Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Оралман ағайындар
Тақырып: Жаңа өлеңдер .


Авторы Xабарлама
Төлепберген Нұрышұлы
tolebi52@mail.ru
26-06-15 02:45
Қос аққу .

Қос аққу мамырлатып келеді ұшып ,
Айдында шомылады көлге түсіп .
Екеуі қатар жүзіп тілдеседі ,
бойларын сылап , сыйпап еркелесіп .


Жүзгені көл бетінде жарасады ,
Ғашықтар қызық көріп таласады .
Сезгендей сырт көздердің сұғанағын ,
Қос аққу үрейленіп қарасады .

Жағадан тұрам барлап көріністі ,
Ақыры құстар көлге үйреністі .
Жаз бойы қатар жүзіп жүргенімен ,
Қайта ұшып кететіні өкінішті .

Аққулар ұшқан көлдің ажары жоқ ,
Баяғы таусылмайтын базары жоқ .
Тілеймін тағы ұшып келгендерін ,
Келмесе өтермін - ау наразы боп .
20.05.2015 ж.

Авторы Жауап
Төлепберген Нұрышұлы
tolebi52@mail.ru
26-06-15 02:57
Бесін ауып барады ...

Бесін ауып барады , бесін ауып ...
Абыржытып , аз ғана есімді алып .
Асықпасам айрылып , адасармын ,
қатарымнан кейінде көшім қалып .

Уақыт зырлап өтуде тоқтамастан ,
жастығымды жыраққа алып қашқан .
Көңілдегі көп өлең кешеуілдеп ,
қала ма деп қорқамын жазылмастан .

Кеш толғадым , қайтейін , қаламымды ,
осы уайым жүректі жара қылды .
Кеш бастадым музаға қадамымды ,
тұрмыс билеп толағай талабымды .

Үлгерем бе сәулелі сөзімді айтып ,
түсінеді жөнімді елім қайтіп .
Берейінші барымды бөліп , сарқып ,
бара жатыр қысқарып алтын уақыт .

Бесін ауып барады , бесін ауып ,
жетегіне ілескен көшімді алып .
Шабыт берші , о муза , шабыт берші ,
өлең - жырдан өтейін өшімді алып ...
06.06.2015 ж.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов