Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Аталар сөзі - ақылдың көзі .


Авторы Xабарлама
төлепберген нұрышұлы
tolebi52@mail.ru
07-05-15 03:26
Насихат .

Айтайын аздап насихат ,
Өлмейтін асыл жазған хат .
Тілімен , оймен , зердемен ,
Айуаннан артық адамзат.
Дүниеге пәк келесің ,
Өсесің , қызық көресің .
Жігіт болып желесің ,
Күнәға ептеп енесің .
Ақыл , ойың таразы ,
Тезіне жайлап салады .
Ниеттің ақ , адалы ,
Құтқарып әркез алады .
Қайырымды іс етсең ,
Жақсылық боп қайтады .
Арамдықпен күнелткен ,
Жазасын ақыр тартады .
Ұраның болсын әділет ,
Әлсіздің сипа басынан .
Талабың болсын ақ ниет ,
Жақсының табыл қасынан .
2003 ж, маусым

Авторы Жауап
төлепберген нұрышұлы
tolebi52@mail.ru
07-05-15 13:39
Әдеби шығармашылық клубы .

Осы жаңадан ашылған Әдеби шығармашылық клубқа мүше болып шығармаларыңызбен бөлісіңіздер .

Өмірзақ ағаға .

Тірлікте туысым деп танымай бір ,
Талайлар итше қапты , таба алмай тіл .
Өлеңді өзің жазған өмірі ұзақ ,
Бір ақын әлі күнге жаза алмай жүр .

Жақпадың ел басқарған ұлықтарға ,
Пасықтар мұны сірә ұмытқан ба .
Көре алмай анда - санда ішкеніңді ,
Сылтаумен қудалапты жұмыстан да .

"Дөкейлер" өлді талай сен жақпаған ,
Боларын кейін қалай болжап па адам .
Көбінен көз көрерлік із қалмады ,
Ал сенен өлмес мұра кітап қалған

Сүюді туған жерді сендей мәңгі ,
Шырқайтын шымырлатып әнің қалды .
Өзіңнің жырларыңнан нәр алады ,
Бар ұлан сүйіп өскен шағылдарды .

Тең көрмей Мекке , Париж , Мәдинеге ,
Табындың Тамдыбұлақ туған жерге .
Ұқсатып өзіңді аға тұрам кейде ,
Маңқиып жатқан биік төбелерге .



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов