Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Ресей қазақтары
Тақырып: Сый мен жаза


Авторы Xабарлама
Асхат Базарханұлы
zavod-kpd@mail.ru
22-09-14 20:06
Өзіңді қанша жеңсең, өмірді сонша жеңесің!

Айтыңдаршы Мықтыға!

Жүзбес кеме қашыққа,
Желкенінде желі жоқ.
Атпас жебе алысқа,
Жебе тартар, садақ жоқ.

Жолың болмас жүргенде,
Жол көрсетер жарық жоқ.
Отқа піспес қазан да
Отын бар да, оттық жоқ.

Құрыш қалай шынығар?!
Темір бар да, ұста жоқ.
Оқушы кімнен үйренер
Оқушы бар да, ұстаз жоқ.

Ағайын қайдан бірігер?
Тізе қосқан тірлік жоқ.
Көре алмаса бір-бірін,
Күндестік бар, бірлік жоқ.

Ер жігіттер жараспас
Азаматтық ісі жоқ.
Кесектігі көрінбес,
Сөз бен істе ірілік жоқ.

Елден шыққан азамат
Азамат деген аты бар,
Ел билесе егерде,
Елдің онда һақы бар.

Атқа мінген мықтылар,
Елге қарыз, мін жоқ.
Сенген халық алдында,
Парызы бар, сөз жоқ.

Қайда біздің мықтылар?
Көк жағалы, көйлекті.
Қысылмай ма? тарылып,
Сұрай қалсаң көмекті.

Ел билегіш мықтылар
Шенді алып параға,
Кәсіп қылып билікті,
Арын сатты ақшаға.

Тіс батырып әлсізге,
Жәй адамға шалқайып,
Өзгереді-ау бір сәтте
Мықтылауға бас иіп.

Таласады шен үшін
Кетті пейіл қарайып.
Есі-дерті көп ақша
Тойғанға мәз марқайып.

Лауазымды алдында
Әдепт і болып, сызылып,
Шәшіп малын, жомарт боп,
Шырылдайды-ау жүгіріп.

Керек адам болса егер,
Асты-үстіне түседі.
Қара бастың қамы үшін
Тақым үзсе, үзеді.

Мықты атын жоғалтар,
Игі жақсы істер жоқ.
Керегі не мықтылар,
Аты бар да, заты жоқ?!

Таяз суға шомылып,
Парасатсыз ел билеп,
Айтшы, «мықты», өмірден
Алар еншің осымед?!

Көз шоғы жанған балада
Негізі бар, жазық жоқ.
Қайтіп ісі оң алар?
Ынтасы бар, тірек жоқ.

Талпынған жігіт қиналар
Ниеті бар, демеу жоқ.
Сүйтіп жүріп шыңдалар
Мықты болса,тоқтау жоқ.

Болар бала боғынан
Ата сөзде мағына.
Дәулет бітіп жарлыға,
Атқа мінер жас бала.

Мықтылармен алысып,
Талай жерде бәйге алар.
Байлық-шенге таласып,
Өзі мықты атанар.

Келер сонда алдына
Кешегідей жас бала.
Кез келеді сыналар
Табылама азамат
Талапкерге жол ашар?

Айтылған сөз бос қалар,
Бекітпесе іспенен.
Өмір мәнін жоғалтар,
Игі істер болмаса,
Өтсе бекер күнменен.

Жаратқан ием - бір Алла!
Иесің ғой ғаламға.
Топырақтан жараттың
Ақыл беріп адамға.

Өмір мәнін ұқсын деп,
Парасатқа бөледің.
Адамзаттың тағдырын
Адамға, Құдай, жүктедің.

Ғажайып әлем жаратқан
Мейірімді қолыңнан.
Кешірегөр пендеңді
Адасса, Әке, жолыңнан.


Айтыңдаршы мықтыға!:
Өмір мәні басқаша!
Бөлінеміз соңында
Жақсы менен жаманға!

Қалады сонда «боқ дүниең»
Әкетпейсің арқалап.
Кіреді жерге әр пенде
«Екі құлашты» құшақтап.

«Қыл көпірге» жеткенде,
Кім кепіл айтшы, ей пенде!
Артыңа қарап ентелеп,
«Қасиетсіз өттім»,- деп,
Тұрып жүрме өкініште
Бармағыңды тістелеп...

Е-е-ее! Қазағым-ай!
Бабаларымыз сияқты
Сүйекке таңба түсірмей,
Кесек ойға жол беріп,
Ар - Намыспен өмір сүрген
Тұлғалы Азаматтарың қайда???

В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube