Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Әдеби шығармашылық клубы


Авторы Xабарлама
төлепберген нұрышұлы
tolebi52@mail.ru
07-05-15 13:43
Әдеби шығармашылық клубына жаңа туындыларыңызды жолдаңыздар

Авторы Жауап
Төлепберген Нұрышұлы
tolebi52@mail.ru
28-07-15 16:57
Өзімді таныстыру

Танылған Тауеліне Төлеп атым ,
Жәдігер жамиғатқа жазған хатым .
Қазақтың қара өлеңін қастерлеген ,
Бабамның жалғап жүрмін аманатын .

Ұқсатып Төле биге есімімді ,
Үмітпен әкем қойған етіп үлгі .
Әзірше әділдіктен тайғаным жоқ ,
Ақ жүрек азаматпын кешірімді .

Әуелден жырға ғашық өрен едім ,
Сусаған өлеңімен өрелі елдің .
Алтыда әріп танып мұғалімнен ,
Он жаста өлең жазып көріп едім .

Тамдыны , Тауеліні жырға қостым ,
Бөленіп ықыласына абзал достың .
Мұңымен Мұқағали мың оранып ,
Жырынан жалын алам Өмірзақтың .

Ұстазым айбоз ақын Қайыпназар ,
Әманда ақиқатын тауып жазар .
Халқына берері мол теңіз еді ,
Сұм ажал алып кетті арамыздан .

Қазақтың қайта оралған біреуімін ,
Тілімнің темір қазық тіреуімін .
Тәуелсіз еркін елдің азаматы ,
Мың жылдар армандаған тілеуімін .

Қашанда қазақ елі жырлағаным ,
Мұңына бар қазақтың мұңданамын .
Қазақты жамандаса ызам келіп ,
Намыстан жарылар боп жынданамын .

Қырық жыл құрылыста еңбектендім ,
Аянбай абыроймен тер төккенмін .
\"Құрметті құрылысшы\" атағы бар ,
Алпыс үш жасқа келген зейнеткермін .

Азамат бес баланың әкесімін ,
Қарындас , ініме үлкен көкесімін .
Арман жоқ , өміріме ризамын ,
Болғанмен өткенге өз жеке сыным .

Аспанның Кіші жүзде Кедейімін ,
Жұртымның тасып тұрар мерейімін .
Рушыл , жүзшіл емен , қарапайым ,
Ұлымын қамын жеген өз елінің .

Білгенге ақын жанды қариямын ,
Теңіздей болмасам да дариямын .
Тыңдаушы тамырымды таба білсе ,
Саралап сөздің майын ағызамын .
28.07.215 ж.
Төлепберген Нұрышұлы
tolebi52@mail.ru
19-05-15 10:54
Біз екеуміз ...

Біз екеуміз бақыттымыз ардағым ,
Бірге көрдік қуаныштың таңдарын .
Орындалды менің асыл арманым ,
Ойланбастан тек өзіңді таңдадым .

Қол ұстасып қатар жүріп келеміз ,
Бірге шықтық жеткен жерге өреміз .
Балалардың бақытына мәз болып ,
Еркелеген мінезіне көнеміз .

Немере де сүйдік күнім тәтті ғып ,
Ұзағынан сүйіндірсін шат қылып .
Сөйтіп жүріп алпысқа да келіппіз ,
Қарттық алды самайларға ақ кіріп .

Мұңаймашы мен жаныңда жүргенде ,
Жаным рахат табады сен күлгенде .
Ең қызықты күндеріміз осылай ,
Бірге өтсе бақыт осы білгенге !
төлепберген нұрышұлы
tolebi52@mail.ru
07-05-15 13:52
* * *

Бетіне қарап жалтырақ ,
Алданып қалма арсызға .
Тазалап қойсаң жақсылап ,
Ұқсайды мыс та алтынға .
* * *

Жақсылық етсең мақтанба ,
Абырой кетер арзандап .
Жамандық дерттен сақтан да ,
Айналып өткін абайлап .
* * *

Еңбек түбі - берекет ,
Байлыққа қолың жетеді .
Еріншектік - пәлекет ,
Қолыңдағың кетеді .
* * *



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов