Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: Жолымбет-Каззолото-Қазақалтын


Авторы Xабарлама
Jakenti
Jakenti
25-06-15 08:04
Сол жылдары, қазақтардың жер асты жұмыстарына жаппай, бел буып кірісуі, олардың басына түскен қауіптен аман қалып, келесі буынын жеткізіп, қазақ ұлт мағынасы жер бетінен жоғалтпады... \r\nСол кездерде, бір ұңғышшахтаға жұмысқа орналасып, жер астына түсер-түспестен айтыпты «Әй, нашалник, на базми свойкарбит(газды шам), покажи дырку на солнсе» деп жоғарыға қашып кетіпті...\r\nШахтадан шыққасын, қысы-жазы болсын салпаң-салпаң су қалпымен, үйге келіп, шахтаға киетін сыртқы киімдерін сыпырып тастайтын, қыстың қақаған аязында, суланған шалбар-киімдері сіресіп қатып қалатын, оларды ертеңге дейін пеш үстіне іліп, кептіретін. Кепкен киімді қайта кигенде, шошала іші шаң көтеріліп, шаңымен дем алғандар күркілдеп жөтеліп жүретін. Сол жылдары, осы тас шаңынан кенші балаларынан өкпелерінде силикоз ауруы табылып жүрді. Жер асты жұмыстары қараңғыда жүргізетін болғасын әрбіреуінде шам-шырақ болатын, алғашқы шамдар пілтелі майшам, керосин шамы, содан карбит шамы, бертін келе шырағдан7шамын қолданды. Алдында, шахта астында ылғи тобыққа дейін келетін су ағып тұратындықтан, аяқтарына ағаштан (ойып жасалған байлау жіптері қайыстан) жасалған жалаң аяққа іліп алатын «колодкалармен» жүретін, ауысым таусылып, жер үстіне шыққанша аяқ салқын судан мұз болып, жансыз болып қатып қалатын.Колодка сөзі негізі, орыста сотталғандар киетін аяқ киім. Бертін келе, резина етіктер пайда болғанда әр шахтаның басында етікхана болып, желіммен жапсырып, жамайтын.\r\nОл кездің энергиясы толықтан,адаммен аттың бұлшығының күші болып тұрған кезең. Әліде де болса, біздің, кіші-гірім шахталарында, әсіресе, өрлемелерді8, өрлемелі блоктарды қазбалап уатпалау жұмыстары кеншілердің қара күшімен, жанына батқаннан шығатын ащы балағатымен жүргізіледі... Кезінде, «Центральная» шахтасында кенқабаты9520-480мдеңгейжиектерінің10арасында,қуаттылығы11 жоғары (5-6 м.), №4 тұйық оқпанға12өте жақын орналасқан №133 желісін13 қазбалау жұмысы бойынша тазартқыкенжардың14табанынан төнбебүйірене15 дейінгі арақашықтық 5 метрге жетіп, одан жоғарыға қозғалып дайындау үшін, кеншілер бекіту16 жұмыстарын жүргізіп жатқанда, тексеру комиссиясымен біз келгенде, сол кездегі кеніштің қауыпсыздық бақылау бойынша бас инженердің орынбасары Еркентай Бименді ұлы Шақыман бекітушілердің біреуіне «Уақит, не істеп жатырсың?» десе, мықшыңдап, әзер-әзер, ұзындығы бес метрлік тіреуді орналастырып жатқан Уақит, (негізі ереже бойынша 3 метрден қалың тазартқы кенжарды жүргізуге тиым салынады) ашынған ащы дауыспен «Көрмейсің бе,....жатырмын!» деп, нағыз еркекше, әлде,екеуі құрдас болғансын ба, солай жауап қатқан...\r\n\r\nҚазақта «жылқы мінезді» деген салыстармалы ұғым болады... Тек мінез ғана емес, халықтың тағдыры,жылқымен тағыда үйлесін жалғастырды...\r\nЖер асты жұмыстарында аттың күш-қуаты кеңінен қолданды. Шахтаға түсірерде, аттың аяқтарын арқанмен матап байлап, клеттің (оқпан бойымен жер астынан вагонеткаға артылған кенді шығаруға, адамдар түсіп-шығуға арналған сауыт) аумағы тар болғасын, аттың көздерін байлап, құйрығына отырғызып, арқанмен жан-жағын маталап, шахтаның астына түсіретін, сол түскеннен жануар өмір бақи жер асты жұмысынан жан беріп құтылатын, жарақат алса, көбіне аяғы сынса, кәртәйсе, сойылып соғым болып шығарылатын. Жем-шөптері молдығынан, жарықтықтар өте семіз болатын. Тірідей шығарылса, жер үсті жарығынан көздеріне ақ түсіп, соқыр болып қалатын. Жер астындағы жануарларды жем-шөппен қамтамсыз етіп тұратын, әр шахтада жылқыларды бағып айдайтын атшылар болған. Аттарды жегіп багонеткамен руда тасылатын. Сонда аттар жұмыстың уақыт күн тізбесін аңғарып алғандары сондай, демалыс уақыты келгенде тырп етпей, қозғалмай, тек атқораға қарай жылжыйды екен. Жануарлар қараңғы, шахта астына бейімделіп, тас қараңғыда бұрылыс-бұрылыстарда жаңылмай, төбесі аласа жерлерде бауырлап жүре берген. Таң қалатын тағы бір құдыреттері, тасып жүрген багонеткаларға қосымша багонетка қосылса жүкті тартпай тұрып алады, оларды ағытып тастаса ғана қозғалатын болған. Жер үстінде, электроэнергиясы болмай тұрғанда, жылқымен арнаулы көтергі қондырғылар17арқылы айналдырып, қауғамен18кен қиыршықтарын шығаруға қолданды.\r\nЖезқазған шахталарының бірінде, КСРОның кезінде,«Шығыс кенішіні»нің алдында, Юн Р.Б. осында директор қызметін атқарған жылдары,өзіжүргі бұрғылау қондырғыларын19инновация бағдарласымен, шетелдік фин елінің «Tamrok» фирмасында шығарылатын «Paramatik», «Minimatik», швед елінің «Atlas-Kopko» фирмасында шығарылатын «Bumer»сияқты қондырғыларға ауыстыра бастағанда, СБУдің біреуін, сары-қарамен безендіреп бояп, постаментке көтеріп қойған еді, сол сияқты, қазақ иісі бар әр шахталардың алдына тұлпарлардың мүсінін жоғары постаментке самғатып қойылса жөн болар ма еді…\r\nАрхеолог ғалымдардың зерттеулерı бойынша, қазақ жерлерıнде жүргıзıлген қазбадан табылған жылқылардың көне қаңқы сүйектерı бойынша, осы жерлерде өмıр сүрген қазақтардың ата-бабалары дүниежүзıнде алғашқылардың бıрı болып жылқыны қолға үйреткендеп болжам шығарған.\r\nҚазақ халқының жылқы түлегıне деген сүйıспеншıлıгı өзгеше болған…Ең маңыздысы, тарихта жылқыны адамға бағындыруда, басына ıлетıн жүгеннıң ауыздығын қолдануы едı. Ауыздықтар, алдында, сүйектен, сосын мыс дәуıрıнде мыстан, темıрден жасалған, сондықтан жылқылардың азу тістері болмайды, мыңдаған жылдар ауыздықтың қажаған салдарынан.\r\nЖылқылар мıнсе, жексе көлıк болды, сауса сүтı, одан өзıндıк әдıспен қымыз сияқты денсаулыққа шипалы, салқында, күбıде сақталатын сусынмен қоректенген. Жылқы сезıмтал, адамға көнгıш және шөп шаламды, суды таңдап, бөтен иıс, дәм болса оны ауызына алмайды. \r\nЖолға шыққанда, жорықта шыдамды келедı. Елге жау тисе «Аттан!» деп ұран салудың өзıнде, қазақтар, басқа қауıп түскенде осы жылқыны, атты ауызына алуында өте үлкен мән бар едı. Еуропа елдерıнде Кентавр деген ұғым болған, ол, адам басты жылқы. Атамзаманда, көшпендıлер, бıздıң аталарымыз жауласқанда, аттарды тек таққымныңырқымен көндіріп, қаруды,бос екі қолдарыменеркін икемдеген, сондықтан, еуропалықтардың санасына қадалған, үркıнıш-шошыныштан туған Кентавр сияқты мифиялық тұлғалар пайда болған. Той-думандарда, ат үстінен садақпен «жабу ату» сайысында жеңімпаз аталған шабандоз мергендерді, халық,сүйшініспен сыйлап, марапаттаған …. Нысана көлеміне байланысты тай тұяқ жабу, қой тұяқ жабудеп аталған.\r\nБıздıң, кең байтақ елıмıздıң кең, байтақ болуы осы жылқылардыңда үлесı мол, бıздıң, Қазақстанның Мемлекеттıк Елтаңбасының таңбасында мифиялық жылқының бас мүсıнı болуы өте заңды. Тұлпар-дала дүлдıлı, ер-азаматтың сәйгүлıгı, желдей ескен жүйрıк аты, жеңıске деген жасымас жıгердıң, қажымас қайраттың, мұқылмас қажырдың, тәуелсıздıкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесı. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кеңтараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпı. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңıстıктı бıрıктıредı. Ол өлмес өмıрдıң бейнесı.\r\n

В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов