірдің, Қазақстан мен Орта Азияның байтақ даласындағы қорған-төбелерден алынған бұйымдар Кунсткамераға ағылып түсе бастады. Тіптен аз уақыт ішінде Сібірдің, Қазақстан мен Орта Азияның аяқ жетер жеріндегі қорған-төбелер, көне бейіттер оңай олжа іздегендердің талауына түсті. Көне мүрделердегі екі-үш мың жыл бойы тұяқ серітпей жатқан алтын киімді мәйіттер бір-бір аунап түсті» деп жазған деректі әңгімелерінен ата-бабаларымыздан несібемізге біткен құнды тарихи жәдігерлеріміздің аяқас­ты болып, кім кө­рін­геннің қолында кеткендігі көрініп тұр.
Қазақстан мен Орта Азия жерлерін­дегі көне заманның ескеркіштері деп тау-тастардың беттеріндегі жазылып қалған суреттерді де айтуымызға болады. Аспан астында тарихи құнды жәдігер болып, тау беттеріндегі сурет­­тердің мекенжайларының бірі, Әмуда­рия өзенінің солтүстігінде, Сырдария өзенінің төменгі жағалауында «Тауелібай жері» деп аталған Қызылқұм өңіріндегі, Бохан таулары мен Ерлер ата тауларында сақталынып қалған суреттер көп нәрседен хабар береді. Археолог-ғалымдардың ғылыми жағынан тексерулері мен есептеулері бойынша, тау беттеріндегі суреттер біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын көшпенді халықтардан қалған жәдігерлер деп дәлелденген. Осы аталған аймаққа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ә.Марғұлан атындағы Археология институтынан археологиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізсе дұрыс болар еді. Тарихи құнды жәдігерлерді, несібемізге бұйырған киелі, қасиетті жәдігерлер деп санап, қорғау - біздің борышымыз.
Міне, осындай тарихи айғақтар мен деректерден-ақ Еуразияның кең даласына қоныстанған бабаларымыз біздің заманымызға дейін біртұтас көшпелілер империясын құра білгендігі анық. Темір Бекмамбетов, Егор Кончаловский, Сатыпалды Нарымбетов және Қытай Халық Республикасының режиссері Жанар Сағатқызы сияқты атақты режиссерлер бірге бас қосып, арнайы тарихи құжаттарға негіздей отырып «Ежелгі көшпенділер» атты көркем фильмге киносценарий жазып,қазақ киносын бүкіләлемдік экранға шығаруымыз керек. Бұл Алаш үшін мақтан тұтар дүние болар еді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі көшпенділер тарихындағы ең көне қолөнер «скифтердің жануарлар стиліндегі» туындыларын, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекет­тік мұражайынан арнайы көрме ашып, тарихи құнды жәдігерлерді халыққа, келген қонақ туристерге көрсетіп, насихаттау керек.

Ақылбек Жолай
Науаи облысы,
Өзбекстан Республикасы
Бәйкен Тұраров
30-07-15 21:30


Тауелібай ақыны жадымызда жаңғырды

Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданы, қазіргі Майлыбас ауылының Қара дария бойында өмірге келген тоқа руының арда ақыны Бердалы Оразалиевтің биыл туғанына 100 жыл толуына байланысты Шахтинск қаласында еске алу кеші өтіп, ас берілді
Шахтинск қаласының No9 жал-пы білім беру мектебінде ақынның құрметіне арнап өткен қазақтың ұлттық спорттық ойындарын Бұқарбай және Әділбай Шілмановтар жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жеңімпаздар ақынның немерелері Қанафия және Шыңғыстың демеушілігімен бағалы сыйлықтарды еншіледі. Келесі күні кеншілердің мәдениет сарайында ақынның әлі сиясы кеппеген «Қасқа асу» атты жыр жинағына арнап өткізілген презентациялық бағдарламаны Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Балтабай Ибраев жүргізіп, еске алу кешіне жиналғандарға ақынның өмір жолын, еткен еңбектерін, әсіресе поэзияға қосқан үлесін атап өтіп, Бердалы Оразалыұлының жүрегін жарып шыққан жырларында поэтикалық тәсіл мен ұтымды сөз қолданыстары орын алғандығын, бүгінгі ұрпақ үшін өте маңызы зор құнды мұра екенін өткір тілмен жеткізіп берді. Шахтинск қаласының тұрғыны, ақынның ұлы Телжан Оразали-ев өз әкесі жайында естеліктерді паш етіп, «егер мен әкемдей ақын болғанымда оның шығармаларын әлдеқашан кітап етіп шығарар ма едім» деп өкінішін білдергенмен, «ештен кеш жақсы» дегендей, кештеу болса да әкенің жырлары жинақ болып шығып отырғанына өз қуанышын, ырзашылығын жайып салып, атаулы асқа қаумалап кел-ген жұртшылыққа шексіз алғысын жеткізді. Шын мәнінде ақынның жырлары бүгінгі күнде Балтабай Ибраевтің қолдауымен жинақ болып жарыққа шығып отырғандығынан көпшілік бейхабар еді. Онан соң ақынмен, оның өмірімен жете таныс азаматтарға сөз берілді. Өзбекстан Республикасының Ұшқұдық ауданында аудан әкімінің орынбасары, жас ұрпаққа сапа-лы білім, саналы тәрбие бруде ұстаздардың көшбасшысы болып, білім беру саласын басқарған ағамыз Молдабек Сейтназаров ақын жай-лы ой иірімдерін тарқатып, жұртшылықты толғандырды. Ол кейін атажұртқа оралып, қазіргі күнде Степногорск қаласында мемлекеттік тілді оқыту орталығының директо-ры қызметін атқаруда.- Зымырап өткен уақыт көп нәрсені көңілден көмескілендіреді. Кезеңі келгенде көңіл көкжиегіндегі кейбір оқиғалар сағынышпен еске алынып, жан жады-ратардай жаңғырады. Ондайда көңіл әуені сан – саққа шарықтап, ардақты азаматтардың абзалдығымен, қымбат та ұмытылмас мінез – қасиеттерімен, ақыл – кеңестерімен, елдік намыс – мүдделерімен қайта табы-стырады. Тарих қойнауына қайырылмастай боп сіңген сонау бір кездер нақпа – нақ жауһар күйінде жәудіреп еске келіп, еңселендіреді, – деді Молдабек ағамыз өткен күндер жай-лы үзік сырларды ақтарып. Жаны жайсаң, өзгелерге қолқабыс етпесе, ешқашан ауыртпалығы түсіп көрмеген ақын Бердалы Оразалыұлы жайлы естеліктер жа-зып, шығармаларын көпшілікке насихаттауда еселі үлес қосқан Қыдыр Өтебаев та тебірене сөз маржанын ақтарып, ақынның жанды жадыратар өлеңдеріне талдау жа-сап, жоғары баға берді. «Ескі көздер бара жатыр азайып, (Олар жайлы ойламаудың өзі айып). Ей, тірілер! Соларды бір еске алып, тебіренейік, толғанайық, жазайық!» деген ақиық ақын Мұқағалидің жырын мысалға келтіріп, ақынның жырларын әсәресе Тауелібайлықтар ұмытпауы тиіс екенін қадап айтты. Сондай–ақ, Қазақстан және Өзбекстан журналистер одағының мүшесі, Тауелібай халқына аянбай еңбек еткен, 18 кітаптың авторы Жүсіп Әлқожаев ақын жайлы білетін қызықты оқиғаларымен бөлісіп, ағаның тағылымы мен өнегеге толы қалдырған мол мұрасын кейінгі толқын інілер көз қарашығындай сақтай білуі қажеттігін ұқтырды. Сонымен қатар, «Степногорск таңы» газетінің редакторы Полат-бек Жанбаев ағамыз да ақынның өлеңдері ұрпақтан – ұрпаққа тарап, көкейлерде жаттала беретіндігіне сенім артып, ақжарма тілегін білдірді. Расында да жыл өткен сайын ақынның жырларын жатқа оқушылар да, әуенге салып шырқаушылар да әсте көбейіп келеді. Олардың басым көпшілігін жастар құрайды. Солардың бірі - Сәбит Дабылов бола-тын. Ол залда отырғандарға Бердалы Оразалиевтің бажасы, сөз зергері Ләтіп Мірәшімұлына өлеңдетіп жазған хатын әнмен айшықтап, залда отырғандардың қошеметіне бөленіп, қанын қыздырды. Сол сияқты көпшілік қауымды күміс көмей әуенімен көңілдерді тербей білген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Алмас Алматов та ақын жайлы құнды ақпараттар мен деректерді айта келе, ақын Бердалы атамыздың сөзіне жазылған әндерді шырқап берді. «Артыңда ізі қалды еңбегіңнің, жетілді ұрпақтарың жасыл желек. Біз сізге дұға оқып бағыштаймыз, тұрсын деп әрқашан да желеп - жебеп» деп ақын жырлағандай, бала-уса үнімен сахнада іркілместен бірнеше өлеңдерін жатқа оқып берген Берда-лы ақынның шөбересі Бейбарыстың өнеріне таңғалмаған жан қалмады. Ақын шығармаларына арналған шарадан соң көпшілік қауым Шахтинск қаласының «Арман» мейрамха-насында өткізілген астан дәм татып, ақын рухына бағышталып аят оқылды. Бір айта кетерлік жайт, ақынды еске алуға арналған кеш алдағы 24 қыркүйек күні Қарағанды қаласындағы Жайық Бектұров атындағы жасөпірімдер кітапханасында жалғасын таппақ. Шахтинск қаласында атап өтілген ақын мерейтойының қорытынды сәтінде өзегім жалынға шарпылып, ақынның талмас тегеурінді қасиетке ие болған мұрасы қазақы рухымды тасытты. Ақын жүрегінің жылуы сол ыстық табымен ысындыра түсіп, жазған жырлары айна қатесіз өмір күйін шертіп жатқандай сезімде бол-дым. «Паһ, шіркін, өтіп кеткен қандай тамаша дәурен–ай! Сол ақынға мен де ұқсап бақсам ғой» дей бердім ішімнен.
А.Тұржанов.



29 тамыз 2014 жыл, No 34. «Шахтинсий вестник» газеті


Бәйкен Тұраров
30-07-15 21:19
84(5Қаз)6-5
А 40

Алдашева, Р.
Тауелібай - тал бесік [Текст] : (жыр жинағы) / Р. Алдашева ; ред. Қ. Нұрбаева. - Ташкент : Шарқ, 2001. - 111 с. - 150.00 р.
ББК 84(5Қаз)6-5
Рубрики: ХХғ. қазақ әдебиеті шығармалары (1917-). Поэзия жанры
Кл.слова (ненормированные):
лирика -- шабыт -- туған жер


Доп.точки доступа:
Нұрбаева, Қ. \ред.\; жергілікті автор, өлкетанулық материал
Экземпляры всего: 1
ОК (1)
Свободны: ОК (1)
Бәйкен Тұраров
30-07-15 21:17
9 мамыр. Келіншектің көз жасы


Оқырманымыз Қарашаш Тыллабаеваның жолдаған естеліктерін қабыл алыңыздар.

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының зардабы халықтың жанын жаралап кетті. Немістердің ылаңы осы күнге дейін ел есінен кетпей, жаңғырып тұр.

Жау жағадан алғанда Отанды қорғауға талай боздақтар аттанды. Сондай жігіттердің бір тобы Тамды ауданынан 1943 жылдың жазында 500 бала болып аттанған. Сол жауға қарсы көкіректерін тосып бара жатқан ерлердің арасында менің атам Тілләбай да болған.

Қызылқұм шөлі шексіз жатқан кең дала. Оның Тауелібай деп аталатын жалпы атауында да сыр бар. Құм жалдардың бір шеті таулармен астасады. Ол тауларда Менделеевтің кестесіндегі барлық байлық бар дейді. Алтын мен уранды айтпағанның өзінде басқасы да жетіп артылады.

- 500 бала болып соғысқа кеттік, - дейтін атам өз әңгімесінде. – Мен «Ақтау» колхозында түйе бағатынмын. Жетім өсіп, жалғыз шешеме қамқор болып енді ес жия бастаған кезім. Бір үйден 3-4 жігіт соғысқа кетті. Біреудің жалғызы да сол қатерге бара жатты. Қыңыр деп аталған ауылдан 20 бала ұрысқа кетіп едік, содан тек екеуміз ғана аман оралдық.

Атамның әңгімесі мұнымен бітпейтін. Сол соғысқа кетіп бара жатқан жігіттерді шығарып салған адамдардың қарасы жер қайыстырыпты. Аудан орталығы Тамдыдан аттанған боздақтарды жыламай шығарып салу мүмкін болмаған. Атамның қолтығына Оңайбике әжем туған жердің топырағынан бір шөкімін орап, тігіп беріпті. Осы сені қорғайды десе керек.

- Бір жігіттің үйленгеніне 20 күн болған еді, - дейтін атам сосын өз сөзін жалғап, - сол жігіттің келіншегі осы топта көп жылады. Жаңабаевтар отбасынан 3-4 бала кетті. Түйеге мініп, қалғандары жаяу-жалпы Аяққұдық деген ауылды бетке алып жүріп кетті. Одан әрі пойыз келетін Кермене деген бекетке барады. Әскери комиссарияттың алды адамға толды. Онсыз да аштық ауылды аралап жүрген болатын. Жұрт барын сол боздақтардың аузына тосып, қалғанын жолдорбаларына салып жатқанын көресіз. Әлгі келіншектің аты Күнбике екен. Жаңа қосылған ері Тоқтасынды қимай жылап жатқан жайы жан ауыртады. Басқалар да қарап жатқан жоқ, мұңаймаған адам қалмаған.

Күнбике аудан орталығы Тамдыдан асып тау ішіндегі ауыл Қыңырдан, одан әрі Кедер деген жерден асып, боздақтар кетіп бара жатқан керуеннен қалмады. 20 шақырымды мына жерде жаяу басып өтті. Тоқтасын да оның жанынан қалмай, жұбатып әлек. Келіншектің көз жасы тыйылмай қойды. Басқалар да мазасызданып, мұң басқан жанарларын сулайды.

Түйелі керуен ұзай берді. Бір кездерде шаршап жығылған келіншек Тоқтасыннан ажырап, жер құшып қала берді. 500 бала сапында болған жас жұбайы өзін әрең ұстап келеді.

Сол кеткеннен атамдар Аяққұдықты басып өтіп, Керменеге де жеткен. Самарқанға дейін барып, сол жерде айлап соғысқа дайындалыпты.

Күнбикенің көз жасы бәрінің есінде қалып қойған сыңайлы. Жігіттердің бәрі Тоқтасынға қамқорлық көрсеткісі келеді. Ол да жарын қимай, жанын жегідей жеп жүрсе керек.

Қырғын соғыс ешкімді аямаған. Қолына қару алған атамдар немістерді көрсе арқаланып, өлімнен жасқанбай жауға шауыпты.

Оңайбике әжем әулие кісі еді дейді. Атамның қолтығына тігіп берген топырағы баласын жат жерде жау оғынан қорғап қалыпты. Екі рет жарадар болған. Бірде аяғын жанаған оқ жамбасынан тисе, енді бірде бүйірін снаряд жарқыншағы ойып түсіпті. Сонда да аман қалған. Әскери дәрігерлер таңырқап, атамның қалай тірі қалғанына ауыздары ашылыпты.

Сонда қарша бораған оқ жауынының астында шанамен санитаршы иттер келіп атамды алып кетіпті.

Келіншектің жұбайы Тоқтасын сол соғыста аман қалмады. Келіншектің жылайтындай да жөні бар екен.

Жарадар болып елге қайтып келе жатқан Тілләбай атам жауға кеткен есесін қалайда қайтарсам деген оймен мазасызданыпты. Тоқтасынды шағарып салған Күнбикенің зары әлі көз алдында. Енді сол келіншекті көрсе, не деп жауап береді. «Тоқтасыным қайда қалды?» десе бұл жер шұқымайды ма?

500 баланы қалай шығарып салса, жарадар болып елге оралған атамды Тамды тұрғындары дәл солай қарсы алыпты. Бірінші жарадар болып елге оралған біздің атамыз екен.

Оңайбике әжеміз түс көріпті. Қасында қоңсы отыратын Жақыпбай деген шалдың Жарылқасын деген баласын да түсінде көргенін айтқан. Соны айтқанда шал байғұс сене қоймапты. Қыңырдан кеткен 20 жігіттің ішінде тек Жарылқасын мен менің атам ғана аман келген соғыстан. Сонда Жақыпбай қарт әжеміздің маңдайынан сүйіпті әулие екенсің деп.

- Бір келіншек елден бөлек жүгіріп келеді екен, - дейді атам, - Тоқтасын қайда, Тоқтасын?!

Елге деген сағынышын арқалап келе жатқан жаралы жауынгер оны әудем жерден таныды. Білді де, не деп жауап берерін білмей тоқтап қалды. Қос балдағына сүйеніп үнсіз қалшиып қатыпты.

- Тоқтасын госпитальда жатыр...

- Ол не деген сөз, аман ба өзі?

- Аздап жарақаттанған, келіп қалады ертең-ақ.

- Жаным! – деп өз ерін көргендей Күнбике аяғы ақсақ Тілләбайды құшақтап жылап жіберді. – Келетіні рас па, алдамайсың ба, қашан шығады жолға, немістер жеңілді ме?

Көп сұрақтың астынан шыға алмай қалған атамыз басқа адамдардың маңына жақындап келгенін де сезбей қалыпты. Өз анасы анадай жерде құстай ұшып келеді екен дейді.

Күнбикені амалсыз алдағанын атам мазасызданып айтып отыратын. Бақытсыз болып қалған жас келіншек кәрі қайын атасы мен енесін бағып талай жылды өткізіпті. Жолға қарап, соғыс даласынан келген «Қара қағазға» сенбей, екі көзі төрт болған деседі. Атамнан қайта-қайта сұрап, Тоқтасынын сағынып жүргенін жасырмайтын.

Ел болып құдажолы дұғасын жасағанда «Тоқтасыным келеді, сендер неге бата жасап жатсыңдар?» деп елдің мазасын алыпты байғұс келіншек.

Тұрғындары түгелдей қазақтар болған Тамды тарихын таразылағанда сол 500 бала соғысқа кеткен 1943 жыл амалсыз ойға оралады. 500 бала дегенше келіншегі еңіреген Тоқтасын еске түседі. Жаны ауырған атам байғұс келіншектің көз жасын өле-өлгенше ұмыта алмай кетті. Қайыстай болып қатып қалған қара келіншек қарғыс атқыр соғыстың қасіретіне мойымай барынша шыдап бақты дейтін.

Жолдаған, автор: Қарашаш Тыллабаева, Степногорск қаласы
massaget.kz/arnayyi_jobalar/9.../25515/

Бәйкен Тұраров
30-07-15 21:05
Шәмші Қалдаяқовтың Өзбекстанның Тамды ауданында болуы

Өзбекстанның Бұхара облысы Тамды ауданыда жасайтынбыз. Тамдыны Тауелібай деп те атайды. Тамды ауданы негізі қазақтың жері болса да, Кеңес өкіметін орнату кезінде Өзбекстанға беріліп кеткен. Аудан халқы - кіші жүздің Шөмекей аталығына жататын қазақтар.
25 ақпан, 17:13/ 426 / 1
Шәмшіні білмейтін қазақ жоқ. Ал оның әндері төрткүл дүниені кезіп жүр. Сол атақты өнер иесімен бір болған азаматтың әңгімесіне назар аударсақ, арада өткен 41 жыл ештеңені ескірте алмайды.

Атақты ағамен сапарлас болған қылыш телғараев ағамыз сөзін былай бастады:
-Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басында маған қазақ вальсінің королі, қазіргі егемен Қазақстанның мемлекеттік әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқов ағамызбен бір күн сапарлас болу бақыты бұйырып еді. Атақты Шәмшімен кездесіп, сұхбаттасамын-ау деген ой ол кезде өңім түгіл түсіме де кірмеген болатын. Бұл сапар сол кездегі студентке аспаннан түскендей бір сый болды. Енді сол кездесу жайлы естелігімді оқырман қауымға жеткізуді жөн көрдім.

Ол кезде біз Өзбекстанның Бұхара облысы Тамды ауданыда жасайтынбыз. Тамдыны Тауелібай деп те атайды. Тамды ауданы негізі қазақтың жері болса да, Кеңес өкіметін орнату кезінде Өзбекстанға беріліп кеткен. Аудан халқы - кіші жүздің Шөмекей аталығына жататын қазақтар, басқа ұлт өкілдері жоқтың қасы. Бүгінгі күнде біздің елдің халқы жүздеген жылдар аялап сақтап келген тіліне, ұлттық болмысына, жас ұрпақтың болашақ тағдырына қатер төнген соң, атамекеніміз Қазақстанға қоныс аудара бастады. Мен де 2007 жылдан бері Қазақстанда, Ақмола облысының Степногорск қаласында тұрып жатырмын.

Иә, Қылыш ағамыз осы әңгімені тағы жалғады. «1974 жылдың жазында ауданымызға Шәмші Қалдаяқов келді. Шәмшіні еліміз төбесіне қойып күтті, ауданның біраз шаруашылықтарында, өңірлерінде болды. Шәкеңнің ауданда жүргенін естігеніммен, ол кісімен кездесе алмаған едім. Ұмытпасам сол жылдың 3-қыркүйегі болу керек, Тамдының әуежайында Шәкеңді ауданның басшылары шығарып салып тұр екен. Тамдыдан Бұхара арқылы Ташкентке ұшақ қатынайтын. Сол күні менде Ілияс Талқанбаев деген жолдас жігітпен бірге Ташкентке ұшпақшы едім. Ол кезде біз Ташкентте институтта оқитын студентпіз. Құдай сәтін салып Шәкеңмен Ташкентке дейін жолдас болып қалдық. Ұшаққа шыққан соң дереу Шәкеңнің жанына отырып алдым. Әңгімелесіп кеттік. Бастапқыда атақты адаммен қалай сөйлесуді білмей қысылыңқырап едім, сөйлесе келе үйренісіп кеттік. Өте қарапайым кісі екен. Шәкең Тамды халқының қонақжайлылығына, қазақтың әдет-ғұрпын сол қалпында сақтап қалғандығына өте риза екенін айтты. Тамды туралы бір ән шығарамын деп халыққа уәде бердім деді».

Сөз арасында бір аталары Бұхараның атақты Көкелдаш медресесінде оқығанын, сол жерді көре алмай бара жатқанын айтып қалды. Елге барған соң «атаң оқыған жерді көрдің бе» деп сұрайды-ау деді. Маған бір тосын ой келді. Ұшақ Бұхарада 20 минут тоқтайтын. Әуежай қаланың шетінде орналасқан еді. Осы аз уақытта Шәкеңе Бұхараны, Көкелдаш медресесін көрсетпек болдық. Ұшақ қонған бойда Ілияс жүгіріп барып такси ұстады да, мен Шәкеңді ертіп барып, машинаға отырдық. Жүргізушіге бар-жоғы жиырма минут уақтымыз барын, сол уақытта Көкелдаш медресесін, үлгерсек Бұхараның басқа да жерлерін қонаққа көрсетейік дедік. Жылдамдатып жүріп келіп ең бірінші Көкелдаш медресесін көрсеттік, ішке кіруге уақыт тығыз. «Атаңыз осында оқыған» дедік. Сағатқа қайта-қайта қарай отырып, жүргізушінің жәрдемімен Бұхара әмірінің сарайын, басқа да тарихи ғимараттарды тек сыртынан ғана көрсетіп таныстырып өттік те, әуежайға қайта тарттық.

Ұшағымызға кіріп отырған соң Шәкең біздерге қарап: «Мен елдеріңнің көрсеткен құрметіне риза болып келе жатыр едім, ал мына сендердің көрсеткен қызметтерің бір бөлекше сый болды-ғой. Енді мен ұялмастан атамның оқыған медресесін көрдім деп барамын» деді. Ол кезде Шәкеңнен қайсы атасы Бұхарада оқығанын сұрамаған едім, кейін анасының ағасы Шәді төре Көкелдашта оқығанын интернеттен оқып білдім.

Ұшақта отырғанда Шәкең: «Құдай қаласа көктемге дейін Тамдыға арнап ән шығарамын» деді де, төс қалтасынан бір әдемі қыздың суретін шығарып, ойланып қарап отырды. Ол сурет туралы сұрауды әбес көріп, сұрамадым.

Ташкентке келген соң қаланың орталығындағы субұрқақтың маңында естелік үшін фотосуретке түстік. Ол суреттер менде сақтаулы. Жерлесіміз Жүсіп Әлқожаұлының 2008 жылы шыққан «Замандастар, тұстастар» деген кітабында басылып та шықты.



Суретте солдан оңға қарай: Ілияс Талқанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Қылыш Телғараев. Ташкент қаласы 1974 ж.

Шәкең Алматыдағы мекенжайын бізге жазып берді, біздің мекенжайымызды өзі жазып алды. «Тамды туралы ән шыққан соң әуелі сендерге жіберемін. Жолдарың түсіп Алматыға бара қалсаңдар үйге міндетті түрде келіңдер, енді мен Сарыағашқа барамын» деп, бізбен қоштасты.

Келер жылдың көктемінде Алматыда тұратын жерлесіміз Пәнсат деген ағай Ташкентке келіп, Ілияс екеумізді іздеп тауып: «Шәмші ағаларың Тамдыға арнап «Тамды аруы» деген ән шығарды. Ол әнді Тамдының қызысың ғой деп Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазы» ұлт аспаптар оркестрінде шаңқобызшы болып жұмыс істейтін менің жұбайым - Гүлсара Елубайқызы Піржановаға ең алғашқы рет орындатып, таспаға жазып беріп жіберді. Өзбекстанда алдымен Ташкенттегі Қылыш, Ілияс деген студент жігіттерді тауып, соларға тыңдатарсың, сосын еліңе апарарсың деп қатты тапсырды» деді. Сол әнді Ташкентте оқып жатқан бір топ Тамды жастары болып рахаттана тыңдадық, таспаға жаздырып та алдық. Шәкеңнің бізге берген уәдесін ұмытпағаны үшін риза болдық. Пәнсат аға әнді алып Тамдыға кетті де, бұл ән Тамды халқына дереу тарап кетті. Бұл 1975 жылдың көктемі еді.

Сол кезден бері Шәмші Қалдаяқовтың «Тамды аруы» әнін бірқанша әншілер орындап келеді. Қазір Гүлмира Ақүрпекова түпкілікті орындап жүр. Сол орындаушылар мен тыңдаушылар осы әннің тарихын біле жүрсе екен деген оймен қолыма қалам алдым. Әннің шығу тарихы жөнінде кейінгі кездері баспасөзде, интернетте әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбіреулер ән Жамбыл облысы Қаратау етегіндегі Тамды деген жерге арнап шығарылған десе, басқалар ән «Отырар сазы» оркестрінде істейтін біздің Тамдының қызы Гүлсараға арналған дейді.

Шәмші аға Алматыға келген соң осы әнді шығарып, ғажайып ақын Қадыр Мырза Әліге сөзін жаздырған. Қадыр ақын сол кезде Тамдыны көрмесе де, Шәкеңнің суреттеуімен әп-әдемі сөзін жазып берген. Әнге жарасып-ақ тұр. Бұл туралы Қадыр ақынның естелігін оқығанмын. Қадыр аға 1990 жылы атақты жырау балқы Базардың 100-жылдық тойында Тауелібайдағы Тамдыда болды. Сонда өзі осы әнге қалай сөз жазғанын тамдылық ақын-сазгер Бейсенбаев Календар ағайға айтып берген екен. Ол енді бөлек бір әңгіме.

Мен Шәмші ағаның өз аузынан «сендердің елің Тамды туралы ән шығарамын» дегенін, сол әнді шығарып, арнайы бізге, біздің елге жібергенінің куәсімін. Сонымен, Шәмші аға біздің елге берген уәдесін орындап, «Тамды аруы» атты әні дүниеге келген еді. Негізі осы ән ұшақта Шәкең суретін төс қалтасынан алып көріп отырған біздің Тамдының бір ару қызына арналған болу керек деп ойлаймын. Ол сурет әлі күнге дейін тап кешегідей көз алдымда. Сол қыз туралы кезінде Шәмші ағадан сұрамағаныма өкінемін.

«Тамды аруы» әнінің мен білетін тарихы осындай. Ал енді «басқа тамдылықтар» ән біздің жерімізге арналмаған екен деп ренжи қоймас деп ойлаймын. Шәмшінің қай әні болса да қазаққа ортақ, өлмес әуендері қазақтың аспанында қалықтай берсін.

Ал мен Шәмшідей тарихи адаммен аз уақыт болса да бірге болғанымды, сұбхаттасқанымды, естелікке бірге суретке түскенімді мақтан тұтамын».

Қылыш Телғараев осы әңгімені қызықты етіп айтудан жалықпайды. Біз де оны қалың оқырманға жеткізуге асықтық.



Полатбек ЖАНБАЕВ,
Степногорск қаласы, Ақмола облысы
"Kazaitys.kz"

Қ.Сұлтанов
22-07-14 08:46
Туған жерім – Тауелібай

Өзіңді, Тауелібай, біледі еркең,
Табиғат таптырмайтын міне көркем.
Қызылқұм туған жерім Тамдыбұлақ,
Төсінде төрт түлік мал түгел өрген.

Өз әнін жүзгендерге қосып изен,
Қойшыны келіншегі тосып үйден.
Құшағын ұрпағына кеңге ашып,
Құм жалда сексеуілі басын иген.

Түссе де қыста сирек ақша қары,
Мал барда ойландырмас ақша қамы.
Тентекті сотқа емес, тезге салып,
Түзетер ауылымның ақсақалы.

Мен қалай тұйғының боп алға ұшпайын,
Өзіңе айтылатын алғыс дайын.
Сен үшін күресуге тағы бармын,
Қынынан суырылған алмастайын.

Қарашаш Тыллабаева.

Қ.Сұлтанов
22-07-14 08:42
Тауелібай

Таптатпаған тұлғасын, намысын да,
Мүлде кетіп көрмеген салы суға.
Тауелібай төлімін-тұғыр берік,
Тұлпар-тұяқ табы бар шабысымда.

Аралаған елімді Қызыр бабам,
Қойнауы құт-Қызылқұм. Қызыл далам.
Бабалардан ұрпаққа мұра қалған,
Дәстүрім бар қаймағы бұзылмаған.

Тілін, салтын ширатқан сана, термен,
Ұрпақ өсіп келеді дана көрген.
Тауелібай халқына батыр Баукең:
«Нағыз қазақ осы»-деп, баға берген.

Есті ұлдары, арына шоқ қалаған,
Арулары ардан еш аттамаған.
Шабытына Шәмшінің қанат берген,
«Тамды Аруы»н жан бар ма, жаттамаған!?

Татулыққа дақ түссе Отанымда,
Маған бөтен байлық та, атағың да.
Өзімді ерек бақытты сезінемін
Орным болса осы елдің қатарында.

Маркс Піржанұлы. 25.04.2012 ж. Кенимех ауданы.

Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
22-07-14 07:27
ТАЛАНТ ТАҒДЫРЫ
немесе әдеби ұрлықты реминисценциядан ажырата білейік

Қайтеміз, өткен шақты айтамыз да. Шын мәнінде де Өмірзақ Қожамұратов алдыңғы қатар ақындарды айтпағанның өзінде, қалың жыр сүйер қауым сағына күткен ақын еді. Бірақ, оны елеп-ескермей, тіпті, одан да тереңдете айтсақ ұмыт қалдырып, сыртқа тепкен өзіміз. Ия, бірлі-екілі аға ақындарымыз оның алғашқы аяқ алысына қуанып, үміт артқанын айтпасақ, онда, оларға қиянат жасағанымыз. Мысалы, аға-ақын саналған Әбділда Тәжібаев: «Өмірзақ арналы да ойлы лирик болатын нышан білдіреді, жақсы үні мен жақсы сырлары бар әуезді үндері оқушыны сезімге бөлейді, әсем ырғақтар бесікше тербейді. Әр алуан суреттер елестеп, әр алуан дыбыстар ойнайды. Өмірзақ әлі жас. Оның қазіргі жырлары қуантса, болашағы зор үміт күттіреді», – дегенде, оны көпшілік аға-ақындарымыз жас қаламгерге берілген артық «аванс» ретінде қабылдаған. Тіпті, жас ақындарды көрсе елден бұрын елпектейтін Әбу Сәрсенбаев ағамыз болса: «Өмірзақтың бойында ақынға тән байқағыштық, суреткерлік бар», – дей келіп, ақынның сыршылдығына баса назар аударғанын Әбділда Тәжібаев пікірімен үндестірсек, онда Қожамұратов назардан тыс қалмаған сияқты көрінер. Бірақ, соған қарамай осы бір мақтаулардан кейін-ақ ақын шығармашылығына үмітпен қараушыларға қарағанда, қызғанышпен қараушылардың саны артпаса кеміген жоқ. Оны өз қатарлары Оспанхан, Мұқағали, Свет Оразбаев, Ізтай Мәмбетов, Зейнолла Серікқалиев, Сейфолла Оспанов, Дулат Исабеков сияқты әріптестері де назардан тыс қалдырған жоқ. Соған қарамай ақынның өлеңде де, өмірде де шын мағынасындағы бағы ашыла қоймады. Егерде ашыла қалған жағдайда Мұқағали Мақатаев ол туралы: «Осы пақыр әзірге пойызға билетсіз мінген адам тәрізді. Өз құрбыларының қатарынан орын тимей-ақ қойды осыған, бірде-біріміз оған кел деп те, кет деп те ниет білдіре алмадық. Мынау барың, мынау жоғың демедік. Бұған Өмірзақ тұрарлық еді», – демес еді ғой. Көзі тірісінде бірлі-екілі ағалары мен қатарларының көңіл шуағына ілінген ақын өзін қалған әріптестері мен оқырмандарына толық дәлелдей алмады. Өйткені, оның алдында «қызғаныш» атты алдырмайтын алып тау жатқан болатын. Ал өмірден өткен соң «көзден кеткен адам көңілден кетеді» деген принцип өз дегенін істеді. Әлі де солмыз. Тек бүгін ғана Қали Жолдасов деген азаматтың мұрындық болуымен тілге тиек етіп, әңгіме етіп отырмыз.
Неге Өмірзақ Қожамұратов көзі тірісінде де, өмірден өткеннен кейін де елдің де, ақын қатарларының да есінен жазықсыз, қисынсыз, орынсыз аты-жөні жоқ шықты. Оны көзі тірісінде көріп-білгендер оның ірі ақын екенін білді. Бірақ, оның ақындық тұлғасын көзге іліп, сөзін кұлаққа кыстырмады. Қазақ поэзиясына шын, шынайы таланттар аздық етпейді. Қазір де оны Мұқағали, Төлеген сияқты асқақтатып айтсақ неміз кетер еді. Қызғанып, бөліп жаратын ештеңе жоқ. Әйтпесе ақын Өмірзақ:
Біле кет!
Ақылдан адасқандардың,
Ажалдан адаспайтынын.
Тақ үшін таласқандардың,
Табытқа таласпайтынын,
– демес еді ғой. Бұл – қазадай қасіретті де, табыттай ауыр да, тотияйындай уытты да ащы өлең жолдары. Күнделікті көп шындыктан биік, терең, кең, иманға негізделген ұғым түсініктегі жалқы ақиқатқа ден алдырған жыр жолдары. Міне, осындай ақын неге ұмытылып, ауызға аз түседі. Бірлі-екілі жастарымыз болмаса, олардың көпшілігі Өмірзақ Қожамұратовтай ақын бар екенін білмейді. Яғни, біз әлі күнге дейін белгілі бір тізімнен шыға алмай, көргенімізден таңбай, ұстағанымыздан айнымайтын деңгейде ғана шын да шынайы ақындарыды іздейді екенбіз. Әйтпесе, Мағжанды жаппай біліп, ол ұстаз санаған, тіпті, оның тұңғыш кітабын шығарған Бернияз Күлеевті неге білмейміз. Сондай-ақ, Өмірзақпен үндескен Мұқағалиды, Төлегенді аузымыздан тастамай, тізімнен қалдырмаймыз да, Өмірзақ Қожамұратовты елеусіз қалдырамыз. Мен оған Меңдікеш Сатыбалдиев, Марат Отаралиев, Совет Оразбаев, Құдаш Мұқашев, Жүсіп Қыдыровты қосқан болар едім. Соған қарағанда біздің жадымыздың «шығармалық жиып-тергені «соқыр көргенінен жазбайдының» кері болса керек.
Сезім – дербес, жеке бастық құбылыс. Бір сөзді, бір ойды, идеяны бәріміз бірдей әр қырынан айтып, жаза беруіміз заңдылық. Бірақ, таңдану, мұңдасып, мұң кешу, қайғы-қасіретін тарту, лап етіп жанып, жалп етіп өшу сезімін әрқайсысымыз әрқилы, яғни, жеке дара дербес кешеміз. Оның куәсі – Өмірзақ, Мұқағали, Төлеген жырларындағы бір-біріне ұқсамайтын, кей тұстардағы алуан сырлы өлеңдер. Өмірзақ Қожамұратов поэзиясының ерекшелігі де сонда. Оның поэзиясы ешқандай мектептік деңгейге келмейді, не шәкірттік кезеңге жатпайды. Ақын жырын біз тағдырмен байланыстырамыз. Өмірзақ Қожамұратов жырының жалаң газет бетіндегі мақалалардай оқылатын өлеңдерден артықтығы – көркемдігінде, образдылығында, саздылығында.
Боз қырау түскен бозаңда,
Бозамық тұман көз жұмсаң.
Боз ала таңғы азанда,
Бусанып тұрды боз жусан.
Сан рет өліп, тіріліп,
Сарғайып кеткен өмір-ау.
Санаңда тұрған ілініп,
Бозторғай күміс қоңырау.
Бұл – музыка, саз ырғақ, жанның табиғатпен үндескен тұсындағы ақынның көңіл-күйі. Блок «Поэт – сын гармонии» яғни, «Ақын – үндестік ұлы» дегенде осыны айтқан болуы керек. Абайдың «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» деуі де саяды емес пе?
Біз жоғарыда сөз басында Мұқағали Мақатаев пен Төлеген Айбергеновті, енді оларға тағы да біршама ақындарды қосып, Өмірзақ Қожамұратов үндескен дегенді аты аталған ардақты ақындарымызды кеміту үшін айтып отырған жоқпыз. Әдебиетте, жалпы өнер атаулыда «реминисценция» деген ұғым-түсінік бар. Оны латын тілінен аударғанда «естелік, есімдегі, еске түсіру» деген сөз болып шығады. Реминисценция – тарихи-табиғи шығармашылық категория. Яғни, өткен, бүгінгі ақындардың поэтикалық байланысының бір көрінісі. Егерде кейбір образдар, сөз орамы, тіркес, бірдей сөздер мен сөйлемдер, жолдар, жалпы ырғақ бір ақындардан ауысып, екінші ақындармен үндесіп жатса, ол ешқандайда көшіру немесе ұрлыққа жатпайды. Оны шығармашылық тілде «реминисценция» дейді. Шығармашылық психология, уақыттың тыныс-тіршілігі, алуан көріністер мен лептердің біртектілігі, тарихи-табиғи оқиғалар бірлігі акындардың, бір-бірін қайталауына ерік-еркінінен тыс әкеліп соқтырады. Мысалы, Мұқағали Макатаевтың мына бір жолдарына назар аударалықшы. Ақын «Отыз бесінші көктемім» өлеңінде:
Отыз бес күз,
Отыз бес қыс,
Отыз бес жаз,
Осал өмір емес-ау, отыз бес жас.
Отыз бес жыл өткердім,
Отыз бес жыл қуарып,
Отыз бес жыл көктедім, – десе,

Өмірзақ Қожамұратов:
Жалаңтөс кіріп тасқынға,
Нөсердің бұлтын ойнаттым.
Осынау аспан астында
Отыз бес рет тойлаппын.
Отыз бес құздың басында,
Отыз бес гүл-гүл жайнаппын.
Отыз бес қыздың қасында,
Отыз бес бұлбұл сайраттым.
Отыз бес оқты қабылдап,
Отыз бес оққа қарылдым.
Жүрегі жүрген жалындап,
Отыз бес,
Сенің арыңмын! – дейді. Осындағы екеуінің басынан кешкен оқиғаларының бір көрінісі, қас-қағым сәттегі көңіл-күйлерінің үйлесуі, өлең ырғағын былай қойғанда сөз сөйлемдерінің қайталануы әрі сөз саптауы адамды таң қалдырады. Мұқағалидың «Автограф», «Акқулар ұйықтағанда», «Мен басымнан қорқамын» секілді өлеңдерін оқып отырып, оның Өмірзақ Қожамұратовтың сол тақілеттес өлеңдерін бағыт-бағдарға алғанын байқауға болады. Екі ақын өлеңдеріндегі образдық және ырғақтық, кей тұстағы мазмұндас үндестігі еш ерсі емес. Өйткені, заманы, уақыты бір қос таланттың бағыт-бағдарлас болуы заңдылық. Төлеген Айбергенов жырларының да Өмірзақ өлеңдерімен астасып, қоян-қолтықтасып жатуы да сондай. Сол кездегі көзбен қарағанда енді бір жас ақын Зейнолла Тілеужанов өзінің «Лебіз» кітабында:
Күндерді алдап өлеңмен,
Жылдардан жанда сыз қалды.
Жылату оңай болғанмен,
Жұбату қиын қыздарды, – деп толғаса,

ақын Өмірзақ Қожамұратов:
Аққудың көгілдіріндей,
Күнәдан пәк, ей, мүсін.
Жылатып алып біреуді,
Жұбату оңай деймісің, – дейді. Осынау жолдардағы сөз қайталану арқылы бір көңіл-күйді білдіру екі ақын тарапынан да шынайы поэзия тудырған. Бұл жолдар – өмірдің өзінен ойып алынған шумақтар. Негізі акиқат. Енді тағы да бір мысалға жүгініп көрелікші. Көпшілігіміз өлеңін жатқа оқитын Төлеген Айбергенов:
Сен өзімді көрсең,
Тұрысым осы менің.
Ал мендегі ғаламат сезімді көрсең,
Шошыр едің, – десе,

Өмірзақ Қожамұратов:
Білмеймін сені,
Мен сені,
Жолсерік болып тосып ем,
Сезімді көрсең мендегі,
Сен қазір, жаным, шошыр ең, – дейді. Осы бір төкпе жыр үлгісіне жататын шумақтар жаңа сарындағы ырғақ, дәстүр жалғастығымен мені қатты қызықтырады. Міне, бұнда да ақындар үндестігін байқайсыздар. Енді тағы да бір ақынға жүгініп барып мысалдарымызды тоқтатсақ деп отырмыз. Кеңшілік ақын «Тобық» атты өлеңінде:
Құдашаға мен де бір тобық бергем,
Сұраған соң ол дағы тауып берген.
- Не қалайсыз? – дегем мен үміттеніп,
Қалағанын айтуға қауіптенген.

Ән қалаған.
Алдарқап, алаңдауға,
«Құдашаны» кайырып тәмамдағам.
Тәмамдамай қайтейін – іңкәр дүние,
Оған да арман, айта алмай маған да арман,
– десе,

Өмірзақ Қожамұратов:
Құралайдай қунақ қыз тобық берген,
Тобық берген сәтінен торып келген.
Ай, апталар түскесін арамызға
Ұмытқан да шығар деп жорып келген.

Аяғымды келтірді-ау аспанымнан,
– Тілегің не? – дей бердім сасқанымнан.
Ән тіледі...халімді біле тұрып,
Қайран бола қойсын ба қашқанымнан.

Ән салған боп, домбыра дыңылдаттым,
Ән емес-ау, өзімше ыңылдаппын.
Құралайдай қунақ қыз құдашаны
«Әләулайды» айтып-ақ жымыңдаттым,
– дейді. Бір оқиға, бір сезім легі жырға көшкенде осылай сөйлейді. Қазақы әдет-ғұрып, салт-дәстүрден өрген осынау өлеңдегі оқиға қозғалысы маған ұнайды. Бірақ, озық өлең үлгісі дей алмаймын. Ұйқастары әлсіз, жалаң, жалпы. Жоғарыдағы біз келтірген үш-төрт ақындардың бір-бірін қайталаулары неліктен? Бұл не? Бір-бірін конспектілеу ме? Әрине, жоқ. Бұл жоғарыда біз айтқан реминисценциялауға жатады. Мұндай бірін-бірі қайталаулар әдеби, шығармашылық процестерде кездесіп отырады. Өйткені, поэзия – жанды қозғалыс. Табиғаттың төрт мезгілі, уақыттың толқыма лептері қаншалықты қайталанса, өлеңнің де соншалықты қайталанып жатуы бек мүмкін. Яғни, заңдылық. Мұны реминисценциялау дейміз. Тіпті, орыс ақындарының өзі бір-бірін жиі қайталаған. Мысалы, Пушкиннің «Гений чистой красоты» деген жолы Жуковскийден алынған. Байрон «Хочу я быть ребенком вольным» десе, Есенин «Я хочу быть отроком светлым» дейді. Дәл сол жолдарды Қуандық аға Шаңғытбаев «Бала қылшы балдырған баяғыдай», Мұқағали «Сәби болғым келеді» деп қайталайды. Бұл процесс поэтикалық бастаудың көзі. Арысы үндесіп, сөз сөйлемнің алмасып, қайталануы арқылы өлең өрісі кеңейіп, ішкі иірімі байыған. Тағы бір мысал. Сабырхан Асановтың «Өмір өтіп барады, өмір өтіп» жолдарын Жарасқан Әбдірашевтен жолма-жол кездестіресің. Тұмағаң – Тұманбай Молдағалиевтің «Екі Тұмашы» мен Жарасқан Әбдірашевтің «Екі Жарасы» да дәл сондай. Анна Ахматова «И такая могучая сила» десе, Блок «И такая влекущая сила» дейді. Некрасов «Лес обнажился, поле опустел», – деп толғаса, Леонид Андреев: «Лес опустел, и поле обнажилось», – деп қайталайды. Жуковский «Последний бедный лепт» десе, Пушкин, Евгений Онегинде сол сөзді айна-қатесіз жаңғыртып, нақ сол күйінде тілге тиек етеді. Ендеше, біз бір-бірінің жолдары мен сөздерін қайталаған ақындарды ұрлықшы немесе көшіруші демей, оларға шығармашыльқ үндестіктен туған бірін-бірі қайталау деп қарауымыз керек. Мұның барлығын мысалға келтіріп отырғандағым, жоғарғы аталған ақындардың барлығы да Өмірзақ Қожамұратовпен үндескен. Бұл сөзіме ешкім де намыстанбауы керек. Және оның астарынан бәле іздеп жатушылық та артықтық. Мен жоғарыда аталған ақындардың ешқайсысының беделін түсіріп, абыройын төккім келмейді. Менің сөз етіп отырғаным – таза әдеби процесс. Ал, егерде оны түсінбей, оның астарынан кімде-кім бәле қуса онда оларға алдарыңнан жарылқасын деймін де қоямын. Өйткені, өлеңдегі сауатсыздық қашанда да қай кезенде де кездескен, кездесе береді де. Бұны шегелеп, қадап, нықтап, тарата айтуымның себебі орыстың, тіпті, Қытай, Жапон прозаиктері «Біз Гогольдің «Шинельінен» шыққанбыз» дегенді ешуақытта намыс көрмеген. Және ол әлемдік әдеби айналысқа түсіп кеткелі қашшан.
Жалпы, реминисценция – құрылыс материалы сияқты, бір ақынның сөз, сөйлем, образ ырғағын пайдалану арқылы тосын да жаңа бір ой түйіп, мазмұн ашу. Өмірзақпен жоғарыдағы мен тілге тиек еткен ақындардың айырмашылықтары осы тұста. Сондықтан да сөз бен сөйлем қайталау еш қылмыс немесе ұрлық емес. Ол үнемі қозғалыс үстіндегі жанды организм, яғни, поэзияның бір тұстарда кездейсоқ немесе заңды қайталанып үндесуі. Мысалы, Мұқағалидың «Жан азасы» реквиемі Пушкиннің «Моцарт и Сальериімен» жолма-жолды былай қойғанда, басталған тұста-ақ деталь ұқсастығымен көңіл аударады. Реті келгенде айтайық, қазір ұмытылып бара жатқан марқұм ақын Сейсен Мұхтарұлының «Келші қарғам, маңдайыңнан иіскейін» деген өлең жолдары Мұқағалида сөзбе-сөз қайталанады, тіпті, ұйқастары да «тиіспейін» болып қайталанғанын оқығанда таң қаласың. Бұл – ақындар табиғатының үндестігі мен оқиғалардың өмірде қайталанып, әрбір ақынның басынан өтетіндігінің белгісі.
Жалпы, Өмірзақ Қожамұратов – сұлулыққа құмар, табиғатпен үндескен ақын. Оның «Тау жаңбыры» деген өлеңіне назар аударалықшы:
Тұратын ылғи ой қаптап,
Ақын ғой мына тау деген.
Найзағай – қалам ойнақтап,
Төсінен бұлттың сауды өлең.

Немесе:
Төбемде еркін аунаған,
Жел айдап, бұлтты тоздырып.
Күндерім үшін жаумаған,
Арқамды кетті-ау қоздырып.
Осы бір жолдардан оқып отырып, табиғат пен ақын стихиясын қатар қоюға болады. Өйткені, екеуі де – Алла жаратқан құбылыс. Олардың бір-бірімен сырласуы да, үндесуі де сонда. Өмірзақ Қожамұратов лирик қана емес, үлкен ойлы ақын да. Оның қысқа қайырым өлеңдерінен бастап, «Сезім дәптеріне» дейінгі аралықтағы жырларын оқығанда оған еріксіз көз жеткізесің. Ол тағы бір өлеңінде, яғни махаббат жырында:
Сәуірдің желі біз күткен,
Сәруар гүлді желпігей,
Құлпырып шықты қыз біткен,
Қарға аунап тұрған түлкідей.

Қуанышыңа, қайғыңа
Жатпаймын әсте таласып.
Аспаным куә, Ай куә,
Тұрғандарыңа жарасып, – дейді.

Немесе:
Ағызып барады ағын,
Айды – алтын жұмыртқаны,
Қағады барабанын,
Бақалар ымырттағы, – деуіне неге таң қаламыз. Осындағы жанды суреттер мені еріксіз қайран қалдырады. Бұл өлеңде де Айбергенов ырғағы бар. Өмірзақта мұндай өлеңдер өте көп. Оның барлығын шағын мақалаға сыйғызу еш мүмкін емес. Сондықтан да, құрметті оқырман, қалған жыр-ләззатын Өмірзақ Қожамұратовтың «Сезім сәттері» кітабынан алыңыздар. Біз бағыт-бағдар беріп, жол сілтеуші ғанамыз.
Мен азды-көпті Өмірзақ Қожамұратов туралы ойларымды алдарыңызға жайып салдым. Ақынның ендігі жыр-тағдырына уақыт төреші. Жалпы, Өмірзақ Қожамұратов – өзінің атақ-даңқымен емес, тіпті қызметімен де емес, тағдырымен ақын. Ешқандай қызмет те, атақ-дәреже де ешкімді ақын ете алмайды. Сондықтан, мектеп пен пешене ұғымы – бір-біріне қосылмайтын ұғым, түсініктер. Ақындардың бір-біріне ықпал етуі мектеп болса, ал бір-біріне ұқсамаулары – тағдыр-пешене. «Пешенесіне жазылған» деген меңзеудің де сыры сонда. Ендеше, тағдыры ақын еткен Өмірзақ Қожамұратовтың жыр кешін – өткізіп отырған Қали Жолдас секілді жігіттерге үлкен рақмет айтамыз. Ақынын ұмытпау ұлтын ұлықтаумен пара-пар іс-әрекет. Ендеше нағыз ақындарымызды жас жігіттер сияқты ұлықтай білейік, ағайын!
P.S. Назарларыңызға ұсынып отырған «Талант тағдыры» мақаламыз, кезінде өмірден өткен талантты ақын Өмірзақ Қожамұратовтың «Сезім сәттері» атты жаңа шыққан кітабына байланысты тұсаукесерде жасалынған баяндама еді. Баяндама жасалып біткеннен соң Мұқағали Мақатаев пен Төлеген Айбергеновтың кейбір жанашырлары маған: «Сен ұлы ақындарымызды жыр ұрысы аттандырдың», – деп дүрсе қоя берді. Мені таңқалдыратыны – біздің әдебиетімізде өздеріндей сауатсыз адамдардың жүруі ешуақытта да поэзиямызды өсірмейтінін білмейді-ау, шіркіндер. Тіпті, олардың әлемдік әдебиетте реминисценция деген ұғым-түсініктің барлығын білмеуі ұят-ақ. Мен егер де бүкіл дүниежүзі ақындарынан Мұқағали мен Төлеген Айбергеновтың, Өмірзақ Қожамұратовтың, Қуандық Шаңғытбаевтың, Кеңшілік Мырзабековтың, Зейнолла Тілеужанов сияқты ақындарымыздың бір-бірімен үндескеніндей жайларды мысалға келтірсем, онда бір мақала аздық етер еді. Сондықтан да, ақындардың бір-бірімен үндесулерін немесе бірін-бірі қайталауларын ұрлық емес, шынайы да, шын мағынасындағы табиғаттарының бір-біріне жақындығы ретінде қабылдау керек. Өйткені, өмірдің олардың өлеңдерінде образға оралып, бейнелі де адам түсінбейтін жағдайларда үндесуінің өзі Алланың олардың аузына сөз салуындағы бір құдіреттің нышанын көрсетсе керек. Мысалы, өмірінде тірі қазақты көрмеген орыс ақыны Осип Маңдельштамның:
«Божье имя, как большая птица,
Вылетело из моей груди» –
(1912)
Деуімен, 1937 жылы атылып кеткен Николай Клюев деген ақынның:
«И сердце птичкой из груди,
Перепорхнуло в кущи роя» –
(1937)
Деуінің біздің тірі орысты көрді ме, көрмеді ме білмеймін. Кемпірбай ақынның:
«Кеудемнен көкала үйрек қош деп ұшты,
Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем», –
Деуінің аралығында не жатыр? Міне, осынау үш ақын жырының бір-бірінің сөздерін қайталап, жыр мазмұндарының үндесіп жатуларының өзінде қандай құдірет бар?! Бұл – нағыз ақындарға берілетін ерекше қасиеттер. Оны адам емес, Алланың өзі қадағалайды, әрі нағыз ақындардың ауыздарына көзге көрінбейтін құдіреттер арқылы бірін-бірі қайталаған сөздер салады. Міне, осыны әдеби тілде реминисценция деп атайды. Ал, біздің сауатсыздарымыз болса бұдан ұлы ұрлық көреді. Қандай да ақын болмасын немесе жазушы, сыншы болмасын сауатты болмаса, әрі білімді болмаса онда өлеңді де, прозаны да, одан тіпті тереңдетіп айтсақ сыншылықты да қоюы керек. Сондықтан, әдеби ұрлықты реминисценциядан ажырата білу керек. Нағыз ақындықтың құдіреттілігі сонда.
Қазір, сол бір кештегі баяндамадан соң мені ата жауы санайтындардың саны көбеймесе, кеміген жоқ. Мен оларды бар болғаны әдеби мәселеде сауатсыздардың қатарына қосып, оларға «Алла алдарыңнан жарылқасын» деген тілеу тілеймін де қоямын. Олардың арасында өздерін ақын санап, кеудесін қағып жүргендер де бар. Ал, енді поэзиядан алыс, қарапайым оқырманға өлеңнің қыр-сырын түсіну үшін «сауатты да, білімді оқырман болыңыз» деген тілек қана айтқым келеді.

Аманхан Әлімұлы
«Үшқоңыр», №8, 18 тамыз, 2010 жыл
Бақтыбай
08-07-14 10:57
Аман ба, айналайын, тамдылықтар,
Бойыңда салтың мен сан ғұрып бар.
Сағынып жүрмісіңдер Ақтауыңды,
Тамды десе сағым-жыр мәңгілік бар.

Ән-жырыңда өзгеше жаңғырық бар,
Әнің ерек тартымды, жанды құптар
Келіңіздер қанеки төрімізге,
Қызылқұмнан жаралған тамдылықтар!..
Анарбек Қозыбақов
Жұмамұрат
08-07-14 10:50
Таңғалам, талғамы биік тарландарға,
Таңғалам, заманы озық заңғарларға.
Тау қарға, ұзақ қарға, құзғын қарға,
Үш жүзге бөлінеді қарғалар да.
Бірінің көзін бірақ шұқымайды,
Жағаласып қонса да жардан жарға.
Қарға екеш қарғалардың ынтымағын,
Қазаққа нәсіп етсе арман бар ма?
Қаратамыр Тынышбек
30-05-14 22:38
Өмірзақ ақынды бағалау кешеуілдеп барады
Қазақта өзінің де, өлеңінің де бағы ашылмай кеткен ақындар аз емес. Соның бірі - қазақ поэзиясының асқарына Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов сынды марғасқа ақындармен қатар шыққан талантты ақын Өмірзақ Қожамұратов (1936-1983). Өкінішке қарай, көп жұрт бұл ақынды біле бермейді. Мұның бірден-бір себебі - ақынның әдеби ортадан қиыр шетте, сонау Өзбекстанның Бұхара облысының (қазіргі Науай облысы) түкпіріндегі Тамды ауданында ғұмыр кешкені. Ол мектепте мұғалім, аудандық газетте тілші болып, ақырында айықпас дерттен 47 жасында сол Тамдыда қайтыс болған.
Кезінде жыр алыптары Әбділда Тәжібаев пен Әбу Сәрсенбаев сияқты аға буын қаламгерлер оның ғажайып ақын екендігін мойындап, жылы пікірлерін білдіріпті.
Ақынның көзі тірісінде 3 жыр кітабы шыққан: «Жиделі Байсын» (1966), «Таңғы дауыс» (1971), «Жол аяқталмайды» (1981). Аз ғана данамен шыққандықтан өлеңсүйер қауым оны толық тани алмаған.
Өмірзақ ақынның ең бірінші жоқтаушысы да, зерттеушісі де өзінің досы, марқұм сыншы-ғалым Зейнолла Серікқалиев болыпты. Ол Тамдыға арнайы барып, ақынның қолжазбаларын саралаған. Редакциялап, текстологиялық зерттеулер жүргізген. «Ой кешу» (1989) және «Күн астында - құдірет» (1998) деген жинақтарын жарыққа шығарып, достық парызын адал атқара білген.
Жерлестері де ақынның атын ескерусіз қалдырмапты. Мерейтойлары Кенимех, Үшқұдық, Тамды аудандарында салтанатпен атап өтілген. Екі мектепке, көшелерге есімі берілген. Бәрі дұрыс-ау, бірақ аталған аудандар да, мектеп, көшелер де түгелдей Өзбекстанның меншігінде. Өзағаңдар ертең Өмірзақты өзімсіне қоя ма? Мәселе - сонда.
Сейфолла Оспанов, ақын: «...Төлеген ақынды өз поэзиясына еліктіріп, жақыннан қолтық демеу болған кім дейсіздер ғой. Ол да ақын. Ол - ақын Өмірзақ Қожамұратов еді. Бұл ақынның әлі күнге дейін аты онша шықпай жатыр. Бірақ бұл ақынға тән басты-басты қасиетін айтсақ, өз қатары Мұқағалиларға дейін, қала берді осы Төлегендерге көкірегі күрмеліп жүргенде, поэзия алтын сарайының қақпасын айқара ашып берген жан. Өйткені бұл ақынның тұла бойында бір грамм арамдық, бір грамм тұмандылық болмаған, тек әрқашан ашық күндей көңілді болатын. Сол көңілден күннің сәулесіндей шашылған отты жырлар туатын. Тегеурінді сөздердің тепкісінен тап-таза тұғырлы тәкаппарлықтың салқыны емес, самалы есіп тұратын.
...Өмірзақтың «Аққу жыры» бір кезде бірге жүрген Мұқағалиға қанат бітірмеді деп кім айта алады? Мұқаңның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы, байқап отырсақ, осы өлеңдерден кейін туындаған сияқты. Ол бірін-бірі көшірді деген сөз емес. Ол ақындардың ашық көкіректеріндегі айдынның аруағын шақырып, бұлар да киелі аққу құс құсап, бірін-бірі оятқаны деп білу керек. Сонда ғана біз бұлардың бағасын дұрыс береміз. Ал Өмірзақтың осыларға көшбасшылық еткенін әсте жасыра алмаймыз.
Олай болса, Төлеген ақынның үлгі алған ұстаздарының бірі, бірі емес, бірегейі - осы Өмірзақ десек, оған ешкімнің де таласы бола қоймас».
Өтежан Нұрғалиев, ақын: «Ақынның қалай ұмытылатынын, қалай сұраусыз кететінін осы Өмірзақ Қожамұратовтың тағдырына қарап білуге болады... Сырбай Мәуленовтің кезінде «Қазақ әдебиеті» газетін насихаттау үшін Өзбекстанға барғам. Осы сапарда обком қызметкерлері маған Қожамұратовты таныстырды. Бұл Өмірзақтың әбден қажыған, пессимизмге бойұрған тұсы екен. Бұдан кейін өзі де көп ұзаған жоқ-ау деймін. Өз өлеңдерінен өзі жалыққан. Өлең жайлы әңгіме жоқ. Мені жүдә жақсы таниды. Бірақ менімен сөйлеспеуге тырысты... Мен оның биігінен құлап, тоқыраған сәтін көрдім. Төлеген осы Қожамұратовтың бастаған жолымен жүрді. Ал қазіргі уақытта Айбергеновтен бұрын тағы бір «Айбергенов» шыққан деп ешкімге дәлелдей алмайсың. Державин болмаса, Пушкин Пушкин болмас еді. Сол сияқты Өмірзақ Қожамұратов болмаса, Төлеген Айбергенов те болмас еді. Ауыз әдебиетінен өсіп шыққан ақындардың бір нұсқасы Қожамұратов еді. Ол да әдебиет әлемінен жоғалған элемент, я болмаса жұлдыз сияқты ағып кетті. Бірақ Қожамұратов десе елеңдемейтін, оның аруағына бас имейтін ақын жоқ».
Марқұм Зейнолла Серікқалиев «...келешекте ел болып, біз болып, көп кешіктірмей, көл-көсір мұраның етек-жеңін түгендеп, бәрінің басын қосып біріктіріп, өз алдына дербес толық томдығын мінсіз жариялай алсақ, сонда ғана шын мәнінде ақын рухы алдында бір парызымыздың өтелгені деп көңіл бірлеріміз анық» деп армандаған екен. Жақында ақын жерлестері Өмірзақтың «Сезім сәттері» атты жыр жинағын жарыққа шығарды. Жинақты құрастырған Өзбекстан және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қали Жолдасов. Қали бауырымыз осы жинақты құрастырардан бұрын әуелі Тамдыға соғып, Өмірзақтың заңды мұрагері, бауыры Бекенге жолығып, келісімін алыпты. Ол ағасының мұрасын сары майдай сақтап отыр екен. «Көнетоз сандықта сақталып жатқан қолжазбалар мен хаттарды оқып, ақынның тыныс-тірлігінен біраз сыр ұқтық... Төлеген қайтыс болған жылы кітап бетіне медаль сызып, оған ақын досының бейнесін бейнелепті. Оны біз «келешекте дарынды ақындардың кеудесінде жарқыраса екен» деген ақеділ арманы деп ұқтық. Иә, бүгінде Төлеген медальдай жарқырап, әр қазақтың көкірегінде жүр. Сол сәтте «Өмірзақтың өзі қашан жарқырар екен?» деп мұңайғанымыз рас» дейді Қали Жолдасов. Ақынның баспа бетін көрмеген том-том мұрасының әзірге жарық көрген бір парасын ғана шолып шыққан бізді де мұңайтқан осы ой болды...
Төреғали Тәшенов,
«Айқын» газеті, 13.01.10.


Полатбек ЖАНБАЕВ
Zhanbaev_Polatbek@mail.ru
30-05-14 14:38
ТАМДЫҒА КЕЛ

Тамдыға кел, болмас бұлт көкте бір,
Есесіне орманы бар сексеуіл.
Құм мен тастан жаратылған шөлейтім,
Таңырқама бар ырзығын төксе бір.

Тамдыға кел, жылқы өрген тебіні,
Осында бар ішер шұбат тегіні.
Төрт түлігі түгел өрген далам бай,
Арудың да қатар жүрген бегімі.

Алтынға бай қазыналы айлағы,
Ойнақтайды келесінде тайлағы.
Бар тамаша Тамды деген құт елде,
Жастың мұнда сауығы мен сайраны.

Ақтауы тұр тасты ару қып жасатқан,
Өзіме іңкәр бала жастан осы ақ таң.
Тілі таза өткізгендей сүзгіден,
Басқа ұлт жоқ өзіміздің қазақтан


ШӘМШІ КЕЛГЕН ТАМДЫ

Қалдаяқов Шәмші келген Тамдыда,
Ән шырқамау ұят сірә жандыра.
Шөл даланың астанасы сияқты,
Дархан дала қадымнан-ақ паң мына.

Бара қалсаң Тамды жаққа сағына,
Табанды бас ақ құмдардың табына.
Тұлпарынан босамаған белдеуі,
Әнші-ақыннан кенде емес тағы да.

Құт қонады шашбауың мен шашаңа,
Алдан талай қоян, киік қаша ма.
Қарайламай Ақтау жаққа көз таста,
Шәмші келген нағыз Тамды осы ара.

Қызылқұмда көздің қызыл құрты тұр,
Құт даламды кезіп әлі жүр Қыдыр.
Түні бойы көзді ірің шалғанша,
Жыр жазатын Өмірзақтың жұрты бұл.


АУЫЛҒА КЕЛ

Ауылға кел, шөлде барлық мол қызық,
Келсең бақыт қонар, аға, жол түсіп.
Қой қоздады, інгендерім боталап,
Әкем бидай егіп шықты алты пұт.

Ауылға кел, белдеуде тұр тұлпарым,
Тұлпар дайын болса қой дер ұлға кім?
Қой қайыршы, келе түйем боздап жүр,
Қосылып бір келді олармен жырлағым.

Іңірде тұр, көзегі ірің жуылар,
Мұнда ауылда қазақылық буы бар.
Жүн түтеміз, киіз басып, сонан соң,
Айлы түнде кешкі ауылдың шуы бар.

Шаң тұрғызар дейсің кімдер шашаға,
Осында ғой жеңге аттаған босаға.
Сен де келсең, бір қыз тауып береміз,
Бар береке тұнған аймақ осы ара.

С.Қылышбаева
25-05-14 19:47
Қайдасың

Тұрушы едің,
Назданып маған бал күліп.
Қайдасың, жаным!
Сені іздеумен талды үміт.
Тынышымды менің әкетіпсің-ау өзіңмен,
Сағынышыңды маған қалдырып.


Сен бе деп қалам
Аққуды көлден әр ұшқан,
Бейнеңді сенің іздеймін әрбір таныстан.
Сен болып кейде алдайды сұлу сағымдар
Ақ көйлек киіп алыстан.


Арайлы нұрын
Әлемге тегіс жайғасын,
Мен болып саған, қақпады ма екен Ай қасын.
Хабарыңды күтіп,
Сағынып жүрмін өзіңді.
Ақ көйлек киген,
Аяулы бейне, қайдасың?
Айтуар Сабыров.

Ару-өмір

Қап-қара шашы –
ғашықтық сырға толы түн,
Қиылған қасы –
Естетіп құстың
қанатын.
Алдымда тұрған құлын мүсінді арудың,
«Өмір», - деп айтсам жаңылыспаспын-ау дәл атын.

Сезімімді менің
мәңгілік қойған
тұсап бір.
Бейнесі - сонау
көктемде терген құшақ гүл.
Жоқ, жоқ, Жаным,
қателесіппін.
Байқасам -
Өмірдің өзі дәл осы қызға ұқсап тұр!

Айтуар Сабыров.


Махаббатқа достықтың ұласқанын
Сен сезбедің -
Сезбедің рас, жаным.
Айта алмадым
Мен-дағы жүрегімде,
Саған деген бір гүлдің бүр ашқанын.


Қиын екен,
Сыр ашпау қиын екен.
Айтылмаған махаббат -
Күйік екен.
Кеудемдегі жалынды сезбей-ақ қой,
Мен өзіңді осылай сүйіп өтем!
Айтуар Сабыров.

Бақтыбай
09-05-14 21:42
Егер Тауелібай әнінің сөзі болса осы бетке жазып жіберіңіз Мұхтар аға жаттап жүрейік
Мқхтар Жанұзақов
23-04-14 10:05
Ия Қали аға сол ән бұгінгі кұні Тауелібайдың әнұранына айналғаны өтірік емес.
Қали Жолдасов
kali_hoja@mail.ru
23-04-14 00:51
Тауелібай - Өзбекстанның бұрынғы Бұхара, бүгінгі Навои облысының Солтүстік аймағын алып жатқан аймақ. Оған Тамды,Үшқұдық аудандары түгелдей, Кенимех ауданының, Көкше, Қаратау,Құлжықтау тауларынан бастап, солтүстіктегі бөлігі кіреді. Бұл аймақтың Тауелібай атануы - осы өңірде ірілі-ұсақты 30-дан астам таулар, тау сілемдері, шоқылар бар. Ең биік тауы - Ақтау(948м.), ең аласасы Ұзынтау(165м). Олардан өзге Қазақтау, Арыстантау, Боқантау, Келіншектау, Оғызтау, Керегетау, Алтынтау, Амантайтау, Тамдытау, Жалпақтау, Мұрынтау т.б.таулар бар. Қызылқұм шөлімен араласып жатқан осы таулы өлке мал шаруашылығына өте ыңғайлы. 200-дей жуық өсімдік түрлері өседі. Қақаған қыста малға пана болар ықтасыны: қазан шұңқырлары,ойпаңдары мен терең сайлары баршылық. Сондықтан болар тұяқсыз қалған жұт болмаған аймақ. Ал Тауелібайдан әрі Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақта (солтүстік-шығысқа қарай , тіпті сонау Ұлытауға дейін) бірде-бір тау жоқ. Сондықтан ба бұл өлкелерде қыс қатты болған жылдары жұт болып, тігерге тұяқ қалмаған кездер бірнеше рет қайталанғаны тарихтан белгілі. Сонда бұл елдің адамдары бүгінгі Тауелібайда отырған елден көмек сұрап келеді екен. Мал-жаны аман, шалқып-тасып отырған қалың қазақ ағайыннан аясын ба, алдарына қырық-елулеп мал салып жіберетін болған. Ал қуанып қайтқан ағайын еліне жетіп:\\"тау ішінде отырған ағайын-туыс бай екен, таудың елі бай екен\\",-деп мақтап жүретін көрінеді. Сөйтіп, біздің елді алыстағы ағайын \\"Тауелібай\\" деп атап кеткен.Тауелібай (кейде Елібай деп те атайды) атауы Сыр сүлейлерінің шығармаларында жиі кездеседі. Мұны мен жалпы ағайын біліп жүрсін деген оймен мәлімет үшін жаздым. Алла бұйыртса, \\"Тауелібай\\" атты энциклопедияны жарыққа шығаруды жоспарлап отырмын. Өзім Тамдыда (анығы Аяққұдықта) туып, Кенимехта өскен, Үшқұдықта еңбек жолымды бастаған азаматпын. Үш аудан да маған етене жақын. Кезінде, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын тауелібайлық жүйрік ақын Наурызбайға сөзін, сазгер Марат қожаға әнін жаздырып, \\"Тауелібай\\" деген әнді шығаруға үйытқы болғаным да бар. Құрметпен Қали Жолдасов.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов